يسٓ
Иә, Син.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
يسٓ
Иә, Син.
وَٱلْقُرْءَانِ ٱلْحَكِيمِ
(Уа, Мұхаммед!) Хикметке толы Құранға серт!
إِنَّكَ لَمِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ
Сен, әлбетте, (ақиқатты жар салу міндетімен жіберілген) елші пайғамбардың бірі һәм бірегейісің!
عَلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ
Тұп-тура жолдасың.
تَنزِيلَ ٱلْعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ
Бұл – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді) Алланың бірте-бірте түсірген Кітабы.
لِتُنذِرَ قَوْمࣰا مَّآ أُنذِرَ ءَابَآؤُهُمْ فَهُمْ غَٰفِلُونَ
(Оны саған) ата-бабалары еш ескертілмеген, сол себепті (ақиқаттан) мүлдем ғапыл қалған қауымды ескертуің үшін (түсірді).
لَقَدْ حَقَّ ٱلْقَوْلُ عَلَىٰٓ أَكْثَرِهِمْ فَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Адамдардың басым көпшілігіне қатысты Алланың («жаһаннамды адамдармен және жындармен толтырамын» деген) сөзінің хақ екендігі айқындалды. Бұл көпшілік иман етпеуде және етпейді де.
إِنَّا جَعَلْنَا فِيٓ أَعْنَٰقِهِمْ أَغْلَٰلࣰا فَهِيَ إِلَى ٱلْأَذْقَانِ فَهُم مُّقْمَحُونَ
Өйткені, Біз олардың мойынына иектеріне дейін жетіп, бастарын игізбей тіреп тұратын темір ажырғылар кигіздік, сол себепті олардың бастары кекжиіп, мұрындары көкке көтеріліп қалған.
وَجَعَلْنَا مِنۢ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ سَدࣰّا وَمِنْ خَلْفِهِمْ سَدࣰّا فَأَغْشَيْنَٰهُمْ فَهُمْ لَا يُبْصِرُونَ
Сондай-ақ олардың алдына бір бөгет, артына бір бөгет қойып, алды-артын көлегейлеп тастадық, сондықтан олар (ақиқатты) көре алмауда.
وَسَوَآءٌ عَلَيْهِمْ ءَأَنذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنذِرْهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Ондайларды ескерттің не, ескертпедің не, бәрібір, олар әсте иман етпейді.
إِنَّمَا تُنذِرُ مَنِ ٱتَّبَعَ ٱلذِّكْرَ وَخَشِيَ ٱلرَّحْمَٰنَ بِٱلْغَيْبِۖ فَبَشِّرْهُ بِمَغْفِرَةࣲ وَأَجْرࣲ كَرِيمٍ
Сен тек Зікірді (Құранды) басшылыққа алатын және (бұл дүниеде) көрмесе де Рахманнан барынша именетін (әрі сыңарезуліктен аулақ болған, ақиқатты аңсаған) жанды ғана ескертіп, сақтандыра аласың. Міне, мұндай жанды кең кешірім әрі сондай керім (мол, берекелі, зиянсыз әрі қайырлы) ризық-несібемен сүйіншіле.
إِنَّا نَحْنُ نُحْيِ ٱلْمَوْتَىٰ وَنَكْتُبُ مَا قَدَّمُوا۟ وَءَاثَٰرَهُمْۚ وَكُلَّ شَيْءٍ أَحْصَيْنَٰهُ فِيٓ إِمَامࣲ مُّبِينࣲ
Өлілерді қайта тірілтетін мына Бізбіз, сондай-ақ, Біз адамдардың дүниеде өз қолымен істеп, ақиретке жолдаған сауаптары мен күнәлары және (дүниеден озғаннан кейін) арттарында қалған (һәм қияметке дейін амал дәптеріне жазыла беретін) жақсылықтары мен жамандықтарын түгелдей жазып алудамыз. Біз онсыз да (әу баста) барлық нәрсені жіпке тізіп, ап-айқын Кітапқа жазып қойғанбыз.
