حمٓ
Ха, Мим.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
حمٓ
Ха, Мим.
تَنزِيلُ ٱلْكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلْعَزِيزِ ٱلْعَلِيمِ
Бұл – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Алим (шексіз ілім иесі) Алладан бірте-бірте түсірілген Кітап.
غَافِرِ ٱلذَّنۢبِ وَقَابِلِ ٱلتَّوْبِ شَدِيدِ ٱلْعِقَابِ ذِي ٱلطَّوْلِۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ إِلَيْهِ ٱلْمَصِيرُ
Ол – күнәларды кешіруші һәм тәубелерді қабыл алушы, алайда жазасы қатты, сонымен қатар, теңдесі жоқ жомарттық иесі! Одан басқа құдай жоқ! Ақырында барлығы да Оған қайтады.
مَا يُجَٰدِلُ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فَلَا يَغْرُرْكَ تَقَلُّبُهُمْ فِي ٱلْبِلَٰدِ
Алланың (Құрандағы һәм күллі болмыстағы ап-айқын) аяттары жайлы тек күпірлікте қасарысқандар ғана таласып-тартысады. Алайда сен олардың (қолдарындағы қу дүние мен баянсыз биліктің арқасында) қаладан-қаланы, ел-елді емін-еркін шарлап, шалқып жүргендеріне алданба!
كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحࣲ وَٱلْأَحْزَابُ مِنۢ بَعْدِهِمْۖ وَهَمَّتْ كُلُّ أُمَّةِۭ بِرَسُولِهِمْ لِيَأْخُذُوهُۖ وَجَٰدَلُوا۟ بِٱلْبَٰطِلِ لِيُدْحِضُوا۟ بِهِ ٱلْحَقَّ فَأَخَذْتُهُمْۖ فَكَيْفَ كَانَ عِقَابِ
Олардан бұрын Нұхтың қауымы һәм олардан кейінгі бірқатар қауым да (пайғамбарларды) өтірікші балап, мойындамады. Әр қауым өз пайғамбарын қапелімде қолға түсіріп, қастандық жасауға шындап кірісті. Сөйтіп, жалғанға сүйеніп, сол арқылы ақиқаттың туын жығып, тұғырын сындыру үшін барын да, жанын да салды. Алайда Мен оларды бас салып, сазайларын тартқыздым. Ендеше, Менің жазалауым қалай болады екен, көріңдер!
وَكَذَٰلِكَ حَقَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ عَلَى ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَنَّهُمْ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِ
Міне, күпірлікте қасарысқандардың нағыз тозақылар екендігіне қатысты Раббыңның сөзі (үкімі) осылайша нақтыланды.
ٱلَّذِينَ يَحْمِلُونَ ٱلْعَرْشَ وَمَنْ حَوْلَهُۥ يُسَبِّحُونَ بِحَمْدِ رَبِّهِمْ وَيُؤْمِنُونَ بِهِۦ وَيَسْتَغْفِرُونَ لِلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ۖ رَبَّنَا وَسِعْتَ كُلَّ شَيْءࣲ رَّحْمَةࣰ وَعِلْمࣰا فَٱغْفِرْ لِلَّذِينَ تَابُوا۟ وَٱتَّبَعُوا۟ سَبِيلَكَ وَقِهِمْ عَذَابَ ٱلْجَحِيمِ
Аршты арқалаған және оны айнала қоршаған (періштелер) Раббыларына (Сен – мінсізсің, кемелсің. Бар мадақ пен шексіз шүкіршілік һәм ең көркем есімдер мен сипаттар бір Өзіңе ғана тән, – деп), мадақ жаудырады, Оған (күллі болмыстың жалғыз Жаратушысы әрі иесі ретінде) кәміл сенеді және иман келтіргендер үшін Одан кешірім тілеп: «Уа, Раббымыз! Сенің шексіз рақымың мен ілімің барлық нәрсені толық қамтыған! (Яғни, Сен әрбір жаратылыстың мұң-мұқтажын шексіз іліміңмен білесің әрі оларды шексіз рақымыңа бөлеп, мұң-мұқтажына қамқорлық жасайсың)! Олай болса, тәубеге келіп, Өзіңнің жолыңа түскендерді кешіре көр, оларды жаһаннам азабынан сақтай көр!»
رَبَّنَا وَأَدْخِلْهُمْ جَنَّٰتِ عَدْنٍ ٱلَّتِي وَعَدتَّهُمْ وَمَن صَلَحَ مِنْ ءَابَآئِهِمْ وَأَزْوَٰجِهِمْ وَذُرِّيَّٰتِهِمْۚ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ
«Уа, Раббымыз! Оларды Өзің уәде еткен қисапсыз нығмет пен мәңгілік бақыт мекені Адн жұмақ бақшаларына кіргізе көр! Сондай-ақ олармен бірге ата-бабалары, жұбайлары һәм ұрпақтарының ішінен ізгі жандарды да (жұмаққа кіргізгейсің)! Шүбәсіз, Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр үкімі мен әр ісінде көптеген хикметтер жататын теңдесі жоқ даналық иесі) бір Өзіңсің!»
وَقِهِمُ ٱلسَّيِّـَٔاتِۚ وَمَن تَقِ ٱلسَّيِّـَٔاتِ يَوْمَئِذࣲ فَقَدْ رَحِمْتَهُۥۚ وَذَٰلِكَ هُوَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ
«Оларды (ақиреттегі) жамандық атаулыдан сақтағайсың! Сол күні сен кімде-кімді жамандық атаулыдан сақтасаң, шүбәсіз, оны шексіз рақымыңа бөлегенің. Міне, бұл – зор жетістік!» – деп жалбарынады.
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يُنَادَوْنَ لَمَقْتُ ٱللَّهِ أَكْبَرُ مِن مَّقْتِكُمْ أَنفُسَكُمْ إِذْ تُدْعَوْنَ إِلَى ٱلْإِيمَٰنِ فَتَكْفُرُونَ
Өмір бойы күпірлікте қасарысып, кәпір болып өлгендер (жаһаннамның жан төзгісіз азабын тартып, сол үшін өз-өздерін жазғырып жатқанда): «Расында, Алланың сендерге деген ашу-ызасы сендердің дәл қазіргі өз-өздеріңе деген ашу-ызаларыңнан әлдеқайда қатты. Өйткені сендер (фәни дүниеде) қанша жерден иманға шақырылсаңдар да, бәрібір күпірліктен танбайтын едіңдер», – деп, үн қатылады.
