نٓۚ وَٱلْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ
Нун. Қаламға және қалам иелерінің жазған-дарына серт!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
نٓۚ وَٱلْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ
Нун. Қаламға және қалам иелерінің жазған-дарына серт!
مَآ أَنتَ بِنِعْمَةِ رَبِّكَ بِمَجْنُونࣲ
(Уа, Мұхаммед!) Сен Раббыңның (өзіңе нәсіп еткен шексіз) нығметінің арқасында жын ұрған адам емессің.
وَإِنَّ لَكَ لَأَجْرًا غَيْرَ مَمْنُونࣲ
Шүбәсіз, сен үшін қисапсыз әрі толассыз сый-сияпат бар.
وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمࣲ
Шүбәсіз, сен теңдесі жоқ ұлы көркем мінез-құлыққа иесің.
فَسَتُبْصِرُ وَيُبْصِرُونَ
Жақында өзің де көресің, олар да көреді.
بِأَييِّكُمُ ٱلْمَفْتُونُ
Кімнің шынымен жынды екенін (әлі-ақ көресіңдер).
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعْلَمُ بِٱلْمُهْتَدِينَ
Шүбәсіз, Раббың Өзінің жолынан кімнің тайып кеткенін, сондай-ақ кімнің тура жолда екенін бәрінен де жақсы біледі.
فَلَا تُطِعِ ٱلْمُكَذِّبِينَ
Ендеше, ақиқатты мойындамайтындардың ырқына бағынба!
وَدُّوا۟ لَوْ تُدْهِنُ فَيُدْهِنُونَ
Олар сенің өз сеніміңнен баз кешіп, өздеріне жағынғаныңды қалайды. Сөйтіп, есесіне өздері де саған жағынбақ.
وَلَا تُطِعْ كُلَّ حَلَّافࣲ مَّهِينٍ
Ендеше, мыналардың ешбірінің ырқына бағынба: ант бергіш қадірсіздің,
هَمَّازࣲ مَّشَّآءِۭ بِنَمِيمࣲ
өзгелерді кемсітіп ар-намысқа тиетіннің, сөз тасығыш өсекшінің,
مَّنَّاعࣲ لِّلْخَيْرِ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ
үнемі жақсылықтың алдын кес-кестейтіннің, шектен шыққан әрі күнәға белшесінен батқан залымның,
عُتُلِّۭ بَعْدَ ذَٰلِكَ زَنِيمٍ
қатыгез озбырдың, сондай-ақ тексіздің
أَن كَانَ ذَا مَالࣲ وَبَنِينَ
дәулетті һәм әулетті екен деп (ырқына бағынба!)
إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ ءَايَٰتُنَا قَالَ أَسَٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ
Оған Алланың аяттары оқылып, дәріптелгенде: «Бұлар бұрынғылардың аңыз-әпсанасы», – дейді.
سَنَسِمُهُۥ عَلَى ٱلْخُرْطُومِ
Жақында оның танауына (әсте өшпейтін қара) таңба басамыз.
إِنَّا بَلَوْنَٰهُمْ كَمَا بَلَوْنَآ أَصْحَٰبَ ٱلْجَنَّةِ إِذْ أَقْسَمُوا۟ لَيَصْرِمُنَّهَا مُصْبِحِينَ
Біз әлгі бау-бақша иелерін қалай сынаған болсақ, бұларды да (дәулеті мен әулетіне сеніп, тәкаппарланып ақиқатты жоққа шығарғаны үшін қуаңшылықпен) сынадық. (Кезінде әлгі бау-бақшаның иелері) бақшадағы жемісті таңсәріден тұрып (жан баласына сездірмей) сыпырып-сиырып жинап аламыз деп серттескен еді.
وَلَا يَسْتَثْنُونَ
Сөйтіп, олар еш нәрсені ескермеді (яғни, Алланың қалауын да, кедей-кепшіктерді де қаперіне алмады).
فَطَافَ عَلَيْهَا طَآئِفࣱ مِّن رَّبِّكَ وَهُمْ نَآئِمُونَ
Алайда олар ұйықтап жатқанда, Раббыңнан келген алапат апат бау-бақшаны түгін қалдырмай жалмады.
فَأَصْبَحَتْ كَٱلصَّرِيمِ
Сөйтіп, әлгі (жемісі балбырап пісіп тұрған) бау-бақша (бір-ақ түнде) қап-қара күлге айналды.
فَتَنَادَوْا۟ مُصْبِحِينَ
Таңсәріде (әлгі серттескен топ) бір-біріне былай деп үн қатты:
أَنِ ٱغْدُوا۟ عَلَىٰ حَرْثِكُمْ إِن كُنتُمْ صَٰرِمِينَ
«Қане, жинап алмақ болсаңдар, ертелетіп жеміс-жидектеріңнің басына барыңдар».
