Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран6. Әнғам
6 · сүре

Әнғам

165 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَجَعَلَ ٱلظُّلُمَٰتِ وَٱلنُّورَۖ ثُمَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِرَبِّهِمْ يَعْدِلُونَ

Барша мадақ, шүкіршілік атаулы күллі аспан әлемі мен жерді жаратқан, тас қараңғы түнектер мен жарық нұрды (жоқтан) бар еткен Аллаға тән. Соған қарамастан күпірлік қылғандар Раббыларына өзгелерді (яғни, пұттарды, ай-жұлдызды, тіпті өздері секілді ет пен сүйектен жаралған кей адамдарды) тең тұтады.

2

هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن طِينࣲ ثُمَّ قَضَىٰٓ أَجَلࣰاۖ وَأَجَلࣱ مُّسَمًّى عِندَهُۥۖ ثُمَّ أَنتُمْ تَمْتَرُونَ

Ол сендерді балшықтан жаратты, содан кейін сендерге өлшеулі ғұмыр берді. Сондай-ақ Оның дәргейінде (жалпы ғалам мен ондағы әрбір жаратылыстың, әр қауымның, әр пенденің һәм әр оқиғаның басы мен соңы бар екенін көрсететін) әу бастан белгіленген, әсте өзгермейтін өлшеулі мерзім бар. Алайда сендер (осынау ақиқатты көріп, біліп тұрып Алланың құдіретіне және ақиретке) шәк келтірудесіңдер.

3

وَهُوَ ٱللَّهُ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَفِي ٱلْأَرْضِ يَعْلَمُ سِرَّكُمْ وَجَهْرَكُمْ وَيَعْلَمُ مَا تَكْسِبُونَ

Ол – күллі аспан әлемінде де, жерде де (құдіреті мен билігі шексіз) жалғыз Алла! Ол сендердің құпия сырларыңды да, жария істеріңді де, сондай-ақ (жақсы-жаман, адал-арам) не тауып, не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін жақсы біледі.

4

وَمَا تَأْتِيهِم مِّنْ ءَايَةࣲ مِّنْ ءَايَٰتِ رَبِّهِمْ إِلَّا كَانُوا۟ عَنْهَا مُعْرِضِينَ

Соған қарамастан, оларға Раббыларының аяттарынан қандай да бір аят (уахи жолымен) келсе болды, еш ойланбастан, одан сырт айналады.

5

فَقَدْ كَذَّبُوا۟ بِٱلْحَقِّ لَمَّا جَآءَهُمْ فَسَوْفَ يَأْتِيهِمْ أَنۢبَٰٓؤُا۟ مَا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ

Оларға ақиқаттың нақ өзі (Құран түрінде) келгенде, оған да сенбестік танытты. (һәм ондағы ақиқаттарды, ескертулерді әрі ақиретке қатысты ғайыптан хабарларды мазаққа айналдырды). Әрине, уақыты келгенде олар нені мазаққа айналдырғанын әлі-ақ білетін болады.

6

أَلَمْ يَرَوْا۟ كَمْ أَهْلَكْنَا مِن قَبْلِهِم مِّن قَرْنࣲ مَّكَّنَّٰهُمْ فِي ٱلْأَرْضِ مَا لَمْ نُمَكِّن لَّكُمْ وَأَرْسَلْنَا ٱلسَّمَآءَ عَلَيْهِم مِّدْرَارࣰا وَجَعَلْنَا ٱلْأَنْهَٰرَ تَجْرِي مِن تَحْتِهِمْ فَأَهْلَكْنَٰهُم بِذُنُوبِهِمْ وَأَنشَأْنَا مِنۢ بَعْدِهِمْ قَرْنًا ءَاخَرِينَ

Олар өздерінен бұрын қаншама ұрпақтың, қаншама қауымның көзін жойғанымызды көріп ойланбай ма?! Біз кезінде оларға жер бетінде мықты жағдай жасап, сендерге нәсіп етпеген мүмкіндіктерді нәсіп еттік, көктен берекелі, мол жауын жаудырдық. Сондай-ақ аяқтарының астынан өзендер ағыздық. Алайда ақырында, істеген күнәлары себепті олардың көзін жойдық та, арттарынан басқа ұрпақ, басқа қауымдарды жараттық.

7

وَلَوْ نَزَّلْنَا عَلَيْكَ كِتَٰبࣰا فِي قِرْطَاسࣲ فَلَمَسُوهُ بِأَيْدِيهِمْ لَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِنْ هَٰذَآ إِلَّا سِحْرࣱ مُّبِينࣱ

(Уа, Мұхаммед!) Егер саған (Құранды уахи арқылы түсірмей-ақ) бірден көктен қағазға жазылған дайын кітап күйінде түсірсек һәм олар соны (көзбен көріп қана қоймай) қолдарымен ұстап көрсе де, бәрібір әлгі күпірлікте қасарысқандар: «Бұл – нағыз сиқыр, одан басқа түк те емес», – дер еді.

8

وَقَالُوا۟ لَوْلَآ أُنزِلَ عَلَيْهِ مَلَكࣱۖ وَلَوْ أَنزَلْنَا مَلَكࣰا لَّقُضِيَ ٱلْأَمْرُ ثُمَّ لَا يُنظَرُونَ

Сондай-ақ олар: «Оған (пайғамбар екенін растайтын әрі жәрдемші болатын) бір періште де түсірілсе болмас па еді?!» – десті. Егер оларға (пайғамбарға қоса, Лут қауымына түсіргендей көктен) періште түсірсек, онда әрине, іс бітер еді (яғни, ақиқатты көріп тұрып иман келтірмегендіктен шаруалары бітер еді), сөйтіп, өздеріне титтей де мұрсат берілместен, бастарына қиямет орнар еді.

9

وَلَوْ جَعَلْنَٰهُ مَلَكࣰا لَّجَعَلْنَٰهُ رَجُلࣰا وَلَلَبَسْنَا عَلَيْهِم مَّا يَلْبِسُونَ

Егер ол пайғамбарды періште етіп, періште пайғамбар жіберер болсақ, онда (солардың арасында өмір сүріп, оларға жолбасшы ретінде үлгі-өнеге көрсетуі тиіс болғандықтан) оны да ер адам бейнесінде жіберер едік те, (өздеріндей ет пен сүйектен жаралған адам пайғамбар мәселесінде) қалай күмәнға бой алдырса, (періште пайғамбарға қатысты да) дәл солай күмәнға бой алдыртар едік.

10

وَلَقَدِ ٱسْتُهْزِئَ بِرُسُلࣲ مِّن قَبْلِكَ فَحَاقَ بِٱلَّذِينَ سَخِرُوا۟ مِنْهُم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Шүбәсіз, өзіңнен бұрын да қаншама пайғамбар (өз қауымы тарапынан) тәлкекке ұшырады. Алайда олар келеке етіп, мазаққа айналдырған хақ азап, түбінде, өздеріне жан-жақтан құрсау салып, өздерінің түбіне жетті.

11

قُلْ سِيرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ ثُمَّ ٱنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلْمُكَذِّبِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Жер бетін шарлап, (пайғамбарларды һәм солар арқылы жеткен ақиқаттарды) өтірік деп, жалғанға шығарғандардың ақыры не болғанын өз көздеріңмен көріңдер!» – деп айт.

12

قُل لِّمَن مَّا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۖ قُل لِّلَّهِۚ كَتَبَ عَلَىٰ نَفْسِهِ ٱلرَّحْمَةَۚ لَيَجْمَعَنَّكُمْ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ لَا رَيْبَ فِيهِۚ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ فَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

Сондай-ақ оларға: «Күллі аспан әлеміндегі мен жердегінің бәрі кімге тиесілі?!» (Әлбетте), «Аллаға тиесілі», – деп айт. Ол рақымдылық танытуды Өзіне лайық қасиет һәм Өзінің басты ұстанымы қылды. Сол себепті Ол (осынау шексіз рақымын толықтай паш ету үшін) шүбәсіз орнайтын қиямет күні барлығыңды бір жерге (яғни ғарасат майданына) жинайды. (Алла берген ақылды һәм иман келтіріп, ақиқатқа жету үшін бойларына дарытқан көптеген қабілеттер мен нәзік сезімдерді зая етіп) өз-өздерін зиянға ұшыратқандар бар ғой, міне, солар әсте иман келтірмейді.

13

۞وَلَهُۥ مَا سَكَنَ فِي ٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

Түн мен күндізді паналаған барлық нәрсе бір Аллаға тиесілі. Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі).

14

قُلْ أَغَيْرَ ٱللَّهِ أَتَّخِذُ وَلِيࣰّا فَاطِرِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَهُوَ يُطْعِمُ وَلَا يُطْعَمُۗ قُلْ إِنِّيٓ أُمِرْتُ أَنْ أَكُونَ أَوَّلَ مَنْ أَسْلَمَۖ وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға былай деп айт: «Сонда мен күллі аспан әлемі мен жердің жаратушысы, тіршілік иелерінің бәріне қорек беретін, Өзі ешқандай қорекке мұқтаж болмаған Алладан өзгені қамқор дос тұтпақпын ба?! Былай деп айт: Шүбәсіз, маған бір Аллаға иман келтіріп, жан-тәнімен мойынсұнғандардың алды бол деп бұйырылды. Сондай-ақ маған: Мүшріктердің қатарына қосылушы болма! – деп бұйырылды».

15

قُلْ إِنِّيٓ أَخَافُ إِنْ عَصَيْتُ رَبِّي عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمࣲ

Сондай-ақ: «Егер Раббыма қарсы келіп асы болсам, алапат күннің азабынан қорқамын», – деп айт.

16

مَّن يُصْرَفْ عَنْهُ يَوْمَئِذࣲ فَقَدْ رَحِمَهُۥۚ وَذَٰلِكَ ٱلْفَوْزُ ٱلْمُبِينُ

Кімде-кім сол күні азаптан аулақ әкетілсе, шүбәсіз, Алла оған мейірімін төккені. Айқын жетістік, (жан төзгісіз азаптан) құтылу деген, міне, осы.

17

وَإِن يَمْسَسْكَ ٱللَّهُ بِضُرࣲّ فَلَا كَاشِفَ لَهُۥٓ إِلَّا هُوَۖ وَإِن يَمْسَسْكَ بِخَيْرࣲ فَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Егер Алла сені қандай да бір қиындыққа душар етіп, саған зиян тигізсе, сені одан Алладан өзге ешкім де құтқара алмайды. Ал егер сені жақсылыққа бөлеп, саған қандай да бір пайда келтірсе, шүбәсіз, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

18

وَهُوَ ٱلْقَاهِرُ فَوْقَ عِبَادِهِۦۚ وَهُوَ ٱلْحَكِيمُ ٱلْخَبِيرُ

Ол құлдарын Өзіне толық бағындырушы. Ол – Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі), Хабир (барлық нәрседен толық хабардар болушы).

19

قُلْ أَيُّ شَيْءٍ أَكْبَرُ شَهَٰدَةࣰۖ قُلِ ٱللَّهُۖ شَهِيدُۢ بَيْنِي وَبَيْنَكُمْۚ وَأُوحِيَ إِلَيَّ هَٰذَا ٱلْقُرْءَانُ لِأُنذِرَكُم بِهِۦ وَمَنۢ بَلَغَۚ أَئِنَّكُمْ لَتَشْهَدُونَ أَنَّ مَعَ ٱللَّهِ ءَالِهَةً أُخْرَىٰۚ قُل لَّآ أَشْهَدُۚ قُلْ إِنَّمَا هُوَ إِلَٰهࣱ وَٰحِدࣱ وَإِنَّنِي بَرِيٓءࣱ مِّمَّا تُشْرِكُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Кімнің куәлігі анағұрлым күшті һәм әлдеқайда өтімді?!» – деп сұра, әрі: «Мені мен сендердің араларыңдағы барлық нәрсеге бір Алланың Өзі куә. Бұл Құран маған, сендерді һәм кімге дейін жетсе, солардың бәрін ескертуім үшін уахи етілді. (Әй, мүшріктер!) Алламен қатар басқа да құдайлардың бар екеніне мына сендер куәлік етудесіңдер ме? Мен бұған әсте куәлік етпеймін», – де. Әрі оларға: «Ол жалғыз Құдай (Одан басқа құдай жоқ). Мен сендердің Аллаға серік етіп қосқандарыңнан аулақпын», – деп кесіп айт.

20

ٱلَّذِينَ ءَاتَيْنَٰهُمُ ٱلْكِتَٰبَ يَعْرِفُونَهُۥ كَمَا يَعْرِفُونَ أَبْنَآءَهُمُۘ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ فَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

Біз кітап берген яһудилер мен христиандар (әсіресе араларындағы ғұламалары) Пайғамбарды өз балаларын танитындай өте жақсы таниды. Алайда (Алла берген ақылды һәм иман келтіріп, ақиқатқа жету үшін бойларына дарытқан көптеген қабілеттер мен нәзік сезімдерді зая етіп) өз-өздерін зиянға ұшыратқандар бар ғой, міне, солар (оған) әсте иман келтірмейді.

21

وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ ٱفْتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَوْ كَذَّبَ بِـَٔايَٰتِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ لَا يُفْلِحُ ٱلظَّٰلِمُونَ

Өз ойынан өтірік айтып, соны Аллаға телігеннен немесе Алланың аяттарын өтірік дегеннен асқан залым бар ма?! Шүбәсіз, ондай залымдар (түбінде оңбайды әрі) мақсат-мұратына жетпейді.

22

وَيَوْمَ نَحْشُرُهُمْ جَمِيعࣰا ثُمَّ نَقُولُ لِلَّذِينَ أَشْرَكُوٓا۟ أَيْنَ شُرَكَآؤُكُمُ ٱلَّذِينَ كُنتُمْ تَزْعُمُونَ

Күндердің күнінде олардың барлығын бір жерге (яғни, махшарға, ғарасат майданына) жинаймыз, содан кейін Аллаға серік қосқандардан: «Қане, Аллаға серік әрі тең тұтқан құдайларың қайда?!» – деп сұраймыз.

23

ثُمَّ لَمْ تَكُن فِتْنَتُهُمْ إِلَّآ أَن قَالُوا۟ وَٱللَّهِ رَبِّنَا مَا كُنَّا مُشْرِكِينَ

Сонда олардың (бәлкім құтылып кетерміз деген дәмемен) ойлап табатын жалғыз жауабы «Раббымыз Аллаға серт! Біз Аллаға серік қосқандардың қатарында болған емеспіз» деу болады.

24

ٱنظُرْ كَيْفَ كَذَبُوا۟ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمْۚ وَضَلَّ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَفْتَرُونَ

(Уа, расулым!) Олардың өз сөздерін өздері өтірікке шығарып, қалай (ұялмай-қызармай) өтірік айтқанын көрдің бе?! Дүниеде ойдан шығарған құдайлары да (яғни, дүниеде құдайдай көріп, құлдық ұрған нәрселері де) оларды тастап, көзден ғайып болды.

25

وَمِنْهُم مَّن يَسْتَمِعُ إِلَيْكَۖ وَجَعَلْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ أَكِنَّةً أَن يَفْقَهُوهُ وَفِيٓ ءَاذَانِهِمْ وَقْرࣰاۚ وَإِن يَرَوْا۟ كُلَّ ءَايَةࣲ لَّا يُؤْمِنُوا۟ بِهَاۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءُوكَ يُجَٰدِلُونَكَ يَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِنْ هَٰذَآ إِلَّآ أَسَٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ

Олардың арасында (Құран оқығаныңда құлақтарының құрышын қандыру үшін) сені тыңдайтындар да бар. Алайда Біз (пиғылдарына қарай) жүректерін оны жете түсініп, ақиқатты көруіне кедергі келтіретін қат-қабат қаптамамен қаптап, құлақтарына да ақиқатты естіртпейтін ауырлық (саңыраулық) салып қойдық. Енді олар қандай да бір мұғжизаны әрі ақиқаттың айқын дәлелін көрсе-дағы, бәрібір иман келтірмейді. Тіпті қасыңа келгендерінде, сенімен өздерінше сөз таластырады һәм күпірлікте қатты кеткендері (өздеріне оқылған Құран аяттары жайлы): «Бұлар бұрынғылардың ойдан шығарған аңыз-әпсаналары, одан басқа түк те емес», – дейді.

