وَٱلصَّٰٓفَّٰتِ صَفࣰّا
Қатар-қатар сап түзеушілерге (періштелерге) серт!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلصَّٰٓفَّٰتِ صَفࣰّا
Қатар-қатар сап түзеушілерге (періштелерге) серт!
فَٱلزَّٰجِرَٰتِ زَجْرࣰا
(Бір тобы сұғанақ жындарды) тойтарып тастауда,
فَٱلتَّٰلِيَٰتِ ذِكْرًا
(Енді бір тобы Алла жолдаған) уахиді оқуда.
إِنَّ إِلَٰهَكُمْ لَوَٰحِدࣱ
Құдайларың шүбәсіз, жалғыз (Құдай)!
رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا وَرَبُّ ٱلْمَشَٰرِقِ
Күллі аспан әлемі мен жердің және екеуінің арасындағы бар нәрсенің Раббы һәм барлық күн шығыстың (және барлық батыстың) Раббы!
إِنَّا زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنْيَا بِزِينَةٍ ٱلْكَوَاكِبِ
Біз жерге ең жақын аспанды жымыңдаған жұлдыздармен безендірдік.
وَحِفْظࣰا مِّن كُلِّ شَيْطَٰنࣲ مَّارِدࣲ
Һәм оны әрбір қиқар, асы (күнәһар) шайтаннан қорғадық.
لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى ٱلْمَلَإِ ٱلْأَعْلَىٰ وَيُقْذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبࣲ
(Ол шайтандар көктегі) ұлық періштелердің жоғарғы мәжілісіне ұрланып келіп, тың тыңдай алмайды, (тың тыңдауға ұмсынғанда-ақ) жан-жақтан аяусыз атқыланады (жан-жақтан өздеріне қарай боратылған оқтың астында қалады).
دُحُورࣰاۖ وَلَهُمْ عَذَابࣱ وَاصِبٌ
Сөйтіп, олар аяусыз қуылады, сондай-ақ бітпейтін азапқа душар болады.
إِلَّا مَنْ خَطِفَ ٱلْخَطْفَةَ فَأَتْبَعَهُۥ شِهَابࣱ ثَاقِبࣱ
Дегенмен, араларынан біреуі бір амалын тауып, ұрланып келіп тың тыңдап, құлағы шалып қалған бір сөзді ала қашса, оның да соңына бірден жарқыраған ақпа жұлдыз түседі де (адым жерге жібермей көзін жояды).
فَٱسْتَفْتِهِمْ أَهُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَم مَّنْ خَلَقْنَآۚ إِنَّا خَلَقْنَٰهُم مِّن طِينࣲ لَّازِبِۭ
Олардан (мүшріктерден) сұрашы: «Жаратылыс жағынан кім әлдеқайда күшті әрі мығым, солар ма, жоқ, әлде Біз жаратқан өзге жаратылыстар ма (яғни, жер мен көк һәм ондағы барлық жаратылыстар ма)?! Біз, шүбәсіз, олардың өздерін жабысқақ балшықтан жараттық».
بَلْ عَجِبْتَ وَيَسْخَرُونَ
Сен (Алланың әр ісіне) таңырқап, таңдайыңды қағып, (кәпірлердің күпірлігіне) аң-таң болып жағыңды ұстайсың, ал олар болса, (сені һәм Алланың аяттарын) мазаққа айналдырады.
وَإِذَا ذُكِّرُوا۟ لَا يَذْكُرُونَ
Олар (иләһи ақиқаттар) естеріне салынып, (уахи арқылы) ескертілгендерінде, ескертуге де құлақ аспайды, ғибрат та алмайды.
وَإِذَا رَأَوْا۟ ءَايَةࣰ يَسْتَسْخِرُونَ
Ал таңғажайып мұғжиза көргендерінде өздері оны мазаққа айналдырғанымен қоймай, өзгелерді де оны келемеждеуге шақырады.
وَقَالُوٓا۟ إِنْ هَٰذَآ إِلَّا سِحْرࣱ مُّبِينٌ
Һәм: «Бұл – нағыз сиқыр, басқа түк те емес!»
أَءِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابࣰا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبْعُوثُونَ
«Демек, біз өліп, топыраққа, қаусаған құр сүйекке айналғаннан кейін, қайта тірілтіліп, қабірлерімізден шығарылады екенбіз ғой, солай ма?»
أَوَءَابَآؤُنَا ٱلْأَوَّلُونَ
«Баяғыда өліп кеткен ата-бабаларымыз да ма, (олар да қайта тіріле ме)?!» – дейді.
قُلْ نَعَمْ وَأَنتُمْ دَٰخِرُونَ
Оларға: «Иә, һәм сендер әбден қор болған күйде тірілтілесіңдер», – де.
فَإِنَّمَا هِيَ زَجْرَةࣱ وَٰحِدَةࣱ فَإِذَا هُمْ يَنظُرُونَ
Иә, (сендер таңырқап тұрған бұл істің жүзеге асуы үшін) небары бір-ақ рет саңқ етіп, пәрменді дауыс шығады. Бір қарасаң, барлығы (қабірлерінен шыққан бойда аң-таң болып) жан-жақтарына алақтап қарайды.
وَقَالُوا۟ يَٰوَيْلَنَا هَٰذَا يَوْمُ ٱلدِّينِ
Сонда олар сандарын соғып: «Ойбай, құрыдық! Міне, бұл қарымта күні!» – деседі.
