وَٱلْفَجْرِ
Таң шапағына серт!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلْفَجْرِ
Таң шапағына серт!
وَلَيَالٍ عَشْرࣲ
және (мүбәрак) он түнге (серт),
وَٱلشَّفْعِ وَٱلْوَتْرِ
Жұпқа және таққа (серт),
وَٱلَّيْلِ إِذَا يَسْرِ
Соңына қарай ағып бара жатқан түнге (серт! Қиямет сөзсіз, орнайды!)
هَلْ فِي ذَٰلِكَ قَسَمࣱ لِّذِي حِجْرٍ
Міне, осынау анттарда сау ақыл иесі үшін, мықты дәйек бар емес пе?!
أَلَمْ تَرَ كَيْفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِعَادٍ
Раббыңның Ад қауымына не істегенін көрмейсің бе?!
إِرَمَ ذَاتِ ٱلْعِمَادِ
Еңселі ғимараттар тұрғызған аңсағай бойлы, ірі денелі, күш‑қуаты тасыған Ирам халқына (не істеді)?!
ٱلَّتِي لَمْ يُخْلَقْ مِثْلُهَا فِي ٱلْبِلَٰدِ
Ол аймақта ондай (аңсағай бойлы, ірі денелі, күшті) халық жаратылмаған еді. (Сонда олар Алланың азабына қарсы тұра алды ма?!)
وَثَمُودَ ٱلَّذِينَ جَابُوا۟ ٱلصَّخْرَ بِٱلْوَادِ
Ал Уади жерінде биік жартастарды үңгіп берік үйлер салған Сәмуд қауымына (не істеді)?!
وَفِرْعَوْنَ ذِي ٱلْأَوْتَادِ
Сондай‑ақ берік қорғандары бар Перғауынға (не істегенін көрмейсің бе?!)
ٱلَّذِينَ طَغَوْا۟ فِي ٱلْبِلَٰدِ
Бұлардың бәрі өз елдерінде барынша азғындап, шектен шықты.
فَأَكْثَرُوا۟ فِيهَا ٱلْفَسَادَ
Жүрген жерлерінде бүлік шығарып, бұзғыншылық жасауды үдете берді.
فَصَبَّ عَلَيْهِمْ رَبُّكَ سَوْطَ عَذَابٍ
Соның нәтижесінде Раббың олардың төбесіне азап қамшысын жаудырды.
إِنَّ رَبَّكَ لَبِٱلْمِرْصَادِ
Шүбәсіз, Раббың үнемі бақылауда (және құлдарын берген нығметтерімен сынап бағуда).
فَأَمَّا ٱلْإِنسَٰنُ إِذَا مَا ٱبْتَلَىٰهُ رَبُّهُۥ فَأَكْرَمَهُۥ وَنَعَّمَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّيٓ أَكْرَمَنِ
Ал адам баласы болса, Раббысы оны сынау үшін нығметке бөлеп жарылқаса, (Раббым мені осынау нығметтермен сынап жатқан шығар деп ойламастан, өзін соған лайық көріп) «Раббым мені нығметке бөледі», – деп (масаттанады).
وَأَمَّآ إِذَا مَا ٱبْتَلَىٰهُ فَقَدَرَ عَلَيْهِ رِزْقَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّيٓ أَهَٰنَنِ
Сондай‑ақ керісінше, оны тағы да сынау үшін ризық‑несібесін тарылтар болса, (Раббым мені жоқтықпен сынап жатқан шығар деп ойламастан, өзінше налып) «Раббым мені қор қылды», – деп айтады.
كَلَّاۖ بَل لَّا تُكْرِمُونَ ٱلْيَتِيمَ
Жоқ, олай емес! (Уа, адамдар!) Шындығында, сендер жетімді елеп-ескермейсіңдер, жақсылық жасамайсыңдар.
وَلَا تَحَٰٓضُّونَ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلْمِسْكِينِ
Бір-біріңді міскіндердің қарнын тойдыруға құлшындырмайсыңдар.
وَتَأْكُلُونَ ٱلتُّرَاثَ أَكْلࣰا لَّمࣰّا
Адал, арам демей (өздеріңе немесе өзгелерге тиесілі) мұраны жейсіңдер.
وَتُحِبُّونَ ٱلْمَالَ حُبࣰّا جَمࣰّا
Мал-дүниені өлгенше жақсы көресіңдер әрі үйіп‑төгіп жинайсыңдар.
كَلَّآۖ إِذَا دُكَّتِ ٱلْأَرْضُ دَكࣰّا دَكࣰّا
Жоқ! Сендер істеу керек болған іс бұл емес! Күндердің күнінде жер беті қатты сілкініп, ойран‑топыры шыққан кезде,
وَجَآءَ رَبُّكَ وَٱلْمَلَكُ صَفࣰّا صَفࣰّا
Раббыңның жарлығы келіп, періштелер де қаз‑қатар сап түзеген күйде келген кезде,
وَجِا۟يٓءَ يَوْمَئِذِۭ بِجَهَنَّمَۚ يَوْمَئِذࣲ يَتَذَكَّرُ ٱلْإِنسَٰنُ وَأَنَّىٰ لَهُ ٱلذِّكْرَىٰ
Сол күні жалын атқан жаһаннам әкелінеді және сол күні адам баласы бәрі есіне түсіп, ақиқатты толық түсінеді, алайда ол күні ақиқатты түсінгеннен (бармақ шайнап өкінгеннен) не пайда?!
يَقُولُ يَٰلَيْتَنِي قَدَّمْتُ لِحَيَاتِي
«Қап, әттеген-ай! Дүниеде жүргенде, осынау мәңгілік өмірім үшін дайындық жасасам етті!» – деп аһ ұрады.
فَيَوْمَئِذࣲ لَّا يُعَذِّبُ عَذَابَهُۥٓ أَحَدࣱ
Сол күні Алла көрсеткен азапты ешкім ешқашан көрсете алмайды.
وَلَا يُوثِقُ وَثَاقَهُۥٓ أَحَدࣱ
Сондай‑ақ Алланың матап байлағанындай ешкім еш уақытта байлай алмайды.
يَٰٓأَيَّتُهَا ٱلنَّفْسُ ٱلْمُطْمَئِنَّةُ
Уа, (Аллаға иман келтіріп, құлшылық етіп, дұға етіп) жаны жай тауып, көңілі орныққан жан!
ٱرْجِعِيٓ إِلَىٰ رَبِّكِ رَاضِيَةࣰ مَّرْضِيَّةࣰ
Раббыңа қайт: Сен Раббыңнан, ал Раббың сенен разы болған күйде.
فَٱدْخُلِي فِي عِبَٰدِي
Қане, (Маған құлшылық етіп, ең асқақ мәртебеге жеткен) хас құлдарымның қатарына сен де қосыл!
وَٱدْخُلِي جَنَّتِي
Сөйтіп, жаннатыма кір!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.