قَالُوا۟ رَبَّنَآ أَمَتَّنَا ٱثْنَتَيْنِ وَأَحْيَيْتَنَا ٱثْنَتَيْنِ فَٱعْتَرَفْنَا بِذُنُوبِنَا فَهَلْ إِلَىٰ خُرُوجࣲ مِّن سَبِيلࣲ
Сонда кәпірлер: «Уа, Раббымыз! Сен бізді екі рет өлтіріп, екі рет тірілттің. Біз енді күнәларымызды толық мойындадық. Енді бұл жерден шығар жол бар ма?» – деп зар илейді.
ذَٰلِكُم بِأَنَّهُۥٓ إِذَا دُعِيَ ٱللَّهُ وَحْدَهُۥ كَفَرْتُمْ وَإِن يُشْرَكْ بِهِۦ تُؤْمِنُوا۟ۚ فَٱلْحُكْمُ لِلَّهِ ٱلْعَلِيِّ ٱلْكَبِيرِ
Иә, солай болады һәм сөйтіп жалынатын боласыңдар! Өйткені бір Аллаға ғана иман келтіріп, құлшылық етуге шақырылғанда, қасарысып, күпірлік қылатын едіңдер. Ал Оған өзгелер тең тұтылып, серік қосылғанда, соған сенетін едіңдер. Қайткен күнде де, ақырғы әрі кесімді үкім Али (бәрінен асқақ, ең ұлы), Кәбир (бәрінен зор, бәрінен де жоғары) Аллаға ғана тән.
هُوَ ٱلَّذِي يُرِيكُمْ ءَايَٰتِهِۦ وَيُنَزِّلُ لَكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ رِزْقࣰاۚ وَمَا يَتَذَكَّرُ إِلَّا مَن يُنِيبُ
Ол сендерге әркез (жалпы болмыстағы һәм өз бойларыңдағы және заттар мен оқиғаларда көрініс табатын) айқын аяттарын (яғни, Өзінің ұлылығын көрсететін дәлелдер мен белгілерін) көрсетуде, сондай-ақ көктен сендер үшін ризық түсіруде. Міне, осынау аяттарға шын көңілден тәубе етіп, бір Аллаға бет бұратын жандар ғана ой жүгіртіп, ғибрат алады.
فَٱدْعُوا۟ ٱللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ ٱلْكَٰفِرُونَ
Ендеше (уа, мүміндер,) кәпірлер қанша жерден жақтырмаса да осынау хақ дінді шын жүректен толық қабылдап, бар ықыластарыңмен бір Аллаға ғана құлшылық етіп, жалбарыныңдар!
رَفِيعُ ٱلدَّرَجَٰتِ ذُو ٱلْعَرْشِ يُلْقِي ٱلرُّوحَ مِنْ أَمْرِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦ لِيُنذِرَ يَوْمَ ٱلتَّلَاقِ
Ол аса жоғары мәртебелі, ұлы Арштың иесі! Ол қауышу күнінің өте ауыр күн болатынын алдын-ала ескерту үшін құлдарының арасынан қалағанының жүрегіне Өз пәрменімен Рух (яғни, уахи) түсіреді.
يَوْمَ هُم بَٰرِزُونَۖ لَا يَخْفَىٰ عَلَى ٱللَّهِ مِنْهُمْ شَيْءࣱۚ لِّمَنِ ٱلْمُلْكُ ٱلْيَوْمَۖ لِلَّهِ ٱلْوَٰحِدِ ٱلْقَهَّارِ
Ол – адамдар қабірлерінен шығатын һәм жасырын-жария бүкіл істері аян болатын, сондай-ақ оларға қатысты ешбір нәрсе Алла үшін жасырын болмайын күн. (Сол күні күллі жаратылысқа): «Бүгін шексіз билік кімге тиесілі?!» – (делінгенде, жаратылыс атаулының бәрі бірауыздан): «Күллі болмысты бір Өзі билеп, бір Өзі меңгеріп тұрған шексіз билік иесі – Жалғыз Аллаға тән!» – (деп, жауап береді).
ٱلْيَوْمَ تُجْزَىٰ كُلُّ نَفْسِۭ بِمَا كَسَبَتْۚ لَا ظُلْمَ ٱلْيَوْمَۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلْحِسَابِ
Бүгін әрбір жан дүниеде істеген ісіне қарай қарымын алады. Бүгін ешкімге зұлымдық жасалмайды. Шүбәсіз, Алла жауапқа өте жылдам тартушы!
وَأَنذِرْهُمْ يَوْمَ ٱلْـَٔازِفَةِ إِذِ ٱلْقُلُوبُ لَدَى ٱلْحَنَاجِرِ كَٰظِمِينَۚ مَا لِلظَّٰلِمِينَ مِنْ حَمِيمࣲ وَلَا شَفِيعࣲ يُطَاعُ
Оларды таяп қалған алапат күннен хабардар етіп, ескерт. Ол күні жүректер ауызға тығылып, адамдар қайғы-мұңға батады. Сондай-ақ ол күні залымдар үшін бірде-бір жанашыр дос та, сөзі өтетін шапағатшы да табылмайды.
يَعْلَمُ خَآئِنَةَ ٱلْأَعْيُنِ وَمَا تُخْفِي ٱلصُّدُورُ
Алла көздердің ұрланып қарағанын да, көкіректердің нені бүгіп тұрғанын да біледі.
وَٱللَّهُ يَقْضِي بِٱلْحَقِّۖ وَٱلَّذِينَ يَدْعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَقْضُونَ بِشَيْءٍۗ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْبَصِيرُ
Алла әділ билік айтып, әділ үкім шығарады (һәм шығарған үкімін сөзсіз орындатады). Ал мүшріктердің Одан басқа тәңір тұтып жалбарынған құдайлары болса, ешқандай үкім шығара алмайды. Шүбәсіз, Алла – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін көруші).