هَٰذَا يَوْمُ ٱلْفَصْلِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
Періштелер оларға: «Иә, дәл солай, бұл кезінде өздерің жоққа шығарумен болған (ақиқат пен жалғанның, имандылар мен имансыздардың ара-жігі) ажырайтын һәм араларында кесімді және ақтық үкім айтылатын күн!» – деп, айтады.
۞ٱحْشُرُوا۟ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ وَأَزْوَٰجَهُمْ وَمَا كَانُوا۟ يَعْبُدُونَ
(Сол күні Хақ тағала періштелерге): «(Маған серік қосып) ең үлкен зұлымдықты істегендерді, олардың жолдастарын һәм (дүниеде Алланы былай қалдырып), табынған құдайларын бір араға жинаңдар!»
مِن دُونِ ٱللَّهِ فَٱهْدُوهُمْ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلْجَحِيمِ
«Алланы былай қалдырып, (табынған құдайларын да жинаңдар). Сөйтіп, барлығын жаһаннамның жолына салып айдаңдар!»
وَقِفُوهُمْۖ إِنَّهُم مَّسْـُٔولُونَ
«Тоқтатыңдар оларды! Олар алдымен (дүниедегі істері үшін) жауапқа тартылады».
مَا لَكُمْ لَا تَنَاصَرُونَ
Сендерге не болған, (азаптан құтылу үшін) неліктен бір-біріңе қолұшын бермейсіңдер?!
بَلْ هُمُ ٱلْيَوْمَ مُسْتَسْلِمُونَ
Жоқ, олар бүгін (бұрынғыдай қасарысуды, дандайсуды былай қойып) толық бойсұнған жағдайда.
وَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضࣲ يَتَسَآءَلُونَ
Олар бір-біріне беттеп келіп, біріне-бірі сұрақ жаудырып, салғыласа бастайды.
قَالُوٓا۟ إِنَّكُمْ كُنتُمْ تَأْتُونَنَا عَنِ ٱلْيَمِينِ
Сонда (дүниеде бағынышты болғандар көсем-деріне): «Сендер (фәни дүниеде) бізге оң жағымыздан (яғни, жақсылық ойлаған болып) келіп, іші-бауырымызға кіріп, өздеріңе қарататын едіңдер, сөйтіп, жалғанды хақ деп көрсетіп, бізді соған үндейтін едіңдер», – дейді.
قَالُوا۟ بَل لَّمْ تَكُونُوا۟ مُؤْمِنِينَ
Олардың пір тұтқан көсемдері: «Жо-жоқ, сендер онсыз да мүмін емес едіңдер».
وَمَا كَانَ لَنَا عَلَيْكُم مِّن سُلْطَٰنِۭۖ بَلْ كُنتُمْ قَوْمࣰا طَٰغِينَ
«Оның үстіне (сендерді күштеп адастыратындай) біздің сендерге соншалықты ықпалымыз да жоқ болатын. Керісінше, өздерің шектен шыққан азғын қауым едіңдер».
فَحَقَّ عَلَيْنَا قَوْلُ رَبِّنَآۖ إِنَّا لَذَآئِقُونَ
«Енді не айтсақ та кеш! Раббымыздың бізді азапқа бұйырған сөзі (үкімі) күшіне енді. Амал не, енді бәріміз сол азаптың ащы дәмін татамыз».
فَأَغْوَيْنَٰكُمْ إِنَّا كُنَّا غَٰوِينَ
«Дегенмен, біз сендерді, шынымен де азғырып, теріс жолға айдап салдық. Өйткені өзіміз де теріс жолда жүрген барып тұрған азғын едік», – деп айтады.
فَإِنَّهُمْ يَوْمَئِذࣲ فِي ٱلْعَذَابِ مُشْتَرِكُونَ
Ендеше, сол күні барлығы азапқа ортақтас болады (яғни азапты барлығы бірге тартады).
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَفْعَلُ بِٱلْمُجْرِمِينَ
Күнәға белшесінен батқан күнәһарларға осылай істейміз.
إِنَّهُمْ كَانُوٓا۟ إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ
Өйткені оларға: «Алладан басқа тәңір жоқ», – делінгенде, тәкаппарлығы ұстап:
وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوٓا۟ ءَالِهَتِنَا لِشَاعِرࣲ مَّجْنُونِۭ
«Сонда қайдағы бір жын ұрған шайырға бола құдайларымызды тәрк етеміз бе?!» – дейтін еді.
بَلْ جَآءَ بِٱلْحَقِّ وَصَدَّقَ ٱلْمُرْسَلِينَ
Жоқ! (Ол шайыр да, жын ұрған да емес). Ол ақиқатты жеткізді һәм өзінен бұрынғы хақ пайғамбарларды растады.
إِنَّكُمْ لَذَآئِقُوا۟ ٱلْعَذَابِ ٱلْأَلِيمِ
Сендер әлгі жан төзгісіз азапты анық татасыңдар, (күпірлікте мұншама қасарысуларың да соның айқын дәлелі).
وَمَا تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Қайткен күнде де не істеп, не қойған болсаңдар, соның ғана қарымын аласыңдар.
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ
Алайда Алланың Өзі ықыласты еткен хас құлдарына келсек, олардың жөні бөлек. (Олар қисапсыз сауапқа кенеледі).
أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ رِزْقࣱ مَّعْلُومࣱ
Міне, осынау ізгі жандар үшін арнайы ризық-несібе бар:
فَوَٰكِهُ وَهُم مُّكْرَمُونَ
Алуан түрлі жемістер, һәм олар зор сый-құрметке бөленеді.
فِي جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Сарқылмас сан-алуан нығметке толы жаннат бақшаларында.
عَلَىٰ سُرُرࣲ مُّتَقَٰبِلِينَ
Жайлы орынтақтарға шалқая түсіп, біріне-бірі жылы шыраймен қарасып отырады.
يُطَافُ عَلَيْهِم بِكَأْسࣲ مِّن مَّعِينِۭ
Оларға өздерін айналсоқтап сый-құрмет көрсетіп жүрген жұмақ қызметшілері тарапынан қайнар бұлақтан жаңа толтырылған қадақтар ұсынылады, онда
بَيْضَآءَ لَذَّةࣲ لِّلشَّٰرِبِينَ
мөп-мөлдір һәм сусындаған жандарды ерекше ләззатқа бөлейтін,
لَا فِيهَا غَوْلࣱ وَلَا هُمْ عَنْهَا يُنزَفُونَ
мүлдем зарарсыз һәм естен айырып еліртпейтін сусын болады, олар оған әсте мас болмайды.
وَعِندَهُمْ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرْفِ عِينࣱ
Қастарында өз жұбайынан басқаға көз тікпейтін құралай көз
كَأَنَّهُنَّ بَيْضࣱ مَّكْنُونࣱ
һәм бейне бір қабыршағында сақталған мөлтілдеген аппақ інжудей (жан баласының қолы тимеген) пәк жарлары болады.
فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضࣲ يَتَسَآءَلُونَ
Һәм олар бір-біріне келіп жақын сыр шертісіп, әңгіме-дүкен құрады.
قَالَ قَآئِلࣱ مِّنْهُمْ إِنِّي كَانَ لِي قَرِينࣱ
Сонда араларынан біреу былай дейді: «Менің (дүниеде) бір жан жолдасым бар еді»,
يَقُولُ أَءِنَّكَ لَمِنَ ٱلْمُصَدِّقِينَ
Ол маған: «Сен, шынымен де, бұл ертегіге сенетіндердің қатарындасың ба?!»
أَءِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابࣰا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَدِينُونَ
«Демек, біз өліп, топыраққа, қаусаған құр сүйекке айналғаннан кейін қайта тірілтіліп, біріміз қалмай жауапқа тартылады екенбіз ғой, солай ма?!» – дейтін еді.
قَالَ هَلْ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ
«Енді оны көргілерің келе ме?»
فَٱطَّلَعَ فَرَءَاهُ فِي سَوَآءِ ٱلْجَحِيمِ
Содан, көз жіберіп, бір қарағанда-ақ әлгі жолдасын жалындаған жаһаннамның қақ ортасынан көреді.
قَالَ تَٱللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرْدِينِ
Сөйтіп, оған: «Алланың атымен ант етейін! (Өзіңмен қоймай) мені де құрдымға батырып, құрта жаздаған екенсің».
وَلَوْلَا نِعْمَةُ رَبِّي لَكُنتُ مِنَ ٱلْمُحْضَرِينَ
«Егер Раббымның (маған нәсіп еткен иман деген) ең үлкен нығметі болмағанда, мен де тұтылып, қол-аяғы маталған күйде жаһаннамға әкелінгендердің арасында болар едім», – дейді де,
أَفَمَا نَحْنُ بِمَيِّتِينَ
(Жұмақтағы достарына бұрылып): «Біз енді бұдан былай өлмейміз ғой, солай емес пе?»
إِلَّا مَوْتَتَنَا ٱلْأُولَىٰ وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ
«(Яғни, дүниемен қош айтысқандағы) алғашқы өлімімізді былай қойғанда (ендігәрі өлмейміз ғой)?! Сондай-ақ ешбіріміз азапқа да душар болмаймыз, солай емес пе?» – дейді.
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ
Шүбәсіз, ең зор жетістік, ең үлкен табыс, міне, осы!
لِمِثْلِ هَٰذَا فَلْيَعْمَلِ ٱلْعَٰمِلُونَ
Қандай да бір жетістікке жетуді көздеп еңбек еткендер, әсілі (задында), осындай зор жетістікке жету үшін еңбек етуі керек.
أَذَٰلِكَ خَيْرࣱ نُّزُلًا أَمْ شَجَرَةُ ٱلزَّقُّومِ
Өздерің айтыңдаршы, мәңгілік сый-құрмет мекені осынау жұмақ қайырлы ма, жоқ, әлде тозақтың заққұм ағашы ма?
إِنَّا جَعَلْنَٰهَا فِتْنَةࣰ لِّلظَّٰلِمِينَ
Біз ол ағашты тозақы залымдар үшін сынақ һәм азап құралы қылдық.
إِنَّهَا شَجَرَةࣱ تَخْرُجُ فِيٓ أَصْلِ ٱلْجَحِيمِ
Ол – жалындаған жаһаннамның шыңырау түбінде өсетін ағаш.
