ٱلرَّحْمَٰنُ
Рахман (Алла)!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱلرَّحْمَٰنُ
Рахман (Алла)!
عَلَّمَ ٱلْقُرْءَانَ
(Адамдар мен жындарға) Құранды үйретті.
خَلَقَ ٱلْإِنسَٰنَ
Адамды (жоқтан) жаратты.
عَلَّمَهُ ٱلْبَيَانَ
Оған сөйлеуді үйретті.
ٱلشَّمْسُ وَٱلْقَمَرُ بِحُسْبَانࣲ
Күн де, ай да (Рахманның Өзі белгілеген) есеппен қозғалады.
وَٱلنَّجْمُ وَٱلشَّجَرُ يَسْجُدَانِ
Жұлдыздар мен ағаштар да (Аллаға) сәжде етеді (яғни, Алла белгілеген заңдылықтарға қалтқысыз бағынады).
وَٱلسَّمَآءَ رَفَعَهَا وَوَضَعَ ٱلْمِيزَانَ
Көкті (аспан әлемін) көтерді және Таразыны (әділдікті, болмыстағы мінсіз өлшем мен тепе-теңдікті) орнатты.
أَلَّا تَطْغَوْا۟ فِي ٱلْمِيزَانِ
Таразыдан (әділдіктен, негізгі өлшем мен тепе-теңдіктен) ауытқып, шектен шықпауларың үшін.
وَأَقِيمُوا۟ ٱلْوَزْنَ بِٱلْقِسْطِ وَلَا تُخْسِرُوا۟ ٱلْمِيزَانَ
Таразыны әділ тартыңдар (сөзде де, істе де қара қылды қақ жарғандай әділ болыңдар). Таразыдан жемеңдер, өлшем мен тепе-теңдікті бұзбаңдар.
وَٱلْأَرْضَ وَضَعَهَا لِلْأَنَامِ
Жерге келсек, Алла оны да тіршілік иелері үшін төмендетіп төседі.
فِيهَا فَٰكِهَةࣱ وَٱلنَّخْلُ ذَاتُ ٱلْأَكْمَامِ
Онда түрлі жеміс-жидектер мен шоқ-шоқ жемісті құрма ағаштары бар.
وَٱلْحَبُّ ذُو ٱلْعَصْفِ وَٱلرَّيْحَانُ
Сабағы мен жапырақтары малға қорек болатын дәнді-дақылдар мен хош иісті өсімдіктер де бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
(Ей, жындар мен адамдар), ендеше, Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
خَلَقَ ٱلْإِنسَٰنَ مِن صَلْصَٰلࣲ كَٱلْفَخَّارِ
Ол адамды балшықтан күйдіріп жасаған бұйым сияқты тыңқ-тыңқ ететін құп-құрғақ балшықтан жаратты.
وَخَلَقَ ٱلْجَآنَّ مِن مَّارِجࣲ مِّن نَّارࣲ
Ал жындарды түтінсіз таза оттың алауынан жаратты.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларың-ның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
رَبُّ ٱلْمَشْرِقَيْنِ وَرَبُّ ٱلْمَغْرِبَيْنِ
Ол екі шығыстың да, екі батыстың да Раббысы.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
مَرَجَ ٱلْبَحْرَيْنِ يَلْتَقِيَانِ
Ол екі теңізді бір-бірімен тоғыссын деп, қоя берді, сөйтіп, екі (алып) су түйісті.
بَيْنَهُمَا بَرْزَخࣱ لَّا يَبْغِيَانِ
Алайда араларында өткел бермес бөгет бар, сулары бір-бірімен араласпайды.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
يَخْرُجُ مِنْهُمَا ٱللُّؤْلُؤُ وَٱلْمَرْجَانُ
Олардың екеуінен де інжу-маржан шығады.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
وَلَهُ ٱلْجَوَارِ ٱلْمُنشَـَٔاتُ فِي ٱلْبَحْرِ كَٱلْأَعْلَٰمِ
(Оның құлдарына дарытқан ілімі мен берген аяны арқылы) жасалып, теңізде желкен керіп жүзіп жүрген таудай-таудай кемелер де бір Өзіне тән.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
كُلُّ مَنْ عَلَيْهَا فَانࣲ
Жер бетіндегі барлық нәрсе фәни!
