طه
Та-Һа.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
طه
Та-Һа.
مَآ أَنزَلْنَا عَلَيْكَ ٱلْقُرْءَانَ لِتَشْقَىٰٓ
(Уа, Мұхаммед!) Бұл Құранды саған (оны адамдарға жеткізу жолында) машақат көрсін деп түсірген жоқпыз.
إِلَّا تَذْكِرَةࣰ لِّمَن يَخْشَىٰ
Біз оны Алладан именетіндерге насихат һәм ескертпе ретінде ғана
تَنزِيلࣰا مِّمَّنْ خَلَقَ ٱلْأَرْضَ وَٱلسَّمَٰوَٰتِ ٱلْعُلَى
әрі жер мен асқақ аспан әлемін жаратқан Алладан бірте-бірте келген уахи ретінде түсірдік.
ٱلرَّحْمَٰنُ عَلَى ٱلْعَرْشِ ٱسْتَوَىٰ
Рахман Аршқа «истиуа» етті (яғни, Аршқа шексіз билігін жүргізді, Аршпен бірге күллі жаратылыс атаулыны толық меңгеріп, шексіз үкімін жүргізді).
لَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا وَمَا تَحْتَ ٱلثَّرَىٰ
Күллі аспан әлеміндегі мен жердегінің және екеуінің арасындағының, сондай-ақ жер астындағының барлығы Оған тиесілі.
وَإِن تَجْهَرْ بِٱلْقَوْلِ فَإِنَّهُۥ يَعْلَمُ ٱلسِّرَّ وَأَخْفَى
Айтар сөзіңді дауыстап айтсаң да, (іштей сыбырлап айтсаң да) Ол үшін бәрібір, өйткені Ол құпия атаулыны, тіпті, ең жасырын деген құпияны да толық біледі.
ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ لَهُ ٱلْأَسْمَآءُ ٱلْحُسْنَىٰ
Ол – Алла! Одан басқа тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған ғана тән.
وَهَلْ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ
(Уа, Мұхаммед!) Саған Мұсаның хикаясы жетті ме?
إِذْ رَءَا نَارࣰا فَقَالَ لِأَهْلِهِ ٱمْكُثُوٓا۟ إِنِّيٓ ءَانَسْتُ نَارࣰا لَّعَلِّيٓ ءَاتِيكُم مِّنْهَا بِقَبَسٍ أَوْ أَجِدُ عَلَى ٱلنَّارِ هُدࣰى
Бірде Мұса (отбасымен шөл далада түнделетіп жол жүріп келе жатып) алыстан жылт-жылт еткен от жарығын көрді де: «Сендер осы жерде тұра тұрыңдар. Мен (тау жақтан) от жарығын көрдім, сол араға барып қайтайын. Бәлкім, одан сендерге бір шоқ алып келермін, не болмаса, сол арадан жөн сілтеп, жол көрсететін біреуді кезіктірермін», – деді.
فَلَمَّآ أَتَىٰهَا نُودِيَ يَٰمُوسَىٰٓ
Мұса оттың жанына келгенде, «Уа, Мұса!» деген уахи естілді.
إِنِّيٓ أَنَا۠ رَبُّكَ فَٱخْلَعْ نَعْلَيْكَ إِنَّكَ بِٱلْوَادِ ٱلْمُقَدَّسِ طُوࣰى
«Біліп қой! Мен сенің Раббыңмын! Аяғыңдағы кебісіңді шеш, өйткені сен қасиетті Туа алқабында тұрсың».
وَأَنَا ٱخْتَرْتُكَ فَٱسْتَمِعْ لِمَا يُوحَىٰٓ
«Мен (Исрайыл ұрпақтарының ішінен пайғам-барлыққа) сені таңдадым. Ендеше, өзіңе берілетін уахиге жақсылап құлақ ас».
إِنَّنِيٓ أَنَا ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱعْبُدْنِي وَأَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ لِذِكْرِيٓ
«Мен Алламын, бұған еш күмәнің болмасын! Менен басқа тәңір жоқ! Олай болса, Маған құлшылық қыл һәм Мені зікір етіп, еске алу мақсатында кемеліне жеткізіп, намаз оқы!»
إِنَّ ٱلسَّاعَةَ ءَاتِيَةٌ أَكَادُ أُخْفِيهَا لِتُجْزَىٰ كُلُّ نَفْسِۭ بِمَا تَسْعَىٰ
«Қиямет-қайым сөзсіз (һәм аяқ астынан) орнайды. Мен әрбір жан (бұл дүниеде) не істеп, не үшін әрекет қылған болса, соның қарымын алсын деп Қиямет күнін басы-бүтін құпия ұстаудамын».
فَلَا يَصُدَّنَّكَ عَنْهَا مَن لَّا يُؤْمِنُ بِهَا وَٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ فَتَرْدَىٰ
«Ал енді, қиямет күніне сенбей, тек қу нәпсінің қалауына ергендер бетіңді оған иланудан әрі сол ақиқатты жар салудан қайтарып жібермесін. Онда сен де (солар сияқты) құритын боласың».
وَمَا تِلْكَ بِيَمِينِكَ يَٰمُوسَىٰ
«Уа, Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?» – деді.
قَالَ هِيَ عَصَايَ أَتَوَكَّؤُا۟ عَلَيْهَا وَأَهُشُّ بِهَا عَلَىٰ غَنَمِي وَلِيَ فِيهَا مَـَٔارِبُ أُخْرَىٰ
Мұса: «Бұл менің асатаяғым, мен бұған таянамын әрі мұнымен қойларыма ағаштан жапырақ қағып беремін, сондай-ақ мұны басқа да істерде кәдеме жаратамын», – деп жауап берді.
قَالَ أَلْقِهَا يَٰمُوسَىٰ
Алла оған: «Уа, Мұса! Қане, оны (жерге) таста!» – деп бұйырды.
فَأَلْقَىٰهَا فَإِذَا هِيَ حَيَّةࣱ تَسْعَىٰ
Мұса қолындағы асатаяғын жерге тастай салып еді, ол бірден ирелең қаққан әбжыланға айналып шыға келді.
قَالَ خُذْهَا وَلَا تَخَفْۖ سَنُعِيدُهَا سِيرَتَهَا ٱلْأُولَىٰ
Алла оған: «Оны қайта ал, қорықпа! Біз оны қайтадан әуелгі (асатаяқ) қалпына келтіреміз».
وَٱضْمُمْ يَدَكَ إِلَىٰ جَنَاحِكَ تَخْرُجْ بَيْضَآءَ مِنْ غَيْرِ سُوٓءٍ ءَايَةً أُخْرَىٰ
«Ал енді, басқа бір мұғжиза ретінде қолыңды қойныңа сал! Оны қайта шығарғаныңда, бір міні жоқ, әрі аппақ болып, жарқырап шығады», – деп бұйырды.
لِنُرِيَكَ مِنْ ءَايَٰتِنَا ٱلْكُبْرَى
Артынша: «Міне, мұның бәрін саған (шексіз құдіретіміздің дәлелі болған) ең үлкен мұғжизаларымыздың бір-екеуін көрсету үшін істедік».
ٱذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
«Сен енді Перғауынға бар! Өйткені ол расында да, тым азғындап кетті», – деп бұйырды.
قَالَ رَبِّ ٱشْرَحْ لِي صَدْرِي
Мұса Раббысына: «Уа, Раббым! Көкірегімді кең қылып, иман нұрына, ілімге толтыра көр!»
وَيَسِّرْ لِيٓ أَمْرِي
«Ісімді жеңілдете көр!»
