Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран92. Ләйл
92 · сүре

Ләйл

21 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

وَٱلَّيْلِ إِذَا يَغْشَىٰ

(Жер бетін) тегіс қаптаған кезде түнге серт!

2

وَٱلنَّهَارِ إِذَا تَجَلَّىٰ

(Жер бетін) жарыққа бөлеген кезде күндізге (серт!)

3

وَمَا خَلَقَ ٱلذَّكَرَ وَٱلْأُنثَىٰٓ

Сондай-ақ еркекті де, ұрғашыны да жаратқанға (серт!)

4

إِنَّ سَعْيَكُمْ لَشَتَّىٰ

Әлбетте, сендердің бейнеттерің мен еңбектерің (сапа жағынан да, түпкі ниет және мақсаттары жағынан да) әр алуан.

5

فَأَمَّا مَنْ أَعْطَىٰ وَٱتَّقَىٰ

Сондықтан кімде‑кім (Алла берген мал-дүниеден Оның жолында және мұқтаж жандар үшін) жұмсап, Аллаға шын көңілден тағзым етіп, Оған қарсы келуден сақтанса,

6

وَصَدَّقَ بِٱلْحُسْنَىٰ

сондай-ақ (сенім, амал және сол үшін берілетін қарымта мәселесінде) ең абзал болғанды шын жүрегімен растаса,

7

فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلْيُسْرَىٰ

Біз де ол үшін мәңгілік бақытқа (пейішке) жеткізетін жолды (және ақиреттегі есебін) жеңілдетеміз.

8

وَأَمَّا مَنۢ بَخِلَ وَٱسْتَغْنَىٰ

Ал (Алланың бергенін қызғанып) сараңдық қылатын және өзіне толық сеніп, Аллаға еш мұқтаж еместей әрекет ететін,

9

وَكَذَّبَ بِٱلْحُسْنَىٰ

әрі (сенім, амал және сол үшін берілетін қарымта мәселесінде) ең абзал болғанға сенбейтінге келсек,

10

فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلْعُسْرَىٰ

ол үшін (мәңгі құрдымға батыратын) жолды жеңілдетіп қоямыз (сөйтіп, ол сол жаман жолға оп‑оңай түсіп кетеді).

11

وَمَا يُغْنِي عَنْهُ مَالُهُۥٓ إِذَا تَرَدَّىٰٓ

Ол (жаһаннам шұңқырына) домалап бара жатқанда, оған жиған‑терген мал-дәулеті титтей де пайда бермейді.

12

إِنَّ عَلَيْنَا لَلْهُدَىٰ

Тура жолға салу, әлбетте, Біздің ісіміз.

13

وَإِنَّ لَنَا لَلْـَٔاخِرَةَ وَٱلْأُولَىٰ

Ақирет секілді бұл дүниенің де бар билігі Бізге тиесілі.

14

فَأَنذَرْتُكُمْ نَارࣰا تَلَظَّىٰ

Міне, Мен сендерді жалын үстіне жалын атып, лаулаған отпен ескерттім.

15

لَا يَصْلَىٰهَآ إِلَّا ٱلْأَشْقَى

Ол отқа шыжғырылып, жану үшін тек ең бейбақ болған кіреді,

16

ٱلَّذِي كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ

(Ол отқа Алланың үндеуі мен елшілеріне) сенбеген әрі (Аллаға иман келтіріп, құлшылық етуден) бас тартқан (кіреді).

17

وَسَيُجَنَّبُهَا ٱلْأَتْقَى

Ал Аллаға шын көңілден тағзым етіп, Оған қарсы келуден барынша сақтанатын тақуа жандар ол оттан аулақ әкетіледі.

18

ٱلَّذِي يُؤْتِي مَالَهُۥ يَتَزَكَّىٰ

Мал‑пұлын (Алла жолында және мұқтаж жандар үшін) жұмсап, (тәкаппарлықтан және күнә атаулыдан) арылып, тазаланған жан,

19

وَمَا لِأَحَدٍ عِندَهُۥ مِن نِّعْمَةࣲ تُجْزَىٰٓ

ол бергенін өзіне жасалған жақсылықтың қарымтасы деп бермейді.

20

إِلَّا ٱبْتِغَآءَ وَجْهِ رَبِّهِ ٱلْأَعْلَىٰ

Керісінше, ол бергенде, тек ұлы Раббысының разылығына бөленуді ғана көксейді.

21

وَلَسَوْفَ يَرْضَىٰ

Міне, сондықтан да ол ақиретте, сөзсіз, «разылық мәртебесіне» көтеріледі, еңбегінің жемісі мен қарымтасына дән риза болады.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play