وَيَبْقَىٰ وَجْهُ رَبِّكَ ذُو ٱلْجَلَٰلِ وَٱلْإِكْرَامِ
Тек сенің асқан айбат пен ұлылық әрі теңдессіз жомарттық иесі Раббыңның бір Өзі (және Рабыңның разылығы үшін жасалған игі істер) ғана мәңгі-бақи қалады!
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
يَسْـَٔلُهُۥ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ كُلَّ يَوْمٍ هُوَ فِي شَأْنࣲ
Аспан әлеміндегі және жердегі әрбір тіршілік иесі мұң-мұқтажын бір Өзінен сұрайды. Ол күн (яғни, сәт) сайын іс үстінде (яғни, Ол болмысты бір-ақ рет жаратып қоя салған жоқ. Ол болмысты жоқтан жаратып, қайта жоқ қылып, қайтадан жаратып, сәт сайын Өзінің ұлылығын, шексіз құдіретін, ілімін, теңдессіз шеберлігін және басқа да көркем есімдері мен сипаттарын паш етуде).
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларың-ның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
سَنَفْرُغُ لَكُمْ أَيُّهَ ٱلثَّقَلَانِ
Уа, жер бетіндегі (саналы һәм ерік-қалауы өз қолында болған) ардақты қос қауым (жындар мен адамдар)! Жақында сендердің де істеріңді қарайтын боламыз.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларың-ның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
يَٰمَعْشَرَ ٱلْجِنِّ وَٱلْإِنسِ إِنِ ٱسْتَطَعْتُمْ أَن تَنفُذُوا۟ مِنْ أَقْطَارِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ فَٱنفُذُوا۟ۚ لَا تَنفُذُونَ إِلَّا بِسُلْطَٰنࣲ
Уа, жындар мен адамдар! Егер аспан әлемі мен жердің аясынан асып, шекарасынан өтіп кете алсаңдар, қане, өтіңдер! Алайда (Алланың рұқсаты және Ол берген) үстем күш-қуат пен күшті ілім болмаса өте алмайсыңдар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларың-ның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
يُرْسَلُ عَلَيْكُمَا شُوَاظࣱ مِّن نَّارࣲ وَنُحَاسࣱ فَلَا تَنتَصِرَانِ
Үстеріңе лаулаған оттың жалыны мен (улы әрі ыстық) түтін жіберіледі, сонда бір-бірлеріңе қол ұшын бере де, қорғана да алмай қаласыңдар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларың-ның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
فَإِذَا ٱنشَقَّتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتْ وَرْدَةࣰ كَٱلدِّهَانِ
Ақырында, аспан жарылып, бейне бір қып-қызыл сақтиян сынды ал қызыл гүлдей болғанда (ғаламат құбылыстар орын алады)!
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
فَيَوْمَئِذࣲ لَّا يُسْـَٔلُ عَن ذَنۢبِهِۦٓ إِنسࣱ وَلَا جَآنࣱّ
Ол күні адамдар мен жындар күнәһар немесе күнәһар емес екендіктерін айқындау үшін сұраққа тартылмайды.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
يُعْرَفُ ٱلْمُجْرِمُونَ بِسِيمَٰهُمْ فَيُؤْخَذُ بِٱلنَّوَٰصِي وَٱلْأَقْدَامِ
(Ол күні) күнәһарлар түрлерінен-ақ танылатын болады. Олар кекілдері мен аяқтарынан шап беріп ұсталған бойда (тозаққа тасталады).
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
هَٰذِهِۦ جَهَنَّمُ ٱلَّتِي يُكَذِّبُ بِهَا ٱلْمُجْرِمُونَ
Күнәһарлар сенбей келген жаһаннам, міне, осы!