وَٱضْرِبْ لَهُم مَّثَلًا أَصْحَٰبَ ٱلْقَرْيَةِ إِذْ جَآءَهَا ٱلْمُرْسَلُونَ
Сен оларға әлгі шаһар халқын мысалға келтір, сол шаһар халқына да (Алланың жолдауын жеткізуші) елші пайғамбарлар келген еді.
إِذْ أَرْسَلْنَآ إِلَيْهِمُ ٱثْنَيْنِ فَكَذَّبُوهُمَا فَعَزَّزْنَا بِثَالِثࣲ فَقَالُوٓا۟ إِنَّآ إِلَيْكُم مُّرْسَلُونَ
Біз оларға алғашында екі бірдей елші пайғамбар жібердік. Алайда олар екеуін де жоққа шығарды, сөйтіп ол екеуіне үшіншісін жәрдемге жібердік. Сонда үшеуі бір ауыздан: «Біз расында да сендерге арнайы жіберілген елшілерміз», – деп айтты.
قَالُوا۟ مَآ أَنتُمْ إِلَّا بَشَرࣱ مِّثْلُنَا وَمَآ أَنزَلَ ٱلرَّحْمَٰنُ مِن شَيْءٍ إِنْ أَنتُمْ إِلَّا تَكْذِبُونَ
Сонда шаһар халқы: «Сендер де өзіміз сияқты (ішіп-жейтін, дәм-тұзы таусылғанда өлетін) адам баласысыңдар, бізден еш жерлерің артық емес. Сондай-ақ Рахман да еш нәрсе түсірген жоқ. Сендер өтірік айтып тұрсыңдар, одан басқа түк те емес», – деп үшеуін де өтірікшіге шығарды.
قَالُوا۟ رَبُّنَا يَعْلَمُ إِنَّآ إِلَيْكُمْ لَمُرْسَلُونَ
Пайғамбарлар: «Біздің шынымен де өздеріңе арнайы жіберілген елшілер екенімізді (сендер білгілерің келмесе де) Раббымыз біледі».
وَمَا عَلَيْنَآ إِلَّا ٱلْبَلَٰغُ ٱلْمُبِينُ
«Біздің бар міндетіміз – Алланың хақ жолдауын толық әрі ашық түрде (баршаға түсінікті етіп) жеткізу ғана», – деді.
قَالُوٓا۟ إِنَّا تَطَيَّرْنَا بِكُمْۖ لَئِن لَّمْ تَنتَهُوا۟ لَنَرْجُمَنَّكُمْ وَلَيَمَسَّنَّكُم مِّنَّا عَذَابٌ أَلِيمࣱ
Сонда кәпірлер оларға: «Мына сендер біз үшін жаман ырым болдыңдар, сендердің кесірлеріңнен бақытсыздыққа ұшырамасақ етті. Егер мына істеріңнен тыйылмасаңдар, сендерді таспен атқылаймыз (бораған тастың астына аламыз), сөйтіп біздің аяусыз азабымызға тап боласыңдар!» – деп сес көрсетті.
قَالُوا۟ طَٰٓئِرُكُم مَّعَكُمْ أَئِن ذُكِّرْتُمۚ بَلْ أَنتُمْ قَوْمࣱ مُّسْرِفُونَ
Пайғамбарлар оларға: «Жаман ырым дегенді сендер өздерің бастап тұрсыңдар! Сонда, насихат арқылы ақиқат естеріңе салынып, ескертілгендеріңді де жамандыққа жорисыңдар ма?! Анығында, сендер (Алланың адам бойына дарытқан көптеген сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай қор қылып жүрген) шектен шыққан қауымсыңдар», – деді.
وَجَآءَ مِنْ أَقْصَا ٱلْمَدِينَةِ رَجُلࣱ يَسْعَىٰ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱتَّبِعُوا۟ ٱلْمُرْسَلِينَ
Содан шаһардың арғы басынан бір кісі жүгіріп келді де: «Уа, жарандар! Мына елшілерге еріңдер!»
ٱتَّبِعُوا۟ مَن لَّا يَسْـَٔلُكُمْ أَجْرࣰا وَهُم مُّهْتَدُونَ
«Істеген игілікті істері үшін сендерден ақы сұрамайтын әрі хақ жолда жүрген жандарға еріңдер».
