بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تُقَدِّمُوا۟ بَيْنَ يَدَيِ ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمࣱ
Уа, иман келтіргендер! (Ойға берілгенде, сөзде һәм істе) Алланың және Расулының алдына шықпаңдар! Аллаға лайықты түрде тағзым етіп, Оған қарсы келуден қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білуші).
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَرْفَعُوٓا۟ أَصْوَٰتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ ٱلنَّبِيِّ وَلَا تَجْهَرُوا۟ لَهُۥ بِٱلْقَوْلِ كَجَهْرِ بَعْضِكُمْ لِبَعْضٍ أَن تَحْبَطَ أَعْمَٰلُكُمْ وَأَنتُمْ لَا تَشْعُرُونَ
Уа, иман келтіргендер! Дауыстарыңды пайғамбардың дауысынан қатты шығармаңдар, сондай-ақ онымен тілдескенде, бір-біріңмен дабырлап сөйлескендей даурықпай ақырын сөйлесіңдер! Әйтпесе, істеген игі істеріңнің зая кеткенін сезбей қаласыңдар.
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَغُضُّونَ أَصْوَٰتَهُمْ عِندَ رَسُولِ ٱللَّهِ أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ ٱمْتَحَنَ ٱللَّهُ قُلُوبَهُمْ لِلتَّقْوَىٰۚ لَهُم مَّغْفِرَةࣱ وَأَجْرٌ عَظِيمٌ
Алла елшісінің құзырында даурықпай дауыс-тарын бәсеңдетіп сөйлейтіндерге келсек, Алла тақуалық (Өзіне, дініне шын жүректен тағзым етіп, мойынсұну) мәселесінде олардың жүрегін сынап бақты (олар бұл сынақтан сүрінбей өтті). Ендеше, оларға (Алланың құзырында) кешірім мен үлкен сый бар.
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُنَادُونَكَ مِن وَرَآءِ ٱلْحُجُرَٰتِ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ
Расында, саған (жұбайларың тұратын) бөлме-лердің сыртынан айқайлап үн қататындарға келсек, олардың көбі (дінді әлі толық меңгермеген, жөн білмейтін) ақыл-парасаттан жұрдай адамдар.
وَلَوْ أَنَّهُمْ صَبَرُوا۟ حَتَّىٰ تَخْرُجَ إِلَيْهِمْ لَكَانَ خَيْرࣰا لَّهُمْۚ وَٱللَّهُ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Егер олар сен шыққанша (айқайламай) сабыр сақтап күте тұрса, өздері үшін жақсы болар еді. Соған қарамастан Алла – Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден ауыр болса да, тәубеге келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді)!
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِن جَآءَكُمْ فَاسِقُۢ بِنَبَإࣲ فَتَبَيَّنُوٓا۟ أَن تُصِيبُوا۟ قَوْمَۢا بِجَهَٰلَةࣲ فَتُصْبِحُوا۟ عَلَىٰ مَا فَعَلْتُمْ نَٰدِمِينَ
Уа, иман келтіргендер! Егер сендерге әлдебір күнәһар адам қандай да бір хабар жеткізсе, оның анық-қанығын анықтап біліп алыңдар. Әйтпесе, білместікпен әлдебір қауымның обалына қалып, артынан істеген істеріңе өкініп жүрерсіңдер.
وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ فِيكُمْ رَسُولَ ٱللَّهِۚ لَوْ يُطِيعُكُمْ فِي كَثِيرࣲ مِّنَ ٱلْأَمْرِ لَعَنِتُّمْ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ حَبَّبَ إِلَيْكُمُ ٱلْإِيمَٰنَ وَزَيَّنَهُۥ فِي قُلُوبِكُمْ وَكَرَّهَ إِلَيْكُمُ ٱلْكُفْرَ وَٱلْفُسُوقَ وَٱلْعِصْيَانَۚ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلرَّٰشِدُونَ
Ендеше, біліп қойыңдар, араларыңда (қай мәселенің болмасын шешімін табу үшін жүгінулеріңе болатын) Алла елшісі бар. (Әй, өзімбілер мүміндер!) Егер Алла елшісі (әлеуметтік) істердің көбінде сендердің ыңғайларыңа жығылып, айтқандарыңмен жүргенде, шүбәсіз, бастарың бәлеге қалып, жағдайларың қиындап кетер еді. Алайда Алла сендерге иманды сүйгізіп, оны жүректеріңде безендірді (яғни көңілдеріңе жағымды қылды). Сондай-ақ сендерді күпірліктен, асылықтан һәм (Алла мен расулына) қарсы келуден жирендірді. (Сенімі, ойы һәм іс-әрекеттері) түзу болған игі жандар, міне, солар.
