ٱقْتَرَبَ لِلنَّاسِ حِسَابُهُمْ وَهُمْ فِي غَفْلَةࣲ مُّعْرِضُونَ
Адамдардың есеп беретін күні таяды. Алайда олар сонда да ақиқаттан сырт айналған күйі ғапылдықта жүр.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱقْتَرَبَ لِلنَّاسِ حِسَابُهُمْ وَهُمْ فِي غَفْلَةࣲ مُّعْرِضُونَ
Адамдардың есеп беретін күні таяды. Алайда олар сонда да ақиқаттан сырт айналған күйі ғапылдықта жүр.
مَا يَأْتِيهِم مِّن ذِكْرࣲ مِّن رَّبِّهِم مُّحْدَثٍ إِلَّا ٱسْتَمَعُوهُ وَهُمْ يَلْعَبُونَ
Оларға қай кезде болмасын, Раббыларынан жаңа тағылым, нұсқау, яки ескерту келсе, оны мазаққа айналдырып, күле тыңдайды.
لَاهِيَةࣰ قُلُوبُهُمْۗ وَأَسَرُّوا۟ ٱلنَّجْوَى ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ هَلْ هَٰذَآ إِلَّا بَشَرࣱ مِّثْلُكُمْۖ أَفَتَأْتُونَ ٱلسِّحْرَ وَأَنتُمْ تُبْصِرُونَ
Олардың жүректері де ойын-күлкіге құмар. Сонымен қатар (Аллаға серік қосып ең үлкен зұлымдыққа барған) залымдар: «Бұл да өздерің сияқты адам баласы емес пе? Олай болса, қалай ғана көріп тұрып, сиқырға ересіңдер?» – деп құпия түрде өзара күбірлеседі.
قَالَ رَبِّي يَعْلَمُ ٱلْقَوْلَ فِي ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِۖ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ
(Ардақты расулымыз): «Раббым көк пен жерде айтылған сөздің бәрін біліп тұрады. Ол – Сәмиғ (бәрін естуші) һәм Алим (бәрін білуші)», – деп айтты.
بَلْ قَالُوٓا۟ أَضْغَٰثُ أَحْلَٰمِۭ بَلِ ٱفْتَرَىٰهُ بَلْ هُوَ شَاعِرࣱ فَلْيَأْتِنَا بِـَٔايَةࣲ كَمَآ أُرْسِلَ ٱلْأَوَّلُونَ
(Мүшріктер Құранға қатысты нақты не айтарын білмей, бастары қатып): «Жоқ, (бұл сиқыр емес) бұл не де болса шым-шытырық түстердің шырғалаңы. Жоқ, олай емес, ол оны өз ойынан шығарды. Жо-жоқ, бәлкім, ол шайыр шығар. Егер ол, шынымен, пайғамбар болса, бұрын-соңды жіберілген пайғамбарлар сияқты ол да бізге бір мұғжиза көрсетсін», – десті.
مَآ ءَامَنَتْ قَبْلَهُم مِّن قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَٰهَآۖ أَفَهُمْ يُؤْمِنُونَ
Алайда олардан бұрын Біздің қолымыздан зауал тапқан бірде-бір ауыл (өзіне келген пайғамбар қанша жерден мұғжиза көрсетсе де) иман етпеген еді. Енді бұлар иман келтіреді ғой деймісің?
وَمَآ أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ إِلَّا رِجَالࣰا نُّوحِيٓ إِلَيْهِمْۖ فَسْـَٔلُوٓا۟ أَهْلَ ٱلذِّكْرِ إِن كُنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
(Уа, Мұхаммед! Ол мүшріктердің сенің пайғамбарлығыңды қарапайым пенде болғаның үшін қабылдамауы қисынсыз әрі негізсіз). Сенен бұрын жіберген елшілеріміз де тек (өзің сияқты) Біз уахи беріп отырған ер кісілер болатын. (Ей, кәпірлер һәм басқа да адамдар,) егер (бұл ақиқатты) өздерің білмесеңдер, (уахиге сүйенген иләһи ілімнен сусындаған) шынайы ілім иелерінен сұраңдар!
وَمَا جَعَلْنَٰهُمْ جَسَدࣰا لَّا يَأْكُلُونَ ٱلطَّعَامَ وَمَا كَانُوا۟ خَٰلِدِينَ
Біз ол пайғамбарлардың тәнін ас-ауқатты қажет етпейтін тән қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгілік те емес.
ثُمَّ صَدَقْنَٰهُمُ ٱلْوَعْدَ فَأَنجَيْنَٰهُمْ وَمَن نَّشَآءُ وَأَهْلَكْنَا ٱلْمُسْرِفِينَ
Содан кейін оларға (пайғамбарларға) берген уәдемізді орындадық. Сөйтіп, оларды һәм олармен бірге болған әрі Өзіміз аман қалуын қалаған мүмін құлдарымызды жойқын азаптан құтқардық та күпірлік қылуда һәм күнә істеуде шектен шыққандардың көзін жойдық.
لَقَدْ أَنزَلْنَآ إِلَيْكُمْ كِتَٰبࣰا فِيهِ ذِكْرُكُمْۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
(Уа, Құрайыш қауымы һәм күллі адамзат!) Міне, сендерге (екі дүниеде де шынайы бақытқа жеткізетін) барлық қажетті қағидаларды қамтыған һәм атақ-абыройларың да соның ішінде болған Кітап түсірдік. Сонда да ақылға салып, ойланбайсыңдар ма?
وَكَمْ قَصَمْنَا مِن قَرْيَةࣲ كَانَتْ ظَالِمَةࣰ وَأَنشَأْنَا بَعْدَهَا قَوْمًا ءَاخَرِينَ
Біз халқы (Аллаға күпірлік қылып) залым болған қаншама ауылдың тас-талқанын шығарып, олардан кейін басқа қауымдарды жараттық.
فَلَمَّآ أَحَسُّوا۟ بَأْسَنَآ إِذَا هُم مِّنْهَا يَرْكُضُونَ
Олар жойқын азабымыздың бастарына төніп келе жатқанын сезер-сезбестен, ат-көліктеріне міне салып, мекендерін тастап, тұра қашты.
لَا تَرْكُضُوا۟ وَٱرْجِعُوٓا۟ إِلَىٰ مَآ أُتْرِفْتُمْ فِيهِ وَمَسَٰكِنِكُمْ لَعَلَّكُمْ تُسْـَٔلُونَ
Сонда періштелер: «Жо-жоқ, қашпаңдар! Өздеріңді рақатқа батырып, тайраңдатып қойған сән-салтанатқа қайтыңдар! Үй-жайларыңа қайтыңдар, бәлкім біреу-міреу сендерден ақыл-кеңес немесе бір нәрсе сұрай келер!» – деп оларды мазақ қылады.
قَالُوا۟ يَٰوَيْلَنَآ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Сол кезде олар: «Ойбай-ау! Біз өз-өзімізге қиянат жасаппыз, шүбәсіз, залым екенбіз», – деп аһ ұрады.
