Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран26. Шұғара
26 · сүре

Шұғара

227 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

طسٓمٓ

Та, Сиин, Мим.

2

تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱلْكِتَٰبِ ٱلْمُبِينِ

Бұлар ақиқатты ашып түсіндіретін һәм Хақтан келгендігі ап-айқын Кітаптың аяттары.

3

لَعَلَّكَ بَٰخِعࣱ نَّفْسَكَ أَلَّا يَكُونُوا۟ مُؤْمِنِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Байқауымызша, сен олар иман етпеуде деп уайымға салынып, өзіңді жеп тауыса жаздайсың.

4

إِن نَّشَأْ نُنَزِّلْ عَلَيْهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ ءَايَةࣰ فَظَلَّتْ أَعْنَٰقُهُمْ لَهَا خَٰضِعِينَ

Егер қаласақ, оларға көктен сондай ғаламат айғақ (мұғжиза) түсірер едік. Нәтижеде олар оның алдында амалсыз бас иіп, иман етуге мәжбүр болар еді.

5

وَمَا يَأْتِيهِم مِّن ذِكْرࣲ مِّنَ ٱلرَّحْمَٰنِ مُحْدَثٍ إِلَّا كَانُوا۟ عَنْهُ مُعْرِضِينَ

Оларға қай кезде болмасын, Рахманнан жаңа тағылым, нұсқау, яки ескерту келсе, бірден жақтырмаған сыңай танытып, одан сөзсіз сырт айналады.

6

فَقَدْ كَذَّبُوا۟ فَسَيَأْتِيهِمْ أَنۢبَٰٓؤُا۟ مَا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ

Олар үнемі осылай (Раббыларынан келген уахиді) мойындаудан бас тартты. Алайда олар нені мазақ еткендерін әлі-ақ (жақында) білетін болады.

7

أَوَلَمْ يَرَوْا۟ إِلَى ٱلْأَرْضِ كَمْ أَنۢبَتْنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوْجࣲ كَرِيمٍ

Олар жер бетіне зер салып қарамай ма? Онда жұп-жұбымен (түр-түсі, иісі, дәмі және жемістері жағынан алғанда) неше алуан өсімдіктер өсіріп, қаншама жаңа тіршілік иесін жаратудамыз.

8

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ

Шүбәсіз, мұнда (шексіз құдіретімізді көрсететін) айқын дәлел әрі ғибрат бар. Соған қарамастан олардың көбі иман етпеуде.

9

وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Шүбәсіз, Раббың Азиз (ұлы әрі шексіз үстемдік иесі), Рахим (Өзіне бет бұрып, иман келтірген құлдарына ерекше мейірімді).

10

وَإِذْ نَادَىٰ رَبُّكَ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱئْتِ ٱلْقَوْمَ ٱلظَّٰلِمِينَ

Кезінде Раббың Мұсаға: «Әлгі залым қауымға бар».

11

قَوْمَ فِرْعَوْنَۚ أَلَا يَتَّقُونَ

«Яғни, Перғауынның қауымына. Олардың Мені лайықты түрде ұлықтайтын, күпірлік пен астамдықтан һәм жан төзгісіз азабымнан сақтанатын кез келмеді ме?» – деп үн қатқан еді.

12

قَالَ رَبِّ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُكَذِّبُونِ

Сонда Мұса: «Уа, Раббым! Олар маған өтірікшісің деп жала жаба ма деп қорқамын?!»

13

وَيَضِيقُ صَدْرِي وَلَا يَنطَلِقُ لِسَانِي فَأَرْسِلْ إِلَىٰ هَٰرُونَ

«(Олардың ондай қылығын көргенде) көкірегім қарс айрылып (пайғамбарға лайық байсалдылық таныта алмауым) әрі тілім тұтығып, (жолдауыңды лайықты түрде жеткізе алмай қалуым мүмкін). Сол үшін Һарунды да пайғамбар еткейсің!»

14

وَلَهُمْ عَلَيَّ ذَنۢبࣱ فَأَخَافُ أَن يَقْتُلُونِ

«Оның үстіне олардың маған тағатын айыбы да бар. Сол себепті, олар мені өлтіріп тастай ма (сөйтіп, міндетімді толық атқара алмай қаламын ба) деп қорқамын», – деп жауап қатты.

15

قَالَ كَلَّاۖ فَٱذْهَبَا بِـَٔايَٰتِنَآۖ إِنَّا مَعَكُم مُّسْتَمِعُونَ

Раббысы оған: «Жоқ, (олар саған титтей де зиян келтіре алмайды. Өтінішің бойынша Һарунды да пайғамбар қылдым). Ал енді өздеріңе берген дәлелдерімізді (мұғжизаларымызды) алып барыңдар. Шүбәсіз, Біз де сендермен бірге боламыз һәм бәрін естіп-біліп тұрамыз».

16

فَأْتِيَا فِرْعَوْنَ فَقُولَآ إِنَّا رَسُولُ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Перғауынға барыңдар да: Біз әлемдердің Раббысы жіберген елшіміз!»

17

أَنْ أَرْسِلْ مَعَنَا بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ

«Исрайыл ұрпақтарын құлдықтан босатып, бізбен бірге жібер!» – деп айтыңдар.

18

قَالَ أَلَمْ نُرَبِّكَ فِينَا وَلِيدࣰا وَلَبِثْتَ فِينَا مِنْ عُمُرِكَ سِنِينَ

(Содан екеуі Перғауынға барып, Алланың бұйрығын жеткізгенде,) Перғауын Мұсаға: «Оу, біз сені қаршадайыңнан аялы алақанымызға салып тәрбиелеп өсірмеп пе едік? Өміріңнің біраз жылын біздің арамызда өткізбеп пе едің?!»

19

وَفَعَلْتَ فَعْلَتَكَ ٱلَّتِي فَعَلْتَ وَأَنتَ مِنَ ٱلْكَٰفِرِينَ

«Ақыр соңында істеген ісің анау! Сен, шынында да, жақсылықты түсінбейтін, рақметі жоқ неме екенсің», – деп зекіді.

20

قَالَ فَعَلْتُهَآ إِذࣰا وَأَنَا۠ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ

Мұса: «Мен ол істі білместікпен, қателесіп істедім (яғни, сенің адамыңды өлтіріп, қоямын деп ойламаған едім, бар ойым оның сазайын беру ғана еді)».

21

فَفَرَرْتُ مِنكُمْ لَمَّا خِفْتُكُمْ فَوَهَبَ لِي رَبِّي حُكْمࣰا وَجَعَلَنِي مِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ

«Содан сендерден сескеніп, қашып кеттім. Ақырында Раббым менің бойыма қай мәселеде болмасын дұрыс үкім айта білетін һәм ақ пен қараның ара-жігін ажырата білетін ерекше қабілет дарытты әрі мені елші пайғамбарлардың қатарына қосты».

22

وَتِلْكَ نِعْمَةࣱ تَمُنُّهَا عَلَيَّ أَنْ عَبَّدتَّ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ

«Ал маған міндетсініп тұрған нығметіңе (жақсылығыңа) келсек, анығында, ол жақсылық дейтін жақсылық емес, Исрайыл ұрпақтарын өзіңе құл қылып (еркек кіндікті балаларын жаппай қырғаныңның) нәтижесі болатын», – деп жауап берді.

23

قَالَ فِرْعَوْنُ وَمَا رَبُّ ٱلْعَٰلَمِينَ

Перғауын дандайсып: «Әлемдердің Раббысы дегенің кім өзі?» – деді.

