صٓۚ وَٱلْقُرْءَانِ ذِي ٱلذِّكْرِ
Сад. Ақиқатты жар салатын һәм (оған қарсы болғандарды) ескертетін айрықша қадірлі де қасиетті Құранға серт! (Сен Алланың хақ дінін жаю үшін жіберілген ақырғы пайғамбарсың!)
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
صٓۚ وَٱلْقُرْءَانِ ذِي ٱلذِّكْرِ
Сад. Ақиқатты жар салатын һәм (оған қарсы болғандарды) ескертетін айрықша қадірлі де қасиетті Құранға серт! (Сен Алланың хақ дінін жаю үшін жіберілген ақырғы пайғамбарсың!)
بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فِي عِزَّةࣲ وَشِقَاقࣲ
Күпірлікте қасарысқандар тәкаппарлыққа салынуда һәм (Құранға) үнемі қарсы келуде.
كَمْ أَهْلَكْنَا مِن قَبْلِهِم مِّن قَرْنࣲ فَنَادَوا۟ وَّلَاتَ حِينَ مَنَاصࣲ
Біз олардан бұрын (күпірлікте қасарысқан) қаншама нәсілдің көзін жойдық. Олар (қаһарымызға ұшырағанда) құлындағы дауыстары құраққа шығып медет тілеген еді. Алайда азаптан құтылатын заман әлдеқашан өткен-тін.
وَعَجِبُوٓا۟ أَن جَآءَهُم مُّنذِرࣱ مِّنْهُمْۖ وَقَالَ ٱلْكَٰفِرُونَ هَٰذَا سَٰحِرࣱ كَذَّابٌ
Мүшріктер ескертуші пайғамбардың өз араларынан шыққанына қайран қалып, аң-таң болысқан еді. Сөйтіп олар: «Бұл – нағыз сиқыршы әрі өтірікші!»
أَجَعَلَ ٱلْـَٔالِهَةَ إِلَٰهࣰا وَٰحِدًاۖ إِنَّ هَٰذَا لَشَيْءٌ عُجَابࣱ
«Сонда ол мұншама құдайды жалғыз Құдай етіп қойды ма? Бұл расында да, өте таңғаларлық нәрсе!»– дейді.
وَٱنطَلَقَ ٱلْمَلَأُ مِنْهُمْ أَنِ ٱمْشُوا۟ وَٱصْبِرُوا۟ عَلَىٰٓ ءَالِهَتِكُمْۖ إِنَّ هَٰذَا لَشَيْءࣱ يُرَادُ
Мүшріктердің алдыңғы қатарлылары (сені жаңа дінді насихаттаудан айныта алмайтындықтарына көздері жеткенде) өретүрегеліп бір-біріне: «Қане, кеттік, өз құдайларыңа табынудан танбаңдар. Бұл (яғни, бәрімізге бас болу) расында да, о бастан мұрат етілген нәрсе (яғни, Мұхаммедтің бұл дінді жаюдағы бар мақсаты бәрімізді билеп-төстеу)».
مَا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي ٱلْمِلَّةِ ٱلْـَٔاخِرَةِ إِنْ هَٰذَآ إِلَّا ٱخْتِلَٰقٌ
«Біз мұны (яғни, Құдай жалғыз дегенді) осы күнгі діндердің бірде-бірінен естіген емеспіз. Бұл бір ойдан шығарылған ертегі, басқа түк те емес!»
أَءُنزِلَ عَلَيْهِ ٱلذِّكْرُ مِنۢ بَيْنِنَاۚ بَلْ هُمْ فِي شَكࣲّ مِّن ذِكْرِيۚ بَل لَّمَّا يَذُوقُوا۟ عَذَابِ
«О тоба! Арамыздан (басқа ешкімді таппағандай) бұл Кітап соған түсірілді ме?» – десіп кете барған еді. Жо-жоқ, (олар сенің дұрыс адам екеніңе кәміл сенеді), алайда олар (тек тәкаппарлықтары себепті) Менің ұлы жолдауыма (Кітабыма) күмәнмен қарауда. Анығында, олар Менің жан төзгісіз азабымды әлі татқан жоқ.
أَمْ عِندَهُمْ خَزَآئِنُ رَحْمَةِ رَبِّكَ ٱلْعَزِيزِ ٱلْوَهَّابِ
Әлде Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Уәһһәәб (мол сый-сияпатқа һәм пайғамбарлық сынды теңдессіз нығметке бөлеуші) Раббыңның шексіз рақымының қазыналары солардың қолында ма екен?!
