الٓمٓ
Әлиф, Ләм, Мим.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
الٓمٓ
Әлиф, Ләм, Мим.
تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱلْكِتَٰبِ ٱلْحَكِيمِ
Бұлар бастан-аяқ хикметке, даналыққа толы Кітаптың аяттары.
هُدࣰى وَرَحْمَةࣰ لِّلْمُحْسِنِينَ
Ол Кітап, Алланың өздерін әрдайым көріп, бақылап тұратынын үнемі жадында ұстап, игі істер істейтін ізгі жандар үшін тура жолдың қайнар көзі һәм тұнып тұрған рақым.
ٱلَّذِينَ يُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤْتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَهُم بِٱلْـَٔاخِرَةِ هُمْ يُوقِنُونَ
Ол мүміндер намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқиды, зекетті толық береді және ақиретке титтей де күмән келтірместен кәміл сенеді.
أُو۟لَٰٓئِكَ عَلَىٰ هُدࣰى مِّن رَّبِّهِمْۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ
Олар – Раббыларынан келген нағыз тура жолда әрі олар – (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұраттарына (нағыз жетістікке) жететіндер.
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَشْتَرِي لَهْوَ ٱلْحَدِيثِ لِيُضِلَّ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمࣲ وَيَتَّخِذَهَا هُزُوًاۚ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ عَذَابࣱ مُّهِينࣱ
Адамдар арасында ешқандай ілімге сүйенбестен (немесе ешкімге сездірместен), ел-жұртты Алланың жолынан адастыру әрі Кітаптағы ғибратты тәмсілдер мен мысалдарды мазаққа айналдыру үшін алдандыратын арзан сөздерді сатып алып, ел-жұртқа әңгіме қылып айтатындар бар. (Яғни, елдің көңілін діннен, ақиқаттан басқа жаққа бұрып, алдандыру һәм ғапылдыққа түсіру мақсатында жалған тәмсілдер мен мысалдарға, яки арзан күлдіргі әңгімелерге арнайы тапсырыс беріп жер-жаһанға жария ететіндер бар). Міне, соларға қор қылатын ауыр азап бар.
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ ءَايَٰتُنَا وَلَّىٰ مُسْتَكْبِرࣰا كَأَن لَّمْ يَسْمَعْهَا كَأَنَّ فِيٓ أُذُنَيْهِ وَقْرࣰاۖ فَبَشِّرْهُ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Ондай бейбаққа аяттарымыз оқылғанда, оны естімегендей сыңай танытып немесе екі құлағы бірдей бітеліп, тас керең болып қалғандай, дандайсыған күйде сырт айналып кетеді. Ендеше, оны жан төзгісіз азаппенен сүйіншіле!
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمْ جَنَّٰتُ ٱلنَّعِيمِ
Ал иман келтіріп, (имандылық талаптарына сай өздерін һәм қоғамды түзетуге бағытталған) игі де, жақсы істер істегендерге келсек, оларға нығметке толы жаннат бақшалары бар.
خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقࣰّاۚ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ
Олар сол жаннат бақшаларында мәңгі-бақи мекендейді. Бұл – Алланың хақ уағдасы. Ол – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр үкімі мен әр ісінде көптеген хикметтер болатын асқан даналық иесі).
خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ بِغَيْرِ عَمَدࣲ تَرَوْنَهَاۖ وَأَلْقَىٰ فِي ٱلْأَرْضِ رَوَٰسِيَ أَن تَمِيدَ بِكُمْ وَبَثَّ فِيهَا مِن كُلِّ دَآبَّةࣲۚ وَأَنزَلْنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَأَنۢبَتْنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوْجࣲ كَرِيمٍ
Ол көктерді, өздерің көріп тұрғандай, тірексіз жаратты. Айналғанда сендерді шайқалтып, теңселтпесін деп, жерге мызғымас берік қазықтар (таулар) қағып қойды әрі онда сан алуан тіршілік иелерін жаратып, жайды. Сондай-ақ аспаннан жауын жаудырып, онда жұп-жұбымен (түр-түсі, иісі, дәмі, жемістері жағынан) неше алуан өсімдіктер өсірдік.