24

قَالَ رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ

Мұса: «Егер ақиқатқа көз жеткізейік деген ниеттерің болса айтайын, Ол – көктер мен жердің һәм екеуінің арасындағы барлық нәрсенің Раббысы», – деп жауап берді.

25

قَالَ لِمَنْ حَوْلَهُۥٓ أَلَا تَسْتَمِعُونَ

Перғауын кекесінмен маңайындағыларға: «Мынаның не айтып тұрғанын естідіңдер ме?» – деді.

26

قَالَ رَبُّكُمْ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلْأَوَّلِينَ

Мұса еш кідірместен сөзін сабақтап: «Біле білсеңдер, Ол сендердің де, өздеріңнен бұрын өткен ата-бабаларыңның да Раббысы», – деді.

27

قَالَ إِنَّ رَسُولَكُمُ ٱلَّذِيٓ أُرْسِلَ إِلَيْكُمْ لَمَجْنُونࣱ

Перғауын тағы да маңайындағыларға: «Сендерге келген мына елші, шынымен есінен адасқан екен», – деді.

28

قَالَ رَبُّ ٱلْمَشْرِقِ وَٱلْمَغْرِبِ وَمَا بَيْنَهُمَآۖ إِن كُنتُمْ تَعْقِلُونَ

Мұса сонда да әу бастағы байсалды қалпынан айнымай сөзін доғармай: «Ол – шығыс пен батыстың һәм екеуінің арасында орын алған бар нәрсенің Раббысы. Егер ақылға салып, дұрыстап ойлансаңдар, түсінер едіңдер», – деді.

29

قَالَ لَئِنِ ٱتَّخَذْتَ إِلَٰهًا غَيْرِي لَأَجْعَلَنَّكَ مِنَ ٱلْمَسْجُونِينَ

Перғауын енді Мұсаға: «(Әй, Мұса!) Егер менен басқаны тәңір тұтатын болсаң, еш күмәнсіз, сені зынданға тастаймын», – деп сес көрсетті.

30

قَالَ أَوَلَوْ جِئْتُكَ بِشَيْءࣲ مُّبِينࣲ

Мұса: «Сонда саған сөзімді растайтын ап-айқын дәлелмен келсем де сөйтпексің бе?!» – деді.

31

قَالَ فَأْتِ بِهِۦٓ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ

Перғауын: «Айтқаның рас болса, қане, көрсет дәлеліңді», – деді.

32

فَأَلْقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعْبَانࣱ مُّبِينࣱ

Сол кезде Мұса қолындағы асатаяғын жерге тастай салып еді ол бірден нағыз әбжыланға айналып шыға келді.

33

وَنَزَعَ يَدَهُۥ فَإِذَا هِيَ بَيْضَآءُ لِلنَّٰظِرِينَ

Содан кейін оң қолын қойнынан шығаруы мұң екен, қолы жарқырап, қарап тұрғандардың көзін қарықтырды.

34

قَالَ لِلْمَلَإِ حَوْلَهُۥٓ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٌ عَلِيمࣱ

Перғауын айналасындағы шонжарларына: «Бұл шүбәсіз, өте білгір, өте шебер сиқыршы екен», – десті.

35

يُرِيدُ أَن يُخْرِجَكُم مِّنْ أَرْضِكُم بِسِحْرِهِۦ فَمَاذَا تَأْمُرُونَ

«Ол сендерді ата-мекендеріңнен қуып шығуды көксейді. Ендеше, оған қатысты не бұйырасыңдар (не айтасыңдар)?» – деді.

36

قَالُوٓا۟ أَرْجِهْ وَأَخَاهُ وَٱبْعَثْ فِي ٱلْمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ

Ұлықтар: «Оны да, бауырын да жібермей ұстап алып қал да барлық қалаға шапқыншы жібер».

37

يَأْتُوكَ بِكُلِّ سَحَّارٍ عَلِيمࣲ

«Шебер сиқыршылардың бірін қалдырмай жинап, алдыңа әкелсін», – деп ақыл-кеңес берді.

38

فَجُمِعَ ٱلسَّحَرَةُ لِمِيقَٰتِ يَوْمࣲ مَّعْلُومࣲ

Сөйтіп, келісілген (мейрам) күні (келісілген уақытта Мұсамен сайысқа түсу үшін) мен деген шебер сиқыршылардың барлығы бір жерде бас қосты.

39

وَقِيلَ لِلنَّاسِ هَلْ أَنتُم مُّجْتَمِعُونَ

Жалпы халыққа да: «Қане, тезірек жиналмайсыңдар ма?! (Әйтпесе, бар қызықтан құр қаласыңдар!)».

40

لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ ٱلسَّحَرَةَ إِن كَانُوا۟ هُمُ ٱلْغَٰلِبِينَ

«Бүгінгі сайыста сиқыршылар жеңіп шығып, бәріміз солардың соңынан ереміз бе деп үміттенеміз!» – деп жар салынып, сиқыршыларға дем берілді.

41

فَلَمَّا جَآءَ ٱلسَّحَرَةُ قَالُوا۟ لِفِرْعَوْنَ أَئِنَّ لَنَا لَأَجْرًا إِن كُنَّا نَحْنُ ٱلْغَٰلِبِينَ

Содан сиқыршылар сайыс өтетін жерге келгенде, Перғауынға: «Егер басым түссек, бізге үлкен сый-сияпат берілсе керек?!» – деді.

42

قَالَ نَعَمْ وَإِنَّكُمْ إِذࣰا لَّمِنَ ٱلْمُقَرَّبِينَ

Перғауын оларға: «Әлбетте, беріледі һәм менің ең жақын серіктерім боласыңдар!» – деді.

43

قَالَ لَهُم مُّوسَىٰٓ أَلْقُوا۟ مَآ أَنتُم مُّلْقُونَ

(Сөйтіп, сайыс басталды). Мұса оларға: «Қане, алдымен өздерің лақтыратын нәрселеріңді лақтырып, бар өнерлеріңді ортаға салыңдар!» – деді.

44

فَأَلْقَوْا۟ حِبَالَهُمْ وَعِصِيَّهُمْ وَقَالُوا۟ بِعِزَّةِ فِرْعَوْنَ إِنَّا لَنَحْنُ ٱلْغَٰلِبُونَ

Сиқыршылар қолдарындағы сиқырлы жіптері мен асатаяқтарын лақтырды да: «Перғауынның ұлылығы әрі үстемдігімен ант етеміз! Бұл сайыстың жеңімпазы мына біз боламыз», – деп ант-су ішті.

45

فَأَلْقَىٰ مُوسَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ تَلْقَفُ مَا يَأْفِكُونَ

Сол сәтте Мұса да қолындағы асатаяғын лақтырып кеп қалды, сол-ақ екен ол сиқыршылардың көз байлап көрсеткен сиқырларын бірден жалмап шетінен жұта бастады.

46

فَأُلْقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سَٰجِدِينَ

Ал (Алланың құдіретін өз көздерімен көрген) сиқыршылар болса, жаппай сәждеге жығылып:

47

قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا بِرَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Әлемдердің Раббысына иман келтірдік!»

48

رَبِّ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ

«Мұса мен Һарунның Раббысына (иман келтірдік)», – деді.

