إِنَّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحࣰا مُّبِينࣰا
Шүбәсіз, Біз саған (көптеген жеңістердің басы болған) ап-айқын жеңіс нәсіп еттік.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِنَّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحࣰا مُّبِينࣰا
Шүбәсіз, Біз саған (көптеген жеңістердің басы болған) ап-айқын жеңіс нәсіп еттік.
لِّيَغْفِرَ لَكَ ٱللَّهُ مَا تَقَدَّمَ مِن ذَنۢبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ وَيُتِمَّ نِعْمَتَهُۥ عَلَيْكَ وَيَهْدِيَكَ صِرَٰطࣰا مُّسْتَقِيمࣰا
Міне, осылайша, Алла сенің өткен һәм келешек күнәларыңды кешіреді, саған берер нығметін тамамдайды және сені (Өзінің разылығы мен мәңгілік баянды бақытқа жеткізетін) тұп-тура жолға салады.
وَيَنصُرَكَ ٱللَّهُ نَصْرًا عَزِيزًا
Сондай-ақ Алла сені қолдап, айтулы ұлы жеңіс нәсіп етеді.
هُوَ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ ٱلسَّكِينَةَ فِي قُلُوبِ ٱلْمُؤْمِنِينَ لِيَزْدَادُوٓا۟ إِيمَٰنࣰا مَّعَ إِيمَٰنِهِمْۗ وَلِلَّهِ جُنُودُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمࣰا
Алла иманы күшейген үстіне күшейе түссін, деп, мүміндердің жүрегіне тыныштық ұялатып, көңілдерін орнықтырды. Күллі аспан әлемі мен жердің әскерлері Алланікі. Алла – Алим (қай істі қандай ниетпен істегендеріңді жақсы білетін шексіз ілім иесі), Хаким (барлық істері мен үкімдері хикметке толы асқан даналық иесі).
لِّيُدْخِلَ ٱلْمُؤْمِنِينَ وَٱلْمُؤْمِنَٰتِ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَا وَيُكَفِّرَ عَنْهُمْ سَيِّـَٔاتِهِمْۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عِندَ ٱللَّهِ فَوْزًا عَظِيمࣰا
Мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді ішінде мәңгі-бақи мекендейтін, (жайқалған бау-бақшаларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларына кіргізу әрі олардың күнә-қателіктерін кешу үшін (Алла) олардың жүрегін орнықтырды). Міне, бұл – Алланың құзырындағы елеулі жетістік, орасан зор табыс еді.
وَيُعَذِّبَ ٱلْمُنَٰفِقِينَ وَٱلْمُنَٰفِقَٰتِ وَٱلْمُشْرِكِينَ وَٱلْمُشْرِكَٰتِ ٱلظَّآنِّينَ بِٱللَّهِ ظَنَّ ٱلسَّوْءِۚ عَلَيْهِمْ دَآئِرَةُ ٱلسَّوْءِۖ وَغَضِبَ ٱللَّهُ عَلَيْهِمْ وَلَعَنَهُمْ وَأَعَدَّ لَهُمْ جَهَنَّمَۖ وَسَآءَتْ مَصِيرࣰا
Сондай-ақ Алла жайлы үнемі жаман ойда жүретін мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдердің және мүшрік ерлер мен мүшрік әйелдердің сазайын беру үшін (Алла мүміндердің жүрегін орнықтырды). (Олардың мүміндерге тілеген) жамандықтары өздеріне бәле болып жабыссын! Алла оларға қатты ашуланды һәм рақымынан аластады және олар үшін жаһаннамды дайындап қойды. Олардың ақыры һәм барар жері қандай жаман еді!
وَلِلَّهِ جُنُودُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا
Күллі аспан әлемі мен жердің әскерлері Алланікі. Алла – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен әр үкімі хикметтерге толы болған теңдесі жоқ даналық иесі).
