Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран5. Мәида
5 · сүре

Мәида

120 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَوْفُوا۟ بِٱلْعُقُودِۚ أُحِلَّتْ لَكُم بَهِيمَةُ ٱلْأَنْعَٰمِ إِلَّا مَا يُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ غَيْرَ مُحِلِّي ٱلصَّيْدِ وَأَنتُمْ حُرُمٌۗ إِنَّ ٱللَّهَ يَحْكُمُ مَا يُرِيدُ

Уа, иман келтіргендер! (Алламен немесе адамдармен) жасаған келісімдеріңнің шарттарын толық орындаңдар. Өздеріңе харам екендігі айтылған немесе айтылатындардан өзге (түйе, сиыр, қой, ешкі сынды) жануарлардың еті адал етілді. Бұған қоса, «ихрамға кіргендеріңде» сендерге аң аулау адал емес (алайда басқа біреудің аулағанын жесеңдер болады). Шүбәсіз, Алла қалауына қарай үкім шығарады.

2

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تُحِلُّوا۟ شَعَٰٓئِرَ ٱللَّهِ وَلَا ٱلشَّهْرَ ٱلْحَرَامَ وَلَا ٱلْهَدْيَ وَلَا ٱلْقَلَٰٓئِدَ وَلَآ ءَآمِّينَ ٱلْبَيْتَ ٱلْحَرَامَ يَبْتَغُونَ فَضْلࣰا مِّن رَّبِّهِمْ وَرِضْوَٰنࣰاۚ وَإِذَا حَلَلْتُمْ فَٱصْطَادُوا۟ۚ وَلَا يَجْرِمَنَّكُمْ شَنَـَٔانُ قَوْمٍ أَن صَدُّوكُمْ عَنِ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِ أَن تَعْتَدُوا۟ۘ وَتَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْبِرِّ وَٱلتَّقْوَىٰۖ وَلَا تَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۖ إِنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلْعِقَابِ

Уа, иман келтіргендер! Алланың (қасиетті еткен жұма және айт намаздары, құрбандық, азан, жамағатпен оқылатын намаз, қажылық һәм оның рәсімдері сынды Исламның рәміздеріне айналған) нышандарын, (соғысуға тыйым салынған) қасиетті айларды, қажылық маусымында Қағбаға тарту етілген құрбандықтарды һәм ен салынып, белгі тағылған құрбандық малдарды, сондай-ақ Раббыларының шексіз шарапаты мен разылығына бөленуді қалап Бәйтул-харамға (Қағбаға) бет алған қажыларды қорлаушы болмаңдар. «Ихрамнан (һәм қасиетті аймақтан) шыққаннан» кейін, қаласаңдар, саятшылық құрыңдар. Кезінде, Харам мешітін зиярат етулеріңе кедергі жасап, жолдарыңды бөгеген қауымға деген өшпенділіктерің (қасиетті мекенде һәм қасиетті айда) оларға қастық жасап, күнәға батуларыңа сеп болмасын. (Өздеріңді Аллаға жақындататын иман, садақа, намаз, сабыр сақтау сынды) ізгі істерде, сондай-ақ тақуа болу мәселесінде бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда біріңе-бірің болыспаңдар. Аллаға тиісінше тағзым етіңдер, Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар. Шүбәсіз, Алланың жазасы тым қатты.

3

حُرِّمَتْ عَلَيْكُمُ ٱلْمَيْتَةُ وَٱلدَّمُ وَلَحْمُ ٱلْخِنزِيرِ وَمَآ أُهِلَّ لِغَيْرِ ٱللَّهِ بِهِۦ وَٱلْمُنْخَنِقَةُ وَٱلْمَوْقُوذَةُ وَٱلْمُتَرَدِّيَةُ وَٱلنَّطِيحَةُ وَمَآ أَكَلَ ٱلسَّبُعُ إِلَّا مَا ذَكَّيْتُمْ وَمَا ذُبِحَ عَلَى ٱلنُّصُبِ وَأَن تَسْتَقْسِمُوا۟ بِٱلْأَزْلَٰمِۚ ذَٰلِكُمْ فِسْقٌۗ ٱلْيَوْمَ يَئِسَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِن دِينِكُمْ فَلَا تَخْشَوْهُمْ وَٱخْشَوْنِۚ ٱلْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ ٱلْإِسْلَٰمَ دِينࣰاۚ فَمَنِ ٱضْطُرَّ فِي مَخْمَصَةٍ غَيْرَ مُتَجَانِفࣲ لِّإِثْمࣲ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Сендерге арам өлген мал, қан, доңыз еті және Алладан басқаның атынан сойылған малдың еті харам етілді. Сондай-ақ жаны шықпай жатып (шариғатқа сай) бауыздап үлгергендеріңді қоспағанда, буынып, соққы жеп, биіктен құлап, сүзіліп немесе жыртқыш аңға таланып өлген малдың еті һәм пұттардың алдында сойылған және жебемен (яки басқа нәрсемен) бал ашып немесе құмар ойындарын ойнап тапқан малдың еті (мен басқа да азық түрлері) харам етілді. Міне, осыларды жеу Аллаға бағынбауды білдіреді. Бүгінгі таңда кәпірлер діндеріңнен күдерін үзді (яғни Исламның тамыр жайып, күшеюіне бөгесін бола алмайтындығына көздері анық жетті). Ендеше, олардан қорықпаңдар, Менен қорқып, Менен ғана именіңдер! Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім, сендерге деген нығметімді тамамдадым және сендер үшін дін ретінде Исламды таңдадым. Кімде-кім күнәға әуестігінен емес, қатты ашыққаннан (харам етілген нәрселерді) жеуге мәжбүр болса, шүбәсіз, Алла – Ғафур (өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

4

يَسْـَٔلُونَكَ مَاذَآ أُحِلَّ لَهُمْۖ قُلْ أُحِلَّ لَكُمُ ٱلطَّيِّبَٰتُ وَمَا عَلَّمْتُم مِّنَ ٱلْجَوَارِحِ مُكَلِّبِينَ تُعَلِّمُونَهُنَّ مِمَّا عَلَّمَكُمُ ٱللَّهُۖ فَكُلُوا۟ مِمَّآ أَمْسَكْنَ عَلَيْكُمْ وَٱذْكُرُوا۟ ٱسْمَ ٱللَّهِ عَلَيْهِۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلْحِسَابِ

Олар сенен (азық түрлерінен) ненің адал екенін сұрайды. Оларға былай деп айт: «Сендерге таза әрі денсаулыққа зиянсыз азық атаулының бәрі адал етілді. Алланың өздеріңе үйреткені бойынша аң аулауға баулыған жануарларыңның өздеріңе ұстап әкелгендерін жеңдер. Оларды аңға салғандарыңда, «бисмиллә» деп Алланың атын атаңдар. Алладан қорқыңдар (яғни Аллаға тиісінше тағзым етіңдер, Оған қарсы келіп, асы болудан барынша сақтаныңдар). Шүбәсіз, Алла жауапқа өте жылдам тартушы».

5

ٱلْيَوْمَ أُحِلَّ لَكُمُ ٱلطَّيِّبَٰتُۖ وَطَعَامُ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ حِلࣱّ لَّكُمْ وَطَعَامُكُمْ حِلࣱّ لَّهُمْۖ وَٱلْمُحْصَنَٰتُ مِنَ ٱلْمُؤْمِنَٰتِ وَٱلْمُحْصَنَٰتُ مِنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ مِن قَبْلِكُمْ إِذَآ ءَاتَيْتُمُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ مُحْصِنِينَ غَيْرَ مُسَٰفِحِينَ وَلَا مُتَّخِذِيٓ أَخْدَانࣲۗ وَمَن يَكْفُرْ بِٱلْإِيمَٰنِ فَقَدْ حَبِطَ عَمَلُهُۥ وَهُوَ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ مِنَ ٱلْخَٰسِرِينَ

Бүгін сендерге таза әрі денсаулыққа зиянсыз нәрселер адал етілді. Сондай-ақ сендерге кітап иелерінің (таза әрі денсаулыққа зиянсыз тағамдары мен Алладан өзгенің атын атамай) сойған малдары да адал. Сендердің адал астарың да оларға адал. Сонымен қатар, нәпсіқұмарлыққа бой алдырмай ар тазалығын сақтайтын әрі ешкіммен ашына-жай болмайтын ерлер ретінде тиісті мәһірлерін беріп некелесетін болсаңдар, арлы да адал мүмін әйелдер һәм өздеріңнен бұрын (Алладан) иләһи кітап алғандардың арасындағы арлы да адал әйелдер сендерге адал. Кімде-кім иманды жоққа шығарып (яғни, Исламның үкімдерін теріске шығарып) күпірлік қылса, істеген бүкіл істері зая кетеді және ақиретте де зиян шегушілердің қатарында болады.

6

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِذَا قُمْتُمْ إِلَى ٱلصَّلَوٰةِ فَٱغْسِلُوا۟ وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى ٱلْمَرَافِقِ وَٱمْسَحُوا۟ بِرُءُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى ٱلْكَعْبَيْنِۚ وَإِن كُنتُمْ جُنُبࣰا فَٱطَّهَّرُوا۟ۚ وَإِن كُنتُم مَّرْضَىٰٓ أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ أَوْ جَآءَ أَحَدࣱ مِّنكُم مِّنَ ٱلْغَآئِطِ أَوْ لَٰمَسْتُمُ ٱلنِّسَآءَ فَلَمْ تَجِدُوا۟ مَآءࣰ فَتَيَمَّمُوا۟ صَعِيدࣰا طَيِّبࣰا فَٱمْسَحُوا۟ بِوُجُوهِكُمْ وَأَيْدِيكُم مِّنْهُۚ مَا يُرِيدُ ٱللَّهُ لِيَجْعَلَ عَلَيْكُم مِّنْ حَرَجࣲ وَلَٰكِن يُرِيدُ لِيُطَهِّرَكُمْ وَلِيُتِمَّ نِعْمَتَهُۥ عَلَيْكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

Уа, мүміндер! Намазға тұрар алдында беттеріңді жуыңдар, қолдарыңды шынтаққа дейін (яғни, шынтақты қоса) жуыңдар, бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды тобыққа дейін (яғни, тобықты қоса) жуыңдар. Егер бой дәреттерің бұзылса, бастан-аяқ жуынып бой дәрет алыңдар. Ал егер науқас немесе жолаушы болсаңдар, яки үлкен дәретке отырып келгеннен, не әйелмен қосылғаннан кейін (жуынатын) су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып (яғни алақандарыңды таза топыраққа соғып), беттеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін сипаңдар. Алла сендерге ауыртпалық артқысы келмейді. Керісінше, шүкіршілік етерсіңдер деп, сендерді тәндік һәм рухани кірлерден тазартуды және өздеріңе берер нығметін тамамдауды (хақ дінді бүге-шігесіне дейін баяндап, толық түсіруді) қалайды.

7

وَٱذْكُرُوا۟ نِعْمَةَ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ وَمِيثَٰقَهُ ٱلَّذِي وَاثَقَكُم بِهِۦٓ إِذْ قُلْتُمْ سَمِعْنَا وَأَطَعْنَاۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ

Алланың өздеріңе нәсіп еткен нығметін және «естідік һәм мойынсұндық, әміріңе құлдық» дегендеріңде, өздеріңнен алған уәдені һәм сол арқылы мойындарыңа артқан міндеттерін естеріңе алыңдар. Алладан қорқыңдар (яғни Аллаға тиісінше тағзым етіңдер һәм Оған қарсы келіп асы болудан барынша сақтаныңдар). Шүбәсіз, Алла пенделерінің көкірегіндегі бар сырды біледі.

8

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ كُونُوا۟ قَوَّٰمِينَ لِلَّهِ شُهَدَآءَ بِٱلْقِسْطِۖ وَلَا يَجْرِمَنَّكُمْ شَنَـَٔانُ قَوْمٍ عَلَىٰٓ أَلَّا تَعْدِلُوا۟ۚ ٱعْدِلُوا۟ هُوَ أَقْرَبُ لِلتَّقْوَىٰۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ خَبِيرُۢ بِمَا تَعْمَلُونَ

Уа, иман келтіргендер! Алла үшін қолдарыңнан келгенше турашыл, куәлікке жүргенде қара қылды қақ жарған әділ болыңдар. Қайсыбір қауымға деген өшпенділіктерің (немесе олардың сендерге деген өшпенділігі) сендерді әділетсіздік жасауға итермелемесін. Әрдайым әділ болыңдар, біле білсеңдер, тақуалыққа ең жақыны, ең лайығы, міне, сол. Алладан қорқыңдар (яғни Аллаға тиісінше тағзым етіңдер, Оған қарсы келіп асы болудан барынша сақтаныңдар). Шүбәсіз, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.

9

وَعَدَ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُم مَّغْفِرَةࣱ وَأَجْرٌ عَظِيمࣱ

Алла иман келтіріп, игілікті істер істегендерге кешірім жасауды һәм үлкен сый-сияпатқа, зор сауапқа бөлеуді уәде етті.

10

وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَكَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَآ أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلْجَحِيمِ

Ал (иман келтірудің орнына) күпірлік қылып, (болмыстағы һәм өз бойларындағы ақиқаттың айғағы болған) дәлелдеріміз бен (Кітаптағы) аяттарымызға сенбегендерге келсек, міне, солар – тозақтықтар.

11

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱذْكُرُوا۟ نِعْمَتَ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ هَمَّ قَوْمٌ أَن يَبْسُطُوٓا۟ إِلَيْكُمْ أَيْدِيَهُمْ فَكَفَّ أَيْدِيَهُمْ عَنكُمْۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۚ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ ٱلْمُؤْمِنُونَ

Уа, иман келтіргендер! Алланың өздеріңе нәсіп еткен нығметін естеріңе алыңдар: Кезінде әлдебір қауым сендерге қол салып, бәріңді қырып тастамақшы болғанда, Алла олардың қолын қағып тастап, сендерге тигізбеген еді. Ендеше, Алладан қорқыңдар (яғни Аллаға тиісінше тағзым етіңдер, Оған қарсы келіп асы болудан барынша сақтаныңдар). Шынайы мүміндер бір Аллаға арқа сүйеп, тәуекел етсін!

