تَنزِيلُ ٱلْكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلْعَزِيزِ ٱلْحَكِيمِ
Бұл – Азиз (шексіз үстемдік пен ұлылық иесі), Хаким (әр үкімі мен әр ісі даналыққа толы болған) Алладан бірте-бірте түскен кітап.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
تَنزِيلُ ٱلْكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلْعَزِيزِ ٱلْحَكِيمِ
Бұл – Азиз (шексіз үстемдік пен ұлылық иесі), Хаким (әр үкімі мен әр ісі даналыққа толы болған) Алладан бірте-бірте түскен кітап.
إِنَّآ أَنزَلْنَآ إِلَيْكَ ٱلْكِتَٰبَ بِٱلْحَقِّ فَٱعْبُدِ ٱللَّهَ مُخْلِصࣰا لَّهُ ٱلدِّينَ
(Уа, Мұхаммед!) Біз саған осынау Кітапты ақиқаттың нақ өзі етіп, лайықты түрде түсірудеміз. Ендеше, осынау хақ дінді шын жүректен толық қабылдап, бар ықыласыңмен бір Аллаға ғана құлшылық ет!
أَلَا لِلَّهِ ٱلدِّينُ ٱلْخَالِصُۚ وَٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِهِۦٓ أَوْلِيَآءَ مَا نَعْبُدُهُمْ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَآ إِلَى ٱللَّهِ زُلْفَىٰٓ إِنَّ ٱللَّهَ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ فِي مَا هُمْ فِيهِ يَخْتَلِفُونَۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي مَنْ هُوَ كَٰذِبࣱ كَفَّارࣱ
Естеріңде болсын, (күпірліктен, екіжүзділіктен һәм дүниелік мақсаттан ада болған, тек иман, құлшылық әрі бойсұнудан тұратын) шынайы, кіршіксіз дін бір Аллаға ғана лайық. Ал енді Алладан өзге (періштелерді, жындарды немесе кей адамдарды) ие (пір) тұтып: «Біз оларға тек бізді Аллаға жақындатсын деген ниетпен ғана табынып жүрміз», – дейтіндерге келсек, Алла олар мен (бір Өзіне ғана сиынған) мүміндер арасында талас тудырған мәселелерге қатысты кесімді билігін міндетті түрде айтады. Шүбәсіз, Алла өтірікші әрі жақсылықты түсінбейтін рақметі жоқ адамды тура жолға салмайды.
لَّوْ أَرَادَ ٱللَّهُ أَن يَتَّخِذَ وَلَدࣰا لَّٱصْطَفَىٰ مِمَّا يَخْلُقُ مَا يَشَآءُۚ سُبْحَٰنَهُۥۖ هُوَ ٱللَّهُ ٱلْوَٰحِدُ ٱلْقَهَّارُ
Егер Алла әлдекімді Өзіне бала қылып алғысы келсе, (ешкімнің ақыл-кеңесіне жүгінбей-ақ) жаратқандарының арасынан қалағанын таңдап алар еді. Алайда Ол мінсіз (балаға да, басқаға да зәру емес)! Ол – жалғыз, күллі болмысты бір Өзі ғана билеп тұрған шексіз билік иесі!
خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ بِٱلْحَقِّۖ يُكَوِّرُ ٱلَّيْلَ عَلَى ٱلنَّهَارِ وَيُكَوِّرُ ٱلنَّهَارَ عَلَى ٱلَّيْلِۖ وَسَخَّرَ ٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَۖ كُلࣱّ يَجْرِي لِأَجَلࣲ مُّسَمًّىۗ أَلَا هُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْغَفَّٰرُ
Ол күллі аспан әлемі мен жерді хақ мақсатта һәм ақиқатқа сүйенген мінсіз жүйе негізінде жаратты. Ол әрдайым түнді күндізге орайды (да айналаны қараңғы түнекке айналдырады), сондай-ақ күндізді түнге орайды (да айналаны жарыққа бөлейді). Сондай-ақ Ол күн мен айды да (сендерге қызмет еттіру үшін) Өзіне бағынышты қылды, олардың әрбірі өзі үшін алдын-ала белгіленген ақтық сәтке дейін (көк жүзінде) ағызып кетіп барады. Біліп қойыңдар, Ол – Азиз (шексіз үстемдік пен ұлылық иесі), Ғаффар (құлдарының күнә-қателіктері қанша жерден көп болса да тәубеге келіп, иман келтіргендер үшін өте кешірімді).
خَلَقَكُم مِّن نَّفْسࣲ وَٰحِدَةࣲ ثُمَّ جَعَلَ مِنْهَا زَوْجَهَا وَأَنزَلَ لَكُم مِّنَ ٱلْأَنْعَٰمِ ثَمَٰنِيَةَ أَزْوَٰجࣲۚ يَخْلُقُكُمْ فِي بُطُونِ أُمَّهَٰتِكُمْ خَلْقࣰا مِّنۢ بَعْدِ خَلْقࣲ فِي ظُلُمَٰتࣲ ثَلَٰثࣲۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمْ لَهُ ٱلْمُلْكُۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ فَأَنَّىٰ تُصْرَفُونَ
Ол сендерді бір ғана жаннан (Адам атадан) жаратты. Содан кейін одан жұбайын (Хауа ананы) жаратты. Сондай-ақ сендер үшін жұп-жұбымен сегіз бас мал түсірді. Сендерді аналарыңның құрсағында үш бірдей қараңғылық ішінде бірнеше жаратылыс кезеңдерінен өткізіп барып жаратуда. Міне, мұның бәрін істейтін Раббыларың Алла! Күллі болмыстағы шексіз билік бір Өзіне ғана тән. Одан басқа құдай жоқ. Олай болса, қалай ғана ақиқаттан аттап, сан түрлі сенімдерге барасыңдар?!