طَلْعُهَا كَأَنَّهُۥ رُءُوسُ ٱلشَّيَٰطِينِ
Жемістері құдды шайтандардың бастары сияқты.
فَإِنَّهُمْ لَـَٔاكِلُونَ مِنْهَا فَمَالِـُٔونَ مِنْهَا ٱلْبُطُونَ
Тозақылар сол ағаштың жемісін өлгенше жеп, қарындарын лықа толтырып (қампайтып) алады.
ثُمَّ إِنَّ لَهُمْ عَلَيْهَا لَشَوْبࣰا مِّنْ حَمِيمࣲ
Содан кейін оларға заққұмның артынан ішетін бұр-сарқ қайнаған сусын беріледі.
ثُمَّ إِنَّ مَرْجِعَهُمْ لَإِلَى ٱلْجَحِيمِ
Содан соң олардың қайтар жері, шүбәсіз, жалындаған жаһаннам болмақ.
إِنَّهُمْ أَلْفَوْا۟ ءَابَآءَهُمْ ضَآلِّينَ
Олар өздерінің ата-бабаларын адасқан күйде көрді.
فَهُمْ عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِمْ يُهْرَعُونَ
Енді өздері де жанталасып, солардың ізін қууда.
وَلَقَدْ ضَلَّ قَبْلَهُمْ أَكْثَرُ ٱلْأَوَّلِينَ
Анығында, олардан бұрын өткен алғашқы нәсілдердің де дені дәл солай тура жолдан адасқан болатын.
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا فِيهِم مُّنذِرِينَ
Біз оларға өз араларынан шыққан ескертуші пайғамбарлар жібердік.
فَٱنظُرْ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلْمُنذَرِينَ
Ендеше алдын-ала ескертілген сол нәсілдердің ақырының не болғанына қара!
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ
Тек араларындағы Алланың өзі ықыласты қылған таңдаулы құлдарының жөні бөлек. (Олар Алланың шарапатына бөленіп, қауымдастары ұшыраған азаптан аман қалды).
وَلَقَدْ نَادَىٰنَا نُوحࣱ فَلَنِعْمَ ٱلْمُجِيبُونَ
(Ал енді соларға мысал ретінде, кезінде) Нұх Бізге мұңын шағып, жалбарынған еді. Біз де оның дұғасын ілтипатпен қабыл алған едік.
وَنَجَّيْنَٰهُ وَأَهْلَهُۥ مِنَ ٱلْكَرْبِ ٱلْعَظِيمِ
Оның өзін һәм маңайындағы жақындары мен мүміндерді сол бір (Топан су басқан) алапат апаттан құтқарып қалдық.
وَجَعَلْنَا ذُرِّيَّتَهُۥ هُمُ ٱلْبَاقِينَ
Сөйтіп, оның ұрпағын жер бетінде (тіршілік етіп) қалатын қылдық.
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي ٱلْـَٔاخِرِينَ
Сондай-ақ оны (қияметке дейін келетін) кейінгі ұрпақтардың арасында (жадында) жақсы атты қылдық.
سَلَٰمٌ عَلَىٰ نُوحࣲ فِي ٱلْعَٰلَمِينَ
Күллі жаратылыс ішінде Нұхқа сәлем жаусын!
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْمُحْسِنِينَ
Біз бейне бір Алланы көріп тұрғандай жан-тәнімен игілікті істер істеген ізгі жандарды, міне, осылай марапаттаймыз.
إِنَّهُۥ مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُؤْمِنِينَ
Шүбәсіз, ол хас мүмін құлдарымыздың бірі еді.
ثُمَّ أَغْرَقْنَا ٱلْـَٔاخَرِينَ
(Нұх пен оның жақындарын аман алып қалғаннан) кейін қалғандарын суға батырдық.
۞وَإِنَّ مِن شِيعَتِهِۦ لَإِبْرَٰهِيمَ
Ибраһим де, шүбәсіз, оның ізбасарларынан еді.
إِذْ جَآءَ رَبَّهُۥ بِقَلْبࣲ سَلِيمٍ
Ол Раббысына (рухани дерттерден ада болған) пәк жүрекпен бет алған еді.
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِۦ مَاذَا تَعْبُدُونَ
Ол әкесіне һәм қауымына: «Сонда сендер не нәрсеге табынып жүрсіңдер?»
أَئِفْكًا ءَالِهَةࣰ دُونَ ٱللَّهِ تُرِيدُونَ
«Сонда жалған мен жала жабу үшін Алладан өзге тәңірлерді қалайсыңдар ма?»
فَمَا ظَنُّكُم بِرَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
«(Қалай ғана дәттерің барып, Алладан өзгеге табынасыңдар?) Сендер әлемдердің Раббын кім деп ойлап жүрсіңдер?!» – деген еді.
فَنَظَرَ نَظْرَةࣰ فِي ٱلنُّجُومِ
Содан (бір мейрам күні ол қауымының діни рәсіміне қатысуға шақырылғанында), жұлдыздарға бір рет көз жіберді де;
فَقَالَ إِنِّي سَقِيمࣱ
«Менің, шынымен, мазам қашып тұр», – деді.
فَتَوَلَّوْا۟ عَنْهُ مُدْبِرِينَ
Сол-ақ екен, қауымы одан сырт айналып кетіп қалды.
