يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱتَّقُوا۟ رَبَّكُمْۚ إِنَّ زَلْزَلَةَ ٱلسَّاعَةِ شَيْءٌ عَظِيمࣱ
Уа, адамдар! Раббыларыңа асылық қылып, қаһарына ұшыраудан сақтаныңдар! (Біліп қойың-дар!) Шүбәсіз, қиямет күнінің зілзаласы – алапат құбылыс.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱتَّقُوا۟ رَبَّكُمْۚ إِنَّ زَلْزَلَةَ ٱلسَّاعَةِ شَيْءٌ عَظِيمࣱ
Уа, адамдар! Раббыларыңа асылық қылып, қаһарына ұшыраудан сақтаныңдар! (Біліп қойың-дар!) Шүбәсіз, қиямет күнінің зілзаласы – алапат құбылыс.
يَوْمَ تَرَوْنَهَا تَذْهَلُ كُلُّ مُرْضِعَةٍ عَمَّآ أَرْضَعَتْ وَتَضَعُ كُلُّ ذَاتِ حَمْلٍ حَمْلَهَا وَتَرَى ٱلنَّاسَ سُكَٰرَىٰ وَمَا هُم بِسُكَٰرَىٰ وَلَٰكِنَّ عَذَابَ ٱللَّهِ شَدِيدࣱ
Сол күні бала емізетін әр ананың (қатты қорыққаннан) баласын ұмытқанын, әрбір жүкті әйелдің (және буаз жануардың) іш тастағанын көресің. Сондай-ақ адамдардың бәрін ес-түсінен айрылып теңселген мас күйде көресің, асылында, олар мас емес. Алайда Алланың азабы тым қатты.
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يُجَٰدِلُ فِي ٱللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمࣲ وَيَتَّبِعُ كُلَّ شَيْطَٰنࣲ مَّرِيدࣲ
Адамдар арасында ешқандай ілімге, нақты мәліметке сүйенбестен (яғни, ілімі, дәлелі болмаса да) Алла жайында таласып-тартысатын және әрбір азғын, әзәзіл шайтанның соңынан еретіндер бар.
كُتِبَ عَلَيْهِ أَنَّهُۥ مَن تَوَلَّاهُ فَأَنَّهُۥ يُضِلُّهُۥ وَيَهْدِيهِ إِلَىٰ عَذَابِ ٱلسَّعِيرِ
Шайтанның пешенесіне жазылған иләһи тағдыр мынадай: Кімде-кім шайтанды дос тұтса, ол міндетті түрде оны адастырады әрі тұп-тура жалындаған жаһаннам азабына жетелейді.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِن كُنتُمْ فِي رَيْبࣲ مِّنَ ٱلْبَعْثِ فَإِنَّا خَلَقْنَٰكُم مِّن تُرَابࣲ ثُمَّ مِن نُّطْفَةࣲ ثُمَّ مِنْ عَلَقَةࣲ ثُمَّ مِن مُّضْغَةࣲ مُّخَلَّقَةࣲ وَغَيْرِ مُخَلَّقَةࣲ لِّنُبَيِّنَ لَكُمْۚ وَنُقِرُّ فِي ٱلْأَرْحَامِ مَا نَشَآءُ إِلَىٰٓ أَجَلࣲ مُّسَمࣰّى ثُمَّ نُخْرِجُكُمْ طِفْلࣰا ثُمَّ لِتَبْلُغُوٓا۟ أَشُدَّكُمْۖ وَمِنكُم مَّن يُتَوَفَّىٰ وَمِنكُم مَّن يُرَدُّ إِلَىٰٓ أَرْذَلِ ٱلْعُمُرِ لِكَيْلَا يَعْلَمَ مِنۢ بَعْدِ عِلْمࣲ شَيْـࣰٔاۚ وَتَرَى ٱلْأَرْضَ هَامِدَةࣰ فَإِذَآ أَنزَلْنَا عَلَيْهَا ٱلْمَآءَ ٱهْتَزَّتْ وَرَبَتْ وَأَنۢبَتَتْ مِن كُلِّ زَوْجِۭ بَهِيجࣲ
Уа, адамдар, егер өлгеннен кейін қайта тірілуге қатысты күмәндарың болса, (біліп қойыңдар) Біз сендерді әу баста топырақтан жараттық, содан кейін сендерді (ер мен әйелден бөлініп, әйелдің жатырында тұрақтайтын) бір-екі шәһуат тамшысынан, содан соң жатырға (сүліктей) жабысқан ұйысқан жасушадан һәм содан кейін жаратылысы белгілі деңгейде қалыптасқан, алайда толық қалыптаспаған бір шайнам етке ұқсаған шақалақтан (эмбрионнан) жараттық. Міне, осылайша, сендерге (өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігін әрі өздеріңнің қайдан келгендеріңді) анықтап көрсетеміз. Содан Біз дүниеге келуін қалаған ұрықты жатырларға жақсылап орналастырамыз да, белгілі уақытқа дейін сол жерде ұстаймыз. Кейін сендерді нәресте етіп, жарық дүниеге шығарамыз. Содан соң (ақыл-ой, күш-қуат жағынан) кемелденіп, өсіп-жетілулеріңе жағдай жасаймыз. Араларыңнан кейбіреулер жастай өледі, ал енді біреулерің әбден қаусап, алжитын шаққа дейін жетеді. Сөйтіп олар бұрын-соңды біраз нәрселер үйреніп, білген болса да, қайтадан түк білмейтін күйге түседі. Сондай-ақ (өлгеннен кейін қайта тірілетіндеріңе тағы да бір дәлел ретінде) жердің құп-құрғақ екенін көресің. Алайда оған (көктен) жауын жаудырғанымызда (әлгі өлі жер) бірден дүр сілкініп, қопсып, жанданып, көздің жауын алатын әрі көңілге қуаныш ұялататын әр алуан өсімдіктерді жұп-жұбымен өсіріп шығарады.
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلْحَقُّ وَأَنَّهُۥ يُحْيِ ٱلْمَوْتَىٰ وَأَنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ
Солай, өйткені Алла – Хақ (Өзі де, әр сөзі мен ісі де өзгермейтін ақиқат). Күмәнсіз, өлілерді Ол тірілтеді һәм шүбәсіз, Ол барлық нәрсеге құдіретті.
وَأَنَّ ٱلسَّاعَةَ ءَاتِيَةࣱ لَّا رَيْبَ فِيهَا وَأَنَّ ٱللَّهَ يَبْعَثُ مَن فِي ٱلْقُبُورِ
Сондай-ақ қиямет күні міндетті түрде келеді, оның орнайтындығында ешбір күмән жоқ. Һәм Аллаһ қабірлерде жатқан өлілердің бәрін сөзсіз тірілтеді.
