حمٓ
Ха, Мим.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
حمٓ
Ха, Мим.
تَنزِيلُ ٱلْكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلْعَزِيزِ ٱلْحَكِيمِ
Бұл – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен әр үкімінде көптеген хикметтер болатын теңдессіз даналық иесі) Алладан бірте-бірте түсірілген Кітап.
مَا خَلَقْنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَآ إِلَّا بِٱلْحَقِّ وَأَجَلࣲ مُّسَمࣰّىۚ وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ عَمَّآ أُنذِرُوا۟ مُعْرِضُونَ
Біз күллі аспан әлемі мен жерді һәм екеуінің арасындағы жаратылыс атаулыны тек ақиқат, әділдік, хикмет және мінсіз жүйе негізінде, хақ мақсатта һәм белгілі бір уақытқа дейін жараттық. Алайда күпірлікте табандағандар қасарысып, өздеріне алдын-ала ескертілген (ақирет ақиқатынан) сырт айналуда.
قُلْ أَرَءَيْتُم مَّا تَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُوا۟ مِنَ ٱلْأَرْضِ أَمْ لَهُمْ شِرْكࣱ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِۖ ٱئْتُونِي بِكِتَٰبࣲ مِّن قَبْلِ هَٰذَآ أَوْ أَثَٰرَةࣲ مِّنْ عِلْمٍ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ
Ендеше, (сол мүшріктерге): «Алланы былай қалдырып, өздеріңше тәңір тұтып жалбарынған құдайларыңа қараңдаршы! Олар жердің қай бұрышын жаратыпты, қане көрсетіңдерші! Жоқ, әлде олар аспан әлемін жаратуда һәм меңгеруде Аллаға серіктес (ортақтас) болып па?! Егер (Алладан басқа да құдайлар бар деген) сенімдерің хақ, сөздерің рас болса, онда осы Құраннан бұрын түскен (сенімдерің мен сөздеріңді растайтын) қандай да бір кітап немесе (өткен пайғамбарлардан қалған) ілімнің сарқыншағын болса да әкеліңдерші!» – де.
وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّن يَدْعُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَن لَّا يَسْتَجِيبُ لَهُۥٓ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ وَهُمْ عَن دُعَآئِهِمْ غَٰفِلُونَ
Алланы былай қалдырып, дұға-мінәжатына қияметке дейін жауап бермейтін жалған тәңірлерге жалбарынған адамнан асқан адасқан бар ма?! Керек десең, жалбарынған тәңірлері олардың дұға-мінәжатынан мүлдем бейхабар.
وَإِذَا حُشِرَ ٱلنَّاسُ كَانُوا۟ لَهُمْ أَعْدَآءࣰ وَكَانُوا۟ بِعِبَادَتِهِمْ كَٰفِرِينَ
Адамдар қайта тірілтіліп, (жауапқа тартылу үшін ғарасат майданына) жиналғанда, (дүниеде тәңір тұтқан құдайлары) олардың өздеріне қас дұшпан болады һәм олардан ат-тонын ала қашып, олардың өздеріне табынғанын мүлдем жоққа шығарады.
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتࣲ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِلْحَقِّ لَمَّا جَآءَهُمْ هَٰذَا سِحْرࣱ مُّبِينٌ
Біздің мән-мағынасы анық аяттарымыз, алдарына келген ақиқаттың бәрін жоққа шығарушы кәпірлерге оқылғанда, олар: «Бұл – нағыз сиқыр», – деген еді.
أَمْ يَقُولُونَ ٱفْتَرَىٰهُۖ قُلْ إِنِ ٱفْتَرَيْتُهُۥ فَلَا تَمْلِكُونَ لِي مِنَ ٱللَّهِ شَيْـًٔاۖ هُوَ أَعْلَمُ بِمَا تُفِيضُونَ فِيهِۚ كَفَىٰ بِهِۦ شَهِيدَۢا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْۖ وَهُوَ ٱلْغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
Жоқ, әлде олар (сен жайлы): «Ол Құранды өз ойынан шығарған», – дей ме?! Ендеше, оларға: «Егер мен оны өз ойымнан шығарған болсам, онда (Алла көп ұзамай-ақ сазайымды береді, сонда) сендер қанша жерден қаласаңдар да, маған төнген Алланың жазасынан мені арашалап қала да алмайсыңдар. Алла сендердің Құранға қатысты не айтып, не қойып жүргендеріңді бәрінен де жақсы біледі. Сендер мен менің арамда (болған істерге) куә ретінде бір Өзі жеткілікті. Ол – Ғафур (құлдарының күнәлары қаншалықты ауыр болса да, тәубеге келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді)», – деп айт!