إِن تَكْفُرُوا۟ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَنِيٌّ عَنكُمْۖ وَلَا يَرْضَىٰ لِعِبَادِهِ ٱلْكُفْرَۖ وَإِن تَشْكُرُوا۟ يَرْضَهُ لَكُمْۗ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةࣱ وِزْرَ أُخْرَىٰۚ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُم مَّرْجِعُكُمْ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَۚ إِنَّهُۥ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Егер (осынау ақиқаттың бәрін жалғанға шығарып) күпірлік қылатын болсаңдар, біліп қойыңдар, Алла өздеріңе де, имандарыңа да зәру емес. Әйтсе де Ол құлдарына қатысты жақсылықты түсінбеушілік пен күпірлікке әсте разы болмайды. Егер шүкіршілік қылып, иман етсеңдер, онда Ол сендер үшін бұл істен разы болады. Біреудің күнәсін басқа біреу арқаламайды (һәм біреу үшін біреу жауапқа тартылмайды). Ақыр соңында, барлығың да Раббыларыңа қайтасыңдар. Сонда Ол (дүниеде) не істеп, не қойғандарыңды өздеріңе жіпке тізіп айтып береді. Шүбәсіз, Ол көкіректердегі бар сырды (яғни, ондағы барлық ойлар мен ниет-пиғылдарды) толықтай біледі.
۞وَإِذَا مَسَّ ٱلْإِنسَٰنَ ضُرࣱّ دَعَا رَبَّهُۥ مُنِيبًا إِلَيْهِ ثُمَّ إِذَا خَوَّلَهُۥ نِعْمَةࣰ مِّنْهُ نَسِيَ مَا كَانَ يَدْعُوٓا۟ إِلَيْهِ مِن قَبْلُ وَجَعَلَ لِلَّهِ أَندَادࣰا لِّيُضِلَّ عَن سَبِيلِهِۦۚ قُلْ تَمَتَّعْ بِكُفْرِكَ قَلِيلًا إِنَّكَ مِنْ أَصْحَٰبِ ٱلنَّارِ
Адам баласының басына қандай да бір зобалаң туса, бірден пұшайман болып, Раббысына бар ықыласымен бет бұрып жалбарына бастайды. Алайда содан кейін Алла оны есіркеп, Өзінің нығметіне бөлегенде, ол мұның алдында ғана Оған жалбарынғанын мүлдем ұмытып кетеді. Онымен қоймай, Аллаға не болса соны тең тұтып, серік қосады. Сөйтіп, Оның жолынан өзі де адасады һәм өзгелерді де адастырады. Ендеше, ондай рақметі жоқ бейбаққа: «Күпірлігіңмен тағы біраз уақыт қу тіршіліктің қызығын көре тұр. Сен қайткен күнде де тозақылардың қатарындасың», – деп айт.
أَمَّنْ هُوَ قَٰنِتٌ ءَانَآءَ ٱلَّيْلِ سَاجِدࣰا وَقَآئِمࣰا يَحْذَرُ ٱلْـَٔاخِرَةَ وَيَرْجُوا۟ رَحْمَةَ رَبِّهِۦۗ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي ٱلَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَٱلَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَۗ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُو۟لُوا۟ ٱلْأَلْبَٰبِ
(Мұндай бейбақ) түн ішінде Аллаға бас иіп, сәждеге жығылып һәм тікесінен тік тұрып құлшылық еткен, ақиреттен қорқатын және Раббысының шексіз рақымынан үміт ететін (мүмін) адамдай бола ма?! «Білетіндер мен білмейтіндердің терезесі тең бе?» – деп, айт. Әйтсе де, (осынау ақиқаттарға) тек нағыз ақыл иелері ғана ой жүгіртіп ғибрат алады.
قُلْ يَٰعِبَادِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ رَبَّكُمْۚ لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا۟ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنْيَا حَسَنَةࣱۗ وَأَرْضُ ٱللَّهِ وَٰسِعَةٌۗ إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّٰبِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابࣲ
(Уа, Мұхаммед!) Оларға Менің мына сөзімді жеткіз: «Уа, иман келтірген құлдарым! Раббыларыңа қарсы келіп, асылық қылудан һәм Оның қаһарынан сақтаныңдар! Бұл дүниеде Алланың бәрін көріп, бақылап тұратынын терең сезіне отырып, үнемі жақсылық ойлап, игілікті істер істегендердің қарымы тек игілік болмақ! (Бір Аллаға ғана құлшылық етемін дегенге) Алланың жері кең! (Бір Аллаға құлшылық ету жолында) ешқандай қиындыққа мойымай сабырлылық танытқан жігерлі жандарға сый-сияпаттары қисапсыз беріледі», – деп айт.
قُلْ إِنِّيٓ أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ ٱللَّهَ مُخْلِصࣰا لَّهُ ٱلدِّينَ
Сондай-ақ оларға: «Шүбәсіз, мен осынау хақ дінді шын жүректен толық қабылдап, бар ықыласыммен бір Аллаға ғана құлшылық етуге бұйырылдым».
وَأُمِرْتُ لِأَنْ أَكُونَ أَوَّلَ ٱلْمُسْلِمِينَ
«Сондай-ақ мен (өзім насихаттайтын Алланың дініне) қалтқысыз мойынсұнған әрі оны лайықты деңгейде ұстанатын ең алғашқы мұсылман болуға бұйырылдым», – деп айт.
قُلْ إِنِّيٓ أَخَافُ إِنْ عَصَيْتُ رَبِّي عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمࣲ
Оларға: «Егер Раббыма қарсы келетін болсам, (міндетті түрде орнайтын) ұлы күннің азабына ұшыраудан қорқамын», – де.
قُلِ ٱللَّهَ أَعْبُدُ مُخْلِصࣰا لَّهُۥ دِينِي
Оларға: «Бір Аллаға ғана құлшылық етемін; иманым мен бүкіл құлшылығымды бір Өзіне арнап, Оның ғана разылығын мақсат тұтып, (бір Өзіне ғана құлшылық етемін)».
فَٱعْبُدُوا۟ مَا شِئْتُم مِّن دُونِهِۦۗ قُلْ إِنَّ ٱلْخَٰسِرِينَ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ وَأَهْلِيهِمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۗ أَلَا ذَٰلِكَ هُوَ ٱلْخُسْرَانُ ٱلْمُبِينُ
«Ал сендер Одан басқа не нәрсеге және кімге табынуды қаласаңдар, соған табыныңдар», – де, сондай-ақ оларға: «Зиянға белшеден бататындар – қиямет күні өздерін де, отбасыларын да зиянға ұшырататындар. Естеріңде болсын, нағыз зиян деген, міне, осы!» – деп айт.
