بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
تَبَارَكَ ٱلَّذِي نَزَّلَ ٱلْفُرْقَانَ عَلَىٰ عَبْدِهِۦ لِيَكُونَ لِلْعَٰلَمِينَ نَذِيرًا
Күллі саналы жаратылыстарға (адамдар мен жындарға) ескертуші болсын деп ең таңдаулы құлына ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын Фурқанды түсірген, шексіз нығмет пен құт-берекенің жалғыз иесі Алла қандай ұлы!
ٱلَّذِي لَهُۥ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَلَمْ يَتَّخِذْ وَلَدࣰا وَلَمْ يَكُن لَّهُۥ شَرِيكࣱ فِي ٱلْمُلْكِ وَخَلَقَ كُلَّ شَيْءࣲ فَقَدَّرَهُۥ تَقْدِيرࣰا
Ол – көктер мен жердің иелігі, бар билігі бір Өзіне тән болған сондай ұлы Құдай. Ол ешкімді де Өзіне бала етіп алған емес, сондай-ақ шексіз билікте Оның ешқандай ортағы да, серігі де болған емес. Ол бәрін бір Өзі жаратып, әрбір жаратылысқа белгілі бір өлшем, жүйе мен тағдыр тағайындады.
وَٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةࣰ لَّا يَخْلُقُونَ شَيْـࣰٔا وَهُمْ يُخْلَقُونَ وَلَا يَمْلِكُونَ لِأَنفُسِهِمْ ضَرࣰّا وَلَا نَفْعࣰا وَلَا يَمْلِكُونَ مَوْتࣰا وَلَا حَيَوٰةࣰ وَلَا نُشُورࣰا
Соған қарамастан базбіреулер Алладан өзге жалған құдайларды тәңір тұтты. Олар еш нәрсе жарата алмайды, керісінше, өздері жоқтан жаралуда әрі бастарына келетін қандай да зиянның бетін қайтаруға да, тіпті, өз-өздеріне қандай да бір пайда келтіруге де шамалары жетпейді. Сондай-ақ олардың бірде-бір тіршілік иесінің жанын алуға да, бірде-бір жаратылысқа өмір сыйлауға да, өлгеннен кейін қайта тірілтуге де құдіреті жетпейді.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِنْ هَٰذَآ إِلَّآ إِفْكٌ ٱفْتَرَىٰهُ وَأَعَانَهُۥ عَلَيْهِ قَوْمٌ ءَاخَرُونَۖ فَقَدْ جَآءُو ظُلْمࣰا وَزُورࣰا
Күпірліктің шырмауына әбден шырмалып қалғандар: «Бұл кітап оның өз ойынан шығарған өтірігі, басқа түк те емес. Оның үстіне, оған бұл мәселеде басқа бір қауым қолұшын беруде», – деп айтады. Осылайша, олар адам айтқысыз зұлымдық істеуде һәм өтірік айтып, жала жабуда.
وَقَالُوٓا۟ أَسَٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ ٱكْتَتَبَهَا فَهِيَ تُمْلَىٰ عَلَيْهِ بُكْرَةࣰ وَأَصِيلࣰا
Олар: «Оның айтқандары – біреулерге жаздырып алған бұрынғылардың аңыз-әпсаналары. Міне, сол аңыз-әпсаналар оған ертелі-кеш жасырын түрде оқылуда», – деп айтады.
قُلْ أَنزَلَهُ ٱلَّذِي يَعْلَمُ ٱلسِّرَّ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ إِنَّهُۥ كَانَ غَفُورࣰا رَّحِيمࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Оны көктер мен жердегі бар сырды білетін Алла (сендерге жер мен көктің кейбір сырларын ашып беру үшін) түсірді. Өйткені Ол – шынымен, өте кешірімді, (құлдарына) ерекше мейірімді», – деп айт.
وَقَالُوا۟ مَالِ هَٰذَا ٱلرَّسُولِ يَأْكُلُ ٱلطَّعَامَ وَيَمْشِي فِي ٱلْأَسْوَاقِ لَوْلَآ أُنزِلَ إِلَيْهِ مَلَكࣱ فَيَكُونَ مَعَهُۥ نَذِيرًا
Сондай-ақ олар: «Бұл өзі (өзіміз сияқты) ішіп-жейтін һәм базар аралайтын қандай пайғамбар? Сондай да пайғамбар бола ма?! Ең болмаса, онымен бірге жүріп, ел-жұртты ескертетін һәм оның сөзін растап, өзін қорғайтын бір періште түсірілсе қайтер еді?!»
أَوْ يُلْقَىٰٓ إِلَيْهِ كَنزٌ أَوْ تَكُونُ لَهُۥ جَنَّةࣱ يَأْكُلُ مِنْهَاۚ وَقَالَ ٱلظَّٰلِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلࣰا مَّسْحُورًا
«Не болмаса, (күнкөріс қамы деп базар кезіп жүрмеуі үшін) оған көктен бір қазына түсірілсе немесе өзінің бау-бақшасы болып, соның жемісін жеп, күн көрсе болмас па еді?» – дейді. Сонымен қатар ол залымдар (мүміндерді де): «Сендер тек басы дуаланған адамға еріп жүрсіңдер, басқа түк те емес», – деп азғырды.