وَمَا لِيَ لَآ أَعْبُدُ ٱلَّذِي فَطَرَنِي وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
«Өзімді жоқтан жаратқанға құлшылық етпей маған не көрініпті? Һәм бәрің де бір күні Оған қайтарыласыңдар».
ءَأَتَّخِذُ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةً إِن يُرِدْنِ ٱلرَّحْمَٰنُ بِضُرࣲّ لَّا تُغْنِ عَنِّي شَفَٰعَتُهُمْ شَيْـࣰٔا وَلَا يُنقِذُونِ
«Мен Одан өзгені қалай тәңір тұтамын?! Егер Рахман маған қандай да бір зиян тигізуді қаласа, әлгі жалған құдайлардың шапағаты маған түк те пайда бермейді, әрі олар мені (Алланың азабынан) құтқарып қала да алмайды».
إِنِّيٓ إِذࣰا لَّفِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينٍ
«(Егер мен Алладан өзгені тәңір тұтсам), онда мен, сөзсіз, анық адасуда боламын».
إِنِّيٓ ءَامَنتُ بِرَبِّكُمْ فَٱسْمَعُونِ
«Мен (сендерді жоқтан жаратқан) Раббыларыңа иман еттім, мені тыңдаңдар!» – деп жанашырлықпен насихат айтты.
قِيلَ ٱدْخُلِ ٱلْجَنَّةَۖ قَالَ يَٰلَيْتَ قَوْمِي يَعْلَمُونَ
Нәтижеде оған: «Мархабат, жаннатқа кір!» – делінді.Сонда ол: «Еһ, шіркін, қауымым мұны білсе ғой!»
بِمَا غَفَرَ لِي رَبِّي وَجَعَلَنِي مِنَ ٱلْمُكْرَمِينَ
«Раббымның мені кешіргенін және ілтипатына бөлеп, ерекше сый-құрмет көрсеткенін білсе ғой!» – деп армандады.
۞وَمَآ أَنزَلْنَا عَلَىٰ قَوْمِهِۦ مِنۢ بَعْدِهِۦ مِن جُندࣲ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا كُنَّا مُنزِلِينَ
Ол (Хабиб Нәжжар) дүниеден озғаннан кейін, қауымының үстіне көктен әскер түсірмедік. Олай істеу онсыз да жол-жобамызға жатпайтын еді.
إِن كَانَتْ إِلَّا صَيْحَةࣰ وَٰحِدَةࣰ فَإِذَا هُمْ خَٰمِدُونَ
(Әскер түсіріп қайтеміз). Бар болғаны, бір-ақ рет жер жарған ащы айқай шықты. Сол-ақ екен, (алдына келгенді оттай қарып, бет қаратпаған жалынды) кәпірлер бірден сөнді де қалды.
يَٰحَسْرَةً عَلَى ٱلْعِبَادِۚ مَا يَأْتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
Өздеріне пайғамбар келген сайын, оны міндетті түрде келемеждеп, мазаққа айналдыратын пенделердің жағдайы қандай өкінішті!
أَلَمْ يَرَوْا۟ كَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُم مِّنَ ٱلْقُرُونِ أَنَّهُمْ إِلَيْهِمْ لَا يَرْجِعُونَ
Сонда бұл кәпірлер өздерінен бұрын қаншама нәсілдің көзін жойғанымызды және олардың (бұл дүниеге) қайта оралып жатпағанын көрмей ме?!
وَإِن كُلࣱّ لَّمَّا جَمِيعࣱ لَّدَيْنَا مُحْضَرُونَ
Олардың барлығы (жауапқа тартылу үшін) дәргейімізге жиналады.
وَءَايَةࣱ لَّهُمُ ٱلْأَرْضُ ٱلْمَيْتَةُ أَحْيَيْنَٰهَا وَأَخْرَجْنَا مِنْهَا حَبࣰّا فَمِنْهُ يَأْكُلُونَ
Өлі жер де оларға (Алланың жалғыз құдай екенін әрі өлгендердің қайта тірілетіндігін көрсететін) бір дәлел. Біз өлі жерді тірілтіп, одан егін (сан алуан дәнді дақылдар) шығарамыз, сөйтіп, олар сол дәнді дақылдарды өмірлік азық қылады.