26

وَهُمْ يَنْهَوْنَ عَنْهُ وَيَنْـَٔوْنَ عَنْهُۖ وَإِن يُهْلِكُونَ إِلَّآ أَنفُسَهُمْ وَمَا يَشْعُرُونَ

Олар ел-жұртты Құраннан алшақтатады һәм өздері де одан іргелерін аулақ салады. Осылайша, олар тек өз басын ғана қауіп-қатерге тігуде һәм соның парқына да бармауда.

27

وَلَوْ تَرَىٰٓ إِذْ وُقِفُوا۟ عَلَى ٱلنَّارِ فَقَالُوا۟ يَٰلَيْتَنَا نُرَدُّ وَلَا نُكَذِّبَ بِـَٔايَٰتِ رَبِّنَا وَنَكُونَ مِنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ

Ақырында, олар тозақтың алдына келтірілгенде: «Әттең-ай, дүниеге кері қайтарылсақ қой! Онда, Раббымыздың (ақиқатты соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсететін) аяттарына сенбестік танытпай, біз де (оған кәміл сенетін) мүмін болар едік!» – деп, аһ ұрғанын көрсең ғой.

28

بَلْ بَدَا لَهُم مَّا كَانُوا۟ يُخْفُونَ مِن قَبْلُۖ وَلَوْ رُدُّوا۟ لَعَادُوا۟ لِمَا نُهُوا۟ عَنْهُ وَإِنَّهُمْ لَكَٰذِبُونَ

Жоқ, олай емес! Олар өздерінің баяғыдан бері жасырып келгендері (яғни аярлығы, арам пиғылдары һәм мүміндерге құрған тұзақтары) әшкереленгені үшін солай деуде. Егер олар дүниеге кері қайтарылар болса, өздеріне тыйым салынған жат қылықтардан бәрібір қайтпас еді. Шүбәсіз, олар – барып тұрған өтірікші кәззаптар.

29

وَقَالُوٓا۟ إِنْ هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا ٱلدُّنْيَا وَمَا نَحْنُ بِمَبْعُوثِينَ

Олар: «Біз үшін дүние тіршілігінен басқа тіршілік жоқ. Өлгеннен кейін қайта тірілмейміз», – деп айтады.

30

وَلَوْ تَرَىٰٓ إِذْ وُقِفُوا۟ عَلَىٰ رَبِّهِمْۚ قَالَ أَلَيْسَ هَٰذَا بِٱلْحَقِّۚ قَالُوا۟ بَلَىٰ وَرَبِّنَاۚ قَالَ فَذُوقُوا۟ ٱلْعَذَابَ بِمَا كُنتُمْ تَكْفُرُونَ

Олардың Раббыларының алдына келтіріліп, тікелерінен тік тұрғызылғандағы сұрқын көрсең ғой. Сонда Хақ тағала оларға: «Өлгеннен кейін қайта тірілетіндіктерің рас па екен?» – дейді. Олар: «Иә, Раббымызға серт! Рас екен», – деп айтады. Хақ тағала: «Ендеше, өмір бойы күпірлік қылғандарың үшін (өздеріңе лайық) азапты тартыңдар», – деп бұйырады.

31

قَدْ خَسِرَ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِلِقَآءِ ٱللَّهِۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَتْهُمُ ٱلسَّاعَةُ بَغْتَةࣰ قَالُوا۟ يَٰحَسْرَتَنَا عَلَىٰ مَا فَرَّطْنَا فِيهَا وَهُمْ يَحْمِلُونَ أَوْزَارَهُمْ عَلَىٰ ظُهُورِهِمْۚ أَلَا سَآءَ مَا يَزِرُونَ

Күндердің күнінде Алламен қауышатындығына сенбегендер расында да үлкен зиянға ұшырады. Олар Алламен қауышпай тұрып қиямет қайым бастарына аяқ астынан орнағанда, өз қолымен істеген күнәларын арқалаған күйде: «Қап, әттеген-ай! (Басымызға мұндай күн туады деп ойламаған едік), дүниеде істеген күнәларымыз үшін өзімізге де обал жоқ!» – деп, аһ ұрып, опық жейді. Шынында, олардың арқалаған күнәлары қандай жаман еді!

32

وَمَا ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَآ إِلَّا لَعِبࣱ وَلَهْوࣱۖ وَلَلدَّارُ ٱلْـَٔاخِرَةُ خَيْرࣱ لِّلَّذِينَ يَتَّقُونَۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

Дүние тіршілігі – құр ойын-күлкі мен уақытша сауық-сайран ғана. Ал Аллаға лайықты түрде тағзым етіп, Оған қарсы келуден барынша сақтанатын тақуа жандар үшін ақирет тұрағы (мекені) әлдеқайда қайырлы болмақ. Ендеше, сәл де болса, ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!

33

قَدْ نَعْلَمُ إِنَّهُۥ لَيَحْزُنُكَ ٱلَّذِي يَقُولُونَۖ فَإِنَّهُمْ لَا يُكَذِّبُونَكَ وَلَٰكِنَّ ٱلظَّٰلِمِينَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ يَجْحَدُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Олардың айтқандарының (айтқан өтіріктері мен жапқан жалаларының) жаныңа батып, көңіліңе қаяу түсіретінін, әлбетте, жақсы білеміз. Шындығында, олар сенің өзіңді өтірікші санамайды, алайда ол залымдар біліп тұрып, Алланың аяттарына сенбеді.

34

وَلَقَدْ كُذِّبَتْ رُسُلࣱ مِّن قَبْلِكَ فَصَبَرُوا۟ عَلَىٰ مَا كُذِّبُوا۟ وَأُوذُوا۟ حَتَّىٰٓ أَتَىٰهُمْ نَصْرُنَاۚ وَلَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَٰتِ ٱللَّهِۚ وَلَقَدْ جَآءَكَ مِن نَّبَإِي۟ ٱلْمُرْسَلِينَ

(Олардың бұл қылығын көңіліңе алма!) Шүбәсіз, сенің алдыңда да талай пайғамбарға «өтірікші» деген жала жабылды. Алайда олар өздеріне жабылған жалаға, қауымдарынан көрген әртүрлі қорлыққа шыдап бақты. Ақыры, оларға жәрдеміміз жетіп, мерейлері үстем болды. Алланың сөзін (үкімін, уәдесін, пәрменін) ешкім де өзгерте алмайды. Расында, саған да бұрынғы пайғамбарлардың басынан өткен ғибратты оқиғалардың бір парасы келіп жетті.

35

وَإِن كَانَ كَبُرَ عَلَيْكَ إِعْرَاضُهُمْ فَإِنِ ٱسْتَطَعْتَ أَن تَبْتَغِيَ نَفَقࣰا فِي ٱلْأَرْضِ أَوْ سُلَّمࣰا فِي ٱلسَّمَآءِ فَتَأْتِيَهُم بِـَٔايَةࣲۚ وَلَوْ شَآءَ ٱللَّهُ لَجَمَعَهُمْ عَلَى ٱلْهُدَىٰۚ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلْجَٰهِلِينَ

Егер олардың ақиқаттан сырт айналғаны жаныңа қатты батып, (оларға дағуаңды мойындату мақсатында) өзіңнен талап еткен мұғжизаларын көрсету үшін жердің шыңырау түбіне дейін бойлайтын өткел немесе көкке шығаратын сатының болғанын қаласаң, онда біліп қой, егер Алла қаласа, шүбәсіз, олардың барлығын (бір ғана мұғжизамен) жаппай тура жолға салар еді. Ендеше, сен осынау ақиқатты білмейтін надандардың қатарына қосылма.

36

۞إِنَّمَا يَسْتَجِيبُ ٱلَّذِينَ يَسْمَعُونَۘ وَٱلْمَوْتَىٰ يَبْعَثُهُمُ ٱللَّهُ ثُمَّ إِلَيْهِ يُرْجَعُونَ

Анығында, еститіндер ғана шақыруға құлақ асады. Ал өлілерге келсек, Алла оларды қабірде қайта тірілтеді, содан кейін бірі қалмай Аллаға қайтарылады.

37

وَقَالُوا۟ لَوْلَا نُزِّلَ عَلَيْهِ ءَايَةࣱ مِّن رَّبِّهِۦۚ قُلْ إِنَّ ٱللَّهَ قَادِرٌ عَلَىٰٓ أَن يُنَزِّلَ ءَايَةࣰ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

Кәпірлер: «Оған Раббысынан біз талап еткендей өзгеше мұғжиза түсірілсе қайтеді!» – дейді. Оларға: «Шүбәсіз, Алла қандай мұғжизаны болса да түсіруге құдіретті», – де. Алайда олардың көбі (мұғжизаның, пайғамбарлықтың һәм ондағы хикметтің және мақсаттың не екенін) білмейді.

38

وَمَا مِن دَآبَّةࣲ فِي ٱلْأَرْضِ وَلَا طَٰٓئِرࣲ يَطِيرُ بِجَنَاحَيْهِ إِلَّآ أُمَمٌ أَمْثَالُكُمۚ مَّا فَرَّطْنَا فِي ٱلْكِتَٰبِ مِن شَيْءࣲۚ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّهِمْ يُحْشَرُونَ

(Алла елшісінен мұғжиза көрсетуін талап етіп жүргендер, бір сәтке болса да жан-жақтарына зер салып қарамай ма екен?!) Жер басып жүрген жан-жануарлардың, қос қанатымен самғап ұшқан құстардың түр-түрі (өздерің сияқты қоғам болып топтасып тіршілік ететін, әрқайсысының өзіне тән өмір салты болған) өз алдына бірер үмбет болып табылады. Біз Кітапта (яғни күллі жаратылыс атаулының тағдыры жазылған Лаухул-Махфузда) еш нәрсені қалыс қалдырмадық, титтей де ағаттыққа жол бермедік. Кейін сол тіршілік иелерінің барлығы (өлгеннен кейін қайта тірілтіліп) Раббыларының дәргейіне жиналады.

39

وَٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا صُمࣱّ وَبُكْمࣱ فِي ٱلظُّلُمَٰتِۗ مَن يَشَإِ ٱللَّهُ يُضْلِلْهُ وَمَن يَشَأْ يَجْعَلْهُ عَلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ

Ақиқатты тайға таңба басқандай етіп көрсететін мұншама дәлел мен уахи арқылы түсірген аяттарымызға сенбегендер, шынында, тас түнектерде қалған (ақиқатты естімейтін) саңыраулар әрі мылқаулар. Алла қалағанын адастырады, қалағанын тура жолға салады.

40

قُلْ أَرَءَيْتَكُمْ إِنْ أَتَىٰكُمْ عَذَابُ ٱللَّهِ أَوْ أَتَتْكُمُ ٱلسَّاعَةُ أَغَيْرَ ٱللَّهِ تَدْعُونَ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Қане, айтыңдаршы, егер Алланың жазасына ұшырасаңдар немесе бастарыңа қиямет-қайым орнаса, Алладан өзгеге жалбарынасыңдар ма?! Егер шыншыл болсаңдар қане, осыған жауап беріңдер!» – деп айт.

41

بَلْ إِيَّاهُ تَدْعُونَ فَيَكْشِفُ مَا تَدْعُونَ إِلَيْهِ إِن شَآءَ وَتَنسَوْنَ مَا تُشْرِكُونَ

Жо-жоқ, басқаға емес, бір Өзіне ғана жалбарынасыңдар – Ол қаласа, дұға етулеріңе себеп болған қиындықты жояды – һәм сол уақытқа дейін Оған серік етіп қосқан өзге жалған құдайларыңды ұмытасыңдар.

42

وَلَقَدْ أَرْسَلْنَآ إِلَىٰٓ أُمَمࣲ مِّن قَبْلِكَ فَأَخَذْنَٰهُم بِٱلْبَأْسَآءِ وَٱلضَّرَّآءِ لَعَلَّهُمْ يَتَضَرَّعُونَ

Ант етеміз! Сенен бұрын да көптеген үмбеттерге пайғамбарлар жібердік. (Алайда олар пайғамбарларға құлақ аспады). Сонда күнәларынан арылу үшін алдымызда бас иіп, жалынып-жалбарынсын, сөйтіп, қайтадан хақ жолға түссін деп, оларды жоқшылыққа, адам айтқысыз қиындықтарға душар қылып, жазаладық.

43

فَلَوْلَآ إِذْ جَآءَهُم بَأْسُنَا تَضَرَّعُوا۟ وَلَٰكِن قَسَتْ قُلُوبُهُمْ وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيْطَٰنُ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Олар ең болмаса, азабымызға душар болғанда жалынып-жалбарынса ғой. Бірақ олардың жүрегі тас болып қатып қалған һәм шайтан оларға істеп жүрген күнәларын «безендіріп» өздеріне сондай жағымды, сондай керемет іс етіп көрсетті.

44

فَلَمَّا نَسُوا۟ مَا ذُكِّرُوا۟ بِهِۦ فَتَحْنَا عَلَيْهِمْ أَبْوَٰبَ كُلِّ شَيْءٍ حَتَّىٰٓ إِذَا فَرِحُوا۟ بِمَآ أُوتُوٓا۟ أَخَذْنَٰهُم بَغْتَةࣰ فَإِذَا هُم مُّبْلِسُونَ

Өздеріне айтылған насихатты елемей, ескермей ұмыт қалдырғандарында, олар үшін барлық нәрсенің, бар ләззат пен нығметтің есігін айқара аштық. Өздеріне берілген ағыл-тегіл нығметке қуанып, соның қызығына батып жатқан шақта, оларды аяқ-астынан бас салып, азапқа ұшыраттық. Сөйтіп, бір пәсте үміттері үзілді.

45

فَقُطِعَ دَابِرُ ٱلْقَوْمِ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ۚ وَٱلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

Міне, осылайша, (өзіне де, өзгеге де) қиянат жасаудан қайтпаған залым қауымның тұқымы тұздай құрыды. Күллі әлемнің Раббысы Аллаға сансыз мадақ һәм сансыз шүкір!

46

قُلْ أَرَءَيْتُمْ إِنْ أَخَذَ ٱللَّهُ سَمْعَكُمْ وَأَبْصَٰرَكُمْ وَخَتَمَ عَلَىٰ قُلُوبِكُم مَّنْ إِلَٰهٌ غَيْرُ ٱللَّهِ يَأْتِيكُم بِهِۗ ٱنظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ ٱلْـَٔايَٰتِ ثُمَّ هُمْ يَصْدِفُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Қане, айтыңдаршы, егер Алла сендерді есту, көру қабілетінен айырса, жүректеріңді де «мөрлеп» тастаса, оларды сендерге Алладан басқа қандай құдай қайтарып бере алады?» – деп айт. Көрдің бе, аяттарды, иман ақиқатына қатысты дәлелдерді қалай әр қырынан һәм жан-жақты баяндаудамыз, алайда олар сонда да теріс айналуда.

47

قُلْ أَرَءَيْتَكُمْ إِنْ أَتَىٰكُمْ عَذَابُ ٱللَّهِ بَغْتَةً أَوْ جَهْرَةً هَلْ يُهْلَكُ إِلَّا ٱلْقَوْمُ ٱلظَّٰلِمُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Қане, айтыңдаршы, Алланың азабы бастарыңа аяқ астынан келсе де, ашықтан-ашық келсе де, есіл-дерті қиянат жасау болған залым қауымнан басқасы құриды ма (әлде өздеріңе де, өзгеге де қиянат жасаудан тыйылмайтын сендер құрисыңдар ма)?» – деп айт.

48

وَمَا نُرْسِلُ ٱلْمُرْسَلِينَ إِلَّا مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَۖ فَمَنْ ءَامَنَ وَأَصْلَحَ فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

Біз пайғамбарларды тек сүйіншілеуші һәм ескертуші ретінде ғана жібереміз. Ендеше, кімде-кім иман келтіріп, өз-өзін (яғни сөзі мен ісін) түзесе, ондай жандар үшін (әсіресе ақиретте) ешқандай қорқыныш жоқ, һәм олар әсте жабықпайды.

49

وَٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا يَمَسُّهُمُ ٱلْعَذَابُ بِمَا كَانُوا۟ يَفْسُقُونَ

Ал (ақиқатты көрсететін) дәлелдеріміз бен уахи арқылы түсірген аяттарымызды мойындамағандарға келсек, олар ашықтан-ашық күнәға батып, азғындыққа салынғаны үшін азапқа душар болады.