إِنَّآ أَرْسَلْنَٰكَ شَٰهِدࣰا وَمُبَشِّرࣰا وَنَذِيرࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Шүбәсіз, Біз сені (Алланың құдіреті күшті жалғыз жаратушы, Исламның хақ дін екеніне) куәгер, (иман келтіріп, игілікті істер істеген құлдарымызды) сүйіншілеуші әрі (ақиқаттың ауылынан алыстап, адасып жүрген құлдарымызға) ескертуші ретінде жібердік.
لِّتُؤْمِنُوا۟ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ وَتُعَزِّرُوهُ وَتُوَقِّرُوهُۚ وَتُسَبِّحُوهُ بُكْرَةࣰ وَأَصِيلًا
(Әй, адамдар мен жындар! Біз Мұхаммедті) Аллаға һәм Оның елшісіне лайықты түрде иман етулерің үшін, Алланың дініне қолдау көрсетулерің, Оған лайықты тағзым етулерің және ертелі-кеш Оны («Сен мінсізсің, кемелсің!» деп) дәріптеулерің үшін (пайғамбар етіп жібердік).
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُبَايِعُونَكَ إِنَّمَا يُبَايِعُونَ ٱللَّهَ يَدُ ٱللَّهِ فَوْقَ أَيْدِيهِمْۚ فَمَن نَّكَثَ فَإِنَّمَا يَنكُثُ عَلَىٰ نَفْسِهِۦۖ وَمَنْ أَوْفَىٰ بِمَا عَٰهَدَ عَلَيْهُ ٱللَّهَ فَسَيُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Саған (адалдық таныту, жәрдем беріп, қолдау көрсету мақсатында) қол беріп, ант етіп жатқандар, шынында, Аллаға ант беруде. Алланың (саған және оларға деген) жақсылығы мен шарапаты, жәрдемі мен қолдауы олардың саған жасаған жақсылығы мен көрсеткен қолдауынан әлдеқайда жоғары. Ендеше, кімде-кім сертінен таятын болса, онда оның кесірі өзіне тиеді. Ал кім Аллаға берген сертінде тұрса, шүбәсіз, Алла көп ұзамай-ақ оған орасан зор сый береді.
سَيَقُولُ لَكَ ٱلْمُخَلَّفُونَ مِنَ ٱلْأَعْرَابِ شَغَلَتْنَآ أَمْوَٰلُنَا وَأَهْلُونَا فَٱسْتَغْفِرْ لَنَاۚ يَقُولُونَ بِأَلْسِنَتِهِم مَّا لَيْسَ فِي قُلُوبِهِمْۚ قُلْ فَمَن يَمْلِكُ لَكُم مِّنَ ٱللَّهِ شَيْـًٔا إِنْ أَرَادَ بِكُمْ ضَرًّا أَوْ أَرَادَ بِكُمْ نَفْعَۢاۚ بَلْ كَانَ ٱللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرَۢا
(Уа, Мұхаммед! Умра сапарына аттанған мұсылмандарға қосылмай Мәдинада) қалып қойған бәдәуилер саған: «Біз мал-дүниеміздің, отбасымыздың қамымен жүріп (өзіңмен бірге умраға бара алмай қалдық), сондықтан біз үшін Алладан кешірім тіле!» – деп, сылтау айтады. Задында, олар құр тілін безеп, жүрегінде болмаған нәрсені айтады (яғни бұл олардың шын жүректен шыққан шынайы сөзі емес). Ендеше, оларға: «Егер Алла сендерге қандай да бір зиян шектіргісі келсе немесе бір пайда келтіруді қаласа, Алланың алдында сендер үшін кім не істей алады (яғни, сендер үшін Алланың ісіне кім қарсы келе алады) дейсіңдер?!» – деп айт. (Олай болса, сендер қанша жерден сылтау айтып, ақталсаңдар да) бәрібір, Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар!
