Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран78. Нәбә
78 · сүре

Нәбә

40 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

عَمَّ يَتَسَآءَلُونَ

Олар өзара не жайлы сұрасуда (нені әңгіме қылуда)?!

2

عَنِ ٱلنَّبَإِ ٱلْعَظِيمِ

Әлбетте, әлгі аса маңызды хабар жайлы (сұрасуда),

3

ٱلَّذِي هُمْ فِيهِ مُخْتَلِفُونَ

Олар өзара қарама-қайшылықта. (Яғни, әлгі хабарды қалай жоққа шығарамыз, теріске шығарғанда қандай дәлелге сүйенеміз деп, өзара келісімге келе алмауда).

4

كَلَّا سَيَعْلَمُونَ

Жоқ, (мәселе олардың ойлағанындай емес)! Олар (әлгі хабардың хақ екенін) әлі-ақ білетін болады!

5

ثُمَّ كَلَّا سَيَعْلَمُونَ

Жо-жоқ, (мәселе олардың ойлағанындай емес)! Олар (әлгі хабардың хақ екенін) әлі-ақ білетін болады!

6

أَلَمْ نَجْعَلِ ٱلْأَرْضَ مِهَٰدࣰا

Біз жер бетін бесік қылмадық па?!

7

وَٱلْجِبَالَ أَوْتَادࣰا

Тауларды (жерді мықтап ұстап тұратын) қазық етпедік пе?!

8

وَخَلَقْنَٰكُمْ أَزْوَٰجࣰا

Сендерді жұп қылып жараттық.

9

وَجَعَلْنَا نَوْمَكُمْ سُبَاتࣰا

Ұйқыларыңды дамылдап тынығудың бірден-бір жолы қылдық.

10

وَجَعَلْنَا ٱلَّيْلَ لِبَاسࣰا

Түнді (бейне бір) жамылғы,

11

وَجَعَلْنَا ٱلنَّهَارَ مَعَاشࣰا

ал күндізді тіршілік уақыты қылдық.

12

وَبَنَيْنَا فَوْقَكُمْ سَبْعࣰا شِدَادࣰا

Төбелеріңе жеті бірдей берік аспан тұрғыздық.

13

وَجَعَلْنَا سِرَاجࣰا وَهَّاجࣰا

Сондай-ақ (оған) жарқырап жанған шамшырақ орнаттық.

14

وَأَنزَلْنَا مِنَ ٱلْمُعْصِرَٰتِ مَآءࣰ ثَجَّاجࣰا

Қою бұлттардан жаңбыр жаудырдық:

15

لِّنُخْرِجَ بِهِۦ حَبࣰّا وَنَبَاتࣰا

Алуан түрлі дәнді дақылдар мен өсімдіктер өсіп шықсын,

16

وَجَنَّٰتٍ أَلْفَافًا

сондай-ақ қалың бау-бақшалар жайқалып өссін деп (бұлттардан жауын жаудырдық).

17

إِنَّ يَوْمَ ٱلْفَصْلِ كَانَ مِيقَٰتࣰا

Шүбәсіз, кесімді үкім және айыру күні – (дүниеде кім не ексе, соны ору үшін) белгіленген кесімді күн.

18

يَوْمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِ فَتَأْتُونَ أَفْوَاجࣰا

Сол күні Сур үрленеді де, лек-лек болып (Алланың алдына) келесіңдер.

19

وَفُتِحَتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتْ أَبْوَٰبࣰا

(Періштелердің жерге түсуі үшін) аспан айқара ашылған сансыз қақпаларға айналады.

20

وَسُيِّرَتِ ٱلْجِبَالُ فَكَانَتْ سَرَابًا

Таулар көшіріліп, сағымға айналады.

21

إِنَّ جَهَنَّمَ كَانَتْ مِرْصَادࣰا

Ал жаһаннам болса, өзіне түсетіндерді қарауылдап, тағатсыздана күтумен болады.

22

لِّلطَّٰغِينَ مَـَٔابࣰا

(Ол) шектен шыққан азғындардың түптің түбінде барып паналайтын жері.

23

لَّٰبِثِينَ فِيهَآ أَحْقَابࣰا

Олар онда ғасырлар бойы қалады.

24

لَّا يَذُوقُونَ فِيهَا بَرْدࣰا وَلَا شَرَابًا

Олар онда жанға жайлы салқындықты да, (шөл қандырар) сусынды да тата алмайды.