أَمْ لَهُم مُّلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَاۖ فَلْيَرْتَقُوا۟ فِي ٱلْأَسْبَٰبِ
Яки күллі аспан әлемінің, жердің және екеуінің арасындағы барлық нәрсенің бар билігі соларға тиесілі ме? Олай болса, барлық себептер пен мүмкіндіктерді қолдансын да көкке көтерілсін (сөйтсін де пайғамбарлықтың һәм Құранның саған берілуіне кедергі жасап бақсын!)
جُندࣱ مَّا هُنَالِكَ مَهْزُومࣱ مِّنَ ٱلْأَحْزَابِ
Анығында, оларға соншалықты көңіл аударудың қажеті де жоқ. Олар осы арада-ақ жеңіліс табатын әр түрлі топтардан құралған болмашы тобыр ғана.
كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحࣲ وَعَادࣱ وَفِرْعَوْنُ ذُو ٱلْأَوْتَادِ
Олардан бұрын Нұхтың қауымы, Ад қауымы және берік құрылыстардың қожайыны перғауын да (өздеріне келген пайғамбарларды) жоққа шығар-ғантын.
وَثَمُودُ وَقَوْمُ لُوطࣲ وَأَصْحَٰبُ لْـَٔيْكَةِۚ أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلْأَحْزَابُ
Сондай-ақ Сәмуд, Лут қауымы және Әйка халқы да (өздеріне келген пайғамбарларды мойындамады). Міне, бұлардың бәрі (пайғамбарларға қарсы тұрған) топтар еді.
إِن كُلٌّ إِلَّا كَذَّبَ ٱلرُّسُلَ فَحَقَّ عِقَابِ
Олардың әрбірі пайғамбарларды өтірікшіге шығарды. Сөйтіп, өздеріне лайық жазама тап болды.
وَمَا يَنظُرُ هَٰٓؤُلَآءِ إِلَّا صَيْحَةࣰ وَٰحِدَةࣰ مَّا لَهَا مِن فَوَاقࣲ
Бұлар да (өздерінен бұрынғы кәпірлердің көзін жойған) ешкімге де мұрсат бермейтін жер жарған ащы айқайды (немесе ғаламат жарылысты) күтіп отыр.
وَقَالُوا۟ رَبَّنَا عَجِّل لَّنَا قِطَّنَا قَبْلَ يَوْمِ ٱلْحِسَابِ
Кәпірлер мысқылмен: «Уа, Раббымыз! Үлесімізге тиетін азапты жауапқа тартылатын күн келмей тұрып-ақ тездетіп бере бер!» – дейді.
ٱصْبِرْ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَٱذْكُرْ عَبْدَنَا دَاوُۥدَ ذَا ٱلْأَيْدِۖ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ
(Уа, Мұхаммед!) Сен олардың айтқан сөздеріне барынша шыдап бақ (сабырлылық таныт) һәм (Алланы дәріптеуде, ілімде, патшалық құруда әрі соғыста бәрінен де) күшті болған құлымыз Дәуітті есіңе ал. Өйткені ол Раббысына үнемі жан-тәнімен бет алатын өте тәубешіл жан еді.
إِنَّا سَخَّرْنَا ٱلْجِبَالَ مَعَهُۥ يُسَبِّحْنَ بِٱلْعَشِيِّ وَٱلْإِشْرَاقِ
Біз тауларды Дәуітке бағынышты қылдық, сөйтіп, олар кешқұрым һәм күн шығарда онымен бірге Алланы («Сен мінсізсің, кемелсің», – деп), дәріптейтін еді.
وَٱلطَّيْرَ مَحْشُورَةࣰۖ كُلࣱّ لَّهُۥٓ أَوَّابࣱ
Сондай-ақ оған құстарды да топ-тобымен бағынышты қылдық. Сөйтіп барлығы оған қосылып Алланы («Сен мінсізсің, кемелсің», – деп), дәріптейтін еді.
وَشَدَدْنَا مُلْكَهُۥ وَءَاتَيْنَٰهُ ٱلْحِكْمَةَ وَفَصْلَ ٱلْخِطَابِ
Біз оның билігін күшейттік және өзіне асқан даналық пен көңілге қонымды әділ де кесімді билік айту қабілетін дарыттық.
۞وَهَلْ أَتَىٰكَ نَبَؤُا۟ ٱلْخَصْمِ إِذْ تَسَوَّرُوا۟ ٱلْمِحْرَابَ
(Уа, Мұхаммед!) Саған әлгі даугерлер жайлы хабар жетті ме? Олар биік дуалдарды артқа тастап Дәуіттің дәргейіне баса-көктеп кіріп келген еді.