فَمَا زَالَت تِّلْكَ دَعْوَىٰهُمْ حَتَّىٰ جَعَلْنَٰهُمْ حَصِيدًا خَٰمِدِينَ
Олардың бұл ойбайы өздерін орылған егіндей жусатып, шоғы сөнген күлге айналдырғанымызда бірақ басылды.
وَمَا خَلَقْنَا ٱلسَّمَآءَ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا لَٰعِبِينَ
Біз көк пен жерді және екеуінің арасындағыларды ермек (ойын-күлкі) үшін жаратпадық.
لَوْ أَرَدْنَآ أَن نَّتَّخِذَ لَهْوࣰا لَّٱتَّخَذْنَٰهُ مِن لَّدُنَّآ إِن كُنَّا فَٰعِلِينَ
Егер ермек (ойын-күлкі) іздесек, (сендерді де, басқаны да жаратпай-ақ) оны Өз дәргейімізден-ақ тауып алар едік. Егер шынымен істейтін (қолға алар) болсақ, солай істер едік.
بَلْ نَقْذِفُ بِٱلْحَقِّ عَلَى ٱلْبَٰطِلِ فَيَدْمَغُهُۥ فَإِذَا هُوَ زَاهِقࣱۚ وَلَكُمُ ٱلْوَيْلُ مِمَّا تَصِفُونَ
Керісінше, Біз (тек ақиқатқа жақ болып, сол) ақиқатпен жалғанның тас төбесінен ұрамыз, сөйтіп ақиқат оның миын аузына түсіреді де, жалған бірден зауал табады. Сендердің (Алла, жаратылыс, өмір, адам және жалпы болмыс жайлы) ақиқаттан ауытқып кеткен түкке тұрғысыз ойларың және Алланы сипаттап айтқан сөздерің үшін жағдайларың қандай өкінішті.
وَلَهُۥ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ وَمَنْ عِندَهُۥ لَا يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِهِۦ وَلَا يَسْتَحْسِرُونَ
Көктер мен жердегінің барлығы Аллаға тән. Сондай-ақ Оның құзырындағылар (періштелер) Оған құлшылық қылуды ар көріп, тәкаппарланбайды және құлшылық етуден еш жалықпайды.
يُسَبِّحُونَ ٱلَّيْلَ وَٱلنَّهَارَ لَا يَفْتُرُونَ
Олар күндіз-түні еш жалықпастан Алланы (кемшілік атаулыдан, жын мен адамның Өзіңе теліген лайықсыз сипаттарынан пәксің, адасың деп) үздіксіз ұлықтаумен болады.
أَمِ ٱتَّخَذُوٓا۟ ءَالِهَةࣰ مِّنَ ٱلْأَرْضِ هُمْ يُنشِرُونَ
Әлде мүшріктер көктен үмітін үзіп, жер бетінен өлілерді қайтадан тірілтетін бірқатар құдай тауып алды ма?
لَوْ كَانَ فِيهِمَآ ءَالِهَةٌ إِلَّا ٱللَّهُ لَفَسَدَتَاۚ فَسُبْحَٰنَ ٱللَّهِ رَبِّ ٱلْعَرْشِ عَمَّا يَصِفُونَ
Егер де жер мен көкте Алладан басқа да құдайлар болғанда, шүбәсіз, ондағы тепе-теңдік пен жүйе бұзылып, астаң-кестеңі шығар еді. Әйтсе де (күллі жаратылыс атаулыны меңгеріп тұрған) Арштың Раббысы Алла мүшріктердің Өзіне теліп жүрген сипаттарынан мүлдем ада.
لَا يُسْـَٔلُ عَمَّا يَفْعَلُ وَهُمْ يُسْـَٔلُونَ
Ол істеген істері үшін жауапқа тартылмайды. Ал мүшріктер тәңір тұтқан саналы жаратылыстардың барлығы істеген әрбір ісі үшін жауап береді. (Олай болса, олар қалай құдай болмақ?)
أَمِ ٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةࣰۖ قُلْ هَاتُوا۟ بُرْهَٰنَكُمْۖ هَٰذَا ذِكْرُ مَن مَّعِيَ وَذِكْرُ مَن قَبْلِيۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ ٱلْحَقَّۖ فَهُم مُّعْرِضُونَ
Демек олар Одан өзгелерді тәңір тұтты, солай ма? (Уа, Мұхаммед!) Ендеше оларға: «Олай болса, нақты дәлелдерің қане? Міне мынау менің жақтастарымның басшылыққа алған Кітабы, ал мыналар менен бұрынғылардың басшылыққа алған Кітаптары. (Бұлардың барлығында Алла жалғыз, Одан басқа құдай жоқ делінген)», – деп айт. Алайда олардың басым көпшілігі ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырата білмейтіндіктен ақиқаттан сырт айналуда.
وَمَآ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلَّا نُوحِيٓ إِلَيْهِ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱعْبُدُونِ
Біз сенен бұрын: «Менен басқа құдай жоқ, ендеше – маған ғана құлшылық етіңдер!» – деп, уахи етпестен бірде-бір елші- пайғамбар жіберген емеспіз.
وَقَالُوا۟ ٱتَّخَذَ ٱلرَّحْمَٰنُ وَلَدࣰاۗ سُبْحَٰنَهُۥۚ بَلْ عِبَادࣱ مُّكْرَمُونَ
Соған қарамастан базбіреулер: «Рахман (періштелерді немесе пәленшені) өзіне бала қылып алды!» – деп айтты. Жо-жоқ, Ол ондайдан ада. (Олардың Рахманның баласы деп жүргені) Алланың қадір тұтқан құлдары ғана.
لَا يَسْبِقُونَهُۥ بِٱلْقَوْلِ وَهُم بِأَمْرِهِۦ يَعْمَلُونَ
Олар тек Оның айтқандарын ғана қайталайды, Одан бұрын сөз бастамайды және бұйрығын ғана орындайды.
يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يَشْفَعُونَ إِلَّا لِمَنِ ٱرْتَضَىٰ وَهُم مِّنْ خَشْيَتِهِۦ مُشْفِقُونَ
Алла олардың не істеп, не қойғанын, не істеп жүргенін және келешекте не істейтінін жақсы біледі. Олар Алла разы болған жандарға ғана шапағат етіп, солардың ғана тілеуін тілейді. Олардың Раббыларына деген тағзымы мен сый-құрметі соншалық, Одан үнемі именіп, қорқып тұрады.
۞وَمَن يَقُلْ مِنْهُمْ إِنِّيٓ إِلَٰهࣱ مِّن دُونِهِۦ فَذَٰلِكَ نَجْزِيهِ جَهَنَّمَۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلظَّٰلِمِينَ
Егер олардың арасынан біреу шығып: «Мен де Алладан бөлек өз алдыма бір құдаймын», – десе, оған берер жазамыз жаһаннам болмақ. Біз (шамасына қарамай шектен шыққан) залымдарды, міне, осылай жазалаймыз.
