وَٱلذَّٰرِيَٰتِ ذَرْوࣰا
Ұйтқып соққан желге,
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلذَّٰرِيَٰتِ ذَرْوࣰا
Ұйтқып соққан желге,
فَٱلْحَٰمِلَٰتِ وِقْرࣰا
Қорғасындай ауыр (жауын суын) көтерген бұлттарға,
فَٱلْجَٰرِيَٰتِ يُسْرࣰا
(Су бетінде балықтай) жеңіл жүзетін кемелерге,
فَٱلْمُقَسِّمَٰتِ أَمْرًا
(Алладан пәрмен алып, адамдардың ризық-несі-белерін және өңірлерге жауатын жауын-шашынды) үлестіруші періштелерге серт!
إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَصَادِقࣱ
Сендерге уәде етілгеннің бәрі, әлбетте, хақ (шын).
وَإِنَّ ٱلدِّينَ لَوَٰقِعࣱ
Дін (яғни, ұлы сот және қарымта) күні міндетті түрде орнайды, (сонда әрбір жан дүниедегі істерінің қарымын алады).
وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلْحُبُكِ
Сәнді жолдар мен (аспан денелеріне тән) айналма жолдарға толы аспанға серт!
إِنَّكُمْ لَفِي قَوْلࣲ مُّخْتَلِفࣲ
(Әй, кәпірлер!) Расында, сендер (Алла елшісіне және Құранға қатысты) бір-біріне қарама-қайшы сөздер айтудасыңдар.
يُؤْفَكُ عَنْهُ مَنْ أُفِكَ
Тура жолдан тек хақ пайғамбар мен Құран мәселесінде (әзәзіл шайтанның арбауына түсіп) алданған бейбақ қана тайдырылмақ.
قُتِلَ ٱلْخَرَّٰصُونَ
(Хақ пайғамбар мен Құран жайлы) ойларына келгенді айтатын кәззаптарды лағынет атсын!
ٱلَّذِينَ هُمْ فِي غَمْرَةࣲ سَاهُونَ
Олар надандыққа салынып, ғапылдыққа бой алдырғандар.
يَسْـَٔلُونَ أَيَّانَ يَوْمُ ٱلدِّينِ
Олар өздерінше: «Дін (яғни Алланың алдында есеп беретін ұлы сот және қарымта) күні қашан өзі?!» – деп сұрайды.
يَوْمَ هُمْ عَلَى ٱلنَّارِ يُفْتَنُونَ
Ол күн – олардың (жалын атқан жаһаннамға тасталып) отқа қақталып, шыжғырылатын күні.
ذُوقُوا۟ فِتْنَتَكُمْ هَٰذَا ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تَسْتَعْجِلُونَ
Сонда оларға: «Енді өздеріңе лайық азаптың дәмін жақсылап тұрып татыңдар! Келетін болса тезірек келсе екен деп, өздерің асықтырған азап, міне, осы», – делінеді.
إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتࣲ وَعُيُونٍ
Шүбәсіз, Аллаға лайықты түрде тағзым ететін, Оның алдында асы болудан барынша сақтанатын тақуа жандар жұмақ бақшаларында, бастау-бұлақтардың басында болады.
ءَاخِذِينَ مَآ ءَاتَىٰهُمْ رَبُّهُمْۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ قَبْلَ ذَٰلِكَ مُحْسِنِينَ
Раббыларының өздеріне берген сый-сияпатын қуана-қуана алумен болады. Өйткені олар кезінде (дүниеде) игілікті істер істейтін ізгілікке құштар жандар болатын.
كَانُوا۟ قَلِيلࣰا مِّنَ ٱلَّيْلِ مَا يَهْجَعُونَ
Сондай-ақ олар түнде аз ұйықтайтын (және Раббыларына көп құлшылық ететін).
وَبِٱلْأَسْحَارِ هُمْ يَسْتَغْفِرُونَ
Сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін.
وَفِيٓ أَمْوَٰلِهِمْ حَقࣱّ لِّلسَّآئِلِ وَٱلْمَحْرُومِ
Олар қолындағы мал-пұлдарында қайыр-садақа тілеген пақыр-міскіндер мен (ар-ұятты болғандықтан ешкімге қол жаймайтын), садақадан мақұрым қалған кедей-кепшіктердің де ақысы бар екенін ұмытпайтын.
وَفِي ٱلْأَرْضِ ءَايَٰتࣱ لِّلْمُوقِنِينَ
Жер бетінде (Аллаға) қалтқысыз иланғысы келетін жандар үшін көптеген анық айғақ бар.