۞أَوَلَمْ يَسِيرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ فَيَنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ كَانُوا۟ مِن قَبْلِهِمْۚ كَانُوا۟ هُمْ أَشَدَّ مِنْهُمْ قُوَّةࣰ وَءَاثَارࣰا فِي ٱلْأَرْضِ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُ بِذُنُوبِهِمْ وَمَا كَانَ لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن وَاقࣲ
Олар жер-жаһанды кезіп өздерінен бұрын (күпірлікте қасарысып) өткен қауымдардың ақырының не болғанын өз көздерімен көріп, ғибрат алмай ма? Анығында, олар күш-қуат жағынан да, жердің асты-үстін бірдей игеріп, жер бетін көркейту һәм онда (өркениетке, сәулет өнеріне қатысты) мұра қалдыру жағынан да бұлардан анағұрлым алда болатын. Алайда күнәлары үшін Алла олардың бәрін бас салып, сазайларын берді. Сөйтіп, оларды Алланың қаһарынан сақтап қалатын бірде-бір қорған табылмады.
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَانَت تَّأْتِيهِمْ رُسُلُهُم بِٱلْبَيِّنَٰتِ فَكَفَرُوا۟ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ قَوِيࣱّ شَدِيدُ ٱلْعِقَابِ
Иә, солай болды, өйткені оларға жіберілген пайғамбарлар ап-айқын дәлелдермен келді. Алайда олар айқын дәлелдерді жоққа шығарып, күпірлік қылды. Сол үшін Алла олардың бәрін бас салып, сазайларын берді. Өйткені Ол – тым күшті, жазасы да тым қатты.
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَا وَسُلْطَٰنࣲ مُّبِينٍ
Расында, Мұсаны (пайғамбарлығын қуаттайтын) ап-айқын аяттарымызбен (мұғжизаларымызбен) және айқын ықпалмен жібердік.
إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَهَٰمَٰنَ وَقَٰرُونَ فَقَالُوا۟ سَٰحِرࣱ كَذَّابࣱ
Біз оны Перғауынға, Һаманға және Қарунға жібердік. Алайда олар Мұса жайлы: «Бұл бір әккі сиқыршы әрі барып тұрған өтірікші!» – десті.
فَلَمَّا جَآءَهُم بِٱلْحَقِّ مِنْ عِندِنَا قَالُوا۟ ٱقْتُلُوٓا۟ أَبْنَآءَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ وَٱسْتَحْيُوا۟ نِسَآءَهُمْۚ وَمَا كَيْدُ ٱلْكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلࣲ
Мұса оларға құзырымыздан ақиқатпен келген кезде олар (Бізден келген ақиқатқа іліммен, ақылмен төтеп бере алмаған соң білектің күшіне жүгініп): «Онымен бірге иман келтіргендердің ұл балаларын өлтіріңдер, ал қыздарын (өздеріңе әйел немесе күң қылып алу үшін) тірі қалдырыңдар», – деп, мысырлықтарға пәрмен қылды. Алайда кәпірлердің (мүміндерге қарсы ойластырған) айла-шарғылары мен құрған тұзақтары түптің-түбінде зая кетеді.
وَقَالَ فِرْعَوْنُ ذَرُونِيٓ أَقْتُلْ مُوسَىٰ وَلْيَدْعُ رَبَّهُۥٓۖ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُبَدِّلَ دِينَكُمْ أَوْ أَن يُظْهِرَ فِي ٱلْأَرْضِ ٱلْفَسَادَ
Перғауын: «Қоя беріңдер мені! Мына Мұсаны өлтіріп тастайын, (егер оған жан керек болса) Раббысына жалбарынсын. Расында, мен оның діндеріңді өзгертіп жіберуінен я болмаса бұл жерде лаң салып, бүлік шығаруынан қорқамын», – деді.
وَقَالَ مُوسَىٰٓ إِنِّي عُذْتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُم مِّن كُلِّ مُتَكَبِّرࣲ لَّا يُؤْمِنُ بِيَوْمِ ٱلْحِسَابِ
Сонда Мұса: «Мен жауапқа тартылатын күнге сенбейтін әрбір тәкаппар озбырдың кесірінен сақтану үшін менің де Раббым, сендердің де Раббыларың болған Аллаға сиынамын», – деді.
وَقَالَ رَجُلࣱ مُّؤْمِنࣱ مِّنْ ءَالِ فِرْعَوْنَ يَكْتُمُ إِيمَٰنَهُۥٓ أَتَقْتُلُونَ رَجُلًا أَن يَقُولَ رَبِّيَ ٱللَّهُ وَقَدْ جَآءَكُم بِٱلْبَيِّنَٰتِ مِن رَّبِّكُمْۖ وَإِن يَكُ كَٰذِبࣰا فَعَلَيْهِ كَذِبُهُۥۖ وَإِن يَكُ صَادِقࣰا يُصِبْكُم بَعْضُ ٱلَّذِي يَعِدُكُمْۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي مَنْ هُوَ مُسْرِفࣱ كَذَّابࣱ
Сол кезде Перғауын әулетіне жататын, алайда өзінің иманын жасырып келген бір мүмін (Мұсаға араша түсіп): «Сонда сендер кісіні һәм өздеріңе Раббыларыңнан ап-айқын дәлелдермен келген адамды «Раббым Алла» деп айтқаны үшін өлтірмексіңдер ме?! Егер ол (өздерің айтқандай) өтірікші болса, онда өтірігінің кесірі өзіне тиеді. Ал егер шыншыл болса, онда оның сендерге уәде еткен нәрселерінің жоқ дегенде бір парасының бастарыңа келері сөзсіз. Расында, Алла шектен шыққан (әрі өзіне берілген нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылушы) өтірікші кәззапты әсте тура жолға салмайды», – деп шектен шыққан залымдарды жазғырды.
يَٰقَوْمِ لَكُمُ ٱلْمُلْكُ ٱلْيَوْمَ ظَٰهِرِينَ فِي ٱلْأَرْضِ فَمَن يَنصُرُنَا مِنۢ بَأْسِ ٱللَّهِ إِن جَآءَنَاۚ قَالَ فِرْعَوْنُ مَآ أُرِيكُمْ إِلَّا مَآ أَرَىٰ وَمَآ أَهْدِيكُمْ إِلَّا سَبِيلَ ٱلرَّشَادِ
Сондай-ақ ол: «Уа, қауымым! Бүгін билік сендердің қолдарыңда, бұл жердегі үстем тап мына сендерсіңдер. Алайда ертеңгі күні басымызға Алланың жойқын азабы келер болса, бізді одан кім құтқара алады, өздерің айтыңдаршы?!» – деді. Сонда Перғауын (оның сөзін бөліп): «Мен сендерге өзімнің дұрыс деп білгенімді ғана айтудамын және сендерді тек қана дұрыс жолға бастаудамын», – деп, сөзге килікті.
