تَبَٰرَكَ ٱلَّذِي بِيَدِهِ ٱلْمُلْكُ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرٌ
Бар билік бір Өзіне ғана тиесілі болған, шексіз игілік пен құт-берекенің жалғыз иесі Алла қандай ұлы! Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
تَبَٰرَكَ ٱلَّذِي بِيَدِهِ ٱلْمُلْكُ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرٌ
Бар билік бір Өзіне ғана тиесілі болған, шексіз игілік пен құт-берекенің жалғыз иесі Алла қандай ұлы! Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.
ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلْمَوْتَ وَٱلْحَيَوٰةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلࣰاۚ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْغَفُورُ
Ол қайсыбірің анағұрлым игі һәм сауапты іс істер екен деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірді жаратты. Ол − Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда оларға өте кешірімді).
ٱلَّذِي خَلَقَ سَبْعَ سَمَٰوَٰتࣲ طِبَاقࣰاۖ مَّا تَرَىٰ فِي خَلْقِ ٱلرَّحْمَٰنِ مِن تَفَٰوُتࣲۖ فَٱرْجِعِ ٱلْبَصَرَ هَلْ تَرَىٰ مِن فُطُورࣲ
Сондай-ақ Ол жеті қат көкті бірінің үстіне бірін келтіріп асқан шеберлікпен жымдастырып, сондай үйлесімді етіп жаратты. Рахманның жаратуында ешқандай ақау, жүйесіздік көре алмайсың. Көз тігіп қарашы: қандай да бір ақау көре аласың ба?
ثُمَّ ٱرْجِعِ ٱلْبَصَرَ كَرَّتَيْنِ يَنقَلِبْ إِلَيْكَ ٱلْبَصَرُ خَاسِئࣰا وَهُوَ حَسِيرࣱ
Содан соң тағы да қайта-қайта көз жібер, ақырында жанарың (Алланың шексіз құдіретінің алдында) қор болған әрі (Оның жаратқанынан еш ақау таба алмай ұнжырғасы түсіп) талған күйде кері қайтады.
وَلَقَدْ زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنْيَا بِمَصَٰبِيحَ وَجَعَلْنَٰهَا رُجُومࣰا لِّلشَّيَٰطِينِۖ وَأَعْتَدْنَا لَهُمْ عَذَابَ ٱلسَّعِيرِ
Расында, Біз жерге ең жақын аспанды шам-шырақтармен безендірдік әрі олардың бір парасын шайтандарға атылатын оқ қылдық. Һәм сол шайтандар үшін алаулаған от дайындадық.
وَلِلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِرَبِّهِمْ عَذَابُ جَهَنَّمَۖ وَبِئْسَ ٱلْمَصِيرُ
Сондай-ақ Раббысын мойындамай күпірлік ететіндерге (немесе Аллаға қатысты ақиқаттарды жоққа шығаратындарға) да жалын атқан жаһаннам азабы бар. Ол қандай жаман ақырғы тұрақ! Қандай жаман барар жер!
إِذَآ أُلْقُوا۟ فِيهَا سَمِعُوا۟ لَهَا شَهِيقࣰا وَهِيَ تَفُورُ
Олар жаһаннамға тасталғанда, жаһаннамның (оларды жұтып қойғысы келіп қатты ышқынғандағы) жан түршігерлік гуілі мен бұрқ-сарқ қайнаған дауысын естиді.
تَكَادُ تَمَيَّزُ مِنَ ٱلْغَيْظِۖ كُلَّمَآ أُلْقِيَ فِيهَا فَوْجࣱ سَأَلَهُمْ خَزَنَتُهَآ أَلَمْ يَأْتِكُمْ نَذِيرࣱ
Жаһаннам долданғаннан жарылуға шақ қалады. Оған күнәһарлардың жаңа бір легі тасталған сайын ондағы сақшы періштелер олардан: «Сендерге ескертуші пайғамбар келмеп пе еді?» − деп сұрайды.
قَالُوا۟ بَلَىٰ قَدْ جَآءَنَا نَذِيرࣱ فَكَذَّبْنَا وَقُلْنَا مَا نَزَّلَ ٱللَّهُ مِن شَيْءٍ إِنْ أَنتُمْ إِلَّا فِي ضَلَٰلࣲ كَبِيرࣲ
Сонда олар: «Иә, бізге ескертуші пайғамбар келуін келді ғой, алайда біз оны өтірікшіге балап, өзіне де, сөзіне де сенбедік, Һәм оларға: «Алла еш нәрсе де түсірген жоқ, сендер қатты адасудасыңдар, басқа түк те емес», − деген едік», − деп жауап береді.
وَقَالُوا۟ لَوْ كُنَّا نَسْمَعُ أَوْ نَعْقِلُ مَا كُنَّا فِيٓ أَصْحَٰبِ ٱلسَّعِيرِ
Сондай-ақ олар: «Егер кезінде олардың ескертулеріне құлақ асқанымызда, яки ақылға салып ойланғанымызда, қазір мына жалын атқан отқа тасталып жатқандардың ішінде болмас едік!» − деп аһ ұрады.