وَٱحْلُلْ عُقْدَةࣰ مِّن لِّسَانِي
«Тілімдегі түйінді шеше көр!»
يَفْقَهُوا۟ قَوْلِي
«Олар менің сөзімді жақсы түсінетін (ұғатын) болсын».
وَٱجْعَل لِّي وَزِيرࣰا مِّنْ أَهْلِي
«Сондай-ақ отбасымнан біреуді маған жәрдемші қылғайсың!»
هَٰرُونَ أَخِي
«Бауырым Һарунды (жәрдемші қыла көр)!»
ٱشْدُدْ بِهِۦٓ أَزْرِي
«Сол арқылы мені күшейткейсің!»
وَأَشْرِكْهُ فِيٓ أَمْرِي
«Оны осы ісіме ортақ қылғайсың!»
كَيْ نُسَبِّحَكَ كَثِيرࣰا
«Сол арқылы Сені (мінсізсің, кемелсің деп) көп ұлықтайтын болайық».
وَنَذْكُرَكَ كَثِيرًا
«Өзіңді көбірек еске алайық».
إِنَّكَ كُنتَ بِنَا بَصِيرࣰا
«Сен, шынында да, бізді, біздің барлық жай-күйімізді анық көрудесің», – деп жалбарынды.
قَالَ قَدْ أُوتِيتَ سُؤْلَكَ يَٰمُوسَىٰ
Сол кезде Алла: «Уа, Мұса! Күмәнің болмасын, саған сұрағандарыңның бәрі де берілді».
وَلَقَدْ مَنَنَّا عَلَيْكَ مَرَّةً أُخْرَىٰٓ
«Шүбәсіз, саған бұдан бұрын да шарапатымыз тиген еді».
إِذْ أَوْحَيْنَآ إِلَىٰٓ أُمِّكَ مَا يُوحَىٰٓ
«Кезінде сенің анаңа тек аян арқылы ғана білінетін нәрсені білдіріп, мынадай аян берген едік»:
أَنِ ٱقْذِفِيهِ فِي ٱلتَّابُوتِ فَٱقْذِفِيهِ فِي ٱلْيَمِّ فَلْيُلْقِهِ ٱلْيَمُّ بِٱلسَّاحِلِ يَأْخُذْهُ عَدُوࣱّ لِّي وَعَدُوࣱّ لَّهُۥۚ وَأَلْقَيْتُ عَلَيْكَ مَحَبَّةࣰ مِّنِّي وَلِتُصْنَعَ عَلَىٰ عَيْنِيٓ
«Оны (Мұсаны) сандыққа сал да, суға ағызып жібер. Өзен суы оны жағаға шығарсын, сөйтіп, оны Менің де, (Исрайыл ұрпақтарының дүниеге келген ұл балаларын жаппай бауыздауға бекінген) өзінің де дұшпаны (Перғауын тауып, асырап) алсын». «Уа, Мұса! Мен өз тарапымнан айналаңдағы адамдардың жүрегіне саған деген махаббат пен сүйіспеншілік сезімін ұялаттым. Осылайша, сен Менің бақылауым мен қорғауымда бағылып, тәрбиеленген едің».
إِذْ تَمْشِيٓ أُخْتُكَ فَتَقُولُ هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَىٰ مَن يَكْفُلُهُۥۖ فَرَجَعْنَٰكَ إِلَىٰٓ أُمِّكَ كَيْ تَقَرَّ عَيْنُهَا وَلَا تَحْزَنَۚ وَقَتَلْتَ نَفْسࣰا فَنَجَّيْنَٰكَ مِنَ ٱلْغَمِّ وَفَتَنَّٰكَ فُتُونࣰاۚ فَلَبِثْتَ سِنِينَ فِيٓ أَهْلِ مَدْيَنَ ثُمَّ جِئْتَ عَلَىٰ قَدَرࣲ يَٰمُوسَىٰ
«Кезінде апайың (анаңның тапсыруымен) жағдайыңды біліп қайту үшін бір амалын тауып, Перғауынның сарайына кірген еді, сонда ол саған сүт ана іздеп, шарқ ұрған сарай тұрғындарына: «Сендерге бұл баланы жақсылап бағып беретін кісі тауып берейін бе?» – деген еді. Осылайша, анаң көзайым болсын әрі сарғайып мұңаймасын деп, сені оның өзіне қайтарған едік. Содан сен ержетіп, абайсызда бір кісіні өлтіріп қойдың. Біз сені басыңа түскен сол бір істің әлегінен құтқардық. Біз сені содан кейін де жан-жақты жетілдіріп, кемелдендіре түсу үшін көптеген қиындықтарға душар қылып сынадық. Сөйтіп, сен (тағдырдың жазуымен) жылдар бойы Мәдияндықтардың арасында тұрдың. Уа, Мұса, нәтижеде кемелденіп, бабыңа (әрі пайғамбарлық міндетті арқалайтын жасқа) келдің.
وَٱصْطَنَعْتُكَ لِنَفْسِي
Осылай, сені Өзіме (пайғамбарлыққа) таңдадым.
ٱذْهَبْ أَنتَ وَأَخُوكَ بِـَٔايَٰتِي وَلَا تَنِيَا فِي ذِكْرِي
Ал енді бауырың екеуің өздеріңе берген мұғжизаларымды (құлдарыма) жеткізіңдер. Мені еске алуда (әрі өздеріңе жүктелген пайғамбарлық міндетін атқаруда) селқостық танытпаңдар.
ٱذْهَبَآ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
Екеуің алдымен Перғауынға барыңдар. Өйткені ол расында да, тым азғындап кетті.
فَقُولَا لَهُۥ قَوْلࣰا لَّيِّنࣰا لَّعَلَّهُۥ يَتَذَكَّرُ أَوْ يَخْشَىٰ
Алайда оған жағымды сөз айтып, жылы тіл қатыңдар. Бәлкім, ол сонда насихатқа құлақ асар, яки ақылға келіп, сәл де болса именер.
قَالَا رَبَّنَآ إِنَّنَا نَخَافُ أَن يَفْرُطَ عَلَيْنَآ أَوْ أَن يَطْغَىٰ
Сол кезде екеуі: «Уа, ұлы Раббымыз! Біз оның (сөзімізді соңына дейін тыңдамай) екеумізді бірдей бас салып, жазаға тартуынан немесе одан сайын азғындап, бізге қатігездік жасауда шектен шығып кете ме деп қорқамыз», – деді.
قَالَ لَا تَخَافَآۖ إِنَّنِي مَعَكُمَآ أَسْمَعُ وَأَرَىٰ
Сонда Алла: «Қорықпаңдар! Өйткені Мен қашан да сендермен біргемін. Мен бәрін де естіп, көріп тұрамын», – деп екеуіне дем берді.
فَأْتِيَاهُ فَقُولَآ إِنَّا رَسُولَا رَبِّكَ فَأَرْسِلْ مَعَنَا بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ وَلَا تُعَذِّبْهُمْۖ قَدْ جِئْنَٰكَ بِـَٔايَةࣲ مِّن رَّبِّكَۖ وَٱلسَّلَٰمُ عَلَىٰ مَنِ ٱتَّبَعَ ٱلْهُدَىٰٓ
Іле екеуіне: «Оған барыңдар да: Біз екеуміз (сені жоқтан жаратқан, саған өмір сыйлап, ризық берген) Раббыңның елшілеріміз. Исрайыл ұрпақтарын құлдықтан босатып, бізбен бірге жібер, енді оларды азаптама! Расында, біз саған құр қол келген жоқпыз, Раббыңнан анық мұғжизамен, айқын дәлелмен келдік. Есендік пен шын бақыт тура жолға түскендерге ғана тән».
