Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран3. Әли Имран
3 · сүре

Әли Имран

200 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

الٓمٓ

Әлиф, Ләм, Мим.

2

ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلْحَيُّ ٱلْقَيُّومُ

Алла, Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай (мәңгі тірі), Қайиум (еш нәрсеге арқа сүйемей күллі болмысты бір Өзі ұстап, меңгеріп тұрушы).

3

نَزَّلَ عَلَيْكَ ٱلْكِتَٰبَ بِٱلْحَقِّ مُصَدِّقࣰا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِ وَأَنزَلَ ٱلتَّوْرَىٰةَ وَٱلْإِنجِيلَ

(Уа, Мұхаммед!) Ол саған осынау Кітапты ақиқаттың нақ өзі әрі титтей де жалған араласпайтындай етіп және өзінен бұрынғы кітаптарды (Тәурат, Інжіл сынды иләһи кітаптарды) растаушы ретінде (оқиғалардың ағысына қарай) бірте-бірте түсіруде. Ол – Тәурат пен Інжілді де түсірді.

4

مِن قَبْلُ هُدࣰى لِّلنَّاسِ وَأَنزَلَ ٱلْفُرْقَانَۗ إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ لَهُمْ عَذَابࣱ شَدِيدࣱۗ وَٱللَّهُ عَزِيزࣱ ذُو ٱنتِقَامٍ

(Яғни Алла Тәурат пен Інжілді) бұрынырақта адамдарға тура жолды нұсқайтын жолбасшы ретінде түсірді. Сондай-ақ (ақ пен қараның, ақиқат пен жалғанның ара жігін ажырататын иләһи қағидалар жиынтығы) Фурқанды (Құранды) түсірді. Шүбәсіз, Алланың анық аяттарын біле тұра жоққа шығарып, күпірлік қылғандар үшін өте ауыр азап бар. Алла – Азиз (ұлы, бәрінен үстем) һәм (күпірлікке бой алдырған залымдарды) оңдырмай жазалап кек алушы.

5

إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَخْفَىٰ عَلَيْهِ شَيْءࣱ فِي ٱلْأَرْضِ وَلَا فِي ٱلسَّمَآءِ

Шүбәсіз, жердегі және көктегі бірде-бір нәрсе Алладан жасырынып қалтарыста қала алмайды.

6

هُوَ ٱلَّذِي يُصَوِّرُكُمْ فِي ٱلْأَرْحَامِ كَيْفَ يَشَآءُۚ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ

Ол – сендерді аналарыңның құрсағында Өзі қалаған пішінде жаратушы. Одан басқа тәңір жоқ. Ол– Азиз (ұлы, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).

7

هُوَ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ عَلَيْكَ ٱلْكِتَٰبَ مِنْهُ ءَايَٰتࣱ مُّحْكَمَٰتٌ هُنَّ أُمُّ ٱلْكِتَٰبِ وَأُخَرُ مُتَشَٰبِهَٰتࣱۖ فَأَمَّا ٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغࣱ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَٰبَهَ مِنْهُ ٱبْتِغَآءَ ٱلْفِتْنَةِ وَٱبْتِغَآءَ تَأْوِيلِهِۦۖ وَمَا يَعْلَمُ تَأْوِيلَهُۥٓ إِلَّا ٱللَّهُۗ وَٱلرَّٰسِخُونَ فِي ٱلْعِلْمِ يَقُولُونَ ءَامَنَّا بِهِۦ كُلࣱّ مِّنْ عِندِ رَبِّنَاۗ وَمَا يَذَّكَّرُ إِلَّآ أُو۟لُوا۟ ٱلْأَلْبَٰبِ

Ол саған осынау Кітапты түсірді. Ондағы аяттардың бір бөлігі мағынасы анық әрі нақты болған мухкам аяттар, міне, солар Кітаптың негізін құрайды. Ал енді бір бөлігі болса, бір аяттың өзі бірнеше мән-мағынаға саятын мағынасы астарлы муташабиһ аяттар. Жүрегінде (тура жолдан) ауытқу болғандар қайткенде бүлік шығарып, ел-жұртты тура жолдан тайдыру үшін әрі ол аяттарды (өз мүдделері мен қалауларына қарай) тәпсірлеу үшін (мухкам аяттарды былай қалдырып,) астарлы мағыналы муташабиһ аяттарды қазбалайды. Шынтуайтында, оның (яғни муташабиһ аяттардың) шын тәпсірін (ақиқаты мен мән-мағынасын) бір Алладан басқа ешкім білмейді және ілімде тереңдегендер: «Біз оған (яғни Құранға) толық иман келтірдік. (Ондағы мухкам, муташабиһ аяттардың) барлығы да Раббымыздың дәргейінен келді», – деп айтады. Ендеше, нағыз ақыл иелері ғана терең әрі жан-жақты ойланып, ғибрат әрі сабақ алады.

8

رَبَّنَا لَا تُزِغْ قُلُوبَنَا بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنَا وَهَبْ لَنَا مِن لَّدُنكَ رَحْمَةًۚ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْوَهَّابُ

Һәм (сол ақыл иелері Аллаға былай жалбарынады): «Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқыта көрме! (Уа, Раббымыз, Өзіңнің мейірімің болмаса, тура жолда қалуымыз мүмкім емес, олай болса) бізге Өз тарапыңнан мейірім төккейсің! Шүбәсіз, Сен Уәһһабсың (құлдарыңды мол сый-сияпатқа бөлеушісің)».

9

رَبَّنَآ إِنَّكَ جَامِعُ ٱلنَّاسِ لِيَوْمࣲ لَّا رَيْبَ فِيهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُخْلِفُ ٱلْمِيعَادَ

«Уа, Раббымыз! Шүбәсіз, Сен күллі адамзатты еш күмәнсіз орнайтын (қиямет) күні (ғарасат майданына) жинайсың. Шүбәсіз, Алла уәдесінен таймайды».

10

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَن تُغْنِيَ عَنْهُمْ أَمْوَٰلُهُمْ وَلَآ أَوْلَٰدُهُم مِّنَ ٱللَّهِ شَيْـࣰٔاۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمْ وَقُودُ ٱلنَّارِ

Күпірлік қылғандардың мал-дүниелері де, бала-шағалары да Алланың алдында оларға титтей де пайда бермейді. Міне, солар тозақтың отыны болады.

11

كَدَأْبِ ءَالِ فِرْعَوْنَ وَٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْۚ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُ بِذُنُوبِهِمْۗ وَٱللَّهُ شَدِيدُ ٱلْعِقَابِ

Дәл Перғауын әулеті мен олардан бұрынғылардың жағдайындай: олар біздің аяттарымызды өтірік деп сенбеді. Алла оларды күнәлары үшін жазаға тартты. Алланың жазасы тым ауыр.

12

قُل لِّلَّذِينَ كَفَرُوا۟ سَتُغْلَبُونَ وَتُحْشَرُونَ إِلَىٰ جَهَنَّمَۖ وَبِئْسَ ٱلْمِهَادُ

Күпірлік қылғандарға: «Сендер жер болып жеңілесіңдер және жаппай тозаққа айдаласыңдар. Ол қандай жаман жатақ (орын) еді!» – деп айт.

13

قَدْ كَانَ لَكُمْ ءَايَةࣱ فِي فِئَتَيْنِ ٱلْتَقَتَاۖ فِئَةࣱ تُقَٰتِلُ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَأُخْرَىٰ كَافِرَةࣱ يَرَوْنَهُم مِّثْلَيْهِمْ رَأْيَ ٱلْعَيْنِۚ وَٱللَّهُ يُؤَيِّدُ بِنَصْرِهِۦ مَن يَشَآءُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةࣰ لِّأُو۟لِي ٱلْأَبْصَٰرِ

Шүбәсіз (Бәдірде шайқасу үшін) бетпе-бет келген екі топта сендер үшін үлкен ғибрат бар. Бірі Алла жолында соғысса, екіншісі кәпірлер еді. (Соғыс барысында) мүміндер олардың көзіне өздерінен екі есе көп болып көрінді. Алла қалағанын жәрдемімен қолдайды. Шүбәсіз, мұның өзінде көретін көзі барлар үшін ғибрат бар.

14

زُيِّنَ لِلنَّاسِ حُبُّ ٱلشَّهَوَٰتِ مِنَ ٱلنِّسَآءِ وَٱلْبَنِينَ وَٱلْقَنَٰطِيرِ ٱلْمُقَنطَرَةِ مِنَ ٱلذَّهَبِ وَٱلْفِضَّةِ وَٱلْخَيْلِ ٱلْمُسَوَّمَةِ وَٱلْأَنْعَٰمِ وَٱلْحَرْثِۗ ذَٰلِكَ مَتَٰعُ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَاۖ وَٱللَّهُ عِندَهُۥ حُسْنُ ٱلْمَـَٔابِ

Әйелдер, еркек кіндік балалар, қап-қап алтын мен күміс, асыл тұқымды сәйгүліктер, төрт түлік мал және егінжай сынды нәпсінің құмарын арттыратын дүниелер адамдардың көз жауын алатындай тым тартымды етілді. Әсілі, бұлар дүние тіршілігінің (өткінші) қызығы мен бұйым-боқшасы ғана. Шүбәсіз, (адам жаны жай табатын) ең тамаша мекен Алланың құзырында.

15

۞قُلْ أَؤُنَبِّئُكُم بِخَيْرࣲ مِّن ذَٰلِكُمْۖ لِلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ عِندَ رَبِّهِمْ جَنَّٰتࣱ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَا وَأَزْوَٰجࣱ مُّطَهَّرَةࣱ وَرِضْوَٰنࣱ مِّنَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ بَصِيرُۢ بِٱلْعِبَادِ

Оларға: «Сендерді (жан-тәндеріңмен жақсы көрген) сол нәрселерден әлдеқайда қайырлы болғаннан хабардар етейін бе?! Аллаға қарсы келіп асы болудан барынша сақтанған тақуа жандар үшін Раббыларының дәргейінде (жайқалған жасыл бауларының арасымен һәм салтанатты сарайларының) түбінен өзендер ағатын жаннат бақшалары бар һәм олар мәңгі-бақи сонда болады. Сондай-ақ онда олар үшін пәк жұбайлар және бәрінен де қайырлы болған Алланың разылығы бар. Алла құлдарын әрдайым көріп тұрады», – деп айт.

16

ٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَآ إِنَّنَآ ءَامَنَّا فَٱغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَقِنَا عَذَابَ ٱلنَّارِ

Тақуа жандар: «Уа, Раббымыз! Біз иман келтірдік, күнәларымызды кешіре көр һәм бізді тозақ азабынан сақтағайсың!» – деп жалбарынады.

17

ٱلصَّٰبِرِينَ وَٱلصَّٰدِقِينَ وَٱلْقَٰنِتِينَ وَٱلْمُنفِقِينَ وَٱلْمُسْتَغْفِرِينَ بِٱلْأَسْحَارِ

Олар – сондай сабырлы, иманда шынайы, Аллаға қалтқысыз мойынсұнатын, мал-дүниелерін игі жолда жұмсайтын һәм (түннің біраз бөлігін құлшылықпен өткізгеннен кейін) сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін ізгі жандар.

18

شَهِدَ ٱللَّهُ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةُ وَأُو۟لُوا۟ ٱلْعِلْمِ قَآئِمَۢا بِٱلْقِسْطِۚ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ

Алладан басқа тәңір жоқ, бұған ең алдымен Алланың Өзі куә. Сондай-ақ барлық періштелер мен шынайы ғалымдар да турашылдық пен әділдікті ұстана отырып (осынау ақиқатқа куәлік етті). Азиз (ұлы, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі) Алладан басқа тәңір жоқ.

19

إِنَّ ٱلدِّينَ عِندَ ٱللَّهِ ٱلْإِسْلَٰمُۗ وَمَا ٱخْتَلَفَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ إِلَّا مِنۢ بَعْدِ مَا جَآءَهُمُ ٱلْعِلْمُ بَغْيَۢا بَيْنَهُمْۗ وَمَن يَكْفُرْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ فَإِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلْحِسَابِ

Алланың құзырында қабыл болатын хақ дін – Ислам. Кітап иелерінің арасындағы алауыздық оларға ақиқатты білдіретін ілім келгеннен кейін, араларындағы (бақталастықтың нәтижесі болған) өшпенділіктің кесірінен туындаған еді. Кімде-кім Алланың аяттарын жоққа шығарып, күпірлік қылса, біліп қойсын, шүбәсіз, Алла жауапқа өте жылдам тартады.

20

فَإِنْ حَآجُّوكَ فَقُلْ أَسْلَمْتُ وَجْهِيَ لِلَّهِ وَمَنِ ٱتَّبَعَنِۗ وَقُل لِّلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْأُمِّيِّـۧنَ ءَأَسْلَمْتُمْۚ فَإِنْ أَسْلَمُوا۟ فَقَدِ ٱهْتَدَوا۟ۖ وَّإِن تَوَلَّوْا۟ فَإِنَّمَا عَلَيْكَ ٱلْبَلَٰغُۗ وَٱللَّهُ بَصِيرُۢ بِٱلْعِبَادِ

Егер (кітап иелері) саған (дін мәселесінде сөз таластыруға) келсе, оларға: «Мен жан-тәніммен бір Аллаға мойынсұндым, маған ергендер де бір Аллаға мойынсұнды», – деп айт. Сондай-ақ, кітап иелеріне және иләһи кітаптан, ақиқаттан бейхабар және хақ ілімнен мақұрым болып, теріс жолдарда жүргендерге: «Сендер де дәл солай (Аллаға) мойынсұндыңдар ма?» – деп айт. Егер олар (Аллаға) мойынсұнса, шүбәсіз, тура жолға түскені. Ал егер (мойынсұнудан бас тартып) сырт айналса, онда (сенің жазығың жоқ), сенің міндетің – ақиқатты айтып жеткізу ғана. Алла құлдарын әрдайым көріп, бақылап тұрады.

21

إِنَّ ٱلَّذِينَ يَكْفُرُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَيَقْتُلُونَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ بِغَيْرِ حَقࣲّ وَيَقْتُلُونَ ٱلَّذِينَ يَأْمُرُونَ بِٱلْقِسْطِ مِنَ ٱلنَّاسِ فَبَشِّرْهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ

Алланың аяттарын біле тұра жасырып, күпірлік қылумен және пайғамбарларды һәм адамдар арасындағы әділ болуды бұйыратын жандарды нақақтан-нақақ өлтіретіндерді (алдарында) күтіп тұрған жан төзгісіз азаппен сүйіншіле.

22

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ حَبِطَتْ أَعْمَٰلُهُمْ فِي ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةِ وَمَا لَهُم مِّن نَّٰصِرِينَ

Міне, солар – дүниеде де, ақиретте де істеген барлық істері зая кеткендер. Олардың (өздерін азаптан құтқаратын) бірде-бір медеткері жоқ.

23

أَلَمْ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ نَصِيبࣰا مِّنَ ٱلْكِتَٰبِ يُدْعَوْنَ إِلَىٰ كِتَٰبِ ٱللَّهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ يَتَوَلَّىٰ فَرِيقࣱ مِّنْهُمْ وَهُم مُّعْرِضُونَ

Өздеріне иләһи кітаптан (жеткілікті) үлес тигендерді (яғни иләһи кітапты оқып, шынайы іліммен сусындап, біраз нәрседен хабардар болғандарды) көрдің бе? Олар араларында (туындаған мәселелерге) Алланың кітабымен билік айтып, кесімді үкім шығару үшін шақырылғандарына (һәм қолдарындағы Алланың кітабына қарап үкім айтылғанына) қарамастан, бір тобы үкімге бойсұнудан бас тартқан күйде сырт айналып кете барады.

24

ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوا۟ لَن تَمَسَّنَا ٱلنَّارُ إِلَّآ أَيَّامࣰا مَّعْدُودَٰتࣲۖ وَغَرَّهُمْ فِي دِينِهِم مَّا كَانُوا۟ يَفْتَرُونَ

Мұның себебі, олардың өздерінше: «Тозақ оты бізге (бұзауға табынумен өткізген) санаулы күнді қоспағанда әсте тимейді», – деп айтатындықтары. Олардың мұндай ойдан шығарған жалған сөздері (мен сенімдері) өздері ұстанған дін мәселесінде оларды осылайша алдауда.

25

فَكَيْفَ إِذَا جَمَعْنَٰهُمْ لِيَوْمࣲ لَّا رَيْبَ فِيهِ وَوُفِّيَتْ كُلُّ نَفْسࣲ مَّا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ

Шүбәсіз орнайтын қиямет күнінде оларды (Ғарасат майданына) жинағанымызда және ешкімге титтей де қиянат жасалмастан әрбір жан дүниедегі істеріне қарай қарымын толық алатын шақта олардың жағдайы не болмақ?!

26

قُلِ ٱللَّهُمَّ مَٰلِكَ ٱلْمُلْكِ تُؤْتِي ٱلْمُلْكَ مَن تَشَآءُ وَتَنزِعُ ٱلْمُلْكَ مِمَّن تَشَآءُ وَتُعِزُّ مَن تَشَآءُ وَتُذِلُّ مَن تَشَآءُۖ بِيَدِكَ ٱلْخَيْرُۖ إِنَّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

(Уа, Мұхаммед!) Былай деп айт: «Уа, бар билік бір Өзіне ғана тиесілі болған Алла тағалам! Сен билікті қалағаныңа бересің һәм қалағаныңнан билікті тартып аласың. Сондай-ақ қалағаныңды үстем етесің және қалағаныңды қор қыласың. Жақсылық атаулы бір Өзіңнің иелігіңде. Шүбәсіз, Сенің құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді».