إِذْ دَخَلُوا۟ عَلَىٰ دَاوُۥدَ فَفَزِعَ مِنْهُمْۖ قَالُوا۟ لَا تَخَفْۖ خَصْمَانِ بَغَىٰ بَعْضُنَا عَلَىٰ بَعْضࣲ فَٱحْكُم بَيْنَنَا بِٱلْحَقِّ وَلَا تُشْطِطْ وَٱهْدِنَآ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلصِّرَٰطِ
Даугерлер Дәуіттің дәргейіне баса-көктеп кіріп келгенде, Дәуіт олардан секем алып қалды. Сонда екі даугер оған: «Қобалжитын түк те жоқ! Біз бірімізге-біріміз қиянат жасаған екі даугерміз. Сен енді арамызда қара қылды қақ жарған әділдікпен билік айт. Әділдіктен ауытқыма һәм бізді тура жолға сал», – деді.
إِنَّ هَٰذَآ أَخِي لَهُۥ تِسْعࣱ وَتِسْعُونَ نَعْجَةࣰ وَلِيَ نَعْجَةࣱ وَٰحِدَةࣱ فَقَالَ أَكْفِلْنِيهَا وَعَزَّنِي فِي ٱلْخِطَابِ
(Содан екі даугердің бірі): «Мынау менің бауырым болады. Өзінің бақандай тоқсан тоғыз саулығы бар. Ал менің айналдырған бір-ақ саулығым. Сөйте тұра, мынау «оны да маған бер» деп менімен дауласып, орамды тілімен адымымды аштырар емес», – деді.
قَالَ لَقَدْ ظَلَمَكَ بِسُؤَالِ نَعْجَتِكَ إِلَىٰ نِعَاجِهِۦۖ وَإِنَّ كَثِيرࣰا مِّنَ ٱلْخُلَطَآءِ لَيَبْغِي بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَقَلِيلࣱ مَّا هُمْۗ وَظَنَّ دَاوُۥدُ أَنَّمَا فَتَنَّٰهُ فَٱسْتَغْفَرَ رَبَّهُۥ وَخَرَّ رَاكِعࣰا وَأَنَابَ۩
Сонда Дәуіт: «Бұл сенің жар дегенде жалғыз саулығыңды өзінің қойларына қосып алмақ болып, саған расында да, қиянат жасаған екен. Расында, мұндай мал-мүлікке ортақтасып, аралас-құралас болған талай адамдар осылайша бір-бірінің ақысын жеп жатады. Ал иман келтіріп, игілікті істер істейтіндердің жөні бөлек, (олар мұндай қиянатқа әсте бармайды). Алайда ондай жандар некен саяқ», – деді. Ақырында, Дәуіт өзін сынағанымызды түсінді де, бірден Раббысынан кешірім сұрап, иілген бойда сәждеге жығылып, (көз жасын көл қылды), сөйтті де жан-тәнімен тәубе етіп, Раббысына бет алды.
فَغَفَرْنَا لَهُۥ ذَٰلِكَۖ وَإِنَّ لَهُۥ عِندَنَا لَزُلْفَىٰ وَحُسْنَ مَـَٔابࣲ
Біз де оның ағат кеткен бір ісін кешірдік. Шүбәсіз, оның Бізге деген жақындығы һәм құзырымызда сондай керемет қайтар жері бар.
يَٰدَاوُۥدُ إِنَّا جَعَلْنَٰكَ خَلِيفَةࣰ فِي ٱلْأَرْضِ فَٱحْكُم بَيْنَ ٱلنَّاسِ بِٱلْحَقِّ وَلَا تَتَّبِعِ ٱلْهَوَىٰ فَيُضِلَّكَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَضِلُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ لَهُمْ عَذَابࣱ شَدِيدُۢ بِمَا نَسُوا۟ يَوْمَ ٱلْحِسَابِ
Уа, Дәуіт! Біз сені жер бетінде (Біздің үкімдерімізді басшылыққа ала отырып билік жүргізетін) халифа қылдық. Ендеше адамдар арасында әділ билік айт. Нәпсіңнің қалауларына ерме, әйтпесе, ол сені Алланың ақ жолынан тайдырып жібереді. Анығында, Алланың ақ жолынан адасқандарға жауапқа тартылар күнді ұмытқандары үшін тым қатты азап бар.