وَفِيٓ أَنفُسِكُمْۚ أَفَلَا تُبْصِرُونَ
Сондай-ақ өз болмыстарыңда да талай-талай айғақтың бары анық. Сонда да көрмейсіңдер ме?!
وَفِي ٱلسَّمَآءِ رِزْقُكُمْ وَمَا تُوعَدُونَ
Ал көкте ризық-несібелерің мен өздеріңе уәде етілген (ағыл-тегіл нығметке толы жұмақ) бар.
فَوَرَبِّ ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِ إِنَّهُۥ لَحَقࣱّ مِّثْلَ مَآ أَنَّكُمْ تَنطِقُونَ
Көк пен жердің Раббысына серт! Сендердің тіл қатып сөйлегендерің қандай ақиқат болса, сендерге берілген бұл уағда да сондай ақиқат.
هَلْ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ضَيْفِ إِبْرَٰهِيمَ ٱلْمُكْرَمِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Саған Ибраһимнің құрметті қонақтары жайлы (ғибратты) әңгіме жеткен бе еді?!
إِذْ دَخَلُوا۟ عَلَيْهِ فَقَالُوا۟ سَلَٰمࣰاۖ قَالَ سَلَٰمࣱ قَوْمࣱ مُّنكَرُونَ
Есіңде болса, олар бір күні Ибраһимге келіп: «Сәләм (яғни, саған есендік тілейміз)!» – деп сәлем берген еді. Ибраһим де өз кезегінде оларға: «Сәләм (мен де сендерге есендік тілеймін)!» – деп жылы шырай танытып, ішінен: «Бұлар өздері бұрын-соңды ұшыраспаған бейтаныс қауым болды», – деді.
فَرَاغَ إِلَىٰٓ أَهْلِهِۦ فَجَآءَ بِعِجْلࣲ سَمِينࣲ
Сөйтті де бірден үй ішіндегілерге барып (құдайы қонақтарға арнап) семіз тананың етін пісіріп әкелді.
فَقَرَّبَهُۥٓ إِلَيْهِمْ قَالَ أَلَا تَأْكُلُونَ
Асты алдарына қойып: «Дәмнен алмайсыздар ма?» – деді.
فَأَوْجَسَ مِنْهُمْ خِيفَةࣰۖ قَالُوا۟ لَا تَخَفْۖ وَبَشَّرُوهُ بِغُلَٰمٍ عَلِيمࣲ
(Алайда құдайы қонақтардың алдарына қойылған асқа қол созбағанын көргенде), олардан секем алып, қорқа бастады. Мұны сезген қонақтар оған: «Қорықпа! (Біз Алланың елшілеріміз)», – дей келіп, оны үлкен білімпаз болатын ұл баламен сүйіншіледі.
فَأَقْبَلَتِ ٱمْرَأَتُهُۥ فِي صَرَّةࣲ فَصَكَّتْ وَجْهَهَا وَقَالَتْ عَجُوزٌ عَقِيمࣱ
(Сол-ақ екен, қонақтардың әңгімесін құлағы шалып қалған) жұбайы (бір жағынан, қуаныштан жарыла жаздап, бір жағынан, қатты қысылғаннан) ойбайымен үйді басына көтере қонақтардың қасына келді де, бетін шымшып: «Ойбай, мына мендей ғұмырында бала көтермеген бедеу кемпір ұл табады дейсіңдер ме?!» – деді.
قَالُوا۟ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْحَكِيمُ ٱلْعَلِيمُ
Сонда (періштелер): «Иә, солай! Раббың солай айтты. Шүбәсіз, Ол – Хаким (әр ісі мен үкімі көптеген хикметтерге толы асқан даналық иесі), Алим (бәрін лайықты түрде білетін шексіз ілім иесі)», – деді.
۞قَالَ فَمَا خَطْبُكُمْ أَيُّهَا ٱلْمُرْسَلُونَ
Ибраһим: «Уа, елшілер, бұл келістеріңнің негізгі мақсаты не?» – деп сұрады
قَالُوٓا۟ إِنَّآ أُرْسِلْنَآ إِلَىٰ قَوْمࣲ مُّجْرِمِينَ
Олар: «Біз бір күнәһар қауымға жіберілдік».
لِنُرْسِلَ عَلَيْهِمْ حِجَارَةࣰ مِّن طِينࣲ
«Олардың төбесіне балшықтан күйдірілген тас жаудырмақпыз».