فَٱنطَلَقُوا۟ وَهُمْ يَتَخَٰفَتُونَ
Сөйтіп олар бірден жолға шықты, жол-жөнекей өзара былай деп сыбырласып бара жатты:
أَن لَّا يَدْخُلَنَّهَا ٱلْيَوْمَ عَلَيْكُم مِّسْكِينࣱ
«Абайлаңдар, бүгін бірде-бір пақыр-міскін бау-бақшаға кіруші болмасын, ешбірін маңайларыңа жолатпаңдар».
وَغَدَوْا۟ عَلَىٰ حَرْدࣲ قَٰدِرِينَ
(Сөйтіп, бау-бақшаға бірде-бір пақыр-міскінді кіргізбеуге) белді бекем буып һәм бүкіл жемісті жан баласына сездірмей жинап аламыз деген нық сеніммен ертелетіп жолға шықты.
فَلَمَّا رَأَوْهَا قَالُوٓا۟ إِنَّا لَضَآلُّونَ
Алайда бақшаны көргенде, өз көздеріне өздері сенбей былай деді: «Шамасы, біз жолымыздан адасып басқа жерге келдік».
بَلْ نَحْنُ مَحْرُومُونَ
«Жо-жоқ, біз бір бәлеге ұшырадық. Бар өнімнен қағылдық».
قَالَ أَوْسَطُهُمْ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ لَوْلَا تُسَبِّحُونَ
Сонда араларындағы ар-ожданы ояу турашыл біреуі: «Мен сендерге Алланы ұлықтаңдар деп айтпап па едім?! (Кезінде мұны ескермедіңдер, ең болмаса енді тәубеге келіп, Алланы тиісінше ұлықтаңдар)», – деді.
قَالُوا۟ سُبْحَٰنَ رَبِّنَآ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Сонда олар: «Уа, Раббымыз, біз Сені ұлықтаймыз! Расында, біз өз-өзімізге қиянат жасадық», – деді.
فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضࣲ يَتَلَٰوَمُونَ
Содан кейін бірін-бірі жазғырып, кінәлай бастады.
قَالُوا۟ يَٰوَيْلَنَآ إِنَّا كُنَّا طَٰغِينَ
«Өзімізге де обал жоқ! Расында, біз барып тұрған азғын екенбіз».
عَسَىٰ رَبُّنَآ أَن يُبْدِلَنَا خَيْرࣰا مِّنْهَآ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا رَٰغِبُونَ
«Раббымыз бізге одан да қайырлы бақша нәсіп етеді деп үміттенеміз. Біз енді Раббымызға толық бетбұрамыз, бар жақсылықты бір Өзінен күтеміз».
كَذَٰلِكَ ٱلْعَذَابُۖ وَلَعَذَابُ ٱلْـَٔاخِرَةِ أَكْبَرُۚ لَوْ كَانُوا۟ يَعْلَمُونَ
(Жақсылықтың қадірін білмейтін алғысы жоқтарға бұл дүниеде берілетін) жаза, міне, осындай. Ал ақиреттегі жаза одан әлдеқайда үлкен! (Адамдар) соны білсе ғой!
إِنَّ لِلْمُتَّقِينَ عِندَ رَبِّهِمْ جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Аллаға шын көңілден тағзым етіп, Оған қарсы келуден барынша сақтанғандар үшін Раббыларының дәргейінде (қисапсыз һәм көз көріп, құлақ естімеген нығметтерге толы) жаннат бақшалары бар.
أَفَنَجْعَلُ ٱلْمُسْلِمِينَ كَٱلْمُجْرِمِينَ
Біз Аллаға шын жүректен мойынсұнғандар мен күнәға белшесінен батқан азғындарға бірдей қараймыз ба?!
مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ
Сендерге не болған, қалай-қалай үкім шығара-сыңдар?!
أَمْ لَكُمْ كِتَٰبࣱ فِيهِ تَدْرُسُونَ
Жоқ, әлде қолдарыңда (Алладан түскен) кітап бар ма еді, (мұндай үкімдерді) содан оқып білудесіңдер ме?!
إِنَّ لَكُمْ فِيهِ لَمَا تَخَيَّرُونَ
Ол кітапта «Сендердің қалауларың болсын» деп жазылған ба екен?!
أَمْ لَكُمْ أَيْمَٰنٌ عَلَيْنَا بَٰلِغَةٌ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ إِنَّ لَكُمْ لَمَا تَحْكُمُونَ
Жоқ, әлде онда «Сендер не нәрсеге қандай үкім шығарсаңдар солай болады» деген қияметке дейін күшін жоймайтын өздеріңе берген сертіміз бар ма еді?!
سَلْهُمْ أَيُّهُم بِذَٰلِكَ زَعِيمٌ
Олардан сұрашы, араларында әлгіндей сертіміздің бар екеніне кепіл бола алатын кім бар екен?!