فَرَاغَ إِلَىٰٓ ءَالِهَتِهِمْ فَقَالَ أَلَا تَأْكُلُونَ
Содан Ибраһим олардың тәңір тұтқан пұттарының қасына ұрланып келді де (алдарына қойылған мерекелік дәмді көріп, мысқылмен): «Алдарыңдағы дәмнен жемейсіңдер ме?!»
مَا لَكُمْ لَا تَنطِقُونَ
«Сендерге не көрінген, неге сөйлемей мелшиіп тұрсыңдар?» – деді.
فَرَاغَ عَلَيْهِمْ ضَرْبَۢا بِٱلْيَمِينِ
Содан жан баласына сездірместен оларға төнген бойда бар пәрменімен аямай ұрып, шетінен қирата берді.
فَأَقْبَلُوٓا۟ إِلَيْهِ يَزِفُّونَ
Содан (мұны естіген) жұрт бірін-бірі таптап кете жаздап, жапа-тармағай оған қарай бет алды.
قَالَ أَتَعْبُدُونَ مَا تَنْحِتُونَ
Сол кезде Ибраһим: «Сонда сендер өз қолдарыңмен қашаған меңіреу тастарға табынасыңдар ма?»
وَٱللَّهُ خَلَقَكُمْ وَمَا تَعْمَلُونَ
«Өздеріңді де, бүкіл істеріңді де жаратқан бір Алла (тұрғанда меңіреу пұттарға құлдық ұрасыңдар ма?)», – деп олардың өздерін жазғырды.
قَالُوا۟ ٱبْنُوا۟ لَهُۥ بُنْيَٰنࣰا فَأَلْقُوهُ فِي ٱلْجَحِيمِ
Ақыр соңында қауымы (оны қандай жазаға тартуды өзара кеңесе келе) бірауыздан: «Қане, бәрің жұмылып, оған арнап отыннан алып құрылыс тұрғызыңдар да соған от қойып, оны жалындаған отқа тастаңдар», – деді.
فَأَرَادُوا۟ بِهِۦ كَيْدࣰا فَجَعَلْنَٰهُمُ ٱلْأَسْفَلِينَ
Сөйтіп, олар өздерінше Ибраһимге тұзақ құрып, қастандық істемекші болды. Алайда Біз олардың өздерін жер қылып, жеңіліс таптырдық.
وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهْدِينِ
Ақырында Ибраһим қауымының түзелмесін түсініп: «Мен тек Раббымның разылығын көздеп (бұл арадан) қоныс аударамын, Раббым мені (Өзіне емін-еркін құлшылық ететін жеріме) жеткізеді (бағыттайды)», – деді.
رَبِّ هَبْ لِي مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Һәм: «Уа, Раббым! Маған ізгі жандардың бірі һәм бірегейі болатын ізгі перзент бергейсің!» – деп, дұға етті.
فَبَشَّرْنَٰهُ بِغُلَٰمٍ حَلِيمࣲ
Біз (оның дұғасын қабыл алып) оны ізетті де салиқалы перзентпен сүйіншіледік.
فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ ٱلسَّعْيَ قَالَ يَٰبُنَيَّ إِنِّيٓ أَرَىٰ فِي ٱلْمَنَامِ أَنِّيٓ أَذْبَحُكَ فَٱنظُرْ مَاذَا تَرَىٰۚ قَالَ يَٰٓأَبَتِ ٱفْعَلْ مَا تُؤْمَرُۖ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّٰبِرِينَ
Сөйтіп, (Алладан тілеп алған сүйікті) перзенті ержетіп, өзінің қасында жүріп, қолғабыс көрсетуге әбден жараған шағында: «Балам! (Соңғы бірнеше түн қатарынан түс көрудемін,) түсімде өзіңді құрбандыққа шалып жатыр екенмін деймін. Бұған не дейсің?!» – деді. Сонда бала жігіт еш абыржымастан: «Уа, әкетай! Сен өзіңе бұйырылғанды істе, Алла қаласа, менің (Алланың пәрменіне мойынсұнуға келгенде) өте сабырлы жандардың бірі екенімді көресің», – деп, жауап берді.
فَلَمَّآ أَسْلَمَا وَتَلَّهُۥ لِلْجَبِينِ
Содан екеуі де Жаратқанның жарлығына қалтқысыз мойынсұнып, Ибраһим баласын оң жақ қырымен жерге жатқызғанда;
وَنَٰدَيْنَٰهُ أَن يَٰٓإِبْرَٰهِيمُ
Біз оған: «Уа, Ибраһим!» – деп үн қаттық.
قَدْ صَدَّقْتَ ٱلرُّءْيَآۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْمُحْسِنِينَ
«Сен түсіңде көрген иләһи пәрменді растадың (һәм өзіңнің Аллаға шын берілгендігіңді дәлелдедің, енді балаңды құрбандыққа шалмай-ақ қой). Біз бейне бір Алланы көріп тұрғандай жан-тәнімен игілікті істер істейтін ізгі жандарды, міне, осылай марапаттаймыз.
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلْبَلَٰٓؤُا۟ ٱلْمُبِينُ
Шүбәсіз, бұл үлкен сынақ еді.
وَفَدَيْنَٰهُ بِذِبْحٍ عَظِيمࣲ
Нәтижеде оған баласының орнына ірі құрбандық нәсіп еттік.