إِنَّا قَدْ أُوحِيَ إِلَيْنَآ أَنَّ ٱلْعَذَابَ عَلَىٰ مَن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ
«Сондай-ақ бізге: (Алланың жолдауын) мойындамай, одан сырт айналғанның сыбағасы азап болады деген уахи келді деп айтыңдар», – деп бұйырды.
قَالَ فَمَن رَّبُّكُمَا يَٰمُوسَىٰ
Содан Перғауын (өзіне Хақ тағаланың жолдауын жеткізген) Мұсаға қарап: «Ей, Мұса! Сонда екеуіңнің Раббыларың кім?» – деп мырс етті.
قَالَ رَبُّنَا ٱلَّذِيٓ أَعْطَىٰ كُلَّ شَيْءٍ خَلْقَهُۥ ثُمَّ هَدَىٰ
Мұса оған: «Біздің Раббымыз – барлық нәрсені жоқтан жаратқан, содан кейін бәрін де жаратылыс мақсатына қарай өз жолына салған ұлы Жаратқан», – деп жауап берді.
قَالَ فَمَا بَالُ ٱلْقُرُونِ ٱلْأُولَىٰ
Перғауын оған: «Ендеше, бізден бұрын өткен алғашқы қауымдар жайлы не дейсің? (Олар да Алланы танымай, пұттарға табынып өтті емес пе?)», – деді.
قَالَ عِلْمُهَا عِندَ رَبِّي فِي كِتَٰبࣲۖ لَّا يَضِلُّ رَبِّي وَلَا يَنسَى
Мұса оған: «Олар жайлы бар мәлімет Раббымның құзырындағы Кітапта (Ләухул-Махфузда) жазулы. Раббым әсте шатаспайды, жаңылмайды әрі ұмытпайды», – деп жауап берді.
ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلْأَرْضَ مَهْدࣰا وَسَلَكَ لَكُمْ فِيهَا سُبُلࣰا وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَأَخْرَجْنَا بِهِۦٓ أَزْوَٰجࣰا مِّن نَّبَاتࣲ شَتَّىٰ
Ол жер бетін сендерге бесік қылды, онда емін-еркін жүріп тұруларың үшін жолдар мен өткелдер төседі, көктен жауын жаудырды. Біз сол сумен жерден түрлі өсімдіктерді жұп-жұбымен шығардық.
كُلُوا۟ وَٱرْعَوْا۟ أَنْعَٰمَكُمْۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّأُو۟لِي ٱلنُّهَىٰ
Оны өздерің де жеңдер, малдарыңды да жайыңдар. Анығында, осында нәпсілерін тыя білген ақылды жандар үшін (ақиқатты көрсететін) қаншама дәлелдер бар.
۞مِنْهَا خَلَقْنَٰكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَىٰ
Біз сендерді сол топырақтан жараттық және соған қайтарудамыз. Кезі келгенде сендерді одан тағы да шығарамыз.
وَلَقَدْ أَرَيْنَٰهُ ءَايَٰتِنَا كُلَّهَا فَكَذَّبَ وَأَبَىٰ
Міне, Перғауынға (Мұсаға берген) осылай барлық мұғжизаларымызды көрсеттік. Алайда ол ешбірін де мойындамады һәм ақиқатты қабылдаудан түбегейлі бас тартты.
قَالَ أَجِئْتَنَا لِتُخْرِجَنَا مِنْ أَرْضِنَا بِسِحْرِكَ يَٰمُوسَىٰ
Ол Мұсаға: «Ей, Мұса! Сонда сен мына сиқырыңмен бізді өз жерімізден қуып шығу үшін келдің бе?»
فَلَنَأْتِيَنَّكَ بِسِحْرࣲ مِّثْلِهِۦ فَٱجْعَلْ بَيْنَنَا وَبَيْنَكَ مَوْعِدࣰا لَّا نُخْلِفُهُۥ نَحْنُ وَلَآ أَنتَ مَكَانࣰا سُوࣰى
«Ендеше, біз де дәл сондай сиқырмен саған қарсы тұрамыз. Ал енді арамызда ешбіріміз тайқып кетпейтін уағдалы мерзім мен екі жаққа да ыңғайлы межелі жер белгіле, – деді.
قَالَ مَوْعِدُكُمْ يَوْمُ ٱلزِّينَةِ وَأَن يُحْشَرَ ٱلنَّاسُ ضُحࣰى
Мұса: «Ендеше, уағдалы күніміз мейрам күні һәм ел-жұрт көп жиналатын сәске кезі болсын», – деді.
فَتَوَلَّىٰ فِرْعَوْنُ فَجَمَعَ كَيْدَهُۥ ثُمَّ أَتَىٰ
Сөйтіп, Перғауын қамдануға кетті де бар айла-шарғысын ойына түртіп, ең шебер, ең мықты деген сиқыршыларын қасына ертіп, айтылған жерге келді.
قَالَ لَهُم مُّوسَىٰ وَيْلَكُمْ لَا تَفْتَرُوا۟ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبࣰا فَيُسْحِتَكُم بِعَذَابࣲۖ وَقَدْ خَابَ مَنِ ٱفْتَرَىٰ
Мұса алдымен сиқыршыларға: «Жүздерің күйсін! Алла жайлы өтірік айтып, Оған жала жаппаңдар! Бұл қылықтарыңды қоймасаңдар, (Алла) бәріңді жойқын азапқа душар қылып, тұқымдарыңды құртады. Шүбәсіз, кімде-кім Аллаға жала жапса, сөзсіз, сорлайды», – деп ескерту жасады.
فَتَنَٰزَعُوٓا۟ أَمْرَهُم بَيْنَهُمْ وَأَسَرُّوا۟ ٱلنَّجْوَىٰ
(Осынау қатаң ескертуді естіген сиқыршылар) өзара дауласып, араларында күбір-күбір әңгіме басталды.
قَالُوٓا۟ إِنْ هَٰذَٰنِ لَسَٰحِرَٰنِ يُرِيدَانِ أَن يُخْرِجَاكُم مِّنْ أَرْضِكُم بِسِحْرِهِمَا وَيَذْهَبَا بِطَرِيقَتِكُمُ ٱلْمُثْلَىٰ
Соңында олар (Мұса мен Һарунды нұсқап) бірауыздан: «Бұл екеуі – нағыз сиқыршы. Қолдарындағы сиқырдың күшімен сендерді өз жерлеріңнен (ата мекендеріңнен) қуып шығуды һәм өнегелі діндерің мен ғұмырлық салттарыңды түбегейлі жойып жіберуді көксейді».
فَأَجْمِعُوا۟ كَيْدَكُمْ ثُمَّ ٱئْتُوا۟ صَفࣰّاۚ وَقَدْ أَفْلَحَ ٱلْيَوْمَ مَنِ ٱسْتَعْلَىٰ
«Ендеше, бар айла-шарғыларыңды, бар өнерлеріңді ортаға салыңдар. Сөйтіп, алаңға бір кісідей иін тіресіп, сап түзеген бойда шығыңдар. Бүгін ақтық сайыс, кімде-кімнің мерейі асып жеңіп шықса, сол ғана нағыз жеңіске, мақсат-мұратына жетеді», – десті.