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يُجَٰدِلُ فِي ٱللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمࣲ وَلَا هُدࣰى وَلَا كِتَٰبࣲ مُّنِيرࣲ
Адамдар арасында ешқандай ілімге, нақты дәлелге яки жүрек пен ақыл-ойды нұрға бөлейтін иләһи Кітапқа сүйенбестен Аллаһ жайында таласып-тартысатындар бар.
ثَانِيَ عِطْفِهِۦ لِيُضِلَّ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۖ لَهُۥ فِي ٱلدُّنْيَا خِزْيࣱۖ وَنُذِيقُهُۥ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ عَذَابَ ٱلْحَرِيقِ
Ел-жұртты Алланың жолынан тайдыру үшін көкірек керіп, дандайсыған күйде таласып-тартыса (қаржаса) береді. Оның дүниедегі сыбағасы қор болу, ал қиямет күні оған жаһаннамның күйдіргіш азабын таттырамыз.
ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتْ يَدَاكَ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَيْسَ بِظَلَّٰمࣲ لِّلْعَبِيدِ
Сөйтіп, оған: «Бұл азап дүниеде өз қолыңмен істеген күнәларыңның нәтижесі (сазайы). Әйтпесе, Алла құлдарына әсте зұлымдық қылушы емес», – делінеді.
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَعْبُدُ ٱللَّهَ عَلَىٰ حَرْفࣲۖ فَإِنْ أَصَابَهُۥ خَيْرٌ ٱطْمَأَنَّ بِهِۦۖ وَإِنْ أَصَابَتْهُ فِتْنَةٌ ٱنقَلَبَ عَلَىٰ وَجْهِهِۦ خَسِرَ ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةَۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلْخُسْرَانُ ٱلْمُبِينُ
Адамдар арасында Аллаға тек қара басының пайдасы үшін сүлесоқ құлшылық ететіндер бар. Мұндай адам мақсатына жетіп, жақсылыққа кенелсе, жаны жай тауып, мәз болады. Ал қандай да бір сынаққа, қиындыққа тап болса, бірден сырт айналып, жалтара қалады. Сөйтіп, дүниеде де, ақиретте де бар жақсылықтан қағылып, оңбай зиян шегеді. Міне, оңбай зиян шегу деген – осы.
يَدْعُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَضُرُّهُۥ وَمَا لَا يَنفَعُهُۥۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلضَّلَٰلُ ٱلْبَعِيدُ
Ондай бейбақ Алланы былай қойып, өзіне зиян да, пайда да келтіре алмайтын нәрселерге (жалған құдайларға) жалбарынады. Міне, тура жолдан барынша алшақтап, қатты адасты деген – осы.
يَدْعُوا۟ لَمَن ضَرُّهُۥٓ أَقْرَبُ مِن نَّفْعِهِۦۚ لَبِئْسَ ٱلْمَوْلَىٰ وَلَبِئْسَ ٱلْعَشِيرُ
Тіпті, пайдасынан гөрі зияны көп пендеге (пірлеріне, басшы-көсемдеріне) құлдық ұрып, жалбарынады. Анығында, оның жалбарынған құдайы неткен жаман қожа, неткен жаман жолдас!
إِنَّ ٱللَّهَ يُدْخِلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَفْعَلُ مَا يُرِيدُ
Алла иман келтіріп, игі істер істегендерді (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) іргесінен өзендер ағып жатқан жаннат бақшаларына кіргізеді. Шүбәсіз, Алла қала-ғанын істейді.
مَن كَانَ يَظُنُّ أَن لَّن يَنصُرَهُ ٱللَّهُ فِي ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةِ فَلْيَمْدُدْ بِسَبَبٍ إِلَى ٱلسَّمَآءِ ثُمَّ لْيَقْطَعْ فَلْيَنظُرْ هَلْ يُذْهِبَنَّ كَيْدُهُۥ مَا يَغِيظُ
Кімде-кім Алла өз елшісіне дүниеде һәм ақиретте қолдау көрсетпейді (Құранды, хақ дін исламды үстем қылмайды) деп ойласа, онда төбеге жіп ассын да сол жіпке асылып, буынып өлсін. Сөйтсін де көрсін, оның бұл айла-амалы ыза-кегін келтірген нәрсеге (яғни, Алланың елшісіне қолдау көрсетуіне) бөгесін бола алар ма екен?! (Әрине, бөгесін бола алмайды, өйткені Алланың елшісіне екі дүниеде де жәрдем берері сөзсіз).
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلْنَٰهُ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتࣲ وَأَنَّ ٱللَّهَ يَهْدِي مَن يُرِيدُ
Міне, (кәпірлер қанша жерден ыза-кекке булығып, қарсы болса да) Біз Құранды мән-мағынасын анық етіп һәм әр аятын айқын дәлел ретінде түсірдік. Шүбәсіз, Алла қалағанын тура жолға салады.
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَٱلَّذِينَ هَادُوا۟ وَٱلصَّٰبِـِٔينَ وَٱلنَّصَٰرَىٰ وَٱلْمَجُوسَ وَٱلَّذِينَ أَشْرَكُوٓا۟ إِنَّ ٱللَّهَ يَفْصِلُ بَيْنَهُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ شَهِيدٌ
Аллаға лайықты түрде иман келтірген мүміндер, яһудилер, (жұлдыздарға табынған) сабийлер, христиандар, мәжусилер мен Аллаға өзгелерді серік етіп қосқандар (бар ғой?). (Күмәндарың болмасын!) Алла қиямет күнгі ұлы сотта олардың арасында билік айтып, кесімді үкімін шығарады. Өйткені Алла барлық нәрсеге толық куә.
أَلَمْ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ يَسْجُدُ لَهُۥ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَن فِي ٱلْأَرْضِ وَٱلشَّمْسُ وَٱلْقَمَرُ وَٱلنُّجُومُ وَٱلْجِبَالُ وَٱلشَّجَرُ وَٱلدَّوَآبُّ وَكَثِيرࣱ مِّنَ ٱلنَّاسِۖ وَكَثِيرٌ حَقَّ عَلَيْهِ ٱلْعَذَابُۗ وَمَن يُهِنِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِن مُّكْرِمٍۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَفْعَلُ مَا يَشَآءُ۩
Көрмейсің бе, көктегілер мен жердегілер, сондай-ақ күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаштар, барлық жан-жануарлар мен адамдардың көбі бір Аллаға сәжде етуде! Сонымен қатар, адамдардың көбіне (күпірліктері үшін) азап үкімі кесілген. Алла кімді қор қылса, оны ешкім үстем ете алмайды. Шүбәсіз, Алла қалағанын істейді.