ٱنظُرْ كَيْفَ ضَرَبُوا۟ لَكَ ٱلْأَمْثَٰلَ فَضَلُّوا۟ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ سَبِيلࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Олардың сені мұқату үшін өзің жайлы қандай адам айтқысыз һәм қисынсыз мысалдар (сөздер) айтқанын көрдің бе? Иә, олар сөйтіп жүріп әбден адасты. Енді олар тура жолды әсте таба алмайды.
تَبَارَكَ ٱلَّذِيٓ إِن شَآءَ جَعَلَ لَكَ خَيْرࣰا مِّن ذَٰلِكَ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ وَيَجْعَل لَّكَ قُصُورَۢا
Қисапсыз нығмет пен құт-берекенің жалғыз иесі болған Алла қандай ұлы десеңші! Ол қаласа, саған олардың айтқанынан да қайырлысын, ішінде өзендер ағып жататын, көздің жауын алатын бау-бақшалар нәсіп етеді және өзіңе арнап зәулім сарайлар тұрғызады.
بَلْ كَذَّبُوا۟ بِٱلسَّاعَةِۖ وَأَعْتَدْنَا لِمَن كَذَّبَ بِٱلسَّاعَةِ سَعِيرًا
Алайда (ол кәпірлердің ақиқатқа бас ұрып, иманға келейік деген ниеттері жоқ), өйткені олар қиямет-қайымды мүлдем мойындамайды, (міне, сондықтан да күпірлікте қасарысуда әрі ақылға қонбайтын қисынсыз әрекеттерге баруда). Ал Біз қиямет-қайымды мойындамағандар үшін жалын шашқан тозақ отын әзірледік.
إِذَا رَأَتْهُم مِّن مَّكَانِۭ بَعِيدࣲ سَمِعُوا۟ لَهَا تَغَيُّظࣰا وَزَفِيرࣰا
Осынау от оларды алыстан көргеннен-ақ, олар оның қаһарына мініп бұрқ-сарқ қайнағанын һәм ышқына лаулап жанғандағы жантүршігерлік гуілін естиді.
وَإِذَآ أُلْقُوا۟ مِنْهَا مَكَانࣰا ضَيِّقࣰا مُّقَرَّنِينَ دَعَوْا۟ هُنَالِكَ ثُبُورࣰا
Олар қол-аяғы шынжырланған күйде тозақтың бір тар қуысына тасталғанда, (ондағы азапқа шыдамай) біржолата өліп, мәңгі-бақи жоқ болуды тілеп, аласұрады.
لَّا تَدْعُوا۟ ٱلْيَوْمَ ثُبُورࣰا وَٰحِدࣰا وَٱدْعُوا۟ ثُبُورࣰا كَثِيرࣰا
Сонда оларға: «Бүгін сендер бір-ақ рет өліп, мәңгі-бақи құрып кетуді емес, мың өліп, мың құруды қайта-қайта тілеп, шарқ ұрыңдар. (Сонда біржолата құрып, азаптан құтыла алар ма екенсіңдер көрейік?!)», – делінеді.
قُلْ أَذَٰلِكَ خَيْرٌ أَمْ جَنَّةُ ٱلْخُلْدِ ٱلَّتِي وُعِدَ ٱلْمُتَّقُونَۚ كَانَتْ لَهُمْ جَزَآءࣰ وَمَصِيرࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Ал енді өздерің айтыңдаршы, осындай азап жақсы ма, жоқ, әлде Алланы жан-тәнімен ұлықтап, Оған қарсы келуден сақтанған тақуа жандарға уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?» – деп айт. Осынау жаннат олар үшін қисапсыз тосын сый-сияпаттарға кенелетін құтты мекен һәм ақырғы тұрақ болмақ.
لَّهُمْ فِيهَا مَا يَشَآءُونَ خَٰلِدِينَۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ وَعْدࣰا مَّسْـُٔولࣰا
Онда олар не тілесе, соның бәрі алдарынан табылады һәм онда мәңгі-бақи мекендейді. Міне, бұл Раббыңның Өз мойнына алған хақ уағдасы.
وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ فَيَقُولُ ءَأَنتُمْ أَضْلَلْتُمْ عِبَادِي هَٰٓؤُلَآءِ أَمْ هُمْ ضَلُّوا۟ ٱلسَّبِيلَ
Ол мүшріктердің өздерін де, Алладан басқа жоқтан өзгені тәңір тұтып, табынып жүрген (періште, жын және әулие-әнбие сынды) құдайларын да қайта тірілтіп, ғарасат майданына жинайтын күні Алла: «Құлдарымды сендер адастырдыңдар ма, жоқ, әлде тура жолдан тайған өздері ме?» – деп сұрайды.
