Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран44. Духан
44 · сүре

Духан

59 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

حمٓ

Ха, Мим.

2

وَٱلْكِتَٰبِ ٱلْمُبِينِ

Ақиқатты ашық баяндайтын осынау ап-айқын Кітапқа серт!

3

إِنَّآ أَنزَلْنَٰهُ فِي لَيْلَةࣲ مُّبَٰرَكَةٍۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ

Біз оны құт-берекеге толы қасиетті түнде түсірдік. Біз (сол арқылы ақиқаттан сырт айналғандарды) ескертудеміз.

4

فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ

Сол түні (Алланың) хикметімен тағдырға жазылған әрбір іс нақтыланатын болады.

5

أَمْرࣰا مِّنْ عِندِنَآۚ إِنَّا كُنَّا مُرْسِلِينَ

Біздің тікелей бұйрығымызбен нақтыланады. Біз (құлдарымыз тура жолға түссін деп, періштелер мен адамдардың арасынан) үнемі пайғамбарлар жіберудеміз.

6

رَحْمَةࣰ مِّن رَّبِّكَۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

Міне, бұл Раббыңның (құлдарына деген) рақымы. Шүбәсіз, Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білуші, шексіз ілім иесі)!

7

رَبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ

Егер сендер (пайғамбарларымыз бен кітаптарымызға) қалтқысыз кәміл сенетін болсаңдар, онда біліп қойыңдар, Алла – күллі аспан әлемі мен жердің және екеуінің арасындағы бар нәрсенің Раббысы.

8

لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحْيِۦ وَيُمِيتُۖ رَبُّكُمْ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلْأَوَّلِينَ

Одан басқа құдай жоқ! Жан бітіріп, өмір сыйлайтын да, өлтіретін де бір Өзі. Ол – сендердің де, өздеріңнен бұрын өткен ата-баларыңның да Раббысы.

9

بَلْ هُمْ فِي شَكࣲّ يَلْعَبُونَ

Алайда олар (кәпірлер) күмәнға берілуде һәм пайдасыз сауық-сайран мен орынсыз ойын-күлкіге алданып, күндерін өткізуде.

10

فَٱرْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي ٱلسَّمَآءُ بِدُخَانࣲ مُّبِينࣲ

(Уа, Мұхаммед!) Олай болса, көктен анық қою түтін шығатын күнді күте бер!

11

يَغْشَى ٱلنَّاسَۖ هَٰذَا عَذَابٌ أَلِيمࣱ

Адамдардың бәрін жаппай басып қалатын түтін. Сонда олар: «Бұл неткен жан төзгісіз азап еді?!»

12

رَّبَّنَا ٱكْشِفْ عَنَّا ٱلْعَذَابَ إِنَّا مُؤْمِنُونَ

«Уа, Раббымыз! Еңсемізді езген мына азаптың бетін қайтара көр! Біз енді, шынымен де, иман келтірдік», – деп зар илеп жалбарынады.

13

أَنَّىٰ لَهُمُ ٱلذِّكْرَىٰ وَقَدْ جَآءَهُمْ رَسُولࣱ مُّبِينࣱ

(Басқа тиген соққыдан) ғибрат алып, иманға келу олардың не теңі десеңші?! Анығында, оларға ақиқатты ашып түсіндіретін, (Хақтан келгендігі) ап-айқын пайғамбар келген еді.

14

ثُمَّ تَوَلَّوْا۟ عَنْهُ وَقَالُوا۟ مُعَلَّمࣱ مَّجْنُونٌ

Алайда олар одан сырт айналып: «Бұл дәу де болса, үйретілген жынды», – десті.

15

إِنَّا كَاشِفُوا۟ ٱلْعَذَابِ قَلِيلًاۚ إِنَّكُمْ عَآئِدُونَ

Солай-ақ делік, еңселеріңді езген осынау азаптың бетін бір сәтке қайтарайық. Алайда көп ұзамай-ақ қайтадан сол бәз-баяғы қалыптарыңа түсетіндерің даусыз.

16

يَوْمَ نَبْطِشُ ٱلْبَطْشَةَ ٱلْكُبْرَىٰٓ إِنَّا مُنتَقِمُونَ

Күні келгенде (қиямет күні) оларды пәрменді күшпен бас салып, сазайын береміз.