49

قَالَ ءَامَنتُمْ لَهُۥ قَبْلَ أَنْ ءَاذَنَ لَكُمْۖ إِنَّهُۥ لَكَبِيرُكُمُ ٱلَّذِي عَلَّمَكُمُ ٱلسِّحْرَ فَلَسَوْفَ تَعْلَمُونَۚ لَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُم مِّنْ خِلَٰفࣲ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمْ أَجْمَعِينَ

Сонда Перғауын ашуға мініп: «Мен рұқсат етпей тұрып, оған иман еттіңдер ме? Демек, бәріңе сиқыр үйреткен пірлерің сол болды ғой! Ендеше, менен көресіні көресіңдер! Ант етемін! Қол-аяқтарыңды қиғаштап (яғни, оң қолдарың мен сол аяқтарыңды немесе керісінше) шабамын да, бәріңді (құрма ағаштарына) асып қоямын», – деп күш көрсетті.

50

قَالُوا۟ لَا ضَيْرَۖ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا مُنقَلِبُونَ

Алайда сиқыршылар қасқайып тұрып: «Сол да сөз болып па! «Біз қайткен күнде де Раббымызға қайтамыз».

51

إِنَّا نَطْمَعُ أَن يَغْفِرَ لَنَا رَبُّنَا خَطَٰيَٰنَآ أَن كُنَّآ أَوَّلَ ٱلْمُؤْمِنِينَ

«Біз ең алғашқы мүміндер болғанымыз үшін Раббымыз күнә-қателіктерімізді кешірер деп үміт етеміз»,– деді.

52

۞وَأَوْحَيْنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنْ أَسْرِ بِعِبَادِيٓ إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ

Ақыр соңында Мұсаға: «Құлдарымды ертіп, түнделетіп жолға шық. (Алайда Перғауын да қарап жатпайды.) Соңдарыңнан сөзсіз қуғын салады», – деп уахи еттік.

53

فَأَرْسَلَ فِرْعَوْنُ فِي ٱلْمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ

Сол кезде Перғауын (жазалаушы әскерін жинау үшін) барлық қалаға шабармандарын жіберді (ат шаптырды).

54

إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَشِرْذِمَةࣱ قَلِيلُونَ

«Анығында, бұлар саны аз тобыр ғана».

55

وَإِنَّهُمْ لَنَا لَغَآئِظُونَ

«Сонда да түрлеріне қарамай біздің ашуымызға тиюде».

56

وَإِنَّا لَجَمِيعٌ حَٰذِرُونَ

«Ал біз олардың жанында жұдырықтай жұмылған өте сақ, қырағы қауымбыз».

57

فَأَخْرَجْنَٰهُم مِّن جَنَّٰتࣲ وَعُيُونࣲ

Біз ақырында оларды көз жауын алатын бау-бақшалардан, (суы балдай тәтті) бұлақ-бастаулардан,

58

وَكُنُوزࣲ وَمَقَامࣲ كَرِيمࣲ

Байлыққа толы қазына-мүліктерден және баға жетпес салтанатты жайлары мен тақтарынан біржолата айырдық.

59

كَذَٰلِكَۖ وَأَوْرَثْنَٰهَا بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ

Міне, бұл оқиға осылай бітті. Ақыр соңында осынау нығметтердің бәрін Исрайыл ұрпақтарына мұра етіп қалдырдық (нәсіп еттік).

60

فَأَتْبَعُوهُم مُّشْرِقِينَ

(Ал енді Перғауынның қалай соңынан түскенін айтайық). Перғауын әскері күн шыға (түнделетіп жолға шыққан) Исрайыл ұрпақтарының соңына түсті.

61

فَلَمَّا تَرَٰٓءَا ٱلْجَمْعَانِ قَالَ أَصْحَٰبُ مُوسَىٰٓ إِنَّا لَمُدْرَكُونَ

Екі топ бірін-бірі қозы көш жерден көргенде, Мұсаның жанындағылар: «Ойбай, бізді қуып жетті!» – деп жанұшырды.

62

قَالَ كَلَّآۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهْدِينِ

Мұса еш саспастан: «Жоқ, Раббым сөзсіз менімен бірге, Ол маған тығырықтан шығар жолды көрсетеді», – деді.

63

فَأَوْحَيْنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱضْرِب بِّعَصَاكَ ٱلْبَحْرَۖ فَٱنفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرْقࣲ كَٱلطَّوْدِ ٱلْعَظِيمِ

Біз сол сәтте Мұсаға: «Асатаяғыңмен теңізді ұр», – деп уахи еттік. Сол-ақ екен, Мұсаның таяғы тиген теңіз суы қақ жарылды да (ортасынан жол ашылып) екі жағындағы су алып таудай болып көтеріле берді.

64

وَأَزْلَفْنَا ثَمَّ ٱلْـَٔاخَرِينَ

Оларды да (яғни, Перғауын мен әскерін де) сол араға ентелете жеткізген едік.

65

وَأَنجَيْنَا مُوسَىٰ وَمَن مَّعَهُۥٓ أَجْمَعِينَ

Ақырында Мұсаны һәм онымен бірге болғандардың барлығын (Перғауынның қанды шеңгелінен) құтқардық.

66

ثُمَّ أَغْرَقْنَا ٱلْـَٔاخَرِينَ

Содан соң, өзгелерді суға батырдық.

67

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ

Шүбәсіз, осы оқиғада ерекше ғибрат бар. (Уа, Мұхаммед! Қауымыңның дені иман етпеуде деп мұңайма. Өзің естіп-білгендей, өздеріне қанша жерден мұғжиза көрсетілсе де олардың (перғауын әулетінің тіпті, Мұсаның қауымының көпшілігі) мүмін емес-ті.

68

وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Шүбәсіз, сенің Раббың Азиз (ұлы әрі шексіз үстемік иесі), Рахим (Өзіне бет бұрып, иман келтірген құлдарына ерекше мейірімді).

69

وَٱتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ إِبْرَٰهِيمَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға Ибраһимнің басынан өткен ғибратқа толы оқиғаларды да айтып бер.

70

إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِۦ مَا تَعْبُدُونَ

Бірде ол әкесіне һәм қауымына: «Сендердің мына табынып жүргендерің не?» – деген еді.

71

قَالُوا۟ نَعْبُدُ أَصْنَامࣰا فَنَظَلُّ لَهَا عَٰكِفِينَ

Олар: «Біз бірқатар пұтқа табынамыз және (олар біздің құдайларымыз болғандықтан) алдарында иіліп құлшылық ете береміз», – деп жауап берді.

72

قَالَ هَلْ يَسْمَعُونَكُمْ إِذْ تَدْعُونَ

Сол кезде Ибраһим: «Сонда оларға жалбарынып, дұға еткендеріңде олар сендерді естиді ме?»

73

أَوْ يَنفَعُونَكُمْ أَوْ يَضُرُّونَ

«Не болмаса, табынғандарыңда сендерге қандай да бір пайда, ал табынбаған жағдайда қандай да бір зиян келтіре ала ма?» – деп сұрады.

74

قَالُوا۟ بَلْ وَجَدْنَآ ءَابَآءَنَا كَذَٰلِكَ يَفْعَلُونَ

Олар: «Жоқ!» «Алайда біз ата-бабаларымыздың осылай істегенін көрдік», – деді.

75

قَالَ أَفَرَءَيْتُم مَّا كُنتُمْ تَعْبُدُونَ

Ибраһим: «Өздеріңнің не нәрсеге табынып жүргендеріңе зер салып қарамайсыңдар ма?»

76

أَنتُمْ وَءَابَآؤُكُمُ ٱلْأَقْدَمُونَ

«Өздеріңнің (не нәрсеге табынып жүргендеріңе) һәм арғы аталарыңның (не нәрсеге табынғанына зер салып қарамайсыңдар ма?)».