قَالُوا۟ سُبْحَٰنَكَ مَا كَانَ يَنۢبَغِي لَنَآ أَن نَّتَّخِذَ مِن دُونِكَ مِنْ أَوْلِيَآءَ وَلَٰكِن مَّتَّعْتَهُمْ وَءَابَآءَهُمْ حَتَّىٰ نَسُوا۟ ٱلذِّكْرَ وَكَانُوا۟ قَوْمَۢا بُورࣰا
Сонда олардың сенген құдайлары: «Уа, Раббымыз! Сен мінсізсің, кемшілік атаулыдан адасың, ұлықсың. Сенен өзгені дос тұту бізге лайық емес-ті. Шындығына, келсек, Сен Өзіңнің кеңшілігің, шексіз жомарттығыңмен оларды һәм ата-бабаларын қисапсыз нығметке бөлеп, жарылқадың. Ақырында олар Өзіңді еске алуды мүлдем қойып, Кітабыңды ұмыт қалдырды. Сөйтіп, құрдымға кетуге лайық қауым болды», – деп жауап қатады.
فَقَدْ كَذَّبُوكُم بِمَا تَقُولُونَ فَمَا تَسْتَطِيعُونَ صَرْفࣰا وَلَا نَصْرࣰاۚ وَمَن يَظْلِم مِّنكُمْ نُذِقْهُ عَذَابࣰا كَبِيرࣰا
Сонда Алла (мүшріктерге): «Міне, (Алламен біздің арамызда дәнекер болады, қысылған күні бізге араша түседі, – деп сенген құдайларың) өздері жайлы айтқан сөздеріңді өтірікке шығарды. Енді бастарыңа төнген азаптың бетін қайтара да, ешбір жерден жәрдем ала алмайсыңдар», – деп айтады. (Уа, адамдар!) Естеріңде болсын! Араларыңнан кімде-кім (Аллаға серік қосып) ең үлкен зұлымдықты істесе, оған алапат азап(тың ащы дәмін) таттырамыз.
وَمَآ أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ مِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ إِلَّآ إِنَّهُمْ لَيَأْكُلُونَ ٱلطَّعَامَ وَيَمْشُونَ فِي ٱلْأَسْوَاقِۗ وَجَعَلْنَا بَعْضَكُمْ لِبَعْضࣲ فِتْنَةً أَتَصْبِرُونَۗ وَكَانَ رَبُّكَ بَصِيرࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Сенен бұрын жіберген елшілеріміз де (өзге адамдар сияқты) ішіп-жейтін және (керек-жарағын алу үшін) базар аралайтын еді. (Уа, адамдар!) Біз сендерді лайықты түрде сабырлылық таныта алар ма екенсіңдер деп бір-біріңмен сынап көрудеміз! Раббың бәрін көруде.
۞وَقَالَ ٱلَّذِينَ لَا يَرْجُونَ لِقَآءَنَا لَوْلَآ أُنزِلَ عَلَيْنَا ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ أَوْ نَرَىٰ رَبَّنَاۗ لَقَدِ ٱسْتَكْبَرُوا۟ فِيٓ أَنفُسِهِمْ وَعَتَوْ عُتُوࣰّا كَبِيرࣰا
Күпірліктеріне байланысты, Бізге қауышуды қаламайтын, тіпті, ойламайтындар: «Бізге елші ретінде көктен періштелер түссе, қайтер еді, яки Раббымызды өз көзімізбен көрсек болмас па еді?!» – дейді. Расында, олар өздерін сондай зор санап, астамсуда әрі тым шектен шығуда.
يَوْمَ يَرَوْنَ ٱلْمَلَٰٓئِكَةَ لَا بُشْرَىٰ يَوْمَئِذࣲ لِّلْمُجْرِمِينَ وَيَقُولُونَ حِجْرࣰا مَّحْجُورࣰا
(Кәпірлер періштелерді көрмейді емес, көреді) алайда періштелерді өз көздерімен көрген күні күнәға белшесінен батқан ондай күнәһар кәпірлер үшін қуанышты хабар атымен болмайды. Сонда олар періштелерге: «Бізден аулақ жүріңдер, бізден аулақ жүріңдер», – деп айтатын болады.
وَقَدِمْنَآ إِلَىٰ مَا عَمِلُوا۟ مِنْ عَمَلࣲ فَجَعَلْنَٰهُ هَبَآءࣰ مَّنثُورًا
Содан олардың (өздерінше жақсылық деп) істеген барлық істеріне төне түсіп, күл қыламыз (күлін желге ұшырамыз).
أَصْحَٰبُ ٱلْجَنَّةِ يَوْمَئِذٍ خَيْرࣱ مُّسْتَقَرࣰّا وَأَحْسَنُ مَقِيلࣰا
Ал жаннаттықтар ол күні ең жайлы жайға тұрақ теуіп, ең тамаша жерде дамылдайды.
وَيَوْمَ تَشَقَّقُ ٱلسَّمَآءُ بِٱلْغَمَٰمِ وَنُزِّلَ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ تَنزِيلًا
Қиямет-қайым орнайтын сол бір күні көк жүзі бейне бір ақша бұлттардай сетінейді (ыдырайды) және періштелер лек-легімен түсіріледі (де адамдарды айнала қоршайды).