27

تُولِجُ ٱلَّيْلَ فِي ٱلنَّهَارِ وَتُولِجُ ٱلنَّهَارَ فِي ٱلَّيْلِۖ وَتُخْرِجُ ٱلْحَيَّ مِنَ ٱلْمَيِّتِ وَتُخْرِجُ ٱلْمَيِّتَ مِنَ ٱلْحَيِّۖ وَتَرْزُقُ مَن تَشَآءُ بِغَيْرِ حِسَابࣲ

«Түнді қысқартып, күнді ұзартасың және күндізді қысқартып, түнді ұзартасың. Сондай-ақ өліден тіріні шығарасың және тіріден өліні шығарасың. Һәм қалағаныңа қисапсыз ризық-несібе бересің».

28

لَّا يَتَّخِذِ ٱلْمُؤْمِنُونَ ٱلْكَٰفِرِينَ أَوْلِيَآءَ مِن دُونِ ٱلْمُؤْمِنِينَۖ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَلَيْسَ مِنَ ٱللَّهِ فِي شَيْءٍ إِلَّآ أَن تَتَّقُوا۟ مِنْهُمْ تُقَىٰةࣰۗ وَيُحَذِّرُكُمُ ٱللَّهُ نَفْسَهُۥۗ وَإِلَى ٱللَّهِ ٱلْمَصِيرُ

Мүміндер мүмін бауырларын былай қалдырып, кәпірлерді дос тұтпасын. Кімде-кім солай істесе, Алламен (һәм Оның хақ дінімен) байланысын үзген болады. Бірақ (өздеріңнен әлдеқайда үстем болған) кәпірлерден (келетін қауіп-қатерден) сақтансаңдар, оның жөні бөлек. Алла сендерді Өзіне қарсы келіп, асы болудан сақтандырады. (Ақыр соңында) қайту бір Аллаға болмақ.

29

قُلْ إِن تُخْفُوا۟ مَا فِي صُدُورِكُمْ أَوْ تُبْدُوهُ يَعْلَمْهُ ٱللَّهُۗ وَيَعْلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِۗ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Сондай-ақ (мүміндерге): «Көкіректеріңдегіні (яғни ниет-пиғылдарыңды) жасырсаңдар да, жария етсеңдер де бәрібір, Алла бәрін біледі. Сондай-ақ Ол – күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрін біледі. Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді», – деп айт.

30

يَوْمَ تَجِدُ كُلُّ نَفْسࣲ مَّا عَمِلَتْ مِنْ خَيْرࣲ مُّحْضَرࣰا وَمَا عَمِلَتْ مِن سُوٓءࣲ تَوَدُّ لَوْ أَنَّ بَيْنَهَا وَبَيْنَهُۥٓ أَمَدَۢا بَعِيدࣰاۗ وَيُحَذِّرُكُمُ ٱللَّهُ نَفْسَهُۥۗ وَٱللَّهُ رَءُوفُۢ بِٱلْعِبَادِ

Сол бір күні әрбір жан (дүниеде) жақсылық ретінде не істеген болса, соның бәрі алдынан шығады. Жаман істері де дәл солай (мен мұндалап алдынан шығады). Сонда ол істеген жамандықтары мен өзінің арасында жер мен көктің арасындай қашықтық болғанын қалайды. Алла сендерді Өзіне қарсы келіп, асы болудан сақтандырады. Алла құлдарына өте мейірбан, сондай жанашыр.

31

قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ ٱللَّهَ فَٱتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ ٱللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْۚ وَٱللَّهُ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

32

قُلْ أَطِيعُوا۟ ٱللَّهَ وَٱلرَّسُولَۖ فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلْكَٰفِرِينَ

(Сондай-ақ оларға): «Аллаға һәм Алла елшісіне бағыныңдар», – деп айт. Егер олар (бағынудан бас тартып) сырт айналып кете барса, (онда кәпірлер біліп қойсын) шүбәсіз, Алла кәпірлерді жақсы көрмейді.

33

۞إِنَّ ٱللَّهَ ٱصْطَفَىٰٓ ءَادَمَ وَنُوحࣰا وَءَالَ إِبْرَٰهِيمَ وَءَالَ عِمْرَٰنَ عَلَى ٱلْعَٰلَمِينَ

Расында, Алла Адамды, Нұхты, Ибраһимнің әулетін және Имранның әулетін (күллі адамзат ішінен) арнайы таңдап алып, бүкіл адамзаттан һәм бүкіл қауымдардан үстем әрі таңдаулы қылды.

34

ذُرِّيَّةَۢ بَعْضُهَا مِنۢ بَعْضࣲۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ

Оларды бір-бірінен тараған (һәм бір сенімді ұстанған) бір тұтас нәсіл ретінде (күллі адамзаттан үстем әрі таңдаулы етті. Сондықтан пайғамбарларды бір-бірінен бөліп-жармай бәріне бірдей иман келтіріңдер һәм Алланың таңдауына әрі пайғамбарларына қатысты орынсыз сөздер айтпаңдар). Алла – Сәмиғ (ауыздарыңнан шыққан сөздің бәрін естуші) әрі Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі).

35

إِذْ قَالَتِ ٱمْرَأَتُ عِمْرَٰنَ رَبِّ إِنِّي نَذَرْتُ لَكَ مَا فِي بَطْنِي مُحَرَّرࣰا فَتَقَبَّلْ مِنِّيٓۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

Бір кездері Имранның әйелі: «Уа, Раббым! Шынында, мен құрсағымдағы баламды (дүниелік істерден) толық азат етіп, бір Өзіңе (яғни Өзіңнің жолыңа) басыбүтін атайтындығыма серт бердім! (Осы нәзірімді) менен қабыл еткейсің! Шүбәсіз, Сен бәрін естуші әрі бәрін білетін шексіз ілім иесісің», – деп мінәжат еткен еді.

36

فَلَمَّا وَضَعَتْهَا قَالَتْ رَبِّ إِنِّي وَضَعْتُهَآ أُنثَىٰ وَٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا وَضَعَتْ وَلَيْسَ ٱلذَّكَرُ كَٱلْأُنثَىٰۖ وَإِنِّي سَمَّيْتُهَا مَرْيَمَ وَإِنِّيٓ أُعِيذُهَا بِكَ وَذُرِّيَّتَهَا مِنَ ٱلشَّيْطَٰنِ ٱلرَّجِيمِ

(Ол құрсағындағы баласын Раббысына басыбүтін атап қойғаны үшін ұл босанармын деп ойлаған еді). Сөйтіп ай-күні толып, баласын босанғанда (өзі күткендей ұл емес қыз тапқандықтан): «Уа, Раббым! Мен қыз босандым!» – деді. Алла оның не тапқанын, әлбетте, жақсы біледі. Әрине, (ол күткен) ұл бала (біз берген) осынау қыз бала сияқты бола алмас еді. «Мен оның атын Мәриям деп қойдым, сондай-ақ мен оны һәм ұрпағын рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай көр деп, бір Өзіңе сиынамын».

37

فَتَقَبَّلَهَا رَبُّهَا بِقَبُولٍ حَسَنࣲ وَأَنۢبَتَهَا نَبَاتًا حَسَنࣰا وَكَفَّلَهَا زَكَرِيَّاۖ كُلَّمَا دَخَلَ عَلَيْهَا زَكَرِيَّا ٱلْمِحْرَابَ وَجَدَ عِندَهَا رِزْقࣰاۖ قَالَ يَٰمَرْيَمُ أَنَّىٰ لَكِ هَٰذَاۖ قَالَتْ هُوَ مِنْ عِندِ ٱللَّهِۖ إِنَّ ٱللَّهَ يَرْزُقُ مَن يَشَآءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ

Раббысы оны (анасының ниетіне, шынайы ықыласына қарап) қабыл алды және керемет тал-шыбықтай етіп өсірді. Оны Зәкәрияның қам-қорлығына берді. Зәкәрия ғибадатханаға кіріп, оның қасына келген сайын, жанында сан алуан азық көретін еді. Бірде ол таңданысын жасыра алмай: «Уа, Мәриям! Бұл саған қайдан келді?!» – деп сұрағанда, Мәриям: «Алладан келді. Шүбәсіз, Алла қалағанына қисапсыз ризық-несібе береді», – деді.

38

هُنَالِكَ دَعَا زَكَرِيَّا رَبَّهُۥۖ قَالَ رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنكَ ذُرِّيَّةࣰ طَيِّبَةًۖ إِنَّكَ سَمِيعُ ٱلدُّعَآءِ

Сол кезде Зәкәрия Раббысына: «Уа, Раббым! Маған Өз тарапыңнан пәк әрі қайырлы ұрпақ нәсіп ете көр! Шүбәсіз, Сен дұғалардың бәрін естушісің», – деп мінәжат етті.

39

فَنَادَتْهُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ وَهُوَ قَآئِمࣱ يُصَلِّي فِي ٱلْمِحْرَابِ أَنَّ ٱللَّهَ يُبَشِّرُكَ بِيَحْيَىٰ مُصَدِّقَۢا بِكَلِمَةࣲ مِّنَ ٱللَّهِ وَسَيِّدࣰا وَحَصُورࣰا وَنَبِيࣰّا مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ

Содан бір күні Зәкәрия михрабта намаз оқып тұрғанда, періштелер оған былай деп үн қатты: «Алла сені Яхиямен сүйіншілеуде, ол Алладан келетін бір Сөзді (яғни Исаны) растайды һәм ізгі жандардың мырзасы, (нәпсіге әсте бой алдырмайтын) асқан тақуа әрі пайғамбар болады».

40

قَالَ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَٰمࣱ وَقَدْ بَلَغَنِيَ ٱلْكِبَرُ وَٱمْرَأَتِي عَاقِرࣱۖ قَالَ كَذَٰلِكَ ٱللَّهُ يَفْعَلُ مَا يَشَآءُ

Сонда ол (таңданысын жасыра алмай): «Уа, Раббым! Мен қалайша ұл сүймекпін?! Өзім қартайдым, ал жұбайым болса бедеу», – деді. Сол кезде періштелер: «Алланың жазуы солай. Ол қалағанын істейді», – деп айтты.

41

قَالَ رَبِّ ٱجْعَل لِّيٓ ءَايَةࣰۖ قَالَ ءَايَتُكَ أَلَّا تُكَلِّمَ ٱلنَّاسَ ثَلَٰثَةَ أَيَّامٍ إِلَّا رَمْزࣰاۗ وَٱذْكُر رَّبَّكَ كَثِيرࣰا وَسَبِّحْ بِٱلْعَشِيِّ وَٱلْإِبْكَٰرِ

Ол: «Уа, Раббым! Маған (ұлды болатыныма қатысты) бір нышан бере көр!» – деді. Алла: «Сенің нышаның – ишара қылып, ымдап түсініскенің болмаса, үш күн бойы адамдармен мүлдем тілдесе алмай қаласың. Ендеше, Раббыңды жиі еске алып, ертелі-кеш «Сен мінсізсің, кемшілік атаулыдан адасың» деп, ұлықтаумен бол», – деп айтты.

42

وَإِذْ قَالَتِ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ يَٰمَرْيَمُ إِنَّ ٱللَّهَ ٱصْطَفَىٰكِ وَطَهَّرَكِ وَٱصْطَفَىٰكِ عَلَىٰ نِسَآءِ ٱلْعَٰلَمِينَ

Бірде періштелер: «Уа, Мәриям! Шүбәсіз, Алла сені арнайы таңдады һәм сені (күнәдан, кемшілік атаулыдан) пәк қылды. Сондай-ақ мерейіңді күллі әлемдегі әйел атаулыдан үстем етті».

43

يَٰمَرْيَمُ ٱقْنُتِي لِرَبِّكِ وَٱسْجُدِي وَٱرْكَعِي مَعَ ٱلرَّٰكِعِينَ

«Уа, Мәриям! Ендеше, Раббыңның алдында барынша кішірейіп құлдық ұр, сәждеге бас қой һәм алдында бас иіп рукуғ жасаушылармен бірге сен де рукуғ жаса», – деп айтты.

44

ذَٰلِكَ مِنْ أَنۢبَآءِ ٱلْغَيْبِ نُوحِيهِ إِلَيْكَۚ وَمَا كُنتَ لَدَيْهِمْ إِذْ يُلْقُونَ أَقْلَٰمَهُمْ أَيُّهُمْ يَكْفُلُ مَرْيَمَ وَمَا كُنتَ لَدَيْهِمْ إِذْ يَخْتَصِمُونَ

(Уа, Расулым!) Міне, бұлар (сен бұрын-соңды естіп, білмеген) ғайыптан хабарлар, оны саған уахи жолымен жеткізудеміз. Әйтпесе олар Мәриямды қайсымыз қамқорлыққа аламыз деп, қаламдарын лақтырып, жеребе тастап жатқанда, сен олардың қасында емес едің. Сондай-ақ олар (Мәриямға қамқоршы болу мәселесінде) өзара таласып жатқанда да қастарында емес едің.

45

إِذْ قَالَتِ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ يَٰمَرْيَمُ إِنَّ ٱللَّهَ يُبَشِّرُكِ بِكَلِمَةࣲ مِّنْهُ ٱسْمُهُ ٱلْمَسِيحُ عِيسَى ٱبْنُ مَرْيَمَ وَجِيهࣰا فِي ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةِ وَمِنَ ٱلْمُقَرَّبِينَ

Бір күні періштелер: «Уа, Мәриям! Шүбәсіз, Алла сені Өз тарапынан келетін бір Сөзбен (нәрестемен) сүйіншілейді. Аты – Мәсіх Мәриямұлы Иса. Ол бұл дүниеде де, ақиретте де аса беделді һәм Аллаға ең жақын жандардың бірі болады».

46

وَيُكَلِّمُ ٱلنَّاسَ فِي ٱلْمَهْدِ وَكَهْلࣰا وَمِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ

«Сондай-ақ ол бесікте де, ересек-егде шағында да адамдармен тілдеседі әрі ізгі жандардың бірі болады», – деп айтты.

47

قَالَتْ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي وَلَدࣱ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرࣱۖ قَالَ كَذَٰلِكِ ٱللَّهُ يَخْلُقُ مَا يَشَآءُۚ إِذَا قَضَىٰٓ أَمْرࣰا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ

Сол кезде Мәриям (таңырқап): «Уа, Раббым! Мен қалайша бала көтермекпін, маған бірде-бір (ер) адамның қолы тиген емес?!» – дегенде, (Алланың атынан сөйлеп тұрған Рух): «Алланың жазуы солай, Ол (шексіз құдіретімен) қалағанын жаратады. Ол бір істің (бір нәрсенің) болуын үкім қылса, оған тек «бол» дейді, сонда ол бірден болады», – деп айтты.

48

وَيُعَلِّمُهُ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْحِكْمَةَ وَٱلتَّوْرَىٰةَ وَٱلْإِنجِيلَ

(Алла) оған Кітап пен хикметті, Тәуратты және Інжілді үйретеді.

49

وَرَسُولًا إِلَىٰ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ أَنِّي قَدْ جِئْتُكُم بِـَٔايَةࣲ مِّن رَّبِّكُمْ أَنِّيٓ أَخْلُقُ لَكُم مِّنَ ٱلطِّينِ كَهَيْـَٔةِ ٱلطَّيْرِ فَأَنفُخُ فِيهِ فَيَكُونُ طَيْرَۢا بِإِذْنِ ٱللَّهِۖ وَأُبْرِئُ ٱلْأَكْمَهَ وَٱلْأَبْرَصَ وَأُحْيِ ٱلْمَوْتَىٰ بِإِذْنِ ٱللَّهِۖ وَأُنَبِّئُكُم بِمَا تَأْكُلُونَ وَمَا تَدَّخِرُونَ فِي بُيُوتِكُمْۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لَّكُمْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

Һәм оны Исрайыл ұрпақтарына елші етіп жібереді, (Сонда ол қауымына): «Шүбәсіз, мен сендерге Раббыларың тарапынан (хақ пайғамбар екенімді көрсететін) анық белгімен (мұғжизамен) келдім. Мен сендерге батпақтан құстың бейнесіне ұқсас мүсін жасаймын да, содан соң оның ішіне үрлеймін, сонда ол Алланың қалауымен бірден тірі құсқа айналады. Сондай-ақ Алланың рұқсатымен тумысынан көрсоқыр болған адам мен алапесті құлан таза айықтырамын және өлілерді тірілтемін. Һәм де үйлеріңде не ішіп-жеп отырғандарыңды және не жиып жүргендеріңді өздеріңе түгелдей айтып беремін. Егер шынымен мүмін болсаңдар, шүбәсіз, бұлардың бәрінде сендерге (менің хақ пайғамбар екенімді көресетін) айқын дәлел бар».