12

۞وَلَقَدْ أَخَذَ ٱللَّهُ مِيثَٰقَ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ وَبَعَثْنَا مِنْهُمُ ٱثْنَيْ عَشَرَ نَقِيبࣰاۖ وَقَالَ ٱللَّهُ إِنِّي مَعَكُمْۖ لَئِنْ أَقَمْتُمُ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَيْتُمُ ٱلزَّكَوٰةَ وَءَامَنتُم بِرُسُلِي وَعَزَّرْتُمُوهُمْ وَأَقْرَضْتُمُ ٱللَّهَ قَرْضًا حَسَنࣰا لَّأُكَفِّرَنَّ عَنكُمْ سَيِّـَٔاتِكُمْ وَلَأُدْخِلَنَّكُمْ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُۚ فَمَن كَفَرَ بَعْدَ ذَٰلِكَ مِنكُمْ فَقَدْ ضَلَّ سَوَآءَ ٱلسَّبِيلِ

Расында, Алла Исрайыл ұрпақтарынан берік уәде алған еді. Біз олардың арасынан (он екі рудың әрқайсысынан бір-біреуден) он екі өкіл тағайындаған едік. Сонда Алла оларға былай деді: «Шүбәсіз, Мен сендермен біргемін. Егер сендер намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқысаңдар, зекетті толық берсеңдер, пайғамбарларыма иман келтіріп, қолдау көрсетсеңдер және мал-пұлдарыңды Алла жолында жұмсау арқылы Аллаға «жақсы қарыз берсеңдер», онда күнә-қателіктеріңді сөзсіз кешіремін һәм міндетті түрде (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларына кіргіземін. Ал енді бұдан кейін араларыңнан кімде-кім (алғыс айтудың орнына) күпірлік қылса, шүбәсіз, тура жолдан адасқан болады».

13

فَبِمَا نَقْضِهِم مِّيثَٰقَهُمْ لَعَنَّٰهُمْ وَجَعَلْنَا قُلُوبَهُمْ قَٰسِيَةࣰۖ يُحَرِّفُونَ ٱلْكَلِمَ عَن مَّوَاضِعِهِۦ وَنَسُوا۟ حَظࣰّا مِّمَّا ذُكِّرُوا۟ بِهِۦۚ وَلَا تَزَالُ تَطَّلِعُ عَلَىٰ خَآئِنَةࣲ مِّنْهُمْ إِلَّا قَلِيلࣰا مِّنْهُمْۖ فَٱعْفُ عَنْهُمْ وَٱصْفَحْۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُحْسِنِينَ

Міне, (содан кейін) оларды уәделерін бұзғаны үшін рақымымыздан аластап, лағынеттедік әрі тас жүректі қылдық. Олар үнемі (қасиетті кітаптағы) сөздердің орнын өзгертіп бұрмалайды, сондай-ақ өздеріне айтылған уағыз-насихаттың көбін елемей ұмыт қалдырды. Олардың бірен-сараны болмаса, көпшілігінің үнемі опасыздық жасағанын көресің. Сонда да оларды кеш, (теріс қылықтарын) көңіліңе алма. Шүбәсіз, Алла (жақсылық жасаудан танбайтын) ізгі жандарды жақсы көреді.

14

وَمِنَ ٱلَّذِينَ قَالُوٓا۟ إِنَّا نَصَٰرَىٰٓ أَخَذْنَا مِيثَٰقَهُمْ فَنَسُوا۟ حَظࣰّا مِّمَّا ذُكِّرُوا۟ بِهِۦ فَأَغْرَيْنَا بَيْنَهُمُ ٱلْعَدَاوَةَ وَٱلْبَغْضَآءَ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِۚ وَسَوْفَ يُنَبِّئُهُمُ ٱللَّهُ بِمَا كَانُوا۟ يَصْنَعُونَ

Сондай-ақ «біз христианбыз» дейтіндерден де берік уәде алған едік. Алайда олар да өздеріне айтылған уағыз-насихаттың маңызды бөлігін елемей сол күйі ұмыт қалдырды. Міне, сондықтан Біз олардың арасына қиямет күніне дейін жалғасын табатын дұшпандық пен өшпенділік сезімін салдық. Алдағы уақытта Алла олардың не істеп, не қойғандарын, бар өнерлерін (теріс қылықтарын) беттеріне басады.

15

يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ قَدْ جَآءَكُمْ رَسُولُنَا يُبَيِّنُ لَكُمْ كَثِيرࣰا مِّمَّا كُنتُمْ تُخْفُونَ مِنَ ٱلْكِتَٰبِ وَيَعْفُوا۟ عَن كَثِيرࣲۚ قَدْ جَآءَكُم مِّنَ ٱللَّهِ نُورࣱ وَكِتَٰبࣱ مُّبِينࣱ

Уа, кітап иелері! Расында, сендерге Кітаптан (Тәурат пен Інжілден) осы күнге дейін жасырып келген нәрселеріңнің көбін өздеріңе ашық баяндайтын һәм сол жасырған нәрселеріңнің көбін беттеріңе баспай, кешіріммен қарайтын елшіміз келді. Расында, сендерге Алладан (ой-саналарыңды, жүректеріңді һәм бар жолдарыңды шуаққа бөлейтін) нұр (пайғамбар) мен өзі қандай ашық, айқын болса, ақиқатты да дәл солай ашық, айқын баяндайтын Кітап (Құран) келді.

16

يَهْدِي بِهِ ٱللَّهُ مَنِ ٱتَّبَعَ رِضْوَٰنَهُۥ سُبُلَ ٱلسَّلَٰمِ وَيُخْرِجُهُم مِّنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِ بِإِذْنِهِۦ وَيَهْدِيهِمْ إِلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ

Алла сол нұр мен Кітап арқылы Өзінің разылығына бөленуді қалап, соған сай әрекет ететіндерді жан тыныштығына, есендікке һәм мақсат-мұраттарына жеткізетін жолдарға салады. Оларды Өз қалауы һәм шексіз шарапатымен тас қараңғы түнектерден жарық нұрға шығарады және тура жолға салады.

17

لَّقَدْ كَفَرَ ٱلَّذِينَ قَالُوٓا۟ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلْمَسِيحُ ٱبْنُ مَرْيَمَۚ قُلْ فَمَن يَمْلِكُ مِنَ ٱللَّهِ شَيْـًٔا إِنْ أَرَادَ أَن يُهْلِكَ ٱلْمَسِيحَ ٱبْنَ مَرْيَمَ وَأُمَّهُۥ وَمَن فِي ٱلْأَرْضِ جَمِيعࣰاۗ وَلِلَّهِ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَاۚ يَخْلُقُ مَا يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

«Шүбәсіз, Мәриямұлы Иса Мәсіх – Алла» дейтіндер, сөзсіз, күпірлік қылды. Ендеше, оларға: «Егер Алла Мәриямұлы Иса Мәсіхті, оның анасын және жердегі жаратылыс біткеннің бәрін құртып, жоқ қылуды қаласа, Оған кім қарсы тұра алады?!» – деп айт. Шынтуайтында, күллі аспан әлемі мен жердің һәм сол екеуінің арасындағы жаратылыс атаулының билігі бір Аллаға ғана тиесілі. Ол қалағанын жаратады. Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

18

وَقَالَتِ ٱلْيَهُودُ وَٱلنَّصَٰرَىٰ نَحْنُ أَبْنَٰٓؤُا۟ ٱللَّهِ وَأَحِبَّٰٓؤُهُۥۚ قُلْ فَلِمَ يُعَذِّبُكُم بِذُنُوبِكُمۖ بَلْ أَنتُم بَشَرࣱ مِّمَّنْ خَلَقَۚ يَغْفِرُ لِمَن يَشَآءُ وَيُعَذِّبُ مَن يَشَآءُۚ وَلِلَّهِ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَاۖ وَإِلَيْهِ ٱلْمَصِيرُ

Яһудилер мен христиандар: «Біз Алланың балаларымыз, сүйіктілеріміз», – деп айтады. Оларға: «Ендеше, неліктен Алла сендерді істеген күнәларың үшін азаптауда?!» – деп айт. Жоқ, керісінше, сендер Алла жаратқан адамзат ішіндегі бірер қауымсыңдар. Қалағанын кешіреді, қалағанын азаптайды. Шынтуайтында, күллі аспан әлемі мен жердің және сол екеуінің арасындағы жаратылыс атаулының бар билігі бір Аллаға ғана тиесілі. Соңында бәрі Оның алдына барады.

19

يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ قَدْ جَآءَكُمْ رَسُولُنَا يُبَيِّنُ لَكُمْ عَلَىٰ فَتْرَةࣲ مِّنَ ٱلرُّسُلِ أَن تَقُولُوا۟ مَا جَآءَنَا مِنۢ بَشِيرࣲ وَلَا نَذِيرࣲۖ فَقَدْ جَآءَكُم بَشِيرࣱ وَنَذِيرࣱۗ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Уа, кітап иелері! Пайғамбарлардың арасы үзіліп, біразға дейін пайғамбар келмей хақ дін ұмыт бола бастаған шақта, (кейін) «бізге сүйіншілеуші де, ескертуші де келмеді» деп айтпауларың үшін, сендерге бар ақиқатты ашық баяндайтын елшіміз (Мұхаммед) келді. Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

20

وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِۦ يَٰقَوْمِ ٱذْكُرُوا۟ نِعْمَةَ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ جَعَلَ فِيكُمْ أَنۢبِيَآءَ وَجَعَلَكُم مُّلُوكࣰا وَءَاتَىٰكُم مَّا لَمْ يُؤْتِ أَحَدࣰا مِّنَ ٱلْعَٰلَمِينَ

Бір кездері Мұса өз қауымына: «Уа, халқым! Алланың өздеріңе нәсіп еткен нығметін естеріңе алыңдар: Ол араларыңнан пайғамбарлар шығарды, сендерді (кезінде Мысырда) билік тізгінін ұстаған басшы, әмірші әрі азат қылды, сондай-ақ кезінде жер-әлемде ешбір қауымға бермеген (бірқатар нығметті) сендерге нәсіп етті».

21

يَٰقَوْمِ ٱدْخُلُوا۟ ٱلْأَرْضَ ٱلْمُقَدَّسَةَ ٱلَّتِي كَتَبَ ٱللَّهُ لَكُمْ وَلَا تَرْتَدُّوا۟ عَلَىٰٓ أَدْبَارِكُمْ فَتَنقَلِبُوا۟ خَٰسِرِينَ

«Уа, халқым! Алланың маңдайларыңа жазған мына қасиетті мекенге (Қудусқа) қорықпай кіріңдер, сырт айналып (жондарыңды беріп) қашпаңдар. Әйтпесе, зиянға ұшырайсыңдар», – деп айтты.

22

قَالُوا۟ يَٰمُوسَىٰٓ إِنَّ فِيهَا قَوْمࣰا جَبَّارِينَ وَإِنَّا لَن نَّدْخُلَهَا حَتَّىٰ يَخْرُجُوا۟ مِنْهَا فَإِن يَخْرُجُوا۟ مِنْهَا فَإِنَّا دَٰخِلُونَ

Сонда олар былай деп жауап берді: «Әй, Мұса! Ол жерде адуынды, қатыгез қауым бар. Олар (өз бетімен) шықпайынша, біз ол жерге аяқ баспаймыз. Егер олар өз бетімен шықса, біз ол жерге міндетті түрде кіреміз», – деді.

23

قَالَ رَجُلَانِ مِنَ ٱلَّذِينَ يَخَافُونَ أَنْعَمَ ٱللَّهُ عَلَيْهِمَا ٱدْخُلُوا۟ عَلَيْهِمُ ٱلْبَابَ فَإِذَا دَخَلْتُمُوهُ فَإِنَّكُمْ غَٰلِبُونَۚ وَعَلَى ٱللَّهِ فَتَوَكَّلُوٓا۟ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

Сол кезде Алланың жазасынан қорқатын һәм Алла өздеріне кәміл иман мен шынайылық нәсіп еткен екі кісі суырылып шығып: «Қаланың қақпасына шабуыл жасап сол арадан кіріңдер. Егер қақпадан ішке енетін болсаңдар, сөзсіз, жеңесіңдер. Егер шынымен мүмін болсаңдар, бір Аллаға тәуекел етіңдер», – деді.

24

قَالُوا۟ يَٰمُوسَىٰٓ إِنَّا لَن نَّدْخُلَهَآ أَبَدࣰا مَّا دَامُوا۟ فِيهَا فَٱذْهَبْ أَنتَ وَرَبُّكَ فَقَٰتِلَآ إِنَّا هَٰهُنَا قَٰعِدُونَ

Ал қалғандары болса: «Әй, Мұса! Әлгі озбыр қауым тұрғанда, біз ол жерге еш уақытта аяқ баспаймыз. (Жоқ, ол жерге қайткен күнде де кіреміз десең), онда өзің және Раббың екеуің барыңдар да, олармен өздерің соғысыңдар. Ал біз осы арада отыра тұрамыз», – деп, айтқандарынан қайтпай, қырсығып отырып алды.

25

قَالَ رَبِّ إِنِّي لَآ أَمْلِكُ إِلَّا نَفْسِي وَأَخِيۖ فَٱفْرُقْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ ٱلْقَوْمِ ٱلْفَٰسِقِينَ

Сол сәтте Мұса: «Уа, Раббым! Менің сөзім тек өзіме және бауырыма ғана өтеді. Ендеше, біз бен мына жүгенсіз кеткен күнәһар қауым арасында Өзің билік айтқайсың», – деп жалбарынды.