17

۞وَلَقَدْ فَتَنَّا قَبْلَهُمْ قَوْمَ فِرْعَوْنَ وَجَآءَهُمْ رَسُولࣱ كَرِيمٌ

Біз олардан бұрын Перғауынның қауымын да сан қилы азапқа салып сынаған едік. Оларға да ардақты пайғамбар келген болатын.

18

أَنْ أَدُّوٓا۟ إِلَيَّ عِبَادَ ٱللَّهِۖ إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينࣱ

Пайғамбар оларға: «Қоластыңдағы Алланың құлдарын маған табыстап, қоя беріңдер. Шүбәсіз, мен өздеріңе келген сенімді пайғамбармын».

19

وَأَن لَّا تَعْلُوا۟ عَلَى ٱللَّهِۖ إِنِّيٓ ءَاتِيكُم بِسُلْطَٰنࣲ مُّبِينࣲ

«(Ендеше, менің пайғамбарлығымды жоққа шығару арқылы) Аллаға қарсы келуші болмаңдар. Мен сендерге ап-айқын дәлелмен (мұғжизамен) келдім».

20

وَإِنِّي عُذْتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُمْ أَن تَرْجُمُونِ

«Мені тас боранның астына алуларыңнан (сақтай көр деп) менің де Раббым, сендердің де Раббыларың болған Алладан пана тілеймін».

21

وَإِن لَّمْ تُؤْمِنُوا۟ لِي فَٱعْتَزِلُونِ

«Егер де маған иланбасаңдар, онда маған тиіспей жайларыңа жүріңдер», – деді.

22

فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنَّ هَٰٓؤُلَآءِ قَوْمࣱ مُّجْرِمُونَ

Содан Мұса: «(Уа, Раббым!) Бұлар, шынында да, барып тұрған күнәһар қауым екен!» – деп, Раббысына жалбарынып, медет тіледі.

23

فَأَسْرِ بِعِبَادِي لَيْلًا إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ

Ақырында Раббысы Мұсаға: «Құлдарымды ертіп, түнделетіп жолға шық. Өйткені соңдарыңнан сөзсіз қуғын түседі», – деп аян берді.

24

وَٱتْرُكِ ٱلْبَحْرَ رَهْوًاۖ إِنَّهُمْ جُندࣱ مُّغْرَقُونَ

«(Сөйтіп, Мұса қауымымен бірге түнделетіп жолға шығып, Раббысының қолдауымен теңіздің арғы бетіне өтіп алған соң, Алла оған:) «Ал енді теңізді осылай ортасынан қақ жарылған қалпында қалдыр. Өйткені (қуғыншылар) жаппай су түбіне батып кететін әскер», – деп, аян берді.

25

كَمْ تَرَكُوا۟ مِن جَنَّٰتࣲ وَعُيُونࣲ

(Су түбіне кеткен Перғауын мен шонжарлары) арттарында қаншама (көз жауын алатын) бау-бақшалар мен (суы балдай) қайнар бұлақтар қалдырды десеңші.

26

وَزُرُوعࣲ وَمَقَامࣲ كَرِيمࣲ

Сондай-ақ арттарында қаншама егістік жерлер, қаншама жанға жайлы салтанатты сарайлар,

27

وَنَعْمَةࣲ كَانُوا۟ فِيهَا فَٰكِهِينَ

және басқа да рақатына батып, қызығын көріп отырған қаншама ағыл-тегіл нығметтер қалды десеңші!

28

كَذَٰلِكَۖ وَأَوْرَثْنَٰهَا قَوْمًا ءَاخَرِينَ

Иә, солай болды, ақыр соңында (аталмыш нығметтерді) басқа қауымға (Исрайыл ұрпақтарына) мұра етіп қалдырдық.

29

فَمَا بَكَتْ عَلَيْهِمُ ٱلسَّمَآءُ وَٱلْأَرْضُ وَمَا كَانُوا۟ مُنظَرِينَ

Көк те, жер де оларды жоқтап жыламады. (Өздері тілеп алған азап үкімі шыққан соң) оларға мұрсат та берілмеді.