وَجَعَلْنَا فِيهَا جَنَّٰتࣲ مِّن نَّخِيلࣲ وَأَعْنَٰبࣲ وَفَجَّرْنَا فِيهَا مِنَ ٱلْعُيُونِ
Сондай-ақ, жерден жайқалған құрма мен жүзім бау-бақшаларын өсіріп, қайнар бұлақтар шығарамыз.
لِيَأْكُلُوا۟ مِن ثَمَرِهِۦ وَمَا عَمِلَتْهُ أَيْدِيهِمْۚ أَفَلَا يَشْكُرُونَ
Сол өсімдіктердің жемістерін (құлдарымыз) өздеріне өмірлік азық қылсын дедік, олар мұның бәрін өз қолымен жасаған жоқ. Олар сонда да шүкіршілік етпей ме?!
سُبْحَٰنَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلْأَزْوَٰجَ كُلَّهَا مِمَّا تُنۢبِتُ ٱلْأَرْضُ وَمِنْ أَنفُسِهِمْ وَمِمَّا لَا يَعْلَمُونَ
Жерден өсіп шығатын өсімдік атаулының барлығын, олардың (адамдардың) өздерін және олар білмейтін тағы қаншама жаратылысты жұп қылып жаратқан Алла мінсіз, кемшілік атаулыдан ада!
وَءَايَةࣱ لَّهُمُ ٱلَّيْلُ نَسْلَخُ مِنْهُ ٱلنَّهَارَ فَإِذَا هُم مُّظْلِمُونَ
Оларға қараңғы түннің өзі де бір айғақ:одан күндізді сылып алып тастағанымызда, олар бірден көзге түртсе көргісіз тас қараңғыда қалады.
وَٱلشَّمْسُ تَجْرِي لِمُسْتَقَرࣲّ لَّهَاۚ ذَٰلِكَ تَقْدِيرُ ٱلْعَزِيزِ ٱلْعَلِيمِ
Күн де оларға бір айғақ: ол өзінің жолымен, болмыстағы мінсіз жүйенің тұрақтылығын сақтай отырып, өзі үшін белгіленген ақтық межеге қарай ағызып кетіп барады. Бұл – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы) және Алим (бәрін лайықты түрде білетін, шексіз ілім иесі Алланың) жазуы.
وَٱلْقَمَرَ قَدَّرْنَٰهُ مَنَازِلَ حَتَّىٰ عَادَ كَٱلْعُرْجُونِ ٱلْقَدِيمِ
Сондай-ақ, (жылдардың саны мен уақыттың есебін біліп жүрулерің үшін) айға да бірқатар кезеңдер (яғни, белестер, фазалар) межелеп қойдық. Ол (сол межелі кезеңдерден өте келе) құрма ағашының әбден қуарып иілген бұтағына ұқсаған әуелгі қалпына қайта түседі.
لَا ٱلشَّمْسُ يَنۢبَغِي لَهَآ أَن تُدْرِكَ ٱلْقَمَرَ وَلَا ٱلَّيْلُ سَابِقُ ٱلنَّهَارِۚ وَكُلࣱّ فِي فَلَكࣲ يَسْبَحُونَ
Күннің айды қуып жетуі лайықсыз, сондай-ақ түннің күндізді басып озуы да мүмкін емес. (Күн мен ай сынды) өзге жұлдыздар да әрқайсысы өз жолымен көк кеңістігінде жүзіп барады.
وَءَايَةࣱ لَّهُمْ أَنَّا حَمَلْنَا ذُرِّيَّتَهُمْ فِي ٱلْفُلْكِ ٱلْمَشْحُونِ
Адамдарға (құдіретіміздің шексіздігін көрсететін) тағы бір ғаламат айғақ – олардың нәсілдерін жүкті кемелермен (суға батырмай) тасуымыз.