لَهُم مِّن فَوْقِهِمْ ظُلَلࣱ مِّنَ ٱلنَّارِ وَمِن تَحْتِهِمْ ظُلَلࣱۚ ذَٰلِكَ يُخَوِّفُ ٱللَّهُ بِهِۦ عِبَادَهُۥۚ يَٰعِبَادِ فَٱتَّقُونِ
Олардың төбесінде оттан қат-қабат жаппалар болады, астында да дәл сондай қат-қабат от қыртыстары болады. Міне, Алла құлдарын осындай нәрселермен қорқытуда һәм «Уа, құлдарым! Мені шын көңілден ұлықтаңдар! Маған қарсы келіп, асылық қылудан һәм қаһарымнан сақтаныңдар!» – деп бұйыруда.
وَٱلَّذِينَ ٱجْتَنَبُوا۟ ٱلطَّٰغُوتَ أَن يَعْبُدُوهَا وَأَنَابُوٓا۟ إِلَى ٱللَّهِ لَهُمُ ٱلْبُشْرَىٰۚ فَبَشِّرْ عِبَادِ
Тағұтқа (шайтанға, жалған құдайларға, ел-жұртты Алланың ақ жолынан тайдырушы зұлым күштерге) құлдық ұрып, табынудан аулақ болған және жан-тәнімен бір Аллаға бет бұрған жандарға сүйінші! Ендеше, мына құлдарымды сүйіншіле:
ٱلَّذِينَ يَسْتَمِعُونَ ٱلْقَوْلَ فَيَتَّبِعُونَ أَحْسَنَهُۥٓۚ أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ هَدَىٰهُمُ ٱللَّهُۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمْ أُو۟لُوا۟ ٱلْأَلْبَٰبِ
Олар сөзге құлақ асатын һәм (өздеріне айтылған) сөздің ең жақсысын ғана жадына түйіп, соны ғана басшылыққа алатын жандар. Олар Алланың Өзі тура жолға салған мүбәрак жандар, нағыз ақыл иелері де, міне, солар!
أَفَمَنْ حَقَّ عَلَيْهِ كَلِمَةُ ٱلْعَذَابِ أَفَأَنتَ تُنقِذُ مَن فِي ٱلنَّارِ
Алланың «азап тартсын» деген кесімді үкіміне лайық болған кісі, (жаннатпен сүйіншіленген бақытты жандай бола ма?!) Қат-қабат оттың ішінде қалған бейбақты сен құтқарасың ба?!
لَٰكِنِ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ رَبَّهُمْ لَهُمْ غُرَفࣱ مِّن فَوْقِهَا غُرَفࣱ مَّبْنِيَّةࣱ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُۖ وَعْدَ ٱللَّهِ لَا يُخْلِفُ ٱللَّهُ ٱلْمِيعَادَ
Ал Раббыларын лайықты түрде ұлықтаған, Оған қарсы келіп, асылық қылудан һәм қаһарынан сақтанғандарға келсек, оларға бірінің үстіне бірі салынған қат-қабат һәм түбінен өзендер ағып жататын зәулім сарайлар бар. Міне, бұл Алланың уағдасы. Алла уәдесінен әсте таймайды!
أَلَمْ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَسَلَكَهُۥ يَنَٰبِيعَ فِي ٱلْأَرْضِ ثُمَّ يُخْرِجُ بِهِۦ زَرْعࣰا مُّخْتَلِفًا أَلْوَٰنُهُۥ ثُمَّ يَهِيجُ فَتَرَىٰهُ مُصْفَرࣰّا ثُمَّ يَجْعَلُهُۥ حُطَٰمًاۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَذِكْرَىٰ لِأُو۟لِي ٱلْأَلْبَٰبِ
Көрмеймісің, Алла аспаннан жауын жаудырып, оны жердегі қайнарларға қарай ағызуда. Кейін сол арқылы алуан түсті егін шығаруда. Содан соң сол егіннің сарғайып, солып қалғанын өз көзіңмен көресің. Ол содан кейін оны қу сабан мен қиқымға айналдыруда. Шүбәсіз, осының өзінде ақыл иелері үшін талай ғибрат бар.
أَفَمَن شَرَحَ ٱللَّهُ صَدْرَهُۥ لِلْإِسْلَٰمِ فَهُوَ عَلَىٰ نُورࣲ مِّن رَّبِّهِۦۚ فَوَيْلࣱ لِّلْقَٰسِيَةِ قُلُوبُهُم مِّن ذِكْرِ ٱللَّهِۚ أُو۟لَٰٓئِكَ فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينٍ
Алла көкірек сарайын Исламға айқара ашқан, сөйтіп, Раббысынан келген нұрға бөленіп, тура жолға түскен жан (жүрегі тастай болып қатып қалған кісімен тең бе?). Ендеше, Алланы еске алуға келгенде, жүректері тастай болып қатып қалған бейбақтар қараң қалсын! Олар анық адасуда.
ٱللَّهُ نَزَّلَ أَحْسَنَ ٱلْحَدِيثِ كِتَٰبࣰا مُّتَشَٰبِهࣰا مَّثَانِيَ تَقْشَعِرُّ مِنْهُ جُلُودُ ٱلَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ ثُمَّ تَلِينُ جُلُودُهُمْ وَقُلُوبُهُمْ إِلَىٰ ذِكْرِ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكَ هُدَى ٱللَّهِ يَهْدِي بِهِۦ مَن يَشَآءُۚ وَمَن يُضْلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنْ هَادٍ
Алла ең көркем сөзді (Құранды) сөздері бір-біріне ұқсас әрі сондай үйлесімді һәм біріне-бірі кепіл болып, бірін-бірі қуаттап тұратын Кітап түрінде түсірді. Раббыларынан шын именетін жандар оны оқығанда немесе тыңдағанда, тұла бойы түршігіп, төбе құйқасы шымырлап кетеді. Содан кейін, олардың тұла бойы мен жүрегі Алланы (Оның шексіз мейірімін) еске алу арқылы және Оның кітабымен жай табады. Міне, бұл – Алланың тура жолға бастайтын (Кітабы), Ол сол арқылы қалағанын тура жолға салады. Сондай-ақ Алла кімді адастырса, оны ешкім де тура жолға бастай алмайды.
