الٓمٓ
Әлиф, Ләм, Мим.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
الٓمٓ
Әлиф, Ләм, Мим.
أَحَسِبَ ٱلنَّاسُ أَن يُتْرَكُوٓا۟ أَن يَقُولُوٓا۟ ءَامَنَّا وَهُمْ لَا يُفْتَنُونَ
Сонда адамдар «иман келтірдік» десе болды, (бұл өмірде) сынақтан сырт қаламыз, жайымызбен жүре береміз деп ойлай ма?
وَلَقَدْ فَتَنَّا ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْۖ فَلَيَعْلَمَنَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ صَدَقُوا۟ وَلَيَعْلَمَنَّ ٱلْكَٰذِبِينَ
Шүбәсіз, Біз олардан бұрын өмір сүрген, иман келтіргеннің бәрін сынап бақтық. Әлбетте, Алла (иман еттім дегенде) сөздері мен ниеттерінде шынайы болғандарды анықтап біледі, ал өтірікшілерді, сөз жоқ, әшкерелейді.
أَمْ حَسِبَ ٱلَّذِينَ يَعْمَلُونَ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن يَسْبِقُونَاۚ سَآءَ مَا يَحْكُمُونَ
Жоқ, әлде үнемі жамандық істейтіндер (яғни, мүміндерге істемеген жамандығы, көрсетпеген қорлығы қалмағандар) Бізден (жазамыздан) қашып құтыламыз деп ойлай ма? Олар қандай жаман (әрі қате) үкім шығаруда!
مَن كَانَ يَرْجُوا۟ لِقَآءَ ٱللَّهِ فَإِنَّ أَجَلَ ٱللَّهِ لَـَٔاتࣲۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ
Кімде-кім Алламен қауышуды үміт етсе (һәм жан-тәнімен қаласа), Алла белгілеген уақыт әлі-ақ келеді. Ол Сәми (бәрін лайықты түрде естиді), Алим (бәрін лайықты түрде білуші)!
وَمَن جَٰهَدَ فَإِنَّمَا يُجَٰهِدُ لِنَفْسِهِۦٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَغَنِيٌّ عَنِ ٱلْعَٰلَمِينَ
Сондай-ақ кімде-кім (нәпсісімен, әзәзіл шайтанмен әрі жақсы мүмін, кемел адам болу жолында) аянбай күрессе, тек өзі үшін күреседі. Шүбәсіз, Алла, ешкімге де, еш нәрсеге де мұқтаж емес.
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَنُكَفِّرَنَّ عَنْهُمْ سَيِّـَٔاتِهِمْ وَلَنَجْزِيَنَّهُمْ أَحْسَنَ ٱلَّذِي كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Иман келтіріп, (имандылық талабына сай өздерін һәм қоғамды кемелдікке жетелейтін) игі істер істегендердің (нәпсіге жеңіліп пенделікпен істеген) күнә-қателіктерін өшіреміз де, оларды істеген игі істерінің ең жақсысын назарға ала отырып, сый-сияпатқа бөлейміз.
وَوَصَّيْنَا ٱلْإِنسَٰنَ بِوَٰلِدَيْهِ حُسْنࣰاۖ وَإِن جَٰهَدَاكَ لِتُشْرِكَ بِي مَا لَيْسَ لَكَ بِهِۦ عِلْمࣱ فَلَا تُطِعْهُمَآۚ إِلَيَّ مَرْجِعُكُمْ فَأُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Біз адам баласына ата-анасына жақсылық жасауды өсиет еттік (бұйырдық). Алайда олар Менен өзгенің шын құдай бола алмайтындығы жайлы іліміңе қайшы келетін соқыр сенімді ұстанып, сені Маған серік қосуға итермелесе, ондай жағдайда ол екеуіне мойынсұнба. Ақырында бәрің Маған қайтасыңдар. Сонда дүниеде не істеп, не қойғандарыңды өздеріңе түгелдей айтып беремін (де артынан жауапқа тартып, жақсы-жаман барлық істеріңнің қарымын қайтарамын).
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَنُدْخِلَنَّهُمْ فِي ٱلصَّٰلِحِينَ
Иман келтіріп, (имандылық талабына сай өздерін һәм қоғамды кемелдікке жетелейтін) игі істер істегендерді міндетті түрде ізгі жандардың қатарына қосып, (пейішке кіргіземіз).
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَقُولُ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ فَإِذَآ أُوذِيَ فِي ٱللَّهِ جَعَلَ فِتْنَةَ ٱلنَّاسِ كَعَذَابِ ٱللَّهِۖ وَلَئِن جَآءَ نَصْرࣱ مِّن رَّبِّكَ لَيَقُولُنَّ إِنَّا كُنَّا مَعَكُمْۚ أَوَلَيْسَ ٱللَّهُ بِأَعْلَمَ بِمَا فِي صُدُورِ ٱلْعَٰلَمِينَ
Кей адамдар «Аллаға иман келтірдік», деуде, алайда Алла жолында қысым көріп, жапа шексе, адамдардан көрген қысым мен озбырлықты Алланың азабындай көреді, (иманын сатып, діннен безуде). Ал керісінше, саған Раббыңнан қандай да бір медет келсе: «расында, біз сендермен бірге едік», – деп айтады. Алла адамдардың көкірегінің түбінде не жатқанын бәрінен де жақсы біледі емес пе?!
وَلَيَعْلَمَنَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَلَيَعْلَمَنَّ ٱلْمُنَٰفِقِينَ
Алла шын ниетімен иман келтіргендерді айқындайды, сондай-ақ екіжүзділерді де, сөз жоқ, әшкерелейді.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّبِعُوا۟ سَبِيلَنَا وَلْنَحْمِلْ خَطَٰيَٰكُمْ وَمَا هُم بِحَٰمِلِينَ مِنْ خَطَٰيَٰهُم مِّن شَيْءٍۖ إِنَّهُمْ لَكَٰذِبُونَ
Күпірлік қылғандар иман келтіргендерге: «Біздің жолымызға түсіңдер, сендердің күнә-қателіктеріңді мойнымызға алайық, біз-ақ арқалайық!» – дейді. Алайда кәпірлер олардың бірде-бір күнәсін арқаламайды, арқалай да алмайды. Олар анық өтірікші кәззаптар.
وَلَيَحْمِلُنَّ أَثْقَالَهُمْ وَأَثْقَالࣰا مَّعَ أَثْقَالِهِمْۖ وَلَيُسْـَٔلُنَّ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ عَمَّا كَانُوا۟ يَفْتَرُونَ
Анығында, олар өз күнәларын арқалауда һәм өз күнәларымен қоса (өздері азғырған әрі тура жолдан тайдырған адамдардың) күнәларын да арқалауда. Олар қиямет күні Алла (және басқа да ақиқаттар) жайлы ойларынан шығарған өтіріктері мен жапқан жалалары үшін сөзсіз жауапқа тартылады.
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِۦ فَلَبِثَ فِيهِمْ أَلْفَ سَنَةٍ إِلَّا خَمْسِينَ عَامࣰا فَأَخَذَهُمُ ٱلطُّوفَانُ وَهُمْ ظَٰلِمُونَ
Біз кезінде Нұхты өз қауымына пайғамбар етіп жібердік. Ол қауымының ішінде тоғыз жүз елу жыл өмір сүріп (оларды тура жолға шақырды). Нәтижеде зұлымдықта қасарысқан ол қауымды топан су басты.
فَأَنجَيْنَٰهُ وَأَصْحَٰبَ ٱلسَّفِينَةِ وَجَعَلْنَٰهَآ ءَايَةࣰ لِّلْعَٰلَمِينَ
Ал Нұхты және онымен бірге кемеге мінгендерді топан судан құтқардық та сол ғаламат кемені һәм оқиғаны күллі әлемге (қиямет қайымға дейін келетін күллі адамзатқа) айқын ғибрат қылдық.
وَإِبْرَٰهِيمَ إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ وَٱتَّقُوهُۖ ذَٰلِكُمْ خَيْرࣱ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ
Ибраһимді де (пайғамбар қылдық). Ол қауымына: «Бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер және Оны барынша ұлықтап, Оған асылық қылудан һәм азабынан сақтаныңдар! Біле білсеңдер, солай істегендерің өздерің үшін қайырлы болмақ».
إِنَّمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَوْثَٰنࣰا وَتَخْلُقُونَ إِفْكًاۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ تَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَمْلِكُونَ لَكُمْ رِزْقࣰا فَٱبْتَغُوا۟ عِندَ ٱللَّهِ ٱلرِّزْقَ وَٱعْبُدُوهُ وَٱشْكُرُوا۟ لَهُۥٓۖ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
«Алайда сендер Алланы ұмыт қалдырып, пұттардың бірқатарына табынудасыңдар және (жалған сенімдерің мен қисынсыз істеріңді қуаттау үшін) ойларыңнан шығарып, өтірік айтудасыңдар. Анығында, Алланы ұмыт қалдырып, табынған пұттарың сендерге ризық-несібе бере алмайды. Ендеше, ризық-несібені Алланың құзырынан іздеңдер, бір Аллаға ғана құлшылық жасаңдар және Оған әрдайым шүкіршілік етіңдер! Өйткені бәрің де Оған қайтарылудасыңдар», – деген еді.
وَإِن تُكَذِّبُوا۟ فَقَدْ كَذَّبَ أُمَمࣱ مِّن قَبْلِكُمْۖ وَمَا عَلَى ٱلرَّسُولِ إِلَّا ٱلْبَلَٰغُ ٱلْمُبِينُ
(Әй, кәпірлер!) Егер (пайғамбарды) өтірікшіге балайтын болсаңдар, өздеріңнен бұрынғы үмбеттер де өз пайғамбарларын өтірікшіге балаған еді. Пайғамбардың міндеті (ел-жұртты күштеп дінге кіргізу емес, Біздің жолдауымызды) ашық һәм лайықты түрде жеткізу ғана.
أَوَلَمْ يَرَوْا۟ كَيْفَ يُبْدِئُ ٱللَّهُ ٱلْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥٓۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرࣱ
Кәпірлер Алланың әу баста жаратылыс атаулыны қалай жоқтан жаратқанын, содан кейін оларды (өлтіріп) қайта жаратқанын көрмей ме (осынау ғаламат құбылыс жайында ойланбай ма)? Шүбәсіз, бұл Алла үшін оп-оңай.
