الٓمٓصٓ
Әлиф, Ләм, Мим, Сад.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
الٓمٓصٓ
Әлиф, Ләм, Мим, Сад.
كِتَٰبٌ أُنزِلَ إِلَيْكَ فَلَا يَكُن فِي صَدْرِكَ حَرَجࣱ مِّنْهُ لِتُنذِرَ بِهِۦ وَذِكْرَىٰ لِلْمُؤْمِنِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Бұл – саған түсірілген кітап. Сондықтан («оны қауымыма қалай жеткізем, олар не дер екен, осынау ауыр міндетті лайықты түрде атқара алар ма екем» деп уайым жеп) көкірегіңе қаяу түспесін. Осы кітап арқылы (адамдарға иман етпеудің ақыры неге әкеліп соғарын айтып) ескертерсің, сондай-ақ ол – мүміндер үшін тұнып тұрған насихат һәм Алланың оларға деген шарапаты мен кеңшілігін естеріне салу.
ٱتَّبِعُوا۟ مَآ أُنزِلَ إِلَيْكُم مِّن رَّبِّكُمْ وَلَا تَتَّبِعُوا۟ مِن دُونِهِۦٓ أَوْلِيَآءَۗ قَلِيلࣰا مَّا تَذَكَّرُونَ
(Уа, адамзат!) Өздеріңе Раббыларыңнан түскенді (Құранды) берік ұстаныңдар. Алладан өзгелерді қамқоршы дос тұтып, солардың соңынан еріп кетпеңдер. Сендер (ақиқат, иман жайлы) тым аз ойланасыңдар, ғибрат алғандарың да шамалы!
وَكَم مِّن قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَٰهَا فَجَآءَهَا بَأْسُنَا بَيَٰتًا أَوْ هُمْ قَآئِلُونَ
Біз (ескертулерімізге құлақ аспаған) қаншама елді мекенді жермен-жексен етіп, күлін көкке ұшырдық. Азабымыз оларды түннің бір уағында шырт ұйқыда жатқанда немесе күндіз көз шырымын алу үшін қисайғанда, (аяқ астынан) келіп бас салған еді.
فَمَا كَانَ دَعْوَىٰهُمْ إِذْ جَآءَهُم بَأْسُنَآ إِلَّآ أَن قَالُوٓا۟ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Азабымыз келгенде, олардың жан дауысы шығып айтқан ең соңғы сөздері «Біз расында да барып тұрған залым едік» деу ғана болды.
فَلَنَسْـَٔلَنَّ ٱلَّذِينَ أُرْسِلَ إِلَيْهِمْ وَلَنَسْـَٔلَنَّ ٱلْمُرْسَلِينَ
Өздеріне елші жіберілген қауымдарды сөзсіз жауапқа тартамыз. Сондай-ақ жіберген елшілерімізден де (өз міндеттерін қаншалықты атқарғандықтары және қауымдарының оларды қалай қабылдағандықтары жайлы) міндетті түрде сұраймыз.
فَلَنَقُصَّنَّ عَلَيْهِم بِعِلْمࣲۖ وَمَا كُنَّا غَآئِبِينَ
Сөйтіп, оларға болған жайдың бәрін нақты ілімге сүйене отырып бүге-шігесіне дейін айтып береміз. Біз олардың не істеп, не қойғанынан әсте бейхабар емес едік.
وَٱلْوَزْنُ يَوْمَئِذٍ ٱلْحَقُّۚ فَمَن ثَقُلَتْ مَوَٰزِينُهُۥ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ
Сол күні дүниеде істелген істердің барлығының таразыға тартылары хақ. Сонда кімнің таразыдағы сауапты істері ауыр басса, міне, солар – азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткендер.
وَمَنْ خَفَّتْ مَوَٰزِينُهُۥ فَأُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓا۟ أَنفُسَهُم بِمَا كَانُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا يَظْلِمُونَ
Ал кімнің сауапты істері болмағандықтан таразысы жеңіл тартса, міне, солар – аяттарымызды жоққа шығарып, (өз-өздеріне) зұлымдық жасаудан қайтпай, ақыры өз-өздерін зиянға ұшыратқандар.
وَلَقَدْ مَكَّنَّٰكُمْ فِي ٱلْأَرْضِ وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَٰيِشَۗ قَلِيلࣰا مَّا تَشْكُرُونَ
(Уа, адамзат!) Шүбәсіз, Біз сендерді жер бетіне жақсылап жайғастырып, қолдарыңа билік бердік һәм онда сендер үшін көптеген тіршілік көздерін жаратып, барлық жағдайды жасадық. Сонда да тым аз шүкіршілік айтасыңдар.
وَلَقَدْ خَلَقْنَٰكُمْ ثُمَّ صَوَّرْنَٰكُمْ ثُمَّ قُلْنَا لِلْمَلَٰٓئِكَةِ ٱسْجُدُوا۟ لِـَٔادَمَ فَسَجَدُوٓا۟ إِلَّآ إِبْلِيسَ لَمْ يَكُن مِّنَ ٱلسَّٰجِدِينَ
Шүбәсіз, Біз сендерді жоқтан жараттық, содан кейін сендерге (ең лайықты, ең көркем) кескін-келбет бердік. Кейін періштелерге: (Ілімін, ерекше жаратылысын және Алланың жердегі өкілі болуға лайық екенін мойындап) «Адамға сәжде етіңдер!» – деп бұйырдық. Олар сол мезетте жаппай сәжде етті. Тек Ібіліс қана қасарысып, сәжде етушілерге қосылмады.
قَالَ مَا مَنَعَكَ أَلَّا تَسْجُدَ إِذْ أَمَرْتُكَۖ قَالَ أَنَا۠ خَيْرࣱ مِّنْهُ خَلَقْتَنِي مِن نَّارࣲ وَخَلَقْتَهُۥ مِن طِينࣲ
Сонда Алла (Ібіліске): «Саған («Адамға сәжде ет» деп) бұйырғанымда, сәжде етпеуіңе не нәрсе себеп болды?» – деді. Ібіліс: «Мен одан әлдеқайда артықпын. Өйткені Сен мені оттан жараттың, ал оны балшықтан жараттың», – деп тәкаппарланды.
قَالَ فَٱهْبِطْ مِنْهَا فَمَا يَكُونُ لَكَ أَن تَتَكَبَّرَ فِيهَا فَٱخْرُجْ إِنَّكَ مِنَ ٱلصَّٰغِرِينَ
Сол кезде Алла оған: «Ендеше, түс ол жерден (яғни, жұмақтан жерге түс). Сонау жерде тұрып көкірек керуге сенің хақың жоқ! Қане, шық! Сен енді жаратылыс біткеннің қорысың!» – деп айтты.
قَالَ أَنظِرْنِيٓ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ
Ібіліс: «Онда ең болмаса, (бүкіл адамзат өліп), қайта тірілетін күнге дейін маған мұрсат бер», – деді.
قَالَ إِنَّكَ مِنَ ٱلْمُنظَرِينَ
Алла оған: «Мақұл, саған (һәм өзің сияқтыларға қиямет күніне дейін) мұрсат берілді», – деді.
قَالَ فَبِمَآ أَغْوَيْتَنِي لَأَقْعُدَنَّ لَهُمْ صِرَٰطَكَ ٱلْمُسْتَقِيمَ
Ібіліс: «Ендеше, мені азғырып, адастырғаның (яғни, сынап сүріндіргенің) үшін (ант етемін), мен де оларды тынбай азғырып, адастыру үшін Сенің тура жолыңа кесе-көлденеңдеп отырып аламын».
ثُمَّ لَـَٔاتِيَنَّهُم مِّنۢ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ وَمِنْ خَلْفِهِمْ وَعَنْ أَيْمَٰنِهِمْ وَعَن شَمَآئِلِهِمْۖ وَلَا تَجِدُ أَكْثَرَهُمْ شَٰكِرِينَ
«Содан кейін олардың кейде алдынан, кейде артынан, кей кезде оң жағынан, кей кезде сол жағынан келіп азғырамын. Нәтижеде, олардың басым көпшілігін шүкіршілік айтатын құлдарың ретінде көре алмайсың», – деді.
قَالَ ٱخْرُجْ مِنْهَا مَذْءُومࣰا مَّدْحُورࣰاۖ لَّمَن تَبِعَكَ مِنْهُمْ لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنكُمْ أَجْمَعِينَ
Сонда Алла оған: «Жазғырылған һәм рақымымнан аласталған күйде шық ол жерден. Ант етемін! Олардың арасынан кімде-кім саған еретін болса, біліп қойыңдар, жаһаннамды сөзсіз сендермен толтырамын», – деді.
وَيَٰٓـَٔادَمُ ٱسْكُنْ أَنتَ وَزَوْجُكَ ٱلْجَنَّةَ فَكُلَا مِنْ حَيْثُ شِئْتُمَا وَلَا تَقْرَبَا هَٰذِهِ ٱلشَّجَرَةَ فَتَكُونَا مِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ
(Содан кейін Адам мен жұбайын жұмаққа кіргізіп) «Әй, Адам! Жұбайың екеуің жаннатты мекендеңдер. Ол жерден қалағанша ішіп-жеңдер, қызығына батыңдар, тек мына ағашқа жоламаңдар. Әйтпесе, (өз-өздерінің обалына қалған) залымдардың қатарына қосыласыңдар», – деп ескертті.
فَوَسْوَسَ لَهُمَا ٱلشَّيْطَٰنُ لِيُبْدِيَ لَهُمَا مَا وُۥرِيَ عَنْهُمَا مِن سَوْءَٰتِهِمَا وَقَالَ مَا نَهَىٰكُمَا رَبُّكُمَا عَنْ هَٰذِهِ ٱلشَّجَرَةِ إِلَّآ أَن تَكُونَا مَلَكَيْنِ أَوْ تَكُونَا مِنَ ٱلْخَٰلِدِينَ
Содан, шайтан олардың өздерінен де жасырын-жабық болған әбиірін ашу үшін екеуін азғырып: «Раббыларың екеуіңді қос періштеге айналып немесе мәңгілік өмір сүретіндердің қатарына қосылып кетпесін деп қана сендерге бұл ағаштың жемісін жеуге тыйым салды», – деп айтты.
وَقَاسَمَهُمَآ إِنِّي لَكُمَا لَمِنَ ٱلنَّٰصِحِينَ
Сөйтіп екеуіне: «Мен сендерге шын жанашыр ақылшы ретінде насихат айтудамын», – деп (Алланың атымен) үсті-үстіне ант-су ішті.
فَدَلَّىٰهُمَا بِغُرُورࣲۚ فَلَمَّا ذَاقَا ٱلشَّجَرَةَ بَدَتْ لَهُمَا سَوْءَٰتُهُمَا وَطَفِقَا يَخْصِفَانِ عَلَيْهِمَا مِن وَرَقِ ٱلْجَنَّةِۖ وَنَادَىٰهُمَا رَبُّهُمَآ أَلَمْ أَنْهَكُمَا عَن تِلْكُمَا ٱلشَّجَرَةِ وَأَقُل لَّكُمَآ إِنَّ ٱلشَّيْطَٰنَ لَكُمَا عَدُوࣱّ مُّبِينࣱ
Осылайша, (Ібіліс Алланың атымен ант-су ішіп сендіру һәм қызықтыру арқылы) екеуін де алдап соғып, төмен қарай құлдилатты (яғни, тұғырынан түсірді). Тыйым салынған ағаштың жемісін жеген сәтте-ақ екеуінің әбиірі көз алдарында ашылып қалды. Сөйтіп, екеуі жанталасып жұмақтың жапырақтарымен әбиірлерін жабуға кірісті. Сол кезде Раббылары оларға: «Мен екеуіңді ол ағаштан тыймап па едім және «шайтан – екеуіңе анық дұшпан» деп айтпап па едім?» – деп айтты.
قَالَا رَبَّنَا ظَلَمْنَآ أَنفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلْخَٰسِرِينَ
Сонда екеуі: «Уа, Раббымыз! Біз өз-өзімізге қиянат жасадық. Егер бізді кешпесең әрі есіркеп рақымыңа бөлемесең, зиянға ұшырағандардың қатарында боламыз», – деп жалбарынды.
قَالَ ٱهْبِطُوا۟ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوࣱّۖ وَلَكُمْ فِي ٱلْأَرْضِ مُسْتَقَرࣱّ وَمَتَٰعٌ إِلَىٰ حِينࣲ
Алла оларға: «Біріңе-бірің дұшпан болған күйде (жер бетіне) түсіңдер. Жерде сендер үшін біршама уақытқа дейін тұрақтайтын мекен әрі игіліктер бар».
قَالَ فِيهَا تَحْيَوْنَ وَفِيهَا تَمُوتُونَ وَمِنْهَا تُخْرَجُونَ
«Бұдан былай жер бетінде тіршілік етіп, сол жерде көз жұмасыңдар және (өлгеннен кейін қайта тіріліп) жерден шығарыласыңдар», – деді.
يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ قَدْ أَنزَلْنَا عَلَيْكُمْ لِبَاسࣰا يُوَٰرِي سَوْءَٰتِكُمْ وَرِيشࣰاۖ وَلِبَاسُ ٱلتَّقْوَىٰ ذَٰلِكَ خَيْرࣱۚ ذَٰلِكَ مِنْ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ لَعَلَّهُمْ يَذَّكَّرُونَ
Уа, Адамның үрім-бұтағы! Сендерге әбиірлеріңді жабатын лыпа һәм кигенде өздеріңді көрікті ететін киім түсірдік. Алайда біле білсеңдер, ең қайырлы киім – тақуалық киімі (кәдімгі киім әбиірлерің мен тәндеріңді қалай жапса, тақуалық киімі сендердің рухани әбиірлеріңді солай жауып, Алла алдындағы дәрежелеріңді арттырады). Міне, мұның бәрі – Алланың (ақиқатты көрсететін) айқын дәлелдері һәм уахи еткен аяттары. Оларды адамдар ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп түсірді.
يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ لَا يَفْتِنَنَّكُمُ ٱلشَّيْطَٰنُ كَمَآ أَخْرَجَ أَبَوَيْكُم مِّنَ ٱلْجَنَّةِ يَنزِعُ عَنْهُمَا لِبَاسَهُمَا لِيُرِيَهُمَا سَوْءَٰتِهِمَآۚ إِنَّهُۥ يَرَىٰكُمْ هُوَ وَقَبِيلُهُۥ مِنْ حَيْثُ لَا تَرَوْنَهُمْۗ إِنَّا جَعَلْنَا ٱلشَّيَٰطِينَ أَوْلِيَآءَ لِلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ
Уа, Адамның үрім-бұтағы! Шайтан ата-аналарыңа бірінің әбиірін біріне көрсету үшін үстеріндегі (тақуалық) киімін шешіп жұмақтан қалай шығарып тынған болса, сендерді де дәл солай азғыру арқылы дүниедегі сынақтан сүріндіріп бастарыңды бәлеге қалдырмасын! Ол да, тайпасы да сендер оларды көре алмайтын жерлерден бәріңді көріп тұрады. Расында, Біз шайтандарды иман етпейтіндерге дос-жаран қылдық.
وَإِذَا فَعَلُوا۟ فَٰحِشَةࣰ قَالُوا۟ وَجَدْنَا عَلَيْهَآ ءَابَآءَنَا وَٱللَّهُ أَمَرَنَا بِهَاۗ قُلْ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَأْمُرُ بِٱلْفَحْشَآءِۖ أَتَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Олар (яғни, мүшріктер Қағбаны жалаңаш күйде тауап ету сынды) қандай да бір арсыздыққа барса, «Мұны ата-бабаларымыздан көрдік. Асылында, осылай істеуді бізге Алла бұйырды», – дейді. Оларға: «Алла (құлдарына) еш уақытта арсыздықты бұйырмайды. Жоқ әлде, өздерің білмейтін нәрсені айтып, Аллаға жала жауып тұрсыңдар ма?» – деп айт.
قُلْ أَمَرَ رَبِّي بِٱلْقِسْطِۖ وَأَقِيمُوا۟ وُجُوهَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدࣲ وَٱدْعُوهُ مُخْلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَۚ كَمَا بَدَأَكُمْ تَعُودُونَ
Сондай-ақ оларға: «Раббым (әрбір істе) әділ, тура болуды бұйырады. Әрбір құлшылық орнында һәм құлшылық уақытында жүздеріңді (Аллаға) қаратыңдар һәм құлшылықта Оның разылығынан өзге еш нәрсе көздеместен Оған шын жүректен жалбарыныңдар. Ол сендерді әу баста қалай жаратқан болса, (өлгеннен кейін бәрің Оған) дәл солай қайтасыңдар».
فَرِيقًا هَدَىٰ وَفَرِيقًا حَقَّ عَلَيْهِمُ ٱلضَّلَٰلَةُۚ إِنَّهُمُ ٱتَّخَذُوا۟ ٱلشَّيَٰطِينَ أَوْلِيَآءَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَيَحْسَبُونَ أَنَّهُم مُّهْتَدُونَ
(Екі топ болып қайтасыңдар) Алла бір топты тура жолға салды, енді бір топ адасуға лайық болды. Өйткені адасқандар Алладан сырт айналып, шайтандарды дос тұтты. Сөйте тұра, олар өздерін тура жолға бағытталғанбыз деп есептейді.
۞يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ خُذُوا۟ زِينَتَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدࣲ وَكُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ وَلَا تُسْرِفُوٓا۟ۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلْمُسْرِفِينَ
Уа, Адамның үрім-бұтағы! Қай кезде де намаз оқитын (немесе Қағбаны тауап ететін) болсаңдар, таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер. (Алланың өздеріңе берген нығметінен) ішіп-жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар, өйткені Алла ысырапқорларды ұнатпайды.