26

قَالَ فَإِنَّهَا مُحَرَّمَةٌ عَلَيْهِمْۛ أَرْبَعِينَ سَنَةࣰۛ يَتِيهُونَ فِي ٱلْأَرْضِۚ فَلَا تَأْسَ عَلَى ٱلْقَوْمِ ٱلْفَٰسِقِينَ

Алла: «Ендеше, сол қасиетті өлке бұдан былай оларға қырық жыл бойы харам болады. Өздеріне жақсы болса, мына иен далада қайда барарын білмей, қаңғырып жүрсін. Сен ендігі жерде жүгенсіз кеткен күнәһар (асы) қауым үшін қам жемей-ақ қой», – деп кесімді үкімін айтты.

27

۞وَٱتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ ٱبْنَيْ ءَادَمَ بِٱلْحَقِّ إِذْ قَرَّبَا قُرْبَانࣰا فَتُقُبِّلَ مِنْ أَحَدِهِمَا وَلَمْ يُتَقَبَّلْ مِنَ ٱلْـَٔاخَرِ قَالَ لَأَقْتُلَنَّكَۖ قَالَ إِنَّمَا يَتَقَبَّلُ ٱللَّهُ مِنَ ٱلْمُتَّقِينَ

Оларға Адамның екі ұлының басынан өткен ғибратты оқиғаны айтып бер: Олардың әрқайсысы бірер құрбан шалған еді. Сонда біреуінің (Абылдың) құрбандығы қабыл болып, енді біреуінікі (Қабылдікі) қабыл болмады. Сол кезде құрбандығы қабыл болмаған (Қабыл) бауырына: «Сені өлтіремін», – деді. Ол болса: «Расында, Алла өзіне тиісінше тағзым ететін һәм қарсы келмейтін тақуа құлдарынан ғана қабыл алады».

28

لَئِنۢ بَسَطتَ إِلَيَّ يَدَكَ لِتَقْتُلَنِي مَآ أَنَا۠ بِبَاسِطࣲ يَدِيَ إِلَيْكَ لِأَقْتُلَكَۖ إِنِّيٓ أَخَافُ ٱللَّهَ رَبَّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Егер мені өлтіру үшін маған қол жұмсасаң, сені өлтіру үшін мен саған қол жұмсамаймын. Шүбәсіз, мен әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын».

29

إِنِّيٓ أُرِيدُ أَن تَبُوٓأَ بِإِثْمِي وَإِثْمِكَ فَتَكُونَ مِنْ أَصْحَٰبِ ٱلنَّارِۚ وَذَٰلِكَ جَزَٰٓؤُا۟ ٱلظَّٰلِمِينَ

«Сені өлтіріп күнәға батып, өз күнәма қоса сенің де күнәларыңды арқалағым келмейді. Ендеше, (жақсылап ойлан бауырым, мені өлтіретін болсаң) барлық күнә сенің мойныңа артылады да, тозақтықтардың қатарына қосыласың. Өйткені өзгеге һәм өзіне қиянат жасаушылардың жазасы сол», – деді.

30

فَطَوَّعَتْ لَهُۥ نَفْسُهُۥ قَتْلَ أَخِيهِ فَقَتَلَهُۥ فَأَصْبَحَ مِنَ ٱلْخَٰسِرِينَ

(Қабылдың) нәпсісі оны азғырып, бауырын өлтіруге итермеледі. Ақырында, бауырын өлтіріп тынды. Сөйтіп, (өз күнәларына қоса өзгенің де күнәсін арқалап) оңбай зиянға ұшырағандардың қатарына қосылды.

31

فَبَعَثَ ٱللَّهُ غُرَابࣰا يَبْحَثُ فِي ٱلْأَرْضِ لِيُرِيَهُۥ كَيْفَ يُوَٰرِي سَوْءَةَ أَخِيهِۚ قَالَ يَٰوَيْلَتَىٰٓ أَعَجَزْتُ أَنْ أَكُونَ مِثْلَ هَٰذَا ٱلْغُرَابِ فَأُوَٰرِيَ سَوْءَةَ أَخِيۖ فَأَصْبَحَ مِنَ ٱلنَّٰدِمِينَ

Сол кезде Алла оған бауырының денесін қалай жерлеуді көрсету үшін бір қарға жіберді. Әлгі қарға жерді тұмсығымен (қазып, ол жерге бір нәрсені көмгенін көргенде, ол өз-өзіне): «Қара бассын мені! Осы қарға құрлы болмағаным ба? Бауырымның денесін қалай жасыруды біле алмағанымды қарашы!» – деп аһ ұрып, опық жегендердің қатарына қосылды.

32

مِنْ أَجْلِ ذَٰلِكَ كَتَبْنَا عَلَىٰ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ أَنَّهُۥ مَن قَتَلَ نَفْسَۢا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادࣲ فِي ٱلْأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ ٱلنَّاسَ جَمِيعࣰا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَآ أَحْيَا ٱلنَّاسَ جَمِيعࣰاۚ وَلَقَدْ جَآءَتْهُمْ رُسُلُنَا بِٱلْبَيِّنَٰتِ ثُمَّ إِنَّ كَثِيرࣰا مِّنْهُم بَعْدَ ذَٰلِكَ فِي ٱلْأَرْضِ لَمُسْرِفُونَ

Міне, сондықтан да Исрайыл ұрпақтарына мына үкімді жаздық: кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды нақақтан-нақақ өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтіргендей болады. Сондай-ақ кім біреуді өлімнен құтқарып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады. Оларға елшілеріміз (осындай үкімдермен һәм өздерінің пайғамбар екендіктерін көрсететін) айқын дәлелдермен, мұғжизалармен келген еді. Алайда содан кейін де олардың басым көпшілігі жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасауда шектен шығуда.

33

إِنَّمَا جَزَٰٓؤُا۟ ٱلَّذِينَ يُحَارِبُونَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَيَسْعَوْنَ فِي ٱلْأَرْضِ فَسَادًا أَن يُقَتَّلُوٓا۟ أَوْ يُصَلَّبُوٓا۟ أَوْ تُقَطَّعَ أَيْدِيهِمْ وَأَرْجُلُهُم مِّنْ خِلَٰفٍ أَوْ يُنفَوْا۟ مِنَ ٱلْأَرْضِۚ ذَٰلِكَ لَهُمْ خِزْيࣱ فِي ٱلدُّنْيَاۖ وَلَهُمْ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمٌ

Расында, Аллаға һәм пайғамбарына қарсы соғыс ашқан және (қарақшылықпен айналысып, лаңкестік әрекеттерге барып) жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасағандарға берілетін жаза – өлім жазасына бұйыру немесе (тірідей, яки өзгелерге сабақ болсын деп өлі күйінде) асу я болмаса қол-аяқтарын шалыс (яғни, оң қолы мен сол аяғын) шабу не жер түбіне айдау. Бұл – олардың дүниеде көретін қорлығы. Ал ақиретте олар үшін жан төзгісіз азап бар.

34

إِلَّا ٱلَّذِينَ تَابُوا۟ مِن قَبْلِ أَن تَقْدِرُوا۟ عَلَيْهِمْۖ فَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Тек қолдарыңа түспей тұрып істеген күнәларына өкініп, тәубеге келгендердің жөні бөлек. Біліп қойыңдар, Алла – Ғафур (өте кешірімді), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді).

35

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَٱبْتَغُوٓا۟ إِلَيْهِ ٱلْوَسِيلَةَ وَجَٰهِدُوا۟ فِي سَبِيلِهِۦ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

Уа, иман келтіргендер! Аллаға тиісінше тағзым етіңдер һәм Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар. Оған жақындай түсудің жолын (себебін) іздеңдер һәм Оның жолында аянбай күресіңдер, сонда (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер.

36

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَوْ أَنَّ لَهُم مَّا فِي ٱلْأَرْضِ جَمِيعࣰا وَمِثْلَهُۥ مَعَهُۥ لِيَفْتَدُوا۟ بِهِۦ مِنْ عَذَابِ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ مَا تُقُبِّلَ مِنْهُمْۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ

Расында, дүниенің бар байлығы мен ондағы шексіз мүмкіндіктер һәм соның тағы бір есесі күпірлік қылғандардың қолында болса, сөйтіп, олар қиямет күнінің азабынан құтылу үшін соның бәрін төлем ретінде берсе де қабыл болмайды. Олар үшін жан төзгісіз азап бар.

37

يُرِيدُونَ أَن يَخْرُجُوا۟ مِنَ ٱلنَّارِ وَمَا هُم بِخَٰرِجِينَ مِنْهَاۖ وَلَهُمْ عَذَابࣱ مُّقِيمࣱ

Олар тозақтан шығуды қалайды, бірақ ол жерден әсте шықпайды. Олар үшін (тозақта) бітпейтін азап бар.

38

وَٱلسَّارِقُ وَٱلسَّارِقَةُ فَٱقْطَعُوٓا۟ أَيْدِيَهُمَا جَزَآءَۢ بِمَا كَسَبَا نَكَٰلࣰا مِّنَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمࣱ

Мейлі ер, мейлі әйел болсын, ұрлық жасағандарға келсек, өз қолдарымен істеген қылмыстары үшін Алла тарапынан белгіленген һәм өзге адамдарға сабақ болатын жаза ретінде қолдарын шабыңдар. Шүбәсіз, Алла – Азиз (бәрінен үстем, ұлы) һәм – Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).

39

فَمَن تَابَ مِنۢ بَعْدِ ظُلْمِهِۦ وَأَصْلَحَ فَإِنَّ ٱللَّهَ يَتُوبُ عَلَيْهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمٌ

Ал кімде-кім істеген қиянатынан кейін тәубеге келіп, толық түзелсе, шүбәсіз, Алла оның тәубесін қабыл алады. Өйткені Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), – Рахим (әсіресе тәубеге келіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

40

أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ ٱللَّهَ لَهُۥ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ يُعَذِّبُ مَن يَشَآءُ وَيَغْفِرُ لِمَن يَشَآءُۗ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Шүбәсіз, күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі бар билік пен барлық нәрсенің бір Аллаға тиесілі екенін білмеймісің?! Алла қалағанын азаптайды, қалағанына кеңшілік жасайды. Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

41

۞يَٰٓأَيُّهَا ٱلرَّسُولُ لَا يَحْزُنكَ ٱلَّذِينَ يُسَٰرِعُونَ فِي ٱلْكُفْرِ مِنَ ٱلَّذِينَ قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا بِأَفْوَٰهِهِمْ وَلَمْ تُؤْمِن قُلُوبُهُمْۛ وَمِنَ ٱلَّذِينَ هَادُوا۟ۛ سَمَّٰعُونَ لِلْكَذِبِ سَمَّٰعُونَ لِقَوْمٍ ءَاخَرِينَ لَمْ يَأْتُوكَۖ يُحَرِّفُونَ ٱلْكَلِمَ مِنۢ بَعْدِ مَوَاضِعِهِۦۖ يَقُولُونَ إِنْ أُوتِيتُمْ هَٰذَا فَخُذُوهُ وَإِن لَّمْ تُؤْتَوْهُ فَٱحْذَرُوا۟ۚ وَمَن يُرِدِ ٱللَّهُ فِتْنَتَهُۥ فَلَن تَمْلِكَ لَهُۥ مِنَ ٱللَّهِ شَيْـًٔاۚ أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ لَمْ يُرِدِ ٱللَّهُ أَن يُطَهِّرَ قُلُوبَهُمْۚ لَهُمْ فِي ٱلدُّنْيَا خِزْيࣱۖ وَلَهُمْ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمࣱ

Уа, ардақты елші! Құр ауызбен «иман келтірдік» дегенмен жүректері иман келтірмеген екіжүзділер мен яһудилерден күпірлікте өзара жарысқандар көңіліңе қаяу түсірмесін. Олар (сендер жайлы) өсек-аяң, жала һәм арандатуға бағытталған жалған сөзге құлақ түреді, алдыңа мүлдем келмеген қауымның айтқанына құлақ түреді (әрі солар үшін тың тыңдайды). Сондай-ақ олар «сөзді» (яғни Алланың сөзін) бұрмалайды. (Араларынан өзіңнен пәтуә сұрайтындарға): «Егер сендерге мынадай пәтуә берілсе, қабыл алыңдар, ал ондай пәтуә берілмесе, одан аулақ болыңдар», – дейді. Алла әлдекімді бет-пердесі ашылсын деп, сынауды қаласа, (сөйтіп ол сынақтан сүрінсе), ондай жағдайда сен ол үшін Алланың алдында еш нәрсе істей алмайсың. (Күпірлікте бір-бірімен жарысып, әбден азғындағаны үшін) Алла олардың жүрегін (күпірлік пен күнәдан) арылтуды қаламады, иә, олар сондай бейбақтар. Сол себепті, олар үшін дүниеде қорлық, ал ақиретте тым ауыр азап бар.

42

سَمَّٰعُونَ لِلْكَذِبِ أَكَّٰلُونَ لِلسُّحْتِۚ فَإِن جَآءُوكَ فَٱحْكُم بَيْنَهُمْ أَوْ أَعْرِضْ عَنْهُمْۖ وَإِن تُعْرِضْ عَنْهُمْ فَلَن يَضُرُّوكَ شَيْـࣰٔاۖ وَإِنْ حَكَمْتَ فَٱحْكُم بَيْنَهُم بِٱلْقِسْطِۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُقْسِطِينَ

Олар жалған сөз тыңдауға құмар, харам нәрсені жеуге әуес. Егер алдыңа (дауласып) келсе, қаласаң, араларында билік айт, қаласаң, олардан сырт айнал. Сырт айналсаң, олар саған титтей де зиян тигізе алмайды. Ал олардың арасында билік айтсаң, әділ үкім шығар. Шүбәсіз, Алла әділетті жандарды жақсы көреді.

43

وَكَيْفَ يُحَكِّمُونَكَ وَعِندَهُمُ ٱلتَّوْرَىٰةُ فِيهَا حُكْمُ ٱللَّهِ ثُمَّ يَتَوَلَّوْنَ مِنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَۚ وَمَآ أُو۟لَٰٓئِكَ بِٱلْمُؤْمِنِينَ

Алланың үкімдерін қамтыған Тәурат қолдарында тұрса да, (араларындағы дау-дамайды шешу үшін) қалайша сенің билігіңе жүгінеді?! Һәм содан кейін неліктен сенің үкіміңе разы болмай сырт айналып кетеді?! Шынтуайтында, олар шынайы мүмін емес.