۞هَٰذَانِ خَصْمَانِ ٱخْتَصَمُوا۟ فِي رَبِّهِمْۖ فَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ قُطِّعَتْ لَهُمْ ثِيَابࣱ مِّن نَّارࣲ يُصَبُّ مِن فَوْقِ رُءُوسِهِمُ ٱلْحَمِيمُ
Мына (Алланы мойындайтын және Оны мойындамайтын) жұлдызы қарсы екі топ Раббылары жайлы таласып-тартысуда. Оны мойындамау немесе Оған өзгелерді серік етіп қосу арқылы күпірлік қылғандарға жалындаған оттан киім-кешек пішілген (тігілген). Олардың тас төбелерінен қайнаған су құйылады.
يُصْهَرُ بِهِۦ مَا فِي بُطُونِهِمْ وَٱلْجُلُودُ
Сол арқылы олардың бүкіл іш құрылысы мен терілері жидіп кетеді.
وَلَهُم مَّقَٰمِعُ مِنْ حَدِيدࣲ
Сондай-ақ онда олар үшін темір қамшылар мен гүрзілер әзірленген.
كُلَّمَآ أَرَادُوٓا۟ أَن يَخْرُجُوا۟ مِنْهَا مِنْ غَمٍّ أُعِيدُوا۟ فِيهَا وَذُوقُوا۟ عَذَابَ ٱلْحَرِيقِ
Олар (жан төзгісіз азапқа) шыдай алмай жаһаннамнан шығуға талпынған сайын, кері қайтарылады және оларға: «(Кезінде өздерің жоққа шығарған) жаһаннамның күйдіргіш азабын татыңдар», – делінеді.
إِنَّ ٱللَّهَ يُدْخِلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ يُحَلَّوْنَ فِيهَا مِنْ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبࣲ وَلُؤْلُؤࣰاۖ وَلِبَاسُهُمْ فِيهَا حَرِيرࣱ
Шүбәсіз, Алла иман келтіріп, игі істер істегендерді (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) іргесінен өзендер ағып жатқан жаннат бақшаларына кіргізеді. Олар онда алтын білезіктер мен інжу тағынады, киімдері жібектен болады.
وَهُدُوٓا۟ إِلَى ٱلطَّيِّبِ مِنَ ٱلْقَوْلِ وَهُدُوٓا۟ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلْحَمِيدِ
Олар сөздің ең жақсысын айтуға (яғни, бір Аллаға иман айтуға һәм оны жар салуға) бағытталған әрі Хамид (шексіз шүкір мен мадаққа әбден лайық болған) Алланың жолына түсірілген жандар.
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِ ٱلَّذِي جَعَلْنَٰهُ لِلنَّاسِ سَوَآءً ٱلْعَٰكِفُ فِيهِ وَٱلْبَادِۚ وَمَن يُرِدْ فِيهِ بِإِلْحَادِۭ بِظُلْمࣲ نُّذِقْهُ مِنْ عَذَابٍ أَلِيمࣲ
Өздерінің күпірлік қылғанымен қоймай, өзге ел-жұрттың да Алланың жолына түсуіне әрі олардың мейлі Меккеде тұрсын, мейлі сырттан келсін, барлық адамдарға ортақ құлшылық орнына айналдырылған Харам мешітіне кіруіне жол бермейтіндерге келсек; кімде-кім ол арада осылайша зұлымдықпен ақиқаттан және әділдік жолынан таюды қаласа, оған жан төзгісіз азап таттырамыз.
وَإِذْ بَوَّأْنَا لِإِبْرَٰهِيمَ مَكَانَ ٱلْبَيْتِ أَن لَّا تُشْرِكْ بِي شَيْـࣰٔا وَطَهِّرْ بَيْتِيَ لِلطَّآئِفِينَ وَٱلْقَآئِمِينَ وَٱلرُّكَّعِ ٱلسُّجُودِ
Әйтсе де, кезінде Ибраһимге қасиетті Үйдің (Қағбаның) орнын (құлшылық ететін жер ретінде) белгілеп бергенімізде оған: «Маған еш нәрсені серік етіп қоспа. Үйімді оны тауап ететіндер, онда қиямда (тікесінен тік) тұрып, рукуғ жасап (иіліп) әрі сәжде етіп құлшылық ететіндер үшін таза ұста», – деп бұйырған едік.
وَأَذِّن فِي ٱلنَّاسِ بِٱلْحَجِّ يَأْتُوكَ رِجَالࣰا وَعَلَىٰ كُلِّ ضَامِرࣲ يَأْتِينَ مِن كُلِّ فَجٍّ عَمِيقࣲ
Адамдарға «Қажылыққа келіңдер», – деп жар сал. (Барлық адамдарды қажылыққа шақыр). Олар саған мейлі жаяу-жалпы, мейлі ұзақ жолдан арып-ашқан түйелерге мініп болса да дүниенің түкпір-түкпірінен (төрт бұрышынан) келсін.
لِّيَشْهَدُوا۟ مَنَٰفِعَ لَهُمْ وَيَذْكُرُوا۟ ٱسْمَ ٱللَّهِ فِيٓ أَيَّامࣲ مَّعْلُومَٰتٍ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُم مِّنۢ بَهِيمَةِ ٱلْأَنْعَٰمِۖ فَكُلُوا۟ مِنْهَا وَأَطْعِمُوا۟ ٱلْبَآئِسَ ٱلْفَقِيرَ
Келіп, қажылықта өздерін күтіп тұрған көптеген (рухани һәм дүнияуи) пайдаларды көрсін. Сондай-ақ Алланың өздеріне ризық етіп берген малды белгілі күндерде Алланың атын атап, құрбандыққа шалсын. Сөйтіп, құрбандыққа шалынған малдың етінен өздерің де жеңдер, пақырлар мен кедейлерге де жегізіңдер!
ثُمَّ لْيَقْضُوا۟ تَفَثَهُمْ وَلْيُوفُوا۟ نُذُورَهُمْ وَلْيَطَّوَّفُوا۟ بِٱلْبَيْتِ ٱلْعَتِيقِ
Содан кейін (шаштарын, тырнақтарын алып, ихрамнан шығып, жуынып-шайынып) үсті-бастарын толық тазартсын. Сондай-ақ сол күндер үшін қандай да бір іске бекінген болса, соны орындасын және (парыз болған ифада тауабын ихрамнан шықпай тұрып орындамаған болса, дүниедегі) ең қасиетті, ең көне үй Қағбаны айналып, тауап етсін.