يَطُوفُونَ بَيْنَهَا وَبَيْنَ حَمِيمٍ ءَانࣲ
Олар жаһаннам оты мен бұрқ-сарқ қайнаған су арасында безек қағады.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
وَلِمَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ جَنَّتَانِ
Раббысының құзыры дегенде (яғни, Раббысының алдына баратын күнді ойлап) аза бойы қаза болатын мүмінге екі бірдей жаннат бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
ذَوَاتَآ أَفْنَانࣲ
Екі жаннат та алуан түрлі мәуелі ағаштарға тола.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
فِيهِمَا عَيْنَانِ تَجْرِيَانِ
Екеуінде де (Тәсним және Сәлсәбил атты) ағып жатқан қос бұлақ бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
فِيهِمَا مِن كُلِّ فَٰكِهَةࣲ زَوْجَانِ
Екеуінде де жемістің әр түрінен қос-қостан бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ فُرُشِۭ بَطَآئِنُهَا مِنْ إِسْتَبْرَقࣲۚ وَجَنَى ٱلْجَنَّتَيْنِ دَانࣲ
Жұмақтықтар қалың қамқамен астарланған сәнді төсеніштерге сүйеніп жайғасып отырады. Екі жұмақтың да жемістері иіліп, қолсозым жерде тұрады.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
فِيهِنَّ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرْفِ لَمْ يَطْمِثْهُنَّ إِنسࣱ قَبْلَهُمْ وَلَا جَآنࣱّ
Ол жұмақтарда өз жұбайынан басқаға көз тікпейтін, бұрын-соңды адам баласының да, жынның да қолы тимеген пәк хор қыздары бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
كَأَنَّهُنَّ ٱلْيَاقُوتُ وَٱلْمَرْجَانُ
Олар (сұлулықта) бейне бір жақұт пен маржандай.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
هَلْ جَزَآءُ ٱلْإِحْسَٰنِ إِلَّا ٱلْإِحْسَٰنُ
Иә, жақсылықтың қарымы дәл сондай жақсылық емей немене?!
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
وَمِن دُونِهِمَا جَنَّتَانِ
(Нығмет тұрғысынан) бұл екеуінен басқа сәл төменде тағы да қос жұмақ бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
مُدْهَآمَّتَانِ
Екеуі де жап-жасыл.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
فِيهِمَا عَيْنَانِ نَضَّاخَتَانِ
Екеуінде де қос бірдей қайнар бұлақ бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббы-ларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
فِيهِمَا فَٰكِهَةࣱ وَنَخْلࣱ وَرُمَّانࣱ
Екеуінде де алуан түрлі жемістер, соның ішінде құрма мен анардың түр-түрі бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
فِيهِنَّ خَيْرَٰتٌ حِسَانࣱ
Екеуінде де жібек мінезді, ай жүзді хор қыздары бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
حُورࣱ مَّقْصُورَٰتࣱ فِي ٱلْخِيَامِ
Отауынан аттап шықпайтын, өз жұбайынан басқа ешкімді көрмейтін һәм ойламайтын хор қыздары.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
لَمْ يَطْمِثْهُنَّ إِنسࣱ قَبْلَهُمْ وَلَا جَآنࣱّ
Оларға бұрын-соңды адам баласының да, жынның да қолы тимеген.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ رَفْرَفٍ خُضْرࣲ وَعَبْقَرِيٍّ حِسَانࣲ
Жұмақтықтар жасыл жастықтар мен көздің жауын алатын оюлармен өрнектелген сәнді төсеніштерге жантайып жатады.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (ей, жындар мен адамдар) Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
تَبَٰرَكَ ٱسْمُ رَبِّكَ ذِي ٱلْجَلَٰلِ وَٱلْإِكْرَامِ
Асқан айбат пен ұлылық және теңдессіз жомарттық иесі Раббыңның есімі қандай ұлы десеңші!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.