Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран2. Бақара
2 · сүре

Бақара

286 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

الٓمٓ

Әлиф, Ләм, Мим.

2

ذَٰلِكَ ٱلْكِتَٰبُ لَا رَيْبَۛ فِيهِۛ هُدࣰى لِّلْمُتَّقِينَ

Міне, (мұғжиза) Кітап. Онда (яғни, оның көктен түскен илаһи кітап екендігінде) еш күмән жоқ. Ол – (Аллаға толық бойсұнған, күнә атаулыдан барынша сақтанатын) тақуа жандарды тура жолға бастаушы.

3

ٱلَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِٱلْغَيْبِ وَيُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَمِمَّا رَزَقْنَٰهُمْ يُنفِقُونَ

Міне, солар ғайыпқа (яғни, сезім мүшелерімен сезіліп-білінбейтін тылсым әлемге) кәміл сенеді, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқиды және Біз өздеріне ризық етіп берген (мал-мүлік, күш-қуат, ақыл-парасат, білім, т.с.с.) нығметтерден (Алла разылығы үшін, міндет етпей игі мақсатта) жұмсайды.

4

وَٱلَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيْكَ وَمَآ أُنزِلَ مِن قَبْلِكَ وَبِٱلْـَٔاخِرَةِ هُمْ يُوقِنُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Сондай-ақ олар саған түскен Құранға және өзіңнен бұрын түскен (иләһи Кітаптар мен парақтарға да) иман келтіреді. Ақиретке де (дәл солай) кәміл сенеді.

5

أُو۟لَٰٓئِكَ عَلَىٰ هُدࣰى مِّن رَّبِّهِمْۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ

Міне, солар – Раббыларынан келген нағыз тура жолда әрі олар мәңгілік азаптан құтылып, ең үлкен жетістікке, мақсат-мұраттарына жеткендер.

6

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ سَوَآءٌ عَلَيْهِمْ ءَأَنذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنذِرْهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

Ал күпірлікте қасарысқандар болса, (әлбетте, сен оларға күндіз-түні ескертудесің, алайда) оларға ескерттің не, ескертпедің не бәрібір, олар иман келтірмейді.

7

خَتَمَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ وَعَلَىٰ سَمْعِهِمْۖ وَعَلَىٰٓ أَبْصَٰرِهِمْ غِشَٰوَةࣱۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمࣱ

Алла олардың жүрегін мөрлеп тастаған, құлақтарын да. Ал көздерінде перде бар және оларға (о дүниеде де) бітпейтін зор азап бар.

8

وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَقُولُ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَبِٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَمَا هُم بِمُؤْمِنِينَ

Адамдар арасында (жүрекпен сенбесе де, құр тіліменен) «біз Аллаға және ақирет күніне иман келтірдік» дейтіндер бар, бірақ олар шынайы мүмін емес.

9

يُخَٰدِعُونَ ٱللَّهَ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَمَا يَخْدَعُونَ إِلَّآ أَنفُسَهُمْ وَمَا يَشْعُرُونَ

Олар өздерінше Алланы және иман келтіргендерді алдағысы келеді, бірақ түбінде өз-өздерін ғана алдайды һәм соның парқына да бармайды.

10

فِي قُلُوبِهِم مَّرَضࣱ فَزَادَهُمُ ٱللَّهُ مَرَضࣰاۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمُۢ بِمَا كَانُوا۟ يَكْذِبُونَ

Жүректерінде (олардың түбіне жетпей қоймайтын рухани) дерт бар. Алла олардың дертіне дерт қосуда. Үнемі өтірік айтатындықтан, оларға жан төзгісіз азап бар.

11

وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا تُفْسِدُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ قَالُوٓا۟ إِنَّمَا نَحْنُ مُصْلِحُونَ

Әрі оларға: «Жер бетінде (немесе бұл елде) бүлік шығарып, бұзақылық жасап (елдің шырқын бұзбаңдар)», − делінген сайын, олар: «Біз бар болғаны (қоғамды, елді) түзетіп, жөнге келтірушіміз», − дейді.

12

أَلَآ إِنَّهُمْ هُمُ ٱلْمُفْسِدُونَ وَلَٰكِن لَّا يَشْعُرُونَ

Біліп қойыңдар! Анығында, нағыз бүлікшілдер, жер-жаһанды лаңдап жүрген бұзғыншылар – солардың өзі. Бірақ өздері соны сезбейді.

13

وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ ءَامِنُوا۟ كَمَآ ءَامَنَ ٱلنَّاسُ قَالُوٓا۟ أَنُؤْمِنُ كَمَآ ءَامَنَ ٱلسُّفَهَآءُۗ أَلَآ إِنَّهُمْ هُمُ ٱلسُّفَهَآءُ وَلَٰكِن لَّا يَعْلَمُونَ

Сондай-ақ оларға: «Жан-дүниесімен иман келтірген мына ел сияқты сендер де иман келтіріңдер», − делінсе, (иман келтірген кедей-кепшіктерді қор, өздерін зор көріп): «Сонда мына ақымақтар иман келтіргендей иман келтіреміз бе?» − дейді. Біліп қойыңдар! Әсілінде, олардың өздері нағыз ақымақтар, бірақ өздері соны білмейді (өйткені олар – ақиқат пен жалғанның, иман мен күпірліктің, ілім мен қараңғылықтың ара жігін ажырата алмайтын көкірегі соқыр надандар).

14

وَإِذَا لَقُوا۟ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا وَإِذَا خَلَوْا۟ إِلَىٰ شَيَٰطِينِهِمْ قَالُوٓا۟ إِنَّا مَعَكُمْ إِنَّمَا نَحْنُ مُسْتَهْزِءُونَ

Олар иман келтіргендермен жолықса, (көзбояу-шылық жасап): «Біз де иман келтірдік», − дейді. Алайда шайтандарымен (күпірліктегі көсемдерімен) оңаша қалғанда: «Әсілі, біз сендермен біргеміз. Біз бар болғаны (иман келтіргенсіп) оларды мазақ етіп жүрміз», − дейді.

15

ٱللَّهُ يَسْتَهْزِئُ بِهِمْ وَيَمُدُّهُمْ فِي طُغْيَٰنِهِمْ يَعْمَهُونَ

Алла тағала оларды (бірден жазаламай) азғын-даған үстіне азғындап, мәңгіріп жүре беруіне мұрсат беріп, өздерін тәлкек етуде.

16

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ ٱشْتَرَوُا۟ ٱلضَّلَٰلَةَ بِٱلْهُدَىٰ فَمَا رَبِحَت تِّجَٰرَتُهُمْ وَمَا كَانُوا۟ مُهْتَدِينَ

Міне, солар – тура жолды таңдаудың орнына адасушылықты сатып алғандар. Бұл саудадан олар титтей де пайда көрмеді. Өйткені олар әу бастан табысты жолды таңдамаған еді.

17

مَثَلُهُمْ كَمَثَلِ ٱلَّذِي ٱسْتَوْقَدَ نَارࣰا فَلَمَّآ أَضَآءَتْ مَا حَوْلَهُۥ ذَهَبَ ٱللَّهُ بِنُورِهِمْ وَتَرَكَهُمْ فِي ظُلُمَٰتࣲ لَّا يُبْصِرُونَ

Олардың мысалы (қараңғы түнде) от жаққан кісіге ұқсайды. Жанған от айналасына енді ғана жарық түсіре бастағанда, Алла олардың жарығын сөндіріп, қайтадан көзге түртсе көргісіз тас түнектерде қалдырады.

18

صُمُّۢ بُكْمٌ عُمْيࣱ فَهُمْ لَا يَرْجِعُونَ

Олар – (ақиқатқа келгенде) керең, мылқау һәм көрсоқыр. Сондықтан да олардың бұл жағдайдан құтылып, (хақ жолға) кері қайтуы мүмкін емес.

19

أَوْ كَصَيِّبࣲ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فِيهِ ظُلُمَٰتࣱ وَرَعْدࣱ وَبَرْقࣱ يَجْعَلُونَ أَصَٰبِعَهُمْ فِيٓ ءَاذَانِهِم مِّنَ ٱلصَّوَٰعِقِ حَذَرَ ٱلْمَوْتِۚ وَٱللَّهُ مُحِيطُۢ بِٱلْكَٰفِرِينَ

Немесе олар түнек қаптап, күн күркіреп, найзағай ойнаған аспаннан құйған дауылды нөсерге тап болған адамдарға ұқсайды. Олар жай отының үрейімен өлімнен қорқып, саусақтарын құлақтарына тығып алады. Міне, Алла тағала – (шексіз құдіретімен) кәпірлерді осылай құрсаулап, қыспаққа алушы.

20

يَكَادُ ٱلْبَرْقُ يَخْطَفُ أَبْصَٰرَهُمْۖ كُلَّمَآ أَضَآءَ لَهُم مَّشَوْا۟ فِيهِ وَإِذَآ أَظْلَمَ عَلَيْهِمْ قَامُوا۟ۚ وَلَوْ شَآءَ ٱللَّهُ لَذَهَبَ بِسَمْعِهِمْ وَأَبْصَٰرِهِمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Жарқ-жұрқ еткен найзағай олардың көздерін көр ете жаздайды. Олар найзағай жарқ етіп, жарығын түсірген сайын жүреді де, жарық сөнгенде, тоқтай қалады. Егер Алла қаласа, (күннің күркіреуі мен найзағайдың жарқылын одан сайын күшейтіп) олардың құлағын керең, көзін көр етер еді. Шүбәсіз, Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. (Міне, мүміндердің, кәпірлердің және екіжүзділердің жағдайы осындай).

21

يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱعْبُدُوا۟ رَبَّكُمُ ٱلَّذِي خَلَقَكُمْ وَٱلَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

Уа, адамдар! Тақуалыққа жету үшін өздеріңді және өздеріңнен бұрынғыларды жоқтан жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер.

22

ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلْأَرْضَ فِرَٰشࣰا وَٱلسَّمَآءَ بِنَآءࣰ وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَأَخْرَجَ بِهِۦ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ رِزْقࣰا لَّكُمْۖ فَلَا تَجْعَلُوا۟ لِلَّهِ أَندَادࣰا وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ

Ол сендер үшін жерді төсеніш, көкті күмбез етті. Көктен жаңбыр жаудыру арқылы сендерге ризық етіп жерден алуан түрлі өнім шығарды. Осының бәрін біле тұра, Аллаға өзгелерді тең көріп, серік етіп қоспаңдар.

23

وَإِن كُنتُمْ فِي رَيْبࣲ مِّمَّا نَزَّلْنَا عَلَىٰ عَبْدِنَا فَأْتُوا۟ بِسُورَةࣲ مِّن مِّثْلِهِۦ وَٱدْعُوا۟ شُهَدَآءَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

Егер құлымызға түсірген Құранның ақиқаттығына шәк келтірсеңдер, қане, соған ұқсас бір ғана сүрені ойдан шығарып көріңдерші, сондай-ақ егер (Мұхаммед оны өз ойынан шығарған деген) сөздерің рас болса, (онда сол бір ғана сүрені ойдан шығару үшін) Алладан басқа өздерің сенетін бүкіл медеткерлеріңді (шайырларың мен пұттарыңды) жәрдемге шақырыңдар.

24

فَإِن لَّمْ تَفْعَلُوا۟ وَلَن تَفْعَلُوا۟ فَٱتَّقُوا۟ ٱلنَّارَ ٱلَّتِي وَقُودُهَا ٱلنَّاسُ وَٱلْحِجَارَةُۖ أُعِدَّتْ لِلْكَٰفِرِينَ

Оны істей алмасаңдар, әсте істей алмайсыңдар, ендеше, кәпірлер үшін әзірленген отыны адамдар мен тастардан тұратын тозақ отынан (Аллаға, елшісіне және Құранға иман келтіру арқылы) сақтаныңдар!

25

وَبَشِّرِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ أَنَّ لَهُمْ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُۖ كُلَّمَا رُزِقُوا۟ مِنْهَا مِن ثَمَرَةࣲ رِّزْقࣰا قَالُوا۟ هَٰذَا ٱلَّذِي رُزِقْنَا مِن قَبْلُۖ وَأُتُوا۟ بِهِۦ مُتَشَٰبِهࣰاۖ وَلَهُمْ فِيهَآ أَزْوَٰجࣱ مُّطَهَّرَةࣱۖ وَهُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Иман келтіріп, игілікті істер атқарғандарды сүйіншіле. Шүбәсіз, олар үшін (жайқалған жасыл бауларының арасы мен зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағатын жаннат бақшалары бар. Оларға ризық ретінде сол жердің жемісінен ұсынылған сайын: «Бұл бізге бұған дейін де (осы жаннатта яки дүниеде) берілген ризық қой», – деседі. Негізі, олардың дәл өзі емес ұқсасы беріледі (сырттай ұқсағанмен, ләззаты өзгеше болады). Олар үшін жаннатта пәк жұбайлар бар, олар онда мәңгі-бақи тұрақтап қалады.

26

۞إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَسْتَحْيِۦٓ أَن يَضْرِبَ مَثَلࣰا مَّا بَعُوضَةࣰ فَمَا فَوْقَهَاۚ فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ فَيَعْلَمُونَ أَنَّهُ ٱلْحَقُّ مِن رَّبِّهِمْۖ وَأَمَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فَيَقُولُونَ مَاذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِهَٰذَا مَثَلࣰاۘ يُضِلُّ بِهِۦ كَثِيرࣰا وَيَهْدِي بِهِۦ كَثِيرࣰاۚ وَمَا يُضِلُّ بِهِۦٓ إِلَّا ٱلْفَٰسِقِينَ

Алла (ақиқатты жеткізіп, құлдарының жүрегіне иман нұрын ұялату үшін) масаны, тіпті одан да кіші немесе үлкен жаратылысты мысал етіп беруді ар көрмейді. Иман келтіргендер (осы мысалдың хикметін түсінгендіктен) оны Раббыларынан жеткен ақиқат деп біледі. Ал кәпірлер болса: «Алла бұл мысалмен не айтпақшы һәм не істемекші?» − деседі. Алла онымен талайларды адастырып, талайларды тура жолға салады. Негізі, Алла сол мысал арқылы (Өзіне қарсы келіп, асы болған) азғын күнәһарларды ғана тура жолдан тайдыруда.

27

ٱلَّذِينَ يَنقُضُونَ عَهْدَ ٱللَّهِ مِنۢ بَعْدِ مِيثَٰقِهِۦ وَيَقْطَعُونَ مَآ أَمَرَ ٱللَّهُ بِهِۦٓ أَن يُوصَلَ وَيُفْسِدُونَ فِي ٱلْأَرْضِۚ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ

Ол азғындар (Аллаға иман келтіріп, пайғамбарға толық бойсұнуға қатысты) Аллаға берген уәделерінде тұрмай, серттерін бұзады. Сонымен қоса, Алла бұйырған (туыстық, достық) қарым-қатынастарды үзіп, азғындыққа бастап, жер бетінде бүлік шығарып, бұзғыншылық жасайды. (Екі дүниеде де) зардап шегетіндер, міне, солар.

28

كَيْفَ تَكْفُرُونَ بِٱللَّهِ وَكُنتُمْ أَمْوَٰتࣰا فَأَحْيَٰكُمْۖ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

(Әй, кәпірлер!) Аллаға қалай сенбейсіңдер?! Әуелде жансыз едіңдер, Ол сендерге жан бітіріп, өмір сыйлады. Кейін ажалдарың келгенде, сендерді өлтіреді де, содан соң қайтадан тірілтеді. Содан кейін (жауапқа тартылу үшін) түгелдей Оның дәргейіне қайтарыласыңдар.

29

هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ لَكُم مَّا فِي ٱلْأَرْضِ جَمِيعࣰا ثُمَّ ٱسْتَوَىٰٓ إِلَى ٱلسَّمَآءِ فَسَوَّىٰهُنَّ سَبْعَ سَمَٰوَٰتࣲۚ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمࣱ

Ол – жердегі (яғни, жердің асты-үстіндегі) бүкіл нәрсені сендер үшін жаратты. Содан соң (шексіз ілімін, қалауы мен құдіретін) көкке бағыттап, оны жеті қабат аспан етіп мінсіз жүйеге келтірді. Ол – барлық нәрсені толықтай білуші.

30

وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَٰٓئِكَةِ إِنِّي جَاعِلࣱ فِي ٱلْأَرْضِ خَلِيفَةࣰۖ قَالُوٓا۟ أَتَجْعَلُ فِيهَا مَن يُفْسِدُ فِيهَا وَيَسْفِكُ ٱلدِّمَآءَ وَنَحْنُ نُسَبِّحُ بِحَمْدِكَ وَنُقَدِّسُ لَكَۖ قَالَ إِنِّيٓ أَعْلَمُ مَا لَا تَعْلَمُونَ

Кезінде Раббың періштелерге: «Мен жер бетінде (үкім жүргізетін) халифа жаратамын», – дегенде, періштелер (таңырқап): «Сонда, жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасайтын және нақақтан-нақақ қан төгетін біреуді жаратасың ба?! Біз бір Өзіңе үздіксіз мадақ һәм шүкіршілік айтып, мінсіз, кемшілік атаулыдан ада һәм ұлы екеніңді жар салып, бір Өзіңді ұлықтаудамыз ғой!» – деді. Сонда Алла оларға: «Расында, Мен сендер білмейтін қаншама жайттың қыр-сыры мен хикметін білемін», – деді.

31

وَعَلَّمَ ءَادَمَ ٱلْأَسْمَآءَ كُلَّهَا ثُمَّ عَرَضَهُمْ عَلَى ٱلْمَلَٰٓئِكَةِ فَقَالَ أَنۢبِـُٔونِي بِأَسْمَآءِ هَٰٓؤُلَآءِ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

Әрі (адамзаттың өзге жаратылыстардан үстемдігі мен жердегі Алланың өкілі болуының хикметін ұғындыру үшін) Адамға барлық нәрсенің атауын (мән-мағынасымен қоса) үйретті. Артынша оларды періштелерге көрсетіп: «Қане, айтқандарың рас болса, Маған мыналардың атауларын айтып (мән-мағынасын түсіндіріп) беріңдерші», – деді.

32

قَالُوا۟ سُبْحَٰنَكَ لَا عِلْمَ لَنَآ إِلَّا مَا عَلَّمْتَنَآۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْعَلِيمُ ٱلْحَكِيمُ

(Сонда періштелер өздерінің шарасыздығын мойындап): «Сен мінсізсің, ұлысың! Біз Өзің үйреткеннен басқаны білмейміз. Шүбәсіз, Сен барлық нәрсені толық білетін шексіз ілім иесісің, әр ісің мен әрбір үкіміңде талай хикмет болған асқан даналық иесісің», – деді.

33

قَالَ يَٰٓـَٔادَمُ أَنۢبِئْهُم بِأَسْمَآئِهِمْۖ فَلَمَّآ أَنۢبَأَهُم بِأَسْمَآئِهِمْ قَالَ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ إِنِّيٓ أَعْلَمُ غَيْبَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَأَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا كُنتُمْ تَكْتُمُونَ

Сонда Алла (адам баласын ардақты, абзал етіп жаратқанын паш ету үшін): «Уа, Адам! Оларға мыналардың атауын айтып (мән-мағынасын түсіндіріп) бер», – деп бұйырды. Сонда Адам періштелерге бар нәрсенің атауын айтып бергенде, (Алла періштелерге): «Мен сендерге жеті қабат аспан мен жердегі ғайыптың бәрін білемін, сондай-ақ сендердің нені жария етіп, нені іштеріңе бүгіп, жасырып жүргендеріңді де жақсы білемін деп айтпап па едім?!» – деді.

34

وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَٰٓئِكَةِ ٱسْجُدُوا۟ لِـَٔادَمَ فَسَجَدُوٓا۟ إِلَّآ إِبْلِيسَ أَبَىٰ وَٱسْتَكْبَرَ وَكَانَ مِنَ ٱلْكَٰفِرِينَ

Сөйтіп періштелерге (Адамның ілімін, артық жаратылысын және Алланың жер бетіндегі өкілі болуға әбден лайық екенін мойындап): «Адамға сәжде етіңдер!» – деп бұйырдық. Олар сол мезетте тегіс сәжде етті. Алайда Ібіліс тәкаппарлық танытып, сәжде етуден бас тартты, сөйтіп, кәпір болды.

35

وَقُلْنَا يَٰٓـَٔادَمُ ٱسْكُنْ أَنتَ وَزَوْجُكَ ٱلْجَنَّةَ وَكُلَا مِنْهَا رَغَدًا حَيْثُ شِئْتُمَا وَلَا تَقْرَبَا هَٰذِهِ ٱلشَّجَرَةَ فَتَكُونَا مِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ

(Содан соң біз): «Уа, Адам! Жұбайың екеуің жаннатты мекендеңдер, әрі одан (нығметтерінен) қалағанша жеңдер, тек мына ағашқа жоламаңдар. Әйтпесе, өз-өзіне қиянат жасайтын залымдардың қатарына қосыласыңдар», – дедік.

36

فَأَزَلَّهُمَا ٱلشَّيْطَٰنُ عَنْهَا فَأَخْرَجَهُمَا مِمَّا كَانَا فِيهِۖ وَقُلْنَا ٱهْبِطُوا۟ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوࣱّۖ وَلَكُمْ فِي ٱلْأَرْضِ مُسْتَقَرࣱّ وَمَتَٰعٌ إِلَىٰ حِينࣲ

Содан ақыры шайтан оларды (тыйым салынған ағаштан жегізіп) сүріндірді де, нығметке толы мекендерінен шығарып тынды. Біз оларға: «Бәрің біріңе-бірің дұшпан болып (жер бетіне) түсіңдер. Жерде сендер үшін біршама уақытқа дейін тұрақтайтын мекен және игіліктер бар», – дедік.

37

فَتَلَقَّىٰٓ ءَادَمُ مِن رَّبِّهِۦ كَلِمَٰتࣲ فَتَابَ عَلَيْهِۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ

Пұшайман болған Адам Раббысынан аян етілген бірқатар сөздерді жүрегімен қабыл алып, солармен тәубе етті. Сөйтіп Раббысы оның тәубесін қабыл алды. Шүбәсіз, Ол – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубелерін қабыл етуші), Рахим (әсіресе, тәубе етіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

38

قُلْنَا ٱهْبِطُوا۟ مِنْهَا جَمِيعࣰاۖ فَإِمَّا يَأْتِيَنَّكُم مِّنِّي هُدࣰى فَمَن تَبِعَ هُدَايَ فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

Біз оларға: «Жұмақтан түгелдей (жерге) түсіңдер. Менен сендерге міндетті түрде тура жол (көрсететін пайғамбар һәм кітап) келеді. Кімде-кім Менің тура жолымды басшылыққа алса, оларға ешқандай қорқыныш жоқ һәм олар әсте жабықпайды», – дедік.

39

وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَكَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَآ أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Ал күпірлік қылғандарға һәм (Кітаптағы) аяттарымызды (әрі болмыстағы және өз бойларындағы ақиқатты көрсететін) айқын дәлелдерімізге сенбегендерге келсек, олар – тозақтықтар. Олар мәңгі-бақи сонда болады.

40

يَٰبَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ ٱذْكُرُوا۟ نِعْمَتِيَ ٱلَّتِيٓ أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَوْفُوا۟ بِعَهْدِيٓ أُوفِ بِعَهْدِكُمْ وَإِيَّٰيَ فَٱرْهَبُونِ

Әй, Исрайыл ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді еске алыңдар. Маған берген уәделеріңді орындаңдар, Мен де сендерге берген уәдемді орындайын және Менен ғана қорқыңдар.

41

وَءَامِنُوا۟ بِمَآ أَنزَلْتُ مُصَدِّقࣰا لِّمَا مَعَكُمْ وَلَا تَكُونُوٓا۟ أَوَّلَ كَافِرِۭ بِهِۦۖ وَلَا تَشْتَرُوا۟ بِـَٔايَٰتِي ثَمَنࣰا قَلِيلࣰا وَإِيَّٰيَ فَٱتَّقُونِ

Қолдарыңдағы Тәуратты растаушы ретінде түсіргеніме (яғни, Құранға) иман келтіріңдер. Оған (адамдар арасынан) бірінші болып қарсы шықпаңдар және аяттарымды (атақ, лауазым, мал-мүлік т.с.с.) азғантай бағаға айырбастамаңдар. Менен ғана қорқыңдар, Мені ғана пана тұтыңдар.

42

وَلَا تَلْبِسُوا۟ ٱلْحَقَّ بِٱلْبَٰطِلِ وَتَكْتُمُوا۟ ٱلْحَقَّ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ

Ақиқатты жалғанмен бүркемеңдер және ақиқатты біліп тұрып жасырмаңдар.

43

وَأَقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُوا۟ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱرْكَعُوا۟ مَعَ ٱلرَّٰكِعِينَ

Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар, зекетті толық беріңдер және иіліп рукуғ жасаушылармен бірге рукуғ жасаңдар.

44

۞أَتَأْمُرُونَ ٱلنَّاسَ بِٱلْبِرِّ وَتَنسَوْنَ أَنفُسَكُمْ وَأَنتُمْ تَتْلُونَ ٱلْكِتَٰبَۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

Сендер ел-жұртқа ізгілікті бұйырып, өздеріңді ұмыт қалдырасыңдар ма?! Өздерің кітап (Тәуратты) оқисыңдар, еш ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!

45

وَٱسْتَعِينُوا۟ بِٱلصَّبْرِ وَٱلصَّلَوٰةِۚ وَإِنَّهَا لَكَبِيرَةٌ إِلَّا عَلَى ٱلْخَٰشِعِينَ

(Аллаға құлшылық етуде, күнә атаулыдан сақтануда һәм бастарыңа ауыртпалық түскенде) сабырлылық танытып, намаз оқып, (Алладан) медет тілеңдер. Расында, бұл – Алладан шын именетін һәм Оған тиісінше тағзым ететін жандардан өзгелерге тым ауыр келеді.

46

ٱلَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُم مُّلَٰقُوا۟ رَبِّهِمْ وَأَنَّهُمْ إِلَيْهِ رَٰجِعُونَ

Алладан шын именетін һәм Оған тиісінше тағзым ететін ондай жандар Раббыларымен қауышатындықтарына және Оған міндетті түрде қайтатындықтарына кәміл сенеді.

47

يَٰبَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ ٱذْكُرُوا۟ نِعْمَتِيَ ٱلَّتِيٓ أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَنِّي فَضَّلْتُكُمْ عَلَى ٱلْعَٰلَمِينَ

Әй, Исрайыл ұрпақтары! Өздеріңе үйіп-төгіп берген нығметтерімді және бір кездері сендерді жер-жаһанда үстем еткенімді еске алыңдар.

48

وَٱتَّقُوا۟ يَوْمࣰا لَّا تَجْزِي نَفْسٌ عَن نَّفْسࣲ شَيْـࣰٔا وَلَا يُقْبَلُ مِنْهَا شَفَٰعَةࣱ وَلَا يُؤْخَذُ مِنْهَا عَدْلࣱ وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ

Сондай-ақ біреудің күнәсін біреу арқалап, біреудің қарызын біреу төлей алмайтын, ешкімнің шапағаты қабыл болмайтын (яғни, біреу біреуге шапағат етіп, араша түсе алмайтын), ешкімнен (азаптан құтылуы үшін) ешқандай өтем, төлем алынбайтын және ешкімге ешқандай жәрдем берілмейтін (әркім өз басымен қайғы болатын) алапат күннен қорқыңдар һәм (бір Аллаға иман келтіріп, игі істер атқару арқылы) алдын-ала сақтаныңдар.

49

وَإِذْ نَجَّيْنَٰكُم مِّنْ ءَالِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوٓءَ ٱلْعَذَابِ يُذَبِّحُونَ أَبْنَآءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَآءَكُمْۚ وَفِي ذَٰلِكُم بَلَآءࣱ مِّن رَّبِّكُمْ عَظِيمࣱ

(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Естеріңде болса, кезінде сендерді ауыр азапқа салған Перғауын әулетінен құтқарған едік. Олар ұл балаларыңды тірідей бауыздап, қыз балаларыңды (өздеріне күң қылып, қорлау үшін) тірі қалдыратын еді. Біле білсеңдер, осының бәрі сендерге Раббыларыңнан келген үлкен сынақ болатын.

50

وَإِذْ فَرَقْنَا بِكُمُ ٱلْبَحْرَ فَأَنجَيْنَٰكُمْ وَأَغْرَقْنَآ ءَالَ فِرْعَوْنَ وَأَنتُمْ تَنظُرُونَ

Сондай-ақ естеріңде болса, (арттарыңнан қуған Перғауын мен әскерінен қашып келе жатып теңізге тірелгендеріңде), сендер үшін теңізді қақ жарып, барлығыңды (Перғауынның қанды шеңгелінен) құтқарған едік. Сондай-ақ (сендер жағаға шығып қарап тұрғандарыңда) көз алдарыңда Перғауын әулетін суға батырған едік.

51

وَإِذْ وَٰعَدْنَا مُوسَىٰٓ أَرْبَعِينَ لَيْلَةࣰ ثُمَّ ٱتَّخَذْتُمُ ٱلْعِجْلَ مِنۢ بَعْدِهِۦ وَأَنتُمْ ظَٰلِمُونَ

Кезінде Мұсамен қырық түндік мерзімге уағдаласқан едік. Сонда сендер Мұса кеткеннен кейін бұзауға табынып, өз-өздеріңе қиянат жасаған едіңдер.

52

ثُمَّ عَفَوْنَا عَنكُم مِّنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

Кейін (тәубелеріңе келіп, нығметтеріміздің қадірін түсініп) шүкіршілік етерсіңдер деп, сендерді тағы да кешірдік.

53

وَإِذْ ءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْفُرْقَانَ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ

Сондай-ақ естеріңде болса, сендер тура жолға түсер деп, Мұсаға Кітапты (Тәуратты) және Фурқанды (яғни, Тәуратты дұрыс түсініп, басшылыққа алу үшін терең ілім, парасат, ерекше түйсік һәм белгілі өлшемдер) бердік.

