Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран41. Фуссилат
41 · сүре

Фуссилат

54 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

حمٓ

Ха, Мим.

2

تَنزِيلࣱ مِّنَ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

Бұл – Рахман (күллі жаратылысты шексіз рақымына бөлеген), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді) Алладан бірте-бірте түсірілген Кітап.

3

كِتَٰبࣱ فُصِّلَتْ ءَايَٰتُهُۥ قُرْءَانًا عَرَبِيࣰّا لِّقَوْمࣲ يَعْلَمُونَ

Бұл – ілімнің жөн-жосығын (һәм араб тілінің бар ерекшелігі мен қасиетін) жақсы білетін әрбір қауым үшін аяттары ашық баяндалған, жүйелі түрде тізілген, таза да көркем араб тілінде оқылатын Кітап.

4

بَشِيرࣰا وَنَذِيرࣰا فَأَعْرَضَ أَكْثَرُهُمْ فَهُمْ لَا يَسْمَعُونَ

Сондай-ақ ол (мүміндерді) сүйіншілеуші һәм (адасқандарды) ескертуші ретінде түсірілген Кітап. Алайда олардың (Меккеліктердің) дені одан сырт айналуда әрі оған мүлдем құлақ аспауда.

5

وَقَالُوا۟ قُلُوبُنَا فِيٓ أَكِنَّةࣲ مِّمَّا تَدْعُونَآ إِلَيْهِ وَفِيٓ ءَاذَانِنَا وَقْرࣱ وَمِنۢ بَيْنِنَا وَبَيْنِكَ حِجَابࣱ فَٱعْمَلْ إِنَّنَا عَٰمِلُونَ

Олар пайғамбарға: «Сенің бізді үндеп жүрген сеніміңе жүректеріміз мүлдем жабық, жүректеріміз қат-қабат қаптаманың ішінде, құлақтарымыз саңырау және сені мен біздің арамызда перде бар. Олай болса, білгеніңді істе! Біз де өз білгенімізді істейміз», – деді.

6

قُلْ إِنَّمَآ أَنَا۠ بَشَرࣱ مِّثْلُكُمْ يُوحَىٰٓ إِلَيَّ أَنَّمَآ إِلَٰهُكُمْ إِلَٰهࣱ وَٰحِدࣱ فَٱسْتَقِيمُوٓا۟ إِلَيْهِ وَٱسْتَغْفِرُوهُۗ وَوَيْلࣱ لِّلْمُشْرِكِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Мен де сендер сияқты адам баласымын, (менің сендерден бір ғана айырмашылығым) маған: «Құдайларың – жалғыз Құдай», – деген уахи келеді. Ендеше Оған тұп-тура бет алыңдар және Одан (күнәларың үшін) кешірім тілеңдер», – де-гін. Аллаға өзгелерді серік етіп қосатын мүшріктер қараң қалсын!

7

ٱلَّذِينَ لَا يُؤْتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَهُم بِٱلْـَٔاخِرَةِ هُمْ كَٰفِرُونَ

Олар дүниелерінен зекет бермейді, ақиретті де мүлдем жоққа шығарады.

8

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمْ أَجْرٌ غَيْرُ مَمْنُونࣲ

Ал иман келтіріп, игілікті істер істейтіндерге келсек, оларға әсте түгесілмейтін қисапсыз сый-сияпат бар.

9

۞قُلْ أَئِنَّكُمْ لَتَكْفُرُونَ بِٱلَّذِي خَلَقَ ٱلْأَرْضَ فِي يَوْمَيْنِ وَتَجْعَلُونَ لَهُۥٓ أَندَادࣰاۚ ذَٰلِكَ رَبُّ ٱلْعَٰلَمِينَ

Оларға: «Сонда сендер жер бетін екі күнде жаратқан Алланы, шынымен, жоққа шығарып, Оған өзгелерді тең тұтасыңдар ма?! Ол күллі әлемнің, күллі жаратылыс атаулының Раббысы!»

10

وَجَعَلَ فِيهَا رَوَٰسِيَ مِن فَوْقِهَا وَبَٰرَكَ فِيهَا وَقَدَّرَ فِيهَآ أَقْوَٰتَهَا فِيٓ أَرْبَعَةِ أَيَّامࣲ سَوَآءࣰ لِّلسَّآئِلِينَ

«Ол жер бетіне мызғымас тауларды орнатып, жерге құт-береке дарытты. Сондай-ақ онда Өзінен ризық-несібе тілеуші күллі жаратылыс атаулының бар азығы мен мұң-мұқтажы тұп-тура төрт күнде (яғни, төрт мезгілде) өтелетін етіп жазды (бекітті)».

