Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран59. Хашр
59 · сүре

Хашр

24 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

سَبَّحَ لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِۖ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ

Аспан әлемі мен жердегі жаратылыс біткеннің бәрі («Сен мінсізсің, кемшілік атаулыдан адасың!» – деп) Алланы ұлықтайды! Ол – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен әр үкімі көптеген хикметтерге негізделген теңдессіз даналық иесі).

2

هُوَ ٱلَّذِيٓ أَخْرَجَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ مِن دِيَٰرِهِمْ لِأَوَّلِ ٱلْحَشْرِۚ مَا ظَنَنتُمْ أَن يَخْرُجُوا۟ۖ وَظَنُّوٓا۟ أَنَّهُم مَّانِعَتُهُمْ حُصُونُهُم مِّنَ ٱللَّهِ فَأَتَىٰهُمُ ٱللَّهُ مِنْ حَيْثُ لَمْ يَحْتَسِبُوا۟ۖ وَقَذَفَ فِي قُلُوبِهِمُ ٱلرُّعْبَۚ يُخْرِبُونَ بُيُوتَهُم بِأَيْدِيهِمْ وَأَيْدِي ٱلْمُؤْمِنِينَ فَٱعْتَبِرُوا۟ يَٰٓأُو۟لِي ٱلْأَبْصَٰرِ

Ол (сондай құдіреті күшті) Алла кітап иелерінен күпірлікте қасарысқандарды (осы дүниеде жазалау һәм Ислам орталығынан аластап) қуғын-сүргінге ұшырату үшін бірін қалдырмай бір араға жинап, (мықтап бекініп алған) мекендерінен шығарды. Сендер оларды оңайлықпен шыға қоймас деп ойлаған едіңдер. Олар да бекінген қорғандары өздерін Алланың қаһарынан қорғайды деген ойда болды. Алайда Алла оларға күтпеген жерден келіп, жүректеріне үрей салды. (Олардың зәре-құты қашқаны соншалық) тіпті үй-жайларын өз қолдарымен қирата бастады және мүміндердің қиратқанына да ләм-мим дей алмай, құр қарады да тұрды. Уа, ақыл иелері, бұдан ғибрат алыңдар!

3

وَلَوْلَآ أَن كَتَبَ ٱللَّهُ عَلَيْهِمُ ٱلْجَلَآءَ لَعَذَّبَهُمْ فِي ٱلدُّنْيَاۖ وَلَهُمْ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ عَذَابُ ٱلنَّارِ

Егер Алла олардың талайына жаппай қуғын-сүргінге ұшырауды жазбағанда, онда оларды бұл дүниеде (қатты жеңіліске ұшыратып, дүние-мүліктерін олжа қылу сияқты) одан да ауыр жазаға ұшыратар еді. Ал ақиретте олар үшін жаһаннам азабы бар.

4

ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ شَآقُّوا۟ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥۖ وَمَن يُشَآقِّ ٱللَّهَ فَإِنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلْعِقَابِ

Өйткені олар Аллаға және елшісіне қарсы келді. Кімде-кім Аллаға және елшісіне қарсы келетін болса, біліп қойыңдар, шүбәсіз, Алланың жазасы тым қатты.

5

مَا قَطَعْتُم مِّن لِّينَةٍ أَوْ تَرَكْتُمُوهَا قَآئِمَةً عَلَىٰٓ أُصُولِهَا فَبِإِذْنِ ٱللَّهِ وَلِيُخْزِيَ ٱلْفَٰسِقِينَ

(Уа, мүміндер, соғыс жағдайында мәжбүрлікпен жауға тиесілі) қандай да бір құрма ағашын кескен болсаңдар да, яки кеспей-ақ өсіп тұрған күйінде қалдырсаңдар да, мұның бәрі Алланың рұқсатымен әрі тура жолдан тайған күнәһарларды жазалау үшін еді.

6

وَمَآ أَفَآءَ ٱللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِۦ مِنْهُمْ فَمَآ أَوْجَفْتُمْ عَلَيْهِ مِنْ خَيْلࣲ وَلَا رِكَابࣲ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يُسَلِّطُ رُسُلَهُۥ عَلَىٰ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ

Ал Алланың олардан соғыссыз-ақ алып, расулына нәсіп еткен олжаға келсек, сендер сол олжа үшін ат та, түйе де терлеткен жоқсыңдар. Алайда Алла елшілеріне қалағанын соғыссыз-ақ бағындырады. Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