قُلْ سِيرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ فَٱنظُرُوا۟ كَيْفَ بَدَأَ ٱلْخَلْقَۚ ثُمَّ ٱللَّهُ يُنشِئُ ٱلنَّشْأَةَ ٱلْـَٔاخِرَةَۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ
Оларға: «Уа, адамдар! Жер бетін шарлап, Алланың әу баста жаратылыс атаулыны қалай жаратқанына зер салыңдар, ой жүгіртіңдер! Кейін Алла жаратылыс атаулыны екінші рет (дәл солай) қайта жаратады. Шүбәсіз, Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.
يُعَذِّبُ مَن يَشَآءُ وَيَرْحَمُ مَن يَشَآءُۖ وَإِلَيْهِ تُقْلَبُونَ
Ол қалағанын жазаға тартып, азаптайды, қалағанын мейіріміне бөлейді. Бәрің де Оған қайтарыласыңдар (Оның алдына барасыңдар).
وَمَآ أَنتُم بِمُعْجِزِينَ فِي ٱلْأَرْضِ وَلَا فِي ٱلسَّمَآءِۖ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِن وَلِيࣲّ وَلَا نَصِيرࣲ
Сендер жерде де, көкте де Алланы шарасыз күйге түсіре алмайсыңдар (яғни әсте Алланың ерік-қалауына қарсы келе де, Оның құрығынан құтыла да алмайсыңдар). Сендердің Алладан басқа қамқоршы иелерің де, қолұшын берер медет ететіндерің де жоқ.
وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَلِقَآئِهِۦٓ أُو۟لَٰٓئِكَ يَئِسُوا۟ مِن رَّحْمَتِي وَأُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ
Алланың (болмыстағы, өз бойларындағы һәм Құрандағы) аяттарын және Онымен қайта қауышуды жоққа шығаратындар бар ғой?! Міне, солар Менің рақымымнан үміт үзгендер. Міне, соларға жан төзгісіз ауыр азап бар.
فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوا۟ ٱقْتُلُوهُ أَوْ حَرِّقُوهُ فَأَنجَىٰهُ ٱللَّهُ مِنَ ٱلنَّارِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ
Сондағы қауымының оған қайтарған бар жауабы: «Оны өлтіріңдер немесе отқа тастап өртеп жіберіңдер!» – деу ғана болған еді. (Ақыры қауымы оны отқа тастап тынды). Алайда Алла оны оттан сақтады. Міне, осының өзінде иман келтіретін қауым үшін бірталай ғибрат бар екені даусыз.
وَقَالَ إِنَّمَا ٱتَّخَذْتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ أَوْثَٰنࣰا مَّوَدَّةَ بَيْنِكُمْ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَاۖ ثُمَّ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ يَكْفُرُ بَعْضُكُم بِبَعْضࣲ وَيَلْعَنُ بَعْضُكُم بَعْضࣰا وَمَأْوَىٰكُمُ ٱلنَّارُ وَمَا لَكُم مِّن نَّٰصِرِينَ
Ибраһим оларға: «Сендер дүниедегі қу тіршілікпен ғана шектелетін араларыңдағы өткінші сүйіспеншілікке бола Алланы ұмыт қалдырып, бірқатар пұттарды тәңір тұттыңдар. Алайда қиямет күні біріңді-бірің теріске шығарып, танымай кетесіңдер һәм біріңе-бірің лағынет айтасыңдар, әйтсе де, барар жерлерің тозақ болады. Сонда сендерге қол ұшын берер, (жан төзгісіз алапат азаптан құтқарар) бірде бір медеткер болмайды», – деп айтты.
۞فَـَٔامَنَ لَهُۥ لُوطࣱۘ وَقَالَ إِنِّي مُهَاجِرٌ إِلَىٰ رَبِّيٓۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ
Сол кезде оған (яғни, иләһи жолдауға) Лут қана иман келтірді. Сонда Ибраһим: «Мен енді (иманымды, дінімді сақтап қалу үшін) Раббымның бұйырған жеріне қоныс аударамын. Шүбәсіз, Ол – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр үкімі мен ісінде көптеген хикметтер болатын асқан даналық иесі)», – деді.
وَوَهَبْنَا لَهُۥٓ إِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَ وَجَعَلْنَا فِي ذُرِّيَّتِهِ ٱلنُّبُوَّةَ وَٱلْكِتَٰبَ وَءَاتَيْنَٰهُ أَجْرَهُۥ فِي ٱلدُّنْيَاۖ وَإِنَّهُۥ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Сөйтіп, оған көз нұры етіп Исхақ пен Яқубты бердік һәм ұрпағы арқылы пайғамбарлық пен кітап түсіруді жалғастырдық. Біз оның сый-сияпатын осы дүниеде-ақ бердік, сондай-ақ оның ақиретте де (Біздің шексіз шарапатымызға, ерекше мейірімімізге бөленетін) ізгі құлдарымыздың қатарында болары даусыз.