فَضْلࣰا مِّنَ ٱللَّهِ وَنِعْمَةࣰۚ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمࣱ
(Олар) Алланың шарапаты һәм нығметімен (тура жолға түскен игі жандар). Алла – Алим (бәрін білуші), Хаким (әр ісі мен әр үкімінде көптеген хикметтер болған асқан даналық иесі).
وَإِن طَآئِفَتَانِ مِنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ ٱقْتَتَلُوا۟ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَهُمَاۖ فَإِنۢ بَغَتْ إِحْدَىٰهُمَا عَلَى ٱلْأُخْرَىٰ فَقَٰتِلُوا۟ ٱلَّتِي تَبْغِي حَتَّىٰ تَفِيٓءَ إِلَىٰٓ أَمْرِ ٱللَّهِۚ فَإِن فَآءَتْ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَهُمَا بِٱلْعَدْلِ وَأَقْسِطُوٓا۟ۖ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُقْسِطِينَ
Егер мүміндерден екі топ бір-бірімен соғысса, уақыт оздырмай араларын жарастырыңдар. Ал егер олардың бірі екіншісіне орынсыз шабуыл жасаса, онда шабуыл жасаған топқа соғыс ашыңдар, сөйтіп шабуыл жасаған топ Алланың үкіміне мойынсұнғанға дейін оларға қарсы бірігіп соғысыңдар. Егер райларынан қайтып, Алланың үкіміне бағынса, онда уақыт оздырмай екі топтың арасын әділ түрде жарастырыңдар һәм әркез қара қылды қақ жарғандай тура болыңдар. Өйткені Алла турашылдарды жақсы көреді!
إِنَّمَا ٱلْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةࣱ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَ أَخَوَيْكُمْۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Расында, мүміндер – бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса, (жүз шайысып, ат құйрығын кесіскен) бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ (бауыр ақысына келгенде) Алладан қорқыңдар (һәм үкіміне қарсы келуден сақтаныңдар)! Міне, сонда Оның рақымына бөленерсіңдер!
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا يَسْخَرْ قَوْمࣱ مِّن قَوْمٍ عَسَىٰٓ أَن يَكُونُوا۟ خَيْرࣰا مِّنْهُمْ وَلَا نِسَآءࣱ مِّن نِّسَآءٍ عَسَىٰٓ أَن يَكُنَّ خَيْرࣰا مِّنْهُنَّۖ وَلَا تَلْمِزُوٓا۟ أَنفُسَكُمْ وَلَا تَنَابَزُوا۟ بِٱلْأَلْقَٰبِۖ بِئْسَ ٱلِٱسْمُ ٱلْفُسُوقُ بَعْدَ ٱلْإِيمَٰنِۚ وَمَن لَّمْ يَتُبْ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلظَّٰلِمُونَ
Уа, иман келтіргендер! Араларыңнан бір қауым басқа бір қауымды келемеждемесін! Қайдан білесіңдер, бәлкім, мазаққа ұшыраған қауым өзін мазақ қылған қауымнан әлдеқайда қайырлы шығар. Сондай-ақ әйелдер де бірін-бірі келемеждемесін! Бәлкім, мазаққа ұшыраған әйелдер өздерін мазақ қылған әйелдерден анағұрлым қайырлы болар. Бір-біріңді (яғни, өз-өздеріңді) кемсітпеңдер! Біріңді-бірің намысқа тиетін лақап атпен атамаңдар. Адам баласының иман келтіргеннен кейін күнәһар деген жаман атқа қалуы қандай жаман! Кімде-кім тәубесіне келіп, мұндай жаман қылықтан дереу арылып, Аллаға бет алмаса, міне, солар нағыз залымдар!
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱجْتَنِبُوا۟ كَثِيرࣰا مِّنَ ٱلظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ ٱلظَّنِّ إِثْمࣱۖ وَلَا تَجَسَّسُوا۟ وَلَا يَغْتَب بَّعْضُكُم بَعْضًاۚ أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَن يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتࣰا فَكَرِهْتُمُوهُۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ تَوَّابࣱ رَّحِيمࣱ
Уа, иман келтіргендер! Ой атаулының көбінен аулақ болыңдар (яғни, өзге адамдар жайлы, әсіресе, мүмін бауырларың жайлы түрлі (жаман) ойларға беріле беруден аулақ болыңдар)! Өйткені ой атаулының бір парасы (яғни, өзгелер жайлы ойлаған жаман, яки арам ойлар) күнәға жатады! Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма? Әнеки, бірден жиіркендіңдер. Ендеше, Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубелерін қабыл етуші), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет алған құлдарына ерекше мейірімді).
