وَٱلسَّمَآءِ وَٱلطَّارِقِ
Көк аспанға және түнде жарқ етіп шығатын «Тариқ» жұлдызына серт!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلسَّمَآءِ وَٱلطَّارِقِ
Көк аспанға және түнде жарқ етіп шығатын «Тариқ» жұлдызына серт!
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا ٱلطَّارِقُ
Тариқтың не екенін сен білесің бе?!
ٱلنَّجْمُ ٱلثَّاقِبُ
Ол тас қараңғы түнекті жарып шығатын жап-жарық жұлдыз.
إِن كُلُّ نَفْسࣲ لَّمَّا عَلَيْهَا حَافِظࣱ
Басы‑қасында қорғаушы және бақылаушы періштесі болмаған бірде‑бір тірі пенде жоқ.
فَلْيَنظُرِ ٱلْإِنسَٰنُ مِمَّ خُلِقَ
Ендеше, адам баласы өзінің нендей нәрседен жаралғанына зер салып қарасын!
خُلِقَ مِن مَّآءࣲ دَافِقࣲ
Ол ытқып шығатын болмашы сұйық судан жаралды.
يَخْرُجُ مِنۢ بَيْنِ ٱلصُّلْبِ وَٱلتَّرَآئِبِ
Ол сұйық бел омыртқа мен қабырға арасынан шығады.
إِنَّهُۥ عَلَىٰ رَجْعِهِۦ لَقَادِرࣱ
(Адам баласын әу баста осындай болмашы сұйықтықтан жарататын) Алла, әлбетте, оны (өлімнен кейін) қайтадан тірілтуге де құдіретті.
يَوْمَ تُبْلَى ٱلسَّرَآئِرُ
Сол күні ашылмаған құпия сырлардың бәрі ашылып, жарияға мәлім болады.
فَمَا لَهُۥ مِن قُوَّةࣲ وَلَا نَاصِرࣲ
Ол күні пенденің (Алланың жазасынан сақтанатын) қауқары да, медеткері де болмайды.
وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلرَّجْعِ
(Ішінде жауын‑шашынның пайда болуы сынды көптеген табиғи құбылыстар) қайталанып тұратын аспанға серт!
وَٱلْأَرْضِ ذَاتِ ٱلصَّدْعِ
Сондай‑ақ (өсімдіктердің өніп шығуы үшін қопсып) жарылатын жерге серт!
إِنَّهُۥ لَقَوْلࣱ فَصْلࣱ
Шүбәсіз, бұл – (Құран ақиқат пен жалғанның ара жігін) ажырататын кесімді сөз.
وَمَا هُوَ بِٱلْهَزْلِ
Ол – бос, әзіл сөз емес.
إِنَّهُمْ يَكِيدُونَ كَيْدࣰا
(Оны мойындағысы келмейтіндер) өздерінше қитұрқы жоспарлар ойластырып, тұзақ құрумен әлек.
وَأَكِيدُ كَيْدࣰا
Алайда Менің де (оларға қарсы) өз жоспарларым бар.
فَمَهِّلِ ٱلْكَٰفِرِينَ أَمْهِلْهُمْ رُوَيْدَۢا
Олай болса, ол кәпірлерді жайына қоя бер, олармен әуре болма, азғантай уақыт өз білгендерін істеп жүре тұрсын.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.