50

قُل لَّآ أَقُولُ لَكُمْ عِندِي خَزَآئِنُ ٱللَّهِ وَلَآ أَعْلَمُ ٱلْغَيْبَ وَلَآ أَقُولُ لَكُمْ إِنِّي مَلَكٌۖ إِنْ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّۚ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي ٱلْأَعْمَىٰ وَٱلْبَصِيرُۚ أَفَلَا تَتَفَكَّرُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Мен сендерге «Алланың қазыналары менің қолымда» демеймін һәм «Ғайыпты білемін немесе мен періштемін» деп те айтпаймын. Маған уахи жолымен не келсе, соны ғана басшылыққа аламын», – де. Сондай-ақ оларға: «Көрсоқыр мен көретін адам тең бе? Өздерің сәл де болса ойланбайсыңдар ма?!» – деп айт.

51

وَأَنذِرْ بِهِ ٱلَّذِينَ يَخَافُونَ أَن يُحْشَرُوٓا۟ إِلَىٰ رَبِّهِمْ لَيْسَ لَهُم مِّن دُونِهِۦ وَلِيࣱّ وَلَا شَفِيعࣱ لَّعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ

Раббыларының дәргейіне жиналып, жауапқа тартылудан қорқатындарға Құранмен ескерту жаса. Раббыларының алдына барғанда, оларға Алладан басқа қол ұшын беретін бірде-бір жанашыр дос та, арашалап алар шапағатшы да болмайды. Бәлкім, олар сонда Аллаға серік қосудан һәм қарсы келуден тиісінше сақтанар.

52

وَلَا تَطْرُدِ ٱلَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِٱلْغَدَوٰةِ وَٱلْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُۥۖ مَا عَلَيْكَ مِنْ حِسَابِهِم مِّن شَيْءࣲ وَمَا مِنْ حِسَابِكَ عَلَيْهِم مِّن شَيْءࣲ فَتَطْرُدَهُمْ فَتَكُونَ مِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ

Раббыларының разылығына бөленуді ғана тілеп, ертелі-кеш жалбарынып дұға ететін (қарапайым ғаріп мүміндерді мүшріктер айтты екен деп) қасыңнан қума. Олар өз істеріне өздері жауап береді, сен олар үшін жауапқа тартылмайсың, олар да сен үшін жауапқа тартылмайды. Ендеше, оларды қасыңнан қума, әйтпесе, залымдардың қатарына қосыласың.

53

وَكَذَٰلِكَ فَتَنَّا بَعْضَهُم بِبَعْضࣲ لِّيَقُولُوٓا۟ أَهَٰٓؤُلَآءِ مَنَّ ٱللَّهُ عَلَيْهِم مِّنۢ بَيْنِنَآۗ أَلَيْسَ ٱللَّهُ بِأَعْلَمَ بِٱلشَّٰكِرِينَ

Біз осылайша адамдарды бір-бірімен сынаймыз (яғни, мансап, шен-шекпен, нәсіл, ата тек пен байлықты артық көретіндер қоғамдағы қарапайым мүміндер жайлы): «Алла тағаланың арамыздан басқа ешкімді таппағандай жарылқап, жақсылығына бөлегені солар болды ма?!» – деп айтады. Дегенмен Алла (бүкіл нығметтердің бір Алладан келетінін біліп) өзіне лайықты түрде шүкіршілік ететін (һәм нығметіне бөленуге лайықты) құлдарын бәрінен жақсы біледі емес пе?!

54

وَإِذَا جَآءَكَ ٱلَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِـَٔايَٰتِنَا فَقُلْ سَلَٰمٌ عَلَيْكُمْۖ كَتَبَ رَبُّكُمْ عَلَىٰ نَفْسِهِ ٱلرَّحْمَةَ أَنَّهُۥ مَنْ عَمِلَ مِنكُمْ سُوٓءَۢا بِجَهَٰلَةࣲ ثُمَّ تَابَ مِنۢ بَعْدِهِۦ وَأَصْلَحَ فَأَنَّهُۥ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Аяттарымызға иман келтіргендер алдыңа келген кезде: «Сәләмун аләйкум» (Сендерге бейбітшілік, есендік тілеймін), – деп айт. Раббыларың рақымдылық танытуды Өзіне лайық қасиет һәм Өзінің басты ұстанымы қылды. Араларыңнан кімде-кім білместікпен қандай да бір жамандық істеп, кейін сол ісіне өкініп тәубеге келсе һәм түзелсе, шүбәсіз, Ол – Ғафур (өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді).

55

وَكَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلْـَٔايَٰتِ وَلِتَسْتَبِينَ سَبِيلُ ٱلْمُجْرِمِينَ

Күнәдан көз ашпайтын азғындардың жолы (жат қылықтары мен күпірліктері) толық айқындалсын деп, ақиқатты һәм оның бұлтартпас дәлелдерін, міне, осылай жан-жақты баяндаймыз.

56

قُلْ إِنِّي نُهِيتُ أَنْ أَعْبُدَ ٱلَّذِينَ تَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِۚ قُل لَّآ أَتَّبِعُ أَهْوَآءَكُمْ قَدْ ضَلَلْتُ إِذࣰا وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلْمُهْتَدِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Шүбәсіз, маған сендердің Алладан басқа тәңір тұтып, жалбарынып жүрген құдайларыңа табынуға үзілді-кесілді тыйым салынды», – деп айт. Сондай-ақ: «Мен сендердің әуейіліктеріңе еріп, айтқандарыңмен жүрмеймін. Өйткені (айтқандарыңа көніп, айдауларыңа жүретін болсам), сөзсіз, адасамын әрі тура жолдағылар қатарынан шығып қаламын», – деп айт.

57

قُلْ إِنِّي عَلَىٰ بَيِّنَةࣲ مِّن رَّبِّي وَكَذَّبْتُم بِهِۦۚ مَا عِندِي مَا تَسْتَعْجِلُونَ بِهِۦٓۚ إِنِ ٱلْحُكْمُ إِلَّا لِلَّهِۖ يَقُصُّ ٱلْحَقَّۖ وَهُوَ خَيْرُ ٱلْفَٰصِلِينَ

Оларға: «Шүбәсіз, мен Раббымнан келген анық дәлелге сүйенемін. Ал сендер болсаңдар, соны жалған дедіңдер. (Сендерді бәлкім райларынан қайтар деп, азаппен қорқытсам, қорқудың орнына: «Егер ондай азап бар болса, тезірек келсін, пешенемізге жазылған сол болса көріп алайық», – дейсіңдер). Алайда сендер тезірек келсін деп асықтырған азап менің қолымда емес! (Қай мәселеде болмасын) кесімді үкім шығару бір Аллаға ғана тән! Ол ақиқатты ғана айтады. Ол қай мәселеде болмасын әрдайым ең қайырлы үкімді айтушы, ақиқат пен жалғанның ара жігін ажыратушылардың ең қайырлысы», – деп айт.

58

قُل لَّوْ أَنَّ عِندِي مَا تَسْتَعْجِلُونَ بِهِۦ لَقُضِيَ ٱلْأَمْرُ بَيْنِي وَبَيْنَكُمْۗ وَٱللَّهُ أَعْلَمُ بِٱلظَّٰلِمِينَ

Оларға: «Егер сендер асыға күткен сол азап менің қолымда болса, арамыздағы бар шаруа (бар мәселе) баяғыда бітер еді», – деп айт. Алла ол залымдарды өте жақсы біледі.

59

۞وَعِندَهُۥ مَفَاتِحُ ٱلْغَيْبِ لَا يَعْلَمُهَآ إِلَّا هُوَۚ وَيَعْلَمُ مَا فِي ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِۚ وَمَا تَسْقُطُ مِن وَرَقَةٍ إِلَّا يَعْلَمُهَا وَلَا حَبَّةࣲ فِي ظُلُمَٰتِ ٱلْأَرْضِ وَلَا رَطْبࣲ وَلَا يَابِسٍ إِلَّا فِي كِتَٰبࣲ مُّبِينࣲ

(Бейне бір тылсым қазына болған) ғайыптың кілттері Оның жанында, оларды Одан өзге ешкім білмейді. Ол құрлықта һәм теңізде не бар, не жоқ бәрін біледі. Оған тіпті бұтағынан үзіліп түскен бір тал жапырақтың да жайы мәлім. Жердің тас қараңғы қойнауындағы бір тал дәнек болсын, тіпті дымқыл немесе құрғақ болғанның бәрі де ап-айқын Кітапта (Алланың шексіз іліміне сүйенген тағдыр Кітабында) жазылған.

60

وَهُوَ ٱلَّذِي يَتَوَفَّىٰكُم بِٱلَّيْلِ وَيَعْلَمُ مَا جَرَحْتُم بِٱلنَّهَارِ ثُمَّ يَبْعَثُكُمْ فِيهِ لِيُقْضَىٰٓ أَجَلࣱ مُّسَمࣰّىۖ ثُمَّ إِلَيْهِ مَرْجِعُكُمْ ثُمَّ يُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ

Ол сендерді түнде (кіші өлім болған) ұйқыға жатқызып уақытша өлтіреді һәм күндіз не істеп, не қойғандарыңның бәрін біліп тұрады. Кейін сендерді (ұйқыларыңнан оятып) қайта тірілтеді, сөйтіп мерзімді күн, (межелі нысана) көрініс бергенше осылай жалғаса береді. Ақыр соңында бәрің Аллаға қайтасыңдар. Содан кейін Ол сендерді не істеп, не қойғандарыңнан толық хабардар етеді.

61

وَهُوَ ٱلْقَاهِرُ فَوْقَ عِبَادِهِۦۖ وَيُرْسِلُ عَلَيْكُمْ حَفَظَةً حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَ أَحَدَكُمُ ٱلْمَوْتُ تَوَفَّتْهُ رُسُلُنَا وَهُمْ لَا يُفَرِّطُونَ

Ол – құлдарын бір Өзі билеп үкімін жүргізуші. Сендерге бақылаушы һәм қорған ретінде әрі барлық істеріңді жазып отыратын періштелер тағайындап жібереді. Қайсыбіріңнің болмасын ажалы келгенде, (періште) елшілеріміз оның жанын алады. Олар өз міндетін бірде-бір нәрсені қалт жібермей мүлтіксіз орындайды.

62

ثُمَّ رُدُّوٓا۟ إِلَى ٱللَّهِ مَوْلَىٰهُمُ ٱلْحَقِّۚ أَلَا لَهُ ٱلْحُكْمُ وَهُوَ أَسْرَعُ ٱلْحَٰسِبِينَ

Содан кейін олар (яғни қайтыс болғандар) шынайы егелері Аллаға қайтарылады. Біліп қойыңдар! Билік айтып, үкім шығару бір Аллаға тиесілі. Ол жауапқа тартуда өте жылдам.

63

قُلْ مَن يُنَجِّيكُم مِّن ظُلُمَٰتِ ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ تَدْعُونَهُۥ تَضَرُّعࣰا وَخُفْيَةࣰ لَّئِنْ أَنجَىٰنَا مِنْ هَٰذِهِۦ لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلشَّٰكِرِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға былай деп айт: «Сендерді құрлықтың һәм теңіздің тас қараңғы түнектерінен, бастарыңа қауіп-қатер төнгенде кім құтқарады (сақтайды)? Әдетте, бастарыңа тықыр таянғанда, Оған кейде дауыстап, кейде іштей жалбарынып дұға етесіңдер, һәм «егер (Алла) бізді осы қиын жағдайдан құтқарса, шүбәсіз, шүкіршілік ететіндердің қатарында боламыз», – дейсіңдер».

64

قُلِ ٱللَّهُ يُنَجِّيكُم مِّنْهَا وَمِن كُلِّ كَرْبࣲ ثُمَّ أَنتُمْ تُشْرِكُونَ

Оларға: «Сендерді сол жағдайдан һәм барлық қиындықтардан құтқаратын да, бәле-жаладан сақтайтын да бір Алла. Алайда сендер содан кейін (шүкіршілік білдірудің орнына) Аллаға қайтадан серік қосасыңдар», – деп айт.

65

قُلْ هُوَ ٱلْقَادِرُ عَلَىٰٓ أَن يَبْعَثَ عَلَيْكُمْ عَذَابࣰا مِّن فَوْقِكُمْ أَوْ مِن تَحْتِ أَرْجُلِكُمْ أَوْ يَلْبِسَكُمْ شِيَعࣰا وَيُذِيقَ بَعْضَكُم بَأْسَ بَعْضٍۗ ٱنظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ ٱلْـَٔايَٰتِ لَعَلَّهُمْ يَفْقَهُونَ

Сондай-ақ оларға: «Оның төбелеріңнен де, аяқтарыңның астынан да азап жіберуге немесе сендерді жік-жікке бөліп, біріңді-біріңе айдап салып, біріңнің жұдырығын біріңе жегізуге толық құдіретті», – деп айт. Қарашы, солар жақсылап түсінсін деп аяттарымызды, иман ақиқатын (тайға таңба басқандай етіп көрсететін) дәлелдерді қалай әр қырынан һәм жан-жақты баяндаудамыз.

66

وَكَذَّبَ بِهِۦ قَوْمُكَ وَهُوَ ٱلْحَقُّۚ قُل لَّسْتُ عَلَيْكُم بِوَكِيلࣲ

Алайда қауымың оны (Құранды) ақиқатқа тұнып тұрса да жалған деп сенбеді. Ендеше, оларға: «Мен сендер үшін жауап беретін кепілшілерің емеспін», – деп айт.

67

لِّكُلِّ نَبَإࣲ مُّسْتَقَرࣱّۚ وَسَوْفَ تَعْلَمُونَ

Айтылған әрбір хабардың жүзеге асатын кесімді мерзімі бар. Уақыты келгенде әлі-ақ көресіңдер.

68

وَإِذَا رَأَيْتَ ٱلَّذِينَ يَخُوضُونَ فِيٓ ءَايَٰتِنَا فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ حَتَّىٰ يَخُوضُوا۟ فِي حَدِيثٍ غَيْرِهِۦۚ وَإِمَّا يُنسِيَنَّكَ ٱلشَّيْطَٰنُ فَلَا تَقْعُدْ بَعْدَ ٱلذِّكْرَىٰ مَعَ ٱلْقَوْمِ ٱلظَّٰلِمِينَ

Аяттарымыз жайлы мазақ пен кекесінге толы алып-қашпа әңгіме айтып отырғандарды көрсең, олар басқа әңгімеге көшпейінше, олардан іргеңді аулақ сал. Егер шайтан саған мұны ұмыттырса, есіңе түсер-түспес ол жерден кетіп қал. Залым қауыммен бірге бір сәт те отырма.

69

وَمَا عَلَى ٱلَّذِينَ يَتَّقُونَ مِنْ حِسَابِهِم مِّن شَيْءࣲ وَلَٰكِن ذِكْرَىٰ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ

Аллаға тиісінше тағзым етіп, Оған қарсы келуден барынша сақтанатын тақуа жандар имансыздардың есебіндегі (күнәлі) істер үшін жауап бермейді. Алайда олардың міндеті, бәлкім, (Алланың ақиреттегі адам айтқысыз азабынан) қорқып, тәубесіне келер деп, имансыздарға насихат айту.

70

وَذَرِ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُوا۟ دِينَهُمْ لَعِبࣰا وَلَهْوࣰا وَغَرَّتْهُمُ ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَاۚ وَذَكِّرْ بِهِۦٓ أَن تُبْسَلَ نَفْسُۢ بِمَا كَسَبَتْ لَيْسَ لَهَا مِن دُونِ ٱللَّهِ وَلِيࣱّ وَلَا شَفِيعࣱ وَإِن تَعْدِلْ كُلَّ عَدْلࣲ لَّا يُؤْخَذْ مِنْهَآۗ أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ أُبْسِلُوا۟ بِمَا كَسَبُوا۟ۖ لَهُمْ شَرَابࣱ مِّنْ حَمِيمࣲ وَعَذَابٌ أَلِيمُۢ بِمَا كَانُوا۟ يَكْفُرُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Өз дінін ойыншық көріп, ойын-күлкіге айналдырып, дүниедегі қу тіршілікке алданғандармен әуре болма. Сен тек ешкім (Аллаға серік қосу сынды кешірілмес) күнәға батып, құрдымға кетпес үшін Құранмен уағыз-насихат айт. Әрбір жан өзінің Алладан басқа бірде-бір жанашыр досы да, арашалап алар қамқоршысы да жоқ екенін білсін. (Ақиретте күнәһар адам азаптан құтылу үшін күнәсінің өтеуі ретінде) қанша жерден підия берсе де одан қабыл алынбайды. Істеген күнәларының кесірінен жақсылық атаулының бәрінен мақұрым қалып, құрдымға кеткендер, міне, солар. Күпірлікте табандағаны үшін олардың сыбағасы өзектерін өртейтін қайнақ сусын мен жан төзгісіз азап болмақ.

