وَٱلضُّحَىٰ
Күн көтеріліп, жарықраған сәске уақытына серт!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلضُّحَىٰ
Күн көтеріліп, жарықраған сәске уақытына серт!
وَٱلَّيْلِ إِذَا سَجَىٰ
Қою қараңғылық қаптап, жым-жырт тыныштық орнаған шақта түнге (серт!)
مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَىٰ
(Уа, Мұхаммед!) Раббың сені тастап кетпеді, саған ренжіген де емес!
وَلَلْـَٔاخِرَةُ خَيْرࣱ لَّكَ مِنَ ٱلْأُولَىٰ
Әлбетте, сен үшін әркез әр істің (мәңгілікке ұласатын) ақыры басынан (ал мәңгілік ақирет жұрты дүниедегі жалған тіршіліктен) әлдеқайда қайырлы.
وَلَسَوْفَ يُعْطِيكَ رَبُّكَ فَتَرْضَىٰٓ
Шүбәсіз, Раббыңның саған көп жақсылық жасайтыны соншалық – сен Оған және өзіңе жасаған әр жақсылығына дән риза боласың (сөйтіп, ақырында өзіңе тән «разылық мәртебесіне» жетесің).
أَلَمْ يَجِدْكَ يَتِيمࣰا فَـَٔاوَىٰ
Ол сені жетім күйде тауып, пана болмады ма?
وَوَجَدَكَ ضَآلࣰّا فَهَدَىٰ
Сені діннің үкімдерінен бейхабар күйде тауып, таңдаулы етіп, тура жолға салмады ма?
وَوَجَدَكَ عَآئِلࣰا فَأَغْنَىٰ
Сені мұқтаж күйде тауып, мұң‑мұқтажыңды өтеп, еш-кімге кіріптар болмайтындай жағдайға келтірмеді ме?
فَأَمَّا ٱلْيَتِيمَ فَلَا تَقْهَرْ
Ендеше, жетімді қамқоршысы жоқ, әлсіз екен деп ақысын жеуші болма, қорлама.
وَأَمَّا ٱلسَّآئِلَ فَلَا تَنْهَرْ
Сондай‑ақ (өзіңе алақан жайып), қайыр сұрап келгенді кемсітіп, қума.
وَأَمَّا بِنِعْمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثْ
Раббыңның әр нығметін шүкірлікпен жадыңда ұста және өзгелерге айтып жүр.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.