قَالُوا۟ يَٰمُوسَىٰٓ إِمَّآ أَن تُلْقِيَ وَإِمَّآ أَن نَّكُونَ أَوَّلَ مَنْ أَلْقَىٰ
Сиқыршылар Мұсаға: «Ей, Мұса! Қаласаң, қолыңдағыны алдымен сен лақтыр, немесе бірінші болып біз лақтырайық», – деп ашық сайысқа шақырды.
قَالَ بَلْ أَلْقُوا۟ۖ فَإِذَا حِبَالُهُمْ وَعِصِيُّهُمْ يُخَيَّلُ إِلَيْهِ مِن سِحْرِهِمْ أَنَّهَا تَسْعَىٰ
Мұса оларға: «Жоқ, алдымен сендер лақ-тырыңдар», – деді. Сол-ақ екен, олардың арқандары мен таяқтары сиқырларының күшімен Мұсаға, шынымен де, ирелеңдеп бара жатқандай болып көрінді.
فَأَوْجَسَ فِي نَفْسِهِۦ خِيفَةࣰ مُّوسَىٰ
Сол кезде Мұса іштей қобалжып, көңілінде біртүрлі үрей пайда болды.
قُلْنَا لَا تَخَفْ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْأَعْلَىٰ
Сонда Біз оған: «Қорықпа! Шүбәсіз, сен бәрінен де үстем түсесің, соңында бәрін жеңіп шығасың», – деп дем бердік те:
وَأَلْقِ مَا فِي يَمِينِكَ تَلْقَفْ مَا صَنَعُوٓا۟ۖ إِنَّمَا صَنَعُوا۟ كَيْدُ سَٰحِرࣲۖ وَلَا يُفْلِحُ ٱلسَّاحِرُ حَيْثُ أَتَىٰ
«(Уа, Мұса! Сен де) оң қолыңдағы асатаяғыңды лақтыр, олардың жасаған сиқырларын түгелдей жалмап, жұтып қойсын. Өйткені олардың жасағандары сиқыршының көз байлаған қулығы ғана. Сиқыршы қайда барса да, қандай сиқыр жасаса да, бәрібір мақсат-мұратына жетпейді», – деп айттық.
فَأُلْقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سُجَّدࣰا قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا بِرَبِّ هَٰرُونَ وَمُوسَىٰ
(Мұса айтқанымыздың бәрін бұлжытпай орындады). Нәтижеде сиқыршылардың бәрі: «Біз Мұса мен Һарунның Раббысына иман келтірдік», – деген бойда жаппай сәждеге жығылды.
قَالَ ءَامَنتُمْ لَهُۥ قَبْلَ أَنْ ءَاذَنَ لَكُمْۖ إِنَّهُۥ لَكَبِيرُكُمُ ٱلَّذِي عَلَّمَكُمُ ٱلسِّحْرَۖ فَلَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُم مِّنْ خِلَٰفࣲ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمْ فِي جُذُوعِ ٱلنَّخْلِ وَلَتَعْلَمُنَّ أَيُّنَآ أَشَدُّ عَذَابࣰا وَأَبْقَىٰ
Сонда Перғауын ашуға мініп: «Мен рұқсат етпей тұрып, оған иман еттіңдер ме? Демек, бәріңе сиқыр үйреткен пірлерің сол болды ғой. Ендеше, ант етемін! Қол-аяқтарыңды қиғаштап (яғни, оң қолдарың мен сол аяқтарыңды немесе керісінше) шабамын да, бәріңді құрма ағаштарына асып қоямын. Сонда кімнің азабының анағұрлым ауыр әрі мәңгілік екенін білетін боласыңдар», – деп сес көрсетті.
قَالُوا۟ لَن نُّؤْثِرَكَ عَلَىٰ مَا جَآءَنَا مِنَ ٱلْبَيِّنَٰتِ وَٱلَّذِي فَطَرَنَاۖ فَٱقْضِ مَآ أَنتَ قَاضٍۖ إِنَّمَا تَقْضِي هَٰذِهِ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَآ
Алайда сиқыршылар оған қасқайып тұрып: «Біз сені өзімізге келген мұншама ап-айқын дәлелдерден һәм бізді ерек етіп Жаратқаннан артық көре алмаймыз. Бізге қатысты қалаған үкіміңді шығар. Сенің үкімің мен пәрменің осы дүниеде ғана жүреді».
إِنَّآ ءَامَنَّا بِرَبِّنَا لِيَغْفِرَ لَنَا خَطَٰيَٰنَا وَمَآ أَكْرَهْتَنَا عَلَيْهِ مِنَ ٱلسِّحْرِۗ وَٱللَّهُ خَيْرࣱ وَأَبْقَىٰٓ
«Біз Раббымызға күнә-қателіктерімізді, әсіресе, өзің мәжбүрлеп істеткен сиқырдың күнәсін кешірер деп иман келтірдік. Алла – сый-сияпатқа бөлеуде сенен әлдеқайда қайырлы, сондай-ақ азабы да мәңгілік», – деді.
إِنَّهُۥ مَن يَأْتِ رَبَّهُۥ مُجْرِمࣰا فَإِنَّ لَهُۥ جَهَنَّمَ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحْيَىٰ
Шүбәсіз, кімде-кім Раббысының алдына (иманнан жұрдай) күнәһар болып келсе, сыбағасы жаһаннам болары сөзсіз. Ол онда азаптан құтылу үшін өле де алмайды, өмір сүре де алмайды.
وَمَن يَأْتِهِۦ مُؤْمِنࣰا قَدْ عَمِلَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فَأُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمُ ٱلدَّرَجَٰتُ ٱلْعُلَىٰ
Ал кімде-кім Оның алдына игі істер істеген мүмін болып келсе, ондай ізгі жандар үшін ең жоғары мәртебелер бар.
جَنَّٰتُ عَدْنࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ وَذَٰلِكَ جَزَآءُ مَن تَزَكَّىٰ
(Олар үшін бау-бақшаларының ішінде және сарайларының) іргесінде өзендер ағып жататын, қисапсыз нығметке толы мәңгілік бақыт мекені Адн жұмақ бақшалары бар. Олар онда мәңгі-бақи қалады. Міне, (жалған сенімдер мен жамандық атаулыдан) арыла білген ізгі жандардың сыбағасы осы.
وَلَقَدْ أَوْحَيْنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنْ أَسْرِ بِعِبَادِي فَٱضْرِبْ لَهُمْ طَرِيقࣰا فِي ٱلْبَحْرِ يَبَسࣰا لَّا تَخَٰفُ دَرَكࣰا وَلَا تَخْشَىٰ
Соңында Мұсаға: «Құлдарымды ертіп, түнделетіп жолға шық!» – деп әрі (қуғыншылардан қашып келе жатып, тұмсықтары теңізге тірелгенде): «Асатаяғыңмен теңізді ұр! Сөйтіп, құлдарыма теңіздің ортасынан құп-құрғақ жол ашып бер!» – деп сондай-ақ (теңіз қақ жарылып, ашылған жолмен келе жатқанда): «Енді, Перғауын қуып жетеді екен деп қорықпа әрі суға батып кетпес пе екенбіз деп те қам жеме», – деп уахи еттік.
فَأَتْبَعَهُمْ فِرْعَوْنُ بِجُنُودِهِۦ فَغَشِيَهُم مِّنَ ٱلْيَمِّ مَا غَشِيَهُمْ
Оларды әскерімен өкшелей қуған Перғауын да теңіздің ортасынан ашылған жолға түсті, сол кезде теңіз суы оларды сол сәтте басып қалды да бірі қалмай жұтылып кетті.
وَأَضَلَّ فِرْعَوْنُ قَوْمَهُۥ وَمَا هَدَىٰ
Перғауын өз қауымын әбден адастырған еді, ол қауымын әсте тура жолға бастамады.
يَٰبَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ قَدْ أَنجَيْنَٰكُم مِّنْ عَدُوِّكُمْ وَوَٰعَدْنَٰكُمْ جَانِبَ ٱلطُّورِ ٱلْأَيْمَنَ وَنَزَّلْنَا عَلَيْكُمُ ٱلْمَنَّ وَٱلسَّلْوَىٰ
Уа, Исрайыл ұрпақтары! Расында, сендерді ата жауларыңнан құтқардық әрі сендерге Тур тауының оң жағында (Мұсамен тілдесіп, оған Тәуратты береміз деп) уәде бердік. Сондай-ақ (шөл далада аш қалмасын деп) сендерге «мәнна» тәттісі мен бөдене құсының етін түсіріп отырдық.
كُلُوا۟ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقْنَٰكُمْ وَلَا تَطْغَوْا۟ فِيهِ فَيَحِلَّ عَلَيْكُمْ غَضَبِيۖ وَمَن يَحْلِلْ عَلَيْهِ غَضَبِي فَقَدْ هَوَىٰ
Ендеше, өздеріңе нәсіп еткен ризық-несібеміздің ең таза, адал һәм пайдалы болғанынан жеңдер. Алайда бұл мәселеде (харамға қол созып, ысырапшылдыққа салынып) шектен шықпаңдар. Әйтпесе, сендерге ашуым түседі. Ашуым кімге түссе, ол құрдымға құлап, зауал табады.
وَإِنِّي لَغَفَّارࣱ لِّمَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحࣰا ثُمَّ ٱهْتَدَىٰ
Сонымен қатар Мен күнә-қателіктері үшін өкініш білдіріп, тәубеге келген, иман келтіріп, игі істер істеген һәм содан кейін тура жолдан таймай, хақ жолда табандылық танытқан әрбір жан үшін өте кешірімдімін.
۞وَمَآ أَعْجَلَكَ عَن قَوْمِكَ يَٰمُوسَىٰ
(Мұса уәде бойынша Тәуратты алу үшін Тур тауына келгенде) Алла одан: «Уа, Мұса! Бұл жерге қауымыңнан бұрын асығып келгеніңнің себебі не?» – деп сұрады.
قَالَ هُمْ أُو۟لَآءِ عَلَىٰٓ أَثَرِي وَعَجِلْتُ إِلَيْكَ رَبِّ لِتَرْضَىٰ
Сонда Мұса: «Олар менің ізімнен қалмай, соңымнан келе жатыр. Ал мен болсам, уа, Раббым, Өзіңді разы ету үшін (Өзіңмен қауышуға) асығып келдім», – деп жауап берді.
قَالَ فَإِنَّا قَدْ فَتَنَّا قَوْمَكَ مِنۢ بَعْدِكَ وَأَضَلَّهُمُ ٱلسَّامِرِيُّ
Алла оған: «Алайда біліп қой, Біз сен кеткеннен кейін қауымыңды (көкіректеріндегі иманы әлсіз болғандықтан) сынаған едік. Ақырында Сәмири оларды тура жолдан тайдырып жіберді», – деді.
فَرَجَعَ مُوسَىٰٓ إِلَىٰ قَوْمِهِۦ غَضْبَٰنَ أَسِفࣰاۚ قَالَ يَٰقَوْمِ أَلَمْ يَعِدْكُمْ رَبُّكُمْ وَعْدًا حَسَنًاۚ أَفَطَالَ عَلَيْكُمُ ٱلْعَهْدُ أَمْ أَرَدتُّمْ أَن يَحِلَّ عَلَيْكُمْ غَضَبࣱ مِّن رَّبِّكُمْ فَأَخْلَفْتُم مَّوْعِدِي
Мұса өте ашулы һәм ренжіген қалпында қауымына қайтып оралды да: «Уа, қауымым! Раббым сендерге (екі дүниеде де бақытты болуларың үшін Тәуратты беремін һәм айналасы берекеге толы қасиетті мекенге орналастырамын деп) сондай бір керемет уәде бермеді ме? Маған берген уәделеріңнен таятындай сендерді қалдырып кеткеніме соншама көп уақыт өтті ме? Жоқ, әлде Раббыларыңның ашуы тас төбелеріңнен түсуін қаладыңдар ма?» – деді.
قَالُوا۟ مَآ أَخْلَفْنَا مَوْعِدَكَ بِمَلْكِنَا وَلَٰكِنَّا حُمِّلْنَآ أَوْزَارࣰا مِّن زِينَةِ ٱلْقَوْمِ فَقَذَفْنَٰهَا فَكَذَٰلِكَ أَلْقَى ٱلسَّامِرِيُّ
Қауымы оған: «Біз саған берген уәдемізден өздігімізден тайған жоқпыз. Алайда бізде сол бір қауымнан (мысырлықтардан) қалған және бізге жүк болған әшекей бұйымдары бар болатын. Біз оларды лақтырып тастадық. Сәмири оларды (жинап алып, балқытып мүсін құю үшін) отқа тастады».
فَأَخْرَجَ لَهُمْ عِجْلࣰا جَسَدࣰا لَّهُۥ خُوَارࣱ فَقَالُوا۟ هَٰذَآ إِلَٰهُكُمْ وَإِلَٰهُ مُوسَىٰ فَنَسِيَ
Содан Сәмири (әлгі әшекей бұйымдарды отқа салып балқытып одан) ел-жұртқа арнап мөңіреген дыбыс шығаратын бұзаудың мүсінін құйып шықты да өзі сияқты адасқандармен бірге: «Әсілі, сендердің құдайларың – осы. Мұсаның да құдайы – осы. Алайда ол өз құдайын ұмытып, басқа құдай іздеп кетті», – деп елді азғырды.
أَفَلَا يَرَوْنَ أَلَّا يَرْجِعُ إِلَيْهِمْ قَوْلࣰا وَلَا يَمْلِكُ لَهُمْ ضَرࣰّا وَلَا نَفْعࣰا
Сонда олар әлгі мүсіннің өздеріне бір ауыз тіл қата алмайтынын, сондай-ақ өздеріне зиян да, пайда да тигізе алмайтынын (яғни, бастарына төнген жамандықтың бетін қайтаруға да, өздеріне қандай да бір пайда келтіруге де шамасы келмейтінін) көрмей ме?
وَلَقَدْ قَالَ لَهُمْ هَٰرُونُ مِن قَبْلُ يَٰقَوْمِ إِنَّمَا فُتِنتُم بِهِۦۖ وَإِنَّ رَبَّكُمُ ٱلرَّحْمَٰنُ فَٱتَّبِعُونِي وَأَطِيعُوٓا۟ أَمْرِي
Анығында, Һарун осыған дейін оларды: «Уа, халқым! Сендер бұл мүсін арқылы сыналдыңдар. Еш күмәндарың болмасын, сендердің Раббыларың – Рахман. Ендеше, маған еріңдер, әміріме мойынсұныңдар!» – деп ескерткен еді.
قَالُوا۟ لَن نَّبْرَحَ عَلَيْهِ عَٰكِفِينَ حَتَّىٰ يَرْجِعَ إِلَيْنَا مُوسَىٰ
Сонда қауымы: «Біз Мұса қайтып оралғанша оған табынуымызды қоймаймыз», – деп жауап берді.
قَالَ يَٰهَٰرُونُ مَا مَنَعَكَ إِذْ رَأَيْتَهُمْ ضَلُّوٓا۟
Мұса келе салысымен (бауыры мен қауымы арасында болған оқиғадан бейхабар болғандықтан) бауырына: «Уа, Һарун! Олардың адасқанын көргеніңде, саған не бөгет болды?»