7

مَّآ أَفَآءَ ٱللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِۦ مِنْ أَهْلِ ٱلْقُرَىٰ فَلِلَّهِ وَلِلرَّسُولِ وَلِذِي ٱلْقُرْبَىٰ وَٱلْيَتَٰمَىٰ وَٱلْمَسَٰكِينِ وَٱبْنِ ٱلسَّبِيلِ كَيْ لَا يَكُونَ دُولَةَۢ بَيْنَ ٱلْأَغْنِيَآءِ مِنكُمْۚ وَمَآ ءَاتَىٰكُمُ ٱلرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَىٰكُمْ عَنْهُ فَٱنتَهُوا۟ۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۖ إِنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلْعِقَابِ

Соғыссыз-ақ алынған елді мекендердің халқына тиесілі дүние-мүліктен Алланың елшісіне нәсіп еткен олжалары Аллаға, елшісіне, (пайғамбардың) туған-туыстарына, жетімдерге, кедейлерге әрі (еліне жете алмай) жолда қалған ғаріптерге тән. Бұл аталмыш дүние-мүлік араларыңдағы байлардың арасында ғана айналымда болатын дәулетке айналмауы үшін (берілген үкім). (Сол олжадан) пайғамбар сендерге не берсе, соны алып, соған риза болыңдар, (сондай-ақ діни үкім ретінде) пайғамбар өздеріңе не жеткізсе, соны шын көңілден қабыл алыңдар және не нәрседен тыйса, содан тыйылыңдар. Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден сақтаныңдар. Шүбәсіз, Алланың жазасы тым ауыр.

8

لِلْفُقَرَآءِ ٱلْمُهَٰجِرِينَ ٱلَّذِينَ أُخْرِجُوا۟ مِن دِيَٰرِهِمْ وَأَمْوَٰلِهِمْ يَبْتَغُونَ فَضْلࣰا مِّنَ ٱللَّهِ وَرِضْوَٰنࣰا وَيَنصُرُونَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥٓۚ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلصَّٰدِقُونَ

(Сондай-ақ бұл олжа Алла жолында) атамекенінен қуылып, бар дүниелерінен айырылған кедей мұһажирлерге тән. Олар Алланың шарапаты мен разылығын ғана қалайды және Алланың дініне әрі елшісіне жан-тәндерімен қолдау көрсетеді. (Иманда және дін жолындағы қызметте) шынайы болған шыншылдар, міне, солар.

9

وَٱلَّذِينَ تَبَوَّءُو ٱلدَّارَ وَٱلْإِيمَٰنَ مِن قَبْلِهِمْ يُحِبُّونَ مَنْ هَاجَرَ إِلَيْهِمْ وَلَا يَجِدُونَ فِي صُدُورِهِمْ حَاجَةࣰ مِّمَّآ أُوتُوا۟ وَيُؤْثِرُونَ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمْ وَلَوْ كَانَ بِهِمْ خَصَاصَةࣱۚ وَمَن يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِۦ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ

Олардан бұрын Мәдинаны мекен етіп, иман құшағына оранғандарға келсек, олар өздеріне Алла жолында қоныс аударып келген мұһажирлерді шын жүректен жақсы көреді және оларға берілген олжаны немесе басқа да дүниені іштей қызғанбайды һәм қажетсінбейді. Тіпті өздері мұқтаж бола тұра оларды өздерінен артық көреді. (Әрине, ансарлардың да олжадан алатын өз үлесі бар). Кімде-кім нәпсісінің сараңдығы мен ашкөздігінен сақтана алса, мәңгілік азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткен бақытты жандар, міне, солар.

10

وَٱلَّذِينَ جَآءُو مِنۢ بَعْدِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَا ٱغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَٰنِنَا ٱلَّذِينَ سَبَقُونَا بِٱلْإِيمَٰنِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلࣰّا لِّلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ رَبَّنَآ إِنَّكَ رَءُوفࣱ رَّحِيمٌ

Сол мұһажирлер мен ансарлардан кейін келген (һәм солардың ізін қуған) мүміндер болса, Аллаға: «Уа, Раббымыз, бізді және бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды кешіре көр! Жүрегімізде иман келтірген жандарға деген жек көрушілік, өшпенділік сынды жаман сезімнің оянуына жол бере көрме! Уа, Раббымыз! Шүбәсіз, Сен өте мейірбансың, (әсіресе, мүмін құлдарыңа) сондай жанашыр һәм ерекше мейірімдісің», – деп дұға етеді.