أَمْ لَهُمْ شُرَكَآءُ فَلْيَأْتُوا۟ بِشُرَكَآئِهِمْ إِن كَانُوا۟ صَٰدِقِينَ
Жоқ, әлде олардың Аллаға тең көрген бірқатар құдайлары бар ма (һәм олар әлгі құдайларынан «қалағандарыңды істеп, өз беттеріңмен үкім шығара аласыңдар» деген кепілдік алған ба екен)?! Егер айтқандары рас болса, қане, Аллаға тең көрген әлгі құдайларын көрсетсінші, көрейік.
يَوْمَ يُكْشَفُ عَن سَاقࣲ وَيُدْعَوْنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ
Күндердің күнінде, ақиқат анық болып көрінеді және іс насырға шабады. (Сонда күллі жаратылыс құдіреті күшті жалғыз Жаратушыға) сәжде етуге шақырылады, алайда (тіршілігінде өз еркімен сәждеге бас қоймағандар) сәжде ете алмайды.
خَٰشِعَةً أَبْصَٰرُهُمْ تَرْهَقُهُمْ ذِلَّةࣱۖ وَقَدْ كَانُوا۟ يُدْعَوْنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ وَهُمْ سَٰلِمُونَ
Үрейге толы көздерін жерден ала алмай, сор жеңіп, әбден қор болады. Олар дүниеде есен-сау жүргенде, сәжде етуге шақырылатын (алайда оған мүлде құлақ аспайтын).
فَذَرْنِي وَمَن يُكَذِّبُ بِهَٰذَا ٱلْحَدِيثِۖ سَنَسْتَدْرِجُهُم مِّنْ حَيْثُ لَا يَعْلَمُونَ
Олай болса, осынау қасиетті сөзге (яғни, Құранға) сенбегенді Маған тапсыр. Ондайларды білдірмей аңдамаған жерден бірте-бірте құрдымға батырамыз.
وَأُمْلِي لَهُمْۚ إِنَّ كَيْدِي مَتِينٌ
Мен оларға тек мұрсат берудемін. Менің тұзағым (яғни, кәпірлерге қарсы қолданатын шараларым) қалт жібермейтін өте берік.
أَمْ تَسْـَٔلُهُمْ أَجْرࣰا فَهُم مِّن مَّغْرَمࣲ مُّثْقَلُونَ
(Уа, расулым!) Жоқ, әлде олар саған әбден қарыздар болып, еңселерін тіктей алмай қалатындай дінді насихаттағаның үшін олардан ақы талап етіп жүр ме едің?!
أَمْ عِندَهُمُ ٱلْغَيْبُ فَهُمْ يَكْتُبُونَ
Жоқ, әлде ғайып (яғни, тағдыр сынды жан баласы білмейтін нәрселер) солардың қолында болып, (адамдардың тағдырын енді) солар жаза ма екен?!
فَٱصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ وَلَا تَكُن كَصَاحِبِ ٱلْحُوتِ إِذْ نَادَىٰ وَهُوَ مَكْظُومࣱ
(Уа, Мұхаммед!) Алайда сен сабыр сақтап, Раббыңның үкімін күт, балыққа жолдас болған кісідей (яғни, Юунус пайғамбар сияқты) болма! Ол кезінде зар жұтып Раббысына жалбарынған еді.
لَّوْلَآ أَن تَدَٰرَكَهُۥ نِعْمَةࣱ مِّن رَّبِّهِۦ لَنُبِذَ بِٱلْعَرَآءِ وَهُوَ مَذْمُومࣱ
Егер (оның дұға-мінәжаты дер кезінде қабыл болып) Раббысының рақымы түсіп медет бермегенде, жазғырылған күйде шөл далаға шығарылып тасталар еді (де, ешкімге керек болмай сонда жападан-жалғыз қалар еді).
فَٱجْتَبَٰهُ رَبُّهُۥ فَجَعَلَهُۥ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Алайда Раббысы оны арнайы таңдады да ең ізгі құлдарының бірі қылды.
وَإِن يَكَادُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَيُزْلِقُونَكَ بِأَبْصَٰرِهِمْ لَمَّا سَمِعُوا۟ ٱلذِّكْرَ وَيَقُولُونَ إِنَّهُۥ لَمَجْنُونࣱ
Ол кәпірлер үгіт-насихатқа, иләһи нұсқауларға толы Зікірді (яғни, Құранды) естігенде, көкіректерін ыза-кек кернеп, сені көздерімен ішіп-жеп, мұрттай ұшыра жаздайды (яғни, олар саған сұқ көздерін қадап көз тигізіп, тіпті қолдарынан келсе біржолата құртып жібергісі келеді)! Һәм (сен жайлы): «Шүбәсіз, ол (жын-шайтан иектеген) мәжнүн», – деседі.
وَمَا هُوَ إِلَّا ذِكْرࣱ لِّلْعَٰلَمِينَ
Анығында, ол (жын мен адамзат сынды) саналы жаратылысқа арналған үгіт-насихатқа және иләһи нұсқауларға толы Кітап.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.