وَخَلَقْنَا لَهُم مِّن مِّثْلِهِۦ مَا يَرْكَبُونَ
Сондай-ақ, олар үшін аталмыш кемелер сияқты өздері мініп жүрген басқа да қаншама көліктер жараттық.
وَإِن نَّشَأْ نُغْرِقْهُمْ فَلَا صَرِيخَ لَهُمْ وَلَا هُمْ يُنقَذُونَ
Егер қаласақ, олардың бәрін суға батырып жібереміз, сонда олардың айқайын естіп, жәрдемге жететін ешкім болмайды. Олар бір амалын тауып, өз бетімен құтыла да алмайды.
إِلَّا رَحْمَةࣰ مِّنَّا وَمَتَٰعًا إِلَىٰ حِينࣲ
Алайда оларға рақымымыз түссе әрі белгілі уақытқа дейін өмірдің қызығын көрсетуді қаласақ, оның жөні басқа (олар сонда ғана апаттан құтыла алмақ).
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّقُوا۟ مَا بَيْنَ أَيْدِيكُمْ وَمَا خَلْفَكُمْ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Оларға: «Алдарыңнан һәм арттарыңнан қаумалаған күнәларыңнан (һәм солардың дүниедегі һәм ақиреттегі салдарынан) тақуалықпен сақтанып, (Алланы пана тұтыңдар), сонда шексіз рақымға бөленуге лайық боласыңдар», – делінгенде, (өздерінше жақтырмаған сыңай танытып, сырт айналады).
وَمَا تَأْتِيهِم مِّنْ ءَايَةࣲ مِّنْ ءَايَٰتِ رَبِّهِمْ إِلَّا كَانُوا۟ عَنْهَا مُعْرِضِينَ
Сондай-ақ, оларға Раббыларының аяттарынан қандай да бір аят келсе, өздерінше жақтырмаған сыңай танытып, одан сырт айналады.
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ أَنفِقُوا۟ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَنُطْعِمُ مَن لَّوْ يَشَآءُ ٱللَّهُ أَطْعَمَهُۥٓ إِنْ أَنتُمْ إِلَّا فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينࣲ
Оларға: «Алла сендерге ризық-несібе ретінде не берсе, соның бір парасын мұқтаждарға жұмсаңдар», – делінгенде, күпірлікте табандағандар иман еткендерге қарап: «Қаласа, Алланың Өзі-ақ ризығын жеткізіп, қарнын тойдыра алатын пенделерді мына біз тойдыруымыз керек пе?! Сендер анық адасудасыңдар, одан басқа түк те емес», – деп айтады.
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلْوَعْدُ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ
Онымен қоймай мүміндерді мазақ қылып: «Айтқандарың рас болса, бізді өздеріңше қорқытып, уәде еткен қиямет-қайымдарың қашан орнайды?» – деп сұрайды.
مَا يَنظُرُونَ إِلَّا صَيْحَةࣰ وَٰحِدَةࣰ تَأْخُذُهُمْ وَهُمْ يَخِصِّمُونَ
Демек, олардың күткені, (қу тіршілік пен қара бастың қамы үшін) бір-бірімен шекісіп, жаға жыртысып жүргендерінде, өздерін аяқ астынан бас салатын жер жарған ащы айқайдан (немесе ғаламат жарылыстан) басқа түк те емес.
فَلَا يَسْتَطِيعُونَ تَوْصِيَةࣰ وَلَآ إِلَىٰٓ أَهْلِهِمْ يَرْجِعُونَ
Сол кезде олар бір ауыз өсиет те айтып үлгермей қалады, сондай-ақ (олардың жер жарған ащы айқайға түзде жүріп тап болғандары да) жақындарына қайтып орала алмай (сол жүрген жерлерінде сеспей қатады).
وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَإِذَا هُم مِّنَ ٱلْأَجْدَاثِ إِلَىٰ رَبِّهِمْ يَنسِلُونَ
«Сур» үрленді.Міне, олар (Алланың құлдары) қабірлерінен шыққан бойда Раббыларының дәргейіне қарай ағылып барады.
