ٱلْحَآقَّةُ
Шүбәсіз, орнайтын хақ күн!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱلْحَآقَّةُ
Шүбәсіз, орнайтын хақ күн!
مَا ٱلْحَآقَّةُ
Шүбәсіз орнайтын хақ күннің не екенін білесің бе?!
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا ٱلْحَآقَّةُ
(Алла білдірмейінше) ол хақ күннің не екенін қайдан білесің?!
كَذَّبَتْ ثَمُودُ وَعَادُۢ بِٱلْقَارِعَةِ
Сәмуд пен Ад қауымы да жер-дүниені тып-типыл қылатын қиямет-қайымға сенбеді.
فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهْلِكُوا۟ بِٱلطَّاغِيَةِ
(Қиямет-қайымды жоққа шығарғаны үшін) Сәмуд қауымы ақыры (арты алапат зілзалаға ұласқан) жан түршіргерлік гүрілмен тып-типыл етілді.
وَأَمَّا عَادࣱ فَأُهْلِكُوا۟ بِرِيحࣲ صَرْصَرٍ عَاتِيَةࣲ
Ал Ад қауымы болса, гүріл атқан құйынды дүлей дауылмен тып-типыл етілді.
سَخَّرَهَا عَلَيْهِمْ سَبْعَ لَيَالࣲ وَثَمَٰنِيَةَ أَيَّامٍ حُسُومࣰاۖ فَتَرَى ٱلْقَوْمَ فِيهَا صَرْعَىٰ كَأَنَّهُمْ أَعْجَازُ نَخْلٍ خَاوِيَةࣲ
Алла оларға сол бір дүлей дауылдан жеті түн, сегіз күн бойы көз аштырмады. (Егер сол арада болғаныңда) ол қауымды қуарған құрма ағашының кеуек діңіндей әр жерде сұлап жатқанын көрер едің.
فَهَلْ تَرَىٰ لَهُم مِّنۢ بَاقِيَةࣲ
Ал енді қазір солардың жұқанасын (яғни, солардан аман қалған жан баласын) көре аласың ба?!
وَجَآءَ فِرْعَوْنُ وَمَن قَبْلَهُۥ وَٱلْمُؤْتَفِكَٰتُ بِٱلْخَاطِئَةِ
Перғауын да, одан бұрынғы көптеген қауымдар да, (Лут қауымы жайлаған) асты-үстіне келтірілген елді мекендер де сол бір кешірілмес күнәдан (яғни, күпірліктен, қияметті жоққа шығарудан) көз ашпады.
فَعَصَوْا۟ رَسُولَ رَبِّهِمْ فَأَخَذَهُمْ أَخْذَةࣰ رَّابِيَةً
Мұнымен қоймай, олар Раббыларының елшісіне де қарсы келді. Ақыры, Алла оларды бас салып, оңдырмай жазалады.
إِنَّا لَمَّا طَغَا ٱلْمَآءُ حَمَلْنَٰكُمْ فِي ٱلْجَارِيَةِ
Расында, (Нұх пайғамбар заманында) жер-дүниені топан су басқанда, сендерді (яғни, сендердің иман айтқан ата-бабаларыңды буырқанған топан судың бетінде жүзген) сенімді кемемен Біз алып жүрген едік.
لِنَجْعَلَهَا لَكُمْ تَذْكِرَةࣰ وَتَعِيَهَآ أُذُنࣱ وَٰعِيَةࣱ
Міне, Біз соны (ұрпақтан ұрпаққа жететін) ғибрат қылдық һәм ұққыш құлақтардың оған құлақ асып, жақсылап ұғып алуын қаладық.
فَإِذَا نُفِخَ فِي ٱلصُّورِ نَفْخَةࣱ وَٰحِدَةࣱ
Кесімді мезгілі жетіп, «Сур» бар күшпен үрленгенде,
وَحُمِلَتِ ٱلْأَرْضُ وَٱلْجِبَالُ فَدُكَّتَا دَكَّةࣰ وَٰحِدَةࣰ
жер мен таулар түбімен қопарылып, бір-біріне қатты соқтығыстырылғаннан быт-шыты шыққанда,
فَيَوْمَئِذࣲ وَقَعَتِ ٱلْوَاقِعَةُ
міне, болмай қалмайтын, алдын алу мүмкін болмаған ұлы уақиға (яғни, қиямет-қайым) сол күні орнайды.
