يَٰٓأَيُّهَا ٱلْمُدَّثِّرُ
Уа, жамылғыға бүркенген (елшім)!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
يَٰٓأَيُّهَا ٱلْمُدَّثِّرُ
Уа, жамылғыға бүркенген (елшім)!
قُمْ فَأَنذِرْ
Тұр, (ел-жұртқа) ескерт!
وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ
Раббыңның теңдессіз, шексіз ұлылығын жария ет!
وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ
Киіміңді тазарт!
وَٱلرُّجْزَ فَٱهْجُرْ
Ластық атаулыдан аулақ бол!
وَلَا تَمْنُن تَسْتَكْثِرُ
(Атқарған қызметіңді, істеген жақсылықтарыңды) көп көріп, міндетсінбе!
وَلِرَبِّكَ فَٱصْبِرْ
(Алла және адамзат алдындағы міндетіңді атқаруда қандай қиындыққа душар болсаң да) Раббың үшін сабыр ет!
فَإِذَا نُقِرَ فِي ٱلنَّاقُورِ
Өйткені күндердің күнінде (Исрафил періштенің сырнайы) «Сур» үрленгенде,
فَذَٰلِكَ يَوْمَئِذࣲ يَوْمٌ عَسِيرٌ
міне, сол күн өте ауыр күн болады.
عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ غَيْرُ يَسِيرࣲ
Әсіресе, кәпірлерге жеңіл тимейді.
ذَرْنِي وَمَنْ خَلَقْتُ وَحِيدࣰا
(Дүние-малсыз, отбасынсыз) жалғыз етіп жаратқан пендемді Менімен оңаша қалдыр.
وَجَعَلْتُ لَهُۥ مَالࣰا مَّمْدُودࣰا
Кейін оған тіршілігінде мол байлық нәсіп еттім.
وَبَنِينَ شُهُودࣰا
Һәм әркез жанынан табылып, сүйеу болар ұл балалар бердім.
وَمَهَّدتُّ لَهُۥ تَمْهِيدࣰا
Һәм жайлы өмір сүрсін деп, дүниенің бар игілігін алдына тарттым (енді, сол пендемді Менімен оңаша қалдыр).
ثُمَّ يَطْمَعُ أَنْ أَزِيدَ
Сонда да ашкөзденіп, нығметімді одан сайын арттырып, берген үстіне бере түсуімді қалайды.
كَلَّآۖ إِنَّهُۥ كَانَ لِـَٔايَٰتِنَا عَنِيدࣰا
Жоқ, (дәмеленбей-ақ қойсын)! Өйткені ол қасарысып, аяттарымызға қарсы келді.
سَأُرْهِقُهُۥ صَعُودًا
Жақында оны титығына жететін ауыр азапқа саламын.
إِنَّهُۥ فَكَّرَ وَقَدَّرَ
Ол (ел алдында Құранның қадірін қалай кетірсем екен деп) ойланып-толғанды, (мұратына жету үшін не істеп, не қоятынын) ойша есептеп, пішіп те қойды.
فَقُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ
Жаны жаһаннамға жеткір, (айла-шарғысын) қалай-қалай есептеп, пішті десеңші!
ثُمَّ قُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ
Әй, жаны жаһаннамға жеткір, (айла-шарғысын) қалай-қалай есептеп, пішті десеңші!
ثُمَّ نَظَرَ
Содан соң (маңызды бір нәрсе айтатындай маңайындағы ел-жұртқа маңғаздана) көз жіберді.
ثُمَّ عَبَسَ وَبَسَرَ
Артынша түнеріп, қабағын түйді.
ثُمَّ أَدْبَرَ وَٱسْتَكْبَرَ
Содан кейін теріс айналды һәм тәкаппарлығы ұстап (Құранның хақ екенін іштей біліп тұса да, мойындағысы келмеді).
فَقَالَ إِنْ هَٰذَآ إِلَّا سِحْرࣱ يُؤْثَرُ
Сөйтіп: «Бұл – бар болғаны атам заманнан бері үйретіліп келген күшті сиқыр, басқа түк те емес».