50

وَمُصَدِّقࣰا لِّمَا بَيْنَ يَدَيَّ مِنَ ٱلتَّوْرَىٰةِ وَلِأُحِلَّ لَكُم بَعْضَ ٱلَّذِي حُرِّمَ عَلَيْكُمْۚ وَجِئْتُكُم بِـَٔايَةࣲ مِّن رَّبِّكُمْ فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ

«Сондай-ақ мен алдымдағы Тәуратты растаушы ретінде әрі бұрынырақта сендерге харам қылынған нәрселердің кейбірін адал ету үшін келдім. Шүбәсіз, мен сендерге (құр қол келмедім), Раббыларың тарапынан (өзімнің хақ пайғамбар екенімді көрсететін) анық дәлелмен (мұғжизамен) келдім. Ендеше, Аллаға қарсы келіп, асы болудан барынша сақтаныңдар әрі маған толық бағыныңдар».

51

إِنَّ ٱللَّهَ رَبِّي وَرَبُّكُمْ فَٱعْبُدُوهُۚ هَٰذَا صِرَٰطࣱ مُّسْتَقِيمࣱ

«Шүбәсіз, Алла менің де, сендердің де Раббыларың. Олай болса, Оған қалтқысыз құлшылық етіңдер, нағыз тура жол – осы», – деп айтады.

52

۞فَلَمَّآ أَحَسَّ عِيسَىٰ مِنْهُمُ ٱلْكُفْرَ قَالَ مَنْ أَنصَارِيٓ إِلَى ٱللَّهِۖ قَالَ ٱلْحَوَارِيُّونَ نَحْنُ أَنصَارُ ٱللَّهِ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَٱشْهَدْ بِأَنَّا مُسْلِمُونَ

Иса олардың шектен шыққан күпірлігін (тіпті өзіне қарсы қастандық ойлағанын) сезгенде, «Аллаға барар жолда маған қолдау көрсететін кім бар?!» – деп (жарияға жар салды). Сол кезде хауарилер: «Біз бармыз, біз Алланың (ақ жолының) қолдаушыларымыз», – дегеннен кейін: «Біз бір Аллаға иман келтірдік. (Уа, Иса!) Біздің Аллаға қалтқысыз мойынсұнған мұсылман екенімізге сен де куә бол!» – деп айтады.

53

رَبَّنَآ ءَامَنَّا بِمَآ أَنزَلْتَ وَٱتَّبَعْنَا ٱلرَّسُولَ فَٱكْتُبْنَا مَعَ ٱلشَّٰهِدِينَ

Сондай-ақ олар: «Уа, Раббымыз! Түсірген (кітабыңа) иман келтірдік және елшіңнің соңынан ердік. Бізді (Өзің түсірген кітаптың, жіберген елшіңнің хақ екендігіне) куә болушылардың қатарына жазғайсың», – деп жалбарынды.

54

وَمَكَرُوا۟ وَمَكَرَ ٱللَّهُۖ وَٱللَّهُ خَيْرُ ٱلْمَٰكِرِينَ

Олар (яғни күпірлікте қасарысқан яһудилер Исаға) қастық ойлап, тұзақ құрды. Алла тағала болса, Өз қалауын жүзеге асырды (яғни олардың құрған тұзақтарын түкке тұрғысыз етіп, тиісті сазайларын берді). Алла тек жақсылыққа негізделген Өз қалауын жүзеге асырушы (яғни мүмін құлдарына қарсы тұзақ құрғандарды өздері құрған тұзаққа түсіруші).

55

إِذْ قَالَ ٱللَّهُ يَٰعِيسَىٰٓ إِنِّي مُتَوَفِّيكَ وَرَافِعُكَ إِلَيَّ وَمُطَهِّرُكَ مِنَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَجَاعِلُ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوكَ فَوْقَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِۖ ثُمَّ إِلَيَّ مَرْجِعُكُمْ فَأَحْكُمُ بَيْنَكُمْ فِيمَا كُنتُمْ فِيهِ تَخْتَلِفُونَ

Сол кезде Алла: «Уа, Иса! (Сенің пайғамбарлық міндетің аяқталды), енді сені бақиға аттандырамын. Сені Өз дәргейіме көтеріп әкетемін һәм күпірлік қылғандардан құтқарып, кінәсіз, пәк екеніңді паш етемін. Сондай-ақ қиямет-қайымға дейін соңыңнан ергендердің мерейін күпірлікте қасарысқандардан үстем етемін. Содан кейін бәрің Маған қайтасыңдар. Сонда фәниде бір-біріңмен таласып-тартысқан мәселелеріңе қатысты Өзім билік айтып, кесімді үкім шығарамын», – деп айтты.

56

فَأَمَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فَأُعَذِّبُهُمْ عَذَابࣰا شَدِيدࣰا فِي ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةِ وَمَا لَهُم مِّن نَّٰصِرِينَ

«Ал күпірлік қылғандарға келсек, оларды дүниеде һәм ақиретте ауыр азаппен жазалаймын. Сонда олардың (азаптан құтқаратын) бірде-бір жанашыр медеткері болмайды».

57

وَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فَيُوَفِّيهِمْ أُجُورَهُمْۗ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ ٱلظَّٰلِمِينَ

Ал иман келтіріп, игілікті істер атқарғандар болса, (Алла) олардың қарымын толық қайтарады. Алла (аяттарын жоққа шығарып, күпірлік қылған һәм өзгелерді Өзіне серік етіп қосқан) залымдарды жақсы көрмейді.

58

ذَٰلِكَ نَتْلُوهُ عَلَيْكَ مِنَ ٱلْـَٔايَٰتِ وَٱلذِّكْرِ ٱلْحَكِيمِ

(Уа, Мұхаммед!): Міне, осынау ақиқаттарды саған аяттардан және хикметке толы Құраннан оқып берудеміз.

59

إِنَّ مَثَلَ عِيسَىٰ عِندَ ٱللَّهِ كَمَثَلِ ءَادَمَۖ خَلَقَهُۥ مِن تُرَابࣲ ثُمَّ قَالَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ

Шынында, Алланың алдында (дүниеге келу тұрғысынан) Исаның мысалы Адамға ұқсайды. Алла оны (яғни Адамды ер мен әйелдің қатысынсыз) топырақтан жаратты, содан кейін оған (рух үрлеп) «Бол!» дегенде, бірден бола қалды.

60

ٱلْحَقُّ مِن رَّبِّكَ فَلَا تَكُن مِّنَ ٱلْمُمْتَرِينَ

Ақиқат (тек қана) Раббыңнан келеді, (бұл да Раббыңнан келген ақиқат) ендеше, күмәншілдер қатарына қосылма!

61

فَمَنْ حَآجَّكَ فِيهِ مِنۢ بَعْدِ مَا جَآءَكَ مِنَ ٱلْعِلْمِ فَقُلْ تَعَالَوْا۟ نَدْعُ أَبْنَآءَنَا وَأَبْنَآءَكُمْ وَنِسَآءَنَا وَنِسَآءَكُمْ وَأَنفُسَنَا وَأَنفُسَكُمْ ثُمَّ نَبْتَهِلْ فَنَجْعَل لَّعْنَتَ ٱللَّهِ عَلَى ٱلْكَٰذِبِينَ

Өзіңе осынау хақ ілім жеткеннен кейін, кімде-кім сенімен (Иса жайлы) сөз таластыратын болса, ондайларға: «Қане келіңдер! Біз өз балаларымызды, сендер өз балаларыңды, біз өз әйелдерімізді, сендер де өз әйелдеріңді, сондай-ақ біз өзімізді, сендер де өздеріңді бір жерге шақырайық, содан кейін бәріміз бірауыздан шын көңілден Аллаға жалбарынайық, сөйтіп, Алланың лағынеті өтірікші кәззаптарға жаусын деп қарғыс айтайық», – де.

62

إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلْقَصَصُ ٱلْحَقُّۚ وَمَا مِنْ إِلَٰهٍ إِلَّا ٱللَّهُۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ

Міне, (Исаға қатысты) ақиқат осы. Алладан басқа тәңір жоқ. Шүбәсіз, Алла – Азиз (ұлық, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімі талай хикметке толы болған асқан даналық иесі).

63

فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَإِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِٱلْمُفْسِدِينَ

Егер олар (ақиқатты мойындамай) сырт айналып кете барса, шүбәсіз, Алла ондай бүлікшіл бұзғындарды жақсы біледі.

64

قُلْ يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ تَعَالَوْا۟ إِلَىٰ كَلِمَةࣲ سَوَآءِۭ بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ أَلَّا نَعْبُدَ إِلَّا ٱللَّهَ وَلَا نُشْرِكَ بِهِۦ شَيْـࣰٔا وَلَا يَتَّخِذَ بَعْضُنَا بَعْضًا أَرْبَابࣰا مِّن دُونِ ٱللَّهِۚ فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَقُولُوا۟ ٱشْهَدُوا۟ بِأَنَّا مُسْلِمُونَ

(Уа, Мұхаммед! Оларға): «Уа, кітап иелері! Қане, бізге де, сендерге де ортақ болған арамыздағы мына сөзге келейік: Алладан басқа ешкімге табынбайық және Оған ешкімді һәм еш нәрсені серік етіп қоспайық. Сондай-ақ Алланы ұмытып, бір-бірімізді тәңір тұтпайық», – деп айт. Егер олар (бұл үндеуге құлақ аспай) сырт айналып кете барса, онда: «Ендеше, куә болыңдар! Шүбәсіз, біз (Аллаға қалтқысыз мойынсұнған) мұсылманбыз», – деп айтыңдар.

65

يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ لِمَ تُحَآجُّونَ فِيٓ إِبْرَٰهِيمَ وَمَآ أُنزِلَتِ ٱلتَّوْرَىٰةُ وَٱلْإِنجِيلُ إِلَّا مِنۢ بَعْدِهِۦٓۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

Уа, кітап иелері! Сендер неліктен Ибраһим пайғамбар жайында (ол яһуди еді немесе христиан еді деп) дауласасыңдар? (Өздерің де білетіндей) Тәурат та, Інжіл де одан кейін түсірілген. Сәл де болса ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!

66

هَٰٓأَنتُمْ هَٰٓؤُلَآءِ حَٰجَجْتُمْ فِيمَا لَكُم بِهِۦ عِلْمࣱ فَلِمَ تُحَآجُّونَ فِيمَا لَيْسَ لَكُم بِهِۦ عِلْمࣱۚ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ

Мақұл, өздерің азды-көпті білетін мәселе (Иса) хақында дауластыңдар делік. Ал енді өздерің жарытып білмейтін мәселе (яғни Ибраһим) жайында неге сөз таластырасыңдар?! Анығында, ақиқатты бір Алла біледі, сендер білмейсіңдер.

67

مَا كَانَ إِبْرَٰهِيمُ يَهُودِيࣰّا وَلَا نَصْرَانِيࣰّا وَلَٰكِن كَانَ حَنِيفࣰا مُّسْلِمࣰا وَمَا كَانَ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ

Шынында Ибраһим яһуди де, христиан да болған емес. Ол жалған сенімдерден іргесін аулақ салып, бір Аллаға ғана сиынып, қалтқысыз мойынсұнған шын мұсылман еді. Сондай-ақ ол мүшріктерден де емес еді.

68

إِنَّ أَوْلَى ٱلنَّاسِ بِإِبْرَٰهِيمَ لَلَّذِينَ ٱتَّبَعُوهُ وَهَٰذَا ٱلنَّبِيُّ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ۗ وَٱللَّهُ وَلِيُّ ٱلْمُؤْمِنِينَ

Шынында, адамдар арасында Ибраһимге ең жақын болғандар – оның соңынан ергендер, мына аса қадірлі пайғамбар және маңайындағы иман келтіргендер. Алла – мүміндердің жанашыр досы.

69

وَدَّت طَّآئِفَةࣱ مِّنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ لَوْ يُضِلُّونَكُمْ وَمَا يُضِلُّونَ إِلَّآ أَنفُسَهُمْ وَمَا يَشْعُرُونَ

Кітап иелерінің арасындағы бір топ сендерді ақиқаттан адастырып, тура жолдан тайдырғысы келеді. Шынтуайтында, олар өз-өздерін ғана адастыруда һәм соның парқына да бармауда.

70

يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ لِمَ تَكْفُرُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَأَنتُمْ تَشْهَدُونَ

Уа, кітап иелері! (Қолдарыңдағы кітаптан) хақ екенін көріп тұрып, неліктен Алланың аяттарын (елден) жасырасыңдар һәм мойындамай күпірлік қыласыңдар?!

71

يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ لِمَ تَلْبِسُونَ ٱلْحَقَّ بِٱلْبَٰطِلِ وَتَكْتُمُونَ ٱلْحَقَّ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ

Уа, кітап иелері! Неліктен біліп тұрып, ақиқат пен жалғанды араластырасыңдар және ақиқатты жасырасыңдар?!

72

وَقَالَت طَّآئِفَةࣱ مِّنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ ءَامِنُوا۟ بِٱلَّذِيٓ أُنزِلَ عَلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَجْهَ ٱلنَّهَارِ وَٱكْفُرُوٓا۟ ءَاخِرَهُۥ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ

Кітап иелерінен (яһудилерден) бір топ бір-біріне: «Иман келтіргендерге түсірілген кітапқа таңертең (сырттай болса да) иман келтіріңдер және кешке қарай күпірліктеріңді паш етіңдер. Бәлкім, сонда олар (күмәнға бой алдырып қайтадан бұрынғы діндеріне) қайтар».

73

وَلَا تُؤْمِنُوٓا۟ إِلَّا لِمَن تَبِعَ دِينَكُمْ قُلْ إِنَّ ٱلْهُدَىٰ هُدَى ٱللَّهِ أَن يُؤْتَىٰٓ أَحَدࣱ مِّثْلَ مَآ أُوتِيتُمْ أَوْ يُحَآجُّوكُمْ عِندَ رَبِّكُمْۗ قُلْ إِنَّ ٱلْفَضْلَ بِيَدِ ٱللَّهِ يُؤْتِيهِ مَن يَشَآءُۗ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمࣱ

«Сондай-ақ өз діндеріңді ұстанған адамнан өзге ешкімге иланбаңдар», – десті. (Уа, Мұхаммед!): «Шүбәсіз, нағыз тура жол – Алланың жолы», – деп айт. Сондай-ақ олар бір-біріне: «Сендерге берілген уахидың басқа біреуге де берілгендігіне немесе Раббыларыңның алдында мұсылмандардың сендерге қарсы дәлелді уәж айтып дауласатынына (тіпті, сендерді тұқыртып, сөзден жығатынына) сенбеңдер», – деседі. Оларға: «Шүбәсіз, бар жақсылық бір Алланың иелігінде, оны қалағанына нәсіп етеді. Алла – Уасиғ (кең жаратылыс атаулының бәрін шексіз шарапатына бөлеуші, құлдарына кеңшілік жасаушы) һәм Алим (кімнің не нәрсеге лайықты екенін бәрінен де жақсы білетін шексіз ілім иесі)».

74

يَخْتَصُّ بِرَحْمَتِهِۦ مَن يَشَآءُۗ وَٱللَّهُ ذُو ٱلْفَضْلِ ٱلْعَظِيمِ

«Өзінің мейірімін (һәм де уахи, пайғамбарлық сынды ерекше нығметтерін) қалаған құлына ғана арнайы нәсіп етеді. Алла – зор жақсылық, шексіз шарапат иесі», – деп айт.

75

۞وَمِنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ مَنْ إِن تَأْمَنْهُ بِقِنطَارࣲ يُؤَدِّهِۦٓ إِلَيْكَ وَمِنْهُم مَّنْ إِن تَأْمَنْهُ بِدِينَارࣲ لَّا يُؤَدِّهِۦٓ إِلَيْكَ إِلَّا مَا دُمْتَ عَلَيْهِ قَآئِمࣰاۗ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوا۟ لَيْسَ عَلَيْنَا فِي ٱلْأُمِّيِّـۧنَ سَبِيلࣱ وَيَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلْكَذِبَ وَهُمْ يَعْلَمُونَ

Кітап иелерінің арасында мол қазына-мүлікті аманат етіп тапсырсаң, оны өзіңе толық қайтарып беретіндер бар. Сондай-ақ бір динардың өзін аманат етіп тапсырсаң, қыр соңынан қалмай қадалып қайта-қайта сұрамайынша, оны өзіңе қайтармайтындар да бар. Мұның себебі – олардың «Надандарға (яғни, кітап иелерінен өзгелерге) не істесек те, күнә арқаламаймыз» деп айтуы. Олар біліп тұрып, Аллаға өтірік таңады (яғни Алла тағала бізбен ниеттес болмағандарға қиянаттың қай түрін болмасын істеуге рұқсат етті деп өтірік айтады).

76

بَلَىٰۚ مَنْ أَوْفَىٰ بِعَهْدِهِۦ وَٱتَّقَىٰ فَإِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُتَّقِينَ

Жоқ, олай емес. Кімде-кім (кімге болсын) берген уәдесінде тұрса және (қай мәселеде болмасын) Аллаға қарсы келіп, асы болудан сақтанса, біліп қойыңдар, Алла (ондай) тақуа құлдарын жақсы көреді.