هَٰذَا خَلْقُ ٱللَّهِ فَأَرُونِي مَاذَا خَلَقَ ٱلَّذِينَ مِن دُونِهِۦۚ بَلِ ٱلظَّٰلِمُونَ فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينࣲ
Міне, осының бәрі Алланың жаратқаны. Ал одан өзгелер не жаратты, қане, көрсетіңдерші?! Алайда (Аллаға өзгелерді серік етіп қосқан һәм күпірлік қылған) залымдар, бәрібір де анық адасуда.
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا لُقْمَٰنَ ٱلْحِكْمَةَ أَنِ ٱشْكُرْ لِلَّهِۚ وَمَن يَشْكُرْ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِۦۖ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَنِيٌّ حَمِيدࣱ
Расында, Лұқманға: «(Қарымына) Аллаға шүкіршілік ет», – деп хикмет дарыттық. Кімде-кім шүкіршілік етсе, тек өзі үшін шүкіршілік етеді. Ал кім күпірлік қылса, шүбәсіз, Алла – Ғани (ешкімнің шүкіршілігіне мұқтаж емес, бар байлықтың, түгесілмес қазыналардың жалғыз иесі), Хамид (бар мақтау мен шексіз шүкіршілікке әбден лайық).
وَإِذْ قَالَ لُقْمَٰنُ لِٱبْنِهِۦ وَهُوَ يَعِظُهُۥ يَٰبُنَيَّ لَا تُشْرِكْ بِٱللَّهِۖ إِنَّ ٱلشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمࣱ
Бірде Лұқман ұлына: «Балам, Аллаға серік қоспа! Біле білсең, Оған серік қосу ең үлкен қиянат!» – деп насихат айтты.
وَوَصَّيْنَا ٱلْإِنسَٰنَ بِوَٰلِدَيْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُۥ وَهْنًا عَلَىٰ وَهْنࣲ وَفِصَٰلُهُۥ فِي عَامَيْنِ أَنِ ٱشْكُرْ لِي وَلِوَٰلِدَيْكَ إِلَيَّ ٱلْمَصِيرُ
Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала жүріп (тоғыз ай бойы) көтерді. Оның емшектен шығуы да екі жыл алады. Ендеше: «(Уа, адам баласы!) Маған және ата-анаңа шүкіршілік ет! Ақыр соңында Маған қайтасың (және істеген істерің үшін жауап бересің)».
وَإِن جَٰهَدَاكَ عَلَىٰٓ أَن تُشْرِكَ بِي مَا لَيْسَ لَكَ بِهِۦ عِلْمࣱ فَلَا تُطِعْهُمَاۖ وَصَاحِبْهُمَا فِي ٱلدُّنْيَا مَعْرُوفࣰاۖ وَٱتَّبِعْ سَبِيلَ مَنْ أَنَابَ إِلَيَّۚ ثُمَّ إِلَيَّ مَرْجِعُكُمْ فَأُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Егер олар Менен өзгенің құдай бола алмайтындығы жайлы іліміңе қайшы келетін соқыр сенімді ұстанып, сені Маған серік қосуға итермелесе, ондай жағдайда ол екеуіне мойынсұнба. Алайда дүниеде олармен жақсы қарым-қатынаста бол, үнемі қарайласып тұр. Сондай-ақ Маған бар ықыласымен бет бұрған, тек Менің разылығымды қалайтын жандардың жолына түс. Ақыр соңында бәрің де Маған қайтасыңдар, сонда дүниеде не істеп, не қойғандарыңды жіпке тізгендей етіп өздеріңе айтып беремін (де жақсы-жаман барлық істеріңнің қарымын қайтарамын)».
يَٰبُنَيَّ إِنَّهَآ إِن تَكُ مِثْقَالَ حَبَّةࣲ مِّنْ خَرْدَلࣲ فَتَكُن فِي صَخْرَةٍ أَوْ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ أَوْ فِي ٱلْأَرْضِ يَأْتِ بِهَا ٱللَّهُۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَطِيفٌ خَبِيرࣱ
Сондай-ақ Лұқман ұлына: «Уа, балам! Расында, жақсы-жаман қандай да бір іс (қышаның дәнегіндей) мысқалдай болса да, әрі бір меңіреу жартастың ішіне, яки көктердің немесе жердің қандай да бір қалтарысына жасырынып қалса да, Алла оны міндетті түрде жарыққа шығарады (бетін ашады). Алла – Латиф (Өзінен еш нәрсе жасырынып қала алмайтын өте қырағы, шексіз ілімімен жүрек түкпірінде жатқан ең құпия сырлардың бәрін білуші һәм өте қайырымды), Хабир (бәрінен толық хабардар болушы)».