54

وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِۦ يَٰقَوْمِ إِنَّكُمْ ظَلَمْتُمْ أَنفُسَكُم بِٱتِّخَاذِكُمُ ٱلْعِجْلَ فَتُوبُوٓا۟ إِلَىٰ بَارِئِكُمْ فَٱقْتُلُوٓا۟ أَنفُسَكُمْ ذَٰلِكُمْ خَيْرࣱ لَّكُمْ عِندَ بَارِئِكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ

Мұса қауымына: «Уа, халқым! Сендер бұзауға табынып өз-өздеріңе қиянат жасадыңдар. Сол үшін уақыт оздырмай Аллаға тәубе етіңдер де, Алла жолында өздеріңді өлтіріп (яғни, араларыңдағы Таухид сенімінен баз кешіп, қолдан жасалған «бұзауға» табынған азғын дінбұзарларды өлтіріп), мұндай ауыр күнәдан біржолата арылыңдар! Солай істегендерің Жаратқанның алдында сендер үшін әлдеқайда қайырлы болмақ», – деді. (Сонда Мұсаның айтқанын істедіңдер) сөйтіп, Алла тәубелеріңді қабыл етті. Шүбәсіз, Ол – Тәууәб (құлдарының тәубесін қабыл етуші), Рахим (әсіресе тәубешіл мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

55

وَإِذْ قُلْتُمْ يَٰمُوسَىٰ لَن نُّؤْمِنَ لَكَ حَتَّىٰ نَرَى ٱللَّهَ جَهْرَةࣰ فَأَخَذَتْكُمُ ٱلصَّٰعِقَةُ وَأَنتُمْ تَنظُرُونَ

(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Кезінде сендер: «Әй, Мұса! Біз Алланы анық (өз көзімізбен) көрмейінше, саған сенбейміз», – деген едіңдер. Сол мезет төбелеріңнен жай түсті де, сұлап түскен бойда қимылдауға шамаларың келмей, көздерің шарасынан шығып кетердей қарап қалдыңдар.

56

ثُمَّ بَعَثْنَٰكُم مِّنۢ بَعْدِ مَوْتِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

Содан кейін шүкіршілік етерсіңдер деп, сендерді өліп жатқан жерлеріңнен қайта тірілттік.

57

وَظَلَّلْنَا عَلَيْكُمُ ٱلْغَمَامَ وَأَنزَلْنَا عَلَيْكُمُ ٱلْمَنَّ وَٱلسَّلْوَىٰۖ كُلُوا۟ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقْنَٰكُمْۚ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِن كَانُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ

Сонымен қатар (Тиһ шөлінде) төбелеріңді бұлтпен көлегейледік. «Өздеріңе ризық етіп бергендеріміздің адалынан, пайдалысынан жеңдер!» – деп сендерге ризық ретінде «мәнна» тәттісі мен бөдене құсын түсірдік. Алайда олар (осынау нығметтердің қадірін білмей, шүкіршілік айтудың орнына күпірлік ету арқылы) Бізге емес, тек өз-өздеріне қиянат жасаумен болды.

58

وَإِذْ قُلْنَا ٱدْخُلُوا۟ هَٰذِهِ ٱلْقَرْيَةَ فَكُلُوا۟ مِنْهَا حَيْثُ شِئْتُمْ رَغَدࣰا وَٱدْخُلُوا۟ ٱلْبَابَ سُجَّدࣰا وَقُولُوا۟ حِطَّةࣱ نَّغْفِرْ لَكُمْ خَطَٰيَٰكُمْۚ وَسَنَزِيدُ ٱلْمُحْسِنِينَ

Бірде оларға: «Мына қалаға кіріңдер де, кез келген жерінен қалағанша ішіп-жеңдер. Қаланың қақпасынан кіргенде, сәждеге жығылып: «Уа, Раббымыз! Күнәмізді кешіре көр!» – деп айтыңдар, сонда күнәларыңды кешіреміз. Игілікті істер атқаратын ізгі құлдарымызға берер сыйымызды бұдан да арттырамыз», – дедік.

59

فَبَدَّلَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ قَوْلًا غَيْرَ ٱلَّذِي قِيلَ لَهُمْ فَأَنزَلْنَا عَلَى ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ رِجْزࣰا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ بِمَا كَانُوا۟ يَفْسُقُونَ

Алайда ол залымдар қырсығып, өздеріне бұйырылған сөзді басқа сөзбен ауыстырып айтты. Сонда Біз (бұйрығымызды орындамай) өз-өздеріне қиянат жасаған ол залымдардың басына жүгенсіз кетіп күнәға батқандықтары үшін көктен жан түршігерлік азап түсірдік.

60

۞وَإِذِ ٱسْتَسْقَىٰ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِۦ فَقُلْنَا ٱضْرِب بِّعَصَاكَ ٱلْحَجَرَۖ فَٱنفَجَرَتْ مِنْهُ ٱثْنَتَا عَشْرَةَ عَيْنࣰاۖ قَدْ عَلِمَ كُلُّ أُنَاسࣲ مَّشْرَبَهُمْۖ كُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ مِن رِّزْقِ ٱللَّهِ وَلَا تَعْثَوْا۟ فِي ٱلْأَرْضِ مُفْسِدِينَ

Бір кездері Мұса қауымы үшін су іздеп, Аллаға жалбарынған еді. Сонда Біз оған: «Аса-таяғыңмен тасты ұр», – дедік. Сол сәтте тастан он екі бұлақ атқылады. Әр ру өзінің су ішетін бұлағын біліп алды. Сөйтіп оларға: «Алланың берген ризығынан ішіп-жеңдер, жер бетінде лаң салып, бұзғыншылық жасамаңдар», – деп бұйырдық.

61

وَإِذْ قُلْتُمْ يَٰمُوسَىٰ لَن نَّصْبِرَ عَلَىٰ طَعَامࣲ وَٰحِدࣲ فَٱدْعُ لَنَا رَبَّكَ يُخْرِجْ لَنَا مِمَّا تُنۢبِتُ ٱلْأَرْضُ مِنۢ بَقْلِهَا وَقِثَّآئِهَا وَفُومِهَا وَعَدَسِهَا وَبَصَلِهَاۖ قَالَ أَتَسْتَبْدِلُونَ ٱلَّذِي هُوَ أَدْنَىٰ بِٱلَّذِي هُوَ خَيْرٌۚ ٱهْبِطُوا۟ مِصْرࣰا فَإِنَّ لَكُم مَّا سَأَلْتُمْۗ وَضُرِبَتْ عَلَيْهِمُ ٱلذِّلَّةُ وَٱلْمَسْكَنَةُ وَبَآءُو بِغَضَبࣲ مِّنَ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَانُوا۟ يَكْفُرُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَيَقْتُلُونَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ بِغَيْرِ ٱلْحَقِّۚ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوا۟ وَّكَانُوا۟ يَعْتَدُونَ

(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Бірде сендер: «Әй, Мұса! Біз бұлай бір тамаққа ғана қарап, төзіп отыра алмаймыз. Біз үшін Раббыңа дұға ет, бізге жерден өсетін дәнді-дақылдан, асқабақтан, сарымсақтан, жасымықтан, пияздан шығарсын», – деген едіңдер. Сол кезде Мұса: «Сонда сендер қайырлы нәрсені одан төмен болмашы нәрсеге айырбастап алмақпысыңдар?! Ендеше, қалаға барыңдар, сұрағандарың сол жерден табылады», – деді. Содан олар қорлық пен жоқшылық қамытын киіп, ақырында, Алланың қаһарына ұшырады. Иә, солай болды, өйткені олар Алланың аяттарына сенбей, пайғамбарларды нақақтан-нақақ өлтіретін еді. Иә, солай болды, өйткені олар үнемі (Аллаға) қарсы келетін һәм күнә жасауда шектен шығатын.

62

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَٱلَّذِينَ هَادُوا۟ وَٱلنَّصَٰرَىٰ وَٱلصَّٰبِـِٔينَ مَنْ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَعَمِلَ صَٰلِحࣰا فَلَهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

(Құранға және Алла елшісіне) иман келтіргендер, яһудилер, христиандар және сабиилер, осылардың арасынан кімде-кім Аллаға және ақирет күніне кәміл иман келтіретін һәм игілікті істер атқаратын болса, Раббыларының дәргейінде дәрежесіне қарай әрқайсысының алар сауабы бар. Олар үшін ешқандай да қорқыныш жоқ, сондай-ақ олар әсте қамықпайды.

63

وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَٰقَكُمْ وَرَفَعْنَا فَوْقَكُمُ ٱلطُّورَ خُذُوا۟ مَآ ءَاتَيْنَٰكُم بِقُوَّةࣲ وَٱذْكُرُوا۟ مَا فِيهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Бір кездері Тур тауын төбелеріңе төндіріп тұрып, (Тауратпен амал ететіндіктерің жайлы) сендерден уәде алған едік. (Сонда сендерге): «Өздеріңе берген Кітабымызды мықтап ұстаныңдар және оның мазмұнына терең бойлап, жадыларыңа түйіп алыңдар, сонда ғана тақуалыққа қол жеткізесіңдер», – (деп бұйырған едік).

64

ثُمَّ تَوَلَّيْتُم مِّنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَۖ فَلَوْلَا فَضْلُ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُۥ لَكُنتُم مِّنَ ٱلْخَٰسِرِينَ

Содан соң тағы да сөздеріңнен тайып, сырт айналып шыға келдіңдер. Егер Алланың сендерге деген кеңшілігі мен рақымы болмағанда, (екі дүниеде де) қатты зардап шегер едіңдер.

65

وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ ٱلَّذِينَ ٱعْتَدَوْا۟ مِنكُمْ فِي ٱلسَّبْتِ فَقُلْنَا لَهُمْ كُونُوا۟ قِرَدَةً خَٰسِـِٔينَ

Араларыңнан қасиетті сенбі күні (күнәға батып) шектен шыққандарды әлбетте білесіңдер. Сонда Біз оларға: «(Белгілі тұрағы жоқ, қайда барса да сыймайтын) қор, жексұрын маймылдарға айналыңдар», – дедік.

66

فَجَعَلْنَٰهَا نَكَٰلࣰا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهَا وَمَا خَلْفَهَا وَمَوْعِظَةࣰ لِّلْمُتَّقِينَ

Біз бұл жазаны сол кездегілер мен кейінгілерге сабақ әрі тақуаларға насихат болсын деп берген едік.

67

وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِۦٓ إِنَّ ٱللَّهَ يَأْمُرُكُمْ أَن تَذْبَحُوا۟ بَقَرَةࣰۖ قَالُوٓا۟ أَتَتَّخِذُنَا هُزُوࣰاۖ قَالَ أَعُوذُ بِٱللَّهِ أَنْ أَكُونَ مِنَ ٱلْجَٰهِلِينَ

Кезінде Мұса (сиырды ерекше қасиет тұтатын) қауымына: «Алла сендерге сиыр союды бұйырды», – дегенде, қауымы оған: «Сен не, бізді келемеждеп тұрсың ба?» – деді. Сонда Мұса: «(Ел-жұртты келемеждейтін ондай) надан болғаннан Алла сақтасын», – деп айтты.

68

قَالُوا۟ ٱدْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّن لَّنَا مَا هِيَۚ قَالَ إِنَّهُۥ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةࣱ لَّا فَارِضࣱ وَلَا بِكْرٌ عَوَانُۢ بَيْنَ ذَٰلِكَۖ فَٱفْعَلُوا۟ مَا تُؤْمَرُونَ

Сол кезде қауымы оған: «Ендеше, біздің атымыздан Раббыңа дұға ет. Оның қандай екенін бізге нақты білдірсін», – деді. Мұса: «Раббым: «Ол кәрі де, (бұқа көрмеген) тым жас та емес, екеуінің ортасындағы күйлі сиыр болсын», – дейді. Ал енді өздеріңе бұйырылғанды істеңдер», – деді.

69

قَالُوا۟ ٱدْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّن لَّنَا مَا لَوْنُهَاۚ قَالَ إِنَّهُۥ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةࣱ صَفْرَآءُ فَاقِعࣱ لَّوْنُهَا تَسُرُّ ٱلنَّٰظِرِينَ

Олар (тағы да бұйрықты түсінбегенсіп): «(Әй, Мұса!) Біздің атымыздан Раббыңа дұға ет. Бізге оның түсін нақты білдірсін», – деді. Мұса: «Раббым: «Ол көрген жандардың көңілін шалқытатын түгі жылтыраған сары сиыр болсын», – дейді», – деді.

70

قَالُوا۟ ٱدْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّن لَّنَا مَا هِيَ إِنَّ ٱلْبَقَرَ تَشَٰبَهَ عَلَيْنَا وَإِنَّآ إِن شَآءَ ٱللَّهُ لَمُهْتَدُونَ

Олар тағы: «(Әй, Мұса!) Біздің атымыздан Раббыңа дұға ет. Оның қандай сиыр екенін бізге нақты білдірсін. Өйткені сиырлар бір-біріне ұқсайтындықтан, біз нақты қандай сиыр керек екенін біле алмай тұрмыз. Дегенмен Алла қаласа, біз оны қайткен күнде де табамыз», – деді.

71

قَالَ إِنَّهُۥ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةࣱ لَّا ذَلُولࣱ تُثِيرُ ٱلْأَرْضَ وَلَا تَسْقِي ٱلْحَرْثَ مُسَلَّمَةࣱ لَّا شِيَةَ فِيهَاۚ قَالُوا۟ ٱلْـَٰٔنَ جِئْتَ بِٱلْحَقِّۚ فَذَبَحُوهَا وَمَا كَادُوا۟ يَفْعَلُونَ

Мұса: «Раббым: «Ол соқаға жегілмеген, егін суармаған, сап-сау, еш кемістігі мен ала-құласы жоқ, түсі біркелкі сиыр болсын», – дейді», – деді. Сонда олар: «Міне, енді дұрысын айттың», – деді де, ақыры, амалсыздан (сипатталған сиырды тауып) сойды.

72

وَإِذْ قَتَلْتُمْ نَفْسࣰا فَٱدَّٰرَٰ͏ْٔتُمْ فِيهَاۖ وَٱللَّهُ مُخْرِجࣱ مَّا كُنتُمْ تَكْتُمُونَ

(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Естеріңде болса, сендер кісі өлтіріп, кінәні бір-біріңе артып, қара бастарыңды бәледен арашалауға тырыстыңдар. Алайда Алла жасырған қылмыстарыңның бетін ашады.

73

فَقُلْنَا ٱضْرِبُوهُ بِبَعْضِهَاۚ كَذَٰلِكَ يُحْيِ ٱللَّهُ ٱلْمَوْتَىٰ وَيُرِيكُمْ ءَايَٰتِهِۦ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ

Содан кейін оларға: «Сойылған сиырдың бір мүшесімен мәйітті ұрыңдар (сонда өліге жан бітіп, өзін өлтірген қылмыскерді айтып береді)», – дедік. Міне, Алла өлілерді осылай тірілтеді және ақылға салып ойланар деп, сендерге осындай мұғжизаларын көрсетеді.

74

ثُمَّ قَسَتْ قُلُوبُكُم مِّنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَ فَهِيَ كَٱلْحِجَارَةِ أَوْ أَشَدُّ قَسْوَةࣰۚ وَإِنَّ مِنَ ٱلْحِجَارَةِ لَمَا يَتَفَجَّرُ مِنْهُ ٱلْأَنْهَٰرُۚ وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَشَّقَّقُ فَيَخْرُجُ مِنْهُ ٱلْمَآءُۚ وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَهْبِطُ مِنْ خَشْيَةِ ٱللَّهِۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ

Содан соң уақыт өте келе жүректерің қатайып кетті, жүректерің тас сияқты, тіпті одан да қатты. Алайда кейбір тастардан – атқылаған өзендер шығады; қақ жарылып ішінен қайнар су ағатын тастар да бар; енді бірі Алладан қорыққаннан, опырылып биіктен құлап жатады. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен бейхабар емес.

75

۞أَفَتَطْمَعُونَ أَن يُؤْمِنُوا۟ لَكُمْ وَقَدْ كَانَ فَرِيقࣱ مِّنْهُمْ يَسْمَعُونَ كَلَٰمَ ٱللَّهِ ثُمَّ يُحَرِّفُونَهُۥ مِنۢ بَعْدِ مَا عَقَلُوهُ وَهُمْ يَعْلَمُونَ

(Уа, мүміндер! Алла қанша нығметке бөлесе де сол нығметтердің қадірін біліп, шүкіршілік етпеген ондай қауым) сендерге илана қалады деп үміттенесіңдер ме?! Расында, олардың бір тобы (яғни, дін ғалымдары) Алланың сөзін тыңдайды, оның шынымен Алланың сөзі екенін түсінеді, алайда содан кейін оны (дұрыс мағынасын біліп тұрса да) әдейі бұрмалап, (өздерінше тәпсірлеп, қолайларына жағатындай етіп) өзгеріске ұшырататын еді.

76

وَإِذَا لَقُوا۟ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا وَإِذَا خَلَا بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضࣲ قَالُوٓا۟ أَتُحَدِّثُونَهُم بِمَا فَتَحَ ٱللَّهُ عَلَيْكُمْ لِيُحَآجُّوكُم بِهِۦ عِندَ رَبِّكُمْۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

Олар мүміндермен жолыға қалса: «Біз де иман келтірдік», − дейді. Ал өздері оңаша қалғанда: «Бұларың не?! Алланың сендерге білдіргендерін (ақырғы пайғамбардың сипаттарын, ерекшеліктерін) Раббыларыңның алдында өздеріңе қарсы дәлел ретінде қолдансын деп, ел-жұртқа жайып жүрсіңдер ме? Ақылға салып ойланбайсыңдар ма?» – деседі.

77

أَوَلَا يَعْلَمُونَ أَنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَ

Алла олардың ішке бүккен сырларын да, жария еткендерін де біледі, олар соны білмей ме?!

78

وَمِنْهُمْ أُمِّيُّونَ لَا يَعْلَمُونَ ٱلْكِتَٰبَ إِلَّآ أَمَانِيَّ وَإِنْ هُمْ إِلَّا يَظُنُّونَ

Исрайыл ұрпақтарының арасында Кітап (Тәурат) дегенді білмейтін, хат танымайтын сауатсыздар да бар. Бар білетіндері (ғұламаларынан, анадан-мынадан) естіген ойдан шығарылған негізсіз нәрселер ғана. Олар тек өз ойымен ғана әрекет етеді.

79

فَوَيْلࣱ لِّلَّذِينَ يَكْتُبُونَ ٱلْكِتَٰبَ بِأَيْدِيهِمْ ثُمَّ يَقُولُونَ هَٰذَا مِنْ عِندِ ٱللَّهِ لِيَشْتَرُوا۟ بِهِۦ ثَمَنࣰا قَلِيلࣰاۖ فَوَيْلࣱ لَّهُم مِّمَّا كَتَبَتْ أَيْدِيهِمْ وَوَيْلࣱ لَّهُم مِّمَّا يَكْسِبُونَ

Өз қолдарымен кітап жазып, сонымен (мал-пұл сынды) болмашы пайдаға қол жеткізу үшін: «Бұл – Алладан келген», – деп жүргендер сорласын! (Қасиетті Тәуратты бұрмалап) өз қолдарымен жазған нәрселері үшін сорласын! Сөйтіп тапқан дүниелері мен күнәларының кесірінен сорласын!

80

وَقَالُوا۟ لَن تَمَسَّنَا ٱلنَّارُ إِلَّآ أَيَّامࣰا مَّعْدُودَةࣰۚ قُلْ أَتَّخَذْتُمْ عِندَ ٱللَّهِ عَهْدࣰا فَلَن يُخْلِفَ ٱللَّهُ عَهْدَهُۥٓۖ أَمْ تَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ

Олар: «Санаулы күндер болмаса, тозақ оты бізге әсте тимейді», – дейді. Оларға: «Алладан уәде алып па едіңдер?! Онда Алла уәдесін әсте бұзбайды. Жоқ әлде, Аллаға өздерің нақты білмейтін нәрселерді теліп жүрсіңдер ме?!» – де.

81

بَلَىٰۚ مَن كَسَبَ سَيِّئَةࣰ وَأَحَٰطَتْ بِهِۦ خَطِيٓـَٔتُهُۥ فَأُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Жоқ, олай емес! Кімде-кім жамандық жасап, ақырында, жасаған жамандығы өзіне жан-жақтан құрсау салса, міне, солар – нағыз тозақтықтар, олар мәңгі-бақи сонда болады.

82

وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلْجَنَّةِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Ал иман келтіріп, игілікті істер атқарғандарға келсек, міне, солар – жұмақтықтар, олар мәңгі-бақи сол жерді мекендейді.

83

وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَٰقَ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ لَا تَعْبُدُونَ إِلَّا ٱللَّهَ وَبِٱلْوَٰلِدَيْنِ إِحْسَانࣰا وَذِي ٱلْقُرْبَىٰ وَٱلْيَتَٰمَىٰ وَٱلْمَسَٰكِينِ وَقُولُوا۟ لِلنَّاسِ حُسْنࣰا وَأَقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُوا۟ ٱلزَّكَوٰةَ ثُمَّ تَوَلَّيْتُمْ إِلَّا قَلِيلࣰا مِّنكُمْ وَأَنتُم مُّعْرِضُونَ

Кезінде Исрайыл ұрпақтарынан: «Аллаға ғана құлшылық етесіңдер, ата-анаға, туған-туысқа, жетімдерге және пақыр-міскіндерге жақсылық жасайсыңдар, жұртқа жақсы сөз айтасыңдар», – деп уәде алған едік, сондай-ақ оларға: «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер!» – деп бұйырған едік. Алайда (әй, Исрайыл ұрпақтары), көп ұзамай-ақ араларыңдағы ат төбеліндей аз ғана адамнан басқаларың уәделеріңнен тайқып кеттіңдер. Сендер ежелден уәдеде тұрмайтын бәтуасыз қауымсыңдар.

84

وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَٰقَكُمْ لَا تَسْفِكُونَ دِمَآءَكُمْ وَلَا تُخْرِجُونَ أَنفُسَكُم مِّن دِيَٰرِكُمْ ثُمَّ أَقْرَرْتُمْ وَأَنتُمْ تَشْهَدُونَ

Тағы бірде сендерден: «Бір-біріңнің қанын төкпейсіңдер, атамекендеріңнен біріңді-бірің алас-тап қумайсыңдар», – деп уәде алған едік. Сонда сендер мұның бәрін құп алған едіңдер һәм соған өздерің де куә болдыңдар.

85

ثُمَّ أَنتُمْ هَٰٓؤُلَآءِ تَقْتُلُونَ أَنفُسَكُمْ وَتُخْرِجُونَ فَرِيقࣰا مِّنكُم مِّن دِيَٰرِهِمْ تَظَٰهَرُونَ عَلَيْهِم بِٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ وَإِن يَأْتُوكُمْ أُسَٰرَىٰ تُفَٰدُوهُمْ وَهُوَ مُحَرَّمٌ عَلَيْكُمْ إِخْرَاجُهُمْۚ أَفَتُؤْمِنُونَ بِبَعْضِ ٱلْكِتَٰبِ وَتَكْفُرُونَ بِبَعْضࣲۚ فَمَا جَزَآءُ مَن يَفْعَلُ ذَٰلِكَ مِنكُمْ إِلَّا خِزْيࣱ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَاۖ وَيَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ يُرَدُّونَ إِلَىٰٓ أَشَدِّ ٱلْعَذَابِۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ

Алайда сендер бір-біріңе өлтіресіңдер, араларыңдағы бір топ қауымды атамекенінен қуып шығасыңдар, онымен қоймай оларға жамандық һәм дұшпандық жасап, оларға қарсы бір-біріңе болысасыңдар. Егер олар тұтқын болып келсе, (Тәуратқа сүйеніп) құнын төлеп, босатып аласыңдар. (Алайда сол Тәуратта) әу баста оларды қуып шығу сендерге харам етілген еді. Сонда сендер Кітаптың (Тәураттың) бір парасына иман келтіріп, енді бір парасын жоққа шығарасыңдар ма?! Араларыңнан олай істегендердің бұл дүниеде көретіні тек қана қорлық. Ал қиямет күні ең ауыр азапқа салынады! Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен бейхабар емес.

86

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ ٱشْتَرَوُا۟ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَا بِٱلْـَٔاخِرَةِۖ فَلَا يُخَفَّفُ عَنْهُمُ ٱلْعَذَابُ وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ

Міне, бұлар – ақиретті (яғни, о дүниенің мәңгілік бақытын) дүниенің қу тіршілігіне айырбастағандар. Сондықтан да олардың азабы әсте жеңілдетілмейді әрі оларға ешқандай жәрдем де берілмейді.

87

وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْكِتَٰبَ وَقَفَّيْنَا مِنۢ بَعْدِهِۦ بِٱلرُّسُلِۖ وَءَاتَيْنَا عِيسَى ٱبْنَ مَرْيَمَ ٱلْبَيِّنَٰتِ وَأَيَّدْنَٰهُ بِرُوحِ ٱلْقُدُسِۗ أَفَكُلَّمَا جَآءَكُمْ رَسُولُۢ بِمَا لَا تَهْوَىٰٓ أَنفُسُكُمُ ٱسْتَكْبَرْتُمْ فَفَرِيقࣰا كَذَّبْتُمْ وَفَرِيقࣰا تَقْتُلُونَ

Біз Мұсаға Кітап бердік және одан кейін де пайғамбарларды бірінен соң бірін жіберіп отырдық. Мәриямұлы Исаға да (пайғамбарлығын дәлелдейтін) ап-айқын мұғжизалар бердік һәм оны Қасиетті Рухпен (Жәбірейілмен) демеп, желеп-жебедік. Сонда сендерге көңілдеріңе жақпайтын нәрселермен пайғамбар келген сайын, тәкаппарланып, біреулерін өтірікші деп, енді біреулерін өлтіресіңдер ме?!

88

وَقَالُوا۟ قُلُوبُنَا غُلْفُۢۚ بَل لَّعَنَهُمُ ٱللَّهُ بِكُفْرِهِمْ فَقَلِيلࣰا مَّا يُؤْمِنُونَ

(Яһудилер әзірет Мұхаммедтің айтқандарын келемеждеп): «Жүрегіміз жабық», – деді. Негізі, олай емес, Алла оларды күпірліктері үшін рақымынан аластады. Олардың шала иман келтіретіні де содан.

89

وَلَمَّا جَآءَهُمْ كِتَٰبࣱ مِّنْ عِندِ ٱللَّهِ مُصَدِّقࣱ لِّمَا مَعَهُمْ وَكَانُوا۟ مِن قَبْلُ يَسْتَفْتِحُونَ عَلَى ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فَلَمَّا جَآءَهُم مَّا عَرَفُوا۟ كَفَرُوا۟ بِهِۦۚ فَلَعْنَةُ ٱللَّهِ عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ

Оларға Алладан қолдарындағы Тәуратты растайтын Кітап келді. Бұдан бұрын олар кәпірлерді жеңу үшін (Алладан медет тілегенде, «Тәуратта айтылған ақырғы пайғамбардың құрметіне бізге медет бере көр», деп) дұға ететін. Ал енді өздері бес саусағындай білетін сол пайғамбар келгенде, оны мойындамай күпірлік қылды. Оларға Алланың лағынеті жаусын.

90

بِئْسَمَا ٱشْتَرَوْا۟ بِهِۦٓ أَنفُسَهُمْ أَن يَكْفُرُوا۟ بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بَغْيًا أَن يُنَزِّلَ ٱللَّهُ مِن فَضْلِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦۖ فَبَآءُو بِغَضَبٍ عَلَىٰ غَضَبࣲۚ وَلِلْكَٰفِرِينَ عَذَابࣱ مُّهِينࣱ

Бұлар өздерін қандай жаман нәрсеге сатып, пида қылды! Алланың құлдарынан қалағанына өз рақымымен (пайғамбарлық міндетін жүктеп) Кітап түсіргенін көре алмай, Алланың түсіргеніне қарсы келіп, қаһар үстіне қаһарға ұшырады. Кәпірлер үшін (оларды) қор қылатын азап бар.

91

وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ ءَامِنُوا۟ بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ قَالُوا۟ نُؤْمِنُ بِمَآ أُنزِلَ عَلَيْنَا وَيَكْفُرُونَ بِمَا وَرَآءَهُۥ وَهُوَ ٱلْحَقُّ مُصَدِّقࣰا لِّمَا مَعَهُمْۗ قُلْ فَلِمَ تَقْتُلُونَ أَنۢبِيَآءَ ٱللَّهِ مِن قَبْلُ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

Оларға: «Алла түсірген Құранға иман келтіріңдер», – делінсе, олар: «Біз тек өзімізге түсірілген Тәуратқа ғана иман келтіреміз», – деп айтады. Сөйтіп (Құран) хақ кітап болса да һәм қолдарындағы Тәуратты растаса да, өздеріне түскен кітаптан басқаның бәрін біліп тұрып жоққа шығарады. Ендеше, оларға: «Егер шынайы мүмін болсаңдар (яғни, қолдарыңдағы Тәуратқа шынымен сенсеңдер), бұған дейін Алланың пайғамбарларын неге өлтіретін едіңдер?!» – деп айт.

92

۞وَلَقَدْ جَآءَكُم مُّوسَىٰ بِٱلْبَيِّنَٰتِ ثُمَّ ٱتَّخَذْتُمُ ٱلْعِجْلَ مِنۢ بَعْدِهِۦ وَأَنتُمْ ظَٰلِمُونَ

(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Расында, Мұса сендерге (пайғамбарлығын дәлелдейтін) айдан анық мұғжизалармен келді. Алайда Мұса (Тур тауына) кеткеннен кейін, сендер азғындыққа салынып, (қолдан жасалған) бұзауға табынып кеттіңдер.

93

وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَٰقَكُمْ وَرَفَعْنَا فَوْقَكُمُ ٱلطُّورَ خُذُوا۟ مَآ ءَاتَيْنَٰكُم بِقُوَّةࣲ وَٱسْمَعُوا۟ۖ قَالُوا۟ سَمِعْنَا وَعَصَيْنَا وَأُشْرِبُوا۟ فِي قُلُوبِهِمُ ٱلْعِجْلَ بِكُفْرِهِمْۚ قُلْ بِئْسَمَا يَأْمُرُكُم بِهِۦٓ إِيمَٰنُكُمْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Бір кездері Тур та-уын төбелеріңе төндіріп тұрып: «Өздеріңе берген Кітабымызды мықтап ұстаныңдар және оны жақсылап тыңдаңдар», – деп (Тауратпен амал ететіндіктерің жайлы) сендерден (яғни ата-бабаларыңнан) уәде алған едік. Алайда олар: «Естідік, бірақ бойсұнудан бас тартамыз», – деді. Сөйтіп күпірлікке бой алдырғандықтан, бұзауға табынушылық олардың жүрегін жаулап алды. (Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Егер сендер иманды болсаңдар, онда сол имандарың сендерге қандай жаман істі бұйыруда», – деп айт.

94

قُلْ إِن كَانَتْ لَكُمُ ٱلدَّارُ ٱلْـَٔاخِرَةُ عِندَ ٱللَّهِ خَالِصَةࣰ مِّن دُونِ ٱلنَّاسِ فَتَمَنَّوُا۟ ٱلْمَوْتَ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

Сондай-ақ оларға: «Егер ақиреттегі Алланың жұмағы басқа адамдарға емес, тек өздеріңе ғана тән болса һәм сол айтқан сөздерің рас болса, онда (соған тезірек жету үшін) өздеріңе өлім тілеңдерші», – деп айт.

95

وَلَن يَتَمَنَّوْهُ أَبَدَۢا بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِٱلظَّٰلِمِينَ

Алайда олар өз қолдарымен істеген күнәлары тұрғанда, (Алламен қауышуды қаламайды, сондықтан да) өздеріне әсте өлім тілемейді. Алла күнәға белшесінен батқан ондай залымдарды өте жақсы біледі.