77

إِنَّ ٱلَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ ٱللَّهِ وَأَيْمَٰنِهِمْ ثَمَنࣰا قَلِيلًا أُو۟لَٰٓئِكَ لَا خَلَٰقَ لَهُمْ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ وَلَا يُكَلِّمُهُمُ ٱللَّهُ وَلَا يَنظُرُ إِلَيْهِمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ وَلَا يُزَكِّيهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ

Аллаға берген уәделерін және ішкен ант-суларын арзан бағаға сатып, болмашы пайда үшін бұзғандардың (сауап тұрғысынан) ақиретте алар ешбір нәсібі жоқ. Қиямет күні Алла тағала олармен мүлдем сөйлеспейді, оларға (мейіріммен) қарамайды және (күнәларынан) тазартпайды. Олар үшін (о дүниеде) жан төзгісіз азап бар.

78

وَإِنَّ مِنْهُمْ لَفَرِيقࣰا يَلْوُۥنَ أَلْسِنَتَهُم بِٱلْكِتَٰبِ لِتَحْسَبُوهُ مِنَ ٱلْكِتَٰبِ وَمَا هُوَ مِنَ ٱلْكِتَٰبِ وَيَقُولُونَ هُوَ مِنْ عِندِ ٱللَّهِ وَمَا هُوَ مِنْ عِندِ ٱللَّهِۖ وَيَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلْكَذِبَ وَهُمْ يَعْلَمُونَ

Олардың (яғни яһудилердің) ішіндегі бір топ кітапта жоқ нәрсені бар екен деп ойлап қалуларың үшін, Тәуратты оқығанда, тілдерін шайнап (кей сөздерді бұрмалап оқиды) һәм «бұл Алладан келген (уахи)», – дейді. Асылында, ол Алладан келген (уахи) емес. Олар біліп тұрып, Аллаға өтірік таңады.

79

مَا كَانَ لِبَشَرٍ أَن يُؤْتِيَهُ ٱللَّهُ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْحُكْمَ وَٱلنُّبُوَّةَ ثُمَّ يَقُولَ لِلنَّاسِ كُونُوا۟ عِبَادࣰا لِّي مِن دُونِ ٱللَّهِ وَلَٰكِن كُونُوا۟ رَبَّٰنِيِّـۧنَ بِمَا كُنتُمْ تُعَلِّمُونَ ٱلْكِتَٰبَ وَبِمَا كُنتُمْ تَدْرُسُونَ

Алла қандайда бір адамға кітап, билік (яғни дұрыс үкім шығара білу қабілеті мен даналық) және пайғамбарлық берген болса, содан кейін оның ел-жұртқа: «Аллаға емес, маған құл болыңдар», – деп айтуы мүмкін емес. Керісінше, ол ел-жұртқа: «Өзгелерге үйретіп, өздерің де зерделеп оқып жүрген осынау кітаптың арқасында раббани (яғни Алланың шынайы һәм ықыласты құлдары) болыңдар», – деп айтады.

80

وَلَا يَأْمُرَكُمْ أَن تَتَّخِذُوا۟ ٱلْمَلَٰٓئِكَةَ وَٱلنَّبِيِّـۧنَ أَرْبَابًاۚ أَيَأْمُرُكُم بِٱلْكُفْرِ بَعْدَ إِذْ أَنتُم مُّسْلِمُونَ

Сондай-ақ ол сендерге: «Періштелер мен пайғамбарларды тәңір тұтыңдар», – деп те бұйырмайды. Сендер Аллаға толық мойынсұнып, мұсылман болғаннан кейін пайғамбарларың сендерге кәпір болыңдар деп бұйыра ма (бұл ақылға сыймайды)?!

81

وَإِذْ أَخَذَ ٱللَّهُ مِيثَٰقَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ لَمَآ ءَاتَيْتُكُم مِّن كِتَٰبࣲ وَحِكْمَةࣲ ثُمَّ جَآءَكُمْ رَسُولࣱ مُّصَدِّقࣱ لِّمَا مَعَكُمْ لَتُؤْمِنُنَّ بِهِۦ وَلَتَنصُرُنَّهُۥۚ قَالَ ءَأَقْرَرْتُمْ وَأَخَذْتُمْ عَلَىٰ ذَٰلِكُمْ إِصْرِيۖ قَالُوٓا۟ أَقْرَرْنَاۚ قَالَ فَٱشْهَدُوا۟ وَأَنَا۠ مَعَكُم مِّنَ ٱلشَّٰهِدِينَ

(Уа, кітап иелері!) Алла тағала кезінде бүкіл пайғамбарларға: «Сендерге кітап һәм хикмет бердім. Ендеше, өздеріңнен кейін қолдарыңдағы кітапты растаушы пайғамбар келсе, онда оған міндетті түрде иман келтіріп, қолдау көрсетесіңдер», – деп олардан уәде алған еді. Алла пайғамбарларға: «Мұны қабылдайсыңдар ма? Осынау ауыр тапсырмамды (қалтқысыз орындауды) мойындарыңа аласыңдар ма?» – дегенде, олар: «Қабылдаймыз, мойнымызға аламыз», – деп жауап берді. Сонда Алла: «Ендеше, (бұл сөздеріңе) өздерің куә болыңдар (һәм қауымдарың да куә болсын), Мен де сендер сияқты куә боламын», – деп айтты.

82

فَمَن تَوَلَّىٰ بَعْدَ ذَٰلِكَ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْفَٰسِقُونَ

Ал енді кімде-кім бұдан кейін уәдесінен тайып сырт айналса, олар – діннен безген күнәһарлар.

83

أَفَغَيْرَ دِينِ ٱللَّهِ يَبْغُونَ وَلَهُۥٓ أَسْلَمَ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ طَوْعࣰا وَكَرْهࣰا وَإِلَيْهِ يُرْجَعُونَ

Жоқ әлде, күллі аспан әлеміндегі және жердегі жаратылыс атаулының бәрі ерікті һәм еріксіз түрде Аллаға тәсілім болып, бірінен кейін бірі Оған қайтарылып жатқанда, олар Алланың дінінен басқа дін іздеуде ме?!

84

قُلْ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَمَآ أُنزِلَ عَلَيْنَا وَمَآ أُنزِلَ عَلَىٰٓ إِبْرَٰهِيمَ وَإِسْمَٰعِيلَ وَإِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَ وَٱلْأَسْبَاطِ وَمَآ أُوتِيَ مُوسَىٰ وَعِيسَىٰ وَٱلنَّبِيُّونَ مِن رَّبِّهِمْ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدࣲ مِّنْهُمْ وَنَحْنُ لَهُۥ مُسْلِمُونَ

(Оларға): «Біз Аллаға иман келтірдік, бізге түсірілген уахиге және Ибраһимге, Исмайылға, Исхаққа, Яқубқа һәм оның нәсілінен шыққан пайғамбарларға түсірілген, сондай-ақ Мұса мен Исаға берілген және барлық пайғамбарларға Раббыларынан түскен иләһи кітаптарға иман келтірдік. (Иман ету мәселесінде) олардың ешбірін бөліп-жармаймыз. Біз бір Аллаға ғана мойынсұнған мұсылманбыз», – деп айт.

85

وَمَن يَبْتَغِ غَيْرَ ٱلْإِسْلَٰمِ دِينࣰا فَلَن يُقْبَلَ مِنْهُ وَهُوَ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ مِنَ ٱلْخَٰسِرِينَ

Кімде-кім Исламнан басқа бір дін іздесе, (біліп қойсын), ол дін әсте қабыл болмайды. Сөйтіп, ол ақиретте зиян шегетіндердің қатарында болады.

86

كَيْفَ يَهْدِي ٱللَّهُ قَوْمࣰا كَفَرُوا۟ بَعْدَ إِيمَٰنِهِمْ وَشَهِدُوٓا۟ أَنَّ ٱلرَّسُولَ حَقࣱّ وَجَآءَهُمُ ٱلْبَيِّنَٰتُۚ وَٱللَّهُ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلظَّٰلِمِينَ

Иман келтіріп, пайғамбардың хақ екеніне куә болғаннан соң, сондай-ақ анық дәлелдер (мұғжизалар) келгеннен кейін күпірлікке ұрынған қауымды Алла тура жолға қалай салмақ?! Алла (күпірлікте қасарысып өз-өзіне қиянат жасаған) залым қауымды әсте тура жолға салмайды.

87

أُو۟لَٰٓئِكَ جَزَآؤُهُمْ أَنَّ عَلَيْهِمْ لَعْنَةَ ٱللَّهِ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةِ وَٱلنَّاسِ أَجْمَعِينَ

Олардың сазайы – Алланың, періштелердің және күллі адамзаттың қарғысына ұшырау.

88

خَٰلِدِينَ فِيهَا لَا يُخَفَّفُ عَنْهُمُ ٱلْعَذَابُ وَلَا هُمْ يُنظَرُونَ

Олар мәңгі-бақи сол лағынеттің астында қалады. Олардың азабы әсте жеңілдетілмейді һәм оларға ешкім көз қиығын да салмайды (яғни рақым назарын салмайды, жанашырлықпен қарамайды).

89

إِلَّا ٱلَّذِينَ تَابُوا۟ مِنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَ وَأَصْلَحُوا۟ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمٌ

Алайда содан кейін тәубе етіп, (күпірлік пен күнә атаулыдан толық арылып) түзелгендердің жөні бөлек. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

90

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بَعْدَ إِيمَٰنِهِمْ ثُمَّ ٱزْدَادُوا۟ كُفْرࣰا لَّن تُقْبَلَ تَوْبَتُهُمْ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلضَّآلُّونَ

Ал иман келтіргеннен кейін күпірлік қылғандардың һәм күпірлікте қасарысып, одан сайын азғындыққа салынғандардың тәубесі қабыл болмайды. Олар – нағыз адасқандар.

91

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَمَاتُوا۟ وَهُمْ كُفَّارࣱ فَلَن يُقْبَلَ مِنْ أَحَدِهِم مِّلْءُ ٱلْأَرْضِ ذَهَبࣰا وَلَوِ ٱفْتَدَىٰ بِهِۦٓۗ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ وَمَا لَهُم مِّن نَّٰصِرِينَ

Шүбәсіз, (өмірінің соңына дейін) күпірлікте қасарысып, сол күйі кәпір болып өлгендердің әрқайсысы азаптан құтылу үшін жер беті толы алтын берсе де, олардың ешбірінен (ондай төлем) қабыл болмайды. Міне, соларға жан төзгісіз азап бар һәм оларға қол ұшын беретін медеткер де болмайды.

92

لَن تَنَالُوا۟ ٱلْبِرَّ حَتَّىٰ تُنفِقُوا۟ مِمَّا تُحِبُّونَۚ وَمَا تُنفِقُوا۟ مِن شَيْءࣲ فَإِنَّ ٱللَّهَ بِهِۦ عَلِيمࣱ

Жақсы көрген мал-дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілік пен кемелдікке қол жеткізе алмайсыңдар. Сондай-ақ қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, Алла оны біледі.

93

۞كُلُّ ٱلطَّعَامِ كَانَ حِلࣰّا لِّبَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ إِلَّا مَا حَرَّمَ إِسْرَٰٓءِيلُ عَلَىٰ نَفْسِهِۦ مِن قَبْلِ أَن تُنَزَّلَ ٱلتَّوْرَىٰةُۚ قُلْ فَأْتُوا۟ بِٱلتَّوْرَىٰةِ فَٱتْلُوهَآ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

Тәурат түсірілмей тұрып, Исрайылдың (яғни Яқуб пайғамбардың) өз-өзіне харам еткенінен өзге (Құранда адал етілген) ішіп-жем атаулының барлығы Исрайыл ұрпақтарына адал болған. Ендеше, оларға: «(Тәуратта мансұқ болған аяттар жоқ деген) сөздерің рас болса, онда Тәуратты әкеліңдер де оқыңдар!» – деп айт.

94

فَمَنِ ٱفْتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ ٱلْكَذِبَ مِنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلظَّٰلِمُونَ

Ал енді бұдан былай кімде-кім өз ойынан өтірік айтып, соны Аллаға телитін болса, міне, солар – (Алланың алдында асы болып, өз-өзіне қиянат жасаған) нағыз залымдар.

95

قُلْ صَدَقَ ٱللَّهُۗ فَٱتَّبِعُوا۟ مِلَّةَ إِبْرَٰهِيمَ حَنِيفࣰاۖ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ

(Уа, Мұхаммед! Оларға): «Алланың айтқаны рас. Ендеше, (жалған сенімдерден арылып) пәк жүрек, таза ниетпен бір Аллаға ғана иман келтірген күйде Ибраһимнің хақ дініне кіріңдер. (Өздерің де жақсы білетіндей) ол мүшріктердің қатарында емес еді», – деп айт.

96

إِنَّ أَوَّلَ بَيْتࣲ وُضِعَ لِلنَّاسِ لَلَّذِي بِبَكَّةَ مُبَارَكࣰا وَهُدࣰى لِّلْعَٰلَمِينَ

Шүбәсіз, жер бетінде адамдар үшін (құлшылық орны ретінде) ең алғаш салынған үй – Меккедегі Қағба. Ол – құт-берекенің қайнар көзі, күллі адамзатты тура жолға бастаушы һәм бет бұратын құбыла.

97

فِيهِ ءَايَٰتُۢ بَيِّنَٰتࣱ مَّقَامُ إِبْرَٰهِيمَۖ وَمَن دَخَلَهُۥ كَانَ ءَامِنࣰاۗ وَلِلَّهِ عَلَى ٱلنَّاسِ حِجُّ ٱلْبَيْتِ مَنِ ٱسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلࣰاۚ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ ٱلْعَٰلَمِينَ

Онда (оның қасиеттілігін көрсететін) айқын белгілер мен дәлелдер, соның ішінде, Ибраһимнің (құлшылық еткен) орны бар. Кімде-кім Алланың үйіне кірсе, қауіп-қатерден аман болады. Алланың үйін зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы. Ал кімде-кім күпірлік қылып, қажылықты жоққа шығарса (немесе жағдайы болып, шамасы жетіп тұрып қажылық парызын өтемесе), біліп қойыңдар, Алла ешкімге мұқтаж емес (ешкімнің қажылығына да, басқа құлшылығына да зәру емес), керісінше, бүкіл ғалам Оған мұқтаж.

98

قُلْ يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ لِمَ تَكْفُرُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَٱللَّهُ شَهِيدٌ عَلَىٰ مَا تَعْمَلُونَ

Оларға: «Әй, кітап иелері! Алла не істеп, не қойып жүргендеріңе толық куә болып тұрғанда, неліктен Алланың аяттарын жоққа шығарып күпірлік қыласыңдар?» – деп айт.

99

قُلْ يَٰٓأَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ لِمَ تَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ مَنْ ءَامَنَ تَبْغُونَهَا عِوَجࣰا وَأَنتُمْ شُهَدَآءُۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ

Сондай-ақ оларға: «Уа, кітап иелері! Өздерің ақиқатқа куә бола тұра, неліктен Алланың тура жолын қисық (теріс) етіп көрсетуге тырысып, иман келтіргендерді Алланың хақ жолынан қақпайлайсыңдар. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен бейхабар емес», – деп айт.

100

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِن تُطِيعُوا۟ فَرِيقࣰا مِّنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ يَرُدُّوكُم بَعْدَ إِيمَٰنِكُمْ كَٰفِرِينَ

Уа, иман келтіргендер! Егер кітап иелерінің бір тобының айдағанына жүріп, айтқанына көнетін болсаңдар, онда біліп қойыңдар, олар сендерді иман келтіргеннен кейін кері кетіріп (діннен бездіріп) кәпір қылады.

101

وَكَيْفَ تَكْفُرُونَ وَأَنتُمْ تُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ ءَايَٰتُ ٱللَّهِ وَفِيكُمْ رَسُولُهُۥۗ وَمَن يَعْتَصِم بِٱللَّهِ فَقَدْ هُدِيَ إِلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ

Көз алдарыңда Алланың аяттары оқылып жатқанда һәм араларыңда Алла елшісі жүргенде, қалай ғана (діннен безіп) күпірлік қыласыңдар?! Кімде-кім Аллаға шын көңілден берілсе, шүбәсіз, тура жолға түскені.

102

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ حَقَّ تُقَاتِهِۦ وَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ

Уа, иман келтіргендер! Аллаға қарсы келіп, асы болудан барынша сақтаныңдар һәм (өмір бойы бір Аллаға қалтқысыз мойынсұнып, ажалдарың келгенде де) кәміл мұсылман болып қана жан тапсырыңдар, басқаша өлмеңдер!

103

وَٱعْتَصِمُوا۟ بِحَبْلِ ٱللَّهِ جَمِيعࣰا وَلَا تَفَرَّقُوا۟ۚ وَٱذْكُرُوا۟ نِعْمَتَ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ كُنتُمْ أَعْدَآءࣰ فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُم بِنِعْمَتِهِۦٓ إِخْوَٰنࣰا وَكُنتُمْ عَلَىٰ شَفَا حُفْرَةࣲ مِّنَ ٱلنَّارِ فَأَنقَذَكُم مِّنْهَاۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمْ ءَايَٰتِهِۦ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ

Барлығың да Алланың желісіне (яғни хақ дініне) мықтап жармасыңдар және өзара бөлінбеңдер. Сондай-ақ Алланың өздеріңе (үйіп-төгіп) берген нығметін естеріңе алыңдар. Кезінде біріңе-бірің бітіспес дұшпан едіңдер, ал бүгін Алла тағала жүректеріңді жарастырды. Сөйтіп, Оның (иман, хақ дін Ислам сынды) баға жетпес нығметінің арқасында біріңе-бірің бауыр болдыңдар. Сондай-ақ кезінде сендер тозақ шыңырауының шетінде тұрған едіңдер, алайда Алла сендерді одан сақтады. Сендер тура жолға түссін деп, Алла өзінің аяттарын, осылайша ашық баяндайды.