وَمَا خَلَقْنَا ٱلسَّمَآءَ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا بَٰطِلࣰاۚ ذَٰلِكَ ظَنُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ۚ فَوَيْلࣱ لِّلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنَ ٱلنَّارِ
Біз көк пен жерді һәм екеуінің арасындағы бар нәрсені бекерден бекер, мақсатсыз (яғни адамдар нәпсіге еріп, білгенін істесін деп) жаратпадық. Бұл тек күпірлікте қасарысқандардың ойы ғана. Олай болса, тозақ отына түсетін кәпірлердің жағдайы нендей өкінішті!
أَمْ نَجْعَلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ كَٱلْمُفْسِدِينَ فِي ٱلْأَرْضِ أَمْ نَجْعَلُ ٱلْمُتَّقِينَ كَٱلْفُجَّارِ
Жоқ, әлде олар Бізді иман келтіріп, игілікті істер істегендер мен жер бетінде лаң салған бұзғыншыларға бірдей қарайды деп ойлай ма? Я болмаса, күнә атаулыдан барынша сақтанатын діндар тақуа жандарды күнәға белшесінен батқан, ардан безген тозақыларға тең көреді деп ойлай ма?
كِتَٰبٌ أَنزَلْنَٰهُ إِلَيْكَ مُبَٰرَكࣱ لِّيَدَّبَّرُوٓا۟ ءَايَٰتِهِۦ وَلِيَتَذَكَّرَ أُو۟لُوا۟ ٱلْأَلْبَٰبِ
Біз саған осынау мүбәрак Кітапты (күллі саналы жаратылыс) оның аяттарына терең ой жүгіртсін және ақыл иелері одан үлгі-өнеге һәм ғибрат алсын деп түсірдік.
وَوَهَبْنَا لِدَاوُۥدَ سُلَيْمَٰنَۚ نِعْمَ ٱلْعَبْدُ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ
Біз (өзіне жүктелген пайғамбарлық пен халифалық міндетті лайықты түрде атқарған) Дәуітке Сүлейменді бердік. Сүлеймен қандай керемет құл еді! Ол Раббысына үнемі жан-тәнімен бет алатын өте тәубешіл жан еді.
إِذْ عُرِضَ عَلَيْهِ بِٱلْعَشِيِّ ٱلصَّٰفِنَٰتُ ٱلْجِيَادُ
Күндердің күнінде күн ұясына қарай еңкейген шақта оған (Алла жолындағы қасиетті соғысқа міну үшін арнайы бапталған) кермеде тұрғанда, сондай тыныш, ал шапқанда, аузымен құс тістеген жүйрік сәйгүліктер көрсетілді.
فَقَالَ إِنِّيٓ أَحْبَبْتُ حُبَّ ٱلْخَيْرِ عَن ذِكْرِ رَبِّي حَتَّىٰ تَوَارَتْ بِٱلْحِجَابِ
Сонда оларды біраз уақыт сүйсіне тамашалаған Сүлеймен: «Расында, мен бұл сәйгүліктерді (олардың асылдығы, жүйріктігі немесе көркі үшін емес), Раббымды есіме салып тұратындығы үшін жақсы көремін», – деді. Сөйтті де әлгі сәйгүліктер көзден ғайып болғанша оларды тамашалаумен болды.
رُدُّوهَا عَلَيَّۖ فَطَفِقَ مَسْحَۢا بِٱلسُّوقِ وَٱلْأَعْنَاقِ
Сүлеймен: «Оларды қайтып алдыма әкеліңдер», – деп бұйырды. Сәйгүліктер қайта келгенде, аяқтары мен мойындарынан сылап-сипай бастады.
وَلَقَدْ فَتَنَّا سُلَيْمَٰنَ وَأَلْقَيْنَا عَلَىٰ كُرْسِيِّهِۦ جَسَدࣰا ثُمَّ أَنَابَ
Біз Сүлейменді де сынап бақтық. Оның тағына бір өлі денені қойып қойдық. Содан кейін ол (мұның мәнісін түсінді де) бірден Аллаға бет алды.
قَالَ رَبِّ ٱغْفِرْ لِي وَهَبْ لِي مُلْكࣰا لَّا يَنۢبَغِي لِأَحَدࣲ مِّنۢ بَعْدِيٓۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْوَهَّابُ
Содан ол: «Уа, Раббым! Мені кешіре көр һәм маған (хақ дініңді жер бетінде үстем ету үшін) менен кейін бірде-бір жанға лайық болмайтын, жан баласының қолы жетпейтін шексіз билік нәсіп еткейсің! Шүбәсіз, Сен Уәһһабсың (бергенде, біржолата үйіп-төгіп беретін асқан жомартсың)!» – деп жалбарынды.