96

وَلَتَجِدَنَّهُمْ أَحْرَصَ ٱلنَّاسِ عَلَىٰ حَيَوٰةࣲ وَمِنَ ٱلَّذِينَ أَشْرَكُوا۟ۚ يَوَدُّ أَحَدُهُمْ لَوْ يُعَمَّرُ أَلْفَ سَنَةࣲ وَمَا هُوَ بِمُزَحْزِحِهِۦ مِنَ ٱلْعَذَابِ أَن يُعَمَّرَۗ وَٱللَّهُ بَصِيرُۢ بِمَا يَعْمَلُونَ

Олардың күллі адамзат ішіндегі осы жалған өмірге ең құштар жандар екенін көресің. Тіпті олар (өмірге деген құштарлықта) мүшріктерден де асып түседі. Олардың әрқайсысы кем дегенде мың жыл өмір сүруді қалайды. Алайда ұзақ өмір сүру бәрібір оны азаптан құтқарып қала алмайды. Алла олардың не істеп, не қойып жүргенін көруде.

97

قُلْ مَن كَانَ عَدُوࣰّا لِّجِبْرِيلَ فَإِنَّهُۥ نَزَّلَهُۥ عَلَىٰ قَلْبِكَ بِإِذْنِ ٱللَّهِ مُصَدِّقࣰا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِ وَهُدࣰى وَبُشْرَىٰ لِلْمُؤْمِنِينَ

Оларға айт: «Кімде-кім Жәбірейіл періштеге дұшпан болса, біліп қойсын! Бұл Құранды бұрынғы иләһи кітаптарды растаушы және мүміндерді тура жолға бастаушы һәм сүйіншілеуші етіп, Алланың қалауымен сенің жүрегіңе сол түсірді.

98

مَن كَانَ عَدُوࣰّا لِّلَّهِ وَمَلَٰٓئِكَتِهِۦ وَرُسُلِهِۦ وَجِبْرِيلَ وَمِيكَىٰلَ فَإِنَّ ٱللَّهَ عَدُوࣱّ لِّلْكَٰفِرِينَ

Кімде-кім Алланы, періштелерін, елшілерін, соның ішінде, Жәбірейіл мен Микайылды өзіне дұшпан санаса, біліп қойсын, шүбәсіз, Алла да кәпірлердің дұшпаны.

99

وَلَقَدْ أَنزَلْنَآ إِلَيْكَ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتࣲۖ وَمَا يَكْفُرُ بِهَآ إِلَّا ٱلْفَٰسِقُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Біз саған анық аяттар түсірдік. Ол аяттарды Аллаға қарсы келіп, асы болған күнәһарлар ғана жоққа шығарады.

100

أَوَكُلَّمَا عَٰهَدُوا۟ عَهْدࣰا نَّبَذَهُۥ فَرِيقࣱ مِّنْهُمۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

Сонда келісім жасасқан сайын, әлгі азғындардың бір тобы келісімді бұзып, кері лақтырып тастай ма?! (Иә, олар үнемі солай істейді һәм олардың бір тобы ғана емес) көпшілігі уәдеде тұру дегенді білмейді, иман да келтірмейді.

101

وَلَمَّا جَآءَهُمْ رَسُولࣱ مِّنْ عِندِ ٱللَّهِ مُصَدِّقࣱ لِّمَا مَعَهُمْ نَبَذَ فَرِيقࣱ مِّنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ كِتَٰبَ ٱللَّهِ وَرَآءَ ظُهُورِهِمْ كَأَنَّهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

Оларға Алланың құзырынан қолдарындағы Тәуратты растаушы Пайғамбар келгенде, кітап иелерінің бір тобы (кітаптың Алла тарапынан түсірілгенін әрі оны жеткізуші пайғамбардың өздері күтіп жүрген ақырғы елші екенін) білмейтіндей сыңай танытып, Алланың кітабын кері лақтырып тастады.

102

وَٱتَّبَعُوا۟ مَا تَتْلُوا۟ ٱلشَّيَٰطِينُ عَلَىٰ مُلْكِ سُلَيْمَٰنَۖ وَمَا كَفَرَ سُلَيْمَٰنُ وَلَٰكِنَّ ٱلشَّيَٰطِينَ كَفَرُوا۟ يُعَلِّمُونَ ٱلنَّاسَ ٱلسِّحْرَ وَمَآ أُنزِلَ عَلَى ٱلْمَلَكَيْنِ بِبَابِلَ هَٰرُوتَ وَمَٰرُوتَۚ وَمَا يُعَلِّمَانِ مِنْ أَحَدٍ حَتَّىٰ يَقُولَآ إِنَّمَا نَحْنُ فِتْنَةࣱ فَلَا تَكْفُرْۖ فَيَتَعَلَّمُونَ مِنْهُمَا مَا يُفَرِّقُونَ بِهِۦ بَيْنَ ٱلْمَرْءِ وَزَوْجِهِۦۚ وَمَا هُم بِضَآرِّينَ بِهِۦ مِنْ أَحَدٍ إِلَّا بِإِذْنِ ٱللَّهِۚ وَيَتَعَلَّمُونَ مَا يَضُرُّهُمْ وَلَا يَنفَعُهُمْۚ وَلَقَدْ عَلِمُوا۟ لَمَنِ ٱشْتَرَىٰهُ مَا لَهُۥ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ مِنْ خَلَٰقࣲۚ وَلَبِئْسَ مَا شَرَوْا۟ بِهِۦٓ أَنفُسَهُمْۚ لَوْ كَانُوا۟ يَعْلَمُونَ

Олар Сүлейменнің патшалығына қарсы шыққан шайтандардың (Сүлеймен пайғамбардың жын-шайтандарды, құстарды көптеген істерде қолдануын сиқырға балаған) сөзіне ерді. Негізі, (сиқырдың үлкен күнә екенін білетін) Сүлеймен (сиқырмен айналысып) күпірлік еткен жоқ, керісінше, шайтандар күпірлік қылды, өйткені олар адамдарға сиқыршылықты және Бабылдағы Һарут пен Мәрут атты екі періштеге түсірілгендерді (яғни, тылсым ілімді) үйрететін еді. Ол екеуі: «Біз тек сынақ ретінде жіберілдік, ендеше (бұл тылсым ілімді теріс пиғылмен қолданып) кәпір болып кетпе», – деп ескертпейінше, ешкімге (тылсым ілімді) үйретпейтін. Алайда шайтандарға ергендер екі періштеден ерлі-зайыптыларды бір-бірінен айырып, ажырататын нәрселерді үйренетін еді. Ақиқатында, олар Алланың қалауынсыз (сиқыр арқылы) бірде-бір жанға зиян келтіре алмайды. Сөйтіп, олар өздеріне пайда бермейтін, керісінше, зиян келтіретін нәрселерді үйренумен болды. Олар сиқырды (Алланың кітабына) айырбастап алғандардың ақиретте (Алланың мейірімінен) нәсіпсіз болатынын жақсы білетін. Олар өздерін қандай жаман нәрсеге сатып жібергенін білсе ғой!

103

وَلَوْ أَنَّهُمْ ءَامَنُوا۟ وَٱتَّقَوْا۟ لَمَثُوبَةࣱ مِّنْ عِندِ ٱللَّهِ خَيْرࣱۚ لَّوْ كَانُوا۟ يَعْلَمُونَ

Егер олар тиісінше иман келтіріп, Аллаға шын жүректен тағзым етіп, (сиқыр сынды) харам нәрселерден бойларын аулақ ұстағанда ғой (әлі де болса солай істесе ғой)! Онда Алланың оларға берер сауабы бәрінен де қайырлы болар еді. Әттең, олар соны білсе ғой!

104

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَقُولُوا۟ رَٰعِنَا وَقُولُوا۟ ٱنظُرْنَا وَٱسْمَعُوا۟ۗ وَلِلْكَٰفِرِينَ عَذَابٌ أَلِيمࣱ

Уа, иман келтіргендер! (Алла елшісімен тілдескенде, бірқатар (арам пиғыл) яһудилер сияқты («бізге де көңіл бөлесің бе?» және «әй, біздің бақташы, бізге бас-көз бол» деген мағынаға саятын) «рағина» деген екі ұшты сөзді айтпаңдар, оның орнына «унзурна» (яғни «өтінеміз, бізге назар салыңыз») деп айтыңдар, сондай-ақ айтқанына құлақ асып, (оған толық мойынсұныңдар). (Біліп қойыңдар, Алла елшісіне сенбейтін, мойынсұнбайтын һәм лайықты құрмет көрсетпейтін) кәпірлер үшін жан төзгісіз азап бар.

105

مَّا يَوَدُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ وَلَا ٱلْمُشْرِكِينَ أَن يُنَزَّلَ عَلَيْكُم مِّنْ خَيْرࣲ مِّن رَّبِّكُمْۚ وَٱللَّهُ يَخْتَصُّ بِرَحْمَتِهِۦ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ ذُو ٱلْفَضْلِ ٱلْعَظِيمِ

Күпірлік қылған кітап иелері де, мүшріктер де сендерге Раббыларыңнан қандай да бір жақсылық түскенін қаламайды. Алайда (олар қанша жерден қаламаса да) Алла қалаған құлын рақымымен таңдаулы қылады һәм оған маңызды міндет жүктейді (яғни, пайғамбарлық міндет жүктейді немесе дін жолында қызмет етуді нәсіп етеді). Алла – зор игілік, шексіз шарапат егесі.

106

۞مَا نَنسَخْ مِنْ ءَايَةٍ أَوْ نُنسِهَا نَأْتِ بِخَيْرࣲ مِّنْهَآ أَوْ مِثْلِهَآۗ أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرٌ

Біз (дінді кемеліне жеткізу һәм нығметтерімізді толықтыру үшін) қандай да бір аяттың үкімін (толық яки жартылай) жоятын немесе ұмыттыратын болсақ, орнына одан да абзалын, яки соған ұқсасын түсіреміз. Алланың құдіретінің барлық нәрсеге толық жететінін сен әлбетте білесің!

107

أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ ٱللَّهَ لَهُۥ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۗ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِن وَلِيࣲّ وَلَا نَصِيرٍ

Күллі аспан әлемі мен жердегі бар биліктің бір Аллаға тиесілі екенін сен әлбетте білесің. Сендердің Алладан басқа қамқор достарың да, шын жанашыр медеткерлерің де жоқ.

108

أَمْ تُرِيدُونَ أَن تَسْـَٔلُوا۟ رَسُولَكُمْ كَمَا سُئِلَ مُوسَىٰ مِن قَبْلُۗ وَمَن يَتَبَدَّلِ ٱلْكُفْرَ بِٱلْإِيمَٰنِ فَقَدْ ضَلَّ سَوَآءَ ٱلسَّبِيلِ

(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Кезінде кітап иелерінің (өз араларындағы бірқатар кәпірлердің азғыруымен һәм Алланың кейбір аяттар мен үкімдерге өзгерістер енгізгенін түсіне алмай) Мұсаға («Алланы өз көзімізбен көргіміз келеді» дегені сияқты) орынсыз талаптар қойғанындай, сендер де пайғамбарларыңа орынсыз һәм қисынсыз талаптар қойғыларың келе ме?! Кімде-кім иманын күпірлікке айырбастаса, онда оның, шүбәсіз, тура жолдан адасқаны.

109

وَدَّ كَثِيرࣱ مِّنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ لَوْ يَرُدُّونَكُم مِّنۢ بَعْدِ إِيمَٰنِكُمْ كُفَّارًا حَسَدࣰا مِّنْ عِندِ أَنفُسِهِم مِّنۢ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلْحَقُّۖ فَٱعْفُوا۟ وَٱصْفَحُوا۟ حَتَّىٰ يَأْتِيَ ٱللَّهُ بِأَمْرِهِۦٓۗ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Кітап иелерінің көбінің көксегені – сендерді иманнан бездіріп, қайтадан кәпір ету. Бұл –(«Құран – Алла сөзі, Мұхаммед – ақырғы пайғамбар» деген) ақиқат оларға анық белгілі болғаннан кейін, іштерін оттай өртеген көре алмаушылықтан. Ендеше, Алла оларға қатысты өз үкімін шығарып, оны жүзеге асырғанға дейін, оларға кешіріммен қараңдар, сөздері мен қылықтарын көңілдеріңе алмаңдар. Сезімге беріліп, олармен жаға жыртыспаңдар. Шүбәсіз, Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

110

وَأَقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُوا۟ ٱلزَّكَوٰةَۚ وَمَا تُقَدِّمُوا۟ لِأَنفُسِكُم مِّنْ خَيْرࣲ تَجِدُوهُ عِندَ ٱللَّهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرࣱ

Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар және зекетті толық беріңдер. (Алланың разылығына бөлену мақсатында) дүниеде өздерің үшін қандай да бір жақсылық жасап, (ақиретке) жолдасаңдар, сол Алланың алдына барғанда міндетті түрде алдарыңнан шығады. Шүбәсіз, Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруде.

111

وَقَالُوا۟ لَن يَدْخُلَ ٱلْجَنَّةَ إِلَّا مَن كَانَ هُودًا أَوْ نَصَٰرَىٰۗ تِلْكَ أَمَانِيُّهُمْۗ قُلْ هَاتُوا۟ بُرْهَٰنَكُمْ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

Кітап иелері: «Яһудиден немесе христианнан басқа ешкім жұмаққа кірмейді (яғни яһудилер «біз ғана жұмаққа кіреміз», христиандар да «біз ғана жұмаққа кіреміз»)», – деді. Бұл олардың құр қиялы ғана. Оларға: «Егер айтқан сөздерің рас болса, қане, дәлелдеріңді келтіріңдер», – деп айт.

112

بَلَىٰۚ مَنْ أَسْلَمَ وَجْهَهُۥ لِلَّهِ وَهُوَ مُحْسِنࣱ فَلَهُۥٓ أَجْرُهُۥ عِندَ رَبِّهِۦ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

Жоқ, олай емес! Кімде-кім Алланы көріп тұрғандай, ең болмағанда Алланың өзін көріп, бақылап тұрғанын жадында ұстап ізгі істер атқаратын ізгі жан ретінде жан-тәнімен бір Аллаға бойсұнса, оның Раббысының дәргейінде алар сыйы бар. Ондай жандар үшін (Алланың Өзі жар болатындықтан әсіресе ақиретте) ешқандай қорқыныш жоқ һәм олар әсте жабықпайды.

113

وَقَالَتِ ٱلْيَهُودُ لَيْسَتِ ٱلنَّصَٰرَىٰ عَلَىٰ شَيْءࣲ وَقَالَتِ ٱلنَّصَٰرَىٰ لَيْسَتِ ٱلْيَهُودُ عَلَىٰ شَيْءࣲ وَهُمْ يَتْلُونَ ٱلْكِتَٰبَۗ كَذَٰلِكَ قَالَ ٱلَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ مِثْلَ قَوْلِهِمْۚ فَٱللَّهُ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُوا۟ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ

Яһудилер: «Христиандардың ұстанған діні негізсіз», – десе, христиандар: «Яһудилердің ұстанған діні негізсіз», – деп айтты. Олар Кітапты (Тәурат пен Інжілді) оқып тұрып осылай дейді. Сондай-ақ діннен, ілімнен бейхабар надандар да (яғни араб мүшріктері) солардың айтқанындай («Мұхаммедтің діні негізсіз», – деп) орынсыз уәж айтады. Алла қиямет күні араларындағы талас-тартыстарға қатысты кесімді үкімді Өзі айтады.

114

وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن مَّنَعَ مَسَٰجِدَ ٱللَّهِ أَن يُذْكَرَ فِيهَا ٱسْمُهُۥ وَسَعَىٰ فِي خَرَابِهَآۚ أُو۟لَٰٓئِكَ مَا كَانَ لَهُمْ أَن يَدْخُلُوهَآ إِلَّا خَآئِفِينَۚ لَهُمْ فِي ٱلدُّنْيَا خِزْيࣱ وَلَهُمْ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمࣱ

Алланың мешіттерінде Оның есімін еске алуға (құлшылық етуге) тыйым салып, оларды қаңыратып қою әрі қирату үшін жанын салып, дамыл таппай шапқылап жүргеннен асқан залым бар ма?! Олар мешіттерге қорыққан күйде ғана кіруге лайық. Олар үшін бұл дүниеде қорлық, ал ақиретте алапат азап бар.

115

وَلِلَّهِ ٱلْمَشْرِقُ وَٱلْمَغْرِبُۚ فَأَيْنَمَا تُوَلُّوا۟ فَثَمَّ وَجْهُ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ وَٰسِعٌ عَلِيمࣱ

Шығыстың да, батыстың да иесі бір Алла. Жүздеріңді қай жаққа қаратсаңдар да, Аллаға бет бұрған боласыңдар. Шүбәсіз, (күллі жаратылысты мейіріміне бөлеген) Алла өте кең, бәрін білетін шексіз ілім иесі.

116

وَقَالُوا۟ ٱتَّخَذَ ٱللَّهُ وَلَدࣰاۗ سُبْحَٰنَهُۥۖ بَل لَّهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۖ كُلࣱّ لَّهُۥ قَٰنِتُونَ

Сондай-ақ олар: «Алланың баласы бар», – деп айтты (яғни яһудилер Узәйірді, христиандар Исаны, мүшріктер періштелерді Алланың баласы деп сенетін). Жоқ олай емес, Алла мінсіз (олардың айтқанындай жаратылыс атаулыға мүлде ұқсамайды) Керісінше, күллі аспан әлемі мен жердегінің барлығы Алланың иелігінде. Барлығы Оған құлдық ұрып мойынсұнуда.

117

بَدِيعُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۖ وَإِذَا قَضَىٰٓ أَمْرࣰا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ

Ол – күллі аспан әлемі мен жерді ешқандай үлгіге қарамай-ақ жоқтан бар еткен шебер Жаратушы. (Ол – уақыт пен мекеннен жоғары, Өзі ешкімге және еш нәрсеге ұқсамағанындай ісі де ешкімнің ісіне ұқсамайтын шексіз құдірет иесі.) Ол бір істің болуын қалап, үкім етсе, оған тек қана: «Бол!» – дейді, (сонда ол бірден) болады.

118

وَقَالَ ٱلَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ لَوْلَا يُكَلِّمُنَا ٱللَّهُ أَوْ تَأْتِينَآ ءَايَةࣱۗ كَذَٰلِكَ قَالَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِم مِّثْلَ قَوْلِهِمْۘ تَشَٰبَهَتْ قُلُوبُهُمْۗ قَدْ بَيَّنَّا ٱلْـَٔايَٰتِ لِقَوْمࣲ يُوقِنُونَ

Көңілі соқыр надандар: «Алла бізбен де сөйлессе, яки бізге де бір мұғжиза келсе болмас па еді?!» – деп айтты. Олардан бұрынғылар да дәл солай деген еді. Олардың жүректері (пиғылдары) бір-бірінен қалай аумай қалған! Расында, біз (Құранның, пайғамбардың хақ екенін көрсететін) аят-дәлелдерді кәміл сенетін қауымға, ашық баяндадық.

119

إِنَّآ أَرْسَلْنَٰكَ بِٱلْحَقِّ بَشِيرࣰا وَنَذِيرࣰاۖ وَلَا تُسْـَٔلُ عَنْ أَصْحَٰبِ ٱلْجَحِيمِ

Шүбәсіз, Біз сені (иман мен ізгі істердің қарымтасы кешірім, мейірім, мол сый-сияпат екенін) сүйіншілеуші әрі (азғындық, қиянат және зұлымдықтың ақыры ауыр азап екенін) ескертуші ретінде ақиқатпен (хақ Құранмен) жібердік. Сен (мәңгілік азапқа лайық болған) тозақтықтар үшін жауапқа тартылмайсың.

120

وَلَن تَرْضَىٰ عَنكَ ٱلْيَهُودُ وَلَا ٱلنَّصَٰرَىٰ حَتَّىٰ تَتَّبِعَ مِلَّتَهُمْۗ قُلْ إِنَّ هُدَى ٱللَّهِ هُوَ ٱلْهُدَىٰۗ وَلَئِنِ ٱتَّبَعْتَ أَهْوَآءَهُم بَعْدَ ٱلَّذِي جَآءَكَ مِنَ ٱلْعِلْمِ مَا لَكَ مِنَ ٱللَّهِ مِن وَلِيࣲّ وَلَا نَصِيرٍ

(Уа. Мұхаммед!) Яһудилер мен христиан-дардың діндеріне ермейінше, оларға әсте жақпайсың. Сен: «Алланың ақ жолы – нағыз тура жол», – деп айт. Өзіңе осыншама ілім беріле тұра, олардың әуейіліктеріне еретін болсаң, онда сені Алланың қаһарынан сақтайтын бірде-бір жанашыр дос та, медеткер де табылмайды.

121

ٱلَّذِينَ ءَاتَيْنَٰهُمُ ٱلْكِتَٰبَ يَتْلُونَهُۥ حَقَّ تِلَاوَتِهِۦٓ أُو۟لَٰٓئِكَ يُؤْمِنُونَ بِهِۦۗ وَمَن يَكْفُرْ بِهِۦ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ

Біз кітап түсіргендердің арасында оны лайықты түрде терең түсініп оқитындар бар, міне, солар оған шынымен сенеді. Ал кімде-кім оны біліп тұрып жоққа шығарса, міне, солар – (екі дүниеде де) зиянға ұшырап, зардап шегетіндердің нақ өзі.

122

يَٰبَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ ٱذْكُرُوا۟ نِعْمَتِيَ ٱلَّتِيٓ أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَنِّي فَضَّلْتُكُمْ عَلَى ٱلْعَٰلَمِينَ

Әй, Исрайыл ұрпақтары! Сендерге үйіп-төгіп берген нығметтерімді және бір кездері сендерді жер-жаһанда үстем еткенімді еске алыңдар.

123

وَٱتَّقُوا۟ يَوْمࣰا لَّا تَجْزِي نَفْسٌ عَن نَّفْسࣲ شَيْـࣰٔا وَلَا يُقْبَلُ مِنْهَا عَدْلࣱ وَلَا تَنفَعُهَا شَفَٰعَةࣱ وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ

Сондай-ақ біреудің күнәсін біреу арқалап, біреудің қарызын біреу төлей алмайтын, ешкімнен (азаптан құтылуы үшін) ешқандай підия, төлем алынбайтын және ешкімге ешқандай шапағат пайда бермейтін (яғни біреу біреуге шапағат етіп, араша түсе алмайтын) һәм ешкімге ешқандай жәрдем берілмейтін (әркім өз басымен қайғы болатын) сондай алапат күннен қорқыңдар һәм алдын-ала сақтаныңдар.

124

۞وَإِذِ ٱبْتَلَىٰٓ إِبْرَٰهِـۧمَ رَبُّهُۥ بِكَلِمَٰتࣲ فَأَتَمَّهُنَّۖ قَالَ إِنِّي جَاعِلُكَ لِلنَّاسِ إِمَامࣰاۖ قَالَ وَمِن ذُرِّيَّتِيۖ قَالَ لَا يَنَالُ عَهْدِي ٱلظَّٰلِمِينَ

(Әй, кітап иелері, сендер «ақырғы пайғамбар бізден шықпады» деп, Мұхаммедті мойындамасаңдар да, Ибраһимді мойындайсыңдар. Ендеше) естеріңде болса, бір кездері Ибраһимді Раббысы (қауымы тарапынан отқа тасталуы, жақын туысы Лут пайғамбардың (а.с.) қауымын жермен-жексен етуі және бауыр еті баласы Исмайылды құрбандыққа шалуын бұйыруы секілді) бірқатар ауыр пәрмендермен сынаған еді. Сөйтіп ол осынау сынақтардың бәрінен сүрінбей өтті. Ақырында, Раббысы оған: «Бұдан былай Мен сені адамдарға имам (жолбасшы, өнегелі көсем) қыламын», – деді. Сонда Ибраһим: «Ұрпағымнан да (адамдарды тура жолға бастайтын пайғамбарлар мен игі көсемдер) шығарғайсың», – деп дұға етті. Алла тағала: «Өзіңе уәде еткен осынау нығметіме (ұрпағыңның ішіндегі) залым-кәпірлер әсте қол жеткізе алмайды», – деді.

125

وَإِذْ جَعَلْنَا ٱلْبَيْتَ مَثَابَةࣰ لِّلنَّاسِ وَأَمْنࣰا وَٱتَّخِذُوا۟ مِن مَّقَامِ إِبْرَٰهِـۧمَ مُصَلࣰّىۖ وَعَهِدْنَآ إِلَىٰٓ إِبْرَٰهِـۧمَ وَإِسْمَٰعِيلَ أَن طَهِّرَا بَيْتِيَ لِلطَّآئِفِينَ وَٱلْعَٰكِفِينَ وَٱلرُّكَّعِ ٱلسُّجُودِ

Біз Бәйтулланы (Қағбаны) адамдар үшін сауабы мол зиярат орны һәм қауіпсіз мекен қылған едік. (Уа, мүміндер!) Ендеше, сендер де «Мақам Ибраһимде» (Ибраһимнің тұғырында) намаз оқып, дұға етіңдер. Ибраһим мен Исмайылға: «Тауап етушілер, иғтикафқа кіргендер (яғни құлшылық ету мақсатында оқшауланғандар), тынбай рукуғ және сәжде жасап намаз оқитындар үшін Үйімді таза ұстаңдар», – деп бұйырдық.

126

وَإِذْ قَالَ إِبْرَٰهِـۧمُ رَبِّ ٱجْعَلْ هَٰذَا بَلَدًا ءَامِنࣰا وَٱرْزُقْ أَهْلَهُۥ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ مَنْ ءَامَنَ مِنْهُم بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِۚ قَالَ وَمَن كَفَرَ فَأُمَتِّعُهُۥ قَلِيلࣰا ثُمَّ أَضْطَرُّهُۥٓ إِلَىٰ عَذَابِ ٱلنَّارِۖ وَبِئْسَ ٱلْمَصِيرُ

Сол кезде Ибраһим: «Уа, Раббым! Бұл жерді қауіпсіз, бейбіт шаһар қылғайсың! Бұл жердің халқына, араларындағы Аллаға һәм ақирет күніне иман келтіргендерге түрлі жеміс-жидек, көкөністерден ризық бергейсің!» – деп жалбарынды. Сонда Алла: «(Ризықты тек мүміндерге емес бәріне беремін. Алайда) араларынан кімде-кім (берген нығметтерім үшін шүкіршілік етпей) күпірлік қылса, оған (бұл дүниеде) аз ғана уақыт ризық-несібе беріп, өмірдің қызығын көрсетемін де, содан кейін оны тозақ азабына душар етемін. Ол қандай жаман ақырғы тұрақ! Қандай жаман барар жер!» – деп айтты.

127

وَإِذْ يَرْفَعُ إِبْرَٰهِـۧمُ ٱلْقَوَاعِدَ مِنَ ٱلْبَيْتِ وَإِسْمَٰعِيلُ رَبَّنَا تَقَبَّلْ مِنَّآۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

Ибраһим мен Исмайыл Бәйтулланың (яғни қасиетті Қағбаның) ірге тасын қалап жатып: «Уа, Раббымыз! Бұл ісімізді қабыл еткейсің! Шүбәсіз, Сен – барлық нәрсені естушісің һәм бәрін білетін шексіз ілім иесісің!

128

رَبَّنَا وَٱجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِن ذُرِّيَّتِنَآ أُمَّةࣰ مُّسْلِمَةࣰ لَّكَ وَأَرِنَا مَنَاسِكَنَا وَتُبْ عَلَيْنَآۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ

Уа, Раббымыз! Екеумізді бір Өзіңе ғана мойынсұнатын мұсылман еткейсің! Нәсілімізден де бір Өзіңе ғана мойынсұнатын мұсылман үмбет шығарғайсың! Һәм бізге құлшылық рәсімдерімізді көрсетіп, тәубелерімізді қабыл еткейсің! Шүбәсіз, Сен – шынайы тәубелердің барлығын қабыл етушісің һәм (тәубеге келіп, Өзіңе бет алған құлдарыңа) ерекше мейірімдісің!

129

رَبَّنَا وَٱبْعَثْ فِيهِمْ رَسُولࣰا مِّنْهُمْ يَتْلُوا۟ عَلَيْهِمْ ءَايَٰتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْحِكْمَةَ وَيُزَكِّيهِمْۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ

Уа, Раббымыз! Оларға өз араларынан Өзіңнің аяттарыңды оқып, ашып түсіндіретін, Кітап пен хикметті үйрететін (яғни кітаптағы иләһи пәрмендер мен тыйымдардың хикметін һәм жаратылыс пен құбылыстардың мән-мақсатын ұғындыратын) және оларды (күнә атаулыдан) арылтып тазартатын елші жібергейсің! Шүбәсіз, Сен ұлысың, бәрінен үстемсің һәм (әр ісің мен әрбір үкімің көптеген хикметтерге толы болған) асқан даналық иесісің!

130

وَمَن يَرْغَبُ عَن مِّلَّةِ إِبْرَٰهِـۧمَ إِلَّا مَن سَفِهَ نَفْسَهُۥۚ وَلَقَدِ ٱصْطَفَيْنَٰهُ فِي ٱلدُّنْيَاۖ وَإِنَّهُۥ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ

Ибраһимнің дінінен (сенімі, жолы һәм өмірлік ұстанымдарынан) өз-өзінен ақымақтық пен надандыққа бой алдырып, ғапылдыққа салынған адамнан басқа кім бас тартады?! Ант етеміз, Біз бұл дүниеде (адамдар арасынан осынау міндетке) Ибраһимді таңдадық және оны (күнәдан, кемшіліктен) пәк қылдық. Шүбәсіз, ол ақиретте де ізгі жандардың қатарынан ойып тұрып орын алады.

131

إِذْ قَالَ لَهُۥ رَبُّهُۥٓ أَسْلِمْۖ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

Раббысы оған: «Жан-тәніңмен мойынсұн», – дегенде, ол бірден: «Әлемдердің Раббысына жан-тәніммен мойынсұндым», – деген еді.

132

وَوَصَّىٰ بِهَآ إِبْرَٰهِـۧمُ بَنِيهِ وَيَعْقُوبُ يَٰبَنِيَّ إِنَّ ٱللَّهَ ٱصْطَفَىٰ لَكُمُ ٱلدِّينَ فَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ

Ибраһимнің (бұл дінді) өз ұлдарына өсиет еткеніндей (немересі) Яқуб та ұлдарына: «Балаларым! Шүбәсіз, Алла сендер үшін (бір Құдайға ғана мойынсұнып, құлшылық етуге шақыратын) осы дінді таңдады. Ендеше, (өмір бойы бір Аллаға ғана мойынсұнып, ажалдарың келгенде де) кәміл мұсылман болып қана жан тапсырыңдар, басқаша өлмеңдер», – деп өсиет айтты.