وَٱنشَقَّتِ ٱلسَّمَآءُ فَهِيَ يَوْمَئِذࣲ وَاهِيَةࣱ
Сол күні аспан күмбезі шатынап айырылады да, семіп, шөгіп кетеді.
وَٱلْمَلَكُ عَلَىٰٓ أَرْجَآئِهَاۚ وَيَحْمِلُ عَرْشَ رَبِّكَ فَوْقَهُمْ يَوْمَئِذࣲ ثَمَٰنِيَةࣱ
Ал періштелер көктің жиегінде болады. Сол күні күллі жаратылыстың үстінде Раббыңның Аршын сегіз (періште) көтеріп алып жүреді.
يَوْمَئِذࣲ تُعْرَضُونَ لَا تَخْفَىٰ مِنكُمْ خَافِيَةࣱ
Сол күні жауапқа тартылу үшін Алланың алдына келтірілесіңдер. Сөйтіп, (Алланың алдында) бірде-бір жасырын сырларың болмайды.
فَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ فَيَقُولُ هَآؤُمُ ٱقْرَءُوا۟ كِتَٰبِيَهْ
Нәтижеде, кімнің амал дәптері оң жағынан берілсе, ол көңілі тасып: «Қане, келіңдер, оқыңдар! Мінеки, менің амал дәптерім!»
إِنِّي ظَنَنتُ أَنِّي مُلَٰقٍ حِسَابِيَهْ
«Шынтуайтында, мен (дүниеде істеген істерім жөнінде) есеп беретініме имандай сенген едім», – дейді.
فَهُوَ فِي عِيشَةࣲ رَّاضِيَةࣲ
Ол енді көңіліне өте ұнайтын (мәңгілік бақытты) өмірге қадам басады.
فِي جَنَّةٍ عَالِيَةࣲ
Сондай ғаламат жаннат бақшасында.
قُطُوفُهَا دَانِيَةࣱ
Мәуелеген миуалары қол жетім жерде тұрады.
كُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ هَنِيٓـَٔۢا بِمَآ أَسْلَفْتُمْ فِي ٱلْأَيَّامِ ٱلْخَالِيَةِ
(Онда оларға былай деп үн қатылады): «Өткен күндерде істеп, осы жерге жолдаған игі де сауапты істеріңнің қарымы ретінде тәбетпен ішіңдер, жеңдер, ас болсын!»
وَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِشِمَالِهِۦ فَيَقُولُ يَٰلَيْتَنِي لَمْ أُوتَ كِتَٰبِيَهْ
Ал амал дәптері сол жағынан берілгенге келсек, былай деп аһ ұрады: «Әттең, маған амал дәптерім берілмей-ақ қойғанда ғой!»
وَلَمْ أَدْرِ مَا حِسَابِيَهْ
«Есебім жайлы да еш нәрсе білмегенімде ғой!»
يَٰلَيْتَهَا كَانَتِ ٱلْقَاضِيَةَ
«Шіркін, өліммен бірге бәрі бітсе болар еді!»
مَآ أَغْنَىٰ عَنِّي مَالِيَهْ͏ۜ
«Байлығымның маған титтей де пайдасы тимеді».
هَلَكَ عَنِّي سُلْطَٰنِيَهْ
«Бар пәрменім мен билігім де ғайып болды».
خُذُوهُ فَغُلُّوهُ
(Содан Алла азап періштелеріне былай деп пәрмен қылады): «Оны ұстаңдар да, бірден кісендеңдер!»
ثُمَّ ٱلْجَحِيمَ صَلُّوهُ
«Содан кейін оны жалын атқан жаһаннамға тастаңдар!»