11

ثُمَّ ٱسْتَوَىٰٓ إِلَى ٱلسَّمَآءِ وَهِيَ دُخَانࣱ فَقَالَ لَهَا وَلِلْأَرْضِ ٱئْتِيَا طَوْعًا أَوْ كَرْهࣰا قَالَتَآ أَتَيْنَا طَآئِعِينَ

Содан кейін (шексіз ілімін, қалауын, құдіреті мен шарапатын) ол кезде тұмандық (газ бұлты күйінде) болған көкке бұрды (қаратты) да көк пен жерге: «Мейлі өз еріктеріңмен, мейлі еріксіз түрде болсын келіңдер (әміріме мойынсұныңдар)!» – деп, бұйырды. Сонда олар: «Біз әміріңе мойынсұнған күйде өз еркімізбен келдік», – деді.

12

فَقَضَىٰهُنَّ سَبْعَ سَمَٰوَاتࣲ فِي يَوْمَيْنِ وَأَوْحَىٰ فِي كُلِّ سَمَآءٍ أَمْرَهَاۚ وَزَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنْيَا بِمَصَٰبِيحَ وَحِفْظࣰاۚ ذَٰلِكَ تَقْدِيرُ ٱلْعَزِيزِ ٱلْعَلِيمِ

Сөйтіп, Ол (газ бұлты күйіндегі тұмандық) көкті екі күнде жеті қат көк етіп толық қалыптастырды да, әр аспанға өз ісін білдіріп, аян берді. Содан Біз (жерге) ең жақын дүниенің аспанын шам-шырақтармен (жұлдыздармен) безендірдік һәм оны (сөгіліп, құлаудан әрі періштелердің сөзін есту үшін ұрланып тың тыңдайтын жын-шайтандардан) қорыдық. Міне, мұның бәрі Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Алим (шексіз ілім иесі) болған Алланың жазғаны.

13

فَإِنْ أَعْرَضُوا۟ فَقُلْ أَنذَرْتُكُمْ صَٰعِقَةࣰ مِّثْلَ صَٰعِقَةِ عَادࣲ وَثَمُودَ

Егер олар әлі де (үндеуіңе құлақ аспай) сырт айналса, оларға: «Мен сендерді Ад пен Сәмуд қауымының төбесіне түскен жай отындай алапат азаптан сақтандырудамын», – де.

14

إِذْ جَآءَتْهُمُ ٱلرُّسُلُ مِنۢ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ وَمِنْ خَلْفِهِمْ أَلَّا تَعْبُدُوٓا۟ إِلَّا ٱللَّهَۖ قَالُوا۟ لَوْ شَآءَ رَبُّنَا لَأَنزَلَ مَلَٰٓئِكَةࣰ فَإِنَّا بِمَآ أُرْسِلْتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ

Пайғамбарлар қолдарындағы бар мүмкіндікті пайдаланып, ақиқаттың бар дәлелін алдарына тарта отырып, оларға: «Алладан өзгеге табынбаңдар!» – дегенде, олар: «Егер Раббымыз (бізге пайғамбар жіберуді) қаласа, періштелерді түсірер еді. Ендеше, біз сендер әкелгеннің бәрін жоққа шығарамыз», – деп айтты.

15

فَأَمَّا عَادࣱ فَٱسْتَكْبَرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ بِغَيْرِ ٱلْحَقِّ وَقَالُوا۟ مَنْ أَشَدُّ مِنَّا قُوَّةًۖ أَوَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّ ٱللَّهَ ٱلَّذِي خَلَقَهُمْ هُوَ أَشَدُّ مِنْهُمْ قُوَّةࣰۖ وَكَانُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا يَجْحَدُونَ

Ад қауымы жер бетінде орынсыз такаппарланып: «Бізден күшті кім бар?!» – деді. Сонда олар өздерін жоқтан жаратқан Алланың олардан әлдеқайда күшті екенін көрмеді ме?! Олар Біздің (шексіз құдіретіміздің айғағы болған) ап-айқын аяттарымызды біле тұра жоққа шығаратын еді.