مُّسَوَّمَةً عِندَ رَبِّكَ لِلْمُسْرِفِينَ
«Ол тастардың әрқайсысына шектен шыққан күнәһарлардың әрбіріне арналып Раббыңның құзырында таңба басылған», – деді.
فَأَخْرَجْنَا مَن كَانَ فِيهَا مِنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ
Сөйтіп, (елшілеріміз әлгі күнәһар қауым жайлаған жерге келіп жеткендерінде) алдымен ол жердегі мүміндерді (азапқа ұшырайтын ауылдан) шығарып, аулақ әкеттік.
فَمَا وَجَدْنَا فِيهَا غَيْرَ بَيْتࣲ مِّنَ ٱلْمُسْلِمِينَ
Әйтсе де, Біз ол арадан бір отбасыдан басқа мұсылман болған ешкімді таппадық.
وَتَرَكْنَا فِيهَآ ءَايَةࣰ لِّلَّذِينَ يَخَافُونَ ٱلْعَذَابَ ٱلْأَلِيمَ
Ақырында, сол елді мекенде (Алланың) жан төзгісіз азабынан қорқатындар үшін ғибратты нышан (яғни, жермен-жексен болған жұрт) қалдырдық.
وَفِي مُوسَىٰٓ إِذْ أَرْسَلْنَٰهُ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ بِسُلْطَٰنࣲ مُّبِينࣲ
Мұсаның (басынан өткен) оқиғаларда да талай ғибрат бар. Есіңде болса, оны бұлтартпас дәлелмен (мұғжизамен) Перғауынға жіберген едік.
فَتَوَلَّىٰ بِرُكْنِهِۦ وَقَالَ سَٰحِرٌ أَوْ مَجْنُونࣱ
Ал Перғауын болса, өзінің арқа сүйер әскерімен бірге ақиқаттан теріс айналып, (Мұса жайлы): «Бұл я сиқыршы, яки есі ауысқан жынды», – деді.
فَأَخَذْنَٰهُ وَجُنُودَهُۥ فَنَبَذْنَٰهُمْ فِي ٱلْيَمِّ وَهُوَ مُلِيمࣱ
Ақыр соңында оның өзін де, әскерін де бас салып, бірін қалдырмай теңіз түбіне батырып жібердік. Сонда Перғауын (күпірлікте табандағаны үшін) аһ ұрып, өз-өзін жазғырумен болды.
وَفِي عَادٍ إِذْ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِمُ ٱلرِّيحَ ٱلْعَقِيمَ
Ад халқының жойылуында да талай ғибрат бар. Біз оларға бәрін түп-тамырымен жоятын дүлей дауыл жібердік.
مَا تَذَرُ مِن شَيْءٍ أَتَتْ عَلَيْهِ إِلَّا جَعَلَتْهُ كَٱلرَّمِيمِ
Бұл дүлей дауыл алдынан шыққанның бәрін сыпырып-сиырып, күлін көкке ұшырумен болды.
وَفِي ثَمُودَ إِذْ قِيلَ لَهُمْ تَمَتَّعُوا۟ حَتَّىٰ حِينࣲ
Сәмудтықтарда да (талай ғибрат бар). Оларға «Тағы біраз уақыт қу тіршіліктің қызығына бата тұрыңдар», – делінді.
فَعَتَوْا۟ عَنْ أَمْرِ رَبِّهِمْ فَأَخَذَتْهُمُ ٱلصَّٰعِقَةُ وَهُمْ يَنظُرُونَ
Алайда олар Раббыларының бұйрығынан безіп, азғындыққа салынғанда, (тал түсте) көз алдарында төбелеріне ғаламат жай оты түсті.
فَمَا ٱسْتَطَٰعُوا۟ مِن قِيَامࣲ وَمَا كَانُوا۟ مُنتَصِرِينَ
Сөйтіп, олар (өз бетінше қашып құтыла алмай) тұрған жерінде омалды да қалды һәм ешкімнен көмек те көрмеді.
وَقَوْمَ نُوحࣲ مِّن قَبْلُۖ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ قَوْمࣰا فَٰسِقِينَ
Одан бұрын Нұх қауымының да (көзін жойған едік). Өйткені олар да тура жолдан тайған азғын қауым еді.
وَٱلسَّمَآءَ بَنَيْنَٰهَا بِأَيْي۟دࣲ وَإِنَّا لَمُوسِعُونَ
Көкке келсек, Біз оны құдіретімізбен тұрғыздық, оны толық меңгеріп, үнемі кеңейтіп жатқан да – Біз. Расында Біз – шексіз құдірет пен шексіз билік иесіміз.
