إِنَّآ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِۦٓ أَنْ أَنذِرْ قَوْمَكَ مِن قَبْلِ أَن يَأْتِيَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ
Біз Нұхты: «Басына жан төзгісіз азап келмей тұрғанда қауымыңды ескерт!» – деп өз қауымына пайғамбар ретінде жібердік.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِنَّآ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِۦٓ أَنْ أَنذِرْ قَوْمَكَ مِن قَبْلِ أَن يَأْتِيَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ
Біз Нұхты: «Басына жан төзгісіз азап келмей тұрғанда қауымыңды ескерт!» – деп өз қауымына пайғамбар ретінде жібердік.
قَالَ يَٰقَوْمِ إِنِّي لَكُمْ نَذِيرࣱ مُّبِينٌ
Ол: «Уа, халқым! Шүбәсіз, мен сендерге жіберілген анық елшімін!»
أَنِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ وَٱتَّقُوهُ وَأَطِيعُونِ
«Менің айтарым, бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер, Оған шын көңілден тағзым етіп, қарсы келуден сақтаныңдар һәм маған бағыныңдар!»
يَغْفِرْ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرْكُمْ إِلَىٰٓ أَجَلࣲ مُّسَمًّىۚ إِنَّ أَجَلَ ٱللَّهِ إِذَا جَآءَ لَا يُؤَخَّرُۚ لَوْ كُنتُمْ تَعْلَمُونَ
«Соның құрметіне Алла (осы күнге дейін істеген, кісі ақысынан тыс) күнәларыңды кешірсін әрі сендерге мерзімді уақытқа (яғни, ажал сағаты соққанға) дейін тіршілік етуді нәсіп етсін». Шүбәсіз, Алланың кесімді уақыты келгенде (яғни, Алла кескен ажал сағаты соққанда), ол әсте кейінге шегерілмейді. Шіркін, соны білсеңдер ғой!
قَالَ رَبِّ إِنِّي دَعَوْتُ قَوْمِي لَيْلࣰا وَنَهَارࣰا
Ақыр соңында, (Нұх пайғамбар дін жолындағы ғасырлар бойы толастамаған тынымсыз насихаттан кейін) былай деп жалбарынды: «Уа, Раббым! Халқымды күн-түн демей хақ дінге шақырдым!»
فَلَمْ يَزِدْهُمْ دُعَآءِيٓ إِلَّا فِرَارࣰا
«Алайда менің шақыруым оларды ақиқаттан тек одан сайын алыстата түсті».
وَإِنِّي كُلَّمَا دَعَوْتُهُمْ لِتَغْفِرَ لَهُمْ جَعَلُوٓا۟ أَصَٰبِعَهُمْ فِيٓ ءَاذَانِهِمْ وَٱسْتَغْشَوْا۟ ثِيَابَهُمْ وَأَصَرُّوا۟ وَٱسْتَكْبَرُوا۟ ٱسْتِكْبَارࣰا
«Мен оларды Өзіңнің кешіріміңе бөленсін деп, хақ жолға шақырған сайын, олар саусақпен құлағын бітеп, шапандарына бүркене түсті, Һәм ұдайы қасарысып, күпірлікте табандаумен әрі көкірек керіп, дандайсумен болды».
ثُمَّ إِنِّي دَعَوْتُهُمْ جِهَارࣰا
«Содан соң оларды (хақ жолға) ашық үнмен, екпінді сөзбен де шақырып бақтым».
ثُمَّ إِنِّيٓ أَعْلَنتُ لَهُمْ وَأَسْرَرْتُ لَهُمْ إِسْرَارࣰا
Содан кейін, ашықтан-ашық үндеп те, жасырын әрі арнайы түрде шақырып та көрдім.
فَقُلْتُ ٱسْتَغْفِرُوا۟ رَبَّكُمْ إِنَّهُۥ كَانَ غَفَّارࣰا
Және де оларға: «Раббыларыңнан күнәларың үшін кешірім тілеңдер! Өйткені Ол (құлдары қанша жерден күнәға батса да тәубелеріне келген жағдайда) өте кешірімді», – дедім.
يُرْسِلِ ٱلسَّمَآءَ عَلَيْكُم مِّدْرَارࣰا
«(Алладан кешірім тілеңдер) төбелеріңе аспаннан нөсерлетіп нұр жаудырсын».
وَيُمْدِدْكُم بِأَمْوَٰلࣲ وَبَنِينَ وَيَجْعَل لَّكُمْ جَنَّٰتࣲ وَيَجْعَل لَّكُمْ أَنْهَٰرࣰا
«Сендерге дүние мен бала-шағаны молынан берсін, Һәм сендер үшін бау-бақшалар өсірсін және өзендер ағызсын».
مَّا لَكُمْ لَا تَرْجُونَ لِلَّهِ وَقَارࣰا
«Сендерге не көрінген, неліктен Алланың ұлылығының алдында бас имейсіңдер, Оның ұлылығынан неге именбейсіңдер?!»
وَقَدْ خَلَقَكُمْ أَطْوَارًا
«Шүбәсіз, Ол сендерді кезең-кезеңмен, қалыптан-қалыпқа келтіріп жаратты».