16

فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِيحࣰا صَرْصَرࣰا فِيٓ أَيَّامࣲ نَّحِسَاتࣲ لِّنُذِيقَهُمْ عَذَابَ ٱلْخِزْيِ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَاۖ وَلَعَذَابُ ٱلْـَٔاخِرَةِ أَخْزَىٰۖ وَهُمْ لَا يُنصَرُونَ

Сол үшін оларға бәле-жалаға толы күндерде ызғарлы дауыл жіберіп, бұл дүниеде өздерін қор қылған азаптың ащы дәмін таттырдық. Ал ақирет азабы болса, (олар үшін) одан өткен қорлық (болмақ). Онда оларға ешқандай жәрдем берілмейді.

17

وَأَمَّا ثَمُودُ فَهَدَيْنَٰهُمْ فَٱسْتَحَبُّوا۟ ٱلْعَمَىٰ عَلَى ٱلْهُدَىٰ فَأَخَذَتْهُمْ صَٰعِقَةُ ٱلْعَذَابِ ٱلْهُونِ بِمَا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ

Ал Сәмудқа келсек, оларға да тура жолды көрсеттік. Алайда олар тура жолдың орнына көрсоқырлықты (азғындықты) таңдады. Нәтижеде өз қолдарымен істеген күнәлары себепті, (кімді болса да) қор қылатын алапат азап төбелеріне жай оты болып түсіп, барлығын тырп еткізбей бас салды.

18

وَنَجَّيْنَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَكَانُوا۟ يَتَّقُونَ

Ал иман келтіріп, Бізді шын көңілден ұлықтап, Бізге қарсы келуден һәм қаһарымызға ұшыраудан барынша сақтанғандарды аман алып қалдық.

19

وَيَوْمَ يُحْشَرُ أَعْدَآءُ ٱللَّهِ إِلَى ٱلنَّارِ فَهُمْ يُوزَعُونَ

Күндердің күнінде Алланың дұшпандары топ-тобымен тозаққа айдалу үшін қабірлерінен шығарылып, сап түзеген күйде ғарасат майданына айдалады.

20

حَتَّىٰٓ إِذَا مَا جَآءُوهَا شَهِدَ عَلَيْهِمْ سَمْعُهُمْ وَأَبْصَٰرُهُمْ وَجُلُودُهُم بِمَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Олар межелі жерге келіп жеткенде, құлақтары, көздері һәм терілері (дүниеде) не істеп, не қойғанын айтып, өздеріне қарсы куәлікке жүреді.

21

وَقَالُوا۟ لِجُلُودِهِمْ لِمَ شَهِدتُّمْ عَلَيْنَاۖ قَالُوٓا۟ أَنطَقَنَا ٱللَّهُ ٱلَّذِيٓ أَنطَقَ كُلَّ شَيْءࣲۚ وَهُوَ خَلَقَكُمْ أَوَّلَ مَرَّةࣲ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

Сол кезде олар терілерінен: «Неліктен өзімізге қарсы куәлікке жүрдіңдер?!» – деп сұрайды. Сонда терілері: «Барлық нәрсеге тіл бітірген Алла бізге де тіл бітірді», – деп жауап береді. Ол сендерді әу баста жоқтан жаратты және бәрің Оған кері қайтарылудасыңдар.

22

وَمَا كُنتُمْ تَسْتَتِرُونَ أَن يَشْهَدَ عَلَيْكُمْ سَمْعُكُمْ وَلَآ أَبْصَٰرُكُمْ وَلَا جُلُودُكُمْ وَلَٰكِن ظَنَنتُمْ أَنَّ ٱللَّهَ لَا يَعْلَمُ كَثِيرࣰا مِّمَّا تَعْمَلُونَ

Сендер (фәни дүниеде жүргенде) өз құлақтарыңның, көздеріңнің һәм терілеріңнің (Алланың алдына барғанда) өздеріңе қарсы куәлікке жүретінін қаперлеріңе ілмейтін едіңдер, сондықтан күнәларыңды олардан жасырмайтын едіңдер. Сондай-ақ істеп жүрген істеріңнің көбін Алла білмейді деп ойлайтынсыңдар.

23

وَذَٰلِكُمْ ظَنُّكُمُ ٱلَّذِي ظَنَنتُم بِرَبِّكُمْ أَرْدَىٰكُمْ فَأَصْبَحْتُم مِّنَ ٱلْخَٰسِرِينَ

Міне, Раббыларың жайлы ойлаған осы бір жаман ойларың сендерді біржолата құртып, құрдымға батырып тынды, сөйтіп зиянға ұшырағандардың қатарына қосылдыңдар.