71

قُلْ أَنَدْعُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُنَا وَلَا يَضُرُّنَا وَنُرَدُّ عَلَىٰٓ أَعْقَابِنَا بَعْدَ إِذْ هَدَىٰنَا ٱللَّهُ كَٱلَّذِي ٱسْتَهْوَتْهُ ٱلشَّيَٰطِينُ فِي ٱلْأَرْضِ حَيْرَانَ لَهُۥٓ أَصْحَٰبࣱ يَدْعُونَهُۥٓ إِلَى ٱلْهُدَى ٱئْتِنَاۗ قُلْ إِنَّ هُدَى ٱللَّهِ هُوَ ٱلْهُدَىٰۖ وَأُمِرْنَا لِنُسْلِمَ لِرَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

Оларға: «Сонда біз Алланы былай қалдырып, бізге пайда да, зиян да келтіре алмайтын (пұттарға немесе басқа да қауқарсыз жаратылыстарға) құлдық ұрып, жалынып-жалбарынамыз ба? Алла бізді тура жолға салғаннан кейін, «кел, бізге қосыл» деп тура жолға шақыратын жанашыр достары тұрғанда шайтандардың арбауы мен азғыруына түсіп, жер бетінде дал болып адасып жүрген ақымақ сияқты кері кетіп, Аллаға серік қосайық па?» – деп айт. Сондай-ақ: «Шүбәсіз, Алла көрсеткен жол – нағыз тура жол! Біз әлемдердің Раббысына жан-тәнімізбен мойынсұнуға бұйырылдық», – деп айт.

72

وَأَنْ أَقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَٱتَّقُوهُۚ وَهُوَ ٱلَّذِيٓ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ

Сонымен қатар, бізге: «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар және Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық аясында өмір сүріңдер», – деп те бұйырылды. Ол сондай Алла – барлығың (өлгеннен кейін қайта тіріліп) Оның дәргейіне жиналасыңдар.

73

وَهُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ بِٱلْحَقِّۖ وَيَوْمَ يَقُولُ كُن فَيَكُونُۚ قَوْلُهُ ٱلْحَقُّۚ وَلَهُ ٱلْمُلْكُ يَوْمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِۚ عَٰلِمُ ٱلْغَيْبِ وَٱلشَّهَٰدَةِۚ وَهُوَ ٱلْحَكِيمُ ٱلْخَبِيرُ

Ол сондай құдіреті шексіз Алла – күллі аспан әлемі мен жерді ақиқат һәм хикмет негізінде жаратты. Ол «бол» дегенде, не нәрсе болса да, бірден бола қалады. Оның («бол» деген пәрмені сияқты әрбір) сөзі де ақиқат. «Сур» үрленетін күні де бар билік бір Өзіне тиесілі болады. Ол ғайыпты да, жарияны да (яғни, сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді де, сезім мүшелерімен сезілетін жария әлемді де) толық біледі. Ол – (әр ісі мен әрбір үкімінде талай ғибрат болған) асқан даналық иесі, барлық нәрседен толық хабардар болушы.

74

۞وَإِذْ قَالَ إِبْرَٰهِيمُ لِأَبِيهِ ءَازَرَ أَتَتَّخِذُ أَصْنَامًا ءَالِهَةً إِنِّيٓ أَرَىٰكَ وَقَوْمَكَ فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينࣲ

Кезінде Ибраһим әкесі Әзарға: «Сонда сен пұттарды құдай тұтасың ба? Шынында, мен сенің де, қауымыңның да анық адасуда екендеріңді көріп тұрмын», – деп айтты.

75

وَكَذَٰلِكَ نُرِيٓ إِبْرَٰهِيمَ مَلَكُوتَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَلِيَكُونَ مِنَ ٱلْمُوقِنِينَ

Міне, осылайша Ибраһимге (Аллаға серік қосуды өте жаман іс етіп көрсеткеніміздей) иманда кемелдікке жетуі үшін күллі аспан әлемі мен жердегі ұлы ақиқатты (яғни, жеті қат аспан мен жерді һәм екеуінің ішіндегі бар жаратылысты қалай толық меңгеріп тұрғанымызды һәм онда қандай мінсіз жүйе қалыптастырғанымызды) көрсеттік.

76

فَلَمَّا جَنَّ عَلَيْهِ ٱلَّيْلُ رَءَا كَوْكَبࣰاۖ قَالَ هَٰذَا رَبِّيۖ فَلَمَّآ أَفَلَ قَالَ لَآ أُحِبُّ ٱلْـَٔافِلِينَ

Түн болғанда Ибраһим (көп жұлдыздың ішінен ерекше) бір жұлдызды көріп: «Міне, (айтқандарыңа қарағанда) шамасы менің Раббым осы», – деді. Алайда жұлдыз сөніп, көзден ғайып болғанда, ол: «Мен сөніп, ғайып болатындарды ұнатпаймын», – деп айтты.

77

فَلَمَّا رَءَا ٱلْقَمَرَ بَازِغࣰا قَالَ هَٰذَا رَبِّيۖ فَلَمَّآ أَفَلَ قَالَ لَئِن لَّمْ يَهْدِنِي رَبِّي لَأَكُونَنَّ مِنَ ٱلْقَوْمِ ٱلضَّآلِّينَ

Басқа бір түні толған айды көргенде: «Міне, (айтқандарыңа қарағанда) менің Раббым осы болар», – деді. Ол да сөніп, көзден ғайып болғанда: «Егер мені Раббымның өзі тура жолға салмаса, шүбәсіз, адасқандардың бірі болар едім», – деп айтты.

78

فَلَمَّا رَءَا ٱلشَّمْسَ بَازِغَةࣰ قَالَ هَٰذَا رَبِّي هَٰذَآ أَكْبَرُۖ فَلَمَّآ أَفَلَتْ قَالَ يَٰقَوْمِ إِنِّي بَرِيٓءࣱ مِّمَّا تُشْرِكُونَ

Басқа бір күні шығып келе жатқан Күнді көріп бірден: «(Айтқандарыңа қарағанда) менің Раббым осы шығар, бұл бәрінен де зор екен», – деді. Кейін ол да батып, көзден ғайып болғанда: «Уа, қауымым, мен сендердің Аллаға серік етіп қосқандарыңнан (яғни жұлдызға, айға, күнге, пұттарға және солар сияқты басқа да жаратылыс атаулыға табынудан) аулақпын», – деді.

79

إِنِّي وَجَّهْتُ وَجْهِيَ لِلَّذِي فَطَرَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ حَنِيفࣰاۖ وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ

«Шынында, мен жалған діндердің бәрінен сырт айналып, жүзімді күллі аспан әлемі мен жердің жалғыз жаратушысы (Аллаға) қараттым. Мен сендер сияқты мүшрік емеспін», – деді.

80

وَحَآجَّهُۥ قَوْمُهُۥۚ قَالَ أَتُحَٰٓجُّوٓنِّي فِي ٱللَّهِ وَقَدْ هَدَىٰنِۚ وَلَآ أَخَافُ مَا تُشْرِكُونَ بِهِۦٓ إِلَّآ أَن يَشَآءَ رَبِّي شَيْـࣰٔاۚ وَسِعَ رَبِّي كُلَّ شَيْءٍ عِلْمًاۚ أَفَلَا تَتَذَكَّرُونَ

Сол кезде қауымы Ибраһиммен сөз талас-тыра бастады. Сонда ол қауымына: «Сендер менімен мені тура жолға салған Алла жайлы сөз таластырмақсыңдар ма? Мен сендердің Аллаға серік етіп қосқандарыңнан қорықпаймын. Қайткен күнде де Алланың қалағаны болады. Алланың маңдайыма жазғанын көремін. Раббым шексіз ілімімен барлық нәрсені толық қамтыған. Сәл де болса ойланып, ғибрат алмайсыңдар ма?»

81

وَكَيْفَ أَخَافُ مَآ أَشْرَكْتُمْ وَلَا تَخَافُونَ أَنَّكُمْ أَشْرَكْتُم بِٱللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِۦ عَلَيْكُمْ سُلْطَٰنࣰاۚ فَأَيُّ ٱلْفَرِيقَيْنِ أَحَقُّ بِٱلْأَمْنِۖ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ

«Алла сендерге құдай екендігіне қатысты бірде-бір дәлел түсірмеген нәрселерді Оған серік етіп қосудан қорықпасаңдар, мен сендердің Аллаға серік етіп қосқандарыңнан не үшін қорқуым керек? Егер ілімнен нәсіптерің болса, қане, айтыңдаршы, бұл екі тараптың (сендер мен менің) қайсысы өзін қауіпсіздікте сезінуге әлдеқайда лайық?» – деп айтты.

82

ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَلَمْ يَلْبِسُوٓا۟ إِيمَٰنَهُم بِظُلْمٍ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمُ ٱلْأَمْنُ وَهُم مُّهْتَدُونَ

Иман келтірген һәм сол иманына Аллаға серік қосу сынды ең үлкен зұлымдықты (яғни, кешірілмес күнәні) араластырмағандар бар ғой, міне, солар өздерін қауіпсіздікте сезінуге әлдеқайда лайық. Тура жолда болғандар да солар.

83

وَتِلْكَ حُجَّتُنَآ ءَاتَيْنَٰهَآ إِبْرَٰهِيمَ عَلَىٰ قَوْمِهِۦۚ نَرْفَعُ دَرَجَٰتࣲ مَّن نَّشَآءُۗ إِنَّ رَبَّكَ حَكِيمٌ عَلِيمࣱ

Міне, осылардың бәрі Ибраһимге қауымына қарсы қолдансын деп берген дәлелдеріміз еді. Біз қалаған пендеміздің дәрежесін көтеріп, мерейін өсіреміз. Шүбәсіз, сенің Раббың – Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі), Алим (бәрін әсіресе, құлдарының арасынан кімнің неге лайық екенін жақсы білетін шексіз ілім иесі).

84

وَوَهَبْنَا لَهُۥٓ إِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَۚ كُلًّا هَدَيْنَاۚ وَنُوحًا هَدَيْنَا مِن قَبْلُۖ وَمِن ذُرِّيَّتِهِۦ دَاوُۥدَ وَسُلَيْمَٰنَ وَأَيُّوبَ وَيُوسُفَ وَمُوسَىٰ وَهَٰرُونَۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْمُحْسِنِينَ

Кейін Ибраһимге Исхақ пен (немересі) Яқубты нәсіп еттік. Олардың әрқайсысын тура жолға салдық (һәм пайғамбар қылдық). Одан бұрын Нұхты да тура жолға салған (һәм пайғамбар қылған) едік. Сондай-ақ Ибраһимнің нәсілінен Дәуітті, Сүлейменді, Әйюбты, Юсуфті, Мұсаны және Һарунды да тура жолға салдық (һәм олардың әрқайсысына пайғамбарлық міндет жүктедік). Біз (ізгілікке құштар) игі жандарды, міне, осылай сый-сияпатқа бөлейміз.

85

وَزَكَرِيَّا وَيَحْيَىٰ وَعِيسَىٰ وَإِلْيَاسَۖ كُلࣱّ مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ

Зәкәрияны, Яхияны, Исаны және Ильясты да тура жолға салдық. Олардың барлығы да ізгі жандар еді.

86

وَإِسْمَٰعِيلَ وَٱلْيَسَعَ وَيُونُسَ وَلُوطࣰاۚ وَكُلࣰّا فَضَّلْنَا عَلَى ٱلْعَٰلَمِينَ

Сондай-ақ Исмайылды, Әл-Ясағды, Юнусті және Лутты да тура жолға салдық һәм олардың әрбірінің мерейін өз дәуіріндегі адамдардан үстем қылдық.

87

وَمِنْ ءَابَآئِهِمْ وَذُرِّيَّٰتِهِمْ وَإِخْوَٰنِهِمْۖ وَٱجْتَبَيْنَٰهُمْ وَهَدَيْنَٰهُمْ إِلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ

Олардың ата-бабаларының, ұрпақтарының және бауырларының арасынан да кейбірін таңдап, (мерейін үстем қылып), тура жолға салдық.

88

ذَٰلِكَ هُدَى ٱللَّهِ يَهْدِي بِهِۦ مَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦۚ وَلَوْ أَشْرَكُوا۟ لَحَبِطَ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Алланың тура жолы, міне, осы. Ол құлдарының арасынан қалағанын осы жолға түсіреді. Егер олар да Аллаға серік қосқандарында, істеген бүкіл істері, жиған сауаптары текке кетер еді.

89

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ ءَاتَيْنَٰهُمُ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْحُكْمَ وَٱلنُّبُوَّةَۚ فَإِن يَكْفُرْ بِهَا هَٰٓؤُلَآءِ فَقَدْ وَكَّلْنَا بِهَا قَوْمࣰا لَّيْسُوا۟ بِهَا بِكَٰفِرِينَ

Міне, Біз осынау таңдаулы тұлғаларға Кітап, даналық, билік һәм пайғамбарлық бердік. Ендеше, (уа, расулым), егер мына кәпірлер де өзіңе берген осынау аманаттарымызды мойындамайтын болса, шүбәсіз, Біз оларды мойындайтын, күпірлік қылмайтын қауымға табыстаймыз.

90

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ هَدَى ٱللَّهُۖ فَبِهُدَىٰهُمُ ٱقْتَدِهْۗ قُل لَّآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًاۖ إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرَىٰ لِلْعَٰلَمِينَ

Міне, осы таңдаулы тұлғалар – Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, (уа, расулым), сен де солардың тура жолына түс һәм (қауымыңа): «Мен пайғамбарлық міндетімді атқарғаным үшін сендерден ақы сұрамаймын. Бұл Кітапты үгіттеуімнің жалғыз себебі – оның күллі әлемге (яғни, ақыл-есі бар бүкіл жаратылысқа) ескерту һәм насихат болғандығы», – деп айт.

91

وَمَا قَدَرُوا۟ ٱللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِۦٓ إِذْ قَالُوا۟ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ عَلَىٰ بَشَرࣲ مِّن شَيْءࣲۗ قُلْ مَنْ أَنزَلَ ٱلْكِتَٰبَ ٱلَّذِي جَآءَ بِهِۦ مُوسَىٰ نُورࣰا وَهُدࣰى لِّلنَّاسِۖ تَجْعَلُونَهُۥ قَرَاطِيسَ تُبْدُونَهَا وَتُخْفُونَ كَثِيرࣰاۖ وَعُلِّمْتُم مَّا لَمْ تَعْلَمُوٓا۟ أَنتُمْ وَلَآ ءَابَآؤُكُمْۖ قُلِ ٱللَّهُۖ ثُمَّ ذَرْهُمْ فِي خَوْضِهِمْ يَلْعَبُونَ

(Кейбір яһудилер): «Алла ешкімге еш нәрсе де түсірген жоқ», – деп айту арқылы өздерінің Алланы лайықты түрде тани да, бағалай да алмағандығын көрсетті. (Уа, Мұхаммед!) Ендеше, оларға былай деп айт: «Олай болса, Мұсаның адамдар үшін нұр және тура жолға бастайтын жолбасшы ретінде әкелгенін, алайда сендердің жеке-жеке парақтарға көшіріп алып бір бөлігін көрсетіп, басым бөлігін жасырып қойған һәм сендерге өздерің де, ата-бабаларың да білмейтін нәрселерді үйреткен Кітапты кім түсірді? (Әлбетте), Алла түсірді», – деп айт. Содан кейін оларды жайына қоя бер, өздері бойлаған батпаққа (яғни жалғанға) белшесінен батып, ойнап-күліп жүре берсін.