ٱلْمُلْكُ يَوْمَئِذٍ ٱلْحَقُّ لِلرَّحْمَٰنِۚ وَكَانَ يَوْمًا عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ عَسِيرࣰا
Ол күні бар билік пен шексіз үстемдік Рахман Аллаға ғана тән болады. Ал кәпірлер үшін ол өте ауыр күн болмақ.
وَيَوْمَ يَعَضُّ ٱلظَّالِمُ عَلَىٰ يَدَيْهِ يَقُولُ يَٰلَيْتَنِي ٱتَّخَذْتُ مَعَ ٱلرَّسُولِ سَبِيلࣰا
Сол күні залым: «Әттең, дүниеде әлгі пайғамбармен бірге бір жолға түскенімде ғой!»
يَٰوَيْلَتَىٰ لَيْتَنِي لَمْ أَتَّخِذْ فُلَانًا خَلِيلࣰا
«Қап, әттеген-ай, өзіме де обал жоқ! Пәленшені дос тұтпай-ақ қойсамшы!»
لَّقَدْ أَضَلَّنِي عَنِ ٱلذِّكْرِ بَعْدَ إِذْ جَآءَنِيۗ وَكَانَ ٱلشَّيْطَٰنُ لِلْإِنسَٰنِ خَذُولࣰا
«Маған жеткен тағылым-насихатқа толы Кітаптан мені алыстатып, адастырған сол», – деп аһ ұрып, бармағын шайнайды. Шүбәсіз, шайтан адамды (азғырып, күнәға белшесінен батырады да) қысылтаяң күн туғанда, (өлмесең өрем қап деп) тастап кете барады.
وَقَالَ ٱلرَّسُولُ يَٰرَبِّ إِنَّ قَوْمِي ٱتَّخَذُوا۟ هَٰذَا ٱلْقُرْءَانَ مَهْجُورࣰا
Сол күні Алла елшісі де: «Уа, Раббым! Расында, қауымым бұл Құранды мүлдем тәрк қылды», – деп айтады.
وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوࣰّا مِّنَ ٱلْمُجْرِمِينَۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ هَادِيࣰا وَنَصِيرࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Міне, осылайша Біз (тек саған емес) пайғамбарлардың қайсысына болмасын, күнәһар залымдардың біразын дұшпан қылдық. Ендеше (еңсеңді түсірме), саған (шешім қабылдауда және әр істе) тура жол көрсетуші әрі (дұшпандарыңа қарсы тұруда) қолдаушы ретінде Раббың жетеді.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَوْلَا نُزِّلَ عَلَيْهِ ٱلْقُرْءَانُ جُمْلَةࣰ وَٰحِدَةࣰۚ كَذَٰلِكَ لِنُثَبِّتَ بِهِۦ فُؤَادَكَۖ وَرَتَّلْنَٰهُ تَرْتِيلࣰا
Күпірліктің шырмауынан шыға алмағандар: «Бұл Құран оған (бірте-бірте келмей) бір бүтін кітап күйінде бірден түссе қайтер еді?» – дейді. Алайда Біз оны жүрегіңе әбден ұялатып, көкейіңе жақсылап қондыру үшін (осылай бірте-бірте түсірудеміз) және байыппен мәнерлеп оқып берудеміз.
وَلَا يَأْتُونَكَ بِمَثَلٍ إِلَّا جِئْنَٰكَ بِٱلْحَقِّ وَأَحْسَنَ تَفْسِيرًا
Олар саған қиястанып, қандай қисынсыз әңгімемен, орынсыз сұрақ немесе ұсыныспен келсе де, Біз оған жауап ретінде саған ақиқатты білдіріп әрі ең тамаша түсінікті де беріп отырдық.
ٱلَّذِينَ يُحْشَرُونَ عَلَىٰ وُجُوهِهِمْ إِلَىٰ جَهَنَّمَ أُو۟لَٰٓئِكَ شَرࣱّ مَّكَانࣰا وَأَضَلُّ سَبِيلࣰا
Соған қарамастан, (күпірліктен танбай ақыр соңында) жаһаннамға етбеттерінен түскен күйде айдалатындар бар ғой, міне, солар, ақырғы барар жерлері сондай жаман әрі ұстанған жолдары мүлдем теріс болғандар.
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْكِتَٰبَ وَجَعَلْنَا مَعَهُۥٓ أَخَاهُ هَٰرُونَ وَزِيرࣰا
Расында, Біз Мұсаға (тура жолға бастайтын) Кітап бердік және бауыры Һарунды оған жәрдемші қылдық.
فَقُلْنَا ٱذْهَبَآ إِلَى ٱلْقَوْمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا فَدَمَّرْنَٰهُمْ تَدْمِيرࣰا
Сөйтіп, екеуіне: «Аяттарымызды (ап-айқын дәлелдерімізді) жалған санап, мойындамаған әлгі қауымға барыңдар», – деп бұйырдық. Ақыр соңында (күпірлікте қасарысқан) ол қауымның тас-талқанын шығарып, күлін көкке ұшырдық.