ذَٰلِكَۖ وَمَن يُعَظِّمْ حُرُمَٰتِ ٱللَّهِ فَهُوَ خَيْرࣱ لَّهُۥ عِندَ رَبِّهِۦۗ وَأُحِلَّتْ لَكُمُ ٱلْأَنْعَٰمُ إِلَّا مَا يُتْلَىٰ عَلَيْكُمْۖ فَٱجْتَنِبُوا۟ ٱلرِّجْسَ مِنَ ٱلْأَوْثَٰنِ وَٱجْتَنِبُوا۟ قَوْلَ ٱلزُّورِ
Міне, бұл! (Алланың қажылыққа қатысты бұйрықтары). Ендеше, кімде-кім Алланың үкімдері мен қасиетті қылғандарын ұлықтайтын болса, онысы Раббысының алдында өзі үшін қайырлы болмақ. Сендерге (бұдан бұрын) харам екендігі айтылғандардан (яғни, қан, өлік, арам өлген және Алланың аты аталмай сойылған малдардан) өзге төрт түлік малдың бәрі адал қылынды. Ендеше, нас пұттардан (яғни, пұтқа табынушылық сынды рухани настықтан) іргелеріңді аулақ салыңдар, жалған сөзден де барынша аулақ болыңдар.
حُنَفَآءَ لِلَّهِ غَيْرَ مُشْرِكِينَ بِهِۦۚ وَمَن يُشْرِكْ بِٱللَّهِ فَكَأَنَّمَا خَرَّ مِنَ ٱلسَّمَآءِ فَتَخْطَفُهُ ٱلطَّيْرُ أَوْ تَهْوِي بِهِ ٱلرِّيحُ فِي مَكَانࣲ سَحِيقࣲ
(Жалған сенімдерден, екіжүзділіктен ада) таухид сенімін ту етіп, бір Аллаға байланған (берілген), Оған өзгелерді серік етіп қоспайтын шынайы мүміндер болыңдар! Кімде-кім Аллаға өзгелерді серік етіп қосса, ол бейне бір көктен құлап бара жатқанда, жыртқыш құстар іліп әкетіп, жұлым-жұлым қылған бейшараға немесе шалғайдағы жапан далаға жел ұшырып әкеткен бейбаққа ұқсайды.
ذَٰلِكَۖ وَمَن يُعَظِّمْ شَعَٰٓئِرَ ٱللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى ٱلْقُلُوبِ
Міне, солай. Кімде-кім Алланың нышандарын (яғни, Құран, Қағба, зәмзәм, құрбандық, намаз, ораза, азан сынды Ислам дінінің айқын белгілерін) лайықты түрде құрмет тұтып ұлықтайтын болса, бұл күмәнсіз, жүректердің тақуалығынан (яғни, Аллаға деген ерекше сый-құрметінен).
لَكُمْ فِيهَا مَنَٰفِعُ إِلَىٰٓ أَجَلࣲ مُّسَمࣰّى ثُمَّ مَحِلُّهَآ إِلَى ٱلْبَيْتِ ٱلْعَتِيقِ
Құрбандыққа арналған малдың құрбандыққа шалынатын уақыты жеткенге дейін сендерге пайдалары бар (яғни, оларды құрбандыққа шалынатын кезге дейін сауын немесе мініс көлік ретінде пайдалансаңдар болады). Олардың құрбандыққа шалынатын межелі жері – ең қасиетті, ең көне үй Қағба орналасқан харам аймағы.
وَلِكُلِّ أُمَّةࣲ جَعَلْنَا مَنسَكࣰا لِّيَذْكُرُوا۟ ٱسْمَ ٱللَّهِ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُم مِّنۢ بَهِيمَةِ ٱلْأَنْعَٰمِۗ فَإِلَٰهُكُمْ إِلَٰهࣱ وَٰحِدࣱ فَلَهُۥٓ أَسْلِمُوا۟ۗ وَبَشِّرِ ٱلْمُخْبِتِينَ
Біз (адамзат тарихындағы пайғамбарлардың соңынан ерген) әрбір иманды үмбет үшін құрбан шалу рәсімін межелі уақытта һәм межелі жерде орындалуы ләзім құлшылықтың бір түрі қылдық. Біз мұны олар Раббыларының өздеріне ризық ретінде берген малын Алланың атын атап, құрбандыққа шалсын деп істедік. (Ендеше, уа, мүміндер!) Құдайларың – тек жалғыз Құдай! Олай болса, Оған ғана бас иіңдер! Уа, Мұхаммед, Аллаға жан-тәнімен бас иген шынайы мүміндерді сүйіншілеп, қуанта бер.
ٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ ٱللَّهُ وَجِلَتْ قُلُوبُهُمْ وَٱلصَّٰبِرِينَ عَلَىٰ مَآ أَصَابَهُمْ وَٱلْمُقِيمِي ٱلصَّلَوٰةِ وَمِمَّا رَزَقْنَٰهُمْ يُنفِقُونَ
Олар Алла аты ауызға алынғанда, (Раббыларына деген ерекше сый-құрметтен әрі Одан шын именгендіктен) жүректері діріл қағады. Олар бастарына қандай ауыртпалық түссе де мойымайтын сабырлы һәм намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқитын ізгі жандар. Сондай-ақ өздеріне ризық етіп берген (мал-мүлік, күш-қуат, ақыл-парасат, білім, т.с.с.) нығметтеріміздің бір бөлігін (мұқтаждарға міндетсінбей беріп) ізгілік жолында жұмсайды.
وَٱلْبُدْنَ جَعَلْنَٰهَا لَكُم مِّن شَعَٰٓئِرِ ٱللَّهِ لَكُمْ فِيهَا خَيْرࣱۖ فَٱذْكُرُوا۟ ٱسْمَ ٱللَّهِ عَلَيْهَا صَوَآفَّۖ فَإِذَا وَجَبَتْ جُنُوبُهَا فَكُلُوا۟ مِنْهَا وَأَطْعِمُوا۟ ٱلْقَانِعَ وَٱلْمُعْتَرَّۚ كَذَٰلِكَ سَخَّرْنَٰهَا لَكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Құрбандыққа шалынатын ірі қара малды (әсіресе түйені) Аллаға құлшылық етулеріңнің бір себебі, әрі Алланың дінінің айқын нышандарының бірі қылдық. Онда сендер үшін діни һәм дүнияуи зор қайыр (жақсылықтар) бар. Оларды құрбандыққа шалғанда, тұрғызып қойып, Алланың атын атап бауыздаңдар. Бір жағына қарай жығылып жаны шыққаннан кейін, етінен өздерің де жеңдер, ешкімнен қайыр тілемейтін қанағатшыл кедейлер мен қайыр-садақа тілейтін жоқ-жітікке де жегізіңдер. Міне, осылайша (сөз әрі іс жүзінде) шүкіршілік етерсіңдер деп сол жануарларды сендерге бағынышты қылып, еріктеріңе бердік.