قُلْ مَا كُنتُ بِدْعࣰا مِّنَ ٱلرُّسُلِ وَمَآ أَدْرِي مَا يُفْعَلُ بِي وَلَا بِكُمْۖ إِنْ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّ وَمَآ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرࣱ مُّبِينࣱ
(Уа, Мұхаммед!) Сондай-ақ оларға: «Мен (ақи-қатты жар салу үшін) жіберілген алғашқы пайғамбар емеспін һәм өзімнен бұрынғы пайғамбарлар әкелмегенді әкеліп (сенім мәселесіне) жаңалық енгізген де емеспін. Мен келешекті де, өзімнің де, сендердің де бастарыңа не келіп, не қоятынын да (Алла Өзі білдірмейінше) білмеймін. Мен өзіме уахи етілгенді ғана басшылыққа аламын. Сондай-ақ мен (адамдарға ашық ескерту үшін келген) анық ескертуші ғанамын», – деп айт.
قُلْ أَرَءَيْتُمْ إِن كَانَ مِنْ عِندِ ٱللَّهِ وَكَفَرْتُم بِهِۦ وَشَهِدَ شَاهِدࣱ مِّنۢ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ عَلَىٰ مِثْلِهِۦ فَـَٔامَنَ وَٱسْتَكْبَرْتُمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلظَّٰلِمِينَ
Һәм оларға: «Егер бұл (Құран), шынымен, Алладан келіп, сендер оған сенбеген болсаңдар, сондай-ақ Исрайыл ұрпақтарынан да ақиқатқа көзі анық жеткен шынайы ғұламалар дәл сол сияқты бір кітаптың да Алладан келгеніне куә болып, Құранға иман келтіріп жатқанда, (ілімнен жұрдай болған) мына сендер тәкаппарланып оны мойындамай отырсаңдар, онда өздерің айтыңдаршы (сендердің бұл қылықтарың ашық адасушылық һәм барып тұрған зұлымдық емей немене)?!» – деп айт.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَوْ كَانَ خَيْرࣰا مَّا سَبَقُونَآ إِلَيْهِۚ وَإِذْ لَمْ يَهْتَدُوا۟ بِهِۦ فَسَيَقُولُونَ هَٰذَآ إِفْكࣱ قَدِيمࣱ
Күпірлікте табандаған қыңыр кәпірлер (өздерінше күпірліктеріне сылтау айтқан болып) мүміндерді нұсқап: «Егер бұл Құран, шынымен, қайырлы һәм пайдалы нәрсе болғанда, онда мыналар оған иман келтіру һәм оны басшылыққа алу мәселесінде бізден асып түсе алмас еді», – деп көкиді. Өздері Құран арқылы тура жолға түсе алмаған соң, оны жамандап: «Бұл есте жоқ ескі заманның көнетоз ертегісі», – деп айтады.
وَمِن قَبْلِهِۦ كِتَٰبُ مُوسَىٰٓ إِمَامࣰا وَرَحْمَةࣰۚ وَهَٰذَا كِتَٰبࣱ مُّصَدِّقࣱ لِّسَانًا عَرَبِيࣰّا لِّيُنذِرَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ وَبُشْرَىٰ لِلْمُحْسِنِينَ
Құраннан бұрын да (Исрайыл ұрпақтарын) тура жолға бастаушы жолбасшы һәм рақым ретінде Мұсаның кітабы бар болатын. Ал мына Құран болса, зұлымдық қылғандарды ескерту үшін және игілікке жаны құштар ізгі жандарға сүйінші ретінде таза араб тілінде түсірілген (Мұсаның кітабын) растаушы кітап.
إِنَّ ٱلَّذِينَ قَالُوا۟ رَبُّنَا ٱللَّهُ ثُمَّ ٱسْتَقَٰمُوا۟ فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
«Раббымыз – Алла», – деп иман айтқаннан кейін (шынайы иманның талабына сай сенімі, ниеті һәм іс-әрекеттері түзу болып) тұп-тура жолмен жүргендер үшін ешқандай қорқыныш жоқ, сондай-ақ олар әсте қайғы-мұңға душар болмайды.
أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلْجَنَّةِ خَٰلِدِينَ فِيهَا جَزَآءَۢ بِمَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Міне, солар – жаннаттықтар, олар (дүниеде) істеген игілікті істерінің қарымтасы ретінде онда мәңгі-бақи мекендейді.
وَوَصَّيْنَا ٱلْإِنسَٰنَ بِوَٰلِدَيْهِ إِحْسَٰنًاۖ حَمَلَتْهُ أُمُّهُۥ كُرْهࣰا وَوَضَعَتْهُ كُرْهࣰاۖ وَحَمْلُهُۥ وَفِصَٰلُهُۥ ثَلَٰثُونَ شَهْرًاۚ حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ أَشُدَّهُۥ وَبَلَغَ أَرْبَعِينَ سَنَةࣰ قَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِيٓ أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ ٱلَّتِيٓ أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَىٰ وَٰلِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَٰلِحࣰا تَرْضَىٰهُ وَأَصْلِحْ لِي فِي ذُرِّيَّتِيٓۖ إِنِّي تُبْتُ إِلَيْكَ وَإِنِّي مِنَ ٱلْمُسْلِمِينَ
Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны қинала жүріп (бірнеше ай) көтерді һәм қиналып босанды. Оның ана құрсағында жатуы мен емшектен шығуы (ең кемінде) отыз айға созылады. Сөйтіп, адам баласы есейіп, (тәндік һәм рухани жағынан) кемеліне келіп, қырықтың қырқасына шыққанда: «Уа, Раббым! Маған һәм ата-анама нәсіп еткен қисапсыз нығметтеріңе лайықты түрде шүкіршілік етуді және үнемі Өзіңді разы ететін игілікті істер істеуді көңіліме ұялатқайсың! Сондай-ақ маған (иманды, ата-анасын құрметтейтін) ізгі ұрпақ нәсіп еткейсің! Расында, мен тәубе етіп, бір Өзіңе жан-тәніммен бет бұрдым. Анығында, мен Өзіңе қалтқысыз мойынсұнғандардың бірімін», – деп айтады.
أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ نَتَقَبَّلُ عَنْهُمْ أَحْسَنَ مَا عَمِلُوا۟ وَنَتَجَاوَزُ عَن سَيِّـَٔاتِهِمْ فِيٓ أَصْحَٰبِ ٱلْجَنَّةِۖ وَعْدَ ٱلصِّدْقِ ٱلَّذِي كَانُوا۟ يُوعَدُونَ
Міне, олар – сондай ізгі жандар, Біз олардың істеген игі істерін қабыл алып, қарымтасын ең игі істеріне қарай қайтарамыз һәм күнә-қателіктерін толық кешеміз. Сөйтіп, оларды жаннаттықтардың қатарына қосамыз. Міне, бұл – оларға бұрын-соңды берілген хақ уәде!
وَٱلَّذِي قَالَ لِوَٰلِدَيْهِ أُفࣲّ لَّكُمَآ أَتَعِدَانِنِيٓ أَنْ أُخْرَجَ وَقَدْ خَلَتِ ٱلْقُرُونُ مِن قَبْلِي وَهُمَا يَسْتَغِيثَانِ ٱللَّهَ وَيْلَكَ ءَامِنْ إِنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقࣱّ فَيَقُولُ مَا هَٰذَآ إِلَّآ أَسَٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ
Сондай-ақ (адамдар арасында өзін имандылыққа шақырған) ата-анасына: «Түу, екеуіңнен (үгіт-насихаттарыңнан) әбден ығыр болдым. Сонда сендер мені өлгеннен кейін қайта тірілтіліп, көріңнен шығарыласың деп, қорқытасыңдар ма? Біле білсеңдер, менен бұрын да қаншама нәсілдер өтті, (қане, солардың қайсысы қайта тіріліп, көрінен шығып келді?!)» – деп зекитін (жетесіз) де бар. Сонда да байғұс ата-ана бауыр еті баласының тура жолға түсуін тілеп, пәруана болып, Аллаға жалбарынумен болады һәм оған: «Өз обалыңа өзің қалма! Иманға кел! Шүбәсіз, Алланың уағдасы хақ!» – деп шырылдайды. Ол болса: «Бұл бұрынғылардың аңыз-ертегісінен басқа түк те емес», – деп күпірлікте табандайды.
أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ حَقَّ عَلَيْهِمُ ٱلْقَوْلُ فِيٓ أُمَمࣲ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِم مِّنَ ٱلْجِنِّ وَٱلْإِنسِۖ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ خَٰسِرِينَ
Міне, солар – өздерінен бұрын өткен (дәл өздеріндей кәпір) жындар мен адамдардан құралған қауымдарға қатысты шығарылған һәм жүзеге асырылған азап үкіміне әбден лайық болғандар. Олар – мүлдем зиянға ұшырағандар.
وَلِكُلࣲّ دَرَجَٰتࣱ مِّمَّا عَمِلُوا۟ۖ وَلِيُوَفِّيَهُمْ أَعْمَٰلَهُمْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Әркімнің (мейлі мүмін, мейлі кәпір болсын, дүниеде) атқарған істеріне қарай өзіндік дәрежесі бар. Нәтижеде, Алла олардың қарымын толық қайтарады һәм ешкімге зұлымдық (әділетсіздік) жасалмайды.
وَيَوْمَ يُعْرَضُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ عَلَى ٱلنَّارِ أَذْهَبْتُمْ طَيِّبَٰتِكُمْ فِي حَيَاتِكُمُ ٱلدُّنْيَا وَٱسْتَمْتَعْتُم بِهَا فَٱلْيَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ ٱلْهُونِ بِمَا كُنتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ فِي ٱلْأَرْضِ بِغَيْرِ ٱلْحَقِّ وَبِمَا كُنتُمْ تَفْسُقُونَ
Күпірлікте табандағандар жаппай тозаққа жіберілетін күні: «Өздеріңе берілген бар игілікті дүниедегі тіршіліктеріңде ішіп-жеп, түгел тауыстыңдар және қызығын әбден көрдіңдер. Ал енді бүгін, жер бетінде орынсыз көкірек керіп тәкаппарланғандарың және асылық қылғандарың үшін қорлық азаппен жазаланасыңдар!» – деп айтылады.
۞وَٱذْكُرْ أَخَا عَادٍ إِذْ أَنذَرَ قَوْمَهُۥ بِٱلْأَحْقَافِ وَقَدْ خَلَتِ ٱلنُّذُرُ مِنۢ بَيْنِ يَدَيْهِ وَمِنْ خَلْفِهِۦٓ أَلَّا تَعْبُدُوٓا۟ إِلَّا ٱللَّهَ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمࣲ
(Уа, Мұхаммед!) Ад қауымының туысы (Һуд пайғамбарды) есіңе ал! Ол өзінен бұрын һәм кейін келген ескертуші пайғамбарлар сынды Ахқафтағы қауымын: «Бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер. Расында, мен сендерді алапат күннің азабына душар бола ма деп қорқамын», – деп ескерткен еді.
قَالُوٓا۟ أَجِئْتَنَا لِتَأْفِكَنَا عَنْ ءَالِهَتِنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
Сонда қауымы оған: «Сен бізді құдайларымыздан біржолата бездіру үшін келдің бе?! Егер айтқан сөзің рас болса, бізге сес көрсетіп, уәде еткен әлгі азабыңды келтірші, (маңдайымызға жазылған сол болса) көріп алайық», – деп қарсы шықты.
قَالَ إِنَّمَا ٱلْعِلْمُ عِندَ ٱللَّهِ وَأُبَلِّغُكُم مَّآ أُرْسِلْتُ بِهِۦ وَلَٰكِنِّيٓ أَرَىٰكُمْ قَوْمࣰا تَجْهَلُونَ
Һуд оларға: «(Бастарыңа келетін сол бір алапат азаптың уақытына қатысты) нақты мәлімет бір Алланың ғана құзырында. Мен сендерге (пайғамбар ретінде) не нәрсемен (яғни, қандай нұсқаумен) жіберілген болсам, соны ғана жеткіземін. Алайда мен сендерді наданның ісін істейтін қауым деп білемін», – деп жауап берді.
فَلَمَّا رَأَوْهُ عَارِضࣰا مُّسْتَقْبِلَ أَوْدِيَتِهِمْ قَالُوا۟ هَٰذَا عَارِضࣱ مُّمْطِرُنَاۚ بَلْ هُوَ مَا ٱسْتَعْجَلْتُم بِهِۦۖ رِيحࣱ فِيهَا عَذَابٌ أَلِيمࣱ
Ақырында, олар (өздері тілеген) азаптың көкжиекті қаптаған бұлт кейпінде өздері жайлаған алқапқа қарай бет алып келе жатқанын көргенде: «Бұл – бізге жауын әкелетін бұлт», – десті. Сонда Һуд: «Жо-жоқ, ол – өздерің тезірек келсе екен деп, асыға күткен алапат азап. Ол сондай сұрапыл дауыл – ішінде жан төзгісіз азап бар».