أَوَلَمْ يَرَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَنَّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ كَانَتَا رَتْقࣰا فَفَتَقْنَٰهُمَاۖ وَجَعَلْنَا مِنَ ٱلْمَآءِ كُلَّ شَيْءٍ حَيٍّۚ أَفَلَا يُؤْمِنُونَ
Кезінде көктер мен жер тұтасқан бір бүтін еді, Біз ол екеуін бір-бірінен ажыраттық, күпірлік қылғандар соны көрмей ме? Сондай-ақ тіршілік иелерінің барлығын судан жараттық. Олар сонда әлі де иман келтірмей ме?
وَجَعَلْنَا فِي ٱلْأَرْضِ رَوَٰسِيَ أَن تَمِيدَ بِهِمْ وَجَعَلْنَا فِيهَا فِجَاجࣰا سُبُلࣰا لَّعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ
Жер айналғанда, адамдарды шайқамасын деп, онда берік қазықтар (тауларды) орнаттық. Діттеген жерлеріне адаспай жетсін деп, олар үшін кең жолдар мен өткелдер жараттық.
وَجَعَلْنَا ٱلسَّمَآءَ سَقْفࣰا مَّحْفُوظࣰاۖ وَهُمْ عَنْ ءَايَٰتِهَا مُعْرِضُونَ
Аспанды (шайтандардан һәм құлаудан) қорғалған (сақтандырылған) берік күмбез қылдық. Алайда кәпірлер ондағы (Менің бар екенімді, құдіреті күшті жалғыз билеуші екенімді көрсететін) мұншама дәлелдерді көргілері келмейді, әлі де сырт айналады.
وَهُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلَّيْلَ وَٱلنَّهَارَ وَٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَۖ كُلࣱّ فِي فَلَكࣲ يَسْبَحُونَ
Түн мен күндізді, күн мен айды жаратқан бір Өзі. (Күн мен ай секілді аспан денелерінің) әрқайсысы өз бағытымен жүзіп жүр.
وَمَا جَعَلْنَا لِبَشَرࣲ مِّن قَبْلِكَ ٱلْخُلْدَۖ أَفَإِي۟ن مِّتَّ فَهُمُ ٱلْخَٰلِدُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Біз сенен бұрын бірде-бір адам баласына мәңгілік өмір берген емеспіз. Сонда сен өлсең, (сенің өліміңді тілеп жүрген) кәпірлер мәңгі-бақи тірі қала ма?
كُلُّ نَفْسࣲ ذَآئِقَةُ ٱلْمَوْتِۗ وَنَبْلُوكُم بِٱلشَّرِّ وَٱلْخَيْرِ فِتْنَةࣰۖ وَإِلَيْنَا تُرْجَعُونَ
Жан біткеннің бәрі өлімнің дәмін әйтеуір бір татады. Біз сендерді (бұл дүниеде) жамандықпен де, жақсылықпен де сынаймыз. Соңында барлығың да құзырымызға келтірілесіңдер.
وَإِذَا رَءَاكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِن يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا ٱلَّذِي يَذْكُرُ ءَالِهَتَكُمْ وَهُم بِذِكْرِ ٱلرَّحْمَٰنِ هُمْ كَٰفِرُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Әлгі күпірлікте қасарысқан қасарыспа кәпірлер сені көргенде, өздерінше мазақ қылады әрі (жалған құдайлары жайлы жағымсыз сөз айтылғанын қаламайтындықтарын көрсетіп): «Құдайларыңа тіл тигізіп жүрген осы ма?» – дейді. Алайда (өздерін рақымына бөлеп, ризық-несібелерін беретін) Рахманның еске алынуын қаламайды әрі Оның Кітабын мойындамайды.
خُلِقَ ٱلْإِنسَٰنُ مِنْ عَجَلࣲۚ سَأُو۟رِيكُمْ ءَايَٰتِي فَلَا تَسْتَعْجِلُونِ
Негізінен адам баласы сабырсыз болып жаралған. (Сондықтан да кәпірлер: «Бізді қорқытқан азабың қане?» – деп пайғамбарды мазақ қылады). Олай болса, асықпай-ақ қойыңдар, сендерге азабымды жақында көрсетемін.
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلْوَعْدُ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ
Алайда олар сонда да: «Бұл азаптың уәделі уақыты қашан? Егер айтқандарың рас, өздерің шыншыл болсаңдар, (көрсететін азаптарың, қане?!)», – деуден жалықпайды.
لَوْ يَعْلَمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ حِينَ لَا يَكُفُّونَ عَن وُجُوهِهِمُ ٱلنَّارَ وَلَا عَن ظُهُورِهِمْ وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ
Күпірлікте қасарысқан сол кәпірлер (қанша жерден жанталасса да) жүздері мен арқаларын шалған тозақ отын қайтара алмайтын, сондай-ақ өздеріне ешқандай жәрдем берілмейтін сол бір сәтті білсе ғой, шіркін!
بَلْ تَأْتِيهِم بَغْتَةࣰ فَتَبْهَتُهُمْ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ رَدَّهَا وَلَا هُمْ يُنظَرُونَ
Азабымыздың күтпеген жерден келіп, оларды састыратыны соншалық, тұрған жерлерінде сілейеді де қалады. Сөйтіп, олар оның бетін қайтара да алмайды әрі өздеріне одан қашып құтылу үшін мұрсат та берілмейді.
وَلَقَدِ ٱسْتُهْزِئَ بِرُسُلࣲ مِّن قَبْلِكَ فَحَاقَ بِٱلَّذِينَ سَخِرُوا۟ مِنْهُم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Шүбәсіз, сенен бұрын да қаншама пайғамбар тәлкекке ұшырады. Алайда ол кәпірлер мазаққа айналдырған азап олардың өздеріне жан-жақтан құрсау салып, көздерін жойып жіберді.
قُلْ مَن يَكْلَؤُكُم بِٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ مِنَ ٱلرَّحْمَٰنِۚ بَلْ هُمْ عَن ذِكْرِ رَبِّهِم مُّعْرِضُونَ
Оларға: «Егер сендерге түнде немесе күндіз азап жіберемін десе, сендерді ол Рахманнан кім қорғап қала алады?» – деп айт. Олар осынау ақиқатты түсініп, хақ дінге бет бұрудың орнына Раббыларының Кітабынан сырт айналуда.
أَمْ لَهُمْ ءَالِهَةࣱ تَمْنَعُهُم مِّن دُونِنَاۚ لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَ أَنفُسِهِمْ وَلَا هُم مِّنَّا يُصْحَبُونَ
Жоқ, әлде олардың Бізден басқа өздерін қорғап, қолдайтын құдайлары бар ма? Анығында, олардың тәңір тұтқан құдайлары өз қара бастарына да жәрдем бере алмайды, сондай-ақ олар Бізден де ешқандай достық пейіл көрмейді.