إِنْ هَٰذَآ إِلَّا قَوْلُ ٱلْبَشَرِ
«Бұл – адамның сөзі, басқа түк те емес», – деді.
سَأُصْلِيهِ سَقَرَ
Мен оны көп ұзамай-ақ шыжғырылып жансын деп сақарға тастаймын.
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا سَقَرُ
Сақардың не екенін білесің бе?!
لَا تُبْقِي وَلَا تَذَرُ
Ол (ішіне не түссе де) түгін қалдырмай жалмайды. Бірақ (жалмап) қоя салмайды (жалмағанын бұрынғы қалпына келтіріп алады да, қайта жалмайды).
لَوَّاحَةࣱ لِّلْبَشَرِ
Теріні шыжғырған үстіне шыжғыра береді.
عَلَيْهَا تِسْعَةَ عَشَرَ
(Тозақтықтың) басы-қасында он тоғыз бірдей (азап періштесі) бар.
وَمَا جَعَلْنَآ أَصْحَٰبَ ٱلنَّارِ إِلَّا مَلَٰٓئِكَةࣰۖ وَمَا جَعَلْنَا عِدَّتَهُمْ إِلَّا فِتْنَةࣰ لِّلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِيَسْتَيْقِنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ وَيَزْدَادَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِيمَٰنࣰا وَلَا يَرْتَابَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْمُؤْمِنُونَ وَلِيَقُولَ ٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضࣱ وَٱلْكَٰفِرُونَ مَاذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِهَٰذَا مَثَلࣰاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ مَن يَشَآءُ وَيَهْدِي مَن يَشَآءُۚ وَمَا يَعْلَمُ جُنُودَ رَبِّكَ إِلَّا هُوَۚ وَمَا هِيَ إِلَّا ذِكْرَىٰ لِلْبَشَرِ
Біз тозақ сақшыларын тек қана періштелерден тағайындадық. Олардың санына келсек, оны кәпірлер үшін сынақ һәм азап себебі қылдық. Сондағы мақсатымыз кітап иелері (Мұхаммедтің Алланың елшісі екеніне) шәк-шүбәсіз кәміл илансын, мүміндердің иманы одан сайын арта түссін Һәм кітап иелері мен мүміндердің титтей де күмәні қалмасын дедік. Сондай-ақ жүректерінде кесел болғандар мен кәпірлер: «Сонда Алла осы мысал арқылы не айтқысы келді?» – десін, – деген едік. Міне, осылайша Алла қалағанын тура жолдан тайдырып, қалағанын тура жолға салады. Раббыңның әскерлерін бір Өзінен басқа ешкім білмейді. Бұл (яғни, тозақтағы азап періштелері және Раббыңның басқа да әскерлері жайлы айтылған хабар) тек адамзатқа жасалған ескерту ғана.
كَلَّا وَٱلْقَمَرِ
Жо-жоқ (мәселе кәпірлердің ойлағанындай емес). (Аспандағы) айға серт!
وَٱلَّيْلِ إِذْ أَدْبَرَ
Түндігі түріле бастаған түнге серт!
وَٱلصُّبْحِ إِذَآ أَسْفَرَ
Қылаң берген таңға серт!
إِنَّهَا لَإِحْدَى ٱلْكُبَرِ
Шүбәсіз, ол (яғни, Құран) – (Алланың) ұлы нышандарының бірі һәм бірегейі!
نَذِيرࣰا لِّلْبَشَرِ
Адамзат үшін ерен ескертуші!
لِمَن شَآءَ مِنكُمْ أَن يَتَقَدَّمَ أَوْ يَتَأَخَّرَ
Араларыңнан (иман келтіріп, игі істер істеп) алға озғысы келетіндер үшін де, (күпірлік пен күнәға батып) артта қалуды таңдағандар үшін де (ерен ескертуші).
كُلُّ نَفْسِۭ بِمَا كَسَبَتْ رَهِينَةٌ
Әркім – өз тапқанының (өз ісінің) тұтқыны (яғни, жұмаққа кірген әрбір жан дүниеде тапқан сауабына һәм иманының дәрежесіне қарай нығметке бөленеді, сондай-ақ тозаққа түскен әрбір күнәһар да өз қолымен тапқан күнәлары мен күпірлігінің деңгейіне қарай азап тартады).