24

فَإِن يَصْبِرُوا۟ فَٱلنَّارُ مَثْوࣰى لَّهُمْۖ وَإِن يَسْتَعْتِبُوا۟ فَمَا هُم مِّنَ ٱلْمُعْتَبِينَ

Егер шыдай алатын болса, олардың мәңгілік мекені тозақ болмақ. Ал егер (жан төзгісіз азапқа шыдай алмай) дүниеге қайта оралып, Раббыларын разы еткілері келсе, оларға ондай мүмкіндік берілмейді.

25

۞وَقَيَّضْنَا لَهُمْ قُرَنَآءَ فَزَيَّنُوا۟ لَهُم مَّا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَحَقَّ عَلَيْهِمُ ٱلْقَوْلُ فِيٓ أُمَمࣲ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِم مِّنَ ٱلْجِنِّ وَٱلْإِنسِۖ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ خَٰسِرِينَ

(Бұл дүниеде имандылықтың орнына күпірлік пен күнә атаулыны таңдағандары үшін) оларға адам мен жынның әзәзіл шайтандарын ажырамас дос қылып қосып қоямыз. Сөйтіп әлгі жолдастары олардың келешегі мен өткенін, істейміз деп ниеттенген жамандықтары мен істеген барлық күнәларын жағымды да керемет істер етіп көрсетеді. Міне, олардан бұрын өмір сүрген жындар мен адамдардың тозақы қауымдарына қатысты айтылған кесімді сөз (яғни, кесілген жаза), осылайша оларға да айтылды (кесілді). Олар шынымен зиян шегушілер.

26

وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَا تَسْمَعُوا۟ لِهَٰذَا ٱلْقُرْءَانِ وَٱلْغَوْا۟ فِيهِ لَعَلَّكُمْ تَغْلِبُونَ

Қасарыспа кәпірлер: «Бұл Құранды тыңдамаңдар. Оқылғанда, улап-шулаңдар. Бәлкім, сонда ғана одан басым түсіп, үнін өшірерсіңдер», – дейді.

27

فَلَنُذِيقَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ عَذَابࣰا شَدِيدࣰا وَلَنَجْزِيَنَّهُمْ أَسْوَأَ ٱلَّذِي كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Міне, сол үшін Біз күпірлікте қасарысқандарға ауыр азаптың ащы дәмін таттырамыз һәм оларды істеген істерінің ең жаманына қарай жазаға тартамыз.

28

ذَٰلِكَ جَزَآءُ أَعْدَآءِ ٱللَّهِ ٱلنَّارُۖ لَهُمْ فِيهَا دَارُ ٱلْخُلْدِ جَزَآءَۢ بِمَا كَانُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا يَجْحَدُونَ

Міне, Алланың дұшпандарына берілетін жаза – тозақ! Аяттарымызды әдейі жалғанға шығарғанына жаза ретінде, онда олар үшін азапқа толы мәңгілік мекен бар!

29

وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ رَبَّنَآ أَرِنَا ٱلَّذَيْنِ أَضَلَّانَا مِنَ ٱلْجِنِّ وَٱلْإِنسِ نَجْعَلْهُمَا تَحْتَ أَقْدَامِنَا لِيَكُونَا مِنَ ٱلْأَسْفَلِينَ

Әзәзілдің арбауына еріп, күпірлікте қасарысқандар онда: «Уа, Раббымыз! Бізді тура жолдан тайдырған әлгі жын мен адамның шайтандарын бізге көрсетші! Оларды табанымызға салып (айызымыз қанғанша) илейік, сөйтіп, олар жаһаннамның ең түбінде қалатын ең пәс пенделерің болсын», – деп, айтады.