قَالُوا۟ يَٰوَيْلَنَا مَنۢ بَعَثَنَا مِن مَّرْقَدِنَاۜۗ هَٰذَا مَا وَعَدَ ٱلرَّحْمَٰنُ وَصَدَقَ ٱلْمُرْسَلُونَ
Сонда олар (ғапілет ұйқысынан оянып): «Ойбай, құрыдық! Бізді мына ұйықтап жатқан жерімізден кім тұрғызды?! Рахманның уәде еткені осы екен ғой! Пайғамбарлардың да айтқаны рас болып шықты!» – деп аһ ұрып, санын соғады.
إِن كَانَتْ إِلَّا صَيْحَةࣰ وَٰحِدَةࣰ فَإِذَا هُمْ جَمِيعࣱ لَّدَيْنَا مُحْضَرُونَ
Бар болғаны, бір-ақ рет жер жарған ащы айқай шықты. Сөйтіп барлығы бір демде жиналып (ақтық жауапқа тартылу үшін) дәргейімізге әкелінді.
فَٱلْيَوْمَ لَا تُظْلَمُ نَفْسࣱ شَيْـࣰٔا وَلَا تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Бүгін ешкімге мысқалдай да әділетсіздік жасалмайды. Дүниеде не істеген болсаңдар, соның ғана қарымын аласыңдар!
إِنَّ أَصْحَٰبَ ٱلْجَنَّةِ ٱلْيَوْمَ فِي شُغُلࣲ فَٰكِهُونَ
Жұмақтықтар бүгін жанға жағымды істермен шұғылданып, қалағандарынша ішіп-жеп, ойнап-күліп, рақатқа батуда.
هُمْ وَأَزْوَٰجُهُمْ فِي ظِلَٰلٍ عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ مُتَّكِـُٔونَ
Һәм өздері де, жан жұбайлары да саялы жерлерде жайлы орынтақтарға шалқая түсіп жайғасып отыр.
لَهُمْ فِيهَا فَٰكِهَةࣱ وَلَهُم مَّا يَدَّعُونَ
Онда олар үшін дүниеде істеген игілікті істерінің жемісі ретінде жұмақтың бар нығметі дайын тұрады әрі көңілдері не қаласа, соның бәрі алдарына тартылады.
سَلَٰمࣱ قَوْلࣰا مِّن رَّبࣲّ رَّحِيمࣲ
Һәм олар ерекше мейірімді Раббыдан ыстық сәлем алады.
وَٱمْتَٰزُوا۟ ٱلْيَوْمَ أَيُّهَا ٱلْمُجْرِمُونَ
Әй, күнәға белшесінен батқан күнәһарлар! Қане, бүгін өзгелерден араларыңды үзіп, оқшауланыңдар!
۞أَلَمْ أَعْهَدْ إِلَيْكُمْ يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ أَن لَّا تَعْبُدُوا۟ ٱلشَّيْطَٰنَۖ إِنَّهُۥ لَكُمْ عَدُوࣱّ مُّبِينࣱ
«Уа, Адамның балалары! Мен кезінде сендерге: «Шайтанға құлдық ұрып, табынбаңдар! Шүбәсіз, ол сендерге анық дұшпан!»
وَأَنِ ٱعْبُدُونِيۚ هَٰذَا صِرَٰطࣱ مُّسْتَقِيمࣱ
«Маған ғана құлшылық етіңдер! Ең түзу жол, міне, осы», – деп бұйырмаған ба едім?!
وَلَقَدْ أَضَلَّ مِنكُمْ جِبِلࣰّا كَثِيرًاۖ أَفَلَمْ تَكُونُوا۟ تَعْقِلُونَ
Расында, ол араларыңнан талай нәсілдерді түзу жолдан тайдырып жіберді. Ендеше, ақылға салып ойлануларың (һәм соған қарай әрекет етулерің) керек емес пе еді?!
هَٰذِهِۦ جَهَنَّمُ ٱلَّتِي كُنتُمْ تُوعَدُونَ
Өздеріңе уәде етілген жаһаннам, міне, осы!
ٱصْلَوْهَا ٱلْيَوْمَ بِمَا كُنتُمْ تَكْفُرُونَ
Ендеше, бүгін өмір бойы күпірлік қылғандарың үшін соған кіріңдер де, жалынына қақталыңдар!