30

وَلَقَدْ نَجَّيْنَا بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ مِنَ ٱلْعَذَابِ ٱلْمُهِينِ

Ал Исрайыл ұрпақтарына келсек, шүбәсіз, Біз оларды қор ететін азаптан құтқардық.

31

مِن فِرْعَوْنَۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَالِيࣰا مِّنَ ٱلْمُسْرِفِينَ

Перғауыннан құтқардық. Шүбәсіз, ол тым тәкаппар һәм шектен шыққан озбыр еді.

32

وَلَقَدِ ٱخْتَرْنَٰهُمْ عَلَىٰ عِلْمٍ عَلَى ٱلْعَٰلَمِينَ

Біз Исрайыл ұрпақтарының мерейін (Мұса және одан кейін келген Дәуіт, Сүлеймен сынды пайғамбарлар дәуірінде) өзге қауымдардан ілім негізінде үстем қылдық. (Яғни, сол дәуірлердегі Исрайыл ұрпақтарының сенімі мен рухани деңгейінің өзге қауымдардан әлдеқайда жоғары екенін білгендіктен олардың мерейін үстем қылдық).

33

وَءَاتَيْنَٰهُم مِّنَ ٱلْـَٔايَٰتِ مَا فِيهِ بَلَٰٓؤࣱا۟ مُّبِينٌ

Сонымен қатар, оларға көптеген мұғжиза бердік. Сол мұғжизаларда олар үшін анық сынақ бар болатын.

34

إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَيَقُولُونَ

Ал мына (Меккелік мүшріктер болса) бүй дейді:

35

إِنْ هِيَ إِلَّا مَوْتَتُنَا ٱلْأُولَىٰ وَمَا نَحْنُ بِمُنشَرِينَ

«Біз бір-ақ рет өлеміз, одан кейін біз үшін қайтадан тірілтілу деген жоқ».

36

فَأْتُوا۟ بِـَٔابَآئِنَآ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

«Егер айтқандарың рас болса, қане, ата-бабаларымызды тірілтіп әкеліңдерші, көрейік».

37

أَهُمْ خَيْرٌ أَمْ قَوْمُ تُبَّعࣲ وَٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ أَهْلَكْنَٰهُمْۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ مُجْرِمِينَ

Олар мықты ма, жоқ, әлде Тубба халқы және өздерінен бұрын өткен өзге қауымдар мықты ма еді?! Біз (сол мықтылардың) бәрінің көзін жойдық. Өйткені олар күнәға белшеден батқан, барып тұрған тозақы қауымдар еді.

38

وَمَا خَلَقْنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا لَٰعِبِينَ

Біз аспан әлемі мен жерді және екеуінің арасын-дағы бар жаратылысты ермек үшін жаратпадық.

39

مَا خَلَقْنَٰهُمَآ إِلَّا بِٱلْحَقِّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

Біз оларды ақиқат, хикмет һәм теңдесі жоқ мінсіз жүйе негізінде хақ мақсатта жараттық. Алайда олардың (адамдардың) көбі мұны білмейді.

40

إِنَّ يَوْمَ ٱلْفَصْلِ مِيقَٰتُهُمْ أَجْمَعِينَ

Ақиқат пен жалғанның, (мүміндер мен кәпірлердің) ара-жігі ажыратылып, кесімді үкім шығарылатын күн – күллі адамзаттың ғарасат майданына жиналатын күні.

41

يَوْمَ لَا يُغْنِي مَوْلًى عَن مَّوْلࣰى شَيْـࣰٔا وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ

Ол күні достың досқа мысқалдай да септігі тимейді, сондай-ақ ол күні жан баласына жәрдем көрсетілмейді.

42

إِلَّا مَن رَّحِمَ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Алайда Алланың Өзі рақымына бөлеген жандардың жөні бөлек. Шүбәсіз, Алла – Азиз (ұлы әрі шексіз үстемдік иесі), Рахим (мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

43

إِنَّ شَجَرَتَ ٱلزَّقُّومِ

Расында, заққұм ағашы –

44

طَعَامُ ٱلْأَثِيمِ

күнәһарлардың азығы.