أَلَمْ تَرَوْا۟ كَيْفَ خَلَقَ ٱللَّهُ سَبْعَ سَمَٰوَٰتࣲ طِبَاقࣰا
«Алланың жеті қат көкті бір-бірімен қалай жымдастырып, қат-қабат етіп жаратқанын көрмеймісіңдер?!»
وَجَعَلَ ٱلْقَمَرَ فِيهِنَّ نُورࣰا وَجَعَلَ ٱلشَّمْسَ سِرَاجࣰا
«Сондай-ақ Ол жеті қат көкте айды (күнге шағылысқан) жарық нұр, күнді шуақ шашқан шырақ қылды».
وَٱللَّهُ أَنۢبَتَكُم مِّنَ ٱلْأَرْضِ نَبَاتࣰا
«Алла сендерді бейне бір өсімдік өсіргендей жерден өсірді (сөйтіп, сендерді өздеріңе тән ерекше кейіпте жаратты)».
ثُمَّ يُعِيدُكُمْ فِيهَا وَيُخْرِجُكُمْ إِخْرَاجࣰا
«Кейін сендерді қайтадан топыраққа қайтарады (айналдырады) және сол топырақтан сөзсіз қайта шығарады».
وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُمُ ٱلْأَرْضَ بِسَاطࣰا
«Алла жерді сендер үшін кеңінен жайылған төсеніш етті».
لِّتَسْلُكُوا۟ مِنْهَا سُبُلࣰا فِجَاجࣰا
«Жер бетінде (таулар мен алқаптар арасында) даңғыл жолдармен емін-еркін жүріп-тұрарсыңдар деп, (жерді кең-байтақ етіп жаратты)».
قَالَ نُوحࣱ رَّبِّ إِنَّهُمْ عَصَوْنِي وَٱتَّبَعُوا۟ مَن لَّمْ يَزِدْهُ مَالُهُۥ وَوَلَدُهُۥٓ إِلَّا خَسَارࣰا
Ақырында, Нұх (қауымының ішіндегі қыңыр кәпірлердің иманға келуінен үміт үзіп, Раббысына былай деп жалбарынды): «Уа, Раббым! Расында, олар маған ұдайы қарсы келді, мал-дүниесі де, бала-шағасы да өзін қып-қызыл зиянға батырғаннан басқа түк те пайда бермейтіндердің (қайырсыз, бақытсыз бай-шонжарлардың) соңынан кетті».
وَمَكَرُوا۟ مَكْرࣰا كُبَّارࣰا
«Тіпті (ел-жұртты мен үгіттеген хақ жолдан қайтару үшін) небір үлкен қулық-сұмдыққа барып, небір адам айтқысыз тұзақтар құрды».
وَقَالُوا۟ لَا تَذَرُنَّ ءَالِهَتَكُمْ وَلَا تَذَرُنَّ وَدࣰّا وَلَا سُوَاعࣰا وَلَا يَغُوثَ وَيَعُوقَ وَنَسْرࣰا
(Һәм ел-жұртты): «Өз құдайларыңнан безуші болмаңдар! Әсіресе, Уәд, Суағ, Яғус, Яғуқ және Нәсрден баз кешпеңдер», – деп үгіттеді.
وَقَدْ أَضَلُّوا۟ كَثِيرࣰاۖ وَلَا تَزِدِ ٱلظَّٰلِمِينَ إِلَّا ضَلَٰلࣰا
«Сөйтіп, олар көп елді тура жолдан адастырды. Ендеше, (уа, Раббым, соның қарымы ретінде), бұл залымдардың адасуын тек одан сайын арттыра түскейсің!»
مِّمَّا خَطِيٓـَٰٔتِهِمْ أُغْرِقُوا۟ فَأُدْخِلُوا۟ نَارࣰا فَلَمْ يَجِدُوا۟ لَهُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ أَنصَارࣰا
Ақырында, күнәлары себепті жаппай суға батты һәм алапат отқа тасталды, сонда олар Аллаға қарсы тұрып, өздеріне қол ұшын беретін ешкімді таппады.
وَقَالَ نُوحࣱ رَّبِّ لَا تَذَرْ عَلَى ٱلْأَرْضِ مِنَ ٱلْكَٰفِرِينَ دَيَّارًا
Нұх (жер-әлемді жайлаған алапат топан судан кейін) дұғасын былай түйіндеді: «Уа, Раббым, жер бетінде кәпірлерден бірде-бір адам қалдырма».
إِنَّكَ إِن تَذَرْهُمْ يُضِلُّوا۟ عِبَادَكَ وَلَا يَلِدُوٓا۟ إِلَّا فَاجِرࣰا كَفَّارࣰا
«Өйткені оларды тірі қалдыратын болсаң, құлдарыңды тура жолдан тайдырады және тек өздері секілді көргенсіз әрі шектен шыққан кәпір бала табады».
رَّبِّ ٱغْفِرْ لِي وَلِوَٰلِدَيَّ وَلِمَن دَخَلَ بَيْتِيَ مُؤْمِنࣰا وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَٱلْمُؤْمِنَٰتِۖ وَلَا تَزِدِ ٱلظَّٰلِمِينَ إِلَّا تَبَارَۢا
«Уа, Раббым, мені, ата-анамды, мүмін ретінде табалдырығымнан аттаған әрбір жанды һәм күллі мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді кешіре көр! Ал залымдарды одан бетер құрдымға батырғайсың!»
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.