يَٰبُنَيَّ أَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ وَأْمُرْ بِٱلْمَعْرُوفِ وَٱنْهَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَٱصْبِرْ عَلَىٰ مَآ أَصَابَكَۖ إِنَّ ذَٰلِكَ مِنْ عَزْمِ ٱلْأُمُورِ
«Уа, балам! Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқы! (Адамдарды) әрдайым жақсылыққа үгітте (үнде), (оларды) жамандық атаулыдан тыюға тырыс! Басыңа не келсе де сабыр ет! Міне, осы істердің әрқайсысы табандылық пен күш-жігерді талап ететін, сауабы да зор істердің бірі һәм бірегейі».
وَلَا تُصَعِّرْ خَدَّكَ لِلنَّاسِ وَلَا تَمْشِ فِي ٱلْأَرْضِ مَرَحًاۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالࣲ فَخُورࣲ
«Ешкімге мұрныңды шүйірме, жер бетінде кердеңдеп жүрме! Шүбәсіз, Алла кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды».
وَٱقْصِدْ فِي مَشْيِكَ وَٱغْضُضْ مِن صَوْتِكَۚ إِنَّ أَنكَرَ ٱلْأَصْوَٰتِ لَصَوْتُ ٱلْحَمِيرِ
«Жүргеніңде һәм әр ісіңде байсалды бол! Сөйлегенде, дауысыңды қатты көтерме! Біле білсең, ең сүйкімсіз дауыс – (өңеші жыртылғанша ақыратын) есектің дауысы».
أَلَمْ تَرَوْا۟ أَنَّ ٱللَّهَ سَخَّرَ لَكُم مَّا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِ وَأَسْبَغَ عَلَيْكُمْ نِعَمَهُۥ ظَٰهِرَةࣰ وَبَاطِنَةࣰۗ وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يُجَٰدِلُ فِي ٱللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمࣲ وَلَا هُدࣰى وَلَا كِتَٰبࣲ مُّنِيرࣲ
(Уа, адамдар!) Алланың күллі аспан әлеміндегілер мен жердегінің бәрін өздеріңе бағынышты етіп қойғанын, сондай-ақ сендерді Өзінің жария һәм жасырын (заттық әрі рухани) мұншама нығметке кенелткенін көрмеймісіңдер?! Адамдар арасында ешқандай ілімге, нақты дәлелге яки, жүрек пен ақыл-ойды нұрға бөлейтін иләһи Кітапқа сүйенбестен Алла жайында таласып-тартысатындар бар.
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّبِعُوا۟ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ قَالُوا۟ بَلْ نَتَّبِعُ مَا وَجَدْنَا عَلَيْهِ ءَابَآءَنَآۚ أَوَلَوْ كَانَ ٱلشَّيْطَٰنُ يَدْعُوهُمْ إِلَىٰ عَذَابِ ٱلسَّعِيرِ
Оларға: «Алланың түсірген Кітабына еріңдер, (соны ғана басшылыққа алыңдар) делінсе, олар: «Жоқ, біз ата-бабаларымыздан не көрсек, соған ереміз, (соны ғана басшылыққа аламыз)», – дейді. Сонда шайтан оларды (адасқан аталарының жолына түсіріп) жалындаған жаһаннам азабына шақырып жатса да ма?!
۞وَمَن يُسْلِمْ وَجْهَهُۥٓ إِلَى ٱللَّهِ وَهُوَ مُحْسِنࣱ فَقَدِ ٱسْتَمْسَكَ بِٱلْعُرْوَةِ ٱلْوُثْقَىٰۗ وَإِلَى ٱللَّهِ عَٰقِبَةُ ٱلْأُمُورِ
Ал кімде-кім (Алланың өзін көріп бақылап тұрғанын терең сезінген әрі) игілікке жаны құштар жан ретінде бар ықыласымен бір Аллаға бойсұнса, онда оның шүбәсіз, өте берік тұтқаны ұстағаны. Барлық істер ақыр соңында бір Алланың алдына барады, (сөйтіп, Ол құлдарының әр ісіне қатысты ақырғы әрі кесімді үкімді Өзі шығарады).