133

أَمْ كُنتُمْ شُهَدَآءَ إِذْ حَضَرَ يَعْقُوبَ ٱلْمَوْتُ إِذْ قَالَ لِبَنِيهِ مَا تَعْبُدُونَ مِنۢ بَعْدِيۖ قَالُوا۟ نَعْبُدُ إِلَٰهَكَ وَإِلَٰهَ ءَابَآئِكَ إِبْرَٰهِـۧمَ وَإِسْمَٰعِيلَ وَإِسْحَٰقَ إِلَٰهࣰا وَٰحِدࣰا وَنَحْنُ لَهُۥ مُسْلِمُونَ

(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Әлде Яқуб пайғамбарға ажал жетіп, ұлдарынан: «Мен дүние салғаннан кейін кімге құлшылық етесіңдер?» – деп сұрағанда, сендер соған куә болып па едіңдер? Сонда ұлдары: «Біз сенің тәңіріңе, ата-бабаларың Ибраһим, Исмайыл және Исхақтың тәңірі болған жалғыз Құдайға табынамыз. Біз Оған қалтқысыз мойынсұнған мұсылманбыз», – деп жауап берген еді.

134

تِلْكَ أُمَّةࣱ قَدْ خَلَتْۖ لَهَا مَا كَسَبَتْ وَلَكُم مَّا كَسَبْتُمْۖ وَلَا تُسْـَٔلُونَ عَمَّا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Олар да өз алдына бір үмбет еді. Келді де кетті. Олардың (бұл дүниеде) тапқаны (яғни істеген істерінің қарымы) өздеріне, сендердің тапқандарың өздеріңе тиесілі. Сендер олардың істеген істері үшін жауапқа тартылмайсыңдар.

135

وَقَالُوا۟ كُونُوا۟ هُودًا أَوْ نَصَٰرَىٰ تَهْتَدُوا۟ۗ قُلْ بَلْ مِلَّةَ إِبْرَٰهِـۧمَ حَنِيفࣰاۖ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ

Сондай-ақ яһудилер «яһуди болыңдар», ал христиандар «христиан болыңдар, сонда ғана тура жолды табасыңдар» – дейді. Сен оларға: «Жоқ, күпірлік пен Аллаға серік қосудан аулақ болып, тау-хид сенімі негізінде Ибраһимнің дінін ұстанғанда ғана тура жолда боласыңдар», – деп айт. Ибраһим әсте мүшріктердің қатарында болған емес.

136

قُولُوٓا۟ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَمَآ أُنزِلَ إِلَيْنَا وَمَآ أُنزِلَ إِلَىٰٓ إِبْرَٰهِـۧمَ وَإِسْمَٰعِيلَ وَإِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَ وَٱلْأَسْبَاطِ وَمَآ أُوتِيَ مُوسَىٰ وَعِيسَىٰ وَمَآ أُوتِيَ ٱلنَّبِيُّونَ مِن رَّبِّهِمْ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدࣲ مِّنْهُمْ وَنَحْنُ لَهُۥ مُسْلِمُونَ

(Уа, иман келтіргендер, сендер де): «Біз бір Аллаға, бізге түсірілген уахиге, сондай-ақ Ибраһимге, Исмайылға, Исхаққа, Яқубқа және оның ұрпағынан шыққан пайғамбарларға түсірілген, Мұса мен Исаға берілген және барлық пайғамбарларға Раббылары тарапынан берілген иләһи кітаптарға иман келтірдік. Олардың (пайғамбарлардың) ешбірін бөліп-жармаймыз (бәріне бірдей сенеміз). Біз бір Аллаға ғана мойынсұнған мұсылманбыз», – деп айтыңдар.

137

فَإِنْ ءَامَنُوا۟ بِمِثْلِ مَآ ءَامَنتُم بِهِۦ فَقَدِ ٱهْتَدَوا۟ۖ وَّإِن تَوَلَّوْا۟ فَإِنَّمَا هُمْ فِي شِقَاقࣲۖ فَسَيَكْفِيكَهُمُ ٱللَّهُۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

Егер олар (яғни өздерін тура жолдамыз деп есептейтін кітап иелері) сендер иман келтірген ақиқаттарға дәл өздеріңдей иман келтіретін болса, онда олардың тура жолды табатыны сөзсіз. Ал егер (ақиқаттан) сырт айналса, онда олардың талас-тартыс пен алауыздықтан көз ашпасы шүбәсіз. (Уа, Мұхаммед!) Мұндай жағдайда сені олардың жамандығынан сақтаушы ретінде бір Алла жеткілікті. Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі).

138

صِبْغَةَ ٱللَّهِ وَمَنْ أَحْسَنُ مِنَ ٱللَّهِ صِبْغَةࣰۖ وَنَحْنُ لَهُۥ عَٰبِدُونَ

(Уа, мүміндер, сондай-ақ): «(Біз дін мәселесінде кейіннен жағылған жасанды бояумен емес), Алланың (күллі жаратылысты бояған, сыры кетпейтін табиғи Ислам) бояуымен боялғанбыз. Алланың бояуынан артық бояу кімде бар?! (Яғни Алланың дінінен артық қандай дін бар?!) Міне, сондықтан да біз Оған ғана құлшылық етушілерміз», – деп айтыңдар.

139

قُلْ أَتُحَآجُّونَنَا فِي ٱللَّهِ وَهُوَ رَبُّنَا وَرَبُّكُمْ وَلَنَآ أَعْمَٰلُنَا وَلَكُمْ أَعْمَٰلُكُمْ وَنَحْنُ لَهُۥ مُخْلِصُونَ

(Уа, Мұхаммед! Өздерін ғана тура жолдамыз деп санайтын кітап иелеріне): «(Біз Алланың сүйікті де таңдаулы пенделеріміз деп,) бізбен Алла жайында керісіп, шекіспексіңдер ме? Анығына келгенде, Алла біздің де, сендердің де Раббыларың (дін мәселесінде бізге не бұйырса, сендерге де соны бұйырады. Егер алған беттеріңнен қайтпайтын болсаңдар), онда біздің істегендеріміз өзімізге, сендердің істегендерің өздеріңе (әркім өзі үшін жауап береді). Біз сеніміміз бен барлық іс-әрекеттерімізде Оның бұйрықтарын басшылыққа алып, Оның разылығына бөленуді ғана көздейтін ықыласты жандармыз», – деп айтыңдар.

140

أَمْ تَقُولُونَ إِنَّ إِبْرَٰهِـۧمَ وَإِسْمَٰعِيلَ وَإِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَ وَٱلْأَسْبَاطَ كَانُوا۟ هُودًا أَوْ نَصَٰرَىٰۗ قُلْ ءَأَنتُمْ أَعْلَمُ أَمِ ٱللَّهُۗ وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن كَتَمَ شَهَٰدَةً عِندَهُۥ مِنَ ٱللَّهِۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ

(Әй, кітап иелері), әлде сендер: «Ибраһим, Исмайыл, Исхақ, Яқуб және оның нәсілінен Исрайыл руларына жіберілген пайғамбарлар яһуди еді немесе христиан еді», – дейсіңдер ме? Оларға: «(Кімнің кім екенін) сендер жақсы білесіңдер ме, жоқ әлде Алла жақсы біле ме?» – де. (Әсілі, олар кімнің кім екенін біледі, алайда қасарысып, білмейтіндей сыңай танытады). Қолында Алладан келген ақиқат тұрғанда, сол ақиқатқа куәлік етудің орнына оны жасырғаннан асқан залым бар ма?! Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнен бейхабар емес һәм істеріңе немқұрайды қарамайды.

141

تِلْكَ أُمَّةࣱ قَدْ خَلَتْۖ لَهَا مَا كَسَبَتْ وَلَكُم مَّا كَسَبْتُمْۖ وَلَا تُسْـَٔلُونَ عَمَّا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Олар да өз алдына бір үмбет еді. Келді де кетті. Олардың (бұл дүниеде) тапқаны (яғни істеген істерінің қарымы) өздеріне, сендердің тапқандарың өздеріңе тиесілі. Сендер олардың істеген істері үшін жауапқа тартылмайсыңдар.

142

۞سَيَقُولُ ٱلسُّفَهَآءُ مِنَ ٱلنَّاسِ مَا وَلَّىٰهُمْ عَن قِبْلَتِهِمُ ٱلَّتِي كَانُوا۟ عَلَيْهَاۚ قُل لِّلَّهِ ٱلْمَشْرِقُ وَٱلْمَغْرِبُۚ يَهْدِي مَن يَشَآءُ إِلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ

Санасыз ақымақтар (яғни екіжүзділер): «Мыналарды осы күнге дейін жүздерін қаратып келген құбыладан (Құдыстағы Ақса мешітінен) қайтарған не болды екен?» – деп айтады. (Уа, Мұхаммед!) Ендеше, оларға: «Шығыс та, батыс та бір Аллаға тиесілі (құлшылық еткенде қай жаққа қараңдар десе, жүзімізді сол жаққа қаратамыз). Ол қалағанын тура жолға салады», – деп айт.

143

وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَٰكُمْ أُمَّةࣰ وَسَطࣰا لِّتَكُونُوا۟ شُهَدَآءَ عَلَى ٱلنَّاسِ وَيَكُونَ ٱلرَّسُولُ عَلَيْكُمْ شَهِيدࣰاۗ وَمَا جَعَلْنَا ٱلْقِبْلَةَ ٱلَّتِي كُنتَ عَلَيْهَآ إِلَّا لِنَعْلَمَ مَن يَتَّبِعُ ٱلرَّسُولَ مِمَّن يَنقَلِبُ عَلَىٰ عَقِبَيْهِۚ وَإِن كَانَتْ لَكَبِيرَةً إِلَّا عَلَى ٱلَّذِينَ هَدَى ٱللَّهُۗ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيُضِيعَ إِيمَٰنَكُمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِٱلنَّاسِ لَرَءُوفࣱ رَّحِيمࣱ

(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Міне, осылайша сендерді адамдарға ақиқатты көрсетсін һәм олардың істеріне куә болсын, сондай-ақ Алла елшісі де сендерге дәл солай куә болсын деп, (төрт аяғын тең басқан үлгілі де қайырлы, сенімі мен әр ісінде әсіре сілтеушілік пен селқостықтан ада) ортан үмбет қылдық. Бұған дейін саған (Ақсаны) құбыла етіп, кейін оны (Қағбаға) ауыстырғанымыздың себебі, пайғамбардың соңынан шынымен еретіндер мен (қолайына жақпаса) сырт айналып, келген ізімен кері кететіндерді анықтау (һәм сол арқылы шынайы мүміндер мен қара басының қамын күйттеп, қу нәпсіге құл болып жүргендердің ара жігін ажырату) еді. Расында, бұл сынақ өте ауыр. Алайда (ниеті түзу болып) Алла тура жолға салғандар үшін түк те ауыр емес. Алла имандарыңды (яғни имандағы табандылықтарыңды һәм сол иманның бірден-бір дәлелі болған бұрынғы құбылаға қарап оқыған намаздарыңның ешбірін) зая етпейді. Шүбәсіз, Алла Раууф (құлдарына өте жанашыр һәм мейірбан), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

144

قَدْ نَرَىٰ تَقَلُّبَ وَجْهِكَ فِي ٱلسَّمَآءِۖ فَلَنُوَلِّيَنَّكَ قِبْلَةࣰ تَرْضَىٰهَاۚ فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِۚ وَحَيْثُ مَا كُنتُمْ فَوَلُّوا۟ وُجُوهَكُمْ شَطْرَهُۥۗ وَإِنَّ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ لَيَعْلَمُونَ أَنَّهُ ٱلْحَقُّ مِن رَّبِّهِمْۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا يَعْمَلُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Расында, сенің (уахидің келуін күтіп) жүзіңді қайта-қайта көкке қарата бергеніңді көрудеміз. (Мұңайма), сені міндетті түрде көңіліңе жағатын құбылаға бағыттаймыз. Қане, жүзіңді Харам мешітіне қарай бұр. (Уа, мүміндер!) сендер де қай жерде болсаңдар да жүздеріңді Харам мешітіне қарай бұрыңдар. Өздеріне бұрынырақта иләһи кітап берілгендер құбыланың ауысуы туралы бұйрықтың Раббыларынан келгенін жақсы біледі. Алла олардың не істеп, не қойып жүргендерінен бейхабар емес Һәм істеріне немқұрайды қарамайды.

145

وَلَئِنْ أَتَيْتَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ بِكُلِّ ءَايَةࣲ مَّا تَبِعُوا۟ قِبْلَتَكَۚ وَمَآ أَنتَ بِتَابِعࣲ قِبْلَتَهُمْۚ وَمَا بَعْضُهُم بِتَابِعࣲ قِبْلَةَ بَعْضࣲۚ وَلَئِنِ ٱتَّبَعْتَ أَهْوَآءَهُم مِّنۢ بَعْدِ مَا جَآءَكَ مِنَ ٱلْعِلْمِ إِنَّكَ إِذࣰا لَّمِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Соған қарамастан (күпірлікте қасарысқан) кітап иелеріне қанша аят, қанша дәлел келтіріп, қанша жерден мұғжиза көрсетсең де, олар бәрібір сенің құбылаңа қарамайды. Әрине, сен де олардың құбыласына қарамайсың. Олар да (өзара алауыз болғандықтан) бір-бірінің құбыласына қарамайды. (Олар бір нәрсе білгеннен емес, нәпсілеріне ергендіктен солай істеуде). Ендеше, өзіңе мұншама ілім берілгеннен кейін, солардың әуейіліктеріне еріп, айтқанымен жүретін болсаң, онда (күнәға белшесінен батқан) залымдардың қатарында боларың сөзсіз.

146

ٱلَّذِينَ ءَاتَيْنَٰهُمُ ٱلْكِتَٰبَ يَعْرِفُونَهُۥ كَمَا يَعْرِفُونَ أَبْنَآءَهُمْۖ وَإِنَّ فَرِيقࣰا مِّنْهُمْ لَيَكْتُمُونَ ٱلْحَقَّ وَهُمْ يَعْلَمُونَ

Біз кітап түсірген қауым (дін басылары мен ғұламалары) ақырғы пайғамбарды (құбыласы һәм бүкіл ерекшеліктерімен қоса) өз балаларын танығандай таниды. Сөйте тұра олардың бір бөлігі осынау ақиқатты біліп тұрып жасырады.

147

ٱلْحَقُّ مِن رَّبِّكَ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلْمُمْتَرِينَ

(Уа, расулым, құбылаға қатысты бұйрық) Раббыңнан келген хақ пәрмен. Ендеше, күмән-шілдерге қосылма.

148

وَلِكُلࣲّ وِجْهَةٌ هُوَ مُوَلِّيهَاۖ فَٱسْتَبِقُوا۟ ٱلْخَيْرَٰتِۚ أَيْنَ مَا تَكُونُوا۟ يَأْتِ بِكُمُ ٱللَّهُ جَمِيعًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Әр қауымның бет бұратын құбыласы, ұстаған жолы һәм көздеген мақсаты бар. Ендеше, (сендердің құбылаларың, жолдарың һәм мақсаттарың белгілі, сондықтан жұдырықтай жұмылып) жақсылықта жарысыңдар һәм топ жарыңдар. Қай жерде болсаңдар да, күндердің күнінде Алла бәріңді бір жерге (яғни ғарасат майданына) жинайды. Шүбәсіз, Алла тағаланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

149

وَمِنْ حَيْثُ خَرَجْتَ فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِۖ وَإِنَّهُۥ لَلْحَقُّ مِن رَّبِّكَۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ

Сапарға қай жерден шықсаң да, (намаз оқығанда) жүзіңді Харам мешіті жаққа қарат. Міне, бұл – Раббыңнан келген хақ үкім. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен бейхабар емес һәм істеріңе немқұрайды қарамайды.

150

وَمِنْ حَيْثُ خَرَجْتَ فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِۚ وَحَيْثُ مَا كُنتُمْ فَوَلُّوا۟ وُجُوهَكُمْ شَطْرَهُۥ لِئَلَّا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَيْكُمْ حُجَّةٌ إِلَّا ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ مِنْهُمْ فَلَا تَخْشَوْهُمْ وَٱخْشَوْنِي وَلِأُتِمَّ نِعْمَتِي عَلَيْكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ

Сапарға қай жерден шықсаң да (намаз оқығанда) жүзіңді Харам мешіті жаққа қарат. (Уа, мүміндер!) Өзге адамдардың сендерге қарсы қолданатын ешбір дәлелі болмас үшін, қай жерде болсаңдар да, жүздеріңді Харам мешіті жаққа қаратыңдар. Анығында, ақиқатты жасырып, жамандықта табандап өз-өздеріне қиянат жасағандар, не істесеңдер де бәрібір, сендерге қарсы болады. Алайда сендер олардан қорықпаңдар, Менен ғана қорқыңдар һәм Маған тиісінше тағзым етіңдер. Сонда өздеріңе берген (иман мен Ислам сынды) нығметімді тамамдайын, сөйтіп, нағыз тура жолға түскен боласыңдар.

151

كَمَآ أَرْسَلْنَا فِيكُمْ رَسُولࣰا مِّنكُمْ يَتْلُوا۟ عَلَيْكُمْ ءَايَٰتِنَا وَيُزَكِّيكُمْ وَيُعَلِّمُكُمُ ٱلْكِتَٰبَ وَٱلْحِكْمَةَ وَيُعَلِّمُكُم مَّا لَمْ تَكُونُوا۟ تَعْلَمُونَ

Расында, сендерге өз араларыңнан аяттарымызды оқып түсіндіретін, сендерді (жалған сенімдер мен күнә атаулыдан) арылтатын, Кітап пен хикметті үйрететін (яғни Кітапты дұрыс түсіну әрі жүзеге асыру жолдарын, ондағы иләһи пәрмендер мен тыйымдардың хикметін, жаратылыс пен құбылыстардың мән-мақсатын ұғындыратын), сондай-ақ басқа да білмейтін нәрселеріңді үйрететін елші жібердік.

152

فَٱذْكُرُونِيٓ أَذْكُرْكُمْ وَٱشْكُرُوا۟ لِي وَلَا تَكْفُرُونِ

Ендеше, сендер Мені әрдайым жад етіңдер (яғни әрдайым құлшылық етіп, еске алыңдар), сонда Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпіршілік қылмаңдар (яғни алғысы жоқ, жақсылықтың қадірін білмейтін кісінің ісін істемеңдер).

153

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱسْتَعِينُوا۟ بِٱلصَّبْرِ وَٱلصَّلَوٰةِۚ إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلصَّٰبِرِينَ

Уа, иман келтіргендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабыр ету әрі намаз оқу арқылы (Алладан) жәрдем сұраңдар. Шүбәсіз, Алла сабырлылармен бірге.

154

وَلَا تَقُولُوا۟ لِمَن يُقْتَلُ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ أَمْوَٰتُۢۚ بَلْ أَحْيَآءࣱ وَلَٰكِن لَّا تَشْعُرُونَ

Алла жолында өлтірілгендерді өлі демеңдер. Керісінше, олар тірі, бірақ сендер оны сезбейсіңдер.

155

وَلَنَبْلُوَنَّكُم بِشَيْءࣲ مِّنَ ٱلْخَوْفِ وَٱلْجُوعِ وَنَقْصࣲ مِّنَ ٱلْأَمْوَٰلِ وَٱلْأَنفُسِ وَٱلثَّمَرَٰتِۗ وَبَشِّرِ ٱلصَّٰبِرِينَ

Шүбәсіз, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (табыстарыңды) кеміту арқылы сынаймыз. Ендеше, сабырлы болғандарды сүйіншілеп қуанта бер.

156

ٱلَّذِينَ إِذَآ أَصَٰبَتْهُم مُّصِيبَةࣱ قَالُوٓا۟ إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّآ إِلَيْهِ رَٰجِعُونَ

Олар (сабырлы жандар) бастарына қандай да бір қайғы-қасірет келгенде: «Шүбәсіз, бәріміз бір Аллаға тиесіліміз (Оның басыбайлы құлымыз) және түбінде Оған қайтамыз», – деп айтады.

157

أُو۟لَٰٓئِكَ عَلَيْهِمْ صَلَوَٰتࣱ مِّن رَّبِّهِمْ وَرَحْمَةࣱۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُهْتَدُونَ

Міне, солар – Раббыларының кешірімі мен рақымына бөленгендер. Тура жолға түскендер де солар.

158

۞إِنَّ ٱلصَّفَا وَٱلْمَرْوَةَ مِن شَعَآئِرِ ٱللَّهِۖ فَمَنْ حَجَّ ٱلْبَيْتَ أَوِ ٱعْتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَن يَطَّوَّفَ بِهِمَاۚ وَمَن تَطَوَّعَ خَيْرࣰا فَإِنَّ ٱللَّهَ شَاكِرٌ عَلِيمٌ

Сафа мен Маруа – Алланың (һәм хақ дін Исламның) қасиетті нышандарының бірі. Кімде-кім қажылық парызын өтеу немесе ұмра жасау ниетімен Бәйтулланы (Қағбаны) зиярат етсе, онда (парыз тауаптан кейін) аталмыш екі төбенің арасында сағи жасаса, күнә арқаламайды (керісінше, сағи жасауы керек). Ал кімде-кім көңіл қалауымен (парыз тауап пен уәжіп сағидан бөлек нәпіл тауап пен нәпіл сағи сынды) қандай да бір игілікті іс атқарса, шүбәсіз, Алла Шәкир (жақсылықтың қарымын еселеп қайтарушы), Алим (бәрін білетін, шексіз ілім иесі).

159

إِنَّ ٱلَّذِينَ يَكْتُمُونَ مَآ أَنزَلْنَا مِنَ ٱلْبَيِّنَٰتِ وَٱلْهُدَىٰ مِنۢ بَعْدِ مَا بَيَّنَّٰهُ لِلنَّاسِ فِي ٱلْكِتَٰبِ أُو۟لَٰٓئِكَ يَلْعَنُهُمُ ٱللَّهُ وَيَلْعَنُهُمُ ٱللَّٰعِنُونَ

(Мұхаммедтің бойындағы нағыз пайғамбарға тән қасиеттер мен сипаттар сынды) Біз түсірген ап-айқын дәлелдер мен тура жолдың қайнар көзі болған аяттарды Біз адамдар үшін Кітапта баяндағаннан кейін оларды әдейі жасыратындарды Алла лағынеттейді (яғни рақымынан аластайды), сондай-ақ, лағынет айтушылар да (яғни періштелер мен ізгі мүміндер де) оларға лағынет жаудырады.

160

إِلَّا ٱلَّذِينَ تَابُوا۟ وَأَصْلَحُوا۟ وَبَيَّنُوا۟ فَأُو۟لَٰٓئِكَ أَتُوبُ عَلَيْهِمْ وَأَنَا ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ

Алайда тәубеге келіп, түзеліп (Біз түсірген) ақиқаттарды жасырмай ашып айтқандардың жөні бөлек. Мен олардың тәубесін қабыл алып, күнәларын кешіремін. Мен тәубелерді қабыл етуші һәм ерекше мейірімдімін.

161

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَمَاتُوا۟ وَهُمْ كُفَّارٌ أُو۟لَٰٓئِكَ عَلَيْهِمْ لَعْنَةُ ٱللَّهِ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةِ وَٱلنَّاسِ أَجْمَعِينَ

Ал ақиқатты жасырып, аяттарымызды жоққа шығару арқылы күпірлік қылып, ақырында, сол күйі кәпір болып өлгендерге келсек, олар – Алланың (рақымынан аласталып), періштелердің және күллі адамзаттың лағынетіне ұшырағандар.

162

خَٰلِدِينَ فِيهَا لَا يُخَفَّفُ عَنْهُمُ ٱلْعَذَابُ وَلَا هُمْ يُنظَرُونَ

Олар мәңгі-бақи тозақта. Оларға берілген азап әсте жеңілдетілмейді және оларға мұрсат та берілмейді.

163

وَإِلَٰهُكُمْ إِلَٰهࣱ وَٰحِدࣱۖ لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلرَّحْمَٰنُ ٱلرَّحِيمُ

(Уа, адамзат! Күпірлік пен алауыздықтан арылып, ақиқатты жасырмай, бір Аллаға құл болыңдар). Өйткені, барлығыңның құдайың бір Құдай, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Рахман (құлдарына рақымды), Рахим (мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

164

إِنَّ فِي خَلْقِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَٱخْتِلَٰفِ ٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ وَٱلْفُلْكِ ٱلَّتِي تَجْرِي فِي ٱلْبَحْرِ بِمَا يَنفَعُ ٱلنَّاسَ وَمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مِن مَّآءࣲ فَأَحْيَا بِهِ ٱلْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا وَبَثَّ فِيهَا مِن كُلِّ دَآبَّةࣲ وَتَصْرِيفِ ٱلرِّيَٰحِ وَٱلسَّحَابِ ٱلْمُسَخَّرِ بَيْنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِ لَـَٔايَٰتࣲ لِّقَوْمࣲ يَعْقِلُونَ

Күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысында, түн мен күннің бір ұзарып, бір қысқарып, бірін-бірі қуалап алма-кезек алмасуында, адамдардың пайдасы үшін теңізде жүзген алып кемелерде, Алланың аспаннан жауын жаудырып, сол арқылы өлі жерге жан бітіруінде, жер бетіне жайған барлық тіршілік иелерінде, желдердің мың құбылып соғуында және аспан мен жердің арасындағы Алланың әмірінде болған бұлттарда ақылға салып ойлана білетін қауым үшін (Алланың құдіреті күшті жалғыз жаратушы екенін көрсететін) сан алуан дәлелдер бар.

165

وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَتَّخِذُ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَندَادࣰا يُحِبُّونَهُمْ كَحُبِّ ٱللَّهِۖ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَشَدُّ حُبࣰّا لِّلَّهِۗ وَلَوْ يَرَى ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓا۟ إِذْ يَرَوْنَ ٱلْعَذَابَ أَنَّ ٱلْقُوَّةَ لِلَّهِ جَمِيعࣰا وَأَنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلْعَذَابِ

Соған қарамастан адамдар арасында Алладан өзгелерді Аллаға тең тұтып, тіпті оларды құдайдай жақсы көретіндер (яғни Алланы ұлықтағандай ұлықтайтындар) бар. Ал мүміндерге келсек, олардың Аллаға деген сүйіспеншілігі (мүшріктердің жалған құдайларына деген сүйіспеншілігінен) әлдеқайда күшті. (Аллаға серік қосып) ең үлкен қиянатқа барғандар азапты көргендерінде ғана түсінетіндей бар күш-қуаттың бір Аллаға ғана тән һәм Алла азабының өте ауыр екенін осы күнде түсінсе ғой.

166

إِذْ تَبَرَّأَ ٱلَّذِينَ ٱتُّبِعُوا۟ مِنَ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوا۟ وَرَأَوُا۟ ٱلْعَذَابَ وَتَقَطَّعَتْ بِهِمُ ٱلْأَسْبَابُ

Міне, сонда (Алланың азабын көргенде), дүниеде ел-жұртты күпірлікке бастаған кәпір көсемдер (өздерін құдайдай жақсы көріп) соңдарынан ерген жұрттан безіп, (біздің бұларға еш қатысымыз жоқ деп) ат-тонын ала қашты. Барлығы да азаптың қандай екенін өз көзімен көрді және араларындағы бар байланыс біржолата үзілді.

167

وَقَالَ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوا۟ لَوْ أَنَّ لَنَا كَرَّةࣰ فَنَتَبَرَّأَ مِنْهُمْ كَمَا تَبَرَّءُوا۟ مِنَّاۗ كَذَٰلِكَ يُرِيهِمُ ٱللَّهُ أَعْمَٰلَهُمْ حَسَرَٰتٍ عَلَيْهِمْۖ وَمَا هُم بِخَٰرِجِينَ مِنَ ٱلنَّارِ

Сол кезде (ел-жұртты күпірлікке бастаған кәпір көсемдердің) соңынан ергендер: «Әттең, дүниеге қайта орала алсақ қой. Олардың бізден басын ала қашқаны секілді біз де олардан безсек қой!» – деп аһ ұрады. Міне, осылайша Алла оларға дүниеде істеген істерін көрсетеді, сөйтіп, олар аһ ұрып, қатты өкінеді. Олар (қанша жерден өкінсе де) тозақтан әсте шықпайды.

168

يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ كُلُوا۟ مِمَّا فِي ٱلْأَرْضِ حَلَٰلࣰا طَيِّبࣰا وَلَا تَتَّبِعُوا۟ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيْطَٰنِۚ إِنَّهُۥ لَكُمْ عَدُوࣱّ مُّبِينٌ

Ендеше, уа, адамдар! (Алла сендер үшін жер бетін тіршілікке жайлы тұрақ етті, олай болса) жердегі барлық нығметтердің адал, тазасынан (әрі денсаулыққа пайдалысынан) жеп-ішіңдер. (Кәпір көсемдер мен оларға ергендерді тынбай азғырушы) әзәзіл шайтанның басқан ізімен жүрмеңдер. Шүбәсіз, ол – сендерге анық дұшпан.

169

إِنَّمَا يَأْمُرُكُم بِٱلسُّوٓءِ وَٱلْفَحْشَآءِ وَأَن تَقُولُوا۟ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ

Ол сендерге жамандықты, арсыздықты, сондай-ақ Алла жайлы өздерің нақты білмейтін нәрселерді сөз қылуды бұйырады.

170

وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّبِعُوا۟ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ قَالُوا۟ بَلْ نَتَّبِعُ مَآ أَلْفَيْنَا عَلَيْهِ ءَابَآءَنَآۚ أَوَلَوْ كَانَ ءَابَآؤُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ شَيْـࣰٔا وَلَا يَهْتَدُونَ

Оларға (яғни шайтанға ергендерге): «Алланың түсірген Кітабына еріңдер (соны ғана басшылыққа алыңдар) делінсе, олар: Жоқ, біз керісінше ата-бабаларымыздан не көрсек, соны ғана басшылыққа аламыз», – дейді. Сонда ата-бабалары еш нәрсенің байыбына бармаған әрі тура жолды таба алмаған болса да ма?!

171

وَمَثَلُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ كَمَثَلِ ٱلَّذِي يَنْعِقُ بِمَا لَا يَسْمَعُ إِلَّا دُعَآءࣰ وَنِدَآءࣰۚ صُمُّۢ بُكْمٌ عُمْيࣱ فَهُمْ لَا يَعْقِلُونَ

(Алланың үндеуіне құлақ аспай) күпірлік қылғандардың мысалы бейне бір (шопанның) айқайынан басқа түк ұқпайтын, маңыраған бір отар мал сияқты. Олар (ақиқатты естімейтін) керең, мылқау және көрсоқыр. Сондықтан олар еш нәрсенің байыбына бармайды, ақылға салып ойланбайды.

172

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ كُلُوا۟ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقْنَٰكُمْ وَٱشْكُرُوا۟ لِلَّهِ إِن كُنتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ

Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе ризық етіп бергеніміздің адал, таза һәм денсаулыққа пайдалы болғанынан жеңдер. Егер шынымен бір Өзіне ғана құлшылық ететін болсаңдар, Аллаға шүкіршілік етіңдер.