92

وَهَٰذَا كِتَٰبٌ أَنزَلْنَٰهُ مُبَارَكࣱ مُّصَدِّقُ ٱلَّذِي بَيْنَ يَدَيْهِ وَلِتُنذِرَ أُمَّ ٱلْقُرَىٰ وَمَنْ حَوْلَهَاۚ وَٱلَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِٱلْـَٔاخِرَةِ يُؤْمِنُونَ بِهِۦۖ وَهُمْ عَلَىٰ صَلَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ

Біз түсірген мына Құран да тұнып тұрған берекет, өзінен бұрынғы иләһи кітаптарды растаушы, сондай-ақ шаһарлардың анасы Мекке халқын және соның айналасындағы ел-жұртты ескертуің үшін түсірген кітабымыз. Ақиретке иланатындар оған да иланады һәм намаздарын қаза қылмай уақытылы оқиды.

93

وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ ٱفْتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَوْ قَالَ أُوحِيَ إِلَيَّ وَلَمْ يُوحَ إِلَيْهِ شَيْءࣱ وَمَن قَالَ سَأُنزِلُ مِثْلَ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُۗ وَلَوْ تَرَىٰٓ إِذِ ٱلظَّٰلِمُونَ فِي غَمَرَٰتِ ٱلْمَوْتِ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةُ بَاسِطُوٓا۟ أَيْدِيهِمْ أَخْرِجُوٓا۟ أَنفُسَكُمُۖ ٱلْيَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ ٱلْهُونِ بِمَا كُنتُمْ تَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ غَيْرَ ٱلْحَقِّ وَكُنتُمْ عَنْ ءَايَٰتِهِۦ تَسْتَكْبِرُونَ

Өз ойынан өтірік айтып, сол өтірікті Аллаға телігеннен (яғни, «Алла еш нәрсе түсірген жоқ» деп өтірік айтқаннан) немесе өзіне ешқандай уахи келмесе де, «маған да уахи келді» дегеннен, яки «Алланың түсіргенін мен де түсіре аламын» деп бөскеннен асқан залым бар ма? (Уа, Мұхаммед!) Залымдар өлім аузында жанталасып жатқанда, өлім періштелері олардың жағасына қол салып: «Шығарыңдар жандарыңды! Алла жайлы (шындыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын) жалған сөз айтқандарың, Оның аяттарына иман келтіруді ар көріп, тәкаппарланғандарың үшін бүгін өздеріңді қор қылатын азапқа душар болып, сазайларыңды тартасыңдар», – дегенде, олардың сұрқын көрсең ғой.

94

وَلَقَدْ جِئْتُمُونَا فُرَٰدَىٰ كَمَا خَلَقْنَٰكُمْ أَوَّلَ مَرَّةࣲ وَتَرَكْتُم مَّا خَوَّلْنَٰكُمْ وَرَآءَ ظُهُورِكُمْۖ وَمَا نَرَىٰ مَعَكُمْ شُفَعَآءَكُمُ ٱلَّذِينَ زَعَمْتُمْ أَنَّهُمْ فِيكُمْ شُرَكَٰٓؤُا۟ۚ لَقَد تَّقَطَّعَ بَيْنَكُمْ وَضَلَّ عَنكُم مَّا كُنتُمْ تَزْعُمُونَ

(Қиямет күні Хақ тағала): «Міне, сендерді әу баста қалай жаратқан болсақ, бүгін де алдымызға дәл солай (жалаңаш күйде), өздеріңе бергеніміздің бәрін арттарыңа тастап жалғыз келдіңдер. (Дүниеде жүргендеріңде) Аллаға серік етіп қосқан және айтқандарыңа қарағанда Оған жақындататын, өздеріңе араша түсетін (пұттарың) қане, көрінбейді ғой?! Міне, көрдіңдер ме, араларыңдағы байланыс бірінен соң бірі үзіліп, «бізге араша түседі» деп сенгендерің сендерді тәрк етіп, көзден ғайып болды», – деп айтады.

95

۞إِنَّ ٱللَّهَ فَالِقُ ٱلْحَبِّ وَٱلنَّوَىٰۖ يُخْرِجُ ٱلْحَيَّ مِنَ ٱلْمَيِّتِ وَمُخْرِجُ ٱلْمَيِّتِ مِنَ ٱلْحَيِّۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُۖ فَأَنَّىٰ تُؤْفَكُونَ

Шүбәсіз, (топыраққа түскен) тұқымды да, дәнді де жарып (оларды бір жағынан топырақта шірітсе, бір жағынан оларға жаңа тіршілік сыйлау арқылы бүкіл өсімдіктерді жарататын) бір Алла. Ол өліден тіріні шығарады һәм тіріден өліні шығарушы. Міне, (шын Құдай) Алла осы. Ендеше, (осынау ақиқаттар «мен мұндалап» тұрғанда) олардан қалай ғана сырт айналып, сағым қуып, сан қилы теріс жолдарға түсіп кете барудасыңдар?!

96

فَالِقُ ٱلْإِصْبَاحِ وَجَعَلَ ٱلَّيْلَ سَكَنࣰا وَٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَ حُسْبَانࣰاۚ ذَٰلِكَ تَقْدِيرُ ٱلْعَزِيزِ ٱلْعَلِيمِ

Қараңғы түнді жарып таңды атыратын да бір Алла. Сондай-ақ түнді бел жазып, тынығуларың үшін, күн мен айды, уақытты есептеулерің үшін жаратты. Міне, бұл – бәрінен үстем, ұлы һәм бәрін білетін шексіз ілім иесі Алланың жазғаны (орнатқан заңы).

97

وَهُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلنُّجُومَ لِتَهْتَدُوا۟ بِهَا فِي ظُلُمَٰتِ ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِۗ قَدْ فَصَّلْنَا ٱلْـَٔايَٰتِ لِقَوْمࣲ يَعْلَمُونَ

Ол – жұлдыздарды сендердің игіліктеріңе, құрлық пен теңіздің қараңғылығында жол тауып адаспай жүрулерің үшін жаратқан Алла. Біз расында да, білімділер мен білгісі келетіндер үшін (ақиқаттың) дәлелдерін осылайша егжей-тегжейлі келтірдік һәм аяттарымызды да дәл солай тарқатып баяндаймыз.

98

وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَنشَأَكُم مِّن نَّفْسࣲ وَٰحِدَةࣲ فَمُسْتَقَرࣱّ وَمُسْتَوْدَعࣱۗ قَدْ فَصَّلْنَا ٱلْـَٔايَٰتِ لِقَوْمࣲ يَفْقَهُونَ

Сондай-ақ Ол – сендерді бір жаннан (бір кісіден) жаратқан Алла. Содан кейін сендер үшін тұрақтайтын жер (яғни, ана құрсағы немесе жер беті) әрі аманат ретінде уақытша тұратын жер (яғни, әкенің белі немесе қабір) бар. Біз расында да ақиқатты терең һәм кеңінен түсінгісі келетін қауым үшін айқын дәлелдерімізді осылайша егжей-тегжейлі келтірдік һәм аяттарымызды да дәл солай тарқатып баяндадық.

99

وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَأَخْرَجْنَا بِهِۦ نَبَاتَ كُلِّ شَيْءࣲ فَأَخْرَجْنَا مِنْهُ خَضِرࣰا نُّخْرِجُ مِنْهُ حَبࣰّا مُّتَرَاكِبࣰا وَمِنَ ٱلنَّخْلِ مِن طَلْعِهَا قِنْوَانࣱ دَانِيَةࣱ وَجَنَّٰتࣲ مِّنْ أَعْنَابࣲ وَٱلزَّيْتُونَ وَٱلرُّمَّانَ مُشْتَبِهࣰا وَغَيْرَ مُتَشَٰبِهٍۗ ٱنظُرُوٓا۟ إِلَىٰ ثَمَرِهِۦٓ إِذَآ أَثْمَرَ وَيَنْعِهِۦٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكُمْ لَـَٔايَٰتࣲ لِّقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ

Ол Алла көктен су түсіреді. Кейін сол сумен әр алуан өсімдікті (топыраққа көмілген тұқымын жарып) шығарамыз. Сол өсімдіктен алдымен жас өркен өсіріп шығарамыз, содан кейін егінге бас алдырып, жанына қарай һәм бірінің үстіне бірі қатарласқан дәндерден масақ шығарамыз. Құрма ағашының бүршігінен салбырап өскен шоқ-шоқ құрмалар, сондай-ақ бір жағынан, бір-біріне ұқсайтын, екінші жағынан, мүлдем ұқсамайтын (бір топырақтан һәм бірдей минералдармен қоректенгеніне қарамастан, түрі, түсі, иісі және дәмі жағынан әр алуан) жүзім, зәйтун, анар бау-бақшаларын өсіреміз. Бұлардың әрқайсысының жемісіне жаңа өніп-өскенде (яғни шикі кезінде) һәм толықсып піскенде, зер салып қарашы. Әрине, мұның бәрінде иман келтіретін қауым үшін айқын дәлелдер, анық белгілер бар.

100

وَجَعَلُوا۟ لِلَّهِ شُرَكَآءَ ٱلْجِنَّ وَخَلَقَهُمْۖ وَخَرَقُوا۟ لَهُۥ بَنِينَ وَبَنَٰتِۭ بِغَيْرِ عِلْمࣲۚ سُبْحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يَصِفُونَ

Соған қарамастан (мүшріктер) жындарды Аллаға серік етіп қосты. Анығында, оларды да Алла жаратты. Һәм мұнымен қоймай, олардың бірқатары надандықпен «Оның ұл-қызы бар» дегенді шығарды. Алла мүшріктердің Өзіне теліп жүрген сипаттарынан ада һәм ұлы.

101

بَدِيعُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۖ أَنَّىٰ يَكُونُ لَهُۥ وَلَدࣱ وَلَمْ تَكُن لَّهُۥ صَٰحِبَةࣱۖ وَخَلَقَ كُلَّ شَيْءࣲۖ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمࣱ

Ол – күллі аспан әлемі мен жерді жоқтан жаратқан Алла. Оның жұбайы болмаса баласы қайдан болсын?! Ол жаратылыс атаулыны бір Өзі жаратты. Ол – барлық нәрсені лайықты түрде білетін шексіз ілім иесі.

102

ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمْۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ خَٰلِقُ كُلِّ شَيْءࣲ فَٱعْبُدُوهُۚ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ وَكِيلࣱ

Міне, Раббыларың болған Алла осы. Одан басқа құдай жоқ, Ол – барлық нәрсенің (жалғыз) жаратушысы. Ендеше, бір Өзіне құлшылық етіңдер. Ол – бәрін ретке келтіруші, барлық нәрсенің тізгінін ұстаған (ұлы Жаратушы)!

103

لَّا تُدْرِكُهُ ٱلْأَبْصَٰرُ وَهُوَ يُدْرِكُ ٱلْأَبْصَٰرَۖ وَهُوَ ٱللَّطِيفُ ٱلْخَبِيرُ

Көздердің Оны көруге шамасы жетпейді, бірақ Ол барлық көздерді көріп, шексіз ілімімен олардың барлық жай-күйін біліп тұрады. Ол – Латиф (ешкім көре де, сезе де алмайтын нәрселерді көріп, сезе алушы, шексіз ілімімен жүрек түкпірінде жатқан ең құпия сырлардың бәрін білуші һәм өте қайырымды), Хабир (бәрінен толық хабардар).

104

قَدْ جَآءَكُم بَصَآئِرُ مِن رَّبِّكُمْۖ فَمَنْ أَبْصَرَ فَلِنَفْسِهِۦۖ وَمَنْ عَمِيَ فَعَلَيْهَاۚ وَمَآ أَنَا۠ عَلَيْكُم بِحَفِيظࣲ

Расында, сендерге Раббыларыңнан ақиқатты көре алуларың үшін ап-айқын нұрлы сезімдер (жүрек көзі) келді. Ендеше, кімде-кім жүрек көзін ашып, маңдайындағы көзін де соған бағындыратын болса, өз пайдасына, ал кімнің көкірегі көр соқыр болса, өз зиянына. (Уа, Мұхаммед! Оларға): «Мен сендердің (төбелеріңнен төніп, әрдайым бақылап тұратын) қорушыларың емеспін», – де.

105

وَكَذَٰلِكَ نُصَرِّفُ ٱلْـَٔايَٰتِ وَلِيَقُولُوا۟ دَرَسْتَ وَلِنُبَيِّنَهُۥ لِقَوْمࣲ يَعْلَمُونَ

Міне, осылайша Құран аяттарында айқын көрініс тапқан ақиқаттың дәлелдерін әр қырынан һәм егжей-тегжейлі баяндаймыз. (Нәтижеде кәпірлер): «Сен бұларды біреуден оқып, үйреніп алып бізге айтып берудесің», – деп айтады. Алайда Біз білімділер мен білгісі келетін қауым үшін Құран арқылы бар ақиқатты тарқатып ашық баяндауды қалаймыз.

106

ٱتَّبِعْ مَآ أُوحِيَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ وَأَعْرِضْ عَنِ ٱلْمُشْرِكِينَ

Ендеше, өзіңе Раббыңнан не уахи етілсе, соны басшылыққа ал. Одан басқа құдай жоқ. Мүшріктерден сырт айнал (яғни, олар не айтса айта берсін, көңіліңе алма, оларға аса мән берме).

107

وَلَوْ شَآءَ ٱللَّهُ مَآ أَشْرَكُوا۟ۗ وَمَا جَعَلْنَٰكَ عَلَيْهِمْ حَفِيظࣰاۖ وَمَآ أَنتَ عَلَيْهِم بِوَكِيلࣲ

Егер Алла қаласа, олар Оған еш нәрсені серік етіп қоспайтын еді (олай болса, Аллаға серік қосты екен деп, олар үшін қайғырма). Біз сені оларға төбелерінен төніп, әрдайым бақылап тұратын қорушы етіп қойған жоқпыз һәм олар үшін жауап беретін кепілшілері де емессің.

108

وَلَا تَسُبُّوا۟ ٱلَّذِينَ يَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ فَيَسُبُّوا۟ ٱللَّهَ عَدْوَۢا بِغَيْرِ عِلْمࣲۗ كَذَٰلِكَ زَيَّنَّا لِكُلِّ أُمَّةٍ عَمَلَهُمْ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّهِم مَّرْجِعُهُمْ فَيُنَبِّئُهُم بِمَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Олардың Алладан басқа тәңір тұтып, жалынып-жалбарынатын құдайларына тіл тигізбеңдер. Әйтпесе, олар да надандықпен һәм өшпенділікпен Аллаға тіл тигізіп, шектен шығады. Міне, осылайша әр үмбетке, әр қауымға өз ісін «безендіріп» сондай керемет етіп көрсетеміз. Алайда түбінде барлығы да Раббыларына (Аллаға) қайтады. Сол кезде Раббылары (дүниеде) не істеп, не қойғандарын өздеріне түгелдей айтып береді һәм сол үшін бәрін жауапқа тартады.

109

وَأَقْسَمُوا۟ بِٱللَّهِ جَهْدَ أَيْمَٰنِهِمْ لَئِن جَآءَتْهُمْ ءَايَةࣱ لَّيُؤْمِنُنَّ بِهَاۚ قُلْ إِنَّمَا ٱلْـَٔايَٰتُ عِندَ ٱللَّهِۖ وَمَا يُشْعِرُكُمْ أَنَّهَآ إِذَا جَآءَتْ لَا يُؤْمِنُونَ

Мүшріктер өздері талап еткендей өзгеше бір мұғжиза көрсетілетін болса, оған кәміл сенетіндігін айтып, жатып кеп Алланың атымен ант-су ішті. Оларға: «Мұғжизалар бір Алланың құзырында», – деп айт. (Уа, мүміндер!) Оларға қалаған мұғжизалары көрсетілсе де, бәрібір иман келтірмейтіндігін білмейсіңдер ме?!

110

وَنُقَلِّبُ أَفْـِٔدَتَهُمْ وَأَبْصَٰرَهُمْ كَمَا لَمْ يُؤْمِنُوا۟ بِهِۦٓ أَوَّلَ مَرَّةࣲ وَنَذَرُهُمْ فِي طُغْيَٰنِهِمْ يَعْمَهُونَ

Олар әу баста қалай сенбеген болса, (бүгін де иман етейік деген ниеттері болмағандықтан) жүректері мен көздерін (ақиқатты көрмейтін һәм мүлдем сезбейтін етіп) теріс бағытқа бұрып жібереміз де азғындап, адасқан күйде мәңгіріп жүре беруіне жол береміз.