30

إِنَّ ٱلَّذِينَ قَالُوا۟ رَبُّنَا ٱللَّهُ ثُمَّ ٱسْتَقَٰمُوا۟ تَتَنَزَّلُ عَلَيْهِمُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ أَلَّا تَخَافُوا۟ وَلَا تَحْزَنُوا۟ وَأَبْشِرُوا۟ بِٱلْجَنَّةِ ٱلَّتِي كُنتُمْ تُوعَدُونَ

Ал «Раббымыз Алла» деп иман айтқаннан кейін (шынайы иманның талабына сай сенімде, ниетте һәм іс-әрекеттерде ақиқаттан ауытқымай) тұп-тура жолмен жүргендерге оқтын-оқтын періштелер түседі. (Сөйтіп, періштелер оларды бұл дүниеде бәле-жаладан қоритын болады, ал ақиретте достық пейіл танытып): «(Азапқа душар болмас па екенбіз деп) қорықпаңдар әрі (дүниеде біліп, білмей істеген күнәларың мен ниет етіп істей алмай кеткен игі істеріңді ойлап) мұңаймаңдар. Өздеріңе уәде етілген жаннатқа қуаныңдар!»

31

نَحْنُ أَوْلِيَآؤُكُمْ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَفِي ٱلْـَٔاخِرَةِۖ وَلَكُمْ فِيهَا مَا تَشْتَهِيٓ أَنفُسُكُمْ وَلَكُمْ فِيهَا مَا تَدَّعُونَ

«Біз дүниеде де, ақиретте де сендердің жанашыр достарың боламыз. Жұмақта көңілдерің неге соқса, соның бәрі алдарыңа тартылады. Онда қалағандарыңның бәріне қол жеткізесіңдер».

32

نُزُلࣰا مِّنْ غَفُورࣲ رَّحِيمࣲ

«Міне, бұл – өте кешірімді, мүмін құлдарына ерекше мейірімді Алладан сендерге деген сый-құрмет».

33

وَمَنْ أَحْسَنُ قَوْلࣰا مِّمَّن دَعَآ إِلَى ٱللَّهِ وَعَمِلَ صَٰلِحࣰا وَقَالَ إِنَّنِي مِنَ ٱلْمُسْلِمِينَ

Ел-жұртты Аллаға, Оның хақ жолына шақыратын һәм (өзін әрі қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істер істейтін әрі: «Мен шын мұсылманмын», – деп жар салған жаннан асқан сөзі жақсы кім бар?!

34

وَلَا تَسْتَوِي ٱلْحَسَنَةُ وَلَا ٱلسَّيِّئَةُۚ ٱدْفَعْ بِٱلَّتِي هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا ٱلَّذِي بَيْنَكَ وَبَيْنَهُۥ عَدَٰوَةࣱ كَأَنَّهُۥ وَلِيٌّ حَمِيمࣱ

Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең керемет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан болған адамның жан досыңа айналғанын көресің.

35

وَمَا يُلَقَّىٰهَآ إِلَّا ٱلَّذِينَ صَبَرُوا۟ وَمَا يُلَقَّىٰهَآ إِلَّا ذُو حَظٍّ عَظِيمࣲ

Алайда ондай кемелдікке (қиындықтарға мойымаған, нәпсі мен әзәзіл шайтанның уәсуәсіна қарсы тұру һәм Аллаға қалтқысыз мойынсұну мәселесінде) сабырлылық таныта білгендер ғана қол жеткізе алмақ. Сондай-ақ оған адами қасиеттер мен жақсылықтан нәсібі мол болған жандар ғана қол жеткізбек.

36

وَإِمَّا يَنزَغَنَّكَ مِنَ ٱلشَّيْطَٰنِ نَزْغࣱ فَٱسْتَعِذْ بِٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

Егер сені әзәзіл шайтан түртіп азғырар болса, дереу Аллаға сиын! Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білетін шексіз ілім Иесі).

37

وَمِنْ ءَايَٰتِهِ ٱلَّيْلُ وَٱلنَّهَارُ وَٱلشَّمْسُ وَٱلْقَمَرُۚ لَا تَسْجُدُوا۟ لِلشَّمْسِ وَلَا لِلْقَمَرِ وَٱسْجُدُوا۟ لِلَّهِ ٱلَّذِي خَلَقَهُنَّ إِن كُنتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ

Түн мен күндіз, күн мен ай (жалпы болмыстағы әрбір жаратылыс) Оның (бар екенін, құдіреті күшті жалғыз Құдай екенін көрсететін) аяттары (ап-айқын дәлелдері). Олай болса, күнге де, айға да сәжде етпеңдер. Егер бір Аллаға ғана табынуды қаласаңдар, солардың бәрін жоқтан жаратқан Аллаға сәжде етіңдер!