وَلُوطًا إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِۦٓ إِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ ٱلْفَٰحِشَةَ مَا سَبَقَكُم بِهَا مِنْ أَحَدࣲ مِّنَ ٱلْعَٰلَمِينَ
Лутты да (өз еліне пайғамбар етіп) жібердік. Ол қауымына: «Шүбәсіз, сендер жер әлемде өздеріңнен бұрын жан баласы істемеген арсыздықты істеудесіңдер».
أَئِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ ٱلرِّجَالَ وَتَقْطَعُونَ ٱلسَّبِيلَ وَتَأْتُونَ فِي نَادِيكُمُ ٱلْمُنكَرَۖ فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوا۟ ٱئْتِنَا بِعَذَابِ ٱللَّهِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
«Сендер (өздеріңе иләһи жолдау келіп, қатаң ескерту жасалғаннан кейін де әйелдерді былай қалдырып), нәпсі құмарлықпен еркектерге баруды, жол торып қарақшылық жасауды һәм өзара бас қосқан жиындарыңда ашықтан-ашық арсыздыққа баруды жалғастыра бермексіңдер ме?» – деді. Сондағы қауымының оған қайтарған жауабы: «Егер айтқаның рас болса, қане, (бізді құр босқа қорқыта бермей) Алланың азабын келтірші, көрейік!» – деу ғана болды.
قَالَ رَبِّ ٱنصُرْنِي عَلَى ٱلْقَوْمِ ٱلْمُفْسِدِينَ
Амалы таусылған Лут: «Уа, Раббым! Маған мына әбден бүлінген бұзғыншы қауымға қарсы Өзің медет бере көр!» – деп жалбарынды.
وَلَمَّا جَآءَتْ رُسُلُنَآ إِبْرَٰهِيمَ بِٱلْبُشْرَىٰ قَالُوٓا۟ إِنَّا مُهْلِكُوٓا۟ أَهْلِ هَٰذِهِ ٱلْقَرْيَةِۖ إِنَّ أَهْلَهَا كَانُوا۟ ظَٰلِمِينَ
Елшілеріміз (елші періштелер) Ибраһимге (Исхақты) сүйіншілей келгенде: «Біз мына ауыл тұрғындарының көзін жоямыз. Өйткені олар барып тұрған залымдар», – деп айтты.
قَالَ إِنَّ فِيهَا لُوطࣰاۚ قَالُوا۟ نَحْنُ أَعْلَمُ بِمَن فِيهَاۖ لَنُنَجِّيَنَّهُۥ وَأَهْلَهُۥٓ إِلَّا ٱمْرَأَتَهُۥ كَانَتْ مِنَ ٱلْغَٰبِرِينَ
Сонда Ибраһим: «Лут та сонда ғой!» – дегенде, періштелер: «Біз онда кім бар, кім жоғын жақсы білеміз! Біз оны әрі жанұясын аман алып қаламыз. Ал әйелін құтқармаймыз, ол жұртта қалып, зауал табатындардың қатарында болады», – деді.
وَلَمَّآ أَن جَآءَتْ رُسُلُنَا لُوطࣰا سِيٓءَ بِهِمْ وَضَاقَ بِهِمْ ذَرْعࣰاۖ وَقَالُوا۟ لَا تَخَفْ وَلَا تَحْزَنْ إِنَّا مُنَجُّوكَ وَأَهْلَكَ إِلَّا ٱمْرَأَتَكَ كَانَتْ مِنَ ٱلْغَٰبِرِينَ
Содан елшілеріміз (нұр нұсқа жас жігіттер кейпінде) Лутқа келгенде, Лут оларға қорған бола алмай қаламын ба деп қатты қысылып, көкірегі шерге толды. Сонда елшілеріміз оған: «Қорықпа да, мұңайма! Біз сені әрі жанұяңды аман алып қаламыз, тек әйеліңді құтқармаймыз. Ол жұртта қалып, зауал табатындардың қатарында болады».
إِنَّا مُنزِلُونَ عَلَىٰٓ أَهْلِ هَٰذِهِ ٱلْقَرْيَةِ رِجْزࣰا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ بِمَا كَانُوا۟ يَفْسُقُونَ
«Ашықтан-ашық асылық қылып, азғындыққа салынғандары үшін біз бұл ауыл тұрғындарының төбесіне көктен алапат азап түсіреміз», – деді.
وَلَقَد تَّرَكْنَا مِنْهَآ ءَايَةَۢ بَيِّنَةࣰ لِّقَوْمࣲ يَعْقِلُونَ
Нәтижеде ол ауылдан ақылға салып ойланатын қауым үшін ғибрат аларлық айқын белгі (үйінділер) қалдырдық.
وَإِلَىٰ مَدْيَنَ أَخَاهُمْ شُعَيْبࣰا فَقَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ وَٱرْجُوا۟ ٱلْيَوْمَ ٱلْـَٔاخِرَ وَلَا تَعْثَوْا۟ فِي ٱلْأَرْضِ مُفْسِدِينَ
Мәдияндықтарға өз бауырлары Шұғайыбты (пайғамбарлық міндетпен) жібердік. Шұғайыб оларға: «Уа, қауымым! Бір Аллаға құлшылық етіңдер, (дүниедегі істерің үшін жауапқа тартылатындарыңды жадында ұстап) ақирет күніне қамданыңдар, әрі жер бетінде лаң салып, бүліншілік шығарушы болмаңдар», – деп насихат айтты.
فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَتْهُمُ ٱلرَّجْفَةُ فَأَصْبَحُوا۟ فِي دَارِهِمْ جَٰثِمِينَ
Алайда олар оның өзін де, сөзін де жалғанға шығарды. Соның нәтижесінде оларды аяқ астынан ғаламат зілзала басты да барлығы мекен-жайларында шөке түскен (шөкелеп қалған) күйлерінде сеспей қатты.
وَعَادࣰا وَثَمُودَا۟ وَقَد تَّبَيَّنَ لَكُم مِّن مَّسَٰكِنِهِمْۖ وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيْطَٰنُ أَعْمَٰلَهُمْ فَصَدَّهُمْ عَنِ ٱلسَّبِيلِ وَكَانُوا۟ مُسْتَبْصِرِينَ
Біз Ад және Сәмуд қауымының да дәл солай көзін жойдық. (Уа, Мекке халқы!) Олардың нендей ғаламат азапқа душар болғанын үйіндіге айналған жұрттарының сиқынан-ақ анық аңғарсаңдар керек. Шайтан олардың теріс істерін өздеріне кереметтей етіп көрсетті, сөйтті де тура жолға түсулеріне бөгеcін болды. Дегенмен олар ақиқатқа көз жеткізе алатындай дәрежеде алғыр еді.
وَقَٰرُونَ وَفِرْعَوْنَ وَهَٰمَٰنَۖ وَلَقَدْ جَآءَهُم مُّوسَىٰ بِٱلْبَيِّنَٰتِ فَٱسْتَكْبَرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ وَمَا كَانُوا۟ سَٰبِقِينَ
Сондай-ақ Қарунға, Перғауынға және Һаманға да зауал бердік. Анығында, Мұса оларға ап-айқын дәлелдермен келген-ді. Алайда олар (Мысыр) жерінде орынсыз дандайсып, әлжуаз елге озбырлық көрсетті. Бірақ олар пәрменімізден аса да, жазамыздан қашып құтыла да алмады.
فَكُلًّا أَخَذْنَا بِذَنۢبِهِۦۖ فَمِنْهُم مَّنْ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِ حَاصِبࣰا وَمِنْهُم مَّنْ أَخَذَتْهُ ٱلصَّيْحَةُ وَمِنْهُم مَّنْ خَسَفْنَا بِهِ ٱلْأَرْضَ وَمِنْهُم مَّنْ أَغْرَقْنَاۚ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيَظْلِمَهُمْ وَلَٰكِن كَانُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Аталмыш қауымдар мен тұлғалардың әрқайсысына күнәсіне орай зауал бердік. Біреуін тас боранның астында қалдырып, біреуін жер жарған ащы айқай (ғаламат жарылыс) басты, қайсыбіреуін жерге жұтқыздық, енді бірін суға батырдық. Анығында, Алла оларға (зауал беру арқылы) әсте зұлымдық жасаған емес, керісінше, олар үнемі өз-өздеріне қиянат жасаумен болған еді.
مَثَلُ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَوْلِيَآءَ كَمَثَلِ ٱلْعَنكَبُوتِ ٱتَّخَذَتْ بَيْتࣰاۖ وَإِنَّ أَوْهَنَ ٱلْبُيُوتِ لَبَيْتُ ٱلْعَنكَبُوتِۚ لَوْ كَانُوا۟ يَعْلَمُونَ
Алладан өзгені ие (пір) тұтқандардың мысалы бейне бір өзіне тордан ұя салған өрмекшіге ұқсайды. Анығында, ұя біткеннің ең осалы – өрмекшінің ұясы. Олар осынау ақиқатты білсе ғой!
إِنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ مَا يَدْعُونَ مِن دُونِهِۦ مِن شَيْءࣲۚ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ
Шүбәсіз, Алла олардың Өзін былай қалдырып, нелерге жалынып-жалбарынатынын, не нәрселерді тәңір тұтатынын біледі. Ол – Азиз (бәрінен үстем, құлдарының Өзінен өзгені тәңір һәм ие тұтқанына әсте разы болмайтын асқақ әрі ұлы), Хаким (әр үкімі мен әр ісінде көптеген хикметтер болатын асқан даналық иесі).
وَتِلْكَ ٱلْأَمْثَٰلُ نَضْرِبُهَا لِلنَّاسِۖ وَمَا يَعْقِلُهَآ إِلَّا ٱلْعَٰلِمُونَ
Міне, осылайша, (ақылға салып, ойлансын, ақиқатқа көз жеткізсін һәм өздерін түзетсін деп) адамдарға осындай тәмсілдер айтып, мысалдар келтіреміз. Әйтсе де, оларды һәм ондағы астарлы ақиқатты шынайы ғалымдар ғана пайымдай алады.
خَلَقَ ٱللَّهُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ بِٱلْحَقِّۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لِّلْمُؤْمِنِينَ
Алла көктер мен жерді хақ мақсатпен, ақиқат һәм мінсіз әрі мызғымас жүйе негізінде жаратты. Міне, осында мүміндер үшін (Алланың бар әрі құдіретті екенін көрсететін) ап-айқын белгі, ап-айқын дәлел бар.