قُلْ مَنْ حَرَّمَ زِينَةَ ٱللَّهِ ٱلَّتِيٓ أَخْرَجَ لِعِبَادِهِۦ وَٱلطَّيِّبَٰتِ مِنَ ٱلرِّزْقِۚ قُلْ هِيَ لِلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا خَالِصَةࣰ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۗ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلْـَٔايَٰتِ لِقَوْمࣲ يَعْلَمُونَ
(Уа, Мұхаммед! Оларға): «Алланың құлдары үшін жаратқан адам көркі киім-кешекті және таза әрі пайдалы адал ризықтарды кім харам ете алады?» – де. Сондай-ақ оларға: «Олар бұл дүниеде негізінен иман келтіргендерге арналған, ал қиямет күні тек мүміндерге ғана тиесілі болады», – деп айт. Міне, Біз білімділер мен білгісі келетін қауым үшін ақиқатқа жетелейтін аяттарымызды осылайша егжей-тегжейлі баяндаймыз.
قُلْ إِنَّمَا حَرَّمَ رَبِّيَ ٱلْفَوَٰحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَ وَٱلْإِثْمَ وَٱلْبَغْيَ بِغَيْرِ ٱلْحَقِّ وَأَن تُشْرِكُوا۟ بِٱللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِۦ سُلْطَٰنࣰا وَأَن تَقُولُوا۟ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Оларға: «Раббым (таза һәм адал нәрселерден емес) жария һәм жасырын істелетін азғындықтан, күнә атаулыдан, біреуге жөнсіз озбырлық көрсетіп, қиянат жасаудан, (пұттар сынды құдай екендігі жайлы) Алла тағала ешбір дәлел түсірмеген нәрселерді Аллаға серік етіп қосудан және Алла жайлы өздерің нақты білмейтін нәрселерді айтудан тыйды», – деп айт.
وَلِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلࣱۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمْ لَا يَسْتَأْخِرُونَ سَاعَةࣰ وَلَا يَسْتَقْدِمُونَ
Әрбір үмбет үшін белгіленген кесімді мерзім бар (яғни, әр үмбеттің өз ажалы бар). Сол мерзім толып, ажалы жеткенде, олар оны бір сәтке кейінге шегере де алмайды һәм бір сәтке тездете де алмайды.
يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ إِمَّا يَأْتِيَنَّكُمْ رُسُلࣱ مِّنكُمْ يَقُصُّونَ عَلَيْكُمْ ءَايَٰتِي فَمَنِ ٱتَّقَىٰ وَأَصْلَحَ فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Уа, Адамның үрім-бұтағы! Қай кезде болмасын сендерге өз араларыңнан Менің аяттарымды оқып түсіндіретін елшілер келгенде, кімде-кім оларға қарсы келуден сақтанып, Мені қорған тұтса, әрі өз-өзін (һәм айналасындағы ел-жұртты) түзету үшін әрекет етсе, ондай жандар үшін (әсіресе ақиретте) ешқандай қорқыныш жоқ һәм олар әсте жабықпайды.
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا وَٱسْتَكْبَرُوا۟ عَنْهَآ أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Ал аяттарымызға сенбей, оларға иман келтіруді ар көріп тәкаппарланатындарға келсек, міне, солар – тозақтықтар. Олар сонда мәңгі-бақи қалады.
فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ ٱفْتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَوْ كَذَّبَ بِـَٔايَٰتِهِۦٓۚ أُو۟لَٰٓئِكَ يَنَالُهُمْ نَصِيبُهُم مِّنَ ٱلْكِتَٰبِۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَتْهُمْ رُسُلُنَا يَتَوَفَّوْنَهُمْ قَالُوٓا۟ أَيْنَ مَا كُنتُمْ تَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِۖ قَالُوا۟ ضَلُّوا۟ عَنَّا وَشَهِدُوا۟ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمْ أَنَّهُمْ كَانُوا۟ كَٰفِرِينَ
Өз ойынан өтірік айтып, соны Аллаға телігеннен немесе Алланың аяттарын өтірік деушілерден асқан залым бар ма? Олар Кітаптағы (яғни, Ләухул-махфузда жазылған ғұмыр жастары мен ризықтарына қатысты) өз несібелерін толық алады. Оларға жан алатын елшілеріміз келіп: «Қане, Алладан өзге құлдық ұрып жалбарынған құдайларың қайда?» – деп сұрағанда, «Олар бізді тәрк етіп, көзден ғайып болды», – дейді. Сөйтіп, олар өздерінің кәпір болғандығын мойындап, өз-өздеріне қарсы куәлік етеді.
قَالَ ٱدْخُلُوا۟ فِيٓ أُمَمࣲ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِكُم مِّنَ ٱلْجِنِّ وَٱلْإِنسِ فِي ٱلنَّارِۖ كُلَّمَا دَخَلَتْ أُمَّةࣱ لَّعَنَتْ أُخْتَهَاۖ حَتَّىٰٓ إِذَا ٱدَّارَكُوا۟ فِيهَا جَمِيعࣰا قَالَتْ أُخْرَىٰهُمْ لِأُولَىٰهُمْ رَبَّنَا هَٰٓؤُلَآءِ أَضَلُّونَا فَـَٔاتِهِمْ عَذَابࣰا ضِعْفࣰا مِّنَ ٱلنَّارِۖ قَالَ لِكُلࣲّ ضِعْفࣱ وَلَٰكِن لَّا تَعْلَمُونَ
Сонда Хақ тағала: «Ендеше, өздеріңнен бұрын келіп-кеткен жындар мен адамдардан шыққан (имансыз) қауымдарға қосылыңдар да, солармен бірге тозаққа кіріңдер!» – деп бұйырады. Содан тозаққа түскен үмбеттердің қай-қайсысы болмасын оған кірген сайын (өзін азғырып, адастырған) діндес бауырларына лағынет жаудырады. Соңында, барлығы тозаққа тегіс кіріп, бастары қосылғанда, кейінгілері алғашқыларын нұсқап: «Уа, Раббымыз! Бізді азғырып, адастырғандар, міне, мыналар. Сол үшін оларға екі есе тозақ азабын тартқыз», – дейді. Сонда Алла: «Әрқайсысыңа екі есе ауыр азап бар, алайда сендер оны білмейсіңдер», – деп айтады.
وَقَالَتْ أُولَىٰهُمْ لِأُخْرَىٰهُمْ فَمَا كَانَ لَكُمْ عَلَيْنَا مِن فَضْلࣲ فَذُوقُوا۟ ٱلْعَذَابَ بِمَا كُنتُمْ تَكْسِبُونَ
Сол кезде алғашқылары кейінгілеріне: «Көрдіңдер ме? Сендердің бізден ешқандай артықшылықтарың болмай шықты. Ендеше, өз қолдарыңмен істеген күнәларыңның сазайы ретінде сендер де осы азапты тартыңдар», – дейді.
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا وَٱسْتَكْبَرُوا۟ عَنْهَا لَا تُفَتَّحُ لَهُمْ أَبْوَٰبُ ٱلسَّمَآءِ وَلَا يَدْخُلُونَ ٱلْجَنَّةَ حَتَّىٰ يَلِجَ ٱلْجَمَلُ فِي سَمِّ ٱلْخِيَاطِۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْمُجْرِمِينَ
Расында, аяттарымызға сенбей, оларға иман келтіруді ар санап тәкаппарланатындарға аспанның қақпалары ашылмайды. Олар иненің жасуынан таудай түйе өтпейінше жұмаққа кірмейді. Біз азғын күнәһарларды, міне, осылай жазалаймыз.
لَهُم مِّن جَهَنَّمَ مِهَادࣱ وَمِن فَوْقِهِمْ غَوَاشࣲۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلظَّٰلِمِينَ
Тозақта олар үшін жаһаннамның жалындаған отынан төсек, үстеріне де сол оттан көрпе бар. Біз (күпірлікте қасарысып, күнәға белшесінен батып ақыры өз-өздерінің обалына қалған) залымдарды, міне, осылай жазалаймыз.
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَآ أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلْجَنَّةِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Ал иман келтіріп, игілікті істер істегендерге келсек, – шүбәсіз, Біз ешбір жанға шамасынан тыс міндет жүктемейміз – міне, солар – жұмақтықтар. Олар сонда мәңгі-бақи қалып, (бақытты ғұмыр кешеді).
وَنَزَعْنَا مَا فِي صُدُورِهِم مِّنْ غِلࣲّ تَجْرِي مِن تَحْتِهِمُ ٱلْأَنْهَٰرُۖ وَقَالُوا۟ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي هَدَىٰنَا لِهَٰذَا وَمَا كُنَّا لِنَهْتَدِيَ لَوْلَآ أَنْ هَدَىٰنَا ٱللَّهُۖ لَقَدْ جَآءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِٱلْحَقِّۖ وَنُودُوٓا۟ أَن تِلْكُمُ ٱلْجَنَّةُ أُورِثْتُمُوهَا بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Біз онда олардың көкірегіндегі қаскөйлік, өшпенділік сынды жат сезімдердің бәрін суырып алып тастаймыз. Аяқтарының астынан өзендер ағып жатады. Сонда Раббыларына: «Бізді осыған жеткізген Аллаға сансыз мадақ, шексіз шүкіршілік айтамыз. Егер Алла бізді тура жолға салмаса, оған өз бетімізбен түсе алмас едік. Шүбәсіз, Раббымыздың елшілерінің бізге ақиқатты әкелгені анық», – деп, шексіз алғыс білдіреді. Сол кезде олар «(Дүниеде) істеген игілікті істеріңе орай мына тұрған жұмаққа (мәңгілік) мұрагер болдыңдар» деген дауысты естиді.
وَنَادَىٰٓ أَصْحَٰبُ ٱلْجَنَّةِ أَصْحَٰبَ ٱلنَّارِ أَن قَدْ وَجَدْنَا مَا وَعَدَنَا رَبُّنَا حَقࣰّا فَهَلْ وَجَدتُّم مَّا وَعَدَ رَبُّكُمْ حَقࣰّاۖ قَالُوا۟ نَعَمْۚ فَأَذَّنَ مُؤَذِّنُۢ بَيْنَهُمْ أَن لَّعْنَةُ ٱللَّهِ عَلَى ٱلظَّٰلِمِينَ
Жұмақтықтар тозақтықтарға: «Раббымыздың бізге уәде еткендерінің хақ екенін өз көзімізбен көрдік. Ал сендер ше, Раббыларыңның өздеріңе уәде еткендерінің хақ екендігіне көздерің жетті ме?» – дегенде, тозақтықтар: «Иә», – деп жауап қатады. Сонда екі топтың арасындағы жаршы: «(Күпірлікте табандап, күнәға белшесінен батып, ақыры өз-өздерінің обалына қалған) залымдар Алланың кәріне ұшырап, рақымынан мақұрым қалсын!» – деп жар салады.
ٱلَّذِينَ يَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجࣰا وَهُم بِٱلْـَٔاخِرَةِ كَٰفِرُونَ
Ондай залымдар ел-жұртты Алланың хақ жолынан қақпайлап, оны бұралаңы көп қисық жол етіп көрсеткісі келеді. Сондай-ақ олар ақиретті мүлдем жоққа шығарады.
وَبَيْنَهُمَا حِجَابࣱۚ وَعَلَى ٱلْأَعْرَافِ رِجَالࣱ يَعْرِفُونَ كُلَّۢا بِسِيمَىٰهُمْۚ وَنَادَوْا۟ أَصْحَٰبَ ٱلْجَنَّةِ أَن سَلَٰمٌ عَلَيْكُمْۚ لَمْ يَدْخُلُوهَا وَهُمْ يَطْمَعُونَ
Екі жақтың арасын бөліп тұратын ғаламат перде болады, (жаннат пен тозақтың арасындағы алып дуалдың) Ағраф деп аталатын биік тұғырларының үстінде жұмақтықтар мен тозақтықтардың әрқайсысын ерекше белгілерінен танитын адамдар бар. Олар жұмақтықтарға: «Сәләмун аләйкум! (Сендерге игілік, есендік тілейміз)» – деп үн қатады. Олар жұмаққа әлі кірмеген, алайда оған кіруді жан-тәнімен қалап, асыға күткен жандар.
۞وَإِذَا صُرِفَتْ أَبْصَٰرُهُمْ تِلْقَآءَ أَصْحَٰبِ ٱلنَّارِ قَالُوا۟ رَبَّنَا لَا تَجْعَلْنَا مَعَ ٱلْقَوْمِ ٱلظَّٰلِمِينَ
Ал енді олардың көз қыры тозақтықтар жаққа аударылғанда: «Уа, Раббымыз! Бізді (Күпірлікте табандап, күнәға белшесінен батып, ақыры өз-өздерінің обалына қалған) залым қауымға қоса көрме!» – деп жалбарынады.
وَنَادَىٰٓ أَصْحَٰبُ ٱلْأَعْرَافِ رِجَالࣰا يَعْرِفُونَهُم بِسِيمَىٰهُمْ قَالُوا۟ مَآ أَغْنَىٰ عَنكُمْ جَمْعُكُمْ وَمَا كُنتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ
Ағрафта тұрғандар ерекше белгілерінен танып қойған (бес күндік фәниде кәпірлердің көсемі болған) кейбір тозақтықтарға: «Міне, көрдіңдер ме? (Бұл күнде) жиған-терген дүние-мүліктеріңнің, жақтастарың мен нөкерлеріңнің және сонша көкірек керіп дандайсығандарыңның сендерге түк те пайдасы тимеді», – деп үн қатады.
أَهَٰٓؤُلَآءِ ٱلَّذِينَ أَقْسَمْتُمْ لَا يَنَالُهُمُ ٱللَّهُ بِرَحْمَةٍۚ ٱدْخُلُوا۟ ٱلْجَنَّةَ لَا خَوْفٌ عَلَيْكُمْ وَلَآ أَنتُمْ تَحْزَنُونَ
Сондай-ақ Ағрафтықтар оларға дүниеде пақыр-міскін болған жұмақтықтарды нұсқап: «Кезінде, «Алла оларды әсте мейіріміне бөлемейді» деп, ант-су ішіп, өздеріңше қор көріп, менсінбеген адамдарың осылар емес пе?» – дейді. Сол кезде жұмақтықтарға: «Жұмаққа кіріңдер! Бұдан былай сендер үшін ешқандай қорқыныш жоқ һәм бұдан былай әсте жабықпайсыңдар», – делінеді.
وَنَادَىٰٓ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِ أَصْحَٰبَ ٱلْجَنَّةِ أَنْ أَفِيضُوا۟ عَلَيْنَا مِنَ ٱلْمَآءِ أَوْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُۚ قَالُوٓا۟ إِنَّ ٱللَّهَ حَرَّمَهُمَا عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ
Тозақтықтар жұмақтықтарға: «Суларыңнан біз жаққа да біраз құйып жіберіңдерші, я болмаса Алланың өздеріңе берген ризығынан бізге де беріңдерші», – деп жалынып дауыстайды. Сонда жұмақтықтар: «Шүбәсіз, Алла ол екеуін де кәпірлерге харам қылды», – деп айтады.
ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُوا۟ دِينَهُمْ لَهْوࣰا وَلَعِبࣰا وَغَرَّتْهُمُ ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَاۚ فَٱلْيَوْمَ نَنسَىٰهُمْ كَمَا نَسُوا۟ لِقَآءَ يَوْمِهِمْ هَٰذَا وَمَا كَانُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا يَجْحَدُونَ
Ол кәпірлер өз діндерін ойыншық көріп, ойын-күлкіге айналдырды. Ақыры, фәни дүниенің қу тіршілігі оларды алдап соқты. Олар осы күнге қауышатындықтарын қалай ұмыт қалдырып, аяттарымызды қалай жалғанға шығарған болса, бүгін Біз де оларды дәл солай ұмыт қалдырамыз.
وَلَقَدْ جِئْنَٰهُم بِكِتَٰبࣲ فَصَّلْنَٰهُ عَلَىٰ عِلْمٍ هُدࣰى وَرَحْمَةࣰ لِّقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ
Біз оларға мағынасы мен үкімдерін шексіз ілім негізінде Өзіміз егжей-тегжейлі баяндаған, (әр сөзі мен әрбір үкіміне) иман келтіретін қауым үшін тура жолға бастаушы һәм (игілікке толы) рақым болған Кітап түсірдік.
هَلْ يَنظُرُونَ إِلَّا تَأْوِيلَهُۥۚ يَوْمَ يَأْتِي تَأْوِيلُهُۥ يَقُولُ ٱلَّذِينَ نَسُوهُ مِن قَبْلُ قَدْ جَآءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِٱلْحَقِّ فَهَل لَّنَا مِن شُفَعَآءَ فَيَشْفَعُوا۟ لَنَآ أَوْ نُرَدُّ فَنَعْمَلَ غَيْرَ ٱلَّذِي كُنَّا نَعْمَلُۚ قَدْ خَسِرُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ وَضَلَّ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَفْتَرُونَ
Сонда олар (иман етудің орнына «мұның ақыры не болар екен, не де болса әліптің ақырын бағайық» деп), тек бұл Кітапқа шақырудың ақырын бағып отыр ма? Ол хабар берген ақиқат (яғни, қиямет-қайым) орнаған күні бұрын оны елемей ұмыт қалдырғандар: «Ант етеміз! Раббымыздың елшілері бізге ақиқатты жеткізген еді (алайда біз оларға құлақ аспадық). Енді (Раббымыздың дәргейінде) бізге араша түсетін шапағатшылар табылар ма екен? Не болмаса істеген істерімізге кереғар игілікті істер істеу үшін (дүниеге) кері қайтарылуымыз мүмкін бе екен?» – деп аһ ұрады. Амал не, олар өз-өздерін құрдымға батырып, орны толмас зиянға ұшыратты. Ойларынан шығарған жалған құдайлары да оларды тәрк етіп, көзден ғайып болды.