لَن يَنَالَ ٱللَّهَ لُحُومُهَا وَلَا دِمَآؤُهَا وَلَٰكِن يَنَالُهُ ٱلتَّقْوَىٰ مِنكُمْۚ كَذَٰلِكَ سَخَّرَهَا لَكُمْ لِتُكَبِّرُوا۟ ٱللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَىٰكُمْۗ وَبَشِّرِ ٱلْمُحْسِنِينَ
(Шындығына келсек), құрбандыққа шалған малыңның еті де, қаны да әсте Аллаға жетпейді, Оған сендерден жететін тек тақуалық қана. Міне, осылайша өздеріңді тура жолға салғаны үшін Алланы (сөз әрі іс жүзінде) ұлықтап, ұлылығын баршаға жар саларсыңдар деп, Хақ тағала сол жануарларды сендерге бағынышты етіп, еріктеріңе берді. (Уа, Мұхаммед!) Ендеше, Алланы көріп тұрғандай, яки жоқ дегенде, Алланың өзін көріп тұрғанын жадында ұстап, игі істер істейтін құлдарымды сүйіншілей бер.
۞إِنَّ ٱللَّهَ يُدَٰفِعُ عَنِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ خَوَّانࣲ كَفُورٍ
Шүбәсіз, Алла иман келтіргендерді әрдайым қолдап, қорғайды. Шынында, Алла опасыз әрі рақметі жоқтардың ешқайсысын жақсы көрмейді.
أُذِنَ لِلَّذِينَ يُقَٰتَلُونَ بِأَنَّهُمْ ظُلِمُوا۟ۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ نَصْرِهِمْ لَقَدِيرٌ
Мүміндерге өздеріне қарсы соғыс ашқан кәпірлерге қарсы тұруға рұқсат етілді. Өйткені олар (кәпірлерден әбден зәбір көріп) жәбірге ұшырады. Шүбәсіз, Алланың оларға жәрдем беруге құдіреті жетеді.
ٱلَّذِينَ أُخْرِجُوا۟ مِن دِيَٰرِهِم بِغَيْرِ حَقٍّ إِلَّآ أَن يَقُولُوا۟ رَبُّنَا ٱللَّهُۗ وَلَوْلَا دَفْعُ ٱللَّهِ ٱلنَّاسَ بَعْضَهُم بِبَعْضࣲ لَّهُدِّمَتْ صَوَٰمِعُ وَبِيَعࣱ وَصَلَوَٰتࣱ وَمَسَٰجِدُ يُذْكَرُ فِيهَا ٱسْمُ ٱللَّهِ كَثِيرࣰاۗ وَلَيَنصُرَنَّ ٱللَّهُ مَن يَنصُرُهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ
Ол мүміндер: «Раббымыз – Алла», – деп айтқаны үшін ғана нақақтан-нақақ атамекендерінен, туып өскен жерлерінен қуылды. Егер Алла кей адамдардың кесір-кесапатын енді бір адамдардың қолымен қайтарып отырмағанда, ғибадатханалар, шіркеулер, синагогалар және ішінде Алланың аты ауызға көп алынатын мешіттер түгелдей бұзылып, тас-талқаны шығар еді. Кім Алланың дініне қолұшын берсе, Алла да оған сөзсіз жәрдем береді. Шүбәсіз, Алла тым күшті һәм бәрінен үстем.
ٱلَّذِينَ إِن مَّكَّنَّٰهُمْ فِي ٱلْأَرْضِ أَقَامُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَوُا۟ ٱلزَّكَوٰةَ وَأَمَرُوا۟ بِٱلْمَعْرُوفِ وَنَهَوْا۟ عَنِ ٱلْمُنكَرِۗ وَلِلَّهِ عَٰقِبَةُ ٱلْأُمُورِ
Ол мүміндер сондай кемел адамдар, егер оларға жер бетінде билік, үстемдік нәсіп етсек, олар намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқиды, зекетті толық береді, жақсылық пен туралыққа бұйырып, жамандық атаулыдан тыюға тырысады. Барлық істердің ақыры бір Алланың құзырында.
وَإِن يُكَذِّبُوكَ فَقَدْ كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحࣲ وَعَادࣱ وَثَمُودُ
(Уа, Мұхаммед!) Егер олар сені өтірікшіге балап, айтқандарыңды өтірікке шығарса, налыма, өзің де білетіндей, олардан бұрын өткен Нұхтың қауымы да, Ад пен Сәмуд қауымы да (өздеріне келген пайғамбарларды) өтірікшіге балап, айтқандарын мойындамаған еді.
وَقَوْمُ إِبْرَٰهِيمَ وَقَوْمُ لُوطࣲ
Ибраһимнің қауымы да, Луттың қауымы да (олардың өздерін де, сөздерін де) өтірікке шығарды.
وَأَصْحَٰبُ مَدْيَنَۖ وَكُذِّبَ مُوسَىٰۖ فَأَمْلَيْتُ لِلْكَٰفِرِينَ ثُمَّ أَخَذْتُهُمْۖ فَكَيْفَ كَانَ نَكِيرِ
Мәдиянның халқы да (Шұғайыбтың өзін де, сөзін де) өтірікке шығарды. Сондай-ақ Мұса да өтірікшіге баланды. Алайда Мен кәпірлерге (райларынан қайтып, тәубелеріне келсін деп) әрдайым мұрсат беріп отырдым. Содан кейін (күпірлік пен қатыгездіктен танбаған соң) сазайларын бердім. Мені танымаудың қандай екенін көрсін!
فَكَأَيِّن مِّن قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَٰهَا وَهِيَ ظَالِمَةࣱ فَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا وَبِئْرࣲ مُّعَطَّلَةࣲ وَقَصْرࣲ مَّشِيدٍ
Біз халқы залым болған қаншама елді мекеннің күлін көкке ұшырдық. Бір кездері гүлденіп тұрған сол елді мекендерден енді не қалды: шаңырағы ортасына түсіп, асты-үстіне келіп қираған үйлер, иесіз қалған құдықтар, қаңыраған сарайлар мен құлазыған зәулім ғимараттар.
أَفَلَمْ يَسِيرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ فَتَكُونَ لَهُمْ قُلُوبࣱ يَعْقِلُونَ بِهَآ أَوْ ءَاذَانࣱ يَسْمَعُونَ بِهَاۖ فَإِنَّهَا لَا تَعْمَى ٱلْأَبْصَٰرُ وَلَٰكِن تَعْمَى ٱلْقُلُوبُ ٱلَّتِي فِي ٱلصُّدُورِ
Сол кәпірлер жер бетін шарлап (адамды еріксіз ойға қалдыратын осынау ғибратты көріністерге зер салып қарамай ма?) Бәлкім, сол арқылы олар ақылға салып ойланатын жүректер мен (ақиқатты) еститін құлақтарға жарып қалар. Анығында, көздер көр болмайды, керісінше, көкіректердегі жүректер көр болады.