بَلْ مَتَّعْنَا هَٰٓؤُلَآءِ وَءَابَآءَهُمْ حَتَّىٰ طَالَ عَلَيْهِمُ ٱلْعُمُرُۗ أَفَلَا يَرَوْنَ أَنَّا نَأْتِي ٱلْأَرْضَ نَنقُصُهَا مِنْ أَطْرَافِهَآۚ أَفَهُمُ ٱلْغَٰلِبُونَ
Анығында, Біз ол мүшріктерге де, ата-бабаларына да ризық-несібе беріп, өмірдің қызығын көрсеттік, олар ешқандай бәле-жалаға ұшырамай ұзақ жылдар бойы бейбіт өмір сүрді. (Анығында, олар соған алданып отыр). Сонда ол кәпірлер Біздің (ілімімізді, қалауымызды және құдіретімізді жерге бағыттап) жерді жан-жағынан бірте-бірте қусырып келе жатқанымызды (яғни, хақ дін исламның күн санап күшейіп жер бетіне бірте-бірте жайылып, күш алып келе жатқанын һәм өз жерлерінің кеміп бара жатқанын) көрмей ме? Ендеше, олар қалайша үстем болмақ?!
قُلْ إِنَّمَآ أُنذِرُكُم بِٱلْوَحْيِۚ وَلَا يَسْمَعُ ٱلصُّمُّ ٱلدُّعَآءَ إِذَا مَا يُنذَرُونَ
(Уа, Мұхаммед), оларға: «Мен сендерді (өзіме келген) уахи арқылы ғана, яғни, сол уахиге сүйене отырып қана ескертемін. Алайда саңыраулар өздеріне ескерту жасалғанда, айтылған сөзді естімейді. (Сондықтан олар бұл ескертулерге қалай құлақ ассын?).
وَلَئِن مَّسَّتْهُمْ نَفْحَةࣱ مِّنْ عَذَابِ رَبِّكَ لَيَقُولُنَّ يَٰوَيْلَنَآ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Ал егер оларға Раббыңның азабының азғантай лебі тисе: «Ойбай, құрыдық! Өзімізге де обал жоқ! Біз, шынында да, залым болған екенбіз», – деп аһ ұрады.
وَنَضَعُ ٱلْمَوَٰزِينَ ٱلْقِسْطَ لِيَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ فَلَا تُظْلَمُ نَفْسࣱ شَيْـࣰٔاۖ وَإِن كَانَ مِثْقَالَ حَبَّةࣲ مِّنْ خَرْدَلٍ أَتَيْنَا بِهَاۗ وَكَفَىٰ بِنَا حَٰسِبِينَ
Қиямет күні сол күнге тән дәл тартатын әділет таразыларын құрамыз да, адамдардың дүниедегі істерін түгелдей тартамыз. Ол күні ешбір жанға титтей де әділетсіздік жасалмайды. Істелген (жақсы-жаман) іс қышаның дәнегіндей мысқалдай болса-дағы оны таразыға тартамыз. Біз жауапқа тартушылар ретінде жеткіліктіміз (Яғни, Біздің жауапқа тартқанымыз әбден жеткілікті болады).
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ ٱلْفُرْقَانَ وَضِيَآءࣰ وَذِكْرࣰا لِّلْمُتَّقِينَ
Шүбәсіз, Біз Мұса мен Һарунға (ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын кітап) Фурқанды бердік, сөйтіп, оны Алланың алдында асы болудан қорыққан тақуа жандар үшін нұр шашқан шуақ һәм насихат қылдық.
ٱلَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُم بِٱلْغَيْبِ وَهُم مِّنَ ٱلسَّاعَةِ مُشْفِقُونَ
Өйткені олар көзбен көрмесе де Раббыларынан шын именіп, шынайы түрде тағзым етеді. Сондай-ақ олар Қияметтен де қатты қорқады.
وَهَٰذَا ذِكْرࣱ مُّبَارَكٌ أَنزَلْنَٰهُۚ أَفَأَنتُمْ لَهُۥ مُنكِرُونَ
Міне, осынау Құран да Біз түсірген құтты да, мүбәрак кітап. Солай бола тұра сендер оны мойындамайсыңдар ма?!
۞وَلَقَدْ ءَاتَيْنَآ إِبْرَٰهِيمَ رُشْدَهُۥ مِن قَبْلُ وَكُنَّا بِهِۦ عَٰلِمِينَ
Ант етеміз! Біз (Мұса мен Һаруннан) бұрын Ибраһимге де ақиқатты білдіріп, һидаят пен ақыл-парасат бердік. Біз оны қай жағынан болмасын жақсы білетін, өте жақсы танитын едік.
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِۦ مَا هَٰذِهِ ٱلتَّمَاثِيلُ ٱلَّتِيٓ أَنتُمْ لَهَا عَٰكِفُونَ
Бірде ол әкесі мен қауымына: «Сендердің сонша тағзым етіп, тынбай табынып жүрген мына мүсіндерің не өзі?» – деп сұраған еді.
قَالُوا۟ وَجَدْنَآ ءَابَآءَنَا لَهَا عَٰبِدِينَ
Сонда олар: «Біз ата-бабаларымыздың да оларға табынғанын көрдік», – деп жауап берді.
قَالَ لَقَدْ كُنتُمْ أَنتُمْ وَءَابَآؤُكُمْ فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينࣲ
Сол кезде Ибраһим оларға: «Ант етемін! Сендер де, ата-бабаларың да анық адасуда екенсіңдер», – деді.
قَالُوٓا۟ أَجِئْتَنَا بِٱلْحَقِّ أَمْ أَنتَ مِنَ ٱللَّٰعِبِينَ
Қауымы оған: «Сен өзі шын айтып тұрсың ба, жоқ, әлде қалжыңдап тұрсың ба?» – деді.
قَالَ بَل رَّبُّكُمْ رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ٱلَّذِي فَطَرَهُنَّ وَأَنَا۠ عَلَىٰ ذَٰلِكُم مِّنَ ٱلشَّٰهِدِينَ
Ибраһим оларға: «Қалжыңы несі?! Шүбәсіз, сендердің Раббыларың көктер мен жерді жоқтан жаратқан һәм мінсіз жүйеге салушы. Мен осынау ақиқатқа куәлік етушілердің бірімін», – деді де,
وَتَٱللَّهِ لَأَكِيدَنَّ أَصْنَٰمَكُم بَعْدَ أَن تُوَلُّوا۟ مُدْبِرِينَ
Ішінен: «Аллаға ант етемін! Бәрің кеткеннен кейін бір айласын тауып пұттарыңа әлі-ақ көресіні көрсетемін», – деді.
فَجَعَلَهُمْ جُذَٰذًا إِلَّا كَبِيرࣰا لَّهُمْ لَعَلَّهُمْ إِلَيْهِ يَرْجِعُونَ
Сөйтіп, Ибраһим пұттардың күл-талқанын шығарды. Тек өздері қайтып келгеннен кейін болған істің мән-жайын содан сұрап білсін деп, қауымының ең үлкен пұтына тимеді.