ٱتْلُ مَآ أُوحِيَ إِلَيْكَ مِنَ ٱلْكِتَٰبِ وَأَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَۖ إِنَّ ٱلصَّلَوٰةَ تَنْهَىٰ عَنِ ٱلْفَحْشَآءِ وَٱلْمُنكَرِۗ وَلَذِكْرُ ٱللَّهِ أَكْبَرُۗ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ مَا تَصْنَعُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Өзіңе Кітаптан уахи етілгенді оқып, өзгелерге жеткіз және намазды кемеліне жеткізіп оқы. Өйткені намаз – адам баласын арсыздықтан һәм жамандық атаулыдан (теріс қылықтардан) тыяды. Ал Алланы үнемі (жүрекпен, тілмен һәм іс жүзінде) еске алу болса, құлшылықтың ең үлкені, ең зоры. Алла сендердің не істеп жүргендеріңді толық біледі.
۞وَلَا تُجَٰدِلُوٓا۟ أَهْلَ ٱلْكِتَٰبِ إِلَّا بِٱلَّتِي هِيَ أَحْسَنُ إِلَّا ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ مِنْهُمْۖ وَقُولُوٓا۟ ءَامَنَّا بِٱلَّذِيٓ أُنزِلَ إِلَيْنَا وَأُنزِلَ إِلَيْكُمْ وَإِلَٰهُنَا وَإِلَٰهُكُمْ وَٰحِدࣱ وَنَحْنُ لَهُۥ مُسْلِمُونَ
Кітап иелерімен тек ең жақсы жолмен, ең тамаша тәсілді қолдану арқылы ғана пікірталасқа түсіңдер. Алайда олардың арасындағы зұлымдықта қасарысқандардың (яғни, Аллаға серік қосып, асылық қылумен қатар, сыйлағанды білмейтін һәм өздерінен өзгені адам екен демейтіндердің) жөні басқа. Оларға: «Біз өзімізге түсірілген (Құранға да), сендерге түсірілген (иләһи кітаптарға да) иман келтірдік. Біздің Құдайымыз да, сендердің Құдайларың да бір Құдай. Һәм біз Оған шын көңілден мойынсұндық», – деп айтыңдар.
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلْنَآ إِلَيْكَ ٱلْكِتَٰبَۚ فَٱلَّذِينَ ءَاتَيْنَٰهُمُ ٱلْكِتَٰبَ يُؤْمِنُونَ بِهِۦۖ وَمِنْ هَٰٓؤُلَآءِ مَن يُؤْمِنُ بِهِۦۚ وَمَا يَجْحَدُ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَّا ٱلْكَٰفِرُونَ
Міне, Біз саған (бір Аллаға мойынсұнсын және бұрынғы кітаптар мен пайғамғамбарларды растасын деп) осынау Кітапты түсірдік. Біз бұрын-соңды кітап түсіргендер (яғни, кітап иелерінің арасындағы өздеріне келген иләһи жолдауды шын көңілден қабыл алғандар) оған (Құранға) иланады. Сондай-ақ мыналардың (меккеліктердің) арасында да оған иланатындар бар. Біздің аяттарымызды тек қасарысқан кәпірлер ғана жоққа шығарады.
وَمَا كُنتَ تَتْلُوا۟ مِن قَبْلِهِۦ مِن كِتَٰبࣲ وَلَا تَخُطُّهُۥ بِيَمِينِكَۖ إِذࣰا لَّٱرْتَابَ ٱلْمُبْطِلُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Бұл Кітап өзіңе түспей тұрып, сен кітап оқыған яки жазу жазған жан емес едің. Егер бұған дейін хат таныған болсаң, онда Құранды жалғанға шығаратындар соны сылтауратып, оның Хақтан келгендігіне сөзсіз күмән келтірер еді.
بَلْ هُوَ ءَايَٰتُۢ بَيِّنَٰتࣱ فِي صُدُورِ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْعِلْمَۚ وَمَا يَجْحَدُ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَّا ٱلظَّٰلِمُونَ
Алайда ол өздеріне ақиқат ілім нәсіп етілгендердің көкіректеріне нұр болып құйылған ап-айқын аяттар. Біздің аяттарымызды барып тұрған залымдар ғана біле тұра жоққа шығарады.
وَقَالُوا۟ لَوْلَآ أُنزِلَ عَلَيْهِ ءَايَٰتࣱ مِّن رَّبِّهِۦۚ قُلْ إِنَّمَا ٱلْـَٔايَٰتُ عِندَ ٱللَّهِ وَإِنَّمَآ أَنَا۠ نَذِيرࣱ مُّبِينٌ
Ол кәпірлер: «Оған Раббысынан басқаша бір мұғжиза түсірілсе қайтер еді?» – дейді. Оларға: «Мұғзижаның бәрі бір Алланың құзырында (құдіреті күшті Алла кімге қандай мұжиза берем десе де Өзі біледі). Ал мен айқын ескертуші ғанамын», – деп айтқын.
أَوَلَمْ يَكْفِهِمْ أَنَّآ أَنزَلْنَا عَلَيْكَ ٱلْكِتَٰبَ يُتْلَىٰ عَلَيْهِمْۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَرَحْمَةࣰ وَذِكْرَىٰ لِقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ
Сонда өздеріне оқылып жатқан осынау Кітапты саған түсіргеніміз оларға мұғжиза ретінде жетпей ме? Онда иман келтіретін қауым үшін сөзсіз, шексіз рақым һәм жеткілікті насихат һәм ғибрат бар.
