Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран19. Мәриям
19 · сүре

Мәриям

98 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

كٓهيعٓصٓ

Кәф, Һә, Иә, Айин, Саад.

2

ذِكْرُ رَحْمَتِ رَبِّكَ عَبْدَهُۥ زَكَرِيَّآ

Бұл Раббыңның педесі Зәкәрияға тигізген шара-патының баяны.

3

إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُۥ نِدَآءً خَفِيࣰّا

Бірде ол Раббысына сыбырлап қана іштей мінәжат етті.

4

قَالَ رَبِّ إِنِّي وَهَنَ ٱلْعَظْمُ مِنِّي وَٱشْتَعَلَ ٱلرَّأْسُ شَيْبࣰا وَلَمْ أَكُنۢ بِدُعَآئِكَ رَبِّ شَقِيࣰّا

Сонда ол былай деген еді: «Уа, Раббым! Сүйегім саудырап, басым бейне бір ақ жалынға шарпылғандай шашым ағарды. Уа, Раббым! Өзіңе қай кезде болмасын дұға еткенімде әсте мақұрым қалған емеспін».

5

وَإِنِّي خِفْتُ ٱلْمَوَٰلِيَ مِن وَرَآءِي وَكَانَتِ ٱمْرَأَتِي عَاقِرࣰا فَهَبْ لِي مِن لَّدُنكَ وَلِيࣰّا

«Расында, мен өзіме мұрагер болатын жақындарыма қарап алаңдаудамын. Әйелім болса, бедеу. Маған Өзіңнің шексіз шарапатыңмен бір мұрагер (перзент) нәсіп ете көр!»

6

يَرِثُنِي وَيَرِثُ مِنْ ءَالِ يَعْقُوبَۖ وَٱجْعَلْهُ رَبِّ رَضِيࣰّا

«Ол менің де, Яқуб әулетінің де мұрагері болсын. Уа, Раббым, оны Өзіңнің разылығыңа бөлегейсің!»

7

يَٰزَكَرِيَّآ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَٰمٍ ٱسْمُهُۥ يَحْيَىٰ لَمْ نَجْعَل لَّهُۥ مِن قَبْلُ سَمِيࣰّا

(Сонда Алла тағала періштелері арқылы): «Уа, Зәкәрия! Сені есімі Яхия болатын ұлмен сүйіншілейміз (қуантамыз). Біз бұған дейін ешкімді оған аттас қылған емеспіз (яғни, оның атын ешкімге қойған емеспіз)», – деп уахи етті.

8

قَالَ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَٰمࣱ وَكَانَتِ ٱمْرَأَتِي عَاقِرࣰا وَقَدْ بَلَغْتُ مِنَ ٱلْكِبَرِ عِتِيࣰّا

Зәкәрия (таңғалып): «Уа, Раббым! Әйелім болса бедеу, ал өзім әбден қаусап, қартайған шағымда қалайша балалы болмақпын?» – деп сұрады.

9

قَالَ كَذَٰلِكَ قَالَ رَبُّكَ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنࣱ وَقَدْ خَلَقْتُكَ مِن قَبْلُ وَلَمْ تَكُ شَيْـࣰٔا

Сонда уахи әкелген періште оған: «Солай болмақ, (бұл Алланың пешенеңе жазғаны)! Раббың: Мен үшін ол оп-оңай. Шынын айтқанда, сені де кезінде жоқтан жараттым ғой дейді», – деді.

10

قَالَ رَبِّ ٱجْعَل لِّيٓ ءَايَةࣰۖ قَالَ ءَايَتُكَ أَلَّا تُكَلِّمَ ٱلنَّاسَ ثَلَٰثَ لَيَالࣲ سَوِيࣰّا

Зәкәрия: «Уа, Раббым! Ендеше, маған (әйелімнің бала көтергенін көрсететін) бір белгі бере көр!» – деп өтінді. Алла оған: «Саған берілетін белгі – сап-сау болғаныңа қарамастан үш тәулік бойы ешкімге де тіл қата алмай қаласың», – деді.

11

فَخَرَجَ عَلَىٰ قَوْمِهِۦ مِنَ ٱلْمِحْرَابِ فَأَوْحَىٰٓ إِلَيْهِمْ أَن سَبِّحُوا۟ بُكْرَةࣰ وَعَشِيࣰّا

Содан ол ғибадатханадағы михрабтан (құлшылық ететін бөлмесінен) қауымының алдына шығып, оларға (тіл қата алмаса да) Раббыларыңды ертелі-кеш еске алып ұлықтаңдар! – деп ишарат қылды.

12

يَٰيَحْيَىٰ خُذِ ٱلْكِتَٰبَ بِقُوَّةࣲۖ وَءَاتَيْنَٰهُ ٱلْحُكْمَ صَبِيࣰّا

(Сөйтіп Яхия дүниеге келіп, ержетіп, пайғамбарлық міндетті атқара алатын жасқа келгенде, Алла оған): «Уа, Яхия! Кітапты (Тәуратты) мықтап ұстан!» – деп бұйырды. Біз оған бала күнінен-ақ хикмет (даналық) пен ақыл-парасат нәсіп еткен едік.

13

وَحَنَانࣰا مِّن لَّدُنَّا وَزَكَوٰةࣰۖ وَكَانَ تَقِيࣰّا

Сондай-ақ оған Өз тарапымыздан ерекше мейірім мен пәктік, адал көңіл (ақ пейіл) нәсіп еттік. Ол күнә атаулыдан барынша сақтанып, аулақ жүретін тақуа жан болатын.

