Жазылымнан бас тарту және ақшаны қайтару
Жаңартылған күні: 19.10.2026
Quran.kz PRO жазылымын қалай тоқтатуға болады және қандай жағдайда ақша қайтарылады.
Жазылымды тоқтату
Жазылымды кез келген уақытта тоқтатуға болады: сайттағы профильде немесе аккаунт ID-ін көрсетіп, qurankzapp@gmail.com мекенжайына хат жазу немесе +7 706 415 33 03 телефонына қоңырау шалу арқылы. Тоқтатқаннан кейін жаңа төлемдер алынбайды, ал PRO төленген кезеңнің соңына дейін жұмыс істейді.
Төлемді растамай тұрып төлем бетін жапсаңыз, тапсырыс жойылады және ақша алынбайды.
Ақша қашан қайтарылады
- PRO-ға қолжетімділік біздің кінәміздан немесе техникалық қатеден ашылмады — толық соманы қайтарамыз;
- бір кезең үшін ақша екі рет алынды — артық төлемді қайтарамыз;
- автоматты ұзарту іске қосылды, ал сіз одан кейін PRO-ны пайдаланбадыңыз — төлем алынған күннен бастап 14 күн ішінде жүгінсеңіз, толық соманы қайтарамыз;
- басқа жағдайларда жазылымнан бас тартсаңыз, төленген кезеңнің пайдаланылмаған толық күндерінің құнын қайтарамыз.
Материалдар қатемен жұмыс істесе
Қызмет цифрлық, сондықтан тауарды ауыстыру қолданылмайды. Кітап немесе аудиокітап ашылмаса немесе қатемен жұмыс істесе, бізге жазыңыз: қатені түзетеміз, ал түзету мүмкін болмаса, қолжетімділік жұмыс істемеген кезеңнің ақшасын қайтарамыз.
Ақшаны қалай қайтаруға болады
- qurankzapp@gmail.com мекенжайына жазыңыз немесе +7 706 415 33 03 телефонына қоңырау шалыңыз, профильдегі Quran.kz аккаунт ID-ін көрсетіңіз.
- Төлемнің күнін және сомасын немесе тапсырыс нөмірін және қайтару себебін көрсетіңіз.
- Өтінішті 10 жұмыс күні ішінде қарап, хатпен жауап береміз.
- Ақша төлем жасалған картаға қайтарылады. Түсу мерзімі банкіңізге байланысты, әдетте 1 күннен 30 күнге дейін.
App Store және Google Play арқылы рәсімделген жазылымдар
PRO қосымшада App Store немесе Google Play арқылы рәсімделсе, тоқтату және ақшаны қайтару дүкен ережелері бойынша өтеді: Apple ID немесе Google Play жазылым баптауларында.