ثُمَّ فِي سِلْسِلَةࣲ ذَرْعُهَا سَبْعُونَ ذِرَاعࣰا فَٱسْلُكُوهُ
«Содан соң ұзындығы жетпіс аршын шынжырмен матаңдар да, сол күйінде жаһаннамға тастаңдар!»
إِنَّهُۥ كَانَ لَا يُؤْمِنُ بِٱللَّهِ ٱلْعَظِيمِ
Өйткені ол ұлық Аллаға сенбейтін еді.
وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلْمِسْكِينِ
Һәм (өзі шық бермес шығайбай болғанымен қоймай өзгені де) пақыр-міскінді тамақтандыруға құлшындырмайтын еді.
فَلَيْسَ لَهُ ٱلْيَوْمَ هَٰهُنَا حَمِيمࣱ
Нәтижеде, бүгін бұл жерде оның жан досы болмайды.
وَلَا طَعَامٌ إِلَّا مِنْ غِسْلِينࣲ
Іріңнен басқа ішер асы да болмайды.
لَّا يَأْكُلُهُۥٓ إِلَّا ٱلْخَٰطِـُٔونَ
Оны (күпірлік, Аллаға серік қосу, зұлымдық сынды кешірілмес күнәға батқан) күнәһарлардан басқа ешкім жемейді.
فَلَآ أُقْسِمُ بِمَا تُبْصِرُونَ
Жо-жоқ! Көріп жүрген нәрселеріңе серт!
وَمَا لَا تُبْصِرُونَ
Һәм көре алмайтын нәрселеріңе (серт!)
إِنَّهُۥ لَقَوْلُ رَسُولࣲ كَرِيمࣲ
Шүбәсіз, ол (қасиетті Құран) – аса ардақты Елшінің (жеткізген) сөзі.
وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَاعِرࣲۚ قَلِيلࣰا مَّا تُؤْمِنُونَ
Ол шайырдың сөзі емес. Сендердің иман етуге деген пейілдерің неткен болмашы еді!
وَلَا بِقَوْلِ كَاهِنࣲۚ قَلِيلࣰا مَّا تَذَكَّرُونَ
Ол көріпкелдің де сөзі емес. Ой-таразыларың неткен жұтаң еді!
تَنزِيلࣱ مِّن رَّبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Ол – күллі әлемнің Раббысынан бірте-бірте түсіп жатқан кітап.
وَلَوْ تَقَوَّلَ عَلَيْنَا بَعْضَ ٱلْأَقَاوِيلِ
Егер ол Елші кейбір сөздерді өз ойынан шығарып, Бізге таңған болса,
لَأَخَذْنَا مِنْهُ بِٱلْيَمِينِ
шүбәсіз, оны бас салып,
ثُمَّ لَقَطَعْنَا مِنْهُ ٱلْوَتِينَ
содан кейін күре тамырын қияр едік.
فَمَا مِنكُم مِّنْ أَحَدٍ عَنْهُ حَٰجِزِينَ
Араларыңнан ешкім бұған кедергі болып, оны арашалап қала алмас еді.
وَإِنَّهُۥ لَتَذْكِرَةࣱ لِّلْمُتَّقِينَ
Сондай-ақ Құран тақуа жандарға жөн сілтейтін (теңдессіз) жолбасшы.
وَإِنَّا لَنَعْلَمُ أَنَّ مِنكُم مُّكَذِّبِينَ
Араларыңда оған сенбейтіндердің бар екенін анық білеміз.
وَإِنَّهُۥ لَحَسْرَةٌ عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ
Алайда сол (Құран қиямет күні) кәпірлер үшін өкініш себебі болады.
وَإِنَّهُۥ لَحَقُّ ٱلْيَقِينِ
Шүбәсіз, ол – берген әрбір мәліметінде, ақиқат екендігінде титтей де күмән болмаған хақ (кітап).
فَسَبِّحْ بِٱسْمِ رَبِّكَ ٱلْعَظِيمِ
(Уа, ардақты пайғамбар), ұлық Раббыңның есімін ұлықта (яғни, Раббыңның мінсіз екенін жар сал!)
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.