وَيْلࣱ لِّلْمُطَفِّفِينَ
Таразы мен өлшеуіштен жеп, елді алдайтын жандардың жағдайы қандай өкінішті!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَيْلࣱ لِّلْمُطَفِّفِينَ
Таразы мен өлшеуіштен жеп, елді алдайтын жандардың жағдайы қандай өкінішті!
ٱلَّذِينَ إِذَا ٱكْتَالُوا۟ عَلَى ٱلنَّاسِ يَسْتَوْفُونَ
Олар өздері бір нәрсе сатып алғанда, өзге ел‑жұрттың зиянына таразыны/өлшеуішті лықа толтырып артығымен өлшейді.
وَإِذَا كَالُوهُمْ أَو وَّزَنُوهُمْ يُخْسِرُونَ
Ал өздері бір нәрсе сататын болып, басқалар үшін өлшеп, тартқанда, керісінше, кемітіп өлшейді және кемітіп тартады.
أَلَا يَظُنُّ أُو۟لَٰٓئِكَ أَنَّهُم مَّبْعُوثُونَ
Сонда олар өлгеннен кейін қайтадан тірілетінін ойламай ма?!
لِيَوْمٍ عَظِيمࣲ
Ұлы күн үшін (қайта тірілетініне сенбей ме?!)
يَوْمَ يَقُومُ ٱلنَّاسُ لِرَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін қабірлерінен түрегеледі.
كَلَّآ إِنَّ كِتَٰبَ ٱلْفُجَّارِ لَفِي سِجِّينࣲ
Жоқ! (Өлгеннен соң тірілу – хақ! Ал кісінің ақысын жеуге әсте рұқсат етілмейді.) Шүбәсіз, ардан безген күнәһарларға кесілетін үкім «Сижжинде!»
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا سِجِّينࣱ
Сижжиннің не екенін сен білесің бе?!
كِتَٰبࣱ مَّرْقُومࣱ
(Сижжин – тоңмойын кәпірлердің істері) өшпестей қашалып жазылған мөрленген дәптер.
وَيْلࣱ يَوْمَئِذࣲ لِّلْمُكَذِّبِينَ
Жалғаншылардың сол күнгі жағдайы қандай өкінішті!
ٱلَّذِينَ يُكَذِّبُونَ بِيَوْمِ ٱلدِّينِ
Олар (Алланың алдында есеп берілетін әрі кесімді үкім шығарылатын ұлы) Дін күніне жалған деп сенбейді!
وَمَا يُكَذِّبُ بِهِۦٓ إِلَّا كُلُّ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ
Ол күнді тек шектен шыққан азғындар мен күнәға белшесінен батқан күнәһарлар ғана жалған санайды.
إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ ءَايَٰتُنَا قَالَ أَسَٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ
Ондайларға Біздің аяттарымыз оқылса: «Бұлар бұрынғылардың аңыз‑ертегілері ғой!» – дейді.
كَلَّاۖ بَلْ͏ۜ رَانَ عَلَىٰ قُلُوبِهِم مَّا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
Жоқ! Әсте, олай емес! Олардың өз қолымен істеген күнәлары жүректерін әбден қарайтып тастаған (сондықтан олар ақиқатты көре алмауда).
كَلَّآ إِنَّهُمْ عَن رَّبِّهِمْ يَوْمَئِذࣲ لَّمَحْجُوبُونَ
Жоқ! Әсте, олай емес! Сол күні олар Раббыларының шарапаты мен рақымынан мақұрым қалады.
ثُمَّ إِنَّهُمْ لَصَالُوا۟ ٱلْجَحِيمِ
Содан кейін, шүбәсіз, жанып шыжғырылу үшін жалын атқан жаһаннамға тасталады.
ثُمَّ يُقَالُ هَٰذَا ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
Содан соң оларға: «Міне, (дүниеде) өздерің сенбеген ақиқат осы!» – делінеді.