قَالُوا۟ مَن فَعَلَ هَٰذَا بِـَٔالِهَتِنَآ إِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ
Қауымы қайтып келгенде, қирап жатқан пұттарды көріп: «Құдайларымызды мұншама талқандауға кімнің дәті барды екен?! Кім де болса, мынауы барып тұрған зұлым екен», – деп шала бүлінді.
قَالُوا۟ سَمِعْنَا فَتࣰى يَذْكُرُهُمْ يُقَالُ لَهُۥٓ إِبْرَٰهِيمُ
Базбіреулері: «Айтпақшы, Ибраһим деген бір жас жігіттің оларға тіл тигізіп жүргенін естіген едік», – деді.
قَالُوا۟ فَأْتُوا۟ بِهِۦ عَلَىٰٓ أَعْيُنِ ٱلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَشْهَدُونَ
Сонда қауымының шонжарлары: «Олай болса, оны жұрттың алдына әкеліңдер! Бәлкім, (көпшіліктің алдында кінәсін мойындар, сөйтіп) ел-жұрт оған куә болар», – десті.
قَالُوٓا۟ ءَأَنتَ فَعَلْتَ هَٰذَا بِـَٔالِهَتِنَا يَٰٓإِبْرَٰهِيمُ
Содан олар: «Уа, Ибраһим, құдайларымызға қарсы мына сұмдықты сен істедің бе?» – деп сұрады.
قَالَ بَلْ فَعَلَهُۥ كَبِيرُهُمْ هَٰذَا فَسْـَٔلُوهُمْ إِن كَانُوا۟ يَنطِقُونَ
Ибраһим оларға: «Кім біледі, бәлкім, мына үлкендері («бұлар мен тұрғанда кішкене пұттарға неге табынады» деп ашуланғаннан) солай істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, солардың өздерінен сұрасаңдаршы», – деді.
فَرَجَعُوٓا۟ إِلَىٰٓ أَنفُسِهِمْ فَقَالُوٓا۟ إِنَّكُمْ أَنتُمُ ٱلظَّٰلِمُونَ
Сол кезде олар бір сәт өз-өзіне келіп, жүрегі мен ар-ожданына үңіліп, іштерінен: «Иә, (меңіреу пұттардан не сұрайсың, ендеше ең үлкен қателікті, ақымақтықты істеген) нағыз залым мына бізбіз», – десті.
ثُمَّ نُكِسُوا۟ عَلَىٰ رُءُوسِهِمْ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا هَٰٓؤُلَآءِ يَنطِقُونَ
Алайда көп ұзамай қайтадан бұрынғы таз қалпына түсіп, тәкаппар кейіптерін тауып, (өздерін бір сәтке болса да ойландырып тастаған) Ибраһимге: «Олардың сөйлей алмайтынын өзің де жақсы білесің ғой», – деп зекіді.
قَالَ أَفَتَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُكُمْ شَيْـࣰٔا وَلَا يَضُرُّكُمْ
Ибраһим оларға: «Сонда сендер Алланы былай қойып, өздеріңе титтей де пайдасы тимейтін және ешқандай зиян да келтіре алмайтын (меңіреу) нәрселерге табынасыңдар ма?!»
أُفࣲّ لَّكُمْ وَلِمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
«Масқара! Сендерге де, Алладан басқа табынған нәрселеріңе де! Сәл де болса ақылға салып, ойланбайсыңдар ма?!» – деді.
قَالُوا۟ حَرِّقُوهُ وَٱنصُرُوٓا۟ ءَالِهَتَكُمْ إِن كُنتُمْ فَٰعِلِينَ
Сол кезде мүшріктер өзара: «Егер (нақты іске көшіп, мынаған қарсы) шара қолданамыз десеңдер, оны отқа тастаңдар. Сөйтіп, құдайларыңа қолдау көрсетіңдер», – десіп, Ибраһимді өлім жазасына кесті.
قُلْنَا يَٰنَارُ كُونِي بَرْدࣰا وَسَلَٰمًا عَلَىٰٓ إِبْرَٰهِيمَ
Сонда Біз отқа: «Уа, от, Ибраһим үшін салқын һәм қауіпсіз (залалсыз) бол!» – деп бұйырдық.
وَأَرَادُوا۟ بِهِۦ كَيْدࣰا فَجَعَلْنَٰهُمُ ٱلْأَخْسَرِينَ
Олар, осылайша, Ибраһимге тұзақ құрғысы келді. Алайда Біз олардың өздерін зиянға ұшыраттық (сөйтіп, тұзаққа өздері түсіп қалды).
وَنَجَّيْنَٰهُ وَلُوطًا إِلَى ٱلْأَرْضِ ٱلَّتِي بَٰرَكْنَا فِيهَا لِلْعَٰلَمِينَ
Содан оны мен (оған иман келтірген) Лутты кәпірлердің қолынан құтқарып, күллі адамзат үшін құтты да мүбәрак қылған жерімізге (Шамға) жеткіздік.
وَوَهَبْنَا لَهُۥٓ إِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَ نَافِلَةࣰۖ وَكُلࣰّا جَعَلْنَا صَٰلِحِينَ
Сондай-ақ оған (қартайған шағында) Исхақты және оған қоса (немересі) Яқубты сыйладық. Барлығын үнемі игі істер істейтін ізгі жандар қылдық.
وَجَعَلْنَٰهُمْ أَئِمَّةࣰ يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا وَأَوْحَيْنَآ إِلَيْهِمْ فِعْلَ ٱلْخَيْرَٰتِ وَإِقَامَ ٱلصَّلَوٰةِ وَإِيتَآءَ ٱلزَّكَوٰةِۖ وَكَانُوا۟ لَنَا عَٰبِدِينَ
Оларды әміріміз бойынша адамдарға тура жолды нұсқайтын жолбасшы көсем қылдық. Сөйтіп, оларға қайырлы да игі істер істеуді (жақсылық жасауды), намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқуды, зекет беруді уахи еттік. Олар Бізге жан-тәнімен құлшылық ететін жандар еді.
وَلُوطًا ءَاتَيْنَٰهُ حُكْمࣰا وَعِلْمࣰا وَنَجَّيْنَٰهُ مِنَ ٱلْقَرْيَةِ ٱلَّتِي كَانَت تَّعْمَلُ ٱلْخَبَٰٓئِثَۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ قَوْمَ سَوْءࣲ فَٰسِقِينَ
Лутты да (сондай жолбасшы көсем қылдық) әрі оған әр істе дұрыс шешім қабылдай алатын және ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырата алатын қабілет, даналық және ілім бердік. Сондай-ақ оны жиіркенішті істер істейтін ауыл халқынан құтқардық. Шүбәсіз, олар жамандық атаулыға сондай үйір, құдайдан безген қауым еді.
وَأَدْخَلْنَٰهُ فِي رَحْمَتِنَآۖ إِنَّهُۥ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Сөйтіп, оны рақымымызға бөледік. Шынында, ол әрдайым игі істер істейтін ізгі жандардың бірі һәм бірегейі еді.