بَلْ ظَنَنتُمْ أَن لَّن يَنقَلِبَ ٱلرَّسُولُ وَٱلْمُؤْمِنُونَ إِلَىٰٓ أَهْلِيهِمْ أَبَدࣰا وَزُيِّنَ ذَٰلِكَ فِي قُلُوبِكُمْ وَظَنَنتُمْ ظَنَّ ٱلسَّوْءِ وَكُنتُمْ قَوْمَۢا بُورࣰا
Анығында, сендер (тәуекелге бел буып умра сапарына шыққан) Алла елшісі мен мүміндер (сол сапарда мүшріктердің қолынан жаппай қаза тауып), бұдан былай әсте үй ішіне орала алмайды, деп ойлаған едіңдер. Тіпті осынау арам ойларың жүректеріңде (әзәзілдің қолымен) безендіріліп, көңілдеріңе майдай жаққан болатын. Сондай-ақ сендер (Алла мүміндерді қараң қалдырады, Исламның мерейін үстем қылмайды дегендей) жаман ойда болдыңдар. Сөйтіп, құрдымға кетуге лайық қауым болдыңдар.
وَمَن لَّمْ يُؤْمِنۢ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ فَإِنَّآ أَعْتَدْنَا لِلْكَٰفِرِينَ سَعِيرࣰا
Кімде-кім Аллаға және елшісіне иман етпесе, жүгінбесе, шүбәсіз, Біз кәпірлер үшін жалын атқан от дайындап қойдық.
وَلِلَّهِ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ يَغْفِرُ لِمَن يَشَآءُ وَيُعَذِّبُ مَن يَشَآءُۚ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورࣰا رَّحِيمࣰا
Күллі аспан әлемі мен жердің иелігі һәм шексіз билігі бір Аллаға тән! Ол қалағанын жарылқап, кешіреді, қалағанын жазаға тартып, азаптайды. Алла – Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді)!
سَيَقُولُ ٱلْمُخَلَّفُونَ إِذَا ٱنطَلَقْتُمْ إِلَىٰ مَغَانِمَ لِتَأْخُذُوهَا ذَرُونَا نَتَّبِعْكُمْۖ يُرِيدُونَ أَن يُبَدِّلُوا۟ كَلَٰمَ ٱللَّهِۚ قُل لَّن تَتَّبِعُونَا كَذَٰلِكُمْ قَالَ ٱللَّهُ مِن قَبْلُۖ فَسَيَقُولُونَ بَلْ تَحْسُدُونَنَاۚ بَلْ كَانُوا۟ لَا يَفْقَهُونَ إِلَّا قَلِيلࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Сендер мол олжаға кенелетін жорыққа аттанып бара жатқанда, (кезінде өзіңмен бірге умра сапарына шықпай Мәдинада) қалып қойғандар: «Рұқсат болса, біз де сендерге еріп барайық», – дейді. Міне, олар осылай Алланың үкімін өздерінше өзгерткісі келеді. Сен оларға: «Сендер бізге ере алмайсыңдар. Алла тағала кезінде сондай үкім айтқан», – де. Сонда олар: «Жоқ, олай емес, сендер бізден (Алланың берейін деп тұрған олжасын) қызғанасыңдар», – дейді. Керісінше, олардың өздері көп нәрсенің байыбына бара бермейтін өресі тар адамдар.
قُل لِّلْمُخَلَّفِينَ مِنَ ٱلْأَعْرَابِ سَتُدْعَوْنَ إِلَىٰ قَوْمٍ أُو۟لِي بَأْسࣲ شَدِيدࣲ تُقَٰتِلُونَهُمْ أَوْ يُسْلِمُونَۖ فَإِن تُطِيعُوا۟ يُؤْتِكُمُ ٱللَّهُ أَجْرًا حَسَنࣰاۖ وَإِن تَتَوَلَّوْا۟ كَمَا تَوَلَّيْتُم مِّن قَبْلُ يُعَذِّبْكُمْ عَذَابًا أَلِيمࣰا
(Уа, Мұхаммед! Кезінде жорыққа шықпай Мәдинада) қалып қойған бәдәуилерге: «Жуырда сендер арыны күшті жауынгер қауыммен соғысуға шақырыласыңдар. Сонда олармен (қасық қандарың қалғанша) соғысатын боласыңдар, яки олар (соғыспай-ақ) Аллаға мойынсұнып, мұсылман болар. Егер бұл жолы қалтқысыз бойсұнсаңдар, Алла сендерге керемет сый береді. Ал егер баяғы әдеттеріңе басып, сырт айналып, (соғыстан ат-тондарыңды ала қашатын болсаңдар), онда Алла сендерді жан төзгісіз азапқа тартады», – деп айт.