173

إِنَّمَا حَرَّمَ عَلَيْكُمُ ٱلْمَيْتَةَ وَٱلدَّمَ وَلَحْمَ ٱلْخِنزِيرِ وَمَآ أُهِلَّ بِهِۦ لِغَيْرِ ٱللَّهِۖ فَمَنِ ٱضْطُرَّ غَيْرَ بَاغࣲ وَلَا عَادࣲ فَلَآ إِثْمَ عَلَيْهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمٌ

Алла сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалған малдың етін харам қылды. Ал кімде-кім (басына аштан өлу қауіпі төнгендіктен) осы аталғандарды жеуге мәжбүр болса, онда өзгенің ақысын жемеу және зәрулік (яғни жүрек жалғарлық) мөлшерден асырмау шартымен жесе, күнә арқаламайды. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

174

إِنَّ ٱلَّذِينَ يَكْتُمُونَ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلْكِتَٰبِ وَيَشْتَرُونَ بِهِۦ ثَمَنࣰا قَلِيلًا أُو۟لَٰٓئِكَ مَا يَأْكُلُونَ فِي بُطُونِهِمْ إِلَّا ٱلنَّارَ وَلَا يُكَلِّمُهُمُ ٱللَّهُ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ وَلَا يُزَكِّيهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ

Алла түсірген Кітаптағы ақиқаттар мен үкімдерді жасырып, оларды (пара-пұл, мансап, атақ-абырой сынды түкке тұрғысыз нәрселерге, ақиреттегі сауаппен салыстырғанда) тым арзан бағаға айырбастағандар, шынтуайтында, ондайлар қарындарын жалын атқан отпен ғана толтыруда. Қиямет күні Алла олармен тілдеспейді әрі оларды күнәдан тазартпайды. Олар үшін жан төзгісіз азап бар.

175

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ ٱشْتَرَوُا۟ ٱلضَّلَٰلَةَ بِٱلْهُدَىٰ وَٱلْعَذَابَ بِٱلْمَغْفِرَةِۚ فَمَآ أَصْبَرَهُمْ عَلَى ٱلنَّارِ

Міне, бұлар – (иманның орнына күпірлікті таңдап) тура жолдың орнына адасушылықты, кешірімнің орнына азапты «сатып» алғандар. Олар тозақ отына қандай төзімді еді десеңші!

176

ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ نَزَّلَ ٱلْكِتَٰبَ بِٱلْحَقِّۗ وَإِنَّ ٱلَّذِينَ ٱخْتَلَفُوا۟ فِي ٱلْكِتَٰبِ لَفِي شِقَاقِۭ بَعِيدࣲ

Өйткені, Алланың Кітапты (яғни Тәуратты) титтей де күмәнға жол бермейтін ақиқаттың нақ өзі һәм хақ жолға бастаушы ретінде түсіргені шүбәсіз. Солай бола тұра, Кітап мәселесінде (оның бір бөлігіне сеніп, бір бөлігіне сенбей) талас-тартыстан көз ашпағандар, әлбетте, сауаптан мақұрым, ақиқаттан алыс һәм бітіспес алауыз болады.

177

۞لَّيْسَ ٱلْبِرَّ أَن تُوَلُّوا۟ وُجُوهَكُمْ قِبَلَ ٱلْمَشْرِقِ وَٱلْمَغْرِبِ وَلَٰكِنَّ ٱلْبِرَّ مَنْ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةِ وَٱلْكِتَٰبِ وَٱلنَّبِيِّـۧنَ وَءَاتَى ٱلْمَالَ عَلَىٰ حُبِّهِۦ ذَوِي ٱلْقُرْبَىٰ وَٱلْيَتَٰمَىٰ وَٱلْمَسَٰكِينَ وَٱبْنَ ٱلسَّبِيلِ وَٱلسَّآئِلِينَ وَفِي ٱلرِّقَابِ وَأَقَامَ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَى ٱلزَّكَوٰةَ وَٱلْمُوفُونَ بِعَهْدِهِمْ إِذَا عَٰهَدُوا۟ۖ وَٱلصَّٰبِرِينَ فِي ٱلْبَأْسَآءِ وَٱلضَّرَّآءِ وَحِينَ ٱلْبَأْسِۗ أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ صَدَقُوا۟ۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُتَّقُونَ

Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік жүздеріңді шығысқа немесе батысқа қаратуда емес. Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік – Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, иләһи Кітапқа және пайғамбарларға сенген жандардың, сондай-ақ (адал жолмен тапқан) мал-мүлкінен – оны қанша жерден жақсы көрсе де – (Алла разылығы үшін) жақын туыстарына, жетімдерге, міскіндерге, елінен жырақта жүрген яки жолда қалған ғаріп жолаушыға, тарыққаннан (қарыз немесе қайыр-садақа) сұрағандарға және азаттыққа қауышқысы келген құлдар мен тұтқындарға берген, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыған, зекетті толық берген, уәделескенде уәдеде тұратын, сондай-ақ таршылық көргенде, дертке шалдыққанда әрі соғыс жағдайында (шариғат жүктеген міндеттерді мейлінше толық орындауға тырысып) сабырлылық һәм табандылық танытқан жандардың ісі. Туралықтан айнымай (сөздерінде, істерінде, құлшылықтарында һәм сенімдерінде) шынайылық танытқан жандар, міне, солар. Олар – Аллаға тиісінше тағзым ететін һәм күнә атаулыдан барынша сақтанатын нағыз тақуалар.

178

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ كُتِبَ عَلَيْكُمُ ٱلْقِصَاصُ فِي ٱلْقَتْلَىۖ ٱلْحُرُّ بِٱلْحُرِّ وَٱلْعَبْدُ بِٱلْعَبْدِ وَٱلْأُنثَىٰ بِٱلْأُنثَىٰۚ فَمَنْ عُفِيَ لَهُۥ مِنْ أَخِيهِ شَيْءࣱ فَٱتِّبَاعُۢ بِٱلْمَعْرُوفِ وَأَدَآءٌ إِلَيْهِ بِإِحْسَٰنࣲۗ ذَٰلِكَ تَخْفِيفࣱ مِّن رَّبِّكُمْ وَرَحْمَةࣱۗ فَمَنِ ٱعْتَدَىٰ بَعْدَ ذَٰلِكَ فَلَهُۥ عَذَابٌ أَلِيمࣱ

Уа, иман келтіргендер! Кісі өлтіру мәселесінде сендерге қысас-кек (яғни, қанға қан ұстанымы) парыз етілді. Азат адамға азат адам, құлға құл және әйелге әйел. Ал кімде-кімге бауыры (яғни, өлгеннің мұрагерлері) кешірім берсе, кінәлі жақ (өлген адамның) құнын жақындарының көңілінен шығатындай етіп (кешіктірмей әрі толық) төлесін. Міне, бұл – Раббыларың тарапынан жасалған жеңілдік һәм мейірім. Ал енді кімде-кім осыдан кейін бұл үкімдерге бағынбай, қасақана қастандық жасайтын болса, ол үшін жан төзгісіз азап бар.

179

وَلَكُمْ فِي ٱلْقِصَاصِ حَيَوٰةࣱ يَٰٓأُو۟لِي ٱلْأَلْبَٰبِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

Уа, ақыл иелері! Сендер үшін қысаста өмір бар (яғни біреу біреуді нақақтан-нақақ өлтіретін болса, қысас үкімі бойынша өзінің өміріне де қауіп төнетінін білгендіктен, мұндай қылмысқа бармауға тырысады, сөйтіп, ешкім жөн-жосықсыз, нақақтан-нақақ өлтірілмейтін болады). Ендеше (мұны түйсіну һәм Алланың бұйрықтарын бұлжытпай орындау арқылы) тақуалық аясында өмір сүріп, жеке тұлғалар һәм қоғам болып Алланы қорған тұта аласыңдар.

180

كُتِبَ عَلَيْكُمْ إِذَا حَضَرَ أَحَدَكُمُ ٱلْمَوْتُ إِن تَرَكَ خَيْرًا ٱلْوَصِيَّةُ لِلْوَٰلِدَيْنِ وَٱلْأَقْرَبِينَ بِٱلْمَعْرُوفِۖ حَقًّا عَلَى ٱلْمُتَّقِينَ

Араларыңнан қайсыбіріңе болмасын ажалдың төнгені белгілі болып, артына біраз мал-дүние қалдырып бара жатса, ондай жағдайда мал-дүниені шариғат талаптарына сай ата-ана мен ет жақын туыстарға өсиет етіп қалдыру сендерге парыз етілді. Мал-дүниені өсиет етіп қалдыру һәм сол өсиетті бұлжытпай орындау – тақуалық аясында өмір сүретін шын мүміндердің борышы.

181

فَمَنۢ بَدَّلَهُۥ بَعْدَ مَا سَمِعَهُۥ فَإِنَّمَآ إِثْمُهُۥ عَلَى ٱلَّذِينَ يُبَدِّلُونَهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمࣱ

Кімде-кім өсиетті естігеннен кейін, оны өзгертіп (тиісінше орындамайтын) болса, оның күнәсі сол өсиетті өзгерткендердің мойнында болады. Шүбәсіз, Алла – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі).

182

فَمَنْ خَافَ مِن مُّوصࣲ جَنَفًا أَوْ إِثْمࣰا فَأَصْلَحَ بَيْنَهُمْ فَلَآ إِثْمَ عَلَيْهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Ал егер кімде-кім өсиет айтып, мұра қалдырушының (заңды мұрагерлерін былай қалдырып, дүниесінің бір бөлігін бөтен біреулерге мұра етіп қалдыруы сынды) біліп тұрып немесе білмей әділдіктен ауытқып кетуіне алаңдап, екі жақтың (яғни мұра қалдырушы мен заңды мұрагерлердің) арасын жарастыру үшін өсиетке әділ түрде өзгеріс енгізетін болса, күнәға батпайды. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

183

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ كُتِبَ عَلَيْكُمُ ٱلصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғы-ларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер.

184

أَيَّامࣰا مَّعْدُودَٰتࣲۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرࣲ فَعِدَّةࣱ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَۚ وَعَلَى ٱلَّذِينَ يُطِيقُونَهُۥ فِدْيَةࣱ طَعَامُ مِسْكِينࣲۖ فَمَن تَطَوَّعَ خَيْرࣰا فَهُوَ خَيْرࣱ لَّهُۥۚ وَأَن تَصُومُوا۟ خَيْرࣱ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ

Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек. Ал енді кімде-кім қайырымдылық жасап (аталмыш мөлшерден) асырып берсе, онысы өзі үшін қайырлы әрі жақсы болмақ. Біле білсеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы.

185

شَهْرُ رَمَضَانَ ٱلَّذِيٓ أُنزِلَ فِيهِ ٱلْقُرْءَانُ هُدࣰى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَٰتࣲ مِّنَ ٱلْهُدَىٰ وَٱلْفُرْقَانِۚ فَمَن شَهِدَ مِنكُمُ ٱلشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُۖ وَمَن كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرࣲ فَعِدَّةࣱ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَۗ يُرِيدُ ٱللَّهُ بِكُمُ ٱلْيُسْرَ وَلَا يُرِيدُ بِكُمُ ٱلْعُسْرَ وَلِتُكْمِلُوا۟ ٱلْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا۟ ٱللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَىٰكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

Рамазан айы – адамзатты тура жолға бастаушы, айқын дәлелдерді һәм ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын өлшемдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай. Араларыңнан кімде-кім Рамазан айына аман-есен жетсе, оны ораза ұстап өткізсін. Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Шынында, Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауыртпалық артқысы келмейді. Ендеше қаза болған күндерді толықтырып, өздеріңді тура жолға салғаны үшін Алланы құдіреті күшті ұлы жаратушы деп танып, (Рамазан айын ораза ұстап, намаз оқып, зекет-садақа беріп, Құран оқып өткізу арқылы) шүкіршілік етерсіңдер.

186

وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌۖ أُجِيبُ دَعْوَةَ ٱلدَّاعِ إِذَا دَعَانِۖ فَلْيَسْتَجِيبُوا۟ لِي وَلْيُؤْمِنُوا۟ بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын, Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын. Ендеше, олар да Менің үндеуіме оңды жауап берсін һәм Маған тиісінше иман келтіріп, соның арқасында (ақыл-ой әрі рухани тұрғыдан) кемелдену жолына түссін.

187

أُحِلَّ لَكُمْ لَيْلَةَ ٱلصِّيَامِ ٱلرَّفَثُ إِلَىٰ نِسَآئِكُمْۚ هُنَّ لِبَاسࣱ لَّكُمْ وَأَنتُمْ لِبَاسࣱ لَّهُنَّۗ عَلِمَ ٱللَّهُ أَنَّكُمْ كُنتُمْ تَخْتَانُونَ أَنفُسَكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْ وَعَفَا عَنكُمْۖ فَٱلْـَٰٔنَ بَٰشِرُوهُنَّ وَٱبْتَغُوا۟ مَا كَتَبَ ٱللَّهُ لَكُمْۚ وَكُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكُمُ ٱلْخَيْطُ ٱلْأَبْيَضُ مِنَ ٱلْخَيْطِ ٱلْأَسْوَدِ مِنَ ٱلْفَجْرِۖ ثُمَّ أَتِمُّوا۟ ٱلصِّيَامَ إِلَى ٱلَّيْلِۚ وَلَا تُبَٰشِرُوهُنَّ وَأَنتُمْ عَٰكِفُونَ فِي ٱلْمَسَٰجِدِۗ تِلْكَ حُدُودُ ٱللَّهِ فَلَا تَقْرَبُوهَاۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ ءَايَٰتِهِۦ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ

Сендерге ораза ұстаған түні әйелдеріңмен төсек қатынасына түсу адал етілді. Олар сендер үшін (сендерді бүркейтін, күнәдан тыятын, жан мен тән рақатына бөлейтін һәм көрікті қылатын) киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер). Алла (ораза түндерінде) нәпсілеріңді тізгіндей алмай, өз-өздеріңе қиянат жасап жатқандарыңды білгендіктен, сендерге мейірімі түсіп, тәубелеріңді қабыл алды һәм (ораза түндерінде әйелдеріңмен төсек қатынасына түсуге тыйым салмай) сендерді күнәға батудан сақтады. Ендеше, бұдан былай (ораза түндерінде) олармен төсек қатынасына түсе аласыңдар және Алланың өздеріңе жазғанын (яғни ұрпақ) тілеп, талап қыла аласыңдар. Сондай-ақ таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға (таңның бейне бір ақ жіптей ағарып, қылаң бере бастағанын көргенге) дейін жеп-ішіңдер. Содан кейін күн ұясына батып, ымырт түскенге дейін оразаны толық ұстаңдар. Сондай-ақ мешіттерде иғтикафта болғандарыңда әйелдеріңмен төсек қатынасына түспеңдер. Міне, бұлар – Алланың белгілеп қойған шекарасы, оларға жақындаушы болмаңдар. Адамдар тақуалық шеңберінен шықпай өмір сүрсін, күнәдан һәм оның нәтижесі болған тозақтан сақтансын деп, Алла адамдар үшін аяттарын осылайша ашық баяндайды.

188

وَلَا تَأْكُلُوٓا۟ أَمْوَٰلَكُم بَيْنَكُم بِٱلْبَٰطِلِ وَتُدْلُوا۟ بِهَآ إِلَى ٱلْحُكَّامِ لِتَأْكُلُوا۟ فَرِيقࣰا مِّنْ أَمْوَٰلِ ٱلنَّاسِ بِٱلْإِثْمِ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ

Бір-біріңнің мал-мүлкін (ұрлау, тонау, алдап-арбау, қиянат жасау, өсім белгілеу және құмар ойындары секілді) харам жолдармен жемеңдер. Сондай-ақ оларды (яғни мал-мүліктеріңді) өздеріңе тиесілі болмаған дүниені алу һәм ел-жұрттың мал-дүниесінің бір парасын біліп тұрып күнәлі жолдармен жеу үшін (пара ретінде) басшыларға беруші болмаңдар.

189

۞يَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلْأَهِلَّةِۖ قُلْ هِيَ مَوَٰقِيتُ لِلنَّاسِ وَٱلْحَجِّۗ وَلَيْسَ ٱلْبِرُّ بِأَن تَأْتُوا۟ ٱلْبُيُوتَ مِن ظُهُورِهَا وَلَٰكِنَّ ٱلْبِرَّ مَنِ ٱتَّقَىٰۗ وَأْتُوا۟ ٱلْبُيُوتَ مِنْ أَبْوَٰبِهَاۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен (Рамазан айына қатысты) жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Сұраушыларға: «Олар адамдарға уақытты, сондай-ақ қажылықтың уақытын көрсетеді», – деп айт. Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік (жалған ырым-жырымдарға сеніп) үйлерге арт жағынан кіруде емес, шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік – (иманның шарттары мен шариғаттың талаптарын бұлжытпай орындап) барынша тақуа болуға тырысатын адамның жай-күйі. Ендеше, үйлерге есіктерінен кіріңдер. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар, тақуалық шеңберінде өмір сүріңдер, міне, сонда мақсат-мұраттарыңа жетіп, мәңгілік азаптан құтыларсыңдар.

190

وَقَٰتِلُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ ٱلَّذِينَ يُقَٰتِلُونَكُمْ وَلَا تَعْتَدُوٓا۟ۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلْمُعْتَدِينَ

Өздеріңе қарсы соғыс ашқандармен Алла жолында соғысыңдар, бірақ (Алланың соғысқа қатысты белгілеген үкімдерін және нұсқауларын ескерусіз қалдырып) шектен шықпаңдар. Шүбәсіз, Алла шектен шығатындарды жақсы көрмейді.

191

وَٱقْتُلُوهُمْ حَيْثُ ثَقِفْتُمُوهُمْ وَأَخْرِجُوهُم مِّنْ حَيْثُ أَخْرَجُوكُمْۚ وَٱلْفِتْنَةُ أَشَدُّ مِنَ ٱلْقَتْلِۚ وَلَا تُقَٰتِلُوهُمْ عِندَ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِ حَتَّىٰ يُقَٰتِلُوكُمْ فِيهِۖ فَإِن قَٰتَلُوكُمْ فَٱقْتُلُوهُمْۗ كَذَٰلِكَ جَزَآءُ ٱلْكَٰفِرِينَ

Өздеріңе қарсы соғыс ашқандарды (соғыс жағдайында) қай жерде ұстап алсаңдар, сол жерде өлтіріңдер, әрі оларды кезінде өздеріңді қуып шыққан жерден қуып шығарыңдар (яғни жауды атамекендеріңнен аластаңдар). Әсілі, елдің шырқын бұзатын бүлік – соғыстан, кісі өлтіргеннен бетер. Алайда олар сендермен Харам мешітінің маңайында соғыспайынша, сендер де олармен соғыспаңдар. Егер олар сол маңда сендермен соғысатын болса, ондай жағдайда оларды өлтіріңдер. Міне, (келісімді бұзатын, бәтуасыз) кәпірлердің жазасы осындай.

192

فَإِنِ ٱنتَهَوْا۟ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Егер олар (соғысудан) баз кешсе, шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

193

وَقَٰتِلُوهُمْ حَتَّىٰ لَا تَكُونَ فِتْنَةࣱ وَيَكُونَ ٱلدِّينُ لِلَّهِۖ فَإِنِ ٱنتَهَوْا۟ فَلَا عُدْوَٰنَ إِلَّا عَلَى ٱلظَّٰلِمِينَ

Бүлік түп тамырымен жойылып, хақ дін қоғамда мықтап орныққанша және дін (үкім мен пәрмен) толығымен бір Аллаға ғана тиесілі болғанға дейін (яғни, Алланың діні бәрінен үстем болып, бүкіл қоғам бір Аллаға бағынып, қоғамда әділдік пен тыныштық орнағанға дейін) олармен соғысыңдар. Егер олар (бүлік шығарып елдің шырқын бұзуды, қасақана қастандық жасауды) біржолата доғарса, онда залымдардан өзгелерге соғыс ашылып, дұшпандық жасалмасы анық.

194

ٱلشَّهْرُ ٱلْحَرَامُ بِٱلشَّهْرِ ٱلْحَرَامِ وَٱلْحُرُمَٰتُ قِصَاصࣱۚ فَمَنِ ٱعْتَدَىٰ عَلَيْكُمْ فَٱعْتَدُوا۟ عَلَيْهِ بِمِثْلِ مَا ٱعْتَدَىٰ عَلَيْكُمْۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلْمُتَّقِينَ

(Соғысуға болмайтын) харам (яғни қасиетті) ай, харам айға тең және қасиет тұтылатын нәрселердің бәрінде қысас бар. Ендеше, кімде-кім сендерге (бірінші болып) дұшпандық жасаса, сендер де (шектен шықпау шартымен) оған дәл солай дұшпандық жасаңдар. Қандай жағдайда болмасын, Аллаға қарсы келуден (яғни белгілеген шегінен асудан) сақтаныңдар һәм біліп қойыңдар, Алла Өзіне қарсы келіп, асы болудан барынша сақтанатын тақуа жандармен әрдайым бірге.

195

وَأَنفِقُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلَا تُلْقُوا۟ بِأَيْدِيكُمْ إِلَى ٱلتَّهْلُكَةِ وَأَحْسِنُوٓا۟ۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُحْسِنِينَ

(Дұшпанмен соғысу шығынсыз болмайды. Дұшпанға төтеп бере алу үшін алдымен қару-жарақтарың сақадай сай болуы керек). Олай болса, қолдарыңдағы дүние-мүліктен Алла жолында жұмсаңдар және (сараңдық қылып) өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер. Әрдайым жақсылық жасаңдар, істеріңді барынша тиянақты етіп істеңдер. Шүбәсіз, Алла (әр ісі тиянақты, игілікке жаны құмар) ізгі жандарды жақсы көреді.

196

وَأَتِمُّوا۟ ٱلْحَجَّ وَٱلْعُمْرَةَ لِلَّهِۚ فَإِنْ أُحْصِرْتُمْ فَمَا ٱسْتَيْسَرَ مِنَ ٱلْهَدْيِۖ وَلَا تَحْلِقُوا۟ رُءُوسَكُمْ حَتَّىٰ يَبْلُغَ ٱلْهَدْيُ مَحِلَّهُۥۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ بِهِۦٓ أَذࣰى مِّن رَّأْسِهِۦ فَفِدْيَةࣱ مِّن صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُكࣲۚ فَإِذَآ أَمِنتُمْ فَمَن تَمَتَّعَ بِٱلْعُمْرَةِ إِلَى ٱلْحَجِّ فَمَا ٱسْتَيْسَرَ مِنَ ٱلْهَدْيِۚ فَمَن لَّمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلَٰثَةِ أَيَّامࣲ فِي ٱلْحَجِّ وَسَبْعَةٍ إِذَا رَجَعْتُمْۗ تِلْكَ عَشَرَةࣱ كَامِلَةࣱۗ ذَٰلِكَ لِمَن لَّمْ يَكُنْ أَهْلُهُۥ حَاضِرِي ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلْعِقَابِ

Қажылық парызы мен ұмраны Алла (разылығы) үшін толық өтеңдер. Егер (жолдың қауіпті болуы немесе сырқаттанып қалу сынды) қандай да бір себеппен жолдарың бөгеліп, толық атқара алмасаңдар, (жоқ дегенде бір қой немесе ешкі болу шартымен) жағдайларыңа қарай бір құрбандықты (Харам мешітіне атап) жіберіңдер. Құрбандық өзінің шалынатын жеріне жетіп, сойылғанға дейін (ихрамнан шығу үшін) шаштарыңды алмаңдар. Сонымен қатар, кімде-кім (шашын алдыруға мәжбүр болатындай) ауырып қалса немесе басында кеселі болып (мерзімінен бұрын шашын алдырып тастаса,) соның өтемі ретінде ораза ұстасын, яки садақа берсін немесе құрбан шалсын. Ал (қажылық пен ұмраны толық атқаруға кедергі болған себептер жойылса немесе әу бастан ешбір кедергіге ұшырамай) қауіпсіздікте һәм кеңшілікте болсаңдар, ондай жағдайда кімде-кім ұмра мен қажылық парызын бірге өтесе, жағдайына қарай құрбан шалсын. Ал кім шалатын құрбандық таба алмаса, үш күн қажылықта және қажылықтан қайтқанда жеті күн, бәрін қосқанда, он күн ораза ұстауы керек. Бұл үкім Харам мешітінің айналасында тұрмайтындар (яғни Меккеге ихрамсыз кіре алмайтын сырттан келген адамдар) үшін. (Уа, мүміндер, әсіресе, қажылық парызын өтеу барысында) Аллаға қарсы келіп, асы болудан сақтаныңдар, сондай-ақ Алланың жазасының тым қатты екенін біліп қойыңдар!

197

ٱلْحَجُّ أَشْهُرࣱ مَّعْلُومَٰتࣱۚ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ ٱلْحَجَّ فَلَا رَفَثَ وَلَا فُسُوقَ وَلَا جِدَالَ فِي ٱلْحَجِّۗ وَمَا تَفْعَلُوا۟ مِنْ خَيْرࣲ يَعْلَمْهُ ٱللَّهُۗ وَتَزَوَّدُوا۟ فَإِنَّ خَيْرَ ٱلزَّادِ ٱلتَّقْوَىٰۖ وَٱتَّقُونِ يَٰٓأُو۟لِي ٱلْأَلْبَٰبِ

Қажылық – белгілі айларда өтелетін құлшылық. Кімде-кім сол белгілі айларда қажылық парызын өтеуге ниет етіп, бел буса, онда қажылық парызын өтеу барысында жұбайлардың бір-бірімен төсек қатынасына түсуіне, шариғаттың шеңберінен шығуға, дауласуға және шекісуге жол жоқ. Сондай-ақ (қажылықта аталмыш істерден бойларыңды аулақ ұстаумен қатар) қандай жақсылық жасасаңдар да Алла оны міндетті түрде біліп тұрады. (Өзгелерге мұқтаж болмас үшін қажылық кезінде керек болатын) азықтарыңды жақсылап қамдап алыңдар һәм біліп қойыңдар, ең қайырлы азық – тақуалық! Ендеше, уа, ақыл иелері! (Ақиреттегі азықтарыңды қамдау үшін) Менен қорқып, тақуалық шеңберінде әрекет етіңдер (һәм қажылық сынды өздеріңе парыз етілген өзге де құлшылықтарды толық атқарыңдар)!

198

لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَن تَبْتَغُوا۟ فَضْلࣰا مِّن رَّبِّكُمْۚ فَإِذَآ أَفَضْتُم مِّنْ عَرَفَٰتࣲ فَٱذْكُرُوا۟ ٱللَّهَ عِندَ ٱلْمَشْعَرِ ٱلْحَرَامِۖ وَٱذْكُرُوهُ كَمَا هَدَىٰكُمْ وَإِن كُنتُم مِّن قَبْلِهِۦ لَمِنَ ٱلضَّآلِّينَ

(Қажылықта саудамен айналысып) Раббы-ларыңнан ризық-несібе тілегендерің үшін күнә арқаламайсыңдар. Арафатта тұрғаннан кейін (бейне бір сел секілді Мұздалифаға қарай) ағылғандарыңда, Мәшғарул-харамда (яғни Мұздалифада) Алланы еске алыңдар. Ол сендерді қалай тура жолға салған болса, (соның қадірін түсіне отырып) Оны дәл солай жақсылап еске алыңдар. Ол сендерді тура жолға салмай тұрып сендер (иманнан, құлшылықтан, ақиқаттан бейхабар) адасып жүрген қауым едіңдер.

199

ثُمَّ أَفِيضُوا۟ مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ ٱلنَّاسُ وَٱسْتَغْفِرُوا۟ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

(Уа, Қурайыштықтар! Өздеріңді жоғары санап, ел-жұрттан бөлініп, Арафатқа шықпай, Мұздалифада қалып қоймаңдар). Адамдар (бейне бір сел секілді) лек-легімен ағылған жерден сендер де ағылыңдар және Алладан кешірім тілеңдер. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

200

فَإِذَا قَضَيْتُم مَّنَٰسِكَكُمْ فَٱذْكُرُوا۟ ٱللَّهَ كَذِكْرِكُمْ ءَابَآءَكُمْ أَوْ أَشَدَّ ذِكْرࣰاۗ فَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَقُولُ رَبَّنَآ ءَاتِنَا فِي ٱلدُّنْيَا وَمَا لَهُۥ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ مِنْ خَلَٰقࣲ

Қажылық парызының рәсімдерін толық орындап болған соң, (Исламнан бұрын Минада тұрып) ата-бабаларыңды (мақтап, мадақтап) еске алғандарыңдай, тіпті одан да асыра, Алланы еске алып, ұлықтаңдар. Адамдар арасында (тек дүние тіршілігін ғана ойлап): «Уа, Раббымыз! Беретін нығметіңді бізге осы дүниеде бергейсің» дейтіндер бар. Олардың ақиретте алар ешбір несібесі жоқ.

201

وَمِنْهُم مَّن يَقُولُ رَبَّنَآ ءَاتِنَا فِي ٱلدُّنْيَا حَسَنَةࣰ وَفِي ٱلْـَٔاخِرَةِ حَسَنَةࣰ وَقِنَا عَذَابَ ٱلنَّارِ

Сондай-ақ олардың ішінде: «Уа, Раббымыз! Бізге осы дүниеде жақсылық бере көр! Ақиретте де жақсылық бере көр және бізді тозақ отынан сақтай көр!» – деп жалбарынатындар бар.

202

أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ نَصِيبࣱ مِّمَّا كَسَبُوا۟ۚ وَٱللَّهُ سَرِيعُ ٱلْحِسَابِ

Міне, солар тапқан табыстарына (яғни істеген игі істерінің сауабына) қарай өз несібелерін молынан алады. Алла тағала есепке (жауапқа) өте жылдам тартушы.

203

۞وَٱذْكُرُوا۟ ٱللَّهَ فِيٓ أَيَّامࣲ مَّعْدُودَٰتࣲۚ فَمَن تَعَجَّلَ فِي يَوْمَيْنِ فَلَآ إِثْمَ عَلَيْهِ وَمَن تَأَخَّرَ فَلَآ إِثْمَ عَلَيْهِۖ لِمَنِ ٱتَّقَىٰۗ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّكُمْ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ

Санаулы күндерде (яғни, Арафат және құрбан айт күндері) тәкбір айтып, Алланы ұлықтап еске алыңдар. Кімде-кім асығыс болып (Минадағы шайтанға тас ату рәсімін) екі күн ішінде өтеп қайтып кетсе, күнә арқаламайды. Ал кім (шайтанға тас ату үшін үшінші күнге) қалса, ол да күнә арқаламайды. Алайда бұл – иләһи үкімдерді орындауда асқан мұқияттылық танытатын тақуа жандар үшін. Ендеше, Алланың бұйрықтарын орындауда асқан мұқияттылық танытып, тақуалық шеңберінен шықпай өмір сүріңдер һәм біліп қойыңдар, түбінде, бәрің Оның дәргейіне жиналасыңдар.