45

كَٱلْمُهْلِ يَغْلِي فِي ٱلْبُطُونِ

Ол күнәһарлардың қарнында бейне бір балқыған мыстай қайнайды.

46

كَغَلْيِ ٱلْحَمِيمِ

Іштерінде су қайнағандай бұрқ-сарқ қайнайды.

47

خُذُوهُ فَٱعْتِلُوهُ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلْجَحِيمِ

«(Әй, азап періштелері! Күнәға белшесінен батқан тозақы кәпірді) жалындаған жаһаннамның қақ ортасына сүйреп апарыңдар!»

48

ثُمَّ صُبُّوا۟ فَوْقَ رَأْسِهِۦ مِنْ عَذَابِ ٱلْحَمِيمِ

«Содан соң бұрқ-сарқ қайнаған азап суын тас төбесінен құйыңдар!»

49

ذُقْ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْكَرِيمُ

(Содан кейін әлгі кәпірге): «Ал енді (жаһаннам азабының дәмін) тат! Сен (дүниеде өз пайымдауыңша бәрінен) үстем әрі құдіретті һәм асыл текті бекзат емес пе едің?!»

50

إِنَّ هَٰذَا مَا كُنتُم بِهِۦ تَمْتَرُونَ

«Сендердің өздеріңше күмәнмен қарап, жалғанға шығарып келген нәрселерің, міне, осы!» – (делінеді).

51

إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِي مَقَامٍ أَمِينࣲ

Ал Аллаға лайықты түрде тағзым ететін, Оның алдында асылық етуден барынша сақтанатын тақуа жандар болса, (азап атаулыдан ада) қауіпсіз жерде болады.

52

فِي جَنَّٰتࣲ وَعُيُونࣲ

Олар жұмақ бақшаларында, бастаулардың басында болады.

53

يَلْبَسُونَ مِن سُندُسࣲ وَإِسْتَبْرَقࣲ مُّتَقَٰبِلِينَ

Үлбіреген жұқалтым жібек пен жалтылдаған атластан тігілген киім киіп, (яғни, үлде мен бүлдеге оранып, орынтақтарға шалқая түсіп, мейірлене) бір-біріне қарасып отырады.

54

كَذَٰلِكَ وَزَوَّجْنَٰهُم بِحُورٍ عِينࣲ

Иә, солай, сондай-ақ оларға құралай көз хор қыздарынан пәк жұбайлар нәсіп етеміз.

55

يَدْعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَٰكِهَةٍ ءَامِنِينَ

Олар онда ешкімнен һәм еш нәрседен қорықпай және қысылып-қымтырылмай жайбарақат отырып, көңілдері соғатын жемістер мен нығметтердің түр-түрін алдыратын болады.

56

لَا يَذُوقُونَ فِيهَا ٱلْمَوْتَ إِلَّا ٱلْمَوْتَةَ ٱلْأُولَىٰۖ وَوَقَىٰهُمْ عَذَابَ ٱلْجَحِيمِ

Олар (жалған дүниемен қош айтысарда дәмін татқан) алғашқы өлімді былай қойғанда онда өлімнің дәмін әсте татпайтын болады. Сондай-ақ Алла оларды жалындаған жаһаннам азабынан мәңгі-бақи сақтайды.

57

فَضْلࣰا مِّن رَّبِّكَۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ

Міне, бұл Раббыңның (тақуа құлдарына деген) шексіз шарапаты! Зор жетістік, толайым табыс деген, міне, осы!

58

فَإِنَّمَا يَسَّرْنَٰهُ بِلِسَانِكَ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ

(Уа, Мұхаммед! Құлдарым осынау зор жетістікке жету үшін) ақылға салып ойлансын һәм лайықты түрде ғибрат алсын деп, осынау Құранды тілін жатық қылып, өз тіліңде түсірдік.

59

فَٱرْتَقِبْ إِنَّهُم مُّرْتَقِبُونَ

(Егер олар сонда да күпірлікте табандайтын болса), онда (көп кешікпей-ақ бастарына туатын азапты күнді) күте бер! Өйткені олар да (сенің сөзің мен дағуаңның өтірік болып шыққанын) күтуде.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play