Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран75. Қиямет
75 · сүре

Қиямет

40 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

لَآ أُقْسِمُ بِيَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ

Жо-жоқ! Қиямет күніне серт!

2

وَلَآ أُقْسِمُ بِٱلنَّفْسِ ٱللَّوَّامَةِ

Сондай-ақ өзін-өзі жазғырушы нәпсіге де серт!

3

أَيَحْسَبُ ٱلْإِنسَٰنُ أَلَّن نَّجْمَعَ عِظَامَهُۥ

Адам баласы Бізді өлімінен кейін шашылып қалған сүйектерін жинап, қайтадан тірілтпейді деп ойлай ма?!

4

بَلَىٰ قَٰدِرِينَ عَلَىٰٓ أَن نُّسَوِّيَ بَنَانَهُۥ

Әрине, жинағанда қандай, тіпті Біз оның саусақ іздерін де қайтадан қалпына келтіруге құдіреттіміз.

5

بَلْ يُرِيدُ ٱلْإِنسَٰنُ لِيَفْجُرَ أَمَامَهُۥ

Алайда адам баласы (дүниеде күнәға батып, өз білгенінше өмір сүру үшін) алдындағы қиямет күнін жоққа шығарғысы келеді.

6

يَسْـَٔلُ أَيَّانَ يَوْمُ ٱلْقِيَٰمَةِ

Сөйтіп ол (ақирет сенімін мазаққа айналдырып): «Әлгі қиямет күні қашан?!» – деп сұрайды.

7

فَإِذَا بَرِقَ ٱلْبَصَرُ

Қатты үрейден көздер қарығып, қарауытқан,

8

وَخَسَفَ ٱلْقَمَرُ

ай тұтылған,

9

وَجُمِعَ ٱلشَّمْسُ وَٱلْقَمَرُ

және күн мен ай бір-бірімен тоғыстырылған кезде;

10

يَقُولُ ٱلْإِنسَٰنُ يَوْمَئِذٍ أَيْنَ ٱلْمَفَرُّ

Міне, сол күні адам баласы: «Қашатын жер бар ма?!» – дейді.

11

كَلَّا لَا وَزَرَ

Жо-жоқ, (ол күні) бас сауғалап, паналайтын жер жоқ!

12

إِلَىٰ رَبِّكَ يَوْمَئِذٍ ٱلْمُسْتَقَرُّ

Ол күні бәрінің барар жері Раббыңның құзыры болмақ.

13

يُنَبَّؤُا۟ ٱلْإِنسَٰنُ يَوْمَئِذِۭ بِمَا قَدَّمَ وَأَخَّرَ

Ол күні адам баласына (дүниеде өз қолымен істеп, ақиретке) жолдаған жақсы-жаман істері мен істемей кейінге қалдырған барлық істері түгелдей білдіріледі.

14

بَلِ ٱلْإِنسَٰنُ عَلَىٰ نَفْسِهِۦ بَصِيرَةࣱ

Сөйтіп, адам баласы өз-өзіне қарсы куә һәм айғақ болады.

15

وَلَوْ أَلْقَىٰ مَعَاذِيرَهُۥ

Ақталып, қанша жерден сылтау айтса да (солай болмақ).

16

لَا تُحَرِّكْ بِهِۦ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِۦٓ

(Уа, Мұхаммед! Өзіңе уахи келгенде) оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа.

17

إِنَّ عَلَيْنَا جَمْعَهُۥ وَقُرْءَانَهُۥ

Өйткені оны (сенің жүрегіңе) толық жинау һәм өзіңе оқыту (яғни, Құранның толық жиналуы мен оқылуын қамтамасыз ету) Бізге тиесілі іс.

18

فَإِذَا قَرَأْنَٰهُ فَٱتَّبِعْ قُرْءَانَهُۥ

Ендеше, Біз оны оқыған кезде (яғни, Жәбірейіл періште саған уахи жеткізіп жатқанда), сен оның оқылуына (мұқият құлақ асып) ілесіп отыр.

19

ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا بَيَانَهُۥ

Содан кейін, оны тәптіштеп түсіндіру де Бізге тиесілі іс.