111

۞وَلَوْ أَنَّنَا نَزَّلْنَآ إِلَيْهِمُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةَ وَكَلَّمَهُمُ ٱلْمَوْتَىٰ وَحَشَرْنَا عَلَيْهِمْ كُلَّ شَيْءࣲ قُبُلࣰا مَّا كَانُوا۟ لِيُؤْمِنُوٓا۟ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ يَجْهَلُونَ

Оларға (өздері сұрағандай) көктен періштелерді түсірсек те, өлілер тіріліп оларға тіл қатса да, тіпті қалағандарының бәрін жиып-теріп алдарына әкеліп қойсақ та, бәрібір иман келтірмейді. Тек Алла қалап (әрі оңдап), иман келтіргендерінің жөні бөлек. Алайда олардың басым көпшілігі (қу нәпсінің жетегінде кетіп, надандық пен ғапылдықтан арыла алмағаны үшін иманнан һәм өзге де ақиқаттардан) мүлдем бейхабар һәм ғапыл.

112

وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوࣰّا شَيَٰطِينَ ٱلْإِنسِ وَٱلْجِنِّ يُوحِي بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضࣲ زُخْرُفَ ٱلْقَوْلِ غُرُورࣰاۚ وَلَوْ شَآءَ رَبُّكَ مَا فَعَلُوهُۖ فَذَرْهُمْ وَمَا يَفْتَرُونَ

Міне, осылайша әр пайғамбарға адам мен жынның шайтандарын дұшпан етіп қарсы қойдық. Бұлар алдап, азғыру үшін бір-біріне (құлаққа майдай жағатын) бояма сөздерді сыбырлайды. Егер Раббың (олардың ондай істерге баруына жол бермеуді) қаласа, олар олай істей алмас еді. Ендеше, оларды өз ойларынан шығарған жала-өтіріктерімен қоса қоя бер, білгендерін істей тұрсын.

113

وَلِتَصْغَىٰٓ إِلَيْهِ أَفْـِٔدَةُ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱلْـَٔاخِرَةِ وَلِيَرْضَوْهُ وَلِيَقْتَرِفُوا۟ مَا هُم مُّقْتَرِفُونَ

Сондай-ақ олар ондай (құлаққа майдай жағатын) бояма сөздерді ақиретке сенбейтіндердің жүректері соның ұйығына тартылып, содан ләззат алсын һәм істеп жүрген күнәларын жалғастыра түссін деген есеппен айтады.

114

أَفَغَيْرَ ٱللَّهِ أَبْتَغِي حَكَمࣰا وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ إِلَيْكُمُ ٱلْكِتَٰبَ مُفَصَّلࣰاۚ وَٱلَّذِينَ ءَاتَيْنَٰهُمُ ٱلْكِتَٰبَ يَعْلَمُونَ أَنَّهُۥ مُنَزَّلࣱ مِّن رَّبِّكَ بِٱلْحَقِّۖ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلْمُمْتَرِينَ

Оларға: «Сендерге бұл Кітапты (ақиқат пен жалғанның ара жігін ажыратып, ненің ақ, ненің қара екенін) анық баяндап түсірген Алла тұрғанда (арамыздағы дау-дамайды әділ шешу үшін) Алладан өзге билік айтып, үкім шығарушыны іздейін бе?» – деп айт. Біз кітап берген (яһуди және христиан ғалымдары да) оның Раббың тарапынан ақиқаттың нақ өзі болып бірте-бірте түсірілгенін біледі. Ендеше, күмәншілдерге қосылма!

115

وَتَمَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ صِدْقࣰا وَعَدْلࣰاۚ لَّا مُبَدِّلَ لِكَلِمَٰتِهِۦۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

Раббыңның «Сөзі» (яғни, Құрандағы бар мәліметтер мен үкімдер) шындық һәм әділдік тұрғысынан кемел. Оның «Сөздерін» (яғни, күллі болмысқа, жаратылыс атаулыға, соның ішінде адамзатқа қатысты үкімдерін) өзгерте алатын ешқандай күш жоқ. Ол – бәрін естуші, бәрін білетін шексіз ілім иесі.

116

وَإِن تُطِعْ أَكْثَرَ مَن فِي ٱلْأَرْضِ يُضِلُّوكَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ إِن يَتَّبِعُونَ إِلَّا ٱلظَّنَّ وَإِنْ هُمْ إِلَّا يَخْرُصُونَ

Егер жер бетіндегілердің көпшілігінің сөзіне еріп, ырқына көнетін болсаң, сені Алланың ақ жолынан адастырып жібереді. Өйткені олар (ілімнің емес) құр болжалдың жетегінде жүреді, әрі тек қу нәпсінің өлшемдеріне, әуейіліктері мен бас пайдаларына қарай үкім айтады.

117

إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ مَن يَضِلُّ عَن سَبِيلِهِۦۖ وَهُوَ أَعْلَمُ بِٱلْمُهْتَدِينَ

Шүбәсіз, Раббың Өзінің жолынан адасқандарды жақсы біледі. Сондай-ақ Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі.

118

فَكُلُوا۟ مِمَّا ذُكِرَ ٱسْمُ ٱللَّهِ عَلَيْهِ إِن كُنتُم بِـَٔايَٰتِهِۦ مُؤْمِنِينَ

Егер Алланың аяттарына шынымен сенетін мүмін болсаңдар, Оның аты аталып сойылған малдардың етінен жей беріңдер.

119

وَمَا لَكُمْ أَلَّا تَأْكُلُوا۟ مِمَّا ذُكِرَ ٱسْمُ ٱللَّهِ عَلَيْهِ وَقَدْ فَصَّلَ لَكُم مَّا حَرَّمَ عَلَيْكُمْ إِلَّا مَا ٱضْطُرِرْتُمْ إِلَيْهِۗ وَإِنَّ كَثِيرࣰا لَّيُضِلُّونَ بِأَهْوَآئِهِم بِغَيْرِ عِلْمٍۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِٱلْمُعْتَدِينَ

Алла сендерге мәжбүр болмайынша жеуді харам еткен нәрселерін ашық баяндап, егжей-тегжейлі түсіндірді, олай болса, Алланың аты аталып сойылған адал малдың етінен неге жемейді екенсіңдер? Біліп қойыңдар, көптеген адамдар (Алладан келген) хақ ілімге сүйенбестен әуейіліктеріне еріп, өз ойынан (үкім айтып), ел-жұртты тура жолдан адастыруда. Шүбәсіз, Раббың шектен шыққандарды жақсы біледі.

120

وَذَرُوا۟ ظَٰهِرَ ٱلْإِثْمِ وَبَاطِنَهُۥٓۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَكْسِبُونَ ٱلْإِثْمَ سَيُجْزَوْنَ بِمَا كَانُوا۟ يَقْتَرِفُونَ

Ашықтан-ашық жасалатын жария күнәні де, жасырын күнәні де қойыңдар! Расында, үнемі күнәға бататындар істеген күнәларының сазайын міндетті түрде тартады.

121

وَلَا تَأْكُلُوا۟ مِمَّا لَمْ يُذْكَرِ ٱسْمُ ٱللَّهِ عَلَيْهِ وَإِنَّهُۥ لَفِسْقࣱۗ وَإِنَّ ٱلشَّيَٰطِينَ لَيُوحُونَ إِلَىٰٓ أَوْلِيَآئِهِمْ لِيُجَٰدِلُوكُمْۖ وَإِنْ أَطَعْتُمُوهُمْ إِنَّكُمْ لَمُشْرِكُونَ

Сондай-ақ Алланың аты аталмай сойылған малдың етінен жемеңдер, өйткені оны жеу хақ жолдан таю һәм күнә болып табылады. Шүбәсіз, шайтандар өздерінің достарын, нөкерлерін сендермен күрессін деп үнемі (саналарына сұмдық ойлар салып) азғырады. Егер солардың айдағанына жүріп, айтқанына көнсеңдер, онда шүбәсіз, сендердің де (солар сияқты) мүшрік болғандарың.

122

أَوَمَن كَانَ مَيْتࣰا فَأَحْيَيْنَٰهُ وَجَعَلْنَا لَهُۥ نُورࣰا يَمْشِي بِهِۦ فِي ٱلنَّاسِ كَمَن مَّثَلُهُۥ فِي ٱلظُّلُمَٰتِ لَيْسَ بِخَارِجࣲ مِّنْهَاۚ كَذَٰلِكَ زُيِّنَ لِلْكَٰفِرِينَ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Кезінде (тура жолда жүрмегендіктен рухани тұрғыдан) өлі болған, алайда Біз жан-дүниесін (иманмен) тірілткен және адамдар арасында адаспай жол тауып жүруі үшін жарық нұр нәсіп еткен адам бейне бір қараңғы түнектерде қалып қойып, одан шыға алмай жүрген бейбақ сияқты ма? Әлбетте, ондай емес, бірақ (тас қараңғы түнектен шыға алмай жүрген) кәпірлерге өздерінің істеп жүрген істері (әзәзіл шайтан тарапынан) «безендіріліп» сондай керемет іс болып көрінуде.

123

وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَا فِي كُلِّ قَرْيَةٍ أَكَٰبِرَ مُجْرِمِيهَا لِيَمْكُرُوا۟ فِيهَاۖ وَمَا يَمْكُرُونَ إِلَّا بِأَنفُسِهِمْ وَمَا يَشْعُرُونَ

Міне, осылайша әр елді мекеннің көптеген бай-шонжарларын (ниет-пиғылдарына қарай) сол жердің ең үлкен күнәһары қыламыз. Сөйтіп, олар (қолдарындағы байлық пен билікті сақтап қалу үшін мүміндерге) үнемі тұзақ құрады. Анығында, олар біреуге емес өздеріне тұзақ құруда, алайда өздері соны сезбейді.

124

وَإِذَا جَآءَتْهُمْ ءَايَةࣱ قَالُوا۟ لَن نُّؤْمِنَ حَتَّىٰ نُؤْتَىٰ مِثْلَ مَآ أُوتِيَ رُسُلُ ٱللَّهِۘ ٱللَّهُ أَعْلَمُ حَيْثُ يَجْعَلُ رِسَالَتَهُۥۗ سَيُصِيبُ ٱلَّذِينَ أَجْرَمُوا۟ صَغَارٌ عِندَ ٱللَّهِ وَعَذَابࣱ شَدِيدُۢ بِمَا كَانُوا۟ يَمْكُرُونَ

Оларға қандай да бір аят келіп жетсе, «Алланың елшілеріне берілген (уахи һәм пайғамбарлық) сияқты бір міндет бізге де берілмейінше иман келтірмейміз», – дейді. Алла пайғамбарлықты кімге беретінін жақсы біледі. Күнәға белшесінен батқан азғындардың басына (мүміндерге) құрған тұзақтары себепті, жақында Алладан қорлық һәм тым ауыр азап келеді.

125

فَمَن يُرِدِ ٱللَّهُ أَن يَهْدِيَهُۥ يَشْرَحْ صَدْرَهُۥ لِلْإِسْلَٰمِۖ وَمَن يُرِدْ أَن يُضِلَّهُۥ يَجْعَلْ صَدْرَهُۥ ضَيِّقًا حَرَجࣰا كَأَنَّمَا يَصَّعَّدُ فِي ٱلسَّمَآءِۚ كَذَٰلِكَ يَجْعَلُ ٱللَّهُ ٱلرِّجْسَ عَلَى ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ

Алла кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін (яғни, көңілін иман нұрымен нұрландырып) Исламға айқара ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейне бір көкке көтеріліп бара жатқандай қысып, көңілін тым тар етіп, құлазытып қояды. Міне, Алла (көз алдарында қаншама дәлел мен аят тұрса да) иман етпейтіндерді осылайша қиын жағдайға қалдырып азаптайды.

126

وَهَٰذَا صِرَٰطُ رَبِّكَ مُسْتَقِيمࣰاۗ قَدْ فَصَّلْنَا ٱلْـَٔايَٰتِ لِقَوْمࣲ يَذَّكَّرُونَ

Раббыңның әсте өзгермейтін тура жолы, міне, осы. Біз сана-сезімі ояу (не нәрседен болмасын) ғибрат ала білетін қауым үшін (тура жол мен теріс жолдың) белгілерін һәм соған қатысты аяттарымызды осылайша егжей-тегжейлі баяндаймыз.

127

۞لَهُمْ دَارُ ٱلسَّلَٰمِ عِندَ رَبِّهِمْۖ وَهُوَ وَلِيُّهُم بِمَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Ондай жандар үшін Раббыларының дәргейінде тыныштық пен есендік мекені болған жұмақ бар. Үнемі істеп жүрген сауабы мол игілікті істері үшін Алла олардың қамқоршысы һәм шынайы досы.

128

وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ جَمِيعࣰا يَٰمَعْشَرَ ٱلْجِنِّ قَدِ ٱسْتَكْثَرْتُم مِّنَ ٱلْإِنسِۖ وَقَالَ أَوْلِيَآؤُهُم مِّنَ ٱلْإِنسِ رَبَّنَا ٱسْتَمْتَعَ بَعْضُنَا بِبَعْضࣲ وَبَلَغْنَآ أَجَلَنَا ٱلَّذِيٓ أَجَّلْتَ لَنَاۚ قَالَ ٱلنَّارُ مَثْوَىٰكُمْ خَٰلِدِينَ فِيهَآ إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۚ إِنَّ رَبَّكَ حَكِيمٌ عَلِيمࣱ

Күндердің күнінде Алла (күпірлікте табандаған) жындар мен адамдардың барлығын дәргейіне жинап алып: «Әй, жын қауымы! Расында, сендер адамдардың көбін тура жолдан тайдырып қатарларыңа қосып алдыңдар», – дейді. Сол кезде жындарға еріп, олармен дос болған адамдар: «Уа, Раббымыз! Біз бір-бірімізді пайдаландық (яғни, әзәзіл жындар бізді азғырып рақатқа бөленсе, біз де қу дүниенің қызығына бату үшін олардың уәсуәсаларына құлақ астық), сөйтіп, Өзіңнің біз үшін тағайындаған кесімді мерзімнің соңына да келіп жеттік», – дейді. Сонда Алла: «Ендеше, тозақ сендердің мәңгілік мекендерің болады. Алла қалаған уақыттан бөлек барлығың мәңгі-бақи тозақта қаласыңдар», – дейді. (Уа, Мұхаммед!) Шүбәсіз, сенің Раббың – Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі), Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі).

129

وَكَذَٰلِكَ نُوَلِّي بَعْضَ ٱلظَّٰلِمِينَ بَعْضَۢا بِمَا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ

Біз осылайша залымдарды өз қолымен істеген әрі амал дәптерлеріне жазылған күнәлары себепті, (күнәға одан сайын бойлай түссін деп, жамандық жасауға келгенде) бір-бірінен қолынан келген көмегін аямайтын дос-жаран қыламыз.

130

يَٰمَعْشَرَ ٱلْجِنِّ وَٱلْإِنسِ أَلَمْ يَأْتِكُمْ رُسُلࣱ مِّنكُمْ يَقُصُّونَ عَلَيْكُمْ ءَايَٰتِي وَيُنذِرُونَكُمْ لِقَآءَ يَوْمِكُمْ هَٰذَاۚ قَالُوا۟ شَهِدْنَا عَلَىٰٓ أَنفُسِنَاۖ وَغَرَّتْهُمُ ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَا وَشَهِدُوا۟ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمْ أَنَّهُمْ كَانُوا۟ كَٰفِرِينَ

(Қиямет күні Алла): «Әй, жындар мен адамдар! Сендерге өз араларыңнан Менің аяттарымды оқып түсіндіретін, осы күндеріңе қауышатындықтарыңды алдын-ала айтып ескертетін елші пайғамбарлар келмеді ме?» – дегенде, олар: «Өз-өзімізге қарсы куәлік етеміз (елші пайғамбарлардың келгені рас)» – дейді. Дүниенің фәни тіршілігі оларды алдап соқты. Сөйтіп, олар өздерінің кәпір болғандығын растап, өз-өздеріне қарсы куәлікке жүрді.