إِنَّ رَبَّكُمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامࣲ ثُمَّ ٱسْتَوَىٰ عَلَى ٱلْعَرْشِۖ يُغْشِي ٱلَّيْلَ ٱلنَّهَارَ يَطْلُبُهُۥ حَثِيثࣰا وَٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَ وَٱلنُّجُومَ مُسَخَّرَٰتِۭ بِأَمْرِهِۦٓۗ أَلَا لَهُ ٱلْخَلْقُ وَٱلْأَمْرُۗ تَبَارَكَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Шүбәсіз, сендердің Раббыларың – Алла, Ол күллі аспан әлемі мен жерді алты күнде жаратты. Содан соң Аршқа «истиуа» етті (яғни, Аршқа шексіз билігін жүргізді, Аршпен бірге күллі жаратылыс атаулыны толық меңгеріп, шексіз үкімін жүргізді). Ол түн менен күндізді бүркейді, сөйтіп, екеуі бірін-бірі өкшелеп қуалаумен болады. Күн, ай және жұлдыздар – барлығы Оның әміріне толық бағынышты. Біле білсеңдер, жарату, пәрмен беру һәм шексіз билік бір Өзіне ғана тиесілі. Әр пәрмені мен әрбір ісі құт-берекеге толы болған әлемдердің Раббысы – Алла қандай ұлы десеңші!
ٱدْعُوا۟ رَبَّكُمْ تَضَرُّعࣰا وَخُفْيَةًۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلْمُعْتَدِينَ
Раббыларыңа іштей (яғни, бәсең дауыспен) жалбарынып дұға етіңдер. Шүбәсіз, Ол шектен шыққандарды ұнатпайды.
وَلَا تُفْسِدُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَٰحِهَا وَٱدْعُوهُ خَوْفࣰا وَطَمَعًاۚ إِنَّ رَحْمَتَ ٱللَّهِ قَرِيبࣱ مِّنَ ٱلْمُحْسِنِينَ
(Алла пайғамбарларын жіберу арқылы) жер бетін түзеп, жөнге келтіргеннен кейін, онда бүлік шығарып, бұзғыншылық жасамаңдар. Одан қорқып әрі мейірімінен үміт ете отырып дұға етіңдер. Шүбәсіз, Алланың рақымы (игілікті істер атқаруға келгенде ішкен асын жерге қоятын) ізгі жандарға өте жақын.
وَهُوَ ٱلَّذِي يُرْسِلُ ٱلرِّيَٰحَ بُشْرَۢا بَيْنَ يَدَيْ رَحْمَتِهِۦۖ حَتَّىٰٓ إِذَآ أَقَلَّتْ سَحَابࣰا ثِقَالࣰا سُقْنَٰهُ لِبَلَدࣲ مَّيِّتࣲ فَأَنزَلْنَا بِهِ ٱلْمَآءَ فَأَخْرَجْنَا بِهِۦ مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِۚ كَذَٰلِكَ نُخْرِجُ ٱلْمَوْتَىٰ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
Ол рақымын төгер алдында соның хабаршысы (сүйіншілеушісі) ретінде жел естіреді. Желдер қорғасындай ауыр бұлттарды лып етіп оп-оңай көтеріп алған соң, Біз ол бұлттарды (өсімдік атаулыдан жұрдай) өлі мекенге айдап әкетеміз. Сөйтіп, әлгі жерге жауын жаудырып, одан алуан түрлі жемістер шығарамыз. Міне, Біз өлгендерді де (қабірлерінен) дәл солай шығарамыз. Бәлкім, (өздерің үшін) ойланып, ғибрат аларсыңдар!
وَٱلْبَلَدُ ٱلطَّيِّبُ يَخْرُجُ نَبَاتُهُۥ بِإِذْنِ رَبِّهِۦۖ وَٱلَّذِي خَبُثَ لَا يَخْرُجُ إِلَّا نَكِدࣰاۚ كَذَٰلِكَ نُصَرِّفُ ٱلْـَٔايَٰتِ لِقَوْمࣲ يَشْكُرُونَ
Жақсы һәм шұрайлы өлкенің өсімдігі Раббысының қалауымен (жайқалып, құлпырып, бітік) шығады. Ал нашар, құнарсыз өлкеге келсек, одан түк те шықпайды, шықса да, әрең дегенде әр тұсынан бір қылтиып, мардымсыз әрі түкке тұрғысыз нәрселер шығады. Міне, Біз (Аллаға) шүкіршілік айтатын қауым үшін аяттарды, (иман ақиқатына қатысты дәлелдерді) осылайша егжей-тегжейлі һәм әр қилы жолмен тарқатып баяндаймыз.
لَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِۦ فَقَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥٓ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمࣲ
Расында, Нұхты өз қауымына пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: «Уа, қауымым! Бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер! Өйткені сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. (Егер бұған көнбесеңдер), бастарыңа алапат бір күннің азабы келе ме деп қорқамын», – деді.
قَالَ ٱلْمَلَأُ مِن قَوْمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينࣲ
Қауымының бай-шонжарлары оған: «Шүбәсіз, біз сенің анық адасуда екеніңді көріп тұрмыз», – деді.
قَالَ يَٰقَوْمِ لَيْسَ بِي ضَلَٰلَةࣱ وَلَٰكِنِّي رَسُولࣱ مِّن رَّبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Сонда Нұх оларға: «Уа, қауымым! Мен адасқан, азғын адам емеспін (яғни, менде адасушылық пен азғындықтың жұрнағы да жоқ), керісінше, мен әлемдердің Раббысынан келген елшімін».
أُبَلِّغُكُمْ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَأَنصَحُ لَكُمْ وَأَعْلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
«Мен сендерге Раббымның қасиетті жолдауларын жеткізіп, шын жүректен насихат айтамын. Сондай-ақ Алла тарапынан келген уахидің арқасында сендер білмейтін нәрселерді білемін».
أَوَعَجِبْتُمْ أَن جَآءَكُمْ ذِكْرࣱ مِّن رَّبِّكُمْ عَلَىٰ رَجُلࣲ مِّنكُمْ لِيُنذِرَكُمْ وَلِتَتَّقُوا۟ وَلَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
«Сонда, Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық аясында өмір сүрулерің әрі Оның шексіз рақымына бөленулерің үшін өз араларыңнан сендерді алдын-ала ескертіп, жамандықтан сақтандыратын бір адам арқылы өздеріңе Раббыларыңнан пәрмен мен насихаттың келгеніне таңғалып тұрсыңдар ма?» – деді.
فَكَذَّبُوهُ فَأَنجَيْنَٰهُ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥ فِي ٱلْفُلْكِ وَأَغْرَقْنَا ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَآۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ قَوْمًا عَمِينَ
Алайда олар Нұхты өтірікшіге балап, айтқанына сенбеді. Сөйтіп, Біз Нұхты және онымен бірге кемеде болғандарды топан судан құтқардық. Ал аяттарымызға сенбегендерді құрдымға батырдық. Өйткені олар (ақиқатты мүлдем көрмейтін) көкірегі соқыр қауым еді.
۞وَإِلَىٰ عَادٍ أَخَاهُمْ هُودࣰاۚ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥٓۚ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Сондай-ақ Ад қауымына да өз бауырлары Һудты (пайғамбар етіп) жібердік. Ол да қауымына: «Уа, қауымым! Бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер! Сендердің Одан басқа құдайларың жоқ. Ендеше, Оған тиісінше тағзым етіңдер, Оған қарсы келіп, азабына ұшыраудан барынша сақтанатын уақыттарың жетпеді ме?» – деді.
قَالَ ٱلْمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِن قَوْمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِي سَفَاهَةࣲ وَإِنَّا لَنَظُنُّكَ مِنَ ٱلْكَٰذِبِينَ
Қауымының Аллаға күпірлік қылған бай-шонжарлары оған: «Шүбәсіз, біз сенің ақылдан адасқан ақымақ екеніңді көрудеміз. Сондай-ақ біз сені өтірікші суайттардың бірі деп ойлаймыз», – деді.
قَالَ يَٰقَوْمِ لَيْسَ بِي سَفَاهَةࣱ وَلَٰكِنِّي رَسُولࣱ مِّن رَّبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Сонда Һуд оларға: «Уа, қауымым! Мен ақылынан адасқан жарымес емеспін, керісінше, мен әлемдердің Раббысынан келген елшімін».
أُبَلِّغُكُمْ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَأَنَا۠ لَكُمْ نَاصِحٌ أَمِينٌ
«Мен сендерге Раббымның қасиетті жолдауларын жеткіземін, сендерге жақсылық қана ойлайтын сенімді насихатшымын».
أَوَعَجِبْتُمْ أَن جَآءَكُمْ ذِكْرࣱ مِّن رَّبِّكُمْ عَلَىٰ رَجُلࣲ مِّنكُمْ لِيُنذِرَكُمْۚ وَٱذْكُرُوٓا۟ إِذْ جَعَلَكُمْ خُلَفَآءَ مِنۢ بَعْدِ قَوْمِ نُوحࣲ وَزَادَكُمْ فِي ٱلْخَلْقِ بَصْۜطَةࣰۖ فَٱذْكُرُوٓا۟ ءَالَآءَ ٱللَّهِ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
«Сонда сендер өздеріңді алдын-ала ескертіп, жамандықтан сақтандыру үшін өз араларыңнан шыққан бір адам арқылы Раббыларыңнан пәрмен мен насихаттың келгеніне таңғалып тұрсыңдар ма? (Алланың) өздеріңді Нұхтың қауымынан кейін жер бетінде солардың орнына халифа (яғни, үстем қауым) қылғанын және түр-тұлға жағынан (өзге адамдардан) әлдеқайда келбетті де күшті еткенін естеріңе алыңдар. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін Алланың (өздеріңе берген) нығметтеріне ой жүгіртіп, оларды әрдайым естеріңде тұтыңдар», – деді.
قَالُوٓا۟ أَجِئْتَنَا لِنَعْبُدَ ٱللَّهَ وَحْدَهُۥ وَنَذَرَ مَا كَانَ يَعْبُدُ ءَابَآؤُنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
Қауымы оған: «Сонда сен бізге ата-бабаларымыз сиынып өткен құдайларды тәрк еткізіп, бір Аллаға ғана құлдық ұрғызу үшін келдің бе? Егер шынымен шыншыл адам болсаң, қане, бізді қорқытып, уәде еткеніңді (яғни уәде еткен азабыңды) келтірші, көрейік!» – деп жауап берді.
قَالَ قَدْ وَقَعَ عَلَيْكُم مِّن رَّبِّكُمْ رِجْسࣱ وَغَضَبٌۖ أَتُجَٰدِلُونَنِي فِيٓ أَسْمَآءࣲ سَمَّيْتُمُوهَآ أَنتُمْ وَءَابَآؤُكُم مَّا نَزَّلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلْطَٰنࣲۚ فَٱنتَظِرُوٓا۟ إِنِّي مَعَكُم مِّنَ ٱلْمُنتَظِرِينَ
Сонда Һуд оларға: «Қарап тұрсам, сендер Раббыларыңның қарғысы мен қаһарына іліккен екенсіңдер. Өздерің әрі ата-бабаларың (тәңір тұтып) ат қойып, айдар тағып алған һәм Алла құдай екеніне қатысты ешқандай дәлел түсірмеген меңіреу пұттардың атаулары жайлы менімен сөз таластырмақсыңдар ма? Олай болса, күтіңдер (бұл істің ақыры не болар екен көрейік)! Мен де сендермен бірге әліптің артын бағамын», – деп айтты.
فَأَنجَيْنَٰهُ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥ بِرَحْمَةࣲ مِّنَّا وَقَطَعْنَا دَابِرَ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَاۖ وَمَا كَانُوا۟ مُؤْمِنِينَ
Сөйтіп, Біз ақырында Һудты һәм оның маңайындағыларды өзіміздің шексіз рақымымызға бөлеп, (алапат азаптан) құтқарып, аяттарымызға сенбегендерді түп-тұқиянымен құртып жібердік. Олар еш уақытта да иман келтірген емес еді.
وَإِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَٰلِحࣰاۚ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥۖ قَدْ جَآءَتْكُم بَيِّنَةࣱ مِّن رَّبِّكُمْۖ هَٰذِهِۦ نَاقَةُ ٱللَّهِ لَكُمْ ءَايَةࣰۖ فَذَرُوهَا تَأْكُلْ فِيٓ أَرْضِ ٱللَّهِۖ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءࣲ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ
Сондай-ақ Сәмуд халқына да өз бауырлары Салихты (пайғамбар етіп) жібердік. Ол да (өзге пайғамбарлар сияқты) қауымына: «Уа, қауымым! Бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер! Өйткені сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Шүбәсіз, сендерге Раббыларыңнан айқын дәлел, анық мұғжиза келді. Міне, мынау – айқын белгі (мұғжиза) ретінде Алланың сендер үшін жаратқан аруанасы. Оны жайына қоя беріңдер, Алланың жерінде жайбарақат жайылып жүре берсін. Оған тиіспеңдер, әйтпесе жан төзгісіз азапқа тап боласыңдар».
وَٱذْكُرُوٓا۟ إِذْ جَعَلَكُمْ خُلَفَآءَ مِنۢ بَعْدِ عَادࣲ وَبَوَّأَكُمْ فِي ٱلْأَرْضِ تَتَّخِذُونَ مِن سُهُولِهَا قُصُورࣰا وَتَنْحِتُونَ ٱلْجِبَالَ بُيُوتࣰاۖ فَٱذْكُرُوٓا۟ ءَالَآءَ ٱللَّهِ وَلَا تَعْثَوْا۟ فِي ٱلْأَرْضِ مُفْسِدِينَ
«(Алланың) өздеріңді Ад қауымынан кейін солардың орнына халифа қылғанын һәм жер бетіне жақсылап орналастырып, сендер үшін барлық жағдайды жасағанын еске алыңдар. Жазық алқаптарға сарайлар тұрғызып, тауларды қашап өздеріңе үй салудасыңдар. Ендеше, Алланың (өздеріңе берген) нығметтеріне ой жүгіртіп, оларды әрдайым естеріңде тұтыңдар. Жер бетінде лаң салып, бұзғыншылық жасамаңдар».
قَالَ ٱلْمَلَأُ ٱلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوا۟ مِن قَوْمِهِۦ لِلَّذِينَ ٱسْتُضْعِفُوا۟ لِمَنْ ءَامَنَ مِنْهُمْ أَتَعْلَمُونَ أَنَّ صَٰلِحࣰا مُّرْسَلࣱ مِّن رَّبِّهِۦۚ قَالُوٓا۟ إِنَّا بِمَآ أُرْسِلَ بِهِۦ مُؤْمِنُونَ
Қауымының көкірек керіп, дандайсыған бай-шонжарлары араларындағы иман келтірген қарапайым әлжуаз жандарға кекесінмен: «Сонда сендер шынымен де Салихты Раббысы тарапынан келген елші деп білесіңдер ме?» – деді. Олар: «Шүбәсіз, біз, оның елші ретінде бізге жеткізгендеріне иман келтірдік», – деп жауап берді.
قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوٓا۟ إِنَّا بِٱلَّذِيٓ ءَامَنتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ
Сонда көкірек керіп, дандайсыған кәпірлер: «Ендеше, сендер не нәрсеге сенген болсаңдар, біз соны мүлдем жоққа шығарамыз», – деді.
فَعَقَرُوا۟ ٱلنَّاقَةَ وَعَتَوْا۟ عَنْ أَمْرِ رَبِّهِمْ وَقَالُوا۟ يَٰصَٰلِحُ ٱئْتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ
Содан олар аруананы бауыздап тастады. Сөйтіп, Раббыларының пәрменіне бағынбай, асылық қылды. Һәм содан кейін Салихқа: «Егер сен шынымен де (Алла жіберген) елші болсаң, бізге сес қылып, келтірем деген азабыңды, қане, келтірші», – деді.
فَأَخَذَتْهُمُ ٱلرَّجْفَةُ فَأَصْبَحُوا۟ فِي دَارِهِمْ جَٰثِمِينَ
Ақырында, оларды аяқ астынан алапат зілзала басты да, барлығы жүрген жерлерінде шөкелеп қалған күйде сеспей қатты.
فَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَٰقَوْمِ لَقَدْ أَبْلَغْتُكُمْ رِسَالَةَ رَبِّي وَنَصَحْتُ لَكُمْ وَلَٰكِن لَّا تُحِبُّونَ ٱلنَّٰصِحِينَ
Осынау ғаламат оқиғадан кейін Салих оларды тастап кетіп бара жатып: «Уа, қауымым! Расында, мен сендерге (бар болғаны) Раббымның хақ үндеуін жеткіздім һәм тек жақсылық ойлап, насихат айттым. Алайда сендер өздеріңе насихат айтушыларды жақтырмайтын едіңдер», – деп айтты.
وَلُوطًا إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِۦٓ أَتَأْتُونَ ٱلْفَٰحِشَةَ مَا سَبَقَكُم بِهَا مِنْ أَحَدࣲ مِّنَ ٱلْعَٰلَمِينَ
Лутты да (өз еліне пайғамбар етіп) жібердік. Ол қауымына: «Сонда сендер жер әлемде өздеріңнен бұрын ешкім істемеген арсыздықты істеп, жан баласы бармаған азғындыққа барасыңдар ма?»
إِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ ٱلرِّجَالَ شَهْوَةࣰ مِّن دُونِ ٱلنِّسَآءِۚ بَلْ أَنتُمْ قَوْمࣱ مُّسْرِفُونَ
«Сендер әйелдерді былай қалдырып, нәпсі-құмарлықпен еркектерге барасыңдар! Сендер, шынында, (арсыздық пен азғындықта) шектен шыққан қауымсыңдар», – деп айтты.
وَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓا۟ أَخْرِجُوهُم مِّن قَرْيَتِكُمْۖ إِنَّهُمْ أُنَاسࣱ يَتَطَهَّرُونَ
Сондағы қауымының қайтарған жауабы «Мыналарды ауылдарыңнан қуып шығыңдар, өйткені олар өздерінше пәксініп қалған немелер» деу ғана болды.
فَأَنجَيْنَٰهُ وَأَهْلَهُۥٓ إِلَّا ٱمْرَأَتَهُۥ كَانَتْ مِنَ ٱلْغَٰبِرِينَ
Біз Лут пен оның отбасын (азғындар жайлаған мекеннен әкетіп, алапат азаптан) аман алып қалдық. Тек әйелі (азғындар жайлаған шаһарда) қалып, азапқа ұшырағандардың қатарында болды.
وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِم مَّطَرࣰاۖ فَٱنظُرْ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلْمُجْرِمِينَ
Сөйтіп, шектен шыққан қауымның төбесінен азап жауынын (яғни тас) жаудырдық. Күнәға белшесінен батқан күнәһарлардың ақыры не болғанын көріп, ғибрат ал!
وَإِلَىٰ مَدْيَنَ أَخَاهُمْ شُعَيْبࣰاۚ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥۖ قَدْ جَآءَتْكُم بَيِّنَةࣱ مِّن رَّبِّكُمْۖ فَأَوْفُوا۟ ٱلْكَيْلَ وَٱلْمِيزَانَ وَلَا تَبْخَسُوا۟ ٱلنَّاسَ أَشْيَآءَهُمْ وَلَا تُفْسِدُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَٰحِهَاۚ ذَٰلِكُمْ خَيْرࣱ لَّكُمْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ
Мәдиян халқына да өз бауырлары Шұғайыбты пайғамбар етіп жібердік. Ол да (өзге пайғамбарлар сияқты) қауымына: «Уа, қауымым! Бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер! Өйткені сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Расында, сендерге Раббыларыңнан айқын дәлел, анық мұғжиза келді. Өлшеуішпен дәл өлшеп, таразыны дәл тартыңдар. Ел-жұртқа тиесілі дүниені жымқырып, елге қиянат жасамаңдар. (Алла пайғамбарлар жіберу арқылы) жер бетін түзеп, жөнге келтіргеннен кейін, онда лаң салып, бұзғыншылық жасамаңдар. Шынымен, мүмін болсаңдар, солай істегендерің өздерің үшін жақсы».
وَلَا تَقْعُدُوا۟ بِكُلِّ صِرَٰطࣲ تُوعِدُونَ وَتَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ مَنْ ءَامَنَ بِهِۦ وَتَبْغُونَهَا عِوَجࣰاۚ وَٱذْكُرُوٓا۟ إِذْ كُنتُمْ قَلِيلࣰا فَكَثَّرَكُمْۖ وَٱنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلْمُفْسِدِينَ
«Сондай-ақ әр жолдың басына отырып алып, ел-жұртқа қоқан-лоқы көрсетпеңдер. Аллаға иман келтіргендерді Алланың хақ жолынан қақпайлап әрі оны бұралаңы көп қисық жол етіп көрсетуге тырыспаңдар. Сәл де болса, ақылға салып ойланбайсыңдар ма, өздерің бір кездері аз едіңдер, Алла қараларыңды көбейтіп, күштеріңе күш қосты. Лаң салушы бұзғыншылардың ақыры не болғанын көріп, ғибрат алыңдар!»
وَإِن كَانَ طَآئِفَةࣱ مِّنكُمْ ءَامَنُوا۟ بِٱلَّذِيٓ أُرْسِلْتُ بِهِۦ وَطَآئِفَةࣱ لَّمْ يُؤْمِنُوا۟ فَٱصْبِرُوا۟ حَتَّىٰ يَحْكُمَ ٱللَّهُ بَيْنَنَاۚ وَهُوَ خَيْرُ ٱلْحَٰكِمِينَ
«Егер араларыңнан бір топ мен жеткізген ақиқатқа сеніп, енді бірі сенбейтін болса, арамызда Алланың өзі үкім айтқанға дейін аз ғана тағат қыла тұрыңдар. Өйткені Ол қашанда ең әділ билік айтып, ең қайырлы үкім шығарушы», – деп айтты.
۞قَالَ ٱلْمَلَأُ ٱلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوا۟ مِن قَوْمِهِۦ لَنُخْرِجَنَّكَ يَٰشُعَيْبُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَكَ مِن قَرْيَتِنَآ أَوْ لَتَعُودُنَّ فِي مِلَّتِنَاۚ قَالَ أَوَلَوْ كُنَّا كَٰرِهِينَ
Ал қауымының көкірек керіп дандайсыған (шынжыр балақ, шұбар төс) шонжарлары болса, оған: «Әй, Шұғайыб! Сені һәм өзіңмен бірге иман келтіргендерді ауылымыздан қуып шығамыз, не болмаса біздің дінімізге біржола қайтасыңдар», – деп шарт қойды. Сол кезде ол: «Біз қаламасақ та, күштеп (кәпір қылмақсыңдар) ғой, солай ма?»
قَدِ ٱفْتَرَيْنَا عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا إِنْ عُدْنَا فِي مِلَّتِكُم بَعْدَ إِذْ نَجَّىٰنَا ٱللَّهُ مِنْهَاۚ وَمَا يَكُونُ لَنَآ أَن نَّعُودَ فِيهَآ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ رَبُّنَاۚ وَسِعَ رَبُّنَا كُلَّ شَيْءٍ عِلْمًاۚ عَلَى ٱللَّهِ تَوَكَّلْنَاۚ رَبَّنَا ٱفْتَحْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ قَوْمِنَا بِٱلْحَقِّ وَأَنتَ خَيْرُ ٱلْفَٰتِحِينَ
«Алла (жүрегімізге иман нұрын ұялату арқылы) бізді сендердің жалған діндеріңнен құтқарғаннан кейін оған қайта кірсек, Аллаға жала жапқан боламыз. Раббымыз Алла қаламайынша, біздің сендердің діндеріңе қайта кіруіміз мүмкін емес. Раббымыз шексіз ілімімен барлық нәрсені толық қамтыған. Біз бір Аллаға тәуекел еттік. Уа, Раббымыз! Біз бен мына қауымымыздың арасында әділ билігіңді айтып, ақиқатты паш еткейсің. Шүбәсіз, Сен – ақиқатты ең жақсы түрде паш етушісің», – деді.
وَقَالَ ٱلْمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِن قَوْمِهِۦ لَئِنِ ٱتَّبَعْتُمْ شُعَيْبًا إِنَّكُمْ إِذࣰا لَّخَٰسِرُونَ
Қауымының ішіндегі Аллаға күпірлік қылған бай-шонжарлар ел-жұртқа: «Егер Шұғайыбқа еретін болсаңдар, біліп қойыңдар, оңбай зиян шегіп, сорлап қаласыңдар», – деп қысым көрсетті.
فَأَخَذَتْهُمُ ٱلرَّجْفَةُ فَأَصْبَحُوا۟ فِي دَارِهِمْ جَٰثِمِينَ
Ақыры, оларды аяқ астынан алапат зілзала бас-ты да, барлығы жүрген жерлерінде шөкелеп қалған күйде сеспей қатты.
ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ شُعَيْبࣰا كَأَن لَّمْ يَغْنَوْا۟ فِيهَاۚ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ شُعَيْبࣰا كَانُوا۟ هُمُ ٱلْخَٰسِرِينَ
Шұғайыбты өтірікшіге балап, сөзін жалғанға шығарғандар бар ғой, (күлдері көкке ұшқаннан кейін құлазып қалған жұрттарына қарағанда) кезінде өз жерлерінде шалқып өмір сүргендер олар емес сияқты. Шұғайыбты өтірікшіге балағандар бар ғой, оңбай зиян шегіп, сорлап қалғандар солар болды.
فَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَٰقَوْمِ لَقَدْ أَبْلَغْتُكُمْ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَنَصَحْتُ لَكُمْۖ فَكَيْفَ ءَاسَىٰ عَلَىٰ قَوْمࣲ كَٰفِرِينَ
Осынау ғаламат оқиғадан кейін Шұғайыб оларды тастап кетіп бара жатып: «Уа, қауымым! Расында, мен сендерге (бар болғаны) Раббымның хақ үндеуін жеткіздім, тек қана жақсылық ойлап, насихат айттым. Ендеше, күпірлікте мұншама табандаған мұндай асы қауым үшін несіне қайғы-мұңға салынайын», – деді.
وَمَآ أَرْسَلْنَا فِي قَرْيَةࣲ مِّن نَّبِيٍّ إِلَّآ أَخَذْنَآ أَهْلَهَا بِٱلْبَأْسَآءِ وَٱلضَّرَّآءِ لَعَلَّهُمْ يَضَّرَّعُونَ
Біз қандай да бір елді мекенге пайғамбар жіберер болсақ, алдымен сол жердің халқы ғапылдықтан арылып, Аллаға бар ықыласымен бет бұрып, шын көңілден жалынып-жалбарынсын деп, оларға таршылық тауқыметін тартқызып, түрлі бәле-жалаға душар қыламыз.
ثُمَّ بَدَّلْنَا مَكَانَ ٱلسَّيِّئَةِ ٱلْحَسَنَةَ حَتَّىٰ عَفَوا۟ وَّقَالُوا۟ قَدْ مَسَّ ءَابَآءَنَا ٱلضَّرَّآءُ وَٱلسَّرَّآءُ فَأَخَذْنَٰهُم بَغْتَةࣰ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Оларды осылайша біраз уақыт тәрбиеге салғаннан кейін (тәубеге келіп, иман келтірмесе, онда көздерін бірте-бірте жою мақсатында), бастарына түскен тауқыметті кеңшілікке алмастырамыз. Сөйтіп қаралары көбейіп, байлықтары тасып, күш-қуаттары арта түскенде, «Кезінде ата-бабаларымыз да бірде қайғырып, бірде қуанған еді» деп, болған оқиғалардан, бастарына түскен тауқыметтен бәрібір сабақ алмайды. Нәтижеде, оларды сол ғапыл һәм бейжай күйлерінде аяқ астынан азапқа душар қылып жазалаймыз.
وَلَوْ أَنَّ أَهْلَ ٱلْقُرَىٰٓ ءَامَنُوا۟ وَٱتَّقَوْا۟ لَفَتَحْنَا عَلَيْهِم بَرَكَٰتࣲ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِ وَلَٰكِن كَذَّبُوا۟ فَأَخَذْنَٰهُم بِمَا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
Егер әлгі елді мекендердің халқы иман келтіргенде һәм Аллаға қарсы келуден сақтанып, Оны паналағанда, әлбетте, Біз олар үшін көк пен жердің берекет қақпаларын айқара ашып, оларды әбден жарылқайтын едік. Алайда олар (кері кетіп, пайғамбарларды һәм солар арқылы жеткен ақиқаттарға) сенбеді. Біз де оларды өз қолымен істеген һәм амал дәптерлеріне жазылған күнәлары себепті оңдырмай жазаладық.
أَفَأَمِنَ أَهْلُ ٱلْقُرَىٰٓ أَن يَأْتِيَهُم بَأْسُنَا بَيَٰتࣰا وَهُمْ نَآئِمُونَ
Сонда әлгі елді мекендердің халқы алапат азабымыздың түн ішінде шырт ұйқыда жатқанда аяқ астынан келіп, өздерін бас салмайтындығына сенімді болды ма?!
أَوَأَمِنَ أَهْلُ ٱلْقُرَىٰٓ أَن يَأْتِيَهُم بَأْسُنَا ضُحࣰى وَهُمْ يَلْعَبُونَ
Жоқ әлде, сол елді мекендердің халқы алапат азабымыздың сәске уақытында мәз-мейрам болып күліп-ойнап жатқанда, күтпеген жерден келіп, өздерін бас салмайтындығына сенімді болды ма?
أَفَأَمِنُوا۟ مَكْرَ ٱللَّهِۚ فَلَا يَأْمَنُ مَكْرَ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلْقَوْمُ ٱلْخَٰسِرُونَ
Әлде олар Алланың өздерін тосыннан жазаламайтынына сенімді болды ма? Шындығында, ақыр түбі орасан зиян шегіп, сорлап қалатын қауым ғана Алла өздерін аяқ астынан жазаламайды деп сенеді.
أَوَلَمْ يَهْدِ لِلَّذِينَ يَرِثُونَ ٱلْأَرْضَ مِنۢ بَعْدِ أَهْلِهَآ أَن لَّوْ نَشَآءُ أَصَبْنَٰهُم بِذُنُوبِهِمْۚ وَنَطْبَعُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَسْمَعُونَ
Жер бетіне бұрынғы егелерінен кейін мұрагер болғандардың көзі мына бір ақиқатқа әлі жетпеді ме: егер қаласақ, күнәлары себепті оларды да оңдырмай жазалап, көздерін жояр едік! (Алайда олар мұны түсінер емес, өйткені зұлымдық жасау-дан, күнәдан һәм күпірліктен тыйылмағандықтан) жүректеріне өшпестей етіп мөр басудамыз, сондықтан олар (уахиді, ақиқат жаршысының үнін, өздеріне айтылған ескертулер мен насихатты мүлдем) естімейді.
تِلْكَ ٱلْقُرَىٰ نَقُصُّ عَلَيْكَ مِنْ أَنۢبَآئِهَاۚ وَلَقَدْ جَآءَتْهُمْ رُسُلُهُم بِٱلْبَيِّنَٰتِ فَمَا كَانُوا۟ لِيُؤْمِنُوا۟ بِمَا كَذَّبُوا۟ مِن قَبْلُۚ كَذَٰلِكَ يَطْبَعُ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ ٱلْكَٰفِرِينَ
Міне, (Алланың қаһарына ұшырап, жермен-жексен болған) елді мекендер осылар. (Уа, Мұхаммед!) Біз олардың кейінгі ұрпаққа сабақ болатын тарихынан кейбір үзінділерді өзіңе баяндап берудеміз. Расында, оларға өз араларынан шыққан пайғамбарлар айқын дәлелдер, анық мұғжизалар көрсетті. Алайда олар бәрібір иман етпеді. Өйткені сол уақытқа дейін өздеріне дәріптелген қаншама дәлелге сенбеген һәм (көңіліне жақпағанның бәрін терістеуді) әдетке айналдырған еді. Алла (көкірегі күпірлікке толған) кәпірлердің жүрегін, міне, осылай «мөрлеп» тастайды.
وَمَا وَجَدْنَا لِأَكْثَرِهِم مِّنْ عَهْدࣲۖ وَإِن وَجَدْنَآ أَكْثَرَهُمْ لَفَٰسِقِينَ
Олардың көпшілігінен уәдеге берік болу дегенді көрмедік. Керісінше, көпшілігінің (үлкен күнәлардың өзін міз бақпай істей беретін) барып тұрған азғын екенін анық көрдік.
ثُمَّ بَعَثْنَا مِنۢ بَعْدِهِم مُّوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَإِي۟هِۦ فَظَلَمُوا۟ بِهَاۖ فَٱنظُرْ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلْمُفْسِدِينَ
Аталмыш пайғамбарлардан кейін (адамзаттың һәм иләһи жолдаудың тарихындағы жаңа бір кезеңнің бастауы ретінде) Перғауынға һәм оның ұлықтарына аяттарымызбен Мұсаны жібердік. Алайда олар да бұрынғылардың кебін киіп, аяттарымызға қиянат жасады. Ендеше, тағы бір мәрте бұзақылардың ақыры не болғанын көр.
وَقَالَ مُوسَىٰ يَٰفِرْعَوْنُ إِنِّي رَسُولࣱ مِّن رَّبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Мұса: «Уа, Перғауын! Мен әлемдердің Раббысынан келген елшімін».
حَقِيقٌ عَلَىٰٓ أَن لَّآ أَقُولَ عَلَى ٱللَّهِ إِلَّا ٱلْحَقَّۚ قَدْ جِئْتُكُم بِبَيِّنَةࣲ مِّن رَّبِّكُمْ فَأَرْسِلْ مَعِيَ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ
«Менің міндетім – Алла жайлы тек ақиқатты айту. Расында, мен сендерге Раббыларыңнан айқын дәлелмен, анық мұғжизамен келдім. Сол үшін Исрайыл ұрпақтарын (құлдықтан босатып) менімен бірге жібер» – деді.
قَالَ إِن كُنتَ جِئْتَ بِـَٔايَةࣲ فَأْتِ بِهَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
Сонда Перғауын: «Егер айқын дәлелмен келгенің әрі айтқаныңның бәрі рас болса, қане, көрсет», – деді.
فَأَلْقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعْبَانࣱ مُّبِينࣱ
Сол кезде Мұса қолындағы аса-таяғын жерге тастап еді, ол бірден нағыз әбжыланға айналып шыға келді.
وَنَزَعَ يَدَهُۥ فَإِذَا هِيَ بَيْضَآءُ لِلنَّٰظِرِينَ
Содан кейін оң қолын қойнынан шығарып еді, қолы қарап тұрғандардың көз нұрын тайдырып жіберердей жарқырап шыға келді.