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي ٱلْـَٔاخِرِينَ
Сондай-ақ оны (қияметке дейін келетін) кейінгі ұрпақтардың арасында жақсы атты қылдық.
سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِبْرَٰهِيمَ
Ибраһимге (Алладан һәм күллі жаратылыстан мың) сәлем!
كَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْمُحْسِنِينَ
Біз бейне бір Алланы көріп тұрғандай жан-тәнімен игілікті істер істейтін ізгі жандарды, міне, осылай марапаттаймыз.
إِنَّهُۥ مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُؤْمِنِينَ
Шүбәсіз, ол хас мүмін құлдарымыздың бірі де бірегейі еді.
وَبَشَّرْنَٰهُ بِإِسْحَٰقَ نَبِيࣰّا مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Оны ізгі жандардың ішінен пайғамбар болатын тағы бір ұлы Исхақпен де сүйіншіледік.
وَبَٰرَكْنَا عَلَيْهِ وَعَلَىٰٓ إِسْحَٰقَۚ وَمِن ذُرِّيَّتِهِمَا مُحْسِنࣱ وَظَالِمࣱ لِّنَفْسِهِۦ مُبِينࣱ
Сөйтіп, тұңғыш балаға да, Исхаққа да құт-береке дарыттық. Екеуінің де ұрпағының ішінде Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын жадында ұстап, кұлшылық ететін ізгі жандармен қатар, (күпірлікке ұрынып немесе күнәға белшеден батып) өз-өздеріне ашықтан-ашық зұлымдық жасайтындардың да бары анық.
وَلَقَدْ مَنَنَّا عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Мұса мен Һарунды да шексіз нығметке бөледік.
وَنَجَّيْنَٰهُمَا وَقَوْمَهُمَا مِنَ ٱلْكَرْبِ ٱلْعَظِيمِ
Олардың өздерін де, қауымын да сол бір (құлдық пен зорлық-зомбылық деген) алапат қасіреттен құтқардық.
وَنَصَرْنَٰهُمْ فَكَانُوا۟ هُمُ ٱلْغَٰلِبِينَ
Біз оларға (озбыр қауымға қарсы) жәрдем бердік. Соның нәтижесінде жеңіске жеткендер солар болды.
وَءَاتَيْنَٰهُمَا ٱلْكِتَٰبَ ٱلْمُسْتَبِينَ
Сондай-ақ ол екеуіне (иләһи) ақиқаттарды һәм екі дүниеде де бақытты болудың жолдарын айқын көрсететін Кітап бердік.
وَهَدَيْنَٰهُمَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلْمُسْتَقِيمَ
Сөйтіп, екеуін қай мәселеде болмасын, тура жолға бағыттадық.
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِمَا فِي ٱلْـَٔاخِرِينَ
Һәм екеуін бірдей (қияметке дейін келетін) кейінгі ұрпақтардың арасында жақсы атты қылдық.
سَلَٰمٌ عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Мұса мен Һарунға да (Алладан һәм күллі жаратылыстан) сәлем!
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْمُحْسِنِينَ
Біз бейне бір Алланы көріп тұрғандай жан-тәнімен игілікті істер істейтін ізгі жандарды, міне, осылай марапаттаймыз.
إِنَّهُمَا مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُؤْمِنِينَ
Шүбәсіз, екеуі де хас мүмін құлдарымыздың қатарында еді.
وَإِنَّ إِلْيَاسَ لَمِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ
Шүбәсіз, Ильяс та (Алланың хақ дінін насихаттау үшін) жіберілген пайғамбарлардың бірі еді.
إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِۦٓ أَلَا تَتَّقُونَ
Ол қауымына: «Сендер Алладан қорықпай-сыңдар ма?!»
أَتَدْعُونَ بَعْلࣰا وَتَذَرُونَ أَحْسَنَ ٱلْخَٰلِقِينَ
«Бағылға (яғни Бағыл деген пұтқа) жалбарынып, жаратылыс атаулыны сондай керемет һәм лайық сипатта Жаратқанды тәрк қыласыңдар ма?»
ٱللَّهَ رَبَّكُمْ وَرَبَّ ءَابَآئِكُمُ ٱلْأَوَّلِينَ
«Өздеріңнің де Раббыларың һәм арғы ата-бабаларыңның да Раббысы болған Алланы (тәрк қыласыңдар ма?!)», – деген еді.
فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ
Алайда қауымы оның өзін де, сөзін де өтірікке шығарды, сол себепті, олар тұтылған бойда жауапқа тартылу үшін Алланың құзырына әкелініп, ақырында жаһаннамға тасталады.
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ
Тек араларындағы Алланың өзі ықыласты қылған таңдаулы құлдарының жөні бөлек. (Олар Алланың шарапатына бөленіп, қауымдастарының басына келген азаптан аман қалды).
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي ٱلْـَٔاخِرِينَ
Оны да (қияметке дейін келетін) кейінгі ұрпақтардың арасында жақсы атты қылдық.
سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِلْ يَاسِينَ
Ильясинге де (Алладан һәм күллі жаратылыстан мың) сәлем!
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْمُحْسِنِينَ
Біз бейне бір Алланы көріп тұрғандай жан-тәнімен игілікті істер істейтін ізгі жандарды, міне, осылай марапаттаймыз.
إِنَّهُۥ مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُؤْمِنِينَ
Шүбәсіз, ол да хас мүмін құлдарымыздың бірі еді.