أَفَمَن يَتَّقِي بِوَجْهِهِۦ سُوٓءَ ٱلْعَذَابِ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۚ وَقِيلَ لِلظَّٰلِمِينَ ذُوقُوا۟ مَا كُنتُمْ تَكْسِبُونَ
Ендеше, қиямет күні (қос қолы бірдей мойнына маталған күйде етбетімен тозақ отына тасталатындықтан) сол бір жаман азаптан құр жүзімен ғана қорғанып бағынатын бейбақ (сол күні уайым қайғысыз болатын жанмен тең бе?!) Сол күні күнәға белшесінен батқан залымдарға: «Дүниеде тапқандарыңның (істеген істеріңнің) жемісін (бүгін) татыңдар!» – делінеді.
كَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ فَأَتَىٰهُمُ ٱلْعَذَابُ مِنْ حَيْثُ لَا يَشْعُرُونَ
Олардан (яғни, Мекке мүшріктерінен) бұрын да талай қауымдар (Алланың кітаптары мен пайғамбарларын) жалғанға шығарып, күтпеген жерден жойқын азапқа душар болған еді.
فَأَذَاقَهُمُ ٱللَّهُ ٱلْخِزْيَ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَاۖ وَلَعَذَابُ ٱلْـَٔاخِرَةِ أَكْبَرُۚ لَوْ كَانُوا۟ يَعْلَمُونَ
Сөйтіп, Алла оларға бұл дүниеде қорлықтың дәмін таттырды. Ал ақирет азабы болса, одан әлдеқайда жойқын! Әттең, олар соны білсе ғой!
وَلَقَدْ ضَرَبْنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا ٱلْقُرْءَانِ مِن كُلِّ مَثَلࣲ لَّعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ
Анығында, Біз осынау Құранда ақылға салып ойланар деп адамдар үшін сан алуан мысалдар, тәмсілдер мен дәлелдер келтіріп бақтық.
قُرْءَانًا عَرَبِيًّا غَيْرَ ذِي عِوَجࣲ لَّعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ
Сондай-ақ Біз (адамдар) Алланы шын жүректен ұлықтар әрі Оған қарсы келуден һәм жамандық атаулыдан сақтанар деп оны қайшылық пен жалған атаулыдан ада арабша Құран қылдық.
ضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلࣰا رَّجُلࣰا فِيهِ شُرَكَآءُ مُتَشَٰكِسُونَ وَرَجُلࣰا سَلَمࣰا لِّرَجُلٍ هَلْ يَسْتَوِيَانِ مَثَلًاۚ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Алла мынадай бір мысал келтіруде: Екі адам бар. Біреуі бір-бірімен бақталасқан ортақтас көп қожайынға бағынышты. Ал екіншісі бір адамға ғана бағынышты. Бұл екеуінің жағдайы бірдей бола ма? Ендеше, бар мадақ пен шексіз шүкіршілік (күллі болмыстың жалғыз Құдайы) бір Аллаға тән. Алайда (қанша жерден саналы жаратылыс болса да адамдар мен жындардың) көбі осынау ақиқатты білмеуде.
إِنَّكَ مَيِّتࣱ وَإِنَّهُم مَّيِّتُونَ
Шүбәсіз, ақыр соңында сен де өлесің, олар да өледі.
ثُمَّ إِنَّكُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ عِندَ رَبِّكُمْ تَخْتَصِمُونَ
Содан кейін қиямет күні Раббыларыңның құзырында бір-біріңмен дауласатын боласыңдар.
۞فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن كَذَبَ عَلَى ٱللَّهِ وَكَذَّبَ بِٱلصِّدْقِ إِذْ جَآءَهُۥٓۚ أَلَيْسَ فِي جَهَنَّمَ مَثْوࣰى لِّلْكَٰفِرِينَ
Ойынан шығарған өтірігін Аллаға жапқаннан һәм өзіне жеткен ақиқатты жалған деп, жоққа шығарғаннан асқан залым бар ма? Мұндай кәззәп кәпірлер үшін жаһаннамда орын болмайды дейсің бе?
وَٱلَّذِي جَآءَ بِٱلصِّدْقِ وَصَدَّقَ بِهِۦٓ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُتَّقُونَ
Ал енді шындықты әкелген әрі соны растағанға келсек, Алланы шын жүректен ұлықтайтын һәм Оған қарсы келуден және жамандық атаулыдан сақтанатын нағыз тақуа жандар, міне, солар!
لَهُم مَّا يَشَآءُونَ عِندَ رَبِّهِمْۚ ذَٰلِكَ جَزَآءُ ٱلْمُحْسِنِينَ
Олар не қаласа, соның бәрі Раббыларының құзырында дайын тұрады. Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын терең сезіне отырып, тек жақсылық ойлап, игілікті істер істейтін ізгі жандардың қарымы, міне, осындай болмақ.
لِيُكَفِّرَ ٱللَّهُ عَنْهُمْ أَسْوَأَ ٱلَّذِي عَمِلُوا۟ وَيَجْزِيَهُمْ أَجْرَهُم بِأَحْسَنِ ٱلَّذِي كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Алла олардың бір кездері (біліп, білмей) істеген ең жаман істерін де (амал дәптерлерінен) біржолата өшіріп тастайды және сый-сияпаттарын (дүниеде) істеген ең жақсы істеріне қарай береді.
أَلَيْسَ ٱللَّهُ بِكَافٍ عَبْدَهُۥۖ وَيُخَوِّفُونَكَ بِٱلَّذِينَ مِن دُونِهِۦۚ وَمَن يُضْلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنْ هَادࣲ
Алла құлына (қамқор ие һәм қорған ретінде) жетпей ме? Олар өздерінше сені Алладан өзге құдайларымен (пұттарымен) қорқытып бағуда. Алла кімді адастырған болса, оны ешкім тура жолға бастай алмайды.