قَالَ ٱلْمَلَأُ مِن قَوْمِ فِرْعَوْنَ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٌ عَلِيمࣱ
Сонда Перғауын қауымының ұлықтары: «Шүбәсіз, бұл сондай білгір, өте шебер сиқыршы екен», – десті.
يُرِيدُ أَن يُخْرِجَكُم مِّنْ أَرْضِكُمْۖ فَمَاذَا تَأْمُرُونَ
Перғауын оларға: «Бұл сендерді атамекен-деріңнен қуып шығуды көксейді. Ендеше, оған қатысты не бұйырасыңдар?» – деді.
قَالُوٓا۟ أَرْجِهْ وَأَخَاهُ وَأَرْسِلْ فِي ٱلْمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ
Ұлықтар: «Оны да, бауырын да жібермей ұстап алып қал да, барлық қалаларға шапқыншы жібер».
يَأْتُوكَ بِكُلِّ سَٰحِرٍ عَلِيمࣲ
«Шебер сиқыршылардың бірін қалдырмай жинап, алдыңа әкелсін», – деп ақыл-кеңес берді.
وَجَآءَ ٱلسَّحَرَةُ فِرْعَوْنَ قَالُوٓا۟ إِنَّ لَنَا لَأَجْرًا إِن كُنَّا نَحْنُ ٱلْغَٰلِبِينَ
Содан ең мықты сиқыршылар Перғауынға келіп: «Егер жеңіп шықсақ, бізге міндетті түрде сый-сияпат бересің ғой?» – деді.
قَالَ نَعَمْ وَإِنَّكُمْ لَمِنَ ٱلْمُقَرَّبِينَ
Перғауын: «Әрине, беремін, оған қоса сендер менің ең жақын адамдарым боласыңдар», – деп уәде берді.
قَالُوا۟ يَٰمُوسَىٰٓ إِمَّآ أَن تُلْقِيَ وَإِمَّآ أَن نَّكُونَ نَحْنُ ٱلْمُلْقِينَ
Сиқыршылар Мұсаға: «Әй, Мұса! Қаласаң, қолыңдағыны алдымен сен лақтыр, я болмаса біз лақтырайық», – деп ашық сайысқа шақырды.
قَالَ أَلْقُوا۟ۖ فَلَمَّآ أَلْقَوْا۟ سَحَرُوٓا۟ أَعْيُنَ ٱلنَّاسِ وَٱسْتَرْهَبُوهُمْ وَجَآءُو بِسِحْرٍ عَظِيمࣲ
Мұса оларға: «Алдымен сендер лақтырыңдар», – деді. Сол кезде сиқыршылар қолдарындағы сиқыр құралдарын жерге тастап жіберіп, ел-жұрттың көзін байлап һәм зәре-құтын ұшырып, ғаламат сиқыр көрсетті.
۞وَأَوْحَيْنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنْ أَلْقِ عَصَاكَۖ فَإِذَا هِيَ تَلْقَفُ مَا يَأْفِكُونَ
Сол сәтте Мұсаға: «Аса-таяғыңды лақтыр», – деп уахи (аян) бердік. Сол-ақ екен, әлгі аса-таяқ бірден сиқыршылардың көз байлап көрсеткен сиқырларының бірін қалдырмай жалмап жұта бас-тады.
فَوَقَعَ ٱلْحَقُّ وَبَطَلَ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Нәтижеде, ақиқат баршаға аян болып, олардың істеген барлық сиқырлары түкке тұрғысыз екені айқындалды.
فَغُلِبُوا۟ هُنَالِكَ وَٱنقَلَبُوا۟ صَٰغِرِينَ
Сөйтіп, сол арада Перғауын мен оның жақтастары (бүкіл елдің алдында) жеңіліс тауып, жер болды.
وَأُلْقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سَٰجِدِينَ
Ал (Алланың құдіретін өз көзімен көрген) сиқыршылар болса, жаппай сәждеге жығылды.
قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا بِرَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Олар: «Біз әлемдердің Раббысына иман келтірдік».
رَبِّ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
«Мұса мен Һарунның Раббысына (иман келтірдік)», – деді.
قَالَ فِرْعَوْنُ ءَامَنتُم بِهِۦ قَبْلَ أَنْ ءَاذَنَ لَكُمْۖ إِنَّ هَٰذَا لَمَكْرࣱ مَّكَرْتُمُوهُ فِي ٱلْمَدِينَةِ لِتُخْرِجُوا۟ مِنْهَآ أَهْلَهَاۖ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
Перғауын оларға: «Демек, мен рұқсат етпей тұрып оған иман келтіретін сабаз екенсіңдер ғой? Шүбәсіз, бұл – осы қаланың жергілікті халқын атамекенінен қуып шығу үшін осында келіп, ауызжаласып істеп отырған айла-амалдарың. Ендеше, менен көресіні әлі-ақ көресіңдер!»
لَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُم مِّنْ خِلَٰفࣲ ثُمَّ لَأُصَلِّبَنَّكُمْ أَجْمَعِينَ
«Қол-аяқтарыңды шалыс (яғни, оң қолдарың мен сол аяқтарыңды немесе керісінше) шабамын, содан кейін бәріңді (құрма ағаштарына) асып қоямын», – деп доқ көрсетті.
قَالُوٓا۟ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا مُنقَلِبُونَ
Сиқыршылар сонда да қасқайып тұрып: «Біз қайткен күнде де Раббымызға қайтамыз».
وَمَا تَنقِمُ مِنَّآ إِلَّآ أَنْ ءَامَنَّا بِـَٔايَٰتِ رَبِّنَا لَمَّا جَآءَتْنَاۚ رَبَّنَآ أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرࣰا وَتَوَفَّنَا مُسْلِمِينَ
«Сен бізден Раббымыздың өзімізге келген аяттарын көріп, иман келтіргеніміз үшін ғана өш алудасың», – деді. Содан соң Аллаға: «Уа, Раббымыз! Бізге сабырлылық бере көр! Жанымызды бір Өзіңе мойынсұнған мұсылман күйінде ала көр!» – деп жалбарынды.
وَقَالَ ٱلْمَلَأُ مِن قَوْمِ فِرْعَوْنَ أَتَذَرُ مُوسَىٰ وَقَوْمَهُۥ لِيُفْسِدُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ وَيَذَرَكَ وَءَالِهَتَكَۚ قَالَ سَنُقَتِّلُ أَبْنَآءَهُمْ وَنَسْتَحْيِۦ نِسَآءَهُمْ وَإِنَّا فَوْقَهُمْ قَٰهِرُونَ
Перғауын қауымының (шынжыр балақ, шұбар төс) шонжарлары: «Мұса мен қауымын жайына қоя беріп, осы жерде лаң салып, бұзақылық жасағанын, онымен қоймай өзіңді һәм құдайларыңды тәрк еткенін қалайсың ба?» – деді. Сонда Перғауын: «Жоқ, олардың еркек кіндік балаларын жаппай қырамыз, ал қыз балаларын (өзімізге күң қылып, қорлау үшін) тірі қалдырамыз. Шүбәсіз, біз олардан үстембіз!» – деп үкімін айтты.
قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ ٱسْتَعِينُوا۟ بِٱللَّهِ وَٱصْبِرُوٓا۟ۖ إِنَّ ٱلْأَرْضَ لِلَّهِ يُورِثُهَا مَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦۖ وَٱلْعَٰقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ
Мұса болса өз қауымын: «Алладан жәрдем тілеңдер һәм сабырлылық танытыңдар. Шүбәсіз, жер беті (түгелдей) бір Аллаға тиесілі. Ол оны құлдарының арасынан қалағанына нәсіп етеді. Ақырғы жеңіс Аллаға тиісінше тағзым ететін, Оған асылық қылудан сақтанып, бұйрықтарын бұлжытпай орындайтын тақуалардың еншісінде», – деп жұбатты.
قَالُوٓا۟ أُوذِينَا مِن قَبْلِ أَن تَأْتِيَنَا وَمِنۢ بَعْدِ مَا جِئْتَنَاۚ قَالَ عَسَىٰ رَبُّكُمْ أَن يُهْلِكَ عَدُوَّكُمْ وَيَسْتَخْلِفَكُمْ فِي ٱلْأَرْضِ فَيَنظُرَ كَيْفَ تَعْمَلُونَ
Сонда олар Мұсаға: «Біз сен келмей тұрып та, келгеннен кейін де зәбір-зомбылықтан көз ашпадық», – деп мұңдарын шақты. Мұса (оларды бір жағынан жұбатып, екінші жағынан ескерту жасап былай деді): «Қайдан білесіңдер! Бәлкім, Раббыларың қас дұшпандарыңның көзін жойып, алып жердің бір бұрышында сендерге де билік құруды нәсіп етер. Һәм содан кейін не істеп, не қоятындарыңа да қарайды».
وَلَقَدْ أَخَذْنَآ ءَالَ فِرْعَوْنَ بِٱلسِّنِينَ وَنَقْصࣲ مِّنَ ٱلثَّمَرَٰتِ لَعَلَّهُمْ يَذَّكَّرُونَ
Расында, Перғауын әулетін ойлансын, сабақ алсын, сөйтіп, тәубесіне келсін деп, жылдар бойы қуаңшылықпен, өнімнің аздығымен жазаладық.
فَإِذَا جَآءَتْهُمُ ٱلْحَسَنَةُ قَالُوا۟ لَنَا هَٰذِهِۦۖ وَإِن تُصِبْهُمْ سَيِّئَةࣱ يَطَّيَّرُوا۟ بِمُوسَىٰ وَمَن مَّعَهُۥٓۗ أَلَآ إِنَّمَا طَٰٓئِرُهُمْ عِندَ ٱللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Олар жақсылыққа (молшылыққа) кенелсе: «Біз бұған әбден лайықпыз», – деп масаттанады. Ал бас-тарына жамандық келсе, сол жамандық Мұса мен маңайындағылардың кесірінен болды деп жориды (ырымдайды). Жоқ, олай емес, олардың өздерінше ырымдап, жақсылық немесе жамандық дегендерінің бәрі бір Алланың үкімі һәм жаратуымен болады. Алайда олардың көпшілігі хақ ілімнен мақұрым болғандықтан, мұны білмейді.
وَقَالُوا۟ مَهْمَا تَأْتِنَا بِهِۦ مِنْ ءَايَةࣲ لِّتَسْحَرَنَا بِهَا فَمَا نَحْنُ لَكَ بِمُؤْمِنِينَ
Сондай-ақ олар Мұсаға: «Көзімізді байлап, басымызды дуалау үшін бізге қанша жерден мұғжиза көрсетсең де, бәрібір саған сенбейміз», – дейтін еді.
فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمُ ٱلطُّوفَانَ وَٱلْجَرَادَ وَٱلْقُمَّلَ وَٱلضَّفَادِعَ وَٱلدَّمَ ءَايَٰتࣲ مُّفَصَّلَٰتࣲ فَٱسْتَكْبَرُوا۟ وَكَانُوا۟ قَوْمࣰا مُّجْرِمِينَ
Содан (бәлкім, ойланып, тиісінше сабақ алар һәм тәубелеріне келер деп, шексіз құдіретіміздің) бірер айғағы ретінде оларға бірде топан су жіберсек, бірде обыр шегіртке, бірде құрт-құмырсқа, бірде құрбақа қаптаттық, сондай-ақ суларын (пайдалануға мүлдем жарамайтындай етіп) қып-қызыл қанға боядық. Алайда олар сонда да көкірек керіп, тәкаппарлануын қоймады һәм күнәдан тыйылмайтын асы қауым болып қала берді.
وَلَمَّا وَقَعَ عَلَيْهِمُ ٱلرِّجْزُ قَالُوا۟ يَٰمُوسَى ٱدْعُ لَنَا رَبَّكَ بِمَا عَهِدَ عِندَكَۖ لَئِن كَشَفْتَ عَنَّا ٱلرِّجْزَ لَنُؤْمِنَنَّ لَكَ وَلَنُرْسِلَنَّ مَعَكَ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ
Олар бастарына бәле жауып, азап шеккенде, Мұсаға келіп: «Әй, Мұса! Раббыңның өзіңе жүктеген пайғамбарлық міндетінің һәм (дұғаларыңды қабыл аламын деген) хақ уағдасының құрметіне Оған дұға ет. Егер бізді мына азаптан құтқарсаң, шүбәсіз, саған иман келтіреміз һәм Исрайыл ұрпақтарын міндетті түрде (құлдықтан босатып) өзіңмен бірге жібереміз», – деп айтатын еді.
فَلَمَّا كَشَفْنَا عَنْهُمُ ٱلرِّجْزَ إِلَىٰٓ أَجَلٍ هُم بَٰلِغُوهُ إِذَا هُمْ يَنكُثُونَ
Сөйтіп, берген уәделерін орындай алатын белгілі мерзімге дейін оларды жазалауды тоқтатсақ, бірден сертінен тайып шыға келетін еді.
فَٱنتَقَمْنَا مِنْهُمْ فَأَغْرَقْنَٰهُمْ فِي ٱلْيَمِّ بِأَنَّهُمْ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا وَكَانُوا۟ عَنْهَا غَٰفِلِينَ
Аяттарымызға сенбеген һәм оларға немқұрайлы қарағандығы үшін тиісті жазаларын беріп, теңіздің тұңғиығына батырдық.
وَأَوْرَثْنَا ٱلْقَوْمَ ٱلَّذِينَ كَانُوا۟ يُسْتَضْعَفُونَ مَشَٰرِقَ ٱلْأَرْضِ وَمَغَٰرِبَهَا ٱلَّتِي بَٰرَكْنَا فِيهَاۖ وَتَمَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ ٱلْحُسْنَىٰ عَلَىٰ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ بِمَا صَبَرُوا۟ۖ وَدَمَّرْنَا مَا كَانَ يَصْنَعُ فِرْعَوْنُ وَقَوْمُهُۥ وَمَا كَانُوا۟ يَعْرِشُونَ
Нәтижеде (ғасырлар бойы) қорлық көріп, жапа шегіп келген қауымды Өзіміз құт-береке дарытқан Шам жерінің шығысы мен батысына (яғни, түгеліне дерлік) мұрагер қылдық. (Уа, Мұхаммед!) Міне, Раббыңның Исрайыл ұрпақтарына берген керемет уағдасы олардың сабырлылық танытқанының нәтижесінде осылай толық орындалды. Бұған қоса, Перғауын мен қауымының (ғасырлар бойғы) өнер-сәулет туындыларын, тұрғызған зәулім сарайларын, өсірген бау-бақшаларын жермен-жексен еттік.
وَجَٰوَزْنَا بِبَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ ٱلْبَحْرَ فَأَتَوْا۟ عَلَىٰ قَوْمࣲ يَعْكُفُونَ عَلَىٰٓ أَصْنَامࣲ لَّهُمْۚ قَالُوا۟ يَٰمُوسَى ٱجْعَل لَّنَآ إِلَٰهࣰا كَمَا لَهُمْ ءَالِهَةࣱۚ قَالَ إِنَّكُمْ قَوْمࣱ تَجْهَلُونَ
Исрайыл ұрпақтарын теңіздің арғы бетіне өткіздік. Содан олар жол-жөнекей өздеріне тиесілі бірқатар пұттарға табынатын бір қауымға жолықты. Сонда олар: «Әй, Мұса! Бізге де мыналардың құдайлары сияқты бір құдай жасап бер», – деді. Мұса оларға: «Сендер, расында, надандықтың шырмауынан шыға алмаған қауымсыңдар».
إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ مُتَبَّرࣱ مَّا هُمْ فِيهِ وَبَٰطِلࣱ مَّا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
«Расында, бұлардың дін деп ұстанғаны – құрыған жалған дін һәм құлшылық деп істеген бүкіл істері жалған, түкке тұрғысыз құр әурешілік».
قَالَ أَغَيْرَ ٱللَّهِ أَبْغِيكُمْ إِلَٰهࣰا وَهُوَ فَضَّلَكُمْ عَلَى ٱلْعَٰلَمِينَ
«Алла (сендерге хақ дінді нәсіп ету арқылы) өзге қауымдардан мерейлеріңді үстем қылғанда, сендерге Алладан басқа құдай іздемекпін бе?» – деп жауап берді.
وَإِذْ أَنجَيْنَٰكُم مِّنْ ءَالِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوٓءَ ٱلْعَذَابِ يُقَتِّلُونَ أَبْنَآءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَآءَكُمْۚ وَفِي ذَٰلِكُم بَلَآءࣱ مِّن رَّبِّكُمْ عَظِيمࣱ
(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Естеріңде болса, сендерді (қара жұмысқа жегу арқылы) адам айтқысыз азапқа салған Перғауын әулетінен құтқарған едік. Олар ұл балаларыңды шетінен өлтіріп, қыз балаларыңды (өздеріне күң қылып, қорлау һәм жергілікті қыптиларға күштеп қосып тұқымдарыңды құрту үшін) тірі қалдыратын еді. Біле білсеңдер, осының бәрі сендерге Раббыларыңнан келген үлкен сынақ еді.