44

إِنَّآ أَنزَلْنَا ٱلتَّوْرَىٰةَ فِيهَا هُدࣰى وَنُورࣱۚ يَحْكُمُ بِهَا ٱلنَّبِيُّونَ ٱلَّذِينَ أَسْلَمُوا۟ لِلَّذِينَ هَادُوا۟ وَٱلرَّبَّٰنِيُّونَ وَٱلْأَحْبَارُ بِمَا ٱسْتُحْفِظُوا۟ مِن كِتَٰبِ ٱللَّهِ وَكَانُوا۟ عَلَيْهِ شُهَدَآءَۚ فَلَا تَخْشَوُا۟ ٱلنَّاسَ وَٱخْشَوْنِ وَلَا تَشْتَرُوا۟ بِـَٔايَٰتِي ثَمَنࣰا قَلِيلࣰاۚ وَمَن لَّمْ يَحْكُم بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْكَٰفِرُونَ

Тура жолға бастайтын ақиқаттар мен нұрға толы Тәуратты, әлбетте, Біз түсірдік. Хаққа мойынсұнып шын мұсылман болған пайғамбарлар яһудилер арасында соған (Тәуратқа) қарап билік айтып, үкім шығаратын еді. Сондай-ақ олардың арасындағы Өздерін Алланың һәм адамдарды тәрбиелеп, түзету жолына арнаған раббанилер мен дін ғұламалары да Алланың кітабын (бұрмаланудан) қорғау міндетін мойындарына алғандықтан, соған қарап үкім шығаратын еді. Сондай-ақ олардың бәрі оның Алладан келген хақ Кітап екеніне куә болған еді. (Оларға кезінде): «(Алланың Кітабымен үкім шығару мәселесінде) адамдардан қорықпаңдар, Менен ғана қорқыңдар һәм аяттарымды (атақ-абырой, лауазым, мал-пұл т.с.с.) болмашы бағаға сатпаңдар!» – (деп ескерткен едік). Кімде-кім Алланың түсіргенімен үкім шығармаса, міне, солар нағыз кәпірлер!

45

وَكَتَبْنَا عَلَيْهِمْ فِيهَآ أَنَّ ٱلنَّفْسَ بِٱلنَّفْسِ وَٱلْعَيْنَ بِٱلْعَيْنِ وَٱلْأَنفَ بِٱلْأَنفِ وَٱلْأُذُنَ بِٱلْأُذُنِ وَٱلسِّنَّ بِٱلسِّنِّ وَٱلْجُرُوحَ قِصَاصࣱۚ فَمَن تَصَدَّقَ بِهِۦ فَهُوَ كَفَّارَةࣱ لَّهُۥۚ وَمَن لَّمْ يَحْكُم بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلظَّٰلِمُونَ

Тәуратта оларға мына үкімді жаздық: Жанға жан (нақақтан-нақақ кісі өлтіргенді өлім жазасына бұйыру), көзге көз (нақақтан-нақақ көз шығарғанның көзін шығару), мұрынға мұрын (нақақтан-нақақ мұрын бұзғанның мұрнын бұзу), құлаққа құлақ (нақақтан-нақақ құлақ кескеннің құлағын кесу), тіске тіс (нақақтан-нақақ тіс сындырғанның тісін сындыру) және сол сияқты (адам тәнін) жарақаттаудың барлық түрінде осылай бірге-бір қысас жасалады. Ал кімде-кім қысас жасап кек алмай-ақ кешірім етсе, бұл ол үшін күнәларының өтемі болады. Кімде-кім Алланың түсіргенімен үкім шығармаса, міне, солар – нағыз залымдар.

46

وَقَفَّيْنَا عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِم بِعِيسَى ٱبْنِ مَرْيَمَ مُصَدِّقࣰا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِ مِنَ ٱلتَّوْرَىٰةِۖ وَءَاتَيْنَٰهُ ٱلْإِنجِيلَ فِيهِ هُدࣰى وَنُورࣱ وَمُصَدِّقࣰا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِ مِنَ ٱلتَّوْرَىٰةِ وَهُدࣰى وَمَوْعِظَةࣰ لِّلْمُتَّقِينَ

Кейін сол пайғамбарлардың ізімен өзінен бұрын түскен Тәуратты растаушы ретінде Мәриямұлы Исаны жібердік. Оған өзінен бұрын түскен Тәуратты растаушы, сондай-ақ тақуа жандар үшін тура жолдың қайнары һәм насихат болған, тура жолға бастайтын ақиқаттар мен нұрға толы Інжілді түсірдік.

47

وَلْيَحْكُمْ أَهْلُ ٱلْإِنجِيلِ بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ فِيهِۚ وَمَن لَّمْ يَحْكُم بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْفَٰسِقُونَ

Ендеше, Інжілді ұстанғандар Алланың сол кітапта түсірген үкімдерімен үкім шығарсын. Кімде-кім Алланың түсіргенімен үкім шығармаса, міне, солар – жүгенсіз кеткен күнәһарлардың нақ өзі.

48

وَأَنزَلْنَآ إِلَيْكَ ٱلْكِتَٰبَ بِٱلْحَقِّ مُصَدِّقࣰا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِ مِنَ ٱلْكِتَٰبِ وَمُهَيْمِنًا عَلَيْهِۖ فَٱحْكُم بَيْنَهُم بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُۖ وَلَا تَتَّبِعْ أَهْوَآءَهُمْ عَمَّا جَآءَكَ مِنَ ٱلْحَقِّۚ لِكُلࣲّ جَعَلْنَا مِنكُمْ شِرْعَةࣰ وَمِنْهَاجࣰاۚ وَلَوْ شَآءَ ٱللَّهُ لَجَعَلَكُمْ أُمَّةࣰ وَٰحِدَةࣰ وَلَٰكِن لِّيَبْلُوَكُمْ فِي مَآ ءَاتَىٰكُمْۖ فَٱسْتَبِقُوا۟ ٱلْخَيْرَٰتِۚ إِلَى ٱللَّهِ مَرْجِعُكُمْ جَمِيعࣰا فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ فِيهِ تَخْتَلِفُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Саған өзінен бұрын түскен иләһи кітаптарды растаушы һәм бақылаушы ретінде ақиқаттың нақ өзі әрі хақ жолға бастаушы етіп осынау Кітапты түсірдік. Олай болса, Кітап иелерінің арасында (билік айтқаныңда,) Алланың түсіргені бойынша үкім шығар. Өзіңе келген ақиқаттан сырт айналып, олардың әуейіліктеріне еріп, өзіңе келген ақиқаттан тайма. Әр үмбетке өзіне тән шариғат һәм жол белгілеп бердік. Егер Алла қаласа, барлығыңды (бір шариғатпен жүретін) бір ғана үмбет қылар еді, алайда Ол әрбіріңді өзіне берген (Кітап) арқылы сынау үшін осылайша әр алуан үмбет етіп жаратты. Ендеше, (қол қусырып отырмай немесе кері кетпей) игілікті істерде бір-біріңмен жарысыңдар. Түбінде, барлығың да Аллаға қайтасыңдар. Сонда Ол сендерге (нәпсіге бой алдырып) өзара таласып-тартысқан мәселелеріңнің (ақ-қарасын ажыратып) бәрін айтып береді һәм араларыңда кесімді билігін айтады.

49

وَأَنِ ٱحْكُم بَيْنَهُم بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ وَلَا تَتَّبِعْ أَهْوَآءَهُمْ وَٱحْذَرْهُمْ أَن يَفْتِنُوكَ عَنۢ بَعْضِ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ إِلَيْكَۖ فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَٱعْلَمْ أَنَّمَا يُرِيدُ ٱللَّهُ أَن يُصِيبَهُم بِبَعْضِ ذُنُوبِهِمْۗ وَإِنَّ كَثِيرࣰا مِّنَ ٱلنَّاسِ لَفَٰسِقُونَ

Саған мынаны бұйырдық: Олардың арасында Алланың түсіргені бойынша үкім шығар. Олардың әуейіліктеріне ерме, сондай-ақ Алланың өзіңе түсірген бірқатар үкімдерінен сені айнытып не болмаса жаңылтып жіберуінен сақтан. Егер олар Алланың үкімдерінен сырт айналса, онда біліп қой, демек, Алла оларды кейбір күнәлары үшін бір бәлеге ұшыратқысы келеді. Задында, адамдардың көбі – Аллаға бағынбайтын азғын күнәһарлар.

50

أَفَحُكْمَ ٱلْجَٰهِلِيَّةِ يَبْغُونَۚ وَمَنْ أَحْسَنُ مِنَ ٱللَّهِ حُكْمࣰا لِّقَوْمࣲ يُوقِنُونَ

Жоқ әлде олар жаһилият (Исламға дейінгі надандық) дәуірінің үкімдерін көксей ме?! Әйтпесе, ақиқатқа әбден көзі жеткен, ілімі мен иманы берік қауым үшін Алладан жақсы билік айтып, (әділ) үкім шығаратын кім бар дейсің?!

51

۞يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَتَّخِذُوا۟ ٱلْيَهُودَ وَٱلنَّصَٰرَىٰٓ أَوْلِيَآءَۘ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَآءُ بَعْضࣲۚ وَمَن يَتَوَلَّهُم مِّنكُمْ فَإِنَّهُۥ مِنْهُمْۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلظَّٰلِمِينَ

Уа, иман келтіргендер! (Мұсылмандарға қас дұшпан болған) яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар. Олар тек бір-біріне дос әрі қамқоршы. Араларыңнан кімде-кім оларды өзіне сырлас дос тұтса, шүбәсіз, ол ақыры соларға ұқсап, солардың қатарына қосылады (о дүниеде де солармен бірге тіріледі). Шүбәсіз, Алла (сенім мен шариғи үкімдер мәселесінде адасып өз-өзіне қиянат жасаған) ондай залым қауымды тура жолға салмайды.

52

فَتَرَى ٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضࣱ يُسَٰرِعُونَ فِيهِمْ يَقُولُونَ نَخْشَىٰٓ أَن تُصِيبَنَا دَآئِرَةࣱۚ فَعَسَى ٱللَّهُ أَن يَأْتِيَ بِٱلْفَتْحِ أَوْ أَمْرࣲ مِّنْ عِندِهِۦ فَيُصْبِحُوا۟ عَلَىٰ مَآ أَسَرُّوا۟ فِيٓ أَنفُسِهِمْ نَٰدِمِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Жүрегінде дерті бар екіжүзділердің: «Жағдай аяқ-астынан өзгеріп, басымыз бәлеге қалама деп қорқамыз», – десіп сол залымдармен дос болу үшін бір-бірімен жарысқанын көресің. Кім біледі, бәлкім, Алла жуық арада мүміндерге қандай да бір жеңіс немесе жетістік нәсіп етер, не болмаса (сол екіжүзділердің өздерін яки залым достарын) Өз тарапынан бір бәлеге ұшыратар, сонда олар іштеріне бүккен екіжүзділіктері үшін аһ ұрып қатты өкінеді.

53

وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَهَٰٓؤُلَآءِ ٱلَّذِينَ أَقْسَمُوا۟ بِٱللَّهِ جَهْدَ أَيْمَٰنِهِمْ إِنَّهُمْ لَمَعَكُمْۚ حَبِطَتْ أَعْمَٰلُهُمْ فَأَصْبَحُوا۟ خَٰسِرِينَ

Сол кезде иман келтіргендер таңғалып: «(Уа, мүміндер!) Біз сендермен біргеміз деп жанын салып, Алланың атымен ант-су ішкендер осылар емес пе еді?!» – деседі. Алайда нәтижеде олардың бүкіл істері зая кетті, сөйтіп, олар жаппай зиянға ұшырады.

54

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَن يَرْتَدَّ مِنكُمْ عَن دِينِهِۦ فَسَوْفَ يَأْتِي ٱللَّهُ بِقَوْمࣲ يُحِبُّهُمْ وَيُحِبُّونَهُۥٓ أَذِلَّةٍ عَلَى ٱلْمُؤْمِنِينَ أَعِزَّةٍ عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ يُجَٰهِدُونَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلَا يَخَافُونَ لَوْمَةَ لَآئِمࣲۚ ذَٰلِكَ فَضْلُ ٱللَّهِ يُؤْتِيهِ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمٌ

Уа, иман келтіргендер! Араларыңнан кімде-кім (яки қандай да бір топ) дінінен безетін болса, біліп қойсын, күндердің күнінде Алла олардың орнына басқа қауым әкеледі. Алла оларды, олар да Алланы жан-тәнімен жақсы көретін болады. Олар мүміндерге өте кішіпейіл, кәпірлерге келгенде, намысын жібермейтін өктем болады. Сондай-ақ олар Алла жолында аянбай, тынбай күрес жүргізеді әрі өздерін жазғыратындардың жазғыруынан қорықпайтын болады. Міне, бұл – Алланың қалаған құлына ғана нәсіп ететін шексіз шарапаты. Алла – Уасиғ (кеңшілігі мол кең құдай), Алим (құлдарының қай істі қандай ниетпен істегенін жақсы білетін шексіз ілім иесі).

55

إِنَّمَا وَلِيُّكُمُ ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱلَّذِينَ يُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤْتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَهُمْ رَٰكِعُونَ

(Уа, мүміндер!) Сендердің жанашыр достарың – бір Алла, (содан кейін) Оның елшісі және Алланың алдында барынша кішірейіп, мойынсұнған күйде намаздарын кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқитын және зекетті толық беретін мүміндер.

56

وَمَن يَتَوَلَّ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ فَإِنَّ حِزْبَ ٱللَّهِ هُمُ ٱلْغَٰلِبُونَ

Кімде-кім Алланы, пайғамбарын және иман келтіргендерді өзіне жақын дос тұтса, шүбәсіз, Алланың жағында болғандардың мерейі қайткен күнде де үстем болады.