لَّيْسَ عَلَى ٱلْأَعْمَىٰ حَرَجࣱ وَلَا عَلَى ٱلْأَعْرَجِ حَرَجࣱ وَلَا عَلَى ٱلْمَرِيضِ حَرَجࣱۗ وَمَن يُطِعِ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ يُدْخِلْهُ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُۖ وَمَن يَتَوَلَّ يُعَذِّبْهُ عَذَابًا أَلِيمࣰا
(Соғысқа қатысу мәселесіне келсек), зағипқа тағылар айып жоқ, ақсаққа тағылар айып жоқ, сондай-ақ науқасқа да тағылар айып жоқ. Кімде-кім (қай мәселеде болмасын) Аллаға және елшісіне қалтқысыз бағынса, Алла оны (жайқалған бау-бақшаларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларына кіргізеді. Ал кім (мойынсұнудан бас тартып) сырт айналса, Алла оны жан төзгісіз азапқа тартады.
۞لَّقَدْ رَضِيَ ٱللَّهُ عَنِ ٱلْمُؤْمِنِينَ إِذْ يُبَايِعُونَكَ تَحْتَ ٱلشَّجَرَةِ فَعَلِمَ مَا فِي قُلُوبِهِمْ فَأَنزَلَ ٱلسَّكِينَةَ عَلَيْهِمْ وَأَثَٰبَهُمْ فَتْحࣰا قَرِيبࣰا
Шүбәсіз, Алла (Худайбияда) әлгі ағаштың түбінде өзіңе қол беріп, ант еткендерінде мүміндерден разы болды. Олардың жүрегіндегі (хақ дінге деген) риясыз ықыласты көрді. Сол себепті оларға жан тыныштығы мен жүректің орнығуының кепілшісі болған рақымын төкті һәм оларды жуырда жүзеге асатын елеулі жеңіспен марапаттады.
وَمَغَانِمَ كَثِيرَةࣰ يَأْخُذُونَهَاۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمࣰا
Сондай-ақ оларды жуық арада қол жеткізетін мол олжамен (марапаттады). Алла – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен әр үкімі көптеген хикметтерге негізделген теңдессіз даналық иесі).
وَعَدَكُمُ ٱللَّهُ مَغَانِمَ كَثِيرَةࣰ تَأْخُذُونَهَا فَعَجَّلَ لَكُمْ هَٰذِهِۦ وَكَفَّ أَيْدِيَ ٱلنَّاسِ عَنكُمْ وَلِتَكُونَ ءَايَةࣰ لِّلْمُؤْمِنِينَ وَيَهْدِيَكُمْ صِرَٰطࣰا مُّسْتَقِيمࣰا
(Уа, мүміндер!) Алла сендерге одан басқа да мол олжа уәде етті, оған әлі-ақ қол жеткізесіңдер. Ал әзірше (Хайбар жорығынан түскен) осы олжаны нәсіп етті және сендерге қас адамдардың суық қолын тигізбеді. (Алла мұны) мүміндер үшін (Алланың уәдесінің хақ екендігін көрсететін) айғақ болсын деп және сендерді тура жолға салу үшін (істеді).
وَأُخْرَىٰ لَمْ تَقْدِرُوا۟ عَلَيْهَا قَدْ أَحَاطَ ٱللَّهُ بِهَاۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣰا
Сонымен қатар, сендердің әзірге қолдарың жете қоймаған басқа да көптеген олжалар бар. Алла оларды да (шексіз ілімі әрі құдіретімен) қамтыған (һәм уақыты келгенде сендерге соның бәрін нәсіп етеді). Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.