وَقَوْمَ نُوحࣲ لَّمَّا كَذَّبُوا۟ ٱلرُّسُلَ أَغْرَقْنَٰهُمْ وَجَعَلْنَٰهُمْ لِلنَّاسِ ءَايَةࣰۖ وَأَعْتَدْنَا لِلظَّٰلِمِينَ عَذَابًا أَلِيمࣰا
Ал Нұхтың қауымына келсек, олар: (Өз пайғамбарларын өтірікшіге шығару арқылы) бүкіл пайғамбарларды өтірікшіге шығарды. Нәтижеде оларды суға батырып, адамдарға ғибрат қылдық. Біз залымдар үшін жан төзгісіз азап әзірледік.
وَعَادࣰا وَثَمُودَا۟ وَأَصْحَٰبَ ٱلرَّسِّ وَقُرُونَۢا بَيْنَ ذَٰلِكَ كَثِيرࣰا
Сондай-ақ Ад, Сәмуд және Рәсс қауымын әрі Нұх қауымы мен бұларға дейін өмір сүрген көптеген нәсілдердің де (Аллаға серік қосып, күпірлікте қасарысқаны үшін көзін жойдық).
وَكُلࣰّا ضَرَبْنَا لَهُ ٱلْأَمْثَٰلَۖ وَكُلࣰّا تَبَّرْنَا تَتْبِيرࣰا
Біз олардың әрқайсысына ақиқат пен тура жолды түрлі мысалдармен, тәмсілдермен қайта-қайта ашып түсіндірдік. Ақыр соңында алған беттерінен қайтпағандары үшін бәрінің тас-талқанын шығардық.
وَلَقَدْ أَتَوْا۟ عَلَى ٱلْقَرْيَةِ ٱلَّتِيٓ أُمْطِرَتْ مَطَرَ ٱلسَّوْءِۚ أَفَلَمْ يَكُونُوا۟ يَرَوْنَهَاۚ بَلْ كَانُوا۟ لَا يَرْجُونَ نُشُورࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Бұл мүшріктер төбесінен тас жауған елді мекенге де жолай соққан еді. Сонда олар онда не болғанына назар аудармады ма? Жо-жоқ, олар өлгеннен кейін қайта тірілуді ойламағандықтан (ешбір оқиғадан ғибрат алмайды).
وَإِذَا رَأَوْكَ إِن يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا ٱلَّذِي بَعَثَ ٱللَّهُ رَسُولًا
Олар сені көрген сайын: «Алланың елші ретінде жіберген адамы осы ма?» – деп міндетті түрде әжуа қылады.
إِن كَادَ لَيُضِلُّنَا عَنْ ءَالِهَتِنَا لَوْلَآ أَن صَبَرْنَا عَلَيْهَاۚ وَسَوْفَ يَعْلَمُونَ حِينَ يَرَوْنَ ٱلْعَذَابَ مَنْ أَضَلُّ سَبِيلًا
Һәм: «Егер (дінімізге берік болып) табандылық танытпағанымызда бізді құдайларымыздан бездіріп жіберуге сәл-ақ қалған екен-ау», – дейді. Олар мәңгілік азапты өз көзімен көргенде, кімнің жолының мүлдем теріс екенін анық білетін болады.
أَرَءَيْتَ مَنِ ٱتَّخَذَ إِلَٰهَهُۥ هَوَىٰهُ أَفَأَنتَ تَكُونُ عَلَيْهِ وَكِيلًا
(Уа, Мұхамммед!) Өз әуейілігін тәңір тұтып, нәпсінің құлы болған мына бейбақты көрдің бе? Сонда оған сен кепіл боласың ба? (Яғни, нәпсіге еріп, күнәға батқаны үшін сен жауап бересің бе?)
أَمْ تَحْسَبُ أَنَّ أَكْثَرَهُمْ يَسْمَعُونَ أَوْ يَعْقِلُونَۚ إِنْ هُمْ إِلَّا كَٱلْأَنْعَٰمِ بَلْ هُمْ أَضَلُّ سَبِيلًا
Жоқ, әлде ол мүшріктердің көбі шынымен де айтқан сөзді тыңдайды немесе ақылға салып ойланады деп ойлайсың ба? Анығында, олар (өз бетімен жайылған) мал сияқты (нәпсілері қайда тартса, сол жаққа лағып кете береді), тіпті, жолдан одан бетер адасқыш келеді.
أَلَمْ تَرَ إِلَىٰ رَبِّكَ كَيْفَ مَدَّ ٱلظِّلَّ وَلَوْ شَآءَ لَجَعَلَهُۥ سَاكِنࣰا ثُمَّ جَعَلْنَا ٱلشَّمْسَ عَلَيْهِ دَلِيلࣰا
Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны қозғалмайтын етіп те қояр еді. Алайда олай істемей, күнді оған жетекші қылдық.
ثُمَّ قَبَضْنَٰهُ إِلَيْنَا قَبْضࣰا يَسِيرࣰا
Содан кейін оны бірте-бірте қысқарта түсіп, Өзімізге қарай тартамыз.
وَهُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيْلَ لِبَاسࣰا وَٱلنَّوْمَ سُبَاتࣰا وَجَعَلَ ٱلنَّهَارَ نُشُورࣰا
Ол Алла сендер үшін түнді жамылғы, ұйқыны тынығу, ал күндізді (бейне бір өлгеннен соң қайта тірілгендей болып) ұйқыдан оянатын әрі жан-жаққа тарап, тіршілік ететін уақыт қылды.
وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَرْسَلَ ٱلرِّيَٰحَ بُشْرَۢا بَيْنَ يَدَيْ رَحْمَتِهِۦۚ وَأَنزَلْنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ طَهُورࣰا
Сондай-ақ Ол рақымын жаудырар алдында сүйіншілеуші ретінде желді жібереді. Сөйтіп, аспаннан тап-таза су түсіреміз.
لِّنُحْـِۧيَ بِهِۦ بَلْدَةࣰ مَّيْتࣰا وَنُسْقِيَهُۥ مِمَّا خَلَقْنَآ أَنْعَٰمࣰا وَأَنَاسِيَّ كَثِيرࣰا
Сол сумен өлі жерге (өлкеге) жан бітіреміз һәм Өзіміз жаратқан қаншама жан-жануарлар мен адамдардың суға деген қажеттіліктерін өтейміз.
وَلَقَدْ صَرَّفْنَٰهُ بَيْنَهُمْ لِيَذَّكَّرُوا۟ فَأَبَىٰٓ أَكْثَرُ ٱلنَّاسِ إِلَّا كُفُورࣰا
Біз адамдар ғибрат алар ма екен деп, оны (хикметімізге қарай) әр жерге бөлдік (яғни, кей жерлерге кей жылдары көп жаудырсақ, кейбір жерлерге аз жаудырдық). Алайда адамдардың көпшілігінің (бұдан ғибрат алудың орнына) күпірлікте қасарысу-дан басқа бітірген ісі жоқ.
وَلَوْ شِئْنَا لَبَعَثْنَا فِي كُلِّ قَرْيَةࣲ نَّذِيرࣰا
Егер қаласақ, әр ауылға (елді мекенге) ескертуші ретінде бір пайғамбар жіберер едік.
فَلَا تُطِعِ ٱلْكَٰفِرِينَ وَجَٰهِدْهُم بِهِۦ جِهَادࣰا كَبِيرࣰا
(Уа, Мұхаммед! Алайда Біз сенің күллі әлемге соңғы пайғамбар болуыңды қаладық.) Олай болса, кәпірлерге әсте иілме (олардың сөздеріне, ұсыныстарына көңіл аударма). Оларға қарсы Құранға сүйене отырып, асқан табандылықпен жан-жақты, ауқымды һәм толассыз күрес жүргіз! (Құранды һәм ондағы ақиқаттарды оларға айтып, жеткізуден жалықпа!)
۞وَهُوَ ٱلَّذِي مَرَجَ ٱلْبَحْرَيْنِ هَٰذَا عَذْبࣱ فُرَاتࣱ وَهَٰذَا مِلْحٌ أُجَاجࣱ وَجَعَلَ بَيْنَهُمَا بَرْزَخࣰا وَحِجْرࣰا مَّحْجُورࣰا
Ол – Алла, бірі шөлдегеннің шөлін қандыратын тұщы, енді бірі тұзды да ащы қос теңізді бір-бірімен тоғыссын деп қоя берді. Алайда араласып кетпеуі үшін араларына өткел бермес бөгет қойды.
وَهُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ مِنَ ٱلْمَآءِ بَشَرࣰا فَجَعَلَهُۥ نَسَبࣰا وَصِهْرࣰاۗ وَكَانَ رَبُّكَ قَدِيرࣰا
Сондай-ақ Ол судан адамды жаратты. Сөйтіп, оны текті әрі біріне-бірін жекжат қылды (һәм сол арқылы қарасын көбейтіп, бір-біріне туыс-тамыр қылды). Раббыңның құдіреті барлық нәрсеге жетеді.
وَيَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُهُمْ وَلَا يَضُرُّهُمْۗ وَكَانَ ٱلْكَافِرُ عَلَىٰ رَبِّهِۦ ظَهِيرࣰا
Өкініштісі, кей адамдар Алланы былай қойып, өздеріне пайда да, зиян да келтіре алмайтын әлденелерді тәңір тұтып, соларға құлшылық етіп, жалынып-жалбарынуда. Расында, кәпір (өзін жоқтан жаратқан һәм тіршілік еткізген) Раббысына қарсы кімге болса да болыса кетеді.
وَمَآ أَرْسَلْنَٰكَ إِلَّا مُبَشِّرࣰا وَنَذِيرࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Біз сені (адамдардың тура жолға түсуіне һәм олардың күнәлары үшін жауапты етіп емес, иман келтіріп, игі істер істегендерді) сүйіншілеп қуантушы әрі (теріс жолдарға түсіп, адасып жүргендерді) ескертуші ретінде ғана жібердік.