14

وَبَرَّۢا بِوَٰلِدَيْهِ وَلَمْ يَكُن جَبَّارًا عَصِيࣰّا

Ата-анасына қайырымды да қамқор бола білді, әсте озбыр әрі тілазар болған емес.

15

وَسَلَٰمٌ عَلَيْهِ يَوْمَ وُلِدَ وَيَوْمَ يَمُوتُ وَيَوْمَ يُبْعَثُ حَيࣰّا

Оған туған күні, қайтыс болған күні және қайта тіріліп, мәңгілік өмірге қадам басатын күні де Алланың сәлемі болсын (рақымы, мейірімі түссін)!

16

وَٱذْكُرْ فِي ٱلْكِتَٰبِ مَرْيَمَ إِذِ ٱنتَبَذَتْ مِنْ أَهْلِهَا مَكَانࣰا شَرْقِيࣰّا

(Уа, Мұхаммед! Оларға): Бұл Кітапта Мәриям жайлы да айтып бер. Ол кезінде отбасынан уақытша қол үзіп, (тек құлшылық ету һәм Алланың құдіреті мен жалпы жаратылыс мәселесінде терең ойға шому мақсатында) қасиетті ғибадатхананың шығыс жағындағы бір жерге оңашаланған еді.

17

فَٱتَّخَذَتْ مِن دُونِهِمْ حِجَابࣰا فَأَرْسَلْنَآ إِلَيْهَا رُوحَنَا فَتَمَثَّلَ لَهَا بَشَرࣰا سَوِيࣰّا

Ол адамдар мен өзінің арасына перде тұтып, олардан барынша оқшауланған еді. Сол кезде Біз оған Рухымызды (яғни, Жәбірейіл періштені) жібердік, ол оған өте келісті адам бейнесінде көрінді.

18

قَالَتْ إِنِّيٓ أَعُوذُ بِٱلرَّحْمَٰنِ مِنكَ إِن كُنتَ تَقِيࣰّا

Мәриям (күтпеген жерден пайда болған ер кісіні көргенде, шошып кетіп): «Мен сенен (яғни, сенің жамандығыңнан сақтай көр деп) Рахманнан пана тілеймін. Егер Алладан, шынымен, қорқатын тақуа жан болсаң (маған тиме)», – деді.

19

قَالَ إِنَّمَآ أَنَا۠ رَسُولُ رَبِّكِ لِأَهَبَ لَكِ غُلَٰمࣰا زَكِيࣰّا

Сонда Рух оған: «Мен бар болғаны саған пәк перзент сыйлау үшін келген Раббыңның елшісімін», – деді.

20

قَالَتْ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَٰمࣱ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرࣱ وَلَمْ أَكُ بَغِيࣰّا

Сол кезде Мәриям (таңырқап): «Мен қалай бала көтермекпін, маған (ер) адам атаулының қолы тиген емес, сондай-ақ мен ардан безген жеңіл жүрісті әйел емеспін», – деді.

21

قَالَ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنࣱۖ وَلِنَجْعَلَهُۥٓ ءَايَةࣰ لِّلنَّاسِ وَرَحْمَةࣰ مِّنَّاۚ وَكَانَ أَمْرࣰا مَّقْضِيࣰّا

(Сонда Алланың атынан сөйлеп тұрған Рух): «Солай болмақ, (бұл Алланың пешенеңе жазғаны)! Раббың: Мен үшін ол оп-оңай. Біз оны (яғни, оның ер кісінің қатысынсыз дүниеге келуін) адамдарға (құдіретіміздің шексіздігін көрсететін) айғақ, айқын дәлел, сондай-ақ Бізден келген рақым қыламыз. Бұл үкімі кесілген (кесімді түрде шешілген) іс, дейді», – деді.

22

۞فَحَمَلَتْهُ فَٱنتَبَذَتْ بِهِۦ مَكَانࣰا قَصِيࣰّا

Сөйтіп, Мәриям Исаға жүкті болды да сол күйі бәрінен қол үзіп, жырақ кетті.

23

فَأَجَآءَهَا ٱلْمَخَاضُ إِلَىٰ جِذْعِ ٱلنَّخْلَةِ قَالَتْ يَٰلَيْتَنِي مِتُّ قَبْلَ هَٰذَا وَكُنتُ نَسْيࣰا مَّنسِيࣰّا

Содан ай-күні толғанда, қатты қысқан толғақ оны бір құрма ағашына барып сүйенуге мәжбүр етті. Сонда ол (күйеуге шықпай жатып бала тапқанын, мұның тек Алланың қалауы әрі құдіретімен болған іс екенін ел-жұртқа қалай түсіндірерін білмей қатты күйзеліп): «Әттең, бұдан бұрын ажал құшып, біржолата ұмыт болғанымда ғой», – деп аһ ұрды.

24

فَنَادَىٰهَا مِن تَحْتِهَآ أَلَّا تَحْزَنِي قَدْ جَعَلَ رَبُّكِ تَحْتَكِ سَرِيࣰّا

Сол кезде төмен жағынан бір дауыс: «Мұңайма! Қарашы, Раббың астыңнан бұлақ шығарды».

25

وَهُزِّيٓ إِلَيْكِ بِجِذْعِ ٱلنَّخْلَةِ تُسَٰقِطْ عَلَيْكِ رُطَبࣰا جَنِيࣰّا

«Қане, мына құрма ағашын өзіңе қарай тартып сілкілеп жібер, алдыңа жаңа піскен таза құрмалар түссін (төгілсін)».

