Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран87. Ағлә
87 · сүре

Ағлә

19 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

سَبِّحِ ٱسْمَ رَبِّكَ ٱلْأَعْلَى

Ұлық, асқақ Раббыңның есімін ұлықта!

2

ٱلَّذِي خَلَقَ فَسَوَّىٰ

Ол жаратады да, ең керемет әрі үйлесімді кескін‑келбет береді.

3

وَٱلَّذِي قَدَّرَ فَهَدَىٰ

Ол әр нәрсе үшін белгілі бір өлшем (яғни, әрбір жанға өлшеулі өмір, өзіндік ерекшеліктер және мақсат) белгілеп, оны сол ұлы мақсатқа қарай бағыттайды.

4

وَٱلَّذِيٓ أَخْرَجَ ٱلْمَرْعَىٰ

Сондай-ақ Ол шүйгін шөпті, өсімдік атаулыны шығарады.

5

فَجَعَلَهُۥ غُثَآءً أَحْوَىٰ

Содан кейін оларды солып, қара қошқылданып шіріген қоқысқа айналдырады.

6

سَنُقْرِئُكَ فَلَا تَنسَىٰٓ

Бұдан былай (адамдарды тура жолға бастауың үшін) Құранды жүрегіңе қондырып, саған оны толық оқытып, үйретеміз, әрі өзгелерге де оқып беруіңді қамтамасыз етеміз. Сөйтіп, сен одан еш нәрсе ұмытпайтын боласың.

7

إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ يَعْلَمُ ٱلْجَهْرَ وَمَا يَخْفَىٰ

Тек Алла басқаша қалайтын болса, оның жөні бөлек. Шүбәсіз, Ол жария болғанды да, жасырын болғанды да (яғни, сенің де, өзге құлдарының да жасырын, жария барлық істерін, ниет‑пиғылдарын, жай‑күйлерін) біледі.

8

وَنُيَسِّرُكَ لِلْيُسْرَىٰ

Біз сенің (қай мәселеде болмасын мақсатыңа оңай жетуің үшін) жолыңды жеңілдетеміз.

9

فَذَكِّرْ إِن نَّفَعَتِ ٱلذِّكْرَىٰ

Олай болса, сен үгіт-насихат пен ескерту пайдалы болатын әр жағдайда насихат айт, ескерт!

10

سَيَذَّكَّرُ مَن يَخْشَىٰ

Аллаға тағзым ететін жан насихат пен ескертулерді тиісінше ескереді.

11

وَيَتَجَنَّبُهَا ٱلْأَشْقَى

Ал сормаңдай бейбақ болса, одан іргесін аулақ салып, қашады.

12

ٱلَّذِي يَصْلَى ٱلنَّارَ ٱلْكُبْرَىٰ

Ол ең үлкен отқа (жалын атқан жаһаннамның ең ыстық жеріне) кіріп, шыжғырылатын бейбақ.

13

ثُمَّ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحْيَىٰ

Ол онда (қанша азап шексе де) әсте өлмейді, рақат өмір де сүрмейді.

14

قَدْ أَفْلَحَ مَن تَزَكَّىٰ

Ал (күпірліктен, Аллаға серік қосудан, күнә атаулыдан, дүниеқұмарлықтан) арылған, шүбәсіз, азаптан құтылып, мұратына жетеді.

15

وَذَكَرَ ٱسْمَ رَبِّهِۦ فَصَلَّىٰ

сондай‑ақ Раббысының атын еске алып, намаз оқыған да құтылады.

16

بَلْ تُؤْثِرُونَ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَا

(Уа, адамдар!) Алайда сендер дүниенің қу тіршілігін ұнатып, оны бәрінен артық көресіңдер.

17

وَٱلْـَٔاخِرَةُ خَيْرࣱ وَأَبْقَىٰٓ

Дегенмен, ақирет (бұл дүниеге қарағанда) әлдеқайда қайырлы һәм мәңгілік.

18

إِنَّ هَٰذَا لَفِي ٱلصُّحُفِ ٱلْأُولَىٰ

Әлбетте, бұл ақиқаттар бұрынғы (иләһи нұсқаулар мен насихаттар жазылған) парақтарда да бар еді.

19

صُحُفِ إِبْرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ

Ибраһимге және Мұсаға берілген парақтарда да бар еді.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play