وَٱلنَّٰزِعَٰتِ غَرْقࣰا
(Кәпірлердің жанын аяусыз жұлқып) суырып алушы періштелерге,
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلنَّٰزِعَٰتِ غَرْقࣰا
(Кәпірлердің жанын аяусыз жұлқып) суырып алушы періштелерге,
وَٱلنَّٰشِطَٰتِ نَشْطࣰا
(мүміндердің жанын қинамай) байыппен алушы періштелерге,
وَٱلسَّٰبِحَٰتِ سَبْحࣰا
(иләһи пәрмендерді бұлжытпай орындау мақсатында аспан кеңістігінде) жүзіп жүрген періштелерге,
فَٱلسَّٰبِقَٰتِ سَبْقࣰا
(міндеттерін мүлтіксіз орындауда) бір-бірімен жарысатын періштелерге,
فَٱلْمُدَبِّرَٰتِ أَمْرࣰا
(Алланың пәрменімен болмыстағы жауын жаудыру, жел тұрғызу сынды табиғи құбылыстар мен өзге де елеулі) істерді жүргізуші періштелерге серт!
يَوْمَ تَرْجُفُ ٱلرَّاجِفَةُ
(Қиямет сөзсіз орнайды). Сол күні (Сурдың, яғни, Исрафил періштенің ғаламат сырнайынан шығатын) ащы үн жер-әлемді тітіретіп, дүр сілкіндіреді.
تَتْبَعُهَا ٱلرَّادِفَةُ
Оның артынша (жер-әлемді тітірететін) тағы да бір ащы үн шығады.
قُلُوبࣱ يَوْمَئِذࣲ وَاجِفَةٌ
Сол күні кейбір жүректер (үрейден) дүрсіл қағады.
أَبْصَٰرُهَا خَٰشِعَةࣱ
Олардың (яғни, жүрегі дүрсіл қағып, ауызына тығылған кәпірлердің) үрейге толы көздері мөлиіп төмен қарайды.
يَقُولُونَ أَءِنَّا لَمَرْدُودُونَ فِي ٱلْحَافِرَةِ
Соған қарамастан, (кәпірлер өлгеннен кейін қайта тірілу сенімін келемеждеп) былай дейді: «Сонда біз қайтадан бұрынғы қалпымызға қайтарыламыз ба?!
أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمࣰا نَّخِرَةࣰ
«Һәм қаусап, үгітілген қу сүйекке айналғаннан кейін (қайта тірілеміз) бе?!
قَالُوا۟ تِلْكَ إِذࣰا كَرَّةٌ خَاسِرَةࣱ
«Ендеше, бұл біз үшін тым зиянды қайту десеңші!»
فَإِنَّمَا هِيَ زَجْرَةࣱ وَٰحِدَةࣱ
(Олар не десе де болатын іс болады), Һәм бір ғана ащы үнмен (яғни, Исрафил періштенің Сурды бір рет үрлеуімен) жүзеге асады!
فَإِذَا هُم بِٱلسَّاهِرَةِ
Сола-ақ екен, бәрі теп-тегіс махшар алаңына жинала қояды.
هَلْ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ
(Уа, Мұхаммед!) Саған Мұсаның хабары жетті ме?!
إِذْ نَادَىٰهُ رَبُّهُۥ بِٱلْوَادِ ٱلْمُقَدَّسِ طُوًى
Есіңде болса, қасиетті Тур алқабында Раббысы оған былай деп үн қатқан еді:
ٱذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
«Перғауынға бар, өйткені ол әбден азғындады».
فَقُلْ هَل لَّكَ إِلَىٰٓ أَن تَزَكَّىٰ
Бар да оған: «(Жамандық атаулыдан) арылып, тазарғың келе ме?» – деп айт.
وَأَهْدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخْشَىٰ
«Ондай ойың болса, саған Раббыңа тура апаратын жолды көрсетейін, сонда Оған тағзыммен мойынсұнарсың». Негізінен, Мұса (а.с.) тек Исрайыл ұрпақтарына ғана емес, Перғауын мен оның еліне де тура жолды нұсқау үшін жіберілген еді. Олар Мұсаның (а.с.) сөзіне құлақ аспаған соң, Мұса (а.с.) өз қауымын Мысырдан көшіріп алып кетуге міндеттелген еді.
فَأَرَىٰهُ ٱلْـَٔايَةَ ٱلْكُبْرَىٰ
(Мұса Перғауынға барды да) оған ең үлкен мұғжизасын көрсетті.
فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ
Алайда Перғауын оған сенбеді һәм қарсы келді.