26

فَكُلِي وَٱشْرَبِي وَقَرِّي عَيْنࣰاۖ فَإِمَّا تَرَيِنَّ مِنَ ٱلْبَشَرِ أَحَدࣰا فَقُولِيٓ إِنِّي نَذَرْتُ لِلرَّحْمَٰنِ صَوْمࣰا فَلَنْ أُكَلِّمَ ٱلْيَوْمَ إِنسِيࣰّا

«Ал енді (құрмадан) жеп, (судан) іш һәм көзайым бол! Егер біреу-міреуге кезігіп қалсаң, ишарат қылып: «Мен Рахман үшін ауыз бекіттім, сондықтан да бүгін бірде-бір адаммен тілдеспеймін», – де.

27

فَأَتَتْ بِهِۦ قَوْمَهَا تَحْمِلُهُۥۖ قَالُوا۟ يَٰمَرْيَمُ لَقَدْ جِئْتِ شَيْـࣰٔا فَرِيࣰّا

Сөйтіп Мәриям нәрестесін көтеріп қауымына келді. Олар оған: «Уа, Мәриям! Шүбәсіз, сен адам айтқысыз сұмдық іс істедің».

28

يَٰٓأُخْتَ هَٰرُونَ مَا كَانَ أَبُوكِ ٱمْرَأَ سَوْءࣲ وَمَا كَانَتْ أُمُّكِ بَغِيࣰّا

«Уа, Һарунның қарындасы! Әкең жаман адам емес-ті, анаң да ардан безген жеңіл жүрісті әйел болған емес», – десті.

29

فَأَشَارَتْ إِلَيْهِۖ قَالُوا۟ كَيْفَ نُكَلِّمُ مَن كَانَ فِي ٱلْمَهْدِ صَبِيࣰّا

Сонда Мәриям (менен емес, мынадан сұраңдар дегендей) сәбиін нұсқады. Қауымы: «Бесіктегі сәбимен қалай сөйлесеміз», – деді.

30

قَالَ إِنِّي عَبْدُ ٱللَّهِ ءَاتَىٰنِيَ ٱلْكِتَٰبَ وَجَعَلَنِي نَبِيࣰّا

Сол кезде сәби: «Мен Алланың құлымын, Ол өзінің жазуы бойынша маған Кітап береді және мені пайғамбар қылады».

31

وَجَعَلَنِي مُبَارَكًا أَيْنَ مَا كُنتُ وَأَوْصَٰنِي بِٱلصَّلَوٰةِ وَٱلزَّكَوٰةِ مَا دُمْتُ حَيࣰّا

«Мені қайда болсам да (адамдарға) жақсылық, құт-береке әкелетін мүбәрак жан қылды. Сонымен қатар маған тіршілігімде (яғни, дүниеден өткенше) намаз оқуды, (жағдайым болса) зекет беруді һәм өзгелерді соған үндеуімді бұйырды».

32

وَبَرَّۢا بِوَٰلِدَتِي وَلَمْ يَجْعَلْنِي جَبَّارࣰا شَقِيࣰّا

Сондай-ақ маған анама мейірбан, қайырлы ұл болуды бұйырды. Мені озбыр әрі ешкімге қайыры жоқ сормаңдай қылмады».

33

وَٱلسَّلَٰمُ عَلَيَّ يَوْمَ وُلِدتُّ وَيَوْمَ أَمُوتُ وَيَوْمَ أُبْعَثُ حَيࣰّا

«Маған туылған күнімде, қайтыс болатын күнімде және қайта тіріліп, мәңгілік өмірге қадам басатын күнімде Алланың сәлемі болсын (ықыласы түссін)!» – деп оларға тіл қатты.

34

ذَٰلِكَ عِيسَى ٱبْنُ مَرْيَمَۖ قَوْلَ ٱلْحَقِّ ٱلَّذِي فِيهِ يَمْتَرُونَ

Міне, (Яһудилер мен христиандардың) күмәнға бой алдырып, бір-бірімен сөз таластырып келген Мәриямұлы Иса жайлы айтылатын хақ сөз – осы.

35

مَا كَانَ لِلَّهِ أَن يَتَّخِذَ مِن وَلَدࣲۖ سُبْحَٰنَهُۥٓۚ إِذَا قَضَىٰٓ أَمْرࣰا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ

Алланың балалы болуы лайық емес. Ол – мінсіз (жаратылыс атулыға ұқсаудан) пәк, (нұқсандық атаулыдан) ада. Ол бір істің (немесе нәрсенің) болуын үкім қылса, оған тек «бол»,– дейді, сонда ол бірден бола қалады.

36

وَإِنَّ ٱللَّهَ رَبِّي وَرَبُّكُمْ فَٱعْبُدُوهُۚ هَٰذَا صِرَٰطࣱ مُّسْتَقِيمࣱ

(Иса пайғамбар қауымына): «Шүбәсіз, Алла менің де Раббым, сендердің де Раббыларың. Олай болса, Оған ғана құлшылық етіңдер. Міне, нағыз тура жол – осы», – (деген еді).

37

فَٱخْتَلَفَ ٱلْأَحْزَابُ مِنۢ بَيْنِهِمْۖ فَوَيْلࣱ لِّلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِن مَّشْهَدِ يَوْمٍ عَظِيمٍ

Алайда діни топтар (яһудилер мен христиандар ол жайлы әр алуан пікірді ұстанып) бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Бар ақиқат айқындалатын, әрі күллі адамзат есепке тартылатын ұлы сот күні Аллаға күпірлік қылғандардың жағдайы нендей өкінішті.