قُلْ مَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ إِلَّا مَن شَآءَ أَن يَتَّخِذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ سَبِيلࣰا
Оларға: «Мен осы еңбегім үшін сендерден ақы сұрамаймын. Менің жалғыз тілегім: Раббысына жол табуды қалаған әрбір жанның сол жолды адаспай табуы», – деп айт.
وَتَوَكَّلْ عَلَى ٱلْحَيِّ ٱلَّذِي لَا يَمُوتُ وَسَبِّحْ بِحَمْدِهِۦۚ وَكَفَىٰ بِهِۦ بِذُنُوبِ عِبَادِهِۦ خَبِيرًا
Әсте өлмейтін, мәңгі тірі Аллаға арқа сүйеп, тәуекел ет! Һәм Оны: «Сен – мінсізсің, кемшілік атаулыдан адасың. Бар мадақ пен шексіз шүкіршілік бір Өзіңе ғана тән», – деп мадақтаумен бол! Оның Өз құлдарының күнәларынан хабардар болғаны жетеді.
ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامࣲ ثُمَّ ٱسْتَوَىٰ عَلَى ٱلْعَرْشِۖ ٱلرَّحْمَٰنُ فَسْـَٔلْ بِهِۦ خَبِيرࣰا
Ол – көктер мен жерді және екеуінің арасындағы барлық нәрсені алты күнде жаратқан һәм содан кейін Аршқа «истиуа» еткен (яғни, Аршқа шексіз билігін жүргізген, Аршпен бірге күллі жаратылыс атаулыны толық меңгеріп, шексіз үкімін жүргізген) Алла. Ол – (өз қалауы өзінде болған шексіз ілім, шексіз құдірет иесі) Рахман Алла. Міне, сондықтан да не нәрсенің болмасын, ақиқатын бәрінен толық хабардар болғаннан сұра.
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱسْجُدُوا۟ لِلرَّحْمَٰنِ قَالُوا۟ وَمَا ٱلرَّحْمَٰنُ أَنَسْجُدُ لِمَا تَأْمُرُنَا وَزَادَهُمْ نُفُورࣰا۩
Ол мүшріктерге: «Рахманға бағынып, сәжде етіңдер», – делінгенде, олар: «Рахман деген не? Сонда біз сенің сәжде етіңдер дегеніңнің бәріне сен бұйырды екен деп, сәжде ете береміз бе?» – дейді. Бұл үндеу олардың тәкаппарлығын одан сайын арттырып, иманнан одан сайын алшақтата түседі (бездіреді).
تَبَارَكَ ٱلَّذِي جَعَلَ فِي ٱلسَّمَآءِ بُرُوجࣰا وَجَعَلَ فِيهَا سِرَٰجࣰا وَقَمَرࣰا مُّنِيرࣰا
Көкте шоқ жұлдыздарды жаратқан, сондай-ақ оған шамшырақ пен нұр шашқан айды орнатқан, шексіз нығмет пен құт-берекенің жалғыз иесі болған Алла қандай ұлы десеңші!
وَهُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ ٱلَّيْلَ وَٱلنَّهَارَ خِلْفَةࣰ لِّمَنْ أَرَادَ أَن يَذَّكَّرَ أَوْ أَرَادَ شُكُورࣰا
Ол – Алла, ойланып, ғибрат алуды, яки шүкіршілік етуді қалайтын әрбір жан үшін түн мен күндізді бір-бірінің ізін ала алмасып тұратын қылды.
وَعِبَادُ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلَّذِينَ يَمْشُونَ عَلَى ٱلْأَرْضِ هَوْنࣰا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ ٱلْجَٰهِلُونَ قَالُوا۟ سَلَٰمࣰا
Рахманның хас құлдары жер бетінде сыпайылықтың шегінен аспайтын жандар. Оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда, (наданмен надан болмай) оларға: «Аман болыңдар!» – деп, өз жөніне кете барады.
وَٱلَّذِينَ يَبِيتُونَ لِرَبِّهِمْ سُجَّدࣰا وَقِيَٰمࣰا
Сондай-ақ олар түннің бір бөлігін Раббыларына сәжде етумен әрі тік тұрып құлшылық қылумен өткізетін жандар.
وَٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا ٱصْرِفْ عَنَّا عَذَابَ جَهَنَّمَۖ إِنَّ عَذَابَهَا كَانَ غَرَامًا
Һәм олар әркез: «Уа, Раббымыз! Жаһаннам азабының бетін бізден ары қылғайсың! Өйткені оның азабы шеті-шегі жоқ жан төзгісіз азап».
إِنَّهَا سَآءَتْ مُسْتَقَرࣰّا وَمُقَامࣰا
«Расында, жаһаннам – неткен жаман жай, неткен жаман тұрақ еді!» – деп жалбарынады.