إِلَّآ أَصْحَٰبَ ٱلْيَمِينِ
Ал (амал дәптерін оң жағынан алатын) асхабул-яминнің жөні бөлек.
فِي جَنَّٰتࣲ يَتَسَآءَلُونَ
Олар (көз көріп, құлақ естімеген, адамның қиялы жетпес ғаламат) жұмақтарда болады. Олар онда өзара сұрасып, жауап қатысып,
عَنِ ٱلْمُجْرِمِينَ
өмір бойы күнәдан көз ашпаған тозақы күнәһарлар жайлы (әңгіме қозғайды).
مَا سَلَكَكُمْ فِي سَقَرَ
(Содан олар тозақылардан): «Сендерді осынау жаһаннамға не айдап әкелді?» – (деп сұрайды).
قَالُوا۟ لَمْ نَكُ مِنَ ٱلْمُصَلِّينَ
Сонда әлгілер: «Біз намаз оқитындардың қатарында емес едік».
وَلَمْ نَكُ نُطْعِمُ ٱلْمِسْكِينَ
«Пақыр-міскінді тамақтандырмайтын едік».
وَكُنَّا نَخُوضُ مَعَ ٱلْخَآئِضِينَ
«Ғапылдыққа салынғандармен бірге (Алланы, ақиретті ескермей, бос сөз, пайдасыз іспен уақыт өлтіріп, күнәға батыратын сауық-сайранға елітіп) ғапылдыққа салынатын едік».
وَكُنَّا نُكَذِّبُ بِيَوْمِ ٱلدِّينِ
«Дін күніне (яғни, Алланың алдында есеп беретін һәм жауапқа тартылатын күнге) ұдайы сенбестік танытатынбыз».
حَتَّىٰٓ أَتَىٰنَا ٱلْيَقِينُ
«Сөйтіп жүргенде ажалымыз жетті», – деп жауап береді.
فَمَا تَنفَعُهُمْ شَفَٰعَةُ ٱلشَّٰفِعِينَ
Ендігі жерде оларға шапағатшылардың шапағаты түк те пайда бермейді.
فَمَا لَهُمْ عَنِ ٱلتَّذْكِرَةِ مُعْرِضِينَ
Осынау насихат һәм ескерту болған (Құраннан) теріс айналып, қашатындай оларға не көрінген?!
كَأَنَّهُمْ حُمُرࣱ مُّسْتَنفِرَةࣱ
Олар бейне бір үріккен жабайы есек сияқты.
فَرَّتْ مِن قَسْوَرَةِۭ
Үркіп арыстаннан қашқан (жабайы есек сияқты).
بَلْ يُرِيدُ كُلُّ ٱمْرِئࣲ مِّنْهُمْ أَن يُؤْتَىٰ صُحُفࣰا مُّنَشَّرَةࣰ
Олардың әрқайсысы өзіне (Құран сияқты) парақталған кітап берілгенін қалайды.
كَلَّاۖ بَل لَّا يَخَافُونَ ٱلْـَٔاخِرَةَ
Жоқ, ол мүмкін емес! Расында, олар ақиреттен қорықпайды (ол жаққа барғанда жағдайым не болар екен деп қам жемейді).
كَلَّآ إِنَّهُۥ تَذْكِرَةࣱ
Жоқ, ол мүмкін емес! Шүбәсіз, бұл (Құран) ерен насихат һәм ескерту!
فَمَن شَآءَ ذَكَرَهُۥ
Қалаған жан оны оқиды, оған ой жүгіртіп, ғибрат алады.
وَمَا يَذْكُرُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ هُوَ أَهْلُ ٱلتَّقْوَىٰ وَأَهْلُ ٱلْمَغْفِرَةِ
Алайда Алла қаламайынша, олар оған ой жүгіртіп, ғибрат ала алмайды. Шын жүректен тағзым етіп, жазасынан қорқу керек болған да, күнәларды кешіруші де бір Алла!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.