بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын).
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын).
ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Бар мадақ, шүкіршілік атаулы күллі әлемнің Раббысы – бір Аллаға арналады.
ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Ол – Рахман әрі аса рақымды,
مَٰلِكِ يَوْمِ ٱلدِّينِ
Дін (жауапқа тарту, үкім шығару һәм қарымта) күнінің иесі.
إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ
(Уа, Жаратқан!) Бір Өзіңе ғана құлшылық етіп, бір Өзіңнен ғана медет тілейміз.
ٱهْدِنَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلْمُسْتَقِيمَ
Бізді (разылығыңа жеткізетін) тура жолға сала көр!
صِرَٰطَ ٱلَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ ٱلْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا ٱلضَّآلِّينَ
Қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес, Өзің нығметке бөлеген (ізгі құлдарыңның) жолына (сала көр)!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.