57

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَتَّخِذُوا۟ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُوا۟ دِينَكُمْ هُزُوࣰا وَلَعِبࣰا مِّنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ مِن قَبْلِكُمْ وَٱلْكُفَّارَ أَوْلِيَآءَۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

Уа, иман келтіргендер! Сендерден бұрын иләһи кітап алғандардың арасынан діндеріңді мазаққа һәм ойын-күлкіге айналдырғандар мен өзге де (уахи, иләһи Кітап және хақ дінді қабылдамайтын) кәпірлерді жақын дос тұтпаңдар. Шынымен мүмін болсаңдар, Алладан қорқыңдар (яғни Алланың пәрмендеріне қарсы келуден барынша сақтаныңдар).

58

وَإِذَا نَادَيْتُمْ إِلَى ٱلصَّلَوٰةِ ٱتَّخَذُوهَا هُزُوࣰا وَلَعِبࣰاۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمࣱ لَّا يَعْقِلُونَ

Азан айтып намазға шақырғандарыңда, олар мұны мазаққа һәм ойын-күлкіге айналдырады. Иә, түрлеріне қарамай сөйтеді, өйткені олар – ақылға салып ойланбайтын, ақиқатты түсінбейтін сана-сезімі төмен қауым.

59

قُلْ يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ هَلْ تَنقِمُونَ مِنَّآ إِلَّآ أَنْ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَمَآ أُنزِلَ إِلَيْنَا وَمَآ أُنزِلَ مِن قَبْلُ وَأَنَّ أَكْثَرَكُمْ فَٰسِقُونَ

Оларға: «Уа, кітап иелері! Шамасы, сендер бізді Аллаға, өзімізге түскен Кітапқа һәм өзімізден бұрын түскен (Тәурат, Інжіл сынды) иләһи кітаптарға иман келтіретін болғандықтан жақтырмайсыңдар. Ал өздеріңе келсек, басым көпшілігің тура жолдан тайған азғынсыңдар», – деп айт.

60

قُلْ هَلْ أُنَبِّئُكُم بِشَرࣲّ مِّن ذَٰلِكَ مَثُوبَةً عِندَ ٱللَّهِۚ مَن لَّعَنَهُ ٱللَّهُ وَغَضِبَ عَلَيْهِ وَجَعَلَ مِنْهُمُ ٱلْقِرَدَةَ وَٱلْخَنَازِيرَ وَعَبَدَ ٱلطَّٰغُوتَۚ أُو۟لَٰٓئِكَ شَرࣱّ مَّكَانࣰا وَأَضَلُّ عَن سَوَآءِ ٱلسَّبِيلِ

Оларға: «Сендерді Алланың алдында ең жаман жазаға лайық болғандардың жай-күйінен хабардар етейін бе? Олар Алланың қарғысына қалып, рақымынан мүлдем аласталған һәм қаһарына ұшырағандар. Алла олардың бір бөлігін маймылға, енді бір бөлігін доңызға айналдырып, тағы біреулерін тағұтқа (шайтанға, жалған құдайларға, ел-жұртты Алланың ақ жолынан тайдырушы зұлым күштерге) құлдық ұратын бейшаралар етіп қойған. Міне, солардың (дүниеде де, ақиретте де) алатын орны тым жаман. Олар – түзу жолдан мүлдем тайғандар».

61

وَإِذَا جَآءُوكُمْ قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا وَقَد دَّخَلُوا۟ بِٱلْكُفْرِ وَهُمْ قَدْ خَرَجُوا۟ بِهِۦۚ وَٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا كَانُوا۟ يَكْتُمُونَ

(Солармен мінездес әрі ниеттес келетін екіжүзділер) қастарыңа келгенде: «Иман келтірдік», – дейді, шынында, олар қастарыңа іштей кәпір болып келіп, іштей кәпір болып қайтады. Алла олардың іштеріне бүккен (күпірліктерін) жақсы біледі.

62

وَتَرَىٰ كَثِيرࣰا مِّنْهُمْ يُسَٰرِعُونَ فِي ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ وَأَكْلِهِمُ ٱلسُّحْتَۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

(Кітап иелерінің арасындағы) ондай кәпірлердің басым көпшілігінің күнә істеуде, қастық жасауда һәм харам нәрселерді жеуде бір-бірімен жарысқанын көресің. Олардың істеп жүрген бұл істері қандай жаман десеңші!

63

لَوْلَا يَنْهَىٰهُمُ ٱلرَّبَّٰنِيُّونَ وَٱلْأَحْبَارُ عَن قَوْلِهِمُ ٱلْإِثْمَ وَأَكْلِهِمُ ٱلسُّحْتَۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا۟ يَصْنَعُونَ

Ең болмаса араларындағы елді тура жолға шақыратын діндарлары мен ғұламалары оларды ауыр күнәға батыратын сөздер айтудан және харам нәрселерді жеуден тыйса игі еді. Бірақ, қайдан! Шынында, олардың өздерінің істеп жүрген істері де оңып тұрған жоқ!

64

وَقَالَتِ ٱلْيَهُودُ يَدُ ٱللَّهِ مَغْلُولَةٌۚ غُلَّتْ أَيْدِيهِمْ وَلُعِنُوا۟ بِمَا قَالُوا۟ۘ بَلْ يَدَاهُ مَبْسُوطَتَانِ يُنفِقُ كَيْفَ يَشَآءُۚ وَلَيَزِيدَنَّ كَثِيرࣰا مِّنْهُم مَّآ أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَ طُغْيَٰنࣰا وَكُفْرࣰاۚ وَأَلْقَيْنَا بَيْنَهُمُ ٱلْعَدَٰوَةَ وَٱلْبَغْضَآءَ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِۚ كُلَّمَآ أَوْقَدُوا۟ نَارࣰا لِّلْحَرْبِ أَطْفَأَهَا ٱللَّهُۚ وَيَسْعَوْنَ فِي ٱلْأَرْضِ فَسَادࣰاۚ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ ٱلْمُفْسِدِينَ

Яһудилер: (өз бастарына тілеп алған таршылық пен жоқшылықты Алладан көріп) «Алланың қолы тар» (яғни Алла сараң), – деп айтты. Осы сөздері үшін олардың өз қолдары тарылып қалсын һәм оларды қарғыс атсын! Жоқ, әсте олай емес, Алланың «қолы ашық» (асқан жомарт). (Ортаймайтын қазынасынан) қалағанынша жұмсайды. Расында, саған Раббыңнан түскен (аяттар мен нығметтер) олардың басым көпшілігінің азғындығы мен күпірлігін арттыра түседі. Сонымен қатар, Біз олардың арасына қиямет-қайымға дейін жалғасын табатын дұшпандық пен өшпенділік салдық. Олар (пайғамбар мен мүміндерге қарсы) соғыс отын тұтатқан сайын, Алла оны сөндіріп тас-тайды. Алайда олар бір сәтке де тыным таппай жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасаумен болады. Алла лаңшыл бұзақыларды жақсы көрмейді.

65

وَلَوْ أَنَّ أَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ ءَامَنُوا۟ وَٱتَّقَوْا۟ لَكَفَّرْنَا عَنْهُمْ سَيِّـَٔاتِهِمْ وَلَأَدْخَلْنَٰهُمْ جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ

Егер кітап иелері тиісінше иман келтіріп, Аллаға тиісінше тағзым еткен һәм Оған қарсы келуден сақтанғанда ғой, (әлі де болса солай істесе ғой) онда шүбәсіз, істеген күнәларын түгелдей кешіп, өздерін нығметке толы жұмақ бақшаларына кіргізер едік.

66

وَلَوْ أَنَّهُمْ أَقَامُوا۟ ٱلتَّوْرَىٰةَ وَٱلْإِنجِيلَ وَمَآ أُنزِلَ إِلَيْهِم مِّن رَّبِّهِمْ لَأَكَلُوا۟ مِن فَوْقِهِمْ وَمِن تَحْتِ أَرْجُلِهِمۚ مِّنْهُمْ أُمَّةࣱ مُّقْتَصِدَةࣱۖ وَكَثِيرࣱ مِّنْهُمْ سَآءَ مَا يَعْمَلُونَ

Егер олар Тәурат пен Інжілді және Раббыларынан түскен өзге иләһи кітаптарды, соның ішінде ақырғы кітап Құранды лайықты түрде ұстанып, үкімдерін бұлжытпай орындағанда, онда шүбәсіз, (көктен жауатын һәм жерден шығатын қисапсыз нығмет пен құт-берекеге кенеліп), төбелерінен де, аяқтарының астынан да молынан жеп-ішетін еді. Дегенмен, олардың арасында да (діннің негізгі өлшемдерінен ауытқымай, дін, сенім мәселесінде әсірелік немесе селқостық танытпай) орташа жолды ұстанатын ізгі де ынсапты үмбет те жоқ емес. Алайда олардың басым көпшілігінің істеп жүрген істері қандай жаман десеңші.

67

۞يَٰٓأَيُّهَا ٱلرَّسُولُ بَلِّغْ مَآ أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَۖ وَإِن لَّمْ تَفْعَلْ فَمَا بَلَّغْتَ رِسَالَتَهُۥۚ وَٱللَّهُ يَعْصِمُكَ مِنَ ٱلنَّاسِۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلْكَٰفِرِينَ

Уа, (ардақты) Елші! Раббыңнан өзіңе түскенді (үмбетіңе бұлжытпай) жеткіз. Егер мұны істемесең, елшілік (пайғамбарлық) міндетіңді тиісінше атқармағаның. Алла сені (қаскөй) адамдардан сақтайды. Шынында, Алла кәпір қауымды мақсат-мұратына жеткізбейді.

68

قُلْ يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ لَسْتُمْ عَلَىٰ شَيْءٍ حَتَّىٰ تُقِيمُوا۟ ٱلتَّوْرَىٰةَ وَٱلْإِنجِيلَ وَمَآ أُنزِلَ إِلَيْكُم مِّن رَّبِّكُمْۗ وَلَيَزِيدَنَّ كَثِيرࣰا مِّنْهُم مَّآ أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَ طُغْيَٰنࣰا وَكُفْرࣰاۖ فَلَا تَأْسَ عَلَى ٱلْقَوْمِ ٱلْكَٰفِرِينَ

Оларға: «Уа, кітап иелері! Тәурат пен Інжілге һәм Раббыларыңнан түскен өзге де иләһи кітаптармен қасиетті парақтарға (соның ішінде маған түскен ақырғы кітап Құранға) лайықты түрде иман келтіріп, үкімдерін бұлжытпай орындамайынша, (Алланың алдында ешқандай қадір-қасиеттерің болмайтыны сияқты), дін тұрғысынан да сүйенетін ешбір негіздерің болмайды. Дегенмен (Уа, Мұхаммед!) Раббыңнан өзіңе түскен осынау Құран мен нығметтер олардың көбінің азғындығы мен күпірлігін одан сайын арттыра түсуде. Алайда сен ондай кәпір қауымға бола мұңайма!»

69

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَٱلَّذِينَ هَادُوا۟ وَٱلصَّٰبِـُٔونَ وَٱلنَّصَٰرَىٰ مَنْ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَعَمِلَ صَٰلِحࣰا فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

Аллаға (мен мұсылманмын деп, Аллаға және Құранға) иман келтірдік дейтіндер болсын, яһудилікті ұстанғандар болсын, сабиилер және христиандар (немесе басқалар) болсын (мәселе белгілі бір атауға немесе мен пәленмін, түгенмін деп құр ауызбен айтуда емес), (мәселе мынада): кімде-кім шынайы түрде Аллаға және ақирет күніне иман келтірсе һәм сол иман негізінде түзу, дұрыс және өздерін әрі қоғамды түзетуге бағытталған игі істер істесе, онда олар үшін (әсіресе ақиретте) ешқандай да қорқыныш жоқ, сондай-ақ олар еш жабықпайды.

70

لَقَدْ أَخَذْنَا مِيثَٰقَ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ وَأَرْسَلْنَآ إِلَيْهِمْ رُسُلࣰاۖ كُلَّمَا جَآءَهُمْ رَسُولُۢ بِمَا لَا تَهْوَىٰٓ أَنفُسُهُمْ فَرِيقࣰا كَذَّبُوا۟ وَفَرِيقࣰا يَقْتُلُونَ

Расында, Біз Исрайыл ұрпақтарынан (иман келтіріп, игілікті істер істейтіндігіне қатысты) берік уәде алып, оларға талай пайғамбар жіберген едік. Алайда оларға көңілдеріне жақпайтын үкімдермен пайғамбар келген сайын, кейбірін өтірікшіге балап, енді бірін нақақтан-нақақ өлтірумен болды.

71

وَحَسِبُوٓا۟ أَلَّا تَكُونَ فِتْنَةࣱ فَعَمُوا۟ وَصَمُّوا۟ ثُمَّ تَابَ ٱللَّهُ عَلَيْهِمْ ثُمَّ عَمُوا۟ وَصَمُّوا۟ كَثِيرࣱ مِّنْهُمْۚ وَٱللَّهُ بَصِيرُۢ بِمَا يَعْمَلُونَ

(Солай істеу арқылы) Олар өз басына күн тумайды, ешқандай бәле келмейді деп ойлады. Сондықтан (ақиқатты көрмейтін) көрсоқыр әрі (насихатты һәм ескертулерді естімейтін) тас керең болды. Кейін Алла оларға тәубе етуді нәсіп етіп, тәубелерін қабыл алды. Алайда содан кейін де олардың басым көпшілігі қайтадан бәз баяғы қалпына түсіп, көрсоқыр әрі тас кереңге айналды. Алла олардың не істеп, не қойып жүргенін анық көруде.