وَيَسْتَعْجِلُونَكَ بِٱلْعَذَابِ وَلَن يُخْلِفَ ٱللَّهُ وَعْدَهُۥۚ وَإِنَّ يَوْمًا عِندَ رَبِّكَ كَأَلْفِ سَنَةࣲ مِّمَّا تَعُدُّونَ
(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен (өздеріне уәде етілген) азапты тез арада келтіруіңді сұрайды. Ендеше, қам жемей-ақ қойсын, (оларды азаптаймын деп уәде еткен) Алла уәдесінен әсте таймайды. Біліп қойыңдар, Раббыларыңның құзырындағы бір күн сендердің есептерің бойынша мың жыл сияқты.
وَكَأَيِّن مِّن قَرْيَةٍ أَمْلَيْتُ لَهَا وَهِيَ ظَالِمَةࣱ ثُمَّ أَخَذْتُهَا وَإِلَيَّ ٱلْمَصِيرُ
Халқы залым болған қаншама елді мекендер бар-еді. Мен оларға алдымен (тәубелеріне келсін деп) біразға дейін мұрсат бердім де содан кейін (күпірлік пен қиянаттан танбаған соң) бірден сазайларын тартқыздым. Соңында бәрі де Маған қайтады.
قُلْ يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّمَآ أَنَا۠ لَكُمْ نَذِيرࣱ مُّبِينࣱ
(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Уа, Адамдар! Мен (өз білгеніммен немесе сендердің айтқандарыңмен жүретін адам емеспін, мен уахиге сүйеніп) сендерге ашық түрде ескерту үшін келген ескертуші ғанамын», – деп айт.
فَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُم مَّغْفِرَةࣱ وَرِزْقࣱ كَرِيمࣱ
Олай болса, иман келтіріп, игі істер істегендер үшін кешірім әрі сондай керім (мол, берекелі, зиянсыз әрі қайырлы) ризық-несібе бар.
وَٱلَّذِينَ سَعَوْا۟ فِيٓ ءَايَٰتِنَا مُعَٰجِزِينَ أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلْجَحِيمِ
Ал аяттарымыздың ықпалын жойып, оларды түкке тұрғысыз ету үшін дамыл таппай жүргендерге келсек, ондайлар нағыз тозақылар.
وَمَآ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولࣲ وَلَا نَبِيٍّ إِلَّآ إِذَا تَمَنَّىٰٓ أَلْقَى ٱلشَّيْطَٰنُ فِيٓ أُمْنِيَّتِهِۦ فَيَنسَخُ ٱللَّهُ مَا يُلْقِي ٱلشَّيْطَٰنُ ثُمَّ يُحْكِمُ ٱللَّهُ ءَايَٰتِهِۦۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمࣱ
(Уа, Мұхаммед!) Сенен бұрын жіберген пайғамбарларымыз бен нәбилеріміздің қайсыбірі болмасын, қауымына Алланың аяттарын оқығанда, әзәзіл шайтан көкіректерге уәсуәсә салып, (тыңдау-шылардың оқылған аяттарды толық естіп, дұрыс түсінуіне) қолынан келгенше кедергі жасап бақты. Алайда Алла әзәзіл шайтанның көкіректерге салған уәсуәсінің күшін жойып, еңбегін еш қылады да Өзінің аяттарын бекемдеп отырады. Алла – Алим (бәрін білуші), Хаким (әр ісі мен үкімі көптеген хикметтерге толы асқан даналық иесі).
لِّيَجْعَلَ مَا يُلْقِي ٱلشَّيْطَٰنُ فِتْنَةࣰ لِّلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضࣱ وَٱلْقَاسِيَةِ قُلُوبُهُمْۗ وَإِنَّ ٱلظَّٰلِمِينَ لَفِي شِقَاقِۭ بَعِيدࣲ
Алла шайтанның көкіректерге салатын уәсуәсін жүректерінде (адами қасиеттерді жегідей жейтін рухани) дерт болғандар мен жүректері тас болып қатып қалғандар үшін сынақ етіп қояды. Шүбәсіз, залымдар ақиқаттың ауылынан тым алыста және ақиқатқа мүлдем қарсы әрі жаны қас келеді.
وَلِيَعْلَمَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْعِلْمَ أَنَّهُ ٱلْحَقُّ مِن رَّبِّكَ فَيُؤْمِنُوا۟ بِهِۦ فَتُخْبِتَ لَهُۥ قُلُوبُهُمْۗ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَهَادِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ
Сондай-ақ Алла ілім иелері бұл Құранның Раббыңнан келген ақиқат екенін анық білсін, сол арқылы оған шын жүректен иман келтіріп, мойынсұнсын және әбден бауыр бассын деп, (шайтанның адамдарды азғыруына жол береді). Шүбәсіз, Алла иман келтіргендерді қай істе, қай мәселеде болмасын тұп-тура жолға салады.
وَلَا يَزَالُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فِي مِرْيَةࣲ مِّنْهُ حَتَّىٰ تَأْتِيَهُمُ ٱلسَّاعَةُ بَغْتَةً أَوْ يَأْتِيَهُمْ عَذَابُ يَوْمٍ عَقِيمٍ
Ал күпірліктің шырмауынан шыға алмаған бейбақтар аяқ астынан қиямет-қайым орнамайынша немесе бастарына қысыр күннің (яғни, артынан жаңа күн тумайтын ақырғы күннің) азабы келмейінше Құран жайында күмәннан еш арыла алмайды.
ٱلْمُلْكُ يَوْمَئِذࣲ لِّلَّهِ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْۚ فَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فِي جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Міне, сол күні бар билік, шексіз үстемдік бір Аллаға ғана тән болады. Ол адамдарға қатысты ақырғы үкімін айтады. Иман келтіріп, игі істер істегендер (көз көріп, құлақ естімеген һәм адам баласының қиялына да кірмеген) нығметтерге толы жұмақ бақшаларында болады.
وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَكَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا فَأُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ عَذَابࣱ مُّهِينࣱ
Ал күпірлік қылып, аяттарымызды жалған деп мойындамағандарға келсек, ондайларға өздерін әбден қор қылатын азап бар.