أَلَّا تَتَّبِعَنِۖ أَفَعَصَيْتَ أَمْرِي
«Неліктен менің жолыммен жүрмедің. Жоқ әлде менің әміріме қарсы келгенің бе?» – деп зекіді.
قَالَ يَبْنَؤُمَّ لَا تَأْخُذْ بِلِحْيَتِي وَلَا بِرَأْسِيٓۖ إِنِّي خَشِيتُ أَن تَقُولَ فَرَّقْتَ بَيْنَ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ وَلَمْ تَرْقُبْ قَوْلِي
Сонда Һарун: «Уа, анамның ұлы! Садағаң кетейін, сақалым мен шашыма жабыспа. (Бұлар мені адам құрлы көрмеді, тіпті, өлтірмекші де болды. Сондықтан да оларға қарсы нақты бір шара қолданбадым). Өйткені маған: Исрайыл ұрпақтарының арасына жік салдың, сөзімді тыңдамадың, деуіңнен қорықтым», – деді.
قَالَ فَمَا خَطْبُكَ يَٰسَٰمِرِيُّ
Содан кейін Мұса Сәмириге қарап: «Әй, Сәмири! Мұның не, саған не көрінді?» – деді.
قَالَ بَصُرْتُ بِمَا لَمْ يَبْصُرُوا۟ بِهِۦ فَقَبَضْتُ قَبْضَةࣰ مِّنْ أَثَرِ ٱلرَّسُولِ فَنَبَذْتُهَا وَكَذَٰلِكَ سَوَّلَتْ لِي نَفْسِي
Сәмири оған: «Мен олар көре алмаған нәрсені байқадым. (Саған келген) елшінің (Жәбірейілдің) басқан ізінен бір уыс топырақ алып оны (отта балқыған әшекей бұйымдарының үстіне) шаштым. Нәпсім маған солай істеуді кереметтей (яғни жағымды іс) етіп көрсетті», – деді.
قَالَ فَٱذْهَبْ فَإِنَّ لَكَ فِي ٱلْحَيَوٰةِ أَن تَقُولَ لَا مِسَاسَۖ وَإِنَّ لَكَ مَوْعِدࣰا لَّن تُخْلَفَهُۥۖ وَٱنظُرْ إِلَىٰٓ إِلَٰهِكَ ٱلَّذِي ظَلْتَ عَلَيْهِ عَاكِفࣰاۖ لَّنُحَرِّقَنَّهُۥ ثُمَّ لَنَنسِفَنَّهُۥ فِي ٱلْيَمِّ نَسْفًا
Сонда Мұса оған: «Бұл жерден қараңды батыр! Сен бұдан былай (жолыққан адамның бәріне ауруы жұғатын болғандықтан ): Маған жолама! – деп, жан баласын жаныңа жуытпай (жабайы адам ұқсап) жападан жалғыз өмір сүретін боласың. Сондай-ақ (күні келгенде) сен үшін қашып құтыла алмайтын тағы да бір жаза бар. Ал енді алдында бас иіп табынып келген құдайыңа қара! Біз оны өртеп, күлін теңізге шашамыз», – деді.
إِنَّمَآ إِلَٰهُكُمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِي لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۚ وَسِعَ كُلَّ شَيْءٍ عِلْمࣰا
«(Содан кейін қауымына қарап, уа, қауымым!) Сендердің құдайларың жалғыз Алла. Одан басқа құдай жоқ. Ол шексіз ілімімен барлық нәрсені толық қамтыған», – деді.
كَذَٰلِكَ نَقُصُّ عَلَيْكَ مِنْ أَنۢبَآءِ مَا قَدْ سَبَقَۚ وَقَدْ ءَاتَيْنَٰكَ مِن لَّدُنَّا ذِكْرࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Міне, осылайша өзіңе бұрын болған маңызды оқиғалардың бірқатарын баяндау-дамыз. Расында, саған өз тарапымыздан (ескерту, дұрыс жолға бағыттау, ілім, сенім, құлшылық, көркем мінез және т.с.с. маңызды мәселелерді қамтыған) кітап бердік.
مَّنْ أَعْرَضَ عَنْهُ فَإِنَّهُۥ يَحْمِلُ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ وِزْرًا
Кімде-кім одан сырт айналса, еш шүбәсіз, қиямет күні өте ауыр күнә арқалайды (да сол күйі тозаққа кіреді).
خَٰلِدِينَ فِيهِۖ وَسَآءَ لَهُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ حِمْلࣰا
Олар сол ауыр азапты мәңгі-бақи тартады. Бұл қиямет күні оларға артылатын қандай жаман жүк десеңші!
يَوْمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِۚ وَنَحْشُرُ ٱلْمُجْرِمِينَ يَوْمَئِذࣲ زُرْقࣰا
Біз Сур (Исрафил періштенің сырнайы) үрленетін күні күнәға белшесінен батқан кәпірлерді (қатты қорыққаннан) көздері көкпенбек болып көгерген (жүздері тым қарайған) күйде ғарасат майданына жинаймыз.
يَتَخَٰفَتُونَ بَيْنَهُمْ إِن لَّبِثْتُمْ إِلَّا عَشْرࣰا
Сондай алапат жағдайда олар өзара күбірлесіп, бір-біріне: «Дүниеде ары кетсе он күндей-ақ тұрдыңдар», – деседі.
نَّحْنُ أَعْلَمُ بِمَا يَقُولُونَ إِذْ يَقُولُ أَمْثَلُهُمْ طَرِيقَةً إِن لَّبِثْتُمْ إِلَّا يَوْمࣰا
Біз олардың бір-біріне не айтатынын, өзара не сөйлесетінін өте жақсы білеміз. Сонда араларындағы ең жөндем, ең біліктілері оларға: «Жоқ, бәлкім, бір-ақ күн тұрған шығарсыңдар!» – дейді.
وَيَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلْجِبَالِ فَقُلْ يَنسِفُهَا رَبِّي نَسْفࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен таулар жайлы (яғни, қиямет күні таулар нендей күйде болады деп) сұрайды. Оларға: «Раббым (ол күні) таулардың күл-талқанын шығарып, күлін көкке ұшырады».
فَيَذَرُهَا قَاعࣰا صَفْصَفࣰا
«Сөйтіп, жер бетін (немесе таулардың орнын) теп-тегіс қу тақырға айналдырады».
لَّا تَرَىٰ فِيهَا عِوَجࣰا وَلَآ أَمْتࣰا
«Осы кезде жер бетінен ой-шұңқыр да, төбешік те көре алмайсың», – деп айт.
يَوْمَئِذࣲ يَتَّبِعُونَ ٱلدَّاعِيَ لَا عِوَجَ لَهُۥۖ وَخَشَعَتِ ٱلْأَصْوَاتُ لِلرَّحْمَٰنِ فَلَا تَسْمَعُ إِلَّا هَمْسࣰا
Ол күні адамдардың барлығы ешқайда да бұлтара алмай (өздерін ғарасат майданына шақырған Хақ тағаланың) жаршысының соңынан тура еретін болады. Әрі дауыс атаулының бәрі Рахманның айбатынан қорыққаннан қарлығып өшеді де сыбырдан басқа еш нәрсе ести алмайсың.