72

لَقَدْ كَفَرَ ٱلَّذِينَ قَالُوٓا۟ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلْمَسِيحُ ٱبْنُ مَرْيَمَۖ وَقَالَ ٱلْمَسِيحُ يَٰبَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ رَبِّي وَرَبَّكُمْۖ إِنَّهُۥ مَن يُشْرِكْ بِٱللَّهِ فَقَدْ حَرَّمَ ٱللَّهُ عَلَيْهِ ٱلْجَنَّةَ وَمَأْوَىٰهُ ٱلنَّارُۖ وَمَا لِلظَّٰلِمِينَ مِنْ أَنصَارࣲ

«Расында, Алла – Мәриямұлы Иса Мәсіх» дейтіндер, шүбәсіз, күпірлік қылды. Ал Мәсіхтің өзі былай деген еді: «Уа, Исрайыл ұрпақтары! Менің де, сендердің де Раббыларың болған бір Аллаға құлшылық етіңдер! Кімде-кім Аллаға өзгені серік етіп қосса, шүбәсіз, Алла оған жұмақты мүлдем харам қылды. Оның ақырында барып паналайтын жері тозақ болады. (Аллаға серік қосу арқылы ең үлкен қиянатты жасаған) залымдарға (ақиретте) қол ұшын беретін бірде-бір медеткер табылмайды».

73

لَّقَدْ كَفَرَ ٱلَّذِينَ قَالُوٓا۟ إِنَّ ٱللَّهَ ثَالِثُ ثَلَٰثَةࣲۘ وَمَا مِنْ إِلَٰهٍ إِلَّآ إِلَٰهࣱ وَٰحِدࣱۚ وَإِن لَّمْ يَنتَهُوا۟ عَمَّا يَقُولُونَ لَيَمَسَّنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ

Сондай-ақ «Расында, Алла – үш құдайдың бірі» деп айтатындар да күпірлік қылды. Шынтуайтында, бір Құдайдан басқа құдай жоқ. Егер олар осы айтқанынан танбаса, араларынан осылайша күпірлікте қасарысқандар міндетті түрде жан төзгісіз азапқа ұшырайды.

74

أَفَلَا يَتُوبُونَ إِلَى ٱللَّهِ وَيَسْتَغْفِرُونَهُۥۚ وَٱللَّهُ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Ендеше, олар әлі де болса, күпірліктеріне өкінген күйде, Аллаға біржолата бет бұрып, Одан кешірім тілемей ме?! Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе тәубеге келіп, Өзіне бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді).

75

مَّا ٱلْمَسِيحُ ٱبْنُ مَرْيَمَ إِلَّا رَسُولࣱ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِ ٱلرُّسُلُ وَأُمُّهُۥ صِدِّيقَةࣱۖ كَانَا يَأْكُلَانِ ٱلطَّعَامَۗ ٱنظُرْ كَيْفَ نُبَيِّنُ لَهُمُ ٱلْـَٔايَٰتِ ثُمَّ ٱنظُرْ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ

Мәриямұлы Иса Мәсіх (ақиқат жаршысы ретінде жіберілген) елші ғана. Одан бұрын да талай елшілер келген. Оның анасы (да құдай емес,) Аллаға шын берілген, өте шыншыл, арлы да ибалы жан еді. Екеуі де өзге адамдар сияқты ас ішетін. Оларға дәйекті ақиқаттарды қалай баяндайтынымызға зер сал. Алайда (соған қарамастан олардың кейбір нәрселердің ықпалынан шыға алмай) қалай ақыл-есінен адасып, сағым қуып жүргенін көрмеймісің?!

76

قُلْ أَتَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَمْلِكُ لَكُمْ ضَرࣰّا وَلَا نَفْعࣰاۚ وَٱللَّهُ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

Оларға: «Сонда сендер бір Аллаға құлшылық етуді былай қалдырып, өздеріңе зиян да, пайда да келтіре алмайтын әлсіз жаратылыстарға құлдық ұрып табынасыңдар ма?!» – де. Шүбәсіз, Алла – Сәмиғ (бәрін толық естуші) һәм Алим (бәрін толық білуші).

77

قُلْ يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ لَا تَغْلُوا۟ فِي دِينِكُمْ غَيْرَ ٱلْحَقِّ وَلَا تَتَّبِعُوٓا۟ أَهْوَآءَ قَوْمࣲ قَدْ ضَلُّوا۟ مِن قَبْلُ وَأَضَلُّوا۟ كَثِيرࣰا وَضَلُّوا۟ عَن سَوَآءِ ٱلسَّبِيلِ

Оларға: «Уа, кітап иелері! Діндеріңде ақиқаттың шеңберінен асып, жөн-жосықсыз шектен шығушы болмаңдар. Бұдан бұрын тура жолдан адасып, өздері адасқанмен қоймай, көптеген адамдарды да адастырған қауымның, сондай-ақ бүгінгі таңда да түп-түзу жолдан тайғандардың әуейіліктеріне ермеңдер», – деп айт.

78

لُعِنَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنۢ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ عَلَىٰ لِسَانِ دَاوُۥدَ وَعِيسَى ٱبْنِ مَرْيَمَۚ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوا۟ وَّكَانُوا۟ يَعْتَدُونَ

Исрайыл ұрпақтарынан күпірлікке бой алдырғандар Дәуіт пен Мәриямұлы Исаның тілімен лағынеттелді. Өйткені олар (Аллаға) қарсы келіп, азғындықта үнемі шектен шығатын еді.

79

كَانُوا۟ لَا يَتَنَاهَوْنَ عَن مُّنكَرࣲ فَعَلُوهُۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا۟ يَفْعَلُونَ

Олар қандай да болмасын жаман іс істегенде, одан бір-бірін тыймайтын еді. Расында, олардың бұл қылығы қандай жаман еді!

80

تَرَىٰ كَثِيرࣰا مِّنْهُمْ يَتَوَلَّوْنَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ۚ لَبِئْسَ مَا قَدَّمَتْ لَهُمْ أَنفُسُهُمْ أَن سَخِطَ ٱللَّهُ عَلَيْهِمْ وَفِي ٱلْعَذَابِ هُمْ خَٰلِدُونَ

Сондай-ақ олардың басым көпшілігінің (мүміндерді былай қалдырып) кәпірлерді өздеріне жақын дос тұтқанын көресің. Олардың өздері үшін (яғни, о дүниедегі мәңгілік өмірлері үшін) өз қолымен істеп, (ақиретке) жөнелткен істері және өздерін Алланың қаһарына ұшырататын бұл қылықтары қандай жаман еді! Сол үшін олар (тозақта) мәңгі-бақи қалып, азап шегеді.

81

وَلَوْ كَانُوا۟ يُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلنَّبِيِّ وَمَآ أُنزِلَ إِلَيْهِ مَا ٱتَّخَذُوهُمْ أَوْلِيَآءَ وَلَٰكِنَّ كَثِيرࣰا مِّنْهُمْ فَٰسِقُونَ

Егер олар Аллаға, ақырғы пайғамбарға және оған түсірілгенге (Құранға) шынымен иман келтірсе, кәпірлерді дос тұтпас еді. Олардың көбі – (Аллаға бағынбай тура жолдан мүлдем тайған) азғындар.

82

۞لَتَجِدَنَّ أَشَدَّ ٱلنَّاسِ عَدَٰوَةࣰ لِّلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱلْيَهُودَ وَٱلَّذِينَ أَشْرَكُوا۟ۖ وَلَتَجِدَنَّ أَقْرَبَهُم مَّوَدَّةࣰ لِّلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱلَّذِينَ قَالُوٓا۟ إِنَّا نَصَٰرَىٰۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّ مِنْهُمْ قِسِّيسِينَ وَرُهْبَانࣰا وَأَنَّهُمْ لَا يَسْتَكْبِرُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Иман келтіргендерге адамдар арасынан қас дұшпан болғандардың яһудилер мен (Аллаға серік қосатын) мүшріктер екенін анық көресің. Сондай-ақ адамдар арасынан мүміндерге сүйіспеншілік, ықылас жағынан ең жақыны «біз насарамыз (яғни, христианбыз)» деп айтатындар екенін анық көресің. Өйткені олардың арасында ілім мен құлшылыққа жан-тәнімен берілген дінбасылары мен дүниені тәрк еткен, шіркеулерде күндіз-түні құлшылық ететін құдайшыл жандар бар. Олар (кішіпейіл болғандықтан) әсте көкірек керіп, тәкаппарланбайды.

83

وَإِذَا سَمِعُوا۟ مَآ أُنزِلَ إِلَى ٱلرَّسُولِ تَرَىٰٓ أَعْيُنَهُمْ تَفِيضُ مِنَ ٱلدَّمْعِ مِمَّا عَرَفُوا۟ مِنَ ٱلْحَقِّۖ يَقُولُونَ رَبَّنَآ ءَامَنَّا فَٱكْتُبْنَا مَعَ ٱلشَّٰهِدِينَ

Алла елшісіне түсірілген Құранды естігенде, өздеріне бұрыннан таныс һәм мәлім болған біраз ақиқаттарды естігендіктен, көздері мөлтілдеп, жасқа толғанын көресің. Сонда олар: «Уа, Раббымыз! (Түсірген мына кітабыңа һәм жіберген елшіңе шәк-шүбәсіз) иман келтірдік, бізді де (ақиқатқа, Құранға және ақырғы пайғамбарға) куә болушылардың қатарына жаза көр», – деп жалбарынады.

84

وَمَا لَنَا لَا نُؤْمِنُ بِٱللَّهِ وَمَا جَآءَنَا مِنَ ٱلْحَقِّ وَنَطْمَعُ أَن يُدْخِلَنَا رَبُّنَا مَعَ ٱلْقَوْمِ ٱلصَّٰلِحِينَ

Сондай-ақ: «Раббымыздың бізді ізгі қауыммен бірге (жұмаққа) кіргізуін аңсап, үміт етіп жүргенімізде, Аллаға һәм өзімізге келген ақиқатқа иман келтірмей бізге не көрініпті?!» – деп айтады.

85

فَأَثَٰبَهُمُ ٱللَّهُ بِمَا قَالُوا۟ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ وَذَٰلِكَ جَزَآءُ ٱلْمُحْسِنِينَ

Осылай айтқаны үшін Алла оларға (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын һәм ішінде мәңгі-бақи бақытты ғұмыр кешетін жұмақ бақшаларын сыйға тартты. Міне, ниеті де, ісі де түзу болған ізгі жандардың алатын сыйы осындай.

86

وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَكَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَآ أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلْجَحِيمِ

Ал күпірлік қылып, аяттарымызды жалған деп сенбегендерге келсек, олар – тозақтықтар.

87

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تُحَرِّمُوا۟ طَيِّبَٰتِ مَآ أَحَلَّ ٱللَّهُ لَكُمْ وَلَا تَعْتَدُوٓا۟ۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلْمُعْتَدِينَ

Уа, иман келтіргендер! Алланың сендер үшін адал еткен таза әрі денсаулыққа зиянсыз нығметтерін өздеріңе харам қылмаңдар һәм (оларды ысырап қылу арқылы) шектен шықпаңдар. Шүбәсіз, Алла шектен шығушыларды жақсы көрмейді.

88

وَكُلُوا۟ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ حَلَٰلࣰا طَيِّبࣰاۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ ٱلَّذِيٓ أَنتُم بِهِۦ مُؤْمِنُونَ

Алланың сендерге ризық етіп берген нығметтерінен халал һәм таза болған күйінде ішіп-жеңдер. Өздерің иман келтірген Аллаға қарсы келуден барынша сақтаныңдар.

89

لَا يُؤَاخِذُكُمُ ٱللَّهُ بِٱللَّغْوِ فِيٓ أَيْمَٰنِكُمْ وَلَٰكِن يُؤَاخِذُكُم بِمَا عَقَّدتُّمُ ٱلْأَيْمَٰنَۖ فَكَفَّٰرَتُهُۥٓ إِطْعَامُ عَشَرَةِ مَسَٰكِينَ مِنْ أَوْسَطِ مَا تُطْعِمُونَ أَهْلِيكُمْ أَوْ كِسْوَتُهُمْ أَوْ تَحْرِيرُ رَقَبَةࣲۖ فَمَن لَّمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلَٰثَةِ أَيَّامࣲۚ ذَٰلِكَ كَفَّٰرَةُ أَيْمَٰنِكُمْ إِذَا حَلَفْتُمْۚ وَٱحْفَظُوٓا۟ أَيْمَٰنَكُمْۚ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمْ ءَايَٰتِهِۦ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

Алла тағала сендерді аңдамай ішкен (яғни, саналы түрде айтылмаған, құр ауыздан шыққан) анттарың үшін жауапқа тартпайды. Алайда саналы түрде, өздеріңді (қандай да бір нәрсені орындауға) міндеттеп ішкен анттарың үшін жауапқа тартады. Міне, осындай антты бұзсаңдар, оның өтеуі – өз бала-шағаларыңа беретін ас-ауқаттың орташа мөлшерінде он міскінді тамақтандыру немесе он пақырды киіндіру, я болмаса бір құлды азат ету. Бұған шамасы жетпеген кісі үш күн ораза ұстасын. Міне, (саналы түрде) ішкен анттарыңның бұзылған жағдайдағы өтеуі осы. Ендеше, (болмашы нәрсе үшін ант етпеңдер, ал ант еткен жағдайда), анттарыңды бұзбаңдар! Алла (Өзіне әбден борышты екендеріңді сезіне отырып, сөз һәм іс жүзінде) шүкіршілік білдірерсіңдер деп, аяттарын сендерге осылайша ашық баяндайды.

90

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِنَّمَا ٱلْخَمْرُ وَٱلْمَيْسِرُ وَٱلْأَنصَابُ وَٱلْأَزْلَٰمُ رِجْسࣱ مِّنْ عَمَلِ ٱلشَّيْطَٰنِ فَٱجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап (сынды адамды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар.

91

إِنَّمَا يُرِيدُ ٱلشَّيْطَٰنُ أَن يُوقِعَ بَيْنَكُمُ ٱلْعَدَٰوَةَ وَٱلْبَغْضَآءَ فِي ٱلْخَمْرِ وَٱلْمَيْسِرِ وَيَصُدَّكُمْ عَن ذِكْرِ ٱللَّهِ وَعَنِ ٱلصَّلَوٰةِۖ فَهَلْ أَنتُم مُّنتَهُونَ

Шүбәсіз, шайтан арақ-шарап (сынды адамды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер) һәм құмар ойындары арқылы араларыңа дұшпандық пен өшпенділік отын жағуды, сендерді Алланы еске алудан һәм намаздан қақпайлауды (тыюды) ғана көксейді. Ендеше, бұлардан тыйылдыңдар ғой, солай емес пе?!