۞وَوَٰعَدْنَا مُوسَىٰ ثَلَٰثِينَ لَيْلَةࣰ وَأَتْمَمْنَٰهَا بِعَشْرࣲ فَتَمَّ مِيقَٰتُ رَبِّهِۦٓ أَرْبَعِينَ لَيْلَةࣰۚ وَقَالَ مُوسَىٰ لِأَخِيهِ هَٰرُونَ ٱخْلُفْنِي فِي قَوْمِي وَأَصْلِحْ وَلَا تَتَّبِعْ سَبِيلَ ٱلْمُفْسِدِينَ
(Тәуратты алуға дайындық жасап, құлшылық етуі үшін) Мұсамен отыз түндік мерзімге келісіп, кейін оған тағы да он түн қосқан едік. Осылайша Раббысының ол үшін тағайындаған мерзімі қырық түнді құраған еді. Мұса жолға шығарда бауыры Һарунға: «Менің орнымды басып, қауымыма бас-көз бол. Оларды әрдайым түзетіп, жөнге салып отыру арқылы жақсылап басқар. Абай бол, аңдамай лаң салушы бұзақылардың жолына түсіп кетіп жүрме!» – деп қауымын аманаттады.
وَلَمَّا جَآءَ مُوسَىٰ لِمِيقَٰتِنَا وَكَلَّمَهُۥ رَبُّهُۥ قَالَ رَبِّ أَرِنِيٓ أَنظُرْ إِلَيْكَۚ قَالَ لَن تَرَىٰنِي وَلَٰكِنِ ٱنظُرْ إِلَى ٱلْجَبَلِ فَإِنِ ٱسْتَقَرَّ مَكَانَهُۥ فَسَوْفَ تَرَىٰنِيۚ فَلَمَّا تَجَلَّىٰ رَبُّهُۥ لِلْجَبَلِ جَعَلَهُۥ دَكࣰّا وَخَرَّ مُوسَىٰ صَعِقࣰاۚ فَلَمَّآ أَفَاقَ قَالَ سُبْحَٰنَكَ تُبْتُ إِلَيْكَ وَأَنَا۠ أَوَّلُ ٱلْمُؤْمِنِينَ
Мұса межелі жерге Біз белгілеген уақытта келді, сөйтіп, Раббысы онымен тілдесті. (Раббысымен тілдесіп, ерекше күйге бөленген Мұса Оны көруге деген ынтызарлықтан өзін-өзі ұстай алмай): «Уа, Раббым! Маған көрінші, Жамалыңа бір қарайыншы» – деді. Сонда Алла: «Сен Мені (бұл дүниеде мынадай жалаңаш көзбен) көре алмайсың. Одан да мына тауға қара, егер ол орнында бәз-баяғы қалпында міз бақпай тұра алса, онда Мені көре аласың», – деді. Содан Раббысы тауға сәл ғана көрініп еді, оны күл-талқан етті, Мұса болса, (төбесіне жай түскендей) есінен танып, сұлап түсті. Есін жиғанда: «Уа, Раббым! Сен мінсізсің, жаратылғанға ұқсаудан, кемшілік атау-лыдан адасың. Орынсыз өтінішім үшін бір Өзіңе тәубе етіп, кешірім тілеймін, сондай-ақ мен бұл мәселеде елдің алды болып Өзіңе (ғайыптан) иман келтіремін», – деп жалбарынды.
قَالَ يَٰمُوسَىٰٓ إِنِّي ٱصْطَفَيْتُكَ عَلَى ٱلنَّاسِ بِرِسَٰلَٰتِي وَبِكَلَٰمِي فَخُذْ مَآ ءَاتَيْتُكَ وَكُن مِّنَ ٱلشَّٰكِرِينَ
Сонда Алла: «Уа, Мұса! Мен күллі адамзаттың ішінен сені таңдадым һәм (құлдарыма арнап өзіңе уахи еткен) жолдауларым әрі өзіңмен тікелей тілдесу арқылы мерейіңді үстем еттім. Өзіңе бергенімді (пайғамбарлық пен даналықты) қабыл ал! Осынау нығметім үшін сөз жүзінде әрі іс жүзінде шүкіршілік білдірушілердің бірі бол!» – деп бұйырды.
وَكَتَبْنَا لَهُۥ فِي ٱلْأَلْوَاحِ مِن كُلِّ شَيْءࣲ مَّوْعِظَةࣰ وَتَفْصِيلࣰا لِّكُلِّ شَيْءࣲ فَخُذْهَا بِقُوَّةࣲ وَأْمُرْ قَوْمَكَ يَأْخُذُوا۟ بِأَحْسَنِهَاۚ سَأُو۟رِيكُمْ دَارَ ٱلْفَٰسِقِينَ
Біз ақырында оған берген тақтайшаларға (Аллаға барар жолда қауымына шам-шырақ болатын) насихат пен үкімдердің бәрін бүге-шігесіне дейін жаздық һәм (иман әрі құлшылық мәселесіне қатысты) барлық тақырыптарды тарқатып, егжей-тегжейлі баяндадық, әрі оған: «Бұдан былай сен бұларды берік ұстан! Қауымыңа да бұлардың ішіндегі үкімдер мен маңызды нұсқауларды мүмкіндігінше жақсылап орындауды бұйыр. Жақында сендерге жүгенсіз кеткен азғындардың жермен-жексен болған жұртын көрсетемін».
سَأَصْرِفُ عَنْ ءَايَٰتِيَ ٱلَّذِينَ يَتَكَبَّرُونَ فِي ٱلْأَرْضِ بِغَيْرِ ٱلْحَقِّ وَإِن يَرَوْا۟ كُلَّ ءَايَةࣲ لَّا يُؤْمِنُوا۟ بِهَا وَإِن يَرَوْا۟ سَبِيلَ ٱلرُّشْدِ لَا يَتَّخِذُوهُ سَبِيلࣰا وَإِن يَرَوْا۟ سَبِيلَ ٱلْغَيِّ يَتَّخِذُوهُ سَبِيلࣰاۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا وَكَانُوا۟ عَنْهَا غَٰفِلِينَ
«Жер бетінде орынсыз көкірек керіп, дандайсығандарды аяттарымнан сырт айналдырамын (яғни, оларды аяттарымды, ақиқатты лайықты түрде түсіне алмайтындай етемін). Олар жолымыздың хақ екенін көрсететін қанша дәлел, қаншама мұғжиза көрсе де, бәрібір оған иланбайды. Тура жолды көрсе де, оны өздеріне лайықты жол деп есептемейді. Ал керісінше, теріс һәм азғындық жолын көрсе, оны өздеріне лайық көріп, бірден сол жолға түседі. Иә, солай істейді, өйткені олар аяттарымызға сенбеуді әдетке айналдырған еді һәм олардың мән-мағынасын, пайдаларын түсінуден мүлдем қалған еді».
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا وَلِقَآءِ ٱلْـَٔاخِرَةِ حَبِطَتْ أَعْمَٰلُهُمْۚ هَلْ يُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Аяттарымызға һәм ақиреттегі қауышуға сенбегендердің істеген бүкіл істері зая болып, еңбектері еш кетті. Әрине, солай болады, олар өз қолдарымен істеген істерінің қарымынан басқа не алады?!
وَٱتَّخَذَ قَوْمُ مُوسَىٰ مِنۢ بَعْدِهِۦ مِنْ حُلِيِّهِمْ عِجْلࣰا جَسَدࣰا لَّهُۥ خُوَارٌۚ أَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّهُۥ لَا يُكَلِّمُهُمْ وَلَا يَهْدِيهِمْ سَبِيلًاۘ ٱتَّخَذُوهُ وَكَانُوا۟ ظَٰلِمِينَ
Мұсаның қауымы (яғни, қауымының басым көпшілігі) ол кеткеннен кейін өздерінің бағалы әшекей бұйымдарынан мөңіреген үн шығаратын бұзаудың мүсінін жасап, соны тәңір тұтты. Сонда олар әлгі бұзаудың өздеріне тіл қата алмайтынын және тура жолға сала алмайтынын көрмеді ме? Соған қарамастан олар оны тәңір тұтып, (өздерін екі дүниеде де қор қылып, ақиретте тозаққа тоғытатын кешірілмес күнә арқалап) өздеріне қиянат жасады.
وَلَمَّا سُقِطَ فِيٓ أَيْدِيهِمْ وَرَأَوْا۟ أَنَّهُمْ قَدْ ضَلُّوا۟ قَالُوا۟ لَئِن لَّمْ يَرْحَمْنَا رَبُّنَا وَيَغْفِرْ لَنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلْخَٰسِرِينَ
Олар өздерінің бұзауға табынып еш опа таппағанына һәм тура жолдан тайғандығына көздері анық жеткенде, аһ ұрып: «Егер, Раббымыз бізді мейіріміне бөлемесе әрі күнәларымызды кешірмесе, шүбәсіз, оңбай зиян шегетіндердің қатарында боламыз», – деді.
وَلَمَّا رَجَعَ مُوسَىٰٓ إِلَىٰ قَوْمِهِۦ غَضْبَٰنَ أَسِفࣰا قَالَ بِئْسَمَا خَلَفْتُمُونِي مِنۢ بَعْدِيٓۖ أَعَجِلْتُمْ أَمْرَ رَبِّكُمْۖ وَأَلْقَى ٱلْأَلْوَاحَ وَأَخَذَ بِرَأْسِ أَخِيهِ يَجُرُّهُۥٓ إِلَيْهِۚ قَالَ ٱبْنَ أُمَّ إِنَّ ٱلْقَوْمَ ٱسْتَضْعَفُونِي وَكَادُوا۟ يَقْتُلُونَنِي فَلَا تُشْمِتْ بِيَ ٱلْأَعْدَآءَ وَلَا تَجْعَلْنِي مَعَ ٱلْقَوْمِ ٱلظَّٰلِمِينَ
Мұса (қауымының бұзауға табынғанын жол-жөнекей естіп) қауымына тым ашулы һәм еңсесі түскен күйде оралды. Ол келген бойда қауымына: «Мен кеткеннен кейін қандай жаман істер істегенсіңдер? Раббыларыңның әмірін мұншама тез тәрк еткендерің қалай?!» – деді де, қолындағы тақтайшаларды қоя салып, бауырының басынан (яғни, шашынан) ұстап, өзіне қарай жұлқи тартты. Сонда бауыры: «Уа, анамның баласы! Бұл қауым мені адам құрлы көрмей әбден басынып алды, тіпті өлтіре жаздады. Мені дұшпанға таба қылма һәм мені (кешірілмес күнә арқалап) өзіне қиянат жасаған залым қауымның қатарына қоса көрме!» – деді.
قَالَ رَبِّ ٱغْفِرْ لِي وَلِأَخِي وَأَدْخِلْنَا فِي رَحْمَتِكَۖ وَأَنتَ أَرْحَمُ ٱلرَّٰحِمِينَ
Сонда Мұса (бірден Аллаға жалбарынып) былай деді: «Уа, Раббым! (Егер біздің кінәміз болса), мені де, бауырымды да кешіре көр! Бізді шексіз рақымыңа бөлей көр! Өйткені Сен – бәрінен де рақымдысың».
إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُوا۟ ٱلْعِجْلَ سَيَنَالُهُمْ غَضَبࣱ مِّن رَّبِّهِمْ وَذِلَّةࣱ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَاۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْمُفْتَرِينَ
Бұзауды тәңір тұтқандар, шүбәсіз, жақында Раббыларының қаһарына ұшырайды һәм бұл дүниеде қорлық көреді. Біз жалақорларды, міне, осылай жазалаймыз!
وَٱلَّذِينَ عَمِلُوا۟ ٱلسَّيِّـَٔاتِ ثُمَّ تَابُوا۟ مِنۢ بَعْدِهَا وَءَامَنُوٓا۟ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعْدِهَا لَغَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Ал күнәға батқаннан кейін, істеген күнәларына өкінген бойда тәубеге келіп, иман келтіргендерге келсек, (уа, Мұхаммед), шүбәсіз, Раббың – Ғафур (ондай шынайы тәубеден кейін өте кешірімді), Рахим (әсіресе Өзіне біржолата бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді).
وَلَمَّا سَكَتَ عَن مُّوسَى ٱلْغَضَبُ أَخَذَ ٱلْأَلْوَاحَۖ وَفِي نُسْخَتِهَا هُدࣰى وَرَحْمَةࣱ لِّلَّذِينَ هُمْ لِرَبِّهِمْ يَرْهَبُونَ
Мұса ашуы тарқаған соң (қауымын тура жолға шақыру үшін), тақтайшаларды қолына алды. Тақтайшалардағы жазуларда Раббыларынан шын именетіндер үшін тура жолға бастайтын иләһи үкімдер мен нұсқаулар және рақым бар еді.
وَٱخْتَارَ مُوسَىٰ قَوْمَهُۥ سَبْعِينَ رَجُلࣰا لِّمِيقَٰتِنَاۖ فَلَمَّآ أَخَذَتْهُمُ ٱلرَّجْفَةُ قَالَ رَبِّ لَوْ شِئْتَ أَهْلَكْتَهُم مِّن قَبْلُ وَإِيَّٰيَۖ أَتُهْلِكُنَا بِمَا فَعَلَ ٱلسُّفَهَآءُ مِنَّآۖ إِنْ هِيَ إِلَّا فِتْنَتُكَ تُضِلُّ بِهَا مَن تَشَآءُ وَتَهْدِي مَن تَشَآءُۖ أَنتَ وَلِيُّنَا فَٱغْفِرْ لَنَا وَٱرْحَمْنَاۖ وَأَنتَ خَيْرُ ٱلْغَٰفِرِينَ
Содан Мұса (бүкіл елдің атынан Алладан кешірім сұрау үшін һәм Алламен араларындағы келісімді жаңалау үшін, бұзауға табынған) қауымының ішінен жетпіс кісіні өкіл ретінде таңдап алып, біз белгілеген уақытта тауға қайта келді. (Алайда әлгі жетпіс кісі межелі жерге жеткеннен кейін Алланы өз көздерімен көрмейінше, Мұсаға сенбейтіндігін айтып, тағы да асы болды). Сол кезде оларды алапат зілзала басты. Сонда Мұса бірден: «Уа, Раббым! Егер қаласаң, оларды да, мені де бұдан бұрын да құртар едің. Арамыздағы ақымақтардың қылығы үшін барлығымызды бірдей құртып жібермексің бе? Жоқ, бұл тек Сенің сынағың болар. Сол арқылы қалағаныңды сүріндіріп адастырасың, қалағаныңды тура жолға саласың. Сен біздің қамқоршы иемізсің! Бізді кешіре көр һәм шексіз мейіріміңе бөлей көр! Сен бәрінен де кешірімдісің!»
۞وَٱكْتُبْ لَنَا فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنْيَا حَسَنَةࣰ وَفِي ٱلْـَٔاخِرَةِ إِنَّا هُدْنَآ إِلَيْكَۚ قَالَ عَذَابِيٓ أُصِيبُ بِهِۦ مَنْ أَشَآءُۖ وَرَحْمَتِي وَسِعَتْ كُلَّ شَيْءࣲۚ فَسَأَكْتُبُهَا لِلَّذِينَ يَتَّقُونَ وَيُؤْتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱلَّذِينَ هُم بِـَٔايَٰتِنَا يُؤْمِنُونَ
«Бізге осы дүниеде де, ақиретте де игілік жазғайсың! Расында, біз күнәларымызға өкінген күйде бір Өзіңе бет түзеп, тура жолыңа түстік», – деп жалбарынды. Хақ тағала: «Азабымды қалаған құлымның басына келтіремін, ал рақымым болса, бар нәрсені (күллі жаратылысты) қамтиды. Сондықтан (бұл дүниеде құлдарымның бәрін рақымыма бөлесем, ақиретте) рақымымды тек тақуалық аясында өмір сүретіндер, дүние-мүліктерінен Алла жолында һәм мұқтаждарға жұмсайтындар және барлық аяттарымыз бен өздеріне көрсетілген мұғжизаларымызға иман келтіретіндерге ғана жазамын», – деп айтты.
ٱلَّذِينَ يَتَّبِعُونَ ٱلرَّسُولَ ٱلنَّبِيَّ ٱلْأُمِّيَّ ٱلَّذِي يَجِدُونَهُۥ مَكْتُوبًا عِندَهُمْ فِي ٱلتَّوْرَىٰةِ وَٱلْإِنجِيلِ يَأْمُرُهُم بِٱلْمَعْرُوفِ وَيَنْهَىٰهُمْ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَيُحِلُّ لَهُمُ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَيُحَرِّمُ عَلَيْهِمُ ٱلْخَبَٰٓئِثَ وَيَضَعُ عَنْهُمْ إِصْرَهُمْ وَٱلْأَغْلَٰلَ ٱلَّتِي كَانَتْ عَلَيْهِمْۚ فَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ بِهِۦ وَعَزَّرُوهُ وَنَصَرُوهُ وَٱتَّبَعُوا۟ ٱلنُّورَ ٱلَّذِيٓ أُنزِلَ مَعَهُۥٓ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ
Олар – қолдарындағы Тәурат пен Інжілде (көптеген ерекшеліктері мен қасиеттері) жазылған «үмми» (еш уақытта оқымаған, жазбаған, ешбір елдің салт-санасы мен мәдениетінен әсерленбеген, ақыл-ойы, сана-сезімі һәм жүрегі тек көктен келетін уахи мен аянға ғана ауған) пайғамбар, ұлы Елшінің соңынан еретіндер. Сол пайғамбар оларды жақсылыққа үндеп, жамандық атаулыдан тыяды. Оларға таза һәм пайдалы нәрселерді адал етіп, лас һәм зиянды нәрселерді харам қылады. Сондай-ақ оларды мойындарына артылған (өздерінің бұрынғы шариғатынан қалған) ауыр міндеттер мен бұғаулардан босатады. Оған шын көңілден иман келтіріп, барынша қолдау көрсетіп, қол ұшын беріп, онымен бірге түскен нұрды (Құранды) басшылыққа алғандар бар ғой, міне, солар – (һәм дүниеде, һәм ақиретте) азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткендер.