104

وَلْتَكُن مِّنكُمْ أُمَّةࣱ يَدْعُونَ إِلَى ٱلْخَيْرِ وَيَأْمُرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمُنكَرِۚ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ

(Уа, мүміндер!) Араларыңда (ел-жұртты) ізгілікке шақырып, жақсылықты бұйыратын һәм жамандықтан тыятын бір қауым болсын. Міне, солар – (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткендер.

105

وَلَا تَكُونُوا۟ كَٱلَّذِينَ تَفَرَّقُوا۟ وَٱخْتَلَفُوا۟ مِنۢ بَعْدِ مَا جَآءَهُمُ ٱلْبَيِّنَٰتُۚ وَأُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمࣱ

Өздеріне (ақиқатты көрсететін) анық дәлелдер келгеннен кейін, алауыздықтың кесірінен жік-жікке бөлініп, сан түрлі теріс жолдарға түсіп кеткендер сияқты болмаңдар. Олар үшін алапат азап бар.

106

يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهࣱ وَتَسْوَدُّ وُجُوهࣱۚ فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ٱسْوَدَّتْ وُجُوهُهُمْ أَكَفَرْتُم بَعْدَ إِيمَٰنِكُمْ فَذُوقُوا۟ ٱلْعَذَابَ بِمَا كُنتُمْ تَكْفُرُونَ

Күндердің күнінде біршама жүздер жарқырап, біршамасы қара қошқыл тартады. Сонда жүздері қарайғандарға: «Иманға келгеннен кейін күпірлік қылдыңдар, солай ма? Ендеше, күпірлік қылғандарың үшін мына азапты тартыңдар», – делінеді.

107

وَأَمَّا ٱلَّذِينَ ٱبْيَضَّتْ وُجُوهُهُمْ فَفِي رَحْمَةِ ٱللَّهِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Ал жүздері жарқын болғандар Алланың шексіз мейіріміне бөленіп (жұмаққа кіреді), олар мәңгі-бақи сонда мекендейді.

108

تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱللَّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ بِٱلْحَقِّۗ وَمَا ٱللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمࣰا لِّلْعَٰلَمِينَ

Міне, бұлар – Алланың аяттары. Біз оларды саған титтей де күмән араластырмай ақиқаттың нақ өзі ретінде оқып берудеміз. Алла бірде-бір жаратылысқа, ешкімге қиянат жасауды қаламайды.

109

وَلِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرْجَعُ ٱلْأُمُورُ

Күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрі бір Аллаға тиесілі. Сондай-ақ барлық істер нәтижеде Алланың алдына барады, сөйтіп, Ол қай іске қандай үкім шығарса, сол болады.

110

كُنتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَتُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِۗ وَلَوْ ءَامَنَ أَهْلُ ٱلْكِتَٰبِ لَكَانَ خَيْرࣰا لَّهُمۚ مِّنْهُمُ ٱلْمُؤْمِنُونَ وَأَكْثَرُهُمُ ٱلْفَٰسِقُونَ

(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер (Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер. Үнемі жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан тыясыңдар, Аллаға кәміл сенесіңдер. Егер кітап иелері (де сендер секілді) иман келтірсе, өздері үшін жақсы болар еді. Шүбәсіз, олардың арасында да шынайы мүміндер бар, алайда басым көпшілігі – хақ жолдан адасқан күнәһарлар.

111

لَن يَضُرُّوكُمْ إِلَّآ أَذࣰىۖ وَإِن يُقَٰتِلُوكُمْ يُوَلُّوكُمُ ٱلْأَدْبَارَ ثُمَّ لَا يُنصَرُونَ

Олар тіл тигізіп, ренжіткені болмаса, сендерге ешбір зиян келтіре алмайды. Егер сендермен соғысатын болса, жондарын көрсетіп қашады. Содан соң олар ешкімнен қолдау таппайды.

112

ضُرِبَتْ عَلَيْهِمُ ٱلذِّلَّةُ أَيْنَ مَا ثُقِفُوٓا۟ إِلَّا بِحَبْلࣲ مِّنَ ٱللَّهِ وَحَبْلࣲ مِّنَ ٱلنَّاسِ وَبَآءُو بِغَضَبࣲ مِّنَ ٱللَّهِ وَضُرِبَتْ عَلَيْهِمُ ٱلْمَسْكَنَةُۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَانُوا۟ يَكْفُرُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَيَقْتُلُونَ ٱلْأَنۢبِيَآءَ بِغَيْرِ حَقࣲّۚ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوا۟ وَّكَانُوا۟ يَعْتَدُونَ

Олар (пешенелеріне қорлық мөрі басыл-ғандықтан) қай жерде жүрсе де қорлықтан көз ашпайды. Тек Алла тарапынан қорғауға алынғандарының және мүміндердің қорғауында болғандарының жөні бөлек. Сондай-ақ олар Алланың қаһарына ұшырап, маңдайларына бейшаралық мөрі басылды. Өйткені, олар Алланың аяттарын жоққа шығарып, күпірлік қылатын және пайғамбарларды нақақтан-нақақ өлтіретін еді. Себебі, олар ұдайы (Аллаға) асылық қылатын әрі (күнә және зұлымдық жасауда) шектен шығатын еді.

113

۞لَيْسُوا۟ سَوَآءࣰۗ مِّنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ أُمَّةࣱ قَآئِمَةࣱ يَتْلُونَ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ ءَانَآءَ ٱلَّيْلِ وَهُمْ يَسْجُدُونَ

Әйтсе де, олардың бәрі бірдей емес. Кітап иелерінің арасында да (өздерің секілді иман келтіріп) тура жолға түскен қауым бар. Олар түнімен Алланың аяттарын оқып, сәждеге жығылады.

114

يُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَيَأْمُرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَيُسَٰرِعُونَ فِي ٱلْخَيْرَٰتِۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ

Олар Аллаға һәм ақирет күніне кәміл сенеді һәм (ел-жұртты) жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға тырысады. Сондай-ақ қайырлы, игілікті істерде бір-бірімен жарысады. Міне, солар ізгі жандардың қатарында.

115

وَمَا يَفْعَلُوا۟ مِنْ خَيْرࣲ فَلَن يُكْفَرُوهُۗ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِٱلْمُتَّقِينَ

Олар қандай жақсылық істесе де, (Алланың құзырында) еңбектері еш кетпейді. Алла Өзіне қарсы келіп, асы болудан барынша сақтанған, Өзін лайықты деңгейде, тиісінше ұлықтайтын тақуа жандарды жақсы біледі.

116

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَن تُغْنِيَ عَنْهُمْ أَمْوَٰلُهُمْ وَلَآ أَوْلَٰدُهُم مِّنَ ٱللَّهِ شَيْـࣰٔاۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Күпірлік қылғандардың мал-мүліктері мен бала-шағалары Алланың алдында оларға титтей де пайда бермейді. Олар – тозақтықтар. Олар мәңгі-бақи сонда болады.

117

مَثَلُ مَا يُنفِقُونَ فِي هَٰذِهِ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا كَمَثَلِ رِيحࣲ فِيهَا صِرٌّ أَصَابَتْ حَرْثَ قَوْمࣲ ظَلَمُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ فَأَهْلَكَتْهُۚ وَمَا ظَلَمَهُمُ ٱللَّهُ وَلَٰكِنْ أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ

Олардың бұл дүниеде (ел-жұртқа көз қылып) жұмсаған мал-пұлдарының мысалы, өз-өздеріне қиянат жасап, күнәға батқан қауымның егістігіне тиіп, ойрандап кеткен ызғарлы, дүлей дауыл сияқты. Алла оларға зұлымдық жасамады, керісінше, олар (күнәға батып) өз-өздеріне қиянат жасады.

118

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَتَّخِذُوا۟ بِطَانَةࣰ مِّن دُونِكُمْ لَا يَأْلُونَكُمْ خَبَالࣰا وَدُّوا۟ مَا عَنِتُّمْ قَدْ بَدَتِ ٱلْبَغْضَآءُ مِنْ أَفْوَٰهِهِمْ وَمَا تُخْفِي صُدُورُهُمْ أَكْبَرُۚ قَدْ بَيَّنَّا لَكُمُ ٱلْـَٔايَٰتِۖ إِن كُنتُمْ تَعْقِلُونَ

Уа, иман келтіргендер! Мүміндерден өзгені сырлас дос тұтпаңдар. Өйткені, (қаскөй кәпірлер) сендерге жамандық жасау үшін қолдарынан келгенін аямайды. Сондай-ақ олар сендердің қиындық пен қасіреттен көз ашпағандарыңды қалайды. Көрмейсіңдер ме, сендерге деген дұшпандықтары ауыздарынан төгілуде. Ал іштеріне бүккен қастығы одан бетер. Егер ақылға салып ойланып, (тиісінше әрекет ететін болсаңдар), сендерге анық ақиқаттарды ашық баяндаудамыз.

119

هَٰٓأَنتُمْ أُو۟لَآءِ تُحِبُّونَهُمْ وَلَا يُحِبُّونَكُمْ وَتُؤْمِنُونَ بِٱلْكِتَٰبِ كُلِّهِۦ وَإِذَا لَقُوكُمْ قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا وَإِذَا خَلَوْا۟ عَضُّوا۟ عَلَيْكُمُ ٱلْأَنَامِلَ مِنَ ٱلْغَيْظِۚ قُلْ مُوتُوا۟ بِغَيْظِكُمْۗ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ

Сендер (жүректерің таза, көңілдерің пәк болғандықтан) оларды (дос тұтып) жақсы көресіңдер, алайда олар сендерді жақсы көрмейді. Сондай-ақ сендер иләһи кітаптардың барлығына кәміл сенесіңдер, олар болса, сендермен жолыққанда: «Иман келтірдік», – деп айтады. Ал өздері оңаша қалғанда, сендерге деген ыза-кектен бармағын шайнап, тісін қайрайды. Оларға: «Сол ыза-кектеріңе булығып өліңдер», – деп айт. Шүбәсіз, Алла көкіректердегі сырлардың бәрін біледі.

120

إِن تَمْسَسْكُمْ حَسَنَةࣱ تَسُؤْهُمْ وَإِن تُصِبْكُمْ سَيِّئَةࣱ يَفْرَحُوا۟ بِهَاۖ وَإِن تَصْبِرُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ لَا يَضُرُّكُمْ كَيْدُهُمْ شَيْـًٔاۗ إِنَّ ٱللَّهَ بِمَا يَعْمَلُونَ مُحِيطࣱ

Егер сендер қандай да бір жақсылыққа кенелсеңдер, бұл олардың көңіліне қаяу түсіреді. Ал бастарыңа қандай да бір жамандық келсе, онда олар мәз болып, қуанады. Егер сабырлылық танытсаңдар және (хақ жолдан ауытқымай) тақуалық шеңберінен шықпай әрекет ететін болсаңдар, олардың қулық-сұмдығы мен құрған тұзақтарының сендерге ешқандай да зияны тимейді. Шүбәсіз, Алла олардың істеп жүрген істеріне (шексіз ілімі һәм құдіретімен) құрсау салушы (яғни олардың не істеп, не қойып жүргендерін толық біледі әрі сол істерінің қарымын қайтарады).

121

وَإِذْ غَدَوْتَ مِنْ أَهْلِكَ تُبَوِّئُ ٱلْمُؤْمِنِينَ مَقَٰعِدَ لِلْقِتَالِۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ

(Уа, Мұхаммед!) Сен бір күні таңсәріден үй ішіңді қалдырып, мүміндерді шайқаста бекінетін жерлеріне орналастыру үшін (Ухуд тауына қарай) шыққан едің. Алла – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі).

122

إِذْ هَمَّت طَّآئِفَتَانِ مِنكُمْ أَن تَفْشَلَا وَٱللَّهُ وَلِيُّهُمَاۗ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ ٱلْمُؤْمِنُونَ

Міне, сол кезде араларыңнан екі бірдей жасақ жігерсіздік танытып, кері шегінуге бел буған еді. Олардың қорғаны һәм медеткері Алла еді (алайда олар соған қарамастан жігерсіздік танытты). Мүміндер (қандай жағдайда болмасын) ұдайы бір Аллаға тәуәкел етуі керек.

123

وَلَقَدْ نَصَرَكُمُ ٱللَّهُ بِبَدْرࣲ وَأَنتُمْ أَذِلَّةࣱۖ فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

Шүбәсіз, Ол сендерге (кәпірлермен салыстырғанда) өте аз әрі тым қауқарсыз болған кездеріңде Бәдірде қолдау көрсетіп, жеңіске жеткізген еді. Ендеше, Аллаға қарсы келіп, асы болудан барынша сақтаныңдар, тақуалық шеңберінен шықпаңдар, сонда Оған тиісінше шүкіршілік еткен боласыңдар.

124

إِذْ تَقُولُ لِلْمُؤْمِنِينَ أَلَن يَكْفِيَكُمْ أَن يُمِدَّكُمْ رَبُّكُم بِثَلَٰثَةِ ءَالَٰفࣲ مِّنَ ٱلْمَلَٰٓئِكَةِ مُنزَلِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Сол кезде оларға: «Раббыларың сендерге көктен түсірілетін үш мың періштемен жәрдем беріп, қолдаса жетпей ме?» – деген едің.

125

بَلَىٰٓۚ إِن تَصْبِرُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ وَيَأْتُوكُم مِّن فَوْرِهِمْ هَٰذَا يُمْدِدْكُمْ رَبُّكُم بِخَمْسَةِ ءَالَٰفࣲ مِّنَ ٱلْمَلَٰٓئِكَةِ مُسَوِّمِينَ

Әрине (жетеді), егер сабырлылық танытсаңдар һәм Аллаға қарсы келуден сақтансаңдар, дұшпандарың дәл қазір тұтқиылдан шабуыл жасайтын болса, Раббыларың жауынгерлік нышаны бар бес мың періштемен сендерге жәрдем береді.

126

وَمَا جَعَلَهُ ٱللَّهُ إِلَّا بُشْرَىٰ لَكُمْ وَلِتَطْمَئِنَّ قُلُوبُكُم بِهِۦۗ وَمَا ٱلنَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِندِ ٱللَّهِ ٱلْعَزِيزِ ٱلْحَكِيمِ

Алла бұл жәрдемді сендерге тек сүйінші ретінде һәм сол арқылы жүректерің орнықсын деп көрсеткен еді. Жәрдем мен жеңіс Азиз (ұлы, бәрінен үстем) әрі Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі) Алладан ғана келеді.

127

لِيَقْطَعَ طَرَفࣰا مِّنَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَوْ يَكْبِتَهُمْ فَيَنقَلِبُوا۟ خَآئِبِينَ

Сондай-ақ Алла бұл жәрдемді (бірсыпыра кәпірді өлтіріп, енді бірсыпырасын тұтқынға түсіру арқылы) күпірлік қылғандардың бір тобын жою мақсатында, ал қалғандары түңіліп, сорлап қайтсын деп көрсетті.

128

لَيْسَ لَكَ مِنَ ٱلْأَمْرِ شَيْءٌ أَوْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ أَوْ يُعَذِّبَهُمْ فَإِنَّهُمْ ظَٰلِمُونَ

(Уа, Мұхаммед! Мұның бәрін істеген Алла) Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ. Алла қаласа, оларды тәубеге (иманға) келтіріп, күнәларын кешіреді, қаласа, оларды (күпірлікте қасарысқан) залымдар ретінде азаптайды.

129

وَلِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِۚ يَغْفِرُ لِمَن يَشَآءُ وَيُعَذِّبُ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі жаратылыс атаулының бәрі бір Аллаға тиесілі. Ол қалағанын жарылқап кешіреді, қалағанын азаптайды. Алайда Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе тәубе етіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

130

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَأْكُلُوا۟ ٱلرِّبَوٰٓا۟ أَضْعَٰفࣰا مُّضَٰعَفَةࣰۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

Уа, иман келтіргендер! Пайызды еселеген үстіне еселеп, өсім жемеңдер. Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар. Сонда (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер.

131

وَٱتَّقُوا۟ ٱلنَّارَ ٱلَّتِيٓ أُعِدَّتْ لِلْكَٰفِرِينَ

Сондай-ақ кәпірлер үшін әзірленген тозақ отынан (иманға келіп, игілікті істер атқару арқылы) сақтаныңдар.

132

وَأَطِيعُوا۟ ٱللَّهَ وَٱلرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ

Аллаға һәм елшісіне қалтқысыз бағыныңдар. Сонда (екі дүниеде де) мейірімге бөленесіңдер.

133

۞وَسَارِعُوٓا۟ إِلَىٰ مَغْفِرَةࣲ مِّن رَّبِّكُمْ وَجَنَّةٍ عَرْضُهَا ٱلسَّمَٰوَٰتُ وَٱلْأَرْضُ أُعِدَّتْ لِلْمُتَّقِينَ

Раббыларыңның кешіріміне һәм шынайы тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жеті қат аспан мен жердей болған жұмаққа асыға ұмтылыңдар.