92

وَأَطِيعُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُوا۟ ٱلرَّسُولَ وَٱحْذَرُوا۟ۚ فَإِن تَوَلَّيْتُمْ فَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّمَا عَلَىٰ رَسُولِنَا ٱلْبَلَٰغُ ٱلْمُبِينُ

(Бұлардан түбегейлі бас тартыңдар) сөйтіп, Аллаға мойынсұныңдар, Алла елшісіне мойынсұныңдар және (оларға қарсы келіп, асы болудан) барынша сақтаныңдар. Егер (бағынудан бас тартып) сырт айналатын болсаңдар, онда біліп қойыңдар, елшіміздің міндеті – хақ дінді (бүге-шігесіне дейін) ашық түрде жеткізу ғана!

93

لَيْسَ عَلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ جُنَاحࣱ فِيمَا طَعِمُوٓا۟ إِذَا مَا ٱتَّقَوا۟ وَّءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ ثُمَّ ٱتَّقَوا۟ وَّءَامَنُوا۟ ثُمَّ ٱتَّقَوا۟ وَّأَحْسَنُوا۟ۚ وَٱللَّهُ يُحِبُّ ٱلْمُحْسِنِينَ

Иман келтіріп, игілікті істер істейтіндер пенделікпен істеген күнәлары үшін қорқып, иманда табандылық танытып, игілікті істер істеуді жалғастырса, содан кейін тақуалықта табандылық танытып, иманы күшейе түссе, һәм содан кейін тақулыққа терең бойлап, бүкіл істерін Алланы көріп тұрғандай риясыз істейтін болса, бұрынырақта (талғамай) ішіп-жеген (харам нәрселері) үшін күнә арқаламайды. Алла (міне, осындай игілікті істер атқаратын) ізгі жандарды жақсы көреді.

94

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَيَبْلُوَنَّكُمُ ٱللَّهُ بِشَيْءࣲ مِّنَ ٱلصَّيْدِ تَنَالُهُۥٓ أَيْدِيكُمْ وَرِمَاحُكُمْ لِيَعْلَمَ ٱللَّهُ مَن يَخَافُهُۥ بِٱلْغَيْبِۚ فَمَنِ ٱعْتَدَىٰ بَعْدَ ذَٰلِكَ فَلَهُۥ عَذَابٌ أَلِيمࣱ

Алла Өзін көрмесе де, сондай-ақ оңаша қалған кезде Өзінен шынымен именетін құлдарын анықтау үшін («ихрамға кірген» кездеріңде) қолдарың немесе найзаларың (қаруларың) еркін жететін жерден аң шығарып сендерді сынап бағады. Кімде-кім соған қарамастан (аң аулап) шектен шығатын болса, ол үшін жан төзгісіз азап бар.

95

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَقْتُلُوا۟ ٱلصَّيْدَ وَأَنتُمْ حُرُمࣱۚ وَمَن قَتَلَهُۥ مِنكُم مُّتَعَمِّدࣰا فَجَزَآءࣱ مِّثْلُ مَا قَتَلَ مِنَ ٱلنَّعَمِ يَحْكُمُ بِهِۦ ذَوَا عَدْلࣲ مِّنكُمْ هَدْيَۢا بَٰلِغَ ٱلْكَعْبَةِ أَوْ كَفَّٰرَةࣱ طَعَامُ مَسَٰكِينَ أَوْ عَدْلُ ذَٰلِكَ صِيَامࣰا لِّيَذُوقَ وَبَالَ أَمْرِهِۦۗ عَفَا ٱللَّهُ عَمَّا سَلَفَۚ وَمَنْ عَادَ فَيَنتَقِمُ ٱللَّهُ مِنْهُۚ وَٱللَّهُ عَزِيزࣱ ذُو ٱنتِقَامٍ

Уа, иман келтіргендер! (Қажылық немесе ұмра жасау ниетімен) «ихрамға кіргендеріңде» аңдарды өлтіруші болмаңдар. Араларыңнан кімде-кім «ихрамға кіргеннен кейін» қандай да бір аңды қасақана өлтірсе, істеген күнәсінің сазайын тарту үшін оған жаза беріледі. Жазасы – өлтірген аңына пара-пар келетін, Қағбаға тарту ретінде жеткізілетін құрбандық мал болады. Бұған қатысты араларыңнан екі әділ кісі үкім шығарады. (Егер лайықты құрбандық мал табылмаса), соның өтемі ретінде (өлген аңның құнына тең ас-ауқатпен) пақыр-міскіндерді тамақтандыру немесе (сол аңның құнына) қанша пақырды тамақтандыру мүмкін болса, сонша күн ораза ұстау керек. Бұған қатысты бұрынырақта істеген күнәларыңды Алла біржолата кешті. Алайда кімде-кім бұл күнәні қайта істесе, Алла оның тиісті сазайын береді. Алла – Азиз (ұлы, бәрінен үстем) һәм (кімнің болса да) сазайын беруге толық құдіретті.

96

أُحِلَّ لَكُمْ صَيْدُ ٱلْبَحْرِ وَطَعَامُهُۥ مَتَٰعࣰا لَّكُمْ وَلِلسَّيَّارَةِۖ وَحُرِّمَ عَلَيْكُمْ صَيْدُ ٱلْبَرِّ مَا دُمْتُمْ حُرُمࣰاۗ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ ٱلَّذِيٓ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ

(Уа, «ихрамға кіргендер»!) Теңізден балық аулау һәм одан алынатын қорек түрлері сендерге де, жолаушыларға да ризық (азық) болсын деп адал етілді. Ал құрлықта аң аулау – «ихрамнан шықпайынша» сендерге харам қылынды. Ендеше, түбінде бірің қалмай алдына жиналатын Аллаға қарсы келіп, асы болудан (сөйтіп азапқа душар болудан) барынша сақтаныңдар.

97

۞جَعَلَ ٱللَّهُ ٱلْكَعْبَةَ ٱلْبَيْتَ ٱلْحَرَامَ قِيَٰمࣰا لِّلنَّاسِ وَٱلشَّهْرَ ٱلْحَرَامَ وَٱلْهَدْيَ وَٱلْقَلَٰٓئِدَۚ ذَٰلِكَ لِتَعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِ وَأَنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ

Алла қасиетті Үйі – Қағбаны адамдар үшін дін мен дүние тіршілігінің тірегі, әрі олардың қауіпсіздігі, танысып, табысуы һәм өзара жәрдемдесуі үшін маңызды себеп қылды. Сондай-ақ қажылық парызы өтелетін қасиетті айларды, құрбандық малын, әсіресе, мойнына белгі тағылған бағалы құрбандық малдарын да (адамдар үшін дін мен дүние тіршілігінің тірегі қылды). Міне, бұл – Алланың күллі аспан әлеміндегінің һәм жердегінің бәрін білетінін, сондай-ақ расында Алланың барлық нәрсені толық білетінін біліп жүрулерің үшін.

98

ٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلْعِقَابِ وَأَنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Сондай-ақ Алланың жазасының тым қатты екенін, әрі Алланың – Ғафур (өте кешірімді) һәм Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді) екенін біліп қойыңдар!

99

مَّا عَلَى ٱلرَّسُولِ إِلَّا ٱلْبَلَٰغُۗ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا تَكْتُمُونَ

Алла елшісінің міндеті (хақ дінді толық) жеткізу ғана. Алла сендердің ашық айтқан сөздерің мен жария істейтін істеріңді де, жасырын істейтін істерің мен ішке бүккен ниет-пиғылдарыңды да біледі.

100

قُل لَّا يَسْتَوِي ٱلْخَبِيثُ وَٱلطَّيِّبُ وَلَوْ أَعْجَبَكَ كَثْرَةُ ٱلْخَبِيثِۚ فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ يَٰٓأُو۟لِي ٱلْأَلْبَٰبِ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Лас әрі арам болғанның көптігі көңіліңе ұнаса да, лас пен таза, арам мен адал тең бола ма?! Уа, ақыл иелері! Ендеше, (іс-әрекет әрі дүние мәселесінде аз, көп демей әркез таза һәм адал болғанды таңдаңдар, лас әрі арам болғаннан аулақ жүріңдер). (Екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін Аллаға (һәм Оның қойған өлшемдеріне құрметпен қараңдар, Оған) қарсы келуден барынша сақтаныңдар», – деп айт.

101

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَسْـَٔلُوا۟ عَنْ أَشْيَآءَ إِن تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ وَإِن تَسْـَٔلُوا۟ عَنْهَا حِينَ يُنَزَّلُ ٱلْقُرْءَانُ تُبْدَ لَكُمْ عَفَا ٱللَّهُ عَنْهَاۗ وَٱللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمࣱ

Уа, иман келтіргендер! (Алла елшісіне лайықты түрде құрмет көрсетіңдер. Өздеріңе бұйырғандарын толық орындап, тыйған нәрселерінен бойларыңды аулақ салып, соны қанағат тұтыңдар). Ашық айтылған жағдайда көңілдеріңе жақпай қалатын, әсіресе, діни міндеттеріңді қиындатып жіберетін мәселелерді қазбалап сұрай бермеңдер. Егер ондай мәселелерді Құран аяттары бірте-бірте түсіріліп, өздеріңе оқылып жатқанда сұрап білгілерің келсе, сендерге ашық айтылатын нәрселер өз орнымен онсыз да баяндалуда. Негізінен, өздерің кезінде сұраған немесе алдағы уақытта сұрайтын біраз нәрселер бар, Алла оларды сендерге міндеттемейді. Алла – Ғафур (өте кешірімді), Халим (күнәға батқан құлдарын бірден жазаламай тәубе етуіне мұрсат беретін өте сабырлы, кеңшілік жасаушы).

102

قَدْ سَأَلَهَا قَوْمࣱ مِّن قَبْلِكُمْ ثُمَّ أَصْبَحُوا۟ بِهَا كَٰفِرِينَ

Сендерден бұрын келген бір қауым (өздеріне келген пайғамбардан) әлгіндей мәселелерді қазбалап сұрай беретін еді. Алайда кейін (сұраған мәселелері өздеріне ашық баяндалғанда, бәрібір иман келтірмеді, әрі өздеріне бұйырылғандарды тиісінше орындамай) ақыры кәпір болып шыға келді.

103

مَا جَعَلَ ٱللَّهُ مِنۢ بَحِيرَةࣲ وَلَا سَآئِبَةࣲ وَلَا وَصِيلَةࣲ وَلَا حَامࣲ وَلَٰكِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يَفْتَرُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلْكَذِبَۖ وَأَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ

Алла дінде «бахира», «сәйба», «уасилә» немесе «хам» деген нәрселерді бұйырған емес. Алайда кәпірлер осы жалған сенімдерін Жаратқанның бұйырғаны деп, Аллаға қып-қызыл жала жабуда. Олардың басым көпшілігі ақылға салып ойланбайды.

104

وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا۟ إِلَىٰ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ وَإِلَى ٱلرَّسُولِ قَالُوا۟ حَسْبُنَا مَا وَجَدْنَا عَلَيْهِ ءَابَآءَنَآۚ أَوَلَوْ كَانَ ءَابَآؤُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ شَيْـࣰٔا وَلَا يَهْتَدُونَ

Сол кәпірлерге: «Қане, келіңдер, Алла түсірген Құранға және Алла елшісіне жүгініңдер, солардың айтқанын орындаңдар», – делінсе, олар: «Ата-бабаларымыздан (дін, сенім, әдет-ғұрып тұрғысынан) не көрсек, сол бізге жеткілікті», – дейді. Сонда ата-бабалары еш нәрсені білмейтін, тура жолға түспеген болса да (олар солардың жолын қуа) ма?!

105

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ عَلَيْكُمْ أَنفُسَكُمْۖ لَا يَضُرُّكُم مَّن ضَلَّ إِذَا ٱهْتَدَيْتُمْۚ إِلَى ٱللَّهِ مَرْجِعُكُمْ جَمِيعࣰا فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ

Уа, мүміндер! Алдымен өздеріңе қарап, өздерің түзеліңдер! Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқандар сендерге кесірін тигізе алмайды. Түбінде, барлығың Аллаға қайтасыңдар, сонда Ол (дүниеде) не істеп, не қойғандарыңды түгелдей жіпке тізіп өздеріңе айтып береді (һәм бәріңді жауапқа тартады).

106

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ شَهَٰدَةُ بَيْنِكُمْ إِذَا حَضَرَ أَحَدَكُمُ ٱلْمَوْتُ حِينَ ٱلْوَصِيَّةِ ٱثْنَانِ ذَوَا عَدْلࣲ مِّنكُمْ أَوْ ءَاخَرَانِ مِنْ غَيْرِكُمْ إِنْ أَنتُمْ ضَرَبْتُمْ فِي ٱلْأَرْضِ فَأَصَٰبَتْكُم مُّصِيبَةُ ٱلْمَوْتِۚ تَحْبِسُونَهُمَا مِنۢ بَعْدِ ٱلصَّلَوٰةِ فَيُقْسِمَانِ بِٱللَّهِ إِنِ ٱرْتَبْتُمْ لَا نَشْتَرِي بِهِۦ ثَمَنࣰا وَلَوْ كَانَ ذَا قُرْبَىٰ وَلَا نَكْتُمُ شَهَٰدَةَ ٱللَّهِ إِنَّآ إِذࣰا لَّمِنَ ٱلْـَٔاثِمِينَ

Уа, иман келтіргендер! Қайсыбіріңнің өлетіні белгілі болғанда, яғни соңғы өсиет айтатын кезде, араларыңнан өздерің әділ, шыншыл деп білетін екі кісіні куәға тартыңдар. Яки сапар шегіп, жер бетін шарлап жүргендеріңде бастарыңа өлім қаупі төнген (әрі сол сәтте қастарыңда мүмін бауырларың болмаған) жағдайда өсиеттеріңе (кітап иелерінен) екі кісіні куә етіңдер. Егер ол екеуінен күмәндансаңдар, намаздан кейін екеуін алып қалып: «Тіпті туған туысымыздың пайдасына нұқсан келетін болса да, ішкен ант-суымызды арзан бағаға (яғни дүниеге) айырбастамаймыз. Алланың мойнымыздағы аманаты болған куәлігін жасырмаймыз. Әйтпесе, шүбәсіз, ауыр күнәға батқандардың қатарында боламыз», – деп, Алланың атымен ант-су ішкізіңдер.

