۞وَلَكُمْ نِصْفُ مَا تَرَكَ أَزْوَٰجُكُمْ إِن لَّمْ يَكُن لَّهُنَّ وَلَدࣱۚ فَإِن كَانَ لَهُنَّ وَلَدࣱ فَلَكُمُ ٱلرُّبُعُ مِمَّا تَرَكْنَۚ مِنۢ بَعْدِ وَصِيَّةࣲ يُوصِينَ بِهَآ أَوْ دَيْنࣲۚ وَلَهُنَّ ٱلرُّبُعُ مِمَّا تَرَكْتُمْ إِن لَّمْ يَكُن لَّكُمْ وَلَدࣱۚ فَإِن كَانَ لَكُمْ وَلَدࣱ فَلَهُنَّ ٱلثُّمُنُ مِمَّا تَرَكْتُمۚ مِّنۢ بَعْدِ وَصِيَّةࣲ تُوصُونَ بِهَآ أَوْ دَيْنࣲۗ وَإِن كَانَ رَجُلࣱ يُورَثُ كَلَٰلَةً أَوِ ٱمْرَأَةࣱ وَلَهُۥٓ أَخٌ أَوْ أُخْتࣱ فَلِكُلِّ وَٰحِدࣲ مِّنْهُمَا ٱلسُّدُسُۚ فَإِن كَانُوٓا۟ أَكْثَرَ مِن ذَٰلِكَ فَهُمْ شُرَكَآءُ فِي ٱلثُّلُثِۚ مِنۢ بَعْدِ وَصِيَّةࣲ يُوصَىٰ بِهَآ أَوْ دَيْنٍ غَيْرَ مُضَآرࣲّۚ وَصِيَّةࣰ مِّنَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَلِيمࣱ
(Уа, ерлер! қайтыс болған) әйелдеріңнің артында бала қалмаса, онда қалдырған мұрасының тең жарымы сендерге тиесілі. Егер арттарында бала қалса, онда сендерге қалдырған мұрасының төрттен бір бөлігі ғана тиеді. Мұндай бөліс олардың өсиеті орындалып, қарыздары толық өтелгеннен кейін жүзеге асады. Ал өздеріңе келсек, арттарыңда ұрпақ қалмаса, қалдырған мұраларыңның төрттен бірі жұбайларыңа тиесілі болады. Ал егер арттарыңда ұрпақ қалса, онда жұбайларыңа мұраның сегізден бірі ғана тиеді. Бұл бөліс те айтқан өсиеттерің орындалып, қарыздарың толық өтелгеннен кейін жүзеге асады. Егер қайтыс болған ер адамның немесе әйелдің артында қалған ата-анасы да, балалары да болмай, (бір анадан) туған бауыры немесе әпкесі, яки қарындасы ғана болса, олардың әрқайсысына мұраның алтыдан бір бөлігі тиеді. Ал егер (бір анадан) туған бауырлары мен әпке-қарындастары одан да көп болса, онда олар мұраның үштен бір бөлігін өзара теңдей етіп бөліп алады. Бұл бөліс те марқұмның өсиеті орындалып, қарыздары толық өтелгеннен кейін жүзеге асады. (Марқұмның өсиетін орындап, қарыздары болса, оларды өтеу барысында) аталмыш мұрагерлердің бірде-бірі титтей де зиянға ұшырамауы керек. Міне, мұраға қатысты осы үкімдер – Алланың бұйрығы. Алла – Алим (әрбір жанның әр ісін қалай һәм не үшін істегенін жақсы білетін шексіз ілім иесі), әрі Халим (шалыс басқан құлдарын бірден жазаламай тәубеге келуіне мұрсат беретін өте сабырлы).