وَقَالَ ٱلَّذِيٓ ءَامَنَ يَٰقَوْمِ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيْكُم مِّثْلَ يَوْمِ ٱلْأَحْزَابِ
Алайда әлгі мүмін сөзін жалғап: «Уа, қауымым! Расында, мен өздеріңнен бұрын өткен қауымдардың басына келген алапат күн сияқты бір күн сендердің де бастарыңа туа ма деп қорқамын».
مِثْلَ دَأْبِ قَوْمِ نُوحࣲ وَعَادࣲ وَثَمُودَ وَٱلَّذِينَ مِنۢ بَعْدِهِمْۚ وَمَا ٱللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمࣰا لِّلْعِبَادِ
«Нұх қауымының, Ад пен Сәмуд халқының және солардан кейін өткен басқа да қауымдардың бастарына келген алапат апат сияқты (бір апатқа тап боласыңдар ма деп қорқамын). Естеріңде болсын, Алла құлдарына зұлымдық жасауды қаламайды».
وَيَٰقَوْمِ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ يَوْمَ ٱلتَّنَادِ
«Уа, қауымым! Расында, мен сендер үшін ойбайға басып, бір-біріңнен жан таласып жәрдем сұрайтын һәм біріңе-бірің лағынет жаудыратын күннен қорқамын».
يَوْمَ تُوَلُّونَ مُدْبِرِينَ مَا لَكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِنْ عَاصِمࣲۗ وَمَن يُضْلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنْ هَادࣲ
«Ол күні (тозақ отын көргендеріңде) ту сырттарыңды беріп қашатын боласыңдар (бірақ ешқайда да қашып құтыла алмайсыңдар). Сендерді Алланың жан төзгісіз азабынан сақтайтын ешкім табылмайды. Иә, Алла кімде-кімді тура жолдан тайдырар болса, оны ешкім тура жолға бастай алмайды».
وَلَقَدْ جَآءَكُمْ يُوسُفُ مِن قَبْلُ بِٱلْبَيِّنَٰتِ فَمَا زِلْتُمْ فِي شَكࣲّ مِّمَّا جَآءَكُم بِهِۦۖ حَتَّىٰٓ إِذَا هَلَكَ قُلْتُمْ لَن يَبْعَثَ ٱللَّهُ مِنۢ بَعْدِهِۦ رَسُولࣰاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ مَنْ هُوَ مُسْرِفࣱ مُّرْتَابٌ
«Бұдан бұрын Юусуф те сендерге ап-айқын дәлелдермен келген еді. Сендер сол кезде де ол әкелген ақиқатқа үнемі шәк келтірумен болған едіңдер. Сөйтіп, ол дүние салғанда, оны өздеріңше ұлықтағансып: «Алла одан кейін пайғамбар жібермейді, амал не?!» – деген едіңдер. Ендеше, Алла шектен шыққан (әрі өзіне берілген нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған) күмәнға салынғыш адамды, міне, осылай адастырады».
ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ بِغَيْرِ سُلْطَٰنٍ أَتَىٰهُمْۖ كَبُرَ مَقْتًا عِندَ ٱللَّهِ وَعِندَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ۚ كَذَٰلِكَ يَطْبَعُ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ قَلْبِ مُتَكَبِّرࣲ جَبَّارࣲ
«Ондайлар өздеріне Алладан ешқандай айғақ келмесе де, ешқандай өкілеттілік берілмесе де, Алланың (бүкіл болмыстағы, өз бойларындағы һәм Кітабындағы) айқын аяттары төңірегінде бей-берекет сөз таластырады. Олардың бұл қылығы Алланың алдында да, Оған иман келтірген жандардың алдында да ашу шақыратын өте жағымсыз іс-әрекет болып табылады. Алла әрбір тәкаппар озбырдың жүрегін, міне, осылай мөрлеп тастайды», – деді.
وَقَالَ فِرْعَوْنُ يَٰهَٰمَٰنُ ٱبْنِ لِي صَرْحࣰا لَّعَلِّيٓ أَبْلُغُ ٱلْأَسْبَٰبَ
Сонда Перғауын Һаманға: «Әй, Һаман! Маған арнап, көкпен таласқан зәулім мұнара салғыз! Бәлкім, сол арқылы көктегі жолдарға жетермін».
أَسْبَٰبَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ فَأَطَّلِعَ إِلَىٰٓ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّي لَأَظُنُّهُۥ كَٰذِبࣰاۚ وَكَذَٰلِكَ زُيِّنَ لِفِرْعَوْنَ سُوٓءُ عَمَلِهِۦ وَصُدَّ عَنِ ٱلسَّبِيلِۚ وَمَا كَيْدُ فِرْعَوْنَ إِلَّا فِي تَبَابࣲ
«Күллі аспан әлемін сүзіп шығуға болатын жолдарға жетермін. Кім біледі, бәлкім Мұсаның құдайын да көрермін. Анығында, мен оның өтірікші кәззәп екендігіне кәмілмін», – деп Мұсаны мазақ қылды. Міне, осылайша Перғауынның жаман істері өзіне (әзәзіл шайтанның қолымен) безендіріліп көрсетілді. Сөйтіп, ол тура жолдан мүлдем тайдырылды. Нәтижеде, Перғауынның бұл тұзағы да зая кетті.
وَقَالَ ٱلَّذِيٓ ءَامَنَ يَٰقَوْمِ ٱتَّبِعُونِ أَهْدِكُمْ سَبِيلَ ٱلرَّشَادِ
Иман келтірген жан сөзін жалғастырып: «Уа, қауымым! Маған еріңдер, сендерге дұрыс жолды көрсетейін!»
يَٰقَوْمِ إِنَّمَا هَٰذِهِ ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَا مَتَٰعࣱ وَإِنَّ ٱلْـَٔاخِرَةَ هِيَ دَارُ ٱلْقَرَارِ
«Уа, қауымым! Бұл дүниенің тіршілігі аз күндік болмашы күнкөрістен тұрады. Ал ақиретке келсек, ол нағыз мәңгі-бақи тұрақтайтын мекен».