131

ذَٰلِكَ أَن لَّمْ يَكُن رَّبُّكَ مُهْلِكَ ٱلْقُرَىٰ بِظُلْمࣲ وَأَهْلُهَا غَٰفِلُونَ

Анығында, Раббың халқы (ақиқаттан һәм Жаратқанның өздерінен не талап ететіндігінен бейхабар болған) ғапыл елді мекендерді (ескертуші пайғамбар жіберместен) жермен-жексен етіп, жойып жіберу сынды зұлымдыққа бармайды.

132

وَلِكُلࣲّ دَرَجَٰتࣱ مِّمَّا عَمِلُوا۟ۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَٰفِلٍ عَمَّا يَعْمَلُونَ

Адамдардың әрқайсысының өз қолымен істеген (жақсы-жаман) істеріне қарай өзіндік дәрежесі болады. Раббың олардың не істеп, не қойып жүргенінен бейхабар емес.

133

وَرَبُّكَ ٱلْغَنِيُّ ذُو ٱلرَّحْمَةِۚ إِن يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ وَيَسْتَخْلِفْ مِنۢ بَعْدِكُم مَّا يَشَآءُ كَمَآ أَنشَأَكُم مِّن ذُرِّيَّةِ قَوْمٍ ءَاخَرِينَ

Сенің Раббың – Ғани (ешкімге һәм еш нәрсеге мұқтаж болмаған, әсте ортаймайтын байлық иесі), шексіз мейірім иесі. Сендерді басқа бір қауымның ұрпағынан солардың орнына жаратқанындай, қаласа, сендерді де (солар секілді) жоқ қылып, арттарыңнан орындарыңа қалаған пенделерін әкеліп қояды.

134

إِنَّ مَا تُوعَدُونَ لَـَٔاتࣲۖ وَمَآ أَنتُم بِمُعْجِزِينَ

Өздеріңе (келешекке һәм ақиретке қатысты) уәде етілгеннің бәрі міндетті түрде келеді, сендер оған бөгет бола алмайсыңдар.

135

قُلْ يَٰقَوْمِ ٱعْمَلُوا۟ عَلَىٰ مَكَانَتِكُمْ إِنِّي عَامِلࣱۖ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ مَن تَكُونُ لَهُۥ عَٰقِبَةُ ٱلدَّارِۚ إِنَّهُۥ لَا يُفْلِحُ ٱلظَّٰلِمُونَ

(Уа, Мұхаммед! Күпірлікте табандаған қауымыңа): «Уа, қауымым! Ендеше, (осылайша күпірлікте табандаған күйде) қолдарыңнан келгеннің бәрін істеп бағыңдар, аянбаңдар, мен де өз міндетімді соңына дейін атқарамын! Мына дүниенің кімге қалатынын, ақырында, кімнің мәңгілік бақытқа кенелетінін әлі-ақ білетін боласыңдар. Расында, (өздерінің де, өзгелердің де обалына қалған) залымдар еш уақытта мақсат-мұраттарына жетпейді, (Алланың жазасынан) әсте құтылмайды», – деп айт.

136

وَجَعَلُوا۟ لِلَّهِ مِمَّا ذَرَأَ مِنَ ٱلْحَرْثِ وَٱلْأَنْعَٰمِ نَصِيبࣰا فَقَالُوا۟ هَٰذَا لِلَّهِ بِزَعْمِهِمْ وَهَٰذَا لِشُرَكَآئِنَاۖ فَمَا كَانَ لِشُرَكَآئِهِمْ فَلَا يَصِلُ إِلَى ٱللَّهِۖ وَمَا كَانَ لِلَّهِ فَهُوَ يَصِلُ إِلَىٰ شُرَكَآئِهِمْۗ سَآءَ مَا يَحْكُمُونَ

Олар Алла жаратқан егістік пен малдардан Аллаға бір бөлек (және өздерінің пұттарына бір бөлек) үлес атап: «Мынау Аллаға тиесілі, ал мынау болса, (Алламен қатар тәңір тұтқан) өзге құдайларымызға тиесілі», – дейді. Алайда олар өзге құдайларына арнағандарын соларға жұмсайды да, Аллаға атағандарын Алла үшін жұмсамай, өзге құдайларының жолына жұмсайды. Олардың шығарған үкімдері қандай жаман еді!

137

وَكَذَٰلِكَ زَيَّنَ لِكَثِيرࣲ مِّنَ ٱلْمُشْرِكِينَ قَتْلَ أَوْلَٰدِهِمْ شُرَكَآؤُهُمْ لِيُرْدُوهُمْ وَلِيَلْبِسُوا۟ عَلَيْهِمْ دِينَهُمْۖ وَلَوْ شَآءَ ٱللَّهُ مَا فَعَلُوهُۖ فَذَرْهُمْ وَمَا يَفْتَرُونَ

Мүшріктердің Аллаға серік етіп қосқан пұттарының қызметшілері (яки шайтандар) олардың көпшілігіне өз балаларын (ана құрсағында жатқанда іш тастату арқылы немесе туылғаннан кейін) өлтіруді керемет істей етіп көрсетті. Мұнымен олар, мүшріктердің тұқымын тұздай құртуды һәм сенім-нанымдарын одан сайын былықтырып, мүлдем бұзуды көздеуде. Егер Алланың қалауы басқаша болғанда (яғни, адам баласына ерік бермей, айдағанына жүріп, айтқанына көнетін етіп қойғанда), олар олай істей алмас еді. Ендеше, оларды өз ойларынан шығарған жала-өтіріктерімен қоса қоя бер, білгендерін істей тұрсын.

138

وَقَالُوا۟ هَٰذِهِۦٓ أَنْعَٰمࣱ وَحَرْثٌ حِجْرࣱ لَّا يَطْعَمُهَآ إِلَّا مَن نَّشَآءُ بِزَعْمِهِمْ وَأَنْعَٰمٌ حُرِّمَتْ ظُهُورُهَا وَأَنْعَٰمࣱ لَّا يَذْكُرُونَ ٱسْمَ ٱللَّهِ عَلَيْهَا ٱفْتِرَآءً عَلَيْهِۚ سَيَجْزِيهِم بِمَا كَانُوا۟ يَفْتَرُونَ

Сондай-ақ олар өздерінше: «Мына жануарлар мен егін өнімдерін пайдалануға тыйым салынады. Одан тек біз қалаған жандар ғана жей алады», – дейді. Сонымен қатар, (Алланың үкімі солай деп), Аллаға жала жауып кейбір жануарларға мінуді харам етсе, енді біреулерін Алланың атын атамай бауыздап жатады. Ендеше, жала жапқандары үшін Алла олардың сазайын береді.

139

وَقَالُوا۟ مَا فِي بُطُونِ هَٰذِهِ ٱلْأَنْعَٰمِ خَالِصَةࣱ لِّذُكُورِنَا وَمُحَرَّمٌ عَلَىٰٓ أَزْوَٰجِنَاۖ وَإِن يَكُن مَّيْتَةࣰ فَهُمْ فِيهِ شُرَكَآءُۚ سَيَجْزِيهِمْ وَصْفَهُمْۚ إِنَّهُۥ حَكِيمٌ عَلِيمࣱ

Сонымен қатар, олар (малдың бір бөлігін бөліп қойып): «Мына малдардың құрсағындағы төлдері (тірі туған жағдайда) тек еркек кіндіктілерімізге ғана адал, әйелдерімізге харам. Ал егер өлі туса немесе туғаннан кейін өліп қалса, онда оған (еркек, әйел) бәріміз ортақ боламыз», – дейді. Алла олардың мұндай орынсыз сөздері мен үкімдерінің жазасын береді. Шүбәсіз, Алла – Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі), Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі).

140

قَدْ خَسِرَ ٱلَّذِينَ قَتَلُوٓا۟ أَوْلَٰدَهُمْ سَفَهَۢا بِغَيْرِ عِلْمࣲ وَحَرَّمُوا۟ مَا رَزَقَهُمُ ٱللَّهُ ٱفْتِرَآءً عَلَى ٱللَّهِۚ قَدْ ضَلُّوا۟ وَمَا كَانُوا۟ مُهْتَدِينَ

Ақымақтық қылып һәм надандықпен өз балаларын өлтіргендер, сондай-ақ Алланың өздеріне берген адал ризығын («бұл – Алланың үкімі» деп), Аллаға жала жабу арқылы харам қылғандар, шүбәсіз, зиянға ұшырады. Олар, сөзсіз, тура жолдан адасты һәм олардың (мына түрлерімен) тура жолға түсуі (әрі екі дүниеде де мақсат-мұраттарына жетуі) мүмкін емес.

141

۞وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَنشَأَ جَنَّٰتࣲ مَّعْرُوشَٰتࣲ وَغَيْرَ مَعْرُوشَٰتࣲ وَٱلنَّخْلَ وَٱلزَّرْعَ مُخْتَلِفًا أُكُلُهُۥ وَٱلزَّيْتُونَ وَٱلرُّمَّانَ مُتَشَٰبِهࣰا وَغَيْرَ مُتَشَٰبِهࣲۚ كُلُوا۟ مِن ثَمَرِهِۦٓ إِذَآ أَثْمَرَ وَءَاتُوا۟ حَقَّهُۥ يَوْمَ حَصَادِهِۦۖ وَلَا تُسْرِفُوٓا۟ۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلْمُسْرِفِينَ

Ол сондай Алла – сабағы шырмалма (яғни бір нәрсеге асылған) және (жерге) сұлатпа жүзім бақшаларын, құрмалықтарды, дәндері әр алуан егіндерді һәм кейбір қасиеттері жағынан бір-біріне ұқсағанымен, бір-бірінен өзгеше зәйтүн мен анар жемістерін жаратты. Жемістері піскен кезде, олардан жеңдер. Жемісін жиған күні садақасын (яғни, ондағы пақыр-міскіндердің ақысын) беріңдер. Алған өнімдеріңді орынсыз жұмсап, бейберекет шашып, (немесе дұрыстап сақтамай) ысырап қылмаңдар. Өйткені Алла ысырапқорларды еш ұнатпайды.

142

وَمِنَ ٱلْأَنْعَٰمِ حَمُولَةࣰ وَفَرْشࣰاۚ كُلُوا۟ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ وَلَا تَتَّبِعُوا۟ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيْطَٰنِۚ إِنَّهُۥ لَكُمْ عَدُوࣱّ مُّبِينࣱ

Сондай-ақ Ол жүк таситыны бар, ет, сүт және жүн беретіні бар, ірілі-ұсақты төрт түлік малды жаратты. Алланың өздеріңе берген адал ризығынан жеңдер және шайтанның соңынан ермеңдер. Өйткені ол – сендерге анық дұшпан.

143

ثَمَٰنِيَةَ أَزْوَٰجࣲۖ مِّنَ ٱلضَّأْنِ ٱثْنَيْنِ وَمِنَ ٱلْمَعْزِ ٱثْنَيْنِۗ قُلْ ءَآلذَّكَرَيْنِ حَرَّمَ أَمِ ٱلْأُنثَيَيْنِ أَمَّا ٱشْتَمَلَتْ عَلَيْهِ أَرْحَامُ ٱلْأُنثَيَيْنِۖ نَبِّـُٔونِي بِعِلْمٍ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

Жұп-жұбымен сегіз бас мал: қойдан екеу және ешкіден екеу. Ендеше, оларға: «Алла бұлардың екі еркегін (яғни, қошқар мен текені) харам қылды ма, әлде екі ұрғашысын (яғни, қой мен ешкіні) харам қылды ма? Не болмаса, екі ұрғашы малдың құрсағындағы төлдерін харам қылды ма? Егер (бұларды Алланың үкімдері десеңдер һәм сол) сөздерің рас болса, қане, соның бәрін маған нақты ілім мен дәйекке сүйене отырып баяндап беріңдерші», – де.

144

وَمِنَ ٱلْإِبِلِ ٱثْنَيْنِ وَمِنَ ٱلْبَقَرِ ٱثْنَيْنِۗ قُلْ ءَآلذَّكَرَيْنِ حَرَّمَ أَمِ ٱلْأُنثَيَيْنِ أَمَّا ٱشْتَمَلَتْ عَلَيْهِ أَرْحَامُ ٱلْأُنثَيَيْنِۖ أَمْ كُنتُمْ شُهَدَآءَ إِذْ وَصَّىٰكُمُ ٱللَّهُ بِهَٰذَاۚ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ ٱفْتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبࣰا لِّيُضِلَّ ٱلنَّاسَ بِغَيْرِ عِلْمٍۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلظَّٰلِمِينَ

Сондай-ақ түйеден екеу және сиырдан екеу жаратты. Оларға: «Алла бұлардың екі еркегін (яғни, бура мен бұқаны) харам қылды ма, жоқ әлде екі ұрғашысын (яғни, інген мен қашарды) харам қылды ма? Не болмаса, екі ұрғашы малдың құрсағындағы төлдерін харам қылды ма? Жоқ әлде Хақ тағала сендерге сол тыйымды салғанда, дәргейінде болып, соған куәлік етіп пе едіңдер?» – деп айт. Ешқандай ілімге сүйенбей ел-жұртты адастыру үшін өтірік айтқаннан әрі соны Аллаға теліп, Жаратқанға жала жапқаннан асқан залым бар ма? Расында, Алла залым қауымды әсте тура жолға салмайды һәм мақсат-мұратына жеткізбейді.

145

قُل لَّآ أَجِدُ فِي مَآ أُوحِيَ إِلَيَّ مُحَرَّمًا عَلَىٰ طَاعِمࣲ يَطْعَمُهُۥٓ إِلَّآ أَن يَكُونَ مَيْتَةً أَوْ دَمࣰا مَّسْفُوحًا أَوْ لَحْمَ خِنزِيرࣲ فَإِنَّهُۥ رِجْسٌ أَوْ فِسْقًا أُهِلَّ لِغَيْرِ ٱللَّهِ بِهِۦۚ فَمَنِ ٱضْطُرَّ غَيْرَ بَاغࣲ وَلَا عَادࣲ فَإِنَّ رَبَّكَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Ендеше, оларға: «Маған келген уахидан осы айтқандарыңның ешбірінің жегісі келген жанға харам етілгенін көрген жоқпын. Тек өлексе, ағызылған қан, доңыз еті – өйткені доңыз – арам жануар – немесе хақ жолдан тайғандықты білдіретін, Алладан өзгенің атымен шалынған мал болса, оның жөні бөлек. Алайда кімде-кім басына аштан өлу қаупі төніп, бұлардан жеуге мәжбүр болған жағдайда, мұқтаждық шегінен (яғни, жүрек жалғайтындай ғана мөлшерден) асырмау һәм біреудің ақысына қол сұқпау шартымен (жесе болады). Шүбәсіз, Раббың өте кешірімді, ерекше мейірімді», – деп айт.

146

وَعَلَى ٱلَّذِينَ هَادُوا۟ حَرَّمْنَا كُلَّ ذِي ظُفُرࣲۖ وَمِنَ ٱلْبَقَرِ وَٱلْغَنَمِ حَرَّمْنَا عَلَيْهِمْ شُحُومَهُمَآ إِلَّا مَا حَمَلَتْ ظُهُورُهُمَآ أَوِ ٱلْحَوَايَآ أَوْ مَا ٱخْتَلَطَ بِعَظْمࣲۚ ذَٰلِكَ جَزَيْنَٰهُم بِبَغْيِهِمْۖ وَإِنَّا لَصَٰدِقُونَ

Яһудилерге (сиыр, қой-ешкіден өзге) барлық тұяқты жануарларды, сиыр мен қой-ешкінің жон майы, ішек майы және сүйекке біткен майынан өзге іш майларын харам қылдық. (Адал-арам демей жеп-ішіп, елдің ақысын жеп, ел-жұртты Алланың жолынан қақпайлап күнәға батуда) тым шектен шыққандықтан, оларға осындай жаза бердік. Біз тек түзу іс істеп, шын сөз айтамыз.

