عَبَسَ وَتَوَلَّىٰٓ
Тыжырынып, теріс айналды.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
عَبَسَ وَتَوَلَّىٰٓ
Тыжырынып, теріс айналды.
أَن جَآءَهُ ٱلْأَعْمَىٰ
Қасына бір зағип кісі келген үшін (сөйтті).
وَمَا يُدْرِيكَ لَعَلَّهُۥ يَزَّكَّىٰٓ
Сен қайдан білесің, бәлкім, ол (күнәдан) арылар,
أَوْ يَذَّكَّرُ فَتَنفَعَهُ ٱلذِّكْرَىٰٓ
я болмаса, (Алланың сөзіне құлақ асып) ақыл алар, сөйтіп, айтылған ақылдың оған пайдасы тиер?!
أَمَّا مَنِ ٱسْتَغْنَىٰ
Ал (байлығы мен атақ-абыройына сеніп, иләһи нұсқауды) қажетсінбейтінге келсек,
فَأَنتَ لَهُۥ تَصَدَّىٰ
сен (оның Исламды қабылдауын қалап) оған ерекше ықылас қойып, көңіл бөлесің.
وَمَا عَلَيْكَ أَلَّا يَزَّكَّىٰ
Сен оның (күпірліктен, жамандық атаулыдан) арылғысы келмегеніне жауапты емессің, (сенің міндетің оған ақиқатты жеткізіп, жөн сілтеу ғана).
وَأَمَّا مَن جَآءَكَ يَسْعَىٰ
Ал жаныңа еміне ентелеп келген,
وَهُوَ يَخْشَىٰ
Һәм Алладан шын именген күйде (еміне ентелеп келген) жанға келсек,
فَأَنتَ عَنْهُ تَلَهَّىٰ
сен оған тиісінше көңіл бөлмейсің.
كَلَّآ إِنَّهَا تَذْكِرَةࣱ
Жо-жоқ, (олай істеуге болмайды)! Өйткені Құран – (баршаға арналған теңдессіз) насихат һәм ескерту!
فَمَن شَآءَ ذَكَرَهُۥ
Енді, қалаған жан оған ой жүгіртіп, ғибрат алар.
فِي صُحُفࣲ مُّكَرَّمَةࣲ
Ол сондай қасиетті парақтарға жазылған;
مَّرْفُوعَةࣲ مُّطَهَّرَةِۭ
(Алланың құзырындағы) сондай ұлы һәм пәк (яғни, жалған атаулыдан, қарама-қайшылықтан ада, мінсіз) парақтар.
بِأَيْدِي سَفَرَةࣲ
(Алладан уахи жеткізетін) елші періштелердің қолымен,
كِرَامِۭ بَرَرَةࣲ
аса ардақты, ізгі (періштелердің қолымен тасымалданатын қасиетті парақтар).
قُتِلَ ٱلْإِنسَٰنُ مَآ أَكْفَرَهُۥ
Әй, мүрдем кеткір кәпір адам, (түріне қарамай) күпірлікте қасарысуын қарашы!
مِنْ أَيِّ شَيْءٍ خَلَقَهُۥ
Алла оны не нәрседен жаратты?! (Ең болмаса, соны ойласа ғой).
مِن نُّطْفَةٍ خَلَقَهُۥ فَقَدَّرَهُۥ
(Әлбетте, ер мен әйелден бөлінген) бір тамшы судан (жаратты). Жаратты да, оған өлшеулі (әрі келісті) кескін-келбет және өлшеулі өмір (өлшеулі ризық-несібе) берді.
ثُمَّ ٱلسَّبِيلَ يَسَّرَهُۥ
Содан соң ол үшін (шын бақытқа жеткізер) жолды жеңілдетті.
ثُمَّ أَمَاتَهُۥ فَأَقْبَرَهُۥ
Соңында оны өлтіріп, қабірге қойдырады.
ثُمَّ إِذَا شَآءَ أَنشَرَهُۥ
Кейін қалаған уақытында қайтадан тірілтеді.
كَلَّا لَمَّا يَقْضِ مَآ أَمَرَهُۥ
Жо-жоқ, шынтуайтында, адам баласы (яғни, кәпір адам) Алланың өзіне бұйырғанын орындамады.
فَلْيَنظُرِ ٱلْإِنسَٰنُ إِلَىٰ طَعَامِهِۦٓ
Ал енді, адам баласы өзінің ас-ауқатына зер салып қарасын:
أَنَّا صَبَبْنَا ٱلْمَآءَ صَبࣰّا
Расында, Біз жауынды молынан жаудырудамыз.
ثُمَّ شَقَقْنَا ٱلْأَرْضَ شَقࣰّا
Содан соң (жауын суына қанған) жерді қопсытып, егістікке әзір күйге келтіреміз.
فَأَنۢبَتْنَا فِيهَا حَبࣰّا
Нәтижеде, онда дәнді дақылдар өсіреміз,
وَعِنَبࣰا وَقَضْبࣰا
сондай-ақ онда жүзім мен сан алуан көкөністер,
وَزَيْتُونࣰا وَنَخْلࣰا
зәйтүн мен құрма ағаштарын,
وَحَدَآئِقَ غُلْبࣰا
ағаштары еңселі қалың бау-бақшалар,
وَفَٰكِهَةࣰ وَأَبࣰّا
басқа да сан түрлі жеміс-жидек пен шөп-шүйгін өсіреміз.
مَّتَٰعࣰا لَّكُمْ وَلِأَنْعَٰمِكُمْ
(Мұның бәрі) сендердің және малдарыңның игілігі үшін.
فَإِذَا جَآءَتِ ٱلصَّآخَّةُ
Алайда құлақты жаратын ащы дауыс (яғни, Сурдың жойқын үні) шыққан кезде,
يَوْمَ يَفِرُّ ٱلْمَرْءُ مِنْ أَخِيهِ
Сол күні адам баласы өз бауырынан безеді,
وَأُمِّهِۦ وَأَبِيهِ
тіпті өз анасы мен әкесінен,
وَصَٰحِبَتِهِۦ وَبَنِيهِ
жан жары мен бала-шағасынан (безеді).
لِكُلِّ ٱمْرِئࣲ مِّنْهُمْ يَوْمَئِذࣲ شَأْنࣱ يُغْنِيهِ
Сол күні олардың әрқайсысы өз басымен қайғы болады.
وُجُوهࣱ يَوْمَئِذࣲ مُّسْفِرَةࣱ
Ол күні кейбір жүздер жарқын болмақ.
ضَاحِكَةࣱ مُّسْتَبْشِرَةࣱ
Күлім қаққан, қуанышты болмақ.
وَوُجُوهࣱ يَوْمَئِذٍ عَلَيْهَا غَبَرَةࣱ
Сондай-ақ ол күні шаң‑тозаң мен топыраққа бөккен жүздер,
تَرْهَقُهَا قَتَرَةٌ
қараңғыға батып, түнерген жүздер де болады,
أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْكَفَرَةُ ٱلْفَجَرَةُ
Міне, солар ардан безіп, күнәға белшесінен батқан кәпірлер!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.