38

أَسْمِعْ بِهِمْ وَأَبْصِرْ يَوْمَ يَأْتُونَنَا لَٰكِنِ ٱلظَّٰلِمُونَ ٱلْيَوْمَ فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينࣲ

Олар құзырымызға (алдымызға) келген күні бар ақиқатты анық естіп, анық көреді. Алайда (Аллаға өзгелерді серік етіп қосып, күпірлік қылу арқылы өздеріне һәм өзгелерге зұлымдық жасаған) залымдар бәрібір ақиқаттың ауылынан тым алыста, көпе-көрінеу адасуда болады.

39

وَأَنذِرْهُمْ يَوْمَ ٱلْحَسْرَةِ إِذْ قُضِيَ ٱلْأَمْرُ وَهُمْ فِي غَفْلَةࣲ وَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға өздеріне қатысты кесімді үкім беріліп, сол үкім жүзеге асырылатын һәм бәрі де кеш болатын қасірет пен өкінішке толы бір күн бар екенін айтып, ескерт. Олар күндерін ғапылдықпен (ғапілетпен) өткізуде әрі иман етпеуде.

40

إِنَّا نَحْنُ نَرِثُ ٱلْأَرْضَ وَمَنْ عَلَيْهَا وَإِلَيْنَا يُرْجَعُونَ

Шүбәсіз, жерге және ондағы барлық тіршілік иелеріне мына Біз мұрагерміз. Соңында олардың барлығы Бізге қайтарылады.

41

وَٱذْكُرْ فِي ٱلْكِتَٰبِ إِبْرَٰهِيمَۚ إِنَّهُۥ كَانَ صِدِّيقࣰا نَّبِيًّا

Ал енді бұл Кітапта Ибраһим жайлы сөз қозға. Шүбәсіз, ол өте турашыл жан әрі хақ пайғамбар еді.

42

إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ يَٰٓأَبَتِ لِمَ تَعْبُدُ مَا لَا يَسْمَعُ وَلَا يُبْصِرُ وَلَا يُغْنِي عَنكَ شَيْـࣰٔا

Бірде ол әкесі Әзарға: «Уа, әкетай! Неліктен мүлдем естімейтін, көрмейтін әрі өзіңе титтей де пайдасы тимейтін меңіреу пұттарға табынудасың?»

43

يَٰٓأَبَتِ إِنِّي قَدْ جَآءَنِي مِنَ ٱلْعِلْمِ مَا لَمْ يَأْتِكَ فَٱتَّبِعْنِيٓ أَهْدِكَ صِرَٰطࣰا سَوِيࣰّا

«Уа, әкетай! Маған расында да саған қонбаған ілім қонды. Ендеше, менің жолыма түс, сені тура жолға бастайын».

44

يَٰٓأَبَتِ لَا تَعْبُدِ ٱلشَّيْطَٰنَۖ إِنَّ ٱلشَّيْطَٰنَ كَانَ لِلرَّحْمَٰنِ عَصِيࣰّا

«Уа, әкетай! (Өзіңді азғырып, пұттарға табындырып жүрген әзәзіл) шайтанға табынба. Шынында, шайтан Рахманға асылық қылды».

45

يَٰٓأَبَتِ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يَمَسَّكَ عَذَابࣱ مِّنَ ٱلرَّحْمَٰنِ فَتَكُونَ لِلشَّيْطَٰنِ وَلِيࣰّا

«Уа, әкетай! Егер осылай жалғаса берсе (кәпір болған күйде өліп), Рахманның жазасына ұшырауыңнан, сөйтіп шайтанның (тозақтағы) ажырамас досы болып кетуіңнен қорқамын», – деді.

46

قَالَ أَرَاغِبٌ أَنتَ عَنْ ءَالِهَتِي يَٰٓإِبْرَٰهِيمُۖ لَئِن لَّمْ تَنتَهِ لَأَرْجُمَنَّكَۖ وَٱهْجُرْنِي مَلِيࣰّا

Әкесі оған: «Әй, Ибраһим! Сонда сен менің құдайларымнан сырт айналамақсың ба? Егер бұл қылығыңнан тыйылмасаң, сені таспен атып өлтіремін. Ал енді біраз уақыт көзіме көрінбей менен аулақ жүр!» – деп зекіді.

47

قَالَ سَلَٰمٌ عَلَيْكَۖ سَأَسْتَغْفِرُ لَكَ رَبِّيٓۖ إِنَّهُۥ كَانَ بِي حَفِيࣰّا

Ибраһим оған: «Ендеше, сау бол әке! Сен үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Ол, шынында да, маған өте шарапатты да мейірімді», – деді.

48

وَأَعْتَزِلُكُمْ وَمَا تَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَأَدْعُوا۟ رَبِّي عَسَىٰٓ أَلَّآ أَكُونَ بِدُعَآءِ رَبِّي شَقِيࣰّا

Соңында Ибраһим әкесіне һәм қауымына: «Мен бұдан былай сендерден әрі сендердің Алланы былай қойып, құдай тұтып, жалбарынып жүрген нәрселеріңнің бәрінен іргемді аулақ саламын. Мен тек Раббыма ғана дұға етіп, жалбарынамын. Раббыма дұға етсем, (сендер ұқсап) әсте мақұрым қалмаспын», – деп айтты.