38

فَإِنِ ٱسْتَكْبَرُوا۟ فَٱلَّذِينَ عِندَ رَبِّكَ يُسَبِّحُونَ لَهُۥ بِٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ وَهُمْ لَا يَسْـَٔمُونَ۩

Егер олар (кәпірлер, мүшріктер) тәкаппарланып, Аллаға сәжде етуден бас тартса, шүбәсіз, Раббыңның құзырындағы (періштелер) күні-түні (Сен – мінсізсің, бар мадақ пен шексіз шүкіршілік бір Өзіңе ғана тән, – деп), Оған мадақ жаудырады және Оны дәріптеуден әсте жалықпайды.

39

وَمِنْ ءَايَٰتِهِۦٓ أَنَّكَ تَرَى ٱلْأَرْضَ خَٰشِعَةࣰ فَإِذَآ أَنزَلْنَا عَلَيْهَا ٱلْمَآءَ ٱهْتَزَّتْ وَرَبَتْۚ إِنَّ ٱلَّذِيٓ أَحْيَاهَا لَمُحْيِ ٱلْمَوْتَىٰٓۚ إِنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرٌ

Алланың шексіз құдіретін көрсететін дәлелдерінің бірі: (Қуаңшылық кезінде) жерді әбден қаңсып, ұнжырғасы түскен күйде көресің. Алайда оған (көктен) жауын жаудырғанымызда (әлгі өлі жер) бірден дүр сілкініп, қопсып шығады. Шүбәсіз, сол өлі жерді тірілткен (Алла) өлілерді қайтадан тірілтуші. Өйткені Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

40

إِنَّ ٱلَّذِينَ يُلْحِدُونَ فِيٓ ءَايَٰتِنَا لَا يَخْفَوْنَ عَلَيْنَآۗ أَفَمَن يُلْقَىٰ فِي ٱلنَّارِ خَيْرٌ أَم مَّن يَأْتِيٓ ءَامِنࣰا يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۚ ٱعْمَلُوا۟ مَا شِئْتُمْ إِنَّهُۥ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ

Расында, (болмыстағы һәм Кітаптағы) аяттарымызға келгенде, ақиқаттан ауытқитындар Бізден жасырына алмайды (яғни, олардың ісі Біз үшін беймәлім құпия болып қалмайды). Өздерің айтыңдаршы, тозақ отына тасталатын адам қайырлы ма, жоқ, әлде қиямет күні еш нәрсеге алаң болмай, өзін қауіпсіздікте сезінген күйде құзырымызға келетін адам қайырлы ма?! Ендеше, қалағандарыңды істеңдер! Ол не істеп, не қойып жүргендеріңді толық көруде.

41

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِٱلذِّكْرِ لَمَّا جَآءَهُمْۖ وَإِنَّهُۥ لَكِتَٰبٌ عَزِيزࣱ

Өздеріне келген осынау ұлы тәлімге (Құранға) сенбей, күпір болғандар (о дүниеде сөзсіз тозаққа тасталады). Шүбәсіз, ол теңдесі жоқ қасиетті Кітап.

42

لَّا يَأْتِيهِ ٱلْبَٰطِلُ مِنۢ بَيْنِ يَدَيْهِ وَلَا مِنْ خَلْفِهِۦۖ تَنزِيلࣱ مِّنْ حَكِيمٍ حَمِيدࣲ

Жалған атаулы оған алдынан да, артынан да жақындай алмайды. Ол – Хаким (әр үкімі мен ісінде көптеген хикметтер болатын), Хамид (бар мадақ бір Өзіне ғана тән әрі бір Өзіне ғана лайық болған Алладан) бірте-бірте түсірілген (Кітап).

43

مَّا يُقَالُ لَكَ إِلَّا مَا قَدْ قِيلَ لِلرُّسُلِ مِن قَبْلِكَۚ إِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغْفِرَةࣲ وَذُو عِقَابٍ أَلِيمࣲ

(Уа, Мұхаммед! Анығында, кәпірлер тарапынан) саған қатысты айтылып жатқан (жағымсыз) сөздердің бәрі де, өзіңнен бұрынғы пайғамбарларға да айтылған сөздер, одан басқа түк те емес. Шүбәсіз, Раббың һәм кеңшілік иесі, һәм жан төзгісіз азап иесі.