وَلَوْ قَٰتَلَكُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَوَلَّوُا۟ ٱلْأَدْبَٰرَ ثُمَّ لَا يَجِدُونَ وَلِيࣰّا وَلَا نَصِيرࣰا
Егер күпірлік қылған мүшріктер (Худайбияда мәмілеге келмей) сендермен соғысқанда, (арындарыңа шыдай алмай) ту сыртын беріп қашар еді. Содан кейін өздеріне қорған болар бірде-бір дос та, қолдаушы да таба алмас еді.
سُنَّةَ ٱللَّهِ ٱلَّتِي قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلُۖ وَلَن تَجِدَ لِسُنَّةِ ٱللَّهِ تَبْدِيلࣰا
Алланың бұрыннан келе жатқан айнымас заңы һәм бұлтармайтын жолы, міне, осы. Алланың заңы мен жолынан ешқандай өзгеріс таппайсың!
وَهُوَ ٱلَّذِي كَفَّ أَيْدِيَهُمْ عَنكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ عَنْهُم بِبَطْنِ مَكَّةَ مِنۢ بَعْدِ أَنْ أَظْفَرَكُمْ عَلَيْهِمْۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرًا
Ол – Мекке алқабында сендерді мүшріктерден үстем етіп жеңіске жеткізген соң, олардың қолын сендерге, сендердің қолдарыңды оларға тигізбеген (Алла). Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көріп тұрады.
هُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَصَدُّوكُمْ عَنِ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِ وَٱلْهَدْيَ مَعْكُوفًا أَن يَبْلُغَ مَحِلَّهُۥۚ وَلَوْلَا رِجَالࣱ مُّؤْمِنُونَ وَنِسَآءࣱ مُّؤْمِنَٰتࣱ لَّمْ تَعْلَمُوهُمْ أَن تَطَـُٔوهُمْ فَتُصِيبَكُم مِّنْهُم مَّعَرَّةُۢ بِغَيْرِ عِلْمࣲۖ لِّيُدْخِلَ ٱللَّهُ فِي رَحْمَتِهِۦ مَن يَشَآءُۚ لَوْ تَزَيَّلُوا۟ لَعَذَّبْنَا ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنْهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Күпірлікте әбден табандағандар және сендерді Харам мешітіне жібермей, қаңтарулы тұрған құрбандық малдардың межелі жеріне жетуіне бөгет жасағандар, міне, солар. Егер онда (Меккеде) сендер танымайтын, танымайтындықтан (соғыс жағдайында) білместікпен таптап-жаншып өтіп, обалдарына қалуларың әбден мүмкін болған мүмін ерлер мен мүмін әйелдер тұрмағанда, (Алла сендерді мүшріктермен соғысудан тыймас еді). (Алайда Алла Меккедегі мүміндерге қауіп төнбес үшін және ондағы халықтың көбін түптің-түбінде тура жолға салу арқылы) қалағанын рақымына бөлеу үшін солай істеді. Егер сол кезде олардың (Меккедегі мүміндер мен кәпірлердің) ара-жігі ажырағанда, онда күпірлік қылғандарға міндетті түрде жан төзгісіз азап берер едік.
إِذْ جَعَلَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فِي قُلُوبِهِمُ ٱلْحَمِيَّةَ حَمِيَّةَ ٱلْجَٰهِلِيَّةِ فَأَنزَلَ ٱللَّهُ سَكِينَتَهُۥ عَلَىٰ رَسُولِهِۦ وَعَلَى ٱلْمُؤْمِنِينَ وَأَلْزَمَهُمْ كَلِمَةَ ٱلتَّقْوَىٰ وَكَانُوٓا۟ أَحَقَّ بِهَا وَأَهْلَهَاۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمࣰا
Күпірлік қылғандар жүректеріне (менмендік, рушылдық және өшпенділіктен туындаған) бірбет-кейлікті, надандық дәуірінің бірбеткейлігін ұялатқан шақта, Алла пайғамбарына һәм мүміндерге жан-дүниелерін тыныштыққа бөлеп, жүректерін орнықтырған рақымын төкті. Сондай-ақ тақуа сөзін (яғни, жүректеріндегі иман мен мойынсұнушылық сезімін) олардың ажырамас досы қылды. Негізінде, олар бұған (өзгелерге қарағанда) әбден лайық еді. Алла бәрін лайықты түрде біледі.