49

فَلَمَّا ٱعْتَزَلَهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَهَبْنَا لَهُۥٓ إِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَۖ وَكُلࣰّا جَعَلْنَا نَبِيࣰّا

Ибраһим, айтқандай-ақ, олардан һәм олардың Алланы былай қойып, табынған нәрселерінен іргесін аулақ салып, біржола қол үзді. Сонда Біз оған көзінің нұры етіп Исхақ пен Яқубты бердік һәм екеуін де хақ пайғамбар қылдық.

50

وَوَهَبْنَا لَهُم مِّن رَّحْمَتِنَا وَجَعَلْنَا لَهُمْ لِسَانَ صِدْقٍ عَلِيࣰّا

Сөйтіп, оларды (яғни, үшеуін де) рақымымызға бөлеп, көптеген жақсылықтарға кенелттік, сондай-ақ ел аузында шынайы түрде дәріптелетін қылдық (яғни, ел-жұртқа жақсы атты қылдық).

51

وَٱذْكُرْ فِي ٱلْكِتَٰبِ مُوسَىٰٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ مُخْلَصࣰا وَكَانَ رَسُولࣰا نَّبِيࣰّا

Ал енді бұл Кітапта Мұса жайлы да сөз қозға. Шүбәсіз, ол Алланың таңдаулы да ықыласты еткен хас құлы әрі (өзіне Кітап берілген) елші һәм хақ пайғамбар еді.

52

وَنَٰدَيْنَٰهُ مِن جَانِبِ ٱلطُّورِ ٱلْأَيْمَنِ وَقَرَّبْنَٰهُ نَجِيࣰّا

Біз оны қасиетті де берекелі Тур тауынан шақырып, жеке сөйлесу үшін Өзімізге жақындатқан (яғни, құзырымызға келтірген) едік.

53

وَوَهَبْنَا لَهُۥ مِن رَّحْمَتِنَآ أَخَاهُ هَٰرُونَ نَبِيࣰّا

Сондай-ақ оған рақым-шарапатымызды төгіп, бауыры Һарунды да хақ пайғамбар әрі сүйеніш етіп берген едік.

54

وَٱذْكُرْ فِي ٱلْكِتَٰبِ إِسْمَٰعِيلَۚ إِنَّهُۥ كَانَ صَادِقَ ٱلْوَعْدِ وَكَانَ رَسُولࣰا نَّبِيࣰّا

Сонымен қатар, бұл Кітапта Исмайыл жайлы да сөз қозға. Шүбәсіз, ол уәдеге берік жан еді. Елші әрі хақ пайғамбар еді.

55

وَكَانَ يَأْمُرُ أَهْلَهُۥ بِٱلصَّلَوٰةِ وَٱلزَّكَوٰةِ وَكَانَ عِندَ رَبِّهِۦ مَرْضِيࣰّا

Ол отбасынан бастап, бүкіл ел-жұртына намаз оқып, ораза ұстауды бұйыратын. Раббысының разылығына бөленген жан еді.

56

وَٱذْكُرْ فِي ٱلْكِتَٰبِ إِدْرِيسَۚ إِنَّهُۥ كَانَ صِدِّيقࣰا نَّبِيࣰّا

Сондай-ақ бұл Кітапта Идрис жайлы да сөз қозға. Шүбәсіз, ол өте турашыл жан әрі хақ пайғамбар еді.

57

وَرَفَعْنَٰهُ مَكَانًا عَلِيًّا

Біз оның мәртебесін өсірдік һәм оны жоғарыға (яғни, көкке) шығардық.

58

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ أَنْعَمَ ٱللَّهُ عَلَيْهِم مِّنَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ مِن ذُرِّيَّةِ ءَادَمَ وَمِمَّنْ حَمَلْنَا مَعَ نُوحࣲ وَمِن ذُرِّيَّةِ إِبْرَٰهِيمَ وَإِسْرَٰٓءِيلَ وَمِمَّنْ هَدَيْنَا وَٱجْتَبَيْنَآۚ إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ ءَايَٰتُ ٱلرَّحْمَٰنِ خَرُّوا۟ سُجَّدࣰا وَبُكِيࣰّا۩

Міне, осылар – Алла ерекше нығметке бөлеген, (Кітап, ілім, даналық және ақыл парасат) нәсіп еткен пайғамбарлар, олар: Адам атаның ұрпағы (яғни, тікелей ұрпағы Идрис), Нұхпен бірге кемеге мінгізген құлдарымыздың ұрпағы (яғни, Нұхтың тікелей ұрпағы Ибраһим), Ибраһим мен Исрайылдың (Яқубтың) ұрпақтары (яғни Ибраһимнен Исмайыл, Исхақ пен Яқуб; Яқубтан Мұса, Һарун, Зәкәрия, Яхия мен Иса), сондай-ақ олар тура жолға салған әрі таңдаған құлдарымыз. Оларға Рахманның аяттары оқылғанда, жылаған күйі сәждеге жығылатын еді.

59

۞فَخَلَفَ مِنۢ بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضَاعُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَٱتَّبَعُوا۟ ٱلشَّهَوَٰتِۖ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا

Алайда кейіннен олардың орнын нашар ұрпақ басты. Олар намазды тәрк етті, (әйел, бала-шаға, дүние-мүлік, мансап, атақ-абырой сынды дүниелік нәрселерге қызығып) нәпсілері қалаған нәрселердің соңына түсті. Олар түптің түбінде құрдымға (немесе тозақтағы терең сайға) құлап, сазайларын тартады.