مَنْ عَمِلَ سَيِّئَةࣰ فَلَا يُجْزَىٰٓ إِلَّا مِثْلَهَاۖ وَمَنْ عَمِلَ صَٰلِحࣰا مِّن ذَكَرٍ أَوْ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤْمِنࣱ فَأُو۟لَٰٓئِكَ يَدْخُلُونَ ٱلْجَنَّةَ يُرْزَقُونَ فِيهَا بِغَيْرِ حِسَابࣲ
«Кімде-кім қандай да бір жамандық жасаса, оған тек соған лайық жаза беріледі. Сондай-ақ мейлі ер немесе әйел болсын, кімде-кім мүмін бола отырып (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты да игілікті істер істесе, міне, солар жаннатқа кіреді, онда олар қисапсыз ризық-несібеге, (көз көріп, құлақ естімеген, ешкімнің ойына да кіріп шықпаған) сан алуан нығметтерге бөленеді».
۞وَيَٰقَوْمِ مَا لِيٓ أَدْعُوكُمْ إِلَى ٱلنَّجَوٰةِ وَتَدْعُونَنِيٓ إِلَى ٱلنَّارِ
«Уа, қауымым! Мен сендерді (тозақтан) құтылуға шақырсам, сендердің мені тозаққа шақырғандарың қалай?!»
تَدْعُونَنِي لِأَكْفُرَ بِٱللَّهِ وَأُشْرِكَ بِهِۦ مَا لَيْسَ لِي بِهِۦ عِلْمࣱ وَأَنَا۠ أَدْعُوكُمْ إِلَى ٱلْعَزِيزِ ٱلْغَفَّٰرِ
Сендер мені Аллаға күпірлік қылуға және қолымда құдай екендігіне қатысты ешқандай дәлел болмаған нәрселерді (тәңір тұтып) Жаратқанға серік етіп қосуға шақырасыңдар. Ал мен болсам, сендерді Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Ғаффар (құлдарының күнә-қателіктері қанша жерден көп болса да тәубелеріне келген жағдайда оларға өте кешірімді) Аллаға шақырамын».
لَا جَرَمَ أَنَّمَا تَدْعُونَنِيٓ إِلَيْهِ لَيْسَ لَهُۥ دَعْوَةࣱ فِي ٱلدُّنْيَا وَلَا فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ وَأَنَّ مَرَدَّنَآ إِلَى ٱللَّهِ وَأَنَّ ٱلْمُسْرِفِينَ هُمْ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِ
«Расында, сендер мені бұл дүниеде де, ақиретте де алдына барып жалбарынуға, құлшылық етуге мүлдем тұрмайтын нәрселерді тәңір тұтуға шақырасыңдар. Ақыр соңында бәріміздің барар жеріміз, шүбәсіз, бір Алланың құзыры. Шектен шығушылар бар емес пе, міне, солар нағыз тозақтықтар!»
فَسَتَذْكُرُونَ مَآ أَقُولُ لَكُمْۚ وَأُفَوِّضُ أَمْرِيٓ إِلَى ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَصِيرُۢ بِٱلْعِبَادِ
«(Осыдан айтпады демеңдер), осы айтқандарымның бәрін әлі-ақ естеріңе алатын боласыңдар (һәм кеш те болса парқына жетесіңдер). Олай болса, мен енді бар ісімді бір Аллаға тапсырамын. Шүбәсіз, Алла құлдарын үнемі көріп бақылап тұрушы», – деп, айтты.
فَوَقَىٰهُ ٱللَّهُ سَيِّـَٔاتِ مَا مَكَرُوا۟ۖ وَحَاقَ بِـَٔالِ فِرْعَوْنَ سُوٓءُ ٱلْعَذَابِ
Нәтижеде, Алла оны (Перғауын мен оның шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлары) құрған тұзақтардың кесірінен сақтады. Сөйтіп, Перғауын әулеті жаман азаптың құрсауында қалды.
ٱلنَّارُ يُعْرَضُونَ عَلَيْهَا غُدُوࣰّا وَعَشِيࣰّاۚ وَيَوْمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ أَدْخِلُوٓا۟ ءَالَ فِرْعَوْنَ أَشَدَّ ٱلْعَذَابِ
Олар ертелі-кеш тозақ отына тосылады (қақталады). Сондай-ақ қиямет қайым орнаған күні: «Перғауын әулетін ең ауыр азапқа кіргізіңдер!» – (деген пәрмен беріледі).
وَإِذْ يَتَحَآجُّونَ فِي ٱلنَّارِ فَيَقُولُ ٱلضُّعَفَٰٓؤُا۟ لِلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوٓا۟ إِنَّا كُنَّا لَكُمْ تَبَعࣰا فَهَلْ أَنتُم مُّغْنُونَ عَنَّا نَصِيبࣰا مِّنَ ٱلنَّارِ
Олар тозақта бір-бірімен қызыл кеңірдек болып салғыласады. Содан (дүниеде азғындыққа салынған күштілерге көзсіз ерген) әлжуаздар кезінде өздерін өткемдікпен билеп-төстегендерге: «Біз дүниеде сендерге ерген едік. Ал енді біз үшін тозақ азабын сәл де болса жеңілдете алар ма екенсіңдер?» – дейді.
قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوٓا۟ إِنَّا كُلࣱّ فِيهَآ إِنَّ ٱللَّهَ قَدْ حَكَمَ بَيْنَ ٱلْعِبَادِ
Сонда дүниеде өзгелерді өктемдікпен билеп-төстегендер: «Енді бәріміз тозақтамыз. Алла құлдары арасында билік айтып, кесімді үкімін шығарды. (Әркім өзіне лайық жазаны тартуда)», – деп, жауап береді.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ فِي ٱلنَّارِ لِخَزَنَةِ جَهَنَّمَ ٱدْعُوا۟ رَبَّكُمْ يُخَفِّفْ عَنَّا يَوْمࣰا مِّنَ ٱلْعَذَابِ
Тозақтағылар жаһаннамның сақшы періште-леріне: «Садағаларың кетейік, біз үшін Раббыларыңа жалбарынып көріңдерші, азабымызды бір күнге болса да жеңілдетпес пе екен?!»