77

فَإِنَّهُمْ عَدُوࣱّ لِّيٓ إِلَّا رَبَّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Біле-білсеңдер, әлемдердің Раббысынан басқа құлдық ұрып табынғандарыңның бәрі менің – дұшпандарым».

78

ٱلَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهْدِينِ

«Мені жаратқан әрі қай мәселеде болмасын, маған үнемі тура жол көрсететін де – бір Өзі».

79

وَٱلَّذِي هُوَ يُطْعِمُنِي وَيَسْقِينِ

«Ашыққанымда қарнымды тойдыратын әрі шөлдегенімде шөлімді қандыратын да (яғни, ас-суымды жарататын да) – бір Өзі».

80

وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ

«Ауырғанымда маған шипа беретін де – бір Өзі».

81

وَٱلَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحْيِينِ

«Сондай-ақ менің жанымды алатын һәм кейін қайта тірілтетін де – бір Өзі».

82

وَٱلَّذِيٓ أَطْمَعُ أَن يَغْفِرَ لِي خَطِيٓـَٔتِي يَوْمَ ٱلدِّينِ

«Ұлы сот күні күнә-қателіктерімді кешіреді деп үміт ететінім де – бір Өзі», – деді де,

83

رَبِّ هَبْ لِي حُكْمࣰا وَأَلْحِقْنِي بِٱلصَّٰلِحِينَ

Раббысына былай деп жалбарына бастады: «Уа, Раббым! Менің бойыма даналық пен (қай мәселеде болмасын) дұрыс үкім айтып, лайықты шешім шығара білетін қабілет дарыта көр! Мені (үнемі игі істер істейтін) ізгі құлдарыңның қатарына қоса көр!»

84

وَٱجْعَل لِّي لِسَانَ صِدْقࣲ فِي ٱلْـَٔاخِرِينَ

«Маған келер ұрпақ аузында шынайы түрде дәріптелуді нәсіп етіп, келер ұрпаққа жақсы атты қылғайсың!»

85

وَٱجْعَلْنِي مِن وَرَثَةِ جَنَّةِ ٱلنَّعِيمِ

«Сондай-ақ мені нығметке толы жаннатқа мұрагер болатын құлдарыңның бірі қылғайсың!»

86

وَٱغْفِرْ لِأَبِيٓ إِنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ

«Әкемді де кешіре көр, өйткені ол адасқандардың қатарында!»

87

وَلَا تُخْزِنِي يَوْمَ يُبْعَثُونَ

«Күллі адамзат қайта тіріліп, ғарасат майданына жиналатын күні мені ұятқа қалдыра (масқара қыла) көрме!»

88

يَوْمَ لَا يَنفَعُ مَالࣱ وَلَا بَنُونَ

«Ол – мал-мүлік те, бала-шаға да титтей пайда бермейтін күн».

89

إِلَّا مَنْ أَتَى ٱللَّهَ بِقَلْبࣲ سَلِيمࣲ

«Ол күні Аллаға пәк һәм (рухани) кеселдерден ада жүрекпен келген жан ғана (азаптан құтылып, мақсатына жетеді)».

90

وَأُزْلِفَتِ ٱلْجَنَّةُ لِلْمُتَّقِينَ

Сол күні жаннат Аллаға шын жүректен тағзым етіп, алдында асы болудан һәм азабынан сақтанған тақуа жандарға жақындатылады.

91

وَبُرِّزَتِ ٱلْجَحِيمُ لِلْغَاوِينَ

Ал жалындаған жаһаннам болса, адасқан азғын-дардың көз алдына келтіріледі.

92

وَقِيلَ لَهُمْ أَيْنَ مَا كُنتُمْ تَعْبُدُونَ

Оларға: «Дүниеде (Алланы былай қойып), табынғандарың қайда?»

93

مِن دُونِ ٱللَّهِ هَلْ يَنصُرُونَكُمْ أَوْ يَنتَصِرُونَ

«Алланы былай қойып, табынғандарың (қайда қалды?) Қане, солар сендерге (азаптан құтылуларың үшін) жәрдем беріп жатыр ма? Тым болмаса, өз-өздерін жарылқай алып жатыр ма?» – деп айтылады.

94

فَكُبْكِبُوا۟ فِيهَا هُمْ وَٱلْغَاوُۥنَ

Соңында жалған құдайлар да, соларға табынамын деп, адасқан азғындар да барлығы етбеттерімен жаһаннамға тасталады.

95

وَجُنُودُ إِبْلِيسَ أَجْمَعُونَ

Ібілістің әскері (нөкерлері) де түгелдей (жаһаннамға тасталады).

96

قَالُوا۟ وَهُمْ فِيهَا يَخْتَصِمُونَ

Сөйтіп, онда бір-бірін жазғыра бастайды, сонда (Алладан өзгеге табынамын деп, адасқан азғындар құдайларына):

97

تَٱللَّهِ إِن كُنَّا لَفِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينٍ

«Уаллаһи, Алланың атымен ант етейік! Біз расында да, анық адасып келген екенбіз».

98

إِذْ نُسَوِّيكُم بِرَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Өйткені біз сендерді әлемдердің Раббысымен бірдей (әлемдердің Раббысына тең) көретінбіз».

99

وَمَآ أَضَلَّنَآ إِلَّا ٱلْمُجْرِمُونَ

«Бізді басқа емес, әлгі күнәға белшесінен батқан күнәһар кәпірлер (адам мен жынның шайтандары) адастырды».

100

فَمَا لَنَا مِن شَٰفِعِينَ

«Енді бізге араша түсер шапағатшылар да жоқ».

101

وَلَا صَدِيقٍ حَمِيمࣲ

«(Қасіретімізге ортақтасатын) жан досымыз да жоқ».

102

فَلَوْ أَنَّ لَنَا كَرَّةࣰ فَنَكُونَ مِنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ

«Шіркін, бізге тағы да бір мүмкіндік беріліп, дүниеге кері қайта алсақ қой, сөйтіп, нағыз мүміндердің қатарынан табылсақ қой!» – деп аһ ұрып, санын соғады.

103

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ

Шүбәсіз, осының бәрінде (яғни, Ибраһимнің басынан өткендерде құдіретіміздің шексіздігін көрсететін) айқын дәлел, анық ғибрат бар. Соған қарамастан ол қауымның көбі мүмін емес еді.

104

وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Шүбәсіз, сенің Раббың – Азиз (ұлы әрі шексіз үстемдік иесі), Рахим (Өзіне бет бұрып, иман келтірген құлдарына ерекше мейірімді).

105

كَذَّبَتْ قَوْمُ نُوحٍ ٱلْمُرْسَلِينَ

Нұхтың қауымы да (өз пайғамбарларын өтірікші деу арқылы) бүкіл пайғамбарларға сенімсіздік танытты.

106

إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ نُوحٌ أَلَا تَتَّقُونَ

Бауырлары Нұх оларға: «Алладан қорықпайсың-дар ма? Алланы шын жүректен ұлықтап, Оған асылық қылудан һәм азабынан сақтанбайсыңдар ма?»

107

إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينࣱ

«Күмәндарың болмасын, мен өздеріңе жіберілген сенімді елшімін!»

108

فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ

«Ендеше, Алладан қорқыңдар, Оған асылық қылудан сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар!»