وَمَن يَهْدِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِن مُّضِلٍّۗ أَلَيْسَ ٱللَّهُ بِعَزِيزࣲ ذِي ٱنتِقَامࣲ
Сондай-ақ Алла кімді тура жолға салған болса, оны ешкім де адастыра алмайды. Алла – әрбір жамандықтың қарымын қайтаруға, кімнің болса да сазайын беріп, кімнен болса да өш алуға құдіреті жететін, шексіз үстемдік пен ұлылық иесі емес пе?!
وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۚ قُلْ أَفَرَءَيْتُم مَّا تَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ إِنْ أَرَادَنِيَ ٱللَّهُ بِضُرٍّ هَلْ هُنَّ كَٰشِفَٰتُ ضُرِّهِۦٓ أَوْ أَرَادَنِي بِرَحْمَةٍ هَلْ هُنَّ مُمْسِكَٰتُ رَحْمَتِهِۦۚ قُلْ حَسْبِيَ ٱللَّهُۖ عَلَيْهِ يَتَوَكَّلُ ٱلْمُتَوَكِّلُونَ
Олардан: «Күллі аспан әлемі мен жерді кім жаратты?» – деп сұрасаң, олар, әлбетте (амалсыздан): «Алла», – деп айтады. Оларға: «Ендеше, Алладан басқа тәңір тұтып, жалбарынғандарыңа зер салып қарамайсыңдар ма?! Егер Алла маған қандай да бір зиян тигізуді қаласа, олар Оның (маңдайыма жазған) зиянының бетін қайтара ала ма?! Немесе Алла маған рақымын төгіп, қандай да бір нығметке бөлегісі келсе, олар Оның (маңдайыма жазған) рақымын маған жеткізбей ұстап қала ала ма?!» – де, һәм оларға: «(Қамқор ие ретінде) Алла маған жетеді! Тәуекелдің мәнісін һәм кімге тәуекел ету керектігін білетін нағыз тәуекелшіл жандар Оған ғана тәуекел етеді!» – деп айт.
قُلْ يَٰقَوْمِ ٱعْمَلُوا۟ عَلَىٰ مَكَانَتِكُمْ إِنِّي عَٰمِلࣱۖ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
Сондай-ақ оларға: «Уа, қауымым! Ендеше, осы күпірлікте қасарысқан қалыптарыңда қолдарыңнан келгеннің бәрін жасап бағыңдар, мен де өз міндетімді атқарудан танбаймын. Күндердің күнінде әлі-ақ білетін боласыңдар!»
مَن يَأْتِيهِ عَذَابࣱ يُخْزِيهِ وَيَحِلُّ عَلَيْهِ عَذَابࣱ مُّقِيمٌ
«Қор қылатын алапат азаптың кімнің басына келетінін һәм кімнің (ақиреттегі) бітпейтін мәңгілік азапқа тап болатынын (әлі-ақ білесіңдер)!»
إِنَّآ أَنزَلْنَا عَلَيْكَ ٱلْكِتَٰبَ لِلنَّاسِ بِٱلْحَقِّۖ فَمَنِ ٱهْتَدَىٰ فَلِنَفْسِهِۦۖ وَمَن ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيْهَاۖ وَمَآ أَنتَ عَلَيْهِم بِوَكِيلٍ
Біз саған бұл Кітапты адамдардың игілігі үшін (мысқалдай да жалған араласпаған) ақиқаттың нақ өзі етіп, хақ мақсатта түсірдік. Ендеше, кімде-кім хақ дінді таңдап, тура жолға түссе, сөзсіз, өз пайдасы үшін тура жолға түскені. Ал кім күпірлікті таңдап, адасса, өзінің зиянына (маңдайының сорына) адасады. Сен олар үшін жауап беретін кепілгер емессің.
ٱللَّهُ يَتَوَفَّى ٱلْأَنفُسَ حِينَ مَوْتِهَا وَٱلَّتِي لَمْ تَمُتْ فِي مَنَامِهَاۖ فَيُمْسِكُ ٱلَّتِي قَضَىٰ عَلَيْهَا ٱلْمَوْتَ وَيُرْسِلُ ٱلْأُخْرَىٰٓ إِلَىٰٓ أَجَلࣲ مُّسَمًّىۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّقَوْمࣲ يَتَفَكَّرُونَ
Алла тірі жандардың жанын дәмтұзы таусылып, ажалы жеткенде алады. Ал ажалы жетпегендердің жанын ұйықтаған кездерінде алады, сөйтіп, Ол өлімге бұйырған пенделерінің жандарын жібермей алып қалады да, қалғандарын белгілі уақытқа дейін өмір сүрсін деп қоя береді. Міне, мұнда жүйелі һәм жан-жақты ойланатын қауым үшін талай ғибрат бар.
أَمِ ٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ شُفَعَآءَۚ قُلْ أَوَلَوْ كَانُوا۟ لَا يَمْلِكُونَ شَيْـࣰٔا وَلَا يَعْقِلُونَ
Әлде олар Алладан өзге өздеріне араша түсетін басқа шапағатшылар тауып алды ма?! Ендеше, оларға: «Сонда (Алланың орнына тәңір тұтқан періште, жын-шайтан немесе адам сынды) пірлеріңнің қолында (жаратылыс пен құбылыстарға ықпал ететіндей) ешқандай билік болмаса да әрі (меңіреу пұттарың) ақылға салып ойланатындай ақыл иесі болмаса да (олардың алдында құлдық ұрып, табына бермексіңдер ме?)», – деп айт.
قُل لِّلَّهِ ٱلشَّفَٰعَةُ جَمِيعࣰاۖ لَّهُۥ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۖ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Оларға: «Шапағаттың бәрі бір Алланың құзырында (яғни, о дүниеде Алланың рұқсатынсыз біреу біреуге араша түсіп, шапағат ете алмайды. Алла кімге шапағат ету құқығын берсе, сол ғана өзгеге шапағатшы бола алады). Күллі аспан әлемі мен жердің шексіз билігі һәм иелігі де бір Өзіне ғана тән. Ақыр соңында бәрің де жауапқа тартылу үшін Оның құзырына қайтарыласыңдар», – деп айт.