44

وَلَوْ جَعَلْنَٰهُ قُرْءَانًا أَعْجَمِيࣰّا لَّقَالُوا۟ لَوْلَا فُصِّلَتْ ءَايَٰتُهُۥٓۖ ءَا۬عْجَمِيࣱّ وَعَرَبِيࣱّۗ قُلْ هُوَ لِلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ هُدࣰى وَشِفَآءࣱۚ وَٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ فِيٓ ءَاذَانِهِمْ وَقْرࣱ وَهُوَ عَلَيْهِمْ عَمًىۚ أُو۟لَٰٓئِكَ يُنَادَوْنَ مِن مَّكَانِۭ بَعِيدࣲ

Егер Құранды ғажам тілінде (яғни, араб емес бөгде тілде) түсіргенімізде, кәпірлер міндетті түрде өре түрегеліп: «Оның аяттары неліктен ашық әрі бізге ұғынықты тілде баяндалмаған?! Өзі ғажам тілінде, ал әкелген адамы мен келген қауымы араб, сонда бұл қалай?!» – дер еді. Ендеше оларға: «Ол иман келтіргендер үшін тура жол әрі шипа», – деп, айт. Ал иман етпейтіндердің құлақтары (оны естіп, ұғуға келгенде) тым ауыр. Құран олар үшін жабық әрі көмескі келеді. Олар өздеріне қашық жерден үн қатылғандай (оның үнін анық ести алмайды).

45

وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْكِتَٰبَ فَٱخْتُلِفَ فِيهِۚ وَلَوْلَا كَلِمَةࣱ سَبَقَتْ مِن رَّبِّكَ لَقُضِيَ بَيْنَهُمْۚ وَإِنَّهُمْ لَفِي شَكࣲّ مِّنْهُ مُرِيبࣲ

(Уа, Мұхаммед!) Біз Мұсаға да Кітап берген едік. Сонда (сенің қауымыңның Құран мәселесінде қайшылықта болғаны сияқты) оның қауымының арасында да Тәуратқа қатысты қайшылықтар туды. Егер Раббыңның құлдарына қатысты бұрын-соңды айтқан (яғни, оларды бұл дүниеде дәм-тұздары таусылғанша өмір сүргізіп, жақсы-жаман істерінің қарымын арғы дүниеде толық қайтарамын деген) кесімді сөзі болмағанда, олардың арасында кесімді үкім беріліп, бұл мәселеге баяғыда нүкте қойылған болар еді. Алайда олар Алланың Кітабына қатысты күмәннан арыла алмауда.

46

مَّنْ عَمِلَ صَٰلِحࣰا فَلِنَفْسِهِۦۖ وَمَنْ أَسَآءَ فَعَلَيْهَاۗ وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّٰمࣲ لِّلْعَبِيدِ

Кімде-кім жақсылық жасаса, өз пайдасына, сондай-ақ кім жамандық жасаса, өз зиянына. Раббың құлдарына әсте зұлымдық жасамайды.

47

۞إِلَيْهِ يُرَدُّ عِلْمُ ٱلسَّاعَةِۚ وَمَا تَخْرُجُ مِن ثَمَرَٰتࣲ مِّنْ أَكْمَامِهَا وَمَا تَحْمِلُ مِنْ أُنثَىٰ وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلْمِهِۦۚ وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ أَيْنَ شُرَكَآءِي قَالُوٓا۟ ءَاذَنَّٰكَ مَا مِنَّا مِن شَهِيدࣲ

Қиямет сағаты бір Аллаға ғана мәлім. Сондай-ақ қандай да бір жемістің түйнек салуы һәм қандай да бір ұрғашының жүкті болуы әрі тууы Оның ілімінен тыс жүзеге аспайды. Ол күндердің күнінде: «Маған тең тұтылған ортақтас серіктерім, қане?!» – деп, үн қатқанда, мүшріктер: «Арамызда Сенің ортақтас серігің бар дегенге куә болатын бірде-бір жанның жоқ екенін Өзіңе мәлімдейміз!» – деп жауап береді.

48

وَضَلَّ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَدْعُونَ مِن قَبْلُۖ وَظَنُّوا۟ مَا لَهُم مِّن مَّحِيصࣲ

Олардың бұрын-соңды тәңір тұтып, жалбарынған жалған құдайлары өздерін тәрк етіп, көзден ғайып болды. Сөйтіп, олар (Алланың азабынан) ешқайда да қашып құтыла алмайтындықтарын аңғарды.