قَالُوٓا۟ أَوَلَمْ تَكُ تَأْتِيكُمْ رُسُلُكُم بِٱلْبَيِّنَٰتِۖ قَالُوا۟ بَلَىٰۚ قَالُوا۟ فَٱدْعُوا۟ۗ وَمَا دُعَٰٓؤُا۟ ٱلْكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلٍ
Періштелер олардан: «Сендерге пайғамбар-ларың ап-айқын дәлелдермен (мұғжизалармен) келмеп пе еді?» – дейді. Сонда олар: «Иә, (әкелді)», – деп жауап береді. Сонда періштелер: «Ендеше, өздерің жалбарыныңдар!» – дейді. Кәпірлердің дұға-мінәжаты нәтижесіз қалатын дұға, одан басқа түк те емес.
إِنَّا لَنَنصُرُ رُسُلَنَا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَيَوْمَ يَقُومُ ٱلْأَشْهَٰدُ
Шүбәсіз, Біз елші пайғамбарларымызға және иман келтіргендерге бұл дүниеде де, барлық куәгерлер (Алланың алдында) тікелерінен тік тұрып куәлікке жүретін (қиямет) күні де міндетті түрде жәрдем береміз.
يَوْمَ لَا يَنفَعُ ٱلظَّٰلِمِينَ مَعْذِرَتُهُمْۖ وَلَهُمُ ٱللَّعْنَةُ وَلَهُمْ سُوٓءُ ٱلدَّارِ
Ол күні залымдарға алға тартқан сылтауы титтей де пайда бермейді. Олардың сыбағасы лағынет (яғни, Алланың рақымынан аласталу) әрі адам айтқысыз сұмдық тұрақ болмақ.
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْهُدَىٰ وَأَوْرَثْنَا بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ ٱلْكِتَٰبَ
Біз шүбәсіз, Мұсаға тура жолға бастайтын кітап бердік. (Кейін) ол кітапты Исрайыл ұрпақтарына мұра етіп қалдырдық.
هُدࣰى وَذِكْرَىٰ لِأُو۟لِي ٱلْأَلْبَٰبِ
(Оларға) тура жолға бастайтын һәм ақыл иелері үшін тұнып тұрған насихат әрі нұсқау болған кітапты (мұра етіп қалдырдық).
فَٱصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقࣱّ وَٱسْتَغْفِرْ لِذَنۢبِكَ وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ بِٱلْعَشِيِّ وَٱلْإِبْكَٰرِ
Олай болса, сен барынша сабырлылық таныт! Неге десең, Алланың (хас құлдарына һәм мүміндерге берген) уағдасы хақ. Күнә-қателіктерің үшін Алладан кешірім тіле және ертелі-кеш Раббыңа (Сен – мінсізсің, ұлысың, бар мадақ пен шексіз шүкіршілік һәм ең көркем есімдер мен теңдессіз сипаттар бір Өзіңе ғана тән – деп), мадақ жаудыр!
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ بِغَيْرِ سُلْطَٰنٍ أَتَىٰهُمْ إِن فِي صُدُورِهِمْ إِلَّا كِبْرࣱ مَّا هُم بِبَٰلِغِيهِۚ فَٱسْتَعِذْ بِٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْبَصِيرُ
Өздеріне (жоғарыдан) ешқандай айғақ келмесе де және ешқандай өкілеттілік берілмесе де, Алланың (Кітабындағы, бүкіл болмыстағы һәм адам бойындағы) айқын аяттары төңірегінде бей-берекет сөз таластыратындардың көкіректерінде асқақтық пен тәкаппарлықтан басқа түк те жоқ. Олар (өздерін лайықпыз деп есептеген) сол ұлылыққа әсте жетпейді. Сен (олардың сан қилы айла-амалдары мен құрған тұзақтарынан сақтану үшін) бір Алладан пана тіле. Шүбәсіз, Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін білуші).
لَخَلْقُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ أَكْبَرُ مِنْ خَلْقِ ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Анығында, күллі аспан әлемі мен жердің жаратылуы адамдардың жаратылуынан әлдеқайда зор іс. Алайда адамдардың көбі мұны білмейді.
وَمَا يَسْتَوِي ٱلْأَعْمَىٰ وَٱلْبَصِيرُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَلَا ٱلْمُسِيٓءُۚ قَلِيلࣰا مَّا تَتَذَكَّرُونَ
Көрсоқыр мен көретін адам бірдей болмайды. Сол сияқты иман келтіріп, сол иманның арқасында игілікті істер істеген жандар мен жамандық жасаушылар да бірдей емес. Әйтсе де, сендер тым аз ойланасыңдар!
إِنَّ ٱلسَّاعَةَ لَـَٔاتِيَةࣱ لَّا رَيْبَ فِيهَا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ
Қиямет сағаты міндетті түрде келеді, онда шәк жоқ. Алайда адамдардың көбі (бұған) сенбейді.
وَقَالَ رَبُّكُمُ ٱدْعُونِيٓ أَسْتَجِبْ لَكُمْۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِي سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ
Раббыларың: «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін. Шүбәсіз, тәкаппарлыққа салынып, Маған құлшылық қылуды бойларына шақ көрмейтіндер әбден қор болған күйде жаһаннамға кіреді», – деп айтады.
ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيْلَ لِتَسْكُنُوا۟ فِيهِ وَٱلنَّهَارَ مُبْصِرًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ
Ол – тынығып дамылдауларың үшін түнді, айналаны емін-еркін көріп, тіршілік ете алуларың үшін күндізді жарық қылып жаратқан Алла. Шүбәсіз, Раббың адамдарға аса шарапатты. Алайда адамдардың көбі шүкіршілік етпеуде.
ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمْ خَٰلِقُ كُلِّ شَيْءࣲ لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ فَأَنَّىٰ تُؤْفَكُونَ
Міне, сендердің Раббыларың болған (сендерді жоқтан жаратқан, бәле-жаладан сақтайтын әрі ризық-несібелеріңді беретін) Алла осындай. Одан басқа құдай жоқ! Ендеше, қалай ғана біреулердің ығына жығылып ақиқаттан теріс айналып жатырсыңдар?!
