Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран82. Инфитар
82 · сүре

Инфитар

19 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنفَطَرَتْ

Аспан шатынап жарылған кезде,

2

وَإِذَا ٱلْكَوَاكِبُ ٱنتَثَرَتْ

Жұлдыздар төгіліп, (үзілген моншақтың тастарындай) жан‑жаққа шашылған кезде,

3

وَإِذَا ٱلْبِحَارُ فُجِّرَتْ

Теңіздер тасып, бір-біріне қосылған кезде,

4

وَإِذَا ٱلْقُبُورُ بُعْثِرَتْ

Қабірлердің іші сыртына ақтарылған кезде,

5

عَلِمَتْ نَفْسࣱ مَّا قَدَّمَتْ وَأَخَّرَتْ

Міне, сонда әрбір жан (бұл дүниеден о дүниеге жақсы‑жаман) не жіберіп, артына не қалдырғанын анық білетін болады.

6

يَٰٓأَيُّهَا ٱلْإِنسَٰنُ مَا غَرَّكَ بِرَبِّكَ ٱلْكَرِيمِ

Уа, адам баласы! Сені Кәрим (асқан жомарт, шексіз шарапат иесі) Раббың жайлы азғырып, алдаған не еді?!

7

ٱلَّذِي خَلَقَكَ فَسَوَّىٰكَ فَعَدَلَكَ

Ол сені жоқтан жаратып, саған керемет кескін‑келбет берді әрі бүкіл ағза мүшелеріңді үйлесімді етті.

8

فِيٓ أَيِّ صُورَةࣲ مَّا شَآءَ رَكَّبَكَ

Сені Өзі қалаған керемет кескін-келбетте жаратты.

9

كَلَّا بَلْ تُكَذِّبُونَ بِٱلدِّينِ

(Әй адамдар!) Алайда сендер (соған қарамастан, ақиретте орнайтын және Алланың алдында есеп беретін әрі кесімді үкім шығарылатын) Дін күніне жалған деп сенбейсіңдер.

10

وَإِنَّ عَلَيْكُمْ لَحَٰفِظِينَ

Әйтсе де, қастарыңда сендерді үнемі бақылаушылар бар.

11

كِرَامࣰا كَٰتِبِينَ

Олар – «Кирамән кәтибин» – әр сөздерің мен әр істеріңді жазып алушы аса қадірлі, пәк періштелер.

12

يَعْلَمُونَ مَا تَفْعَلُونَ

Олар сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңді толық біледі.

13

إِنَّ ٱلْأَبْرَارَ لَفِي نَعِيمࣲ

Ізгі жандар, шүбәсіз, нығметтердің ішінде, (көз көріп, құлақ естімеген, тіпті адам баласының ойына да келмеген) нығметтерге толы Нағим жаннатында.

14

وَإِنَّ ٱلْفُجَّارَ لَفِي جَحِيمࣲ

Ал күнәға белшесінен батқан арсыздар болса, шүбәсіз, жалын атқан жаһаннамда.

15

يَصْلَوْنَهَا يَوْمَ ٱلدِّينِ

Олар (Алланың алдында есеп беретін әрі кесімді үкім шығарылатын) Дін күні мәңгі жанып қуырылу үшін сол жерге кіреді.

16

وَمَا هُمْ عَنْهَا بِغَآئِبِينَ

Ол жерден ешқайда кете алмайды.

17

وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا يَوْمُ ٱلدِّينِ

Дін күнінің не екенін білесің бе?!

18

ثُمَّ مَآ أَدْرَىٰكَ مَا يَوْمُ ٱلدِّينِ

Иә, сол Дін күнінің не екенін сен білесің бе?!

19

يَوْمَ لَا تَمْلِكُ نَفْسࣱ لِّنَفْسࣲ شَيْـࣰٔاۖ وَٱلْأَمْرُ يَوْمَئِذࣲ لِّلَّهِ

Ол – біреудің біреуге зәредей пайдасы тимейтін ауыр күн! Сол күні бар билік бір Аллаға тиесілі болады!

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play