ٱلْيَوْمَ نَخْتِمُ عَلَىٰٓ أَفْوَٰهِهِمْ وَتُكَلِّمُنَآ أَيْدِيهِمْ وَتَشْهَدُ أَرْجُلُهُم بِمَا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
Бүгін олардың ауызын жауып мөрлеп тастаймыз, сөйтіп, қандай күнәлар істегенін Бізге қолдары айтып береді, аяқтары соған куәлік етеді.
وَلَوْ نَشَآءُ لَطَمَسْنَا عَلَىٰٓ أَعْيُنِهِمْ فَٱسْتَبَقُوا۟ ٱلصِّرَٰطَ فَأَنَّىٰ يُبْصِرُونَ
Егер қаласақ, олардың көзін бір сипағаннан-ақ жым-жылас етіп, бәрін көрсоқыр қылар едік. Содан олар жапатармағай жол (яғни, тура жолды) табуға ұмтылар еді. Алайда ол бейбақтар қайдан көрсін?!
وَلَوْ نَشَآءُ لَمَسَخْنَٰهُمْ عَلَىٰ مَكَانَتِهِمْ فَمَا ٱسْتَطَٰعُوا۟ مُضِيࣰّا وَلَا يَرْجِعُونَ
Сондай-ақ, қаласақ, олардың кескін-кейпін (маймылға, шошқаға немесе басқа нәрсеге айналдыру арқылы) мүлдем өзгертіп, өздерін жайлаған жерлерінде сол күйі қалдырар едік. Сөйтіп, олар не бір адым ілгері жылжи алмай (яғни, аңсаған армандарының біріне де жете алмай), не бұрынғы кейіптеріне қайтып орала алмай, кезінде жалғанды жалпағынан басып, емін-еркін сайран салған мекен-жайларында омалып қалар еді.
وَمَن نُّعَمِّرْهُ نُنَكِّسْهُ فِي ٱلْخَلْقِۚ أَفَلَا يَعْقِلُونَ
Сонымен қатар Біз кімге ұзақ ғұмыр берсек, оны жаратылысында күннен күнге (күш-қуатын кеміту, есі мен өзге де қабілеттерін тежеу арқылы) кері кетіреміз. Олар сонда да ақылға салып ойланбай ма?!
وَمَا عَلَّمْنَٰهُ ٱلشِّعْرَ وَمَا يَنۢبَغِي لَهُۥٓۚ إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرࣱ وَقُرْءَانࣱ مُّبِينࣱ
Біз оған (Мұхаммедке) өлең үйретпедік, бұл оған тіпті жараспайды да. (Оның сендерге жеткізгені) тұнып тұрған насихат пен иләһи нұсқау және (Хақтан келгендігі һәм бастан-аяқ ақиқат екендігі) айдан анық Құран, басқа түк те емес.
لِّيُنذِرَ مَن كَانَ حَيࣰّا وَيَحِقَّ ٱلْقَوْلُ عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ
(Біз оған Құранды) рухы тірі (ақыл-санасы ояу, ақиқатты һәм сезіне һәм көре алатын) жандарды алдын-ала ескертіп сақтандырсын деп, сондай-ақ, кәпірлерді азапқа бұйыратын иләһи үкім кесілсін деп түсірдік.
أَوَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّا خَلَقْنَا لَهُم مِّمَّا عَمِلَتْ أَيْدِينَآ أَنْعَٰمࣰا فَهُمْ لَهَا مَٰلِكُونَ
Біз адамдар үшін өз құдіретімізбен жасаған ірілі-ұсақты бірталай үй жануарын жараттық, олар соларға толық иелік етіп, қызығын көруде. Сонда олар мұны да көрмей ме?!
وَذَلَّلْنَٰهَا لَهُمْ فَمِنْهَا رَكُوبُهُمْ وَمِنْهَا يَأْكُلُونَ
Біз жануарларды оларға толық бағынышты қылдық. Соның арқасында олардың кейбірін мініс көлік ретінде қолданып, кейбірін өздеріне азық қылуда.