134

ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ فِي ٱلسَّرَّآءِ وَٱلضَّرَّآءِ وَٱلْكَٰظِمِينَ ٱلْغَيْظَ وَٱلْعَافِينَ عَنِ ٱلنَّاسِۗ وَٱللَّهُ يُحِبُّ ٱلْمُحْسِنِينَ

Нағыз тақуалар – кеңшілікте де, таршылықта да Алла жолында садақа бергендер, (ашу қысқанда өзін ашуландырған адамның сазайын беруге шамасы жете тұрып) ашуын жеңе білгендер һәм адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Алла (міне, осындай) ізгі жандарды жақсы көреді.

135

وَٱلَّذِينَ إِذَا فَعَلُوا۟ فَٰحِشَةً أَوْ ظَلَمُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ ذَكَرُوا۟ ٱللَّهَ فَٱسْتَغْفَرُوا۟ لِذُنُوبِهِمْ وَمَن يَغْفِرُ ٱلذُّنُوبَ إِلَّا ٱللَّهُ وَلَمْ يُصِرُّوا۟ عَلَىٰ مَا فَعَلُوا۟ وَهُمْ يَعْلَمُونَ

Сондай-ақ олар жағымсыз іс істегендерінде немесе күнәға батып, өз-өздеріне қиянат жасаған-дарында, бірден Алланы еске алып, күнәлары үшін кешірім сұрайды. Күнәларды Алладан басқа кім кешіре алады дейсің?! Сондай-ақ олар, бір рет істеген күнәні әдейі қайта-қайта істемейді.

136

أُو۟لَٰٓئِكَ جَزَآؤُهُم مَّغْفِرَةࣱ مِّن رَّبِّهِمْ وَجَنَّٰتࣱ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ وَنِعْمَ أَجْرُ ٱلْعَٰمِلِينَ

Олардың алатын сыйы (қарымы) Раббыларының кең кешірімі мен (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағатын жаннат бақшалары болмақ. Олар сонда мәңгі-бақи қалып, (бақытты ғұмыр кешеді). (Діннен) үйреніп-білгенін іске асырып, игілікті істер атқарғандардың алар сыйы неткен ғажап десеңші!

137

قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِكُمْ سُنَنࣱ فَسِيرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ فَٱنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلْمُكَذِّبِينَ

Сендерден бұрын қаншама (ғибратқа толы) оқиғалар, қаншама шариғаттар өтті. Олай болса, жер бетін шарлап, (Алланың хақ діні мен пайғамбарларын) жалғанға шығарып сенбегендердің ақыры не болғанын өз көздеріңмен көріңдер.

138

هَٰذَا بَيَانࣱ لِّلنَّاسِ وَهُدࣰى وَمَوْعِظَةࣱ لِّلْمُتَّقِينَ

Міне, бұл – (яғни тарихта орын алған ғибратқа толы оқиғалар) адамдарға ақиқатты ашық баяндау және тақуа жандар үшін тура жолды көрсету һәм уағыз-насихат.

139

وَلَا تَهِنُوا۟ وَلَا تَحْزَنُوا۟ وَأَنتُمُ ٱلْأَعْلَوْنَ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

(Уа, мүміндер!) Ұнжырғаларың түсіп, жасы-маңдар, қайғы-мұңға салынбаңдар, егер шын мүмін болсаңдар, шүбәсіз, сендер үстемсіңдер.

140

إِن يَمْسَسْكُمْ قَرْحࣱ فَقَدْ مَسَّ ٱلْقَوْمَ قَرْحࣱ مِّثْلُهُۥۚ وَتِلْكَ ٱلْأَيَّامُ نُدَاوِلُهَا بَيْنَ ٱلنَّاسِ وَلِيَعْلَمَ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَيَتَّخِذَ مِنكُمْ شُهَدَآءَۗ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ ٱلظَّٰلِمِينَ

Егер сендер (Ухудта) жарақат алған болсаңдар, сендерге қарсы соғысқан қауым да (Бәдірде) дәл солай жараланды. Міне, біз ондай (жеңісті) күндерді Алла шынайы мүміндерді анықтасын, сондай-ақ араларыңнан (иман ақиқаттарына куә болатын) бірқатар куәгерлер (немесе шейіттер) таңдап алсын деп адамдар арасында алма-кезек ауыстырып тұрамыз. Шүбәсіз, Алла (күпірлікте табандап, күнәға батып) өз-өзіне қиянат жасаған залымдарды жақсы көрмейді.

141

وَلِيُمَحِّصَ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَيَمْحَقَ ٱلْكَٰفِرِينَ

Сондай-ақ Алла иман келтіргендерді (күнә-ларынан) тазартсын һәм кәпірлерді бірте-бірте түп-тамырымен жойып жіберсін деп, (ондай жеңісті күндерді адамдар арасында алма-кезек ауыстырып тұрамыз).

142

أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُوا۟ ٱلْجَنَّةَ وَلَمَّا يَعْلَمِ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ جَٰهَدُوا۟ مِنكُمْ وَيَعْلَمَ ٱلصَّٰبِرِينَ

Алла араларыңдағы хақ жолда күресіп жүргендер мен сабырлы жандарды анықтап, өзгелерден ажыратып алмайынша, бірден жаппай жұмаққа кіреміз деп ойладыңдар ма?!

143

وَلَقَدْ كُنتُمْ تَمَنَّوْنَ ٱلْمَوْتَ مِن قَبْلِ أَن تَلْقَوْهُ فَقَدْ رَأَيْتُمُوهُ وَأَنتُمْ تَنظُرُونَ

Сендер өліммен бетпе-бет келмей тұрып, шейіт болып өлуді тілейтін едіңдер. Міне, енді ол алдарыңда, алайда сендер (бұрын-соңды шейіттікті аңсамағандай) құр қарап тұрсыңдар.

144

وَمَا مُحَمَّدٌ إِلَّا رَسُولࣱ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِ ٱلرُّسُلُۚ أَفَإِي۟ن مَّاتَ أَوْ قُتِلَ ٱنقَلَبْتُمْ عَلَىٰٓ أَعْقَٰبِكُمْۚ وَمَن يَنقَلِبْ عَلَىٰ عَقِبَيْهِ فَلَن يَضُرَّ ٱللَّهَ شَيْـࣰٔاۚ وَسَيَجْزِي ٱللَّهُ ٱلشَّٰكِرِينَ

Мұхаммед (ақиқат жаршысы ретінде жіберілген) елші ғана. Одан бұрын да талай елшілер келген. Егер ол ажалы жетіп, көз жұмса немесе өлтірілсе, сендер кері кетіп, діннен шығасыңдар ма?! Кімде-кім кері кетіп, діннен шықса, онысымен Аллаға мысқалдай да зиянын тигізе алмайды. Алла (тура жолда жүрудің қадірін түсініп) шүкіршілік етушілерді жақында мол сый-сияпатқа бөлейді.

145

وَمَا كَانَ لِنَفْسٍ أَن تَمُوتَ إِلَّا بِإِذْنِ ٱللَّهِ كِتَٰبࣰا مُّؤَجَّلࣰاۗ وَمَن يُرِدْ ثَوَابَ ٱلدُّنْيَا نُؤْتِهِۦ مِنْهَا وَمَن يُرِدْ ثَوَابَ ٱلْـَٔاخِرَةِ نُؤْتِهِۦ مِنْهَاۚ وَسَنَجْزِي ٱلشَّٰكِرِينَ

Ешбір жан Алланың қалауынсыз, о бастан жазылып қойған ажалы жетпейінше өлмейді. Кімде-кім дүниенің сауабын қаласа, оған одан өзіне тиесілі сыбағасын береміз. Ал кім ақирет сауабын қаласа, оған да өз сыбағасын береміз. Шүкіршілік етушілерді жақында міндетті түрде сый-сияпатқа бөлейміз.

146

وَكَأَيِّن مِّن نَّبِيࣲّ قَٰتَلَ مَعَهُۥ رِبِّيُّونَ كَثِيرࣱ فَمَا وَهَنُوا۟ لِمَآ أَصَابَهُمْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَمَا ضَعُفُوا۟ وَمَا ٱسْتَكَانُوا۟ۗ وَٱللَّهُ يُحِبُّ ٱلصَّٰبِرِينَ

Қаншама пайғамбар өтті, олармен бірге өздерін Хақ жолына атаған көптеген құдайшыл тақуа жандар (Алла жолында ақиқат үшін) соғысты. Олар Алла жолында бастарына келген ауыртпалықтарға еш мойымады, жасымады және жау алдында тізе бүкпеді. Алла (сондай) сабырлы жандарды жақсы көреді.

147

وَمَا كَانَ قَوْلَهُمْ إِلَّآ أَن قَالُوا۟ رَبَّنَا ٱغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَإِسْرَافَنَا فِيٓ أَمْرِنَا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَٱنصُرْنَا عَلَى ٱلْقَوْمِ ٱلْكَٰفِرِينَ

Олар (дұшпанмен бетпе-бет келгенде) бар болғаны: «Уа, Раббымыз! Күнәларымызды әрі міндетімізді орындауда һәм басқа да істерімізде артық кеткен жеріміз болса, кешіре көр. Бізді жау алдында табанды қылғайсың һәм бізге кәпірлер қауымына қарсы жәрдем беріп, жеңіске жеткізгейсің», – деп жалбарынған еді.

148

فَـَٔاتَىٰهُمُ ٱللَّهُ ثَوَابَ ٱلدُّنْيَا وَحُسْنَ ثَوَابِ ٱلْـَٔاخِرَةِۗ وَٱللَّهُ يُحِبُّ ٱلْمُحْسِنِينَ

Сол үшін Алла оларға дүниенің сауабын (игілігін) һәм ақиреттің сондай керемет сауабын (жұмақты) нәсіп етті. Алла тағала (ондай) ізгі жандарды жақсы көреді.

149

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِن تُطِيعُوا۟ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يَرُدُّوكُمْ عَلَىٰٓ أَعْقَٰبِكُمْ فَتَنقَلِبُوا۟ خَٰسِرِينَ

Уа, иман келтіргендер! Егер күпірлік қылғандардың айтқанымен жүретін болсаңдар, сендерді кері кетіріп, діннен шығарады. Нәтижеде (дүниеде де, ақиретте де) зиянға ұшырайсыңдар.

150

بَلِ ٱللَّهُ مَوْلَىٰكُمْۖ وَهُوَ خَيْرُ ٱلنَّٰصِرِينَ

Керісінше, сендердің иелерің – Алла. Ол – ең жақсы медеткер.

151

سَنُلْقِي فِي قُلُوبِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ٱلرُّعْبَ بِمَآ أَشْرَكُوا۟ بِٱللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِۦ سُلْطَٰنࣰاۖ وَمَأْوَىٰهُمُ ٱلنَّارُۖ وَبِئْسَ مَثْوَى ٱلظَّٰلِمِينَ

Алла хақында (құдай екендіктері) ешбір дәлел түсірмеген нәрселерді (яғни пұттарды) Оған серік етіп қосқандары үшін күпірлік қылғандардың жүрегіне үрей саламыз. Олардың мәңгілік тұрағы – жалын атқан жаһаннам. (Күпірлікте қасарысып, Аллаға серік қосып) өз-өздеріне қиянат жасаған залымдардың мәңгілік тұрағы қандай жаман!

152

وَلَقَدْ صَدَقَكُمُ ٱللَّهُ وَعْدَهُۥٓ إِذْ تَحُسُّونَهُم بِإِذْنِهِۦۖ حَتَّىٰٓ إِذَا فَشِلْتُمْ وَتَنَٰزَعْتُمْ فِي ٱلْأَمْرِ وَعَصَيْتُم مِّنۢ بَعْدِ مَآ أَرَىٰكُم مَّا تُحِبُّونَۚ مِنكُم مَّن يُرِيدُ ٱلدُّنْيَا وَمِنكُم مَّن يُرِيدُ ٱلْـَٔاخِرَةَۚ ثُمَّ صَرَفَكُمْ عَنْهُمْ لِيَبْتَلِيَكُمْۖ وَلَقَدْ عَفَا عَنكُمْۗ وَٱللَّهُ ذُو فَضْلٍ عَلَى ٱلْمُؤْمِنِينَ

Алла сендерге берген уәдесін орындады. Оның қалауымен дұшпанды қынадай қырған едіңдер. Алайда, жан-тәндеріңмен қалаған жеңісті сендерге осылайша көрсеткеннен кейін (олжаға қызығып) босаңсып қалдыңдар һәм де (орындарыңнан тапжылмаңдар деген) қатаң бұйрық төңірегінде дауласып, ақыры, (Алла елшісінің бұйрығын) орындамадыңдар. Араларыңда дүниені қалайтындар бар еді, әрі ақиретті қалайтындар да болды. Сондықтан Алла сендерді сынап көру үшін (өздерің біраз жерге дейін тықсырып келген) жаудан қашуға мәжбүр етті. Соған қарамастан сендерді кешірді. Алла – мүміндерге үнемі жақсылық жасаушы шексіз шарапат иесі.

153

۞إِذْ تُصْعِدُونَ وَلَا تَلْوُۥنَ عَلَىٰٓ أَحَدࣲ وَٱلرَّسُولُ يَدْعُوكُمْ فِيٓ أُخْرَىٰكُمْ فَأَثَٰبَكُمْ غَمَّۢا بِغَمࣲّ لِّكَيْلَا تَحْزَنُوا۟ عَلَىٰ مَا فَاتَكُمْ وَلَا مَآ أَصَٰبَكُمْۗ وَٱللَّهُ خَبِيرُۢ بِمَا تَعْمَلُونَ

Сонда сендер ешкімге бұрылып қарамастан бас сауғалап қашқан беттеріңде майдан даласынан ұзап кете бардыңдар. Сол кезде Алла елшісі арттарыңнан дауыстап шақырумен болған еді. Міне, осынау қилы сәтте, уыстарыңнан шығарып алған (олжаға) және бастарыңа келген ауыртпалықтарға бола қапаланбас үшін Алла сендерді мұң үстіне мұңға батырды. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.

154

ثُمَّ أَنزَلَ عَلَيْكُم مِّنۢ بَعْدِ ٱلْغَمِّ أَمَنَةࣰ نُّعَاسࣰا يَغْشَىٰ طَآئِفَةࣰ مِّنكُمْۖ وَطَآئِفَةࣱ قَدْ أَهَمَّتْهُمْ أَنفُسُهُمْ يَظُنُّونَ بِٱللَّهِ غَيْرَ ٱلْحَقِّ ظَنَّ ٱلْجَٰهِلِيَّةِۖ يَقُولُونَ هَل لَّنَا مِنَ ٱلْأَمْرِ مِن شَيْءࣲۗ قُلْ إِنَّ ٱلْأَمْرَ كُلَّهُۥ لِلَّهِۗ يُخْفُونَ فِيٓ أَنفُسِهِم مَّا لَا يُبْدُونَ لَكَۖ يَقُولُونَ لَوْ كَانَ لَنَا مِنَ ٱلْأَمْرِ شَيْءࣱ مَّا قُتِلْنَا هَٰهُنَاۗ قُل لَّوْ كُنتُمْ فِي بُيُوتِكُمْ لَبَرَزَ ٱلَّذِينَ كُتِبَ عَلَيْهِمُ ٱلْقَتْلُ إِلَىٰ مَضَاجِعِهِمْۖ وَلِيَبْتَلِيَ ٱللَّهُ مَا فِي صُدُورِكُمْ وَلِيُمَحِّصَ مَا فِي قُلُوبِكُمْۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ

Содан кейін (ағат кеткен істеріңе өкінген бойда кері қайтып, тауды паналаған Алла елшісінің маңайына жиналдыңдар). Алла бастарыңа түсірген мұнша мұңмен ауыртпалықтың артынан бойларыңды билеген қорқынышты сейілтіп, жан тыныштығына бөледі, сөйтіп, араларыңдағы шынайы мүміндер тобын жеңіл ұйқы басты. Ал енді бір топ (мұнафықтар) қара басының қамын жеп, Алла хақында жаһилият дәуіріне тән шындыққа жанаспайтын небір ойлардың шырмауына түсті. Олар: «Бұл қолбасшылық ісінде біздің қандай да бір ықпалымыз бар ма өзі?!» – дейді. Оларға: «Бар билік бір Алланың қолында», – деп айт. Негізінде, олар саған ашып айтпайтын нәрселерін іштерінде сақтауда, сондай-ақ өзара: «Қолбасшылық ісі біздің қолымызда болғанда, дәл осы арада қырғынға ұшырамас едік», – деседі. Оларға: «Тіпті үйлеріңде отырсаңдар да, араларыңдағы дәм-тұзы таусылып, ажалы жеткендер өлетін жеріне қарай бет алар еді», – деп айт. Алла көкіректеріңдегі (ниет-пиғылдарың мен басқа да сезімдеріңді) сынап, жүректеріңдегі (иманды) әр алуан уәсуәса мен күмән атаулыдан арылту үшін бастарыңа осындай ауыртпалық түсірді. Алла құлдарының көкірегіндегі бар сырды біледі.

