إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنشَقَّتْ
Көк шатынап, жарылған кезде,
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنشَقَّتْ
Көк шатынап, жарылған кезде,
وَأَذِنَتْ لِرَبِّهَا وَحُقَّتْ
Әдеттегідей Раббысының бұйрығына бойсұн-ғанда,
وَإِذَا ٱلْأَرْضُ مُدَّتْ
Жер жайылып, теп‑тегіс етілгенде,
وَأَلْقَتْ مَا فِيهَا وَتَخَلَّتْ
Ішіндегінің бәрін сыртқа ақтарып тастап, босанғанда,
وَأَذِنَتْ لِرَبِّهَا وَحُقَّتْ
Сондай-ақ әдеттегідей Раббысының бұйрығына бойсұнғанда,
يَٰٓأَيُّهَا ٱلْإِنسَٰنُ إِنَّكَ كَادِحٌ إِلَىٰ رَبِّكَ كَدْحࣰا فَمُلَٰقِيهِ
Әй, адам! Сенің (қандай мақсатта болмасын) бар күшіңді салып, тырбануың ақырында Раббыңның құзырында нәтижеленеді. Сөйтіп, сен де ақыр соңында Онымен қауышасың.
فَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ
Кімде-кімнің амал дәптері оң қолына берілсе,
فَسَوْفَ يُحَاسَبُ حِسَابࣰا يَسِيرࣰا
Оның есебі өте оңай болады.
وَيَنقَلِبُ إِلَىٰٓ أَهْلِهِۦ مَسْرُورࣰا
Ол (жұмақта өзінің) отбасына шат‑шадыман күйде оралады.
وَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ وَرَآءَ ظَهْرِهِۦ
Ал амал дәптері арт жағынан (сол қолына) берілген адам
فَسَوْفَ يَدْعُوا۟ ثُبُورࣰا
(еңсесін қасірет басып) біржолата көзі жойылып, жоқ болып кетуді тілеп, зар илейді.
وَيَصْلَىٰ سَعِيرًا
Бірақ ол жанып шыжғырылу үшін жалын атқан отқа кіреді.
إِنَّهُۥ كَانَ فِيٓ أَهْلِهِۦ مَسْرُورًا
Расында, ол (дүниеде) отбасының ішінде шат-шадыман әрі ерке‑тотай еді.
إِنَّهُۥ ظَنَّ أَن لَّن يَحُورَ
(Өмірінің есебін беру үшін Раббыма) қайтамын деп ойламайтын.
بَلَىٰٓۚ إِنَّ رَبَّهُۥ كَانَ بِهِۦ بَصِيرࣰا
Жоқ, ақиқат мүлдем басқа! Раббысы, оны әркез көріп бақылап тұрды.
فَلَآ أُقْسِمُ بِٱلشَّفَقِ
Алаулап батқан күннің қызыл шапағына серт!
وَٱلَّيْلِ وَمَا وَسَقَ
Түнге және сол бірте‑бірте бүркеп қаптаған бар нәрсеге (серт),
وَٱلْقَمَرِ إِذَا ٱتَّسَقَ
Бірте‑бірте толатын толған айға (серт)!
لَتَرْكَبُنَّ طَبَقًا عَن طَبَقࣲ
Сөзсіз, сендер араларында тығыз байланыс болған күйден күйге көшесіңдер.
فَمَا لَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Ендеше, оларға не көрінген, неліктен иман етпейді?!
وَإِذَا قُرِئَ عَلَيْهِمُ ٱلْقُرْءَانُ لَا يَسْجُدُونَ۩
Өздеріне Құран оқылғанда, неге сәждеге жығылып, оған бойсұнбайды?!
بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يُكَذِّبُونَ
Керісінше, ол кәпірлер (Құранға және ондағы ақиқаттарға) сенбейді.
وَٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا يُوعُونَ
Алла олардың көкірегінде (жүрегінде) не жатқанын әлбетте жақсы біледі!
فَبَشِّرْهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Сондықтан оларды жан төзгісіз азаппен сүйіншіле!
إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمْ أَجْرٌ غَيْرُ مَمْنُونِۭ
Дегенмен иман келтіріп, соған сай (өздерін һәм бүкіл қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істер атқарғандардың жөні бөлек, олар үшін әсте түгесілмейтін қисапсыз сый-сияпат бар.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.