فَٱعْتَرَفُوا۟ بِذَنۢبِهِمْ فَسُحْقࣰا لِّأَصْحَٰبِ ٱلسَّعِيرِ
Міне, осылайша күнәларын мойындайды. Жалын атқан отқа түсетін тозақтықтар Алланың рақымынан аулақ болсын!
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُم بِٱلْغَيْبِ لَهُم مَّغْفِرَةࣱ وَأَجْرࣱ كَبِيرࣱ
Ал Раббысын көрмесе де, Оған тиісінше тағзым етіп, Одан лайықты түрде именетіндерге тосын кешірім мен үлкен сый бар.
وَأَسِرُّوا۟ قَوْلَكُمْ أَوِ ٱجْهَرُوا۟ بِهِۦٓۖ إِنَّهُۥ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Айтайын деген сөздеріңді қаласаңдар, іштеріңе бүгіп қалыңдар, қаласаңдар, ашық айтыңдар (Алла үшін бәрібір). Өйткені Алла көкіректегі (яғни жүрек түкпіріндегі) бар сырды біледі.
أَلَا يَعْلَمُ مَنْ خَلَقَ وَهُوَ ٱللَّطِيفُ ٱلْخَبِيرُ
Жаратқан білмей ме?! Ол – Латиф (ешкім көре де, сезе де алмайтын нәрселерді көріп, сезе алушы, шексіз ілімімен жүрек түкпірінде жатқан ең құпия сырлардың бәрін білуші), Хабир (бәрінен толық хабардар болушы).
هُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلْأَرْضَ ذَلُولࣰا فَٱمْشُوا۟ فِي مَنَاكِبِهَا وَكُلُوا۟ مِن رِّزْقِهِۦۖ وَإِلَيْهِ ٱلنُّشُورُ
Жерді (бейне бір жуас малдай) сендерге көнбіс етіп бағындырып қойған да бір Өзі. Ендеше, оның төсінде (яғни, тау-тастары мен сай-салаларында және түкпір-түкпірінде) емін-еркін жүріп-тұрыңдар һәм Алланың өздеріңе нәсіп еткен ризығынан жеңдер, игіліктеріңе жаратыңдар. Алайда естеріңде болсын, ақыр соңында бәрің де Оның алдына барасыңдар.
ءَأَمِنتُم مَّن فِي ٱلسَّمَآءِ أَن يَخْسِفَ بِكُمُ ٱلْأَرْضَ فَإِذَا هِيَ تَمُورُ
Жоқ, әлде үкімі мен пәрмені аспанға да жүретін (бәрін көріп, бақылаушы, бәрінен үстем болған) Алланың өздеріңді (алапат зілзалаға тап қылып) жерге жұтқызып жібермейтіндігіне сенімдісіңдер ме? Міне, сол кезде жердің сілкінгенін көресіңдер.
أَمْ أَمِنتُم مَّن فِي ٱلسَّمَآءِ أَن يُرْسِلَ عَلَيْكُمْ حَاصِبࣰاۖ فَسَتَعْلَمُونَ كَيْفَ نَذِيرِ
Яки үкімі мен пәрмені аспанға да жүретін (бәрін көріп, бақылаушы, бәрінен үстем болған) Алланың төбелеріңе тас жаудыратын алапат дауыл тұрғызбайтындығына сенімдісіңдер ме? Ендеше, осы ескертуімнің мән-жайын жақында білетін боласыңдар.
وَلَقَدْ كَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ فَكَيْفَ كَانَ نَكِيرِ
Шынтуайтында, олардан бұрын өткен (кәпір) қауымдар да (өздеріне келген хақ дін мен хақ пайғамбарларды) өтірікшіге балап, сенбейтін. Ендеше, (оларға берген) жазамның қалай болғанын (көр)!
أَوَلَمْ يَرَوْا۟ إِلَى ٱلطَّيْرِ فَوْقَهُمْ صَٰٓفَّٰتࣲ وَيَقْبِضْنَۚ مَا يُمْسِكُهُنَّ إِلَّا ٱلرَّحْمَٰنُۚ إِنَّهُۥ بِكُلِّ شَيْءِۭ بَصِيرٌ
Төбелерінде қаз-қатар тізіліп, қанат қағып ұшқан құстарға зер салып қарамай ма? Оларды әуеде Рахманнан басқа ешкім ұстап тұрған жоқ. Күмәнсіз, Ол барлық нәрсені толық көріп тұрады.
أَمَّنْ هَٰذَا ٱلَّذِي هُوَ جُندࣱ لَّكُمْ يَنصُرُكُم مِّن دُونِ ٱلرَّحْمَٰنِۚ إِنِ ٱلْكَٰفِرُونَ إِلَّا فِي غُرُورٍ
Өздеріңді қолдауға әркез дайын тұратын әскердей көріп (сонша сеніп, табынған тәңірлерің) қане, кімдер екен, қолдарынан не келеді екен?! Рахманнан басқа (сендерге қолдау көрсететін һәм жеңіске жеткізе алатын бірде-бір күш-қуат жоқ). Шүбәсіз, кәпірлер оңбай алдануда, басқа түк те емес.