60

إِلَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحࣰا فَأُو۟لَٰٓئِكَ يَدْخُلُونَ ٱلْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ شَيْـࣰٔا

Ал араларынан тәубе етіп, игі істер істегендердің жөні бөлек. Олар жұмаққа кіреді, титтей де әділетсіздікке ұшырамайды.

61

جَنَّٰتِ عَدْنٍ ٱلَّتِي وَعَدَ ٱلرَّحْمَٰنُ عِبَادَهُۥ بِٱلْغَيْبِۚ إِنَّهُۥ كَانَ وَعْدُهُۥ مَأْتِيࣰّا

Олар Рахманның иманды құлдарына ғайыптан хабар беріп (яғни, оларға көрсетпей), уәде еткен қисапсыз нығметке толы мәңгілік бақыт мекені Адн жұмақ бақшаларына кіреді (олар да өз кезегінде Аллаға һәм Оның уәдесіне кәміл сенген болатын). Оның уәдесі міндетті түрде орындалады.

62

لَّا يَسْمَعُونَ فِيهَا لَغْوًا إِلَّا سَلَٰمࣰاۖ وَلَهُمْ رِزْقُهُمْ فِيهَا بُكْرَةࣰ وَعَشِيࣰّا

Олар онда бос әрі пайдасыз сөздер естімейді, тек қана есендік, амандық және бақыт тілеген жақсы сөздер естиді. Сондай-ақ онда ризық-несібелері де ертелі-кеш дайын тұрады.

63

تِلْكَ ٱلْجَنَّةُ ٱلَّتِي نُورِثُ مِنْ عِبَادِنَا مَن كَانَ تَقِيࣰّا

Құлдарымыздың арасынан Аллаға асылық қылудан барынша қорыққан тақуа жандарға мұра етіп беретін жаннатымыз, міне, осы.

64

وَمَا نَتَنَزَّلُ إِلَّا بِأَمْرِ رَبِّكَۖ لَهُۥ مَا بَيْنَ أَيْدِينَا وَمَا خَلْفَنَا وَمَا بَيْنَ ذَٰلِكَۚ وَمَا كَانَ رَبُّكَ نَسِيࣰّا

(Жебрейіл періште: «Уа, көктен уахи күткен һәм уахи кешіккенде, көңіліне қаяу түсетін Алланың елшісі!») «Біз (періштелер жерге) Раббыңның әмірімен ғана түсеміз. Алдымыздағы, артымыздағы және сол екі арадағының (яғни өткен шақтағы, келешектегі һәм бүгінгі істеріміздің) барлығы Оған ғана тиесілі. Сондай-ақ сенің Раббың ұмытшақ емес (сені де әсте ұмытқан емес)», – деді.

65

رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا فَٱعْبُدْهُ وَٱصْطَبِرْ لِعِبَٰدَتِهِۦۚ هَلْ تَعْلَمُ لَهُۥ سَمِيࣰّا

Ол – күллі аспан әлемі мен жердің және екеуінің арасындағы барлық нәрсенің Раббысы (жалғыз иесі)! Ендеше, Оған құлшылық қыл және құлшылық қылғаныңда сабырлы әрі табанды бол. Оған аттас һәм тең келетін біреуді білемісің?!

66

وَيَقُولُ ٱلْإِنسَٰنُ أَءِذَا مَا مِتُّ لَسَوْفَ أُخْرَجُ حَيًّا

Ал имансыз кәпір адам: «Сонда мен өлгеннен кейін қайта тіріліп, қабірімнен шығарыламын ба?» – дейді.

67

أَوَلَا يَذْكُرُ ٱلْإِنسَٰنُ أَنَّا خَلَقْنَٰهُ مِن قَبْلُ وَلَمْ يَكُ شَيْـࣰٔا

Адам баласы өзін әу баста жоқтан жаратқанымызды есіне алып, сәл де болса ойланбай ма?

68

فَوَرَبِّكَ لَنَحْشُرَنَّهُمْ وَٱلشَّيَٰطِينَ ثُمَّ لَنُحْضِرَنَّهُمْ حَوْلَ جَهَنَّمَ جِثِيࣰّا

Раббыңа серт! Біз оларды (өздерін азғырған) шайтандарымен қоса қайтадан тірілтіп, махшарға жинаймыз. Содан кейін барлығын (қорқыныштан) тізе бүккен күйі жаһаннамның айналасына жинаймыз.

69

ثُمَّ لَنَنزِعَنَّ مِن كُلِّ شِيعَةٍ أَيُّهُمْ أَشَدُّ عَلَى ٱلرَّحْمَٰنِ عِتِيࣰّا

Содан кейін әр қауымның ішінен (дүниеде өздеріне ризық-несібелерін беріп, рақымын төккен) Рахманға бағынбай ең көп асылық қылған әрі ең көп шектен шыққандарды жұлқып-жұлқып бөлек шығарамыз.

70

ثُمَّ لَنَحْنُ أَعْلَمُ بِٱلَّذِينَ هُمْ أَوْلَىٰ بِهَا صِلِيࣰّا

Содан соң кімдердің жаһаннамға бойлай кіруге ең алдымен лайық екендігін Біз жақсы білеміз.

71

وَإِن مِّنكُمْ إِلَّا وَارِدُهَاۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ حَتْمࣰا مَّقْضِيࣰّا

(Уа, адамдар!) Сендерден жаһаннамның басына бармай қалатын (соқпай кететін) ешкім болмайды. Бұл Раббыңның (мөрі басылған) кесімді үкімі.

