Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран70. Мағариж
70 · сүре

Мағариж

44 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

سَأَلَ سَآئِلُۢ بِعَذَابࣲ وَاقِعࣲ

(Ақирет ақиқатына сенбейтін) біреу мазақтаған сыңаймен міндетті түрде болатын азап жайлы сұрады.

2

لِّلْكَٰفِرِينَ لَيْسَ لَهُۥ دَافِعࣱ

Кәпірлерге арналған ол азаптың бетін ешкім қайтара алмайды.

3

مِّنَ ٱللَّهِ ذِي ٱلْمَعَارِجِ

Ол (азап) Алладан келеді, Өзіне көтерілетін (рухани) сатылардың егесі болған (Алладан).

4

تَعْرُجُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ وَٱلرُّوحُ إِلَيْهِ فِي يَوْمࣲ كَانَ مِقْدَارُهُۥ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةࣲ

Міне, (сол сатылар арқылы) періштелер және Рух елу мың жылға созылатын бір күнде Оған (яғни, Аллаға) көтеріледі.

5

فَٱصْبِرْ صَبْرࣰا جَمِيلًا

Ендеше, сен (мүшріктердің зорлық-зомбылығына) игі сабырмен сабыр ет.

6

إِنَّهُمْ يَرَوْنَهُۥ بَعِيدࣰا

Өйткені олар оған (яғни, бастарына келетін азапқа) ақылға сыймайтын, мүмкін емес нәрсе деп қарайды.

7

وَنَرَىٰهُ قَرِيبࣰا

Ал Біз оған міндетті түрде жүзеге асатын әрі таяп қалған іс деп қараймыз.

8

يَوْمَ تَكُونُ ٱلسَّمَآءُ كَٱلْمُهْلِ

Ол күні аспан бейне бір балқыған мыстай болады.

9

وَتَكُونُ ٱلْجِبَالُ كَٱلْعِهْنِ

Ал таулар түтілген түрлі-түсті жүндей болады.

10

وَلَا يَسْـَٔلُ حَمِيمٌ حَمِيمࣰا

Ең жақын дос досының хал-жағдайын сұрамайды.

11

يُبَصَّرُونَهُمْۚ يَوَدُّ ٱلْمُجْرِمُ لَوْ يَفْتَدِي مِنْ عَذَابِ يَوْمِئِذِۭ بِبَنِيهِ

Бір-бірін көре тұра (әркім өз басымен қайғы болғандықтан, хал сұрасуға мұршалары болмайды). Өмір бойы күнәдан көз ашпаған күнәһар сол күннің азабынан құтылу үшін, мүмкін болса, бауыр еті балаларын підия ретінде беруді қалайды.

12

وَصَٰحِبَتِهِۦ وَأَخِيهِ

Сондай-ақ жан жары мен бауырын,

13

وَفَصِيلَتِهِ ٱلَّتِي تُـْٔوِيهِ

өзіне пана һәм қолғанат болған бүкіл әулетін,

14

وَمَن فِي ٱلْأَرْضِ جَمِيعࣰا ثُمَّ يُنجِيهِ

тіпті жер бетіндегінің бәрін беріп, қара басын аман алып қалуды көксейді.

15

كَلَّآۖ إِنَّهَا لَظَىٰ

Жоқ, ол мүмкін емес! Ол жалын атқан от!

16

نَزَّاعَةࣰ لِّلشَّوَىٰ

Теріні сылып түсіретін (от)!

17

تَدْعُوا۟ مَنْ أَدْبَرَ وَتَوَلَّىٰ

Ол ақиқаттан теріс айналғандар мен (бір Аллаға құлшылық етуден) бас тартқандарды өзіне шақырады.

18

وَجَمَعَ فَأَوْعَىٰٓ

Сондай-ақ (Алла жолында әрі мұқтаждарға қайырымдылық жасамай) дүние жиғандарды (шақырады).

19

۞إِنَّ ٱلْإِنسَٰنَ خُلِقَ هَلُوعًا

Расында, адам баласы шыдамсыз әрі (әр неге) құмар болып жаралған.

20

إِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ جَزُوعࣰا

Жамандыққа тап болса, налығыш келеді.

21

وَإِذَا مَسَّهُ ٱلْخَيْرُ مَنُوعًا

Ал қандай да бір жақсылық (яғни, мансап, билік, байлық) дари қалса, сараңдығы ұстап қалады.

22

إِلَّا ٱلْمُصَلِّينَ

Алайда намаз оқитындардың жөні бөлек.

23

ٱلَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَاتِهِمْ دَآئِمُونَ

Олар намаздарын үзбей оқиды.

24

وَٱلَّذِينَ فِيٓ أَمْوَٰلِهِمْ حَقࣱّ مَّعْلُومࣱ

Қолдарындағы дүние-мүліктерінде белгілі мөлшерде ақы бар екенін мойындайды,

25

لِّلسَّآئِلِ وَٱلْمَحْرُومِ

Қайыр тілеуден басқа амалы қалмаған пақырлардың һәм (қанша жерден мұқтаж болса да елге алақан жаюдан қымсынатын) мұқтаж жандардың (ақысы бар екенін біледі).

26

وَٱلَّذِينَ يُصَدِّقُونَ بِيَوْمِ ٱلدِّينِ

Олар Дін күніне (яғни, Алланың алдында есеп беріп, жауапқа тартылатын күнге) кәміл сенеді һәм (оны сөз әрі іс жүзінде) растайды.