قُلْ كَفَىٰ بِٱللَّهِ بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ شَهِيدࣰاۖ يَعْلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۗ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ بِٱلْبَٰطِلِ وَكَفَرُوا۟ بِٱللَّهِ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ
Мені мен сендердің араларыңда бір Алланың куә болғаны жеткілікті. Ол көктер мен жердегінің бәрін біледі. (Көктер мен жердегінің бәрі Оған аян). Ақиқат тұрғанда, жалғанға иман келтіріп, (пайғамбарлар мен иләһи кітаптарды жоққа шығару арқылы) Аллаға күпірлік қылғандар бар ғой? Міне солар зиянға ұшырайтындардың, (өз-өздерін құрдымға батыратындардың) нақ өзі.
وَيَسْتَعْجِلُونَكَ بِٱلْعَذَابِ وَلَوْلَآ أَجَلࣱ مُّسَمࣰّى لَّجَآءَهُمُ ٱلْعَذَابُۚ وَلَيَأْتِيَنَّهُم بَغْتَةࣰ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Олар сенен (өздеріне уәде етілген) Алланың азабын тез арада келтіруіңді сұрайды. Егер ол азаптың әубаста жазылған өз мерзімі болмағанда, оларға баяғыда-ақ келер еді. Әйтсе де өздері тілеп алған сол бір жойқын азап оларға аяқ астынан келеді, тіпті, олар оның қалай келгенін сезбей де қалады.
يَسْتَعْجِلُونَكَ بِٱلْعَذَابِ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِيطَةُۢ بِٱلْكَٰفِرِينَ
Олар сенен (өздеріне уәде етілген) Алланың азабын тез арада келтіруіңді сұрайды. Анығында, жаһаннам онсыз да (қазірдің өзінде) барлық кәпірлерге мықтап тұрып құрсау салған.
يَوْمَ يَغْشَىٰهُمُ ٱلْعَذَابُ مِن فَوْقِهِمْ وَمِن تَحْتِ أَرْجُلِهِمْ وَيَقُولُ ذُوقُوا۟ مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Жаһаннамға тасталған күні жан төзгісіз ауыр азап олардың төбесінен де, аяқтарының астынан да төнеді, сонда Алла оларға: «Ал енді (дүниеде) істеген күнәларыңның жазасын тартыңдар!» – деп айтады.
يَٰعِبَادِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِنَّ أَرْضِي وَٰسِعَةࣱ فَإِيَّٰيَ فَٱعْبُدُونِ
Уа, иман келтірген құлдарым! (Егер өз жерлеріңде дін жолында қысым көріп, дінді еркін ұстана алмайтын халге жетсеңдер,) Менің жерім сөзсіз кең-байтақ, олай болса, (керек болған жағдайда дін жолында һижрет етіп) Маған ғана құлшылық етіңдер!
كُلُّ نَفْسࣲ ذَآئِقَةُ ٱلْمَوْتِۖ ثُمَّ إِلَيْنَا تُرْجَعُونَ
Жан біткеннің бәрі өлімнің дәмін әйтеуір бір татады. Содан кейін Бізге қайтарыласыңдар!
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَنُبَوِّئَنَّهُم مِّنَ ٱلْجَنَّةِ غُرَفࣰا تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ نِعْمَ أَجْرُ ٱلْعَٰمِلِينَ
Ал иман келтіріп, (иман талаптарына сай өздерін һәм қоғамды түзетуге бағытталған) игі істер істегендерді еш күмәнсіз, (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) іргесінен өзендер ағып жатқан жаннаттағы зәулім сарайларға орналастырамыз. Олар сонда мәңгі-бақи мекендейді. Ендеше, (бұл жалғанда) ізгілікке бастайтын игі істер істеп өткендердің (Раббыларының алдына барғанда) алатын сый-сияпаты қандай керемет десеңші!
ٱلَّذِينَ صَبَرُوا۟ وَعَلَىٰ رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ
Олар (бір Аллаға ғана құлшылық ету жолында қандай қиындыққа болса да) сабырлылық танытады һәм (ешкімге телмірмей) Раббыларына ғана тәуекел етеді.
وَكَأَيِّن مِّن دَآبَّةࣲ لَّا تَحْمِلُ رِزْقَهَا ٱللَّهُ يَرْزُقُهَا وَإِيَّاكُمْۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ
Жер бетінде өз ризығын өзі жиып, сақтап қоя алмайтын әрі өзімен бірге алып жүре алмайтын қаншама тіршілік иесі бар, олардың да, сендердің де ризықтарыңды бір Алла жеткізуде (сондықтан да һижрет етсек, аш-жалаңаш қаламыз ба деп қорықпай-ақ қойыңдар). Өйткені Алла – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін де білуші).
وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَسَخَّرَ ٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۖ فَأَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Олардан: «Көктер мен жерді кім жаратты? Күн мен айды (адам баласының пайдасы үшін) бағынышты қылған кім?» – деп сұрасаң, олар (амалсыздан) «Алла» деп айтады. Ендеше, олар қалай ғана осынау ақиқаттан алшақтатылып, теріс жолдарға түсірілуде?!