72

ثُمَّ نُنَجِّي ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوا۟ وَّنَذَرُ ٱلظَّٰلِمِينَ فِيهَا جِثِيࣰّا

Содан кейін Аллаға асылық қылудан қорыққан тақуа жандарды құтқарып, есесіне (Аллаға өзгелерді серік етіп қосу һәм күпірлік қылу арқылы ең үлкен зұлымдықты жасаған) залымдарды жаһаннамда тізе бүккен күйі қалдырамыз.

73

وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتࣲ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَيُّ ٱلْفَرِيقَيْنِ خَيْرࣱ مَّقَامࣰا وَأَحْسَنُ نَدِيࣰّا

Өздеріне ақиқатты анық етіп көрсететін айқын аяттарымыз оқылғанда, күпірлік қылғандар иман келтіргендерге: «Өздерің айтыңдаршы, бұл екі топтың (яғни, мүміндер мен кәпірлердің) қайсысының мерейі анағұрлым үстем әрі қоғамы (тұрмыс-тіршілігі) мен базары (жиыны) әлдеқайда салтанатты», – деп айтады.

74

وَكَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُم مِّن قَرْنٍ هُمْ أَحْسَنُ أَثَٰثࣰا وَرِءْيࣰا

Әйтсе де Біз олардан бұрын дүние-мүлік һәм сән-салтанат жағынан өздерінен әлдеқайда артық болған қаншама нәсілді жойып жібердік.

75

قُلْ مَن كَانَ فِي ٱلضَّلَٰلَةِ فَلْيَمْدُدْ لَهُ ٱلرَّحْمَٰنُ مَدًّاۚ حَتَّىٰٓ إِذَا رَأَوْا۟ مَا يُوعَدُونَ إِمَّا ٱلْعَذَابَ وَإِمَّا ٱلسَّاعَةَ فَسَيَعْلَمُونَ مَنْ هُوَ شَرࣱّ مَّكَانࣰا وَأَضْعَفُ جُندࣰا

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Кімде-кім күпірлік қылып, адасып жүрген болса, Рахман Алла (бұл дүниеде) оның дәулетін арттырып, ғұмыр-жасын ұзақ қылғанымен не пайда?! Ондайлар ақырында өздеріне уәде етілген азапты немесе қиямет-қайымды өз көзімен көргенде ғана кімнің орнының (дәрежесі) анағұрлым төмен әрі нөкерінің әлдеқайда әлсіз екенін білетін болады», – деп айт.

76

وَيَزِيدُ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ٱهْتَدَوْا۟ هُدࣰىۗ وَٱلْبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّٰلِحَٰتُ خَيْرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابࣰا وَخَيْرࣱ مَّرَدًّا

Ал тура жолға түскендерге келсек, Алла оларды тура жолда одан сайын табанды қылып, оған деген ынта-ықыластарын арттыра түседі. Сондай-ақ мәңгі-бақи өшпейтін һәм әсте зая болмайтын иманға негізделген игі істер болса, Раббыңның құзырында сауап тұрғысынан да, нәтиже жағынан да әлдеқайда қайырлы.

77

أَفَرَءَيْتَ ٱلَّذِي كَفَرَ بِـَٔايَٰتِنَا وَقَالَ لَأُوتَيَنَّ مَالࣰا وَوَلَدًا

Аяттарымызды жоққа шығарып, күпірлік қылғанды һәм: «Маған (ақиретте) байлық та, бала-шаға да беріледі», – деп көкігенді көрдің бе?

78

أَطَّلَعَ ٱلْغَيْبَ أَمِ ٱتَّخَذَ عِندَ ٱلرَّحْمَٰنِ عَهْدࣰا

Сонда ол ғайыптан хабар алудың амалын тапты ма, жоқ, әлде Рахманның құзырында (саған ақиретте байлық та, бала-шаға да беріледі деген) уәде алды ма?

79

كَلَّاۚ سَنَكْتُبُ مَا يَقُولُ وَنَمُدُّ لَهُۥ مِنَ ٱلْعَذَابِ مَدࣰّا

Жоқ, әсте олай болған емес! Біз оның айтқан сөзін жазып аламыз, содан кейін тартар азабын үстемелеп, созған үстіне соза түсеміз.

80

وَنَرِثُهُۥ مَا يَقُولُ وَيَأْتِينَا فَرْدࣰا

Оның айтқандары (яғни, мал-мүлкі мен бала-шағасы түбінде) Бізге мұра болып қалады да дәргейімізге қара басы (бір өзі) ғана келеді.

81

وَٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ ءَالِهَةࣰ لِّيَكُونُوا۟ لَهُمْ عِزࣰّا

Олар (мүшріктер) өздеріне күш-қуат әрі абырой әпереді деп Алладан өзгелерді тәңір тұтты.

82

كَلَّاۚ سَيَكْفُرُونَ بِعِبَادَتِهِمْ وَيَكُونُونَ عَلَيْهِمْ ضِدًّا

Жо-жоқ! Олар тәңір тұтқан (періштелер, жындар, әулие-әнбиелер, көсемдер мен патшалар Алланың алдына барғанда) олардың өздеріне табынғандықтарын мойындамайды әрі оларға дұшпан болады.