لَّقَدْ صَدَقَ ٱللَّهُ رَسُولَهُ ٱلرُّءْيَا بِٱلْحَقِّۖ لَتَدْخُلُنَّ ٱلْمَسْجِدَ ٱلْحَرَامَ إِن شَآءَ ٱللَّهُ ءَامِنِينَ مُحَلِّقِينَ رُءُوسَكُمْ وَمُقَصِّرِينَ لَا تَخَافُونَۖ فَعَلِمَ مَا لَمْ تَعْلَمُوا۟ فَجَعَلَ مِن دُونِ ذَٰلِكَ فَتْحࣰا قَرِيبًا
Шүбәсіз, Алла пайғамбарының көрген түсін растайды һәм оны міндетті түрде жүзеге асырады. Алла бұйырса, Харам мешітіне біреулерің шаштарыңды тақырлап алған, енді біреулерің қысқартқан күйде ешкімнен қорықпай емін-еркін кіретін боласыңдар. Алайда Алла сендер білмегенді білгендіктен, одан бұрын болатын жеңісті сендерге нәсіп етті.
هُوَ ٱلَّذِيٓ أَرْسَلَ رَسُولَهُۥ بِٱلْهُدَىٰ وَدِينِ ٱلْحَقِّ لِيُظْهِرَهُۥ عَلَى ٱلدِّينِ كُلِّهِۦۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدࣰا
(Хақ дінді) бүкіл діндерден үстем ету үшін пайғамбарын тура жол және хақ дінмен жіберген бір Өзі. Ендеше, (Исламның хақ дін, Мұхаммедтің хақ пайғамбар екеніне) куә ретінде бір Алла жеткілікті.
مُّحَمَّدࣱ رَّسُولُ ٱللَّهِۚ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥٓ أَشِدَّآءُ عَلَى ٱلْكُفَّارِ رُحَمَآءُ بَيْنَهُمْۖ تَرَىٰهُمْ رُكَّعࣰا سُجَّدࣰا يَبْتَغُونَ فَضْلࣰا مِّنَ ٱللَّهِ وَرِضْوَٰنࣰاۖ سِيمَاهُمْ فِي وُجُوهِهِم مِّنْ أَثَرِ ٱلسُّجُودِۚ ذَٰلِكَ مَثَلُهُمْ فِي ٱلتَّوْرَىٰةِۚ وَمَثَلُهُمْ فِي ٱلْإِنجِيلِ كَزَرْعٍ أَخْرَجَ شَطْـَٔهُۥ فَـَٔازَرَهُۥ فَٱسْتَغْلَظَ فَٱسْتَوَىٰ عَلَىٰ سُوقِهِۦ يُعْجِبُ ٱلزُّرَّاعَ لِيَغِيظَ بِهِمُ ٱلْكُفَّارَۗ وَعَدَ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ مِنْهُم مَّغْفِرَةࣰ وَأَجْرًا عَظِيمَۢا
Мұхаммед – Алланың елшісі. Онымен бірге болған мүміндер (күпірлікте табандаған қаскүнем) кәпірлерге тым қатал, ал өзара сондай мейірбан. Олардың әркез рукуғ жасап, сәждеге жығылып, Алланың шексіз рақымы мен разылығын тілегенін көресің. Олардың белгісі – жүздеріндегі сәжде ізі мен (иман) нұры. Бұл – олардың Тәураттағы сипаты. Ал Інжілдегі сипаты – бүршік атып, оны әлдендіріп, сағағын айыра әбден толықсып, тіп-тік сабағымен бой көтерген егін сияқты. Ол (егіннің бұлай өніп-өсіп, сағағын айырып бой көтеруі) диқандарды таңғалдырса, кәпірлер (оны көргенде) ашу-ызадан жарыла жаздайды. Алла олардың шынайы түрде иман келтіріп, игілікті істер істегендеріне кешірім һәм үлкен сый уәде етті.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.