27

وَٱلَّذِينَ هُم مِّنْ عَذَابِ رَبِّهِم مُّشْفِقُونَ

Олар Раббыларының азабынан қатты қорқады (сондықтан тақуалық аясында өмір сүреді).

28

إِنَّ عَذَابَ رَبِّهِمْ غَيْرُ مَأْمُونࣲ

Өйткені Раббыларының азабына ұшырамайтындығына ешкім сенімді бола алмайды.

29

وَٱلَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَٰفِظُونَ

Олар абиырын (харамнан, күнәдан) барынша сақтайды.

30

إِلَّا عَلَىٰٓ أَزْوَٰجِهِمْ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَٰنُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَيْرُ مَلُومِينَ

Алайда адал жарлары мен иелігіндегі күңдерінің жөні бөлек. Оларға (адал жарларымен және иелігіндегі күңдерімен төсек қатынасына барғаны үшін) айып тағылмайды.

31

فَمَنِ ٱبْتَغَىٰ وَرَآءَ ذَٰلِكَ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْعَادُونَ

Ал кімде-кім мұнымен шектелмей, одан да арыға баруды көксесе, ондайлар шектен шығушылар.

32

وَٱلَّذِينَ هُمْ لِأَمَٰنَٰتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَٰعُونَ

Сондай-ақ олар (яғни, намазды үзбей оқитын шынайы мүміндер) қолдарындағы аманаттарына асқан жауапкершілікпен қарайды һәм берген уәделерін толық орындайды.

33

وَٱلَّذِينَ هُم بِشَهَٰدَٰتِهِمْ قَآئِمُونَ

Олар (куәлікке жүргендерінде) куәліктерін дұрыс атқарады (сөйтіп, туралық пен әділдіктің туын көтеруге тырысады).

34

وَٱلَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ

Олар намаздарына ерекше көңіл бөледі (яғни, намазға алдын-ала ниет етіп, дайындалады, әрбір намазды кемеліне келтіріп, мінсіз өтейді һәм намаздан кейін пайдасыз бос істер мен күнә атаулыдан бойын аулақ ұстайды).

35

أُو۟لَٰٓئِكَ فِي جَنَّٰتࣲ مُّكْرَمُونَ

Міне, соларға жаннат бақшаларында зор сый-құрмет көрсетіледі.

36

فَمَالِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ قِبَلَكَ مُهْطِعِينَ

Әлгі күпірлік қылғандарға не көрінген, (мүміндерді мазақтап, мұқату үшін) сенен көз алмаған күйде жаныңа ентелеп жетіп келуде.

37

عَنِ ٱلْيَمِينِ وَعَنِ ٱلشِّمَالِ عِزِينَ

Оң жақтан да, сол жақтан да топ-тобымен (ентелеп жетіп келуде).

38

أَيَطْمَعُ كُلُّ ٱمْرِئࣲ مِّنْهُمْ أَن يُدْخَلَ جَنَّةَ نَعِيمࣲ

Олардың әрбірі (иман келтірмесе де, өзінше «егер жұмақ шынымен бар болса, оған кіруге бәрінен де мына мен лайықпын» деген оймен) өзінің ағыл-тегіл нығметке толы жұмаққа кіргізілуін көксей ме?!

39

كَلَّآۖ إِنَّا خَلَقْنَٰهُم مِّمَّا يَعْلَمُونَ

Жоқ, (құр босқа дәмеленбей-ақ қойсын)! Біз оларды өздері жақсы білетін болмашы нәрседен (яғни, шәһуәт суынан) жараттық.

40

فَلَآ أُقْسِمُ بِرَبِّ ٱلْمَشَٰرِقِ وَٱلْمَغَٰرِبِ إِنَّا لَقَٰدِرُونَ

Сондықтан барлық күн шығыстың және барлық батыстың Раббысына серт! Біздің құдіретіміз, әлбетте, жетеді:

41

عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ خَيْرࣰا مِّنْهُمْ وَمَا نَحْنُ بِمَسْبُوقِينَ

Оларды өздерінен әлдеқайда қайырлы болған-дармен алмастыруға (құдіретіміз толық жетеді), һәм (бұл мәселеде) Бізге ешкім бөгесін бола алмайды.

42

فَذَرْهُمْ يَخُوضُوا۟ وَيَلْعَبُوا۟ حَتَّىٰ يُلَٰقُوا۟ يَوْمَهُمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ

Ендеше, оларды жөніне қоя бер! Өздеріне уәде етілген мерзімді күндеріне тап болғанша өздері дендеп бойлаған жалғанның (саз балшығына) батып, ойнап-күліп жүре берсін.

43

يَوْمَ يَخْرُجُونَ مِنَ ٱلْأَجْدَاثِ سِرَاعࣰا كَأَنَّهُمْ إِلَىٰ نُصُبࣲ يُوفِضُونَ

Сол күні олар қабірлерінен атып шығады да, бейне бір межелі жерге жетуді көксегендей лап береді.

44

خَٰشِعَةً أَبْصَٰرُهُمْ تَرْهَقُهُمْ ذِلَّةࣱۚ ذَٰلِكَ ٱلْيَوْمُ ٱلَّذِي كَانُوا۟ يُوعَدُونَ

Үрейге толы көздерін жерден ала алмай, сор жеңіп, әбден қор болады. Оларға уәде етілген күн, міне, сол!

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play