204

وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يُعْجِبُكَ قَوْلُهُۥ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَيُشْهِدُ ٱللَّهَ عَلَىٰ مَا فِي قَلْبِهِۦ وَهُوَ أَلَدُّ ٱلْخِصَامِ

(Уа, Мұхаммед!) Адамдар арасында дүние тіршілігіне қатысты айтқан сөздері саған ұнайтын базбіреулер бар. (Алайда ондайлар) жүрегіндегі (жалғанға) Алланы куә қылады (яғни «бір Алла куә, мен мұсылманмын», – деп ант-су ішеді). Шынтуайтында, ол – дұшпан атаулының ең жаманы.

205

وَإِذَا تَوَلَّىٰ سَعَىٰ فِي ٱلْأَرْضِ لِيُفْسِدَ فِيهَا وَيُهْلِكَ ٱلْحَرْثَ وَٱلنَّسْلَۚ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ ٱلْفَسَادَ

Ал сенің қасыңнан кеткеннен кейін (немесе) қолына билік тізгіні тигенде, жер бетінде бұзақылыққа басып, бар нәрсені қирату және егістікті (һәм адамзат үшін ауадай қажет болған басқа да тіршілік көздерін) және нәсілдерді жою мақсатында тынбай әрекет етеді. Алла тағала бұзғыншылықты жақсы көрмейді.

206

وَإِذَا قِيلَ لَهُ ٱتَّقِ ٱللَّهَ أَخَذَتْهُ ٱلْعِزَّةُ بِٱلْإِثْمِۚ فَحَسْبُهُۥ جَهَنَّمُۖ وَلَبِئْسَ ٱلْمِهَادُ

Оған: «Алладан қорық, (бұзғыншы болма) делінсе, тәкаппарлығы ұстап, одан сайын күнәға батады. Ондайға (азап ретінде) жаһаннам жеткілікті. Ол қандай жаман жатақ (орын) десеңші!

207

وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَشْرِي نَفْسَهُ ٱبْتِغَآءَ مَرْضَاتِ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ رَءُوفُۢ بِٱلْعِبَادِ

Сондай-ақ адамдар арасында Алла разылығына бөлену үшін шыбын жанын қиятындар да бар. Алла құлдарына өте жанашыр, ерекше мейірбан.

208

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱدْخُلُوا۟ فِي ٱلسِّلْمِ كَآفَّةࣰ وَلَا تَتَّبِعُوا۟ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيْطَٰنِۚ إِنَّهُۥ لَكُمْ عَدُوࣱّ مُّبِينࣱ

Уа, иман келтіргендер! Барлығың Аллаға қалтқысыз мойынсұнып, татулық пен бейбітшілікте (өмір сүріңдер). Шайтанның басқан ізімен жүруші болмаңдар. Шүбәсіз, ол – сендерге анық дұшпан.

209

فَإِن زَلَلْتُم مِّنۢ بَعْدِ مَا جَآءَتْكُمُ ٱلْبَيِّنَٰتُ فَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

Егер сендерге ақиқатқа жеткізетін анық дәлелдер келгеннен кейін тура жолдан таятын болсаңдар, онда біліп қойыңдар, Алла – Азиз (ұлық, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).

210

هَلْ يَنظُرُونَ إِلَّآ أَن يَأْتِيَهُمُ ٱللَّهُ فِي ظُلَلࣲ مِّنَ ٱلْغَمَامِ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةُ وَقُضِيَ ٱلْأَمْرُۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرْجَعُ ٱلْأُمُورُ

Сонда олар (яғни шайтанның ізінен ергендер) Алланың ісінің (яғни жойқын пәрменінің яки айқын дәлелдерінің) ақша бұлттардың саясында періштелер арқылы келуін, сөйтіп істің бір демде бітірілуін күтуде ме?! Ақырында, барлық істер Алланың дәргейіне жөнелтіледі (сөйтіп Алла кесімді билік айтып, үкім шығарады).

211

سَلْ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ كَمْ ءَاتَيْنَٰهُم مِّنْ ءَايَةِۭ بَيِّنَةࣲۗ وَمَن يُبَدِّلْ نِعْمَةَ ٱللَّهِ مِنۢ بَعْدِ مَا جَآءَتْهُ فَإِنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلْعِقَابِ

(Уа, Мұхаммед!): Исрайыл ұрпақтарынан сұра, оларға (ақиқатты көрсететін) қаншама ап-айқын дәлелдер келтірдік. Кімде-кім өзіне Алланың нығметі келгеннен кейін оны (яғни тура жолды күпірлікке) алмастыратын болса, шүбәсіз, Алланың жазасы тым қатты.

212

زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَا وَيَسْخَرُونَ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ۘ وَٱلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ فَوْقَهُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۗ وَٱللَّهُ يَرْزُقُ مَن يَشَآءُ بِغَيْرِ حِسَابࣲ

Кәпірлерге бұл дүниенің тіршілігі көз жауын алатын тым тартымды болып көрінеді. Олар иман келтіргендерді (бұл дүниеге аса ынтық болмағандары үшін) мазақ қылады. Шынтуайтында, жүректеріндегі иманды тақуалықпен безендірген ізгі жандар қиямет күні олардың үстінде (яғни жұмақта, ал қалғандары төменде, жаһаннамда) болады. Алла қалаған құлына қисапсыз ризық-несібе береді.

213

كَانَ ٱلنَّاسُ أُمَّةࣰ وَٰحِدَةࣰ فَبَعَثَ ٱللَّهُ ٱلنَّبِيِّـۧنَ مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ وَأَنزَلَ مَعَهُمُ ٱلْكِتَٰبَ بِٱلْحَقِّ لِيَحْكُمَ بَيْنَ ٱلنَّاسِ فِيمَا ٱخْتَلَفُوا۟ فِيهِۚ وَمَا ٱخْتَلَفَ فِيهِ إِلَّا ٱلَّذِينَ أُوتُوهُ مِنۢ بَعْدِ مَا جَآءَتْهُمُ ٱلْبَيِّنَٰتُ بَغْيَۢا بَيْنَهُمْۖ فَهَدَى ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لِمَا ٱخْتَلَفُوا۟ فِيهِ مِنَ ٱلْحَقِّ بِإِذْنِهِۦۗ وَٱللَّهُ يَهْدِي مَن يَشَآءُ إِلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمٍ

Адамдар әу баста (алауыздықтан ада, бірлігі мен тірлігі жарасқан) бір бүтін үмбет еді. (Уақыт өте келе араларында алауыздық туған соң) Алла оларға өз араларынан (жұмақпен) сүйіншілеуші һәм (тозақтан сақтандыратын) ескертуші пайғамбарлар жіберді. Пайғамбарлармен бірге адамдар арасында олардың өзара келісе алмаған мәселелеріне қатысты әділ билік айту үшін хақ Кітап түсірді. Алайда сол хақ кітап төңірегінде өзара келісе алмай таласып-тартысқандар өздеріне сол хақ кітап берілген қауымдар ғана болды. Һәм де олар өздеріне анық дәлелдер мен ақиқатты баяндайтын ап-айқын аяттар келгеннен кейін, араларындағы күншілдік пен бақталастық кесірінен (өзара таласып-тартысумен болды). Сөйтіп, Алла өзінің қалауымен, әлгі қауымдар өзара таласып-тартысып жүріп жете алмаған ақиқатқа (ақырғы пайғамбар мен Құранға) иман келтірген құлдарын жеткізіп, оларды тура жолға салды. Алла қалағанын тура жолға салады.

214

أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُوا۟ ٱلْجَنَّةَ وَلَمَّا يَأْتِكُم مَّثَلُ ٱلَّذِينَ خَلَوْا۟ مِن قَبْلِكُمۖ مَّسَّتْهُمُ ٱلْبَأْسَآءُ وَٱلضَّرَّآءُ وَزُلْزِلُوا۟ حَتَّىٰ يَقُولَ ٱلرَّسُولُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ مَتَىٰ نَصْرُ ٱللَّهِۗ أَلَآ إِنَّ نَصْرَ ٱللَّهِ قَرِيبࣱ

Әлде сендер өздеріңнен бұрын өткен қауымдардың басына келгендер бастарыңа келместен жұмаққа кіреміз деп ойладыңдар ма? Олардың көптеген адам айтқысыз ауыртпалықтарға душар болып, күйзелгені соншалық – пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Алланың жәрдемі қашан келеді?!» – дейтіндей жағдайға жетті. Біле-білсеңдер, Алланың жәрдемі өте жақын!

215

يَسْـَٔلُونَكَ مَاذَا يُنفِقُونَۖ قُلْ مَآ أَنفَقْتُم مِّنْ خَيْرࣲ فَلِلْوَٰلِدَيْنِ وَٱلْأَقْرَبِينَ وَٱلْيَتَٰمَىٰ وَٱلْمَسَٰكِينِ وَٱبْنِ ٱلسَّبِيلِۗ وَمَا تَفْعَلُوا۟ مِنْ خَيْرࣲ فَإِنَّ ٱللَّهَ بِهِۦ عَلِيمࣱ

(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен Алла жолында кімге не беру керектігі жайлы сұрайды. Оларға былай деп айт: «Қандай дүниеден (зекет немесе садақа ретінде) не берсеңдер де, алдымен ата-анаға, содан кейін ең жақын туыстарға, жетімдерге, пақыр-міскіндерге және еліне жете алмай жолда қалған мүсәпір жолаушыға беру керек. (Кімге) қандай жақсылық жасасаңдар, Алла оны сөзсіз біледі».

216

كُتِبَ عَلَيْكُمُ ٱلْقِتَالُ وَهُوَ كُرْهࣱ لَّكُمْۖ وَعَسَىٰٓ أَن تَكْرَهُوا۟ شَيْـࣰٔا وَهُوَ خَيْرࣱ لَّكُمْۖ وَعَسَىٰٓ أَن تُحِبُّوا۟ شَيْـࣰٔا وَهُوَ شَرࣱّ لَّكُمْۚ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ

Сендерге қанша жерден ұнамаса да (керек кезде Алла жолында) соғысу парыз етілді. Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселеріңнің түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер білмейсіңдер.

217

يَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلشَّهْرِ ٱلْحَرَامِ قِتَالࣲ فِيهِۖ قُلْ قِتَالࣱ فِيهِ كَبِيرࣱۚ وَصَدٌّ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَكُفْرُۢ بِهِۦ وَٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِ وَإِخْرَاجُ أَهْلِهِۦ مِنْهُ أَكْبَرُ عِندَ ٱللَّهِۚ وَٱلْفِتْنَةُ أَكْبَرُ مِنَ ٱلْقَتْلِۗ وَلَا يَزَالُونَ يُقَٰتِلُونَكُمْ حَتَّىٰ يَرُدُّوكُمْ عَن دِينِكُمْ إِنِ ٱسْتَطَٰعُوا۟ۚ وَمَن يَرْتَدِدْ مِنكُمْ عَن دِينِهِۦ فَيَمُتْ وَهُوَ كَافِرࣱ فَأُو۟لَٰٓئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَٰلُهُمْ فِي ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةِۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Сондай-ақ олар сенен харам (яғни қасиетті) айларда соғысудың үкімі жайлы сұрайды. «Ол айларда соғысу – үлкен күнә», – деп айт. Алайда ел-жұртты Алланың жолына түсірмей қақпайлау, Алланы мойындамай күпірлік қылу және (мүміндерге) Харам мешітін зиярат етуге тыйым салу һәм (Харам мешітінің) халқын ол жерден қуып шығару Алланың алдында одан да үлкен күнә. Ал бүлік шығару болса, соғыстан, тіпті кісі өлтіруден де үлкен күнә. Олар (кәпірлер) шамалары жетсе, сендерді діндеріңнен шығарып тынбайынша, сендермен соғысуды тоқтатпайды. Ендеше, араларыңнан кімде-кім дінінен безіп, сол күйі кәпір болып өліп кетсе, ондайлардың бүкіл істері дүниеде де, ақиретте де зая кетеді. Міне, солар – тозақтықтар. Олар сонда мәңгі-бақи қалады.

218

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَٱلَّذِينَ هَاجَرُوا۟ وَجَٰهَدُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ أُو۟لَٰٓئِكَ يَرْجُونَ رَحْمَتَ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Иман келтіргендер, (керек кезде) Алла жолында һижрет еткендер және (бүлікшілерге қарсы) жан-тәнімен күрескендер, міне, солар Алланың мейірімінен үміт ете алады. Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

219

۞يَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلْخَمْرِ وَٱلْمَيْسِرِۖ قُلْ فِيهِمَآ إِثْمࣱ كَبِيرࣱ وَمَنَٰفِعُ لِلنَّاسِ وَإِثْمُهُمَآ أَكْبَرُ مِن نَّفْعِهِمَاۗ وَيَسْـَٔلُونَكَ مَاذَا يُنفِقُونَۖ قُلِ ٱلْعَفْوَۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمُ ٱلْـَٔايَٰتِ لَعَلَّكُمْ تَتَفَكَّرُونَ

Олар сенен (мас қылатын) шарап пен құмар ойындарының үкімін сұрайды. Оларға: «Екеуінде де үлкен күнә һәм адамдар үшін бірқатар пайдалар бар. Алайда олардың пайдасынан гөрі күнәсі мен зияны әлдеқайда көп», – деп айт. Сондай-ақ олар сенен қайыр-садақаға не беру керектігін сұрайды. Оларға: «Қажеттеріңнен (яғни өздеріңнен және қолдарыңа қарап отырған жандардың нәпақасынан) артылғанды беріңдер», – деп айт. Міне, осылайша Алла тағала сендерге (дүние һәм ақирет жайлы) жүйелі түрде һәм жан-жақты ойланарсыңдар деп, аяттарын ашып түсіндіреді.

220

فِي ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةِۗ وَيَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلْيَتَٰمَىٰۖ قُلْ إِصْلَاحࣱ لَّهُمْ خَيْرࣱۖ وَإِن تُخَالِطُوهُمْ فَإِخْوَٰنُكُمْۚ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ ٱلْمُفْسِدَ مِنَ ٱلْمُصْلِحِۚ وَلَوْ شَآءَ ٱللَّهُ لَأَعْنَتَكُمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمࣱ

Дүние һәм ақирет жайында (ойланарсыңдар деп аяттарын ашық баяндауда). Олар сенен жетімдер жайлы (яғни оларға және мал-мүліктеріне қатысты қандай ұстанымда болу керектігін) сұрайды. Сұрағандарға былай де: «Оларға жақсылық жасау (дұрыс тәрбие беріп, мал-мүліктерін көбейту оларды мүлдем қараусыз қалдырудан) әлдеқайда қайырлы іс. Егер қарайласу мақсатында оларды бауырларыңа басып, етене араласатын болсаңдар, әлбетте олар – сендердің (діндес) бауырларың. Алла кімнің бұзғыншы, кімнің оңалтушы екенін жақсы біледі». Алла қаласа, сендерге ауыр жүк артып, жағдайларыңды қиындатып, әуре-сарсаңға салып та қояр еді. Шүбәсіз, Алла – Азиз (ұлық, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімі көптеген хикметтерге толы болған асқан даналық иесі).

221

وَلَا تَنكِحُوا۟ ٱلْمُشْرِكَٰتِ حَتَّىٰ يُؤْمِنَّۚ وَلَأَمَةࣱ مُّؤْمِنَةٌ خَيْرࣱ مِّن مُّشْرِكَةࣲ وَلَوْ أَعْجَبَتْكُمْۗ وَلَا تُنكِحُوا۟ ٱلْمُشْرِكِينَ حَتَّىٰ يُؤْمِنُوا۟ۚ وَلَعَبْدࣱ مُّؤْمِنٌ خَيْرࣱ مِّن مُّشْرِكࣲ وَلَوْ أَعْجَبَكُمْۗ أُو۟لَٰٓئِكَ يَدْعُونَ إِلَى ٱلنَّارِۖ وَٱللَّهُ يَدْعُوٓا۟ إِلَى ٱلْجَنَّةِ وَٱلْمَغْفِرَةِ بِإِذْنِهِۦۖ وَيُبَيِّنُ ءَايَٰتِهِۦ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ

(Уа, мүміндер!) Мүшрік әйелдер иманға келмейінше, олармен некелеспеңдер. Шынтуайтында, мүмін күң өздеріңе ұнайтын басы азат мүшрік әйелден әлдеқайда қайырлы. Сондай-ақ мүшріктер иманға келмейінше, оларға мүмін әйелдерді бермеңдер. Шынында, мүмін құл өздеріңе ұнайтын басы азат мүшріктен әлдеқайда қайырлы. Өйткені, мүшріктер сендерді тозаққа шақырады. Ал Алла болса, Өзінің қалауымен жұмаққа һәм кеңшілігіне шақырады. Сонымен қатар, адамдарға ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп, аяттарын ашық баяндайды.

222

وَيَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلْمَحِيضِۖ قُلْ هُوَ أَذࣰى فَٱعْتَزِلُوا۟ ٱلنِّسَآءَ فِي ٱلْمَحِيضِ وَلَا تَقْرَبُوهُنَّ حَتَّىٰ يَطْهُرْنَۖ فَإِذَا تَطَهَّرْنَ فَأْتُوهُنَّ مِنْ حَيْثُ أَمَرَكُمُ ٱللَّهُۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلتَّوَّٰبِينَ وَيُحِبُّ ٱلْمُتَطَهِّرِينَ

Сондай-ақ олар сенен (ай сайын қайталанатын) етеккір жайлы да сұрайды. Оларға былай деп айт: «Етеккір – құрамы өзгерген жиіркенішті қан, сондықтан етеккір кезінде әйелдерден (яғни олардың абиырынан) аулақ болыңдар һәм толық тазарғанға дейін олармен төсек қатынасына түспеңдер. Етеккірден арылып, (бой дәрет алып) толық тазаланғандарында, оларға Алла әмір еткен жолмен барыңдар. Шүбәсіз, Алла (пендешілікпен істелген күнәнің артынша) қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі (күнә атты рухани кірлерден) тазаланушыларды жақсы көреді.

223

نِسَآؤُكُمْ حَرْثࣱ لَّكُمْ فَأْتُوا۟ حَرْثَكُمْ أَنَّىٰ شِئْتُمْۖ وَقَدِّمُوا۟ لِأَنفُسِكُمْۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّكُم مُّلَٰقُوهُۗ وَبَشِّرِ ٱلْمُؤْمِنِينَ

Әйелдерің сендердің (ұрпақ әкелетін) «егістіктерің». Ендеше, егісжайларыңа қалаған кездеріңде қалай барамын десеңдер солай барыңдар және өздерің үшін ертеңгі күнді (яғни ақиретті) ойлап дайындық жасаңдар. Аллаға қарсы келіп, алдыда асы болудан сақтаныңдар. Һәм (күндердің күнінде) Оның алдына баратындарыңды біліп қойыңдар. (Уа, Мұхаммед! Алланың алдына барғанда ерекше сый-құрметке бөленетін) мүміндерді сүйіншіле.

224

وَلَا تَجْعَلُوا۟ ٱللَّهَ عُرْضَةࣰ لِّأَيْمَٰنِكُمْ أَن تَبَرُّوا۟ وَتَتَّقُوا۟ وَتُصْلِحُوا۟ بَيْنَ ٱلنَّاسِۚ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمࣱ

(Алланың атымен ант ете бермеңдер) Алланың атымен берген анттарың жақсылық жасауларыңа, тақуалық шеңберінен шықпай әрекет етулеріңе және адамдардың арасын жарастыруларыңа кедергі болмасын. Алла – Сәмиғ (айтқан сөздеріңнің бәрін естуші), Алим (қай істі қандай ниетпен істегендеріңді жақсы білетін шексіз ілім иесі).

225

لَّا يُؤَاخِذُكُمُ ٱللَّهُ بِٱللَّغْوِ فِيٓ أَيْمَٰنِكُمْ وَلَٰكِن يُؤَاخِذُكُم بِمَا كَسَبَتْ قُلُوبُكُمْۗ وَٱللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمࣱ

Алла тағала сендерді байыбына бармай берген анттарың үшін жауапқа тартпайды. Алайда жүректерің тапқан (яғни саналы түрде) берген жалған анттарың үшін жауапқа тартады. Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Халим (күнәһар пенделерін бірден жазаламай, тәубеге келуіне мұрсат беретін кең әрі сабырлы).

226

لِّلَّذِينَ يُؤْلُونَ مِن نِّسَآئِهِمْ تَرَبُّصُ أَرْبَعَةِ أَشْهُرࣲۖ فَإِن فَآءُو فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Әйелдерімен төсек қатынасына түспеуге ант-су ішкен ер адамдарға төрт ай мұрсат беріледі. Егер олар осы мерзім ішінде райынан қайтып (ішкен ант-сулары үшін өтем төлеп) әйелдерімен қайта жақындасатын болса, күмәнсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

227

وَإِنْ عَزَمُوا۟ ٱلطَّلَٰقَ فَإِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمࣱ

Ал егер (аталмыш мерзім толып) ажырасуды ұйғарса, онда олар біліп қойсын, Алла – Сәмиғ (айтқан сөздеріңнің бәрін естуші), Алим (не істеп, не қойғандарыңды һәм ниет-пиғылдарыңды жақсы білетін шексіз ілім иесі).

228

وَٱلْمُطَلَّقَٰتُ يَتَرَبَّصْنَ بِأَنفُسِهِنَّ ثَلَٰثَةَ قُرُوٓءࣲۚ وَلَا يَحِلُّ لَهُنَّ أَن يَكْتُمْنَ مَا خَلَقَ ٱللَّهُ فِيٓ أَرْحَامِهِنَّ إِن كُنَّ يُؤْمِنَّ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِۚ وَبُعُولَتُهُنَّ أَحَقُّ بِرَدِّهِنَّ فِي ذَٰلِكَ إِنْ أَرَادُوٓا۟ إِصْلَٰحࣰاۚ وَلَهُنَّ مِثْلُ ٱلَّذِي عَلَيْهِنَّ بِٱلْمَعْرُوفِۚ وَلِلرِّجَالِ عَلَيْهِنَّ دَرَجَةࣱۗ وَٱللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

Күйеуінен ажырасқан әйелдер (өзге еркекпен тұрмыс құрмай тұрып) үш етеккір мерзімін күтуі керек. Егер олар Аллаға және ақирет күніне сенетін болса, Алланың құрсақтарында жаратқанын (етеккір халін немесе жүктілікті) жасырып қалу олар үшін адал болмайды. Егер аталмыш мерзім ішінде күйеулері олармен қайта татуласуды қаласа, оларды өздеріне қайта жар етуге өзге еркектерге қарағанда күйеулері әлдеқайда лайық һәм құқылы. Әйелдердің күйеулерінің алдында міндеттері болғанындай, ер азаматтардың да әйелдерінің алдында заңды міндеттері бар. Сонымен қатар (отбасын асырау сынды ауыр да, жауапты міндет арқалағандықтан) ер азаматтардың дәрежесі әйелдерден бір сатыға жоғары. Алла – Азиз (ұлық, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімі көптеген хикметтерге толы болған асқан даналық иесі).

229

ٱلطَّلَٰقُ مَرَّتَانِۖ فَإِمْسَاكُۢ بِمَعْرُوفٍ أَوْ تَسْرِيحُۢ بِإِحْسَٰنࣲۗ وَلَا يَحِلُّ لَكُمْ أَن تَأْخُذُوا۟ مِمَّآ ءَاتَيْتُمُوهُنَّ شَيْـًٔا إِلَّآ أَن يَخَافَآ أَلَّا يُقِيمَا حُدُودَ ٱللَّهِۖ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا يُقِيمَا حُدُودَ ٱللَّهِ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِمَا فِيمَا ٱفْتَدَتْ بِهِۦۗ تِلْكَ حُدُودُ ٱللَّهِ فَلَا تَعْتَدُوهَاۚ وَمَن يَتَعَدَّ حُدُودَ ٱللَّهِ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلظَّٰلِمُونَ

Талақ кезегі екіге дейін (яғни әйеліне бір немесе екі мәрте талақ айтқан адам әйелімен татуласып жатса, екеуі қайта қосыла алады). Ер адам әйеліне бір немесе екі мәрте талақ айтқаннан кейін, оны не жақсылықпен өзіне жар етіп алып қалады, не болмаса көңілін тауып, жақсылықпен қоя береді. (Уа, ер адамдар!) Ажырасқан жағдайда әйелдеріңе бұрынырақта тарту еткен мәһір немесе басқа да дүние-мүліктен мысқалдай нәрсе болса да қайтарып алсаңдар, ол сендерге адал болмайды. Алайда ерлі-зайыптылар Алла белгілеген шектен асып кетуден қорықса, онда үкім басқаша болады. Егер ерлі-зайыптылардың (бір-бірін шын жақсы көрмегендіктен немесе тату-тәтті өмір сүре алмағандықтан) Алла белгілеген шектен асып (күнәға батуынан) қорықсаңдар, ондай жағдайда әйел күйеуінен құтылу үшін (алған мәһірін қайтарса немесе күйеуіне басқа да) дүние-мүлік берсе, онда ерлі-зайыптылардың екеуі де күнә арқаламайды. Міне, бұл – Алланың белгілеп қойған шекарасы, одан ары аспаңдар. Кімде-кім Алланың белгілеп қойған шекарасынан ары асатын болса, міне, солар – (өздеріне қиянат жасап, өз-өздерінің обалына қалған) нағыз залымдар.

230

فَإِن طَلَّقَهَا فَلَا تَحِلُّ لَهُۥ مِنۢ بَعْدُ حَتَّىٰ تَنكِحَ زَوْجًا غَيْرَهُۥۗ فَإِن طَلَّقَهَا فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِمَآ أَن يَتَرَاجَعَآ إِن ظَنَّآ أَن يُقِيمَا حُدُودَ ٱللَّهِۗ وَتِلْكَ حُدُودُ ٱللَّهِ يُبَيِّنُهَا لِقَوْمࣲ يَعْلَمُونَ

Егер ер адам әйелін (екі мәрте талақ етіп қайтарып алғаннан кейін үшінші рет тағы да) талақ етсе, ол әйел (өз қалауымен) өзге еркекпен тұрмыс құрмайынша және (онымен де ажыраспайынша) оған адал болмайды. Егер екінші күйеуі оны талақ етсе, онда ол әйел мен бірінші күйеуі өз қалауларымен некелерін қидырып қайта қосылса, екеуі де күнә арқаламайды. Міне, бұл – Алланың белгілеген шекарасы (яғни бекіткен үкімдері). Алла оларды (яғни олардың себебін, хикметін һәм пайдаларын) білгісі келетін қауым үшін ашық баяндайды.

231

وَإِذَا طَلَّقْتُمُ ٱلنِّسَآءَ فَبَلَغْنَ أَجَلَهُنَّ فَأَمْسِكُوهُنَّ بِمَعْرُوفٍ أَوْ سَرِّحُوهُنَّ بِمَعْرُوفࣲۚ وَلَا تُمْسِكُوهُنَّ ضِرَارࣰا لِّتَعْتَدُوا۟ۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَقَدْ ظَلَمَ نَفْسَهُۥۚ وَلَا تَتَّخِذُوٓا۟ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ هُزُوࣰاۚ وَٱذْكُرُوا۟ نِعْمَتَ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ وَمَآ أَنزَلَ عَلَيْكُم مِّنَ ٱلْكِتَٰبِ وَٱلْحِكْمَةِ يَعِظُكُم بِهِۦۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمࣱ

(Уа, ер адамдар!) Әйелдеріңмен ажырасып, олар да өздерінің иддат (күту) мерзімін толтырса, онда оларды не жақсылықпен өздеріңе адал жар етіп алып қалыңдар, не болмаса көңілін тауып, жақсылықпен қоя беріңдер. Оларға жәбір көрсетіп, зиян келтіру үшін күштеп ұстамаңдар. Кімде-кім солай істесе, (әйелінің обалына қалып, ауыр күнә арқалағаны үшін) ең алдымен өз-өзіне қиянат жасаған болады. Алланың аяттарына жеңіл қарап, оларды ойын-күлкіге айналдырмаңдар. Алланың өздеріңе нәсіп еткен баға жетпес нығметтерін һәм сендерге уағыз-насихат ретінде түсірген Кітап пен хикметті есте ұстаңдар. Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық шеңберінен шықпауға тырысыңдар, һәм біліп қойыңдар, Алла барлық нәрсені толық біледі.

232

وَإِذَا طَلَّقْتُمُ ٱلنِّسَآءَ فَبَلَغْنَ أَجَلَهُنَّ فَلَا تَعْضُلُوهُنَّ أَن يَنكِحْنَ أَزْوَٰجَهُنَّ إِذَا تَرَٰضَوْا۟ بَيْنَهُم بِٱلْمَعْرُوفِۗ ذَٰلِكَ يُوعَظُ بِهِۦ مَن كَانَ مِنكُمْ يُؤْمِنُ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِۗ ذَٰلِكُمْ أَزْكَىٰ لَكُمْ وَأَطْهَرُۚ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ

Әйелдеріңмен ажырасып, олар да өздерінің иддат (күту) мерзімін толтырса, (уа, қазылар және екі жақтың ата-аналары,) ажырасқан ерлі-зайыптылар разылық білдіріп, шариғатқа қайшы келмейтін, қоғамдағы ғұрыпқа сай оңтайлы шарттар негізінде өзара келісетін болса, онда әйелдерге бұрынғы күйеулерімен қайта некелесуіне кедергі болып, қысым көрсетпеңдер. Бұл – араларыңнан Аллаға һәм ақирет күніне шын сенгендерге айтылған насихат. Міне, бұл – сендер үшін анағұрлым қайырлы һәм қателіктен, күнәдан ада іс. Ақиқатты Алла біледі, сендер білмейсіңдер.

233

۞وَٱلْوَٰلِدَٰتُ يُرْضِعْنَ أَوْلَٰدَهُنَّ حَوْلَيْنِ كَامِلَيْنِۖ لِمَنْ أَرَادَ أَن يُتِمَّ ٱلرَّضَاعَةَۚ وَعَلَى ٱلْمَوْلُودِ لَهُۥ رِزْقُهُنَّ وَكِسْوَتُهُنَّ بِٱلْمَعْرُوفِۚ لَا تُكَلَّفُ نَفْسٌ إِلَّا وُسْعَهَاۚ لَا تُضَآرَّ وَٰلِدَةُۢ بِوَلَدِهَا وَلَا مَوْلُودࣱ لَّهُۥ بِوَلَدِهِۦۚ وَعَلَى ٱلْوَارِثِ مِثْلُ ذَٰلِكَۗ فَإِنْ أَرَادَا فِصَالًا عَن تَرَاضࣲ مِّنْهُمَا وَتَشَاوُرࣲ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِمَاۗ وَإِنْ أَرَدتُّمْ أَن تَسْتَرْضِعُوٓا۟ أَوْلَٰدَكُمْ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ إِذَا سَلَّمْتُم مَّآ ءَاتَيْتُم بِٱلْمَعْرُوفِۗ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرࣱ

Аналар сәбилерін толық екі жыл емізсін. Бұл (үкім) баланы толық әрі жақсылап емізгісі келгендер үшін. Бала емізетін аналарды ас-ауқат және киім-кешекпен қоғамдағы ғұрыпқа сай жақсылап қамтамасыз ету – баланың әкесінің міндеті. Ешкімге шамасынан тыс міндет жүктелмейді. Ана да, әке де баласы үшін зиян шекпеуі керек (яғни, баланы пайдаланып, анасына немесе әкесіне зиян келтіруге болмайды). (Егер баланың әкесі бала емшектен шықпай жатып қайтыс болса, онда ана мен баланы асырау әкенің) мұрагеріне жүктеледі. Алайда ата-ана разылық білдіріп, өзара ақылдасып баланы емшектен ерте шығарамыз десе, екеуі де күнә арқаламайды. Егер балаларыңды сүт ана жалдап емізуді қаласаңдар, онда сүт анасының ақысын қоғамдағы ғұрыпқа сай жақсылап төлейтін болсаңдар, мұндай жағдайда да күнә арқаламайсыңдар. Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық шеңберінен шықпауға тырысыңдар һәм біліп қойыңдар, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көріп, бақылауда.