وَمَن كَفَرَ فَلَا يَحْزُنكَ كُفْرُهُۥٓۚ إِلَيْنَا مَرْجِعُهُمْ فَنُنَبِّئُهُم بِمَا عَمِلُوٓا۟ۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Кімде-кім күпірлікте қасарысса, оның күпірлігі көңіліңе қаяу түсірмесін. Ақырында бәрі Бізге қайтады. Сонда Біз олардың не істеп, не қойғанын өздеріне жіпке тізіп, айтып береміз (де түгелдей жауапқа тартамыз). Анығында, Алла (олардың істерін ғана емес) көкіректердегі бар сырды (яғни, ондағы ойлар мен ниет-пиғылдарды) да өте жақсы біледі.
نُمَتِّعُهُمْ قَلِيلࣰا ثُمَّ نَضْطَرُّهُمْ إِلَىٰ عَذَابٍ غَلِيظࣲ
Біз оларды азғантай ғана уақыт өмір сүргізіп, қу тіршіліктің қызығын көрсетеміз де содан кейін барлығын күштеп, қалың (қат-қабат) азапқа салып азаптаймыз.
وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۚ قُلِ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Олардан: «Күллі аспан әлемі мен жерді кім жаратты?» – деп сұрасаң, олар, әлбетте (амалсыздан): «Алла», – деп айтады. Ендеше: «Аллаға сансыз мадақ, шексіз шүкір! (Күллі болмыс, әрбір жаратылыс Оның құдіреті күшті жалғыз Жаратушы екенін көрсетеді, мұны, тіпті, мүшріктердің өздері де, амалсыз, мойындауда)!» – деп айт. Алайда олар (осынау ақиқатты, амалсыздан, мойындағандарының һәм өз сенімдерінің негізсіз екенін өз ауызымен айтып тұрғандарының) парқына бармауда.
لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلْغَنِيُّ ٱلْحَمِيدُ
Күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрі бір Аллаға тиесілі. Шүбәсіз, Алла Ғани (ешкімге һәм еш нәрсеге мұқтаж болмаған әсте ортаймайтын байлық иесі), Хамид (бар мақтау мен шексіз шүкіршілікке әбден лайық).
وَلَوْ أَنَّمَا فِي ٱلْأَرْضِ مِن شَجَرَةٍ أَقْلَٰمࣱ وَٱلْبَحْرُ يَمُدُّهُۥ مِنۢ بَعْدِهِۦ سَبْعَةُ أَبْحُرࣲ مَّا نَفِدَتْ كَلِمَٰتُ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمࣱ
Алланың хақ сөздерін жазу үшін жердегі ағаштың бәрі қаламға, барлық теңіздер һәм соған қоса, дәл сондай жеті бірдей теңіз сияға айналса да Алланың сөздері түгесілмейді. Шүбәсіз Алла – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр үкімі мен әр ісінде мен көптеген хикметтер болатын асқан даналық иесі).
مَّا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ إِلَّا كَنَفْسࣲ وَٰحِدَةٍۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعُۢ بَصِيرٌ
(Уа, адамдар!) Сендерді жоқтан жарату да, өлгеннен кейін қайта тірілту де (Алла үшін) бір жанды жаратып, қайта тірілтумен бірдей. Шүбәсіз, Алла бәрін естуші, бәрін көруші.
أَلَمْ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ يُولِجُ ٱلَّيْلَ فِي ٱلنَّهَارِ وَيُولِجُ ٱلنَّهَارَ فِي ٱلَّيْلِ وَسَخَّرَ ٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَۖ كُلࣱّ يَجْرِيٓ إِلَىٰٓ أَجَلࣲ مُّسَمࣰّى وَأَنَّ ٱللَّهَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرࣱ
Алланың түнді күндізге қосып (күнді ұзартып жатқанын) және күндізді түнге қосып (түнді ұзартып жатқанын), сондай-ақ күн мен айды (сендерге қызмет еттіру үшін) Өзінің пәрменіне бағындырғанын, һәм олардың әрбірінің өзі үшін алдын-ала белгіленген ақтық сәтке дейін (көк жүзінде) ағызып кетіп бара жатқанын көрмеймісің?! Шүбәсіз, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِن دُونِهِ ٱلْبَٰطِلُ وَأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلْعَلِيُّ ٱلْكَبِيرُ
Міне, осынау (мінсіз жүйе мен үйлесімділік) – Алланың Хақ болғандығынан. Ал мүшріктердің Алланы былай қалдырып, өздерінше тәңір тұтып, жалынып-жалбарынғандары болса, жалғанның нақ өзі. Алла – Али (бәрінен асқақ, ең ұлы), Кәбир (бәрінен зор, бәрінен де жоғары).