كَذَٰلِكَ يُؤْفَكُ ٱلَّذِينَ كَانُوا۟ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ يَجْحَدُونَ
Алланың аяттарын қасақана мойындамай, жоққа шығарумен болғандар, міне, осылайша ақиқаттан бездіріліп, тура жолдан тайдырылуда (сөйтіп, Одан өзге кім көрінгенді әрі не болса соны тәңір тұтуда).
ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلْأَرْضَ قَرَارࣰا وَٱلسَّمَآءَ بِنَآءࣰ وَصَوَّرَكُمْ فَأَحْسَنَ صُوَرَكُمْ وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمْۖ فَتَبَارَكَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Алла сендер үшін жерді жайлы тұрақ, аспанды (оны толық жауып тұратын) алып күмбез қылды. Сендерге кескін-келбет берді һәм ең көркем, ең лайықты кескін-келбет нәсіп етті. Сондай-ақ сендерге адал (таза һәм пайдалы) ризық берді. Міне, осының бәрін берген Раббыларың Алла! Күллі әлемнің Раббысы (шексіз нығмет пен құт-берекенің жалғыз иесі болған) Алла қандай ұлы!
هُوَ ٱلْحَيُّ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ فَٱدْعُوهُ مُخْلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَۗ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Ол Хай (басы мен ақыры болмаған мәңгілік тіршілік иесі). Одан басқа құдай жоқ! Ендеше, осынау хақ дінді шын жүректен толық қабылдап, бар ықыластарыңмен Оған ғана құлшылық етіңдер һәм Оған ғана жалбарыныңдар! Бар мадақ пен шүкіршілік атаулы күллі әлемнің Раббысы Аллаға тән!
۞قُلْ إِنِّي نُهِيتُ أَنْ أَعْبُدَ ٱلَّذِينَ تَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَمَّا جَآءَنِيَ ٱلْبَيِّنَٰتُ مِن رَّبِّي وَأُمِرْتُ أَنْ أُسْلِمَ لِرَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Расында, маған Раббымнан (бар ақиқатты ашып көрсететін) ап-айқын дәлелдер келген сәттен бастап, сендердің Алладан басқа тәңір тұтып, жалбарынып жүрген құдайларыңа табынуға үзілді-кесілді тыйым салынды. Сөйтіп мен жан-тәнніммен күллі әлемнің Раббысына қалтқысыз мойынсұнуға бұйырылдым», – деп айт.
هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن تُرَابࣲ ثُمَّ مِن نُّطْفَةࣲ ثُمَّ مِنْ عَلَقَةࣲ ثُمَّ يُخْرِجُكُمْ طِفْلࣰا ثُمَّ لِتَبْلُغُوٓا۟ أَشُدَّكُمْ ثُمَّ لِتَكُونُوا۟ شُيُوخࣰاۚ وَمِنكُم مَّن يُتَوَفَّىٰ مِن قَبْلُۖ وَلِتَبْلُغُوٓا۟ أَجَلࣰا مُّسَمࣰّى وَلَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
Ол сендерді әу баста топырақтан, содан кейін (ер мен әйелден бөлініп, әйелдің жатырында тұрақтайтын) бір тамшы судан, содан соң жатырға (сүліктей) жабысқан ұйысқан жасушадан жаратты. Кейін бәріңді (ана құрсағынан) қызылшақа нәресте етіп, жарық дүниеге шығарады. Содан соң сендерді ақыл-ес һәм күш-қуат жағынан толықсытып ер жеткізеді. Соңыра қаусаған қарт болғандарыңша өмір сүргізеді. Сондай-ақ араларыңнан кейбіреулер жасына жетпей-ақ (Алланың жарлығымен) дүниеден озады. Қалғандарың ажалдарың жеткенше белгілі мерзімге дейін өмір сүресіңдер. Бәлкім, осының бәрін ақылға салып ойланып, ғибрат аларсыңдар!
هُوَ ٱلَّذِي يُحْيِۦ وَيُمِيتُۖ فَإِذَا قَضَىٰٓ أَمْرࣰا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Сондай-ақ өмір сыйлайтын да, өлтіретін де бір Өзі. Ол бір істің (немесе нәрсенің) болуын үкім қылса, оған тек «бол», – дейді, сонда ол бірден бола қалады.
أَلَمْ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ أَنَّىٰ يُصْرَفُونَ
Алланың аяттары төңірегінде бей-берекет сөз таластырып жүргендерді көрмеймісің?! Олардың ақиқаттан қалай алшақтатылып (бездіріліп) жат-қанын (көрдің бе)?!
ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِٱلْكِتَٰبِ وَبِمَآ أَرْسَلْنَا بِهِۦ رُسُلَنَاۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
Кітапты һәм пайғамбарларымыз арқылы жібер-гендерімізді мойындамай жалғанға шығарғандар әлі-ақ білетін болады.
إِذِ ٱلْأَغْلَٰلُ فِيٓ أَعْنَٰقِهِمْ وَٱلسَّلَٰسِلُ يُسْحَبُونَ
Олар мойындарына темір ажырғылар салынып, қол-аяқтары темір шынжырлармен маталып сүйретілгенде (білетін болады).
فِي ٱلْحَمِيمِ ثُمَّ فِي ٱلنَّارِ يُسْجَرُونَ
Олар алдымен бұрқ-сарқ қайнаған суда қайнатылып, содан кейін жалындаған отқа қақталатын болады.
ثُمَّ قِيلَ لَهُمْ أَيْنَ مَا كُنتُمْ تُشْرِكُونَ
Сол кезде олардан: «Қане, (қысылғанда қолдайды деп) Аллаға серік қосып, табынған құдайларың қайда?!»
مِن دُونِ ٱللَّهِۖ قَالُوا۟ ضَلُّوا۟ عَنَّا بَل لَّمْ نَكُن نَّدْعُوا۟ مِن قَبْلُ شَيْـࣰٔاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ ٱلْكَٰفِرِينَ
«Алладан басқа құдайларың қайда?!» – деп сұралғанда, «Олар бізден безіп кетті, бізді тастап, көзден ғайып болды. Расында, біз бұдан бұрын (дүниеде) түкке тұрмайтын нәрселерге жалбарынып өткен екенбіз!» – деп жауап береді. Алла кәпірлерді, міне, осылай адастырады.