قُلْ يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنِّي رَسُولُ ٱللَّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيعًا ٱلَّذِي لَهُۥ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحْيِۦ وَيُمِيتُۖ فَـَٔامِنُوا۟ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِ ٱلنَّبِيِّ ٱلْأُمِّيِّ ٱلَّذِي يُؤْمِنُ بِٱللَّهِ وَكَلِمَٰتِهِۦ وَٱتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
(Уа, Мұхаммед! Күллі адамзатқа): «Уа, адамзат! Шүбәсіз, мен Алланың баршаңа ортақ елшісімін! Ол – күллі аспан әлемі мен жердің иелігі, бар билігі бір Өзіне тиесілі болған Алла. Одан басқа тәңір жоқ. Жан бітіріп өмір сыйлайтын да, өмірді қиятын да бір Алла. Ендеше, сендер де Аллаға және Оның барлық сөздеріне (яғни, барлық кітаптары мен үкімдеріне) кәміл иман келтірген «үмми» пайғамбары әрі хақ елшісіне иман келтіріп, соңынан еріңдер. Сонда тура жолға түсесіңдер», – деп жар сал.
وَمِن قَوْمِ مُوسَىٰٓ أُمَّةࣱ يَهْدُونَ بِٱلْحَقِّ وَبِهِۦ يَعْدِلُونَ
Мұсаның қауымында да ақиқатты жар салып, сол арқылы ел-жұртты тура жолға бастайтын, сондай-ақ ақиқатқа сүйеніп, (ел ішінде) әділдік орнататын бір үмбет бар еді.
وَقَطَّعْنَٰهُمُ ٱثْنَتَيْ عَشْرَةَ أَسْبَاطًا أُمَمࣰاۚ وَأَوْحَيْنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ إِذِ ٱسْتَسْقَىٰهُ قَوْمُهُۥٓ أَنِ ٱضْرِب بِّعَصَاكَ ٱلْحَجَرَۖ فَٱنۢبَجَسَتْ مِنْهُ ٱثْنَتَا عَشْرَةَ عَيْنࣰاۖ قَدْ عَلِمَ كُلُّ أُنَاسࣲ مَّشْرَبَهُمْۚ وَظَلَّلْنَا عَلَيْهِمُ ٱلْغَمَٰمَ وَأَنزَلْنَا عَلَيْهِمُ ٱلْمَنَّ وَٱلسَّلْوَىٰۖ كُلُوا۟ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقْنَٰكُمْۚ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِن كَانُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Біз оларды он екі үмбет етіп, он екі руға бөлдік. Қауымы (сусыз қалып) Мұсадан су сұрағанда, Біз оған: «Аса-таяғыңмен тасты ұр», – деп уахи етіп аян бердік. Сол сәтте тастан он екі бұлақ атқылады. Әр ру өзінің су ішетін бұлағын тапқан еді. Сондай-ақ оларды төбелерінен бұлтпен көлегейледік, әрі «өздеріңе ризық етіп бергендеріміздің адалынан жеңдер!» – деп ризық ретінде «мәнна» тәттісі мен бөдене құсын түсірдік. Алайда олар (алдарына келген нығметтің қадірін білмей, асылық қылып) Бізге емес, өз-өздеріне қиянат жасады.
وَإِذْ قِيلَ لَهُمُ ٱسْكُنُوا۟ هَٰذِهِ ٱلْقَرْيَةَ وَكُلُوا۟ مِنْهَا حَيْثُ شِئْتُمْ وَقُولُوا۟ حِطَّةࣱ وَٱدْخُلُوا۟ ٱلْبَابَ سُجَّدࣰا نَّغْفِرْ لَكُمْ خَطِيٓـَٰٔتِكُمْۚ سَنَزِيدُ ٱلْمُحْسِنِينَ
Кезінде (шөл даланы кезіп, байыз таппай жүргенде, бір елді мекенге бағыттап) оларға былай деген едік: «Мына қаланы мекендеңдер, оның кез келген жерінен қалағанша ішіп-жеңдер. Аллаға дұға етіп, күнә-қателіктерің үшін кешірім тілеңдер, опалы болыңдар. Қаланың қақпасынан кірерде, барынша кішірейіп сәждеге бас қойыңдар (бұзақылық жасап, шектен шықпаңдар, дүниеге мас болып есірмеңдер). Сонда күнә-қателіктеріңді кешіреміз». Игілікке жаны құмар ізгі жандарға берер сыйымызды еселеп арттырамыз.
فَبَدَّلَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ مِنْهُمْ قَوْلًا غَيْرَ ٱلَّذِي قِيلَ لَهُمْ فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِجْزࣰا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ بِمَا كَانُوا۟ يَظْلِمُونَ
Алайда араларындағы өз-өздерінің обалына қалған залымдар қасарысып, өздеріне бұйырылған сөзді басқа сөзбен ауыстырып айтты. Сөйтіп, олар өз-өздеріне қиянат жасаудан тыйылмағандықтан, бастарына көктен алапат азап түсірдік.
وَسْـَٔلْهُمْ عَنِ ٱلْقَرْيَةِ ٱلَّتِي كَانَتْ حَاضِرَةَ ٱلْبَحْرِ إِذْ يَعْدُونَ فِي ٱلسَّبْتِ إِذْ تَأْتِيهِمْ حِيتَانُهُمْ يَوْمَ سَبْتِهِمْ شُرَّعࣰا وَيَوْمَ لَا يَسْبِتُونَ لَا تَأْتِيهِمْۚ كَذَٰلِكَ نَبْلُوهُم بِمَا كَانُوا۟ يَفْسُقُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Сондай-ақ олардан теңіз жағасында орналасқан шаһар жайлы сұра. Шаһар халқы (Алланың) сенбі күніне қатысты («балық ауламаңдар» деген үкіміне бағынбай) шектен шығушы еді: алғашында олар сенбі күніне қатысты үкімге бағынғанда, сол күні балықтар жағалауға дейін қаптап келетін еді. Ал балық аулауға тыйым салынбайтын сенбіден басқа күндері мүлдем келмейтін еді. Міне, иләһи үкімдерге бағынбай шектен шығатындықтан, оларды осылай сынайтын едік.
وَإِذْ قَالَتْ أُمَّةࣱ مِّنْهُمْ لِمَ تَعِظُونَ قَوْمًا ٱللَّهُ مُهْلِكُهُمْ أَوْ مُعَذِّبُهُمْ عَذَابࣰا شَدِيدࣰاۖ قَالُوا۟ مَعْذِرَةً إِلَىٰ رَبِّكُمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ
Араларындағы базбіреулері (ел-жұртты жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыюға тырысып жүрген) ізгі жандарға: «Алла түбінде көздерін жойып жоқ қылатын немесе ауыр азапқа салатын қауымға несіне уағыз-насихат айтып әуре болып жүрсіңдер?» – дегенде, олар: «Бір жағынан Раббыларыңның алдында (біз қолымыздан келгенше міндетімізді атқардық деп) ақталу үшін, екінші жағынан қайдан білесіңдер, бәлкім, олар да Аллаға қарсы келуді қойып, тақуалық жолына түсер деген үмітпен уағыз-насихат айтудамыз», – деп жауап беретін.
فَلَمَّا نَسُوا۟ مَا ذُكِّرُوا۟ بِهِۦٓ أَنجَيْنَا ٱلَّذِينَ يَنْهَوْنَ عَنِ ٱلسُّوٓءِ وَأَخَذْنَا ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ بِعَذَابِۭ بَـِٔيسِۭ بِمَا كَانُوا۟ يَفْسُقُونَ
Сөйтіп, өздеріне айтылған мұншама ескертулер мен насихатты елемей ұмыт қалдырғанда, оларды жамандықтан тыюға тырысқандарды аман алып қалдық та, өз-өздерінің обалына қалғандарды иләһи үкімдерге бағынбай азғындықта шектен шығатындықтан, ауыр азапқа душар қылдық.
فَلَمَّا عَتَوْا۟ عَن مَّا نُهُوا۟ عَنْهُ قُلْنَا لَهُمْ كُونُوا۟ قِرَدَةً خَٰسِـِٔينَ
Осылайша олар тыйым салынған істен тыйылмай, одан сайын азғындап, жүгенсіз кеткенде: «Қайда барса да қорлықтан көз ашпайтын жексұрын маймыл болыңдар», – деп бұйырдық.
وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكَ لَيَبْعَثَنَّ عَلَيْهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ مَن يَسُومُهُمْ سُوٓءَ ٱلْعَذَابِۗ إِنَّ رَبَّكَ لَسَرِيعُ ٱلْعِقَابِ وَإِنَّهُۥ لَغَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Сондай-ақ кезінде Раббың Исрайыл ұрпақтарына (азғындық пен зұлымдықтан тыйылмаған жағдайда) қиямет қайымға дейін оларды ең ауыр азапқа салатын қауымдарды жіберіп отыратындығын білдірген еді. Шүбәсіз, Раббың – (қасарысқан азғындарды уақыты келгенде) өте жылдам жазалаушы. Шүбәсіз, Ол – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубе етіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді).
وَقَطَّعْنَٰهُمْ فِي ٱلْأَرْضِ أُمَمࣰاۖ مِّنْهُمُ ٱلصَّٰلِحُونَ وَمِنْهُمْ دُونَ ذَٰلِكَۖ وَبَلَوْنَٰهُم بِٱلْحَسَنَٰتِ وَٱلسَّيِّـَٔاتِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Сөйтіп, оларды әлденеше қауымға бөліп, жер жаһанға таратып жібердік. Араларында (сенімі, ниеті, сөзі және ісі түзу) Құдайға қараған ізгі жақсылары да, ондай еместері де бар. Бәлкім, жамандық пен күнә атаулыдан тыйылар деп, оларды бірде жақсылыққа, нығметке бөлеп, бірде жамандыққа душар қылып сынап бақтық.
فَخَلَفَ مِنۢ بَعْدِهِمْ خَلْفࣱ وَرِثُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ يَأْخُذُونَ عَرَضَ هَٰذَا ٱلْأَدْنَىٰ وَيَقُولُونَ سَيُغْفَرُ لَنَا وَإِن يَأْتِهِمْ عَرَضࣱ مِّثْلُهُۥ يَأْخُذُوهُۚ أَلَمْ يُؤْخَذْ عَلَيْهِم مِّيثَٰقُ ٱلْكِتَٰبِ أَن لَّا يَقُولُوا۟ عَلَى ٱللَّهِ إِلَّا ٱلْحَقَّ وَدَرَسُوا۟ مَا فِيهِۗ وَٱلدَّارُ ٱلْـَٔاخِرَةُ خَيْرࣱ لِّلَّذِينَ يَتَّقُونَۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Содан олардың орнын қайырсыз, нашар ұрпақ басып, Кітапқа (Тәуратқа) мұрагер болды. Алайда олар оны (қалауларына қарай бұрмалап) мына қу дүниенің баянсыз әрі болмашы бұйым-боқшасына айырбастайды һәм содан кейін: «Қайткен күнде де, күнәларымыз кешіріледі (өйткені біз Алланың таңдаулы да сүйікті құлдарымыз)», – деп, өз-өздерін алдайды. Сондай-ақ олар дәл сондай дүние-мүлік (жемқорлық, өсім, құмар ойындары сынды заңсыз жолдармен) келсе, оны да міз бақпай ала береді. Сонда олардан Алла жайлы ақиқаттан өзге еш нәрсе айтпайтындығына қатысты қолдарындағы Кітаптың үкімі бойынша берік уағда алынбап па еді?! Һәм олар сол Кітаптың ішіндегілерді қайта-қайта оқып, өзгелерге де оқытпап па еді?! Әйтсе де, ақирет мекені Аллаға қарсы келуден барынша сақтанып, тақуалық аясында өмір сүретін жандар үшін әлдеқайда қайырлы. Әлі де болса, ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!
وَٱلَّذِينَ يُمَسِّكُونَ بِٱلْكِتَٰبِ وَأَقَامُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ ٱلْمُصْلِحِينَ
Кітапты берік ұстанатын, сондай-ақ намазды кемеліне жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқитындарға келсек, шүбәсіз, Біз һәм өздерін, һәм қоғамды түзету ісіне жан-тәнімен берілген ізгі жандардың сауабын әсте зая етпейміз.
۞وَإِذْ نَتَقْنَا ٱلْجَبَلَ فَوْقَهُمْ كَأَنَّهُۥ ظُلَّةࣱ وَظَنُّوٓا۟ أَنَّهُۥ وَاقِعُۢ بِهِمْ خُذُوا۟ مَآ ءَاتَيْنَٰكُم بِقُوَّةࣲ وَٱذْكُرُوا۟ مَا فِيهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ
Кезінде Исрайыл ұрпақтарының төбесіне бейне бір бұлтты төндіргендей (Тур) тауын төндіргенімізде, олардың әлгі тау төбелеріне түсіп кетеді екен деп зәре-құты қалмаған еді. Сонда оларға: «Өздеріңе берген (осынау Кітабымызды) берік ұстаныңдар. Мазмұнына терең бойлап, жадыларыңа түйіп алыңдар, сонда тақуалыққа жетіп, (екі дүниеде де азаптан құтылу үшін) Алланы паналай аласыңдар», – деп бұйырған едік.
وَإِذْ أَخَذَ رَبُّكَ مِنۢ بَنِيٓ ءَادَمَ مِن ظُهُورِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَأَشْهَدَهُمْ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمْ أَلَسْتُ بِرَبِّكُمْۖ قَالُوا۟ بَلَىٰ شَهِدْنَآۚ أَن تَقُولُوا۟ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ إِنَّا كُنَّا عَنْ هَٰذَا غَٰفِلِينَ
Раббың Адамның бүкіл үрім-бұтағының беліндегі ұрпақтарын шығарып алып, оларды өз-өздеріне куә етіп: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» – дегенде, барлығы бірауыздан: «Әлбетте, біз бұған куәлік етеміз!» – деп жауап берді. Біз мұны қиямет күні: «Расында, біз бұдан бейхабар едік», – деп сылтау айтпауларың үшін істедік.
أَوْ تَقُولُوٓا۟ إِنَّمَآ أَشْرَكَ ءَابَآؤُنَا مِن قَبْلُ وَكُنَّا ذُرِّيَّةࣰ مِّنۢ بَعْدِهِمْۖ أَفَتُهْلِكُنَا بِمَا فَعَلَ ٱلْمُبْطِلُونَ
Не болмаса «Бізден бұрын ата-бабаларымыз Аллаға серік қосқан еді. Біз бар болғаны солардан кейін келген, (ата жолын қуғаннан басқа айла-амалы болмаған) кейінгі нәсіл едік. Сонда сол жалған сенімді ұстанып, теріс жолға түскендердің кесірінен бізді құртпақсың ба?» – деп, сылтау айтпауларың үшін солай істедік.
وَكَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلْـَٔايَٰتِ وَلَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Міне, (теріс жолда жүргендер) райынан қайтып, Аллаға бет бұрар ма екен деп, иман ақиқаттарының (жалпы болмыста һәм адам бойында көрініс тапқан) айқын дәлелдері мен аяттарымызды осылайша егжей-тегжейлі баяндаймыз.
وَٱتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ ٱلَّذِيٓ ءَاتَيْنَٰهُ ءَايَٰتِنَا فَٱنسَلَخَ مِنْهَا فَأَتْبَعَهُ ٱلشَّيْطَٰنُ فَكَانَ مِنَ ٱلْغَاوِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Сондай-ақ оларға өз тарапымыздан аяттарымызға қатысты ілім нәсіп еткен кісінің оқиғасын айтып бер. Иә, ол (өзіне берілген осынау ілімге қарамастан бейне бір сыпырылған терідей) аяттарымыздан іргесін ашып сыпырылып шықты. Ақыры, шайтан оны соңынан ілестіріп әкетті, сөйтіп ол азғындардың біріне айналды.
وَلَوْ شِئْنَا لَرَفَعْنَٰهُ بِهَا وَلَٰكِنَّهُۥٓ أَخْلَدَ إِلَى ٱلْأَرْضِ وَٱتَّبَعَ هَوَىٰهُۚ فَمَثَلُهُۥ كَمَثَلِ ٱلْكَلْبِ إِن تَحْمِلْ عَلَيْهِ يَلْهَثْ أَوْ تَتْرُكْهُ يَلْهَثۚ ذَّٰلِكَ مَثَلُ ٱلْقَوْمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَاۚ فَٱقْصُصِ ٱلْقَصَصَ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ
Егер қаласақ, оны аяттарымыз арқылы (кемел адам деңгейіне көтеріп, адамгершіліктің шыңына шығарып), мерейін үстем қылар едік. Алайда ол жерге (яғни, фәни дүниеге) жабысып қалды да, өзінің әуейіліктеріне еріп кетті. Оның мысалы құдды итпен тең. Зекіп қусаң да, тілін салақтатып (қу сүйек болса да беріп қалар ма екен деген дәмемен ұзап кетпей айналшықтап жүреді), тимей жайына қоя берсең де, (тіске басар бір нәрсе беріп қалар ма екен деп) тілін салақтатып, айналшықтап қасыңнан кетпейді. Аяттарымызды жалғанға шығаратын қауымның жағдайы, міне, осындай. (Уа, Мұхаммед!) Ендеше, ғибратқа толы осы мысалды оларға айтып бер, бәлкім, ойланып сабақ алар.
سَآءَ مَثَلًا ٱلْقَوْمُ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا وَأَنفُسَهُمْ كَانُوا۟ يَظْلِمُونَ
Аяттарымызға сенбей һәм үнемі өз-өздеріне қиянат жасаумен болған қауымның кейпі қандай нашар еді!