وَإِنَّ لُوطࣰا لَّمِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ
Шүбәсіз, Лут та (Алланың хақ дінін насихаттау үшін) жіберілген пайғамбарлардың бірі еді.
إِذْ نَجَّيْنَٰهُ وَأَهْلَهُۥٓ أَجْمَعِينَ
Біз оны һәм өзімен бірге иман келтірген отбасын (пайғамбарлық міндеті тамамдалған соң күнәһарлар жайлаған елден шығарып, алапат апаттан) түгелдей аман алып қалдық.
إِلَّا عَجُوزࣰا فِي ٱلْغَٰبِرِينَ
Алайда (оның өмірлік жолдасы бола тұра иманға келмей, күнәһарлармен бірге) жұртта қалған кемпірдің жөні бөлек, (оны құтқармадық).
ثُمَّ دَمَّرْنَا ٱلْـَٔاخَرِينَ
Артынша жұртта қалғандардың бәрін жаппай жермен-жексен еттік.
وَإِنَّكُمْ لَتَمُرُّونَ عَلَيْهِم مُّصْبِحِينَ
(Алыс елдерге сапар шеккендеріңде) олардың жермен-жексен болған жұрттарынан таңертең өтесіңдер.
وَبِٱلَّيْلِۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Түнде де (өтесіңдер). Сонда да ақылға салып ойланып, осынау оқиғалардан ғибрат алмайсыңдар ма?!
وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ
Шүбәсіз, Юунус те (Алланың хақ дінін насихаттау үшін) жіберілген пайғамбарлардың бірі еді.
إِذْ أَبَقَ إِلَى ٱلْفُلْكِ ٱلْمَشْحُونِ
Бірде ол қожайынынан қашқан құлға ұқсап, өз бетімен қауымын тастап, жолаушыға лықа толы кемеге мініп кеткен еді.
فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ ٱلْمُدْحَضِينَ
Ол (жол үстінде) кемедегілермен бірге жеребе салысып, жеребеден ұтылып қалды.
فَٱلْتَقَمَهُ ٱلْحُوتُ وَهُوَ مُلِيمࣱ
(Содан кемедегілер оны суға тастап жіберді), сонда ол (Алланың рұқсатынсыз өз бетімен қауымын тастап кеткені үшін қатты өкініп) өзін-өзі жазғырумен болған еді, сол-ақ екен, оны бір алып балық жұтып қойды.
فَلَوْلَآ أَنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلْمُسَبِّحِينَ
Егер ол Раббысын үнемі лайықты деңгейде ұлықтап, дәріптейтін жан болмағанда,
لَلَبِثَ فِي بَطْنِهِۦٓ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ
Қиямет орнап, өлілер қайта тірілтілетін күнге дейін сол балықтың қарнында қалар еді.
۞فَنَبَذْنَٰهُ بِٱلْعَرَآءِ وَهُوَ سَقِيمࣱ
Алайда Біз оны әбден әлі құрып, ауырып тұрған күйінде ағаш атаулыдан жұрдай тақыр жағалауға лақтырып (шығарып) тастадық.
وَأَنۢبَتْنَا عَلَيْهِ شَجَرَةࣰ مِّن يَقْطِينࣲ
Сөйтіп, оған сая болсын деп басына (маңына) бір түп асқабақ өсіріп қойдық.
وَأَرْسَلْنَٰهُ إِلَىٰ مِا۟ئَةِ أَلْفٍ أَوْ يَزِيدُونَ
Һәм оны саны жүз мыңға жететін, тіпті, одан да асып жығылатын (өзінің қауымына) қайта жібердік.
فَـَٔامَنُوا۟ فَمَتَّعْنَٰهُمْ إِلَىٰ حِينࣲ
Олар бұл жолы жаппай иманға келді, сөйтіп, оларға белгілі уақытқа дейін тіршілік етуіне мұрсат бердік.
فَٱسْتَفْتِهِمْ أَلِرَبِّكَ ٱلْبَنَاتُ وَلَهُمُ ٱلْبَنُونَ
Олардан сұрашы, қыз балалар Раббыңа, ал ұл балалар соларға тиесілі ме екен?
أَمْ خَلَقْنَا ٱلْمَلَٰٓئِكَةَ إِنَٰثࣰا وَهُمْ شَٰهِدُونَ
Жоқ, әлде періштелерді ұрғашы етіп жаратқанымызға олар куә болып па?!
أَلَآ إِنَّهُم مِّنْ إِفْكِهِمْ لَيَقُولُونَ
Біле білсеңдер, олар (Жаратқанға) жала жауып:
وَلَدَ ٱللَّهُ وَإِنَّهُمْ لَكَٰذِبُونَ
«Алла балалы болды», – деп айтады. Шүбәсіз, олар барып тұрған өтірікші кәззәптар.
أَصْطَفَى ٱلْبَنَاتِ عَلَى ٱلْبَنِينَ
Сонда Алла (ұл мен қызды бөліп-жарып) қыздарды ұлдардан артық көріп пе?
مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ
Сендерге не көрінген? Қалай-қалай пішіп-кесіп, үкім етесіңдер?!
أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Өздерің сәл де болса ойланбайсыңдар ма?!
أَمْ لَكُمْ سُلْطَٰنࣱ مُّبِينࣱ
Әлде (сенімдерің мен сөздеріңді қуаттайтын) нақты да айқын дәлелдерің бар ма?