فَسَخَّرْنَا لَهُ ٱلرِّيحَ تَجْرِي بِأَمْرِهِۦ رُخَآءً حَيْثُ أَصَابَ
Біз (оның дұғасын қабыл алып) оған майда желді бағынышты қылдық. Жел оның бұйрығымен бағыттаған жеріне қарай баяу есетін еді.
وَٱلشَّيَٰطِينَ كُلَّ بَنَّآءࣲ وَغَوَّاصࣲ
Оған жын-шайтандардан он саусағынан өнер тамған шебер сәулетшілер мен (теңіз түбінде жатқан асыл тастарды алып шығатын) сүңгуір шайтандарды да бағынышты қылдық.
وَءَاخَرِينَ مُقَرَّنِينَ فِي ٱلْأَصْفَادِ
Сондай-ақ оған аяқ-қолдары кісенделіп, бір-біріне байланған (яғни бүлік шығарып, бұзақылық жасамасын деп қатаң бақылауға алынған) басқа да (адамдар мен жын-шайтандарды да) бағынышты қылдық.
هَٰذَا عَطَآؤُنَا فَٱمْنُنْ أَوْ أَمْسِكْ بِغَيْرِ حِسَابࣲ
Сөйтіп, оған: «Міне, мұның бәрі өзіңе берген қисапсыз сыйымыз. Қаласаң одан өзгелерге де бөліп бер, қаласаң ешкімге берме. Сен қайткен күнде де жауапқа тартылмайсың», – дедік.
وَإِنَّ لَهُۥ عِندَنَا لَزُلْفَىٰ وَحُسْنَ مَـَٔابࣲ
Шүбәсіз, оның Бізге деген жақындығы һәм құзырымызда сондай керемет қайтар жері бар.
وَٱذْكُرْ عَبْدَنَآ أَيُّوبَ إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُۥٓ أَنِّي مَسَّنِيَ ٱلشَّيْطَٰنُ بِنُصْبࣲ وَعَذَابٍ
Құлымыз Әюубты да есіңе ал! Есіңде болса, ол Раббысына: «Расында, мен мына шайтанның кесірінен біртүрлі дымым құрып, зор қасіретке душар болдым», – деп үн қатып, мұңын шаққан еді.
ٱرْكُضْ بِرِجْلِكَۖ هَٰذَا مُغْتَسَلُۢ بَارِدࣱ وَشَرَابࣱ
Сонда оған: «Аяғыңмен жерді теп!» – дедік. Һәм: «Міне, мынау саған жуынатын һәм ішетін сап-салқын қайнар су!» – дедік.
وَوَهَبْنَا لَهُۥٓ أَهْلَهُۥ وَمِثْلَهُم مَّعَهُمْ رَحْمَةࣰ مِّنَّا وَذِكْرَىٰ لِأُو۟لِي ٱلْأَلْبَٰبِ
Өзіміздің шексіз рақымымыз ретінде әрі ақыл иелері үшін ғибрат болсын деп, оған отбасын түгелдей қайтарып бердік һәм оларға қоса тағы да соншама бала-шаға нәсіп етіп, басына бас қостық.
وَخُذْ بِيَدِكَ ضِغْثࣰا فَٱضْرِب بِّهِۦ وَلَا تَحْنَثْۗ إِنَّا وَجَدْنَٰهُ صَابِرࣰاۚ نِّعْمَ ٱلْعَبْدُ إِنَّهُۥٓ أَوَّابࣱ
Содан оған: «Қолыңа бір буда сабақ ал да сонымен әйеліңді ұр, сөйтіп, антыңды бұзба!» – дедік. Біз оның, шынымен де, өте сабырлы екенін анық көрдік. Ол қандай керемет құл еді! Ол Раббысына үнемі жан-тәнімен бет алатын өте тәубешіл жан еді.
وَٱذْكُرْ عِبَٰدَنَآ إِبْرَٰهِيمَ وَإِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَ أُو۟لِي ٱلْأَيْدِي وَٱلْأَبْصَٰرِ
Сондай-ақ (Аллаға құлшылық етуде һәм Оның жолында игілікті істер істеуде) сондай күшті әрі асқан көрегендік иесі құлдарымыз Ибраһимді, Исхақты және Яқубты да есіңе алғын!