ذَٰلِكُم بِمَا كُنتُمْ تَفْرَحُونَ فِي ٱلْأَرْضِ بِغَيْرِ ٱلْحَقِّ وَبِمَا كُنتُمْ تَمْرَحُونَ
(Мұның себебі), сендер жер бетінде беттеріңмен кетіп, орынсыз ойнап-күлетін һәм (азғындықта) тым шектен шығатын едіңдер.
ٱدْخُلُوٓا۟ أَبْوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَبِئْسَ مَثْوَى ٱلْمُتَكَبِّرِينَ
Олай болса, жаһаннам қақпаларынан кіріңдер де мәңгі-бақи сонда қалыңдар! Тәкаппарлыққа салынып (ақиқатқа қарсы келгендердің о дүниедегі барар) жері қандай жаман еді!
فَٱصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقࣱّۚ فَإِمَّا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ ٱلَّذِي نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِلَيْنَا يُرْجَعُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Ендеше, сен барынша сабырлылық таныт. Өйткені Алланың уағдасы хақ. Оларға уәде еткен азабымыздың кейбірін саған көзіңнің тірісінде көрсететін болсақ, яки көрсетпей-ақ сені о дүниеге аттандырсақ, не өзгереді ғой дейсің, қайткен күнде де, соңында олардың барлығы Бізге қайтарылады (да лайықты қарымталарын алады).
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلࣰا مِّن قَبْلِكَ مِنْهُم مَّن قَصَصْنَا عَلَيْكَ وَمِنْهُم مَّن لَّمْ نَقْصُصْ عَلَيْكَۗ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَن يَأْتِيَ بِـَٔايَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ ٱللَّهِۚ فَإِذَا جَآءَ أَمْرُ ٱللَّهِ قُضِيَ بِٱلْحَقِّ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلْمُبْطِلُونَ
Біз сенен бұрын да көптеген пайғамбарлар жібердік. Кейбіреулерінің жайын өзіңе баяндап бердік, кейбіреулері жайлы еш нәрсе айтпадық. Бірде-бір пайғамбар Алланың рұқсатынсыз еш қандай да мұғжиза көрсете алмайды. Ал Алланың пәрмені келгенде, қара қылды жарған әділ үкім шығарылады. Міне, сонда (Алладан өзгелерді тәңір тұтып) жалған жолдарға түскендер қатты зиянға ұшырайды.
ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلْأَنْعَٰمَ لِتَرْكَبُوا۟ مِنْهَا وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ
Алла сендер үшін кейбірін мініс көлік ретінде пайдалансын, ендібірін азық қылсын деп, төрт түлік малды жаратты.
وَلَكُمْ فِيهَا مَنَٰفِعُ وَلِتَبْلُغُوا۟ عَلَيْهَا حَاجَةࣰ فِي صُدُورِكُمْ وَعَلَيْهَا وَعَلَى ٱلْفُلْكِ تُحْمَلُونَ
Олардың сендер үшін басқа да көптеген пайдалары бар. Һәм солардың арқасында көңілдеріңдегі маңызды істерді тындырып, діттеген мақсаттарыңа жетесіңдер. (Құрлықта) соларға мініп, (теңізде) кемелерге мініп (алыс-жақын елдерге) сапар шегесіңдер әрі жүктеріңді тасисыңдар.
وَيُرِيكُمْ ءَايَٰتِهِۦ فَأَيَّ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ تُنكِرُونَ
Алла (Өзінің бар екендігінің, құдіреті күшті жалғыз Құдай екендігінің) ап-айқын белгілері мен дәлелдерін сендерге, міне, осылайша көрсетуде. Ендеше, Аллаға тән осынау ап-айқын дәлелдердің қайсыбірін жоққа шығара аласыңдар?!
أَفَلَمْ يَسِيرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ فَيَنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْۚ كَانُوٓا۟ أَكْثَرَ مِنْهُمْ وَأَشَدَّ قُوَّةࣰ وَءَاثَارࣰا فِي ٱلْأَرْضِ فَمَآ أَغْنَىٰ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
Олар жер-жаһанды кезіп, өздерінен бұрын (Алланың аяттарын жоққа шығарып, күпірлікте қасарысып) өткен қауымдардың ақырының не болғанын өз көздерімен көріп, ғибрат алмай ма? Анығында, олар сан жағынан да, күш-қуат жағынан да, жердің асты-үстін бірдей игеріп, жер бетін көркейту һәм онда (өркениетке, сәулет өнеріне қатысты) мұра қалдыру жағынан да бұлардан анағұрлым алда болатын. Алайда олардың бар тапқандары мен жеткен жетістіктері (Алланың қаһарына ұшырап, бастарына күн туғанда) өздеріне еш опа бермеді.
فَلَمَّا جَآءَتْهُمْ رُسُلُهُم بِٱلْبَيِّنَٰتِ فَرِحُوا۟ بِمَا عِندَهُم مِّنَ ٱلْعِلْمِ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
Өздеріне жіберілген елші пайғамбарлар оларға ап-айқын дәлелдермен (ғаламат мұғжизалармен) келгенде, олар өздеріндегі (осы дүниемен шектелетін) болмашы ілімге мас болып (Алладан келген иләһи ақиқаттарды мазаққа айналдырды). Алайда олар мазаққа айналдырған (иләһи азап) өздерін жан-жақтан құрсаулап, қыспаққа алды.
فَلَمَّا رَأَوْا۟ بَأْسَنَا قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَحْدَهُۥ وَكَفَرْنَا بِمَا كُنَّا بِهِۦ مُشْرِكِينَ
Сөйтіп, олар өздеріне төніп келген жойқын азабымызды көрген бойда: «Біз бір Аллаға иман келтірдік һәм бұған дейін Оған серік етіп қосқандарымыздың бәрін жоққа шығарамыз!» – десті.
فَلَمْ يَكُ يَنفَعُهُمْ إِيمَٰنُهُمْ لَمَّا رَأَوْا۟ بَأْسَنَاۖ سُنَّتَ ٱللَّهِ ٱلَّتِي قَدْ خَلَتْ فِي عِبَادِهِۦۖ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلْكَٰفِرُونَ
Алайда өздеріне төніп келген жойқын азабымызды көрген сәттегі айтқан имандары оларға титтей де пайда бермейді. Алланың құлдарына қатысты әу бастан өзгермей келген заңы (ұстанымы) мен ісі, міне, осындай. Міне, осы тұста кәпірлер зиянға ұшырады.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.