234

وَٱلَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَٰجࣰا يَتَرَبَّصْنَ بِأَنفُسِهِنَّ أَرْبَعَةَ أَشْهُرࣲ وَعَشْرࣰاۖ فَإِذَا بَلَغْنَ أَجَلَهُنَّ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِيمَا فَعَلْنَ فِيٓ أَنفُسِهِنَّ بِٱلْمَعْرُوفِۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرࣱ

Араларыңнан қайтыс болған ер адамдардың артында тұл қалған жұбайлары аза тұтып (яғни айттырылмай, күйеуге шықпай және сәнденбестен) төрт ай он күн күтеді. Олар күту мерзімін тамамдағаннан кейін, шариғат шеңберінен шықпай жеке бастарына қатысты қабылдаған шешімдері мен өз беттерімен істеген істері үшін сендер күнә арқаламайсыңдар. Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.

235

وَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِيمَا عَرَّضْتُم بِهِۦ مِنْ خِطْبَةِ ٱلنِّسَآءِ أَوْ أَكْنَنتُمْ فِيٓ أَنفُسِكُمْۚ عَلِمَ ٱللَّهُ أَنَّكُمْ سَتَذْكُرُونَهُنَّ وَلَٰكِن لَّا تُوَاعِدُوهُنَّ سِرًّا إِلَّآ أَن تَقُولُوا۟ قَوْلࣰا مَّعْرُوفࣰاۚ وَلَا تَعْزِمُوا۟ عُقْدَةَ ٱلنِّكَاحِ حَتَّىٰ يَبْلُغَ ٱلْكِتَٰبُ أَجَلَهُۥۚ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِيٓ أَنفُسِكُمْ فَٱحْذَرُوهُۚ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ غَفُورٌ حَلِيمࣱ

Иддат мерзімін күтіп отырған (яғни тұл немесе күйеуімен біржолата ажырасқан) әйелдерді алуды ойласаңдар, бұл ниеттеріңді аталмыш мерзім ішінде оларға тұспалдап қана білдірсеңдер немесе оларға сездірмей іштеріңде сақтасаңдар күнә арқаламайсыңдар. Алла (сендердің тағатсызданып) олар жайлы ойлайтындарыңды біледі. Ендеше, ниеттеріңді күнәға жатпайтын, жақсы сөзбен тұспалдап қана білдіргеннен басқа (күту мерзімінде) олармен (үйлену жайында) жасырын түрде уәделеспеңдер және иддат мерзімі толмай тұрып некелесуші болмаңдар. Біліп қойыңдар, Алла іштеріңе бүккен ойларыңды түгелдей біледі. Ендеше, Оның бұйрығына қарсы келуден сақтаныңдар. Һәм біліп қойыңдар, шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Халим (күнәһар пенделерін бірден жазаламай, тәубеге келуіне мұрсат беретін кең әрі сабырлы).

236

لَّا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ إِن طَلَّقْتُمُ ٱلنِّسَآءَ مَا لَمْ تَمَسُّوهُنَّ أَوْ تَفْرِضُوا۟ لَهُنَّ فَرِيضَةࣰۚ وَمَتِّعُوهُنَّ عَلَى ٱلْمُوسِعِ قَدَرُهُۥ وَعَلَى ٱلْمُقْتِرِ قَدَرُهُۥ مَتَٰعَۢا بِٱلْمَعْرُوفِۖ حَقًّا عَلَى ٱلْمُحْسِنِينَ

Егер (некелескен) әйелдеріңмен төсек қатынасына түспей тұрып немесе мәһірді белгілемей тұрып, талақ айтып ажырасатын болсаңдар, күнә арқаламайсыңдар. Бірақ ондай жағдайда оларға дүние (ақша беріп немесе киім, әшекей алып) беріп, көңілдерін аулаңдар. Бай жағдайына қарай, кедей де шамасына қарай қоғамдағы ғұрыпқа сай тиісті берешегін беріп, көңілін ауласын. Бұл – ізгі жандардың мойнындағы борышы.

237

وَإِن طَلَّقْتُمُوهُنَّ مِن قَبْلِ أَن تَمَسُّوهُنَّ وَقَدْ فَرَضْتُمْ لَهُنَّ فَرِيضَةࣰ فَنِصْفُ مَا فَرَضْتُمْ إِلَّآ أَن يَعْفُونَ أَوْ يَعْفُوَا۟ ٱلَّذِي بِيَدِهِۦ عُقْدَةُ ٱلنِّكَاحِۚ وَأَن تَعْفُوٓا۟ أَقْرَبُ لِلتَّقْوَىٰۚ وَلَا تَنسَوُا۟ ٱلْفَضْلَ بَيْنَكُمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ

Ал егер (некелескен) әйелдеріңді төсек қатынасына түспей тұрып, алайда мәһірді белгілеп қойғаннан кейін талақ етсеңдер, онда аталған мәһірдің тең жартысын берулерің керек. Егер олар өздеріне тиесілі мәһірді кешсе, бермесеңдер де болады. Я болмаса, неке шарты (яғни некенің тізгіні) қолында болған күйеу мәрттік танытып, атаған мәһірді толық берсе, оның жөні бөлек. Уа, ер адамдар! Бұл мәселеде мәрттік танытқандарың тақуалыққа әлдеқайда жақын. Ендеше, бір-біріңе мәрттік танытып, жақсылық жасауды ұмытпаңдар. Шүбәсіз, Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруде.

238

حَٰفِظُوا۟ عَلَى ٱلصَّلَوَٰتِ وَٱلصَّلَوٰةِ ٱلْوُسْطَىٰ وَقُومُوا۟ لِلَّهِ قَٰنِتِينَ

Бес уақыт намазға, әсіресе ортаңғы намазға өте мұкият болыңдар (яғни кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар). Алла үшін (намазға) тұрып, алдында барынша кішірейіп, құлдық ұрып тұрыңдар.

239

فَإِنْ خِفْتُمْ فَرِجَالًا أَوْ رُكْبَانࣰاۖ فَإِذَآ أَمِنتُمْ فَٱذْكُرُوا۟ ٱللَّهَ كَمَا عَلَّمَكُم مَّا لَمْ تَكُونُوا۟ تَعْلَمُونَ

Егер қауіпті жағдайға тап болып (намазды бір жерде тұрып, байыппен өтей алмасаңдар), онда намазды жаяу жүріп бара жатып немесе көлік үстінде оқыңдар. Ал енді қорқыныштан құтылып, қауіпсіз жағдайда болсаңдар, Алла сендерге білмейтін нәрселеріңді (яғни Өзіне қалай құлшылық ету керектігін, әсіресе намаз оқуды) қалай үйреткен болса, соған қарай Алланы еске алыңдар (яғни намазды парыздарын, уәжіптерін, сүннеттерін толық орындау арқылы кемеліне жеткізіп оқыңдар).

240

وَٱلَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَٰجࣰا وَصِيَّةࣰ لِّأَزْوَٰجِهِم مَّتَٰعًا إِلَى ٱلْحَوْلِ غَيْرَ إِخْرَاجࣲۚ فَإِنْ خَرَجْنَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِي مَا فَعَلْنَ فِيٓ أَنفُسِهِنَّ مِن مَّعْرُوفࣲۗ وَٱللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمࣱ

Араларыңнан ажалы жетіп, артына тұл қалатын жұбайлар қалдыратындар, жұбайларының бір жылға дейін үйден қуылмауын әрі нәпақасыз қалмауын қамтамасыз ететін өсиет айтып кетсін. Егер тұл қалған әйелдер (төрт ай он күндік иддат мерзімін толтырғаннан кейін) өз еркімен кететін болса, олардың шариғат шеңберінен шықпай жеке бастарына қатысты қабылдаған шешімдері мен өз беттерінше істеген істері үшін сендер күнә арқаламайсыңдар (яғни олар үшін жауапты болмайсыңдар). Алла Азиз (ұлық, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімі көптеген хикметтерге толы болған асқан даналық иесі).

241

وَلِلْمُطَلَّقَٰتِ مَتَٰعُۢ بِٱلْمَعْرُوفِۖ حَقًّا عَلَى ٱلْمُتَّقِينَ

Күйеулерімен ажырасқан әйелдерге де тиісті (яғни үш етеккір иддат мерзімінде негізгі қажеттіліктерін өтеуге жететіндей) мөлшерде берілетін нәпақа бар. Мұны беру – тақуа жандардың мойнындағы борыш.

242

كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمْ ءَايَٰتِهِۦ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ

Міне, Алла сендерге ақылға салып, ойланар-сыңдар һәм ондағы хикметтерді түйсінерсіңдер деп осылайша аяттарын ашық түрде баяндайды.

243

۞أَلَمْ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ خَرَجُوا۟ مِن دِيَٰرِهِمْ وَهُمْ أُلُوفٌ حَذَرَ ٱلْمَوْتِ فَقَالَ لَهُمُ ٱللَّهُ مُوتُوا۟ ثُمَّ أَحْيَٰهُمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ

Өздері сан-мың көп болса да, (өлімнен қашып құтылатындай) өлімнен қорқып, атамекенін тастап кеткендерге қарашы. Алла оларға: «Өліңдер», – деп өлтіріп, кейін оларды қайтадан тірілтті. Шүбәсіз, Алла – адамдарға көп жақсылық жасайтын шексіз шарапат иесі, бірақ адамдардың көбі шүкіршілік етпейді.

244

وَقَٰتِلُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمࣱ

(Өлімнен қорықпаңдар, керек кезде ақиқат үшін, отан үшін, ел үшін) Алла жолында соғысыңдар һәм біліп қойыңдар, Алла Сәмиғ (айтқан сөздеріңнің бәрін естуші), Алим (қай істі қандай ниетпен істегендеріңді жақсы білетін шексіз ілім иесі)

245

مَّن ذَا ٱلَّذِي يُقْرِضُ ٱللَّهَ قَرْضًا حَسَنࣰا فَيُضَٰعِفَهُۥ لَهُۥٓ أَضْعَافࣰا كَثِيرَةࣰۚ وَٱللَّهُ يَقْبِضُ وَيَبْصُۜطُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

(Дүниесін Алла жолында жұмсау арқылы немесе мұқтаждарға зекет-садақа беру арқылы) Аллаға жақсы қарыз беретін кім бар, Алла оның берген қарызын еселеген үстіне еселей түссін (көбейтіп қайтарсын). Алла (кейде ризық-несібелеріңді немесе жан-дүниелеріңді) қысып тарылтады, кейде кеңейтеді. Түбінде, бәрің де Оған қайтарыласыңдар.

246

أَلَمْ تَرَ إِلَى ٱلْمَلَإِ مِنۢ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ مِنۢ بَعْدِ مُوسَىٰٓ إِذْ قَالُوا۟ لِنَبِيࣲّ لَّهُمُ ٱبْعَثْ لَنَا مَلِكࣰا نُّقَٰتِلْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۖ قَالَ هَلْ عَسَيْتُمْ إِن كُتِبَ عَلَيْكُمُ ٱلْقِتَالُ أَلَّا تُقَٰتِلُوا۟ۖ قَالُوا۟ وَمَا لَنَآ أَلَّا نُقَٰتِلَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَقَدْ أُخْرِجْنَا مِن دِيَٰرِنَا وَأَبْنَآئِنَاۖ فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيْهِمُ ٱلْقِتَالُ تَوَلَّوْا۟ إِلَّا قَلِيلࣰا مِّنْهُمْۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِٱلظَّٰلِمِينَ

Мұсадан кейін Исрайыл ұрпақтарының алдыңғы қатарлыларының сиқын көрдің бе?! Бір кездері олар өздерінің пайғамбарларына: «Бізге жолбасшы болатын патша тағайында, (соның туының астында залымдарға қарсы) Алла жолында соғысайық», – деген еді. Сонда пайғамбар оларға: «Сендерге соғыс шынымен парыз етіле қалса, айнып шыға келмейсіңдер ме?» – деді. Олар: «Біз атамекенімізден қуылып, бала-шағамыздан айырылдық, ендеше, Алла жолында соғыспай бізге не көрініпті?!» – деп айтты. Алайда оларға соғысу парыз етілген кезде, араларындағы ат төбеліндей аз ғана адамды қоспағанда басым бөлігі райынан қайтып, тайқып шыға келді. Алла ол залымдарды жақсы біледі.

247

وَقَالَ لَهُمْ نَبِيُّهُمْ إِنَّ ٱللَّهَ قَدْ بَعَثَ لَكُمْ طَالُوتَ مَلِكࣰاۚ قَالُوٓا۟ أَنَّىٰ يَكُونُ لَهُ ٱلْمُلْكُ عَلَيْنَا وَنَحْنُ أَحَقُّ بِٱلْمُلْكِ مِنْهُ وَلَمْ يُؤْتَ سَعَةࣰ مِّنَ ٱلْمَالِۚ قَالَ إِنَّ ٱللَّهَ ٱصْطَفَىٰهُ عَلَيْكُمْ وَزَادَهُۥ بَسْطَةࣰ فِي ٱلْعِلْمِ وَٱلْجِسْمِۖ وَٱللَّهُ يُؤْتِي مُلْكَهُۥ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمࣱ

Пайғамбар оларға: «Алла сендерге патша етіп Талұтты тағайындады», – деді. Сонда бай-шонжарлар (бірден наразылық білдіріп): «Патшалыққа одан гөрі (ақсүйек тұқымы) мына біз лайық емеспіз бе, ол (қарадан туып) бізге қалай патша болмақ? Оның үстіне, оған мол дәулет те берілмеген», – деді. Пайғамбар оларға: «Алла сендерге басшы ретінде соны таңдады әрі оған (бүкіл елді билеу үшін) терең ілім мен мықты дене-бітім (күш-қуат пен келісті кескін-келбет) нәсіп етті. Алла билікті қалаған құлына береді. Алла – Уасиғ (шарапаты мен рақымы өте кең), Алим (кімнің неге лайықты екенін бәрінен де жақсы білетін шексіз ілім иесі)», – деп жауап берді.

248

وَقَالَ لَهُمْ نَبِيُّهُمْ إِنَّ ءَايَةَ مُلْكِهِۦٓ أَن يَأْتِيَكُمُ ٱلتَّابُوتُ فِيهِ سَكِينَةࣱ مِّن رَّبِّكُمْ وَبَقِيَّةࣱ مِّمَّا تَرَكَ ءَالُ مُوسَىٰ وَءَالُ هَٰرُونَ تَحْمِلُهُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لَّكُمْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

Содан кейін пайғамбар сөзін жалғап былай деді: «Ендеше, сендерге ішінде Раббыларыңнан келетін сәкина (жан тыныштығы) һәм Мұса мен Һарун әулетінен қалған рухани жәдігер болған, періштелер арқалап әкелетін ғажайып сандықтың келуі оның патшалығының белгісі болмақ. Егер шынымен мүмін болсаңдар, міне, мұнда сендер үшін айқын дәлел, анық белгі бар».

249

فَلَمَّا فَصَلَ طَالُوتُ بِٱلْجُنُودِ قَالَ إِنَّ ٱللَّهَ مُبْتَلِيكُم بِنَهَرࣲ فَمَن شَرِبَ مِنْهُ فَلَيْسَ مِنِّي وَمَن لَّمْ يَطْعَمْهُ فَإِنَّهُۥ مِنِّيٓ إِلَّا مَنِ ٱغْتَرَفَ غُرْفَةَۢ بِيَدِهِۦۚ فَشَرِبُوا۟ مِنْهُ إِلَّا قَلِيلࣰا مِّنْهُمْۚ فَلَمَّا جَاوَزَهُۥ هُوَ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ قَالُوا۟ لَا طَاقَةَ لَنَا ٱلْيَوْمَ بِجَالُوتَ وَجُنُودِهِۦۚ قَالَ ٱلَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُم مُّلَٰقُوا۟ ٱللَّهِ كَم مِّن فِئَةࣲ قَلِيلَةٍ غَلَبَتْ فِئَةࣰ كَثِيرَةَۢ بِإِذْنِ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ مَعَ ٱلصَّٰبِرِينَ

Талұт қалың әскерді бастап, жорыққа шыққанда, жауынгерлеріне: «Алла (жол-жөнекей) сендерді бір өзенмен сынайды. Кімде-кім сол өзеннен ішсе, ол мендік емес (яғни менің әскерімнің қатарынан шығып қалады). Ал кім мүлдем ішпесе, сол мендік. Қолымен бір мәрте көсіп ішкенге де (кінә тағылмайды)», – деді­­. Алайда олардың ат төбеліндей аз ғана бір бөлігін қоспағанда барлығы дерлік жетер-жетпес өзен суынан қанып ішіп алды. Талұт және онымен бірге (өзен суынан мүлдем татпаған және өте аз ішкен) мүміндер өзенді кешіп арғы бетке өткенде, (өзеннен аз да болса су ішкендер): «Бізде бүгін Жалұт пен оның әскеріне төтеп беретін күш-қуат жоқ», – десті. Сол кезде өлгеннен кейін қайта тіріліп, Алламен қауышатындықтарына кәміл сенгендер: «Алланың қалауымен қаншама аз қауым (саны жағынан) өзінен әлдеқайда қалың қауымды жеңген болатын. Алла тағала сабырлылармен бірге», – деп асқан табандылық танытты.

250

وَلَمَّا بَرَزُوا۟ لِجَالُوتَ وَجُنُودِهِۦ قَالُوا۟ رَبَّنَآ أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرࣰا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَٱنصُرْنَا عَلَى ٱلْقَوْمِ ٱلْكَٰفِرِينَ

Сөйтіп, олар Жалұт және оның әскерімен бетпе-бет келгенде: «Уа, Раббымыз! Бізге сарқылмас сабыр бергейсің! Бізді (соғыс майданында) табанды да қайтпас қайсар қылғайсың! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем беріп, жеңіске жеткізгейсің!» – деп жалбарынды.

251

فَهَزَمُوهُم بِإِذْنِ ٱللَّهِ وَقَتَلَ دَاوُۥدُ جَالُوتَ وَءَاتَىٰهُ ٱللَّهُ ٱلْمُلْكَ وَٱلْحِكْمَةَ وَعَلَّمَهُۥ مِمَّا يَشَآءُۗ وَلَوْلَا دَفْعُ ٱللَّهِ ٱلنَّاسَ بَعْضَهُم بِبَعْضࣲ لَّفَسَدَتِ ٱلْأَرْضُ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ ذُو فَضْلٍ عَلَى ٱلْعَٰلَمِينَ

Соңында, мүміндер Алланың қалауымен жауды ойсырата жеңіп, Дәуіт Жалұттың жанын жаһаннамға жіберді. Сөйтіп, Алла Дәуітке патшалық пен даналық нәсіп етті һәм Өз қалауымен оған тағы біраз нәрселер үйретті. Егер Алла (осылайша) адамдарды бір-біріне қарсы қойып, кей адамдардың бетін кейбір адамдармен қайтарып отырмағанда, шүбәсіз, жер беті түгелдей бүлінер еді де, онда өмір сүру мүмкін болмас еді (яғни жерде әділдік жойылып, шартарапты зұлымдық жайлар еді). Алайда Алла – күллі жаратылыс атаулыны шексіз шарапатына бөлеуші.

252

تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱللَّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ بِٱلْحَقِّۚ وَإِنَّكَ لَمِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ

Міне, бұлар – Алланың (уахи арқылы түсірген) айқын аяттары, біз саған оларды титтей де күмән араласпаған ақиқат ретінде оқып берудеміз. Өйткені сен, шүбәсіз, (хақ Кітаппен жіберілген) елшілердің бірі һәм бірегейісің.

253

۞تِلْكَ ٱلرُّسُلُ فَضَّلْنَا بَعْضَهُمْ عَلَىٰ بَعْضࣲۘ مِّنْهُم مَّن كَلَّمَ ٱللَّهُۖ وَرَفَعَ بَعْضَهُمْ دَرَجَٰتࣲۚ وَءَاتَيْنَا عِيسَى ٱبْنَ مَرْيَمَ ٱلْبَيِّنَٰتِ وَأَيَّدْنَٰهُ بِرُوحِ ٱلْقُدُسِۗ وَلَوْ شَآءَ ٱللَّهُ مَا ٱقْتَتَلَ ٱلَّذِينَ مِنۢ بَعْدِهِم مِّنۢ بَعْدِ مَا جَآءَتْهُمُ ٱلْبَيِّنَٰتُ وَلَٰكِنِ ٱخْتَلَفُوا۟ فَمِنْهُم مَّنْ ءَامَنَ وَمِنْهُم مَّن كَفَرَۚ وَلَوْ شَآءَ ٱللَّهُ مَا ٱقْتَتَلُوا۟ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَفْعَلُ مَا يُرِيدُ

Біз (кей мәселелерде) осынау елшілердің кейбірін басқаларынан артық, дәреже жағынан жоғары қылдық. Олардың арасында Алланың (уахисыз, перде сыртынан) тікелей тілдескені бар, сондай-ақ Алла кейбіреуінің мерейін асқақтатып, дәрежесін өсірді. Мәриямұлы Исаға да (пайғамбар екенін көрсететін) анық дәлелдер, мұғжизалар бердік һәм оған Қасиетті Рух (Жәбірейіл періште) арқылы қолдау көрсеттік. Егер Алла қаласа, сол пайғамбарлардан кейінгі үмбеттер өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ олар өзара алауыз болды, сөйтіп бір бөлігі иман келтірсе, енді бір бөлігі күпірлікке бой алдырды. Егер Алла қаласа, (яғни адамдарға ерік-қалау бермей ықтиярсыз қылып, бәрін өз дегенімен жүргізгенде) олар бір-бірімен соғыспас еді. Алайда Алла қалағанын істейді.

254

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَنفِقُوا۟ مِمَّا رَزَقْنَٰكُم مِّن قَبْلِ أَن يَأْتِيَ يَوْمࣱ لَّا بَيْعࣱ فِيهِ وَلَا خُلَّةࣱ وَلَا شَفَٰعَةࣱۗ وَٱلْكَٰفِرُونَ هُمُ ٱلظَّٰلِمُونَ

Уа, иман келтіргендер! Сауда-саттық, достық қолдау және біреудің біреуге болысып, ара түсуі деген нәрсе атымен болмайтын алапат күн (қиямет қайым) келмей тұрып, өздеріңе берген (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл-білім сияқты) ризық-несібемізден Алла жолында жұмсаңдар. (Кәпірлер сияқты болмаңдар өйткені) кәпірлер – (кешілмес күнә арқалап өз-өздеріне обал қылған) нағыз залымдар.

255

ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلْحَيُّ ٱلْقَيُّومُۚ لَا تَأْخُذُهُۥ سِنَةࣱ وَلَا نَوْمࣱۚ لَّهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِۗ مَن ذَا ٱلَّذِي يَشْفَعُ عِندَهُۥٓ إِلَّا بِإِذْنِهِۦۚ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْۖ وَلَا يُحِيطُونَ بِشَيْءࣲ مِّنْ عِلْمِهِۦٓ إِلَّا بِمَا شَآءَۚ وَسِعَ كُرْسِيُّهُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَۖ وَلَا يَـُٔودُهُۥ حِفْظُهُمَاۚ وَهُوَ ٱلْعَلِيُّ ٱلْعَظِيمُ

Алла, Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай (мәңгі тірі), Қайиум (еш нәрсеге арқа сүйемей күллі болмысты бір Өзі ұстап, меңгеріп тұрушы). Ол әсте қалғымайды, Оны (ғапылдық та,) ұйқы да баспайды. Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі барлық нәрсе бір Өзіне тиесілі. Оның дәргейінде рұқсатынсыз біреу үшін шапағат етіп, ара түсе алатын кім бар? Ол күллі жаратылыстың алдындағы болашағын да, артындағы өткенін де толық әрі жақсы біледі. Ал олар болса, Оның шексіз ілімінен еш нәрсені толық ұға да, меңгере де алмайды, тек Оның Өз қалауымен ұғындырып, үйреткен нәрсесі болса, оның жөні басқа. Оның (шексіз билігінің көрінісі болған) Күрсісі күллі аспан әлемі мен жерді толық қамтыған. Күллі аспан әлемі мен жерді қызғыштай қорып, сақтап тұру Ол үшін бұйым емес, Ол – Али (бәрінен биік, асқақ), Азим (бәрінен ұлы, бәрінен зор).

256

لَآ إِكْرَاهَ فِي ٱلدِّينِۖ قَد تَّبَيَّنَ ٱلرُّشْدُ مِنَ ٱلْغَيِّۚ فَمَن يَكْفُرْ بِٱلطَّٰغُوتِ وَيُؤْمِنۢ بِٱللَّهِ فَقَدِ ٱسْتَمْسَكَ بِٱلْعُرْوَةِ ٱلْوُثْقَىٰ لَا ٱنفِصَامَ لَهَاۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ

Дінде (хақ дінді үгіттеуде және қабылдауда) зорлық жоқ, (өйткені) тура жол мен теріс жолдың, ақиқат пен жалғанның ара жігі толық ажырады. Бұдан былай кімде-кім тағұтты (жалған құдайларды һәм жоқ жерден дін, жүйе ойлап тауып, ел-жұртты соған үгіттеуші зұлым күштерді) теріске шығарып, бір Аллаға иман келтірсе, онда оның өте берік тұтқаны ұстағаны. Алла –Сәмиғ (айтқан сөздеріңнің бәрін естуші), Алим (іштеріңдегі ниет-пиғылдарыңа дейін бәрін толық білетін шексіз ілім иесі).

257

ٱللَّهُ وَلِيُّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ يُخْرِجُهُم مِّنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَوْلِيَآؤُهُمُ ٱلطَّٰغُوتُ يُخْرِجُونَهُم مِّنَ ٱلنُّورِ إِلَى ٱلظُّلُمَٰتِۗ أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Алла – иман келтіргендердің жанашыр досы, қамқоршысы һәм қорғаны, оларды тас қараңғы түнектерден жарық нұрға шығарады. Ал күпірлік қылғандарға келсек, олардың достары – тағұт (жалған құдайлар һәм жоқ жерден дін ойлап та-уып, ел-жұртты соған үгіттеуші зұлым күштер), олар кәпірлерді жарық нұрдан шығарып, тас қараңғы түнектерге кіргізеді. Олар – тозақтықтар. Олар мәңгі-бақи сонда болады.

258

أَلَمْ تَرَ إِلَى ٱلَّذِي حَآجَّ إِبْرَٰهِـۧمَ فِي رَبِّهِۦٓ أَنْ ءَاتَىٰهُ ٱللَّهُ ٱلْمُلْكَ إِذْ قَالَ إِبْرَٰهِـۧمُ رَبِّيَ ٱلَّذِي يُحْيِۦ وَيُمِيتُ قَالَ أَنَا۠ أُحْيِۦ وَأُمِيتُۖ قَالَ إِبْرَٰهِـۧمُ فَإِنَّ ٱللَّهَ يَأْتِي بِٱلشَّمْسِ مِنَ ٱلْمَشْرِقِ فَأْتِ بِهَا مِنَ ٱلْمَغْرِبِ فَبُهِتَ ٱلَّذِي كَفَرَۗ وَٱللَّهُ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلظَّٰلِمِينَ

Алла берген биліктің буына мас болып, Ибраһим мен Раббысы жайлы сөз таластырғанды көрдің бе?! Ибраһим оған: «Менің Раббым (қалағанына) жан бітіріп, өмір сыйлайды әрі (қалағанының жанын алып) өлтіреді», – деді. Сонда ол: «Мен де (қалағаныма) өмір сыйлаймын әрі (қалағанымды) өлтіремін», – деді. Сол кезде Ибраһим: «Расында, Алла күнді шығыстан шығарады, қане, мықты болсаң, оны батыстан шығаршы», – деді. Сонда күпірлік қылған (патша) не дерін білмей сасып қалды. Алла (күпірлік қылып, өз-өзіне қиянат жасаған) зұлым қауымды әсте тура жолға салмайды.

259

أَوْ كَٱلَّذِي مَرَّ عَلَىٰ قَرْيَةࣲ وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا قَالَ أَنَّىٰ يُحْيِۦ هَٰذِهِ ٱللَّهُ بَعْدَ مَوْتِهَاۖ فَأَمَاتَهُ ٱللَّهُ مِا۟ئَةَ عَامࣲ ثُمَّ بَعَثَهُۥۖ قَالَ كَمْ لَبِثْتَۖ قَالَ لَبِثْتُ يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمࣲۖ قَالَ بَل لَّبِثْتَ مِا۟ئَةَ عَامࣲ فَٱنظُرْ إِلَىٰ طَعَامِكَ وَشَرَابِكَ لَمْ يَتَسَنَّهْۖ وَٱنظُرْ إِلَىٰ حِمَارِكَ وَلِنَجْعَلَكَ ءَايَةࣰ لِّلنَّاسِۖ وَٱنظُرْ إِلَى ٱلْعِظَامِ كَيْفَ نُنشِزُهَا ثُمَّ نَكْسُوهَا لَحْمࣰاۚ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُۥ قَالَ أَعْلَمُ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Немесе (Алланың өліге жан бітіріп, уақыты келгенде оны қайта алатынына тағы бір дәлел) мына бір адамның жағдайы: Ол (Үзәйір) үйлерінің шаңырағы ортасына түсіп, асты-үстіне келіп қирап, құлазып жатқан елді мекенге ат басын тірегенде, (Алланың шексіз құдіретіне таңғалып): «Алла бұл мекенді һәм халқын мұншама астаң-кестеңі шығып, күлі көкке ұшқаннан кейін қалай тірілтеді екен?» – деген еді. Сол кезде Алла оны (таң ата) жүз жылға өлтіріп, тура жүз жылдан кейін (кеш батуға айналғанда) қайта тірілтті. Сөйтіп Алла одан: «Қанша уақыт өліп жаттың?» – деп сұрағанда, ол: «Бір күн немесе одан да аз уақыт», – деп жауап берді. Сонда Алла оған: «Жо-жоқ, сен тура жүз жыл өліп жаттың. Азығың мен сусыныңа қарашы, мүлдем бұзылмаған. Енді есегіңе қара (шашылған құр сүйектері ғана қалған). Сондай-ақ сені де адамдарға тірі дәлел болсын деп, жаныңды алып, қайта тірілттік. (Есегіңнің) шашылған сүйектеріне қарашы, оларды қалай жинап, орын-орнына қойып, буын-буынын келтіріп, содан кейін үстіне қалай ет қаптап жатырмыз», – деді. Осылайша ақиқатқа көзі анық жеткенде, ол: «Иә, мен білемін. Шүбәсіз, Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді», – деді.