107

فَإِنْ عُثِرَ عَلَىٰٓ أَنَّهُمَا ٱسْتَحَقَّآ إِثْمࣰا فَـَٔاخَرَانِ يَقُومَانِ مَقَامَهُمَا مِنَ ٱلَّذِينَ ٱسْتَحَقَّ عَلَيْهِمُ ٱلْأَوْلَيَٰنِ فَيُقْسِمَانِ بِٱللَّهِ لَشَهَٰدَتُنَآ أَحَقُّ مِن شَهَٰدَتِهِمَا وَمَا ٱعْتَدَيْنَآ إِنَّآ إِذࣰا لَّمِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ

Егер кейіннен ол екеуінің өтірік айтып, үлкен күнәға батқаны анықталса, ол екеуінде ақысы кеткен, марқұмның ең жақын мұрагерлерінен екі кісі бұлардың орнына куәлік етіп: «Біздің куәлігіміз бұл екеуінің куәлігінен әлдеқайда тура, дұрыс. Біз осы куәлігімізбен ешкімнің ақысын жеп, ала жібін аттамаймыз. Әйтпесе, шүбәсіз, залымдардың қатарына қосыламыз», – деп, Алланың атымен ант-су ішеді.

108

ذَٰلِكَ أَدْنَىٰٓ أَن يَأْتُوا۟ بِٱلشَّهَٰدَةِ عَلَىٰ وَجْهِهَآ أَوْ يَخَافُوٓا۟ أَن تُرَدَّ أَيْمَٰنُۢ بَعْدَ أَيْمَٰنِهِمْۗ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَٱسْمَعُوا۟ۗ وَٱللَّهُ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلْفَٰسِقِينَ

Бұл әдіс – куәгерлердің туралықтан таймай әділ куәлік етуіне немесе ант-су ішкеннен кейін басқа куәгерлердің де ант-су ішуімен өтірігі шығып, масқара болудан қорқып, лайықты түрде куәлік етуіне өз ықпалын тигізетін ең қолайлы жол. Ендеше, (иләһи үкімдер мен қағидаларға бағынбау арқылы) Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар һәм Алланың үкіміне құлақ асып, мойынсұныңдар. Алла Өзіне бағынбайтын азғын қауымды тура жолға салмайды (діттеген мақсат-мұратына жеткізбейді).

109

۞يَوْمَ يَجْمَعُ ٱللَّهُ ٱلرُّسُلَ فَيَقُولُ مَاذَآ أُجِبْتُمْۖ قَالُوا۟ لَا عِلْمَ لَنَآۖ إِنَّكَ أَنتَ عَلَّٰمُ ٱلْغُيُوبِ

Алла күндердің күнінде пайғамбарларды жинап алып: «Үмбеттеріңді иманға шақырғандарыңда, олардан қандай жауап алдыңдар?» – деп сұрайды. Сонда пайғамбарлар: «(Олардың ішкі ниетін, имандағы шынайылығын) біз білмейміз. Шүбәсіз, ғайыпты (құлдарыңның көкірегіндегі бар сырды) ең жақсы білуші бір Өзің ғанасың», – деп жауап береді.

110

إِذْ قَالَ ٱللَّهُ يَٰعِيسَى ٱبْنَ مَرْيَمَ ٱذْكُرْ نِعْمَتِي عَلَيْكَ وَعَلَىٰ وَٰلِدَتِكَ إِذْ أَيَّدتُّكَ بِرُوحِ ٱلْقُدُسِ تُكَلِّمُ ٱلنَّاسَ فِي ٱلْمَهْدِ وَكَهْلࣰاۖ وَإِذْ عَلَّمْتُكَ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْحِكْمَةَ وَٱلتَّوْرَىٰةَ وَٱلْإِنجِيلَۖ وَإِذْ تَخْلُقُ مِنَ ٱلطِّينِ كَهَيْـَٔةِ ٱلطَّيْرِ بِإِذْنِي فَتَنفُخُ فِيهَا فَتَكُونُ طَيْرَۢا بِإِذْنِيۖ وَتُبْرِئُ ٱلْأَكْمَهَ وَٱلْأَبْرَصَ بِإِذْنِيۖ وَإِذْ تُخْرِجُ ٱلْمَوْتَىٰ بِإِذْنِيۖ وَإِذْ كَفَفْتُ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ عَنكَ إِذْ جِئْتَهُم بِٱلْبَيِّنَٰتِ فَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنْهُمْ إِنْ هَٰذَآ إِلَّا سِحْرࣱ مُّبِينࣱ

Сол күні Алла былай деп айтады: «Уа, Мәриямұлы Иса! Өзіңе және анаңа нәсіп еткен нығметімді есіңе ал: Мен сені Қасиетті Рухпен қолдаған едім. Сен бесікте жатқаныңда да, ересек шағыңда да адамдармен тілдесетін едің. Саған жазуды, хикметті, Тәуратты һәм Інжілді үйреттім. Сондай-ақ батпақтан құстың бейнесіне ұқсас мүсін жасап, Менің қалауыммен ішіне (жан) үрлейтін едің. Сөйтіп, ол Менің қалауыммен бірден (тірі) құсқа айналатын. Менің қалауыммен тумысынан соқырды және алапесті құлан таза айықтыратын, һәм Менің қалауыммен өлілерді тірілтіп, қабірлерінен шығаратын едің. Сондай-ақ кезінде сені Исрайыл ұрпақтарының қастандығынан аман алып қалдым. Оларға анық дәлелдер келтіріп, мұғжизалар көрсеткеніңде, араларындағы кәпірлер: «Бұл дәу де болса, нағыз сиқыр», – деп айтқан еді».

111

وَإِذْ أَوْحَيْتُ إِلَى ٱلْحَوَارِيِّـۧنَ أَنْ ءَامِنُوا۟ بِي وَبِرَسُولِي قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا وَٱشْهَدْ بِأَنَّنَا مُسْلِمُونَ

Сол кезде хауарилерге: «Маған һәм елшіме иман келтіріңдер», – деп аян бердім. Сонда олар: «(Уа, Раббымыз!) Біз иман келтірдік. Шүбәсіз, біздің бір Өзіңе мойынсұнған мұсылман екенімізге Өзің куә бол», – деді.

112

إِذْ قَالَ ٱلْحَوَارِيُّونَ يَٰعِيسَى ٱبْنَ مَرْيَمَ هَلْ يَسْتَطِيعُ رَبُّكَ أَن يُنَزِّلَ عَلَيْنَا مَآئِدَةࣰ مِّنَ ٱلسَّمَآءِۖ قَالَ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

Бір кездері сол хауарилер: «Уа, Мәриямұлы Иса! Раббың бізге көктен (тағамға толы) дастархан түсіре ала ма?» – деген еді. Сонда Иса оларға: «Егер мүмін екендерің рас болса, Аллаға тиісінше тағзым етіңдер, Оның құдіретіне шәк келтіруден сақтаныңдар!» – деді.

113

قَالُوا۟ نُرِيدُ أَن نَّأْكُلَ مِنْهَا وَتَطْمَئِنَّ قُلُوبُنَا وَنَعْلَمَ أَن قَدْ صَدَقْتَنَا وَنَكُونَ عَلَيْهَا مِنَ ٱلشَّٰهِدِينَ

Олар: «Біз бар болғаны, сол берекелі дастарханнан дәм татуды, сол арқылы (иманымыздың күшейіп) жүрегіміздің орнығуын һәм бізге айтқандарыңның рас екеніне көз жеткізуді әрі (осынау маңызды оқиғаның) куәгерлері болуды қалаймыз», – деді.

114

قَالَ عِيسَى ٱبْنُ مَرْيَمَ ٱللَّهُمَّ رَبَّنَآ أَنزِلْ عَلَيْنَا مَآئِدَةࣰ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ تَكُونُ لَنَا عِيدࣰا لِّأَوَّلِنَا وَءَاخِرِنَا وَءَايَةࣰ مِّنكَۖ وَٱرْزُقْنَا وَأَنتَ خَيْرُ ٱلرَّٰزِقِينَ

Сонда Мәриямұлы Иса: «Уа, Раббымыз! Бізге көктен дастархан түсіре көр! Осы күн һәм біз үшін һәм бізден кейінгілер үшін мейрам, әрі Өзіңнен келген айқын белгі, ғаламат мұғжиза болсын. Бізге сол арқылы ризық бере көр! Шүбәсіз, Сен – құлдарыңа ең қайырлы ризықты беруші һәм ризық беруге келгенде, (теңдесі жоқ) асқан жомартсың», – деп жалбарынды.

115

قَالَ ٱللَّهُ إِنِّي مُنَزِّلُهَا عَلَيْكُمْۖ فَمَن يَكْفُرْ بَعْدُ مِنكُمْ فَإِنِّيٓ أُعَذِّبُهُۥ عَذَابࣰا لَّآ أُعَذِّبُهُۥٓ أَحَدࣰا مِّنَ ٱلْعَٰلَمِينَ

Сол кезде Алла: «Мен оны сендерге сөзсіз түсіремін (көктен дастархан түсіру Мен үшін бұйым емес). Алайда содан кейін араларыңнан кімде-кім күпірлік қылса, шүбәсіз, Мен оны ғаламда жан баласына көрсетпейтін алапат азаппен азаптаймын», – деді.

116

وَإِذْ قَالَ ٱللَّهُ يَٰعِيسَى ٱبْنَ مَرْيَمَ ءَأَنتَ قُلْتَ لِلنَّاسِ ٱتَّخِذُونِي وَأُمِّيَ إِلَٰهَيْنِ مِن دُونِ ٱللَّهِۖ قَالَ سُبْحَٰنَكَ مَا يَكُونُ لِيٓ أَنْ أَقُولَ مَا لَيْسَ لِي بِحَقٍّۚ إِن كُنتُ قُلْتُهُۥ فَقَدْ عَلِمْتَهُۥۚ تَعْلَمُ مَا فِي نَفْسِي وَلَآ أَعْلَمُ مَا فِي نَفْسِكَۚ إِنَّكَ أَنتَ عَلَّٰمُ ٱلْغُيُوبِ

Сондай-ақ Алла (пайғамбарларын дәргейіне жинап, олардан: «үмбеттерің сендерге не деп жауап берді?» деп сұрайтын күні): «Уа, Мәриямұлы Иса! Адамдарға «Алладан бөлек, мені және анамды да қос құдай тұтыңдар» деп айтқан сен бе едің?!» – деп сұрайды. Сонда Иса: «Уа, Раббым! Сен – мінсізсің, біреудің Өзіңе серік болуынан һәм кемшілік атаулыдан адасың! Айтуға хақым болмаған сөзді айтатындай маған не көрініпті?! Егер солай айтқан болсам, Сен оны, сөзсіз, білер едің. Сен менің ішімдегінің бәрін білесің, ал мен Сендегіні (бір Өзіңе ғана мәлім болған нәрселерді, маған үйретпегендеріңді) білмеймін. Шүбәсіз, ғайыпты, құлдарыңның ішіндегі бар сырды бір Өзің ғана білесің».

117

مَا قُلْتُ لَهُمْ إِلَّا مَآ أَمَرْتَنِي بِهِۦٓ أَنِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ رَبِّي وَرَبَّكُمْۚ وَكُنتُ عَلَيْهِمْ شَهِيدࣰا مَّا دُمْتُ فِيهِمْۖ فَلَمَّا تَوَفَّيْتَنِي كُنتَ أَنتَ ٱلرَّقِيبَ عَلَيْهِمْۚ وَأَنتَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ شَهِيدٌ

«Оларға маған бұйырғаныңды ғана айттым. Әрдайым «Менің һәм өздеріңнің Раббыларың болған Аллаға құлшылық етіңдер» деп айтумен болдым. Араларында жүргенімде, олардың жай-күйіне, жүріс-тұрысына өзім куә болдым. Ал Өзің жанымды алған сәттен бастап, оларға Өзің бақылаушы болдың. Шүбәсіз, Сен барлық нәрсеге куәсің».

118

إِن تُعَذِّبْهُمْ فَإِنَّهُمْ عِبَادُكَۖ وَإِن تَغْفِرْ لَهُمْ فَإِنَّكَ أَنتَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ

«Егер оларды азаптаймын десең, шүбәсіз, олар Сенің құлдарың. Ал егер оларды кешірсең, Сен ұлысың, бәрінен үстемсің һәм (әр ісің мен әрбір үкіміңде талай хикмет болған) асқан даналық иесісің», – деп жауап береді.

119

قَالَ ٱللَّهُ هَٰذَا يَوْمُ يَنفَعُ ٱلصَّٰدِقِينَ صِدْقُهُمْۚ لَهُمْ جَنَّٰتࣱ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدࣰاۖ رَّضِيَ ٱللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا۟ عَنْهُۚ ذَٰلِكَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ

Сонда Алла былай дейді: «Бұл күн – турашылдардың шын сөзі өздерінің пайдасына жарайтын ұлы күн. Олар үшін (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшалары бар. Олар сонда мәңгі-бақи қалып, бақытты ғұмыр кешеді. Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза. Ең үлкен жетістік, ең зор табыс, міне, осы».

120

لِلَّهِ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا فِيهِنَّۚ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرُۢ

Күллі аспан әлемінің, жердің һәм екеуінің ішіндегі барлық нәрсенің бар билігі мен иелігі бір Аллаға тиесілі. Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play