تُدَمِّرُ كُلَّ شَيْءِۭ بِأَمْرِ رَبِّهَا فَأَصْبَحُوا۟ لَا يُرَىٰٓ إِلَّا مَسَٰكِنُهُمْۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْقَوْمَ ٱلْمُجْرِمِينَ
«Ол Раббысының пәрменімен бәрін жермен-жексен қылады», – деді. Нәтижеде, (олардың күлі көкке ұшып, тұқымы тұздай құрыды, сөйтіп, кезінде дәурен кешкен жерлерінде) жермен-жексен болған жұрттарынан басқа көзге ілінер еш нәрсе қалмады. Біз (күнәдан көз ашпаған) күнәһар қауымды, міне, осылай жазалаймыз.
وَلَقَدْ مَكَّنَّٰهُمْ فِيمَآ إِن مَّكَّنَّٰكُمْ فِيهِ وَجَعَلْنَا لَهُمْ سَمْعࣰا وَأَبْصَٰرࣰا وَأَفْـِٔدَةࣰ فَمَآ أَغْنَىٰ عَنْهُمْ سَمْعُهُمْ وَلَآ أَبْصَٰرُهُمْ وَلَآ أَفْـِٔدَتُهُم مِّن شَيْءٍ إِذْ كَانُوا۟ يَجْحَدُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
Расында, оларға (дүние-байлық, күш-қуат тұрғысынан) сендерге бермеген мүмкіндіктерді нәсіп еткен едік. Сондай-ақ (сендерге бергеніміздей) оларға да есту қабілетін, көру қабілетін һәм жүректегі сан алуан сезімдер нәсіп еттік. Алайда олардың құлақтары да, көздері де, жүректері де өздеріне титтей де пайда бермеді. Өйткені олар біле тұра Алланың аяттарына сенбейтін. Ақырында, өздері мазаққа айналдырған сол бір алапат азап өздеріне мықтап тұрып құрсау салды.
وَلَقَدْ أَهْلَكْنَا مَا حَوْلَكُم مِّنَ ٱلْقُرَىٰ وَصَرَّفْنَا ٱلْـَٔايَٰتِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
(Уа, Меккеліктер!) Біле білсеңдер, Біз кезінде маңайларыңдағы талай елді мекеннің күлін көкке ұшырдық. (Алайда олардың күлін көкке ұшырмай тұрып), бәлкім, райынан қайтып, хақ жолға түсер деп (өздеріне ақиқатты паш ететін) анық аяттарды әр алуан жолдармен жан-жақты һәм жиі баяндап бақтық.
فَلَوْلَا نَصَرَهُمُ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ قُرْبَانًا ءَالِهَةَۢۖ بَلْ ضَلُّوا۟ عَنْهُمْۚ وَذَٰلِكَ إِفْكُهُمْ وَمَا كَانُوا۟ يَفْتَرُونَ
Өздерін (Хақ тағалаға) жақындатады деп, Алланы былай қалдырып, тәңір тұтқан құдайлары оларға медет берсе болмас па еді?! (Сенген құдайлары) қолұшын бермек түгіл, оларды тәрк етіп, көзден ғайып болды. Міне, бұл – олардың ойдан шығарған өтіріктері мен (Аллаға) жапқан жалаларының нәтижесі.
وَإِذْ صَرَفْنَآ إِلَيْكَ نَفَرࣰا مِّنَ ٱلْجِنِّ يَسْتَمِعُونَ ٱلْقُرْءَانَ فَلَمَّا حَضَرُوهُ قَالُوٓا۟ أَنصِتُوا۟ۖ فَلَمَّا قُضِيَ وَلَّوْا۟ إِلَىٰ قَوْمِهِم مُّنذِرِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Есіңде болса, кезінде бір топ жынды Құран тыңдасын деп, өзіңе бағыттаған едік. Олар Құранды тыңдайтын жерге келгенде, бір-біріне: «Тыныш, тыңдаңдар!» – деп, (Құранға құлақ асты). Құран оқылып болған соң, өз қауымдарына ескертуші ретінде кері қайтты.