وَنُوحًا إِذْ نَادَىٰ مِن قَبْلُ فَٱسْتَجَبْنَا لَهُۥ فَنَجَّيْنَٰهُ وَأَهْلَهُۥ مِنَ ٱلْكَرْبِ ٱلْعَظِيمِ
Нұхты да сондай жолбасшы көсем қылдық. Ол (Ибраһим мен Луттан да) бұрын өмір сүрген һәм Бізге дұға етіп жалбарынған еді. Біз де өз кезегімізде оның дұғасын қабыл алып, оны әрі отбасы мен қауымынан иман келтіргендерді алапат апаттан құтқарған едік.
وَنَصَرْنَٰهُ مِنَ ٱلْقَوْمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَآۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ قَوْمَ سَوْءࣲ فَأَغْرَقْنَٰهُمْ أَجْمَعِينَ
Сөйтіп, аяттарымызды мойындамаған қауымға қарсы оған қолдау көрсеттік. Олар, шынымен де, жамандық атаулыға үйір қауым еді. Сол үшін олардың барлығын суға батырдық.
وَدَاوُۥدَ وَسُلَيْمَٰنَ إِذْ يَحْكُمَانِ فِي ٱلْحَرْثِ إِذْ نَفَشَتْ فِيهِ غَنَمُ ٱلْقَوْمِ وَكُنَّا لِحُكْمِهِمْ شَٰهِدِينَ
Дәуіт пен Сүлеймен де жолбасшы көсемдер еді. (Есіңде ме,) кезінде екеуі түн ішінде бір қауымның бір отар қойы жайылып талқандап кеткен егінге қатысты үкім айтқан еді. Сонда Біз ол екеуінің шығарған үкіміне куә болдық.
فَفَهَّمْنَٰهَا سُلَيْمَٰنَۚ وَكُلًّا ءَاتَيْنَا حُكْمࣰا وَعِلْمࣰاۚ وَسَخَّرْنَا مَعَ دَاوُۥدَ ٱلْجِبَالَ يُسَبِّحْنَ وَٱلطَّيْرَۚ وَكُنَّا فَٰعِلِينَ
Сөйтіп, аталмыш мәселеге қатысты ең дұрыс үкімді аян беру арқылы Сүлейменге білдірдік. Анығында, Біз екеуіне де дұрыс һәм орынды үкім шығара білу қабілетін, даналық және ілім бердік. Дәуітпен бірге Алланы ұлықтасын деп, таулар мен құстарды (оның көркем зікірі, әсем дауысы мен жаратылыс атаулыны тербелткен дауыс ырғағына тәнті қылып) оған бағынышты етіп қойдық. (Сөйтіп, олар да Дәуітке қосылып, зікір айтып, Алланы ұлықтайтын еді). Міне, осының бәрін Біз істедік.
وَعَلَّمْنَٰهُ صَنْعَةَ لَبُوسࣲ لَّكُمْ لِتُحْصِنَكُم مِّنۢ بَأْسِكُمْۖ فَهَلْ أَنتُمْ شَٰكِرُونَ
Сондай-ақ сендерді өз араларыңдағы сұрапыл соғыстың кесір-кесапатынан, қару соққысынан қорғауы үшін оған сауыт соғу өнерін үйреттік. Ендеше, (осынау нығметтерге) лайықты түрде шүкір етер ме екенсіңдер?!
وَلِسُلَيْمَٰنَ ٱلرِّيحَ عَاصِفَةࣰ تَجْرِي بِأَمْرِهِۦٓ إِلَى ٱلْأَرْضِ ٱلَّتِي بَٰرَكْنَا فِيهَاۚ وَكُنَّا بِكُلِّ شَيْءٍ عَٰلِمِينَ
Ал Сүлейменге күшті желді бағынышты қылдық. Күшті жел оның бұйрығымен Біз құт-береке дарытқан жерге (Шам өлкесіне) қарай соғатын (да оны сол жерге ұшырып алып барып, қайта алып келетін). Біз барлық нәрсенің мәнісін, қыр-сырын толық білеміз.
وَمِنَ ٱلشَّيَٰطِينِ مَن يَغُوصُونَ لَهُۥ وَيَعْمَلُونَ عَمَلࣰا دُونَ ذَٰلِكَۖ وَكُنَّا لَهُمْ حَٰفِظِينَ
Сондай-ақ оған теңізге сүңгіп, түбінен інжу-маржан теретін және одан басқа да жұмыстарды істейтін кейбір шайтандар мен жындарды бағынышты қылдық. Біз оларды Сүлейменнің әмірін екі етпейтіндей етіп жіті бақылап тұрдық.
۞وَأَيُّوبَ إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُۥٓ أَنِّي مَسَّنِيَ ٱلضُّرُّ وَأَنتَ أَرْحَمُ ٱلرَّٰحِمِينَ
Сонымен қатар, (қауымының көсемі, жолбасшысы болған) Әюубты да есіңе ал! Кезінде ол: «Уа, Раббым! Мына дерт маған ауыр тиді (әбден кесірін тигізді, Өзіңе құлшылық етуден де қалып барамын). Сен рақымдылардың ең рақымдысысың!» – деп жалбарынған еді.
فَٱسْتَجَبْنَا لَهُۥ فَكَشَفْنَا مَا بِهِۦ مِن ضُرࣲّۖ وَءَاتَيْنَٰهُ أَهْلَهُۥ وَمِثْلَهُم مَّعَهُمْ رَحْمَةࣰ مِّنْ عِندِنَا وَذِكْرَىٰ لِلْعَٰبِدِينَ
Біз де өз кезегімізде оның дұғасын қабыл алып, тарапымыздан рақым және Аллаға жан-тәнімен құлшылық ететін жандар үшін ғибрат болсын деп, оны дертінен құлан-таза айықтырдық. Сондай-ақ оған бұрынғы бала-шағасына қоса тағы да соншама бала-шаға нәсіп етіп басына бас қостық.
وَإِسْمَٰعِيلَ وَإِدْرِيسَ وَذَا ٱلْكِفْلِۖ كُلࣱّ مِّنَ ٱلصَّٰبِرِينَ
(Өз қауымын тура жолға бастаған көсемдерден) Исмайылды, Идристы және Зул-Кифлді де есіңе ал. Олардың барлығы да өте сабырлы жандар еді.
وَأَدْخَلْنَٰهُمْ فِي رَحْمَتِنَآۖ إِنَّهُم مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Олардың барлығын рақымымызға бөледік. Шынында, олар әрдайым игі істер істейтін ізгі жандар болатын.