ثُمَّ أَدْبَرَ يَسْعَىٰ
Онымен қоймай, (Мұсадан) теріс айналып, дұшпандық әрекетке көшті.
فَحَشَرَ فَنَادَىٰ
(Халқы мен әскерін) жинап алып, үндеу тастады:
فَقَالَ أَنَا۠ رَبُّكُمُ ٱلْأَعْلَىٰ
«Сендердің ең ұлық раббыларың мына менмін», – деді.
فَأَخَذَهُ ٱللَّهُ نَكَالَ ٱلْـَٔاخِرَةِ وَٱلْأُولَىٰٓ
Ақырында, Алла оны бас салып, ақиретте һәм осы дүниеде баршаға сабақ болатындай етіп оңдырмай жазалады.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةࣰ لِّمَن يَخْشَىٰٓ
Шүбәсіз, мұнда Алладан тағзыммен именетін әрбір жан үшін ғибрат бар.
ءَأَنتُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَمِ ٱلسَّمَآءُۚ بَنَىٰهَا
(Уа, адамдар! Ақылға салып ойланбайсыңдар ма?) Сендерді жарату қиын ба, жоқ әлде, аспан әлемін бе?! Оны Алла тұрғызды!
رَفَعَ سَمْكَهَا فَسَوَّىٰهَا
Алла оны (тіреусіз) биік күмбез етіп көтерді һәм мінсіз, толыққанды жүйеге келтірді.
وَأَغْطَشَ لَيْلَهَا وَأَخْرَجَ ضُحَىٰهَا
Тас қараңғы түнін бірте-бірте сейілтіп, күн сәскесін шығарды (яғни, таңын атырып, жер-әлемді жарыққа бөледі).
وَٱلْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَىٰهَآ
Содан кейін жерді (тұрақтап, тіршілік етуге қолайлы етіп) жайды.
أَخْرَجَ مِنْهَا مَآءَهَا وَمَرْعَىٰهَا
Одан сулары (бұлақтары, өзен-көлдері, мұхиттары) мен жайылымын (көк майсасын, шүйгінін) шығарды.
وَٱلْجِبَالَ أَرْسَىٰهَا
Тауларды да бекем етіп орнатты.
مَتَٰعࣰا لَّكُمْ وَلِأَنْعَٰمِكُمْ
(Мұның бәрі) сендердің және малдарыңның тіршілігі үшін.
فَإِذَا جَآءَتِ ٱلطَّآمَّةُ ٱلْكُبْرَىٰ
Ақырында, (жер-жаһанды түгелдей) басып қалатын алапат апат (қиямет-қайым) келген кезде,
يَوْمَ يَتَذَكَّرُ ٱلْإِنسَٰنُ مَا سَعَىٰ
міне, сол күні адам баласы (өмір бойы) ненің соңында жүріп, не үшін қам-қарекет қылғанын (яғни, дүниеде өз пайдасы үшін қарекет қылды ма, жоқ әлде, өзін зиянға батыратын істермен шұғылданды ма, соны) анық аңғарады
وَبُرِّزَتِ ٱلْجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ
және көретіндердің бәріне жалын атқан жаһаннам анық көрсетіледі.
فَأَمَّا مَن طَغَىٰ
Міне, сонда, кімде-кім азғындап, шектен шыққан,
وَءَاثَرَ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَا
әрі дүниенің қу тіршілігін (ақиреттен) артық көрген болса,
فَإِنَّ ٱلْجَحِيمَ هِيَ ٱلْمَأْوَىٰ
онда шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері сол жалын атқан жаһаннам болмақ!
وَأَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفْسَ عَنِ ٱلْهَوَىٰ
Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса,
فَإِنَّ ٱلْجَنَّةَ هِيَ ٱلْمَأْوَىٰ
шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері – жаннат болмақ!
يَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَىٰهَا
(Уа, Мұхаммед!) Олар: «Қашан орнайды?» – деп, сенен қиямет жайлы сұрауда.
فِيمَ أَنتَ مِن ذِكْرَىٰهَآ
Сен оны қайдан білесің, ол жайлы сен не айта аласың?!
إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَىٰهَآ
Оның соңы Раббыңа барып тіреледі (яғни, оның кесімді уақыты Раббыңа ғана аян).
إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخْشَىٰهَا
Ал сен болсаң, одан шынымен қорқатындарды алдын-ала сақтандырушы, ескертуші ғанасың!
كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَهَا لَمْ يَلْبَثُوٓا۟ إِلَّا عَشِيَّةً أَوْ ضُحَىٰهَا
Олар (кәпірлер) сол ұлы күнді көргенде, дүниеде бір кеш немесе бір сәскелік уақыт қана тұрғандай болады.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.