وَإِذَا ذُكِرَ ٱللَّهُ وَحْدَهُ ٱشْمَأَزَّتْ قُلُوبُ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱلْـَٔاخِرَةِۖ وَإِذَا ذُكِرَ ٱلَّذِينَ مِن دُونِهِۦٓ إِذَا هُمْ يَسْتَبْشِرُونَ
(Құдай және Жаратушы ретінде) бір Алла ғана ауызға алынғанда, ақиретке сенбейтіндердің жүрегі мұны жақтырмай жиырыла қалады. Ал Одан басқа (өздерінің тәңір тұтқан) жалған құдайлары ауызға алынғанда, жүздері жарқырап, күлім қағып шыға келеді.
قُلِ ٱللَّهُمَّ فَاطِرَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ عَٰلِمَ ٱلْغَيْبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ أَنتَ تَحْكُمُ بَيْنَ عِبَادِكَ فِي مَا كَانُوا۟ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
(Уа, Мұхаммед!) «Уа, Алла! Уа, күллі аспан әлемі мен жерді жоқтан жаратып, оларды мінсіз де мызғымас жүйеге салған! Уа, ғайыпты да, жарияны да (яғни, сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді де, әрі сезім мүшелерімен сезіліп-білінетін жария әлемді де) толық білуші! Құлдарыңның арасында олардың өзара келісе алмай таласып-тартысып өткен мәселелеріне қатысты билік айтып, кесімді үкім шығаратын бір Өзіңсің!» – деп, айт.
وَلَوْ أَنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ مَا فِي ٱلْأَرْضِ جَمِيعࣰا وَمِثْلَهُۥ مَعَهُۥ لَٱفْتَدَوْا۟ بِهِۦ مِن سُوٓءِ ٱلْعَذَابِ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۚ وَبَدَا لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مَا لَمْ يَكُونُوا۟ يَحْتَسِبُونَ
(Бұл дүниеде Аллаға жалған құдайларды серік етіп қосу арқылы ең үлкен зұлымдыққа барған) залымдар, жердегі бар байлық пен ондағы шексіз мүмкіндіктер және соның тағы бір есесі өздерінікі болса, қиямет күнгі жаман азаптан құтылу үшін соның бәрін еш ойланбастан пида қылар еді. Сол күні оларға Алла тарапынан ойларына да кіріп шықпаған нәрселер (яғни, азап түрлері) көлденең тартылатын болады!
وَبَدَا لَهُمْ سَيِّـَٔاتُ مَا كَسَبُوا۟ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
Сөйтіп, олардың өз қолдарымен істеген жамандықтары алдарынан шықты һәм кезінде өздері мазаққа айналдырған ақиқаттар өздеріне жан-жақтан құрсаулап, қыспаққа алды.
فَإِذَا مَسَّ ٱلْإِنسَٰنَ ضُرࣱّ دَعَانَا ثُمَّ إِذَا خَوَّلْنَٰهُ نِعْمَةࣰ مِّنَّا قَالَ إِنَّمَآ أُوتِيتُهُۥ عَلَىٰ عِلْمِۭۚ بَلْ هِيَ فِتْنَةࣱ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Адам баласының басына қандай да бір зобалаң туса, (бірден пұшайман болып), Бізге жалбарынады. Алайда содан кейін оны Өзіміздің бір нығметімізге бөлегенімізде, түк болмағандай: «Бұл маған білім мен ерекше қабілетімнің арқасында ғана берілді», – дейді. Анығында, бұл бір сынақ еді, алайда олардың көбі мұны білмейді.
قَدْ قَالَهَا ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ فَمَآ أَغْنَىٰ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
Олардан бұрын өткендер (яғни, өздері сияқты жақсылықты түсінбейтін кәпірлер) де осылай деген болатын. Алайда (о дүниеге барғанда) өмір бойғы тапқан-таянғандарының да, жеткен жетістіктерінің де оларға титтей де пайдасы тимеді.
فَأَصَابَهُمْ سَيِّـَٔاتُ مَا كَسَبُوا۟ۚ وَٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ مِنْ هَٰٓؤُلَآءِ سَيُصِيبُهُمْ سَيِّـَٔاتُ مَا كَسَبُوا۟ وَمَا هُم بِمُعْجِزِينَ
Нәтижеде өз қолдарымен істеген жамандықтары өз бастарына тиді. Мына (мүшріктердің) арасындағы зұлымдық жасауда шектен шыққандардың да істеген жамандықтары өз бастарына тиеді. Олар Біздің олай істеуімізге бөгет бола да, жазамыздан қашып құтыла да алмайды.
أَوَلَمْ يَعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ يَبْسُطُ ٱلرِّزْقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقْدِرُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ
(Байлықтың буына мас болған кәпірлер) Алланың ризық-несібе дегенді қалағанына үйіп-төгіп беретінін, сондай-ақ қалағанына аз әрі өлшеп беретінін білмейді ме? Міне, осында иман етуге бейім қауым үшін сөзсіз талай ғибрат бар.
۞قُلْ يَٰعِبَادِيَ ٱلَّذِينَ أَسْرَفُوا۟ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا۟ مِن رَّحْمَةِ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَغْفِرُ ٱلذُّنُوبَ جَمِيعًاۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
(Уа, Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Өйткені Алла барлық күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол – Ғафур (құлдарының күнәлары қаншалықты ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)!»
وَأَنِيبُوٓا۟ إِلَىٰ رَبِّكُمْ وَأَسْلِمُوا۟ لَهُۥ مِن قَبْلِ أَن يَأْتِيَكُمُ ٱلْعَذَابُ ثُمَّ لَا تُنصَرُونَ
(Уа, құлдарым!) Бастарыңа алапат азап келмей тұрып, жан-тәндеріңмен Раббыларыңа бет бұрыңдар және Оған толық мойынсұныңдар! Әйтпесе, (ешкімнен) ешқандай жәрдем ала алмайсыңдар!
وَٱتَّبِعُوٓا۟ أَحْسَنَ مَآ أُنزِلَ إِلَيْكُم مِّن رَّبِّكُم مِّن قَبْلِ أَن يَأْتِيَكُمُ ٱلْعَذَابُ بَغْتَةࣰ وَأَنتُمْ لَا تَشْعُرُونَ
Сондай-ақ ешқандай қауіпті сезбей жайбарақат жүргендеріңде, аяқ астынан келетін азапқа тап болмай тұрып, Раббыларыңнан өздеріңе түскеннің ең жақсысын (яғни, Құранды) басшылыққа алыңдар!