مَن يَهْدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلْمُهْتَدِيۖ وَمَن يُضْلِلْ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ
Алла кімге тура жолға түсуді нәсіп етсе, тура жолды тапқан жан, міне, сол. Ал кімді адастыратын болса, міне, солар – бар жақсылықтан қағылып, оңбай зиян шеккендердің нақ өзі.
وَلَقَدْ ذَرَأْنَا لِجَهَنَّمَ كَثِيرࣰا مِّنَ ٱلْجِنِّ وَٱلْإِنسِۖ لَهُمْ قُلُوبࣱ لَّا يَفْقَهُونَ بِهَا وَلَهُمْ أَعْيُنࣱ لَّا يُبْصِرُونَ بِهَا وَلَهُمْ ءَاذَانࣱ لَّا يَسْمَعُونَ بِهَآۚ أُو۟لَٰٓئِكَ كَٱلْأَنْعَٰمِ بَلْ هُمْ أَضَلُّۚ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْغَٰفِلُونَ
Біз расында (шайтан мен нәпсінің жетегінде кеткен) көптеген жындар мен адамдарды жаһаннам үшін жараттық. Олардың жүректері бар, алайда онымен терең ойланбайды, ақиқатты түсінейік демейді. Көздері бар, алайда онымен негізгі көретін нәрсені, ақиқатты көрмейді. Құлақтары бар, алайда онымен естуі керек нәрсені естімейді. Сондықтан олар мал сияқты, тіпті одан да бетер. Олар – (ақиқаттан бейхабар) ғапылдардың нақ өзі.
وَلِلَّهِ ٱلْأَسْمَآءُ ٱلْحُسْنَىٰ فَٱدْعُوهُ بِهَاۖ وَذَرُوا۟ ٱلَّذِينَ يُلْحِدُونَ فِيٓ أَسْمَٰٓئِهِۦۚ سَيُجْزَوْنَ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Ең көркем есімдер Аллаға тән. Ендеше, Оған сол есімдерімен үн қатып, дұға етіңдер. Оның көркем есімдеріне қатысты ақиқаттан ауытқып кеткендерден (яғни Оған лайықсыз есімдермен дұға ететіндерден) аулақ болыңдар. Ондайлар жақында істеп жүрген істерінің қарымын алады.
وَمِمَّنْ خَلَقْنَآ أُمَّةࣱ يَهْدُونَ بِٱلْحَقِّ وَبِهِۦ يَعْدِلُونَ
Жаратқандарымыздың арасында (Алланы Өзіне тән көркем есімдері арқылы лайықты түрде танитын һәм) ақиқатты жар салып, сол арқылы ел-жұртты тура жолға бастайтын, сондай-ақ ақиқатқа сүйеніп, (ел ішінде) әділдік орнататын бір үмбет бар.
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا سَنَسْتَدْرِجُهُم مِّنْ حَيْثُ لَا يَعْلَمُونَ
Ал аяттарымызға сенбейтіндерге келсек, оларға сездірмей һәм өздері күтпеген жерден бірте-бірте құрдымға батырамыз.
وَأُمْلِي لَهُمْۚ إِنَّ كَيْدِي مَتِينٌ
Мен оларға белгілі бір мерзімге дейін мұрсат беремін. (Алайда кесімді мерзім толғанда) шүбәсіз, Менің «тұзағым» мен жазам төтеп беруге келмейтін тым қатты болмақ.
أَوَلَمْ يَتَفَكَّرُوا۟ۗ مَا بِصَاحِبِهِم مِّن جِنَّةٍۚ إِنْ هُوَ إِلَّا نَذِيرࣱ مُّبِينٌ
Сонда олар (жылдар бойы қастарында жүрген) жолдастары (Мұхаммедте) жын ұрғандықтың жұрнағы да жоқ екенін еш ойламай ма?! Ол бар болғаны, нағыз ескертуші ғана.
أَوَلَمْ يَنظُرُوا۟ فِي مَلَكُوتِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا خَلَقَ ٱللَّهُ مِن شَيْءࣲ وَأَنْ عَسَىٰٓ أَن يَكُونَ قَدِ ٱقْتَرَبَ أَجَلُهُمْۖ فَبِأَيِّ حَدِيثِۭ بَعْدَهُۥ يُؤْمِنُونَ
Сондай-ақ олар күллі аспан әлемі мен жерді мүлтіксіз басқарып тұрған сондай ғаламат мінсіз билікке, сондай-ақ Алла жаратқан қандай да бір нәрсеге (ондағы теңдессіз шеберлікке), бір рет болса да, зер салып қарамай ма?! Һәм ажалдарының жақындап қалмағанын қайдан біледі?! Олар бұл сөзге (Құранға) иланбағаннан кейін басқа қай сөзге иланады дейсің?!
مَن يُضْلِلِ ٱللَّهُ فَلَا هَادِيَ لَهُۥۚ وَيَذَرُهُمْ فِي طُغْيَٰنِهِمْ يَعْمَهُونَ
Алла кімде-кімді (ниет-пиғылына қарай) адас-тырса, оны ешкім де тура жолға сала алмайды. Сөйтіп, Алла оларды азғындап, адасқан күйінде мәңгіртіп қояды.
يَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَىٰهَاۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ رَبِّيۖ لَا يُجَلِّيهَا لِوَقْتِهَآ إِلَّا هُوَۚ ثَقُلَتْ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ لَا تَأْتِيكُمْ إِلَّا بَغْتَةࣰۗ يَسْـَٔلُونَكَ كَأَنَّكَ حَفِيٌّ عَنْهَاۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ ٱللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен қиямет-қайымның қашан орнайтынын сұрайды. Оларға: «Ол жайлы нақты мәлімет Раббымның жанында», – деп айт. Одан өзге ешкім де оның кесімді уақытын дөп басып ашып айта алмайды. Қиямет-қайым – күллі аспан әлемі мен жердегі күллі жаратылыс атаулыға өте ауыр тиетін алапат құбылыс. Ол сендерге аяқ астынан келеді. Сен қияметтің уақытын қатты білгің келіп, зерттеп жүргендей олар сенен қайта-қайта сұрай береді. Ендеше: «Ол жайлы нақты мәлімет Алланың жанында. Алайда адамдардың дені бұл ақиқатты білмейді», – деп айт.
قُل لَّآ أَمْلِكُ لِنَفْسِي نَفْعࣰا وَلَا ضَرًّا إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۚ وَلَوْ كُنتُ أَعْلَمُ ٱلْغَيْبَ لَٱسْتَكْثَرْتُ مِنَ ٱلْخَيْرِ وَمَا مَسَّنِيَ ٱلسُّوٓءُۚ إِنْ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرࣱ وَبَشِيرࣱ لِّقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ
Оларға: «Мен, Алла қаламайынша, өз-өзіме титтей де пайда келтіре алмаймын, сондай-ақ өзіме келетін зиянның да бетін қайтара алмаймын. Егер ғайыпты (болашақты) білетін болсам, (еш уақытта шығынға ұшырамай) әрдайым мол табысқа кенеліп отырар едім һәм (алдағы қауіп-қатерден алдын-ала сақтанар едім де) басыма ешқандай жамандық та, бәле-жала да келмес еді. Мен бар болғаны иман етуге ниетті қауым үшін (оларды әртүрлі теріс жолдардан сақтандыратын) ескертуші әрі (иман мен игілікті істердің қарымы Алланың кеңшілігі һәм жұмағы екенін жеткізетін) сүйіншілеушімін», – деп айт.
۞هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن نَّفْسࣲ وَٰحِدَةࣲ وَجَعَلَ مِنْهَا زَوْجَهَا لِيَسْكُنَ إِلَيْهَاۖ فَلَمَّا تَغَشَّىٰهَا حَمَلَتْ حَمْلًا خَفِيفࣰا فَمَرَّتْ بِهِۦۖ فَلَمَّآ أَثْقَلَت دَّعَوَا ٱللَّهَ رَبَّهُمَا لَئِنْ ءَاتَيْتَنَا صَٰلِحࣰا لَّنَكُونَنَّ مِنَ ٱلشَّٰكِرِينَ
Ол сендерді бір ғана жаннан жаратты һәм сол жан (жұбына) бауыр басып, жаны жай тапсын деп, оның өз болмысынан жұбын жаратты. Сөйтіп, екеуі көңіл қосып, ер жұбайын «бүркегенде», жұбайы жеңіл ғана жүкті болып, оны біраз уақыт көтереді. Содан ай-күні жақындап, аяғы ауырлай түскенде, екеуі Раббылары Аллаға: «Егер бізге он екі мүшесі сау перзент берсең, ант етеміз, шүкіршілік ететін құлдарыңнан боламыз!» – деп жалбарынады.
فَلَمَّآ ءَاتَىٰهُمَا صَٰلِحࣰا جَعَلَا لَهُۥ شُرَكَآءَ فِيمَآ ءَاتَىٰهُمَاۚ فَتَعَٰلَى ٱللَّهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Ақыры, Алла екеуіне өздері сұрағандай он екі мүшесі сау перзент береді (осылайша екеуінен көптеген ұрпақ тарайды). Бірақ көптеген ата-ана өздеріне Алла нәсіп еткен ұрпақ себепті (оларды өзіміз таптық немесе табиғат берді деп, яки олардың бойындағы сұлулық пен ерекше қабілеттерді көргенде, өзімізге тартқан немесе табиғаттың сыйы деп, сондай-ақ жатса да, тұрса да, балаларын ғана ойлап, Жаратқанды ұмыту арқылы) Аллаға серік қосады. Алла олардың Өзіне серік қосуынан да, серік етіп қосқан нәрселерінен де аулақ һәм ұлы!
أَيُشْرِكُونَ مَا لَا يَخْلُقُ شَيْـࣰٔا وَهُمْ يُخْلَقُونَ
Сонда олар еш нәрсе жарата алмайтын, жаратпақ түгіл, өздері жоқтан жаратылып жатқандарды Аллаға серік етіп қоса ма?!
وَلَا يَسْتَطِيعُونَ لَهُمْ نَصْرࣰا وَلَآ أَنفُسَهُمْ يَنصُرُونَ
Олар өздеріне табынушыларға қол ұшын бере алмайды, өзгені жарылқау былай тұрсын, олар тіпті өз-өздерін де жарылқай алмайды.
وَإِن تَدْعُوهُمْ إِلَى ٱلْهُدَىٰ لَا يَتَّبِعُوكُمْۚ سَوَآءٌ عَلَيْكُمْ أَدَعَوْتُمُوهُمْ أَمْ أَنتُمْ صَٰمِتُونَ
(Ей, мүшріктер!): Егер оларды (яғни, тәңір тұтқан меңіреу пұттарыңды) тура жолға шақырсаңдар, бәрібір сендерге ермейді. Оларға үн қатып, тура жолға шақырсаңдар да, тіл қатпай үн-түнсіз қалсаңдар да бәрібір.
إِنَّ ٱلَّذِينَ تَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ عِبَادٌ أَمْثَالُكُمْۖ فَٱدْعُوهُمْ فَلْيَسْتَجِيبُوا۟ لَكُمْ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ
Алланы былай қалдырып, тәңір тұтып табынған нәрселерің – құдды өздерің сияқты жоқтан жаралған құлдар. Егер оларға сенетіндерің рас болса, қане, оларға жалбарынып дұға етіңдерші, дұғаларыңа «жауап бергенін» көрейік.
أَلَهُمْ أَرْجُلࣱ يَمْشُونَ بِهَآۖ أَمْ لَهُمْ أَيْدࣲ يَبْطِشُونَ بِهَآۖ أَمْ لَهُمْ أَعْيُنࣱ يُبْصِرُونَ بِهَآۖ أَمْ لَهُمْ ءَاذَانࣱ يَسْمَعُونَ بِهَاۗ قُلِ ٱدْعُوا۟ شُرَكَآءَكُمْ ثُمَّ كِيدُونِ فَلَا تُنظِرُونِ
(Қалай жауап берсін?!) Олардың алшаң басып жүретін аяқтары бар ма, я болмаса ұстайтын қолдары бар ма немесе көретін көздері бар ма, жоқ әлде, еститін құлақтары бар ма еді? (Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Қане, Аллаға серік етіп қосқандарыңа жалбарынып, бірін қалдырмай шақырыңдар. Содан кейін маған қалағандарыңша ор қазып, қалаған тұзақтарыңды құрыңдар һәм қолдарыңнан келсе, маған бір сәтке де көз ашқызбаңдар», – деп айт.
إِنَّ وَلِـِّۧيَ ٱللَّهُ ٱلَّذِي نَزَّلَ ٱلْكِتَٰبَۖ وَهُوَ يَتَوَلَّى ٱلصَّٰلِحِينَ
Менің ием – осынау Кітапты бірте-бірте түсірген Алла. Ол (тура жолдан ауытқымай тақуалық аясында өмір сүретін) ізгі жандардан қамқорлығын аямайды.
وَٱلَّذِينَ تَدْعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَكُمْ وَلَآ أَنفُسَهُمْ يَنصُرُونَ
Ал сендердің Алладан өзге тәңір тұтып, жалбарынғандарың болса, сендерге қол ұшын бере алмайды. Олар сендерді жарылқамақ түгіл, өз-өздерін де жарылқай алмайды.
وَإِن تَدْعُوهُمْ إِلَى ٱلْهُدَىٰ لَا يَسْمَعُوا۟ۖ وَتَرَىٰهُمْ يَنظُرُونَ إِلَيْكَ وَهُمْ لَا يُبْصِرُونَ
Оларды қанша жерден тура жолға шақырсаңдар да, (құлақтарына сөз кірмейтіндіктен) естімейді. (Оларды тура жолға шақырғаныңда) өзіңе тесіле қарағанын көресің. (Қарауын қарайды ғой), алайда (жүректері мен сезімдері өлі болғандықтан) көрмейді.
خُذِ ٱلْعَفْوَ وَأْمُرْ بِٱلْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ ٱلْجَٰهِلِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе. Ондай надандардан сырт айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма (наданмен надан болма).
وَإِمَّا يَنزَغَنَّكَ مِنَ ٱلشَّيْطَٰنِ نَزْغࣱ فَٱسْتَعِذْ بِٱللَّهِۚ إِنَّهُۥ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Егер сені әзәзіл шайтан түртіп азғырса, дереу Аллаға сиынып, Оны пана тұт! Шүбәсіз, Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі).
إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ إِذَا مَسَّهُمْ طَٰٓئِفࣱ مِّنَ ٱلشَّيْطَٰنِ تَذَكَّرُوا۟ فَإِذَا هُم مُّبْصِرُونَ
Аллаға тиісінше тағзым ететін, Оған асылық қылудан һәм азабынан барынша сақтанатын тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру, әзәзіл ой келе қалса, бірден өз-өзіне келіп, Алланы еске алады. Сонда көкірек көздері бірден ашылып (ақиқатты анық көре алатын болады).
وَإِخْوَٰنُهُمْ يَمُدُّونَهُمْ فِي ٱلْغَيِّ ثُمَّ لَا يُقْصِرُونَ
Шайтандардың (адамдар арасындағы) бауырларына келсек, шайтандар оларды әбден азғырып, азғындатқан үстіне азғындата түседі. Һәм содан кейін оларға азғындықтан көз ашқызбайды.
وَإِذَا لَمْ تَأْتِهِم بِـَٔايَةࣲ قَالُوا۟ لَوْلَا ٱجْتَبَيْتَهَاۚ قُلْ إِنَّمَآ أَتَّبِعُ مَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّ مِن رَّبِّيۚ هَٰذَا بَصَآئِرُ مِن رَّبِّكُمْ وَهُدࣰى وَرَحْمَةࣱ لِّقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Кәпірлерге талап еткен мұғжизаларын көрсете алмағаныңда немесе біраз уақыт уахи келмей қалғанда, олар (кекесінмен): «Әдеттегідей бір амалын тауып, қисынын келтіріп құрастырып көрмедің бе?» – дейді. Оларға: «Маған Раббымнан уахи арқылы не келсе, соны ғана басшылыққа аламын. Міне, бұл (Құран) – көкірек көздеріңді ашатын, ақиқатты көрулеріңе себепші болатын Раббыларыңнан келген нұр әрі иман етуге ниетті қауым үшін тура жолдың қайнар көзі һәм ерекше рақым», – деп айт.
وَإِذَا قُرِئَ ٱلْقُرْءَانُ فَٱسْتَمِعُوا۟ لَهُۥ وَأَنصِتُوا۟ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Ендеше, Алланың шексіз рақымына бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!
وَٱذْكُر رَّبَّكَ فِي نَفْسِكَ تَضَرُّعࣰا وَخِيفَةࣰ وَدُونَ ٱلْجَهْرِ مِنَ ٱلْقَوْلِ بِٱلْغُدُوِّ وَٱلْـَٔاصَالِ وَلَا تَكُن مِّنَ ٱلْغَٰفِلِينَ
Ертелі-кеш іштей жалбарынып һәм (қаһарынан) имене отырып, бәсең дауыспен Раббыңды ауызға ал. (Ақиқаттан бейхабар) ғапылдардың қатарына қосылма.
إِنَّ ٱلَّذِينَ عِندَ رَبِّكَ لَا يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِهِۦ وَيُسَبِّحُونَهُۥ وَلَهُۥ يَسْجُدُونَ۩
Раббыңның дәргейіндегі періштелер орынсыз тәкаппарланып, Оған құлшылық етуден қалыс қалмайды. Олар (Оның мінсіз, кемшілік атаулыдан ада, жын мен адамның Өзіне теліген лайықсыз сипаттарынан мүлдем ада екенін айтып) Оны үнемі ұлықтап, мадақтайды һәм бір Өзіне ғана сәжде етеді.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.