أَلَمْ تَرَ أَنَّ ٱلْفُلْكَ تَجْرِي فِي ٱلْبَحْرِ بِنِعْمَتِ ٱللَّهِ لِيُرِيَكُم مِّنْ ءَايَٰتِهِۦٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّكُلِّ صَبَّارࣲ شَكُورࣲ
Кемелердің Алланың бір нығметі ретінде ұшан-теңізде жүйткіп жүзетінін көрмеймісің?! Міне, осылай Ол сендерге Өзінің (құдіреті күшті жалғыз Жаратушы екенін анық аңғартатын) айқын дәлелдерінің бірін көрсетуде. Осының өзінде әрбір өте сабырлы һәм шүкіршіл жан үшін көптеген дәлелдер һәм талай ғибрат бар.
وَإِذَا غَشِيَهُم مَّوْجࣱ كَٱلظُّلَلِ دَعَوُا۟ ٱللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ فَلَمَّا نَجَّىٰهُمْ إِلَى ٱلْبَرِّ فَمِنْهُم مُّقْتَصِدࣱۚ وَمَا يَجْحَدُ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَّا كُلُّ خَتَّارࣲ كَفُورࣲ
Олар (кемемен жолға шыққанда) өздерін бейне бір қап-қара бұлттар сияқты теңіздің таудай толқындары басып қалғанда (тәңір тұтқан құдайларының бәрін былай қалдырып), бар ықыласымен бір Аллаға бет бұрып, жалынып-жалбарына бастайды. Алайда Алла оларды апатқа ұшыраудан сақтап, құрлыққа аман-есен жеткізген кезде араларындағы базбіреулері иман мен күпірлік арасында әрі-сәрі болып, тұрақсыз күй кешеді. Біздің аяттарымызды тек уәдесінде тұрмайтын опасыздар мен рақметі жоқ пасықтар ғана жоққа шығарады.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱتَّقُوا۟ رَبَّكُمْ وَٱخْشَوْا۟ يَوْمࣰا لَّا يَجْزِي وَالِدٌ عَن وَلَدِهِۦ وَلَا مَوْلُودٌ هُوَ جَازٍ عَن وَالِدِهِۦ شَيْـًٔاۚ إِنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقࣱّۖ فَلَا تَغُرَّنَّكُمُ ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَا وَلَا يَغُرَّنَّكُم بِٱللَّهِ ٱلْغَرُورُ
Уа, адамдар, Раббыларыңды лайықты түрде ұлықтап, Оған асылық қылудан қорқып, азабынан барынша сақтаныңдар! Сондай-ақ әкенің бауыр еті баласына титтей де шапағаты тимейтін, баланың да әкесіне мысқалдай да себі тимейтін күннен қорқыңдар! Алланың уағдасы, әлбетте, хақ! Олай болса, дүниенің қу тіршілігі сендерді қызықтырып, алдамасын. Сондай-ақ әзәзіл сұм шайтан да сендерді Алланың кеңшілігіне, шексіз мейіріміне құр үміт арттырып, алдап соқпасын.
إِنَّ ٱللَّهَ عِندَهُۥ عِلْمُ ٱلسَّاعَةِ وَيُنَزِّلُ ٱلْغَيْثَ وَيَعْلَمُ مَا فِي ٱلْأَرْحَامِۖ وَمَا تَدْرِي نَفْسࣱ مَّاذَا تَكْسِبُ غَدࣰاۖ وَمَا تَدْرِي نَفْسُۢ بِأَيِّ أَرْضࣲ تَمُوتُۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرُۢ
Расында, қиямет-қайымның қай сағатта орнайтындығы жайлы нақты мәлімет бір Алланың құзырында. Жаңбырды да (қалаған уақытында, қалаған жеріне) бір Өзі жаудырады. Құрсақтарда жатқандардың да (барлық қасиеттері мен ерекшеліктері) бір Өзіне ғана мәлім. Бірде-бір жан ертеңгі күні не табатынын нақты білмейді. Сондай-ақ ешбір жан қай жерде өлетінін де нақты білмейді. Анығында, бәрін лайықты түрде білетін, барлық нәрседен толық хабардар болатын бір Алла ғана
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.