أَن تَقُولَ نَفْسࣱ يَٰحَسْرَتَىٰ عَلَىٰ مَا فَرَّطتُ فِي جَنۢبِ ٱللَّهِ وَإِن كُنتُ لَمِنَ ٱلسَّٰخِرِينَ
Сөйтіп, араларыңнан ешкім (о дүниеге барғанда): «Аллаға қатысты орынсыз әрі теріс сенімде болғаным үшін өзіме де обал жоқ! Өзіме де обал жоқ, өйткені мен (Оның пайғамбарлары мен кітаптарын) мазаққа айналдырғандардың қатарында болдым», – деп аһ ұрып, санын соғып жүрмесін.
أَوْ تَقُولَ لَوْ أَنَّ ٱللَّهَ هَدَىٰنِي لَكُنتُ مِنَ ٱلْمُتَّقِينَ
Яки: «Егер Алла мені тура жолға салғанда, мен сөзсіз, Оған қарсы келуден әрі қаһарынан сақтанатын тақуа жандардың бірі болар едім», – деп (сылтау айтып жүрмесін).
أَوْ تَقُولَ حِينَ تَرَى ٱلْعَذَابَ لَوْ أَنَّ لِي كَرَّةࣰ فَأَكُونَ مِنَ ٱلْمُحْسِنِينَ
Не болмаса, азапты өз көзімен көргенінде: «Шіркін, маған тағы да бір мүмкіндік беріліп, дүниеге кері қайта алсам ғой, сөйтіп, игілікке құштар ізгі жандардың бірі болсам ғой!» – демесін (сөйтіп, болмайтын істі аңсап, арманда кетіп жүрмесін).
بَلَىٰ قَدْ جَآءَتْكَ ءَايَٰتِي فَكَذَّبْتَ بِهَا وَٱسْتَكْبَرْتَ وَكُنتَ مِنَ ٱلْكَٰفِرِينَ
(Сонда Алла оған): «Жоқ, саған аяттарым жетті. Алайда сен оларды жалған деп жоққа шығардың, тәкаппарлығың ұстап мойындамадың. Сөйтіп, кәпірлердің қатарына қосылдың», – деп айтады.
وَيَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ تَرَى ٱلَّذِينَ كَذَبُوا۟ عَلَى ٱللَّهِ وُجُوهُهُم مُّسْوَدَّةٌۚ أَلَيْسَ فِي جَهَنَّمَ مَثْوࣰى لِّلْمُتَكَبِّرِينَ
(Бұл дүниеде) өз ойларынан неше түрлі өтірік шығарып, сол өтіріктерін (ұялмай-қызармай) Аллаға жапқандардың қиямет күні (өкініш пен қорлықтан) жүздерінің қап-қара болып кеткенін көресің. Иман етуді өздерінше ар көретін, кекірейген тәкаппарлар үшін жаһаннамнан орын табылмайды ғой деймісің?!
وَيُنَجِّي ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ بِمَفَازَتِهِمْ لَا يَمَسُّهُمُ ٱلسُّوٓءُ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Алла Өзіне қарсы келіп, асылық етуден барынша сақтанатындарды, (Хақ жолындағы осынау) жетістіктері үшін (жаһаннам азабынан) сақтайды. Сондай-ақ олардың бастарына ешқандай жамандық келмейді және олар әсте мұңаймайды.
ٱللَّهُ خَٰلِقُ كُلِّ شَيْءࣲۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ وَكِيلࣱ
Алла барлық нәрсенің Жаратушысы, сондай-ақ Ол барлық нәрсені бір Өзі меңгеріп, бәріне бір Өзі иелік етуші.
لَّهُۥ مَقَالِيدُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۗ وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ
Күллі аспан әлемі мен жердің (қазыналарының) кілттері де бір Өзінің иелігінде. Алланың (күллі болмыстағы, адам бойындағы һәм Құрандағы) аяттарын мойындамай, оларды жалғанға шығарғандар бар ғой, міне, солар зиянға ұшырайтындардың нақ өзі!
قُلْ أَفَغَيْرَ ٱللَّهِ تَأْمُرُوٓنِّيٓ أَعْبُدُ أَيُّهَا ٱلْجَٰهِلُونَ
Оларға: «Әй, надандар! Сонда менен (ақиқатқа көз жұма қарап) Алладан басқаға табынуды талап етесіңдер ме?!» – де.
وَلَقَدْ أُوحِيَ إِلَيْكَ وَإِلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِكَ لَئِنْ أَشْرَكْتَ لَيَحْبَطَنَّ عَمَلُكَ وَلَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلْخَٰسِرِينَ
Шүбәсіз, саған да, өзіңнен бұрын келген пайғамбарларға да: «Егер Аллаға өзгелерді серік етіп қосатын болсаң, істеген барлық (игілікті) істерің зая кетеді. Сөйтіп, сөзсіз зиянға ұшырайтындардың бірі боласың», – деп уахи етілген еді.
بَلِ ٱللَّهَ فَٱعْبُدْ وَكُن مِّنَ ٱلشَّٰكِرِينَ
Ендеше, бір Аллаға ғана құлшылық ет әрі шүкіршілік етушілердің бірі һәм бірегейі бол!
وَمَا قَدَرُوا۟ ٱللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِۦ وَٱلْأَرْضُ جَمِيعࣰا قَبْضَتُهُۥ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ وَٱلسَّمَٰوَٰتُ مَطْوِيَّٰتُۢ بِيَمِينِهِۦۚ سُبْحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады. Қиямет күні жер түгелдей Оның құдіретті билігінде, ал күллі аспан әлемі Оның шексіз құдіретімен шиыршықталып бүктелген күйде иелігінде болады. Алла – олардың Өзіне серік етіп қосқан жалған құдайларынан ұлы һәм мінсіз!
وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَصَعِقَ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَن فِي ٱلْأَرْضِ إِلَّا مَن شَآءَ ٱللَّهُۖ ثُمَّ نُفِخَ فِيهِ أُخْرَىٰ فَإِذَا هُمْ قِيَامࣱ يَنظُرُونَ
Сур үрленеді, сонда Алланың Өзі (сақтап қалуды) қалаған тіршілік иелерінен басқа күллі аспан әлеміндегі және жердегі бар тіршілік сұлық түскен бойда жан тапсырады. Содан кейін ол тағы бір рет үрленеді, сол-ақ екен, өлілердің барлығы қабірлерінен түрегеліп, (бір жағынан, аң-таң болысып, бір жағынан, енді не болар екен деп уайымға салынып) тікелерінен тік тұрған күйде жан-жақтарына жалтақтап, қараумен болады.
وَأَشْرَقَتِ ٱلْأَرْضُ بِنُورِ رَبِّهَا وَوُضِعَ ٱلْكِتَٰبُ وَجِا۟يٓءَ بِٱلنَّبِيِّـۧنَ وَٱلشُّهَدَآءِ وَقُضِيَ بَيْنَهُم بِٱلْحَقِّ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
(Қиямет күні бұрынғысынан мүлдем басқаша түрге еніп, ғарасат майданына айналған) жер беті Раббысының жаратқан нұрымен жап-жарық болады. Амал дәптерлері әкелініп қойылады, пайғамбарлар мен шейіттер (куә ретінде) келтіріледі. Содан (бүкіл саналы жаратылыс) арасында қара қылды қақ жарған әділдікпен билік айтылып, кесімді үкім шығарылады, сөйтіп, бірде-бір жанға титтей де әділетсіздік жасалмайды.
وَوُفِّيَتْ كُلُّ نَفْسࣲ مَّا عَمِلَتْ وَهُوَ أَعْلَمُ بِمَا يَفْعَلُونَ
Әрбір жанға істеген жақсы-жаман істерінің қарымы толық қайтарылады. Алла олардың (дүниеде) не істеп, не қойғанын өте жақсы біледі.
وَسِيقَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِلَىٰ جَهَنَّمَ زُمَرًاۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءُوهَا فُتِحَتْ أَبْوَٰبُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَآ أَلَمْ يَأْتِكُمْ رُسُلࣱ مِّنكُمْ يَتْلُونَ عَلَيْكُمْ ءَايَٰتِ رَبِّكُمْ وَيُنذِرُونَكُمْ لِقَآءَ يَوْمِكُمْ هَٰذَاۚ قَالُوا۟ بَلَىٰ وَلَٰكِنْ حَقَّتْ كَلِمَةُ ٱلْعَذَابِ عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ
(Сол күні) күпірлік қылғандар топ-тобымен жаһаннамға айдалады. Жаһаннамға жеткендерінде алдарынан жаһаннам қақпалары айқара ашылады да, ондағы сақшы періштелер олардан: «Сендерге өз араларыңнан Раббыларыңның аяттарын оқып, түсіндіретін және осы күнге міндетті түрде қауышатындықтарыңды айтып, ескертетін пайғамбарлар келмеп пе еді?» – деп сұрайды. Олар: «Иә, келді!» – деп жауап береді. Алайда (ол кезде) кәпірлерге қатысты азап сөзі (үкімі) кесіліп қойған болатын.
قِيلَ ٱدْخُلُوٓا۟ أَبْوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَبِئْسَ مَثْوَى ٱلْمُتَكَبِّرِينَ
Оларға: «Жаһаннам қақпаларынан кіріңдер де сонда мәңгі-бақи қалыңдар!» – делінеді. Иман етуді ар көріп, кекірейген тәкаппарлардың (ақырында барып) паналайтын жері қандай жаман еді!
وَسِيقَ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ رَبَّهُمْ إِلَى ٱلْجَنَّةِ زُمَرًاۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءُوهَا وَفُتِحَتْ أَبْوَٰبُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَا سَلَٰمٌ عَلَيْكُمْ طِبْتُمْ فَٱدْخُلُوهَا خَٰلِدِينَ
Ал Раббыларын шын көңілден ұлықтап, Оған қарсы келуден һәм қаһарынан сақтанғандар лек-легімен жаннатқа жөнелтіледі. Жаннатқа жеткендерінде алдарынан жаннаттың қақпалары айқара ашылады да ондағы сақшы періштелер оларға: «Сәлем сендерге! Өздерің (күнә атаулыдан, қайғы-мұңнан мәңгілікке арылған) қандай пәк, қандай бақытты жандар едіңдер! Қане, жаннатқа кіріңдер де, онда мәңгі-бақи қалыңдар!» – деп, оларды ерекше қошеметпен қарсы алады.
وَقَالُوا۟ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي صَدَقَنَا وَعْدَهُۥ وَأَوْرَثَنَا ٱلْأَرْضَ نَتَبَوَّأُ مِنَ ٱلْجَنَّةِ حَيْثُ نَشَآءُۖ فَنِعْمَ أَجْرُ ٱلْعَٰمِلِينَ
Сонда жаннаттықтар: «Аллаға мадақ жаудырып, шүкіршілік айтамыз! Ол бізге берген уәдесінде тұрды һәм бізді осынау (ұшы-қиыры жоқ, қисапсыз нығметке толы) жерге мұрагер қылды. Біз енді жаннатта қалаған жерімізде, қалағанымызша тұра аламыз», – деп, мәз-майрам болады. Міне, (бір Алланың разылығы үшін риясыз) еңбек еткендердің алатын сый-сияпаты қандай керемет!
وَتَرَى ٱلْمَلَٰٓئِكَةَ حَآفِّينَ مِنْ حَوْلِ ٱلْعَرْشِ يُسَبِّحُونَ بِحَمْدِ رَبِّهِمْۚ وَقُضِيَ بَيْنَهُم بِٱلْحَقِّۚ وَقِيلَ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
(Сол күні) періштелердің Аршты қаумалап, Раббыларына (Сен – мінсізсің. Бар мадақ пен шексіз шүкіршілік бір Өзіңе ғана тән, – деп), мадақ жаудырғанын көресің. Сөйтіп, (мүміндер мен кәпірлер) арасында қара қылды қақ жарған әділдікпен билік айтылып, кесімді үкім шығарылды және: «Бар мадақ пен шексіз шүкіршілік әлемдердің Раббы Аллаға тән», – делінді.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.