83

أَلَمْ تَرَ أَنَّآ أَرْسَلْنَا ٱلشَّيَٰطِينَ عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ تَؤُزُّهُمْ أَزࣰّا

(Уа, Мұхаммед!) Көрдің бе? Біз күпірлікте қасарысқан кәпірлерге шайтандарды айдап салдық. Шайтандар оларды тынбай азғырып, күнәға шақыруда.

84

فَلَا تَعْجَلْ عَلَيْهِمْۖ إِنَّمَا نَعُدُّ لَهُمْ عَدࣰّا

Сондықтан да оларды (жазалауға) асықпа, адам айтқысыз қылықтарына сабырлылық таныт. Шүбәсіз, Біз олардың күнін санап отырмыз.

85

يَوْمَ نَحْشُرُ ٱلْمُتَّقِينَ إِلَى ٱلرَّحْمَٰنِ وَفْدࣰا

Күндердің күнінде Алланы қадір тұтып, Оған асылық қылудан қорыққан тақуа жандарды сыйлы да құрметті қонақ ретінде Рахманның дәргейіне қошеметтеп жинаймыз.

86

وَنَسُوقُ ٱلْمُجْرِمِينَ إِلَىٰ جَهَنَّمَ وِرْدࣰا

Ал күнәға белшелерінен батқан күнәһарларды кенезесі кепкен күйде жалынды жаһаннамға айдаймыз.

87

لَّا يَمْلِكُونَ ٱلشَّفَٰعَةَ إِلَّا مَنِ ٱتَّخَذَ عِندَ ٱلرَّحْمَٰنِ عَهْدࣰا

Сол күні Рахманның құзырында (Аллаға жақындығының арқасында) өзгелерге шапағат ету құқығына ие болғандардан басқа ешкімнің өзгеге шапағат етуге қақысы болмайды.

88

وَقَالُوا۟ ٱتَّخَذَ ٱلرَّحْمَٰنُ وَلَدࣰا

Олар: «Рахманның баласы бар», – деді. (Яғни, мүшріктер: Рахман кейбір періштелерді өзіне бала қылып алды десе, яһудилер: Рахман Узәйрді бала қылып алды, деді, ал христиандар: Рахман Исаны бала қылып алды деп айтты).

89

لَّقَدْ جِئْتُمْ شَيْـًٔا إِدࣰّا

Шүбәсіз, сендер өте өрескел, тым сорақы (ауыр) сөз айттыңдар.

90

تَكَادُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ يَتَفَطَّرْنَ مِنْهُ وَتَنشَقُّ ٱلْأَرْضُ وَتَخِرُّ ٱلْجِبَالُ هَدًّا

(Бұл сөздеріңнің ауырлығы соншалық), күллі аспан әлемі шатынап, жер жарылып, таулар күл-талқаны шығып, құлауға шақ қалды.

91

أَن دَعَوْا۟ لِلرَّحْمَٰنِ وَلَدࣰا

Рахманның баласы бар (яғни, періштені немесе адамды өзіне бала қылып алды) деп айтқандары үшін (солай болуға шақ қалды).

92

وَمَا يَنۢبَغِي لِلرَّحْمَٰنِ أَن يَتَّخِذَ وَلَدًا

Әйтсе де, балалы болу (яғни, періштені немесе адамды өзіне бала қылып алу) Рахманға лайық емес һәм жараспайды.

93

إِن كُلُّ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ إِلَّآ ءَاتِي ٱلرَّحْمَٰنِ عَبْدࣰا

Күллі аспан әлемі мен жердегінің барлығы Рахманның шексіз құдіреті мен қалауына бас иген құлдары болып келеді. Одан басқа ештеңе де емес.

94

لَّقَدْ أَحْصَىٰهُمْ وَعَدَّهُمْ عَدࣰّا

Ол құлдарының барлығын шексіз ілімімен қамтып, өздерін де, істерін де жіпке тізгендей етіп жеке-жеке санап, тіркеп қойды.

95

وَكُلُّهُمْ ءَاتِيهِ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ فَرْدًا

Қиямет күні олардың барлығы Оның алдына (мал-мүлкінен, бала-шағасынан, туған-туысынан, таныс-тамырынан қол үзіп һәм күш-қуатынан, атақ-абыройынан жұрдай болып) сопайып жалғыз келеді.

96

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ سَيَجْعَلُ لَهُمُ ٱلرَّحْمَٰنُ وُدࣰّا

Иман келтіріп, игілікті істер істегендер бар ғой, Рахман Алла оларды (жерде де, көкте де) сүйікті қылады. (Олар дәл қазір аз әрі қауқарсыз болса-дағы, ақырында өздерін күллі әлемге мойындатады).

97

فَإِنَّمَا يَسَّرْنَٰهُ بِلِسَانِكَ لِتُبَشِّرَ بِهِ ٱلْمُتَّقِينَ وَتُنذِرَ بِهِۦ قَوْمࣰا لُّدࣰّا

(Уа, Мұхаммед!) Аллаға қарсы келіп, асылық етуден сақтанатын тақуаларға қуанышты хабар жеткізуің әрі Оған қас дұшпан болған қасарыспа қауымды ескертуің үшін осынау Құранды тілін жеңіл қылып, өз тіліңде түсірдік.

98

وَكَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُم مِّن قَرْنٍ هَلْ تُحِسُّ مِنْهُم مِّنْ أَحَدٍ أَوْ تَسْمَعُ لَهُمْ رِكْزَۢا

Біз олардан бұрын қаншама нәсілдің (қауымның) көзін жойдық. Қане, солардың біреуінің болсын бар-жоғын сеземісің немесе олардың үнін естимісің?!

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play