وَلَهُمْ فِيهَا مَنَٰفِعُ وَمَشَارِبُۚ أَفَلَا يَشْكُرُونَ
Адамдарға олардың басқа да қыруар пайдалары бар, сондай-ақ, олардан (сүт сияқты) керемет сусын алады. Сонда да шүкіршілік етпей ме?!
وَٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ ءَالِهَةࣰ لَّعَلَّهُمْ يُنصَرُونَ
Алайда олар (өздерін осынау ағыл-тегіл нығметке бөлеген бір Аллаға ғана құлшылық етудің орнына) өздерінше жәрдемі тиер деп дәмеленіп, Алладан басқа жалған құдайларды тәңір тұтты.
لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَهُمْ وَهُمْ لَهُمْ جُندࣱ مُّحْضَرُونَ
Бірақ олардың тәңір тұтқан құдайлары оларға ешқандай да жәрдем бере алмайды. Керісінше, олардың өздері сол жалған құдайлардың жанкешті әскері (солардың қорғаны һәм басыбайлы қызметшілері) болып табылады.
فَلَا يَحْزُنكَ قَوْلُهُمْۘ إِنَّا نَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَ
Ендеше, (уа, Мұхаммед) олардың айтқаны көңіліңе қаяу түсірмесін. Біз, шүбәсіз, олардың нені жасырып, нені жария етіп жүргенін жақсы білеміз.
أَوَلَمْ يَرَ ٱلْإِنسَٰنُ أَنَّا خَلَقْنَٰهُ مِن نُّطْفَةࣲ فَإِذَا هُوَ خَصِيمࣱ مُّبِينࣱ
Сонда бұл адам баласы өзін (ер мен әйелден бөлінген) бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме?! Соған қарамастан Бізге анық дұшпан болып шыға келгенін қайтесің?!
وَضَرَبَ لَنَا مَثَلࣰا وَنَسِيَ خَلْقَهُۥۖ قَالَ مَن يُحْيِ ٱلْعِظَٰمَ وَهِيَ رَمِيمࣱ
Өзінің жаратылысын ұмытып, Бізге: «Сонда, шіріп, жоқ болып кеткен сүйектерге кім жан бітіреді екен?» – деп өзінше мысал келтірді.
قُلْ يُحْيِيهَا ٱلَّذِيٓ أَنشَأَهَآ أَوَّلَ مَرَّةࣲۖ وَهُوَ بِكُلِّ خَلْقٍ عَلِيمٌ
Оларға: «Ол сүйектерді әу баста кім жаратса, қайта тірілтетін де Сол. Ол қалай жаратуды һәм әрбір жаратылысты толыққанды біледі».
ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلشَّجَرِ ٱلْأَخْضَرِ نَارࣰا فَإِذَآ أَنتُم مِّنْهُ تُوقِدُونَ
Ол – сендер үшін жасыл ағаштан от шығарып берген Алла. Сендер соны оп-оңай тұтатып, от жағудасыңдар.
أَوَلَيْسَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يَخْلُقَ مِثْلَهُمۚ بَلَىٰ وَهُوَ ٱلْخَلَّٰقُ ٱلْعَلِيمُ
Көктер мен жерді жоқтан жаратқан Алланың, дәл солар сияқтыны жаратуға құдіреті жетпейді дейсіңдер ме?! Әлбетте, жетеді, өйткені Ол – Халлақ (не нәрсені болса да мінсіз һәм кереметтей етіп Жаратушы), Алим (барлық нәрсені білуші).
إِنَّمَآ أَمْرُهُۥٓ إِذَآ أَرَادَ شَيْـًٔا أَن يَقُولَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Бір нәрсенің болуын қалаған кезде, Оның ісі оған тек «Бол!» деп айту ғана, сонда ол нәрсе бірден бола қалады.
فَسُبْحَٰنَ ٱلَّذِي بِيَدِهِۦ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيْءࣲ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Барлық нәрсенің шексіз билігі бір Өзінің ғана иелігінде болған Алла мінсіз! Барлығың Оған қайтарылудасыңдар.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.