11

۞أَلَمْ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ نَافَقُوا۟ يَقُولُونَ لِإِخْوَٰنِهِمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ لَئِنْ أُخْرِجْتُمْ لَنَخْرُجَنَّ مَعَكُمْ وَلَا نُطِيعُ فِيكُمْ أَحَدًا أَبَدࣰا وَإِن قُوتِلْتُمْ لَنَنصُرَنَّكُمْ وَٱللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّهُمْ لَكَٰذِبُونَ

Екіжүзділік танытқандарды көрмейсің бе? Олар кітап иелерінен (өздері сияқты) күпірлік қылған бауырларына: «Алла атымен ант етейік, егер сендер (Мәдинадан) қуылатын болсаңдар, онда біз де сендермен бірге кетеміз. Сендерге қарсы тұру, зиян келтіру мәселесінде әсте ешкімге бағынбаймыз. Егер сендерге соғыс ашыла қалса, онда сөзсіз сендерге болысамыз», – деп айтады. Алайда Алла куә, олар барып тұрған кәззаптар.

12

لَئِنْ أُخْرِجُوا۟ لَا يَخْرُجُونَ مَعَهُمْ وَلَئِن قُوتِلُوا۟ لَا يَنصُرُونَهُمْ وَلَئِن نَّصَرُوهُمْ لَيُوَلُّنَّ ٱلْأَدْبَٰرَ ثُمَّ لَا يُنصَرُونَ

Өйткені егер жебірейлер (Мәдинадан) қуылатын болса, бұл мұнафықтар олармен бірге кетпейді. Сондай-ақ оларға соғыс ашылса, қол ұшын бермейді. Қол ұшын берген күннің өзінде (мүміндерге төтеп бере алмай) жондарын беріп тұра қашады. Кейін (өздері де опасыздықтары үшін қатаң жазаға ұшырайды, сонда) оларға да ешқандай көмек көрсетілмейді.

13

لَأَنتُمْ أَشَدُّ رَهْبَةࣰ فِي صُدُورِهِم مِّنَ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمࣱ لَّا يَفْقَهُونَ

Анығында, олар іштей Алладан гөрі мына сендерден қатты қорқады. Иә солай, өйткені олар – ақиқатты мүлдем түйсінбейтін тобыр.

14

لَا يُقَٰتِلُونَكُمْ جَمِيعًا إِلَّا فِي قُرࣰى مُّحَصَّنَةٍ أَوْ مِن وَرَآءِ جُدُرِۭۚ بَأْسُهُم بَيْنَهُمْ شَدِيدࣱۚ تَحْسَبُهُمْ جَمِيعࣰا وَقُلُوبُهُمْ شَتَّىٰۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمࣱ لَّا يَعْقِلُونَ

Олар бекінісі берік шаһарларға немесе тас қамалдардың ішіне мықтап бекініп алмайынша, сендерге қарсы тізе қосып ашық соғыспайды. Олардың (сендерге қарсы бірлігі мықты болғанымен) араларындағы алауыздық пен ұрыс-қақтығыстары тым қатты. Оларды (сырттай қарағанда) жұдырықтай жұмылған ынтымақты қауым деп ойлайсың, әйтсе де жүректері (көңілдері) бытыраңқы. Иә, солай, өйткені олар ақылға салып, ойланбайтын тобыр.

15

كَمَثَلِ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ قَرِيبࣰاۖ ذَاقُوا۟ وَبَالَ أَمْرِهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ

(Жебірей тайпасы Надырұлдарының) жағдайы өздерінен аз ғана уақыт бұрын өз қолдарымен істеген күнәларының сазайын тартқан, һәм ақиретте де жан төзгісіз азапқа душар болатын (мүшріктер мен мүміндерге опасыздық жасаған жебірей тайпасы Қайнуқаұлдарының) жағдайы сияқты.

16

كَمَثَلِ ٱلشَّيْطَٰنِ إِذْ قَالَ لِلْإِنسَٰنِ ٱكْفُرْ فَلَمَّا كَفَرَ قَالَ إِنِّي بَرِيٓءࣱ مِّنكَ إِنِّيٓ أَخَافُ ٱللَّهَ رَبَّ ٱلْعَٰلَمِينَ

Жебірейлерді соғысқа итермелеген мұнафықтардың мысалы, тура шайтанға ұқсайды. Шайтан алдымен адам баласын: «Күпірлік қыл», – деп азғырады. Ол шайтанның сөзіне еріп күпірлік қылғанда, шайтан оған: «Мен сенен аулақпын, менің саған мүлдем қатысым жоқ. Өйткені мен әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын», – деп ат-тонын ала қашады.

17

فَكَانَ عَٰقِبَتَهُمَآ أَنَّهُمَا فِي ٱلنَّارِ خَٰلِدَيْنِ فِيهَاۚ وَذَٰلِكَ جَزَٰٓؤُا۟ ٱلظَّٰلِمِينَ

Ақырында, екеуі де тозаққа кіріп, ішінде мәңгі-бақи қалатын болды. (Өзіне де, өзгеге де қиянат жасаған) залымдардың жазасы, міне, осындай.