ٱللَّهُ يَبْسُطُ ٱلرِّزْقَ لِمَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦ وَيَقْدِرُ لَهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمࣱ
(Бұл дүние сынақ мекені болғандықтан) Алла ризық-несібені құлдарының арасынан қалағанына үйіп-төгіп береді де, қалағанына шектеп, белгілі бір мөлшерде ғана береді. Шүбәсіз, Алла барлық нәрсені лайықты түрде біледі.
وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّن نَّزَّلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَأَحْيَا بِهِ ٱلْأَرْضَ مِنۢ بَعْدِ مَوْتِهَا لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۚ قُلِ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ
Сондай-ақ олардан: «Көктен жауын жаудырып, жерді өлгеннен кейін қайтадан тірілткен кім?» – деп сұрасаң, (амалсыздан) әлбетте, «Алла» деп айтады. Ендеше: «Аллаға сансыз мадақ, шексіз шүкір! (Күллі болмыс, әрбір жаратылыс Оның құдіреті күшті жалғыз Жаратушы екенін көрсететін бірер айғақ, тіпті, мүшріктердің өздері де мұны амалсыздан мойындап, сенімдерінің жалған екенін көрсетуде)!» – деп, айт. Алайда олардың көбі ақылға салып ойланбауда (сондықтан жалған сенімдердің шырмауынан шыға алмауда).
وَمَا هَٰذِهِ ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَآ إِلَّا لَهْوࣱ وَلَعِبࣱۚ وَإِنَّ ٱلدَّارَ ٱلْـَٔاخِرَةَ لَهِيَ ٱلْحَيَوَانُۚ لَوْ كَانُوا۟ يَعْلَمُونَ
Дүниедегі қу тіршілік құр ойын-күлкі мен уақытша сауық-сайран ғана. Ал ақирет мекені болса, міне, сол нағыз шын өмір. Кәпірлер соны білсе ғой!
فَإِذَا رَكِبُوا۟ فِي ٱلْفُلْكِ دَعَوُا۟ ٱللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ فَلَمَّا نَجَّىٰهُمْ إِلَى ٱلْبَرِّ إِذَا هُمْ يُشْرِكُونَ
Олар кемеге мінгенде, (бастарына қауіп төне қалса, тәңір тұтқан құдайларының бәрін былай қалдырып), бар ықыласымен бір Аллаға бет бұрып, жалынып-жалбарынады. Алайда Алла оларды апатқа ұшыраудан сақтап, құрлыққа аман-есен жеткізген соң, олар түк болмағандай Аллаға қайтадан серік қоса бастайды.
لِيَكْفُرُوا۟ بِمَآ ءَاتَيْنَٰهُمْ وَلِيَتَمَتَّعُوا۟ۚ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
Ендеше, өздеріне жақсы болса, берген нығметтерімізге мүлдем алғыс білдірмей күпірлікте қасарысып әрі қу тіршіліктің қызығы мен рақатына бөленіп жүре берсін. Олар өздерінің не істегенін (қандай үлкен қателік жасағанын) әлі-ақ білетін болады.
أَوَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّا جَعَلْنَا حَرَمًا ءَامِنࣰا وَيُتَخَطَّفُ ٱلنَّاسُ مِنْ حَوْلِهِمْۚ أَفَبِٱلْبَٰطِلِ يُؤْمِنُونَ وَبِنِعْمَةِ ٱللَّهِ يَكْفُرُونَ
Айнала-төңіректегі елдер шетінен қырғынға ұшырап, тұтқынға алынып, өз жерлерінен қуылып жатқанда, олар өздерін (Мекке сынды) қасиетті де қауіпсіз жерге орналастырғанымызды көрмей ме, сәл де болса ойланбай ма? Олар соған қарамастан әлі де жалғанға иман келтіріп, Аллаға шүкіршілік етудің орнына Оның (Құран һәм Ислам сынды) баға жетпес нығметін жоққа шығара ма?!
وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ ٱفْتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَوْ كَذَّبَ بِٱلْحَقِّ لَمَّا جَآءَهُۥٓۚ أَلَيْسَ فِي جَهَنَّمَ مَثْوࣰى لِّلْكَٰفِرِينَ
Өз аузымен өтірік айтып, соны Аллаға теліген немесе өзіне ақиқат келгенде, оны жалған деп, жоққа шығарғаннан асқан залым бар ма?! Кәпірлердің лайықты орны жаһаннам емес пе?!
وَٱلَّذِينَ جَٰهَدُوا۟ فِينَا لَنَهْدِيَنَّهُمْ سُبُلَنَاۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَمَعَ ٱلْمُحْسِنِينَ
Біздің жолымызда аянбай күрескендерді (яғни, бойындағы бар күш-жігерін кемел адам, үлгілі мұсылман болу жолында жұмсағандарды) міндетті түрде Өзіміздің жетістікке жеткізетін жолдарымызға бағыттаймыз. Шүбәсіз, Алла әрдайым Раббыларын өз көздерімен көріп тұрандай үнемі игі істер істейтін ізгі жандармен бірге.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.