وَٱلَّذِينَ إِذَآ أَنفَقُوا۟ لَمْ يُسْرِفُوا۟ وَلَمْ يَقْتُرُوا۟ وَكَانَ بَيْنَ ذَٰلِكَ قَوَامࣰا
Олар (өздері немесе өзгелер үшін) мал-пұл сарп еткендерінде ысырап та, сараңдық та қылмайды. Осы екеуінің арасында (өздеріне лайықты) бір жолдың бар екенін біледі».
وَٱلَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ ٱلنَّفْسَ ٱلَّتِي حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ يَلْقَ أَثَامࣰا
Олар Алламен қатар, басқаны да құдай тұтып жалбарынбайды. Алланың Өзі ардақтаған әрі (жөн-жосықсыз) өлтірілуін харам қылған тірі жанды нақақтан-нақақ өлтірмейді, зина жасамайды. Кімде-кім осы айтылғандардың бірін істесе, ауыр жазаға ұшырайды.
يُضَٰعَفْ لَهُ ٱلْعَذَابُ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ وَيَخْلُدْ فِيهِۦ مُهَانًا
Қиямет күні оның азабы еселене түседі және ол сол азаптың құрсауында мәңгі-бақи қор болып қала береді.
إِلَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ عَمَلࣰا صَٰلِحࣰا فَأُو۟لَٰٓئِكَ يُبَدِّلُ ٱللَّهُ سَيِّـَٔاتِهِمْ حَسَنَٰتࣲۗ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورࣰا رَّحِيمࣰا
Ал кімде-кім өкініш білдіріп, тәубеге келсе әрі иман келтіріп, (өзін һәм қоғамды түзетуге бағытталған) игі істер істесе, оның жөні бөлек. Алла ондай жандардың жамандықтарын жақсылыққа (күнәларын сауапқа) айналдырады. Алла өте кешірімді, (әсіресе, тәубе етіп, Өзіне біржола бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді.
وَمَن تَابَ وَعَمِلَ صَٰلِحࣰا فَإِنَّهُۥ يَتُوبُ إِلَى ٱللَّهِ مَتَابࣰا
Кімде-кім істеген күнәларына өкініп, тәубе етсе әрі (өзін һәм қоғамды түзетуге бағытталған) игі істер істесе, шүбәсіз, бұл оның Аллаға шынайы түрде һәм тәубесі қабыл болған күйде бет алғаны.
وَٱلَّذِينَ لَا يَشْهَدُونَ ٱلزُّورَ وَإِذَا مَرُّوا۟ بِٱللَّغْوِ مَرُّوا۟ كِرَامࣰا
Олар әсте жалған куәлікке һәм өтірік пен жалған жайлаған жерлерде жүрмейді, (сондай-ақ қандай да бір мәселенің анық-қанығына жетпей жатып, пікір білдіріп, үкім шығармайды). Бос әрі түкке тұрғысыз сөзге немесе әрекеттерге кезіккенде, байсалды қалпынан айнымай өтіп кете барады.
وَٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُوا۟ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمْ لَمْ يَخِرُّوا۟ عَلَيْهَا صُمࣰّا وَعُمْيَانࣰا
Олар Раббыларының (Құрандағы һәм болмыс-тағы) аяттары еске немесе ауызға алынғанда, ол аяттардың алдында тас керең немесе көрсоқыр ұқсап тұрмайды.
وَٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَٰجِنَا وَذُرِّيَّٰتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنࣲ وَٱجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا
Сондай-ақ олар: «Уа, Раббымыз! Әйелдерімізді және үрім-бұтағымызды (тура жолға салып) көз қуанышымыз еткейсің! Һәм бізді тақуалықта өзгелерге имам (жетекші әрі үлгі-өнеге) қылғайсың!» – деп тілейді.
أُو۟لَٰٓئِكَ يُجْزَوْنَ ٱلْغُرْفَةَ بِمَا صَبَرُوا۟ وَيُلَقَّوْنَ فِيهَا تَحِيَّةࣰ وَسَلَٰمًا
Міне, осынау игі жандар Аллаға құлшылық етіп, хақ жолды ұстауда сабырлылық пен табандылық танытқандары үшін жұмақтағы ең жоғарғы мәртебелермен марапатталады. (Періштелер) амандық-саулық тілеп, оларды ерекше қошеметпен қарсы алады.
خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ حَسُنَتْ مُسْتَقَرࣰّا وَمُقَامࣰا
Олар онда мәңгі-бақи мекендейді. Ол жер – қандай керемет жай, қандай тамаша тұрақ еді!
قُلْ مَا يَعْبَؤُا۟ بِكُمْ رَبِّي لَوْلَا دُعَآؤُكُمْۖ فَقَدْ كَذَّبْتُمْ فَسَوْفَ يَكُونُ لِزَامَۢا
Оларға: «Егер дұға-мінәжаттарың болмаса, Раббым сендерді қалай бағаласын! (Әй, кәпірлер!) Сендер Оның жолдауын жалған деп жоққа шығардыңдар, ендеше осы күнәларыңның жазасын міндетті түрде һәм мәңгі-бақи тартасыңдар!» – деп айт.
ق
Quran.kz қосымшасыОқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.