وَٱلَّذِينَ هَاجَرُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ ثُمَّ قُتِلُوٓا۟ أَوْ مَاتُوا۟ لَيَرْزُقَنَّهُمُ ٱللَّهُ رِزْقًا حَسَنࣰاۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَهُوَ خَيْرُ ٱلرَّٰزِقِينَ
(Аллаға иман келтіріп, қажет болғанда) Алла жолында һижрет еткен, сөйтіп, һижрет еткен жерінде өлтірілген немесе ажалы жетіп дүние салғандарға Алла (о дүниеде) міндетті түрде сондай керім ризық нәсіп етеді. Шүбәсіз, Алла – ең қайырлы ризықты беруші һәм ризық беруде алдына жан салмайтын теңдесі жоқ жақсылық иесі.
لَيُدْخِلَنَّهُم مُّدْخَلࣰا يَرْضَوْنَهُۥۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَعَلِيمٌ حَلِيمࣱ
Алла оларды разы болатын жерлеріне (яғни, көз көріп, құлақ естімеген әрі адам баласының қиялы да жетпеген нығметтерге толы жаннатқа) міндетті түрде кіргізіп, орналастырады. Шүбәсіз, Алла – Алим (бәрін білуші), Халим (құлдары қанша күнә жасаса да өте сабырлы һәм кешірімді).
۞ذَٰلِكَۖ وَمَنْ عَاقَبَ بِمِثْلِ مَا عُوقِبَ بِهِۦ ثُمَّ بُغِيَ عَلَيْهِ لَيَنصُرَنَّهُ ٱللَّهُۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَعَفُوٌّ غَفُورࣱ
Міне, ақиқат деген–осы. Кімде-кім өзіне жасалған әділетсіздік пен зұлымдыққа қарсы (шариғаттағы қысас қағидаларына сай) есесін қайтарғаннан кейін тағы да есесі кетіп, зұлымдыққа ұшыраса, Алла оған міндетті түрде жәрдем береді. Шүбәсіз, Алла ғапу етуші һәм өте кешірімді.
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ يُولِجُ ٱلَّيْلَ فِي ٱلنَّهَارِ وَيُولِجُ ٱلنَّهَارَ فِي ٱلَّيْلِ وَأَنَّ ٱللَّهَ سَمِيعُۢ بَصِيرࣱ
Иә солай, өйткені Алла түнді күндізге кіріктіріп қосады (да күнді ұзартады) және күндізді түнге кіріктіріп қосады (да түнді ұзартады). Сондай-ақ Алла – Сәмиғ (бәрін де естуші), Басир (бәрін де көруші).
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِن دُونِهِۦ هُوَ ٱلْبَٰطِلُ وَأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلْعَلِيُّ ٱلْكَبِيرُ
Иә солай, өйткені Алла – хақ. Ал мүшріктердің Оны былай қойып, жалбарынған құдайлары жалғанның нақ өзі. Шүбәсіз, ең асқақ һәм ең ұлы болған да бір Алла.
أَلَمْ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَتُصْبِحُ ٱلْأَرْضُ مُخْضَرَّةًۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَطِيفٌ خَبِيرࣱ
Алла аспаннан жауын жаудырғанда, жер бетінің жап-жасыл болып шыға келгенін көрмеймісің. Шүбәсіз, Алла – Латиф (ешкім көре де, сезе де алмайтын нәрселерді көріп, сезе алушы, шексіз ілімімен жүрек түкпірінде жатқан ең құпия сырлардың бәрін білуші һәм өте қайырымды), Хабир (бәрінен толық хабардар болушы).
لَّهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَهُوَ ٱلْغَنِيُّ ٱلْحَمِيدُ
Көктер мен жердегінің барлығы Оған тән. Шүбәсіз, ешкімге әрі еш нәрсеге мұқтаж емес түгесілмес байлық иесі де, бар мақтау мен мадаққа шын лайық болған да бір Алла.
أَلَمْ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ سَخَّرَ لَكُم مَّا فِي ٱلْأَرْضِ وَٱلْفُلْكَ تَجْرِي فِي ٱلْبَحْرِ بِأَمْرِهِۦ وَيُمْسِكُ ٱلسَّمَآءَ أَن تَقَعَ عَلَى ٱلْأَرْضِ إِلَّا بِإِذْنِهِۦٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِٱلنَّاسِ لَرَءُوفࣱ رَّحِيمࣱ
Алланың жердегінің бәрін және Оның пәрмені (яғни, орнатқан табиғат заңдылығы) бойынша теңізде емін-еркін жүзіп жүретін алып кемелерді сендерге қызмет еттіріп, бағынышты қылып қойғанын көрмеймісің?! Өзінің рұқсатынсыз жерге құламасын деп, аспанды да бір Өзі ұстап тұр. Шүбәсіз, Алла адамдарға өте жанашыр, ерекше мейірімді.
وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَحْيَاكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْۗ إِنَّ ٱلْإِنسَٰنَ لَكَفُورࣱ
Сондай-ақ сендерді (жоқтан жаратып) тіршілік иесі қылған да бір Өзі. Ол уақыты келгенде, сендерді өлтіріп, жандарыңды алады да, содан кейін бәріңді қайта тірілтеді. Алайда адам баласы, шынында да, жақсылықты түсінбейді.
لِّكُلِّ أُمَّةࣲ جَعَلْنَا مَنسَكًا هُمْ نَاسِكُوهُۖ فَلَا يُنَٰزِعُنَّكَ فِي ٱلْأَمْرِۚ وَٱدْعُ إِلَىٰ رَبِّكَۖ إِنَّكَ لَعَلَىٰ هُدࣰى مُّسْتَقِيمࣲ
Біз әр үмбетке құлшылық етудің өзіндік жүйесін, жөн-жобасы мен рәсімдерін белгілеп бердік. Әр үмбет (Жаратқанға) соған қарай құлшылық етеді. (Уа, Мұхаммед!) Сондықтан да өзгелер дін мәселесінде саған қайшы келіп, сенімен таласып-тартыспасын. Сен ел-жұртты Раббыңа шақыра бер. Шүбәсіз, сен ақиқатқа жеткізетін мінсіз әрі тұп-тура жолдасың.
وَإِن جَٰدَلُوكَ فَقُلِ ٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ
Егер өзгелер (ақиқатты көріп тұрып) саған қарсы шығып, сенімен таласып-тартысатын болса, оларға: «Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңді жақсы біледі (сондықтан да әркім өзі үшін жауап береді)», – деп айт.
ٱللَّهُ يَحْكُمُ بَيْنَكُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ فِيمَا كُنتُمْ فِيهِ تَخْتَلِفُونَ
Алла қиямет күні өзара таласып-тартысқан мәселелеріңе қатысты Өз билігін айтып, кесімді үкімін шығарады.
أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِۚ إِنَّ ذَٰلِكَ فِي كِتَٰبٍۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرࣱ
Алланың көктегі мен жердегінің бәрін білетінін білмеймісің?! Расында, оның бәрі бір кітапта жазылған. Бәрін білу һәм білгенінің бәрін бір кітапқа жазып қою Алла үшін шынымен де оп-оңай.
وَيَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِۦ سُلْطَٰنࣰا وَمَا لَيْسَ لَهُم بِهِۦ عِلْمࣱۗ وَمَا لِلظَّٰلِمِينَ مِن نَّصِيرࣲ
Өкінішке қарай, адамдардың көбі Алланы былай қалдырып, Хақ тағала (құдай тұтуға болатындығы) хақында ешбір дәлел түсірмеген және не екенін өздері де білмейтін нәрселерге (пұттарға) табынады. Анығында, мұндай залымдардың бірде-бір жәрдемшісі болмайды.
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتࣲ تَعْرِفُ فِي وُجُوهِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ٱلْمُنكَرَۖ يَكَادُونَ يَسْطُونَ بِٱلَّذِينَ يَتْلُونَ عَلَيْهِمْ ءَايَٰتِنَاۗ قُلْ أَفَأُنَبِّئُكُم بِشَرࣲّ مِّن ذَٰلِكُمُۚ ٱلنَّارُ وَعَدَهَا ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ۖ وَبِئْسَ ٱلْمَصِيرُ
Аяттарымыз айқын да анық оқылғанда, күпірліктің шырмауынан шыға алмағандардың жүзінен жақтырмағандық пен күпірліктің табын байқайсың. Олар қанын іштеріне тартып, өздеріне аяттарымызды оқумен болғандарды тарпа бас сала жаздайды. (Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Сендерді (өздеріңше жамандыққа жорыған осынау ақиқаттардан және) мына жағдайларыңнан да жаман нәрседен хабардар етейін бе? Тозақ оты! Алла оны күпірліктің шырмауынан шыға алмағандарға уәде еткен. Бұл қандай жаман ақырғы тұрақ! Қандай жаман барар жер!» – деп айт.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ضُرِبَ مَثَلࣱ فَٱسْتَمِعُوا۟ لَهُۥٓۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ تَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَن يَخْلُقُوا۟ ذُبَابࣰا وَلَوِ ٱجْتَمَعُوا۟ لَهُۥۖ وَإِن يَسْلُبْهُمُ ٱلذُّبَابُ شَيْـࣰٔا لَّا يَسْتَنقِذُوهُ مِنْهُۚ ضَعُفَ ٱلطَّالِبُ وَٱلْمَطْلُوبُ
Уа, адамдар! Сендерге мынадай бір мысал (тәмсіл) келтірілді, соған құлақ асыңдар! Сендердің Алладан басқа тәңір тұтып, жалынып-жалбарынғандарыңның барлығы бірігіп, жұмыла кіріссе де бір шыбын жарата алмайды. Тіпті, шыбын олардың бір нәрсесін қағып (іліп) әкетсе, одан оны алып қала (яғни, қайтарып ала) алмайды. Сұраушы да, өзінен бір нәрсе сұралған (жалған құдайлар) да дәрменсіз!
مَا قَدَرُوا۟ ٱللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِۦٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ
Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады. Шүбәсіз, Алла – бәрінен күшті, бәрінен үстем.
ٱللَّهُ يَصْطَفِي مِنَ ٱلْمَلَٰٓئِكَةِ رُسُلࣰا وَمِنَ ٱلنَّاسِۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعُۢ بَصِيرࣱ
Шынында, Алла, періштелердің арасынан елші таңдағандай адамдар арасынан да елші таңдайды (яғни, періште де, пайғамбар да жаралған, олардың ешқайсысы құдай бола алмайды). Шүбәсіз, Алла – Сәмиғ (бәрін естуші) һәм Басир (бәрін көруші).
يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرْجَعُ ٱلْأُمُورُ
Алла олардың алдындағыны да, артындағыны да (яғни, келешегін де, өткенін де әрі оларға мәлім болғанды да, беймәлім болғанды да) толық біледі. Соңында барлық істер бір Алланың құзырына жөнелтіледі (сөйтіп, Ол қай іске қандай үкім айтса, сол орындалады).
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱرْكَعُوا۟ وَٱسْجُدُوا۟ وَٱعْبُدُوا۟ رَبَّكُمْ وَٱفْعَلُوا۟ ٱلْخَيْرَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ۩
Уа, иман келтіргендер! Рукуғ жасаңдар, сәждеге бас қойыңдар, (сонымен қатар, басқа да құлшылықтарды атқарып) Раббыларыңа толыққанды құлшылық етіңдер және барлығы бастан-аяқ қайырлы болған діндеріңнің өзге үкімдерін де бұлжытпай орындаңдар! Міне, сонда мақсат-мұраттарыңа жетерсіңдер!
وَجَٰهِدُوا۟ فِي ٱللَّهِ حَقَّ جِهَادِهِۦۚ هُوَ ٱجْتَبَىٰكُمْ وَمَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي ٱلدِّينِ مِنْ حَرَجࣲۚ مِّلَّةَ أَبِيكُمْ إِبْرَٰهِيمَۚ هُوَ سَمَّىٰكُمُ ٱلْمُسْلِمِينَ مِن قَبْلُ وَفِي هَٰذَا لِيَكُونَ ٱلرَّسُولُ شَهِيدًا عَلَيْكُمْ وَتَكُونُوا۟ شُهَدَآءَ عَلَى ٱلنَّاسِۚ فَأَقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُوا۟ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱعْتَصِمُوا۟ بِٱللَّهِ هُوَ مَوْلَىٰكُمْۖ فَنِعْمَ ٱلْمَوْلَىٰ وَنِعْمَ ٱلنَّصِيرُ
Сондай-ақ Алла жолында лайықты түрде һәм жандарыңды салып, аянбай күресіңдер! Ол адамдар арасынан (осынау ұлы міндетті орындау үшін) мына сендерді таңдады. Сендерге дінде ешқандай ауыртпалық артқан емес (яғни шамаларың келмейтін міндет жүктеген емес). Міне, бұл – Ибраһим бабаларыңның жолы. Алла бұдан бұрын да, осы Құранда да Алла елшісінің сендерге (яғни, діндеріңе қаншалықты берік екендіктеріңе) куә болуы және өздерің де күллі адамзатқа куә болуларың үшін сендерді мұсылмандар деп атады. Ендеше, намазды кемеліне жеткізе, үзбей һәм уақытылы оқыңдар, зекетті толық беріңдер және Аллаға (дініне) жабысып, ажырамаңдар. Ол сендердің иелерің. Ол қандай керемет ие, қандай керемет жәрдем беруші!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.