قَالُوا۟ يَٰقَوْمَنَآ إِنَّا سَمِعْنَا كِتَٰبًا أُنزِلَ مِنۢ بَعْدِ مُوسَىٰ مُصَدِّقࣰا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِ يَهْدِيٓ إِلَى ٱلْحَقِّ وَإِلَىٰ طَرِيقࣲ مُّسْتَقِيمࣲ
Қауымдарына барып: «Уа, қауымымыз! Біз, шынында, Мұсадан кейін түсірілген, өзінен бұрынғы иләһи кітаптарды растаушы, ақиқатқа және тура жолға бастайтын кітапты тыңдап қайттық».
يَٰقَوْمَنَآ أَجِيبُوا۟ دَاعِيَ ٱللَّهِ وَءَامِنُوا۟ بِهِۦ يَغْفِرْ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمْ وَيُجِرْكُم مِّنْ عَذَابٍ أَلِيمࣲ
«Уа, қаумымыз! Алла жаршысының осынау шақыруын қабыл алыңдар және оған иман келтіріңдер, сол арқылы Алла тағала күнәларыңды кешсін һәм сендерді жан төзгісіз азаптан сақтасын».
وَمَن لَّا يُجِبْ دَاعِيَ ٱللَّهِ فَلَيْسَ بِمُعْجِزࣲ فِي ٱلْأَرْضِ وَلَيْسَ لَهُۥ مِن دُونِهِۦٓ أَوْلِيَآءُۚ أُو۟لَٰٓئِكَ فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينٍ
«Алла жаршысының шақыруына құлақ аспаған адам жер бетінде Алланы шарасыз күйге түсіре алмайтынын (яғни, еш уақытта Алланың ерік-қалауы мен үкіміне қарсы келе де, құрығынан құтыла да алмайтынын) біліп қойсын. Сондай-ақ оның Одан басқа медеткер досы да, қорғаны да болмайды. Міне, солар анық адасуда», – деп жар салды.
أَوَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّ ٱللَّهَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَلَمْ يَعْيَ بِخَلْقِهِنَّ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يُحْـِۧيَ ٱلْمَوْتَىٰۚ بَلَىٰٓۚ إِنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ
Сонда кәпірлер, аспан әлемі мен жерді жоқтан жаратқан һәм оларды жаратқанда мүлдем шаршамаған Алланың өлілерді қайта тірілтуге толық құдіретті екенін көрмей ме?! Иә, солай, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.
وَيَوْمَ يُعْرَضُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ عَلَى ٱلنَّارِ أَلَيْسَ هَٰذَا بِٱلْحَقِّۖ قَالُوا۟ بَلَىٰ وَرَبِّنَاۚ قَالَ فَذُوقُوا۟ ٱلْعَذَابَ بِمَا كُنتُمْ تَكْفُرُونَ
Күпірлікте табандағандар жаппай тозаққа тосылатын (ұсынылатын) күні оларға: «Қане, бұл (тозақ) ақиқат па екен, емес пе екен?!» – делінеді. Олар: «Раббымызға ант етейік, әлбетте, хақ!» – деп жауап береді. Сонда Алла оларға: «Ендеше, (өмір бойы) күпірлік қылғандарың үшін (жаһаннам) азабының дәмін татыңдар», – деп айтады.
فَٱصْبِرْ كَمَا صَبَرَ أُو۟لُوا۟ ٱلْعَزْمِ مِنَ ٱلرُّسُلِ وَلَا تَسْتَعْجِل لَّهُمْۚ كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَ مَا يُوعَدُونَ لَمْ يَلْبَثُوٓا۟ إِلَّا سَاعَةࣰ مِّن نَّهَارِۭۚ بَلَٰغࣱۚ فَهَلْ يُهْلَكُ إِلَّا ٱلْقَوْمُ ٱلْفَٰسِقُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Олай болса, осы жолда барынша сабырлылық танытқан жігерлі пайғамбарлар сынды сен де сабырлылық таныт. Кәпірлерге қатысты (кесімді үкім тезірек шықса екен деп) асықпа. Олар өздеріне уәде етілген азапты көрген күні дүниеде күндіз бір-ақ сағат тұрақтаған екенбіз деген ойға қалады. Біле білгенге бұл – анық насихат. Ендеше, тура жолдан тайған асы қауымның көзі жойылмағанда кімнің көзі жойылады дейсің?!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.