لَآ أُقْسِمُ بِهَٰذَا ٱلْبَلَدِ
Мына қалаға (қасиетті Меккеге) серт!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
لَآ أُقْسِمُ بِهَٰذَا ٱلْبَلَدِ
Мына қалаға (қасиетті Меккеге) серт!
وَأَنتَ حِلُّۢ بِهَٰذَا ٱلْبَلَدِ
(Уа, елшім), Сен осы қаланың (қасиетті болуына мол үлес қосқан) тұрғынысың.
وَوَالِدࣲ وَمَا وَلَدَ
Сондай‑ақ қадірлі әке (Ибраһим) мен қадірлі перзентке (яғни, Ибраһимнің ұрпағы Мұхаммедке) серт!
لَقَدْ خَلَقْنَا ٱلْإِنسَٰنَ فِي كَبَدٍ
Шын мәнінде, Біз адамзатты машақат пен сынаққа толы өмірге жолдадық.
أَيَحْسَبُ أَن لَّن يَقْدِرَ عَلَيْهِ أَحَدࣱ
Адам баласы өзіне ешкімнің күші, құдіреті жетпейді деп ойлай ма?
يَقُولُ أَهْلَكْتُ مَالࣰا لُّبَدًا
«Мен қисапсыз мал‑дүние тұтындым», – деп мақтанады.
أَيَحْسَبُ أَن لَّمْ يَرَهُۥٓ أَحَدٌ
Әлде ол өзін ешкім көрмей тұр деп ойлай ма?
أَلَمْ نَجْعَل لَّهُۥ عَيْنَيْنِ
Біз оған (көрсін деп) екі бірдей көз бермедік пе?
وَلِسَانࣰا وَشَفَتَيْنِ
(Сөйлесін деп) бір тіл, қос ерін (бермедік пе)?
وَهَدَيْنَٰهُ ٱلنَّجْدَيْنِ
Сондай-ақ оған (жақсысын ұстанып, жаманын тәрк етсін деп) екі жол көрсетпедік пе?
فَلَا ٱقْتَحَمَ ٱلْعَقَبَةَ
Алайда ол қиын белестен асу үшін қажыр‑қайрат жұмсамайды.
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا ٱلْعَقَبَةُ
Қиын белестің не екенін білесің бе?
فَكُّ رَقَبَةٍ
Қиын белес – бір құлды (немесе тұтқынды) азат етіп, бостандыққа қауыштыру.
أَوْ إِطْعَٰمࣱ فِي يَوْمࣲ ذِي مَسْغَبَةࣲ
Яки қиын‑қыстау шақтарда ас‑ауқат беріп тойдыру:
يَتِيمࣰا ذَا مَقْرَبَةٍ
Туыстығы бар жетімді
أَوْ مِسْكِينࣰا ذَا مَتْرَبَةࣲ
немесе топырақты төсеніш (аспанды жамылғы) еткен үйсіз, күйсіз қамкөңіл пақыр міскінді (тойдыру).
ثُمَّ كَانَ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَتَوَاصَوْا۟ بِٱلصَّبْرِ وَتَوَاصَوْا۟ بِٱلْمَرْحَمَةِ
Содан соң шынайы түрде иман келтіріп, бірін‑бірі сабырлы болуға және мейірімді болуға шақырып, игі кеңес беретіндерден болу.
أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلْمَيْمَنَةِ
Міне, солар амал дәптерлері оң жағынан берілетін бақытты жандар.
وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا هُمْ أَصْحَٰبُ ٱلْمَشْـَٔمَةِ
Ал аяттарымызға сенбейтіндер болса, олар амал дәптерлері сол жағынан берілетін бейбақтар.
عَلَيْهِمْ نَارࣱ مُّؤْصَدَةُۢ
Олардың жазасы өздерін толықтай орап алатын жалын атқан отта жану болады.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.