20

كَلَّا بَلْ تُحِبُّونَ ٱلْعَاجِلَةَ

Жо-жоқ, сендер қолма-қол пайданы (яғни, көз алдарыңдағы қу дүниені) жақсы көресіңдер, (соған аңсарларың ауып, соңында жүрсіңдер).

21

وَتَذَرُونَ ٱلْـَٔاخِرَةَ

Ал ақиретті ескермейсіңдер.

22

وُجُوهࣱ يَوْمَئِذࣲ نَّاضِرَةٌ

Кейбір жүздер ол күні қуаныштан бал-бұл жайнайды.

23

إِلَىٰ رَبِّهَا نَاظِرَةࣱ

Раббыларынан көз алмайды.

24

وَوُجُوهࣱ يَوْمَئِذِۭ بَاسِرَةࣱ

Енді бір жүздер ол күні тұнжыраған кейіпте.

25

تَظُنُّ أَن يُفْعَلَ بِهَا فَاقِرَةࣱ

Бел омыртқаны үзіп түсетін ауыр соққы жейтіндіктеріне (яғни, адам айтқысыз ауыр азапқа душар болатындықтарына) көздері жетеді.

26

كَلَّآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلتَّرَاقِيَ

Жо-жоқ, жан алқымға келген сәтте:

27

وَقِيلَ مَنْ͏ۜ رَاقࣲ

«Бұны айықтырып, аман алып қалатын кім бар?» – делінеді.

28

وَظَنَّ أَنَّهُ ٱلْفِرَاقُ

(Міне сонда, жаны алқымға тіреліп, хал үстінде жатқан пенденің жақындарымен) айырылысатын сәттің таяғанына көзі анық жетеді.

29

وَٱلْتَفَّتِ ٱلسَّاقُ بِٱلسَّاقِ

Жан тапсырудың азабынан қос сирақ бір-бірімен айқасады.

30

إِلَىٰ رَبِّكَ يَوْمَئِذٍ ٱلْمَسَاقُ

Сол күні бәрі Раббыңның дәргейіне айдалады (жөнелтіледі).

31

فَلَا صَدَّقَ وَلَا صَلَّىٰ

Әлгі (өлім аузында жаны қысылған адам) дінге де сенбейтін, намаз да оқымайтын еді.

32

وَلَٰكِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ

Қайта дінді мойындамай, талаптарынан сырт айналатын еді.

33

ثُمَّ ذَهَبَ إِلَىٰٓ أَهْلِهِۦ يَتَمَطَّىٰٓ

Онымен қоймай, өзінің әлгіндей жат қылығына мәз болған кейіпте кердеңдей басып, үй ішіне қайтатын.

34

أَوْلَىٰ لَكَ فَأَوْلَىٰ

Ендеше, сауап болды саған, сауап болды!

35

ثُمَّ أَوْلَىٰ لَكَ فَأَوْلَىٰٓ

Иә, сауап болды саған, сауап болды (сен осынау жазаға лайықсың)!

36

أَيَحْسَبُ ٱلْإِنسَٰنُ أَن يُتْرَكَ سُدًى

Адам баласы өзін елеусіз, ескерусіз қала беремін деп ойлай ма?!

37

أَلَمْ يَكُ نُطْفَةࣰ مِّن مَّنِيࣲّ يُمْنَىٰ

Ол кезінде ытқып шыққан бір тамшы шәһуат суы емес пе еді?!

38

ثُمَّ كَانَ عَلَقَةࣰ فَخَلَقَ فَسَوَّىٰ

Артынша (ана құрсағына сүліктей жабысқан) жабысқақ нәрсеге айналды, сөйтіп, Алла оған келісті кескін-келбет беріп (адам етіп) жаратты.

39

فَجَعَلَ مِنْهُ ٱلزَّوْجَيْنِ ٱلذَّكَرَ وَٱلْأُنثَىٰٓ

Һәм одан қос жыныс түрінде ер мен әйелді жаратты.

40

أَلَيْسَ ذَٰلِكَ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يُحْـِۧيَ ٱلْمَوْتَىٰ

Сонда мұның бәрін істегеннің (яғни, Алланың) өлілерді қайта тірілтуге құдіреті жетпей ме?!

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play