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَٰكُم مِّن ذَكَرࣲ وَأُنثَىٰ وَجَعَلْنَٰكُمْ شُعُوبࣰا وَقَبَآئِلَ لِتَعَارَفُوٓا۟ۚ إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ ٱللَّهِ أَتْقَىٰكُمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرࣱ
Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың (һәм біріңе-бірің қамқоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату-тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін көркейтулерің) үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың (яғни, Аллаға тағзым етуде, иман келтіруде әрі мойынсұнуда ең алда болғандарың)! Шүбәсіз, Алла – Алим (барлық нәрсені, соның ішінде, сендердің жай-күйлеріңді һәм не істеп, не қойып жүргендеріңді толық білуші), Хабир (бәрінен толық хабардар болушы).
۞قَالَتِ ٱلْأَعْرَابُ ءَامَنَّاۖ قُل لَّمْ تُؤْمِنُوا۟ وَلَٰكِن قُولُوٓا۟ أَسْلَمْنَا وَلَمَّا يَدْخُلِ ٱلْإِيمَٰنُ فِي قُلُوبِكُمْۖ وَإِن تُطِيعُوا۟ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ لَا يَلِتْكُم مِّنْ أَعْمَٰلِكُمْ شَيْـًٔاۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمٌ
(Бірқатар) бәдәуилер: «Біз де иман келтірдік», – дейді. Оларға: «Жоқ, сендер әлі иман етпедіңдер. Алайда (Аллаға мойынсұнып) мұсылман болдық деңдер. (Өйткені) иман жүректеріңе әлі ұялай қойған жоқ», – де. Егер Аллаға және расулына қалтқысыз мойынсұнсаңдар, Алла істеген игі істеріңнің сауабын титтей де кемітпейді. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет алған құлдарына ерекше мейірімді)!
إِنَّمَا ٱلْمُؤْمِنُونَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ ثُمَّ لَمْ يَرْتَابُوا۟ وَجَٰهَدُوا۟ بِأَمْوَٰلِهِمْ وَأَنفُسِهِمْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۚ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلصَّٰدِقُونَ
Нағыз мүміндер – Аллаға және Расулына шын көңілден иман келтірген һәм содан кейін (иман мәселесінде) әсте күмәнға бой алдырмаған және мал-дүниелері әрі жан-тәндерімен Алла жолында күрескен жандар ғана. (Иманда және дін жолындағы қызметте) шынайы болған шыншылдар, міне, солар.
قُلْ أَتُعَلِّمُونَ ٱللَّهَ بِدِينِكُمْ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِۚ وَٱللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمࣱ
Ендеше, (өздерін шынайы мүмінбіз деуден жалықпайтындарға): «Діндеріңе қаншалықты шынайы екендіктеріңді Аллаға мына сендер үйретпексіңдер ме?! Алла күллі аспан әлеміндегіні де, жердегіні де (соның ішінде, сендердің барлық жай-күйлеріңді де) толық біледі. Алла барлық нәрсені білуші», – деп, айт.
يَمُنُّونَ عَلَيْكَ أَنْ أَسْلَمُوا۟ۖ قُل لَّا تَمُنُّوا۟ عَلَيَّ إِسْلَٰمَكُمۖ بَلِ ٱللَّهُ يَمُنُّ عَلَيْكُمْ أَنْ هَدَىٰكُمْ لِلْإِيمَٰنِ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ
Олар өздерінің мұсылман болғанын саған міндет қылады. Ендеше, оларға: «Мұсылмандықтарыңды маған міндет қылмаңдар! Егер иман келтіргендерің рас болса, онда керісінше, сендерді имандылық жолына салғаны үшін Алла міндет қылады», – деп айт.
إِنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ غَيْبَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ وَٱللَّهُ بَصِيرُۢ بِمَا تَعْمَلُونَ
Шүбәсіз, Алла күллі аспан әлемі мен жердің бар сырын, ондағы бар құпияны толық біледі. Сондай-ақ Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңді де көріп тұрады.
ق
Quran.kz қосымшасыОқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.