إِنَّآ أَخْلَصْنَٰهُم بِخَالِصَةࣲ ذِكْرَى ٱلدَّارِ
Біз оларды қай жағынан алып қарасаң да өте ықыласты қылдық, сол себепті олар (ойлары, сөздері һәм іс-әрекеттерінде) үнемі ақирет мекенін бағатын (көздейтін) еді.
وَإِنَّهُمْ عِندَنَا لَمِنَ ٱلْمُصْطَفَيْنَ ٱلْأَخْيَارِ
Өйткені олар құзырымыздағы ең таңдаулы да қайырлы жандардың қатарында еді.
وَٱذْكُرْ إِسْمَٰعِيلَ وَٱلْيَسَعَ وَذَا ٱلْكِفْلِۖ وَكُلࣱّ مِّنَ ٱلْأَخْيَارِ
Сондай-ақ Исмайылды, әл-Ясағды және Зулькифлді де есіңе алғын! Олардың әрқайсысы ең қайырлы жандардың қатарында еді.
هَٰذَا ذِكْرࣱۚ وَإِنَّ لِلْمُتَّقِينَ لَحُسْنَ مَـَٔابࣲ
Міне, бұл (яғни, пайғамбарларды осылай жақсылықпен еске алу) адамдар үшін тұнып тұрған насихат һәм керемет үлгі-өнеге. Аллаға қарсы келуден һәм азабынан сақтанатын тақуа жандарды расында да, зор болашақ һәм сондай керемет қайтар жер күтуде.
جَنَّٰتِ عَدْنࣲ مُّفَتَّحَةࣰ لَّهُمُ ٱلْأَبْوَٰبُ
Ол жер – тақуа жандар үшін қақпалары айқара ашылған қисапсыз нығметтерге толы мәңгілік бақыт мекені Адн жұмақ бақшалары.
مُتَّكِـِٔينَ فِيهَا يَدْعُونَ فِيهَا بِفَٰكِهَةࣲ كَثِيرَةࣲ وَشَرَابࣲ
Олар онда жайлы орынтақтарға шалқая түсіп, жайғасып отырады һәм жемістер мен сусындардың түр-түрін алдырады, (сөйтіп емін-еркін ішіп-жеп рақатқа батады).
۞وَعِندَهُمْ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرْفِ أَتْرَابٌ
Қастарында жас жағынан біріне-бірі құрбы-құрдас өз жұбайынан басқаға көз тікпейтін пәк жарлары болады.
هَٰذَا مَا تُوعَدُونَ لِيَوْمِ ٱلْحِسَابِ
Сендерге жауапқа тартылатын күн үшін уәде етілгендер, міне, осылар.
إِنَّ هَٰذَا لَرِزْقُنَا مَا لَهُۥ مِن نَّفَادٍ
Расында, сендер үшін әзірлеген әсте түгесілмейтін қисапсыз ризығымыз, міне, осылар.
هَٰذَاۚ وَإِنَّ لِلطَّٰغِينَ لَشَرَّ مَـَٔابࣲ
Міне, бұл (тақуалар үшін). Ал шектен шыққан азғындардың ақыры һәм барар жері расында да, өте жаман.
جَهَنَّمَ يَصْلَوْنَهَا فَبِئْسَ ٱلْمِهَادُ
Олар жаһаннамның жалындаған отына қақталады. Ол қандай жаман жатақ десеңші!
هَٰذَا فَلْيَذُوقُوهُ حَمِيمࣱ وَغَسَّاقࣱ
Олардың сыбағасы, міне, осы, ендеше, ондағы қайнақ су мен қою іріңді әбден татсын!
وَءَاخَرُ مِن شَكْلِهِۦٓ أَزْوَٰجٌ
Мұнымен де бітпейді, олар үшін соған ұқсас басқа да сан алуан азап түрлері дайын тұрады.
هَٰذَا فَوْجࣱ مُّقْتَحِمࣱ مَّعَكُمْ لَا مَرْحَبَۢا بِهِمْۚ إِنَّهُمْ صَالُوا۟ ٱلنَّارِ
(Уа, күпірлік пен бүліншіліктің көсемдері!) Міне, мыналар дүниеде өздеріңе көзсіз еріп күнәға батқан, ал бүгін өздеріңмен бірге түпсіз тозақ отына бойлайтын тобыр. Бұлар (бұдан былай) кеңшілік көрмесін! Өйткені олар жаһаннамға кіріп, жалындаған отқа әбден қақталады.