155

إِنَّ ٱلَّذِينَ تَوَلَّوْا۟ مِنكُمْ يَوْمَ ٱلْتَقَى ٱلْجَمْعَانِ إِنَّمَا ٱسْتَزَلَّهُمُ ٱلشَّيْطَٰنُ بِبَعْضِ مَا كَسَبُوا۟ۖ وَلَقَدْ عَفَا ٱللَّهُ عَنْهُمْۗ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٌ حَلِيمࣱ

Шынтуайтында, екі қол (Ухудта) бетпе-бет келген күні араларыңнан жонын беріп алды-артына қарамай қашқандардың істеген бірқатар күнәлары себепті, шайтан олардың аяғынан шалып сүріндірмек болды. Соған қарамастан, Алла оларды есіркеп, кешірді. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Халим (қателік жасаған, күнәға батқан құлдарын бірден жазаламай тәубелеріне келуі үшін мұрсат беретін өте сабырлы).

156

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَكُونُوا۟ كَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَقَالُوا۟ لِإِخْوَٰنِهِمْ إِذَا ضَرَبُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ أَوْ كَانُوا۟ غُزࣰّى لَّوْ كَانُوا۟ عِندَنَا مَا مَاتُوا۟ وَمَا قُتِلُوا۟ لِيَجْعَلَ ٱللَّهُ ذَٰلِكَ حَسْرَةࣰ فِي قُلُوبِهِمْۗ وَٱللَّهُ يُحْيِۦ وَيُمِيتُۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرࣱ

Уа, иман келтіргендер! Өздері кәпір болып тұрып, (Алла жолында) жорыққа шығып немесе соғысып шейіт болған (туыстары, руластары немесе отандастары болған) бауырлары жайлы «Егер олар біздің қасымызда болғанда, өлмес те еді, жау қолынан қаза таппас та еді» деп айтқан кәпірлер сияқты болмаңдар. Алла мұны олардың жүрегін қасірет жайласын деп істеуде. Жан бітіріп өмір сыйлайтын да, өмірді қиятын да бір Алла. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңді толық көруде.

157

وَلَئِن قُتِلْتُمْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ أَوْ مُتُّمْ لَمَغْفِرَةࣱ مِّنَ ٱللَّهِ وَرَحْمَةٌ خَيْرࣱ مِّمَّا يَجْمَعُونَ

Егер Алла жолында өлтірілсеңдер яки өлсеңдер, біліп қойыңдар, Алланың кеңшілігі мен рақымы олардың (кәпірлердің) тірі жүріп, өмір бойы жиған-терген дүниелерінен әлдеқайда қайырлы.

158

وَلَئِن مُّتُّمْ أَوْ قُتِلْتُمْ لَإِلَى ٱللَّهِ تُحْشَرُونَ

Өздерің өлсеңдер де, өлтірілсеңдер де, сөзсіз, Алланың алдына жиналасыңдар.

159

فَبِمَا رَحْمَةࣲ مِّنَ ٱللَّهِ لِنتَ لَهُمْۖ وَلَوْ كُنتَ فَظًّا غَلِيظَ ٱلْقَلْبِ لَٱنفَضُّوا۟ مِنْ حَوْلِكَۖ فَٱعْفُ عَنْهُمْ وَٱسْتَغْفِرْ لَهُمْ وَشَاوِرْهُمْ فِي ٱلْأَمْرِۖ فَإِذَا عَزَمْتَ فَتَوَكَّلْ عَلَى ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُتَوَكِّلِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Сен (сондай қиын шақта) Алланың рақымының арқасында ғана айналаңдағы адамдарға жұмсақ, биязы бола білдің. Егер дөрекі, тас жүрек болғаныңда, маңайыңдағылардың бәрі сенен безіп, жан-жаққа тарап кетер еді. Ендеше, оларға кешіріммен қара һәм олар үшін кешірім тіле, сондай-ақ олармен әр істе кеңесіп отыр. Егер қандай да бір іске бел бусаң, бір Аллаға тәуекел ет. Шүбәсіз, Алла тәуекелшіл құлдарын жақсы көреді.

160

إِن يَنصُرْكُمُ ٱللَّهُ فَلَا غَالِبَ لَكُمْۖ وَإِن يَخْذُلْكُمْ فَمَن ذَا ٱلَّذِي يَنصُرُكُم مِّنۢ بَعْدِهِۦۗ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ ٱلْمُؤْمِنُونَ

Егер Алла сендерге жәрдем берсе, сендерді ешкім де жеңе алмайды. Ал егер қолұшын бермей жалғыз қалдырса, содан кейін сендерге жәрдем беретін кім бар?! Ендеше, шынайы мүміндер бір Аллаға ғана арқа сүйеп, тәуекел етсін!

161

وَمَا كَانَ لِنَبِيٍّ أَن يَغُلَّۚ وَمَن يَغْلُلْ يَأْتِ بِمَا غَلَّ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۚ ثُمَّ تُوَفَّىٰ كُلُّ نَفْسࣲ مَّا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ

Ешбір пайғамбар олжаға қол сұғып, аманатқа қиянат жасамайды. Кімде-кім аманатқа қиянат жасаса (яғни, олжаға немесе халыққа тиесілі ортақ дүниеге қол сұғатын болса), қиямет күні (Алланың алдына) сол ұрлаған нәрсесін арқалаған күйде келеді. Содан кейін әрбір жанға (дүниеде) істеген істерінің қарымы толық қайтарылады, сондай-ақ олардың ешбірі әділетсіздікке ұшырамайды (яғни сауаптары кемітілмейді һәм күнәларының жазасы орынсыз еселенбейді).

162

أَفَمَنِ ٱتَّبَعَ رِضْوَٰنَ ٱللَّهِ كَمَنۢ بَآءَ بِسَخَطࣲ مِّنَ ٱللَّهِ وَمَأْوَىٰهُ جَهَنَّمُۖ وَبِئْسَ ٱلْمَصِيرُ

Алланың разылығын көздеген адам мен Алланың қаһарына ұшыраған әрі ақыр соңында паналайтын жері жаһаннам болған адам тең бе?! Ол қандай жаман ақырғы тұрақ! Қандай жаман барар жер!

163

هُمْ دَرَجَٰتٌ عِندَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ بَصِيرُۢ بِمَا يَعْمَلُونَ

Олардың (яғни адамдардың) Алла алдындағы дәрежелері әр қилы. Алла олардың не істеп, не қойып жүргенін толық көруде.

164

لَقَدْ مَنَّ ٱللَّهُ عَلَى ٱلْمُؤْمِنِينَ إِذْ بَعَثَ فِيهِمْ رَسُولࣰا مِّنْ أَنفُسِهِمْ يَتْلُوا۟ عَلَيْهِمْ ءَايَٰتِهِۦ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْحِكْمَةَ وَإِن كَانُوا۟ مِن قَبْلُ لَفِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينٍ

Расында, Алла мүміндерге өз араларынан бір пайғамбар жіберу арқылы үлкен жақсылық жасады. Пайғамбар оларға Алланың (Құрандағы һәм болмыста көрініс тапқан) аяттарын оқып түсіндіреді, (ой-саналарын теріс ойлар мен қате түсініктерден, жүректерін жалған сенімдерден және өмірлерін күнә атаулыдан) арылтып тазартады, сондай-ақ оларға Кітап пен хикметті (яғни Кітапты дұрыс түсіну әрі жүзеге асыру жолдарын, ондағы пәрмендер мен тыйымдардың хикметін һәм жаратылыс пен түрлі құбылыстардың мән-мақсатын) үйретеді. Шүбәсіз, бұдан бұрын олар анық адасуда еді.

165

أَوَلَمَّآ أَصَٰبَتْكُم مُّصِيبَةࣱ قَدْ أَصَبْتُم مِّثْلَيْهَا قُلْتُمْ أَنَّىٰ هَٰذَاۖ قُلْ هُوَ مِنْ عِندِ أَنفُسِكُمْۗ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Сендер арқылы дұшпандарыңның басына келген бәленің тең жарымы өз бастарыңа келгенде: «Бұл қайдан ғана келді?» – деген едіңдер. Оларға: «Бұл өздеріңнен болды», – деп айт. Шүбәсіз, Алла барлық нәрсеге құдіретті.

166

وَمَآ أَصَٰبَكُمْ يَوْمَ ٱلْتَقَى ٱلْجَمْعَانِ فَبِإِذْنِ ٱللَّهِ وَلِيَعْلَمَ ٱلْمُؤْمِنِينَ

Екі қол бетпе-бет келген (Ухуд шайқасы болған) күні бастарыңа келген бәле (алдымен өздеріңнен һәм шүбәсіз) Алланың қалауымен болды. Алла шынайы мүміндерді айқындап көрсету үшін солай істеді.

167

وَلِيَعْلَمَ ٱلَّذِينَ نَافَقُوا۟ۚ وَقِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا۟ قَٰتِلُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ أَوِ ٱدْفَعُوا۟ۖ قَالُوا۟ لَوْ نَعْلَمُ قِتَالࣰا لَّٱتَّبَعْنَٰكُمْۗ هُمْ لِلْكُفْرِ يَوْمَئِذٍ أَقْرَبُ مِنْهُمْ لِلْإِيمَٰنِۚ يَقُولُونَ بِأَفْوَٰهِهِم مَّا لَيْسَ فِي قُلُوبِهِمْۚ وَٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا يَكْتُمُونَ

Әрі екіжүзділік жасағандарды айқындап әшкерелеу үшін істеді. Оларға: «Келіңдер, Алла жолында (ақиқат үшін) соғысыңдар, тым болмаса қорғаныс шебінде болыңдар, (жаудан бала-шағаларыңды, жерлеріңді қорғаңдар)», – делінсе, олар: «Егер соғыстың шынымен болатынын білсек, онда сендерге сөзсіз қосылар едік (алайда шайқастың болуы неғайбыл)», – деп жауап береді. Шынтуайтында, олар сол күні иманнан гөрі күпірлікке әлдеқайда жақын еді. Жүректерінде болмаған нәрсені ауызбен айтуда еді. Алла олардың ішіне бүккен пиғылдарын жақсы біледі.

168

ٱلَّذِينَ قَالُوا۟ لِإِخْوَٰنِهِمْ وَقَعَدُوا۟ لَوْ أَطَاعُونَا مَا قُتِلُوا۟ۗ قُلْ فَٱدْرَءُوا۟ عَنْ أَنفُسِكُمُ ٱلْمَوْتَ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

Сол екіжүзділер өздері соғысқа шықпай (үйлерінде) отырып алғанымен қоймай, (Алла жолында жаумен айқасып шейіт болған туыс немесе жерлес) бауырлары жайлы: «Егер олар сөзімізге құлақ асып, тілімізді алғанда, өлтірілмес еді», – дейді. Оларға: «Айтқандарың рас болса һәм қолдарыңнан келсе, қане, өз ажалдарыңның бетін қайтарып көріңдерші», – деп айт.

169

وَلَا تَحْسَبَنَّ ٱلَّذِينَ قُتِلُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ أَمْوَٰتَۢاۚ بَلْ أَحْيَآءٌ عِندَ رَبِّهِمْ يُرْزَقُونَ

Алла жолында өлтіріліп, шейіт болғандарды өлі деп ойлама! Керісінше, олар тірі әрі Раббыларының дәргейінде ризық-несібеге бөленуде.

170

فَرِحِينَ بِمَآ ءَاتَىٰهُمُ ٱللَّهُ مِن فَضْلِهِۦ وَيَسْتَبْشِرُونَ بِٱلَّذِينَ لَمْ يَلْحَقُوا۟ بِهِم مِّنْ خَلْفِهِمْ أَلَّا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

Олар Алланың шексіз шарапатымен берген нығметтеріне шат-шадыман болып қуануда әрі өздерімен әлі қауышпағандарды (яғни діндес бауырлары Алламен қауышқанда) олар үшін де ешқандай қорқыныш жоқ екенін һәм әсте жабықпайтындықтарын айтып сүйіншілеуді қалайды.

171

۞يَسْتَبْشِرُونَ بِنِعْمَةࣲ مِّنَ ٱللَّهِ وَفَضْلࣲ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ ٱلْمُؤْمِنِينَ

Сондай-ақ олар (мүмін бауырларын) Алланың (көз көріп, құлақ естімеген әрі ешкімнің ойына да кіріп шықпаған) нығметтері һәм шексіз шарапатымен, сондай-ақ Алланың мүмін құлдарының сауабын әсте зая етпейтіндігін айтып сүйіншілейді.

172

ٱلَّذِينَ ٱسْتَجَابُوا۟ لِلَّهِ وَٱلرَّسُولِ مِنۢ بَعْدِ مَآ أَصَابَهُمُ ٱلْقَرْحُۚ لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا۟ مِنْهُمْ وَٱتَّقَوْا۟ أَجْرٌ عَظِيمٌ

Тіпті жараланғаннан кейін де Алланың және пайғамбардың шақыруына құлақ асып, (жаудың ізіне түскендерге), әсіресе, олардың арасындағы бейне бір Алланы көріп тұрғандай, жоқ дегенде Алла тағаланың өздерін көріп тұрғанын бір сәтке де қаперінен шығармай жадында ұстаған һәм Аллаға қарсы келуден барынша сақтанып, тақуалық шеңберінен шықпай әрекет еткен сол мүміндерге үлкен сый-сияпат, зор сауап бар.

173

ٱلَّذِينَ قَالَ لَهُمُ ٱلنَّاسُ إِنَّ ٱلنَّاسَ قَدْ جَمَعُوا۟ لَكُمْ فَٱخْشَوْهُمْ فَزَادَهُمْ إِيمَٰنࣰا وَقَالُوا۟ حَسْبُنَا ٱللَّهُ وَنِعْمَ ٱلْوَكِيلُ

Ел-жұрт оларға: «Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады, ендеше, олардан қорқыңдар (һәм аман-сау тұрғандарыңда бас сауғалаңдар)», – дегенде, бұл хабар олардың иманын одан сайын арттыра (яғни күшейте) түсті. Сонда олар: «Бізге бір Алла жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!» – деп жауап берді.

174

فَٱنقَلَبُوا۟ بِنِعْمَةࣲ مِّنَ ٱللَّهِ وَفَضْلࣲ لَّمْ يَمْسَسْهُمْ سُوٓءࣱ وَٱتَّبَعُوا۟ رِضْوَٰنَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ ذُو فَضْلٍ عَظِيمٍ

Сөйтіп, олар (соғыстан) Алланың нығметі мен шексіз шарапатына (мол сауапқа) бөленіп, ешбір жамандыққа ұшырамай аман-есен оралды. Олар Алланың разылығын (мақсат етіп) басшылыққа алды. Алла – шекіз шарапат, зор игілік иесі.

175

إِنَّمَا ذَٰلِكُمُ ٱلشَّيْطَٰنُ يُخَوِّفُ أَوْلِيَآءَهُۥ فَلَا تَخَافُوهُمْ وَخَافُونِ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

Расында, сендерге сол жаманатты жеткізген – шайтан, одан басқа ешкім емес. Ол сендерді өзінің (кәпір) достарымен қорқытқысы келеді. Егер шынайы мүмін болсаңдар, олардан қорықпаңдар, Менен ғана қорқыңдар.

176

وَلَا يَحْزُنكَ ٱلَّذِينَ يُسَٰرِعُونَ فِي ٱلْكُفْرِۚ إِنَّهُمْ لَن يَضُرُّوا۟ ٱللَّهَ شَيْـࣰٔاۚ يُرِيدُ ٱللَّهُ أَلَّا يَجْعَلَ لَهُمْ حَظࣰّا فِي ٱلْـَٔاخِرَةِۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ

Күпірлікте бір-бірімен жарысқа түскендер көңіліңе қаяу түсірмесін. Олар Аллаға (яғни Алланың хақ дініне һәм пайғамбарына) зәредей де зиян келтіре алмайды. Алла ақиретте олардың ешқандай нәсібі болмағанын қалайды, әрі олар үшін алапат азап бар.

177

إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱشْتَرَوُا۟ ٱلْكُفْرَ بِٱلْإِيمَٰنِ لَن يَضُرُّوا۟ ٱللَّهَ شَيْـࣰٔاۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ

Иманды күпірлікке айырбастағандар Аллаға (яғни Оның хақ дініне һәм пайғамбарына) зәредей де зиян келтіре алмайды және олар үшін жан төзгісіз азап бар.

178

وَلَا يَحْسَبَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ خَيْرࣱ لِّأَنفُسِهِمْۚ إِنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ لِيَزْدَادُوٓا۟ إِثْمࣰاۖ وَلَهُمْ عَذَابࣱ مُّهِينࣱ

Күпірлік қылғандарға (бұл дүниеде) мұрсат берген болсақ, олар оны өздері үшін қайырлы екен деп ойламасын. Шынтуайтында, Біз оларға одан сайын күнәға бата түссін деп, мұрсат берудеміз. Олар үшін (ақиретте өздерін) қор қылатын азап бар.