كَلَّآ إِنَّ كِتَٰبَ ٱلْأَبْرَارِ لَفِي عِلِّيِّينَ
Жоқ! (Өлгеннен соң тірілу – хақ! Ал кісінің ақысын жеуге әсте рұқсат етілмейді.) Ал ізгі жандарға қатысты берілетін үкім болса, «Иллиинде!»
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا عِلِّيُّونَ
Иллииннің не екенін білесің бе?!
كِتَٰبࣱ مَّرْقُومࣱ
Иллиин – (Хаққа иман келтірген ізгі жандардың істері) өшпестей болып жазылған мөрленген дәптер.
يَشْهَدُهُ ٱلْمُقَرَّبُونَ
Алланың хас құлдары оны көріп, оқиды.
إِنَّ ٱلْأَبْرَارَ لَفِي نَعِيمٍ
Ізгі жандар, шүбәсіз, нығметтердің ішінде, (көз көріп, құлақ естімеген, тіпті адам баласының ойына да келмеген) нығметтерге толы Нағим жаннатында.
عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ
Жайлы орынтақтарға жайғасып отырып қуанышты жүзбен маңайларына қарайды.
تَعْرِفُ فِي وُجُوهِهِمْ نَضْرَةَ ٱلنَّعِيمِ
Жүздерінен өздеріне нәсіп етілген нығметтерге деген шексіз қуанышты байқайсың.
يُسْقَوْنَ مِن رَّحِيقࣲ مَّخْتُومٍ
Оларға (зиянды нәрселерден ада, таза екенін білдіретін) мөрі бар тап-таза мөлдір шарап ұсынылады.
خِتَٰمُهُۥ مِسْكࣱۚ وَفِي ذَٰلِكَ فَلْيَتَنَافَسِ ٱلْمُتَنَٰفِسُونَ
Ішілген соң түбінен хош иісі аңқиды. Ендеше, адамдар өзара жарысатын болса, осынау мәңгілік жаннат мекен үшін жарыссын!
وَمِزَاجُهُۥ مِن تَسْنِيمٍ
Ол шарапқа жаннаттың ең ұлы қайнарынан алынатын «тәсним» сусыны қосылған.
عَيْنࣰا يَشْرَبُ بِهَا ٱلْمُقَرَّبُونَ
«Тәсним» қайнарынан Алланың ең жақын хас құлдары қанғанша ішеді.
إِنَّ ٱلَّذِينَ أَجْرَمُوا۟ كَانُوا۟ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ يَضْحَكُونَ
Күнәға белшесінен батқан кәпірлер дүниеде мүміндерді келемеждеп, күлетін еді.
وَإِذَا مَرُّوا۟ بِهِمْ يَتَغَامَزُونَ
Олардың қасынан өткенде бір‑біріне ишара жасап, ымдап оларды келемеждеп, кемсітетін еді.
وَإِذَا ٱنقَلَبُوٓا۟ إِلَىٰٓ أَهْلِهِمُ ٱنقَلَبُوا۟ فَكِهِينَ
Үйлеріне қайтқанда, сол істеріне мәз болып, масаттанатын.
وَإِذَا رَأَوْهُمْ قَالُوٓا۟ إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَضَآلُّونَ
Оларды көргендерінде: «Мыналар, шынымен, адасқандар», – деп жазғыратын.
وَمَآ أُرْسِلُوا۟ عَلَيْهِمْ حَٰفِظِينَ
Әйтсе де олар мүміндерге қатысты (үкім беретіндей) олардың үстінен бақылаушы болып тағайындалмаған еді.
فَٱلْيَوْمَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مِنَ ٱلْكُفَّارِ يَضْحَكُونَ
Ал енді, міне, (Алланың алдында есеп беретін) бұл күні мүміндер кәпірлерге күледі.
عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ
Жайлы орынтақтарға жайғасып (кәпірлердің жаһаннамда қалай азап шеккеніне) қарап отырады.
هَلْ ثُوِّبَ ٱلْكُفَّارُ مَا كَانُوا۟ يَفْعَلُونَ
«Қалай, кәпірлер дүниедегі істерінің қарымтасын толық алды ма?!»
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.