وَٱلشَّمْسِ وَضُحَىٰهَا
Күнге және оның жарық шуағына серт!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلشَّمْسِ وَضُحَىٰهَا
Күнге және оның жарық шуағына серт!
وَٱلْقَمَرِ إِذَا تَلَىٰهَا
Оған ілесіп, сәуле шашқан айға (серт!)
وَٱلنَّهَارِ إِذَا جَلَّىٰهَا
Оны паш етіп көрсететін күндізге (серт!)
وَٱلَّيْلِ إِذَا يَغْشَىٰهَا
Оны бүркеп, жасыратын түнге (серт!)
وَٱلسَّمَآءِ وَمَا بَنَىٰهَا
Аспанға және оны (теңдессіз жүйеге келтіріп, тірексіз) тұрғызғанға (серт!)
وَٱلْأَرْضِ وَمَا طَحَىٰهَا
Жерге және оны (масаты кілемдей жайып) төсегенге (серт!)
وَنَفْسࣲ وَمَا سَوَّىٰهَا
Әр нәпсіге және оны (жаратылыстың мәні мен мақсатын ұғынып, соны жүзеге асыра алатындай) қабілетті етіп, жүйеге салғанға (серт!)
فَأَلْهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقْوَىٰهَا
Содан соң күнәнің жолдарын әрі одан сақтану, арылу жолдарын оның көкейіне салып, білдіргенге серт!
قَدْ أَفْلَحَ مَن زَكَّىٰهَا
Сол нәпсіні (тәкаппарлық пен Аллаға қарсы келу дертінен) арылтқандар (Алланың ауыр азабынан) құтылып, мұратына жетеді.
وَقَدْ خَابَ مَن دَسَّىٰهَا
Ал нәпсісін (тәкаппарлық пен күнә батпағына) батырып бүлдіргендер адыра қалады.
كَذَّبَتْ ثَمُودُ بِطَغْوَىٰهَآ
Сәмуд (қауымы) шектен шыққан қыңырлық-тарымен (иләһи ақиқаттар мен өздеріне жіберілген пайғамбарға) сенбеді.
إِذِ ٱنۢبَعَثَ أَشْقَىٰهَا
Ақыры, өзгелердің айдап салуымен араларындағы ең қаныпезер жауыз суырылып алға шықты.
فَقَالَ لَهُمْ رَسُولُ ٱللَّهِ نَاقَةَ ٱللَّهِ وَسُقْيَٰهَا
Алланың елшісі (Салих пайғамбар) оларға: «Алланың мұғжиза ретінде жіберген інгеніне тимеңдер және оның су ішетін кезегін бұзбай тиісінше сақтаңдар», – деп ескертті.
فَكَذَّبُوهُ فَعَقَرُوهَا فَدَمْدَمَ عَلَيْهِمْ رَبُّهُم بِذَنۢبِهِمْ فَسَوَّىٰهَا
Бірақ олар пайғамбарды өтірікші санап, інгенді аяусыз (бауыздап) өлтірді. Нәтижеде, Раббылары істеген күнәлары үшін бастарына келтірген азаппен олардың бәрін бірдей жермен-жексен етті.
وَلَا يَخَافُ عُقْبَٰهَا
Ол (Алла) істеген ісінің ақырынан, әлбетте, қорықпайды. (Өйткені Оның істерінде зәредей де әділетсіздік болмайды, әрі Ол бірде‑бір ісі үшін жауапқа тартылмайды).
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.