أَمَّنْ هَٰذَا ٱلَّذِي يَرْزُقُكُمْ إِنْ أَمْسَكَ رِزْقَهُۥۚ بَل لَّجُّوا۟ فِي عُتُوࣲّ وَنُفُورٍ
Егер Рахман сендерге ризық-несібе беруді мүлдем тоқтатса, өздеріңе Одан басқа ризық-несібе беретін кім бар?! Анығында, олар қасарысып ақиқатқа мойынсұнбауда һәм оны жек көруде.
أَفَمَن يَمْشِي مُكِبًّا عَلَىٰ وَجْهِهِۦٓ أَهْدَىٰٓ أَمَّن يَمْشِي سَوِيًّا عَلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ
Өздерің ойлаңдаршы, діттеген жеріне кім адаспай тура жетеді: (Түскен жолының ой-шұқырын білмеген күйде) жер бауырлап жылжыған адам ба, жоқ әлде діттеген жеріне тура жеткізетін түп-түзу жолмен (бойын тіктеп өз аяғымен) кетіп бара жатқан жан ба?
قُلْ هُوَ ٱلَّذِيٓ أَنشَأَكُمْ وَجَعَلَ لَكُمُ ٱلسَّمْعَ وَٱلْأَبْصَٰرَ وَٱلْأَفْـِٔدَةَۚ قَلِيلࣰا مَّا تَشْكُرُونَ
(Уа, Мұхаммед), оларға былай де: «Сендерді көркем бейнеде жаратқан әрі сендерге есту қабілетін, көзді және (жүрек түкпіріндегі) рухани сезімдерді берген де бір Алла. Соған қарамастан сендер өте аз шүкір етесіңдер!»
قُلْ هُوَ ٱلَّذِي ذَرَأَكُمْ فِي ٱلْأَرْضِ وَإِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Сондай-ақ оларға былай де: «Сендерді жоқтан жаратып, көбейтіп, жер бетіне жайған да бір Өзі. Ақырында, бәрің Оның дәргейіне жиналасыңдар».
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلْوَعْدُ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ
Алайда олар: «Егер айтқандарың рас болса, бұл уәде қашан жүзеге асады (яғни, Алланың алдына қашан барамыз)?» – деп сұрайды.
قُلْ إِنَّمَا ٱلْعِلْمُ عِندَ ٱللَّهِ وَإِنَّمَآ أَنَا۠ نَذِيرࣱ مُّبِينࣱ
Ендеше, оларға былай де: «Бар ілім бір Алланың құзырында (сондықтан сұраған нәрселерің бір Аллаға ғана аян). Мен бар болғаны, ашық ескертушімін».
فَلَمَّا رَأَوْهُ زُلْفَةࣰ سِيٓـَٔتْ وُجُوهُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَقِيلَ هَٰذَا ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تَدَّعُونَ
Алайда (уәде етілген қияметтің) орнайтын сәтін көргенде, күпірлікке белшесінен батқандардың түрі бұзылып, жүзі қара-қошқыл тартып кетеді. Сонда оларға: «(Өздеріңше мазаққа айналдырып) келсе келмей ме дегендерің, міне, осы!» – делінеді.
قُلْ أَرَءَيْتُمْ إِنْ أَهْلَكَنِيَ ٱللَّهُ وَمَن مَّعِيَ أَوْ رَحِمَنَا فَمَن يُجِيرُ ٱلْكَٰفِرِينَ مِنْ عَذَابٍ أَلِيمࣲ
Оларға былай де: «Алла мені әрі жанымдағы мүміндерді құртып жіберді, яки бізді есіркеп, рақымына бөледі делік, енді айтыңдаршы, (өздерің сияқты) кәпірлерді жан төзгісіз азаптан кім құтқарып қалады?»
قُلْ هُوَ ٱلرَّحْمَٰنُ ءَامَنَّا بِهِۦ وَعَلَيْهِ تَوَكَّلْنَاۖ فَسَتَعْلَمُونَ مَنْ هُوَ فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينࣲ
«Ол – Рахман Алла. Біз Оған иман келтірдік, бір Өзіне арқа сүйеп, тәуекел еттік. Ендеше, кімнің анық адасуда екенін жақында білетін боласыңдар».
قُلْ أَرَءَيْتُمْ إِنْ أَصْبَحَ مَآؤُكُمْ غَوْرࣰا فَمَن يَأْتِيكُم بِمَآءࣲ مَّعِينِۭ
«Қане, айтыңдаршы, бар суларың жер түбіне тартылып ізім-қайым жоғалып кетсе, сендерге қайтадан тұщы қайнар суды кім шығарып бере алады?!»
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.