25

إِلَّا حَمِيمࣰا وَغَسَّاقࣰا

(Тататындары) тек қайнаған су мен ірің ғана.

26

جَزَآءࣰ وِفَاقًا

Олар істеген істерінің лайықты қарымтасы ретінде (сондай жазаға тартылады).

27

إِنَّهُمْ كَانُوا۟ لَا يَرْجُونَ حِسَابࣰا

Өйткені олар күндердің күнінде жауапқа тартыламыз-ау деп ойламайтын әрі сенбейтін еді.

28

وَكَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا كِذَّابࣰا

(Өздеріне түсірілген һәм оқылған) аяттарымыз бен болмыстағы айқын дәлелдерімізді қасарысып, жоққа шығаратын еді.

29

وَكُلَّ شَيْءٍ أَحْصَيْنَٰهُ كِتَٰبࣰا

Алайда Біз (олардың істерінің) бәрін жіпке тізіп, кітапқа жазып қойдық.

30

فَذُوقُوا۟ فَلَن نَّزِيدَكُمْ إِلَّا عَذَابًا

«Ендеше, (істеріңнің жемісін) татыңдар! Енді, Бізден азаптарыңды арттырғаннан басқа ешбір жақсылық күтпеңдер!»

31

إِنَّ لِلْمُتَّقِينَ مَفَازًا

Ал Аллаға шын көңілден тағзым етіп, Оған қарсы келуден қорқатын һәм күнә атаулыдан барынша сақтанатын тақуа жандарға келсек, оларды үлкен жетістік әрі зор бақыт күтуде.

32

حَدَآئِقَ وَأَعْنَٰبࣰا

Олар үшін бау-бақшалар мен жүзім бақтары,

33

وَكَوَاعِبَ أَتْرَابࣰا

қос анары толықсыған түйдей құрдас хор қыздары,

34

وَكَأْسࣰا دِهَاقࣰا

(ғаламат сусындарға) толы қадақтар (кеселер) бар.

35

لَّا يَسْمَعُونَ فِيهَا لَغْوࣰا وَلَا كِذَّٰبࣰا

Олар онда бос сөз де, жалған сөз де естімейді.

36

جَزَآءࣰ مِّن رَّبِّكَ عَطَآءً حِسَابࣰا

Міне, мұның бәрі Раббыңнан (тақуа жандарды толық қанағаттандыратын) жеткілікті сый-сияпат.

37

رَّبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ٱلرَّحْمَٰنِۖ لَا يَمْلِكُونَ مِنْهُ خِطَابࣰا

(Осынау сый-сияпат) күллі аспан әлемі мен жердің және екеуінің арасындағы жаратылыс атаулының Раббысынан, Рахманнан. Ешкімнің Онымен сөйлесуге құзыры жетпейді.

38

يَوْمَ يَقُومُ ٱلرُّوحُ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةُ صَفࣰّاۖ لَّا يَتَكَلَّمُونَ إِلَّا مَنْ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحْمَٰنُ وَقَالَ صَوَابࣰا

Сол күні Рух және періштелер (Раббыңның алдында) қаз-қатар сап түзейді. Сонда, Рахман Алла (сөйлеуге) рұқсат еткен жаннан басқа ешкім жақ ашып, тіл қата алмайды. Сөйлейтін жан да тек қана орынды сөз айтады.

39

ذَٰلِكَ ٱلْيَوْمُ ٱلْحَقُّۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ مَـَٔابًا

Міне, сол – күмәнсіз келетін һәм ақиқат үстем болатын күн. Ендеше, бұдан былай, қалаған жан Раббысына тура қайтатын жолды ұстайды.

40

إِنَّآ أَنذَرْنَٰكُمْ عَذَابࣰا قَرِيبࣰا يَوْمَ يَنظُرُ ٱلْمَرْءُ مَا قَدَّمَتْ يَدَاهُ وَيَقُولُ ٱلْكَافِرُ يَٰلَيْتَنِي كُنتُ تُرَٰبَۢا

Анығында, Біз азаптың жақын екенін айтып, сендерді алдын-ала сақтандырып, ескерттік. Сол күні адам баласы (фәни дүниеден ақиретке) өз қолымен жолдаған нәрсесіне қарайды, сонда кәпір: «(Бүйтіп әр ісіне жауапты саналы адам болғанша), шіркін, топырақ болғанымда ғой!» – деп аһ ұрады.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play