109

وَمَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Пайғамбарлық міндетімді атқарғаным үшін сендерден ақы сұрамаймын. Менің сый-сияпатымды әлемдердің Раббысы (Алла) Өзі береді».

110

فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ

«Ендеше, Алладан қорқыңдар, Оған асылық қылудан сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар!» – деп айтты.

111

۞قَالُوٓا۟ أَنُؤْمِنُ لَكَ وَٱتَّبَعَكَ ٱلْأَرْذَلُونَ

Қауымы: «Сонда сенің соңыңнан өңшең жаман-жәутіктердің ергенін көріп тұрып, саған иман етеміз бе? (Олардың ниеті бізге белгілі ғой, олар саған абыройға, дүниеге қол жеткізу үшін ереді)», – деді.

112

قَالَ وَمَا عِلْمِي بِمَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Нұх: «Олардың (ниетін), бұрын-соңды не істеп, не қойғанын мен білмеймін».

113

إِنْ حِسَابُهُمْ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّيۖ لَوْ تَشْعُرُونَ

«Саналарың (түйсіктерің) болса, оларды жауапқа тарту Раббымның ғана құзырында екенін білер едіңдер».

114

وَمَآ أَنَا۠ بِطَارِدِ ٱلْمُؤْمِنِينَ

«Мен жанымдағы мүміндерді қумаймын».

115

إِنْ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرࣱ مُّبِينࣱ

«Мен бар болғаны ақиқатты паш ету үшін келген ескертушімін», – деп айтты.

116

قَالُوا۟ لَئِن لَّمْ تَنتَهِ يَٰنُوحُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلْمَرْجُومِينَ

Сонда қауымы оған: «Ей, Нұх! Егер мына үгітіңді қоймасаң, біліп қой, тасборан ғып өлтірілетін боласың», – деп сес көрсетті.

117

قَالَ رَبِّ إِنَّ قَوْمِي كَذَّبُونِ

(Ғасырлар бойғы арпалыстың соңында) Нұх: «Уа, Раббым! Расында, қауымым өтірікшiсің деп маған сенімсіздік танытты».

118

فَٱفْتَحْ بَيْنِي وَبَيْنَهُمْ فَتْحࣰا وَنَجِّنِي وَمَن مَّعِيَ مِنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ

«Енді біздің арамызда кесімді үкіміңді айтқайсың және мені һәм маңайымдағы мүміндерді құтқара көр!» – деп, Аллаға жалбарынды.

119

فَأَنجَيْنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ فِي ٱلْفُلْكِ ٱلْمَشْحُونِ

Сөйтіп, Біз Нұхты және жанындағы мүміндерді (жан-жануарлардың әр түрінен бір-бір жұптан тиелген) жүкті кемеге мінгізіп, топан судан құтқардық.

120

ثُمَّ أَغْرَقْنَا بَعْدُ ٱلْبَاقِينَ

Содан соң (кемеге міну нәсіп болмай) қалып қойғандарды суға батырдық.

121

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ

Шүбәсіз, осының бәрінде айқын ғибрат бар. Алайда ол қауымның көбі мүмін емес еді.

122

وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Күмәнсіз, сенің Раббың Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Рахим (Өзіне бет бұрып, иман келтірген құлдарына ерекше мейірімді).

123

كَذَّبَتْ عَادٌ ٱلْمُرْسَلِينَ

Ад қауымы да (өз пайғамбарлары Һудты өтірікшіге шығару арқылы) бүкіл пайғамбарларға сенімсіздік танытты.

124

إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ هُودٌ أَلَا تَتَّقُونَ

Бауырлары Һуд оларға: «Алладан қорық-пайсыңдар ма? Алланы шын жүректен ұлықтап, Оған асылық қылудан һәм азабынан сақтанбайсыңдар ма?»

125

إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينࣱ

«Күмәндарың болмасын, мен өздеріңе жіберілген сенімді елшімін!»

126

فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ

«Ендеше, Алладан қорқыңдар, Оған қарсы келіп, астамшылық жасаудан сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар!»

127

وَمَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Пайғамбарлық міндетімді атқарғаным үшін сендерден ақы сұрамаймын. Менің сый-сияпатымды әлемдердің Раббысы (Алла) Өзі береді», – деп айтты.

128

أَتَبْنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ ءَايَةࣰ تَعْبَثُونَ

Сондай-ақ оларға: «Сонда осылайша құр мақтан үшін һәм ермек болсын деп, (жол бойы) әр төбенің басына зәулім ғимараттар тұрғыза бермексіңдер ме?»

129

وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمْ تَخْلُدُونَ

«Һәм бұл дүниеде мәңгі-бақи өмір сүретіндей, өздеріңе зәулім сарайлар мен берік қамалдар сала бересіңдер ме?»

130

وَإِذَا بَطَشْتُم بَطَشْتُمْ جَبَّارِينَ

«Онымен қоймай, алған нәрселеріңнің бәрін кісі ақысы демей өзгелердің құқығын аяқ асты етіп, озбырлықпен тартып ала бересіңдер ме?»

131

فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ

«Ендеше, Алладан қорқыңдар, Оған асылық қылудан (астамшылық жасаудан) сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар!»

132

وَٱتَّقُوا۟ ٱلَّذِيٓ أَمَدَّكُم بِمَا تَعْلَمُونَ

«Сендерге өздерің де білетін мұншама нығметтерді берген Алладан қорқыңдар!»

133

أَمَدَّكُم بِأَنْعَٰمࣲ وَبَنِينَ

«Ол сендерге мол етіп, төрт түлік мал (үй жануарлары) мен бала-шаға берді».

134

وَجَنَّٰتࣲ وَعُيُونٍ

«Бау-бақшалар мен сылдырап аққан қайнар бұлақтар нәсіп етті».

135

إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمࣲ

«Шынында, мен алапат күннің ауыр азабына душар боласыңдар ма деп қорқамын», – деп шын жүректен насихат айтты.

136

قَالُوا۟ سَوَآءٌ عَلَيْنَآ أَوَعَظْتَ أَمْ لَمْ تَكُن مِّنَ ٱلْوَٰعِظِينَ

Сонда әбден азғындаған қауымы: «(Әй, Һуд!) Сен бізге уағыз айттың не, айтпадың не, бәрібір».

137

إِنْ هَٰذَآ إِلَّا خُلُقُ ٱلْأَوَّلِينَ

«Бұл (дін) – арғы ата-бабаларымыздың жолы, одан басқа түк те емес».

138

وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ

«Сондықтан да біз сен айтқандай, (ата дінімізді берік ұстағанымыз үшін өлгеннен кейін) жазаға ұшырап, азап тартпаймыз», – деді.

139

فَكَذَّبُوهُ فَأَهْلَكْنَٰهُمْۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ

Сөйтіп, олар Һудттың өзіне де, сөзіне де сенімсіздік танытты. Біз де олардың көзін жойдық. Шүбәсіз, осының бәрінде маңызды да, айқын ғибрат бар. Алайда ол қауымның көбі мүмін емес еді.

140

وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Күмәнсіз, сенің Раббың Азиз (ұлы әрі шексіз үстемдік иесі), Рахим (Өзіне бет бұрып, иман келтірген құлдарына ерекше мейірімді).

141

كَذَّبَتْ ثَمُودُ ٱلْمُرْسَلِينَ

Сәмуд қауымы да (өз пайғамбарлары Һудты өтірікшіге шығару арқылы) бүкіл пайғамбарларға сенімсіздік танытты.