يَوْمَئِذࣲ لَّا تَنفَعُ ٱلشَّفَٰعَةُ إِلَّا مَنْ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحْمَٰنُ وَرَضِيَ لَهُۥ قَوْلࣰا
Сондай-ақ ол күні Рахманның өзі шапағат етуге рұқсат беріп, сөзіне разы болған жандардан өзгелердің шапағаты ешқандай да пайда бермейді.
يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يُحِيطُونَ بِهِۦ عِلْمࣰا
Алла олардың (пенделерінің) болашағын да, өткенін де толық біледі. Ал олар болса, өздеріндегі шектеулі іліммен Оны толық пайымдай да, ұға да алмайды.
۞وَعَنَتِ ٱلْوُجُوهُ لِلْحَيِّ ٱلْقَيُّومِۖ وَقَدْ خَابَ مَنْ حَمَلَ ظُلْمࣰا
Барлық жүздер (мәңгілік тіршілік иесі һәм күллі жаратылысты ұстап тұрған) әл-Хаюу әл-Қаюуумның алдында бас иуде. Кімде-кім (Аллаға өзгелерді серік етіп қосып, ең үлкен) зұлымдықты арқалай келсе, міне, сол расында да, сорлап қалды.
وَمَن يَعْمَلْ مِنَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَهُوَ مُؤْمِنࣱ فَلَا يَخَافُ ظُلْمࣰا وَلَا هَضْمࣰا
Кімде-кім толық иман келтірген мүмін ретінде игі істер істейтін (яки жоқ дегенде Алланың парыз еткен істерін толық орындайтын) болса, мұндай жан әділетсіздікке ұшыраудан да, жиған-терген сауабының қарымын ала алмай қалудан да (яғни, күнәларының орынсыз артуынан да, сауаптарының жөн-жосықсыз азайып қалуынан да) қорқып, қам жемейді.
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلْنَٰهُ قُرْءَانًا عَرَبِيࣰّا وَصَرَّفْنَا فِيهِ مِنَ ٱلْوَعِيدِ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ أَوْ يُحْدِثُ لَهُمْ ذِكْرࣰا
Міне, Біз, бәлкім, адамдар Аллаға асылық қылудан сақтанар һәм бұл Құран оларға әркез ғибратты сабақ болар деп оны арабша Құран етіп түсірдік. Онда ескертудің түр-түрін әр алуан жолдармен қайталап келтіріп отырдық.
فَتَعَٰلَى ٱللَّهُ ٱلْمَلِكُ ٱلْحَقُّۗ وَلَا تَعْجَلْ بِٱلْقُرْءَانِ مِن قَبْلِ أَن يُقْضَىٰٓ إِلَيْكَ وَحْيُهُۥۖ وَقُل رَّبِّ زِدْنِي عِلْمࣰا
Күллі жаратылыс атаулының Хақ Патшасы (шын иесі) Алла қандай ұлы десеңші! (Уа, Мұхаммед! Өзіңе уахи келгенде): Құран аяттары өзіңе толық уахи етілмейінше ұмытып қалмайын деген оймен оны іле-шала қайталауға асықпа. «Раббым, ілімімді арттыра көр», – деп дұға ет.
وَلَقَدْ عَهِدْنَآ إِلَىٰٓ ءَادَمَ مِن قَبْلُ فَنَسِيَ وَلَمْ نَجِدْ لَهُۥ عَزْمࣰا
Анығында, бұдан бұрын Адамға да (бұл ағаштың жемісін жеме деген) пәрмен бердік. Алайда ол пәрменімізді жадынан шығарып алды және Біз оның бойынан пәлендей ерік-жігер (немесе сабырлылық) таппадық (көре алмадық).
وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَٰٓئِكَةِ ٱسْجُدُوا۟ لِـَٔادَمَ فَسَجَدُوٓا۟ إِلَّآ إِبْلِيسَ أَبَىٰ
Кезінде періштелерге (Адамның ілімін, ерекше жаратылысын және Алланың өкілі болуға лайықтығын ескеріп): «Адамға сәжде етіңдер!» – деп бұйырдық. Олар сол мезетте тегіс сәжде етті. Тек Ібіліс қана сәжде еткісі келмей қасарысып тұрып алды.
فَقُلْنَا يَٰٓـَٔادَمُ إِنَّ هَٰذَا عَدُوࣱّ لَّكَ وَلِزَوْجِكَ فَلَا يُخْرِجَنَّكُمَا مِنَ ٱلْجَنَّةِ فَتَشْقَىٰٓ
Сонда Біз адамға: «Уа, Адам! Шүбәсіз, мынау саған да, әйеліңе де (қулығына құрық бойламайтын) қас дұшпан. Сондықтан абайла, екеуіңді бірдей жаннаттан шығарып жібермесін. Ондай жағдайда (күйбең тіршіліктің жүгін арқалап) сорлап қаласың».
إِنَّ لَكَ أَلَّا تَجُوعَ فِيهَا وَلَا تَعْرَىٰ
«Жұмақта сен аш-жалаңаш қалмайсың».
وَأَنَّكَ لَا تَظْمَؤُا۟ فِيهَا وَلَا تَضْحَىٰ
«Сондай-ақ онда мүлдем шөлдемейсің һәм күннің аптабына да душар болмайсың», – деп айттық.
فَوَسْوَسَ إِلَيْهِ ٱلشَّيْطَٰنُ قَالَ يَٰٓـَٔادَمُ هَلْ أَدُلُّكَ عَلَىٰ شَجَرَةِ ٱلْخُلْدِ وَمُلْكࣲ لَّا يَبْلَىٰ
Содан шайтан оны: «Уа, Адам! Саған мәңгілік ағашын әрі әсте зауалға ұшырамайтын патшалықты көрсетейін бе?» – деп азғырды.
فَأَكَلَا مِنْهَا فَبَدَتْ لَهُمَا سَوْءَٰتُهُمَا وَطَفِقَا يَخْصِفَانِ عَلَيْهِمَا مِن وَرَقِ ٱلْجَنَّةِۚ وَعَصَىٰٓ ءَادَمُ رَبَّهُۥ فَغَوَىٰ
Сөйтіп, екеуі (шайтанға алданып) тыйым салынған ағаштың жемісін жегенде, екеуінің абиыры (һәм барлық пенделік ерекшеліктері) көз алдарында ашылды да қалды. Содан екеуі жанталасып жұмақтағы жапырақтармен тәндерін бүркей бастады. Осылайша, Адам (Ібілістің сөзіне еремін деп) Раббысына асылық қылып, шалыс басты.
ثُمَّ ٱجْتَبَٰهُ رَبُّهُۥ فَتَابَ عَلَيْهِ وَهَدَىٰ
Алайда кейін Раббысы оны (пайғамбарлыққа лайық көріп) таңдады да тәубесін қабыл алып, тура жолға салды.
قَالَ ٱهْبِطَا مِنْهَا جَمِيعَۢاۖ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوࣱّۖ فَإِمَّا يَأْتِيَنَّكُم مِّنِّي هُدࣰى فَمَنِ ٱتَّبَعَ هُدَايَ فَلَا يَضِلُّ وَلَا يَشْقَىٰ
Алла Адам мен жұбайына (һәм екеуі арқылы күллі адамзатқа): «Екеуің де жұмақтан (жерге) түсіңдер! Бәрің де (жерге) түсіңдер, бұдан былай біріңе-бірің дұшпансыңдар. Менен сендерге тура жолды (көрсететін пайғамбар, кітап, т.с.с.) келген кезде кімде-кім Менің тура жолымды басшылыққа алса, міне, сол әсте асдаспайды және (екі дүниеде де бақытсыз боп) сорламайды», – деп айтты.