فَأْتُوا۟ بِكِتَٰبِكُمْ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ
Егер айтқандарың рас болса, қане, (сөздеріңді қуаттайтын) кітаптарыңды әкеліңдерші (көрейік)!
وَجَعَلُوا۟ بَيْنَهُۥ وَبَيْنَ ٱلْجِنَّةِ نَسَبࣰاۚ وَلَقَدْ عَلِمَتِ ٱلْجِنَّةُ إِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ
Сондай-ақ олар Алла мен жындар арасында туыстық бар дегенді шығарды. Әйтсе де, жындар (Алла мен өздерінің арасындағы қатынастың қандай екенін һәм күндердің күнінде) өздерінің жауапқа тартылу үшін Алланың құзырына апарылатындықтарын жақсы біледі.
سُبْحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ
Алла олардың Өзіне теліп жүрген сипаттарынан мүлдем ада.
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ
Тек Алланың өзі ықыласты еткен хас құлдарының жөні бөлек, (олар мүшріктер сияқты Жаратқанға лайықсыз сипаттарды әсте телімейді).
فَإِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ
(Әй, мүшріктер), сендер де, табынып жүрген құдайларың да,
مَآ أَنتُمْ عَلَيْهِ بِفَٰتِنِينَ
ешкімді азғырып, тура жолдан (һәм Алла жайлы дұрыс сенімнен) тайдыра алмайсыңдар.
إِلَّا مَنْ هُوَ صَالِ ٱلْجَحِيمِ
Тек, өздігінен жалындаған жаһаннамға кіріп, отқа қақталғысы келетін пенденің жөні бөлек, (ондай бейбақтың ықпалдарыңа түсері сөзсіз).
وَمَا مِنَّآ إِلَّا لَهُۥ مَقَامࣱ مَّعْلُومࣱ
(Өздеріне жала жабылған періштелер) былай дейді: «Біздің әрқайсымыздың Алланың құзырында белгілі орнымыз бен атқаратын тұрақты міндетіміз бар».
وَإِنَّا لَنَحْنُ ٱلصَّآفُّونَ
«(Одан пәрмен алып, соны орындау үшін кезек күткен) қатар-қатар сап түзеушілер мына бізбіз».
وَإِنَّا لَنَحْنُ ٱلْمُسَبِّحُونَ
«Сондай-ақ біз Оның мінсіз екенін жар салушылармыз».
وَإِن كَانُوا۟ لَيَقُولُونَ
Мүшріктер кезінде былай деп айтатын:
لَوْ أَنَّ عِندَنَا ذِكْرࣰا مِّنَ ٱلْأَوَّلِينَ
«Егер де алғашқы үмбеттерге берілген кітап сияқты бір кітап біздің де қолымызда болғанда,
لَكُنَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ
шүбәсіз, біз де Алланың өзі ықыласты қылған хас құлдары болар едік».
فَكَفَرُوا۟ بِهِۦۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
Ал енді сол Кітапты өздері жоққа шығаруда. Олар мұның неге әкеліп соқтырарын әлі-ақ білетін болады!
وَلَقَدْ سَبَقَتْ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا ٱلْمُرْسَلِينَ
Біздің пайғамбар ретінде жіберген хас құлдарымызға қатысты кесімді сөзіміз әлдеқашан айтылған:
إِنَّهُمْ لَهُمُ ٱلْمَنصُورُونَ
«Олар бар ғой? Бізден жәрдем алып, сөзсіз жеңіске жететіндер, міне, солар!»
وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ ٱلْغَٰلِبُونَ
«Шүбәсіз, әрдайым үстем болатын Біздің әскеріміз».
فَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينࣲ
Ендеше, белгіленген уақытқа дейін олардан теріс айнал (адам айтқысыз сөздері мен қылықтарына көңіл аударма)!
وَأَبْصِرْهُمْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ
Оларға қара! Олар өздері де (күпірліктің неге әкеліп соқтырарын) әлі-ақ көретін болады.
أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ
Әлде олар жойқын азабымыздың бастарына тез арада келуін тілей ме?
فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمْ فَسَآءَ صَبَاحُ ٱلْمُنذَرِينَ
Ендеше, жойқын азабымыз олардың мекен-жайларына (жай отындай болып) түскен кезде, ескерту алса да оған құлақ аспағандардың көрер таңы өте жаман болмақ!
وَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينࣲ
Олай болса, белгілі бір уақытқа дейін олардан теріс айнал (адам айтқысыз сөздері мен қылықтарына көңіл аударма)!
وَأَبْصِرْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ
Оларға қара! Олар өздері де әлі-ақ көретін болады.
سُبْحَٰنَ رَبِّكَ رَبِّ ٱلْعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ
Шексіз үстемдік пен ұлылықтың Раббысы болған сенің Раббың олардың Өзіне теліп жүрген лайықсыз сипаттарынан мүлдем ада.
وَسَلَٰمٌ عَلَى ٱلْمُرْسَلِينَ
(Алланың хақ дінін жаю үшін) жіберілген барлық пайғамбарларға (Алладан һәм күллі жаратылыстан мың) сәлем!
وَٱلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
Бар мадақ, шексіз шүкіршілік күллі әлемнің Раббысы Аллаға тән!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.