قَالُوا۟ بَلْ أَنتُمْ لَا مَرْحَبَۢا بِكُمْۖ أَنتُمْ قَدَّمْتُمُوهُ لَنَاۖ فَبِئْسَ ٱلْقَرَارُ
Сол кезде әлгі тобыр өздерін адастырған көсемдерін: «Сендер де кеңшілік көрмеңдер! Әсілі, бұл азапты біздің басымызға мына сендер келтірдіңдер», – деп, жазғырады. Бұл ара неткен жаман мәңгілік тұрақ еді!
قَالُوا۟ رَبَّنَا مَن قَدَّمَ لَنَا هَٰذَا فَزِدْهُ عَذَابࣰا ضِعْفࣰا فِي ٱلنَّارِ
Сөйтіп, олар: «Уа, Раббымыз! Бұл азапты біздің басымызға кім келтірсе, оның тозақ отындағы азабын екі есеге арттырғайсың!» – деп, көсемдеріне қарғыс жаудырады.
وَقَالُوا۟ مَا لَنَا لَا نَرَىٰ رِجَالࣰا كُنَّا نَعُدُّهُم مِّنَ ٱلْأَشْرَارِ
Кәпірлердің көсемдері: «Оу, біз (дүниеде жүргенде) жаман санаған адамдарымызды көрмей тұрмыз ғой?!»
أَتَّخَذْنَٰهُمْ سِخْرِيًّا أَمْ زَاغَتْ عَنْهُمُ ٱلْأَبْصَٰرُ
«Біз оларды үнемі келемеждеп, мазақ қылатын едік. Жоқ, әлде (дүниеде оларға көз тоқтатып қараудың өзін өзімізге ар санағанымыздай) мұнда да көздеріміз олардан тайып кетіп, көрмей тұрмыз ба?» – деседі.
إِنَّ ذَٰلِكَ لَحَقࣱّ تَخَاصُمُ أَهْلِ ٱلنَّارِ
Міне, бұл – ап-айқын ақиқат. Тозақылардың осылайша бір-бірімен керіске түсетіні хақ.
قُلْ إِنَّمَآ أَنَا۠ مُنذِرࣱۖ وَمَا مِنْ إِلَٰهٍ إِلَّا ٱللَّهُ ٱلْوَٰحِدُ ٱلْقَهَّارُ
Оларға: «Мен тек ескертуші ғанамын! Шүбәсіз, Жалғыз әрі (күллі болмысты бір Өзі билеуші, бәрінен үстем) Қаһһар Алладан басқа құдай жоқ».
رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ٱلْعَزِيزُ ٱلْغَفَّٰرُ
«Ол күллі аспан әлемі мен жердің һәм екеуінің арасындағы бар нәрсенің Раббы! Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Ғаффар (құлдарының күнә-қателіктері бастарынан асып жатса да, өте кешірімді)», – деп айт.
قُلْ هُوَ نَبَؤٌا۟ عَظِيمٌ
Сондай-ақ оларға: «Ол (Құран) – ұлы һәм өте маңызды жолдау».
أَنتُمْ عَنْهُ مُعْرِضُونَ
«Ал сендер жақтырмаған сыңай танытып, одан сырт айналасыңдар».
مَا كَانَ لِيَ مِنْ عِلْمِۭ بِٱلْمَلَإِ ٱلْأَعْلَىٰٓ إِذْ يَخْتَصِمُونَ
«(Маған осынау Құран келмегенде) ең жоғарғы мәжілістегі (яғни, көктегі періштелердің адамзаттың жер бетінде халифа болатынын естіп) өзара сөз таластырып жатқандағы жай-күйі маған мәлім болмас еді».
إِن يُوحَىٰٓ إِلَيَّ إِلَّآ أَنَّمَآ أَنَا۠ نَذِيرࣱ مُّبِينٌ
«(Мен тек өзіме уахи етілгенді ғана басшылыққа аламын). Маған өзімнің тек (адамдарды ескерту үшін жіберілген) анық ескертуші екендігім уахи етілуде», – деп, айт.
إِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَٰٓئِكَةِ إِنِّي خَٰلِقُۢ بَشَرࣰا مِّن طِينࣲ
Бірде Раббың (сонау ең ұлы мәжілісте) періште-лерге: «Мен балшықтан бір адам жаратамын».
فَإِذَا سَوَّيْتُهُۥ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِن رُّوحِي فَقَعُوا۟ لَهُۥ سَٰجِدِينَ
«Оған толыққанды (ең лайық, ең көркем) кескін-келбет беріп, ішіне Өз Рухымнан үрлеп жан бітіргенімде бірден оған (сый-құрмет көрсетіп) сәжде етіңдер», – деген еді.