179

مَّا كَانَ ٱللَّهُ لِيَذَرَ ٱلْمُؤْمِنِينَ عَلَىٰ مَآ أَنتُمْ عَلَيْهِ حَتَّىٰ يَمِيزَ ٱلْخَبِيثَ مِنَ ٱلطَّيِّبِۗ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيُطْلِعَكُمْ عَلَى ٱلْغَيْبِ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَجْتَبِي مِن رُّسُلِهِۦ مَن يَشَآءُۖ فَـَٔامِنُوا۟ بِٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦۚ وَإِن تُؤْمِنُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ فَلَكُمْ أَجْرٌ عَظِيمࣱ

Алла мүміндерді үнемі сендердің жағдай-ларың сияқты (кімнің мүмін, кімнің мұнафық екені белгісіз болған) қиын жағдайда қалдырмайды. Түбінде, таза мен ластың (ақ пен қараның, мүмін мен мұнафықтың) ара жігін ажыратады. Сондай-ақ Алла барлығыңды бірдей (адамдардың жүрегіндегі бар сырды біліп) ғайыптан хабар беретін көріпкел етпейді. Алайда Ол пайғамбарларының арасынан қалағанын таңдап алып (оларға Өзі қалаған деңгейде ғайыпты һәм адамдардың жүрегіндегі сырларды білетін ерекше қабілет береді). Ендеше, Аллаға және пайғамбарларына иман келтіріңдер. Егер шынымен иман келтіріп, Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық шеңберінде өмір сүретін болсаңдар, сендер үшін (көз көріп, құлақ естімеген, ешкімнің ойына да кіріп шықпаған) үлкен сый-сияпат бар.

180

وَلَا يَحْسَبَنَّ ٱلَّذِينَ يَبْخَلُونَ بِمَآ ءَاتَىٰهُمُ ٱللَّهُ مِن فَضْلِهِۦ هُوَ خَيْرࣰا لَّهُمۖ بَلْ هُوَ شَرࣱّ لَّهُمْۖ سَيُطَوَّقُونَ مَا بَخِلُوا۟ بِهِۦ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۗ وَلِلَّهِ مِيرَٰثُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرࣱ

Алланың шексіз шарапатымен үйіп-төгіп берген (мал-дүние, ілім, күш-қуат сынды) нығметтерін игі жолда жұмсамай сараңдық қылғандар бұл қылықтары өздері үшін қайырлы болады деп ойламасын. Керісінше, бұл өздері үшін жаман болады. Қиямет күні сараңдық қылып, жинаған дүние-мүліктері өз мойындарына оралады. Күллі аспан әлемі мен жердің бар мұрасы бір Аллаға тиесілі (яғни ондағы барлық нәрсе түбінде Аллаға қалады). Алла олардың не істеп, не қойып жүргенінен толық хабардар.

181

لَّقَدْ سَمِعَ ٱللَّهُ قَوْلَ ٱلَّذِينَ قَالُوٓا۟ إِنَّ ٱللَّهَ فَقِيرࣱ وَنَحْنُ أَغْنِيَآءُۘ سَنَكْتُبُ مَا قَالُوا۟ وَقَتْلَهُمُ ٱلْأَنۢبِيَآءَ بِغَيْرِ حَقࣲّ وَنَقُولُ ذُوقُوا۟ عَذَابَ ٱلْحَرِيقِ

«Алла пақыр, біз баймыз» деп айтқандардың сөзін Алла естіді. Біз олардың айтқанын және пайғамбарларды нақақтан-нақақ өлтіргенін жазып қоямыз һәм (о дүниеде) оларға: «Тозақ отының күйдіретін азабын тартыңдар», – деп айтамыз.

182

ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيكُمْ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَيْسَ بِظَلَّامࣲ لِّلْعَبِيدِ

Міне, бұл (азап) – өз қолдарыңмен істеген күнәларыңның қарымы. Алла құлдарына әсте қиянат (әділетсіздік) жасамайды.

183

ٱلَّذِينَ قَالُوٓا۟ إِنَّ ٱللَّهَ عَهِدَ إِلَيْنَآ أَلَّا نُؤْمِنَ لِرَسُولٍ حَتَّىٰ يَأْتِيَنَا بِقُرْبَانࣲ تَأْكُلُهُ ٱلنَّارُۗ قُلْ قَدْ جَآءَكُمْ رُسُلࣱ مِّن قَبْلِي بِٱلْبَيِّنَٰتِ وَبِٱلَّذِي قُلْتُمْ فَلِمَ قَتَلْتُمُوهُمْ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

Сондай-ақ олар: «Алла бізден «мұғжиза ретінде (көктен түсетін) от жалмап күл қылатын құрбандық әкелмейінше, бірде-бір пайғамбарға сенуші болмаңдар» деп, уәде алған еді», – дейді. Ендеше, оларға: «Сендерге менен бұрын көптеген пайғамбарлар айқын дәлелдермен (анық мұғжизалармен) қатар, өздерің айтқан құрбанды да әкелген еді. Егер айтқандарың рас болса, оларды неге нақақтан-нақақ өлтірдіңдер», – деп айт.

184

فَإِن كَذَّبُوكَ فَقَدْ كُذِّبَ رُسُلࣱ مِّن قَبْلِكَ جَآءُو بِٱلْبَيِّنَٰتِ وَٱلزُّبُرِ وَٱلْكِتَٰبِ ٱلْمُنِيرِ

(Уа, Мұхаммед!) Егер олар саған «өтірікшісің», деп өзіңе де, сөзіңе де сенбесе, (еш мұңайма)! Шүбәсіз, сенен бұрын да талай пайғамбарлар өтірікшіге баланған еді. Олар да қауымдарына (өздерінің хақ пайғамбар екенін көрсететін) ап-айқын дәлелдермен (көпе-көрінеу мұғжизалармен), өсиетке толы иләһи парақтармен және (Тәурат пен Інжіл сынды адамдардың көкірегіне иман нұрын ұялатып, жолдарына жарық түсіретін) нұрлы кітаптармен келген болатын.

185

كُلُّ نَفْسࣲ ذَآئِقَةُ ٱلْمَوْتِۗ وَإِنَّمَا تُوَفَّوْنَ أُجُورَكُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۖ فَمَن زُحْزِحَ عَنِ ٱلنَّارِ وَأُدْخِلَ ٱلْجَنَّةَ فَقَدْ فَازَۗ وَمَا ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَآ إِلَّا مَتَٰعُ ٱلْغُرُورِ

Әрбір тірі жан (бір күні) өлімнің дәмін міндетті түрде татады. Қиямет күні бұл дүниеде істеген істеріңнің қарымын толық аласыңдар. Кімде-кім тозақтан аулақ әкетіліп, жұмаққа кірсе, зор жетістікке һәм мақсат-мұратына жеткені. (Біліп қойыңдар), бұл дүниенің тіршілігі алдамшы қызықтан, жалған бұйым-боқшадан басқа түк те емес.

186

۞لَتُبْلَوُنَّ فِيٓ أَمْوَٰلِكُمْ وَأَنفُسِكُمْ وَلَتَسْمَعُنَّ مِنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ مِن قَبْلِكُمْ وَمِنَ ٱلَّذِينَ أَشْرَكُوٓا۟ أَذࣰى كَثِيرࣰاۚ وَإِن تَصْبِرُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ فَإِنَّ ذَٰلِكَ مِنْ عَزْمِ ٱلْأُمُورِ

(Ендеше, уа, мүміндер!) Шүбәсіз, сендер мал-мүліктеріңе һәм жан-тәндеріңе қатысты түрлі сынақтарға душар боласыңдар. Сондай-ақ өздеріңнен бұрын иләһи кітап берілгендерден және Аллаға серік қосқандардан көңілдеріңе тиетін талай сөз естисіңдер. Егер соның бәріне сабырлылық танытсаңдар һәм Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық шеңберінде өмір сүрсеңдер, міне, сол – асқан табандылық пен ерекше күш-жігер талап ететін, сауабы мол зор істердің бірі.

187

وَإِذْ أَخَذَ ٱللَّهُ مِيثَٰقَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ لَتُبَيِّنُنَّهُۥ لِلنَّاسِ وَلَا تَكْتُمُونَهُۥ فَنَبَذُوهُ وَرَآءَ ظُهُورِهِمْ وَٱشْتَرَوْا۟ بِهِۦ ثَمَنࣰا قَلِيلࣰاۖ فَبِئْسَ مَا يَشْتَرُونَ

Кезінде Алла Кітап иелерінен: «Кітаптағы ақиқаттарды (әсіресе, Алланың соңғы елшісі жайлы маңызды мәліметтерді) ел-жұртқа ашық айтып жеткізетін боласыңдар һәм ондағы ақиқаттарды жасырмайсыңдар», – деп уәде алған еді. Алайда олар мұны қаперлеріне ілмей, бірден былай ысырып қойып, оны (мал-дүние, шен-шекпен, атақ-абырой сынды) болмашы бағаға сатып жіберді. Расында, олардың бұл саудасы қандай жаман әрі зиянды десеңші!

188

لَا تَحْسَبَنَّ ٱلَّذِينَ يَفْرَحُونَ بِمَآ أَتَوا۟ وَّيُحِبُّونَ أَن يُحْمَدُوا۟ بِمَا لَمْ يَفْعَلُوا۟ فَلَا تَحْسَبَنَّهُم بِمَفَازَةࣲ مِّنَ ٱلْعَذَابِۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ

Жағымсыз істері мен қолдарына тиген (болмашы бұйым-боқшаға) мәз болғандарды һәм қолдарының ұшы тимеген істерді иемденіп, өздері атқарғандай мақтау естігенді қалайтындарды (оңады деп) ойлама. Сондай-ақ оларды азаптан құтылады деп те ойлама. Олар үшін жан төзгісіз азап бар.

189

وَلِلَّهِ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۗ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرٌ

Күллі аспан әлеміндегі және жердегі бар мүлік пен бар билік бір Аллаға тиесілі. Алла барлық нәрсеге құдіретті.

190

إِنَّ فِي خَلْقِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَٱخْتِلَٰفِ ٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ لَـَٔايَٰتࣲ لِّأُو۟لِي ٱلْأَلْبَٰبِ

Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін (Алланың шексіз құдіреті мен шексіз билігін көрсететін) ғибратқа толы талай айқын белгілер (анық дәлелдер) бар.

191

ٱلَّذِينَ يَذْكُرُونَ ٱللَّهَ قِيَٰمࣰا وَقُعُودࣰا وَعَلَىٰ جُنُوبِهِمْ وَيَتَفَكَّرُونَ فِي خَلْقِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ رَبَّنَا مَا خَلَقْتَ هَٰذَا بَٰطِلࣰا سُبْحَٰنَكَ فَقِنَا عَذَابَ ٱلنَّارِ

Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі Алланы еске алады һәм күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысына терең ой жүгіртіп: «Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен мақсатсыз, мәнсіз іс істеуден аулақсың! Бізді тозақ отынан сақтай көр!»

192

رَبَّنَآ إِنَّكَ مَن تُدْخِلِ ٱلنَّارَ فَقَدْ أَخْزَيْتَهُۥۖ وَمَا لِلظَّٰلِمِينَ مِنْ أَنصَارࣲ

«Уа, Раббымыз! Сен кімді тозаққа тастасаң, шүбәсіз, оны қор қылғаның. (Күпірлікте қасарысып, өз-өзінің обалына қалған) залымдардың (өздерін Алланың азабынан қағатын) бірде-бір медеткері жоқ».

193

رَّبَّنَآ إِنَّنَا سَمِعْنَا مُنَادِيࣰا يُنَادِي لِلْإِيمَٰنِ أَنْ ءَامِنُوا۟ بِرَبِّكُمْ فَـَٔامَنَّاۚ رَبَّنَا فَٱغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَكَفِّرْ عَنَّا سَيِّـَٔاتِنَا وَتَوَفَّنَا مَعَ ٱلْأَبْرَارِ

«Уа, Раббымыз! Расында, біз: «Раббыларыңа иман келтіріңдер», – деп иманға шақырған ақиқат жаршысын естідік және естіген бойда оған құлақ асып, иман келтірдік. Уа, Раббымыз! Біздің күнәларымызды кешіре көр! Кінә-қателіктерімізді (амал дәптерімізден) өшіре көр және бізді дүние салғаннан кейін, Өзіңе жақын болған ізгі әрі кемел мүміндердің қатарына қосқайсың!»

194

رَبَّنَا وَءَاتِنَا مَا وَعَدتَّنَا عَلَىٰ رُسُلِكَ وَلَا تُخْزِنَا يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۖ إِنَّكَ لَا تُخْلِفُ ٱلْمِيعَادَ

«Уа, Раббымыз! Бізге пайғамбарларың арқылы уәде етіп, беремін деген сый-сияпатыңды (жұмақ пен Дидарыңды / Жамалыңды көру нығметін) нәсіп еткейсің! Сондай-ақ қиямет күні бізді жерге қарата көрме! Шүбәсіз, Сен уәдеңнен әсте таймайсың», – деп жалбарынады.

195

فَٱسْتَجَابَ لَهُمْ رَبُّهُمْ أَنِّي لَآ أُضِيعُ عَمَلَ عَٰمِلࣲ مِّنكُم مِّن ذَكَرٍ أَوْ أُنثَىٰۖ بَعْضُكُم مِّنۢ بَعْضࣲۖ فَٱلَّذِينَ هَاجَرُوا۟ وَأُخْرِجُوا۟ مِن دِيَٰرِهِمْ وَأُوذُوا۟ فِي سَبِيلِي وَقَٰتَلُوا۟ وَقُتِلُوا۟ لَأُكَفِّرَنَّ عَنْهُمْ سَيِّـَٔاتِهِمْ وَلَأُدْخِلَنَّهُمْ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ ثَوَابࣰا مِّنْ عِندِ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ عِندَهُۥ حُسْنُ ٱلثَّوَابِ

Раббылары олардың дұға-мінәжаттарына былай жауап берді: «Шүбәсіз, Мен мейлі ер, мейлі әйел болсын, араларыңнан үнемі осылай игілікті істер атқаратындардың еңбегін зая етпеймін. Өйткені сендер бір бүтінсіңдер (яғни мақсат-мұраттарың, ұстанған жолдарың бір һәм еңбектеріңе қарай қарымдарыңды аласыңдар). Менің жолымда һижрет еткен әрі атамекенінен қуылған, Менің жолымда сан түрлі зәбір-зомбылыққа төзе білген һәм (керек кезде дұшпанға қарсы) қасық қаны қалғанша соғысқан және өлтірілген әрбір жанның кінә-қателіктерін жасырамын һәм шүбәсіз, оларды (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларына кіргіземін. Бұл – Алла тарапынан берілетін ерекше сый-сияпат». Әлбетте, ең керемет сый-сияпат Алланың дәргейінде.

196

لَا يَغُرَّنَّكَ تَقَلُّبُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فِي ٱلْبِلَٰدِ

Хақ дінді мойындамай күпірлік қылғандардың (уақытша молшылық пен баянсыз биліктің, күш-қуаттың арқасында) қала-қала, ел-елді шарлап, шалқып жүргендеріне алданба!

197

مَتَٰعࣱ قَلِيلࣱ ثُمَّ مَأْوَىٰهُمْ جَهَنَّمُۖ وَبِئْسَ ٱلْمِهَادُ

Бұл – көзді ашып-жұмғанша өте шығатын қу тіршіліктің өткінші қызығы ғана. Содан кейін олардың барып, паналайтын жері тозақ болмақ. Ол қандай жаман жатақ!

198

لَٰكِنِ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ رَبَّهُمْ لَهُمْ جَنَّٰتࣱ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَا نُزُلࣰا مِّنْ عِندِ ٱللَّهِۗ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ خَيْرࣱ لِّلْأَبْرَارِ

Алайда Раббыларына қарсы келмей, тақуалық шеңберінде өмір сүргендер үшін (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшалары бар. Олар онда мәңгі-бақи қалып, Алладан ерекше сый-құрмет көреді. Алланың дәргейіндегі бар игілік – ізгі де кемел мүміндер үшін әлдеқайда қайырлы.

199

وَإِنَّ مِنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ لَمَن يُؤْمِنُ بِٱللَّهِ وَمَآ أُنزِلَ إِلَيْكُمْ وَمَآ أُنزِلَ إِلَيْهِمْ خَٰشِعِينَ لِلَّهِ لَا يَشْتَرُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ ثَمَنࣰا قَلِيلًاۚ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْۗ إِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلْحِسَابِ

Шүбәсіз, кітап иелерінің арасында Аллаға иман келтіретін, сендерге түсірілген (Құранға) және өздеріне түсірілген (Тәуратқа, Інжілге) кәміл сенетін һәм Алладан шын именіп, жан-тәнімен мойынсұнатындар да бар. Олар Алланың аяттарын арзан бағаға сатпайды (болмашы нәрсеге айырбас-тамайды). Олардың алар сауабы мен сый-сияпаты Раббыларының дәргейінде. Шүбәсіз, Алла – жауапқа өте жылдам тартушы.

200

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱصْبِرُوا۟ وَصَابِرُوا۟ وَرَابِطُوا۟ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

Уа, иман келтіргендер! (Алла жолында бастарыңа келетін ауыртпалықтарға, сондай-ақ Оның бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан тыйылу мәселесінде) барынша сабырлылық танытыңдар! (Дұшпанмен бетпе-бет келгенде) барынша табандылық танытыңдар, сабырлы болуда олардан асып түсіңдер. (Һәм бір-біріңді сабырлы болуға шақырыңдар). Аллаға құлшылық етуге һәм Оның жолында күресуге келгенде, оттай маздап, әрдайым дайын тұрыңдар, әрі бір-біріңе сүйеу болыңдар. Аллаға қарсы келіп, асы болудан барынша сақтанып, әрдайым тақуалық аясында өмір сүріңдер. Міне, осылайша (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play