142

إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ صَٰلِحٌ أَلَا تَتَّقُونَ

Бауырлары Салих оларға: «Алладан қорықпай-сыңдар ма? Алланы шын жүректен ұлықтап, Оған асылық қылудан һәм азабынан сақтанбайсыңдар ма?»

143

إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينࣱ

«Күмәндарың болмасын, мен өздеріңе жіберілген сенімді елшімін!»

144

فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ

«Ендеше, Алладан қорқыңдар, Оған асылық қылудан (астамшылық жасаудан) сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар!»

145

وَمَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Пайғамбарлық міндетімді атқарғаным үшін сендерден ақы сұрамаймын. Менің сый-сияпатымды әлемдердің Раббысы (Алла) Өзі береді», – деп айтты.

146

أَتُتْرَكُونَ فِي مَا هَٰهُنَآ ءَامِنِينَ

Сондай-ақ оларға: «Сонда сендер осынау жайлы жерде, ағыл-тегіл нығметтердің ортасында осылай жайбарақат тұра береміз деп ойлайсыңдар ма?»

147

فِي جَنَّٰتࣲ وَعُيُونࣲ

«Бау-бақшалардың саясында, қайнар-бұлақтар-дың басында»,

148

وَزُرُوعࣲ وَنَخْلࣲ طَلْعُهَا هَضِيمࣱ

«Жайқалған егін-жайларда және уылжып піскен шоқ-шоқ жемістерінің салмағымен бұтақтары иілген құрма бақтардың ішінде (қамсыз, алаңсыз жүре береміз деп ойлайсыңдар ма?)».

149

وَتَنْحِتُونَ مِنَ ٱلْجِبَالِ بُيُوتࣰا فَٰرِهِينَ

«Һәм (сондай оймен) тау-жартастарды қашап, асқан шеберлікпен сәулетті үйлер салудасыңдар ма?»

150

فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ

«Енді Алладан қорқып, Оған асылық қылудан (астамшылық жасаудан) сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар!»

151

وَلَا تُطِيعُوٓا۟ أَمْرَ ٱلْمُسْرِفِينَ

«Шектен шыққан азғындарға мойынсұнбаңдар».

152

ٱلَّذِينَ يُفْسِدُونَ فِي ٱلْأَرْضِ وَلَا يُصْلِحُونَ

«Олар – есіл-дерті жер бетінде лаң салу мен бүлік шығаруды көздейтіндер және түзету, жөнге салу дегенді білмейтіндер», – деп насихат айтты.

153

قَالُوٓا۟ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلْمُسَحَّرِينَ

Сонда қауымы оған: «Әй, Салих! Сен оңбай сиқырланған адамсың, басқа түк те емес».

154

مَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرࣱ مِّثْلُنَا فَأْتِ بِـَٔايَةٍ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ

«Сен де өзіміз сияқты адам баласысың, бізден асып бара жатқан ештеңең жоқ. Егер, шынымен, айтқандарың рас болса, қане, қандай да бір айғақ келтірші, көрейік», – деді.

155

قَالَ هَٰذِهِۦ نَاقَةࣱ لَّهَا شِرْبࣱ وَلَكُمْ شِرْبُ يَوْمࣲ مَّعْلُومࣲ

Сонда Салих пайғамбар: «Дәлел керек десеңдер, міне, сендерге (Алланың мұғжизасы ретінде) аруана. (Бұдан былай ауыз суды кезекпен аласыңдар). Судың кезегі бір күн оныкі, бір күн сендердікі болсын!»

156

وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءࣲ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابُ يَوْمٍ عَظِيمࣲ

«Байқаңдар, оған тиісуші болмаңдар! Әйтпесе, алапат күннің ауыр азабына душар боласыңдар!» – деп оларға мұғжиза көрсетіп, соңынан ескерту жасады.

157

فَعَقَرُوهَا فَأَصْبَحُوا۟ نَٰدِمِينَ

Алайда олар (аруананың ауыз суға ортақтас-қанын қаламай, төзімдері таусылып) ақыр соңында оны бауыздап тастады. Сөйтіп, осы үшін көп ұзамай опық жеді.

158

فَأَخَذَهُمُ ٱلْعَذَابُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ

Өйткені олар (өздеріне алдын-ала ескертілген) жантүршігерлік азапқа душар болды (жантүршігерлік азап оларды тырп еткізбей бас салды). Шүбәсіз, осының бәрінде айқын ғибрат бар. Алайда ол қауымның көбі мүмін емес еді.

159

وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Күмәнсіз, Раббың – Азиз (ұлы әрі шексіз үстемдік иесі), Рахим (Өзіне бет бұрып, иман келтірген құлдарына ерекше мейірімді).

160

كَذَّبَتْ قَوْمُ لُوطٍ ٱلْمُرْسَلِينَ

Луттың қауымы да (өз пайғамбарларын өтірікшіге балау арқылы) бүкіл пайғамбарларды өтірікшіге балап сөздерін жалғанға шығарды.

161

إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ

Бауырлары Лут оларға: «Алладан қорықпай-сыңдар ма? Алланы шын жүректен ұлықтап, Оған асылық қылудан һәм азабынан сақтанбайсыңдар ма?»

162

إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينࣱ

«Күмәндарың болмасын, мен өздеріңе жіберілген сенімді елшімін!»

163

فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ

«Ендеше, Алладан қорқыңдар, Оған асылық етуден сақтаныңдар, әрі маған бойсұныңдар!»

164

وَمَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Пайғамбарлық міндетімді атқарғаным үшін сендерден ақы сұрамаймын. Менің сый-сияпатымды әлемдердің Раббысы (Алла) Өзі береді», – деп айтты.

165

أَتَأْتُونَ ٱلذُّكْرَانَ مِنَ ٱلْعَٰلَمِينَ

Сондай-ақ оларды: «Адамдар арасынан (әйел затын былай қойып, нәпсілеріңді қанағаттандыру үшін) осылайша көрер көзге еркектерге барасыңдар ма?»

166

وَتَذَرُونَ مَا خَلَقَ لَكُمْ رَبُّكُم مِّنْ أَزْوَٰجِكُمۚ بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌ عَادُونَ

«Раббыларыңның сендер үшін жаратқан жұбайларыңды былай қойып, неліктен мұндай жиіркенішті іске барасыңдар? Сендер расында да, (адамдықтан мүлдем безген,) тым шектен шыққан азғын қауымсыңдар», – деп адам айтқысыз арсыздықтан тыйылуға шақырды.

167

قَالُوا۟ لَئِن لَّمْ تَنتَهِ يَٰلُوطُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلْمُخْرَجِينَ

Сонда қауымы оған: «Әй, Лут! Егер мына үгітіңді қоймасаң, біліп қой, бұл елден біржола қуыласың», – деп сес көрсетті.

168

قَالَ إِنِّي لِعَمَلِكُم مِّنَ ٱلْقَالِينَ

Лут оларға: «(Маған бәрібір), онсыз да мына істеріңнен қатты жиіркеніп жүрмін», – деді.

169

رَبِّ نَجِّنِي وَأَهْلِي مِمَّا يَعْمَلُونَ

Соңында Лут Раббысына: «Уа, Раббым! Мыналардың істеп жүрген істеріне орай келетін бәле-жаладан мені һәм отбасымды сақтай көр», – деп жалбарынды.

170

فَنَجَّيْنَٰهُ وَأَهْلَهُۥٓ أَجْمَعِينَ

Нәтижеде оның өзін һәм отбасын түгелдей (қауымының басына келген жойқын апаттан) аман алып қалдық.