فَسَجَدَ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ كُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ
Сонда барлық періштелер бірден сәжде етті.
إِلَّآ إِبْلِيسَ ٱسْتَكْبَرَ وَكَانَ مِنَ ٱلْكَٰفِرِينَ
Алайда Ібіліс (Алланың оған да Адамға сәжде ет деп бұйырғанына қарамастан) тәкаппарлыққа бой алдырып (сәжде етуден бас тартты да), кәпір болып шыға келді.
قَالَ يَٰٓإِبْلِيسُ مَا مَنَعَكَ أَن تَسْجُدَ لِمَا خَلَقْتُ بِيَدَيَّۖ أَسْتَكْبَرْتَ أَمْ كُنتَ مِنَ ٱلْعَالِينَ
Сонда Алла (Ібіліске): «Әй, Ібіліс! «Өзім ерекше ардақтап жаратқанға (тағзым етіп, сәжде ет деп бұйырғанымда) оған сәжде етуіңе не кедергі болды?! Тәкаппарлығың ұстады ма?! Жоқ әлде сен (ешкімнің алдында бас имейтін) өздерін бәрінен жоғары һәм асыл санайтындардың бірімісің?!» – деді.
قَالَ أَنَا۠ خَيْرࣱ مِّنْهُ خَلَقْتَنِي مِن نَّارࣲ وَخَلَقْتَهُۥ مِن طِينࣲ
Ібіліс: «Мен одан әлдеқайда артықпын. Өйткені Сен мені оттан жараттың, ал оны болса, балшықтан жараттың», – деп дандайсыды.
قَالَ فَٱخْرُجْ مِنْهَا فَإِنَّكَ رَجِيمࣱ
Алла оған: «Ендеше, шық ол жерден! Сен бұдан былай құзырымнан һәм рақымымнан қуылған малғұнсың».
وَإِنَّ عَلَيْكَ لَعْنَتِيٓ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلدِّينِ
«Енді дін (ұлы сот) күніне дейін саған Менің лағы-нетім жауады», – деп, рақымынан біржолата аластады.
قَالَ رَبِّ فَأَنظِرْنِيٓ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ
Ібіліс: «Уа, Раббым! Ендеше, адамдар (өліп) қайта тірілетін күнге дейін маған мұрсат бер», – деді.
قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ ٱلْمُنظَرِينَ
Алла оған: «Ал саған мұрсат берілді».
إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْوَقْتِ ٱلْمَعْلُومِ
«Алайда Маған ғана мәлім болған күнге (яғни, қиямет күніне) дейін», – деп айтты.
قَالَ فَبِعِزَّتِكَ لَأُغْوِيَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ
Сонда Ібіліс: «Ендеше, Сенің ұлылығыңмен ант етейін! Олардың барлығын азғырып, тура жолдан тайдырамын».
إِلَّا عِبَادَكَ مِنْهُمُ ٱلْمُخْلَصِينَ
«Алайда ықыласты етілген құлдарыңның жөні бөлек, (өйткені оларды қанша жерден азғырсам да, тура жолдан тайдыра алмаймын)», – деді.
قَالَ فَٱلْحَقُّ وَٱلْحَقَّ أَقُولُ
Алла оған: «Менің әр пәрменім мен әр ісім ақиқаттың нақ өзі! Дәл қазір де ақиқатты ғана айтудамын».
لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنكَ وَمِمَّن تَبِعَكَ مِنْهُمْ أَجْمَعِينَ
«Шүбәсіз, жаһаннамды сенімен һәм олардың арасынан саған ергендердің барлығымен лықа толтырамын», – деп кесіп айтты.
قُلْ مَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرࣲ وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلْمُتَكَلِّفِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Мен (осынау Құранды жеткізгенім үшін) сендерден ешқандай да ақы сұрамаймын. Сондай-ақ мен мұндайды өз ойынан шығаратын жалған пайғамбар да емеспін».
إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرࣱ لِّلْعَٰلَمِينَ
«Ол (Құран) – күллі саналы жаратылыс үшін теңдессіз насихат, ескерту һәм жолбасшы!»
وَلَتَعْلَمُنَّ نَبَأَهُۥ بَعْدَ حِينِۭ
Шүбәсіз, күндердің күнінде оның өзінің һәм берген ақпарларының мәнісін әлі-ақ білетін боласыңдар!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.