وَٱلْأَرْضَ فَرَشْنَٰهَا فَنِعْمَ ٱلْمَٰهِدُونَ
Жерді көсілте жайып, төсеген де – Біз. Өздерің зер салып қараңдаршы, қандай керемет төсегенбіз!
وَمِن كُلِّ شَيْءٍ خَلَقْنَا زَوْجَيْنِ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
Сондай-ақ ойланып сабақ аларсыңдар деп, барлық нәрсені жұп-жұбымен жараттық.
فَفِرُّوٓا۟ إِلَى ٱللَّهِۖ إِنِّي لَكُم مِّنْهُ نَذِيرࣱ مُّبِينࣱ
(Уа, Мұхаммед, қауымыңа): «Ендеше, уақыт оздырмай, Аллаға жанұшыра жүгіріңдер (яғни, Алланы паналауға асығыңдар). Шүбәсіз, мен сендерге Оның тарапынан келген анық ескертушімін».
وَلَا تَجْعَلُوا۟ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَۖ إِنِّي لَكُم مِّنْهُ نَذِيرࣱ مُّبِينࣱ
«Алламен қатар басқаны да тәңір тұтып, (Аллаға серік қоспаңдар)! Шүбәсіз, мен сендерге Оның тарапынан келген анық ескертушімін», – деп айт.
كَذَٰلِكَ مَآ أَتَى ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا قَالُوا۟ سَاحِرٌ أَوْ مَجْنُونٌ
(Уа, Мұхаммед!) Міне, осылайша, олардан (яғни қауымыңнан) бұрынғыларға да (Алладан) пайғамбар келген кезде, олар да: «Бұл я сиқыршы, я болмаса есі ауысқан жынды», – деуден ары аспаған еді.
أَتَوَاصَوْا۟ بِهِۦۚ بَلْ هُمْ قَوْمࣱ طَاغُونَ
Жоқ, әлде олар өзара келісіп, әлгі сөзді бірінің аузына бірі салып қойды ғой дейсің бе? Жо-жоқ, олардың барлығы да азғын қауымдар (міне, сондықтан да, құдды бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай сөйлеуде).
فَتَوَلَّ عَنْهُمْ فَمَآ أَنتَ بِمَلُومࣲ
Уа, Мұхаммед! Ендеше, (олармен сөз таласқа түспе), олардан сырт айнал! (Оларға қолыңнан келгенше ақиқатты түсіндіруге тырыстың), ендігі жерде саған ешқандай айып тағылмайды.
وَذَكِّرْ فَإِنَّ ٱلذِّكْرَىٰ تَنفَعُ ٱلْمُؤْمِنِينَ
Сонымен қатар, ақиқатты еске салып, насихат айтуыңды жалғастыра бер. Өйткені ақиқатты еске салып, насихат айту, мүміндерге (һәм иман етуге бейім жандарға) қашан да пайдасын тигізбек.
وَمَا خَلَقْتُ ٱلْجِنَّ وَٱلْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ
Мен жындар мен адамзатты тек қана (Мені танысын һәм) Маған құлшылық етсін деп жараттым.
مَآ أُرِيدُ مِنْهُم مِّن رِّزْقࣲ وَمَآ أُرِيدُ أَن يُطْعِمُونِ
Мен олардан нәпақа сұрамаймын, Мені тамақтандырғандарын да қаламаймын.
إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلرَّزَّاقُ ذُو ٱلْقُوَّةِ ٱلْمَتِينُ
Анығында, нағыз Раззақ (күллі жаратылыс атаулының ризығын беруші) – құдіретті күш иесі Алла!
فَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ ذَنُوبࣰا مِّثْلَ ذَنُوبِ أَصْحَٰبِهِمْ فَلَا يَسْتَعْجِلُونِ
Ендеше, (Аллаға серік қосып немесе Оған құлшылық етуден қашып) өз-өздеріне зұлымдық қылғандардың да бұрынғы жолдастарының алған сыбағасындай жан төзгісіз иләһи азаптан алар сыбағалары бар. Олай болса, олар асықпай-ақ қойсын, (өйткені өздері тілеген иләһи азап бастарына келмей қоймайды).
فَوَيْلࣱ لِّلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِن يَوْمِهِمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ
Ендеше, өздеріне уәде етілген алапат күн орнағанда, күпірлік қылғандардың халі қандай қараң (мүшкіл) десеңші!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.