Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран85. Буруж
85 · сүре

Буруж

22 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلْبُرُوجِ

Шоқ жұлдыздармен безендірілген аспанға серт,

2

وَٱلْيَوْمِ ٱلْمَوْعُودِ

Уәде етілген күнге (қиямет күніне серт),

3

وَشَاهِدࣲ وَمَشْهُودࣲ

Куә болушыға һәм куәлік етілген нәрсенің бәріне (серт)!

4

قُتِلَ أَصْحَٰبُ ٱلْأُخْدُودِ

«Отты ордың» иелері құрысын, олар онсыз да құрыды!

5

ٱلنَّارِ ذَاتِ ٱلْوَقُودِ

Олар (ор қазып, оны) отқа толтырғандар!

6

إِذْ هُمْ عَلَيْهَا قُعُودࣱ

Олар сол лаулаған оттың басында отырып,

7

وَهُمْ عَلَىٰ مَا يَفْعَلُونَ بِٱلْمُؤْمِنِينَ شُهُودࣱ

мүміндердің қалай азапталғанын тамашалайтын (сөйтіп рақатқа бататын).

8

وَمَا نَقَمُوا۟ مِنْهُمْ إِلَّآ أَن يُؤْمِنُوا۟ بِٱللَّهِ ٱلْعَزِيزِ ٱلْحَمِيدِ

Олардың мүміндерді мұншама азаптауының бір ғана себебі, олардың Азиз (бәрінен үстем әрі ұлық), Хамид (бар мадақ пен шексіз шүкіршілікке лайық болған) Аллаға иман келтіргендігі еді.

9

ٱلَّذِي لَهُۥ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ شَهِيدٌ

(Мүміндердің) күллі аспан әлемі мен жердің бар билігі бір Өзіне ғана тиесілі болған Аллаға (иман келтіргендігі еді). Алайда Алла бәріне де куә!

10

إِنَّ ٱلَّذِينَ فَتَنُوا۟ ٱلْمُؤْمِنِينَ وَٱلْمُؤْمِنَٰتِ ثُمَّ لَمْ يَتُوبُوا۟ فَلَهُمْ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمْ عَذَابُ ٱلْحَرِيقِ

Мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге зорлық‑зомбылық көрсеткен һәм содан кейін тәубесіне келмегендер үшін жаһаннам азабы бар, міне, солар үшін отты азап бар.

11

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمْ جَنَّٰتࣱ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُۚ ذَٰلِكَ ٱلْفَوْزُ ٱلْكَبِيرُ

Ал иман келтіріп, соған сай (өздерін һәм бүкіл қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істер атқарғандарға болса, (жайқалған бау‑бақшаларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жанға жайлы жаннат бақшалары бар. Нағыз жетістік, ең үлкен табыс, міне, осы!

12

إِنَّ بَطْشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ

Раббыңның бас салып азаптауы, шүбәсіз, өте жаман.

13

إِنَّهُۥ هُوَ يُبْدِئُ وَيُعِيدُ

Ол әу баста бәрін жоқтан жаратты және (ақиретте) бәрін қайтадан жаратады.

14

وَهُوَ ٱلْغَفُورُ ٱلْوَدُودُ

Ол – Ғафур (Өзіне серік қосудан басқа қандай үлкен күнә болса да кешірімді), Уәдуд (құлдарын ерекше жақсы көруші, сондай‑ақ құлдарының да Оған деген сүйіспеншілігі ерекше).

15

ذُو ٱلْعَرْشِ ٱلْمَجِيدُ

Ол – ұлы Арштың иесі, Мәжид (аса мәртебелі)!

16

فَعَّالࣱ لِّمَا يُرِيدُ

Қалағанын істеуші және қалағанын қалауынша жасаушы.

17

هَلْ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ٱلْجُنُودِ

Саған әлгі әскерлер жайлы хабар жеткен бе еді?!

18

فِرْعَوْنَ وَثَمُودَ

Перғауынның және Самуд қауымының (хабары жеткен бе еді)?!

19

بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فِي تَكْذِيبࣲ

Алайда сол күпірлікте табандағандар әлі де ақиқатты жоққа шығарудан қайтпауда.

20

وَٱللَّهُ مِن وَرَآئِهِم مُّحِيطُۢ

Дегенмен Алла тағала оларға жан-жағынан құрсау салушы. (Сондықтан олар Алланың үкімінен ешқайда да қашып құтыла алмайды).

21

بَلْ هُوَ قُرْءَانࣱ مَّجِيدࣱ

(Олар қанша жерден жоққа шығарса да), ол аса қадірлі де қасиетті Құран! (Қияметке дейін оқылатын қасиетті кітап).

22

فِي لَوْحࣲ مَّحْفُوظِۭ

(Негізі) «Ләухул-махфузда» (жалған атаулыдан мүлдем ада, Алланың қорғауындағы кітап)!

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play