وَمَنْ أَعْرَضَ عَن ذِكْرِي فَإِنَّ لَهُۥ مَعِيشَةࣰ ضَنكࣰا وَنَحْشُرُهُۥ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ أَعْمَىٰ
Ал кімде-кім Мені еске алудан бас тартып, Кітабымнан сырт айналса, оның дүниедегі тіршілігі таршылық пен қиындыққа толы болады әрі қиямет күні оны көрсоқыр етіп тірілтіп, махшарға да су қараңғы соқыр күйінде келтіреміз.
قَالَ رَبِّ لِمَ حَشَرْتَنِيٓ أَعْمَىٰ وَقَدْ كُنتُ بَصِيرࣰا
Сол кезде ол бейбақ: «Раббым, мені неліктен көрсоқыр етіп тірілтіп, махшарға суқараңғы күйде келтірдің, мен (дүниеде) көретін едім ғой?» – деп сұрайды.
قَالَ كَذَٰلِكَ أَتَتْكَ ءَايَٰتُنَا فَنَسِيتَهَاۖ وَكَذَٰلِكَ ٱلْيَوْمَ تُنسَىٰ
Сонда Алла оған: «Солай, саған аяттарымыз келгенде, оларды қалай ұмыт қалдырып, елемеген болсаң, бүгін өзің де дәл солай ұмыт қалып, мүлдем еленбейтін боласың», – деді.
وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي مَنْ أَسْرَفَ وَلَمْ يُؤْمِنۢ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِۦۚ وَلَعَذَابُ ٱلْـَٔاخِرَةِ أَشَدُّ وَأَبْقَىٰٓ
Міне, күпірлік қылуда һәм күнә істеуде шектен шыққан әрі Раббыларының аяттарына иман етпегендерді осылай жазалаймыз. шүбәсіз, ақирет азабы (дүние һәм қабір азабына қарағанда) әлдеқайда қатты һәм мәңгілік (толассыз).
أَفَلَمْ يَهْدِ لَهُمْ كَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُم مِّنَ ٱلْقُرُونِ يَمْشُونَ فِي مَسَٰكِنِهِمْۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّأُو۟لِي ٱلنُّهَىٰ
Сонда өздерінен бұрын өткен қаншама нәсілдің көзін жойғандығымыз олардың (кәпірлердің) тура жолға түсуіне сабақ болмады ма? Олар күні бүгінге дейін солардың қираған жұрттарын аралап, көріп жүр. Міне, осының өзінде нәпсілерін тізгіндей білген парасатты жандар үшін талай ғибрат, қаншама ап-айқын дәлелдер бар.
وَلَوْلَا كَلِمَةࣱ سَبَقَتْ مِن رَّبِّكَ لَكَانَ لِزَامࣰا وَأَجَلࣱ مُّسَمࣰّى
Егер Раббыңның (адамдар мен қауымдарға қатысты) бұрын-соңды берген сөзі (кесімді үкімі) һәм алдын-ала белгілеп қойған кесімді мерзімі болмағанда, олар да (бұрынғы қауымдардың кебін киіп) әлдеқашан азапқа ұшырайтын еді.
فَٱصْبِرْ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ قَبْلَ طُلُوعِ ٱلشَّمْسِ وَقَبْلَ غُرُوبِهَاۖ وَمِنْ ءَانَآئِ ٱلَّيْلِ فَسَبِّحْ وَأَطْرَافَ ٱلنَّهَارِ لَعَلَّكَ تَرْضَىٰ
(Уа, Мұхаммед!) Ендеше, олардың айтқанына барынша сабыр ет! Күн шықпай әрі ұясына батпай тұрып Рабыңның кемел әрі мінсіз екенін айтып, жар сал, Оған мақтау айт(ып намаз оқы)! Сондай-ақ түннің кей уақыттарында және күндіздің алғашқы әрі соңғы жартысында Рабыңның кемшілік атаулыдан пәк әрі мінсіз екенін жар сал(ып, құлшылық ет)! Сонда (Алланың өзіңді разы ететін нығметтеріне бөленіп) көңілің хош болып, жаның жай табады.
وَلَا تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعْنَا بِهِۦٓ أَزْوَٰجࣰا مِّنْهُمْ زَهْرَةَ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا لِنَفْتِنَهُمْ فِيهِۚ وَرِزْقُ رَبِّكَ خَيْرࣱ وَأَبْقَىٰ
Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау үшін берген дүниедегі тіршіліктің жылтыраған сән-салтанатына қызығып көзіңді сүзбе! Раббыңның (өзіңе нәсіп еткен) нығметі мен ақиретте беретін ризық-несібесі әлдеқайда қайырлы һәм баянды (мәңгілік) болмақ.
وَأْمُرْ أَهْلَكَ بِٱلصَّلَوٰةِ وَٱصْطَبِرْ عَلَيْهَاۖ لَا نَسْـَٔلُكَ رِزْقࣰاۖ نَّحْنُ نَرْزُقُكَۗ وَٱلْعَٰقِبَةُ لِلتَّقْوَىٰ
Отбасыңа және үмбетіңе намаз оқуды бұйыр әрі өзің де намаз оқуда табандылық таныт. Біз сенен ризық сұрамаймыз, керісінше сенің ризық-несібеңді Біз берудеміз. Ең жақсы нәтиже – (нағыз жетістік пен шын бақыт, құлшылықтың мәйегі болған) тақуалықта.
وَقَالُوا۟ لَوْلَا يَأْتِينَا بِـَٔايَةࣲ مِّن رَّبِّهِۦٓۚ أَوَلَمْ تَأْتِهِم بَيِّنَةُ مَا فِي ٱلصُّحُفِ ٱلْأُولَىٰ
Мүшріктер: «(Оның пайғамбар екендігі рас болса,) бізге Раббысынан бір мұғжиза әкеліп көрсетпей ме?» – деседі. Оларға көктен түскен алғашқы кітаптарда орын алған ақиқаттарды толық қамтыған (және өздері сияқты пайғамбарларынан мұғжиза көрсетуді талап еткен қауымдардың басына келгендерді баяндайтын) ап-айқын дәлелдің (Құранның) келгені жетпей ме?
وَلَوْ أَنَّآ أَهْلَكْنَٰهُم بِعَذَابࣲ مِّن قَبْلِهِۦ لَقَالُوا۟ رَبَّنَا لَوْلَآ أَرْسَلْتَ إِلَيْنَا رَسُولࣰا فَنَتَّبِعَ ءَايَٰتِكَ مِن قَبْلِ أَن نَّذِلَّ وَنَخْزَىٰ
Егер олардың көзін (кітап, пайғамбар жіберіп, алдын-ала ескертпестен) өздеріне лайық азаппен бірден жояр болсақ, ондай жағдайда олар: «Уа, Раббымыз! Бізге бір пайғамбар жіберсең қайтер еді? Мұншама масқара әрі қор болмай тұрып, Өзіңнің аяттарыңа ұйысақ болмас па еді?» – деп айтар еді.
قُلْ كُلࣱّ مُّتَرَبِّصࣱ فَتَرَبَّصُوا۟ۖ فَسَتَعْلَمُونَ مَنْ أَصْحَٰبُ ٱلصِّرَٰطِ ٱلسَّوِيِّ وَمَنِ ٱهْتَدَىٰ
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Бәрі де бұл істің ақырын бағуда (күтуде), ендеше, сендер де күте беріңдер! Ақырында түзу жолдағылардың һәм тура жолға түскендердің кімдер екенін әлі-ақ білетін боласыңдар!» – деп айт.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.