171

إِلَّا عَجُوزࣰا فِي ٱلْغَٰبِرِينَ

Тек азғындардың арасында қалып қойған кемпір ғана (жойқын азаптан) құтылған жоқ.

172

ثُمَّ دَمَّرْنَا ٱلْـَٔاخَرِينَ

Содан кейін қалғандарын түгелдей тас-талқан қылдық.

173

وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِم مَّطَرࣰاۖ فَسَآءَ مَطَرُ ٱلْمُنذَرِينَ

Төбелеріне алапат жауын жаудырдық. Ескертуге құлақ аспағандардың төбесіне жауған жауын қандай жаман еді!

174

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ

Шүбәсіз, осының бәрінде айқын ғибрат бар. Алайда ол қауымның көбі мүмін емес еді.

175

وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Күмәнсіз, Раббың – Азиз (ұлы әрі шексіз үстемдік иесі), Рахим (Өзіне бет бұрып, иман келтірген құлдарына ерекше мейірімді).

176

كَذَّبَ أَصْحَٰبُ لْـَٔيْكَةِ ٱلْمُرْسَلِينَ

Әйка халқы да (өз пайғамбарлары Шұғайыбты өтірікшіге балау арқылы) бүкіл пайғамбарларды өтірікшіге балап сөздерін жалғанға шығарды.

177

إِذْ قَالَ لَهُمْ شُعَيْبٌ أَلَا تَتَّقُونَ

Шұғайыб оларға: «Алладан қорықпайсыңдар ма? Алланы шын жүректен ұлықтап, Оған асылық қылудан һәм азабынан сақтанбайсыңдар ма?»

178

إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينࣱ

«Күмәндарың болмасын, мен өздеріңе жіберілген сенімді елшімін!»

179

فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ

«Ендеше, Алладан қорқыңдар, Оған асылық етуден сақтаныңдар, әрі маған бойсұныңдар!»

180

وَمَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

«Пайғамбарлық міндетімді атқарғаным үшін сендерден ақы сұрамаймын. Менің сый-сияпатымды әлемдердің Раббысы (Алла) Өзі береді», – деп айтты.

181

۞أَوْفُوا۟ ٱلْكَيْلَ وَلَا تَكُونُوا۟ مِنَ ٱلْمُخْسِرِينَ

Һәм оларға: «Өлшеуішті дәл тартыңдар және таразыдан жеп, елге зиян тигізушілердің қатарына қосылмаңдар».

182

وَزِنُوا۟ بِٱلْقِسْطَاسِ ٱلْمُسْتَقِيمِ

«Дәл өлшейтін таразымен тартыңдар».

183

وَلَا تَبْخَسُوا۟ ٱلنَّاسَ أَشْيَآءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا۟ فِي ٱلْأَرْضِ مُفْسِدِينَ

«Ел-жұртқа тиесілі дүниені жымқырып, елдің обалына қалмаңдар. Жер бетінде (яки бұл жерде) лаң салып, бүліншілік шығармаңдар».

184

وَٱتَّقُوا۟ ٱلَّذِي خَلَقَكُمْ وَٱلْجِبِلَّةَ ٱلْأَوَّلِينَ

«Өздеріңді һәм алғашқы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар! Оны шын жүректен ұлықтап, Оған қарсы келуден сақтаныңдар», – деп насихат айтты.

185

قَالُوٓا۟ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلْمُسَحَّرِينَ

Сонда қауымы: «(Әй, Шұғайыб!) Сен оңбай сиқырланған адамсың, одан басқа түк те емес».

186

وَمَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرࣱ مِّثْلُنَا وَإِن نَّظُنُّكَ لَمِنَ ٱلْكَٰذِبِينَ

«Сен де өзіміз сияқты адам баласысың, бізден асып бара жатқан түгің де жоқ. Біле білсең, біз сені өтірікші кәззәптардың бірі деп есептейміз».

187

فَأَسْقِطْ عَلَيْنَا كِسَفࣰا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ

«Егер, шынымен, шыншыл болсаң, қане, аспаннан төбемізге кесек-кесек (тастар) түсірші, көрейік», – деп күпірлікте қасарысты.

188

قَالَ رَبِّيٓ أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ

Сонда Шұғайыб: «Раббым сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңді бәрінен де жақсы біледі», – деп (олардың ісін Аллаға тапсырды).

189

فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمْ عَذَابُ يَوْمِ ٱلظُّلَّةِۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ

Нәтижеде қауымы оның өзін де, сөзін де жалғанға шығарды. Алайда көп ұзамай-ақ, (жер әлемді) қап-қара түнек қаптаған сол бір күннің алапат азабы оларды тырп еткізбей бас салды. Шүбәсіз, ол сондай бір алапат күннің жойқын азабы еді.

190

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ

Шүбәсіз, осының бәрінде айқын ғибрат бар. Алайда ол қауымның көбі мүмін емес еді.

191

وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Күмәнсіз, сенің Раббың – Азиз (ұлы әрі шексіз үстемдік иесі), Рахим (Өзіне бет бұрып, иман келтірген құлдарына ерекше мейірімді).

192

وَإِنَّهُۥ لَتَنزِيلُ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ

Бұл Құран еш шүбәсіз, әлемдердің Раббысының бірте-бірте түсірген кітабы.

193

نَزَلَ بِهِ ٱلرُّوحُ ٱلْأَمِينُ

Оны «Рухул-Әмин» (аса сенімді Жәбірейіл періште) жеткізуде.

194

عَلَىٰ قَلْبِكَ لِتَكُونَ مِنَ ٱلْمُنذِرِينَ

(Адамдарды теріс жолға түсуден сақтандыратын) ескертуші пайғамбар болуың үшін оны сенің жүрегіңе ұялатуда.

195

بِلِسَانٍ عَرَبِيࣲّ مُّبِينࣲ

Ап-айқын әрі аса көркем араб тілінде (жеткізуде).

196

وَإِنَّهُۥ لَفِي زُبُرِ ٱلْأَوَّلِينَ

Шүбәсіз, ол (Құран) жайлы бұрынғылардың кітаптарында да айтылған.

197

أَوَلَمْ يَكُن لَّهُمْ ءَايَةً أَن يَعْلَمَهُۥ عُلَمَٰٓؤُا۟ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ

Исрайыл ұрпақтарының ғұламаларының осынау ақиқатты білетіндігі мүшріктерге айғақ ретінде жетпей ме?

198

وَلَوْ نَزَّلْنَٰهُ عَلَىٰ بَعْضِ ٱلْأَعْجَمِينَ

Егер Біз оны (арабша мүлдем білмейтін) араб емес басқа бір ұлт өкіліне түсірген болсақ,

199

فَقَرَأَهُۥ عَلَيْهِم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ مُؤْمِنِينَ

сөйтіп, ол бұл Құранды олардың өздеріне оқып берсе, олар оған бәрібір иланбас еді.

200

كَذَٰلِكَ سَلَكْنَٰهُ فِي قُلُوبِ ٱلْمُجْرِمِينَ

Міне, осылайша оны (Құранды) күнәға белшесінен батқан кәпірлердің жүрегіне кіргіздік. (Яғни, олар оның мағынасын түсінеді, асқан көркемдігін мойындайды. Оның адамның немесе жынның сөзі емес екенін, тіпті, оның мінсіз һәм теңдессіз иләһи мұғжиза екенін анық біледі).