260

وَإِذْ قَالَ إِبْرَٰهِـۧمُ رَبِّ أَرِنِي كَيْفَ تُحْيِ ٱلْمَوْتَىٰۖ قَالَ أَوَلَمْ تُؤْمِنۖ قَالَ بَلَىٰ وَلَٰكِن لِّيَطْمَئِنَّ قَلْبِيۖ قَالَ فَخُذْ أَرْبَعَةࣰ مِّنَ ٱلطَّيْرِ فَصُرْهُنَّ إِلَيْكَ ثُمَّ ٱجْعَلْ عَلَىٰ كُلِّ جَبَلࣲ مِّنْهُنَّ جُزْءࣰا ثُمَّ ٱدْعُهُنَّ يَأْتِينَكَ سَعْيࣰاۚ وَٱعْلَمْ أَنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمࣱ

Бірде Ибраһим : «Уа, Раббым! Маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші», – деп өтінген еді. Алла оған: «Сен сенбейсің бе?» – деді. Сонда Ибраһим: «Әлбетте, сенемін. Бірақ (құдіретіңді өз көзіммен көріп, көңілім жай тауып) жүрегім толық қанағаттансын деймін», – деді. Сол кезде Алла оған: «Ендеше, әртүрлі төрт құсты ұстап ал да, оларды қолға жақсылап үйрет. Содан кейін оларды сойып, боршалап, бір-бірімен мидай араластыр да, төртке бөліп, әр таудың шоқысына апарып қой. Содан кейін оларды шақыр, сонда олар алдыңа лезде жетіп келеді. Біліп қой, Алла – Азиз (ұлық, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімі хикметтерге толы болған асқан даналық иесі).

261

مَّثَلُ ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَٰلَهُمْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ كَمَثَلِ حَبَّةٍ أَنۢبَتَتْ سَبْعَ سَنَابِلَ فِي كُلِّ سُنۢبُلَةࣲ مِّا۟ئَةُ حَبَّةࣲۗ وَٱللَّهُ يُضَٰعِفُ لِمَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمٌ

Мал-пұлын Алла жолында сарп ететіндердің мысалы – бейне бір жеті бірдей масақ шығарған, әр масағында жүз дәні бар дәнек секілді. Алла қалаған пендесіне еселеп береді. Алла – Уасиғ (өте кең, асқан жомарт), Алим (құлдарының барлық жай-күйін өте жақсы білетін шексіз ілім иесі).

262

ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَٰلَهُمْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ ثُمَّ لَا يُتْبِعُونَ مَآ أَنفَقُوا۟ مَنࣰّا وَلَآ أَذࣰى لَّهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

Мал-пұлын Алла жолында сарп етіп, соңынан бергенін міндетсінбейтін және (өзінен жәрдем алушыны) ренжітпейтін кісілердің Раббыларының дәргейінде алатын мол сауабы бар. Олар үшін (әсіресе ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ һәм олар әсте мұңаймайды.

263

۞قَوْلࣱ مَّعْرُوفࣱ وَمَغْفِرَةٌ خَيْرࣱ مِّن صَدَقَةࣲ يَتْبَعُهَآ أَذࣰىۗ وَٱللَّهُ غَنِيٌّ حَلِيمࣱ

Бір ауыз жылы сөз, біреудің айыбын жасыру һәм қатесін кешіру – арты (қайыр-садақа алған адамды) ренжітуге ұласатын (міндетсініп берген) садақадан әлдеқайда жақсы. Алла – Ғани (сендердің садақаларыңа да, құлшылықтарыңа да мұқтаж емес), Халим (құлын бірден жазаламай тәубеге келуін күтетін, өте жұмсақ, әрі сабырлы).

264

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تُبْطِلُوا۟ صَدَقَٰتِكُم بِٱلْمَنِّ وَٱلْأَذَىٰ كَٱلَّذِي يُنفِقُ مَالَهُۥ رِئَآءَ ٱلنَّاسِ وَلَا يُؤْمِنُ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِۖ فَمَثَلُهُۥ كَمَثَلِ صَفْوَانٍ عَلَيْهِ تُرَابࣱ فَأَصَابَهُۥ وَابِلࣱ فَتَرَكَهُۥ صَلْدࣰاۖ لَّا يَقْدِرُونَ عَلَىٰ شَيْءࣲ مِّمَّا كَسَبُوا۟ۗ وَٱللَّهُ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلْكَٰفِرِينَ

Уа, иман келтіргендер! Мал-пұлын ел-жұрт көрсін деген ниетпен жұмсайтын, Аллаға һәм ақирет күніне сенбейтін адамға ұқсап, берген садақаларыңды міндетсіну немесе (садақа алған жандарды) ренжітетін сөздермен әрекеттерге бару арқылы зая қылмаңдар. Ондай адамның мысалы бейне бір бетіне аз ғана топырақ жұққан жып-жылтыр тасқа ұқсайды. Нөсер жауыннан кейін топырағы шайылып, жалтыраған қап-қатты тас екені білініп қалады. Ондайлар (о дүниеге барғанда ел-жұртқа көз қылып) жасаған қайырымдылықтары үшін (сауап тұрғысынан) еш нәрсеге қол жеткізе алмайды. Алла кәпір қауымды тура жолға салмайды һәм әсте оңғармайды.

265

وَمَثَلُ ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَٰلَهُمُ ٱبْتِغَآءَ مَرْضَاتِ ٱللَّهِ وَتَثْبِيتࣰا مِّنْ أَنفُسِهِمْ كَمَثَلِ جَنَّةِۭ بِرَبْوَةٍ أَصَابَهَا وَابِلࣱ فَـَٔاتَتْ أُكُلَهَا ضِعْفَيْنِ فَإِن لَّمْ يُصِبْهَا وَابِلࣱ فَطَلࣱّۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ

Алланың разылығына бөленуді жан-тәнімен қалап және көкіректеріндегі иманды мықтап бекіту үшін дүние-мүлкін (игі жолда) жұмсайтындардың мысалы бейне бір биік жерде орналасқан әдемі бау-бақша тәрізді. Ол бақшаға мол жауын жауса, екі есе артық өнім береді. Тіпті мол жауын жаумаса да, сіркіреп жауған азғантай жауынның, аз ғана ылғалдың (немесе шықтың) өзі оған жетеді. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көріп тұрады.

266

أَيَوَدُّ أَحَدُكُمْ أَن تَكُونَ لَهُۥ جَنَّةࣱ مِّن نَّخِيلࣲ وَأَعْنَابࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ لَهُۥ فِيهَا مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ وَأَصَابَهُ ٱلْكِبَرُ وَلَهُۥ ذُرِّيَّةࣱ ضُعَفَآءُ فَأَصَابَهَآ إِعْصَارࣱ فِيهِ نَارࣱ فَٱحْتَرَقَتْۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمُ ٱلْـَٔايَٰتِ لَعَلَّكُمْ تَتَفَكَّرُونَ

Қайсыбірің болмасын, ішінде өзен-сулары сарқырап ағып жататын, (мол жеміс беретін) құрма һәм жүзім бақшасы болғанын, бірақ өзі жасы жетіп қартайған әрі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас балалары болғанын, дәл сол кезде тосыннан от араласқан жалынды құйын көтеріліп бақшасының астаң-кестеңін шығарып, өртеп жібергенін қалар ма еді?! Міне, осылайша Алла сендерге (дүние және ақирет жайлы) терең ойланып, ғибрат аларсыңдар деп, аяттарын (яғни, ақиқатты көрсететін дәлелдерін) ашық баяндайды.

267

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَنفِقُوا۟ مِن طَيِّبَٰتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّآ أَخْرَجْنَا لَكُم مِّنَ ٱلْأَرْضِۖ وَلَا تَيَمَّمُوا۟ ٱلْخَبِيثَ مِنْهُ تُنفِقُونَ وَلَسْتُم بِـَٔاخِذِيهِ إِلَّآ أَن تُغْمِضُوا۟ فِيهِۚ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ غَنِيٌّ حَمِيدٌ

Уа, иман келтіргендер! Тапқан табыстарың мен өндірген өнімдеріңнің және сендер үшін жерден шығарған өнімдеріміздің жақсысынан әрі адалынан садақа беріңдер. Садақаны өздеріңе (берілсе ұнатпайтындай) қадірсіз нашар дүниеден беруге тырыспаңдар. Біліп қойыңдар, Алла – Ғани (садақаларыңа да, құлшылықтарыңа да мұқтаж емес, әсте ортаймайтын байлық иесі), Хамид (Өзіне шексіз шүкіршілік айтуға һәм бар мадаққа әбден лайық).

268

ٱلشَّيْطَٰنُ يَعِدُكُمُ ٱلْفَقْرَ وَيَأْمُرُكُم بِٱلْفَحْشَآءِۖ وَٱللَّهُ يَعِدُكُم مَّغْفِرَةࣰ مِّنْهُ وَفَضْلࣰاۗ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمࣱ

Шайтан сендерді (зекет, садақа берсеңдер, дүниелерің ортайып қалады деп) кедейлікпен қорқытады. Сондай-ақ сендерге сараңдықты, дүниелеріңді күнәлі, арсыз істерге жұмсауды бұйырады. Алла тағала болса, сендерге өз тарапынан кең кешірім және мол шарапат уәде етеді. Алла – Уасиғ (өте кең, асқан жомарт), Алим (құлдарының барлық жай-күйін, кімнің дүниесін қандай жолда жұмсап жүргенін өте жақсы білетін шексіз ілім иесі).

269

يُؤْتِي ٱلْحِكْمَةَ مَن يَشَآءُۚ وَمَن يُؤْتَ ٱلْحِكْمَةَ فَقَدْ أُوتِيَ خَيْرࣰا كَثِيرࣰاۗ وَمَا يَذَّكَّرُ إِلَّآ أُو۟لُوا۟ ٱلْأَلْبَٰبِ

Ол хикметті (даналықты) қалаған пендесіне нәсіп етеді. Кімге даналық берілген болса, расында, оған қыруар игілік берілгені. Алайда (бұл ақиқатты) тек шынайы ақыл иелері ғана терең түсініп, ғибрат ала алады.

270

وَمَآ أَنفَقْتُم مِّن نَّفَقَةٍ أَوْ نَذَرْتُم مِّن نَّذْرࣲ فَإِنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُهُۥۗ وَمَا لِلظَّٰلِمِينَ مِنْ أَنصَارٍ

(Аз немесе көп, жақсы немесе жаман жолда) не сарп етсеңдер де, (Аллаға мойынсұнуды немесе қарсы келуді білдіретін) нәзір ретінде не атасаңдар да, Алла бәрін біледі. Ендеше, (қайырымдылық жасауға келгенде, сараңдығы ұстап, нәпсісіне еріп, мал-дүниесін теріс жолда сарп еткен) залымдардың (ақиретте) бірде-бір медеткері болмайды.

271

إِن تُبْدُوا۟ ٱلصَّدَقَٰتِ فَنِعِمَّا هِيَۖ وَإِن تُخْفُوهَا وَتُؤْتُوهَا ٱلْفُقَرَآءَ فَهُوَ خَيْرࣱ لَّكُمْۚ وَيُكَفِّرُ عَنكُم مِّن سَيِّـَٔاتِكُمْۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرࣱ

Қайыр-садақаны жария түрде бергендерің қандай жақсы! Ал егер ешкімге көрсетпей, жоқ-жітіктерге жасырын түрде берсеңдер, әрине, бұл өздерің үшін әлдеқайда жақсы болмақ. Алла сол арқылы біраз күнә-қателіктеріңді кешеді. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.

272

۞لَّيْسَ عَلَيْكَ هُدَىٰهُمْ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَهْدِي مَن يَشَآءُۗ وَمَا تُنفِقُوا۟ مِنْ خَيْرࣲ فَلِأَنفُسِكُمْۚ وَمَا تُنفِقُونَ إِلَّا ٱبْتِغَآءَ وَجْهِ ٱللَّهِۚ وَمَا تُنفِقُوا۟ مِنْ خَيْرࣲ يُوَفَّ إِلَيْكُمْ وَأَنتُمْ لَا تُظْلَمُونَ

(Уа, Мұхаммед! Осынау үкімдерді адамдарға жеткізу тікелей міндетің болғанымен) оларды (жаппай) тура жолға салу сенің міндетің емес. Алла қалағанына ғана тура жолға түсуді нәсіп етеді. (Міне, сондықтан істеген жақсылықтарыңды міндетсінбеңдер, өйткені) қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, өздерің үшін (яғни пайдасы мен сауабы өздеріңе тиеді). Сендер онсыз да (мүмін ретінде) не берсеңдер де, тек бір Алланың разылығына бөлену үшін бересіңдер. Игі жолда не сарп етсеңдер де, сауабын толық аласыңдар және әсте әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (ақыларыңды ешкім жемейді).

273

لِلْفُقَرَآءِ ٱلَّذِينَ أُحْصِرُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ لَا يَسْتَطِيعُونَ ضَرْبࣰا فِي ٱلْأَرْضِ يَحْسَبُهُمُ ٱلْجَاهِلُ أَغْنِيَآءَ مِنَ ٱلتَّعَفُّفِ تَعْرِفُهُم بِسِيمَٰهُمْ لَا يَسْـَٔلُونَ ٱلنَّاسَ إِلْحَافࣰاۗ وَمَا تُنفِقُوا۟ مِنْ خَيْرࣲ فَإِنَّ ٱللَّهَ بِهِۦ عَلِيمٌ

(Беретін зекет-садақаларыңды ең алдымен) өзін Алла жолына басыбайлы бағыштаған кедейлерге беріңдер. Олар (қолы қысқа болғандықтан, Алла жолында қызмет ету һәм нәпақаларын айыру үшін) жер жүзін шарлап, ел аралайтын жағдайлары жоқ. Олар ешкімге қол жаймайтын арлы да намысты жандар болғандықтан, олардың жай-күйінен бейхабар жандар оларды бақуатты екен деп ойлап қалады. (Уа, Мұхаммед!) Алайда сен оларды ибалы жүздерінен-ақ танисың. Олар елден еш нәрсе сұрамайды. Сұрауға мәжбүр болған күннің өзінде де қадалып қайта-қайта сұрамайды. Игі жолда қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, Алла оны біледі.

274

ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَٰلَهُم بِٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ سِرࣰّا وَعَلَانِيَةࣰ فَلَهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

Дүние-мүлкін түн демей, күн демей жасырын һәм жария түрде игі жолда жұмсайтындардың Раббыларының дәргейінде алатын ерекше сауабы (сыйы) бар. Олар үшін (әсіресе ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ һәм олар (онда) әсте мұңаймайды.

275

ٱلَّذِينَ يَأْكُلُونَ ٱلرِّبَوٰا۟ لَا يَقُومُونَ إِلَّا كَمَا يَقُومُ ٱلَّذِي يَتَخَبَّطُهُ ٱلشَّيْطَٰنُ مِنَ ٱلْمَسِّۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوٓا۟ إِنَّمَا ٱلْبَيْعُ مِثْلُ ٱلرِّبَوٰا۟ۗ وَأَحَلَّ ٱللَّهُ ٱلْبَيْعَ وَحَرَّمَ ٱلرِّبَوٰا۟ۚ فَمَن جَآءَهُۥ مَوْعِظَةࣱ مِّن رَّبِّهِۦ فَٱنتَهَىٰ فَلَهُۥ مَا سَلَفَ وَأَمْرُهُۥٓ إِلَى ٱللَّهِۖ وَمَنْ عَادَ فَأُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Өсім жейтіндер (бес күндік дүниеде пайдаға кенелдік деп ойласа да, қиямет күні қабірлерінен) бейне бір шайтан ұрып жынданған адамдай түрегеледі. Бұл олардың: «Сауда-саттық тура өсім сияқты», – деп айтқандығынан. Әйтсе де Алла сауда-саттықты адал, ал өсімді харам қылды. Кімде-кімге Раббысынан (өсімнің харам екеніне қатысты) қандай да бір нұсқау, ескерту келіп, өсімнен дереу тыйылса, бұрынырақта өсімнен тапқан табысы өзіне тиесілі болып қалады. Ал ісі Аллаға тапсырылады (яғни Алла қаласа, тәубесінің шынайылығына қарап, күнәсін кешеді). Ал кім (Алладан келген нұсқауға қарамастан) өсімді адал санап, қайтадан өсімқорлыққа салынса, міне, солар – тозақтықтар, олар сонда мәңгі-бақи қалады.

276

يَمْحَقُ ٱللَّهُ ٱلرِّبَوٰا۟ وَيُرْبِي ٱلصَّدَقَٰتِۗ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ كُلَّ كَفَّارٍ أَثِيمٍ

Алла (көп кіріс әкелетіндей көрінетін) өсімге береке дарытпайды, әрі одан түскен дүниені бірте-бірте кемітіп, түбінде, жоқ қылады. Ал (көп адамдар дүниені кемітеді деп ойлайтын) зекет-садақаны керісінше өсіреді (берекелі етіп, еселеп көбейтеді). Алла (харамды адал деп қасарысқан) бірде-бір күнәһар кәпірді жақсы көрмейді.

277

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَأَقَامُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَوُا۟ ٱلزَّكَوٰةَ لَهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

Иман келтіріп, игілікті істер атқарған, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыған және зекетті толық бергендердің Раббыларының дәргейінде алар ерекше сауабы (сыйы) бар. Һәм олар үшін (әсіресе ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ және (онда) көңілдері әсте ортаймайды.

278

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَذَرُوا۟ مَا بَقِيَ مِنَ ٱلرِّبَوٰٓا۟ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

Уа, иман келтіргендер! Аллаға қарсы келіп, асы болудан сақтаныңдар (ұдайы тақуалық шеңберінде өмір сүріңдер)! Егер шын мүмін болсаңдар, (өздеріңнен өсім шартымен қарыз алған адамдардың мойнындағы) өсімнен түсетін алашақтарыңды алмаңдар.

279

فَإِن لَّمْ تَفْعَلُوا۟ فَأْذَنُوا۟ بِحَرْبࣲ مِّنَ ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦۖ وَإِن تُبْتُمْ فَلَكُمْ رُءُوسُ أَمْوَٰلِكُمْ لَا تَظْلِمُونَ وَلَا تُظْلَمُونَ

Егер олай істемейтін болсаңдар, Алла және елшісінің сендерге қарсы соғыс ашатынын біліп қойыңдар. Ал егер шынымен тәубеге келіп, (өсім алудан түбегейлі бас тартсаңдар), негізгі қаржыларың өздеріңде қалады. Осылайша өзгелерге қиянат жасамаған әрі өздерің де қиянатқа ұшырамаған боласыңдар.

280

وَإِن كَانَ ذُو عُسْرَةࣲ فَنَظِرَةٌ إِلَىٰ مَيْسَرَةࣲۚ وَأَن تَصَدَّقُوا۟ خَيْرࣱ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ

Егер қарыз алған адам қысылып тұрса, жағдайы оңалғанша, оған мұрсат беріңдер. Біле білсеңдер, (қарызға белшесінен батқан қолы қысқа адамнан алатын) алашақ қарыздарыңды біржолата кешкендерің өздерің үшін қайырлы болмақ.

281

وَٱتَّقُوا۟ يَوْمࣰا تُرْجَعُونَ فِيهِ إِلَى ٱللَّهِۖ ثُمَّ تُوَفَّىٰ كُلُّ نَفْسࣲ مَّا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ

Бірің қалмай Аллаға қайтарылатын сол бір алапат күннен қазірден бастап қорқыңдар (сақтаныңдар). Содан кейін әрбір жанға (дүниедегі жақсы, жаман істерінің) қарымы толық қайтарылады һәм олардың бірде-біріне әділетсіздік жасалмайды.

282

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِذَا تَدَايَنتُم بِدَيْنٍ إِلَىٰٓ أَجَلࣲ مُّسَمࣰّى فَٱكْتُبُوهُۚ وَلْيَكْتُب بَّيْنَكُمْ كَاتِبُۢ بِٱلْعَدْلِۚ وَلَا يَأْبَ كَاتِبٌ أَن يَكْتُبَ كَمَا عَلَّمَهُ ٱللَّهُۚ فَلْيَكْتُبْ وَلْيُمْلِلِ ٱلَّذِي عَلَيْهِ ٱلْحَقُّ وَلْيَتَّقِ ٱللَّهَ رَبَّهُۥ وَلَا يَبْخَسْ مِنْهُ شَيْـࣰٔاۚ فَإِن كَانَ ٱلَّذِي عَلَيْهِ ٱلْحَقُّ سَفِيهًا أَوْ ضَعِيفًا أَوْ لَا يَسْتَطِيعُ أَن يُمِلَّ هُوَ فَلْيُمْلِلْ وَلِيُّهُۥ بِٱلْعَدْلِۚ وَٱسْتَشْهِدُوا۟ شَهِيدَيْنِ مِن رِّجَالِكُمْۖ فَإِن لَّمْ يَكُونَا رَجُلَيْنِ فَرَجُلࣱ وَٱمْرَأَتَانِ مِمَّن تَرْضَوْنَ مِنَ ٱلشُّهَدَآءِ أَن تَضِلَّ إِحْدَىٰهُمَا فَتُذَكِّرَ إِحْدَىٰهُمَا ٱلْأُخْرَىٰۚ وَلَا يَأْبَ ٱلشُّهَدَآءُ إِذَا مَا دُعُوا۟ۚ وَلَا تَسْـَٔمُوٓا۟ أَن تَكْتُبُوهُ صَغِيرًا أَوْ كَبِيرًا إِلَىٰٓ أَجَلِهِۦۚ ذَٰلِكُمْ أَقْسَطُ عِندَ ٱللَّهِ وَأَقْوَمُ لِلشَّهَٰدَةِ وَأَدْنَىٰٓ أَلَّا تَرْتَابُوٓا۟ إِلَّآ أَن تَكُونَ تِجَٰرَةً حَاضِرَةࣰ تُدِيرُونَهَا بَيْنَكُمْ فَلَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَلَّا تَكْتُبُوهَاۗ وَأَشْهِدُوٓا۟ إِذَا تَبَايَعْتُمْۚ وَلَا يُضَآرَّ كَاتِبࣱ وَلَا شَهِيدࣱۚ وَإِن تَفْعَلُوا۟ فَإِنَّهُۥ فُسُوقُۢ بِكُمْۗ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۖ وَيُعَلِّمُكُمُ ٱللَّهُۗ وَٱللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمࣱ

Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңе белгілі мерзімге дейін қарыз бергендеріңде, оны жазып қойыңдар. Оны араларыңдағы турашылдығымен танымал сауаты бар кісі жазсын. Хатшы өзіне Алланың үйреткеніндей (әділ түрде қолхат) жазудан қашпасын, жазсын. Хатшыға мойнында ақы (қарыз) болған адам (қолхат мәтінін) айтып жаздырсын. Ол (өзін жаратқан) Раббысы Алладан қорықсын әрі қарызынан еш нәрсені кемітпей толық жаздырсын. Егер мойнында ақы (қарызы) бар адам жарымес немесе есі кірмеген жас бала яки өзі айтып бере алмайтын болса, оның қамқоршысы әділдіктен таймай (қолхат мәтінін) айтып жаздырсын. Сондай-ақ (қолхат жазу кезінде) араларыңнан екі ер адамды куәға тартыңдар. Егер екі ер адам табылмаса, онда өздерің сенімді деп білген бір ер адам мен біреуі ұмытса, екіншісі оның есіне салады деген үмітпен екі әйелді куәға тартыңдар. Куәгерлер куәға тартылғандарында куә болудан қашпасын. Уа, хатшылар, сендер де қарыз мөлшері аз болса да, көп болса да, келісілген мерзімімен қоса қолхатты толық жазудан жалықпаңдар. Бұлай істегендерің Алланың алдында әлдеқайда әділ, әрі куәлік үшін өте сенімді және араларыңда титтей де күмәнға жол бермеу үшін ең лайық жол болмақ. Алайда араларыңда қолма-қол сауда-саттық болса, оны жазбасаңдар, күнә арқаламайсыңдар. Дегенмен сауда-саттықты куәгерлердің көзінше жасағандарың абзал. Сондай-ақ қолхат жазған хатшы да, куәгер де (қарыз беруші немесе алушы тарапынан) титтей де зиянға ұшырамауы тиіс. Егер ол екеуіне зиян тигізетін болсаңдар, онда шүбәсіз, Аллаға бағынуды қойып, тура жолдан тайғандарың. Аллаға қарсы келіп, асы болудан сақтаныңдар. Алла сендерге (ең қажетті үкімдерді һәм әр мәселеде ұстанатын ең қолайлы жолды) үйретеді. Өйткені Алла – барлық нәрсені толық біледі.

283

۞وَإِن كُنتُمْ عَلَىٰ سَفَرࣲ وَلَمْ تَجِدُوا۟ كَاتِبࣰا فَرِهَٰنࣱ مَّقْبُوضَةࣱۖ فَإِنْ أَمِنَ بَعْضُكُم بَعْضࣰا فَلْيُؤَدِّ ٱلَّذِي ٱؤْتُمِنَ أَمَٰنَتَهُۥ وَلْيَتَّقِ ٱللَّهَ رَبَّهُۥۗ وَلَا تَكْتُمُوا۟ ٱلشَّهَٰدَةَۚ وَمَن يَكْتُمْهَا فَإِنَّهُۥٓ ءَاثِمࣱ قَلْبُهُۥۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمࣱ

Егер сапарда болып (біреуге қарыз беріп немесе қарыз алып) қолхат жазатын адам таппасаңдар, ондай жағдайда (қолхаттың орнына қарыз алған кісіден) заттай алынатын кепіл жеткілікті. Ал егер бір-біріңе кәміл сенсеңдер (және заттай кепіл алуды қажет деп таппасаңдар, онда қарыз алып) сенімге кірген адам мойнындағы аманатты (уақытында) қайтарсын және (қарызын мүлдем немесе толық қайтармау, я болмаса әне-міне деп уақытынан кешіктіру арқылы өзін жоқтан жаратқан һәм мейірімін төгіп өсірген) Раббысы Аллаға қарсы келіп, асы болудан сақтансын. Сондай-ақ ешбірің куә ретінде көрген-білгендеріңді жасырмаңдар. Кімде-кім куә ретінде көріп-білгенін жасырып қалса, ондай адамның (иманның орны болған) жүрегі күнәға батады. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңді жақсы біледі.

284

لِّلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِۗ وَإِن تُبْدُوا۟ مَا فِيٓ أَنفُسِكُمْ أَوْ تُخْفُوهُ يُحَاسِبْكُم بِهِ ٱللَّهُۖ فَيَغْفِرُ لِمَن يَشَآءُ وَيُعَذِّبُ مَن يَشَآءُۗ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرٌ

Күллі аспан әлеміндегі және жердегі барлық нәрсе бір Аллаға тиесілі. Іштеріңдегі (ниет-пиғылдарыңды, әдейі ойлаған жаман ойларыңды) жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла сендерді сол үшін жауапқа тартады. Содан кейін қалаған пендесін (тәубе еткені үшін немесе мейірімімен) кешіреді, қалағанын (әділдігіне сай) азаптайды. Шүбәсіз, Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

285

ءَامَنَ ٱلرَّسُولُ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيْهِ مِن رَّبِّهِۦ وَٱلْمُؤْمِنُونَۚ كُلٌّ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَمَلَٰٓئِكَتِهِۦ وَكُتُبِهِۦ وَرُسُلِهِۦ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدࣲ مِّن رُّسُلِهِۦۚ وَقَالُوا۟ سَمِعْنَا وَأَطَعْنَاۖ غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ ٱلْمَصِيرُ

Хақ елші өзіне Раббысынан (уахи арқылы) түсірілген (Құран мен сүннетке) қалтқысыз иман келтірді, (маңайындағы) мүміндер де (иман келтірді). Олардың әрқайсысы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына толық иман келтіріп: «Біз Оның елшілерінің ешбірін бөліп-жармаймыз (бәріне бірдей сенеміз)», – деді. Сондай-ақ олар: «Біз (Раббымызға иман келтіруге үндейтін шақыруды) естідік және (үндеуге құлақ асып) қалтқысыз мойынсұндық. Уа, Раббымыз! Біз Сенің кең кешіріміңді тілейміз және түбінде Өзіңе қайтамыз», – деп айтты.

286

لَا يُكَلِّفُ ٱللَّهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَاۚ لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا ٱكْتَسَبَتْۗ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَآ إِن نَّسِينَآ أَوْ أَخْطَأْنَاۚ رَبَّنَا وَلَا تَحْمِلْ عَلَيْنَآ إِصْرࣰا كَمَا حَمَلْتَهُۥ عَلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِنَاۚ رَبَّنَا وَلَا تُحَمِّلْنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِهِۦۖ وَٱعْفُ عَنَّا وَٱغْفِرْ لَنَا وَٱرْحَمْنَآۚ أَنتَ مَوْلَىٰنَا فَٱنصُرْنَا عَلَى ٱلْقَوْمِ ٱلْكَٰفِرِينَ

(Сонда Алла тағала оларға: «Уа, мүмін құлдарым! Іштеріңдегі ниет-пиғылдарың мен ойлаған ойларың үшін-дағы жауапқа тартылатындықтарыңды есітіп, жабықсаңдар, біліп қойыңдар), Алла ешбір жанға шамасынан тыс міндет жүктемейді. Әркімнің істеген жақсылығы өз пайдасына және істеген жамандығы өз зиянына. (Сендер былай дұға етіңдер): «Уа, Раббымыз! Егер (Өзіңнің разылығыңа бөленеміз деп жүріп бір нәрсені) ұмытып кеткен немесе білмей қателік жасаған болсақ, сол үшін бізді жауапқа тарта көрме! Уа, Раббымыз! Бізден бұрынғы үмбеттерге (уақыттың, сол кездегі жағдайдың талаптарына һәм олардың кейбір қылықтарына сай тәрбиелік мақсатта ауыр міндеттер) жүктегеніңдей бізге ондай ауыр міндеттер жүктей көрме! Уа, Раббымыз! Бізге шамамыз жетпейтін міндеттерді арта көрме! Күнәларымызды кешкейсің, бізді кешіргейсің және бізге жанашырлық танытып, мейіріміңе бөлегейсің! Сен біздің Иемізсің, қамқоршымыз әрі қорғанымызсың! Бізге мына кәпірлер қауымына қарсы (күресте) жәрдем беріп, жеңіске жеткізе көр!»

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play