49

لَّا يَسْـَٔمُ ٱلْإِنسَٰنُ مِن دُعَآءِ ٱلْخَيْرِ وَإِن مَّسَّهُ ٱلشَّرُّ فَيَـُٔوسࣱ قَنُوطࣱ

Адам баласы өз басына жақсылық тілеуден әсте жалықпайды. Ал қандай да бір қиындыққа душар бола қалса, бірден салы суға кетіп, үміті үзіледі.

50

وَلَئِنْ أَذَقْنَٰهُ رَحْمَةࣰ مِّنَّا مِنۢ بَعْدِ ضَرَّآءَ مَسَّتْهُ لَيَقُولَنَّ هَٰذَا لِي وَمَآ أَظُنُّ ٱلسَّاعَةَ قَآئِمَةࣰ وَلَئِن رُّجِعْتُ إِلَىٰ رَبِّيٓ إِنَّ لِي عِندَهُۥ لَلْحُسْنَىٰۚ فَلَنُنَبِّئَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِمَا عَمِلُوا۟ وَلَنُذِيقَنَّهُم مِّنْ عَذَابٍ غَلِيظࣲ

Ал басына түскен қиындықтан кейін оған рақымымыз түсіп, қандай да бір нығметтің дәмін таттырар болсақ, ол міндетті түрде: «Мен онсыз да бұған әбден лайық едім. Анығында, мен қиямет-қайым орнайды дегенге онша сенбеймін. Ал егер (мүміндердің айтқаны рас болып) қиямет, шынымен, орнап, Раббымның құзырына қайтарыла қалсам, онда Оның дәргейіндегі ең керемет сый-сияпаттың да менің еншіме тиері сөзсіз», – деп көкиді. Ендеше, күпірлік қылғандардың дүниеде істеген теріс істерін өздеріне толық баяндап береміз әрі оларға ауыр азаптың ащы дәмін міндетті түрде таттыратын боламыз.

51

وَإِذَآ أَنْعَمْنَا عَلَى ٱلْإِنسَٰنِ أَعْرَضَ وَنَـَٔا بِجَانِبِهِۦ وَإِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ فَذُو دُعَآءٍ عَرِيضࣲ

Адам баласын нығметке бөлесек, (сол нығметке масайрап, Раббысынан) сырт айналып, қашқақтай береді. Ал басына жамандық келсе, (ерінбей-жалықпай) ұзақ уақыт дұға етіп, жалбарынумен болады.

52

قُلْ أَرَءَيْتُمْ إِن كَانَ مِنْ عِندِ ٱللَّهِ ثُمَّ كَفَرْتُم بِهِۦ مَنْ أَضَلُّ مِمَّنْ هُوَ فِي شِقَاقِۭ بَعِيدࣲ

Оларға: «Егер бұл (Құран), шынымен, Алладан келіп, сендер оны жалғанға шығарған болсаңдар, онда (өздерің айтыңдаршы), ақиқаттың ауылынан мүлдем алыстап кеткен мына сендерден асқан адасқан бола ма?!» – деп айт.

53

سَنُرِيهِمْ ءَايَٰتِنَا فِي ٱلْـَٔافَاقِ وَفِيٓ أَنفُسِهِمْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَهُمْ أَنَّهُ ٱلْحَقُّۗ أَوَلَمْ يَكْفِ بِرَبِّكَ أَنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ شَهِيدٌ

Біз оларға жер-көктегі һәм өз болмыстарындағы (құдіретіміздің шексіздігін көрсететін) ап-айқын дәлелдерімізді ашып көрсетеміз. Сөйтіп, ақырында оларға Құранның бастан-аяқ ақиқат екендігі айқын көрінетін болады. Әсілі, Раббыңның бар нәрсеге куә болуы (һәм барлық нәрсенің Оны меңзейтіндігі ең үлкен дәлел ретінде) саған жетпей ме?!

54

أَلَآ إِنَّهُمْ فِي مِرْيَةࣲ مِّن لِّقَآءِ رَبِّهِمْۗ أَلَآ إِنَّهُۥ بِكُلِّ شَيْءࣲ مُّحِيطُۢ

Алайда біліп қойыңдар, олар (бұл дүниеде істеген күнәлары үшін о дүниеде жауапқа тартылуды қаламағандықтан) Раббыларымен қауы-шатындығына күмәнмен қарайды (және сол үшін Құранға да сенбеуде). Сондай-ақ біліп қойыңдар, Ол Өзінің (шексіз ілімі һәм құдіретімен) барлық нәрсені толық қамтушы!

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play