201

لَا يُؤْمِنُونَ بِهِۦ حَتَّىٰ يَرَوُا۟ ٱلْعَذَابَ ٱلْأَلِيمَ

Алайда олар жан төзгісіз азапты өз көздерімен көрмейінше (жан төзгісіз азаппен бетпе-бет келмейінше) оған иман етпейді.

202

فَيَأْتِيَهُم بَغْتَةࣰ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ

Осынау азаптың оларға аяқастынан келетіні соншалық, олар бастарына төнген қауіпті сезбей де қалады.

203

فَيَقُولُوا۟ هَلْ نَحْنُ مُنظَرُونَ

Олар (жойқын азапты өз көздерімен көргенде): «Бізге (өзімізді түзету үшін) аз да болса уақыт, мұрсат берілмес пе екен?» – деп мүсәпір күйге түседі.

204

أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ

Сонда қазір олар сол азабымыздың тезірек келгенін қалай ма?

205

أَفَرَءَيْتَ إِن مَّتَّعْنَٰهُمْ سِنِينَ

Өзің де білетіндей: оларды ағыл-тегіл нығметке бөлеп, тағы біраз жыл өмір сүргізсек,

206

ثُمَّ جَآءَهُم مَّا كَانُوا۟ يُوعَدُونَ

Содан кейін өздеріне уәде етілген қорқынышты азап бастарына келсе,

207

مَآ أَغْنَىٰ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يُمَتَّعُونَ

Соншама жыл нығметке бөленіп өмір сүрудің оларға қандай да бір пайдасы бола ма?

208

وَمَآ أَهْلَكْنَا مِن قَرْيَةٍ إِلَّا لَهَا مُنذِرُونَ

Біз алдын-ала ескертуші пайғамбарлар жібер-местен бірдебір елді мекеннің күлін көкке ұшырған емеспіз.

209

ذِكْرَىٰ وَمَا كُنَّا ظَٰلِمِينَ

Оларға үнемі насихат айтылып, (ненің хақ, ненің жалған екені) жадыларында жаңғырып тұрды. Біз әсте залым болып, жан баласына қиянат жасаған емеспіз.

210

وَمَا تَنَزَّلَتْ بِهِ ٱلشَّيَٰطِينُ

Бұл Құранды шайтандар жеткізген жоқ.

211

وَمَا يَنۢبَغِي لَهُمْ وَمَا يَسْتَطِيعُونَ

Бұл оларға лайық іс емес һәм олардың (мұндай кітап түсіруге) шамасы да жетпейді.

212

إِنَّهُمْ عَنِ ٱلسَّمْعِ لَمَعْزُولُونَ

Өйткені олар (Алла елшісіне келетін) уахиді күні бұрын ұрланып тыңдаудан мүлдем қағылған (яғни, оларға бұдан былай пайғамбарға келетін уахиді алдын-ала ұрланып тыңдауға үзілді-кесілді тыйым салынды).

213

فَلَا تَدْعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتَكُونَ مِنَ ٱلْمُعَذَّبِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Олай болса, Алламен қатар өзгеге де құдай деп жалбарынба, әйтпесе, азапқа душар болғандардың қатарына қосыласың.

214

وَأَنذِرْ عَشِيرَتَكَ ٱلْأَقْرَبِينَ

Алдымен ең жақын туыстарыңа ескерт!

215

وَٱخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ

Соңыңнан ерген мүміндерге жанашыр, кіші-пейіл әрі қолқанат бол!

216

فَإِنْ عَصَوْكَ فَقُلْ إِنِّي بَرِيٓءࣱ مِّمَّا تَعْمَلُونَ

Егер (жақындарың шақыруыңа құлақ аспай сенен сырт айналса және жаңа мұсылман болғандар ескі әдеттерінен тыйыла алмай) саған қарсы келсе, оларға: «Мен сендердің мына істеріңнен аулақпын, мына істеріңе менің ешқандай қатысым жоқ», – деп айт.

217

وَتَوَكَّلْ عَلَى ٱلْعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ

Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы) һәм Рахим (ерекше мейірімді) Аллаға тәуекел ет!

218

ٱلَّذِي يَرَىٰكَ حِينَ تَقُومُ

Ол сенің (түн ішінде) намазға тұрып, құлшылық ететініңді көретініндей иләһи пәрмендерді бұлжыт-пай орындауға әрдайым дайын тұратыныңды да көреді.

219

وَتَقَلُّبَكَ فِي ٱلسَّٰجِدِينَ

Сондай-ақ (құлшылығыңды лайықты түрде атқару үшін) сәждеге бас қойғандармен бірге жан-тәніңмен намаз оқығаныңды (һәм сол өзіңмен бірге сәждеге бас қойғандардың Аллаға лайықты құл болуы үшін аянбай еңбек етіп жүргеніңді де) көруде.

220

إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

Өйткені Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білуші).

221

هَلْ أُنَبِّئُكُمْ عَلَىٰ مَن تَنَزَّلُ ٱلشَّيَٰطِينُ

Ал енді (уа, адамзат), жын-шайтандардың кімге үйірсек келетінін айтып берейін бе?

222

تَنَزَّلُ عَلَىٰ كُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمࣲ

Олар күнәға белшесінен батқан кәззәпқа, жалақорға үйірсек болады.

223

يُلْقُونَ ٱلسَّمْعَ وَأَكْثَرُهُمْ كَٰذِبُونَ

Ол шайтандар (періштелердің сөзіне) ұрланып кеп, тың тыңдауға тырысады, алайда олардың көбі өтірікші кәззәптар. (Немесе сәуегейлер тың тыңдағыш жын-шайтандарға құлақ асады, алайда олардың көбі өтірікші кәззәптар. Яғни, сәуегейлердің сөздерінің көбі барып тұрған өтірік).

224

وَٱلشُّعَرَآءُ يَتَّبِعُهُمُ ٱلْغَاوُۥنَ

Ал шайырларға келсек, олардың соңынан тек тура жолдан тайып, бетімен кеткен азғындар ғана ереді.

225

أَلَمْ تَرَ أَنَّهُمْ فِي كُلِّ وَادࣲ يَهِيمُونَ

Олардың сезімге беріліп, (бірде жақсылықты жырласа, бірде жамандықты жырлап, бірде мақтау, бірде даттау жаудырып) сай-салада бет-бетімен лағып жүргенін көрмеймісің.

226

وَأَنَّهُمْ يَقُولُونَ مَا لَا يَفْعَلُونَ

Сондай-ақ олар өздері істемейтін істерді сөз қылады.

227

إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَذَكَرُوا۟ ٱللَّهَ كَثِيرࣰا وَٱنتَصَرُوا۟ مِنۢ بَعْدِ مَا ظُلِمُوا۟ۗ وَسَيَعْلَمُ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓا۟ أَيَّ مُنقَلَبࣲ يَنقَلِبُونَ

Тек иман келтіріп, сол иман негізінде игі істер істейтін, Алланы көп еске алып, Оған көп құлшылық ететін және қиянат-зұлымдық көргенде, есесін жібермейтін ақындардың жөні бөлек (яғни, дін дұшпандары өзіне, (дініне, пайғамбарға немесе діндес бауырларына тіл тигізгенде, қарап қалмайтын от ауызды, орақ тілді, жүрегінің түгі бар ақындардың жөні бөлек). Ал (шайтан мен нәпсінің жетегінде кетіп) өздеріне һәм өзгелерге зұлымдық қылғандар (және адасқан ақындар) болса, өздерінің ақырының не боларын, әрі қандай төңкерісті бастан кешіретіндіктерін әлі-ақ біледі.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play