147

فَإِن كَذَّبُوكَ فَقُل رَّبُّكُمْ ذُو رَحْمَةࣲ وَٰسِعَةࣲ وَلَا يُرَدُّ بَأْسُهُۥ عَنِ ٱلْقَوْمِ ٱلْمُجْرِمِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Егер олар: «Өтірік айтасың», – деп, сөзіңе сенбесе, оларға былай деп айт: «Раббыларың шексіз мейірім иесі (сендерге кеңшілік жасайды, күнәларың үшін бірден жазаламай, тәубеге келулеріңді күтеді). Соған қарамастан (түзелмейтін болсаңдар, онда біліп қойыңдар), Оның күнәһар қауымға төнген кәрлі азабының беті әсте қайтарылмайды».

148

سَيَقُولُ ٱلَّذِينَ أَشْرَكُوا۟ لَوْ شَآءَ ٱللَّهُ مَآ أَشْرَكْنَا وَلَآ ءَابَآؤُنَا وَلَا حَرَّمْنَا مِن شَيْءࣲۚ كَذَٰلِكَ كَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ حَتَّىٰ ذَاقُوا۟ بَأْسَنَاۗ قُلْ هَلْ عِندَكُم مِّنْ عِلْمࣲ فَتُخْرِجُوهُ لَنَآۖ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا ٱلظَّنَّ وَإِنْ أَنتُمْ إِلَّا تَخْرُصُونَ

Аллаға серік қосқандар: «Егер Алла қаласа (яғни, егер Алланың қалауы басқаша болғанда), біз де, ата-бабаларымыз да Оған ешкімді, еш нәрсені серік етіп қоспас едік, еш нәрсені харам қылмас едік», – деп сылтау айтады. Олардан бұрынғылар да сондай сылтау айтып, пайғамбарларының сөзіне сенбей, нәтижесінде кәрлі азабымызға ұшыраған еді. Ендеше, оларға: «Өздеріңнің сүйенетін нақты ілімдерің немесе дәйектерің бар ма? Бар болса, қане, шығарып көрсетіңдерші. Расында, сендер негізсіз құрғақ ой мен құр болжалдың жетегінде жүрсіңдер және қу нәпсіге еріп, әуейіліктерің мен бас пайдаларыңа қарай үкім шығарып, өтірік айтудасыңдар», – деп айт.

149

قُلْ فَلِلَّهِ ٱلْحُجَّةُ ٱلْبَٰلِغَةُۖ فَلَوْ شَآءَ لَهَدَىٰكُمْ أَجْمَعِينَ

Оларға: «(Сендерге жақ немесе қарсы болатын) айқын әрі бұлтартпас дәлел – Алланың дәлелі. Егер Ол қаласа, барлығыңды (мәжбүрлеп болса да) тура жолға салар еді», – деп айт.

150

قُلْ هَلُمَّ شُهَدَآءَكُمُ ٱلَّذِينَ يَشْهَدُونَ أَنَّ ٱللَّهَ حَرَّمَ هَٰذَاۖ فَإِن شَهِدُوا۟ فَلَا تَشْهَدْ مَعَهُمْۚ وَلَا تَتَّبِعْ أَهْوَآءَ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا وَٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱلْـَٔاخِرَةِ وَهُم بِرَبِّهِمْ يَعْدِلُونَ

Сондай-ақ оларға: «Қане, Алланың мынаны (яғни, сендердің харам дегендеріңді) харам еткендігіне қатысты куәлік ететін куәгерлеріңді әкеліңдерші!» – деп айт. Егер олар жалған куәлік ететін болса, сен оларға қосылып куәлік етпе. Мұншама дәлелдеріміз бен уахи еткен аяттарымызды жалғанға шығаратын, ақиретке сенбегендерімен қоймай, Раббыларына өзгелерді тең тұтып, серік қосатындардың әуейіліктеріне еруші болма!

151

۞قُلْ تَعَالَوْا۟ أَتْلُ مَا حَرَّمَ رَبُّكُمْ عَلَيْكُمْۖ أَلَّا تُشْرِكُوا۟ بِهِۦ شَيْـࣰٔاۖ وَبِٱلْوَٰلِدَيْنِ إِحْسَٰنࣰاۖ وَلَا تَقْتُلُوٓا۟ أَوْلَٰدَكُم مِّنْ إِمْلَٰقࣲ نَّحْنُ نَرْزُقُكُمْ وَإِيَّاهُمْۖ وَلَا تَقْرَبُوا۟ ٱلْفَوَٰحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَۖ وَلَا تَقْتُلُوا۟ ٱلنَّفْسَ ٱلَّتِي حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلْحَقِّۚ ذَٰلِكُمْ وَصَّىٰكُم بِهِۦ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ

Һәм оларға: «Келіңдер, Раббыларыңның сендерге не нәрселерді харам еткенін оқып, баяндап берейін: Ең алдымен, Оған ешкімді және еш нәрсені серік етіп қоспаңдар, ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Кедейліктен қорқып өз балаларыңды (құрсақта жатқанда да, дүниеге келгеннен кейін де) өлтірмеңдер, сендердің де, олардың да ризығын беретін Бізбіз. Мейлі жария, мейлі жасырын болсын, арсыздық пен күнә атаулыдан аулақ жүріңдер. Сондай-ақ Алла Өз қорғауына алған һәм өлтіруді харам еткен тірі жанды нақақтан-нақақ өлтірмеңдер. Ақылға салып ойланып (хақ дін Исламды қабылдап, үкімдеріне сай өмір сүрерсіңдер деп), Алла сендерге осыларды бұйырады», – деп айт.

152

وَلَا تَقْرَبُوا۟ مَالَ ٱلْيَتِيمِ إِلَّا بِٱلَّتِي هِيَ أَحْسَنُ حَتَّىٰ يَبْلُغَ أَشُدَّهُۥۚ وَأَوْفُوا۟ ٱلْكَيْلَ وَٱلْمِيزَانَ بِٱلْقِسْطِۖ لَا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَاۖ وَإِذَا قُلْتُمْ فَٱعْدِلُوا۟ وَلَوْ كَانَ ذَا قُرْبَىٰۖ وَبِعَهْدِ ٱللَّهِ أَوْفُوا۟ۚ ذَٰلِكُمْ وَصَّىٰكُم بِهِۦ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ

Жетімнің мал-мүлкіне балиғат шағына толғанға дейін (сақтау, көбейту немесе өзін жан-жақты жетілдіру үшін жұмсау сынды) жақсы ниетпен болмаса, мүлдем жоламаңдар. Өлшегенде, дәл өлшеп, таразыға тартқанда, дұрыс тартыңдар. Біз ешбір жанға шамасынан тыс міндет жүктемейміз. Сөйлегенде (яғни, билік айтқанда немесе куәлікке жүргенде), тіпті ең жақын туыстарыңа қарсы (куәлікке жүріп, билік айтуға тура келсе де) туралықтан таймаңдар, әділ болыңдар. Аллаға берген һәм өзгелерге Алланың атымен берген уәделеріңе берік болыңдар. Жақсылап ойланып, тиісінше ғибрат алсын деп, Алла сендерге осыларды бұйырады.

153

وَأَنَّ هَٰذَا صِرَٰطِي مُسْتَقِيمࣰا فَٱتَّبِعُوهُۖ وَلَا تَتَّبِعُوا۟ ٱلسُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَن سَبِيلِهِۦۚ ذَٰلِكُمْ وَصَّىٰكُم بِهِۦ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

«Менің тура жолым, міне, осы. Ендеше, менің жолыммен жүріңдер. Өзге соқпақ-сүрлеулерге түсіп кетпеңдер, ондай теріс жолдар сендерді жік-жікке бөліп, Алланың тура жолынан тайдырып жібермесін. Күнә атаулыдан сақтанып, тақуалық аясында өмір сүрсін деп, Алла сендерге осыларды бұйырады».

154

ثُمَّ ءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْكِتَٰبَ تَمَامًا عَلَى ٱلَّذِيٓ أَحْسَنَ وَتَفْصِيلࣰا لِّكُلِّ شَيْءࣲ وَهُدࣰى وَرَحْمَةࣰ لَّعَلَّهُم بِلِقَآءِ رَبِّهِمْ يُؤْمِنُونَ

Кезінде игілікті істер істейтін жандарға деген нығметімізді тамамдау һәм барлық нәрсені егжей-тегжейлі баяндап түсіндіру үшін, сондай-ақ тура жолға бастайтын жолбасшы әрі рақым ретінде Мұсаға Кітап (яғни, Тәуратты) берген едік. Біз мұны олардың күндердің күнінде Раббыларымен қауышатындығына кәміл илансын деп істедік.

155

وَهَٰذَا كِتَٰبٌ أَنزَلْنَٰهُ مُبَارَكࣱ فَٱتَّبِعُوهُ وَٱتَّقُوا۟ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ

Мына Құран да Біз түсірген қасиетті, мүбәрак кітап. Ендеше, (екі дүниеде де) Алланың мейіріміне бөлену үшін оны басшылыққа алыңдар һәм оған сенбей, үкімдеріне қайшы келуден барынша сақтаныңдар.

156

أَن تَقُولُوٓا۟ إِنَّمَآ أُنزِلَ ٱلْكِتَٰبُ عَلَىٰ طَآئِفَتَيْنِ مِن قَبْلِنَا وَإِن كُنَّا عَن دِرَاسَتِهِمْ لَغَٰفِلِينَ

(Сондай-ақ бұл Кітапты сендерге): «Хақ Кітап бізден бұрынғы екі қауымға (яһудилер мен христиандарға) ғана түсті. Біз олардың оқып-білгенінен бейхабар едік», – деп айтпауларың үшін (түсірдік).

157

أَوْ تَقُولُوا۟ لَوْ أَنَّآ أُنزِلَ عَلَيْنَا ٱلْكِتَٰبُ لَكُنَّآ أَهْدَىٰ مِنْهُمْۚ فَقَدْ جَآءَكُم بَيِّنَةࣱ مِّن رَّبِّكُمْ وَهُدࣰى وَرَحْمَةࣱۚ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن كَذَّبَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَصَدَفَ عَنْهَاۗ سَنَجْزِي ٱلَّذِينَ يَصْدِفُونَ عَنْ ءَايَٰتِنَا سُوٓءَ ٱلْعَذَابِ بِمَا كَانُوا۟ يَصْدِفُونَ

Немесе «Егер бізге де кітап түсірілгенде, біз оларға қарағанда әлдеқайда тура жолда болар едік», – деп, сылтау айтпауларың үшін түсірдік. Міне, сендерге де Раббыларыңнан айқын дәлел, тура жолға бастаушы һәм рақым келді. Ендеше, Алланың аяттарына сенбей, одан сырт айналғаннан асқан залым бар ма? Аяттарымыздан үнемі сырт айналатындарды сол қылықтары үшін жақында адам айтқысыз азапқа салып жазалаймыз.

158

هَلْ يَنظُرُونَ إِلَّآ أَن تَأْتِيَهُمُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ أَوْ يَأْتِيَ رَبُّكَ أَوْ يَأْتِيَ بَعْضُ ءَايَٰتِ رَبِّكَۗ يَوْمَ يَأْتِي بَعْضُ ءَايَٰتِ رَبِّكَ لَا يَنفَعُ نَفْسًا إِيمَٰنُهَا لَمْ تَكُنْ ءَامَنَتْ مِن قَبْلُ أَوْ كَسَبَتْ فِيٓ إِيمَٰنِهَا خَيْرࣰاۗ قُلِ ٱنتَظِرُوٓا۟ إِنَّا مُنتَظِرُونَ

Олар (иман етпей) нені күтуде? (Жан алатын, яки, азап әкелетін) періштелердің түсуін бе? Жоқ әлде, Раббыңның жермен-жексен ететін азабының немесе (күннің батыстан шығуы, Тажалдың келуі сынды) қиямет-қайымға қатысты кейбір белгілерінің келуін күтуде ме? Раббыңның қиямет-қайымға қатысты кейбір белгілері келген күні бұрын-соңды иман келтірмеген немесе тек сөз жүзінде иман келтіріп, ешбір қайырлы іс істемеген адамға (сондағы) иманы ешқандай да пайда бермейді. Ендеше, ондайларға: «(Істеріңнің қарымын) күте беріңдер, Біз де күтудеміз», – деп айт.

159

إِنَّ ٱلَّذِينَ فَرَّقُوا۟ دِينَهُمْ وَكَانُوا۟ شِيَعࣰا لَّسْتَ مِنْهُمْ فِي شَيْءٍۚ إِنَّمَآ أَمْرُهُمْ إِلَى ٱللَّهِ ثُمَّ يُنَبِّئُهُم بِمَا كَانُوا۟ يَفْعَلُونَ

Діндерін тарам-тарам қылып, сан алуан топтарға, әр қилы ағымдарға бөлінгендерге сенің ешбір қатысың жоқ. Олардың ісі Алламен болады. Күндердің күнінде Алла олардың не істеп, не қойғанын өздеріне жіпке тізіп тұрып айтып береді (де бәрін жауапқа тартады).

160

مَن جَآءَ بِٱلْحَسَنَةِ فَلَهُۥ عَشْرُ أَمْثَالِهَاۖ وَمَن جَآءَ بِٱلسَّيِّئَةِ فَلَا يُجْزَىٰٓ إِلَّا مِثْلَهَا وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ

Кімде-кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады. Ал кімде-кім бір жамандықпен келсе, ол тек сол күнәсінің ғана жазасын тартады. Олардың ешбіріне титтей де әділетсіздік жасалмайды.

161

قُلْ إِنَّنِي هَدَىٰنِي رَبِّيٓ إِلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ دِينࣰا قِيَمࣰا مِّلَّةَ إِبْرَٰهِيمَ حَنِيفࣰاۚ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ

(Уа, Мұхаммед! Оларға): «Шүбәсіз, Раббым мені тура жолға – Ибраһимнің бір Алланы ғана мойындайтын, жалған сенім атаулыдан ада болған хақ дініне салды. Ол әсте мүшріктердің қатарында болған емес», – деп айт.

162

قُلْ إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

Сондай-ақ оларға: «Менің намазым да, өзге құлшылықтарым да, тіршілігім де, өлімім де әлемдердің (күллі жаратылыстың) Раббысы бір Аллаға арналады».

163

لَا شَرِيكَ لَهُۥۖ وَبِذَٰلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا۠ أَوَّلُ ٱلْمُسْلِمِينَ

«Оның теңі, серігі жоқ. Маған берілген пәрмен, міне, осы. Мен (бір Аллаға) мойынсұнған (мұсылман)дардың ең алғашқысымын», – деп айт.

164

قُلْ أَغَيْرَ ٱللَّهِ أَبْغِي رَبࣰّا وَهُوَ رَبُّ كُلِّ شَيْءࣲۚ وَلَا تَكْسِبُ كُلُّ نَفْسٍ إِلَّا عَلَيْهَاۚ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةࣱ وِزْرَ أُخْرَىٰۚ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُم مَّرْجِعُكُمْ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ فِيهِ تَخْتَلِفُونَ

Оларға: «Ол барлық нәрсенің жалғыз Раббысы болса, Алладан басқа Раббы іздеймін бе? Әрбір жанның істеген күнәсі өзіне. Біреудің күнәсін басқа біреу арқаламайды. Түбінде, барлығың да Раббыларыңа қайтасыңдар. Сонда Ол сендерге өзара келісе алмай таласып-тартысқан мәселелеріңнің (ақ-қарасын ажыратып) бәрін айтып береді», – деп айт.

165

وَهُوَ ٱلَّذِي جَعَلَكُمْ خَلَٰٓئِفَ ٱلْأَرْضِ وَرَفَعَ بَعْضَكُمْ فَوْقَ بَعْضࣲ دَرَجَٰتࣲ لِّيَبْلُوَكُمْ فِي مَآ ءَاتَىٰكُمْۗ إِنَّ رَبَّكَ سَرِيعُ ٱلْعِقَابِ وَإِنَّهُۥ لَغَفُورࣱ رَّحِيمُۢ

Ол сендерді жер бетінің (оны көркейтетін, онда Алланың үкімі, орнатқан заңы бойынша өмір сүріп, ондағы өзге жаратылыстарды меңгеретін) халифалары қылды және сендерді берген нығметтері арқылы сынау үшін (байлық, мансап, күш-қуат, ақыл-ой тұрғысынан) біріңді біріңнен түрлі дәрежеде үстем етті. Шүбәсіз, Раббың (уақыты келгенде) өте жылдам жазалаушы, сондай-ақ Ол – Ғафур (тәубеге келгендер үшін өте кешірімді), Рахим (әсіресе тәубе етіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play