18

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَلْتَنظُرْ نَفْسࣱ مَّا قَدَّمَتْ لِغَدࣲۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ خَبِيرُۢ بِمَا تَعْمَلُونَ

Уа, иман келтіргендер! Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.

19

وَلَا تَكُونُوا۟ كَٱلَّذِينَ نَسُوا۟ ٱللَّهَ فَأَنسَىٰهُمْ أَنفُسَهُمْۚ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْفَٰسِقُونَ

Алланы ұмытқан, Алла да оларға өз-өздерін ұмыттырған бейбақтар секілді болмаңдар. Хақ жолдан тайған күнәһарлар, міне, солар.

20

لَا يَسْتَوِيٓ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِ وَأَصْحَٰبُ ٱلْجَنَّةِۚ أَصْحَٰبُ ٱلْجَنَّةِ هُمُ ٱلْفَآئِزُونَ

Тозақтықтар мен жұмақтықтар, әлбетте, тең (бірдей) болмайды. Жұмақтықтар – нағыз жетістікке, зор табысқа жететіндер.

21

لَوْ أَنزَلْنَا هَٰذَا ٱلْقُرْءَانَ عَلَىٰ جَبَلࣲ لَّرَأَيْتَهُۥ خَٰشِعࣰا مُّتَصَدِّعࣰا مِّنْ خَشْيَةِ ٱللَّهِۚ وَتِلْكَ ٱلْأَمْثَٰلُ نَضْرِبُهَا لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ

Егер Біз осынау (қасиетті де айбатты) Құранды тауға түсіргенімізде, оның (алыптығына қарамастан) Аллаға деген ерекше құрметі мен қорқынышынан бас иіп, күл-паршасы шыққанын көрер едің. Біз адамдар үшін жүйелі түрде ойланып, ғибрат алсын деп, осындай мысалдар келтірудеміз.

22

هُوَ ٱللَّهُ ٱلَّذِي لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ عَٰلِمُ ٱلْغَيْبِ وَٱلشَّهَٰدَةِۖ هُوَ ٱلرَّحْمَٰنُ ٱلرَّحِيمُ

Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Ғайыпты да, жарияны да (яғни сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді де, сезілетін жария әлемді де) толық білуші. Ол Рахман (күллі жаратылысқа рақымды), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

23

هُوَ ٱللَّهُ ٱلَّذِي لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلْمَلِكُ ٱلْقُدُّوسُ ٱلسَّلَٰمُ ٱلْمُؤْمِنُ ٱلْمُهَيْمِنُ ٱلْعَزِيزُ ٱلْجَبَّارُ ٱلْمُتَكَبِّرُۚ سُبْحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ

Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Мәлик (шексіз билік иесі), Қуддус (Өзі қандай мінсіз әрі пәк болса, күллі ғаламды да әрдайым таза ұстаушы), Сәләм (есендік пен тыныштық кепілі), Мумин (күмән мен үрейден арылтып, жүректерге иман нұрын ұялатушы), Муһәймин (күллі жаратылысты бақылауында ұстаушы һәм қорғаушы), Азиз (ұлылық пен үстемдік иесі), Жәббар (күллі болмысты Өзіне бойсұндырушы, зұлымдықты жойып, әділдікті орнатушы), Мүтәкәббир (ұлылығын паш етуге толық құқылы болған теңдесі жоқ ұлылық иесі). Алла олардың (мүшріктердің) Өзіне серік етіп қосқандарынан және серік қосуынан мүлдем аулақ.

24

هُوَ ٱللَّهُ ٱلْخَٰلِقُ ٱلْبَارِئُ ٱلْمُصَوِّرُۖ لَهُ ٱلْأَسْمَآءُ ٱلْحُسْنَىٰۚ يُسَبِّحُ لَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۖ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ

Алла – Халиқ (бәрін жоқтан жаратқан жалғыз Жаратушы), Бәри (жаратуда ешкіммен ортақтас та, серіктес те болмайтын мінсіз Жаратушы), Мусаууир (әр жаратылысқа өзіне сай әрі жарасымды кескін-келбет беріп, бейнелеуші). Ең көркем есімдер бір Өзіне ғана тән. Күллі аспан әлеміндегі мен жердегінің бәрі Оған: «(Сен – мінсізсің. Бар мадақ пен шексіз шүкіршілік һәм ең көркем есімдер мен теңдессіз сипаттар бір Өзіңе ғана тән деп) үнемі мадақ жаудырады! Ол – Азиз (ұлылық пен үстемдік иесі), Хаким (әр үкімі мен әр ісінде көптеген хикметтер болған асқан даналық иесі).

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play