وَذَا ٱلنُّونِ إِذ ذَّهَبَ مُغَٰضِبࣰا فَظَنَّ أَن لَّن نَّقْدِرَ عَلَيْهِ فَنَادَىٰ فِي ٱلظُّلُمَٰتِ أَن لَّآ إِلَٰهَ إِلَّآ أَنتَ سُبْحَٰنَكَ إِنِّي كُنتُ مِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ
(Сондай жолбасшы көсемдерден) Зун-Нунды (Юунус пайғамбарды) да есіңе ал. Ол кезінде (күпірліктен қайтпаған қауымына) ашуланып, қауымын тастап, кетіп қалған еді. Сөйтіп, ол (өзінің бұл ісін дұрыс деп санағандықтан) Бізді өзін қыспаққа алмас деп ойлады. Алайда ол кейін (қараңғы түнде, теңіздің түбінде һәм өзін жұтып қойған балықтың ішінде) қат-қабат зұлматтардың ішінде жатып: «Сенен басқа тәңір жоқ! Сен мінсізсің (жаратылысқа тән кемшілік атаулыдан, дәрменсіздіктен, мұқтаждықтан адасың)! Мен расында да, өз-өзіне қиянат жасаған залымдардың бірі болыппын!» – деп тәубе етіп, жалбарынған еді.
فَٱسْتَجَبْنَا لَهُۥ وَنَجَّيْنَٰهُ مِنَ ٱلْغَمِّۚ وَكَذَٰلِكَ نُـۨجِي ٱلْمُؤْمِنِينَ
Біз оның да дұғасын қабыл алып, еңсесін басқан қайғы-мұңнан айықтырып, қиын-қыстау жағдайдан құтқардық. Міне, Біз шынайы мүміндерді осылай құтқарамыз.
وَزَكَرِيَّآ إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُۥ رَبِّ لَا تَذَرْنِي فَرْدࣰا وَأَنتَ خَيْرُ ٱلْوَٰرِثِينَ
Зәкәрияны да есіңе ал. Есіңде болса ол: «Уа, Раббым! Мені мирасқорсыз қу бас етіп, жалғыз қалдыра көрме! (Өзіңнен басқаның бәрі пәни, бәрі өліп, өшкеннен кейін мәңгі-бақи қалатын бір Өзіңсің, сондықтан да) мұрагерлердің ең қайырлысы – Өзіңсің!» – деп жалбарынған еді.
فَٱسْتَجَبْنَا لَهُۥ وَوَهَبْنَا لَهُۥ يَحْيَىٰ وَأَصْلَحْنَا لَهُۥ زَوْجَهُۥٓۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ يُسَٰرِعُونَ فِي ٱلْخَيْرَٰتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَبࣰا وَرَهَبࣰاۖ وَكَانُوا۟ لَنَا خَٰشِعِينَ
Біз оның да дұғасын қабыл алдық және оған Яхияны сыйладық. Сол үшін жұбайын оған бала тауып бере алатындай жағдайға келтірдік. Расында, олар (Зәкәрия, жұбайы және ұлдары Яхия) жақсылық жасауда бір-бірімен асыға жарысатын, сондай-ақ (рақымымыздан) үміт еткен, әрі (қаһарымыздан) қорыққан күйде Бізге жалбарынатын. Олардың Бізге деген сый-құрметі мен мойынсұнуы, шынында да, ерекше еді.
وَٱلَّتِيٓ أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِيهَا مِن رُّوحِنَا وَجَعَلْنَٰهَا وَٱبْنَهَآ ءَايَةࣰ لِّلْعَٰلَمِينَ
Сондай-ақ пәктігі мен арын сақтай білген Мәриямды да есіңе алғын. Біз оған Рухымыздан үрледік. Сөйтіп, оның өзін де, ұлын да күллі әлемге ғибрат әрі (шексіз құдіретіміздің) айқын дәлелі қылдық.
إِنَّ هَٰذِهِۦٓ أُمَّتُكُمْ أُمَّةࣰ وَٰحِدَةࣰ وَأَنَا۠ رَبُّكُمْ فَٱعْبُدُونِ
Міне, (аталмыш пайғамбарлар, олардың соңынан ерген үмбеттері һәм сендер) барлығың сенімі ортақ бір үмбетсіңдер. Ал Мен (бәріңді жоқтан жаратқан, тіршілік сыйлаған, қолдап-қорғайтын және өздеріңді һәм күллі болмысты жалғыз басқарып тұрған) Раббыларыңмын! Ендеше, Маған ғана құлшылық етіңдер!
وَتَقَطَّعُوٓا۟ أَمْرَهُم بَيْنَهُمْۖ كُلٌّ إِلَيْنَا رَٰجِعُونَ
Бір өкініштісі, (пайғамбарлардан кейін) адамдар дін мәселесінде қырық пышақ болды да топ-топқа бөлініп, араларындағы береке-бірліктің шырқын бұзды. Бірақ олардың барлығы ақыр соңында Бізге қайтуда (әрі барлық істері үшін алдымызда жауап береді).
فَمَن يَعْمَلْ مِنَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَهُوَ مُؤْمِنࣱ فَلَا كُفْرَانَ لِسَعْيِهِۦ وَإِنَّا لَهُۥ كَٰتِبُونَ
Ендеше, кімде-кім мүмін бола отырып (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты, игі істер істесе, оның еңбегі жоққа шығарылмайды (яғни, еш кетіп, елеусіз қалмайды). Біз оның бар еңбегін өз есебіне жазып отырамыз.
وَحَرَٰمٌ عَلَىٰ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَٰهَآ أَنَّهُمْ لَا يَرْجِعُونَ
(Біз бір қауымға қатысты күпірлік пен күнә жасауда қасарысқаны үшін көзін жоямыз деген кесімді үкім шығарсақ, ол қауымның содан кейін иманға келуі мүмкін болмағанындай), Біз көзін жойған қауымның Бізге қайтпай қалуы да мүмкін емес. Сондай-ақ олардың (алдымызға келгеннен кейін тәубелеріне келіп, иман келтіріп, игі істер істеу үшін) дүниеге кері қайтарылуы да мүмкін емес.
حَتَّىٰٓ إِذَا فُتِحَتْ يَأْجُوجُ وَمَأْجُوجُ وَهُم مِّن كُلِّ حَدَبࣲ يَنسِلُونَ
Күндердің күнінде Яжүж бен Мәжүждің (алдына қойылған тосқауыл) ашылады да олар (лаң салып, дүниені ойрандау үшін) әр төбенің басынан селдей ағыла бастайды.
وَٱقْتَرَبَ ٱلْوَعْدُ ٱلْحَقُّ فَإِذَا هِيَ شَٰخِصَةٌ أَبْصَٰرُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يَٰوَيْلَنَا قَدْ كُنَّا فِي غَفْلَةࣲ مِّنْ هَٰذَا بَلْ كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Міне, хақ уағда орындалатын (яғни, қиямет-қайым орнайтын) уақыт таяды! Сол кезде өмір бойы күпірлікте қасарысқандардың көздері шарасынан шығып: «Ойбай, құрыдық! Өзімізге де обал жоқ! Расында, біз мұны (қияметті) мүлдем ескермей ғұмырымызды ғапылдықта өткізген екенбіз. Анығын айтқанда, біз өз-өзінің обалына қалған нағыз залым екенбіз», – деп аһ ұрады.
إِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ حَصَبُ جَهَنَّمَ أَنتُمْ لَهَا وَٰرِدُونَ
Мына сендер де, Алладан басқа табынған пұттарың да жаһаннамның отынысыңдар! Бәріңнің де баратын жерлерің сол!
لَوْ كَانَ هَٰٓؤُلَآءِ ءَالِهَةࣰ مَّا وَرَدُوهَاۖ وَكُلࣱّ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Егер олардың құлдық ұрып табынғандары шын құдай болса, жаһаннамға кірмес еді. Олардың барлығы онда мәңгі-бақи мекендейді.
لَهُمْ فِيهَا زَفِيرࣱ وَهُمْ فِيهَا لَا يَسْمَعُونَ
Олардың ондағы сыбағасы (жан төзгісіз азаптан) қатты ентігіп ыңырсу ғана, әрі олар (дүниеде Алланың аяттарына құлақ аспағандары үшін) онда (пайдаларына жарайтын) еш нәрсе естімейді.
إِنَّ ٱلَّذِينَ سَبَقَتْ لَهُم مِّنَّا ٱلْحُسْنَىٰٓ أُو۟لَٰٓئِكَ عَنْهَا مُبْعَدُونَ
Ал пешенелеріне (жұмақ, Алланың дидарын тамашалау және разылығына бөлену сынды) сый-сияпат пен уәденің ең жақсысын жазған құлдарымызға келсек, олар жаһаннамнан барынша аулақтатылады.
لَا يَسْمَعُونَ حَسِيسَهَاۖ وَهُمْ فِي مَا ٱشْتَهَتْ أَنفُسُهُمْ خَٰلِدُونَ
Олар, тіпті, жаһаннамның сыбдырын да естімейді. (Жұмақта) жандары құмартқан (көңілдері қалаған) нығметтердің ішінде мәңгі-бақи ғұмыр кешеді.
لَا يَحْزُنُهُمُ ٱلْفَزَعُ ٱلْأَكْبَرُ وَتَتَلَقَّىٰهُمُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ هَٰذَا يَوْمُكُمُ ٱلَّذِي كُنتُمْ تُوعَدُونَ
Ең үлкен қорқыныштың (яғни, Сурдың екінші рет үрленуінің) өзі оларды уайым-қайғыға салмайды. Періштелер оларды қошеметтеп қарсы алып: «Міне, сендерге уәде етілген күн – осы!» – деп сүйіншілейді.
يَوْمَ نَطْوِي ٱلسَّمَآءَ كَطَيِّ ٱلسِّجِلِّ لِلْكُتُبِۚ كَمَا بَدَأْنَآ أَوَّلَ خَلْقࣲ نُّعِيدُهُۥۚ وَعْدًا عَلَيْنَآۚ إِنَّا كُنَّا فَٰعِلِينَ
Күндердің күнінде жазу жазылған парақтардың шиыршықталып бүктелгеніндей аспанды бүктейміз (сонда оның һәм ондағы нәрселердің ізі де қалмайды). Жаратылыс атаулыны әу баста қалай (жоқтан) жаратқан болсақ, оларды (ақиреттегі мәңгілік өмір үшін) дәл солай қайтадан жаратамыз. Бұл Біздің мойнымызға алған уағдамыз. Біз уәдемізді міндетті түрде орындаймыз.
وَلَقَدْ كَتَبْنَا فِي ٱلزَّبُورِ مِنۢ بَعْدِ ٱلذِّكْرِ أَنَّ ٱلْأَرْضَ يَرِثُهَا عِبَادِيَ ٱلصَّٰلِحُونَ
Біз Тәураттан кейін Зәбурде де: «Жер бетіне (бір Аллаға иман келтіріп, игі істер істейтін) ізгі жандар мұрагер болады (яғни, қиямет-қайымнан және қияметтің орнауына себеп болатын құбылыстардан бұрын жер бетіне солар иелік етеді. Сондай-ақ ақиретте де жұмақтың жеріне солар мұрагер болады)», – деп жаздық.
إِنَّ فِي هَٰذَا لَبَلَٰغࣰا لِّقَوْمٍ عَٰبِدِينَ
Шүбәсіз, бұл Құранда Бізге жан-тәнімен құлшылық ететін мүмін қауым үшін жеткілікті насихат бар.
وَمَآ أَرْسَلْنَٰكَ إِلَّا رَحْمَةࣰ لِّلْعَٰلَمِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Біз сені күллі әлемге (күллі жаратылысқа) теңдесі жоқ рақым ретінде ғана жібердік.
قُلْ إِنَّمَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّ أَنَّمَآ إِلَٰهُكُمْ إِلَٰهࣱ وَٰحِدࣱۖ فَهَلْ أَنتُم مُّسْلِمُونَ
Ендеше: «Маған уахи етілген ең ұлы ақиқат: «Сендердің құдайларың тек жалғыз Құдай». Олай болса, Оған толық мойынсұнып, мұсылман болмайсыңдар ма?» – деп айт.
فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَقُلْ ءَاذَنتُكُمْ عَلَىٰ سَوَآءࣲۖ وَإِنْ أَدْرِيٓ أَقَرِيبٌ أَم بَعِيدࣱ مَّا تُوعَدُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Егер олар сонда да сырт айналып кететін болса, оларға: «Жеткізуім міндеттелген ақиқатты бәріңе тегіс айтып жеткіздім, бәріңді тегіс ескерттім. Алайда бастарыңа келеді деп өздеріңді қорқытқан қиямет (яғни, сендерге дүниеде берілетін жойқын жаза мен қиямет-қайым) жақын ба, жоқ, әлде алыс па? Оны білмеймін».
إِنَّهُۥ يَعْلَمُ ٱلْجَهْرَ مِنَ ٱلْقَوْلِ وَيَعْلَمُ مَا تَكْتُمُونَ
«Еш күмәндарың болмасын, Алла (хақ дінге қарсы) ашық айтылған сөзді де, іштеріңе бүккен сырларыңды (жат пиғылдарыңды) да толық біледі».
وَإِنْ أَدْرِي لَعَلَّهُۥ فِتْنَةࣱ لَّكُمْ وَمَتَٰعٌ إِلَىٰ حِينࣲ
«Қайдан білейін, бәлкім, сендерге берілген бұл уақыт (мұрсат) сынақ һәм жалған өмірдің қызығын көре тұрсын деп берілген мұрсат қана болар», – деп айт.
قَٰلَ رَبِّ ٱحْكُم بِٱلْحَقِّۗ وَرَبُّنَا ٱلرَّحْمَٰنُ ٱلْمُسْتَعَانُ عَلَىٰ مَا تَصِفُونَ
Сөйтіп, Алла елшісі соңында былай деді: «Уа, Раббым! (Мына кәпірлер мен менің арамда) әділ үкіміңді айта көр! Раббымыз – сендердің (маған һәм Құранға жапқан) орынсыз жалаларыңа қарсы Өзінен ғана медет тіленетін Рахман Алла».
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.